Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 27

Total number of words is 3887
Total number of unique words is 2208
32.6 of words are in the 2000 most common words
45.7 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ads place
адамдары, тіпті он алты жасар балаларына дейін қазба басында жұмыс
істейтін. Енді қай семьяның да ішіп-жемі молаятын болды.
Шлимандарға тек ырзалық білдіріліп қана қоймай, зор құрмет те
көрсетілетін. Генри мен Софья əрдайым кішіпейіл де салмақты
қалыптарынан аумайтын. Гректің өркөкірек шаруалары əкіреңдегенді
көтере алмайтын еді.
- Мені бір нəрсе қатты мазалап жүр,— деді Генри Софья екеуі
Дасистердің бағында зəйтүн ағашының көлеңкесінде отырған
кездерінде.— Үйіміздің иесі Деметриос жұмысты ұйымдастыруға да,
құрал-саймандарды орынды пайдалануға да олақ. Мұны Тиринфте
болғанда-ақ байқағам. Осының салдарынан жұмыстың қарқын алмай
отырғаны өз алдына, ол мердігер міндетін де жөндеп атқармай жүр.
Əрбір қазылған текше метр жер үшін оған бір драхма төлеймін. Бүгінге
дейін бес жүз текше метр қазылды. Жұртпен есеп айырысар, бірақ
өзіне түк те қалмайды. Бұл оның ынтасын кеміте түсетіні белгілі ғой.
— Əр аптаның аяғында оған атқарған еңбегіне лайықты-ау деген
мөлшерде үстеме ақы неге төлеп тұрмасқа? Жүмысшылар арасынан
зерек те жігерлілеу біреу шықпас деймісің. Сылтау тауып,
жұмысшыларды екіге бөл де, біреуіне жаңа десятник белгіле.
— Табылған ақыл. Деметриосқа өзін тұрақты жалақыға
көшіретінімді айтып, тəуір ақы тағайындаймын. Сонда ешкім де өкпелі
болмайды.
Панайотис Стаматакистің жағдайы да жан ашырлық еді. Бірде ол
жатқан бөлмесіне де, ішіп жүрген тамағына да көңілі толмайтынын
айтып қалған. Оған аргостықтарды жек көреді екен деген сөз ере
бастады. Жұмысшылар оның Шлимандармен жиі-жиі таласып
қалатынын естіп жүрген, Арыстандар қақпасы мен қазына қоймасы
жанындағы қазбаны тоқтатқысы келгенін өз көздерімен көрген.
Стаматакис жұмыс көлемін азайтқысы келеді, сол себепті қит
еткеннен кінə тауып, кедергі жасауға тырысып бағады, деген сыбыс
тарады. Олай болса, бұлардың еңбек ақыларының да құрығаны ғой. Ал,
еңбек ақы табатын бұндай қолайлы жағдай енді қашан ұшыраспақ?
Стаматакисті жұрттың жақтырмағаны былай тұрсын, ол өзін нағыз
ардан безген адамдай сезініп жүрді. Əлденендей бір нұсқау бере қалса,
жұмысшылар онысын естімегендей түр көрсететін. Əйтсе де ол бұған
қынжыла қоймады. Софья мен Генридің əр қадамын ғылымға қарсы
жəне қауіпті деп тауып, оларды мігірсіз мазалаумен болды.
Елеулі олжа бір аптадан кейін ғана кезікті. Бұл күні Генридің жолы
болды. Арыстандар қақпасының оң жағынан, қамал қабырғасының
сыртынан жұмысшылар кішкене үйшікті қазып шығарды. Көне
заманғы қақпашы мекендеген бұл тұрақтың биіктігі төрт жарым
футтай еді, еденіне қалың тас тақта төселіпті. Үйшіктің іші
тазартылған соң, түске таман Генри бұны зор мақтанышпен Софьяға
көрсетті.
Деметриостың жұмысшылары ортадағы терраса деңгейінен он бір
фут тереңдіктен бейне бір тас шарбақ тəрізденіп иін тіресе орналасқан,
биіктігі бес, ені үш фут бірнеше қарапайым тас тақта тапты. Оларды
орындарынан қозғау мүмкін еместей еді. Амалын тауып босатып алған
күнде де қандай əжетке жаратпақ? Троядан мұндай тақталар
жолықпаған. Сонда бұлар нендей мақсатқа пайдаланылған?
— Тақталардың құр өздерінің ешқандай құны жоқ екендігі кəміл,—
деді Генри олжаларын Софьяға көрсетіп жатып.— Стаматакис те
бұларды шоланына апарып тығып тастауға құштарлық білдіре қоймас.
Əзірше тұрған орындарында тұра берсін. Мына акропольды
айналдыра қазып шығайық, бəлкім, содан кейін барып бір анығына
жетерміз.
Келесі күні Софья да бір жаңалықпен қуантты. Екі топқа бөлінген
жұмысшылары дромостың қабырғаларын қос қапталынан орағытып,
траншеяны бір-біріне қарама-қарсы қазып жатқан. Бірнеше фут
тереңдегеннен кейін Софья оларға бағыттарын. бұрып, қоймаға қарай
қазуға əмір етті. Осы жерден үшбұрыштың төбесіне жетіп те қалармын
деп ойлаған. Бар болғаны бірнеше фут қана жер қазылды.
