Latin

Шыңғысхан - 04

Total number of words is 3780
Total number of unique words is 1995
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
манихейлік – ресми, мемлекеттік дін деп жарияланғаннан соң, ұлыс
қағанынан бастап, бүкіл билеуші әулет «озық салттың» барлық шартын
сақтауға тырысады, ал жетекші ұйғыр руы егіншілік кәсіпке бет бұрыпты.
Батыс тарихшыларының Ұйғыр билігін айрықша бағалау себебі енді түсінікті
болса керек. Барлық заман, барлық уақытта көшпенді ұлыстарды іштен
ірітетін бүлікшіл күш, сыртқы жауларға қолшоқпар қызметін атқарды, ақыры
қарымы қатты Түрік қағанатын құлатты. Бұрын да, кейін де мәдениеті жоғары
Қытайға қол жалғап, қажетінше аянбай көмектесіп отырды. Түптің түбінде,
жарты әлемді бауырына басқан жүмлә түрік жұртының бағын қайтарды. Ең
бастысы, малшылықтан – егіншілікке, көшпенді тіршіліктен – отырықшы
өмірге бет бұрды. Еуропаның ең білгір оқымыстыларының өзінің ұғымында,
кетпен ұстаған жатақ жұрт – керемет, атқа мінген көшпенді – ақымақ.
(Кейінде Орталық Азияда аттыларды да, кетпеншілерді де ғұзырына
келтірген Ресей империясы Түркістан өлкесінде түземдік орыс мектептерін
ашқанда, отырықшы сарт-сауан ұрпағына айрықша үміт артқан екен, алайда,
көшпенді қырғыз-қайсақ балаларының мыйы тұнық шығып, бар жағынан
артық болады, бұл жағдай сол кездегі жазбаларда күтпеген ғажайып ретінде
әйгіленген.) Бірақ сол заманда кімнің ақымақ болғаны көп ұзамай-ақ
анықталады. Төңірегіне түгел жексұрын танылып, қуатты көршілермен
араздасып біткен, ал елдің өз ішінде билеуші әулет пен қарашы жұртының
арасына қайта бірікпес жарықшақ түскен, жауынгерлік қабілеті өлшеусіз
төмендеген ұйғыр-әдіз әулеті – кейінгі тарихта ұйғыр атымен белгіленген
қағанат 840 жылы тарих сахнасынан көшіпті. Сырттан, осыған дейін бодан
болған Қырғыз қағанаты қалың әскер жапқан, іште тоғыз-оғыз бектері
көтерілген. Астана құлайды, қисапсыз қырғынға ұшыраған ұйғыр және
онымен әмпей, одақтас рулар әр тарапқа бас сауғалап қашады, ақыры бәрі
де ертелі-кеш тозғындап бітіпті. Ежелгі, тарихи ұйғыр тайпасының бүгінгі ең
соңғы жұқанасы – Қытай Халық республикасының Ганьсу өлкесінде жасап
жатқан сары-ұйғыр нәсілі, 2000 жылғы ресми санақ бойынша, ұзын саны
небәрі 14 мыңға жетер-жетпес. Ал қазірде ұйғыр есімін иеленіп, Шығыс
Түркстанда отырған 8 миллиондық үлкен халықтың арыдағы ұйғырға қатысы
– тек кейіннен иеленген атауы ғана.
14
Ұйғыр қағанатын қиратқан Енисей қырғызы Ұлы Далада иелік құруды мақсат
етпеген. Негізгі мұрат – зорлықшыл, өктем жұрттың тепкісінен құтылып,
толық еркіндікке жетті, Саян таулары, Минуса ойпатында орнықты, ежелгі
қонысы бар; қағанат шегінде алым-салық жинаушы жасақтары ғана қалады,
бірақ көп ұзамай, Қидан империясы көтерілген заманда үлкен майданға
түспей-ақ ата жұртына қайтады. Екеуі де түрік текті Енисей қырғызы мен
Алатау қырғызының ара-қатынасы – кейінгі тарихта айқындалмаған мәселе,
бәлкім, халықтар тоғысы кезінде бастапқы ұлыстың белгілі бір бөлігі ТяньШань алабына ойысқан болуы, ал Қырғыз қағанатының ізбасар жұрты
кейінде Шыңғыс хан империясының құрамына енеді, бүгінгі тікелей мұрагері
– Ресей Федерациясында отырған хақас халқы деп саналады, 2002 жылғы
санақ бойынша 75 мың жан.
Әуелде орталық билік үшін туыстас түрік тайпаларының арасында қанды
қырғын ұйымдастырған, кейінде бір ру, бір топтың ғана мақсатын көздеген
Ұйғыр-Әдіз қағанаты өзін өзі жұлып жеп, ақыры ордалы ұлысы, орнықты
халқымен бірге жойылғаннан соңғы кезеңде Ұлы Даладағы түрік тайпалары
берік ұйысқан жаңа бір мемлекет құра алмады. Шеткері, терістік-батыс
аймақты ғана ғұзырына келтіріп, қалған жұртты сырттай ғана меңгерген
Қырғыз ұлысының кеселінен емес. Ұйғыр-Әдіз билігі кезінде ағайын
арасындағы сенім жойылған, біртұтас түріктік ұран көмескі тартқан, әуелгіден
селдіреген әр ру өз қамын ғана күйттеген.
