Latin

Шыңғысхан - 12

Total number of words is 3824
Total number of unique words is 2089
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жасайды. Молынан ағаш құлатып, көмір жинайды. Содан соң етегіне көмір
мен ағашты көбінен үйіп, жетпіс көрікпен қатарынан үрлеп, алапат қызумен
темірді балқытып, еріте бастайды. Ақыры, қаншама мехнаттан соң темір
тауды тесіп, сыртқы дүниеге жол ашыпты...
Хош. Екі аңыздың түйіні – біреу-ақ. Қырғанға ұшыраған, таршылықта қалған
бөрі әулеті, яғни түрік қауымының жаңа, ерлік, елдік ғұмыры басталыпты.
Кең дүниеге шыққан қайратты, қуатты жұрт енді жарты әлемге билік
жүргізуге тиіс!
Әлқисса, бастапқы аңыздағы, асқар Алтайдың терең қойнауынан шыққан
қауымның басты кісісі – Шене еді ғой. Қытай деректері Ашина деп жазады; Ашене, яғни ізгі, игі, мәрт Шене – асыл Бөрі. Екінші аңыздағы, Ергене-қоңнан
темір тауды тесіп өткен жұрттың ішіндегі өзгеше бір тұлға – Бөрте-Шене,
яғни, Бөрте-Қасқыр, Көкшулан-Бөрі. Екеуі – бір-ақ кісі, бүкіл түрік нәсілінің
ежелгі тотем-пірі – Бөрінің өзі болмаса да, сол атпен әйгілі, кейінгі заманда
аңызға көшкен, сөз жоқ, тарихи тұлға. Қайткенде де, ұранға, туға айналған,
дәстүрлі, қалыпты танымның нақты тұрғысы. Сонымен, әуелдегі Анасы деңіз,
кейіндегі Атасы деңіз, аңыз бен шежіре бойынша және рухани ұғымда бүкіл
түрік нәсілі Көк-Бөріден тарайды. Бұл көк – түс қана емес, Аспан, яғни
жаратушы құдырет. Көк-Бөрі – Аспан алқаған Баба.
Аңыз, шежіре ғана емес, деректі саналатын тауарихта әлемді тітіреткен
сайыпқыран Шыңғыс ханның түп атасы – осы Көк-Бөрі. Бөрте-Шене. Айттық,
қыспақтағы тар қоныстан кең дүниеге шыққан жаңа ұлыстың көрнекті
кісілерінің бірі екен. Біршама қауымды билеген көсем. Манағы екі арыстың
бірі – Қиян әулетінен. Онан өзенінің басы, Бұрқан-Қалдұн тауында ірге
теуіпті. Сол жерде өсіп-өнеді. Құрметі артады, билігі күшейеді. Бірнеше
қатыны, қаншама баласы бар екен. Ал әуелгі, қыздай алған қосағы, бас
бәйбішесінің аты – Құба-Марал. Бөрте-Шене мен Құба-Марал – есім ғана
емес, тотем, кие. Кейінгі бір заманда, жарты әлемді жаулап отырған
құдыретті Шыңғыс хан, әдепкі қамажау-аңшылық кезінде қоршауда қалған
бөрі мен марал атаулыны түгел босатып қоя беріпті деген дерек сақталған.
Осы Бұғы-Ана мен Көк-Бөріден туған үлкен ұл Баташы биік мәртебеге жетеді,
хан атанады. Баташы-ханның орнын басқан баласы Тамашы-ханның бес ұлы
болыпты, үлкені әрі мұрагері – Қорышар-мерген. Қорышар-мергеннің ұлы –
Құжам-Борағұл. Оның орнын басқан ұлы – Еке-Нидүн. Еке-Нидүннен – СымСаушы, одан – Қалы-Қаршы. Қалы-Қаршының ұлы – Бөржігетай-мерген, оның
ұлы – Торғолжын-Баян. Бұл кезде Бөрте-Шене әулеті кеңінен жайылып,
Бұрқан-Қалдұннан таралып ағатын үш су – Онан, Келүрен, Толы өзендерінің
бойын мекендеп жүрген екен. Сол Торғолжын-Баянның ақсауыр, азбан күлік
екі аты, Дұба-Соқыр және Добұн-Баян есімді екі ұлы болыпты. ДұбаСоқырдың маңдайында үш көш жерден көретін қарақты жалғыз көзі ғана
бар. Екі жүйрікке мінген ағайынды екеуі күндердің күнінде Бұрқан-Қалдұн
тауының басына шықты. Дұба-Соқыр төңірекке тесе қараса, Түңгелік
қорығына қарай бір бөлек жұрт көшіп келе жатқанын көрді. Көрді де айтты:
«Көшкен жұрттың ішінде, қарағай арба үстінде, қалбағай шатыр астында бір
ізгі әрі бекзат қыз отыр, басы бос болса, саған айттырайық», – дейді де інісі
Добұн-Баянды көріп келуге жібереді. Барса, бұл – қоралас руы, Қоры-Түмет
аймағына сыйыса алмай, енді жері жайлы, аңы мол деп естіп, БұрқанҚалдұнға қарай беттеп келе жатқан Қорылартай-мергеннің көші екен.
Ибадатты ару қызының аты – Алан-Құба, басы бос көрінді. Добұн-Баян сол
арада құда түсіп, көп ұзамай осы Алан-Құбаға үйленіпті. Алан-Құба екі ұл
табады, Белгүнөтай, Бөгүнөтай деген. Көп ұзамай Дұба-Соқыр қайтыс
болады. Артында қалған ересек төрт ұл ағаларын сыйламай, бөліне көшіп
кетіпті.
