Latin

Шыңғысхан - 21

Total number of words is 3956
Total number of unique words is 2034
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бір тарабы Дәшті-Қыпшаққа керуен жүргізеді, одан әрі Алғы Азия және
Шығыс Еуропа елдерімен арадағы сауда мен алыс-беріс ісіне мейлінше
ықпал етіп отыратын болады. Тіпті, уақыт оза келе Қытай мен Орта Азия
арасындағы керуен қатынасын түгелге жуық қолға алады, соған орай
Самарқанның шығыс қақпасы «Қидан дарбазасы» атанатын болыпты.
Бұл кезде қидандардың өзі жартылай отырықшы қалыпқа түседі. Қала
мәдениеті өркендейді. Қиданның құрылысшы шеберлері көрші жұрттарға да
танылыпты. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде мал шаруашылығымен бірге
егіншілік, бағбандық кәсіп те кеңінен таралады. Дәнді дақылдан арпа, бидай,
тары, бұршақ өсіреді және жеміс-жидек, қауын егеді, тұт, алма ағаштарын
баптайды екен. Уақыт өте келе, қидан шаруашылығында мал сүмесінен гөрі
жер жемісі көбірек орын ала бастады деп жазады кейінгі зерттеушілер.
Қидан-Ләуо империясының бүкіл Солтүстік-Шығыс Азия мен Ұлы Даладағы
салтанаты екі ғасырдан астам ұзақ уақытқа созылады. Ішкі қайшылықтар,
сыртқы агрессия нәтижесінде мемлекеттік құрылымынан айрылған қидан
халқының бұдан соңғы ғұмыры тым келте болғанымен, қидан әсері Ұлы Дала
ғана емес, алыстағы Дәшті-Қыпшақта да елеулі із қалдырыпты.
Қидан – далалық дәстүр мен қытай мәдениетін ұштастырған халық еді.
Әуелгі жазу-сызуы – ежелгі түрік (орхұн) бітігі екен. Қарымы ұзарып, қуатты
империя құрған шағында өзіндік таңбаға көшеді. Қатарынан екі әліп. Бірі –
ұйғыр-түрік негізді «кіші жазу», екіншісі – қытай-иероглиф үлгісіндегі «үлкен
жазу». Осы екі жазу арқылы мемлекеттік іс қағаздары, ішкі және сыртқы
алыс-беріс құжаттарымен қатар, діни және дүниауи мазмұндағы аударма
және төлтума әдебиет қалыптасады. Сонымен қатар, қол өнері, сұңғат,
сәулет өнері дамыпты. Жауынгер ғана емес, жан-жақты дарынды жұрт екен.
Иә, айтпақшы, ұлыста будда діні кеңінен тарайды, мемлекеттік мәртебе
алады, бірақ қарапайым бұқара бұрынғы шамандық нанымда қалған.
Қидан қауымының ұзын саны өте көп – ең дәуірлеген шағында 750 мыңға
жеткенімен, енді үлкен империя құрамындағы үлес салмағы азғана болып
шығады. Тек билеуші, үстем әулет. Азшылықтағы қандай да қауым аралас
отырған, бодан да болса көпшілік жұрттың ықпалына түспек. Қидан халқы
әуел бастан-ақ қытай мәдениетін айрықша қастер тұтқан екен. Жеті-сегіз
ұрпақ алмасқан патшалық дәуірде ерікті түрдегі қытайлану үрдісі аса
қарқынды болады. Патша сарайынан бастап, бүкіл әкімшілік жүйе, елдегі ішкі
тәртіп қытайдың заң-жарғысымен құрылыпты. Ұлыс әмірі ежелгі дәстүрмен
қаған атанбай, қытайша – хуанди атаныпты. Билеуші таптың тұрмыс-салты,
ең ақыры үстіндегі киіміне дейін қытай үлгісіне көшеді. Әуелгі тума есіміне
дейін өзгертіліп, Қидан орнына Ләуо (Ляо) атанған империя шын мәнісінде
қытай мемлекеті болды деп санайды кейінгі зерттеушілер. Ұлыстың негізін
салған Елүй Амбағаннан соң арада жарым ғасыр өтпей-ақ ұлттық дәстүрден
айныған Қидан-Ләуо енді ежелгі Қытайдың түбегейлі отарлық саясатын одан
ары жалғастырыпты.
Ұлы Даланы бағынышқа келтіру мақсатындағы әуелгі жорық Елүй
Амбағанның кезінде жасалған екен. Қидан әскері үлкен ұрыстан соң Орхұн
бойына, Түрік қағанатының ежелгі астанасы, бағы қайтқан Орда-балық
қаласына жетіп тоқтайды. Ал арнайы аттандырылған жортуыл қосыны
Ертістің басына дейін барлап қайтыпты. Бұдан соңғы замандарда бүкіл
Даланы тізе бүктірмек жазалау, жуасыту жорықтары одан әрі жалғасады.
Бірде татарға қарсы жүз мың әскер аттанды, бірақ ештеңе бітіре алмай бос
қайтты деп атап көрсетеді қидан тарихын баяндаған ескілікті жәдігер.
