Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 15

Total number of words is 3901
Total number of unique words is 2356
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жердегі түрік участогында жатқан болатын. Софьяны шынтағынан
тартып ескертіп қойды да, тез-тез басып жұмысшыларға қарай беттеді.
— Қараңғы түсіп кетті. Бір-біріңді жазым қып жүрерсіңдер. Құралсаймандарды қоймаға апарыңдар да, Яннакистен ақшаларыңды
алыңдар.
Оны айтқызбай-ақ түсінген Софья орнынан қозғалмады. Жанынан
өтіп жатқандармен бас изесіп қоштасып, үй-іші, ошақ қасында жақсы
демалып қайтуларына тілек білдірумен болды. Тек соңғы жұмысшы
қараңғылық құшағына кіріп, көзден тасаланғанда ғана ол Генридің
қасына келді.
— Софья, сенің көмегің қажет боп тұр. Мұның не екеніне көз жеткізу
үшін мына тақтаны əлі де біраз аршыңқырау керек. Мен төңірегін
қалақпен қопсытайын, сен уыстап былай тастай бер. Қорықпа,
құламайды. Бұл берік бекітілген тақта.
Тақтаның едəуір бөлегін топырақтан аршығанша олар бел жазбай
жұмыс істеді. Бұл парос мəрмəрі еді; ойып өрнектелген метопа
триглифтермен қоршалыпты. Тақтаның биіктігі — үш фут, ұзындығы
— алты футтан астам, қалыңдығы — алты дюймдей болатын.
Олар сəл кейін шегініп тұрды да, еріксізден еріксіз қол ұстаса кетті.
Генри оның қолын саусағын ауырта сығымдады. Метопада төрт ат
жеккен күн құдайы Аполлонның горельефтік бейнесі бедерленген
екен. Аполлонның төбесінен тəж тəрізді күн сəуле таратып тұр.
— Керемет!— деді Генри тынысы тарылып кеткендей болып.—
Аполлонның желмен желбіреген хитоны, ер келбетті кескіні
Акропольдың ең таңдаулы горельефтерімен теңдесе алады. Ал, аттарға
қарашы! Аспан кеңістігімен ала қашып, осқырынып барады ғой!
Анатомиялық жағынан алғанда бəрі де мүлтіксіз дəл берілген. Жоқ,
мұншалықты шебер жасалынған дүниені бұрын-соңды көрген емен.
Бұл — қолымызға түскен алғашқы асыл туынды.
Бейне бір аялағандай метопаны алақанымен ақырын сипап өтті.
— Керемет жақсы сақталған. Мына дорийлық бағаналарға назар
аударшы! Сондай-ақ, аттар да бір-біріне ұқсамайды, əрқайсысының өз
кескіні бар жəне алға қарай ата жөнелер алдында алдыңғы аяқтарын
қалай-қалай көсілтіп жіберген десеңші!
Софья жан-жағына ұрлана қарап қойды. Қараңғылық қоюланып та
кеткен.
— Біз Фрэнк Калверттің жеріндеміз бе əлде мемлекет жеріндеміз
бе?
— Біз Фрэнк участогындағы тас алатын орыннан бірнеше ярд қана
жерде тұрмыз. Бұл араға, өкінішке орай, түріктер қожайын.
— Құдайым-ау, мүсінші шығармасын қалайша қақ бөлуге болады?
Аттары жоқ Аполлон немесе Аполлоны жоқ аттар деген мағынасыз
нəрсе ғой!
— Оған қоса ерте заманғы өнердің озық үлгісі ретіндегі тақтаның да
қадірі жоғалмақ. Бұл да, мысалға, Венера Милосская мен Давид
Микеланджелоны қақ тіліп, компаньондарға жарты-жартыдан бөліп
берумен бірдей тағылық болар еді.
Софьяның көзі ойнақылана жалт етті.
— Мен бір амал таптым. Тақта қалың ғой — қақ жарайық. Бетін
өзіміз алайық та, астын түріктерге берейік.
Екеуі де мəз бола күлді. Генри оның иығына қолын қойды.
— Алпыс екі айлалы грек əйелі екенің көрініп-ақ тұр!
Софья салмақты кейіпке енді:
— Қауіпсіздеу болуы үшін бұны бірдеңемен бүркеп қою қажет деп
ойламайсың ба?
— Қажеті шамалы. Күзетшілеріміз жөніне кетті, дүйсенбіге шейін
қайтып қараларын көрсетпейді. Дүйсенбіге шейін мұнда жалпы жан
баласы болмайды. Мұны мен ертең Фрэнк Калвертке көрсеткім келіп
тұр.
Калверттер сағат он бірге таман келді. Генридің апрель айынан бері
нендей нəрсеге қол жеткізгенін өз көздерімен көрулері үшін Софья
оларды бірден қазба басына қарай сүйреледі. Бригадалардың қанша
топырақ шығарғанына таңырқаған Фрэнк аһ ұрумен болды. Ал,
жотаның
мемлекеттік
бөлегіндегі
жұмыс
алаңқайларының,
террасалардың жəне өтпелі галереялардың көптігін көргенде көзі
бұлдырап кетті.
— Бірақ, Трояның өзіне тəн құрылыстарды əлі тапқан жоқсыздар
ғой?— деп сұрады ол.
