Latin

Шыңғысхан - 31

Total number of words is 3914
Total number of unique words is 2126
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Көш алдына қашанда барлау жасалған. Әуелде санаулы кісі, хабаргер, уақыт
өте – қарауыл, жасақты әскер. Көш суретін өз көзімен көріп, талай рет
тамашалаған Барбаро айтады:
Көштен көп бұрын шалғыншы әскер, жортуыл жасағы келеді. Оң мен солды,
ілгері мен кейінді байқастап, қауіп-қатер, тұтқиыл жаудың аңысын аңдайды.
Келіп қана кетпейді, қайта айналып соғады, күн сайын дерлік көзеп, бақылап
отырады, дейді.
Көш ауыл-ауыл, күрен-күрен, жекелей емес, топ-шоғырымен қазғалған. Ауыл
(айыл) – әдетте он-жиырма шаңырақ. Ауыл көші – бейбіт, тыныштық
күндерде ғана мүмкін жағдай. Көбіне әлденеше ауылдан құралған күрен
болып көшеді. Әлденеше жүз, бірер мың түтін, одан да астам қалың ел.
«Күрен» өзінің түпкі мағынасы – «шеңбер» дейді Рәшид-әд-Дин. Ескі
заманда, көш жолындағы рулы ел аялға тоқтағанда, адамдарын ортада
қалдырып, арбаларды дөңгелете құратын болған. Күні бүгінге дейін, қоныстұрақты, көлденең шапқында жау ішке өтіп кетпес үшін осылайша шеңбер
құрып орналасады, дейді Рәшид-әд-Дин. Бұл қорғаныс, қауіпсіздік тәсілі
кейінгі заманға жалғасқан. Қазақтар соғыс жағдайында, бала-шағасын,
әйелдерін іште қалдырып, шеңбер құрып үлгерсе, қайтпай шайқасады,
мұндайда оларды жеңіп алу мүмкін емес, деп жазған Рузбихан.
Маусымдық үлкен көш көбіне әлденеше күрен, аса ауқымды, көп жұрт
болған. Кейде рулы ел, бүкіл орда жаппай қозғалған. «Қастерлі шежіредегі»
найман көші, Шыңғыс хан мен Жамұқаның біріккен көші, басқа бір
деректердегі басқа да көштер осындай. Жаппай, салқар көш кезінде бүкіл
дала, қара жердің өзі жылжып келе жатқандай көрінеді екен.
Венециялық Барбаро сондай ежелгі көштің өзгеше бір суретін таңбалап
қалдырған. Былай дейді:
Әуелі көп жылқы, үйір-үйірімен, содан соң топ-топ, қосты-қосымен, қаптай
өтті. Бұған жалғас келелі түйе, оның артынан табын-табын сиыр, одан кейін
отар-отар қой-ешкі келеді.
Айдалған малдан соң, көш басында әмірші бек, қолбасылар, ең елеулі байбағландар, қосшы қарауыл жасақ өтеді. Олардың артынан көштің мәртебелі
бөлігі – әміршінің ордасы, балалары, қатындары мен қызметшілерінің
күймелері. Оған жалғас тағы да көп әскер. Әскер соңынан негізгі топ –
аттылы, күймелі жалпы жұрт.
Көш керуені тура алты күнге созылды, дейді Барбаро. Біз қамал (Таң өзенінің
Азау теңізіне құяр тұсындағы венециялық Тана қаласы, – М.М.) қақпасын
берік жауып, қабырға үстінен күнұзақ тамашалап тұратын едік. Кеш батқанша
қарай-қарай көзіміз талып, әбден шаршайтын едік. Соншама жұрт пен
қисапсыз мал көшіп жатқан жазық алқаптың көлденеңі 120 мильдей (200
шақырымға жуық, – М.М.) болатын. Көштің көрінісі ғаламат еді, дейді.
Ертеден кешке дейін, көз жетер жер – бүкіл Дала адамдар мен жанжануарларға толып кетті, біреулері өтіп жатыр, енді біреулері келе жатыр.
Бұл – жалпы көштің бір шалғайы ғана екен. Орталық лектегі жұрттың
қарасыны қаншалық болғанын осыдан-ақ аңдай беріңіз, дейді. Көшкен
жұрттың көптігі – құмырсқаның илеуіндей, дейді.
Барбаро үлкен көшке қатысты тағы бір сурет жасапты. Көш жолынан ығыса
қашқан аң мен құста қисап болмады, дейді. Бұғы және басқа да аяқты аңдар
қамал қабырғасынан аулаққа төңкеріле жосыды. Ал қанаты талған кекілік
пен шарасыз қырғауылды сыртқа шыққан балалар қолмен ұстаса, үлкендер
топырлатып, тормен жинады, дейді.
Бұл – ордалы жұрттың үлкен бір бөлігінің жаппай қозғалысы. Әдепкі салқар
көштердің өзі осыған жете-қабыл болған. Қажетті үрдіс қана емес, қастерлі
рәсім, айдын мен сән-салтанат.
Татардың әмірі елімен бірге көшеді. Оның соңынан барлық ұлық,
қызметкерлер қоса көшеді, бұл – «жұрт көтеру» деп аталады. Көш кезінде
күймелер бір қатарда бес-бестен жүреді. Құмырсқаның шұбырғанындай,
арқанның өріміндей созылып, қатарласа қаптап, оң мен солда бес лиге (1 ли
– әдетте 500 метр шамасы, – М.М.) дейін созылады. Жайыла жазылып,
жарымы суға жеткенде көш те тоқтайды, бұл – «жұртқа қону» деп аталады.
