Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 12

Total number of words is 3901
Total number of unique words is 2358
31.3 of words are in the 2000 most common words
45.2 of words are in the 5000 most common words
52.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Бұл маңда ұзын саны қырық екі бұлақ бар. Бұлар жайында оның
не ойлайтынын білер ме еді? — деді.
Калверт Софьяға жеңіспен жігерленген жүзін бұрды.
— Менің пікірімді əлемдегі екі үлкен беделді адамның
жақтайтынын, сіз, əрине, білетін шығарсыз? Бірі — Скепсистік
Деметрий. Ол Троя Бунарбашының орнында болған деп ашық айтқан
адам. Екіншісі — Страбон. Ол Бунарбашыны «троялықтар қаласы» деп
атаған.
— Страбон бұл төңірекке ешқашан аяқ баспаған,— деп күмбірледі
Генри Софьяның құлағына.— Оның есесіне Ұлы Александр троялық
Афинаға өз қаруының қуатын танытып кетті. Ал, бұл қала біздің
Ғыссарлықта орналасқан. Тап сол жерде Христостың өмірге келуінен
төрт жүз сексен жыл бұрын Ксеркс Афинаға мың бұқаны құрбандыққа
шалған. Геродот солай дейді.
Калверттің көзіне түскеннің бəрін құйттай күдік келтірместен
Трояны дəлелдеуге əкеп тықпалай беруі ақыры Генридің қитығына
тиді.
— Жарайды, енді Сигай мүйісіндегі ахейліктер қосымен арадағы
қашықтық жайлы не айтар екенсіз?— деді ол күйіп кетіп.— Осы арадан
Дарданелге дейін сегіз миль ғой! Бұл жерден Геллеспонтқа барып
қайтудың өзіне ғана ахейлік жауынгерлерге тұтас бір күн керек болар
еді. Ал, олар бұған қоса шайқасқа да қатысқан ғой. Ахейліктердің өз
кемелері мен Троя қамалы аралығына күніне екі мəрте қатынап,
шайқас жүргізген соң кейін қайтатынын Гомер арнайы ескерткен ғой.
Соны түсіндіріңізші.
— Түсіндірейін,— деді анау былқ етпей.— Осы жерден Геллеспонтқа
дейінгі аралықтың бəрі — шөгінді жер. Осынау жазықтық түгелдей
кəртамыс Скамандрдың тасуынан пайда болған. Троя заманында
Геллеспонт та, сондай-ақ ахейліктер қосы да осы арадан үш мильдей
қашықта орналасқан.
Генри үндеген жоқ. Ол географ мамандармен бұл мəселені талай рет
талқылаған: Бунарбашы (немесе Калверттің «Троясы») мен
Геллеспонт аралығында ешқандай шөгінді жер жоқ-ты.
— Мына жазықтық сол Троя соғысы заманында да дəл осылай
көсіліп жатқан,— деп түсіндірді ол қайтар жолда Софьяға.—
Геллеспонттың суы бұны ешқашан шайып көрген жоқ. Əйтпесе
Троядада терең көлдер сақталар ма еді? Аллювиальды өзгерістер
кезінде бұндайдың болуы мүлдем мүмкін емес. Бірақ, Фредерик
Калверттің теориясына иланатындар əлі де табылады. Жалпы,
Трояның өмірде болғандығын жақтаушылардың өзі санаулы адамдар
жəне солардың бəрі дерлік Деметрий мен Страбонға сеніп, Трояның
тұрған орыны Бунарбашы деп есептейді. Тарихи материалдардағы
адам аяқ алып жүре алмайтын жаңсақтық пен жаңылысудан құдай тек
екеуімізді ғана қорғап отыр.
Олар үйлеріне ымырт жабылған кезде қайтты. Себебі, Қыбұлақтағы
азаптарына аттандырмас бұрын Калверттер жол жүрер алдында
бұлардың «қуырылған нанмен, мұраппамен нағыз ағылшын шайын»
ішіп шығуын қиыла өтінген. Делбені оң қолына алған Софья сол
қолымен күйеуін шынтағынан ұстады.
— Генри, маған оны дəлелдеп жатудың қажеті жоқ. Фредерик
Калверттің ой сапырындысын тыңдау өзіңе онша ұнай қоймаса да,
мені өзіңмен бірге Бунарбашыға алып барғаның қандай жақсы болды.
— О не дегенің! Қазір менің көз алдымнан манағы ростбиф пен
Йоркшир пуддингі кетпей тұр. Солардың өзі-ақ осындай сапар шегуге
тұрмай ма?
30 октябрь күні дүйсенбіде жұмысшылар траншеяны жотаның
басына жеткізді. Сөйтіп олар түп негізден есептегенде жүз футтан
астам биікке көтерілді. Траншеяның тереңдігі бүкіл ұзына бойында он
бес футқа жетті. Жотаның басынан Генри Трояның қастерлі
жұрнақтарына жолығармын деп ойлаған. Бірақ, оны таң-тамаша;
қалдырып, жұмысшылар тастан жасалған найза ұштарын, тас балғалар
мен балталарды, граниттен жасалған қармақ батырғыштарды, шақпақ
тастан жасалған дəн үгіткіштерді, кремнийден жасалған пышақтар мен
қырғыштарды, сүйек инелер мен біздерді, соус құятын ыдысқа ұқсас,
қарабайырлау терракота сауыттарын, жасыл жəне қара сланецтен
жасалған қайрақтарды көптеп қазып шығара бастады. Қарабайыр
көзелер де кезігіп жатты.