— Шлиман ханым! Міне, үшбұрыш! Біз оны тауып та алдық!— деп
айқайлап жіберді кенет біреу.
Екі жұмысшы жотаның беткейінен төмен лақтырып жатқан
топырақты тексеріп жүрген Софья олардан бірнеше адым ғана жерде
тұр еді. Траншеяға секіріп түсіп, ортасына шейін барды да, қуыстың
ішін қолымен сипалап, бұның үш бұрыштың ұшар басы екеніне көз
жеткізді. Толос тұрғызған кезде арқалыққа түсетін салмақты азайту
үшін, кіре беріс есіктің үстінен үнемі осындай ортасы қуыс үш
бұрыштар қалдырылатын. Бұл қуысқа əдетте Арыстандар қақпасының
үстіндегі арыстан мүсіндері тəрізді сəндік немесе жоралық мүсіндер
қойылатын.
Генри бұл жолы да жаза баспапты. Қазына қоймаға кіретін жолды
жаңылыспай дəл тауыпты. Қандай еpeн сұңғылалық, -деді таңырқауы
таусылмаған Софья. Оны Приамның сарайына алып келген де, көмбені,
Троядағы Скей қақпасын, тас төселген жолды табуға көмектескен де
осы сұңғылалық қой. Неткен сирек кездесетін қабілет еді десеңші!
Генри өзінің көрегендігіне мақтануды ыңғайсыз көрді.
— Бəрекелде, Софидион, бəрекелде. Мына тасқа бөккен топырақты
бар болғаны сегіз күннің ішінде қазып шықтың. Саған Деметриостың
бригадасынан бірнеше жұмысшы бөлемін. Енді төмен қарай қазып,
мына үш бұрышты мүмкін болғанынша толық аршып алыңдар. Сосын
дромосты бойлап кері қайтыңдар. Топырақты жотаның етегіне қарай
лақтырыңдар. Қабырғалардың іргесі көрінгенше жəне осы қабырғалар
тұрғызылған жердің қабатына жеткенше қазыңдар.
— Құп болады.
Акропольды қазып жатқан жұмысшылар келесі күндерде кішкентай
диорит балта, Гераны бейнелеген мүсіншелердің бастарын жəне
гүлдер, құстар, қиял-ғажайып əлемінің хайуанаттары бейнеленген
көне вазалардың мыңдаған сынықтарын тапты; біреуінен лəйлектің
басындай басы бар, қарақұйрықтың мүйізіндей мүйізі бар аттың суреті
кезікті. Ақ саздан жасалған кубоктар мен қызыл бокалдар елу фут
тереңдіктен табылған троялық олжаларға өте ұқсас еді.
Стаматакис қыштың əр сынығын себетке мұқияттап
жұмысшылар бұл себеттерді Арыстандар қақпасына апарып
тиеп жатты. Сосын бұның бəрі Стаматакистің қас
қадағалауымен Харватиға апарылатын да, шоланына
салынатын.
салып,
арбаға
қақпай
кілтке
— Осы күнге шейінгі ақымақтығым да жетер!— деді Генри Софьяға
кешкі астан кейін.— Өзім тапқан дүниелерді өзімнің қарап шығуыма,
күнделігіме сипаттап жазуыма əбден қақым бар. Дəл қазір
Стаматакиске барам.
Софья оны самайынан шөп еткізді. Генри əйелін көзінен сүйді.
— Сен ұйықтай бер, Софидион. Бүгін қазбаға сағат бестен бардың
ғой.
Баспалдаққа қарай бет алған Софья тоқтап, мойын бұрды.
— Құдай ақына, бір-біріңді тірідей жұтып қойып жүрмеңдер.
Ол қатып ұйықтап қалған еді, күйеуінің қашан келгенін білген жоқ.
Сағат төрт жарымда Генри оны иығынан қозғады.
— Қашан келдің?— деп сұрады Софья ұйқылы-ояу күйде есінеп.
— Екіде.
— Неғылдыңдар? Тіл табыса алдыңдар ма, əйтеуір?
— Басында біраз жерге барыстың. Анау олжаларды қарап шығуға да,
сипаттап жазуға да қақың жоқ, деп мəлімдеді. Мен оған лицензияның
қазып шығарған заттарымды зерттеуіме жəне сипаттап жазуыма
болатындығы жайлы тайға таңба басқандай етіліп жазылған
шарттарын көрсеттім. Анау: өйтуіңізге болады, бірақ тек Афиныға
барғасын ғана деп жауап қатты. Мен беріспедім, сөйтіп ақыры ол
көнуге мəжбүр болды. Төрт сағаттай бірлесе жұмыс істедік. Артынан
анау тіпті сипаттап жазуыма жайлырақ болуы үшін жабысқан
топырақты шүберекпен тазартып, көмек көрсетіп отырды.
— О, тəуба! Бірақ, сен бар болғаны екі жарым сағат қана ұйықтадың
ғой. Сөйтуге бола ма? Адам айтқысыз аптапта он алты сағат жұмыс
істеуіңе тура келеді ғой.