— Тапқанымыз — əртүрлі құрылыстардың қалдықтары ғана...
Акрополь, ғибадатхана, сарай сияқтыларды əзір жолықтырғанымыз
жоқ.
— Алдыңызға орасан үлкен міндет қойып отырсыз.
— Сіздің бөлегіңізде көп ештеңе тындыра алмай жатырмыз, Фрэнк.
Енді-енді ғана бастамақпыз. Мен сізге бөлегіңізде жатқан жүздеген
жылдар бұрын түріктер талан-таражға салған мəрмəр карьерін
көрсетейін. Сондай-ақ сізді таңқалдыратын тағы бір нəрсем бар, оны
кейін айтармын.
Төрт бұрыштылау келген ойпаңға Фрэнк зер сала үңілді.
— Мына жыртықтың бұл жерде қалай пайда болғандығы жайлы мен
де жиі ойланатынмын. Сіз өте дұрыс айтасыз. Мəрмəр бағаналар мен
тақталарды Троялық Александрияға дейінгі аралықтағы жолдың
ұзына бойынан жолықтырып жүргенім енді ғана есіме түсіп отыр. Ал,
бұл аз жер емес — жағалау бойымен қырық миль.
Миссис Калвертті қолтығынан алған Софья оны метопаға қарай
бастады. Генри мен Фрэнк олардың соңынан ерді. Генри тақтаны
жұмсақ шүберекпен сүртіп өтті. Бірінші болып миссис Калверт ес
жиды.
— Құдайым-ай, неткен көркем дүние еді! Бұндайды тіпті
музейлерден де көрмеп ем. Бұл қай заманның дүниесі екен?
Генри мен Фрэнк кеңесе келіп, бұл кейінгі грек дəуірінің,
Христостың өмірге келуіне дейінгі 300 жəне 200 жылдар аралығының
туындысы болуға тиіс дегенге тоқтады.
— Біз қиналып жүрміз, мынаны не істейтінімізді білмейміз,— деп
мырс-мырс күлді Софья.
Генри Калверттерге кешегі əңгімені қайталап айтып берді.
— Былай етіңіздер. Бұны Түркия жерінен жасырын түрде алып
кетіңіздер. Бұл сіздердің тұңғыштарыңыз ғой — оған түріктердің
қанша қатысы бар?— деп Фрэнк те қызынып кетті.
— Сонда қалай? Бұны Шанаққалаға апаруға болмайды ғой...
— Сіз əлдебір кішкентай пароход өздеріңізге азық-түлік тасып
жүргенін айтқан жоқ па едіңіз?
— Шынында да тұп-тура екі күннен кейін капитан Папалиолос
«Таксиархисін» Бесік мойнағына алып келеді,— деді Генри.
— Міне, керемет! Сенім көрсетуге болатын қанша адамыңыз бар?—
Фрэнктің бойын желік биледі.
— Үш адам. Десятниктерім.
— Жəне Яннакис. Ол ең сенімдісі,— деп қосып қойды Софья.
— Жетеді,— деді Фрэнк.— Бүгіннен қалдырмай мəрмəрді
брезентпен орап, сыртынан жіппен шандыңыздар да, Қыбұлақтан
тəуір арба тауып, кереметтеріңізді мойнақтың жағасына апарып
тастаңыздар. Ешкім де тимейді. Кемеде жүк көтеретін шығыр бар
шығар?
— Қарапайым күйенте ғана бар. Оның өзі де ескі...
— Сол да жарайды,— деп жұбатты Фрэнк.— Тақтаны пароходқа
тиеңіз де Пирейге аттандырыңыз. Жан баласы сезбейді.
Олар ұзақ уақыт үнсіз тұрып қалды.
Бірінші болып Софья ес жиды.
— Үйге жүріңіздер! Сіздерге арнап грек тағамдарынан түскі ас
əзірлеп қойдық... Ұсақтап туралған көкеніс пен қызартып қуырылған
жұқа нан, уылдырықтан жасалған салат, қойдың маринадталған миы...
Калверттерді шығарып салғаннан кейін Генри Яннакисті
Драмалиден пар ат жеккен арба алып келуге Қыбұлаққа жұмсады.
Софьяның бойын күдік билеп алған.
— Жаным, мен тəлімсіп отырған жоқпын, бірақ осы істеп жүргеніміз
дұрыс па?
— Мына кері кетіп бара жатқан дүниеде кіршіксіз ештеңе жоқ.
Ақыры Аполлонды екіге бөлуге болмайды деп шешкен екенбіз,
алдымызда бір-ақ міндет бар — ол мұны сау-сəлемет күйінде музейге
табыс ету. Бұған келісесің ғой?
— Əрине... Бірақ, менің тынышымды алған тағы бір нəрсе:
ұрлығымыз білініп қалса, қазба жұмысына берілген рұқсатымыздан
айырыламыз ғой.
— Қорықпа, олар ештеңе де білмейді. Бəрін өз мойныма аламын.
Барлық жауапкершілікті түгелдей.
Софья ыңғайсыздана езу тартты.
— Мен ар-ұят алдындағы жауапкершілікті айтып тұрмын.