Бірде Добұн-Баян аң аулап, Тоғұшақ деген қырқаға шығады. Әлдебір ұраңқай
атып алған құнан бұғысын сойып, төстігін отқа қақтап жатыр екен. «Нөкерден
шыралғы?!»– дейді Добұн-Баян. Аңшы «Ала ғой» деп, бұғының терісі мен
кеуде тұсын өзіне қалдырып, қалғанын Добұн-Баянға береді. Добұн-Баян
бұғыны бөктеріп алып, қайтып келе жатқанда бала жетектеген бір жарлыға
жолығады. «Сен кімсің?» – деп сұрайды. «Мен баяуыт Мағалық деген болам.
Аштықтан әрең келем. Анау аңның етінен татырсаң, саған мына баламды
берер едім», – дейді. Добұн-Баян мақұл көріп, құнан бұғының бір санын
бұзып береді де, баланы алып, үйіне әкеліп, жалшы қылып қояды. Содан, бір
уақытта жасы келмеген Добұн-Баян да өледі. Алан-Құба жесір қалыпты.
Арада аз ба, көп пе, уақыт өткенде таңғажайып іс болады. Бірде түн ішінде,
Алан-Құба ұйықтап жатқанда шаңырақтың жабығынан аппақ шапақ шығады
да, оның нұры тұпа-тура әйелдің құрсағына түседі. Ес пен түстің арасында
бәрін анық аңдаған Алан-Құба таңырқау мен үрей аралас қалыпта әрең
оянады, бірақ болған жағдайды ешкімге айтпайды. Көп ұзамай, жесір әйел
өзінің жүкті болып қалғанын біледі. Айы, күні жетіп туған баланың атын БұғыҚатағы қойыпты. Бірақ ғажайып осымен тоқтамайды. Құрсағына тағы да нұр
төгіліп, тағы бір ұл табады. Оның атын Бұқаты-Салжы қойыпты. Сірә, үшінші
мәртеде, ғажайып сәуле – елесті кісі бейнесінде көрініпті. Нұрға шомған
жирен шашты ақсары адам қасына келіп жатып, құрсағын сипап нұрын
сіңіреді де, таңға жақын сабалақ сары төбет кейпінде есіктен шығып кетеді.
Бұл жолғы туған баланың аты – Боданшар екен. Нәсілі нұрдан жаралған деп
әспеттелген сайыпқыран Шыңғыс ханның оныншы бабасы. (Қазақ аңыздары
Шыңғыс ханның тұпа-тура өзін нұрдан жаратады.) Сөйтіп, Добұн-Баянның
шаңырағында, Алан-Құбадан туған бес ұл қатарынан өсіп жатады.
Ақыры, нақты әкесі бар, ересек екі ұл бөлектене бастайды. Өзара күңкіл
сөзде: «Мына соңғы үш ұл қайдан келді? Әкеміз өлген, тақау жерде оның
аға-інісі немесе басқадай жақын туысы жоқ. Тек жалшы баяуыт Мағалық
қана бар. Сірә, мына ұлдар содан туған шығар...» – деп топшылайды.
Бұл жағдайды аңдаған Алан-Құба бірде көктемеде үйтілген қойдың сары-ала
сүрін молынан асып, бесеуінің алдына тартады. Содан соң, қатар отырған
кездерінде әрқайсына бір-бір масақ шыбық беріп, кәне, сындырыңдар депті.
Үлкені де, кішісі де оп-оңай сындырады. Содан соң бес шыбықты біріктіре
байлап, енді осы бітеу бес масақты сындырыңдар дейді. Ешқайсысы
сындыра алмайды.
Сонда Алан-Құба айтты дейді: «Сендер, екі үлкенім, Белгүнөтай, Бөгүнөтай,
көңілдеріңде кірне бар. Мына үш ұл қайдан келді деген күмән орынды. Енді
айтайын...» Содан соң ғажайып жағдайдың сырын ашады. Және айтыпты:
«Бұл үшеуі – Тәңірінің алқауымен нұрдан жаратылған. Қаймана қарашы
жұрттан өзгеше тумысы бар. Ертең бұлардың әулеті ел иесі, хандардың ханы
болады!» – дейді. Тағы да айтыпты: «Сендер, бес оғұл, бесеуің де менің
құрсағымнан шықтыңдар. Егер әрқайсың өзіңше бет-бетіңмен жүрсеңдер,
жаңағы жалғыз шыбықтай оп-оңай сынасыңдар. Бесеуің біріксең, берік күш
табасыңдар!» – деген үлгі тартады.
Күндердің күнінде Алан-Құба дүниеден өтеді. Шешелері өлген соң ағайынды
бесеуі енші бөліседі. Бөліскенде үлкен төртеуі бәрін өздері алады да, кенжесі
Боданшарға ештеңе бермейді. Артық сөзі жоқ, момын інілерін тума есіміне
қоса Мыңқи – Боданшар-Мыңқақ атандырған ағалары оны адам қатарына
санамапты.