Софья траншея ернеуіне брезент жайып, табылғандардың бəрін
соған жинай берді. Жұмысшылар бұндай олжаларды жүздеп əкеліп
жатқан. Тас бұйымдар үймесінің үздіксіз өсіп бара жатқанын көріп, не
істерін білмей ақырған Генридің сол жақ беті тартып кетті.
— Түк түсінсем бұйырмасын!— деп дауыстап жіберді ол.— Бұл
қабаттан тас бұйымдардың кездесетіні несі?! Онымен қоймай, тас
дəуірінің адамдары өздері жасай алмайтын, бірақ пайдаланған деуге
болатын заттардың да жолығып жатқаны қалай? Тас дəуірінде
қабанды өлтіретін өткір қару болмаса да, қабан тістерін тауып
жатқанымыздың себебі неде?
Бұған жауап қатуға дəл өзіндей дəрменсіз Софья оны қолынан
келгенінше тыныштандырып бағуға тырысты:
— Бұларды кешке өзімізбен бірге əкетейік. Яннакис қашырмен
алып барады ғой. Бəрін жуып тазартып, жүйелеп, сыпаттап жазайық...
— Ол екібастан ғой!— деп зіркілдеді Генри.— Оран қоса өзімнің
надандығымды, түк ештеңеден түсінігі жоқ кещелігімді, теориямның
тақыршаққа отырғызып кеткенін де жазамын! Мұнара, қамал
қабырғалары, Приам сарайы, Гектордың үйі — мұнда бұлардың бірі де
жоқ!
— Теория — жұмыс құралы, басқа ештеңе де емес. Егер оның көмегі
аз болса таста да, басқасын ал.
— Бұл, немене, грек мақалы ма? — деп ерсілеу езу тартты анау.
Түн ортасына дейін Генри бөлмеде əрлі-берлі теңселіп жүрді де
қойды. Тазартылып жуылған пышақ, балта, қырғыш, найза ұштарын,
дəн үгіткіштерді бірінен соң бірін қолына алады. Зейін сала үңіледі.
Жəне солармен сөйлескендей болып:
— Алтын Троя тас дəуірінен төмен жатқаны ма? Мүмкін емес...— деп
күбірлейді.
Шаршағанын сылтауратқан Софья ақыры оны да жатуға көндірді.
Күйеуінің əңкі-тəңкісі шыққан басын иығына салып, Андромаханы
əлдилегендей əлдилеп ұйықтатты. Ал, өзі түні бойы кірпік ілмей,
жұбайын аяп азапқа түсті.
«О, жасаған, Генридің Гомер Троясын таппау себебі оның
Ғыссарлықта емес, басқа жерде орналасқандығынан боп жүрмегей!
Мүмкін, ол мүлдем өмірде болмаған қала шығар?»
Сосын басын бір шұлғып жіберіп, осал ойды былай серпіп тастады:
«Жоқ! Менің сенуім керек!»
Келесі күндер ешқандай айқындық енгізген жоқ. Жаңбыр төпелеп,
аяқасты езіліп жатты. Генридің ұнжырғасы түсіп кетті. Олар
траншеяларды жиырма, сосын жиырма бес футқа тереңдетті. Тас
құралдар із-түзсіз жоғалды. Олар күміс жіптің үзігін, айшықты өрнегі
бар бірнеше ваза, «J» əрпі дөңес етіп бедерленген қорғасын пластина
тапты.
— Дамыған цивилизацияның төбесінде тұрған тас дəуірі дегенді
қалай түсінеміз? Тарихтың доңғалағы артқа емес, алға қарай
айналмаушы ма еді?— деп ақтарылды Генри.
— Кейде кейін қарай да айналатын кез болады, Генри. Соғыстар мен
шапқыншылықтар дамуды тоқырата алады.
— Дұрыс айтасың!— деді Генри. Жанары жалт ете қалды.—
Дамыған цивилизацияны варварлар жаулап алып, жойып жіберуі
мүмкін ғой. Тарихта бұл қанша рет қайталанды десеңші!
Ол күнделігін шығарды. Түн. Бөлме іші салқын əрі ылғалды.
Одеялына қымтана түскен Шлиман қаламын қолына алды.
«Менің арманым шектен тыс қарапайым. Алға қойған жалғыз
мақсатым Трояны табу ғана. Оның тұрған орыны туралы жүздеген
ғалым мыңдаған парақ толтырғанымен, қазуды ешқайсысы
құнттамаған. Егер мен де сəтсіздікке ұшырар болсам, онда қадым
замандардың қараңғы қойнына үңіліп, археология үшін ұлы
эдлиндердің көне тарихының қызғылықты беттерін ашып бергенімді
қанағат тұтып қана қоймақпын.
Тас дəуірінің кезігуі мені абыржытқан жоқ, керісінше алғашқы
адамдар аяқ басқан жерді ашуға деген құштарлығымды арттыра түсті.
Сондықтан мақсатыма жетпей тоқтамаймын, тіпті бұл үшін төмен
қарай тағы да елу фут қазу қажет болса да мейлі!»
— Бəсе, өйтпесең Генри болармысың! Сені неғып жүнжіп кетті деп
қорқып жүргем.