Осы орайда, Ұлы Дала – Ежелгі Қытай тарихында орын алған өзгеше бір
тауарихқа тоқтала кету қажет. Тым өзгеше де емес, бұрнада әлденеше рет
ұшырасқан жағдай. Құдіретті Таң империясы (618–907) құлағаннан соң көп
ұзамай Солтүстік Қытайдағы патшалық билік ұзын саны шектеулі, бірақ
бағзыдан бері мәрттігімен, ерлігімен танылған түрік шато руының ғұзырына
көшеді. Бұл реттегі алғашқы әулет – Хоу Таң (Кейінгі Таң) атанады. Яғни,
ежелгі Таң мұрагері. Оған жалғас – тағы да бұрнағы патшалықтар есіміндегі
Хоу Цзинь, Хоу Хән әулеттері. Негізгі халқы – қытай, билеуші – түрік нәсілі, ал
император – шато руынан. Солтүстік Қытайдағы шато-түрік өкімі 92З жылдан
95І жылға дейін созылыпты.Тым ұзақ болмаса да, тарихта бедерлі ізі бар.
Бұл кезде Ұлы Далада ең алдымен татар, соған жалғас найман, керей, меркіт
тайпалары күш ала бастайды. Бірақ ынтымағы жоқ. Нәтижесінде, көп ұзамайақ, бұрнада Түрік қағанатының боданы болған, әйткенмен ата-тумысы бөлек,
моңғол текті Қидан ұлысы көтеріледі. Түстік-шығыстан қанат жайып, Терістік
Қытайды алып, Ұлы Дала шегіндегі түрік руларын түгел бағынышқа түсіреді.
Бұл – X ғасырдың әуелгі үшегінің соңы. Екі жүз жылға созылған Қидан билігін
1125 жылы Шүржен-Қытай өктемдігі алмастырады. Сөйтіп, Ұйғыр-Әдіз
қағанатынан Шыңғыс ханға дейінгі заман – Ұлы Даладағы түрік
тайпаларының арғы-бергі тарихта таңбаланған үш мың жыл ғұмырындағы ең
ауыр кезең болды. Бодандық, жартылай бодандық, қанды күрес
нәтижесіндегі үзік-үзік бостандық кезеңі – арпалыс астында өткен үш жарым
ғасырда түрік жұртының тамыры үзілмепті, қырылып барып қайта оңалып,
азайып барып қайтадан өсіп-өніп, ұрпақтан ұрпақ жалғаған. Ерлігіне
сүйенген, бірлікке ұмтылған, елдік ұранын қалпына келтіруге тырысқан. Бұл
ретте XI ғасырда туыстас тайпалардың конфедерациясы ретінде құрылған,
қытай тарихнамасында Цзубу (Ру-тайпалар) бірлестігі аталатын жаңа қағанат
тағдыры өзгеше болды. Жаңа құрылымды саны мол, жауынгер керей
тайпасы бастайды. Оған батыста найман, терістікте меркіт, түстікте басмыл
(арғын) тайпалары қосылады. Бұл кезде атаққа шыға бастаған қоңырат,
жалайыр, қият рулары және татардың бір бөлігі де осы топта болған сияқты.
Жетекші керей тайпасының ханы бүкіл ұлыс әмірі танылып, далайхан (теңіз,
дария, телегей хан) деген мәртебе алады. Қуатты, үлкен күшке айналған
бірлестік Қидан өктемдігіне қарсы күресте әсіресе XI ғасырдың екінші
жарымында үлкен нәтижеге жетеді. Әлденеше ұрыста қидан-қытайдың
қалың қолын талқандап, ел шетінен асыра қуады, ал далайхан Моғұстың
тұсында жұртының тәуелсіз жағдайын сақтап тұрады. Әйтсе де, ғасыр
соңында Қидан империясы мен Таңғұт империясының аралығында, екі
жақты қыспақта қалған Цзубу ұлысы жеңіліс табады, қонысы ойрандалып,
халқы қырғынға ұшырап, қолға түскен далайхан азапты өлімге байланады.
Ұлы Дала қайтадан кіріптар жағдайға кесіліпті.
15
Бұл кезде Батыс тараптағы ахуал сәл өзгеше қалыптасқан. Басыбайлы
бодандық жоқ, бірақ бұрнағы замандағы қуатты, біртұтас, ұзақ мерзімді
ұлыстар да құрылмаған.
Қарахан мемлекеті әуел бастан екі бөлік билік еді, уақыт оза келе, 1030–1040
жылдарда шын мәнісіндегі екі ұлысқа айналады. Шығыс қағанат – Талас
алқабы, Ташкент пен Сайрам, Жетісу, Қашғар аймағын қамтыса, Батыс
қағанат – Ферғана мен Мәуреннахрға иелік етті. Шығыс қаған шартты түрде
бүкіл үлкен ұлыстың әмірі саналады. Орталық Азиядағы, өткен заманмен
салыстырғанда өзгеше сыпатты Қарахан билігі 1130 жылдарда, бір жағы
Селжүк дүмпуі, екінші, шығыс тараптағы Қарақытай шапқыны нәтижесінде
әбден әлсірейді. Әйткенмен, бодан, жартылай бодан қалыпта жекелеген
аймақ, қалалар Қарахан ғұзырында болды. Ақыры, XII–XIII ғасырлар шегінде
біржола күшейген Хорезм мемлекетінің қарауына түседі. Кейін Шыңғыс
ханнан ажал тапқан хорезмшах Аладдин-Мұхамед Самарқанды бағындырып,
Қарахан әулетінің ең соңғы ханы Османды өлтіреді және сол, 1212 жылы
Отырарды басып алып, ол да Қарахан нәсілі Тәжеддин Білге ханды биліктен
айырады һәм көп ұзамай шәйіт қылады. Міне, қабаттас осы екі оқиғадан соң
Қарахан ұлысы аты-затымен біржола жойылады.
