Latin

Шыңғысхан - 30

Total number of words is 3964
Total number of unique words is 2149
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жегенін айтады. Кәдімгі көмеш. Ал Ибн Баттута Құтлы-Темірдің ордасында
дастарқанға «күлше» деп аталатын нан қойылғанын жазған. Бұл екі дерек те
хан мен әмір, яғни билеуші таптың сияпатына байланысты. Қатардағы
көшпенді нан жемеген, тіпті, оның нендей тағам екенін де білмеген.
Татарлар нан жемейді деген жаппай куәлік мәнісі де осы жағдайға
байланысты.
Сақарада өзен мен көл көп, ондағы балық та көп. Алайда, балықшылық –
күнкөріс кәсібі ретінде қалыптаспаған.
Татарлар балық аулай білмейді; қой еті сияқты кесегімен жейтін тым ірісі
болмаса, балыққа назар аудармайды, деген Рубрук.
Мүлде емес.
Өзеннен балық ұстайды, деген Пэн Да-я.
Балықты әдетте жарлы-жалбағай кісілер, онда да қолдан мал тайған, немесе
азайған уақыт, қиыншылық күндерде ғана аулағаны байқалады («Қастерлі
шежіре»).
Айрықша тапшылық кезінде жауқазын, жуа, мойыл теріп жеген. Әрқилы шөп,
бұталардың (сірә, биемшек, жаужұмыр, монданақ, шәушымылдық қатарлы)
тамыр, түйнектерін қазып алған («Қастерлі шежіре»). Самырсын жаңғағын
жинаған (Жувәйни).
Олар ен далада ешқашан астан тарықпайды. Шөп (жабайы жеміс, жидек)
жеп, тамыр қазып жеп жүре береді. Тек жандарында тұз болса бітті. Тұз
болмаса, ауыздары уылып, тіпті, жара шығып, іріңдеп кетеді екен, дейді
Барбаро.
Жорық кезінде, немесе қиыншылық ахуалда жүрек жалғаудың төтенше бір
тәсілдері болған. Жортуыл үстіндегі, аялсыз жағдайдағы әскер астындағы
атының мойнындағы үлкен тамырлардың бірін шетіп жіберіп, жалға төнген
қалпында ыстық қанды сораптап, аштығы мен шөлін басады екен (Марко
Поло, ж. басқалар).
Соятын мал, ішетін тамақ жоқ кезінде мініс көлігінің (түйенің) қанын ағызып
алып, қуырып жеген жайыт та ұшырасқан («Әулие жихангердің жеке
жорықтары»).
Қалай дегенмен де, алдында азды-көпті малы бар кісі, тіпті, ешқандай
жағдайсыз, бірақ қаруы қайтпаған, басы бұла көшпенді қайткенде де аштан
өлмес нәпақасын тауып жеген.
Аңшылық
Мал шаруашылығынан соңғы ең негізгі, бейбіт тіршілік кәсібі – аңшылық
болды.
Чаң Чунь мал бағу мен аң аулау жөнін теңдей атайды.
Тамағының біршама бөлігін аңшылық арқылы табады, дейді Рубрук.
Бұларда қолдағы малының көптігіне қарамастан, аң еті мол болады, депті
Барбаро.
Олар шебер аңшылар, ен далада ешқашан да тамақтан тарықпайды, аң атып,
құс алып жейді, деген тағы бір орайда.
Тамаша аңшылар, деп жазады Винцент де Бове.
Күнделікті аңшылықтың кеңінен тараған бір түрі – саят болды.
Аңыздағы Боданшар баба өз шаңырағынан ығысып, иенге кеткеннен кейін
сұңқар салып тамағын асырайды («Қастерлі шежіре», Рәшид-әд-Дин). Кейінгі
қазақ аңызында бұл саятшы – Шыңғыс ханның өзі.
Татарлар саятқа шебер, дейді Барбаро.
Бұларда лашын, ителгі, бүркіт көп. Саятқа шыққанда құстарын оң қолға
қондырып жүреді, дейді Рубрук.
Сұңқар құстар өте көп. Саят кезінде лашынды бір қолына қондырады, қары
талғанда қолының астына тиянақ тұғыр қояды, өйткені бұл лашындар кәдімгі
бүркіттен екі есе үлкен, дейді Барбаро. Сірә, сұңқардың кейінде құрып кеткен
өзгеше бір тұқымы.
Қасқыр, түлкі, елік, марал және басқа да аңдарды алатын бүркіттер бар.
Қасқыр алатын бүркіттер ірі және күшті, дейді Марко Поло.
Әуелде жеке бір кісілердің күнкөріс кәсібі, немесе сейіл-серуені болса, уақыт
оза келе саят – хан сарайындағы, бек ордасындағы салтанатты рәсімге
айналғанын көреміз. Марко Поло Құбылай ханның саятқа шыққанын, нөкер
бектердің бәрінің де қолында ителгі құстар болғанын сыпаттап жазған.
Құсты садақпен де атады екен. Әдетте жауынгер жебемен емес, тек қана
сабақты, өзгеше оқпен.
Төбеден тобымен қаз ұшқанда, бүгілген қисық, әрі қауырсынсыз оқтармен
атады, дейді бұл жағдайды көзімен көрген Барбаро. Бұл оқтар әуелде тура
ұшады да, аспанда бұратылып, құстың қарсы алдынан шығады. Ұрып тигенде
не мойнын үзеді, не қанатын, әйтпесе аяғын сындырады. Кейде қаптаған қаз
аспанды жауып кеткендей болады, сонда әлгіндей, жаппай атқанда,
топырлап құлап жатады, дейді.