Боданшар ағаларым мені туыс деп танымай, шетке қақты, енді бұлармен
жанасудың қисыны жоқ деп біліп, шодыр арқа, шолтаң құйрық шабдар құла
атына мініп, басы ауған жаққа жөн табады. Онан өзенін құлдай түсіп, Балжұнарал деген жерге келіп, үстіне шөп жапқан балаған тігіп жатады. Кейде
қасқырдан қорғалап, жықпылға тығылған қоңыр аңды атып алады, кейде сол
қасқырдан қалған жемтікті жалғажау етеді, әйтеуір амалдап, тіршілігін
жалғастырады. Содан бірде көк қаршығаның қара құрды алып жегенін
көреді де, шодыр арқа, шолтаң құйрық шабдар құла атының қылынан тұзақ
есіп, қаршығаны ұстайды, асырап, баптап, қолға үйрете бастайды. Бұл екі
ортада күн суытып, қар жауады, Боданшар бұрынғы машығымен әйтіп-бүйтіп
тамақ асырайды, қолдағы қаршығасымен бірге қыстан аман өтіпті. Көктем
туғанда қаптап қаз-үйрек келеді. Боданшар қаршығасын қайырып, құсқа
салады. Түбір сайын төсін жайып, бұтақ сайын бұтын іліп, төңірегі қан
сасығанша саят қылады.
Бір күні қоңыр таудың ығы, қара орманның сыртынан бір бөлек ел Түңгелік
қорығына көшіп келеді. Боданшар қаршығасы өрлей ұшқанда, соларға
барып, сусын ішіп жүреді. Ол жұрт құсына қызықса да, Боданшардың жөнжосығын қазбаламайды. Боданшар да сендер кім боласыңдар деп
сұрамайды. Күндердің күнінде манағы Бұғы-Қатағы ағасы Боданшарды іздеп
шығады. Білген жөнімен Онан өзенін құлдай түсіп, Түңгелік қорығына жетеді,
әлгі жұрттан сондай да сондай көбеген, сондай атқа мінген, көрмедіңдер ме
деп сұрайды. Олар дәл осындай аты бар, өзі де сен сұрағанға ұқсас,
қаршығалы саятшы көрдік, күн сайын бізге келіп, қымыз ішіп кетеді; түнде
қайда қонатынын білмейміз, әйтеуір теріскей-батыстан жел тұрса,
қаршығасы алған қаз-үйректің мамығы қардай борап, бізге жетіп жатады,
сірә, тұрағы тақау тәрізді, енді міне, өзінің келетін шағы да болып қалды, күте
тұр, дейді. Айтқанындай, сол сәтінде Түңгелік-қорық басынан бір жігіт келе
жатады. Қараса, Боданшардың нақ өзі екен. Бұғы-Қатағы інісін таныған соң
көрісіп, бітісіп, қасына алып, Онан өзенін өрлеп, желе шоқытып жүріп кетеді.
Сонда Боданшар Бұғы-Қатағыға ілесіп келе жатып айтыпты: «Аға, аға,
кеудеде бас болса, киімде жаға болса жақсы ғой!» дейді. Бұғы-Қатағы сөз
мәнісін ұқпайды. Боданшар қайталап айтады, ағасы бәрібір түсінбейді және
қайырып жауап та қатпайды. Ақыры, Боданшар жүре келе жаңағы сөзін тағы
да қайталағанда ағасы: «Манадан бері не сөйлеп келесің?» депті. Сонда
Боданшар айтыпты: «Жаңағы Түңгелік қорығындағы жұрт иесіз екен, үлкені
мен кішісі, жақсысы мен жаманы, басы мен сирағы айырғысыз, бірыңғай,
берекесіз, бейқам тобыр. Бодан қылып алайық!» – дейді. «Жә, алсақ алайық,
– дейді ағасы. – Бірақ әуелі үйге барып, аға-іні болып ақылдасып, күш қосып,
содан соң жаулайық», – дейді. Осылай келіседі. Содан үйге келіп,
мақұлдасып, тізе қосып аттанады, жаңағы жұртты бағындырып алады, бірін
малшы, бірін жалшы қылып, түгелдей қызметіне жетеді. Сөйтіп, бәрін бір
құрсақтан жаратқан Алан-Құба ананың өсиеті орнына келіпті; бірлікте болып,
билікке жеткен бес ұлдан тараған әулет бес рулы ел болады: Белгүнөтайдан
– Белгүніт руы, Бөгүнөтайдан – Бөгүніт руы, Бұғы-Қатағыдан – Қатаған руы,
Бұқаты-Салжыдан – Салжығұт руы тарайды, ал Боданшардан – Бөржіген
(Бөржігіт), яғни Бөрі әулеті бастау алады.
Осы Боданшардың бәйбішеден туған бел баласы – Бұқа. Бұқаның ұлы –
Дұтұм-Мәнен. Дұтұм-Мәненнің ұлы – Қайду-хан. Бұл Дұтұм-Мәнен – Шыңғыс
ханның жетінші атасы (Рәшид-әд-Диннің «Жинақты тарихы» бойынша).
Екінші бір дерек көзі – эпостық-аңыздық шежіренің айтуынша, Боданшардың
бәйбішеден туған ұлының аты – Қабышы-бахадұр, жаңағы Бұқаның орнында,
оның ұлы – Мәнен-Тұдын, есімде айырым жоқ, Мәнен-Тудынның бір ұлы –
Қашы-Күлік; Қайду-хан осы Қашы-Күліктен туады. Ортада тұрған Бұқа мен
Қабышы екеуін бір кісіге санасақ, есімнің қисыны да солай – Қабышы-Бұқабахадұр, оның ұлы Дұтұм-Мәнен, бұдан соң – Қайду хан мен аралықта, сірә,
тауарихтың дерек көздерінде әлдеқалай түсіп қалған Қашы-Күлік тұр. Яғни,
Боданшар – Қабышы-Бұқа – Дұтұм-Мәнен – Қашы-Күлік – Қайду. Бұл желі
бойынша, Дұтүм-Мәнен – Шыңғыс ханның сегізінші атасы болып шығады.