Терістік Қытайды бағынышқа келтіріп, Түстік Қытайды ықтырған Ләуо
империясы далалық тайпаларды біржола жаныштап тастай алмапты. Алайда,
тынымсыз, дүркін жорықтар нәтижесінде бодандығын мойындатып, ауыр
салықтар салады. Мәселен, бағыныштың алғашқы кезеңінде, бір ғана жылда
жиырма мың мініс атын беруге мәжбүр болған. Ақыры, Орталық Даладағы
аталы тайпалар – керей, меркіт, наймандар бастап, қытай жылнамаларында
«Цзубу» деп аталған бірлестік құрылады. Ауыр күрес, қанды соғыстар одан
әрі жалғасыпты.
Десе де, байырғы жұрты ежелгі салтын сақтаған қидан мен далалық Цзубу,
яғни Татар жұрты арасында бағзыдағы туыстық негізінен бастау алатын
ағайыншылық қатынастар да мүлде жойылып кетпегені байқалады. Мұның
айқын мысалы – Ләуо империясы XII ғасырдың бас кезінде жаңа бір
жауынгер жұрт – тұңғыс текті шүршіттердің ауыр соққысына ұшыраған кезде
айқын көрініс танытыпты. Теріске бет бұрған шүршіт-қидан соғысында бір
ғана татар тайпасы Ләуо императорына елу мың әскер береді.
Қайткенде де қиданның күні таусылған еді. 1125 жылы, осының алдында
ойсыраған жеңілістерге ұшырап, қаншама жерінен айрылған Ләуо
патшалығының ең соңғы императоры кезекті сәтсіз майданда бар әскері
тозғын тауып, өзі шүршіт тұтқынына түседі, сөйтіп, екі ғасырлық жауынгер
Қидан мемлекеті біржола құлапты. Сонымен қатар, біздің жұрт үшін қидан
тарихының жаңа бір кезеңі басталады екен.
Әлбетте, қидан – халықтың өзіндік этнонимі. Қытай деректері цидан деп
жазады. Ал түрік-татар жұрты бұл қауымды қытай деп атаған (қидан – қитат –
қытай). Бұл қытай арыдағы Орталық империя – Жүңгө патшалығының
Терістік бөлігін жаулап алып, үлкен, жаңа бір ұлыс құрсын. Енді біздің жұрт
қытай атауын сол елдің ежелгі нәсілі – ханзу халқына да көшіріпті. Ханзу
емес, қытай. Қатарлас, іргелес жұрт атауын арғы, тікелей жалғастығы жоқ
бөгде бір халықтың есімі ретінде қабылдай салу – этнология тарихында жиі
кездесетін құбылыс (мәселен, қазіргі, татар намындағы Еділ бұлғарларын
қазақтардың күні кешеге дейін «ноғай» деп атауы – бұрында екі аралықта
болған шын ноғайға байланысты). Қайткенде де, бағзыда, Түрік қағанаты
заманындағы «табғаш», аралықта, Қидан патшалығы кезіндегі «қытай», одан
кейінгі, Шүржен империясы тұсында қалыптасқан «шүршіт» – табғаш, қытай,
шүршіт – үшеуі де біздің тіл, ежелгі тарихи ұғымда, қазір мүлде тұрақтанған
қытай этнонимімен тепе-тең мағналас болып шығады. Хош. Қиданнан қытай
туындады. Енді, ілкіде түрік текті қауым қабылдаған қытай атауы, Орталық
Азия, Шығыс Еуропаны дәргейіне келтірген Ұлұғ Ұлыстар заманында бүкіл
Еуразия кеңістігінде біржола бекиді. Яғни, түрік қауымы бастап, орыстар
және басқалар қостап, кейінде қалыптасқан «қытай» – ежелгі ханзу
жұртының өзіндік емес, көршілері таққан және одан әрі таралған, жасанды,
жапсырма атауы екен.
Енді әуелгі қытай – моңғол текті қиданға қайтып оралсақ, туы құлаған,
кіріптар кепке түсіп, қырылып жатқан халықтың ежелгі патшаларының әулеті
– бұдан бұрын қол бастап, талай майданға қатысқан, шешуші сәтте орынды
ақыл-кеңесін аталас әміршісіне өткізе алмай пұшайман болған бір ханзада,
қуатты империяның негізін салған Елүй Амбағанның сегізінші ұрпағы Елүй
Дашы амалсыз жан сауғалап, Батысқа қарай қашады. Қасында небәрі екі жүз
жасауылы бар екен. Тұр-Қорған, шекаралық аймақта көмек қолын созған
оңғыттан лау, азық-түлік алған соң, құмды басып, шөлден асып, арып-аршып,
Ұлы Даланың қақ жүрегі – Орхұн бойына, қидандар Хэтун атандырған ежелгі
Қатын-балық (кейінде керей Оң ханның астанасы болған, одан Шыңғыс
ханның ұлы ордасына айналған Қарақорым) қамалына жетіпті. Сірә, ата
даңқы, туасы тегі ғана емес, ілкіде орныққан бауырлас, түсініс жалғастық
нәтижесі, бәлкім осы елге әлденендей туыс болды ма, қайткенде де барынан
айрылған қауқарсыз ханзаданы осы өңірде үстемдік етіп отырған керейлер
үлкен құрметпен қарсы алады. Шынында да, таң қаларлық жағдай. Жүз жыл
бойғы жаулас, зорлықшыл елдің билеуші әулет ханзадасы, осыдан небәрі
жиырма бес жыл бұрын ғана керей бастаған көшпенділер бірлестігін
талқандаған, керей қонысын аяусыз ойрандап, халқын қырғынға ұшыратып,
ханын азаптап өлтірген қидан жұртының өкілі. Сағы сынған дұшпан, панасыз
қашқын. Соған қарамастан, мәртебелі туыс, етжақын бауыр ретінде
қабылданған. Жай ғана ықылас, әдепкі жанашырлық емес, елдің
болашағына тікелей қатысты, ақыр түбі апат әкелуі мүмкін алмағайып іс.
