Latin

Шыңғысхан - 25

Total number of words is 3928
Total number of unique words is 2125
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Асцелин елшілігі құрамында болған Симон де Сент-Квентиннің танымы:
Татарлардың түр-тұлғасы сұмпайы және көбіне-көп бітімдері шарғы. Көздері
адырайған үлкен, қабақтары түсіңкі, жарым жанарын жауып тұрады. Беттері
кең, маңдайлары төмен, мұрындары тәмпіш. Сақалдары жоққа тән, иегінде
ғана, әрі сирек. Белдері жіңішке, кейбір толықтарын айтпасақ. Бойлары да
биік емес...
Бастары үлкен, мойындары келте, кеуделері зор, қолдары үлкен (ұзын),
аяқтары кішкентай (қысқа), деп жазған монах Альберик.
Бүкіл кескін-кейпі заһар, әрі құбыжық. Түр-тұлғасы әлемдегі басқа жұрттарға
ұқсамайды: беттері үлкен әрі жалпақ, көздері қысыңқы, сақалдары шағын әрі
сирек, көпшілігі маймыл сияқты, дейді католик уағызшысы Рикольдо де
Монте-Кроче.
Кеуделері ірі, қуатты, иықтары көтеріңкі, бойлары тік, беттері ашаң, жүздері
салқын, мұрындары келте, тәмпіш, иектері үшкіл, шығыңқы, жақ сүйектері
кішірек әрі бұғыңқы, тістері ұзын әрі сирек, көз қиығы миықтан кеңсірікке
дейін, көздері ойнақы және қара, көзқарасы қиғаш әрі ызбарлы, қолдары
сүйекті, тарамысты, балтырлары жуан, ортан жіліктері қысқа, бірақ кеуделері
биік болғандықтан, бойлары бізбен бір деңгейде, деп тәптіштелген Мэтью
Паристің «Үлкен шежіресінде» (Ивон Нарбонның Бордо архиепископына
және христиан патшаларына жолдаған дабыл хатынан).
Бұл татарлар негізінен орта бойлы және қымыз ішкеннің һәм күнделікті
еңбектің нәтижесінде көбіне-көп түр-тұлғалары келісті. Беттері жалпақ. Бет
сүйектері шығыңқы. Оның үстіне, төбелерін біздің клириктер сияқты,
дөңгелете қырып тастайды және төбеден құлаққа дейін тағы да үш еліден
тақырлап қояды. Маңдайында қасына дейін түсіп тұратын шоқ шашы (яғни
кекіл, – М.М.) бар, жаңа айға ұқсас. Ал қалған шашын еркін өсіріп,
сарациндер сияқты, өріп қояды, дейді Бенедикт Полон.
Еркектер шашын өріп, құлағына түсіріп қояды, дейді Чаң Чунь.
Ең жоғарыдағы Шыңғыстан ең төменгі қарашыға дейін төбелерін қырып, үш
шоқ шаш қалдырады. Алдыңғысын (яғни кекілді, – М.М.) аз-маз ұзарған
кезінде қысқартып отырады, ал екі жағын (яғни тұлымды, – М.М.) өсіріп,
өріп, шиыршықтап, иығына түсіріп қояды, деген Чжао Хуң.
Төбесін қырып тастайтын салт бар. Қалған шаш шоқ-шоқ болып тұрады.
Мұның алдыңғысы «кекіл» деп аталады, деген сол замандағы корей
тарихшысы Чон Инджи.
Олар шаштарын еркін өсіреді, өріп қояды, деген Пэн Да-я.
Ерлер мен бойжеткен қыздар шаштарын өсіріп, байластырып, құлақтарынан
төмен түсіріп қояды, дейді Чаң Чунь.
Сұң тарихшысы Чжэн Сы-сяо қалдырған дерек:
Олар төбесін дөңгелектеп қырып тастайды. Алдыңғы жақта қалған шашын
қысқа қырқып, жалбыратып қояды, ал екі жақтағы шаштарын екі бөліп өреді.
Бұлары киімге (есебі, иыққа, – М.М.) дейін жетіп тұрады және «қасқырша
жалақтама» деп аталады. Мағнасы – екі шекеден бірдей салбыраған өрімдер
артқа қарауға бөгесін, яғни кісі қашқан қасқырша алақтай алмайды.
Кейбіреулер [артқы] барлық шашын өрім жасайды, мұндай жағдайда жуан
бұрымы арқасында, киім үстінде ұзынынан салбырап тұрады, депті.
Еркектер төбесін алда – қос самайға, артта қарақұсқа дейін қырып тастайды.
Маңдайда бір шоқ қалдырып, оны қабаққа дейін түсіріп қояды. Қарақұстың
екі қапталындағы шашын біржола өсіріп, өріп, шиыртпақтап, құлақ тұсына
бекітіп қояды, деп дәйектеген Рубрук кекіл, тұлым жайын.