Бұл Дұтұм-Мәненнің тоғыз ұлы бар екен. Өзі өлгенде жұртына сол тоғыз
ұлдың анасы Мұнұлұн-Торғын ие болып қалады. Тоғыз ұл өсіп, әрқайсысы әр
рудан әйел алып, өркендеп жатады. Ақыры күндердің күнінде шүршіттен
ығысқан жалайырмен қақтығыста шешесі бастаған сегіз ұл түгел өледі, жұрты
талауға түседі, тек жолаушылап жүрген кенжесі Нәшін мен жалғыз немере –
қымыз астаудың астына жасырған кішкентай Қайду ғана тірі қалыпты. Кейін
хан атанған бұл Қайду – Шыңғыс ханның алтыншы атасы. Апаттан соң ағасы
Нәшіннің бастауымен үйреншікті жұртынан қоныс аударып, ел шетіндегі
Барғұжын-Тоқым деген жерге қоныстанады, сонда ержетіп, күш тауып,
атаққа шығады. Батыр болады, бай болады, ақыры қаншама жұртты билеген
хан болады. Қатыны көп екен, бәйбішеден туған ұл – үшеу. Үлкені –
Байсұңқар-Доқшын – Қыран, Тұйғын Байсұңқар, Шыңғыс ханның бесінші
бабасы; ортаншысы – Шарақа-Лингүм, анықтама мағнасы – қытай тілінде
ұлұғ әмір, шүршіттер берген атақ, бұл Шарақа – тайжуыт руының түп атасы
болады; кенже ұл – Шаужын-Құқұр, одан оронар, қонқотан, арулат, сүнит,
қаптұрқас және кенегес аталатын алты ру тарайды.
Байсұңқардың ұлы – Түмбине-шешен. Түмбине-шешеннің тоғыз ұлы болды,
әуелгі бесеуі – бәйбішеден, кейінгі төртеуі – тоқалдан; уақыт өте келе
әрқайсысының әулеті рулы елге айналды. Тоғыз ұлдың алтыншысы –
Шыңғыс ханның бабасы Қабұл хан екен. Қабұл ханның бәйбішесі – қоңырат
Құба-Күлікті, жеті ұлы болыпты, соның үшіншісі – Бартан-бахадұр. Бартанбахадұрдың бәйбішесі Сүнигүл – барғұт руынан. Төрт ұл табады: МүңгетуҚиян, Некүн-тайшы, Есугей-бахадұр, Дәрітай-Отшыген. Үшінші ұл Есугей –
сайыпқыран Шыңғыс ханның туған әкесі болады.
Сонымен, жинақталып келгенде, ежелгі шежіре және жазба тауарихта
таңбаға түскен нақты деректер бойынша Шыңғыс ханның тікелей ата-тегі
былай таратылса керек: Бөрте-Шене – Баташы-хан – Тамашы-хан – Қорышармерген – Қожам-Борағұл – Еке-Нидүн – Сым-Саушы – Қалы-Қаршы –
Бөржігетай-мерген – Торғолжын-Баян – Добұн-Баян – Боданшар – ҚабышыБұқа – Дұтұм-Мәнен – Қашы-Күлік – Қайду-хан – Байсұңқар-Доқшын –
Түмбине-шешен – Қабұл-хан – Бартан-бахадұр – Есугей-бахадұр, бәрінің
түйіні – Шыңғыс хан.
Борте-Шенеден тартқанда Шыңғыс хан жиырма екінші ұрпақ болады екен...
Иә, айтпақшы, орта жолдан өте бергенде азғана кілтипан бар. Көзі қарақты
білгірлер назар аударған. Боданшар... Добұн-Баянның дәп өзінен туған жоқ
қой... Кейінгі біздің ауылдағы, өздерінің асыл бітіміне сенген әлдебір қытайқырғыз бен сарт-сауан турасын айтады: бұл қаныпезер Шыңғыс ханыңыз –
атасыз, тексіз, жолдан туған біреу деп. Ал арғы беттегі, қалай дегенмен де,
арнайы білімі бар, ең бастысы – өздерінің абыройын ойлаған кейбір кісілер
бұл – патри-жүйе мен матри-жүйенің астасуы, яғни ата-тек пен ана-тектің
бірлік көрінісі, немесе тепе-тең алмасуы деп біледі. Бірлігі жөн, әйтсе де
алмасуы қалай деп бас қатыра қоймайды. Сірә, есіктегі малшыдан келген
пәле деседі. Ал біздің жұрт үшін бәрі айдан-анық болған; Нұрдан жаралды!