Әміршінің шатыры бәрінің алдында, есігі түстікке қарата тігіледі. Оның
артында – қатындар мен құмалардың шатырлары, одан әрі нөкерлер мен
сақшы, қызметкер мен қызметшілердің шатырлары. Әміршінің шатыры
орнаған жер – «Орда» деп аталады, дейді Пэн Да-я.
Хан мен ханзадалардың тұрағы татарша «Орда» деп аталады. Тоқтап,
тұрақтаған жерлері қала сияқты болып көрінеді, дейді Бенедикт Полон.
Көш аялдаған, жайланған кезде тұтас бір қала орнағандай көрінеді, деген
Рубрук.
Орда көшіп келе жатыр екен. Біз тұтаса жылжып келе жатқан үлкен қаланы
көрдік. Жапырлаған у-дуымен, ауада шұбатылған түтінімен. Көше сырғыған
сансыз күйме үстінде оттарын жағып, ас-суларын дайындай береді екен.
Ерулі жеріне жеткен кезде шатырлар арба үстінен оңай алынып, сол,
бұзылмаған қалпында жерге орнығады, деп жазады Ибн Баттута.
Алыста адам тұрағы көрінді, қара арба және ақ үйлерден құралған. Ұлы бек
Огиннің (Отшыген – Шыңғыс ханның інісі, – М.М.) Ордасы екен. Той болып
жатыр. Көрші қоныстың ұлықтары аумағы 500 ли төңіректен қымыз
келтіріпті. Әлденеше мың қара арбалы киіз үйлер неше қатар болып тұр, деп
сыпаттайды Чаң Чунь.
Отшыгеннің және Шыңғыс хан қатындарының бірінің қабылдауында болған
Чаң Чунь: күймелер мен киіз үйлерден құралған Орданың кескін-кейпі асқақ,
сәнді, салтанатты, депті.
Күйік қағанның Карпини көрген, бір отырыста ішіне екі мың кісі сиятын үлкен
шатыры, Мөңке қаған тұсындағы, Рубрук сыпаттаған айдынды көк күймелер,
кейінгі Өзбек ханның Ибн Баттута тамашалаған алтын ордасы – бағзы бір
замандағы түрік қағандарының, қазыналы Византия елшісі Земархтың өзін
сұқтандырған киіз туырлықты ордаларының жалғасы болатын. Заман
озғанда келген жаңалық – алып киіз үйдің арба үстіне орнатылуы.
Мұндай сән-салтанат көне замандағы ғұн шаңғұйларының өзінде болған
жоқ, дейді Чаң Чунь мейлінше қайран қалып.
Тұрмыстық бұйымдар
Күнделікті тұрмысқа қажетті жабдық, әрқилы бұйымдарға қатысты тарихи
жазба мағлұмат тым тапшы. Сол азғана барды түгендей кетелік.
Олар ас дайындауға «шөп көмірін» (яғни сиыр жапасы мен жылқы тезегін)
пайдаланады, депті Пэн Да-я.
Қой майымен білтелі шырағдан жағады, дейді содан соң.
Марко Поло ет қайнататын қыш қазан (шөңке) туралы айтқан.
Рәшид-әд-Дин шежіресінде бір қой етін тұтасымен асқан қазанның жарылып
сынғаны (жаманшылық жоралғысы) туралы айтылады, сірә, бұл үлкен қазан
да қыштан жасалса керек.
Сюй Тин ет пісіретін қазан үш аяқты деп куәландырған. Зады, қола, немесе
шойын қазан.
Ет тартатын, қымыз құятын үлкен ағаш тегенелер, қымыз сақтайтын қыш
көзе, шамасы, ағаштан ойылған шағын аяқтар болыпты (Рәшид-әд-Дин,
Барбаро).
Құрт салатын қап (сірә, алашадан құралған) және тортасынан айырылған май
салатын тері қапшықтар, «қаптарғақ» аталатын шағын тері дорба аталады
(Рубрук).
Қымыз ашытатын саба, үлкенді-кішілі торсық, көн құты бар (Рәшид-әд-Дин,
Рубрук, Марко Поло, «Қастерлі шежіре»).
Қымыз ашытатын торсық, сабалар түтінге ысталған ірі қара мал терісінен
тігіледі (Рубрук).
Әдепкі, киімге, немесе шаруашылыққа қажетті теріні қойдың ашыған, қою
сүтінің көмегімен илейді (Рубрук).
Малдың сіңірін тарамдап, содан соң өріп, ұзыншақ жіп жасайды, депті
Рубрук. Осы жіптермен тері (яғни, тон, торсық, саба қатарлы бұйымдар, –
М.М.) тігіледі, сандал, кебіс, басқа да киім-кешек тігіледі дейді. Бұл, әрине,
кешегі қазақтың тарамысы.
Сюй Тин жабайы қойдың, яғни арқардың омыртқа сүйектерінен қасық
жасалатынын айтқан. Әлбетте, қасық атаулы тек сүйектен ғана ойылмаса
керек.