— Трояның жүрегі тап осы жерде екені кəміл. Бірақ көзге көрініп
жатқан ештеңе жоқ. Сонда қайда болғаны? Цитадель үшбұрышты
жазықты еңсесімен басып тұруға тиіс. Келесі жылы да біз осы
солтүстік беткейден бастаймыз. Бірақ елу футтай төменнен қазып,
траншеяны батысқа, жотамыз жазықтық үстінен биік көтеріліп тұрған
жаққа қарай бұрамыз. Тиісті тереңдікке жетеміз де, біртіндеп жотаның
бүткіл солтүстік батыс жиегінің жамылғысын сыпырамыз. Сарайлар
мен мұнаралар, Скей қақпасы сол арада болуға тиіс.
Оның жүдеу тартқан өңі жабығушылықтан арылып жадырап сала
берді.
— Біз жақсы бастадық жəне көп нəрсеге көзіміз ашылды. Қанша
дегенмен қолда дайын оқулығымыз жоқ қой.
Софья үстелден оның күнделігін алып, алақанымен қағып-қағып
қойды.
— Сол оқулықты өзің жазып жүрсің ғой, Генри.

 
ТӨРТІНШІ КІТАП. ҚАСИЕТТІ МЕКЕН
Музалар
көшесіндегі
үйлеріне
қарай
бұрылуға
ақсары
ауғандарымен, олар алдымен Колонға, Андромахаға барды. Қазір жеті
айға толған, дөңгелек жүзді, толық бөбек Андромаха өте тыныш бала
болатын. Орындықтың аяғына тырмысып қаз тұруға талпынып,
сағаттар бойы өзінше былдырлап сөйлеп жүрген. Ол Софьядан
аумайтын: шашы да, көзі де соныкіндей қап-қара, мұрыны да, иегі де
соған тартқан. Бірақ, бұғағы біршама қалыңдау еді — бұл бибі
Викторияның балаға қанша жегісі келсе сонша берудің пайдасы
болмаса зияны жоқ дейтін ұйғарымының нəтижесі-тұғын. Торсықтай
қыздарына табысқан Шлимандар аман-есен өз шаңырағына қайтып
оралды. Драмалидің үйіндегі қарапайым тұрмысқа бойлары үйреніп
кеткен олар жиһазға толы бөлмелерін көргенде өз көздеріне өздері
сенбегендей аһ ұрып қалысты. «Күнде кешкісін мұны маймен майлап,
спиртпен сыламайтының қандай жақсы!» деді матримониале алдына
тоқтаған Генри шаттана үн қатып. Ac үйдің табалдырығынан əрі
аттаған кезінде Софьяның да иығынан жеті батпан жүк түскендей
болды. Ештеңе қозғалмағанына, бəрі орын-орнына тұрғанына көз
жеткізіп, тамырлардың, дəмдеуіштер мен тұздықтардың мұрын
жаратын жағымды иісін сүйсіне жұтты.
Олар жəшіктерді ішке кіргізіп, олжаларын шығарды. Жаңа сөрелер
ілді. Сөйтіп, арада бір аптадай уақыт өткенде, өздерін ешқайда аттап
шықпаған жандардай сезінді.
Австрия елшілігінен Шлимандар қонақ бөлмелеріне арнап əдемі
люстра, хрусталь сатып алды. Асхана енді бұлардың жұмыс бөлмесіне
айналды. Гректер үйге бөтен адам келгенін көп ұнатпайды. Тіреліп
тұрған шаруалары болса кафеде тындырып қайтады. Ал, Генри, нағыз
европалық екенін танытып, құрылысшы инженерлерді, ғалымдарды,
музей архивариустарын — өзіне пайдасы тиетін адамдардың бəрін
үйіне шақырып қонақасы беретін.
Софья жаңа жұмысына құлшына кірісіп жатты. Өзіне бүлдіршіндей
жап-жас жəрдемші тауып алды. Бұл Энгастроменостарға баяғы Ромвис
алаңында тұрған кезінен жақсы таныстығы бар семьядан шыққан қыз
еді. Таң бозара Орталық базарға аттанған қыз басына көтерген үйме
себеті бар балаң жігітті ертіп қайтып оралатын. Бұдан соң Софья
қашан түскі тамағы əзір болғанша бір минут тыным таппайтын. Тамақ
пісіру, торай төшкесін сүтсірнемен, петрушкамен кептеп, қуыру
сияқты шаруалар оған қатты ұнайтын. Кейде барын салып істеп кетсе
алмадан пирог əзірлеп те үлгеретін. Ғыссарлықта қалай
тамақтанғандарын əлі ұмытпағандықтан бұл шаруаның рақаты онан
əрі арта түсетін. Биік орындыққа жайғасып ап қасықпен тақтай
тарсылдатуды ұнататын Андромаха ыстықтан жүзі алаурап,
дəмдеуіштер мен қуырылған жаңғағының иісінен діңкелеп, отырған
орнында-ақ ұйықтап қалатын.
Өзімен бірге жазатын қағаз ала шыққан Генри таң атысымен
«Ғажайып Грециядан» орын теуіп, əлемнің алуан түкпірінен келген
газет тігінділерін оқитын. Оқу барысында да, көп тілдегі хатхабарларын жазу барысында да кофені судай сіміріп көп ішетін. Түскі
тамақ алдында үйіне қайтып оралған ол ұйықтағалы жатқан қызының
қолына жаңа ойыншық ұстатып үлгеретін.