Бүгінгі тілге көшірсек, Иисус Христостың анасы Мәриямды Еркек құдайдың
өзі тікелей ұрықтандарса, сайыпқыран Шыңғыс хан тұпа-тура Мәңгі Тәңірінің
шапағы – Нұрдан жаралған! Құдайдан туған, өзі де Құдай, жаңағы біздің
қытай-қырғыз Мұхамед пайғамбардың алдына шығарғысы келген Иисус
Христосты неге ғана әлдебір санасыз кісілер азаптап, ұрып өлтіреді, ал
қайдан, кімнен туғаны белгісіз Шыңғыс хан қалайша ғана төңірегін түгел
жайпап жүріп, жарым дүниенің патшасы болады деп, онсыз да ашыған
мыйға салмақ түсірмей-ақ қояйық. Ғажайып бір тұлғалардың ғайыптан
жаратылуы – ежелгі аңыздарда жиі ұшырасатын жағдай. Бұл тарапта, керек
десеңіз, нақты тарихи тұлғаларға қатысты, ескілікті жазбаларда таңбаға
түскен қаншама қилы хикая бар. Сәнби қағанатын көтерген Таншихуайдың
анасы қапелімде аузына түсіп кеткен мұз-бұршақтан құрсақтанады; Қидан
империясын негіздеген Елүй Амбаған жарық күн сәулесінен жаралады;
Мәнжүр әулеті Нурхаци–Абахай хандардың арғы аналары ормандағы ерекше
бүлдіргенді жеп жүкті болады; Ежелгі Қытайды біріктіріп, күш-құдіретке
жеткізген Цинь Ши-хуандидің мифтік бабасы әлдебір бейкүнә бойжеткен
аңдаусызда жеп қалған қарлығаш жұмыртқасынан туады... – толып жатыр.
Жаңа әулет қана емес, жаңа ұлыстың да іргесін бекіткен ғаламат Шыңғыс
ханның тумысы да табиғаттан тыс, осындай ғажайып болуға тиіс еді. Бұл
жора құдыретті қағанның көзі тірісінде қалыпқа түскен сияқты. Таңдау –
естен кеткен ескі заманда жасаған оныншы баба – Боданшарға түседі.
Әуелде тек Боданшар ғана. Ата-анадан соң енші бөлісу кезінде үлкен төрт
ағасы Боданшарға үлес бермейді ғой. Ұрығы бөтен, яғни жат ру санап, шетке
қағады. Ал тетелес екі ағасы әуелгі екі ағаға бөтен емес екен. Яғни, бәрі бір
ру, төртеуі де Добұн-Баян әулеті. Иакинф келтірген, д’Оссон куәландырған
қытай деректерінде, XVIII ғасырдағы моңғол ескерткіші «Шара туджи» –
«Сары шежіреде» нұрдан жаралушы – жалғыз Боданшар ғана болып
шығады. Яғни тек кейінірек, ұлыстың ұйысу кезеңінде ағайын арасындағы
бірлік үшін Бұғы-Қатағы (қатаған руы) мен Бұқаты-Салжы (салжиут руы) да
Боданшар әулеті сияқты нұрдан жаралған есептеліп, Нирун бірлестігін
құрайды. Әрине, бұл кезде біз де ғажайып әулетпіз деп, ешкім де Шыңғыс
ханмен билікке таласа алмайтын еді. Сонымен қатар, уақыт оза келе,
Тәңірінің нұрынан жаралу мәртебесі Шыңғыс ханның жеке басы, тек өзіне
ғана тиесілі болып шыққанын көреміз. Бүкіл Қытайды билеген Юань
әулетінің ең соңғы хуанди-боғдыханы Тоған-Темірдің (1332–1368) құлаған
патшалығын жоқтаған тарихи жырында Шыңғыс хан – «Хан-Тәңірінің ұлы»
деп, нақты аталады. Бұл ретте сол заманғы армян тарихшысы Киракос
Гандзакеци (1201–1272) деректі куәлік қалдырған. «Татарлардың ұғымынша,
олардың патшасы Құдайдың өзімен тепе-тең көрінеді: Дәлел ретінде
Шыңғыс хан ер адамның ұрқынан емес, нұр-сәуледен жаратылған деп
айтады», – дейді Киракос. Бұдан соң белгілі хикая баяндалады. Азды-көпті
айырымы да бар. Нұр болып түскен ғажайып тұлға: «Ұл табасың және ол
бүкіл әлемнің әміршісі болады!» – депті. Әйел алғашқы күні құрсақтанса да,
нұр-бейне кейін де әлденеше рет келген екен. Әлдекімдер күдіктеніп,
сырттан бақылай бастайды. Ақыры көріпті. Түнде киіз үйдің жоғарғы тесігіне
(яғни шаңыраққа) күн нұрына ұқсас жарық түседі де, ішке құйылады.
Біраздан соң әуелгі нұрлы жарық қалпында қайтадан сыртқа шығып кетіпті.
Қазақ арасында сақталған, совет өкіметінен бұрында жазбаға, таңбаға ілінген
ежелгі аңызда да дәп осылай. Әуелгі әкеден туған төрт ұл тумысы күмәнді
інілері Шыңғысқа қысым көрсете бастайды. Атасы бөлек Шыңғыс шетке
кетеді, жан бағып, саят құрып жүреді, бұл кезде арттағы елдің тынышы
бұзылады, текті әулеттен хан сайлау керек болады. Халықтың қалауымен,
арнайы өкілдер Шыңғысты тауып әкеледі. Сол кезде Шыңғыстың анасы өкпе,
арыздық болмас үшін, бірге туған бес ұлдың қайсысы түндіктің саңылауынан
түскен сәулеге садағын ілдірсе, хан болуға лайық шын текті – сол депті.