Барбаро адал құсты тұзақпен ұстағанын да көріпті.
Бұл жұртта бізде болмайтын басқа да тәсілдер ұшырасады, дей келе, сірә,
ілдірге, қармақ есебінде жемісті тікенек бұта арқылы да құс ауланатынан
айтады Барбаро.
Саятшылық – кәсіптен өнерге бейім. Шын мол ет – толымды, ірі аңдарды
аулау арқылы келмек.
Олар қоян, бұғы, қабан, суыр, жабайы қой (яғни арқар), қарақұйрық, есекке
ұқсайтын жабайы жылқы (яғни құлан) атып жейді, деген Пэн Да-я.
Қоян, бұғы, қабан атып жейді, депті Чжао Хуң.
Көшпенділер шошқаны білмеді, дедік жоғарыда. Бірақ жабайы қабан етінен
жерімепті. Кейінде ғана қатардан шыққан.
Ендігі, мұсылман дініне байланысты тәркі болған тағы бір аң – суыр.
Онда суыр деген аң бар. Өте көп. Бір шұңқырға (ұялы інге) жиырма-отызы
қабатынан жиналып, қыстың алты айында ұйықтап жатады. Осы суырды
татарлар тобымен ұстайды, деген Рубрук. Түпнұсқа мәтінде «суыр» («согур»)
деп жазылған, түрікше атау; моңғолдар «тарбаған» дейді және өзгеше бір
асы. Мұсылман дінінен сырт қалған тыба мен алтай-түріктері де әлі күнге
жейді. Біз бұл арада Рубрук барған жер – ежелгі түрік мекені, араласқан
ортасы – байырғы түрік тілді қауым екенін тағы бір рет ескертіп қана
өтпекпіз.
Жеуге жарамды, өздері ажыратып танитын басқа да ұсақ аңдар бар. Бұғы
ұшыраспады, қарақұйрық қалың. Жабайы есекті (құлан) көп көрдім, қашырға
ұқсас екен. Арқал (арқар) деген өзгеше аң көрдім, денесі қой сияқты, мүйізі
қошқардікіндей иір, бірақ одан әлдеқайда үлкен; бір қолыммен қос мүйізді
әрең көтердім, дейді Рубрук.
Сақарада «құлам» (құлан) деп аталатын жабайы есектерді көптеп
ұшыраттық, керемет жүйрік екен, дейді тағы да Рубрук.
Құланмен қатар, жылқы текті тарпаң, тағы деген жабайы жануарлар болған.
Айрықша күшті, жүйрік, және асау-тентек. Кейінде мүлде құрып кеткен
тарпаң Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа далаларында XVIII
ғасырдың өзінде кездесіпті, алайда Шыңғыс хан заманына қатысты жазба
нұсқалардан дерегі табылмады. Ал тағының тұқымы түгесілмепті. Бүгінде,
дәп соның өзі жаратқандай-ақ, «Прежевальский жылқысы» аталады. Қазақ
ежелден «тағы» деген. (Махамбеттің: «Тағыдай түн түре қараған, –
Тарпаңдай тізесін бүгіп су ішкен...» – дегені бар. Ал Абай: «Тағыны жетіп
қайырған...» – дейді, жүйріктің жүйрігі мағнасында. Халха-моңғолдар күні
бүгінде «тахы» дейді.) Осы тағыны да арқар, құлан, бұғы қатарлы аулаған.
Атпен қуып жете алмайды, айрықша мергендік керек екен («Қастерлі
шежіре», Рәшид-әд-Дин).
Ірі, қоңыр аңдарды алудың ең қарапайым, және оңай тәсілі – садақпен ату
(Рубрук, Барбаро, Рәшид-әд-Дин, т.б.). Әлбетте жекелеген аңшылық
жағдайында.
Сонымен қатар, ірі аңдарды кең далада көптеп ұстаудың тек түрік
халықтарына ғана тән, өзгеше бір тәсілі болды. «Ау», «ау-ауа» деп аталады.
Таратып айтсақ, қаумалап, қоршалап аулау. Бүгінгі тілде «қамажау аңшылық»
деп айғақтар едік.
Олар аң аулағанда көп болып жиналады да, аңы мол белгілі бір жерді
алыстан қоршалап алады, өзара жақындай келе, аң атаулыны сығымдап,
шеңбер ішіне түсіреді, содан соң садақ тартып, ата бастайды, дейді Рубрук.
Татарлар аңға бар қаруымен, бар жабдығымен шығады. Аңдарды қуып
жүріп, қаумалай қоршап алады да, садақпен атып өлтіреді және бастарын
кеседі, деп түйіндеген Винцент де Бове.
Қамажау аңшылық кезінде міндетті түрде өте көп жұрт жиналады. Шұңқыр
қазып, қаншама қада орнатады. Оларын арқан тартып, өзара жалғастырып
қояды, ал арқанға жапырақтаған киіз, құс қауырсындарын іледі. Бұл арқан
қоршау шеңберленіп, 100–200 ли (шамамен 50–100 км.) жерге созылады,
байланған салпыншақтары желмен тербеліп тұрған соң, аң біткен қорқады
да, қашып өте алмайды. Бұдан соң адамдар қоршалған аумақты біржола
құрсап алады да, аңдарды ортаға ығыстырады, ақырында атып, ұрып ала
береді, деген Сюй Тин.