Дәшті-Қыпшақтың Шығыс бөлігі, яғни бүгінгі Қазақстан шегінде, нақтылап
айтсақ, Сарыарқа, Ырғыз, Ойыл, Жайық алқабына қоныстанған, жетекші
тайпа – қыпшақ атымен аталатын түрік рулары берік ұйысқан орталық өкімет
құрмады, әр руда бек, одан жоғарыда туыстас, ағайындас әлденеше хан,
үлкені бар, кішісі бар, ең жоғарғы, дарасы жоқ. Әйтсе де, ағайын арасындағы
алалық ірге бөліскен, бітіспес жаулыққа ұласпайды, бұл өңірдегі, қыпшақ
мәртебесін иеленген барлық жұрт өзін біртұтас қауым санаған. Ең басты
дұшпан – түстіктегі Хорезм екен. Орталық өкімі жоқ қыпшақтың кейбір кіші
хандары мен бектері, жекелеген ата-таптары Хорезм ғұзырын қабылдап,
әскер қызметін атқарады, жат жұрттың билік тұғыры болады. Десе де, іргелес
қыпшақ қауымының күшейіп кетуін қауіп көрген хорезмшах оқтын-оқтын
сақараға жорық ұйымдастырып, елді бөріктіріп, мүмкіндігінше жаныштап
отырады. Бұл реттегі ең соңғы жазалау әрекеті – 1218 жылға сәйкеседі.
Алпыс мың жасақпен шыққан Аладдин-Мұхамед Ырғыз бойында Шыңғыс
хан ұлысының жиырма мың әскерімен кездескені, қол бастаған Жошы
ханның бейбіт мәмле туралы ұсынысын қабылдамай, зор майдан ашқаны
және жалпы саны үш есе кем, әйткенмен екпіні әлдеқайда артық, беймәлім
жұртпен ұрыста қалай пұшайман болғаны бар тарихта жазылған. Ырғыз
бойындағы қызу қырғын кейінде бүкіл Сартауыл соғысының тағдырына
айрықша ықпал еткенін көреміз.
Қарахан-түрік әулеті өкім етіп отырған Самарқанд пен Отырар халқын
қырғынға ұшыратқан, сайын сақарадағы бейбіт жұртқа тыным бермеген, өзін
әлемдік империя санап, асып-тасқан зорлықшыл Хорезмнің санаулы күндері
ғана қалған.
16
Бұл заманда, нақтылап айтсақ, ілкі XII ғасырдың орда шенінде Шығыс
Еуразиядағы жағдай әлдеқайда күрделі еді. Ұлы Даладағы іргелі Керей,
Найман ұлыстарының өз ішінде тыныштық болмады. Таққа талас, билеуші
әулет арасындағы бақастық елдің титығына жеткен. Қағанаттар заманынан
кейінгі Ұлы Далада ең үлкен күшке айналған татар тайпасы ұзақ, ауыр
майданда іргелес Шүржен-Қытай империясынан жеңіліп, қарымы
қайтқаннан соңғы кезеңде бөлшектеніп, әйтсе де қанаттас түрік тайпаларына
үстемдік жүргізу ниетінен айнымай, осы орайда жат жұрттың жазалаушы
құралына айналған еді. Татар бір жақ, қалған түрік қауымы неше жақ –
ағайын арасы ашыла түскен. Қият, жалайыр, қоңырат және басқа да әрқилы
тайпалар кейде күштілермен бірігіп, кейде өзара қырқысып, бей-берекет күн
кешіп жатты. Керей мен Найман қатарлас үшінші үлкен ұлыс Меркіт, ол да
ағайынмен бірде тату, бірде қату, өз ошағының қамынан басқа ештеңе
ойламады. Жекелей алғанда, Меркіт те, Керей мен Найман да іргелі елдер,
оларға қанаттас басқа түрік руларының қарым-қуаты да зор, бірақ басы
бірікпеген, алауыз, өзара жаулас жұрт мың жылдық өктем көрші, билеуші
әулеті әрқилы аталғанымен, негізі қытай, әлемдік алып империяның
тынымсыз тепкінінде, мал-жаны талауға түсіп, жұрты жанышталып, біржола
азып-тозып бара жатқан. Және кенеусіз күш пен сұрқия саясатқа қарсы
ешқандай амал, шапқын мен зорлыққа қарымта жоқтай көрінген. Осы
бетімен кете берсе, бұрнағы Ғұн ұлысы, одан соңғы Түрік қағанатының қара
орнында отырған көшпенді қауым біржола құрып, жойылатыны анық еді.
Батыс қағанат қонысы – Дәшті-Қыпшақта бытырап отырған түрік жұртының
да болашағы бұлдыр.
Міне, дәл осы кезеңде Тәңірінің алқауымен, ежелгі Ғұн рухы, кейінгі Ұлы
Қағанат елесі қайта көтеріледі.