Әуелгі төрт ұлдың әрекеті, әрине, сәтсіз аяқталады. Ақыры кенже ұл
жабықтан түскен жіптік сәулеге садағын асып қойыпты. Сөйтіп, Шыңғыстың
Тәңірінің нұрынан жаралғаны нақты дәлелденген көрінеді. «Садағын сағымға
ілдірген Шыңғыс хан» қазақ арасында осылай дәріптеледі.
Егер аңыздағы Шыңғыс хан жазба тарихта нақты деректі әкесі Есугейден
емес, ғажайып нұрдан жаралса, оның нақты оныншы атасы Боданшардың
тумысы да шежіредегі Добұн-Баяннан алыс деп айту қиын. Арыдағы орысорман, берідегі сарт-сауан үздіккендей, тұқым жалғастығы болмаған күннің
өзінде нәсіл жалғастығын ешкім теріске шығара алмайды. Ата қуған буын
саны да сол сияқты.
Бөрте-Шенеден тартқанда, Шыңғыс хан жиырма екінші ұрпақ болады дедік.
Қалыптасқан есеп бойынша, жүз жылда үш-төрт ата ауысады. Орталап
алғанда, Бөрте-Шене әулетінің Шыңғыс ханға дейінгі ғұмыры VI ғасырдың
басына барып тіреледі екен. Түрік қағандығының бастау кезеңі. Ал Бөрі
әулеті... Ата-бабасын Бөріден тарататын бірден-бір халық – түрік текті қауым.
Және жаратушы құдырет – Тәңірі деп әуел таныған да түрік жұрты. Бұл халық
түрік тілінде сөйлегені мәлім, бүгінгі тұрғыдан айтқанда, көне түрік тілінде.
Тәңірінің Нұрынан жаралған, Көк-Бөрі тұқымдас, сайыпқыран Шыңғыс
ханның ата-бабаларының барлығының есімі – ежелгі түрки негізінде. Ал өзі...
Тумысы, болмысы, шыққан ортасы, мақсат-мүддесі мен арпалыс күресі,
ұйыстырған ұлысы мен өнеге, өсиеті, және санап тауыспас тағы қаншама кеп
– мүмкін-қадарынша, осы ғұмырбаян-тауарихта баяндалмақ. Мәңгі Көк
Тәңірі денімізге қуат қосып, санамыздағы себез сәулені самалаға ұластырса,
тек өзіміз туған қазақ қана емес, қанымыз ортақ бүкіл түрік қауымының, қала
берді, тамырымыз бір, киіз туырлықты көшпенді жұрттың ғасырлар бойы
бұрмаланған көне тарихының тұтас бір кезеңі – ұлан-ғайыр, даңқты
заманының шынайы шежіресі біржола таңбаланып, біздің де өмірлік бар
мұратымыз орнына келер еді!
ІV тарау
ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ РУЛАР МЕН ТАЙПАЛАР
Қиыр Шығыста – Үлкен Хиңган тау тізбегі және одан бастау алатын Сары-өзен
– Шара-мурен мен Амурдың толымды тармағы Арғұн өзенінен тартып,
Орталық Батыста – Днестр, Прут өзендерінің алқабы, Карпат баурайы,
Түстікте – Ұлы Қытай қорғаны, Жасыл-дария атанған Хуаңхэ өзенінің
ауқымды иіні Ордос, Гоби шөлі, Ерен-Қабырға, Алатау, Сыр-дария, Үстірт,
Күзей Қапқаз, Қара теңіз, Терістікте – Байқал көлінің етегі, Сібір тайғасы, Орал
тауының құламасы, Орыс орманымен шектелетін Шалқар Дала – негізінен
жазаң, қырқа-белесті, аумағы әлденеше мың шақырымдық ұлан-ғайыр
аймақ Ұлы Түрік қағанаты және соған жалғас дәуірлерде тамыры ортақ, тегі
бір, тіршілік кебі ұқсас, әдет-ғұрпы орайлас, тілдері туыстас түрік жұртының
орнықты қонысына айналған еді. Махмұд Қашғаридің (ХІ ғ.) тілімен айтқанда,
Рұмнан – Машынға, яғни Батыстағы Византия империясынан Қиыр
Шығыстағы Қытай патшалығына дейінгі бүкіл Далалық Еуразия – жарым
дүние – түрік иелігінде болды. Әлбетте, саны мол, қуаты артық халықтың
әлденеше ғасырға созылған әкімшілік, шаруашылық және мәденитұрмыстық үстемдігі кезінде жауланған, біріккен, бауырласқан үлкенді-кішілі
қаншама қауым түріктенді, нәтижесінде азды-көпті аймақтық, жергілікті
өзгешеліктер пайда болды, бірақ Шалқар Дала шегіндегі барлық жұрт
өздерін бір нәсіл деп білді, үйлес тіршілік, тәріздес дәстүр-салт тума
жалғастыққа ұйтқы болды, ал диалектілік қана айырымы бар ортақ тіл
көршілес қана емес, шалғай алыстағы ағайындармен еркін түсінісуге жол
ашты, туыстықтың ең үлкен көрінісіне айналды.
Түрік қаруының күші бүкіл Еуразияның саяси қартасын қайта жасаса, түрік
мәдениеті мен тұрмыс кебі, дәстүр-салты терістік-шығыстағы моңғол, тұңғыс
текті тайпалардың тіршілік кешуін жаңа арнаға түсірді, түстіктегі қытай
халқына ықпал етіп, Алғы Азия және Еуропа жұрттарының әскери өміріне
үлкен өзгеріс әкелді.