Қамажау тоғызыншы айда (қыркүйектің екінші жартысы, қазанның бірінші
жартысы, – М.М.) басталып, екінші айға (қаңтар–наурыз) дейін созылады,
деген тағы да сол Сюй Тин.
Арқан керу – қамажау аңшылық үшін міндеттері шарт емес. Ауға тартылған
кісі көп болса, жылжымалы, тірі шеңбер берік құрылады және аумағы елужүз шақырым емес, одан әлдеқайда үлкен болуы да мүмкін. Екінші бір
жағдай – ау-ауа аң атаулы әбден қоңданған, жаңа төлі жетілген күз
айларында ғана емес, жаз ортасында, тіпті, қыраулы қыс кезінде де бола
беруі мүмкін. Және бес-алты ай қатарынан емес, дүркін-дүркінімен, бес-он,
жиырма күнге, бір-екі айға созылып.
Уақыт озған, ұлыс іргеленген сайын қамажау аңшылық та ауқымданып, кең
көлемді сыпат алады.
Мұндай кең көлемді аңшылыққа қатысты әрқилы мағлұмат әуелгі «Жинақты
тауарих» пен «Қастерлі шежіре», «Әулие жихангерде», кейінгі Алтын Орда,
Ақсақ Темір тарихтарында көптеп ұшырасады. Алайда, сақара жұртына ғана
тән өрелі, өзгеше аңшылық турасындағы егжейлі, толық баян Ата-Мәлік
Жувәйниде.
Ау басталмастан бұрын арнайы шалғыншылар жер ыңғайын танып, аң
мөлшерін айқындайды. Содан соң қажетті мөлшердегі қалың жұрт атқа
қонады. Басшы, қосшысымен, үй-жайы, қатын-баласы, қазан-ошақ, ассуымен. Жұмыс емес, мереке. Жай ғана мереке емес, ұлыстың ұжымын
көрсететін, аламанның алымын сынайтын төтенше жорық. Қамажау шеңбері
бірнеше аптада әрең бітігуі мүмкін. Енді ешбір аң қапелімде сыртқа шығып
кетпеуге тиіс. Құрсау күн озған сайын тарыла береді, тіпті, бір ай, екі айға
созылуы мүмкін. Оң мен сол және орталық топтың басшылары ханға (әмірге,
сұлтанға) қоршаудың жай-жапсары, аң қашқан бағыт турасында күнделікті
жедел ақпар келтіріп тұрмақ. Ақыры, қоршау тарылып, көз көрімге жетті.
Арыстан мен құлан, қасқыр мен қоян, тағы қаншама, әрқилы аң атаулы
тұмсық түйістіре көрісіп, сүйкене араласуға мәжбүр болады, деп сыпаттаған
Жувәйни. Міне, осы кезде шеңбер сыртынан арқан тартылады, арқан үстіне
киіз жабылып, көрнекі бөгесін тұрғызылады. Қамажау сүргін аяқталды. Енді,
аңшылықтың ең соңғы, түйінді шаруасы басталарда хан (сұлтан, әмір, бек –
әйтеуір осы жолғы ең үлкен ұлық) санаулы нөкерлерімен шеңбердің ішіне
кіріп, алдағы жойқын аңшылық көрінісін айқын аңдап отыратын биіктеу
жерде аттан түседі, бұдан соң оның төңірегіне ханзада, ханым, басқа да
ғұзырлы бек, әскербасылар келіп отырады. Қызыл қырғын осыдан соң ғана
басталады екен. Қоршаудағы аңды жығу бір, екі, тіпті бірнеше күнге созылуы
ықтимал. Қайткенде де ақыр түбіне дейін емес. Қасап аяқталуға тақағанда,
қоршау қалтада санаулы ғана аң қалған кезде ақсақалды, білікті
қариялардың бір тобы хан алдына келіп, дұға оқып, өтініш-тілек айтады, тірі
қалған азды-көпті жан-жануарға кеңшілік, рақым жасалуын сұрайды. Бұл да
қалыпты рәсім. Хан қашанда үлкендердің тілегін қабыл көрмек. Ең
ақырында, алынған аңды жинастырып, ұзын санын шығарып, жалпы жұртқа
үлестіреді. Әдетте үлкен аудан соң харап болған әрқилы аңның нақты санына
жету қиын, мұндайда тек құлан мен ірі жыртқыштардың ғана есебін алатын,
деп жазады Жувәйни.
Ау-ауа – қолдағы малдан тыс, қосымша азық-түлік молшылығы жолындағы
айрықша кәсіп. Көбіне қысқы соғым есебінде. Сонымен қатар, жаз болар,
қыс болар, ұзақ жорық, аттаныс кезеңдерінде қажетті тамақ қорын жасау
тәсілі.
Сонымен қатар, қамажау аңшылық – тек ас-ауқат табу орайындағы әрекет
қана емес. Әскери жаттығу. Соғыс өнерінің бір тармағы, алыс-жақын
жорыққа, ұрыс, майданға даярлық есебіндегі қажетті шара. Әскердің ұжымы,
бірлігі, серпімді қимылы мен қалыпты машығы шыңдалмақ. Соғыс
кезіндегідей қатаң жүйе, темір тәртіп сақталған. Қоршауды берік ұстамаған,
алдындағы аңнан әлдеқалай айрылып қалған тобаяқ, жәутіктер ауыр жазаға
тартылған.