Софья мен Генри Троадаға кеткен кезде премьер-министр
Кумундуростың үкіметі орнынан тайдырылған екен. Бұлардың қайтып
оралуы Заимис бастаған жаңа кабинеттің орнынан түсуімен атап
өтілді. Парламент таратылып, жаңа сайлау 1872 жылдың февралінде
өткізілетін болды. Алайда, бұл сияқты саяси сілкіністер Афинының
мэрі Панаис Кириакосқа қалаған астаналық ажар кіргізу жөніндегі
жұмыстарын жүргізе беруіне бөгет жасай алмапты. Генри мұнда да аса
көрегендік істепті. Кириакос əдемі ратуша тұрғызды, көшенің
өлусіреген ескі шамдарын жаңартып, қаланың орталық бөлегіне тас
төседі. Ұлттық банктің қарсы алдындағы алаңнан қала театрын салуға
кірісті. Қала тіршілігі жанданып, жердің бағасы күрт өсіп кетті. Генри
өзіне айтылған өте тиімді екі ұсыныстың екеуінен де бас тартты.
— Жердің тəуірін сатпас болар, сатып алар болар. Бұрын жер сатып
аламыз деп жұтап қала жаздап ек, енді сол жер қазір байлығымыздың
қайнар көзіне айналып отыр,— деп түсіндірші ол Софьяға.
Оның қандай ой-жоспарлары бары Софьяға беймəлім-ді, əйтсе де
кəсіппен айналысу жөніндегі осынау айрықша құлшынысынан өзінше
түйін жасап, «ендеше, балалар бөлмесін жарақтай беруге де болады
екен» деп шешті. Кішкене кереует, кілем, бюро, терезе жапқыштар мен
тыстамалар сатып алды. Колоннан ілесіп келген бала күтуші əйелге де
кереует əперді. Генри оның шығындарына шыдамдылық көрсетіп
жүрді. Осыдан бірнеше ай ғана бұрынғы ештеңе сатып алмау, бала
күтуші жалдамау жайлы жарлығы тарс есінен шығып кеткендей еді.
Туғандарымен арадағы жағдай да жөнделді. Баланы күтуге деп
Генри бибі Викторияға қомақты сома қалдырған. Георгиосқа да
жалақысын үзбей төлеп тұрды, оларды жаңа кредитпен қамтамасыз
етті. Енді Александрос импорттың товарларды қанша қаласа сонша
алатын дəрежеге жетті. Соңғы екі жылдың ішінде тұңғыш рет
Энгастроменостар үйінде киім-кешек жаңартуға, басқа да көр-жер
алуға ақша ауысты. Бибі Виктория өздерін астанаға оралту жайлы
қайта қыңқылдай бастады.
Бұл Софья үшін аса бір бақытты кезең болды: бəрінің де көңілі тоқтұғын.
Жаңа, 1872 жылдың нақ алдында, əулие Василий мейрамы күні,
Софья мен Генри Колонға мерекелік кешкі асқа аттанды. Түн ортасына
тақалған кезде Георгиос ішіне теңге қосып пісірілген дəстүрлі пирогты
он екі тілім қып тілді. Теңгені тапқан адам келе жатқан жылда үлкен
қуанышқа кезікпек еді. Пирогты пісірген бибі Виктория болғанымен,
оның өзі де теңгенің қай тілімге кеткенін тап басып айтып бере
алмайтын.
Теңгені Панайотис тапты. Бұл бəріне де сондай жағымды əсер етті,
өйткені ол күзде гимназияға бармақшы-тұғын.
Одан соң Шлимандар арнаулы сыйлықтарын үлестірді. Апасы мен
сіңлісіне Софья қолғап сатып алған.
Генри Спирос пен Катингоның зайыбы Иоанниске галстуктер
əкелген. Панайотисқа кітап, Александросқа былғары əмиян тарту
етілді. Генри Софьяның ата-аналарын Андромахаға деген қамқорлығы
үшін айрықша бірдеңемен қуантпақ боп ұйғарғандықтан, олар бибі
Викторияға Стефанудың зергерлік магазинінен алтын сағат, ал
Георгиосқа, Кацимбалистың витринасында тұрған данасына көптен
көзі түсіп жүргендігі ескеріліп, алтын балдағы бар таяқ сатып алды.
Колонға келе жатқан жолда Генри Конституция алаңында күймеден
түсіп, шоколад кəмпиттің бір үлкен қорабын сатып алған. Қайтып кеп
қасына отырғанында Софья оған:
— Сен байқадың ба, семья да адам сияқты ғой,— деді.— Егер оған
жамандық жасасаң өзің де жамандықтан арылмайсың, егер оған жақсы
қарасаң...
— Онда өзіңе де жақсы!— деп күліп жіберді Генри.
Софья оны мойнынан құшақтап сүйді.
— Жаным, Эррикаки, Жаңа жылға қадам басқалы тұрып сені
сүйетіндігімді мойындау қандай жақсы еді! Ата-анам мен үшін тəуір
таңдау жасаған екен.
— Ал, өзім үшін мен епископ Вимпосқа шексіз борыштымын.
Генри сезімге беріліп кеткен.
Парижде Софьяның үй иесі деген аты ғана бар-ды, ал шын мəнінде
ортақ үстелде үнсіз отыратын қонақ келіншек тəрізді-тұғын. Музалар
көшесінде бəрі де өзгеріп сала берді. Алғашқы жексенбіде-ақ олар
Афины университетінің профессоры, роман филологиясы, грек тілі
мен əдебиетінің маманы Стефанос Кума нудисті қонақасыға шақырды.