Қанды қатер. Бұл Елүй Дашы, сірә, бұрнағы, немесе тұстас керей хандарының
бірінің қызынан туған жиен болды. Басқаша қисын жоқ. Қалай болғанда да,
бірден-ақ жанкешті ханзаданың жағдайын түзетуге септесер белсенді әрекет
жасалады. Орхұн бойына, атүсті, шұғыл кеңеске Ұлы Дала, тақау төңіректегі
он сегіз рудың басшы көсемдері жиналыпты. Бұлардың ішінде, кереймен
қатар, аттары ежелден мағлұм теле, қоңырат, жұрат, ұраңқай, бесут, меркіт,
тарғұт, қаушын және кете тайпалары бар екен. Яғни, Татар Даласы түгелге
жуық деген сөз.
Кеңесте, әрине, сол кездегі саяси және әскери ахуал талқыланды. Кейбір
тұста қарсылық ошақтары тоқталмағанымен, Қидан ұлысының шынымен-ақ
құлағаны мойындалады. Қарымта жорық жөні, қайыра жаулау мүмкін емес.
Және дала жұртының күні кеше ғана өздерін жаныштап отырған қидан үшін
қан төгуге ықыласы да шамалы. Әйткенмен, Елүй Дашы өзінің жеке басы
үшін толық қолдау табады. Патшалығы жоқ, халқы жоқ қашқын ханзада бүкіл
далалық жұрттың бас әміршісі – гөрхан деп жарияланады. Бәлкім, бұл
заманда ыдырап отырған ағайындас тайпалардың басын қайта қосып, бір
ұлысқа ұйыстыру талабы, әлде бүгін қиданды алған, тегі тіпті бөтен шүршіт
ертең өздерін басып қалмас үшін жасалған бір амал. Немесе, келешек
күндер қамына бағытталған өзгеше қадам. Сірә, соңғысы. Өйткені гөрхан
Елүй Дашы жаңа жұртына тікелей билік құру жолынан бас тартып, немесе
өкімін кейінге ысырып, Батыс өлкеге қарай жорық ашуды қалапты. Көшпенді
тайпалар, сыңайына қарағанда, тек қана ерікті аламандардан құралған он
мың әскер жасақтап береді. Бұл – миләди 1124 жыл.
Арттағы қуғыннан қауіптенген, ең бастысы – нақты жоспар, мақсаты бар Елүй
Дашы тас түйін бір түмен әскермен Батысқа қарай үдере қозғалып, алдымен
кешегі Ләуо империясының шегі – Жоңғардағы Бешбалық қаласын алады.
Яғни, Шығыс Түркстан. Алда – бір асудан соң байтақ Дәшті-Қыпшақ жатыр.
Енді билігі ғана емес, болашақ ғұмыры да қыл үстінде тұрған Елүй Дашы ес
жиып, ентігін басуы керек еді. Ат арыған, тон тозған. Әскер де қалжыраған,
аш-арық. Осы кезде арттан ордасы іргелес болмаса да, қонысы біршама
жақын, Ұлы Даланың шеткі жұрты наймандар көмекке жетеді. Отарымен қой
айдап, үйірімен жылқы қуып.
Бұдан соңғы оқиғалар хронологиясында аз-маз алалық бар. Анығы –
«бүлікшіл ханзаданы» біржола құртуға аттандырылған жазалаушы әскер Елүй
Дашының орнын сипап қалыпты және дала жұрты шүршіттерге әлденендей
көмек жасаудан бас тартады, керісінше, бағынышқа көнбей, қарсы соғыс
ашып, қалың қолды қайта шегінуге мәжбүр етіпті. Бұл екі ортада тіректұрағын тапқан Елүй Дашы билігін бекітіп, ықпал аймағын кеңейте түседі.
Тарбағатайдың етегі, Еміл өзенінің жағасында Еміл деген жаңа қала салады.