Еділдің арғы жағында (яғни Азиялық Дәшті өңірінде, – М.М.) тұратын тағы бір
татарлар бар. Солтүстік-шығыс һәм шығыс тарапта көшіп жүреді. Шаштары
ұзын, беліне түседі және жабайы татар атанады. Басқа да татарлар сияқты,
малының оты мен суына қарай, көшіп жүреді, деген дерек беріпті Контарини.
Сірә, бұл қауым шаштарын қырмаған және өрмеген.
Татарлар оншама бойшаң емес, деген Чжао Хуң. Ең ұзындарының бойы бес
чи және екі-үш цуннен аспайды (шамамен 162-169 см, – М.М.). Толық және
жуан адамдар кездеспейді. Беттері жалпақ, бет сүйектері шығыңқы. Үстіңгі
кірпіктері жоқ (бар, бірақ түрік-моңғол нәсіліне тән эпикантус, яғни бітік
қабақтан анық байқалмайды, – М.М.). Сақалдары тым сирек. Түр-тұлғалары
аса көріксіз, дейді Чжао Хуң.
Олардың бастары өте үлкен және ұлы денесімен салыстырғанда, мүлде
оғаш, деген Мэтью Парис. Енді бір тұста алдыңғы сөздерін одан әрі
дәйектейді. Бойлары биік емес, мығым, төртпақ. Аяқтары қысқа, дейді.
Аяқтары қысқа, кеуделері биік, деп жазған есімі сақталмаған мажар
эпископы (Мэтью Паристің «Үлкен шежіресінен»).
Атқыш-татарлардың түрлері қорқынышты, тұрпаты өзгеше, жыртқыш аңға
ұқсас, деп жазған армян епископы Степанос.
Белгісіз шежірешіден қалған және бір армян дерегінде: атқыштар халқының
нәсілі бөтен, түр-тұлғалары қорқынышты, деп айтыпты.
Бұл кісілердің бойлары шағын, бірақ кеуделері кең. Беттері жалпақ және
сақалсыз, мұрындары түйте, ал кішкентай көздерінің арасы алшақ – түртұлғалары қорқынышты, жексұрын, деген Сплит архидиаконы Фома.
Айттық, арғы заманда кез келген халық өзін адам атаулының үлгісі санаған
және көршілес жұрттың бәрі де сиықсыз, тұрпайы, кемшін көрінген.
XI ғасырда жасаған белгілі араб тарихшысы Усама ибн Мунқыз еуропалық
крестшілерді адамдық сыпаттан мүлде мақрұм, екі аяқты хайуан бейнесінде
суреттейді. Соғыс ахуалынан туған өшпенділік қана емес. Бейбіт жағдайдағы
көлденең көз де осы жатырқаудың ар жақ, бер жағында. Мәселен, ой-өрісі
кең, атақты Ибн Баттутаның өзі орыстар турасында: бұлар христиан дінін
ұстанады, қызыл шашты, көк көзді, түр-тұлғасы сұмпайы, алдамшы, аяр
халық, деп жазыпты. Қазақ ғұламасы Мәшһүр-Жүсіптің кейінгі орыс
турасындағы жазбалары да осыған үйлес. Ибн Баттута бағамы – діни
алалықтан, Мәшһүр-Жүсіп жиреніші – отаршылдық зардабынан деп
танығанның өзінде, бөтенді жатырқау – ескілікке тән, табиғи құбылыс. Әйтсе
де, барлық жұртта, барлық уақытта дәл осындай, жаппай теріс көзқарас
болмаған. Бұл жағдай, ішінара, жоғарыда келтірілген деректердің өзінен
аңғарылса керек.
Енді жалпы емес, жекелеген, нақты бейнелер. Әр кезде әрқилы, белгілі
тұлғалардың түр-сыпаты сөз-суретпен таңбаланып қалған реттері бар. Нақты,
бажайлы болмағанымен, біршама бедерлі, қайткенде де, осы нәсілге тән
ерекшеліктерімен.
Шыңғыс хан. «Еңсегей бойлы, өр тұрпатты, маңдайы кең, сақалы ұзын,
ержүрек, қайратты тұлға» (Чжао Хуң). Қосымша, үстеме айғақ: «Бітімі берік,
мысық көз...» (Жүзжани).
Үкін-Барқақ – Қабұл ханның үлкен ұлы. «Қараған жанның бәрі түрі мен
тұлғасына таң қалған. Жүзі шырайлы, беті үлкен, дөңгелек, иегі балғын екен»
(Рәшид-әд-Дин).
Мұқалы-ноян. «Түр-тұлғасы келісті. Төбесін қырмай, орамалмен шалып
қояды, тар, қынама шапан киеді...» (Чжао Хуң).
Есүңке – Шыңғыс ханның інісі Қасардың ұлы. «Ұзын бойлы, қызыл шырайлы,
сопақша, үлкен бетті, сақалды» (Рәшид-әд-Дин).