Ол грек тарихына қатысты ежелгі ескерткіштерді қорғау жөніндегі
тынымсыз жұмыстарымен танылған адам еді. Сондай-ақ, вазалар мен
жазбаларға жəне Акропольдың ар жағындағы Дионис театрына да
осындай ықылас көрсетіп жүрген. Бұған қоса Археология қоғамының
секретары қызметін атқарып, оның бюллетенін шығару жұмысын
жолға қойған. Ол Генридің Ғыссарлықтан жазған үш есебін оқып
шыққан-ды. Куманудис бұдан төрт-ақ жас үлкен еді, бірақ ғалым
ретіндегі беделі шырқау биікке көтеріліп кеткен адам болатын.
Қонақасыдан кейін үшеуі Генридің кабинетіне барды. Еркектер
рахаттанып сигара тартуға кірісті. Софьяның ыждағаттылығы
арқасында вазалар, құмыралар мен тас құралдар жаңа сөрелерге
орналасып та үлгерген. Əрқайсысы табылған орыны мен тереңдігі
көрсетілген тұмармен жабдықталған.
— Жақсы бастама,— деп мақтады профессор Куманудис.— Қазір
бəріміз бірлесе отырып əрқайсысының жасы мен қай мəдениетке
жататынын анықтайық.
— Білесіз бе, профессор,— деді Генри оның алдын орап, əрі атақты
адамның алдында отырғандықтан аз-кем абыржыңқырап,— біз бұл
бұйымдардың қай-қайсысы да міндетті түрде жыл санауымыздан
бұрынғы дəуірдің заты боп шықсын деген ойдан аулақпыз. Келесі
маусымда қазбаларымызды тереңдетіп, құрылыққа жақындай түспек
едік. Соған көп үміт артып отырмыз.
Келесі жексенбіде олардың үйінен доктор Эмиль Бюрнуф түстік
ішті. Париж университетін аяқтағаннан кейін ол 1846 жылы Афиныға,
Конституция алаңына орналасқан Француз археология институтына
қарапайым қызметкер боп келген. Қырық алты жасында осы
институтқа директор болды. Енді қазір Ликабет тауындағы жаңа
институт құрылысының жобасын жасап, Дельфыда қазба жұмыстарын
жүргізуге əзірленіп жүрген. Бюрнуф шашы жалбыраған ұзын, мұрты,
шоқша сақалы бар, бəкене адам еді. Барлық тəпелтек адамдар сияқты
бұл да мейлінше жігерлі-тұғын. Киімді де талғап киетін: иық жағы кең,
келісті сюртуктерін Парижде тіктірген. Манжеті бүрмелі жібек көйлек
киіп, əдемі галстуктер тағатын. Ол өзімен бірге Луиза дейтін он тоғыз
жасар қызын ілестіре келген-ді. Афиныда туып-өскен Луиза гректердің
сұлулық жайлы көз қанықты бейнесіне мүлдем қарама-қарсы үлгідегі,
француз үлгісіндегі сұлу болатын. Жібектей есілген сары шашы,
көгілдір көзі, сопақша беті, культе шыланған еріндері жəне əдемі иегі
— соның айғағы еді.
Генри оған ерекше елтіп, түскі астың өне бойында онымен
французша мылжыңдасумен болды. Софья мосье Бюрнуфпен грек
тілінде сөйлесіп отырды, бірақ мадам Бюрнуф қайда екенін, неліктен
оның орынын қызы басқанын ақыры анықтай алмады.
Ғыссарлықтан табылған екі құмыраны, əсіресе бұ шығыңқы,
тұтқасы биіктеу біреуін Бюрнуф толық дерлік сенімділікпен троялық
деп тапты. Төбе боп үйілген құмыра сынықтарын көріп, көзі оттай
жайнады.
— Мейірімді доктор! Мұнда троялық ыдыс-аяқтың айтары жоқ мол
қазынасы жатыр ғой! Мынау терракота энциклопедиясы ғой! Сіз мына
сынықтарды құрастыруыңыз керек.
— Əйеліміз екеуіміз солай етсек пе деп армандап жүрміз.
— Менің екі студентім бар, осындайға əбден шеберленген. Бəлкім,
Шлиман ханым екеуіңіз біздің институтқа сейсенбі күні таңертең
соғып кетерсіз? Сынықтарыңызды да себетке сап ала келіңіздер. Луиза
екеуіміз көмектесерміз. Ондаған ұсақ бөлшектен тұтас имза құрастыру
деген — сондай жанға жағымды жұмыс. Бұлардың арасында жерлеу
урналары да бар шығар деп сенемін. Ac үйде жəне шаруашылықта
пайдаланылатын ыдыстар, жалпы алғанда, онша бағалы дүние деп
есептелмейді.
Сейсенбі күні таңертең Конституция алаңына келгендерінде
олардың күймесін сары сақалды, сымбатты екі жас француз қарсы
алып, сынықтар салынған сечоттерін ішке алып кірді. Лабораторияға
кіргесін ұзын үстелдің үстін тазалап, жартысына келтіріп салқын су
құйылған бірнеше резеңке шылапшын əкеп қойды. Қонақтарымен
қуана сəлемдесіп, бөлмеге Бюрнуф пен, Луиза енді.
— Бұл өте қарапайым, бірақ өте тиімді əдіс. Алдымен сынықтарды
мұқият түрде суға саламыз.
Студенттер сынықтарды асқан сақтықпен резеңке шылапшындарға
сала бастады.