— Ұйқыны қыста қандырармыз. Стаматакиске бəрін жасап
бітіргенше күнде кешке келіп тұратынымды айттым. Ол бұның бəрін
бітіргенше менің де денсаулығым құрып бітер, деп жауап қатты.
Софья Стаматакисті аяп кетті.
— Оның бұл жұмысты суқаны сүймейді, бұл арада тұруға да құлқы
жоқ,— деді Софья бəсең дауыспен.— Оны Микенді қазып, өз есімін
Атрейдің, Агамемнонның, Клитемнестраның жəне Эгистің есімдерімен
бірге ғасырдан ғасырға аттандыруға ниеттенген адаммен тең
құштарлық танытпадың деп кінəлауға болмайды ғой. Стаматакис 1876
жылдың август айында жұмыс жасап жүр, ал сен біздің заманымызға
дейінгі XIII ғасырда жұмыс істеп жүрсің. Ол бейшараға сенімен теңесу
қайда!
Генри тігінен тұрған, дөрекілеу қашалған тағы да бірнеше ақ
тақтаны қазып шығарды. Бұл құлпытастар болуы керек деген жорамал
айтты ол. Бірақ, бұның астында не бар, жалпы бұның қабірге қатысы
бар ма — бұл əлі анық емес еді. Тереңірек қаза түсу керек болатын.
Айта қаларлықтай алғашқы жаңалыққа Генри 19 август күні жолықты;
салған жерден шешімін таба алмай, түрлі ойдан басы қатты.
Циклоптық үйден жиырма-отыз футтай жерден жұмысшылар
барельефі бар екі үлкен тақтаға кезікті. Бұл жолы бұлардың қабір
тақталары екендігіне күмəн болмады. Олар бір-бірінен бір футтай
қашықта, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған тура сызықтың
бойында жатыр еді. Троядағы қазбалар кезінде айрықша қызық нəрсе
ұшырасқанда жасайтын дағдысынша Генри Софьяны шақырды.
Стаматакис те жандарында тұрған: бұл жолы алаңдамауына болатын
— тақталар ауыр, ешкім арқалап əкете алмайды.
— Генри, сен не таптың? Зират па?— деп сұрады Софья.
— Солай сияқты. Бірақ, бұл біздің іздеп жүргеніміз бе екен, соны
біле алмай тұрмын...
Солтүстік беттегі биіктігі төрт фут, қалыңдығы алты дюйм стела
жұмсақ əк тастан ойылыпты. Жоғарғы жағы жарылып кеткенімен,
төменгі бөлегі жақсы сақталыпты. Генри тасқа аң аулау эпизоды
қашалып салынғанын көрді: əскери күймеде тұрған аңшы бір қолына
делбе, екінші қолына қанжар ұстапты.
— Қарашы, Софидион, аттың шабысы қалай əдемі бейнеленген!
Аяқтарын қалай əсем көсілтіп жіберген! Мына жердегі соңында
сүмеңдеген төбеті бар бұғы бейне бір қанат бітіп ұшып бара
жатқандай. Ал, спираль, шеңбер, күйменің артына ілескен əріп тізбегі
түріндегі өрнектерінің тек символикалық қана мəні бар болса керек.
— Əріптер дейсің бе? Сонда біз микендіктердің алғашқы жазуларын
тауып отырмыз ба?
— Олай деуге ертелеу. Бəлкім, бұл əншейін əшекей шығар.
Екінші «қабір стеласы»— Шлиман тақталарды осылай атай бастады
— əлгіден əлдеқайда жақсы сақталыпты. Оның биіктігі алты футқа
жететін. Жоғарғы бөлегі линиялық өрнекпен безендіріліпті, ал төменгі
бөлегіне атқа мінген жауынгер бейнесі қашалыпты. Сол қолына
қанжар, оң қолына ұзын найза ұстап тұр. Осы араға тағы бір тыр
жалаңаш жауынгер бейнеленіпті. Қолында екі жүзі де өткір семсер бар.
— Софидион, қымбаттым, мынау Гомер заманындағы күйменің аса
сирек кездесетін бейнесі, баға жетпейтін құнды олжа. Себебі, бұл
антикалық мүсіндерде бейнеленген күймелерге ұқсамайды. Олар
сопақшалау боп келетін. Мысал ретінде Мюнхен музейіне қойылған
əскери күймені есіңе алшы. Микен күймесі — төрт бұрышты. Қорабы
да дəлме-дəл «Илиадада» айтылғанындай:
Осылай деп кетті ұшып құйынға ұқсас
Ирида Приам қарт ұлдарына берді əмір, тездетіп
Жүрдек арба əзірлеп, қорабын жəне байлауға.
Мына стелалар — Агамемнонның Микеніне таяп қалғанымыздың
белгісі. Бұлар да қақпа үстіндегі арыстандар дəуірінің дүниелері.
Стаматакистің мінезін адам түсініп болмайтын. Генри одан бірер
қызықты олжаны үйіне алып баруға рұқсат сұраған. Анау əр бұйымға
бөлек қолхат жаздырғанымен, бұған кикілжіңсіз келісім берген. Бірақ,
келесі күні қайтадан тұлан тұтып шыға келді. Софья жұмысшыларын
екі топқа бөлген еді — бір тобы үш бұрыштың астындағы арқалықты
аршып, екіншісі дромосты төбесінен келтіріп басқан тығыз топырақты
қайламен шауып қопсытып жатыр еді. Жұмыс қызу жүргендіктен
ұзамай-ақ қазына қоймасының тегістеліп қашалған тақталардан
қаланған фасады тұтастай аршылып, бұдан үш жарым мың жыл бұрын
көне сəулетшілердің қолымен өмірге келген кезіндегідей аптапты
аңызаққа шомылып тұрған.