Сайыпқыран Шыңғыс хан дүниеге келіпті!..
II т а р а у
ДЕРЕКНАМА ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Тарих ғылымы биік өреге жеткен соңғы үш ғасырда, әсіресе жер әлем
біртұтас кеңістікке айналған XX ықылымда Шыңғыс хан және оның дәуірі
туралы әр тараптан жазылған зерттеу және байыптау еңбектердің ұзын
санына жетіп болмайды. Жүздеген монография, мыңдаған мақала. Ал шын
мәнісінде осы реткі бұрынғы-соңғы барлық еңбектің түп тамыры, барлық
тарихқа ұйтқы боларлық әуелгі, шынтуайт, нақты деректер – саусақпен
санарлық қана. Оның өзі көбіне нақпа-нақ Шыңғыс хан заманы емес, кейінгі
ұлыстар кезеңін қамтиды. Бұл орайда, бастапқы дәуір – соңғы, жалпыға
ортақ сыпаттар арқылы ғана танылатынын көреміз. Әйткенмен, Шыңғыс
ханның жеке басы, ол жүргізген ішкі және сыртқы соғыстар, мемлекеттік
саясат пен әскери құрылым, ел өмірі, ұлыс тұрпаты, халықтың тұрмыс-жайы,
мінез бен салт-дәстүрі турасында біршама мағлұмат бар. Айналып келгенде,
бар кілтипан сол ескілікті, түпнұсқа мұраларды қай тұрғыда, қалай
пайдалануда. Сонымен қатар, өктем Еуропа, отаршыл Орыс қанша бұрмаласа
да, ақыр түбі ақиқаттан аса алмайды. Жұбанарлық бір жағдай – жаңа XXI
ғасыр өткен тарихты тануда соны, тың өріске шыққандай. Мұның айқын
мысалы – күні кеше ғана, Батыстағы ақпарат көздерінің сайыпқыран Шыңғыс
ханды екінші мың жылдықтың ең алып тұлғасы деп тануы болса керек. Яғни,
болашақта өткенге үстеме және мүлде кереғар сыпаттағы жаңа еңбектер
жазылады деген сөз. Ойдан емес, белгілі, шынайы деректерді тиісінше
байыптау негізінде. Енді сол, ең негізгі, түпнұсқа мұраларға қысқаша тоқтала
кету қажет болады.
Әлбетте, заманалық мағлұматтардың өзінің жаңсақ тұстары, ішінара қайшы,
қиғаш жерлері болуы ықтимал. Сол ескі тауарихты әліптеген кісілердің
әрқилы көзқарасы тағы бар. Мұндай жағдайда ежелгі еңбектерді өзара
салғастыру, дәуір рухын аңдап, уақыт таңбасын айғақтау шарт. Оның үстіне,
Шыңғыс хан және оның мұрасына қатысты арыдағы еңбектердің өзі көбінекөп жат халықтар өкілі, тіпті, жаулас жұрттар көзқарасы тұрғысынан берілгені
ескерусіз қалмауға тиіс. Осы орайдағы амалсыз анықтамалардың кейбірін
жол-жөнекей, тиесілі тұстарда келтіре жатармыз. Ал бұл тарауда біздің
өзімізге де тірек, тиянақ болған ежелгі дерекнама еңбектерге қысқаша
сыпаттама бере кетпекпіз.
Шыңғыс ханға қатысты қадым тауарихты біз негізгі төрт топқа бөлер едік:
бірінші – мұсылман деректері, екінші – Қытай деректері, үшінші – Батыс
Еуропа деректері, төртінші – далалық шежірелер. Әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар, түптеп келгенде бірін бірі толықтырады. Осы, ең әуелгі
нұсқаларды түгелдей әрі жан-жақты қарастырғанда ғана Шыңғыс ханның
шынайы тарихы қалыптанбақ.
Мұсылман деректері
Шыңғыс хан және оның заманы турасындағы ең мол дерек әрі біршама
толық сыпаттама мұсылман дінді, парсы және араб тілдес тарихшылар
еңбегінен көрініс тапқан. Бұлардың ішінде атақты үш кітапты бөліп айту
ләзім: Рәшид-әд-дин – «Жамиғ-ат-тауарих», Жувәйни – «Тарих-и
джихангушай» және Нәсауи – «Сират ас-султан Джалал-ад-Дин». Сонымен
қатар, Ибн әл-Асир, Жүзжани және тікелей Шыңғыс ханға арналмаса да,
кейінгі Алтын Орда, Шағатай һәм Иран тарабына қатысты жазбалар да
ескерусіз қалмауға тиіс.
Рәшид-әд-Дин. «Жамиғ-ат-тауарих». Атау – «Жинақты тарих», «Түгел тарих»
деген мағынада. Шыңғыс хан турасындағы, оның заманы, ата-тегі мен кейінгі
әулетіне қатысты ең толымды әрі ең мәнді еңбек. 1300–1311 жылдар
аралығында таңбаға түскен. Тілі – фарси. Үш бөлік – төрт кітаптан тұрады.