Әлбетте, арттағы елмен байланыс үзілмеген. Тұрақты аралық қатынас үстіне,
Орталық Дала, Орхұн бойына өзі де ат ізін салған сияқты. Сондай бір сапар
кезінде, 1129 жылы, аз-кем емес, тура қырық мың шаңырақ – бала-шаға,
мал-жанымен, шамасы екі жүз мың халықты көшіріп әкетіпті. Бұған дейін
және кейін, шүршіт тепкінімен бас сауғалап ата жұртынан қашқан қаншама
қидан және келіп қосылып жатады. Шынымен-ақ жаңа бір ұлысқа ие болған,
күші тасыған Елүй Дашы Шығыс Түркстан – Қашғар мен Хотанды боданға
түсіреді, Дәшті-Қыпшақ шегіне аяқ басып, қаңлы тайпасының іргелес бір
бөлігін бағынышқа келтіреді, қарлұқтармен тіл табысады, ақыры бүкіл Жетісу
өлкесін ұлыс құрамына енгізіп, жылжи келе Шу бойындағы байтақ Баласағұн
шаһарын алады және ел астанасы қылады. Бұл жаңа құрылым қытай-ханзу
жылнамаларында Си Ляо, яғни Батыс Ләуо, ал мұсылман тарихында Қарақытай мемлекеті деп аталады. Негізгі ұйтқысы Жетісу шегінде болған Қарақытай ұлысы – құрамындағы қидан (қытай) онның бір бөлшегін, бәлкім,
жүздің бір бөлшегін ғана қамтыған, шын мәнісінде таза түрік негізді ұлыс
болды. Шығыс пен Батыс – Ұлы Даладағы көшпенді тайпалар мен ДәштіҚыпшақ жұртын қаншама заманнан соң қайта тоғыстырған Шыңғыс хан
империясына барар жолдағы бастапқы бір нұсқа сияқты дер едік. Сонымен
қатар, Қара-қытай мемлекетінің алғашқы кезеңіндегі оқиғалар Шығыс
тараптағы түрік жұртының соғыс өнерінің артықша биік деңгейін әйгілеген
екен.
Қарымы ұзарып, қуаты артқан гөрхан Елүй Дашы өзінің жеке билігін бекітіп,
өзгеше ұлысын орнықтыру ұшін ерікті, еріксіз түрде тақау төңірегімен түгел
жауласуға тиіс еді. Әуелгі шекаралық қақтығыс, шығын жортуылдар көп
ұзамай зор майданға ұласады. Түрік тайпаларының ата-баба дәстүрі
бойынша, Көктегі Тәңірі мен өткен Аруақ жолына ақбоз ат пен кер бұқаны
құрбанға шалып, жорыққа аттанған Елүй Дашы 1131 жылы Ферғана мен
Мәуреннахрды ұйпалап, мол олжамен оралады. Енді Орта Азия мен Тақау
Шығыстағы мұсылман әмірлері «дінсіз түрік» қара-қытайға қарсы күш
қосатын үлкен соғысқа әзірленіпті. Бірақ Елүй Дашы ақырын күтіп
отырмайды. Қарсы шауып, 1137 жылы жазғытұрым Ходжент түбінде
Самарқан әмірі, қарахан әулеті Махмұд ханды қиратып жеңеді. Осыдан соң
Кіші Азия, Иран, Мазандеран, Ғазна, Хорасанды билеп отырған селжүк
Сәнжар сұлтан майданға шығыпты. Бар тараптан ең таңдама әскерін
жинақтайды. Бұдан бұрында Еуропалық крестшілермен, Византиямен, тау
халықтарымен соғыстарда шыныққан қалың қол – кейінгі тарихшылардың
айтуынша, өз заманындағы ең жауынгер, әрі толық жарақты жүз мың әскер.
Ал Елүй Дашы... «қидан мен түріктерден құралған үш жүз мың әскер
шығарды» деп жазады мұсылман тарихшылары. Мұншама әскер қайдан
келді? Шын мәнісінде, байыптап қарасақ, мүлде басқаша жағдай. Гөрханның
әуелгі жанкешті жасағының ұзын саны он мың, одан соңғы, көтеріле көшкен
қырық мың шаңырақтан қырық мың қылыш шықсын. Ибн-әл-Әсірден қалған,
Бартольд жаңғыртқан, бұрынырақта, 1041–1042 жылдар шамасында он алты
мың түтін қидан Жетісудағы Арслан-Сүлеймен ханның қызметіне кірген екен,
бұлар Қарахан жұрты мен Қидан арасындағы шекаралық тау асуларын
бекітіп тұруға тиіс екен, ақыры осы қидан бағыныштан шығып, Баласағұн
тарабына ауыпты, енді, қаншама заманнан соң жаңа қидандар келгенде Елүй
Дашыға қосылып кетіпті деген емескі дерек бар. Кейінгі қосылуы қисынға
келгенімен, әуелгі – жат жұртты өз жұртынан қорғау – дәйексіз мағлұмат.
Қидан елі шалқып-толқып тұрғанда алыстан несібе іздеген неткен кезбелер?