Сол мезет ойда жоқ жерден Стаматакис пайда болды.
— Тоқтаңдар! Жұмысты дереу доғарыңдар!— деді ол айқайлап.
Жұмысшылар күректеріне сүйенді.
— Стаматакис мырза, сіз неге айқайлайсыз?— деді Софья.
— Мен айқайлап тұрғам жоқ, əмір етіп тұрмын. Жəне ешқандай
күлбілтесіз ашық айтып тұрмын ғой деймін: фасадтың іргесіндегі
қыртысты қыл елі қозғауға болмайды. Жүмысшылардың босатқан
топырақтарын қайта əкеліп, мына тақталарды көміп тастауларын
талап етемін.
Софьяның бір сəтке тілі күрмеліп қалғандай болды. Апырмай, бұдан
бірнеше күн ғана бұрын бейшара жігітке аяушылық білдірген еді-ау!
— Күн тиіп, науқастанып қалғаннан амансыз ба, Стаматакис мырза?
Археологтың міндеті көму емес, қазу екенін білмейтін бе едіңіз?
Жауап орынына Стаматакистің айқайға басқаны сонша, оны тіпті
Акропольдағы Генридің жұмысшылары да есітті.
— Мына сіз археологпысыз? Күлкімді келтірмеңізші! Сіз тиесілі
орыны мен өзін қалай ұстау керегін ұмытқан қарапайым ғана грек
əйелісіз.
— Ал, сіз грек Стаматакис, нағыз джентельмен əрі ғалым адамсыз.
— Мен ондай келемежіңізге қыңбаймын. Мына өзіңіз жалаңаштап
тастаған тас қабырғаларға қараңыз. Мыңдаған жылдар бойы дымқыл
топырақ астында жатқан бұлардың күтпеген жерден ыстық ауамен
кездескесін халы мүшкіл болмай ма? Быт-шыт боп жарылып, бет
алдына құлап түспей ме?
— Жə, жетер, Стаматакис,— деді Софья басын ашулана тік көтеріп.
— Атрей қоймасының фасадын барып көріңіз. Уəли паша қазып
шығарғалы елу жыл өтсе де дəнеңесі құрыған жоқ, əлі сол қалпы.
Микеннің жан шыдатпас аптабы қырық градусқа жетіп тұрса да,
Стаматакистің күнге тотыққан өңі қуқыл тартып сала берді.
— Шлиман ханым,— деді ол салқын ғана,— мен бар қадарымша
сыпайы болуға тырысқанмын. Сізге қазір мына қабырғаны төбесіне
шейін келтіріп көміп тастауға бұйырамын. Мұнда инженер шақыртам,
қаланған тастардың беріктігін əуелі сол тексеріп шығады.
— Мен тексеріп те шыққам. Дəнекерлеуші ерітіндісі саз балшық
болғанымен, цементтен берік ұстап тұр.
— Қаланған тастардың беріктігін тексеріп көрдім дейсіз бе? Неткен
көзсіздік!..
Стаматакис қызбаланып, өзін өзі ұстай алмай қалды. Софья оны
тыңдаған жоқ. Анау он минуттай айқайлады. Софья оған қарсы дау
айтып, тоқтатуға тырыспады да. Арыстандар қақпасының ар
жағындағы, қамал ішіндегі Генри айқайды құлағы шалып, аяқ
астындағы тастарға сүріне-қабына əйеліне көмекке ұмтылды. Ол
жеткенде ашулы айқай аяқталып келе жатқан. Айтарын айтып болған
Стаматакис ақыры тоқтап, алқына дем алып тұрды.
Күйеуін көзі шалған Софья дауысын бəсеңдетпеген қалыпта —
Стаматакис естісін деп əдейі бəсеңдетпеген — сөйлеп кетті:
— Тап қазір Харватиға барам да, мына ардан безгенді дереу
шақырып алуларын өтініп, Археология қоғамына хат жазам. Олар
мынаның қыңырлығын, маған дөрекі сөйлейтінін білсе, бұның да
арманы орындалып, жазғы маусымның қалған бөлегін теңіз
жағалауында өткізетін болады.
— Бопты,— деді Генри сабырмен.— Жұмысшыларыңды əзірше
акропольға алам. Ана жерде арба тұр, делбеші үйге апарып салар.
Сұратқан инженерім келген кезде немесе Қоғамнан рұқсат алған
кезімізде қазбаңды қайта жалғастырарсың.
Сосын Стаматакиске қарай бұрылып, семсермен сойып жібергендей
ғып:
— Егер осыдан əйеліме он қадамнан артық жақын барғаныңызды
көрсем, басыңызды жұлып алам,— деді..