Баспана
Мал шаруашылығымен байланысты көшпенді жұрттың күнделікті баспанасы
да ежелден-ақ осы, жылжымалы тіршілік орайында қалыптасуға тиіс еді.
Яғни, құрылуы да, бұзылуы да оңай, жеңіл әрі ыңғайлы үй-жай.
Татарлар киіз үйлерде тұрады және өздерін бақытты сезінеді деген Чаң Чунь.
Шатыр үйлерде тұрады, қалалары, селендері жоқ, дейді Симон де СентКвентин.
Қалада тұруды ұнатпайды, өздерінің шатырларында, кең далада ғұмыр
кешкенді артық көреді, депті Гайтон.
Бұл татарлар қала атаулыны, тіпті, кез келген құрылысты жек көреді, дейді
Рикольдо де Монте-Кроче.
Бұл қара татарлар күмбез кейіпті [киіз] үйлерде тұрады. Оларда қорғанды
қалалар тұрғызылмайды, іргелі, тұрақты үй салмайды, депті Сюй Тин. Бұл
үйлері арба үстіне орнатылған, «арба-шатыр» деп аталады, онда отыруға,
жатуға болады, мұндай арба-үйлерді өгіз, ат және түйелер тартады, дейді
әуелгі сөзін үстемелеп.
Олардың үйлері «үйірг» деп аталады, шыбық пен қадалардан жасайды,
дөңгелек. Жоғарыда терезесі бар, жарық түсу, түтін шығу үшін. Төбесі мен
есігі киізден. Үйлерінің үлкендігі әрқилы және жылжымалы. Үлкен, кішілігіне
қарай, бір өгізбен, үш, немесе төрт өгізбен, кейде одан да көп көлікпен алып
жүреді, дейді Бенедикт Полон.
Бұл күмбез кейіпті шатыр-үйлер іргесінен төбесіне дейін киізбен жабылған.
Ең ортасы, күмбез төбесінде жарық түсетін тесік қалдырады, дейді Сюй Тин.
Күмбез-үйлердің екі түрі болады. Мұның әуелгісінің қаңқасы жіңішке талдан
бұралып, иіліп-бүгіліп жасалған. Іштен қарағанда қолшатырдың шабақтары
сияқты. Ең төбесінде көк терезе (аспан терезесі) аталатын ашық жер
қалдырған. Үйдің қаңқасы тұтастай киізбен жабылады. Мұндай шатырды
бұзып, жығып, көлікке артып жүруге болады. Сақарада жасалатын
шатырлардың енді бір түрі – бұзылып, тігілмейді, тек арба үстінде ғана
болады. Бұлардың да дөңгелек қабырғасы тал шыбықтардан жасалған және
[іштен де, сырттан да] қыл арқандармен берік бекітілген. Арбасымен бірге
қазғалады, дейді Пэн Да-я бұл тараптағы барлық сөзді тиянақтап.
Өзеннің екі қабағына қалың, биік тал өсіпті, киіз үйлердің сүйегі осы
ағаштардан жасалады екен, деп жазылған Чаң Чуннің саяхат кітабында.
Олардың үйлері дөңгелек шатыр кейпінде, тұрғы-тұғыры талдан жасалады,
төбесінде жарық түсетін және түтін шығатын шеңбер терезе, ортада (ошақта)
от жағады. Шатырдың қабырғасы мен төбесі киізбен жабылған, есігі де киіз.
Иесінің тұрмыс-ахуалына байланысты, үйдің үлкені бар, шағыны бар. Кейбірі
ажыратылып, көлікке артылады, енді біреулері жығылмайды, арба үстінде.
Арбалы үйлердің кішкентайларын тартуға бір өгіз жексе, үш, төрт, одан да
көп көлік қосатын әйдіктері бар. Олар арбалы үйлерін соғыс күндері, жорық
кезінде де, жай уақытта да өздерімен бірге алып жүреді, дейді Карпини.
Киіз үйдің осы, аталмыш екі түрінен басқа да, иесінің тұрмыс жағдайына,
асығыс көш орайы, немесе аттаныс, шегініс, жорық жолында кәдеге
жарататын күрке (Рәшид-әд-Дин), қос («Қастерлі шежіре»), тіпті, арбаның
дәртесі, немесе таяқ, құрыққа көтере салатын бүркеншік, жаппа шатырлар
(Рәшид-әд-Дин) болған. Бұлардың шатырлары киізден және теріден, деп
айтқан, Батыс Еуропада, жорық-майданда жүрген әскерге қатысты сөзінде
Фома Сплит.
Татарлардың үйлері ағаштан жасалған, киізбен жауып, арқанмен тартып
қояды; дөңгелек; үнемі өздерімен бірге алып жүреді: берік байланысқан
қаңқа ағаштары жеңіл, жығу да, тігу де оңай, көші-қонға ыңғайлы, дейді
Марко Поло. Тағы да: олардың арбалы үйлері қара киізбен қапталған,
жақсылығы сондай, күнұзақ жаңбыр жауса да су өтпейді; бұларға өгіз, түйе
жегіп, балалары мен әйелдерін алып жүреді, депті.