Бұл лақап-дерекке Г.Грумм-Гржимайло да күмән келтірген болатын. Мейлі,
қидандардың әлдебір тобы бұрынырақта Жетісуға орныққан екен дейік. Енді
Елүй Дашыға қосылсын. Хош. Кезінде Орхұн бойы, күзет қызметінде тұрған
жиырма мың қидан әскері де болашақ гөрханды мойындады деген дерек
бар, екінші мәселе – бұл жиырма мыңның қолбасылары ғана қидан, қалғаны
әрқилы бодан жұрт болуға керек, немесе соңғы уақыт – ата жұрттағы қауым
Шүрженнен ойсырай жеңіліп жатқан кезде орталық майданға шақырылған,
бәлкім, біржола тарап кеткен, мүлде жоқ; әйтпесе Елүй Дашы Батысқа тек
дала тайпаларынан ғана іріктелген, ерікті, небәрі он мың әскермен аттанбас
еді ғой. Мейлі, жиырма мың дейік. Ілкідегі тынымсыз майданда ешқандай
шығынға ұшырамай, арадағы жылдарда шырғасы шықпай, түгел аттанды
дегеннің өзінде жетпіс мыңға толтыра алмаймыз. Жарар, кейінгі қарлұқтан,
басқа да бодан жұрттан тағы біршама жауынгер қосылсын. Бәрібір, үш жүз
мыңдық жасақ – қисынсыз қиял болып қала бермек. (Арада он-он бес жыл
өтіп, ел орныққан заманда Елүй Дашының ұлы гөрхан Елүй Иле ата
жұртындағы дәстүр бойынша халық санағын өткізгенде, бауырындағы
бұрынғы-соңғы киіз туырлық көшпенді жұрттың ұзын саны 84 мың 500
шаңырақ болып шығыпты.) Зады, сол замандағы мұсылман деректері он есе
асырып айтты, шындығында Елүй Дашының жарақты әскері асса отыз
мыңның төңірегінде ғана болды деген тұспал шындыққа жақын. Батыс қидан
тарихын арнайы зерттеп, атаулы монография жазған орыс ғалымы Г.Пиков
Елүй Дашы шешуші майданға шығарған әскердің ұзын саны жиырма мыңнан
аспады деп дәлелдеген. Қайткенде де, Елүй Дашы бастаған түрік-қидан
жасағы Сәнжар сұлтанның жүз мың мұсылман әскерінен кемі екі есе, әйтпесе
үш-төрт есе аз болған. Мұның нақты бір айғағы – Елүй Дашы көшпенділердің
әдепкі тәсілімен “толғамаға” қос қанаттан шығарған екпінді екі жасақтың
әрқайсысы небәрі екі жарым мыңнан – жиыны бес-ақ мың жауынгер екен.
Екі армия 1141 жылы 9 сентябрь күні Самарқанның терістік тарабы, Кәтуан
жазығында беттесіпті. Сол замандағы ең үлкен және айрықша қантөгіс ұрыс,
ақыр түбі қатысқан халықтардың жүз жылдық тарихын айқындаған зор
майдан басталады. Гөрхан Елүй Дашы Ұлы Даладағы қалыпты тәсіл бойынша,
бар әскерін оң, сол және орталық – үш қанатқа бөліп, сірә, жеке, тосқауыл
мен түпкі қосыны тағы бар, үш тараптан бірдей, әуелі болат жебені
жаңбырша жаудырып, содан соң тіке шабуылға шығады. Бетпе-бет әскері
шеп түзеген дұшпанын ортасынан ойып, “толғамаға” шапқан екі тобы ту
сырт, қос қанаттан қаусыра дүрліктіреді, ақыры қалың қолды бөлшектей
тықсырып, жазаңда тұзақтай қоршалап, өзен аңғары, жар мен сайда
тығырыққа тіреп, жаппай, қанды қасап орнатады. Даңқты Сәнжар сұлтанның
жеңімпаз жасағы тас-талқан күйреп, өзі әрең қашып құтылған екен.
Сұлтанның кеңесші, қолбасы бектерінің көбі және сүйікті қатыны және тағы
қаншама мың жауынгер кіріптар тұтқынға түседі. Тек қана шәйіт болған
ерлердің саны отыз мыңнан асыпты. Болашақ Шыңғыс ханның ғаламат
соғыстарының алғашқы хабаршы толқыны осындай көрініс берген екен.
Мұсылман әлеміндегі ең қуатты патшаны талқандағаннан соң Елүй Дашы
Самарқан мен Бұхараға соғыссыз кіреді, көп ұзатпай, сол жылы Хорезмді
бағындырады, бірақ ешбір жерде бейбіт қырғын жасамайды, талауға,
тонауға тиым салады, және жауланған жұртты да басып ұстап отырмайды,
бұрынғы әміршілерін бодандық антқа келтіріп, шағын мөлшерде албансалық міндеттеумен ғана шектеледі. Парасатты гөрхан ең бастысы – өз
дәргейіндегі ағайындас жұрттың іргесін бекіту деп білгенін көреміз.
Нәтижесінде, онсыз да аумағы кең – Ертіс өзенінен Арал теңізіне дейін, Хами
ойпаңынан Әму-дарияға дейінгі аралықты қамтыған ұлаңғайыр өлке түрік
негізді жаңа бір ұлыс ретінде қалыптанады. Әуелгі гөрхан Елүй Дашының
ұрпақтары билеген Қара-қытай мемлекеті Шыңғыс хан заманына дейін
жетіпті. Тым ұзақ емес, небәрі тоқсан жылдай ғана тұрғанымен, ДәштіҚыпшақтағы түрік халықтары, оның ішінде қазақ тарихында елеулі із
қалдырғанын көреміз.
Елүй Дашымен бірге келген, арыда кетіп, беріде жеткен қидан қауымы қытай
руы ретінде ұйысады. Біршама толымды жұрт болса керек. Алайда, түрік
тайпаларының ортасында қалған әрі тұрмыс-салты ежелден үйлес қидандар
арада екі ата өте ме, үш ата өте ме, қайткенде де түріктенуге тиіс еді.
Шынында да солай болған екен. 1220–1221 жылдарда, Сартауыл соғысында
жүрген Шыңғыс ханның жорық Ордасына барып қайтқан Шүржен елшісі
Угусун Жетісудағы Елүй Дашының өткен патшалығы туралы біраз дерек айта
келе, «бұл күнде олардың ұрпақтарын танып-білу қиын», ең ақыры, киім
үлгісіне дейін жергілікті жұртпен бірдей депті. Алайда, әуелгі тайпа атауы
жойылмаған.