Лай су төгіліп, таза сумен ауыстырылып отырылды. Ақыры, соңғы
құйылған су мөлдір қалпында қалған кезде олар сынықтарды судан
алып, шүберекпен, шөткемен сүртіп, кейде тіпті тырнақпен тырнап,
таза етіп шығарды. одан соң қатар-қатар етіп кептіруге жайып қойды.
артынша сынықтарды сұрыптау жұмысы басталды: қалыңдары
жұқаларынан, тегістері өрнегі барларынан бөлінді. Түстерінің
ұқсастары өз алдына бөлек қойылды.
— Ең қызығы енді басталады!— деді Луиза.
ұшып-қонған жас сұлудың алдында ақысын жібергісі келмеген
Софья:
— Ғыссарлықта біз мынадай жүйені пайдаланғанбыз: алдымен түп
жағы мен мойын жағын құрастырып алатынбыз. бұл жұмысты
жеңілдете түседі,— деді.
— Əбден дұрыс істегенсіздер. қабырғаларын кейін құрастыру керек,
— деді Бюрнуф оны қоштап.
Олар екі сағат бойы зор құлшыныспен жұмыс істеді. сынық сəйкес
келген кезде шаттанған дауыстар да естіліп қалып жатты.
— Жеткілікті тəжірибе жинағаннан кейін бұйымның түрі мен
тұлғасын үйіліп жатқан сыныққа бір қарағаннан-ақ тани алатын
боласыздар. Əзірге осы да жарар. Ал, жігіттер, енді балық желімін
əзірлеңдер,— деді Бюрнуф.
Студенттер котелекке жалпақ сарғыш кесектерді тастап, пешке от
жақты. Су қайнап, желі түзіліп, бөлмені шіріген балықтың жүрек
айнытарлық сасық иісі басты.
«Ас үйімде мұндайға жол бере алмаспын. Генридің артқы ауладан
кішкене сарай салдырғаны жөн»,— деді мұрынын басқан Софья.
Қойыртылған желім пештен алынып үстел үстіне қойылды.
Студенттер қылқаламмен сынықтардың шеттерін майлап, желімнің
балшыққа кірігіп, кебіртектенуін күтті. Сосын бөліктерді біріктіріп,
отқа ұстады. Түп жағынан бастаған олар вазаның немесе құмыраның
қабырғасын кірпіштен үй қалағандай етіп қиюластыра құрастырып
жатты.
Екі құмыраны олар тұтастай қалпына келтірді, тағы ваза бірнеше
бөлшегі жетпей олпы-солпылау күйде қалды.
Бюрнуф Софьяға қалпына келтірілген құмыралар жайлы
күнделіктеріне жазып, біріктірілген сынықтарды рет-ретімен
номерлеп қоюды тапсырды. Сөйткенде ғана табылған заттардың
тағдырлары толық есепке алынатын.
— Енді ең соңынан атқарылатын жұмысқа кірісеміз,— деп мəлімдеді
Бюрнуф.— Алебастр алып, суға еземіз де, балық желімін қосамыз,
сосын онымен ашық қалған тесіктерді бітейміз. Луиза бұған біраз
машықтанған, ендігісін соған-ақ тапсырайық.
Ақшылдау ерітінді қоюланған кезде Луиза оны білікті оқтаумен
жалпайтып жайды да, керекті жамауларды жедел ойып шығарды.
Студенттер кепкен бөліктерді қолдарына алып, шеттеріне манағыдай
желім жағып, орын-орындарына қондырып, отқа қыздырып жатты.
— Voila23 ,— деді Бюрнуф салтанатты түрде.— Міне, біз алғашқы
кемтар вазаларыңызды да қалпына келтірдік. Ғысарлыққа қайтып
барған кездеріңізде жетпей жатқан сынықтарын тауып алсаңыздар,
алебастр жамауларды алып тастап, қашқындарды орнына қайта
қондырып береміз.
Сосын Генри барлығын Гермес көшесіндегі, «Ғажайып Грецияға»
таяу маңдағы «Эптанесос» ресторанына алып барды. Өзі қылықты
Луизаның қасына отырып алып, тағы да француз тілінде əлдебір
таусылмайтын əңгімеге кірісіп кетті. Бұнысы Софьяны аз-кем
таңырқатып та қойды.
«Бəлкім мен бұндайға арнайы маманданбаған шығармын. Бірақ,
гипстен жамау салу деген не — со да сондай бір керемет өнер боп
па?»— деп ойлады ол.
Андромаха өмірге келгенше Генри семьяда бөтен адам тəрізді
көрінген. Өйткені, əлемді аралап қаңбақтай ұшып-қонып жүрген,
мінезі де адам түсініп болмайтын ала құйын мырза мен бұлардың
арасында нендей ортақ нəрсе бар еді?! Христос тумастан мың жыл
бұрын гректер исі шет жерлік атаулыға «варвар» деп қарайтын. Бірақ,
Генри грек тілін білетін, əйтсе де бұл сияқты өз тілі емес-ті. Сол себепті
қарым-қатынастарында сенімсіздік салқыны сақталып қалған. Гректер
барлық ынтымақтың бəрінен жоғары қоятын семья — адам ақылы
жетпейтін жұмбақ қамал еді. Əйткенмен, Генри Андромаханың
арқасында ақыры сол қамалдың ар жағына өткен-ді. Енді міне, январь
айында, Софья оған тағы да сəбилі болатындарын хабарлады. Генри
оны сүйіп алып:
— Əділдікке жүгінсек, бұл жолы ұл болуға тиіс!—
деді,
Ғыссарлықтағы жұмыс кезінде Генри басқа шаруаларының бəрін
басы бүтін былай жиып қойған. Чектерді өтеуді, кəсіби хат-хабарларды
өзі келгенге шейін сақтап қоюды қайын атасына тапсырған. Қазба
жұмыстары кезінде бұлар турасында ауызға да алмаған, ойланбаған
да. Енді міне үстелінің үстінде тау-төбе боп үйіліп жатқан хаттар мен
телеграммалар бар ықыласын өзіне аударып алды: Генри оларды
жүйелеп, жіктеп, тапсырмалар əзірлеп, баланс жасап, темір жолдың
белгілі бір акцияларын сатып алып, өңгелерін сатып, бірге туған
бауырлары мен орыс еліндегі балаларына ақша аударумен
шұғылданып жатты. Бұл шаруалар оны басы бүтін баурап əкетті.