Жарым дүниені бауырына басқан, атақ-даңқты әлемді дабылдатқан Ұлы
Түрік қағанаты Батыс, Шығыс болып қақ жарылған, ақыры біржола ыдырап,
дербес ұлыс ретінде қатардан шыққан соң, ежелгі иелік шегінде ертелі-кеш
жаңа құрылымдар шаңырақ көтеріп, ұрпаққа ұрпақ жалғасқанын көреміз.
Ұлы қағанат дәуіріндей бір ту астында тұрмаса да, Шалқар Даладағы тіршіліктыныс тоқталмаған. Түрік текті халықтардың саны өсті, қонысы кеңейді,
еңсесі биік, жауынгерлік қабілеті жоғары болды. Белгілі, бұл кезде түрік
қауымы Жәйқұн – Сырдан асып, Сәйқұн – Әмуден өтіп, бүкіл Хорезм,
Хорасанға жайылған, Күнгей Қапқазды алып, Анадолы түбегіне бойлай
кірген, бірақ біздің әзіргі сөз – Шалқар Далаға ғана қатысты. Осы Шалқар
Даланың мәңгілік рухының, түрік халқының елдік мұрасы мен ерлік
дәстүрінің ең айқын көрінісі – әлемдік Шыңғыс хан империясы тақыр тастан
өндіген жоқ, ордалы жұрттар қонысында қалыптасып, өзіне дейінгі Ғұн, Түрік
империяларының заңды мұрагері, табиғи жалғасы ретінде бой көтеруге тиіс
еді.
Болашақ ұлы қаған ат жалын тартқан заманда Шалқар Даланың Алтай
тауымен шектелетін бүкіл батыс бөлігі Дәшті-Қыпшақ атанды, бұл тараптағы
түрік жұртының көршілері таныған ортақ есімі – қыпшақ еді. Өзара туыстас,
қандас, бауырлас рулардың барлығы да саны мол, қуаты зор, жетекші тайпа
– қыпшақ атына телінген. Ал шығыстағы, Алтайдан Шүржен патшалығына
дейінгі аралық, бүгінде Моңғол ұлысы және Ішкі Моңғолия аталатын, әуелде
Ұлы Ғұн империясы, одан соң Ұлы Түрік қағанаты бастау алған Ұлы Дала –
Татан атанды, бұл өңірдегі түрік жұртының көршілері әйгілеген және өздері
де мақұл көріп, қабылдаған ортақ, жалпы есімі – татар еді, яғни бұл
тараптағы ең қуатты, жетекші ру – татар болған.
Сонымен, Шыңғыс хан дүниеге келер қарсаңда бүкіл Шалқар Далаға
жайылып жатқан түрік нәсілі екі үлкен супер-этникалық топқа бөлінгенін
көреміз: Батыста – Дәшті-Қыпшақта – қыпшақ жұрты, Шығыста – Татан
даласында – татар қауымы. Осы орайда, сайыпқыран Шыңғыс ханның Ұлы
Даланы ұйыстырып болғаннан соң, Батыс бағытындағы Сартауыл соғысы,
соған жалғас Жебе-ноян мен Сүбітай-бахадұрдың зәңгір Қапқаз жотасын
көктей өтіп, Батыс Дәштіні барлауы, ақыры Сайын хан Батудың Бұлғар,
Қыпшақ жорығы – екі тараптағы бүкіл түрік халқын қайта біріктіру мұратынан
туындағанын көреміз.
Жә, асықпайық, бәрі де рет-ретімен. Біздің әуелгі кеңесіміз – Шалқар
Даланың шығыс бөлігіне қатысты. Соған орай бастапқы сөз – Татан аймағын
мекендеген татар жүртының құрамындағы ру-тайпалар жөнінде.
Татар
«Татар жұрты ежелгі заманнан бері әлемге әйгі», – деп жазады Рәшид-әдДин. Қуатты болды, құдіретті болды, қаншама жұртты өзіне қаратты және
өздерінен бөлінген қаншама қауымның түп атасы болды дейді.