Бірінші том, бірінші кітап – Татар Даласын жайлаған түрік, моңғол
тайпаларының шығу тегі, мекен-тұрағы, өткен тарихы және Шыңғыс хан
дәуіріндегі жай-жапсарына арналған. Екінші кітап – негізінен Шыңғыс ханның
ата-тегі мен ғұмыр кешуін, күрес жолы мен ұлы жорықтарын, ол құрған Еке
Ұлыстың өзіндік сыпаты мен әуелгі тарихын байыптайды. Екінші том, шын
мәнісінде еңбектің үшінші кітабы – Шыңғыс ханның төрт ұлы: Өкетай қаған,
Жошы хан, Шағатай хан, Төле хандардың баяны һәм сол тұстағы ұлыстар
жайына арналған, оның ішінде Түпкі жұртта билік құрған Күйік, Мөңке
хандар, бұдан соңғы Құбылай ханның тарихы, сол замандардағы әрқилы
оқиғалар жөні айтылады. Шежіренің соңғы кітабы – Құлағу хан және оның
ұрпақтарына арналған, яғни XIII ғасырдың екінші жартысы, XIV ғасырдың
алғашқы жылдарындағы Иран тарихын қамтиды. «Жинақты тарихтың» тағы
бір ерекшелігі – Рәшид-әд-Дин Шыңғыс хан империясының аумағымен ғана
шектелмейді, сол замандағы: Қиыр Шығыста Қытай – Шын, Машыннан
шалғай Батыста «франк» – еуропалық патшалықтарға дейінгі атаулы жұрттар
тарихына да тоқтала отырады. Және кейінгі зерттеушілердің айтуынша, бұл
тараптағы деректерінің барлығы да қатесіз, нақты. Ал негізгі тақырып –
Шыңғыс хан заманына қатысты мағлұмат, дәйектер – шынайылығы
тұрғысынан ешқандай күмән туғызбайды және тарих ғылымында ең басты,
түпнұсқа куәліктер ретінде мойындалған. Сонымен қатар, «Жамиғ-аттауарих» – бүкіл әлемдік тарихнамада айрықша орын алатын еңбек. Арыдағы
Қытай дәстүрі демесек, ол кезде мұсылман әлемінің де, Еуропаның да тарих
ғылымы мұншама кең өріске жетпеген еді.
Фазуллах ибн Әбілхайыр Рәшид-әд-Дин миләди 1247 жылы Иранның батыс
тарабындағы Хамадан қаласында туған. Ұлты – парсы. Негізгі мамандығы
дәрігер. Жан-жақты білімді ғұлама Рәшид-әд-Дин медицина, табиғаттану
бағдарындағы еңбектермен қатар, Құранға түсініктеме және басқадай да
діни-философиялық кітаптар қалдырыпты. Атасы да, әкесі де елхандар
сарайында қызмет еткен, өзі емші әрі қаржыгер міндетін атқарған Рәшид-әдДин Ғазан хан тұсында, 1298 жылы уәзір болып тағайындалады және
айрықша сенімге жетіп, шын мәнісінде ұлыстың екінші басшысына айналады.
Міне, осы кезде Ғазан хан Рәшид-әд-Динге Шыңғыс хан және ол құрған ұлы
империяның тарихын толық қамтитын түбегейлі еңбек жазып шығуға
тапсырыс беріпті. Және барлық жағдайын жасайды. Арнайы екі хатшы
бекітеді, елдің өткен күндерінен мағлұматы мол кәрі құлақтар мен білгір
оқымыстылар қызметке жегіледі. Ең бастысы – Шыңғыс әулетінің хан
сарайларында ғана сақталатын әрқилы құжаттармен қатар, толық деректі,
«Алтын дәптер» аталатын тарихи шежіре жинағының беті ашылады. Ғазан
ханның өзі де бабасы Шыңғыс ханға қатысты қаншама мағлұмат, хикаяны
зердесіне түйген білгір екен. Тағы бір үлкен табыс – алыстағы Құбылай
ханның сарайынан арнайы шақыртылған, немесе орайлы сәтімен келген
ұлық – Болат есімді ғұлама болып шығады. Ғазан өлгеннен соң таққа мінген
інісі Өлжейті хан жинақты тарих сол тұстағы әлемнің басқа да халықтарын
қамтысын деген міндет артыпты. Сөйтіп, 1300 жылы басталып, негізінен 1307
жылы аяқталған еңбек жаңа қосымшалар, өткенге үстеме, толықтырудан
соң, 1311 жылы тұтасымен тәмам болады. Жекелеген деректерді нақтылау,
кейбір тұстарды айғақтай түсу бұдан соңғы кезеңде де жалғаса берген
сияқты. Рәшид-әд-Дин Өлжейті ханнан соң, сарай бектерінің жаласымен
шәйіт болғанда (1318) таңбаға түспей қалған кейбір ақтаңдақ, үзіктерге
қарамастан, «Жамиғ-ат-тауарих» – тиянақталған, біртұтас, бүтін еңбек деп
саналады.
Енді «Алтын дәптер» және Болат ұлық туралы бірер сөз.