Одан қолы босаған кезде де қарап отырмады: Ғыссарлықтағы
жарты жылға созылатын жаңа науқанға тыңғылықты əзірлену керек
еді. Апрель айында жүретін болғандықтан жұмысшы жалдау, олардың
жұмысын бақылауды ұйымдастыру жайын осы бастан ойластыру
қажет-ті. Сондай-ақ, жеткілікті мөлшерде құрал-саймандар табу керек
еді. Соңғы айда олардың қарамағында күн сайын орта есеппен сексен
адамнан жұмыс істеген. Олардың жұмысына Софья мен екеуі ғана
бақылау жасаған. Генри Афиныдан өздерімен бірге екі тəжірибелі
десятник ала кетуді ұйғарды. Софья таңырқап қабағын керді.
— Біздің саламыз бойынша тəжірибелі адам табыла қояр ма екен?
— Біздің саламыздан табылмаса тау-кен саласынан табылар.
Дегенмен, Грециядан мұндай мамандар табу қиын соғатын шығар.
Бізге жол салушы шеберлер де жарап қалар еді.
— Дұрыс айтасың! Өйткені, олар таудың астымен туннель қазады
ғой. Сонда оларды қайдан табасың?
— Өздерінің жұмыс орнынан,— деп мырс етті Генри.— Темір
жолдан. Сенің үстел басындағы ертеңгі қонағың — фолкстондық
ағылшын, мистер Джон Лэтам. Ол Лондан — Дувр — Фолкстон
оңтүстік-шығыс линиясының құрылысын басқарған. Қазір мұнда
Пирейд! Афиныға жалғайтын жолды салып жатыр. Түсі суық
болғанымен, мейірімді, əзіл-қалжыңды ұнататын адам.
Таза қырынған, оқтау жұтқандай тіп-тік, орта жастардағы Лэтам гүл
шоғын ала келді. Түскі тамақ үстінде ашық-жарқын əңгімелесіп
отырды. Софья ағылшын елшілігінен шет жерде жүрген ағылшынның
көңілін қалай табуға болатынын бекер қылқылдап сұрамаған боп
шықты. Өмірінде ешқашан ростбиф пісіріп көрмесе де, əйтеуір оның
көп қуырылып, қарайып кетпеуін қатты қадағалаған. Батылданып
алғаны сонша, тіпті Йоркшир пуддингін де əзірлеген. Бұның
ойдағыдай шықпағанында тұрған ештеңе жоқ еді: Джон Лэтам
Софьяның осы ықыласының өзіне-ақ ырза боп, үйде ішіп үйренген
тағамдарын сағынышпен еске алды.
— Қайда бармайын, əйтеуір ағылшын тағамдары жайлы тəуір сөз
ести алмай-ақ қойдым,— деп шағынды ол.— Ал мен дүниеде шешемнің
пісірген тамағынан тəтті нəрсе жоқ деген ойға əбден үйренген адам
едім.
Шаруа жайы да тез бірыңғайланды. Лэтам ең тəуір деген екі
жұмысшысын беруге келісті. Генри оларға жол ақы төлеп, тұрғын
үймен қамтамасыз ететін болды жəне жарты жыл бойына семьясыз
тұратындары үшін ақшалай өтем жасауға уəде берді.
— Бұндай жағдайда біз жүз отыз жұмысшы жалдай аламыз ғой —
бақылайтын адамдарымыз баршылық,— деді істің жайын талқылауға
қызу кірісіп кеткен Генри кабинетте əрлі-берлі теңселіп жүріп.— Жəне
тағы бір айтатын нəрсе.— Ол əйеліне көз тастап қойды.—
Ғыссарлықтың бүткіл жалпағы бойынша жұмыс планының жоспарын
жасау үшін бізге инженер керек. Ол жотаның өлшемін алып, нақтылы.
жұмыс көлемін көрсетіп берер еді. Сонда біз қанша текше ярд топырақ
қазып шығаруымыз қажеттігін, бос топырақты қайда тастау керегін
білер едік. Сіздің штатыңызға қол сұққым келмейді, мистер Лэтам,—
деді ол жаңа тапқан досына қарап,— бірақ бір-ер айға бір
қызметкеріңізді бере тұрмас па екенсіз? Мен оған жоғары еңбек ақы
төлер едім.
Ал, Лэтам болса бұл кезде биік крахмал жағасынан азап шегіп
отырған. Өзінің мойындауынша бұлай азап шеккеніне жиырма-отыз
жыл боп қалған көрінеді.