Десятниктерді ертіп, брезент рулондары мен берік арқандарын
артып, Генри мен Софья Аполлонға қарай бет алды. Олар тақтаны
брезентке орап болған кезде арбасын айдап Яннакис те жетті. Арба екі
тонналық алып тақтаға жақынырақ əкелінді. Сосын Яннакис аттарды
ұстап тұрды да, десятниктер тақтаны шығырмен көтеріп, арбаға
мұқияттап жатқызып, шырмап байлап тастады. Яннакис пен
Поликсена арбаның алдындағы биік отырғышқа отырды. Макрис пен
Деметриу тақтаның үстіне жайғасып, қолақпандай етіп ораған
темекілерін түтіндете бастады. Генри оларға тағы да тиянақтап
ескертті:
— Тақтаны өткенде вельбот келіп тоқтаған жердің тұсына апарып
түсіріңдер. Ол жерді өздерің жақсы білесіңдер, өйткені вельботтың
жүгін өздерің түсірген болатынсыңдар.
Бейсенбі күні Шлимандар «Таксиархис» Бесік мойнағына келіп зəкір
тастады деген хабар алды. Капитан Папалиолос көптен күткен он
футтық шығырларды əкеліпті. Генри сол бойда атқа мініп жағалауға
қарай шаба жөнелді. Яннакис тағы да Драмалидың арбасын сұрап алды
жəне қазбадағы бір шығырды да ала кетті.
Олардың жүгі жағада жан адам қозғамаған қалпында жатыр еді.
Яннакистің көмегімен семьялық экипаж тақтаны ботқа тиеп алды да,
жағадан жүзіп кетті. Капитан Папалиолос өзінің о заманғы
күйентесінің көмегімен Аполлонды «Таксиархистың» бортына көтерді.
Бұл кезде жағадағы Яннакис азық-түлік салынған себеттер мен темір
сүймендерді арбасына тиеуге кіріскен.
Жағадағылар мен кемедегілер айқайлап қоштасты. Капитан
Георгиос Энгастроменосқа хат алып бара жатқан. Онда тақтаны
Пирейден қабылдап алып, Шлимандардың бағына, бассейн жанына
қою тапсырылған.
Капитан кемесін аздап артқа шегіндіріп алды да, жайменен
бұрылып Эгей теңізіне қарай бағыт ұстады. Осы кезде астындағы
есегін аямай қамшылап, үсті-үстіне тебініп, өздерінің түрік
бақылаушылары да келіп жеткен. Жерге секіріп түскен ол Генриге көз
аудармай қарап қалды.
— Бұл арада не істеп жатырсыздар?
— Жүк қабылдап жатырмыз,— деп жауап қатты Генри.
— Жалтармаңыз. Кемеге не тиеп жібердіңіз? Қыбұлақтағылар
жексенбі күні сіз бір үлкен нəрсені тиеп əкетті дейді ғой. Жаңағы
жібергеніңіз сол емес пе? Ол немене екенін айтыңызшы. Мен сізден
талап етем!
— Апырау, сіз неменеге абыржып тұрсыз? Ол үлкен нəрсе —
табылған олжалардың өзімізге тиесілі бөлегі салынған үлкен жəшік
болатын.
— Пароходты дереу кейін қайтарыңыз. Не тиегеніңізді өз көзіммен
көргім келеді.
— Ол алыстап кетті ғой. Дауысыңыз жетсе шақырып көріңіз,— деді
Генри өкінішті үнмен.
Бақылаушы айтқанға құлақ асып, қолымен ауызын қалқалап,
айқайлай бастады, бірақ «Таксиархистегілер» тас саңырау боп қалғанды. Генри күзетшіні шамасы келгенше алдаусыратып бақты. Ұзамай
анау ренжігенін ұмытып та кетті. Ал, пароход болса соңына қара
түтіннен шұбатылған із қалдырып, көкжиекке қарай тынымсыз
жорғалап бара жатты.
Кешкісін Генри бұл оқиғаны атап өтпек болып, тəуір француз
шарабының бір бөтелкесін шығарды.
— Кейін шатаққа ілігіп жүрмеуі үшін ана жігітке жəрдемдесуіміз
қажет,— деді Софья.
— Табылған ақыл. Сонда не істеуіміз керек?— деп келісті Генри
шарапты рақаттана иіскеп отырып.
— Олардың музейінде біздің пифостарымыздай дүниелер бар ма?
— Жоқ-ау деп ойлаймын.
— Сен оларды тұрған орындарынан босатып алмақ боп жүр емес пе
ең?
— Иə.
— Ендеше, ертең қазып ал да, жартысын бақылаушыға бер.
— Мен тіпті сенің айтқаныңнан да асып түсем: оларға жетеуін берем
де, өзімізге үшеуін қалдырам. Қандай жомарт жандар екенімізді көрсін.
Ол Софьяға бокалымен ишарат жасады да, шараптан бір жұтып
қойды.
— Бұларды жеткізу көп қиындыққа түседі. Алдымен арбамен
Шанаққалаға дейін, сосын пароходпен Константинопольға шейін, одан
əрмен порттан музейге дейін қайтадан арбамен апару керек.
Жыртылмайтын қалың мата тауып, жақсылап орап, қабырғаларына
соғылмас үшін жəшікке берік етіп бекіту керек. Сындырмай-бүлдірмей
аман-есен жеткізсе бұлар баға жетпес нəрсеге айналады.