Жабық арбалардың ең шағыны екі доңғалақты, ал үлкендері – көлемі
әрқилы киіз үйлер орнатылған арбалар – төрт доңғалақты болған («Қастерлі
шежіре», Барбаро, Ибн Баттута, т.б.).
Бұл халық пайдаланатын, біздікінен биік, қос доңғалақты арбада қисап жоқ.
Олардың үстіне қамыс, ши жабылып, киіз жайылған, ал дәулетті кісілер мата
төсейді. Кейбір (сірә, төрт доңғалақты, – М.М.) арбалардың үстіне үй
орнатылған; мұндай күймелерді былай жасайды екен: диаметрі бір жарым
қадамдай ағаш шеңбер құрады да, оған жартылай шеңберше бірнеше
шыбық бекітіледі, содан соң, жағдайына қарай, киізбен, немесе матамен
қаптайды. Аялға, қоналқаға тоқтаған жерлерінде бұл үйлерін арбадан түсіріп
алып, жерге орнатады да, сонда жатып-тұрады, дейді Барбаро.
Бұл шалқар сақарадағы далалық жұрттың баспанасы – «көтерме» деп
аталады, бұзылмайтын, біртұтас шатыр, қозғалыста, көшкен кезде, арбаның
үстіне орнатады, аял, қоналқа кезінде сол қалпында түсіріп алып, жерге
тігеді, дейді Шараф ад-дин Йазди.
Арбадан алынатын үйлер де болады, деген Рубрук.
Арбалар төрт доңғалақты. Екі көлік жегілетіні бар, одан көбірек жегілетіні
бар. Арбаның ауыр, жеңіліне байланысты. Арбакеш алдыңғы көлікке
отырады, қолында айдайтын қамшы және көлігін бұрып отыратын ұзын таяқ
(яғни құрық) болады, дейді сақарада кеңінен саяхаттаған Ибн Баттута. Бұдан
әрі арба үстіндегі киіз үйдің сыпатын байыптаған. Арба үстіне тал
бұтақтарынан иілген, күмбез кейіпті құрсау орнатылып, олар жіңішке, тері
таспалармен бекітілген (кереге және оның көгі, – М.М.). Бұл құрсау-күмбез
жеңіл болады, үстіне тері, немесе басқадай жабу жабылады. Торлы терезесі
бар, іште отырған кісі сыртты көріп отырады, сырттағылар оны көрмейді.
Іштегі адам еркін жайғасады, ұйықтайды, тамақ ішеді, әрқилы шаруасын
жасай береді, депті.
«Көтерме» – арба үстіндегі, шағын көлемді киіз үй. Ал дәл осындай, бірақ
әлдеқайда үлкен, сүйегі ауыр арба-үйлер «көк күйме», яғни аспани күйме
атанған (Рузбихан).
Мұндай көк күймелердің ең толық, нақты, әрі ең тамаша сыпаттамасы Рубрук
жазбаларында сақталыпты.
Татарлар жататын, ұйықтайтын үйлерін арба үстіне орнатады. Бұл үйлер талшыбықтан құрсауланған. Үстіңгі жағы иіліп келіп, шағын дөңгелекпен
күргейленеді, осы шеңберден пештің мұржасы кейіпті мойнақ шығады; үйді
киізбен жабады. Жабылған киіз аппақ болып тұруы үшін әкпен, ақ кірішпен,
сүйек ұнтағымен қанықтырып, сылап қояды. Кейде үстіңгі мойнақты
айналдыра қара киіз де тұтады. Жоғарыға жабылған киіз әрқилы әсем
суреттермен өрнектеледі. Кірер есік те киіз, ол да әртүсті матамен
әшекейленген. Атап айтқанда, үйді көркемдейтін өрнектер түсті киіз, немесе
басқадай нәрселерден қиылып жапсырылған, жүзім шырмауығы, немесе
ағаш бұтағы, әйтпесе аң, құс суреттері түрінде келеді, дейді.
Бұдан соң Рубрук бізше көк күйме аталатын арба-үйдің сыртқы сыпаттамасын
жасапты.
Кейде мұндай арбалы үйлер өте үлкен болады, ені отыз футқа дейін (9
метрден астам, – М.М.) жетуі мүмкін. Бірде осындай арба-үйдің доңғалақ
іздерінің арасын өлшеп көрдім, тура жиырма фут шықты (6 метрдің үстінде, –
М.М.), ал арбаға қонған үйдің іргесі доңғалақ тұсынан екі қапталда кемі бес
футтан артық жер алады. Енді бірде, осындай үйді тартып келе жатқан
өгіздерді санағанда, жиырма екі болып шықты, он бір, он бірден екі қатарға
жегілген. Арба-үйлерге кейде түйе де жегіледі, дейді.
Доңғалақтар сыпаты берілмейді. Әрине, өте үлкен, әрі сом.
Ал арбаның арыс ағашы желкенді кеменің мачтасындай дерлік. Үйдің
алдыңғы жағынан есік шығарылған және арбаның екі қанатына жеткере
созылған, бос орын бар, үстінде киіз жабылған, су өткізбейтін маңдайша
қалқан болады. Көлік айдаушы осы жерде, есік алдында тұрады, депті.
Баспананың арба үстіне орнатылуы – Еуразиядағы көшпенді жұрт тым ертеде
қалыптастырған салт. Скифтердің үйлері – арба үстінде, деп жазған Геродот.