Адам ақыл-ойының қабілеті жетпейтін нəрсе жоқ,деп күңкілдеді ол.Пирамида мен акрополь да орната алады, пароход та жасай
алады,бірақ мынадай қылғындырғыштың орнына жанға жайлы жаға
салуға келгенде дəрменсіз... Менде бос инженер жоқ,бірақ сізге Эжен
Пиа көмектесе алады ғой деп сенем.
Ол Афиныдан Ламияға баратын жолды салып жатыр.
Мосия Пиа өз отанында білім алған, əкімге, инженерге,
архитекторға жəне ғалымға тəн қасиеттердің бəрін бір бойына
ұштастырған адам еді. Сегіз француз көмекшісінің күшімен 120
мильдік Ламия жолының барлық есеп-қисабын жүргізіп, енді
құрылысын салуға кіріскен. Қарауындағы жұмысшыларын шебер
басқара білген ол жол құрылысын солтүстікке қарай кесте бойынша
кідіртпей жүргізіп келе жатыр еді. Бұған қоса Француз археология
институтының жобасын жасауға да уақыт тауып жүрген. Білімдар адам
Пиа грекше еркін сөйлейтін. Басы толы инженерлік мəселелер
болғандықтан сыртқы түріне көп мəн бере қоймай, қонышты етік,
қарапайым комбинезонмен жүре беретін. Күл түстес қоңыр шашы да
тарақ пен шөткеге шырқын бұздырып көрмеген.
— Ең бастысы — бастың өзі аман болғаны ғой,— деді Генри.
Ол Пианы өткен маусымдағы
жапсарымен таныстырды.
қазба
жұмыстарының
жай-
— Қазба жұмысын он төрт футтық траншея арқылы жалғастыру
жайлы ойдан бас тартуға мəжбүр боп тұрмын. Өйткені, көрінісі
мардымсыз əрі олжа да аз. Маған басқа бір ой келіп жүр: жотаны
төбесінен есептегенде қырық алты фунттай төменнен, кең етіп тіліп
өтсем деймін. Сол шамадан құрлыққа да жетуіміз ықтимал. Бұл
алаңқайдың ұзындығы екі жүз, ені елу футтай болмақ. Осы алаңқай
мен жотаның төбесінен солтүстік-батыс бүйірге қарай қаза бастаймыз.
Ол түстің шамамен жиырма бес футтай биіктігі бар. Акропольды міне
дəл осы арадан табатын шығармыз. Біз ештеңені құлатпаймыз.
Үйлерді, ғибадатханалар мен сарайларды, мұнаралар мен қақпаларды
— бəрін де өз орындарында қалдырамыз. Жұмыс алаңымыздан
жотаны жан-жағына қарай бүйірлеп кеміре береміз. Егер қабырғаға
кезіксек, етегіне шейін қазып, жан-жағын үңгіп, тұтастай босатып
аламыз.
Пиа жүн-жүн басын шұлғып қойды.
— Басқаша сөзбен айтқанда, құрылысқа кезіккен бойда ірге тасын
іздеп төмен тартып, əрі сонымен қабат төбесін жалаңаштағанша
жоғары өрлей бермексіз ғой?
— Дəл таптыңыз! Өз есебім бойынша алаңқайым жотаның төбесі
мен бір кезде Троя қаласы орналасқан төмендегі жазықтың екі
аралығында жатуға тиіс. Қала мен акрополь орналасқан жотаны
тұтастай қазам. Қамал мен мұнара да сол жерде болуға тиіс. Соларды
тапқанда ғана Гомердің Троясы мынау деп айта аламыз.
— Мосье Пиа,— деп əңгімеге Софья араласты,— аз уақытқа болса да,
жотамыздың егжей-тегжейлі чертежін жасайтын инженер тауып бере
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Грек қазыналары - 13
  • Parts
  • Грек қазыналары - 01
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2399
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 02
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2343
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 03
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2349
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 04
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2417
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 05
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2376
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 06
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2319
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 07
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2376
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 08
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2392
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 09
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2436
    30.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 10
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2340
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 11
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2337
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 12
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2358
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 13
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2351
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 14
    Total number of words is 3939
    Total number of unique words is 2302
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 15
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2356
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2296
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 17
    Total number of words is 3841
    Total number of unique words is 2450
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.3 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 18
    Total number of words is 3926
    Total number of unique words is 2289
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 19
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2196
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 20
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2259
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 21
    Total number of words is 3908
    Total number of unique words is 2298
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 22
    Total number of words is 3844
    Total number of unique words is 2330
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 23
    Total number of words is 3870
    Total number of unique words is 2275
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 24
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2222
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 25
    Total number of words is 3920
    Total number of unique words is 2287
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 26
    Total number of words is 3873
    Total number of unique words is 2264
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 27
    Total number of words is 3887
    Total number of unique words is 2208
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 28
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2262
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 29
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2122
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 30
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2135
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 31
    Total number of words is 3940
    Total number of unique words is 2237
    31.8 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 32
    Total number of words is 3831
    Total number of unique words is 2235
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 33
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2329
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 34
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2258
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 35
    Total number of words is 3867
    Total number of unique words is 2261
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 36
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2305
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 37
    Total number of words is 3891
    Total number of unique words is 2187
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 38
    Total number of words is 3898
    Total number of unique words is 2318
    29.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Грек қазыналары - 39
    Total number of words is 3537
    Total number of unique words is 2100
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    39.3 of words are in the 5000 most common words
    45.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.