Кейінгі, сөз тиген Батыс Еуропа, орыс және моңғол тарихшылары бір ауыздан
Болат (Болот, Пулад) есіміне чинсан деген анықтама жалғайды: Болатчинсан. Және моңғол деп көрсетеді. Есімге негіз болған “болат” – түрік
негізді атау тұлға, моңғол тілінде “темір” де, “болат” та жоқ. Күні бүгінге
дейін түрік халықтарының тілінде есім сөз және кісі аты, – Болат, Пулад,
Болот, – моңғолда ұшыраспайды, ал арыдағы кейбір хандар есімі – тек
түріктік тегіне сілтесе керек. “Чинсан” (“чжэнсян”) – қытай сөзі, шын
мәнісінде Қытай патшалығына айналған Құбылай хандығындағы биік
лауазым, уәзір, министр мағнасында; Иранда әскербасы болған Болаттың
бұрнадағы лауазымы да күмән туғызбайды, бірақ Рәшид-әд-Диннің өзі
қаншама жыл бірге жүріп, талай таңды бірге атырған серіктесін «Жинақты
тарихта” Пулад-ака деп атайды, “қағанның (Құбылайдың, – М.М.) қызметінде
чинсан және бауыршы болған, бұл мемлекетке (Иранға, – М.М.) елші ретінде
келген, қауымға құрметті, әрі атақты ұлұғ әмір” дейді; яғни чинсан Болат-аға
– түрік текті ұлық, руы дүрмен болғандықтан ғана емес, Рәшид-әд-Диннің
төңірегі, бәлкім, бүкіл Ғазан хан сарайында “ака” атанғандықтан. “Бақытты
ұлық пен ғұлама уәзір екеуі – ұстаз бен шәкірт сияқты, бірі баяндап, бірі
қағазға түсіріп, ұзақ күндер бойы отырар еді” деп куәландырған Рәшид-әдДиннің хатшысы Шамс-ад-Дин Кашани. Ескіліктің білгірі Болат-аға бүкіл рулар
шежіресін, Шыңғыс хан тарихын жадына түйген даңғыл екен. Сонда, білгір
мен ғұлама қай тілде сөйлесіпті? Күмәнсіз, түрки – ежелгі түрік тілінде.
Рәшид-әд-Дин моңғолша білмейтін деп жазады кейінгі тарихшылар.
Қияндағы моңғол тілін қайдан білсін. Ал түрік тіліне жетік болғаны күмәнсіз.
Ол заманда түрки – халықаралық тіл, тіпті, Батыс жұртына дейін мағлұм, ал
Орта Азия мен Хорасандағы тұрғылықты халық фарси және түрки – екі тілді
бірдей меңгерген, барыс-келіс, аралас тіршілік өз алдына, шаруашылық
жайы, сауда қатынасы және ғасырлар бойғы ортақ әкімшілік нәтижесінде
қалыптасқан жағдай; өзгесін былай қойғанда, жалайыр, найман, керей,
қоңырат, басқа да түрік негізді тайпалар (Рәшид-әд-Диннің өз сөзімен
берсек, “зорлықшыл, зодыр түріктер” ) жайлап, билеп отырған Иранда
олардың тілін білмеген уәзір қалай ел басқармақ, әміршісі Ғазан, Өлжейті
хандармен қалай сөйлесерін айтпағанда. Сонау, жер шетіндегі Пекиннен
келген ұлық Болат парсы тіліне қай уақытта, қайтіп жетікпек. Рас, тарихи
деректерде Болат – моғұл аталады, ал моғұл – моңғол емес, көбіне-көп түрік.
Рәшид-әд-Диннің түрки, яғни моғұл-татар тілін тым жақсы білгені осы
“Жамиғ-ат-тауарихтың” әр бетінен, түрік тіліндегі заттық, есімдік, етістік
сөздерге берген түсінігінің өзінен-ақ көрініп тұр. Кейінгі замандағы түрікбашқұрт оқымыстысы Зәки Уәлиди Тоған “Жинақты тарихтың” әуелгі
нұсқасы, түгелдей болмаса да, көп рете сол Болат-әканың ауызба-ауыз
айтуымен татар тілінде қағазға түсірілген деп дәлелдейді. “Алтын дәптердің”
жайы да дәл осындай. “Жинақты тарих” үшін түпнұсқа дерек, ең басты
тиянақ болған “Алтын дәптер” , Рәшид-әд-Дин жол-жөнекей келтіретін үзік
тіркес, анықтама, айғақтама сөздеріне, олардың атау тұлғасы ғана емес,
жалғау, жұрнақ, құрылымына қарағанда, анық түрік тілді. Бұл жағдайға осы
уақытқа дейін не батыс, не шығыс зерттеушілері мүлде назар аудармауы –
таң қаларлық жағдай. Сірә, әуелде ұлы қағанның өзінің жарлығы бойынша
қағазға түскен, кейінде ұлыс хандарының сарай қоймасында сақталған
“Алтын дәптер” – жай ғана ата-тек шежіресі емес, Шыңғыс ханның өзінің
ресми ғұмырбаяны түзілген, ұлысты ұйыстыру үрдісі мен сыртқы соғыстар
тарихы таңбаланған, деректі әрі көлемді еңбек болса керек. Өкінішке қарай,
бүгінгі күнге жетпеген. Бірақ арыдағы барлық тауарих пен хикаялар түгелдей
осы “Алтын дәптерден” бастау алатыны анық. Сол әуелгі шежіренің
толықтырылған, кейінгі замандағы оқиғалар қосылып, барлық жағынан бір
жүйеге түсірілген ең үздік көрінісі – Рәшид-әд-Диннің тарихи
тетрологиясының әуелгі екі кітабы болып табылады. “Жамиғ-ат-тауарих” –
тек түпнұсқа куәлік қана емес, тарихи баян, нақты деректерімен қатар,
көшпенді тайпалардың шығу тегі, қоғамдық құрылымы, тұрмыс жайы, салтдәстүрі, заң-жорасы, наным-сенімі және әпсана, аңыздары төңірегінде
қыруар мағлұмат жинақтаған, арғы-бергі тарихнамада теңдесі жоқ, ерекше
ескерткіш.