Көшпенділердің баспанасы киізден жасалып, арба үстіне орнатылады, деген
Страбон. Байкөл төңірегінде, қазіргі Халха-моңғол даласында миләдиге
дейінгі I мың жылдықтың екінші жарымына сәйкес петроглифтер арасында
әрқилы күймелер суреті де ұшырасқан. Алтайдағы, сол заманға тиесілі,
атақты Пазырық қорымынан төрт доңғалақты, жабық арбаның қаңқасы
табылғаны белгілі. Арыдағы ғұн, оған жалғас сәнби, кейінгі түрік, қидандар
тұсында да арбалы үйлер кеңінен тараған. Бірақ бұлардың барлығы да
шағын көлемді баспаналар екені байқалады. Ал ауқымы зор көк күймелер
бұлардан соңғы Керей, Найман патшалықтары тұсында қолданысқа енгенін
көреміз (Рәшид-әд-Дин). Қайткенде де, нақты жазба деректерде таңбаланған
көк күймелер сұлбасы XII ғасыр мен XIII ғасырдың басына сәйкеседі. Ал
Шыңғыс хан заманында, оған жалғас Еке Ұлыс кезеңінде жаппай қолданысқа
енген сияқты. Әлбетте, шаруашылықтың дамуы, тұрмыстық мәдениеттің
үлкен өреге жетуінің нәтижесі, көшпенді өмірдің айшықты бір көрінісі,
өзгеше салтанаты.
Ерекше бір жағдай, бұрынғы Татар даласы, кейінгі Халха-моңғол аймағында
көк күймеге қатысты
деректер XIII ғасырмен шектеледі. Көптеген
зерттеушілер (Бартольд, Владимирцов, т.б.) бұдан соңғы кезеңде ауқымды
арба-үйлер мүлде қолданыстан шықты, жойылды, сақталмады деп
есептейді. Қажеттілік болмағандықтан, деп жазады Л.Викторова. Аталмыш
және басқа да моңғолтанушылардың байыбынша, бұл жағдай – империядан
соңғы замандағы шаруашылықтың күйзелуі, ең бастысы – көші-қон өрісінің
қысқаруына байланысты екен. Шын мәнісінде, Халхадағы көш өрісі Еке
Ұлыстан кейін де қысқарған жоқ, керісінше, Мөңкеден соңғы елу жылдық
азамат соғысының нәтижесінде бұл тараптағы түрік рулары түп көтеріліп,
Дәшті-Қыпшаққа ауды, негізгі, түпкілікті жұртынан айрылған Байтақ дала,
енді жылжып қонған, әуелгі қарасыны тіпті азғана, арада бір ғасыр өткенде
ұзын саны небәрі он мың шаңыраққа әрең толған халха-моңғолдың иелігінде
қалды. Ал Қытаймен шектес, және Қытай жағына бағынышты, кейінде Ішкі
Моңғолия атанған өлке айтарлықтай күйзелмеген болатын, тиесілі қонысы да
жетіп артылады. Мәселенің бір ғана себебі бар. Ол – әуел бастан-ақ көк
күйме, яғни ауқымды арба-үйлердің моңғол текті тайпалардың арасында
қолданыста болмауы. Басқасын былай қойғанда, әуел баста орманды, таулы,
қырқа-белесті аймақта ірге тепкен моңғол жұрты үшін мұндай алып
арбалармен көшіп-қонудың өзі мүмкін емес еді.
Батыстың, орыстың, қазіргі халха-моңғолдың бұрынғы-соңғы барлық білгірі
XIII ғасырдан аспады деп үкім шығарып қойған көк күйме, яғни сәнді,
салтанатты, алып арба-үйлер кейінгі XVI ғасырдың өзінде бұрынғы Шығыс
Дәшті, ендігі Қазақ Даласында қаптай көшіп жүргенін көреміз. Нақты жазба
куәлік қалдырушы – мәшһүр Шәйбани ханның Қазақ Ордасына қарсы
жорықтарының шынайы шежіресін таңбалаған Фазлаллах ибн Рузбихан
Исфахани. «Михман-нама-йи Бухара» – «Бұхара мейманының жазбалары»
атты көлемді еңбегінде (1509).
Парсы тілінде жазған Рузбихан (Рузбехан) ауқымды арба-үйлерді «ауа
кеңістігінде асқақтаған шатыр», «аспан сарайы», «аспан-көк аясындағы
күйме», яғни біздің бұрынғы және бүгінгі тілде қайта қалыптасақ, «көк
күймесі» деп атаған.
Алғаш көргенде бұл үйлердің өзгеше құрылымына айрықша таң қалдым,
дейді. Арба үстіне орнатылған әйдік шатыр! Ағаштан жасалып, киізбен
жабылған, көкке баққан, заңғар қазақ үйлерінің әрқайсысы бір қамал кейіпті,
дейді.
Үйдің қаңқасы қайыңнан аса берік жасалады, үй ішіндегі әрқилы мүкәмал да
ағаштан. Түрлі түсті киіздер (яғни текемет, сырмақ) өзгеше оюлармен
безендірілген, тартпа таспалар (яғни басқұр) сұлу әрі әсем. Үйдің терезелері
бар, айқышты, әдемі киіз перделермен жабылған, дейді. Ал арба-үйдің
ішінде отағасының әйелдері, бала-шағасымен бірге жатып, тұрады.