Бату хан. «Оның бойы Жан де Бомон мырза қарайлас» (француз адмиралы,
Людовик IX-ның дәргейінде VII крест жорығына қатысқан, – М.М.) – сірә,
денесі зор, тұлғасы көрнекті (Рубрук).
Берке хан. «Елу алты жаста. Сыпаты: жалпақ бет, сарғыш жүзді, сақалы сирек.
Шаштарын екі құлағынан асыра тарап (сірә, әдепкідей, өріп, шумақтап, –
М.М.) қойған, бір құлағында асыл тасты алтын сырға...» (әл-Мүфаддал –
Тизенгаузен бойынша).
Мөңке хан. «Шолақ мұрын, орта бойлы, қырық бес жастар шамасындағы кісі
екен» (Рубрук).
Құбылай хан. «Ұзын да, қысқа да емес, келісті, орта бойлы; тұрпаты түзу,
толықша ғана; ақ жүз, қызыл шырайлы; қара көздері ашық-жарқын, мұрны
кәдімгідей, әдемі» (Марко Поло).
Едіге би. «Орта бойлы, берік бітімді, өңі қараторы, жүзі айбынды, терең
ақылды, жаужүрек, жомарт» (Ибн Арабшах).
Айшықты, егжейлі болмаса да, біршама нақты сурет танылатын, жекелеген
кісілерге қатысты, санаулы деректер осындай. Мұқалы – жалайыр, Едіге –
маңғыт, қалған жұрт түгелдей қият, Шыңғыс хан нәсілі. Алайда, таза бір
тайпаның түр-тұлғасы деп айтуға әсте болмайды. Түп нағашылары – қоралас,
одан соң қоңырат, барғұт, ақыры қат-қабат қоңыраттан, ал Мөңке мен
Құбылайдың аналары керей. Есебі, қай-қайсысы да дала жұртының әдепкі
өкілі, жекелік белгілері болғанымен, жалпыға ортақ түр-тұлғада. Бүкіл татар
қауымының кескін-кейпі турасындағы Батыс пен Шығыс деректерін
толықтыра, айғақтай түспек.
Қайрат-қарым. Француз королі, крест жорықтарының қаһарманы, кейінде
Әулие атанған Людовик IX өзінің ағылшын королі Генрих III-ге жазған үрейлі
жолдамасында «әлемнің арғы шетінен көтерілген тозақы татардың» нәсіл
тегі төмен, тұрмыс кебі жабайы дей отыра, осы бір «мейірімсіз халықтың»
Еуропадағы адам сенгісіз жеңістерінің сыры мен себебін айқындауға
талпынады. Бұл татарлардың бойлары тапалтақ келеді, бірақ қайратты,
кеуделі, мығым. Сіңірлі, қуатты, жаужүрек. Басшылары белгі берсе болды,
қандай да қатерлі іске тура шабады. Өлімнен қорықпайды. Басқа жұрттармен
салыстырғанда қарымы қатты. Бұлар теңдесі жоқ садақшылар дейді.
Татарлар ғажайып садақшы, дейді Мэтью Парис. Қажырлы, қайратты.
Құдайсыз және рақымсыз. Өлшеусіз күшті, дейді.
Күш-қайраты кенеусіз, дейді монах Альберик.
Армян деректері «атқыштар халқының» саны көп әрі қайтпас батыр және
тамаша садақшы деп көрсетеді.
Қарулы, қажырлы, тұлғалы және берік халық деп сыпаттаған Ибн Баттута.
Қимылдары жедел әрі ширақ, деген Симон де Сент-Квентин.
Татарлар әлсізден жиренеді, күш-қайратты құрметтейді, деген Чжао Хуң.
Яғни, адамның денсаулығы мықты, күш-қайраты кемел болуы аса бір мәнді
қасиет саналған.
Олар бізден күшті және бізден ширақ және қиындыққа да төзімдірек; аттары
мен малдары да сондай, депті орыс архиепископы Петр, Лион соборында,
Батыс христиандарының алдында жасаған мәлімдемесінде (Мэтью Парис,
«Үлкен шежіре»).
Бұларда ешкім де жаяу жүрмейді, бәрі де аттылы және шабандоз, дейді
Симон де Сент-Квентин.
Аттан түсе қалса, аяқ алыстары мимырт, жүрістері епетейсіз, дейді Гайтон.
Ат үстінде ертоқымға бітіскендей, берік отырады, деген Ивон Нарбонн
(Мэтью Парис бойынша).
Атқа мықты, дейді Гайтон.