Алтын Орда мен Шағатайдан соңғы ұлыстар кезеңіндегі тарихта қытай руы әр
тараптан көрініс береді. Ақыр түбінде осы өңірдегі туыстас халықтардың
құрамына еніпті. Өзбекте Хиуа хандығында іргелі қауым болған, башқұртта
ең үлкен тайпалар қатарында, қырғызда Сол қанаттағы белгілі сүйек (атақты
орыс-қырғыз жазушысы Ш.Айтматов осы қытай руынан), Ноғай Ордасында
қара-қытай, Қырым-татарда қараша-қытай, қарақалпақ шежіресінде және
сібір-татар тарихында қытай руы белгілі. Сонымен қатар, туыстас түрікқыпшақ халықтарында ежелгі қиданмен тікелей жалғастық – құрама сыпаты
көрініп тұрған қытай-қыпшақ, керей-қыпшақ, маңғыт-қыпшақ тайпалары
болған. Ал қазақта уақ пен шөмекей және арғын алтай ішінде өзінің негізгі,
қытай атымен, беріште қитас («қиданның» көпше түрі), сіргеліде қыр-қытай
есімімен кіші аталар ретінде тіркеледі. Қалың қыпшақтың бір тармағы тағы
да осы қытай. Қытай атты тайпалық құрылымның ең үлкен тобы – найман
құрамында. Ескілікті шежіре бойынша, өкіреш найманнан тарайтын төрт
төлегетай: қара-керей, садыр, матай, төртуылдың жалпы атауы – қытай
болады. Яғни, төрт төлегетай емес, төрт қытай. Бұл найман-қытай
тайпасының құрамы өте күрделі екенін көреміз. Мәселен, садыр – тарихи
әдебиетте қалыптасқан пікір бойынша, ескілікті қытай деректерінде шато деп
таңбаланған жауынгер түрік тайпасының бір жалғасы. Бұл садырдың
құрамында Ұлы Даладағы ежелгі рулардың бірі шүйе тағы бар. Ал қара-керей
– үлкен керейдің бір тармағы. Осы қара-керейдің өзін тарата келсек,
құрамында түрік-моңғол негізді байыс, тоғас, шақар, тұмат, болатшы
руларының бөлшек, нұсқалары жүргенін көреміз. Сондай-ақ төртуылда қаратоқа (тоғас) бар, садырда бүгінгі арғынның бір тармағы сары-жетім мен
қоңыраттың жетімдеріне жалғас шар-жетім тұр, сол садырдан тарайтын кіші
ата жәдік, матай ішіндегі шеруші мен еменәлі – керей тайпасындағы белгілі
рулар. Шын мәнісінде, кез келген үлкен тайпа – ғасырлар шеруінен өткен
күрделі конгломерат десек, мұның ең бір айқын суреті – найман
құрамындағы қытай руы екенін көреміз. Ғылым-білімнен ада, таза түйсіктен
кетіп, дүмше нанымға жеткен кейінгі заманда ақиқатты бұрмалау мейлінше
өріс алды. Тарихтағы ұлылығы да, бүгінгі ірілігі де күмәнсіз ханзу – қытай
кемшін жұрт деп жарияланған советтік дәуірде нәсіл-тегі одан мүлде бөтен,
түрікпен тікелей туыс қидан-қытай есімі де көмескі тартады, орыс-қырғыз
жазушысы қытай атауын намыс көрсе, қазақтағы жаңа шежірешілер ру есімін
мүлде өшіруге тырысады. Бірақ өткен тарихты ешкім де өзгерте алмақ емес.
Хош дейік. Сонымен, кейінгі ғұмырының өзі тоғыз ғасырға тартқан қытай
руының түп атауы – ежелгі қидан есімінен бастау алады дедік. Әрине, бұл –
баяғы қидан емес, қаны араласқан, біржола түріктенген қауым. Сонымен
қатар, найман құрамындағы қытай есімді төрт рудың түзіміне бажайлай
қарасақ, бұл тайпа әуел бастан-ақ түрік текті рулардан құралғанын көреміз.