Ертеңіне жұмысшылар алып пифостардың арт жағындағы
топырақты мұқияттап қопсытып, былай шығаруға кірісті. Яннакис ас
үйдің іргесінен верстак əзірлеп, тақтай сатып əкелуге кетті: биіктігі
сегіз, ені алты фут, үлкен жəшіктер керек еді. Фотидис те
десятниктермен бірге өздерінің құр алақан еместіктерін көрсетіп
қалды: олар пифостарды мойынынан, ортан белінен жəне түбінен
қысып ұстап тұратын көлбеу тіремелер дайындаумен айналысты.
Пифостарды топырақтан босатып, жəшік əзірлеп, құмыралардың
жан-жағына сабан толтырып, орын-орындарына орнықты етіп
отырғызып, тас-түйін ғып шегелеп тастағанша бірнеше жұмыс күні
мен бірнеше жүз доллар желге кетті.
— Жалғыз пароходқа ғана емес, музейдің табалдырығына дейін
жеткізетін көлікке де төлейміз,— деп күңкілдеді Генри.
— Мейлі. Оның есесіне мына сүйкімді вазалар саған
Константинопольдан көптеген дос тауып береді,— деп тойтарды оны
Софья.
Поликсена сондай сүйкімді көмекші болып шықты. Бұдан артық
күтушіні табу да қиын еді: кешкісін ол бұлардың төсегін қандаладан
тазартатын, ертеңгісін төсек-орындарын күнге жаятын, ал күндіз
есіктің астындағы қуыс пен терезе жақтауындағы саңылаулардан еніп
кеткен қарақұрттар мен қырықаяқтарды аулайтын. Оның үстіне ол
бəрінің кірін жуатын. Софья оған Генридің көйлектерін жуып, жағасын
крахмалдауды үйретті. Сондай-ақ, күн сайын бір сағаттан уақыт бөліп,
қызға хат танытумен шұғылданып жүрді.
Үйде оңаша қалған сəттерінде олар сағаттар бойы ауыз жаппайтын.
Поликсена Түркиядағы гректердің тіршілігі жайлы айтатын, Софья
Афиныдағы өмірлерін жыр ғып, үйінен келген хаттарды оқып,
Андромаханы еске алатын. Қызы біраз жаңа сөз үйреніпті, қаз басып
жүре бастапты. Катингоның «Андромаха салқын тиіп ауырып жатыр»
деген хаты келгенше ол жайында Софьяның ойына алаң кіріп
көрмеген.
— Генри, сен қалай ойлайсың, Афиныға барып қайтсам қайтеді?
— Бос əңгіме. Балаға тиген салқын екі-үш күн өтпей-ақ кетіп қалады.
Сен сүйретіліп Спорадыға жеткеніңше ол жазылып та кетеді.
Поликсена да қазбаларға барғысы кеп қыңқылдап жүрген. Софья
қоймадан керекті саймандар алды да, қос құрбы үйлерінің іргесінен
шағын траншея қазды. Жерге күрек батырған бойларында-ақ
терракоталық дөңгелек бұйымдарға кезікті. Олардың бірнешеуі
өрнектелген боп шықты. Поликсенаның шаттығында шек болмады.
Қазбаларын кішкене кеңітіп, тереңдетіп еді — тағы да көп олжаға
кенелді: пышақ, айбалта, өрнек салынған піл сүйегі табылды. Софья
оның көзінше сынықтардан құмыра құрастырды. Зейінді шəкірт біраз
қиналыстан соң өзі де ваза құрастырып шығарды да, қуанғанынан қол
шапалақтап жіберді.
— Бұл сенікі, Поли. Ескерткіш ретінде үйіңе апарып қой,— деді
Софья.
Қатты ырза болған шəкірті оны қолынан сүйіп алды.
Тек қарақұрттар мен қырықаяқтар ғана мазалап қойған жоқ. Түн
мезгілінде қазба басына жапалақтар қонақтайтынды шығарды.
Қараңғы түсісімен-ақ қиғылық салатын олардың түні бойы жағы
тынбайтын. Нақ терезелерінің алдында дауысы сұмдық ащы əлдебір
жапалақ балапан басып жатыр еді.
— Жапалақ — Афинаның сүйікті құсы. Мен ырым-жырымға
сенбеймін, бірақ, құлағымыздың құрыш етін жеп жүрген мына
байғұсты өлтіруге қолым көтерілер емес. Бəлкім, ұясын жазыққа
апарып, сол жерден бұған бір лайықты ағаш табармыз?
Кешкі астан кейін үстелден ыдыс-аяқ жинап жүрген Поликсена да
əңгімеге елең етті.
— Ұяның орынын ауыстырса балапан басып жатқан жапалақ
ұясына қайтып жоламай қояды да, балапандары өліп қалады. Бірақ,
жапалақтан көп нəрсе жоқ емес пе? Оны аяудың не қажеті бар?
Бұдан соң Генри жапалақты үркітіп, ұясын аулақ апарып тастауға
əмір берді. Сол түні бəрі де тұяқ серіппей ұйықтап шықты.
Адамның өзі тойса да көзі тойған ба! Тапқан олжаларын əкеп
бергендердің бəріне Генри ширек пиастр (бір цент) сыйлық төлейтін.