Жувәйни. «Тарих-и жахангушай». Ата-Мәлік Жувәйни жазған жихангеш, яғни
жихангер – әлемді жаулаушының тарихы – Рәшид-әд-Диннің «Жинақты
тарихымен» қатар, Шыңғыс хан империясы туралы ең қомақты және
айрықша маңызды екі еңбектің бірі болып саналады. Ең бастысы – Жувәйни
көзімен көргендеріне қоса, сол замандағы елеулі оқиғалардың тікелей
куәгері – ішінде өз әкесі де бар, кәрі, жас көптеген кісілермен ауызба-ауыз
сөйлескен, Мөңке ханның дәргейінде, Құлағу ханның қасында болған, оның
жорықтарына қатысқан және елхандар сарайындағы құжаттарды
пайдаланған.
Атақты тарихшы 1226 жылы Хорасанның Жувәйн уәлаятында туыпты. Ұлты
парсы. Ежелден билік басына жақын, шонжар әулеттен. Арғы бабасы Араб
халифатында, ертегілік Харон Рәшидтің уәзірі болыпты, кейінгі аталары
Селжүк, Хорезм мемлекеттерінде биік мәртебеге жеткен, ал әкесі
Бахауаддин – Құлағу ұлысында сахиб-диуан, яғни қаржы министрі қызметін
атқарады. Аладдин Ата-Мәліктің өзі де жас кезінен сарай төңірегінде
болады, әуелде Құлағу ханның хатшысы, кейін, 1259 жылдан өмірінің
ақырына дейін Бағдат, оған қоса Ғараби Ирақ және Хузистан әкімі. Жувәйни
Қулағудан, оның ұлы Абақа ханнан соңғы дәуірде билікке ұмтылған ханзада
Арғұн тұсында, орынсыз қуғын-сүргін нәтижесінде сырқатқа шалдығып, 1283
жылы, елу жеті жасында дүниеден озады.
Шыңғыс хан және оның ұрпақтары, байтақ империя турасындағы тарихи
шежіре, шамасы 1253 жылы, Қарақорымда басталады. Ұлы ханның Ирандағы
әкімі Арғұнның қосшылары қатарында Мөңке ханның ғұзырына келген және
бейтаныс елдер мен шалғай қаншама жер көріп, бір жарым жылға тақау ұзақ
уақыт бойы астананың өзінде тұрған, елдің ішкі, сыртқы жағдайымен
танысып, өрісі кеңіген Жувәйни сондағы жаңа бір дос, әрине, ұлық
мәртебелі, бәлкім, Шыңғыс ханның өз әулетінен шыққан кісілердің кеңесі,
жарлық есепті өтінішінен соң атаулы тарихына бас қояды. Тынымсыз еңбек
ұзақ алты жылға созылады. Міне, дәл осы кезде биік мансапқа байланған
Жувәйни енді Бағдатта отырып, өмірлік жұмысын одан әрі жалғастыруға
толық мүмкіндік таба алмапты. 1256 жыл, Құлағудың исламдағы басбұзар
қауым асассиндер патшалығын қиратып, шың-құздағы Аламут қамалын алу
оқиғасымен шектелген тарихи шежіре енді мүлде тоқырайды. Жувәйнидің
өзінің мемлекеттік қызмет мұрша бермеген қысылтаң жағдайы туралы
айтқан өкініш сөздері бар. Онысы рас. Сонымен қатар, келесі бір оқиғалар
тізбегі – 1258 жыл, ислам астанасы Бағдаттың құлауы, халифаттың
жойылуымен жалғасуға тиіс еді. Хақ дінді Жувәйнидің бұл тарапқа қалам
тартуға ынтасы болмаған деген тұспал бар. Оны айтпағанда, үлкен еңбектің
ілкіде жоспарлаған біраз жері тиянақталмаған күйінде қалыпты. Бірақ осы
тұрған қалпының өзінде «Тарих-и жахангушай» – маңызды ғана емес,
толымды еңбек болып саналады.
Парсы тілді «Жихангештің тарихы» – үлкен үш бөлімнен тұрады. Бірінші кітап
– негізінен Шыңғыс хан өмірінің соңғы он жылы – Муреннахр, Хорасан,
Иранды жаулау оқиғасын, Шыңғыс ұрпақтары, олардың Қытай және Батыс
Еуропа тарабындағы жорықтарын сыпаттайды. Әуелде бастапқы ретінде
ойластырылған екінші кітап Шыңғыс хан шапқыны қарсаңындағы Хорезм һәм
онымен тағдырлас, бодан елдер тарихын, алып империяның қирап жеңілуі
һәм бұдан соңғы кезеңдегі жағдаяттарды баяндайды. Үшінші кітап Мөңке
және Құлағу хандарға арналған. Тұтастай алғанда, «Тарих-и жахангушай»
белгілеген басты оқиғалар небәрі жарты ғасырдай ғана уақытты
қамтығанымен, дәуір суреті, замана кейпі нақты танылды, дерегі мол әрі
нақты және басқа ешбір еңбекте ұшыраспайтын соны, тың тұрғыда. Кейінірек
жасаған ұлы тарихшы Рәш-әд-Диннің өзі орайлы тұстарында осы Жувәйниге
жүгініп отырғаны белгілі.