Рубрук әрқилы мүкәмал салуға және сақтауға арналған үлкен сандықтар
туралы айтады. Арқан, жіппен арбаға байланады екен.
Бұл, үй тігуге, көшке және басқа да қажетке жаратылатын арқан, жіптер қой
жүнінен, үштің біріне жылқы қылы қосылып есіледі дейді Рубрук.
Аңшылыққа, шаруаға аса қажетті арқан өрілетін қыл үшін жылқылардың
жалын күзейді, деп жазған Сюй Тин.
Барлық деректерде [қой жүнінен басылатын] киіз туралы айтылады. Талшарбақтан жасалған баспаналарын жабады, су өткізбейді, жазда сая, қыста
жылы деседі.
Айтпақшы, жайылымдағы бос жылқыны ұшында салбыраған ілмек жібі бар
ұзын таяқ, яғни кәдімгі құрық арқылы ұстайтыны өзгеше тәсіл ретінде
таңбаланыпты. (Барбаро, Ибн Баттута). Бұл құрық мал ұстаумен қатар, кейде
қару ретінде де кәдеге асқан («Қастерлі шежіре»).
Ат әбзелдері, оның сыр-сыпаты туралы нақты мағлұмат жоққа тән. Тек үзеңгі
ғана арнай аталады. Және ер-тұрман. Сақарадағы жұрттың атқа салатын
ертоқымдары жеңіл әрі әсем, өте шебер жасалған, депті Чжао Хуң. Ердің
қасы ағаштан қиылады, деп арнап айтқан.
Қару-жарақ
Бұл халық соғыс өнерінде әлемдегі барлық жұрттан артық; қан майданда,
әсіресе ашық алаңда, табанды ерлігімен, әскери амал-айласымен жеңбейтін
жауы жоқ, деп айғақтаған Фома Сплит.
Шыңғыс хан заманындағы түрік-татар қауымының өз тұсындағы барлық
жұрттан өлшеусіз озық, айрықша жетілген әскери өнері, соғыс стратегиясы,
ұрыс тәсілдері, қосын, түмендер құрылымы турасында тиесілі тұс, келесі
кітаптарда кеңінен әңгімелейміз. Әзірше, бар тауарихтың бастауында,
күнделікті қолданыстағы қару-жарақ төңірегінде азғана ақпар берейік.
Әлбетте, тек қана ежелгі жазба ескерткіштер куәлігі бойынша.
Карпинидің айтуынша, әрбір жауынгердің кем дегенде мынандай қаружарағы болуға тиіс:
Екі, немесе үш жақ, әйтпесе, өте жақсы біреуі,
жебе толы үш үлкен қорамсақ,
бір балта,
арқан, әрқилы жіптер.
Бұдан әрі:
Дәулеттілердің қылышы болады, аз-маз қайқы, жалғыз жүзді, ұшы өткір;
кейбіреулері найза ұстаған, сүңгінің мойнағында ілдіргесі бар, ат үстіндегі
жауын алып түсетін.
Карпини шабуыл құралдарымен қатар, қорғаныс жарақтары турасында да
біршама мағлұмат келтіріпті.
Алдымен әскери сауытты жан-жақты сыпаттайды. Берен төрт бөліктен
құралады, дейді: негізгі бөлігі саннан мойынға дейін, адамның дене бітіміне
сәйкес, кеуде тұсында сығыңқы және екі қолтық астынан дөңгелене ойылып,
қабырғадан қаусырылады; бұл екі қапталды қыр арқадан біріктіре қосып,
мойынға дейін жететін тағы бір жолақ бар; енді алдыңғы және артқы
бөліктер жауырыннан бұғанаға асыла түскен темір тақталар арқылы өзара
жалғасып, бекітіледі; екі қолдың сыртын иықтан білезікке дейін көмкере
қаптайтын тағы бір құрамды бөлік бар (қоллық, – М.М.), сондай-ақ, екі тізе
де қорғаныш астында (тізелік және бұтырлық, – М.М.); бұл құрама
бөлшектердің барлығы да өзара байластырылып, бекітілген, дейді.
Әлбетте, Карпини тәптіштеген берен – қорғаныс қажетінде қалыптасқан
әскери сауыттың бір ғана түрі. Археологиялық қазбалар, жалғас дәуірдегі
нақты және түсті сызба суреттер мен ескіліктен сақталған үлгілер мұндай
жарақтың айырым белгілері мол, әлденеше түрі болғанын әйгілейді.
Бастарына киетін дулығасы – темір, немесе жез, депті Карпини. Ал тамақ пен
мойынды дөңгелете жабатын қорғаныш – көннен жасалған.
Аттарына дейін көн сауыт (өпшін, – М.М.) жапқан, деп куәландырады тағы да
сол Карпини. Бұл берік көннің қалай дайындалатынын айтады. Өгіздің,
немесе басқадай ірі-қараның терісін, жалпағы алақандай етіп, белдіктеп,
ұзынынан кесіп алады да, арасына қарамай құйып, үш, немесе төрт қабаттап
жапсырады, содан соң үстіңгі белдіктің астынан тесіп, бұдан соңғы
белдіктердің ортасынан тесіп, таспамен өзара байланыстырады; сондықтан,
жүріске бөгесіні жоқ және төменгілері жоғары жиырылып, әлденеше
қабаттасқан көн мүлде берік сауытқа айналады.