Бәлкім, бастапқыда азды-көпті мөлшерде қидан қоспасы болған да шығар,
бірақ оның ізі қалмаған. Сөйте тұра неге қытай атанғанын айқындау қиын
емес. Баяғы Елүй Дашымен бірге келген Ұлы Дала руларының жиынтық
құрамасы. Қидан империясы, қидан хадқының арғы-бергі тарихын
түгендеген «Ляо ши», «Цидан го чжи» шежірелерінде нақты жазылған,
кейінгі зерттеушілер және айғақтаған көрнекі деректер бар. Ата мекеннен
тықсырылған, өзіне пана ғана емес, қалған жұртына қоныс іздеген ханзада
Елүй Дашыны құрметпен қарсылаған, алғашқы көмегін беріп, төңіректегі
туыстас тайпаларды мәмлеге келтірген – сол кезде Ұлы Даланың қақ
ортасында ұйысып отырған керей екен дедік. Көп ұзамай, Елүй Дашы
Тарбағатай, Жоңғарға келіп бекінгенде көмекке іргелес наймандар жеткенін
айттық. Бұдан соңғы жылдарда найман тайпасы бір кезең Қара-қытай
ұлысының құрамында болса, Шүржен патшалығынан іргесін бөлек салып,
қайтадан тәуелсіз ұлыс құрған керейлер де әуелгі ілік-жалғастығын үзбейді,
Қара-қытай патшалығы дәуірлеген замандарда дипломатиялық қатынаспен
бірге экономикалық және әскери негіздегі туыстық байланыс тұрақты түрде
жолға қойылады. Берідегі керей Оң ханның өз еліндегі бұлғақ, бүлік кезінде
Қара-қытайға баруы кездейсоқ емес. Жай ғана пана таппаған, бәлкім, әскери
көмек алған болуы да мүмкін. Бұдан соңғыда, Шыңғыс хан заманында
жеңіліске ұшыраған Найман хандығының мұрагер ханзадасы Күшліктің
Жетісудағы Қара-қытай ұлысында түсініс, құрметпен қабылданып, әскербасы
сайланып, гөрханның қызын алып, көп ұзамай-ақ, зомбылық жолымен болса
да билікке жетіп, таққа міну сырын да осы тұрғыдан қарастыруымыз керек.
Атап айтқанда, Шыңғыс ханның Батыс жорығы қарсаңында Қара-қытай
ұлысының құрамында басқа да түрік нәсілімен қатар, найман тайпасының
үлес-салмағы әжептәуір болған. Күшлік өзінің азғана найман жасағымен
қоса, ең алдымен қытай есімді ежелгі төрт ру – қара-керей, садыр, матай,
төртуылға сүйенгені күмәнсіз.
Ендігі бір кеп – өздері де іргелі әуелгі екі ру неге найман атына көшті деген
мәселе. Әрқилы себеппен, белгілі бір рудан бөлінген кіші аталардың басқа
бір тайпа құрамына енуі – үйреншікті жағдай. Шато-түрік әулеті садыр –
найманға бұрынырақ қосылған сияқты. Ал қара-керейдің жөні басқашарақ.
Сірә, жалпы саны сол кездің өзінде әжептәуір болғанымен, Орталық
Даладағы қалың керейден тым аулақ кетіп, іргесі алысырақ Дәшті-Қыпшақ
жұртының ортасына түскен қара-керей өздерімен тағдырлас, бір ту – қидан
туы астындағы, найман атаулы үш румен бір одақ құрамына енуге тиіс еді.
Мана аңдадық, саны басым найман арасына тоғысқан басқа да аталар бар
екен, бұлар да сол, алыста қалған Ұлы Даладан Елүй Дашымен бірге келген
қауым, баяғы, Қатын-балықта кеңес құрған он сегіз рудың жарқа-бөлшектері.
Осы орайда, қара-керей – қалың керейден Шыңғыс хан соғыстары кезінде
емес, одан тура жүз жыл бұрын бөлінген қауым екенін нақтылай кеткен жөн,
үлкен тобына қайыра қосылмауы да соншама уақыт алшақтығынан деп
білуіміз керек.
Әлбетте, байтақ ұлыс ұстаған қыруар қиданның шамалы бір бөлшегі ғана
Батыс тарапқа ауды. Қырғыннан аман шыққан басым көпшілігі жаңа
патшалық – Шүржен империясының боданы болады. Бұрынғы билеуші Елүй
әулетінің кейбір өкілдері де шүршіт әмірін мойындап, жан сақтаумен қатар,
уақыт өте келе ел билігіне араласады, сондай-ақ қиданнан шыққан
қатардағы шонжар, алпауыттар да жаңа ұлыстың қызметіне көшеді. Қол
бастайды, Дала жұртына елшілікке жүреді. Қытай мәдениетін бойына
сіңірген, қытайдың тілі мен хатына жетік қидандар империяның барлық
шаруасында белсенді жұмыс жасапты. Әйткенмен... іште кірне бар. Арада
жүз жыл өтпей, қидан текті шонжарлар мен қолбасы, саясаткерлер Шыңғыс
хан жағына топ-тобымен өтіпті. Кеңесші, көмекші болыпты, қидан текті әскер
қосындарын бастап, ақыр түбінде Шүржен мемлекетін құлатуға қадарынша
үлес қосыпты. Енді бір қидан бектері Еке Ұлыс қызметіне бұдан соңғы
кезеңде жегіледі. Бұлардың бәрі де негізінен Қытай тарабындағы, жауланған
жаңа жерлерді игеру, басқару ісінде айрықша міндет атқарады. Бұл реттегі
ең көрнекі мысал – Елүй Чуцайдың ғұмыр, болмысы. Қидан тағдырын,
Шүржен мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайын жақсы білетін Шыңғыс хан
әрбір қаланы алған жеңісті ұрыстардан соң баяғы қидан патшаларының
әулетінен кім бар деп сұрайды екен. Империяның негізін салған Елүй
Амбағанның тоғызыншы ұрпағы, Шыңғыс ханның өзінің және одан кейінгі
Өкетай қағанның тұсында бас уәзір болған Елүй Чуцай осылай табылған екен.
Жалпақ деректерде айтылатындай, ханзу-қытай емес, моңғол текті қидан.