Ақсаусақ Стаматакистің тағдырдың тəлкегімен мынадай тамұққа
түскенімен қоймай, осынау екі есуасты бас алмай бақылап жүруге тиіс
болғанын қарасайшы. Келесі күні таңертең ол Генримен ұстасып
қалды. Генридің жұмысшылары Арыстандар қақпасының сыртындағы
жуан тас дерелерді жарып жатыр еді. Қатпарлар деңгейін төмендетіп,
жолды тегістеу керек-тұғын. Шлиман циклоптық қаландыға қайла
тиіп кетпеуін қадағалап тұрған.
— Арыстандар қақпасы жанынан қазуға тыйым салам. Қатпардың
топырағын қопсытудың салдарынан арыстандар жерге құлап, қирап
қалуы ықтимал.
— Блоктарды зер салып бақылап жүрмін. Өткен екі аптаның ішінде
қабырғалардан құйттай да қозғалыс байқалған жоқ. Бұдан екі жарым
мың жыл бұрынғы, Микеннің аты өшкен кезіндегі қалпында қақшиып
тұр.
Стаматакис оны тыңдаған жоқ.
— Кеше қазына қоймасын қазуға тыйым салдым. Енді Арыстандар
қақпасын қазуды тоқтатам. Сіз патша қабірлерін іздеймін дегенсіз. Бұл
арадан оны табатыныңызға кəміл сенімді болсаңыз, іздей беріңіз.
Құрылыққа тезірек жетсеңіз екен, сонда, бəлкім, біз де мына меңіреу
түкпірмен қош айтысар ма едік.
Шлиман ұзақ уақыт бойына үн қатқан жоқ. Тып-тыныш кабинетте
қалың кітаптарды парақтап күн кешетін үйкүшік ғалым мен өмірін
далада өткізетін, қиындықтан қорықпайтын, батыл шешімдер
қабылдай білетін, өттей ащы өкініштің де зарын шегіп, қанат бітірер
қуаныштың да дəмін татқан нағыз археологтың арасындағы
айырмашылықтың неде екенін ол енді-енді ғана түсініп келе жатыр
еді.
— Бұйрығыңызға бағынбасам қайтесіз?
— Онда дереу Археология қоғамына телеграмма жіберіп,
лицензияңыздың күшін жоюларын сұраймын. Менің де басыңызды
жұлып алу қолымнан келетінін көріп тұрсыз ғой.
Стаматакистің мұндай жүгенсіздікке баратынына Шлиман сене
қойған жоқ, əйтсе де, Микенді қазуға алған рұқсаты оған өмірінен де
қымбат еді. Сол себепті теке-тірестен тайқуына тура келді.
— Жарайды, ендеше, инженер келгенше акропольды қаза тұрайын.
Афиныға жолдаған шағымында Софья Стаматакистің бұл зорлығын
да қағыс қалдырмады.
Арыстандар қақпасы мен қазына қоймасындағы жұмыстар
тоқтатылуы себепті Генри акропольдан тағы бір тряншея қаза
бастады. Оны қақпаның оңтүстік-батыс бетінен екі жүз футтай жерден
салған. Енді жүз жиырма жұмысшы түгелдей Генридің өз қарамағында
болатын. Жұмысшылардың басым көпшілігін біріктірген бір бригада
көп бөлмесі бар үлкен үйді қазып жатыр еді. Екінші бригада бірінің
үстінен бірі тұрғызылған қос қабырғаға ұшырасып қалды — Трояда
олар мұндай жағдайға адым аттаған сайын жолығатын. Шлиман екеуін
де мұқият қарап шығып, үстіңгісін кейініректеу тұрғызылған римдік
бекіністікі деген қорытынды жасады. Бұндай құрылыстар шлимандық
«тарих оқулығында» тым жас саналып, авторын аса қызықтырмайтын.
Одан көрі егделеу төменгі қабырғаны ғана Микен тұрағына қатысты
деуге болатын. Өзі Микеннің қадым заманғы тарихын зерттеп
жүргендіктен, оған қажеті де осы қабырға еді.
— Не істейміз, доктор? Жоғарғы қабырғаны айналып өтеміз бе, əлде
құлатып тастаймыз ба?— деп сұрады десятниктердің бірі.
— Құлатамыз.
Стаматакис жан ұшыра траншеяға секірді.
— Бір тасты да орынынан қозғамаңыздар!
Жұмысшылар Шлиманның ауызын бағып ақтарылып қалды.
— Қабырға көңіл аударуға тұрмайды,— деді Шлиман байсалды
кейіпте.— Nouveau arrivee. Мүлдем жас қатпар.
— Бұл тек сізге ғана солай көрінетін шығар!— деді Стаматакис
қылғына айқайлап.— Сіз өз жолыңыздағыны түгел қиратуға барсыз.
Бірақ, археологтар үшін көне құрылыс атаулының бəрі көңіл аударуға
тұрады. Мына қабырғаға қол тигізуге болмайды.
Генри иығын қиқаң еткізді.
— Қабырғаны орағыта қазыңыздар,— деді ол жұмысшыларға.
Келесі күні таңертең Стаматакис ұйықтап қап, қазба басына кештеу
келді. Акропольға көтерілген кезінде римдік қабырғаның ізі де
қалмаған. Жұмысшылар төменгі қабырғаны аршып жатқан. Генри
қазба барысын бақылауды Софьяға жүктеп, өзі жұмысшылардың бір
тобын алып əлгі үлкен үйдің сыртынан басқа құрылыстарды
іздестіруге кіріскен.