Аттың қорғаныс кежімі бес бөліктен тұрады, дейді. Екі қабырғада екі қабаты,
құйрықтан басына дейін, бұлар ертоқымға бекітіледі және сауыр мен омырау
және артқы ойынды бөліктері арқылы өзара қосылады. Ойынды мен
сауырдың аралығы тесіліп, одан аттың құйрығы шығарылып қояды. Аттың
маңдайына темір қалқанша бекітіледі, мойынның екі қапталындағы көнге
жалғасып. Атқа жабылған көн сауыт оның бүкіл денесін қамтып, алда – тізеге,
артта – тірсекке жетіп тұрады, депті көзі қарақты, байқампаз Карпини.
Атқа жабатын ғана емес, адамдар киетін көн сауыттар да (құяр) кеңінен
тараған.
Бұлардың жарақтары жеңіл, көн теріден жасалған, дейді Лонжюмо.
Өгіз терісінен, басқадай ірі мал терісінен пісіріп (яғни ыстап) жасалған көн
сауыттар өте берік, дейді Марко Поло.
Үстеріндегі жарағы – темірше саудыратып, жапырақтап құралған өгіз
терісінен, алайда өте берік, қару өтпестей, деген Фома Сплит.
Сауыттары көн жапырақша, немесе темір тақталардан құрастырылған, дейді
Сент-Квентин.
Сауыттары көн теріден және бұлары темірден берік, аттары да осындай
сауыт жабылған, депті есімі сақталмаған венгр епископы (Мэтью Парис
бойынша).
Дулығалары да көн, немесе темірден, дейді Фома Сплит.
Ескілікті жазбалардың ешқайсысында қалқан туралы дерек жоқ. Симон де
Сент-Квентин ғана бұл жағына назар аударыпты, татарлар қалқан
қолданбайды, деп жазған.
Қорғаныс жарақтары теріден (яғни көннен) жасалған және қару өтпестей
дерлік бекем, дейді орыс архиепископы Петр. Ал шабуыл құралдары түгел
темірден және уға суарылған, деп үстейді әуелгі сөзін.
Әрине, қашанда ең басты, шешуші жағдай – қорғаныс жарағынан бұрын
шабуыл құралдарына байланысты. Енді осы тарапта, әуелгіге қосымша тағы
азғана дерек.
Қарулары – садақ, қылыш және күрзі; десе де, садақты көбірек қолданады,
өйткені бұлардың бәрі де кәнігі атқыш, дейді Марко Поло.
Бұлар ұрыста көбіне-көп жақ пен жебеге салмақ салады, дейді Симон де
Сент-Квентин.
Қылыштары жеңіл, жұқа, қайқы, дейді Чжао Хуң.
Қарулары – қайқы қылыш, садақ, қорамсақ пен жебе, дейді Фома Сплит.
Баз біреулері ғана найза ұстайды. Найза сабының түбінде қолға ілетін
бүлдіргесі болады. Кейбір найзалардың ұшында ілгегі бар, дейді СентКвентин.
Татарлар найзамен, шоқпармен, айбалтамен, қылышпен қажымай, қайтпай
шайқасады, әйткенмен, садақты артық көреді, шебер әрі өте дәл атады, депті
Мэтью Парис.
Татарлар қару атаулыны тамаша меңгерген, әсіресе, садақпен жебе атуды,
дейді Гайтон.
Шыңғыс хан қауымы сол замандағы армян және Батыс Еуропа деректерінде
«атқыштар жұрты» деп аталады.
Садақтары біздікінен қарымды. Олар венгр және құмандармен
салыстырғанның өзінде атысқа әлдеқайда машықты және садақтарының
серпімі де артық, дейді есімі беймәлім венгр епископы.
Татар садағын тарту үшін үлкен күш керек, деген Чжао Хуң.
Бұлар басқа халықтармен салыстырғанда, әлдеқайда алысқа атады, дейді,
татар шапқыны турасында Батыс Еуропаға алғашқы, нақты хабарды жеткізуші
монах Юлиан.
Татар садақтарының қарымы ұзын. Қаншалықты дәрежеде? Салғастырып
қарасақ, сол тұстағы Еуропа садақтарының атыс өлшемінен екі есе, бәлкім,
үш есе артық болғаны көрінеді. Тіпті, түтас төңірегінің бәрінен оғы озық
бұлғар мен қыпшақ атқыштарынан да ұзақ. Жаудың жебесі жетпейді, ал
өздері жамсата атады.
Еуропадағы татар шапқынынан бір ғасыр кейін басталған Жүз жылдық
соғыстың (1337–1453) алғашқы жарымы, Креси мен Азенкур ұрыстарында
Англияны жеңіске жеткізген атақты ағылшын садақшылары ары дегенде 250
ярдқа (229 м) ататын болған. Бұл – заманынан озған, жетілдірілген, жаңарған
жақ. Бату хан заманындағы Батыс садағының қарымы бұдан әлдеқайда кем.
Ескілікті ағылшын садағының жетер шегі – 150 ярд (137 м) болды, деп
жазады ортағасырлық садақ, арбалет жайын арнайы зерттеген ағылшын
оқымыстысы Ральф Пейн-Голлуэй. Әлбетте, қанды қарым бұдан әлдеқайда
беріде. Ал бұл кездегі түрік-татар садағының жебесі... Бір ғана дерек.