Кейде олжа мүлдем жолықпайтын күндер де кезігетін. Міне, дəл
сондай күндер əртүрлі айла жасалынатын: қарапайым сынықтарға
қолдан өрнек сызылатын.. Жəне бұл айла іске асып та жататын.
Өйткені, Шлимандардың əр сыныққа арнайы назар салатын
уақыттары жоқ еді. Бірақ, бірде, керамиканы сұрыптап, жуып жатқан
Софья таяуда түсірілген сызықтарды көріп айран-асыр болды.
Сынықты Генриге көрсетті.
— Олардың бізді делқайыр деп ойлайтындарын білемін. Бірақ,
қалайша олар бізді оған қоса делқұлы деп есептейді екен?
— Дүниеқоңыздық деген осы, қымбаттым. Адам бойындағы жаман
қасиеттердің ішіндегі ең жаманы. Оқасы жоқ, мен бұған əлі-ақ тиым
салам. Қолыма түскен қулық жасаушылардың бəріне екі пиастр айып
төлеттірем,— деді Генри.
Тіпті ең ыстық күндердің өзінде де Генри Софьяны өзімен бірге
Дарданелге шомылуға көндіре алмады. Осының нəтижесінде душ
жасау жайлы ой туды. Макрис олардың жатын бөлмелерінің бұрышын
төбеден тесіп, су ағатын шүмегі бар бақ орнатты.
Бұрышты бөлмеден тақтаймен бөлектеп қойды. Софья енсіз шкаф
тəрізді осынау қорапқа кіріп, іштен іліп алатын да, жоғарыдағы жіптен
тартқылайтын. Яннакис бакты таңертеңнен толтырып қоятын. Софья
жотадан қайтып оралғанша су жылынып қалатын.
Былтырғыдай биыл да үйлері лазаретке айналып кетті. Аурулар
айнала-төңіректің бəрінен əкелініп жатты. Іштерінде бұлар тіпті
қандай ақыл айтудың амалын таппаған ауыр науқастар да бар-ды.
Көргенінен жазбайтын көрсоқырдың қылығын жасап, Генри əйелдерге
күн сайын теңізге шомылуға кеңес берумен болды. Бастапқыда бəрі де
бұдан бас тартқан. Өйткені, түріктер мен Түркиядағы гректерде
əйелдердің теңізге шомылу дəстүрі жоқ-ты. Бірақ, аурумен айтысып
бола ма,— əрі Шлимандар да таңғажайып істерімен танылып жүрген
адамдар,— жұрт теңізге қарай топырлай бастады. Шомылғаннан кейін
көпшілігінің көңіл-күйлері едəуір көтерілгендері байқалды.
Бірде Неохордан тұла бойына түгел жара шыққан бір қыз əкелінді.
Жара тіпті сол жақ көзіне де шығыпты. Бейшараның қатты əлсірегені
сонша, аяғын əрең басып тұрды. Оны есекке мінгізіп əкесі алып келген.
Жөтелі де жан түршігерліктей екен.
— Бұл байғұсқа қалай көмектессек екен?— деп жылап жіберді
Софья.
Соңғы бір айдың ішінде одан жеті рет қан алыныпты. Софья қыздың
денесін касторкамен майлады. Генри əдетінше күн сайын теңізге
шомылуды міндеттеді. Арада айға жуық уақыт өткенде əлгі қыз
алғысын айту үшін үш шақырым жердегі Неохордан өзі жаяу келді.
Оны тізерлеп тəжім етіп отырған жерінен тұрғызған Софья сол жақ
көзін мұқият қарап шықты.
— Генри, енді бұған окулистке көріну қажет қой. Қызды қайда
жіберсек екен?
— Тек қана Константинопольға жіберу керек. Жəне онда бұл жалғыз
бармайды, бұған бүкіл семьясы еріп барады. Жол-жоралары сондай.
Христос өмірге келгенге дейінгі он екінші ғасырда ахейліктер
медицина жайында не білсе, бұндағылардың да ол туралы білетіні сол
деңгейде. Басқаша сөзбен айтқанда,— деді Генри мысқылмен мырс
етіп,— сенің афинылық танысың Веницелостың білетініндей
мөлшерде ғана. Бəлкім, бұндағылар тіпті ондай да білмейтін болар.
Агамемнон інісі Менелайға:
Қарап шығып жараңды білгір дəрігер
Дүлей дерттен емдейтін амал табады,
дейді. Ал, жаралы Эврипид Патроклдан:
Қара кемеме отырғыз;
Санымдағы жебе ұшын ойып ал;
жылы сумен қара қанды
Жу-дағы, жарақатыма жанға шипа дəрі сеп,—
деп өтінеді. Сосын Патрокл:
Батырды жерге жатқызып, өткір жүзді кездікпен
Ойды санын; жылы сумен қара қанын жуғасын
Жан азабын сездірмейтін, дауалы.
Тамырлардың ұнтақтарын септі əкеп;
Қан да тоқтап, жарақаты құрғады.
Софья оның доктор Веницелос жайлы айтқанын естімеген бола
салды. Өкініш пен күйініштің көңілде ұзақ сақталатынын қарай гөр...