Стаматакис римдік қабырғаның қиратылған кесектеріне үн-түнсіз
кез тігіп қалды. Софьяға қарап тіл қатқанда дауысы адам сенбестей
ақырын шықты:
— Шлиман ханым, күйеуіңізге мына қабырғаны қозғауға тыйым
салғам.
Софья да барынша байсалды жауап қатты:
— Стаматакис мырза, менің күйеуім — ғалым адам. Римдік қабырға
қазба жүргізуге бөгет жасады. Сіздің жұмыс тəжірибеңіз аздау ғой. Ал,
доктор Шлиман болса бұның үстіне өте ашушаң кісі. Адым аттаған
сайын кедергі келтіретін болсаңыз, Микенді қазудан бас тартудан да
тайынбайды.
— Микен қабырғасын аршып алу үшін күйеуіңіз жолында
кезіккеннің бəрін жоюға бар. Ежелгі грек жəне рим вазаларына
мұрынын шүйіреді. Мені бейне бір түк ештеңеден хабары жоқ
варвардай көреді. Шлиман мырзаға соншалықты бөгет жасап жүрсем,
шақыртып алуларын сұрап ағарту министріне телеграмма салайын.
Стаматакис айтқанын
телеграмма салып келді.
айнытпай
орындап,
Аргосқа
барып,
Ертеңіне, жексенбі күні, Харвати деревнясына Аргос префектісінің
өзі келді. Халық ағарту министрінен телеграмма əкепті. Онысын оқып
шығуға Стаматакиске берді. Онда былай делініпті:
«Дереу Микенге барып, қандай сылтау айтылмасын мейлі, көне
қабырғаларды қиратуға ерік бермеуі қажеттігін Стаматакиске
ескертіңіз. Сенімді бақылау орнатуды қамтамасыз ету үшін бір
мезгілде бірнеше жерден қазба жүргізуге тыйым салынады.
Жұмысшылар саны азайтылуға тиіс. Осы нұсқаулардың толықтай
орындалуына эфор жауап береді».
Префект Софья мен Генриді Харватидің мэрі Панайотис Несостың
үйіне шақырып, телеграмманың мазмұнын баян етті. Сосын қамалға
көтеріліп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын көргісі келетінін айтты.
Шлиман барудан бас тартты. Ашудан дір-дір етіп тұрған.
— Стаматакистің өзім қол қойған мына документті көңілі қалай қош
көрсе солай бұрмалауына төзе алмаймын. Мен осы қазба жолында
өмірім садаға деп жүрген адаммын. Қазбаның тағдырына менен артық
ешкімнің жаны ашымайды. Менен басқа ешкім оған осынша ақшасы
мен уақытын жұмсаған жоқ. Бірақ, енді осымен бəрі де тəмам!
Жұмысты доғарам.
Генри мен Софья сол күні кешкі астарын ішкен жоқ. Бірден өз
бөлмелеріне көтерілді. Күн батып бара жатыр еді. Бөлме іші ыстық
болатын. Генри əрлі-берлі сенделіп жүрді де қойды. Софья үстіне жеңіл
пеньюарын киіп, діңкелеп, орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Генри əлі
теңселіп жүрген. Бір кез тоқтап, бөлмені кесіп өтті де Софьяның
алдына кеп тоқтады.
— Бізге Стаматакиспен татуласу керек-ау деймін...
— Дұрыс айтасың.
— Əжептəуір қызық олжалар кезіккен қазбаны қалай тастап кетем...
— Əрине.
— Сонда не істеуім керек?
— Жолдың арғы бетіне өт те, үлкен басыңды кішірейтіп, кешірім
сұра.
— Сөйтем. Ертең таңертең Аргосқа барып, қазбалардың қайта
жалғасатынын префектіге хабарлаймын.
Акропольды қазып жатқан Генри тігінен тұрған тағы бірнеше тас
тақта тапты. Ежелгі құрылысшылардың ойлары аңғарылып та қалды:
тігінен тұрғызылған тақталар ішкі жəне сыртқы қабат құрайтын, қос
доға түзеді екен. Ара қашықтықтары үш футқа тең. Бұлардан гөрі
шағындау, ұзындығы үш футтай, өрнексіз басқа да тақталар əр жерде
шашылып жатыр еді — шамасы, бұлардың да тігінен тұрған
тақталарға əлденендей қатысы болса керек.
— Тақталардың қос шеңбер құрайтыны ақиқат,— деді Генри.—
Көріңіз де тұрыңыз, ұзамай тағы да осындай тік тақталар қазып
шығарамыз. Сонда шеңбердің кетігі де толады.
Сол күні тағы да өрнектелген екі стела табылды; бұлардың
құлпытастар екендігіне ешқандай күдік болған жоқ. Сонда мына қос
шеңбер нені қоршап тұр? Жаңадан жолыққан стелалар бұрын
табылғандарымен бір сызықтың бойына орналасыпты. Генри бұларды
өлшеп шықты — ені төрт фут, биіктігі төрт футтан сəл артығырақ.