«Шыңғыс ханның таңбалы тасы» аталатын, бүгінде Эрмитажда тұрған
сынтаста ұлы қағанның інісі Қасардың ұлы Есүңкенің Сартауыл жорығынан
соңғы үлкен мерекеде атқан оғын 335 құлаш жерге тігілген нысанаға тигізгені
жазылған. Шамамен 580 метр!
Бұлар тамаша садақшылар, дейді Смбат Спарапет.
Ерен садақшылар, дейді Лонжюмо.
Түрік садақшыларының мергендігі соншама, аққан жұлдыздай жасын
жебелері көзеген жерге әмәнда дөп тиеді; бұлар көңілі қаласа, аспандағы
жұлдыздың өзін қағып түсірер еді, дейді Жувәйни.
Ұрыста алғаш беттескенде жебелері жай ғана ұшпайды, нөсер жаңбырдай
жауатын көрінеді, деген куәлік береді монах Юлиан.
Ауада ұшқан жебелерден күн көзі көмескіленіп, жауған оқтың
қалыңдығынан жұрт көлеңкеде қалды, деп әсірелейді армян тарихшысы
Нерсес Палиенц.
Татарлармен соғысқа кірісу өте қауіпті. Тіпті, шағын ғана қақтығыстың өзінде
басқа бір халықтармен соғыстың қандайынан болса да көбірек кісі өледі,
өйткені олар қатты және дәл атады. Садақ тартуда машыққаны сондай,
әлемдегі барлық жұрттан асып түскен, дейді Гайтон.
Кейбірі арыс садақпен, енді бірі жеңіл жақпен атылатын жебелердің түрсыпаты мен өзіндік қасиет, ерекшелігі де әрқилы болған. Бұл тарапта
археологиялық мол деректермен қоса, жазба мағлұматтар да біршама.
Соңғының кейбірі.
Жебелердің ұзындығы “геометриялық” екі фут, бір алақан және екі елі, яғни
отыз төрт елі, бір алақан, дейді Карпини – бүгінгі метрикалық өлшем
бойынша 80-85 см шамасында; жебенің болат ұштығы (масағы) екі жағынан
бірдей өткір, тигенде қылыштай орады; қорамсақта жебені [және қылыш,
найзаны] қайрап отыратын егеу болады; бұл темір масақтардың сабаққа
қадап бекітетін түбінің өзі саусақ ұзындығындай, депті Карпини.
Олардың жебелері біздікінен төрт елі ұзын, темір масағы айрықша өткір,
кірісі тар, біздің садақтардың адырнасына сәйкеспейді, деген Фома Сплит.
Сонымен қатар, мүйіз және сүйек ұштықтар да болатынын, олардың да аса
өткір екенін айтқан.
Жебенің сабағы ағаш бұтақтарынан [және шіліктен] жасалады (Рәшид-әдДин).
Барбаро жебенің үш түрі туралы мағлұмат беріпті. Мұның біріншісі – әдепкі
әскери жебелер, екіншісі – мерекелік, яғни жамбы атуға арналған, үшіншісі –
ұшқан құсты атуға лайықталған өзгеше оқтар.
Құс түсіретін жебелер қазақ дерегінде (Шалкиіз жырау) «тіз оқ» деп аталады,
Барбаро толық сыпаттамасын қалдырған. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл –
масақсыз, қауырсынсыз, жуандығы саусақтай ғана, қисық иілген, шолық
таяқша; сыңайына қарағанда, бумеранг тәсілі бойынша жасалған: әуелете
атылғанда, белгілі межеге жеткеннен соң шыр айналып, бір, немесе бірнеше
құсты қатарымен, мойнынан, немесе топшысынан ұрып түсіреді.
Жамбы ататын мерекелік жебелердің әскери жебелерден бар айырымы –
масағында: ұшы өткір емес, алға қараған жаңа ай кейіпті, жалпақ имекше
(қазақша «аймаңдай оқ»). Барбаро жамбы атқан мергендік жарысты
сыпаттаған. Екі баған орнатылып, үстінен арқан тартады да, соған
салбыратып, жіңішке жіппен күміс табақша іліп қояды. Жарысқа
қатысушылар ат үстінде жанамалай шапқан бойы, садақ тартып, аймаңдай
оқпен осы жіпті қиып түсіруі керек. Әлбетте, Барбаро көргендей күміс табақ
қана емес, басқадай да, құнды, шағын дүниелер (тайтұяқ жамбы, алтын кесе,
т.т.) ілінетін болған. Жамбы ату жарысы жөнінде Хафиз Таныш, одан кейінгі
Әбілғазы-бахадұр хан және басқа да шығыс тарихшыларының кітаптарында,
қазақ эпосында біршама мол мағлұмат бар. Сондай-ақ, қазбадан табылған,
өзара ұқсас әрқилы үлгідегі аймаңдай оқтар да кеңінен мәлім.
Барбаро жіктеген және жалпыға белгілі әскери жебе кейінгі қазақта «кез оқ»
деп аталған («Ер Тарғын және басқа да батырлық жырлар). Бұл соғыс
жебелерінің өзінің алыстан, жақыннан ататын, сауыт бұзатын, жазылмас
жара салатын әлденеше түрі болған. Майдандасқа бағыт сілтеп, жауға үрей
тудыратын, алғаш Ғұн заманында қолданысқа енген ысқырма оқтар тағы бар.