— Бірақ, шаруа əйелдерінің өздеріне мəлім шөптері, тамырлары,
жапырақтары, жидектері бар емес пе?
— Əрине, оны шаруалардың бəрі де біледі. Бұл — атадан балаға
мирас боп келе жатқан білім. Тек бір өкініштісі, бұл шөптер мен
тамырлардан қайнатылған дəрілер барлық ауруға бірдей ем бола
бермейді.
Июльдің басында күннің ыстығы 88 градусқа25 жетті. Жұмыс өнбей
жатты. Жаңбырлар мен мерекелердің салдарынан жеті күн босқа
жоғалды. Бірталай шаруа тындырылғанымен аңсаған Троя тебе
көрсете қоймады. Генри күйгелектене бастады.
— Ренкейлік жұмысшылар жəне жалпы осы төңіректің гректері
жұмыс күнін толық өтемейді. Мен бəрін де есептеп шығардым. Əр
жұмысшы сағатына үш рет күрегін былай тастап, қалтасынан
темекісін алып, асықпай-саспай орап, қағазының шетін ұзақтан-ұзақ
сілекейлейді, сосын сіріңкесін іздейді немесе көршісіне барып тұтатып
алады, шіреніп тұрып тартады: ең аз дегенде он минут желге кетеді.
Сағат сайын солай! Оларға таңғы тоғызда — жарты сағат, сəскеде —
бір жарым сағат демалыс берілген ғой. Тартсын сол уақытта. Бұл
оңбағандықты тоқтатпай болмайды.
— Олар наразылық білдіреді деп қорықпайсың ба?
— Білдірсе білдірсін. Бұл арсыздар діңкемді əбден құртып бітті.
Олар өмір бойы тек қарақан басының қамын ғана құнттай келген
жандар, толық жұмыс күні дегеннің не екенінен хабарлары жоқ.
Түскі үзіліс кезінде ол бұдан былай жұмыс уақытында темекі
тартуға рұқсат бермейтінін мəлімдеді. Ренкейлік жетпіс жұмысшы
құлақ тұндыратын қиқумен жауап қатты. Бір тəуір жері, олардың бұл
қиқуларының мəні Софьяның қып-қызыл боп кеткен құлағына ғана
ұғымды болатын.
— Олар шартыңды қабылдамайды. Темекіні қанша тартқылары
келсе сонша тартуға рұқсат етілмесе жұмысты да жиып қоймақ,— деді
Софья.
Бірақ, Генридің қаны қарайып алған еді.
— Олар мені ауа райы жақсы болғандықтан уақыт жоғалтқысы
келмей, райынан қайтатын шығар деп ойлайды ғой. Табансызды
тапқан екен. Яннакис, кеткісі келетіндердің бəріне түске дейінгі
ақыларын төле.
Есеп айырысқан соң ренкейлік жұмысшылар траншеяларды бойлап
тізіліп тұрып алды да, басқа деревнялардан келген, иі жұмсақ
шаруаларға балағат жаудыра бастады. Ақыры сөздері өтпегесін тас
жаудыруға кірісті. Генри Яннакисті шақырды.
— Атқа мін де, түрік ауылдарын арала. Мыналарды ауыстыратын
адам ізде.
Яннакис бас шұлғыды да, жөнеп кетті.
Ол күні кеште ренкейлік бүлікшілер үйлеріне қайтқан жоқ. Шатырқостарында қонып шығып, таңертең жұмыс басталар алдында барып
кешірім сұрамақ ойда болатын. Олар Генриден өш алып жүре ме деп
қорыққан Софья түнімен тыныш ұйықтай алмады. Ертеңгісін Генри
əдетінше шомылуға кетті. Қайтып оралғанында Яннакис кітабына
жаңадан келгендердің есімдерін жазып жатыр еді. Жүз жиырма түрік
келіпті. Шлиманның тапқырлығынан тауы шағылған ренкейлік
жұмысшылар үн-түнсіз шұбатылып үйлеріне қайтты. Түрік үкіметі мен
оның чиновниктері жайлы аса жақсы ойда болмағанымен Генри сол
арада Софьяға :
— Қандай ақ көңіл де адал жандар. Мен бұл халыққа мейлінше тəнті
боп жүрмін,— деп мойындауға мəжбүр болды.
— Ал, мен ана ренкейліктерді аяп тұрмын. Мүйіз сұраймын деп
құлағынан айырылған тоқал ешкінің кебін киіп қалды ғой,— деп
күрсінді Софья.
Макрис пен Деметриу келіп, топырақ жарлардың тығыздалып
кеткені соншалық, ештеңеге беріспейтінін мəлімдеді.
— Ондай жерлерді неге орағыта қазбасқа? Сосын астынан
үңгіңіздер, сонда қалай беріспес екен,—деген кеңес айтты Фотидис.
Идея Генриге де ұнап, бəрі ақылдаса отырып мынадай жоспар
жасады: топырақ қабырғаны қалыңдығы он, ені он алты футтық
бөлшектерге бөліп, əрқайсысын жеке-жеке опырмақшы болысты.
Фотидис жуан бөренелерден баспана жасады. Жоғарыдан тас домалап,
балалар «сақтанға» салғанда жұмысшылар осыған кіріп бас
сауғалайтын.