Біріншісінде əскери күймеге мініп, қолына делбе ұстаған жауынгер
бейнеленіпті. Екінші жауынгер, сірə, атты тоқтатпақ боп əлектеніп
жатса керек; қолында ұзын найза бар, осыны ат айдаушының денесіне
түйреген тəрізді. Жауынгерлердің екеуі де тыр жалаңаш.
Екінші стела алғашқысынан тоғыз футтай қашықтан, солтүстік
беттен табылды. Оның оң жақ жəне сол жақ шетіне бордюр
жүргізіліпті. Қалған жері тепе-тең үш бөлікке бөлініпті. Бүйірдегі екі
бөлегі оратылған жыланды еске салатын толқынды өрнектермен
көркемделіпті.
Келесі күн жексенбі болатын: Генри таңертеңгілік уағызды
тыңдауға шіркеуге барған жоқ, Нафплионға кетті. Бір жерден ішек
құртын жұқтырып алған болуы керек. Іші соқыр ішек кезіндегідей
ауыратынын, шаншып, түйілетінін, тəбеті жоғалғанын, жүрегі
айнитынын естіген Дасистер осындай диагноз қойған. Генридің ауру
жайында өз өмір қағидасына айналған: «Көңіл аудармасаң көп ұзамай
басылып кетеді»,— дейтін тұжырымы бар-ды. Бірақ, бұл жолы
Нафплиондағы аптекшіге соғып, əлгі паразиттің көзін құртатын дəрідəрмек алуды жөн көрді.
Бұған қоса ол фамилиясы мен адресі ғана мəлім бір суретшімен
жүздесіп, оны қазбаға шақырмақ болған. Трояда жұмыс істеген
Полихрониос Лемпессис тəрізді бұл да Микенде пайдасын тигізер деп
үміттенген. Перикл Комненос иен Шлиман келісімге тез келді. Қажет
болса Комненос қазба басында бір айға шейін бола алады. Мольбертін,
қыл қаламдарын алып, рюкзагына киім-кешектерін салды да,
Шлиманмен бірге Харватиға аттанды. Өкінішке орай, ішек құртына
қарсы дəрі Нафплионда жоқ боп шықты.
Дүйсенбі күні таңертең керек-жарағын арқаланған Перикл
Комненос қазба басына көтеріліп, əскери күймелерді, аттарды,
аңшылар мен жауынгерлерді бейнелейтін суреттерді, сондай-ақ
линиялық өрнектерді көшіріп сала бастады.
Софья Афиныдан хатына жауап алды. Жауапты Тиринфте өздерімен
бірге бір апта болған Ефтимиос Касторкис жазған-ды. Софьяның хаты
оны қатты өкіндіріпті, бірақ Микеннен қашықта жатқандықтан
Стаматакистің істеп жүргені дұрыс па əлде бұрыс па — оған əділ
төрелік айта алмайды. Ғылым мен Грецияның ізгі мақсаттары үшін
Стаматакистің дегеніне көне тұруларын өтінеді. Бұндай кісəпірлерден
қайда барсаң да қашып құтыла алмайсың... Касторкис эфорға да хат
жазыпты.
Софья Афиныдан келген хат Стаматакистің көңілін аз да болса
жібітіп, оларға еркіндік туғызатын шығар деп үміттенген. Генридің
келісімі бойынша, қазына қоймасына бастайтын дромостың
қабырғаларын аршуға жұмысшыларын қайта жапты. Топырақ
арасынан геометриялық өрнектер салынған керамикалық көне
бұйымдар, əйелдер мен сиырлардың дөрекілеу жасалған терракоталық
мүсіншелері — Гераның бейнелері табылып жатты.
Стаматакис дау шығарған жоқ. Жұмысшылар қазып шығарған
топырақты зер сала қадағалап, терракотаны себеттерге мұқияттап
жинаумен болды. Қазір Софьяның қарауында отыз жер қазушы жұмыс
жасап жатқан. Ол қойманың фасады мен үшбұрышты арқалығына
дейін толық аршып алған-ды; бұған қоса жұмысшылары орасан мол
көлемде топырақ шығарып, ұзындығы жүз жиырма фут дромосты да
толық тазартқан.
Генри Арыстандар қақпасындағы жұмысын қайта жалғастырған
жоқ. Барлық адамын шағын тастардан қаланып, жер қойнына терең
бойлаған жаңадан табылған қабырғаны қазуға жұмылдырды. Бұл
қабырға да тігінен тұрғызылған қос қатарлы тақталар тəрізді доға
жасап, бейнебір оларды сыртынан орайтындай ыңғай танытты. Кейбір
тақталар осы қабырғаның үстінен орын теуіпті, əйтсе де бұған қарап
олардың арасында қандай байланыс барын болжау қиын-ды. Ұзын
саны елуге жуық тік тақталар қазылып шығарылды. Барлығы
қосылғанда шеңбердің үштен біріндей доға жасайтын.
Құлпытас стелаларының суретін салуды аяқтаған Перикл Комненос
вазалар, терракоталар, қару-жарақтар мен жануарлар мүсіншілеріне
кірісті. Стаматакистің жұмыс күнін шамадан тыс ұзартпау үшін қазба
жүргізуді десятниктерге тапсырған Генри мен Софья екі сағат ертерек
кетіп, Комненоспен бірге эфордың шоланына барып жүрді.