Бұл ретте археологиялық қазбалар, сол негіздегі музей мұралары мен
арнайы зерттеулер мейлінше толымды мағлұмат бере алады.
Жебелердің әрқилы түріне қатысты тағы бір ескертпе – садақ оғының
аталмыш негізгі үш үлгісінен басқа, қоршаудағы қамалға, өзеннің арғы беті,
тікелей қатынастан тыс жердегі дос пен дұшпанға хат-хабар жеткізетін ілмек
оқ, қарсыласты жараламай, ұрып түсіретін доғал оқ, сонымен қатар, тиын,
сусар аулайтын, түлкі, қасқырға қарсы қолданатын, үлкенді-кішілі томар оқ
дегендер болған. Бұл соңғысы, атауынан көрініп тұрғандай, болат масақ
орнына, бағалы аңның терісін бүлдірмей, талдырып түсетін, немесе бітеудей
өлтіретін салмақты, жұмыр, басқа бір ұштық орнатылған.
Ал әскери жебелер, олардың түр-сыпаты, қолданысы мен ерекшеліктері
турасында Шыңғыс хан заманындағы көшпенділердің соғыс өнеріне
арналған тарауда баяндамақпыз. Тек кез жебе ғана емес, көшпенділер
садағы және басқа да қарулар төңірегіндегі толық сыпаттама.
Өнер, білім, мәдениет
Түз жұртының Шыңғыс хан заманындағы рухани өмірі мен өзіндік
мәдениетіне қатысты нақты жазба деректер тым тапшы. Сол азғана
мағлұматтың басын шала кетейік.
Олардың дыбыстық тілі ғана бар, жазу-сызуы жоқ, дейді Пэн Да-я.
Бұл халық жазуды білмейді, сөз жүзінде ғана уағдаласады; айтқан сөзінен
танбайды, деген Чаң Чунь.
Соңғы лепес – адамдар арасындағы келісім-шарт, құжатты іс қағаздарына
орай айтылған.
Ал Сюй Тин жазба серіктесі Пэн Да-я лепесін нақтылап, таратып түсіндіреді.
Әуел баста татарда жазу болған жоқ, дейді. Алайда, қазір үш түрлі жазуды
пайдаланып отыр. Мұның біріншісі – ұзындығы үш-төрт цунь (шамамен 10-12
см) шағын тақтаға салынатын әдепкі кертік белгілер, бұлар сенім-хат есепті.
Екінші – ұйғыр жазуы, мұсылмандар арасына жүретін құжаттар осы таңбада.
Үшінші – қытай, қидан, шүржен істеріне қатысты құжаттар жасалатын қытай
жазуы; алайда, мұндай қағаздардың соңында, сірә, сақтық, нақтылық үшін,
ұйғыр жазуымен құжаттың кімге тиесілі екенін ескерткен бірер ауыз сөз
болады, дейді.
Сонымен қатар, Янцзин (Пекин) қаласындағы тиесілі мектептерде ұйғыр
жазуы үйретіледі және татар тілінен аударма жасалады деген.
Бұл – 1235–1236 жылдар, Еке Ұлыс Қытай-Шүржен империясын біржола
ғұзырына келтірген заман.
Түрік қағанаты дәуірінде көне түрік (орхұн) жазуы жаппай қолданыста
болғаны мәлім. Ежелгі Дала мәдениетін аяқасты еткен Ұйғыр қағанаты
ескілікті жазуды да шетке қағып, соғды негізді, кейінде ұйғыр жазуы атанған
жаңа таңбаларды қолданысқа енгізді.
Көне түрік жазуы бірте-бірте, мүлде ұмытылады. Ұйғыр қағанаты құлағаннан
кейінгі кезеңде аталмыш жаңа жазудың өзі көмескі тартқанын көреміз.
Нақты деректерде ұйғыр-түрік жазуын сақтап отырған тайпа ретінде найман
жұрты аталады. Найман хандығын қиратқаннан соң, Шыңғыс хан бұл жазуды
бүкіл ұлысқа міндеттейді, ендігі жерде ұйғыр-түрік таңбалары мемлекеттік
жазуға айналады. Уақыт оза келе Дәшті-Қыпшаққа көшіп, Алтын Ордада
кеңінен таралады. Еке Ұлыстың құрамды бөліктері Шағатай ұлысы мен Елхан
ұлысында да ресми қолданысқа енеді. Ақыры, мұсылманшылықпен бірге
келген араб жазуы мүлде ығыстырып шығарған XV ғасырдың бас кезі, бәлкім,
алғашқы жартысына дейін ішінара кәдеден қалмайды. Ал Шығыс тарап –
Халха мен Ішкі Моңғолда біржола орнығып бекиді. Жаңарған, жетілдірілген
қалпында 1940 жылға дейін Моңғол республикасында кеңінен таралған, Ішкі
Моңғолияда күні бүгінгеше қатардан шыққан жоқ.
Яғни, Шыңғыс хан заманындағы Дала жұртында жазу болмады деген
тұжырым – шындыққа жанаспайды.
Атақты «Қастерлі шежіре» өз кезінде осы ұйғыр-түрік жазуымен таңбаға
түскені күмәнсіз саналады. Демек, жазу ғана емес, дамыған, жай ғана
дамыған емес, биік өреге жеткен әдебиет те болды деген сөз.