Бұлардың тұлғасы қорқынышты, түрлері дүлей, көздері айбарлы, қолдары
қарпымды, дейді Тюринг ландграфы Генрих Распе, Брабант герцогі Генрихқа
жолдамасында. Бұдан әрі жинақты түйін жасайды. Арыстанның қылпуынан
аң атаулының безетіні сияқты, бұл жұртты көргенде барлық христиан
халықтары дүркірей қашады. Жауынгер құмандардың өзі өз жерінде оларға
қарсы тұра алмады. Бұл, татар аталатын кісілер бүкіл Русияны және
Польшаны, Богем королдігінің шегін, Венгр патшалығының жарым жерін
толығымен ойрандады, депті, біржола жаннан түңіліп.
Бір кісінің емес, жалпы жұрттың пікірі. Бүкіл Еуропаның буынына түскен
ортақ үрей.
Олардың атын алыстан естіген жұрттың өзі бас сауғалап қашады, деген монах
Иордан.
Әлбетте, сол замандарда айтылған, көбіне-көп діни алалық және дұшпан
өшпенділік нәтижесі болып табылатын, кісі етін жейді, өлексеге, ит етіне,
тышқан етіне құмар, адамзатқа тән абзал мінез атаулыдан тыс деген тәрізді,
жалалы, былапыт сөздер де ұшырасып отырады. Бірақ бар шежіренің негізгі
арнасы сол заманда жасаған саналы тұлғалардың көзбен көрген, нақты
білген ақпар, деректерінің төңірегінен табылады.
Айттық, тұтастай алғанда, біз келтірген және алға тартпақ, басым көпшілігі XIII
ғасырға тиесілі мағлұмат – сол замандағы жалайыр мен қоңырат, қият пен
маңғыт, керей мен алтын, қатаған мен найман, меркіт пен қоралас, төлеңгіт
пен тоқа, байжігіт пен байыс, күрлеуіт пен шанышқылы, құсшы мен тама, таз
бен телеу, кете мен кенегес – және басқа да ру-тайпа өкілдерінің жиынтық
портреті. Бүгінде қазақ халқының басым бөлігін құрап отырған жұрт. Әлбетте,
мың жыл, тіпті, одан әлдеқайда азғана заманда халықтың түр-тұлғасы
өзгермей тұрмайды. Десе де, мүлде қарама-қарсы сыпатта емес. Мәселен,
көк көз, сары шаш, ақ жүздінің қара көз, қара шаш, бидай өңдіге айналуы
мүмкін емес. (Енисей қырғызы мен Алатау қырғызының туыспайтын себебі
сол.) Саны азғана қауым өзінен әлдеқайда басым жұртқа біржола сіңісуі, яғни
ассимиляция жөні бөлек, онда әуелгі топтың мүлде басқа халыққа
айналғаны. Бірақ бейбіт жағдай, созалаң уақыт шеруінде, көрші халықтар
әсері, ауа райы, жер жағдайына байланысты азды-көпті өзгеріс болмай
тұрмайды. Қайткенде де түбегейлі емес. Осы тұрғыдан алғанда, Шыңғыс хан
заманындағы жауынгер, көшпенді қауымның генетикалық тікелей мұрагері –
қазақ халқы болып шығады. Рулар сабақтастығын айтпағанда, сыртқы түртұлға, бет-жүзі, дене бітімінен айқын көрініп тұр. XIX-XX ғасыр шегінде Бөкей
Ордасы – алшында А.Харузин, Шығыс Түркстан – керей, найманда Г.ГруммГржимайло, екеуі екі қиырдағы қазақтардың антропологиялық бітімі
турасында бағзы, XIII ғасырдағы Шыңғыс хан жұртымен үйлес сурет жасапты.
Тек осы екеуі және екі қиыр ғана емес. Басқа да оқымысты, саяхатшы, білгір
еуропалықтар әр тараптан кейіптеген. Қазақтардың басы үлкен, кеудесі биік,
аяғы қысқа, беті жалпақ, аузы кішкентай, маңдайы кең, жүзі ашаң,
мұрындары шолақ, көздері қара, бітісі мығым, қолдары қайратты... Бажайлап
тұрсаңыз, небәрі жүз жылдан соңғы, бөтен бір тіршілік кебіне түскен бүгінгі
қазақтан айырым белгілері бар, бірақ жеті ғасыр бұрынғы түп атасына
көбірек ұқсайтын, етене жұрт. Кейінгі халха-моңғол мен ішкі-моңғол да
Шыңғыс ханның байырғы халқынан алыс емес. Бірақ... қазіргі антропологтар
Шыңғыс хан заманына олардан гөрі буряттар жақынырақ, «нағыз моңғол»
осы буряттар деп біледі. Әлбетте, араласқа көбінен түскен түрік негізді рулар
әсері. Ал Шыңғыс хан жұртының шын мұрагері, тікелей жалғасы қазақтар
айдалаға қашып әуре...
Мінез-құлық. Шыңғыс хан және оған жалғас замандағы Батыс пен Шығыстың
барлық деректері, татар атаулыға көпе-көрнеу теріс пікірдегі, олардың
бойынан тек қана жаманшылық іздеген елші, саясаткер, жиханкез, діни
қайраткер куәлардың өзі бұл халықтың қайтпас ерлігіне таң қалған және атап
айтып отырған.