Арада бірнеше күн өтті. Астын үңги-үңги əбден азары шыққан
қабырға толайым тұтасымен гүрс етіп опырыла құлаған кезде Генри
мен Софья өз участоктарында жүрген. Қасында бір жұмысшысы бар
Фотидис баспана ішінде күрек қайрап жатқан. Қабырға солардың
үстіне құлапты. Софья жақында еді, жүгіріп тез-ақ жетті. Тегіс жерге
оба орнап үлгеріпті. Іле Генри де келді.
— Ыңыранған дауыс естіледі!— деді Софья оның қолынан шап беріп
ұстай алып.
Жан-жақтан жүгіріп жұмысшылар да жетті. Олар жан дəрмен қайла
мен күректерге жармасып жатыр еді, Генри айқайлап:
— Тұра тұрыңдар!
тазартыңдар,— деді.
Жарақаттап
алуларың
мүмкін.
Қолмен
Жұмысшылармен бірге Генри мен Софья да топырақты жанталаса
аршып жатты. Құдай сақтағанда, берік етіп орнатылған қабырға мен
шатыр соққыға шыдас берген екен, ал кең бөлме екеуінің еркін
тыныстауын қамтамасыз етіпті. Олар сау-сəлемет күйінде қазып
алынды. Тіпті пантеистік сенім сүйегіне сіңген Генридің өзі де
православие кресімен үш мəрте шоқыну ишаратын жасады.
— Құдайдың құдіреті мен қамқор көңілі арқасында бəріміз де есенсау жүріп жатырмыз,— деді Софья жай ғана.
Генри оның бетіне бетін басты.
— Менің қамқорым — сенің ізгі тілегің. Мені қатерден қорғап жүрген
де жалғыз сол.
Күндіз бастан
ұйықтатпады.
кешкен
толғаныстары
Генриді
түні
бойы
— Біз үлкен сəтсіздікке ұшырадық, Софья,— деді ол өкінішпен,
үстінде көйлек, аяғында сүйретпе, бөлме ішінде əрлі-берлі сенделіп
жүріп.— Орасан зор жұмыс алаңын əзірлеу идеясынан айнуға тура
келіп тұр — жотаны түгел жалаңаштай алмаймыз. Фотидиспен
жалғасу үшін бұрынғыша оңтүстікке қарай қазатын боламыз. Бірақ,
өткен жылғыдай траншеялар жасап қазамыз.
— Алаңқай əзірлеуді неге сəтсіздік дейсің, Генри! Соның арқасында
жотаның үлкен бөлегін аршып шыққан жоқ па едің?
— Солайы солай, бірақ біз құрылықты көз таса қып алдық. Жəне
тапқандарымыз да татымсыз. Бар болғаны бірнеше урна, əлдебір
аңдардың сүйегі, сынған ыдыстар мен терракота қаптырмалары ғана.
Тура жолды таңдай алмағандары айқын боп қалды. Енді қалай қарай
жүрмек керек?
— Софья, мен не істерімді білмей дал боп тұрмын. Өзіме керектің
бəрі осы арада екеніне ешқандай күдігім жоқ, бірақ оған қайткенде қол
жеткізермін?!— Ол бейнебір басына жаңа идея енгізіп жатқандай
төбесін тырнағы мұқыл саусағымен өршелене ыспалады.
— Зерттеушінің көретін күні осы ғой. Бүгін ол өткір желдің өтіндегі
жүнін қырыққан қошақандай қалтырайды, ал ертеңіне жайраң қағып
жұмақтың қақ төрінде отырады.
Айтса айтқанындай-ақ, ұзамай Афиныдан салқын жел соғып қоя
берді.
Трояның тұрған орыны турасындағы өз болжамы жайлы сенімсіздік
білдірілген сөздер мен мазақ еткен күлкілерді Генри талай естіген.
Уақыты мен қаржысын текке шашып жүргені жайлы өкініштер де
айтылып жататын. Бірақ, оны ешкім əлі баспасөз жүзінде мұқатып
көрмеп еді.
Генри жұмыс күнделігін жариялап жүрген афинылық «Пікірталас
парақтарының» кезекті саны келді. Бұнда Шлиманның жазбаларын,
оның теориялары мен жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын тас-талқан
етіп сынаған Георгиос Николаидистің мақаласы басылыпты.
Николаидис Археологиялық қоғамның мүшесі болатын, оның пікірімен
есептеспейтіндер кемде-кем еді. Ол Критте туған; Пиза
университетінде
заң
ғылымдарын
зерделеп,
Флоренцияда
археологияға ауысқан. Гомер мəселесінде оған бедел жиып берген
нəрсе — алғаш рет Францияда, кейін қосымшалар енгізіліп Грецияда
жарық көрген «Илиада жəне оның топографиясы» атты кітабы
болатын.