Енді қидан халқы бүкіл Терістік Қытай жұртымен қоса, Еке Ұлыс құрамына
енеді. Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан тұсында Юань империясының
боданы. Сірә, бұл жұрт Шыңғыс хан заманына дейін-ақ біршама тозып,
қарасыны селдіреген сияқты. Енді үлкен империя қазанындағы аралас топан
ішіне түседі. Юань империясы құлағаннан соңғы кезеңде қидан дербес халық
ретінде біржола санаттан шыққанын көреміз. Кейінгі зерттеушілер өз
заманында қуатты мемлекет құрған, айрықша жауынгер, жалпы саны да
елеулі қидан жұрты моңғол, қытай халықтарының ішінде жұтылып кетті деп
есептейді. Біздіңше, алғашқысы – азшылық, соңғысы – басым көпшілік. Бұлабостан кезінің өзінде ұлттық тұрғысын әлсіретіп, жат жұрттың дәстүр-салты
мен мәдениетіне бас ұрған, патшалық құрып, шалқыған, асып-тасқан
заманында от басындағы әдет-ғұрпына дейін ұмытып, ең ақыры ана тілінен
басқа тілді артық санаған, нәтижесінде ерікті түрде мәдени және рухани
ассимиляцияға түскен моңғол текті қидан, тарихтың қалт еткен бір
бетбұрысында түп-тамырымен қопарылып, таза қытай болған да шыққан.
Айттық, Ләуо империясының дәуірлеген шағы XI ғасырда ұзын саны жеті жүз
елу мыңға тартқан көрінеді. Сол заманның есебімен алғанда, қисапсыз
халық. Ұлттық тиянақ-тұрғысынан айрылса, іргелі, аталы жұрттың өзінің белгінысансыз құрып кетуі оп-оңай екен...
Әуелгі бір түйін
Орталық Азиядағы көшпенді жұрттардың ата шежіресінде белгілі бір руды,
тіпті, тұтас бір халықты бағзыдағы атаулы бір ғана кісінің ұрпағы деп
тарататын дәстүр бар. Мәселен, бүкіл түрік қауымы – қатал шапқын кезінде
әлдеқалай тірі қалған бір баланың құртқа бөріден туған, бұдан соң мейлінше
өсіп-өнген әулеті. Кейінгі барлық қазақ – Қазақ деген кісінің тұқымы. Қалың
найманның түп атасы – Найман деген адам. Арыдағы халық, ортадағы тайпа,
берідегі рулар мен аталардың барлығы да осы, қалыпты үлгіге түсірілген.
Мұның бәрі жай ғана сенім емес, пәрменді ұран, бірлік, тұтастық мұратынан
туындаған ұлыстық идеология. Атаулы ру – бір адамның ұрпағы, тұтаса
келгенде, бүкіл қазақ – бір әулет болып шығады.
Кез келген халықтың бір нәсіл екені рас, ілкідегі рулық, тайпалық қауым да
бір әулет есебінде. Тек... бір адамның баласы емес. Қай-қайсысы да
тамырлас туыстық, үйлес тіл, орайлас қоныс ыңғайы, ең бастысы – тіршілік
жолындағы ортақ мақсат нәтижесінде қалыптасқан құрылым. Қарапайым
тілге көшірсек, әуелде белгілі бір атаның баласы, немесе ұжымды бір қауым
жұрт өз төңірегіне іргелес ағайындарды топтай бастайды, өсіп, өніп,
қарасыны көбейіп, кейде ырықты, кейде ырықсыз жағдайда тағы қаншама
жұртты қосып алады, сөйтіп, бастапқы ұйтқы, жетекші әулет атындағы белгілі
бір ру, тайпа қалыптасады. Бір күндік емес, бес-он жылдық емес, ғасырлық,
кейде одан да ұзақ заманға созылатын үрдіс. Қайткенде де қолайлы,
қолайсыз тарихи жағдайлар нәтижесінде жүзеге асатын құбылыс. Өмірлік
майдан алаңына шыққан атаулы рулар кейде күші, қуаты артып, ордаланып
жатады, кейде бәсеңсіп, елеусізге жақын кепке түседі, кейде тіпті аты өшіп,
біржола жоғалады. Шын мәнісінде, төтенше бір қырғын келмесе, ешқашан
жойылмайды, тек бытырап, тозып, әлуеті артық, ағайындас басқа бір ру,
тайпалар құрамына енеді, мұндайда кіші ата, кейде «кірме» саналғанымен,
көбіне-көп өзінің бастапқы, дербес кезеңдегі рулық атауын, немесе сол
рудың тиесілі бір бұтағының есім-сойын сақтап қалады екен.
Орталық Азиядағы көшпенді рулық құрылымның соңғы екі мың жылдық
болмысының толғамды түйіні кейінгі қазақ шежіресінен еркін танылады.
Түрік текті ру-тайпалардың этникалық тарихын біршама түбегейлі тексерген,
нәсілдік сана, астам түсінік, шалағай танымнан аулақ, ХІХ ғасырда жасаған
орыс оқымыстысы Н. Аристов кейбірінің түп негізі мың, мың жарым жылға
кететін, ежелгі тарихтан танымал белгілі тайпа, рулардың күні бүгінге дейін
сол атаумен сақталып келгеніне таң қалған. Яғни, қазіргі белгілі ру,
тайпалардың көпшілігі ежелгі этнонимдерді кейінгі заманға жеткізуші ғана
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 22
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480