Олар қайратты және жаужүрек кісілер. Сандары көп әрі жақсы қаруланған,
деген мағлұмат береді доминик және франциск монахтары (Мэтью Парис
«Шежіресінен»).
Әрқилы армян деректерінің барлығында да «атқыштар халқының» қайтпас
ерлігі нақты мысалдармен көрсетілген. Ұрысқа тайсалмай кіреді, бәрі де
жүрекжұтқан батыр дейді. Тойымсыз, жыртқыш аңға ұқсас, дейді.
Ұрыста шаршап-шалдықпайды, соғыста жеңілуді білмейді. Адамзат заңынан
тыс. Рақым, мейірден ада. Арыстан мен аюдан әрмен долы, деген Мэтью
Парис.
Адам айтқысыз қатал. Оларға кісі қанын шашу – су төккенмен бірдей.
Өздерінен басқа барлық жұртты қырып, түгесуге құмартып отыр, деп
мәлімдейді Кіші Азиядағы татар әскерінің алғы шебінде болып қайтқан
Симон де Сент-Квентин.
Татарлар қан майданда Алла жаратқан тіршілік иелерінің ішіндегі ең
төзімдісі; қайтпайды, тайсалмайды, деген Ибн әл-Асир. Татарлар шегініп,
қашуды білмейді. Табанды, қайсар, деген және бір толғамында.
Татарлар көзсіз батыр деген даңққа жеткен, дейді Контарини.
Бұл ретте Иосафат Барбаро біршама толымды айғақ береді. Әскери кісілері
айрықша жаужүрек, қайтпас қаһарман, дейді. Бұлардың ішінде аса жоғары
дәрежедегі сайыпқырандары «делі-бахадұр» – ессіз батыр, яғни көзсіз ер
деген атаққа шығады. Бұл батырлар не істесе де, тіпті, ақылға сыймас әрекет
жасаса да, осының бәрі ерліктің есебі, батырлық нәтижесі деп бағаланады,
делі-бахадұрдың үйреншікті мінезі, өзіндік кәсібі деп саналады. Бұлар соғысмайдан күндерінде қатерден қаймықпай, жанын аямай, ұрысқа кірісіп кетеді
және оны көрген қорғаншақтың өзі демденіп, батырға айналады. Шынында
да, бұларға делі деген атақ тауып қойылған, ессіз болмаса, жасанған топқа
қарсы жалғыз шабуға кімнің жүрегі дауаламақ?! – деп түйіндейді Барбаро
бұл реткі лепесін.
Міне, осыншама жүрекжұтқан батырлығына қарамастан, бұл халықты
мейірбан, кеңпейіл деп бағалаған екінші бір орайда осы Барбаро. Татарқыпшақ жұртымен ұзақ он алты жыл бойы қалтқысыз араласқан, түз
тұрғындарының бар бітімін нақты таныған, бар сөзін өмірлік деректер
негізінде байыптаған мәрт жампоздың риясыз көңілі.
Татарлар күнделікті тіршілікте қарапайым және жұғымды, көпшіл, соғыста
шұғыл және қатқыл, өмірде кейіссіз, талғаусыз, көнпіс және дүниеден
қамсыз, деген Византия тарихшысы Георгий Пахимер.
Жалпы, бұлардың мінезі қарапайым, бар болмысынан көне заман рухы
аңдалып тұрады, депті Чжао Хуң.
Күйшіл емес, нәренжік емес, барға мәзір, өзара көмекшіл, қоғамшыл,
бейбастақтан тыс, тіршілікте талғамсыз, деген тағы да сол Георгий Пахимер.
Татарлар өте қонақжай, бар мәзірін меймандарымен бірдей бөлісуге
ықыласты, сонымен қатар, басқалардың да өздерін дәп осылай қабылдауын
тілейді, деген Гайтон.
Басқа жұрттармен салыстырғанда қиындыққа төзімді, жоқшылыққа
шыдамды, әжет-қажеті шектеулі, дейді Марко Поло.
Он күн бойы ат үстінде шабуылдаса да, от жағып ыстық тамақ ішпей, әрнені
қорек етіп, ашқұрсақ жүре береді, дейді тағы бірде.
Олар алаңсыз, барға мәзір қалыпта күн кешіп жатыр әлмисақтан бері, деген
Чаң Чунь.
Жаны жарқын, жүрегі таза, аярлық, өтіріктен тыс; өзі қандай болса, біліс,
аралас жұрттан да соны күтеді, деген Георгий Пахимер.
Өтірікті жек көреді, шындықты айрықша құрметтейді, депті Рикольдо де
Монте-Кроче.
Татарлардың ғұрпы сондай, жолда жатқан, біреудің жоғалтқан
нәрсесін алмайды, депті Пэн Да-я.