Атаулы кісілер мен сұлтандардың көк күймелері айрықша зор, әрі ғажайып
көркем. Әрқайсының ішіне жиырма, тіпті одан да көп кісі еркін жайғасады.
Мұндай әйдік үйлерді тартуға әлденеше түйе жегіледі, депті. Бағзыда Рубрук
кейіптеген арба-үйлермен қарайлас болғаны.
Мұндай ғажайып көк күймелерге қарап тұрғанда санаң толқынады,
шеберлік, сұлулық және әсемдік құдіретінен басың айналады, депті өз
заманының ғұламасы, Парсы патшалығының да, Әмір Темір ұлысы, Шәйбани
хандығының да барлық сән-салтанатын өз көзімен көрген Рузбихан.
Қазақтар қолданатын аспан күймесінің қисапсыз көптігіне қайран қалдым,
деген. Қазақтың сән-салтанатымен қоса, елдік тұрғысын, ерлік дәстүрін де
атап көрсетеді. «Қазақтар – күш-қуаты және қайтпас қаһармандығымен бүкіл
әлемге әйгілі», – дейді. Осыған жалғас: «Қазақ әскері бағзыда, Шыңғыс хан
тауарих төріне шыққан кезде «татар әскері» деп аталған болатын, бұл
турасында арабтар мен парсылар жазып кеткен», – дегені бар. Бұдан бұрын,
әуелгі бір келісім, ынтымақ кезеңінде Шәйбани қазақтың Қасым ханын
арыдағы ортақ баба «Шыңғыс ханның тәжі мен тағының мұрагері» деп
ұлықтаған екен (Ғ.Қамбарбекова). Ал Мұхамед-Хайдар Дулат осы Қасым
билеген Қазақ хандығын баяғы Жошы ұлысының сабақтас жалғасы деп
санағаны мәлім.
Шәйбани ханның 1508–1509 жылғы қысқы жорығында, тұтқиыл шабуыл
күтпеген қазақтар күш топтап үлгермейді, үш жердегі, өзара жалғас үш
ұрыста да, қайтпай қаржысқанына қарамастан, өздерінен саны әлдеқайда
басым жаудан жеңіліп, жаны қырғынға, мал-мүлкі талауға ұшырайды. Әуелгі
ұрыстан соң он мың көк күйме қолға түсті, деп жазады Рузбихан. Кейінгі екі
майданда тағы да он, он мыңнан, жиыны отыз мың көк күйме олжаға түсіпті.
«Барлық соғыстарда шапқыншы жақ мал-мүлік, қазына иеленуші еді, бұл
жолы жеңімпаз әмірші жаудың үй-жайына дейін өзімен бірге көшіріп әкетті»,
– деп жазады қазақтардың ерлігі мен сән-салтанатын мадақтай отыра,
Шәйбани ханды дәріптеген Рузбихан (Алайда, келесі, 1510 жылға қараған
Қысқы, жаңа жорық Шәйбани ханның қирап жеңілуімен, мұның ақыры,
әскері азайып, қуаты қайтқан атақты жихангердің сол жылдың ақырына
жетпей, күтпеген, ту сырттан шыққан жаңа жау – Иран шахы Исмайылмен
соғыста басын жойғаны белгілі.)
Сонымен, Батыс пен Шығыстың, Халха мен Қытайдың бұрынғы-соңғы барлық
моңғолтанушы ғалымдары XIII ғасырда жоғалтып алған әйдік арба-үйлер
Шыңғыс хан дүниеден өткеннен соң үш жүз жылдан кейін Қазақ Ордасынан
табылды. Бұл жағдайды сырттан байқаған жалғыз адам – моңғол
оқымыстысы Майдар болатын. Мезгілсіз, жұмбақ жағдай, қыршын жасында
дүниеден өткен қазақ тарихшысы Сабыр Ибрагимовтың, ол кезде әлі Еуропа
тілдеріне аударылмаған Рузбихан жазбалары туралы зерттеу мақаласына
сүйене отырып, XIII ғасырда Рубрук суреттеген әйдік арба-үйдің кейінгі XVI
ғасырдағы қазақтар арасында сақталып тұрғанын айтады. Алайда, ескі
замандағы өзгеше, жылжымалы баспананың Шыңғыс ханнан соңғы Халхада
ешқандай елес бермей, үш ғасырдан кейінгі Қазақ Ордасында кеңінен
таралуына, әрине, ешқандай түсінік бермейді, бере де алмайтын еді.
Көк күйменің бұдан соңғы тағдырын таразыласақ, бізге мағлұм XVI ғасырдан
өтті, өтпеді – кейінгі XVIII ғасырға жетпеуі анық. Тек эпос жырында ғана
сақталған. «Қыз Жібектегі» Төлеген қалыңдық таңдайтын әйгілі көш – көк
күймелер керуені. Яғни, ежелгі тарихи жазбадан соң, аңызда, елесте ғана
қалған.