Сөз өнерінің Ұлы Далаға тікелей қатысты нұсқалары тек «Қастерлі шежіре»
ғана емес, Рәшид-әд-Дин «Тауарихынан» да айқын аңғарылады. Ескілікті
аңыздар мен толғау үлгілері, батырлық жыр үзіктері көрініс тапқан. Әлбетте,
парсы тіліне тәржіма, баяндау, мазмұндау тұрғысында.
Өкінішке қарай, ежелгі әдебиет үлгілері түпнұсқа қалпында біздің заманға
жетпеген. (Қолдағы «Қастерлі шежіре» – әуелгі, түрік тілді түпнұсқадан
жасалған түрік-моңғол тілді қойыртпақ аударма деген байыбымыз жоғарыда
айтылды.) Әйтсе де, нақты тарихи деректерден сол ескілікті күндерде түз
тұрғындары арасында сөз өнері айрықша дамығаны қапысыз танылады.
Әсіресе шешендік пен өлең-жыр. Белгілі, белгісіз тұлғалардың «Қастерлі
шежіре» мен «Жинақты тауарихта» келтірілген әңгіме, кеңестері мен ойтолғамдарынан бейнелі өрнек, ұтымды тіркес, орамдар нақты байқалады.
Тіпті, ру, тайпалар арасында жүрген елші-жаушылар арнайы жолдау сөздерін
тек өлең, жырмен ғана айтады екен (Рәшид-әд-Дин). Жолданған сәлем, талап
пен тілек бұрмаланбай, сол қалпында жетуі үшін және өлең сөздің көшпенді
жұрт арасындағы өтімділігі мен құрметінен.
Өлеңге жалғас ән-күй бар. Ән-күйді сүйемелдеп, көтеретін саз аспаптары
бар. Ән әуені, саз орайымен толқынатын би бар.
Өлең-жыр, сарын мен күй көшпенділер тіршілігінің барлық саласында
кеңінен орын алған. Бейбіт өмір ғана емес, қанды соғыс кезінде де.
Татарлардың салты мынандай: майдан даласына келіп, түзем құрғаннан соң,
қолбасының дабыл-барабаны қағылғанша ұрыс басталмайды; оған дейін
күңіренте керней тартып, бар дауыспен ән салады, әрқилы аспаптарда
ойнап, өлең-жыр айтып тұрады, дейді Марко Поло.
Енді бір тұста әуелгі сөзін нақтылап, таратып жазады. Дабыл қағылып, ұрыс
басталғанша күтіп тұрған кездерінде татарлар ән салып, екі ішекті
аспаптарын тартады, сөйтіп, шайқас алдында өлең-жыр толғап, ойын ойнап,
көңілдерін көтеріп жатады, дейді.
Қолбасы жорыққа шыққанда музыканттарын (әнші-күйшілерін) өзімен бірге
ала жүреді, деген Чжао Хуң.
Әлбетте, ән мен күй, өлең-жырдың бейбіт күндердегі көрінісі тіпті өзгеше әрі
жан-жақты, мол. Әсіресе, той, қонақасы кездерінде.
Дастарқан үстінде үнемі ән айтылып, күй орындалып жатады, дейді Карпини.
Гитара (сірә, манағы, Марко Поло айтқан екі ішекті, домбыра кейіпті аспап, –
М.М.) ойналып, ән айтылып тұрмаса, Бату да, басқа шонжарлар да қымыз
ішпейді, дейді.
Ұлы хан (Құбылай, – М.М.) шарасын қолына алған кезде әрқилы аспаптар
қатарынан ойнай бастайды, деген Марко Поло.
Өзбек ханның ордасында, той кезінде, қымыз ішу рәсімі кезінде үнемі әнжыр айтылып тұрады, дейді Ибн Баттута.
Татарлар той үстінде қымыз ішіп, өлең айтысып, ұлып отырды, депті астам
әрі топас елші Асцелин.
Бұл той жеті күнге созылыпты. Есебі, жеті күн бойы ән мен жыр.
Қолбасының (Мұқалы-ноян) ордасында той-отырыс кезінде он төрт ішекті
аспапта (сірә, жетіген кейіпті, – М.М.) әртүрлі ән-өлеңдерді тартады. Жұрт саз
әуенімен ақырындап алақан соғып отырады. Және билейді. Бұлардың билері
[қытаймен салыстырғанда] бір түрлі оғаш, депті Чжао Хуң.
Татарлар кішкентай гитарада ойнайды. Біздің гитара жоқ, бірақ оларда бізде
ұшыраспайтын басқа да көптеген аспап көрдім, дейді Рубрук. Гитарист
ұрғылап ойнаған кезде жұрт қол соғады және күй әуенімен жаппай билейді,
деген бұдан әрі.
Бұл, «гитара сияқты» екі ішекті аспап кеңінен тарағаны байқалады.
Сартақтың ордасындағы үлкен ұлықтардың бірі Қояқтың ғұзырына келдік; ол
төрде шалқайып, алдындағы кісілеріне гитара тартқызып, би билетіп отыр
екен, дейді Рубрук.
Біз имене басып, қорғаншақтай кіргенде, жоғарыда жайғасқан Сықатай төре
қолына кішкентай гитара ұстап отыр екен, дейді тағы бір ретте.