Татар есімі алғаш рет Күл-тегін ескерткішінде (732) таңбаланған. VI–VII ғасыр,
әуелгі қағандар заманында «отыз-татар» атаныпты. Бұдан соң, Күл-тегіннің
әкесі Елтеріс қаған, ағасы Білге-қаған тұсында, яғни VIII ғасырдың алғашқы
жарымында «тоғыз-татар» атанады. «Отыз» да, «тоғыз» да тайпалық одақ
құрамындағы рулар санын айғақтамақ. Қағанат ішіндегі тоғыз-татар тоғызоғұзбен тізе қоса отырып, Білге-қағанға қарсы көтеріліске шығады, бірақ
жеңіліске ұшырайды. Қағанаттан соң, Тоғыз-оғұз ұлысы кезінде басқа
тайпалармен бірге билеуші әулет – ұйғыр қағанына қарсы көтеріледі, тағы да
басылады. 842 жылғы қытай дерегінде қайтадан Тоғыз-оғұз ұлысының
одақтасы ретінде аталады. Бұл кезде татар тайпасы өлкенің шығыс тарабы –
Келүрен (Керулен) өзенінің етегі, Бұйыр, Құлын көлдерінің төңірегі, Хиңган
тауларының батыс беткейіне берік ірге тепкен еді. Бұл – қазіргі Моңғол
ұлысының қиыр шеті және Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағының солтүстікшығыс атырабы. Оты мол, суы мол, малға жайлы, қазыналы қоныс. Осы
өңірде өсіп-өнген, саны көбейіп, күші толығып, қуатты жұртқа айналған
татарлар IX ғасырда бұрынғы Түрік қағанаты, оған жалғас Тоғыз-оғұз ұлысына
қарасты байырғы жерді, мекендеген халқымен бірге, өзіне қосып ала
бастайды. Сөйтіп, қият, керей, жалайыр, оңғыт, меркіт, қоңырат, найман,
рулары негізін құраған, нәсілі, тегі ортақ ежелгі түрік қауымының үлкен бір
бөлігі енді Татар ұлысы (қытай деректерінде Цзубу) атанып, қайтадан ұйысу
қарсаңында тұрады. «Татарлардың ұлылығы және айрықша құрмет,
мәртебесі соншалық, барлық түрік тайпалары, өздерінің ішінара
айырмашылығына қарамастан, түгелдей татар атана бастады; бұл әрқилы
түрік рулары татар саналып, татар атану – ірілік белгісі, қастерлі мәртебе деп
білді», – дейді Рәшид-әд-Дин. Махмұт Қашғари «татар» есімін Шын
мемлекетімен шектес түрік тайпаларының жинақты атауы ретінде қолданған.
Көп ұзамай-ақ Татар ұлысы Ордостан Алтайға дейінгі аралықтағы байтақ
Даланы біріктіреді. Таңғұтпен соғысады. Қытаймен елші алмасады, Орталық
империяға ғана емес, Орталық Азияға да – Шын мен Машын, Тұран мен
Иранға мағлұм болады. Мұсылман тарихшылары Алтай мен Днепр
аралығындағы, түрік тайпалары жайлаған ұланғайыр өлкені Дәшті-Қыпшақ,
яғни Қыпшақ-Даласы деп атаса, енді Терістік Қытай мен Шығыс Түркстан
аралығындағы, мұнда да түрік тайпалары мекендеген байтақ атырапты Татар
Даласы деп атайды, ал осы кездегі қытай тариханамасы бұл өлкеге Татан
деген атау береді де, мұндағы халықтың жалпы ныспысы ретінде татан, да,
дада атауын қолданады, яғни ел де, халық та татар атында. Сонымен қатар,
қытай деректері татар атаулының өзін үш топқа бөледі, ақ татар, қара татар,
және жабайы татар деп. Империя шегінен алыс – терістік бет, орман
арасындағы «жабайы татарлар» – әдетте аңшылықпен ғана тіршілік айырған,
бүгінгі тілмен айтқанда негізінен моңғол текті рулар екенін көреміз. Ал ақ
татар мен қара татар – қытайлар қалыптаған емес, тек қана айғақтаған жіктеу
екені байқалады. Ақ татарлардың Қытаймен іргелес, түстік өңірде, ал қара
татарлардың одан әрі, орталық тарапта орналасуы өз алдына, ежелгі түрік
ұғымында ақ – оңтүстік, қара – солтүстік мағнасын беретінін және ру, тайпа
ішіндегі аталардың түстеп бөлінетінін (ақ, қара, сары, қоңыр, қызыл...)
ескерсек, ақ татар, қара татар – сырттан таңылған емес, өзіндік атау екенінін
аңдаймыз. Әу бастағы татар тайпасы – ақ татар тобына жатады (Шыңғыс
ханның әулеті – қара татар болатын).
Татар ұлысының ұйықты ордасы тұрған Бұйыр-нор, Құлын-нор аймағы –
Терістік Қытай (әуелде Қидан, кейінде Шүржен, яғни Ләуо және Цзинь)
патшалығымен жапсарлас еді. Мың жылдық империялық мүдде дәл іргеден
арыдағы Ғұн, берідегі Көк Түрік үлгісімен қуатты жаңа бір мемлекеттің
көтеріліп шығуына жол бере алмайтын. Татар ұлысына қарсы тікелей
соғыстар айтарлықтай нәтиже бермейді. Бірде империя татарды таптауға жүз
мың әскер шығарыпты. Бірақ соншама жасақ ел ішіне бойлап ене алмай,
жеңіліске ұшырап, кері шегінеді. Бұдан соң епті саясат іске қосылады. Ақыры
Татар ұлысы ыдырапты. Толы мен Орхұн бойында отырған, бұрынғы тоғызоғұз, ендігі тоғыз-татар бірлестігінің негізгі бір жұрты Керей енді Цзубу
бірлестігінде жетекші орынға шығып, жеке хандық болып бөлінеді. Терістік
бетте саны мол меркіт пен батыстағы қалың найман да өз ордаларын тігеді.
Аралықтағы қият, жалайыр, қоңырат рулары да дербестік табады. Оңғыттар
қытай бодандығына толайымен өтіп, Ұлы Қорғанның сақшысына айналады.
Әуелгі қонысында қалған татарлар өз атымен, Татар аймағы болып шығады.
Бірақ бұрынғы дербестіктен айрылған, Шүржен (Шын) империясына
жартылай тәуелді қалыпқа түскен. Енді шүршіттер Татар ұлысын Ұлы
даладағы басқа ұлыстарға қарсы күресте жазалаушы, бағынышқа келтіруші
күш ретінде пайдаланады, сонымен қатар, өздерінің бұрынғы үстемдігін
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 13
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480