Нәсауи. «Сират ас-сұлтан Жалал-ад-Дин». Атаулы шежірешінің өз көзімен
көріп, өзі тікелей куә болған естелік-хикаяттары негізінде Шыңғыс хан
заманы, нақтылап айтсақ, Хорезм империясының күйреуі және соған жалғас
оқиғалар турасында жазылған бірден-бір еңбек – Шихаб-ад-Дин әнНәсауидың «Жәләл-әд-Дин сұлтанның ғұмырбаяны» атты кітабы болып
табылады. Мұсылман тарихнамасындағы, Шыңғыс ханға тікелей қатысты ең
маңызды үш нұсқаның бірі дер едік.
Атақты тарихшы Хорасанның Нәса уәлаятындағы Хұрандиз қамалында туады.
Нақты жылы белгісіз, сірә екі ғасыр шегі. Хорезмшахтар ғұзырындағы,
аталмыш қамалмен қатар, бірқанша иелігі болған шонжар әулеттен. Нәсілі
түрік текті сияқты. Түрік тілді. Араб және парсы лұғатын жете игерген,
құранды жатқа оқып, араб, парсы классикалық поэзиясын жақсы білген,
дәстүрлі мұсылман тарихнамасын таныған, өз заманындағы айтулы ғұлама.
Шыңғыс хан Хорезм империясының шегіне енген кезде Нәсауи ата жұртында
өкім құрып отыр екен, бұдан соңғы кезеңде татарлармен арада болған
үлкенді-кішілі бірнеше ұрысқа қатынасады. 1224 жылы Парсы-Ирақта,
осының алдында ғана Үндістаннан қайтып оралған хoрезмшах Жәләл-әдДиннің қызметіне кіреді. Көп ұзамай мәртебелі хатшы (кәтиб)
тағайындалады. Сұлтанға аса жақын ұлық дәрежесіндегі Нәсауи мемлекет
істеріне белсене кіріседі, ел ішіндегі алыс-беріс жағдайы ғана емес, сыртқы
жұрттармен арадағы ресми қағаздар өз қолынан өтетін кәтиб ретінде әрқилы
келіссөздерге араласады, елшілікке де жүреді. Жәләл-әд-Дин ұлысындағы
саяси өмірдің бел ортасында болған, әскери жорықтар мен үлкен ұрыстарды
басынан өткерген Нәсауи 1231 жылдың тамызы, хорезмшах шәйіт болған ең
соңғы күнге дейін қасында жүріпті. Жәләл-әд-Диннің қазасына жалғас
әрқилы тағдыр талқысынан аман шығып, ақыры бүгінгі Сирия шегі, Халеб
сұлтанының ғұзырына кіреді. Үлкен құрметте болыпты, бірнеше рет, бұл
кезде Иран мен Күнгей Қапқазды түгелге жуық дәргейіне келтірген
моғұлдармен арада елшілік қызмет атқарады. Тыныштық күнге жеткен соң,
өткен елестер бойын құрсаған Нәсауи 1241 жылы өзінің ең басты еңбегі –
Хорезм империясының соңғы кезеңі турасындағы кітабын таңбаға түсіре
бастайды. Араб тілінде. Шежіреші ойдағы ісін толығымен тәмамдағаннан
кейін, 1249 жылы сол Халеб қаласында дүниеден көшкен екен.
Айттық, Нәсауи тарихының негізгі сыпаты және басты қасиеті – көзкөрген
куәгердің қолынан шығуы. Және кітап атауына қарамастан, бұл – жеке бір
тұлғаның ғұмырбаяны емес, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңіндегі Хорезм
империясы және соған жалғас дәуірдегі Алғы Азия мен Күнгей Қапқаз
тарихы. Небәрі жиырма жылға да толмайтын азғана уақыт – 1214–1231
жылдар аралығын қамтығанымен, тұтас бір ғасырға татитын дүбірлі,
алмағайып, қанды заман суретін көреміз.
Артына өшпес мұра қалдырған кемеңгер Рәшид-әд-Дин мен дарынды
Жувәйни, қалай айтсақ та, өктем биліктегі бодан тарихшылар еді. Ал Нәсауи –
басы азат, әрі жаулас қауымнан. Бұл жағдайдың ұтымды да, ұтылысты да
сыпаты бар.
Нәсауи ұтымды жағдайды орнымен пайдаланады және ұтылысқа да
бармағанын көреміз. Жаулас татарлардың қаталдығы, қанды қырғыны
жөнінде айта отыра, әскери ұжымының артықшылығы, адамдық қасиеті
туралы да өзіндік пікірін ірікпейді. Сонымен қатар, Хорезм империясын
жайлаған жолсыздықтар, ел билеушілердің орынсыз жауыздығы да жасырын
қалмаған. Тіпті, өзі пір тұтатын жауынгер сұлтан Жәләл-әд-Диннің ғапыл
істері атап көрсетіледі. Білімдар оқымысты, іждағатты шежіреші, парасатты
қаламгер Нәсауидің кітабынан апат алдында тұрған Хорезм империясының
бар болмысы танылады. Баяндалған оқиғалардың ақиқат шындығы,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 05
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480