Николаидистің ойлары негізінен: доктор Шлиман «бекерге əуре
боп» ақшасын текке шашып жүр, кəсіби жəне ғылыми тұрғыдан алып
қарағанда дəрменсіз мəлімдемелер жасайды, бұнысы оның
академиялық ғылым алдында аяғын əлтек-тəлтек басатын əуесқойонтузиаст екенін аңғартады, сол себепті оның баспасөздегі ойлары
толған ерсілік, дегенге саятын. Шлиман оқырманды бос қиялмен
алдаусыратады. Ғылыми орта бұған қатты ренжулі, өйткені доктор
Шлиманның баспа бетіндегі бірде-бір сөзі қандай да болмасын айқын
фактімен дəлелденбейді. Трояны бос топырақ пен шөгінді қабаттар
астынан табудың мүмкін еместігін барлық адал жанды, ақылды
адамдардың бəрі де біледі жəне біліп те отыр. Өйткені, Троя ақын
қиялынан туған қала. Сол себепті, Шлиман қазуды доғарып, жөніне
жүруі керек. Өзіне қол болатын басқа бір жұмыс тауып алғаны, барлық
күш-жігерін соған жұмсағаны абзал. Ал, археология сияқты жауапты
жұмысты сол қаланың шынайы мамандарына тапсырғаны жөн...
Саусағын түкіріктеп қойып, журнал беттерін парақтаған Генри
ызадан жарыла жаздап шақ отырған. Өзі троялық деп жариялаған
жекелеген бұйымдар — міне, дəлелдерінің сиқы осы. Иə, оның
осалдығы көп əлі.
— Николаидис Троадаға ең болмаса бір рет келіп көріп пе екен! Ол
ауызымен орақ орады, ал мен болсам тер төгіп еңбек етіп жатырмын!
— деп зіркілдеді Генри.
Софья ештеңе дей қойған жоқ.
Генри күйгелек боп кетті. Жұмысшыларға да ақырып-жекіретінді
шығарды. Қабағы ашылмай, үнемі түксиіп жүретін болды. Софьяны да
жерден алып, жерге салатын. Бірақ, əйелі бұны көңіліне алмайтын.
Өйткені, Гомер Троясының тап осы жерде орналасқанына имандай
сене тұрғанымен, соған ешқандай дəлел таппай таусылып жүрген
жағдайын жақсы түсінетін.
Сол тұста Софья оның о бастағы: бұндағы жұмыс кем дегенде бес
жылды керек етеді, деген сөзін есіне салды.
— Өткен жыл есеп емес,— деп қуланды Софья.— Кеш кірісіп, қара
жаңбырлар басталғанша бар болғаны алты-ақ апта қаздық. Сонда
биылғы жыл шын мəнінде бірінші жыл боп табылады. Ал, биылғы
қазғанымызға бар-жоғы үш-ақ ай. Несіне асығасың!
— Бұл мəңгі мойыннан түспейтін қамыт болды ғой,— деп түнере тіл
қатты Генри Софьяға қарап.— Кейде менің: Троя ма, əлде өзім бе —
қайсысымыз тұтқын екенімізді білмей басым қатады.
Софьяның айтқанының көбі айна-қатесіз келетін. Алаңнан
оңтүстікке қарай тартылған жаңа траншеяда талмай атқарылған
жұмыстың нəтижесінде үшінші күні əртүрлі бұйымдардың аса бай
көмбесі табылды. Бұлардың арасында: күмістен жасалған шаш
түйрегіш, мыс шегелер, піл сүйегінен жасалған инелер, табақшалар,
пышақтар, қанжарлар, мыстан жəне сүйектен жасалған сақиналар бар
еді. Жотаның төбесінен бастап есептегендегі отыз үш футтан елу екі
футқа дейінгі аралықтан мыс білезіктер ұшырасты. Қара кубоктар,
балғалар, гранит батырғылар, мөп-мөлдір жасыл тастан жасалған
призмалар, көз жауын алатын мəрмəр пұттар, лақтыратын
шығыршықтар себеттерді лық толтырып жатты. Барлығы да көне
бұйымдар еді, бəрі де асқан шеберлікпен, əдемі етіп жасалған болатын
жəне терракотадан басқалары өте жақсы сақталыпты.
— Екі жағынан да жонып, траншеяны кеңейту керек. Бəлкім, үйге
немесе сарайға кезігерміз,— деді Генри ынтығып.
Құрылыққа жеттім деген оймен жігерленген ол көзі оттай жайнап,
траншея топырағын сыртқа атып, оны саусақ арасынан себезелеп
жатты. Күйеуінің сюртугін шешіп тастап, галстугын төмен түсіріп,
жеңін шынтағына шейін түріп алып жүрген кейпін Софья осында
келгелі бері алғаш рет көріп тұрған.
Ұзамай оларға шағын зират ұшырасты. Құрылықтық жартастан
үшаяқты үш ыдыс қазып шығарылған-ды. Жоғары көтермес бұрын
жасын анықтап алу үшін, Генри олардың ішін қарап шықпақ болған.
Ойда жоқ жерден біреуінен ұрықтың қаңқасы табылды. Дауыстап
Софьяны шақырды.
— Мына қаңқаны қара. Мен бірдеңе білетін болсам, бұл жеті айлық
бала.
— Сонда бұл қалайша сақталған? Бұрын біз жерлеу урналарынан
күл екеш күлді де таппайтын ек қой.
— Бүгін Афины университетіндегі хирургия профессоры доктор
Аретайосқа хат жазып, бұл жайындағы оның оқымысты пікірін
сұраймын. Ал, өзімнің жобам мынадай: анасы босанып үлгермей
қайтыс болып, кремацияланған, ұрық шешесінің қарынында
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 16
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.