Ғыссарлықтағы бақытты кештер аз уақытқа болса да қайта оралды:
олар олжаларды топырақтан тазарту, суретін салу, сыпаттау жəне
тиісті номері бойынша Шлиманның күнделігіне енгізу ісімен
шұғылдана бастады. Сосын Дасистерге оралып, кешкі астарын ішіп, өз
бөлмелеріне көтерілетін. Генри лондондық «Таймсқа» кезекті бір
мақаласын жазуға кірісетін де, екінші данасын өз қолдарында ұстау
үшін Софья оны бет сайын ілесе көшіріп отыратын. Софьяның өзі де
қазбаларға үлкен ықылас аударған күнбе-күн шығатын афинылық
«Эфимерис» газетіне арнап мақалалар циклын жаза бастаған-ды.
Генри де бұл газетке телеграф арқылы бірнеше хабар жіберген.
Алғашқы өрнектелген стеланың табанынан Генри күтпеген жерден
күлге тап болды. Күлдің арасынан қалың алтын пластинкамен
қапталған ағаш түйме тауып алды. Түймеге шеңбермен қоршалған үш
семсер мен үш бұрыш бедерленіпті.
— Микеннен тапқан алғашқы алтынымыз!
Софья түймені шыр айналдыра қарап тұрды.
Генри сөзін əрі жалғады:
— Балқыған металл кесегінің ішіндегі алтын сырғаны — Троядағы
алғашқы алтынымызды қалай тапқанымыз есіңде ме? Сол күні
қуанғаннан түні бойы ұйықтай алмап ек қой. Мына алтын түймені
қалтама сала салғым кеп құмартып тұрғанымды қарашы. Бірақ,
өйтпеймін.
Стелалардың астынан, тереңіректен қоңырлау күл көрінді. Генри
баста бұны мəйіттерді өртегеннен қалған күл шығар деп ойлаған;
алайда мұнан тек жануарлардың сүйектері ғана табылды — шамасы,
бұл жоралық құрбандықтың қалдықтары болса керек.
Тағы да бірнеше өрнектелген стела қазылып шығарылды. Бұлардың
ішіндегі ең ерекше барельеф əскери күймеде тұрған (стеланың бұл
шеті опырылып қалыпты) жалаңаш баланы бейнелейтін еді. Баланың
сол қолында делбе, оң қолын алға созып жіберген. Генри тратты
қуанды, бірақ бір жағынан аздап ыңғайсызданып та қалды. Мұндай
өрнектер мен барельефтерді антикалық мүсіндерден бұрын-соңды
кездестірмеген.
— Байқауымша, мүлдем тың нəрсені қазып шығардың-ау деймін,—
деді ол Софьяға.— Бірақ, бұл жолы əуесқойдың бұлыңғыр болжамы
деген айып арқалай қоймаспын. Алдымен Археологиялық қоғам не дер
екен, соны тыңдап көрейін.
Циклоптық үйдің қазбасында да көптеген қызықты олжалар
табылып жатыр еді. Бұл үй террасаның төбесінен санағанда он жеті
фут тереңдікке жеткен екінші траншеяның. солтүстік шетінде тұрған.
Шлиман бұл жерден жануарлар мəйіттерін өртеуден қалған күл мен
ағаш күлін тапты. Күл арасынан сүйектер де көптеп жолығып жатты,
оның басым көпшілігі шошқаның сүйектері болатын. Сондай-ақ, түрлітүсті етіліп боялған көне вазалардың сансыз көп сынықтары, əшекей
құятын қалыптар, қола бұйымдардың мол қоймасы: пышақтар,
шығыршықтар, найзалар, айбалталар, шаш түйрегіштер табылды.
Стеатит пен оникстен, ақықтан жасалған, жануарлар бейнесі
бедерленген геммалар да көптеп жолықты. Бұлардың ішіндегі қызыл
оникстен жасалған ең əдемі гаммадағы қарақұйрық көрер көзге тірі
сияқты көрінетін.
Ал, шағын тастардан қаланған қабырғаны қазудың барысы жəне
жаңадан табылып жатқан тік тақталар — мына қабырға да,
тақталардың қос қатары да түптеп келгенде шеңбер құрайтындығына
енді ешқандай күдік қалдырмаған. Акропольдың орыны о бастан
Арыстандар қақпасына қарағанда ойыстау екенін Шлиман жақсы
білетін. Ендеше, шеңбер қабырға акропольдың орынын теңестіру үшін
қолдан топырақ үйіп алаң жасау мақсатында пайдаланылуы ықтимал
ғой. Тақталарды бір деңгейде жəне тек қана тігінен тұрғызудың
басқаша себебі жоқ.
Шығыс кітабына шығындар есебін жазып отырған Софья қазбаларға
қазірдің өзінде жиырма мың доллар жұмсалғанын білді. Есеп-қисабын
аяқтап, қарындашын былай тастады да, Генриге бұрылып:
— Мына дөңгелек терраса... Бұнда патша қабірлері болуы мүмкін бе?
Арыстандар қақпасына тым жақын емес пе?— деді.
— Маған Павсаний патша қабірлерін өз көзімен көрген болуы керек
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 28
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.