Ізгі сопы, ойшыл Чаң Чунь айтады:
Татарлар берген сөзінен айнымайды.
Жарлықты қалтқысыз орындайды.
Қонақпен, жолаушымен ас-суы ортақ.
Жақсылыққа бірге қуанып, қиындық жағдайды қарбаласып, бірге көтереді.
Бұлар қадым заманның жақсы құлық, үлгілі ғұрыптарын сақтап қалған!
Талғампаз, кірпияз, Дала жұртына мүлде жат дәстүрде тәрбие алған білімдар
Чаң Чунь солай депті.
Бенедикт Полон көшпенді жұрттың мінез-құлқы төңірегінде әжептәуір
мағлұмат қалдырған.
Бұлар өзара тату тұрады, дейді. Біріне бірі мейірлі, барын қызғанбай бөліседі,
бұл – жалпы жұртқа ортақ мінез, дейді. Өзара жанжал, тәртіпсіздік жағдай
сирек, өйткені бұзықтық аяусыз жазаланады.
Төзімді, сабырлы, ашқұрсақ ахуалдың өзінде тамағы тоқ адамдай, әндетіп,
әзілдеп жүре береді, дейді. Сонымен қатар, той тойлап, ішіп-жеу үлкен
қуаныш деген.
Ұрлық болмайды. Үйлерін бекітпейді, дүние-мүлік ашық жатады. Адасқан
мал ұшырасса, ешкім иеленбейді, қоя береді, немесе нағыз иесіне апарып
береді, дейді тағы да сол Бенедикт Полон.
Бұл жұрттың далада жайылып жатқан малында не бақташы, не күзетші жоқ,
өйткені ұрлық та жоқ, деген Ибн Баттута.
Батыс халықтарына мүлде белгісіз, жат жұрт турасында жан-жақты, мол
дерек жинақтап қайтқан Карпини түз тұрғындарының мінез-құлқына арнайы
тоқталады:
Татарлар өздерінің басшыларына риясыз, қалтқысыз бағынады, айрықша
құрметтейді, олардың алдында жалған сөйлеуі екіталай. Бұл ретте әлемдегі
басқа жұрт, дүниауи болсын, рухани болсын, қандай да кісілермен
салыстырғанда іждағатты.
Жалпы жұрт ынтымақты, тату. Бірін бірі қатты сыйлайды. Азғана тамағының
өзін бөлісіп жейді.
Өзара жаттық, жеккөрініш жоқ, бірін бірі қолдауға бейім, қадарынша
қолқабыс, көмек жасауға тырысады. Қызғаныш, күншілдіктен ада.
Өз араларында дау-дамай сирек, тіпті, мүлде ұшыраспайды. Дүрдараз
қырбайлық, жанжалды шатақ, төбелес, қарулы қақтығыс, сабау, жаралау, кісі
өлтіру атымен жоқ.
Дүниеге таласқан дау-шар болмайды. Жолбасар қарақшы жоқ, ұрлық-қарлық
жоқ. Мүкәмал-мүліктері жиналған киіз үйлер мен арбалы күймелердің есігі
бекітілмейді, құлып салынбайды. Әлдебір мал жоғалса, оны көрген адам
ұстамайды, немесе осындайға арнайы бөлінген кісілерге апарып тапсырады,
ал жоқшысы сол арадан ешбір шырғалаңсыз қайтарып алады.
Бұл халық өте төзімді. Бір күн, екі күн ұзағымен ашығып, нәр сызбаса да,
кіржиіп, сабырдан айрылмайды, тоқ кісідей, өлең айтып, ойнап-күліп жүре
береді. Ат үстінде қақаған аязға да, аптап ыстыққа да төзе біледі, шыныққан,
тағаты берік жұрт, дейді.
Бұдан ары: «Татарлардың мінез-құлқындағы жақсы сыпаттарды айттық, енді
жаманшылық жағына келейік», – дейді Карпини.
Басқа жұрттармен салыстырғанда, бұлар өте тәкаппар халық. Өздерінен
бөтен адам атаулыны жек көреді, керек десеңіз, ұлық деп, кішік деп
талғамай, бәрін де қор, кемшін санайды.
Жат жұрттық кісілермен қатыста ашушаң, кіді. Өтірікші, алдамшы. Сөздерінде
шындық аз. Айлакер, аяр. Ашкөз, сараң, сұрамшақ. Олар үшін бөгде
халықтың кісісін өлтіру бұйым емес, депті Карпини.
Пайда түсетін жерде өтірік айтып та жібереді, депті Гайтон осы бір орайда.
Әйткенмен, жалған сөйлемейтін екі түрлі жағдайы бар: бірі – әскер ісінде
ешкім де болмаған ерлігін айтып мақтанбайды және қашқанын,
қорқақтағанын тағы жасырмайды; екінші – әлденендей қылмыс жасаса,
жауап кезінде әміршіге, немесе төрешіге тек қана шындығын айтады, тіпті,
басы кететін іс туралы болса да, дейді.