Қатардан шығуы – шаруашылық күйзелісіне де, жер жағдайы, көші-қон
орайына да байланысты емес. Жаугершілік, тынымсыз шапқынға
байланысты. Көк күйменің қозғалысы баяу, оралымы қиын еді. XVII ғасырдың
үшінші ширегінен бастап, Дүрбін-Ойратпен арадағы екі жүз жылдық
соғыстың қазақтар үшін ең ауыр кезеңі туады. Әуелгі жеңістер кейінгі тепетеңдікке айналып, ақыры басымдық қалмақ жағына қарай ауады. Ежелгі көш
атаулы байсалдықтан, сән-салтанатынан айрылып, қимыл-қозғалыстың
жеделірек түрі тиімді шығады. Көк күйме ғана емес, арбалы көтерме, арбалы
қос, күркенің өзі жүрісі жеңіл түйеге ауысады. Түптеп айтқанда, Еуропаның
зәулім ғимараттарын көрген Рубрукты, Иран мен Туранның әсем-сәнді
сарайларын көрген Рузбиханды таң қалдырған көк күйме қазақтың
салтанатымен, күш-қуат, құдіретімен бірге кетіпті. Астындағы арбасынан
айрылып, үлкен бе, кіші ме, әуелгі, жер басқан киіз үй қалпына түседі.
Көш, қоныс, тұрақ
Рубрук айтыпты:
Татарлар Дунайдан Қиыр Күншығысқа дейінгі Скифия жерін қоныстанған.
Тұрақтап, бір арада отырмайды. Басшылары қарауындағы жұртының аз,
көптігіне байланысты, бөліскен жерінің шегінде малын бағып, көшіп-қонып
жүреді. Қысқа қарай ауа райы жылырақ оңтүстік өңірге ойысады, жазда
салқын солтүстікке көтеріледі. Қыстыгүні суы жоқ, бірақ оты мол, малға
қолайлы жерлерде, қар суын пайдаланып отыра береді, дейді.
Әдетте, қыс күндері жазаңға шығады, ал жазда жайылымы мол тауларды
сағалайды, деген Винцент де Бове.
Қыста татарлар ойда, етекте, малға өріс, шөбі мол, жылы жерлерде отырады,
ал жазда қоңыржай, қыратты, таулы, орманды, суы мол, жайылымдық
жерлерге шығады, деген Марко Поло.
Көбіне қонысты тоқал төбе, шағын қырқа-белесті жерден таңдайды, деген
Пэн Да-я.
Бұл жұрт мал бағатын от пен судың орайына қарай, қырға шығып, ойға түсіп,
қоныстан қонысқа көшіп жүре береді, дейді Чаң Чунь. Жаз күндері ғана емес,
қысқы қырауда да (Рубрук).
Бұлар жаңа шөп пен су іздеп, үнемі көшіп жүреді, ешқашан да орнығып, бір
жерде отырмайды, депті Контарини.
Бір қоныстың шөбі бітіп, жері тозған кезде басқа бір араға барып орнығады.
Көш пен қозғалыстың алдын ала белгіленген мерзімді күні болмайды, дейді
Пэн Да-я. Тұрақты жол сорабы және жоқ, деп үстейді тағы бір сөзінде.
Әлбетте, бет-бетімен емес, кесімді бағдарда. Және, бірден байқалатындай,
әркім өзіне тиесілі қоныс, жайлауға.
Түріктер таңмен таласа тұрып, жолға шығады да, ертемен еру жасайды, күн
еңкейгенде қайтадан қозғалып, кешке қарай қоналқаға тоқтайды, деген Ибн
Баттута.
Салқар көш көрінісіне айрықша таңырқаған ағылшын Давид Эшби
қозғалыстың алғашқы кезеңін бажайлап сыпаттаған:
Жаңа қонысқа көшетін күні, түн ортасынан ауғанда, міндеттеліп қойған кісі
қатты ұрғылап, дабыл қағады. Таң қаларлық жағдай, бірер лье (төрт
шақырым шамасы, – М.М.) төңіректегі мал атаулыға дейін бұл дыбысты
танып-біледі екен. Ұйқыдан оянған үлкен-кіші тегіс аттарын әкеліп, ерттеп
қояды. Әжептәуір уақыттан соң екінші мәрте дабыл қағылады. Енді жалпы
жұрт шатырларын бұзып, байлап-түйіп, жолға дайын болады; бұдан соң
әскер жинақталып, сап түзейді: ең алғы лекте – ордаға шеткері жасақ, бұдан
соң қалғандары, ең соңында, немесе орта тұсында басшы көсем, ордасы қай
шамада тұрғанына байланысты. Міне, үшінші рет дабыл ұрылды: алғы лек
қозғала бастайды, оның артынан басқалары жылжиды және бәрі де аса
ұжымды, толық тәртіппен. Жол бойында ат тұяғының топырынан басқа
ешқандай дыбыс – айқай-ұйқай, дабыр-дұбыр естілмейді, біреудің алдына
біреу шығып, қалыпты шеруді бұзбайды. Сонымен қатар, ілгерінді-кейінді
шапқылаған арнайы кісілер болады, олар мал айдайды, ұмыт қалған мүлік,
саяқ шыққан жандықтарды жинастырып, артынан міндетті түрде тиесілі
қожайындарға табыстайды, депті.
Көш бірнеше күнге жалғасуы мүмкін.
Өгіз, түйе жегілген арба-үйлерді бірінің артына бірін тіркеп қояды, кез келген
нашар әйел жиырма-отыз арбаны бастап жүре алады, жетекші арбада
отырған қалпы, көлікті қузап қойса болғаны, қалғандары соңынан
шұбытылып ере береді. Жүріс өте баяу, өгіз аяң, қозы қадам, дейді Рубрук.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 31
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480