Ән-күй тек көңіл көтеру салты ғана емес, мейманға, ұлық кісіге, елшіге
арналған өзгеше сыйластық есебінде болыпты.
Біз жұртына кірген Мөңке ханның кісілері жолбасшымызды барлық жерде ән
салып, қол шапалақтап қарсы алып отырды. Бұл – Бату ханның елшісіне
көрсетілген құрмет екен, деп жазған Рубрук.
Сұң патшалығының өкілі Чжао Хуң қоштасып, еліне қайтарда Мұқалы-ноян
қосшы кісілеріне: «Елші әрбір қалада бірнеше күн аялдасын. Жақсы шарап,
жақсы тамақ ішсін. Жақсы сыбызғылар ойналып, жақсы барабандар
қағылсын!» – деген жарлық береді.
Әлбетте, ән-күй – барша жұртқа ортақ. Және ажырамас серік.
Татарлар ашқұрсақ болған кездерінің өзінде тоқ кісідей, үнемі әндетіп жүре
береді, деген Бенедикт Полон.
Ән мен күйден басқа да, көпшілік көңіл көтеретін әрқилы ойындар болған.
Соның бірі – ат жарыс (Жувәйни). Енді бірі – күрес («Қастерлі шежіре»,
Рәшид-әд-Дин). Бұл күш сынасу ойыны кейбір ретте дау-дамай, ерегесті
шешу тәсіліне ұласқан және қарулы жекпе-жек кезіндегідей өліммен
аяқталатын реттері де ұшырасқан. Той, мереке күндерінде, алаңсыз, бейбіт
жағдайда садақ тартып, нысана ату да көңіл көтеру, сонымен қатар, әскери
жаттығу саналған («Шыңғыс ханның тасы», Сент-Квентин).
Балалар асық ойнаған. Жазда ғана емес, қыста, мұз үстінде («Қастерлі
шежіре», Рәшид-әд-Дин).
Ер-азаматтар арасында атты доп – шауған кеңінен тараған. Арыда ежелгі
түріктер ойнаған екен. Жауынгер шато-түріктер Солтүстік Қытайды алып,
Кейінгі Таң (Хоу Таң – 923–936) империясын құрған кезеңде арнайы Доп
алаңдарында өткізіліп тұрыпты. Патшалық салтанаттың өзгеше бір көрінісі
болады. Шауған жай ғана ойын емес, әскери жаттығу саналған. Үлкен
ұлықтардың өзінің қатысуы міндетті екен. Атты доп кейінде Қидан, Шүржен
мемлекеттеріне де таралады. Яғни, ешқашан да Дала жұртынан алыстап
кетпеген. Сұң елшісі Чжао Хуң Пекиндегі Мұқалы-ноян ордасында әдепкі
рәсімге енген, жалпыға үйреншікті шауған (қытайша «цзи-цзюй») ойынын
сыпаттап жазады. Әр ойынға жиырма шақты кісі ғана қатынасады, өйткені
татарлар опыр-топырды жақсы көрмейді, деген. Бүгінгі зерттеушілер атты
доп ойыны татарға шүрженнен ауысса керек деп шамалайды. Онда ежелгі
ойынның өз ортасында ұмытылып барып, қайта оралуы деп білуіміз керек.
Рухани өмірге жалғас қол өнері және қажетті кәсіп бар. Кәсібіміз – таңбасыз
ғылым-білімге негізделген кен қорыту, соған орай әрқилы қару-жарақ соғу
өнері. Түрік тайпалары ежелден-ақ машықты темірші болған. Металл қорыту,
болат шыңдау өз заманы үшін биік өреге жетті. Берен сауыт, алмас жебе,
қиғыр қылыш, өткір найза – осы, атаусыз ғылым-білімінің әдепкі көрінісі.
Шыңғыс хан заманындағы түз жұртының соғыс қарулары қолданысы ғана
емес, сапасы мен бітімі тұрғысынан алғанда да ең жоғарғы деңгейде
болғаны анық.
Ендігі бір, үйреншікті, машықты шаруа – тұрмыстық өнеркәсіп. Доңғалақты
арба, әйдік көк күймелер, әрқилы кейіптегі киіз үйлердің сүйегін қалыптаған
ағаш шеберлігі айрықша көзге түседі. Күнделікті тіршілік кебіне қажетті киіз
басу, тері илеу және ыстау, көн қатыру, арқан, жіп есу – бір сөзбен айтқанда,
мал өнімдерін кәдеге жарату – жұпыны, қарабайыр кепте емес, кәнігі
шеберлік орайында көрінеді.
Қол өнері көшпендінің тіршілік кебіне орай қалыптасқан. Пайдалылық,
төзімділік жағымен қатар, әсемдік тұрғысынан. Ежелгі мұраның ғұн
заманынан басталған өзгеше үлгілері Алтайдағы Пазырық, Бесшатыр, Күдіргі
қорымдарынан табылған, бүгінде Санкт-Петербург Эрмитажында тұрған
қазыналардан айқын аңғарылады. Бұл тарапта Шыңғыс хан заманынан
жеткен шектеулі жазба деректер – киіз үй, оның әрқилы мүкәмалы, әсем оюөрнектер турасында жоғарыда айтылды. Жапон ғалымдары Алтайдың мұз
басқан мәңгілік қорымдарында сол қалпында сақталып, бүгінге жеткен
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 32
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480