Шет жұрттық қандай да бір кісіге сыйластық көрсетпейді, ықылас
танытпайды, деген Рикольдо де Монте-Кроче. Бірақ өздеріне айрықша
құрмет жасалуын талап етеді, депті.
Татарлар шектен тыс тәкаппар. Әлемдегі өздерінен басқа барлық жұртты мал
есепті көреді, дейді Симон де Сент-Квентин.
Бұл жағдай, яғни көшпенділердің өктем, өзімшіл және басқаларды адам
қатарына санамаған кекірт мінезіне Бенедикт Полон да назар аударған.
Олар басқа халық адамдарына жиренішпен, тым биіктен қарайды. Ең ақыры,
төмен текті тілмаш, қызметшілеріне дейін, өздеріне сеніп бекітілген
елшілерден, тіпті, мәртебелі папаның өкілі болса да, ілгері озып, алдын орап
жүреді, қабылдау кездерінде олардан жоғарырақ жайғасады, деген.
Шет жұрт кісілерімен араласуға құлықсыз, тіпті, ұнатпайды, өйткені оларды
сөйлесуге татымайды деп біледі, дейді Сент-Квентин.
Әлбетте, сырт кісілермен жүріс-тұрыс, шаруа жөні бойынша тілдеспей тұра
алмайды. Өзара жауаптасуы тағы бар. Мұндайда әдепкі әуезіне дейін жат
көрінген.
Татарлар қысқа және шұғыл сөйлейді, үндері тамақтан шығады, дүлей және
қорқынышты дыбыстар, дейді Симон де Сент-Квентин.
Және бөтен жұртпен сөйлескенде адалдық жағын жиып қояды, депті
Бенедикт Полон. Әуелде жарылқап уәде береді, артынан әрқилы қаталдық
жасайды. Шаян сияқты, сырттай момақан көрінеді де, күтпеген жерде уытын
шашады, дейді.
Әйткенмен, өздеріне бірден бағынып, құлдық танытқан жағдайда олар бітім,
келісім шартын жақсы сақтайды, деген орыс архиепископы Петр Лион
соборында, Батыс жұрттарының алдында жасаған ақпарат-мәлімдемесінде.
Яғни, жат болса да, бодандық танытқан жұртқа көзқарас, олармен қатынас
басқаша.
Енді, бір пара сөзіміздің түйіні ретінде, әуелде елін Жебе-ноян мен Сүбітайбахадұрдың жорықшы жасағы шапқан, бұдан соңғы кезеңде қылыш
суырмай, баянды, қауіпсіз болашақ үшін өз еркімен ұзын арқан бодандық
қабылдаған Грузия тарихшысының заманалық толғамын келтірейік:
Түр-тұлғасы да, болмыс-бітімі де, тұрмыс-салты, тілі де бізге мүлде жат
адамдар. Нанның демін білмейді, малдың етімен, сүтімен ғана тамақтанады.
Бірақ тұлғалары келісті, денелері толымды, аяқтары мығым; шырайлары
ашық, көздері қысыңқы, ұзыншақ, қап-қара және өткір, бастары үлкен,
шаштары қалың, қара, маңдайлары жалпақ, мұрындары тәмпіш, танаулары
кішкентай, беттері шығыңқы; еріндері жұқа, ауыздары кішкентай, тістері тептегіс, аппақ; сақалдары жоққа тән. Әйелдерінің де, еркектерінің де түрлері
[бізбен салыстырғанда] таң қаларлықтай өзгеше. Сонымен қатар, ержүрек
және өздерінің қатаң серіппелі садақтарынан ешбір сауыт тоқтата алмас
ауыр жебелерді мінсіз ататын садақшы; әсіресе атқа мықты; ат үстінде өскен
және жай тартуға жасынан машықтанған. Бұл кісілерге сырттай қарап
тұрғанда ессіз, ақылсыз дерсің. Бірақ бұлардың бойында әрқилы даналық
бар, ақылға кеніш; сөзі аз, жалғаны жоқ. Ұлық болар, кішік болар, тіпті, келелі
кеңес үстінде де, бұлардың арасында ешкімге жағыныш, жәреуке атымен
ұшыраспайды. Айта берсек, сөзіміз ұзарып кетер, депті («Картлис цхобрева»
– анонимді «Гүржі шежіресінен»).
Әйел және отбасы
Біз орайына қарай, жоғарыда келтірген, көшпенділер болмысын айғақтайтын
нақты деректер, әлбетте, жалпы жұрттың екінші жарымы – әйелдер
қауымына да қатысты. Әйткенмен, еркек пен әйелдің бітісі әрқилы, мінезқұлқы мен тіршілік кебінде айырым белгілер ұшырасуы да табиғи жағдай.
Сонымен қатар, қоғамның өзіндік ерекшелігі де екі жыныстың ара қатынасы,
әйелдердің отбасылық, әлеуметтік орнына байланысты. Ежелгі мұраларда
бұл жағы да ескерусіз қалмаған.
Бұл өлкеде мен көрген бір керемет – әйелдер айрықша құрметте екен. Тіпті,
еркектерінен артық сыйлы. Ал хан мен әмір, ұлықтардың қатындары туралы
айтып болмайды, деген Ибн Баттута. Тек кейінгі Алтын Орда кезеңі ғана емес,
көшпенділер арасында әлмисақтан қалыптасқан ахуал.
Татар әйелдері айрықша сыйлы, деген Рикольдо де Монте-Кроче. Татарлар
әйелдерін әлемдегі барлық жұрттан артық құрметтейді, депті екінші бір
орайда.
Бұлардың әйелдері ғажайып. Ерлеріне адал, шаруаға ыспар, деген Марко
Поло.
Әйелдері толықша келеді, мұрны неғұрлым тәмпіш болса, соғұрлым сұлу
саналады, дейді Рубрук. XVIII ғасырдағы қазаққа қатысты шет жұрттық
деректерде дәп осылай. Тіпті, шешелері бесіктегі қыз балалардың кеңсірігін
маймен, баса сылап, мүмкіндігінше тәмпіш жасауға тырысады екен.
Үйленетін кісі әдетте басы бос қызды ата-анасынан өте қымбатқа сатып
алады (яғни, қалыңмал төлейді, – М.М.), депті Карпини.
Әйелді тек қана сатып алады. Сондықтан, қыздардың әжептәуір отырып
қалатын жағдайлары болады. Өйткені, ата-анасы күйеуге сатқанға дейін
қыздарын қия бастырмай, ұстап отырады, дейді Рубрук.
Егер бойжеткен қыздың көлденең жүрісі әшкере болса, ойнасы мен екеуі
бірдей өлімге кесіледі, деген Карпини.
Рубрук қыз ұзату рәсімін байыптайды. Қызын беруге келіскеннен соң, әкесі
той жасайды, ал қыз жақын туыстарының бірінің үйіне қашып барып
тығылады. Сонда әкесі: «Міне, қызым сенікі, қайдан іздесең де, тауып, әкете
бер!» – дейді. Жігіт жолдастарымен бірге іздеп, қызды тапқан соң, өз үйіне
күшпен алып кеткендей болады, депті.
Ұзату тойы кезінде қыздың ата-анасы, туыстары дабыл қағып, өлең-жырмен,
жылап-сықтап шығарып салады, бейне бір өлген кісіні жоқтағандай, дейді
Рикольдо де Монте-Кроче.
Алған әйелдерін жүкті болғанша және бала тапқанша қатын есебінде
санамайды. Бедеу әйелді, көңіліне жақпаса, төркініне қайтарып жібереді,
дейді Винцент да Бове.
Үйленгенде бірінші, екінші дәрежелі туыстық сақталады (яғни, бірге туғандар
мен немерелес ағайындар үйлене алмайды, – М.М.). Әйел жағындағы
туыстық (балдыздар, немерелес құдашалар, – М.М.)мүлде ескерілмейді,
сондықтан апалы-сіңілілі қыздарға бір уақытта, немесе бірінен соң біріне
үйлене береді, дейді Рубрук.
Сияпат төлем (қалыңмал) қыздың шешесіне беріледі, ал қалыңдық күйеуіне
ештеңе (жасау, – М.М.) әкелмейді, деген Марко Поло.
Ұзатылған қыз барған жерінде бала көтергенше тиесілі жасауын ала
алмайды, деп айғақтаған Винцент де Бове.
Күйеуі өлген жағдайда әйел өзінің төркін жұртына қайтып бара алмайды,
оған марқұмның жақын туыстарының бірі үйленеді, депті Рикольдо де
Монте-Кроче.
Ағасы өлсе, інісі, інісі болмаса, басқа бір жақын, қандас туысы, өзінің әйелі
бар, жоғына қарамастан, жесіріне үйленуге міндетті болған. (Карпини).
Ағасы өлсе, жесірін інісі, немесе басқа бір жақыны алады, депті Бенедикт
Полон.
Ағасы өлгенде інісі жесірін алады, дейді Марко Поло.
Жеңгесін алған әменгерлік туралы дерек Рәшид-әд-Дин шежіресінде де бар.
Көшпенді, жаугер тіршілік орайынан туындаған қажеттілік. Бала қамқорсыз,
жетім қалмайды, мал-мүлік иесіз шығынға ұшырамайды. Қазақта күні кешеге
дейін сақталып келген дәстүр.
Татарлар өздерінің тұрмыс-ахуалына қарай, қанша әйел алғысы келсе,
соншасын алады, деген Карпини.
Олар әйелдің қаншасын асырап, сақтай алатын болса, соншасына үйленеді,
текті әулеттен шықпаса, бәрі де күйеуінің меншігі саналады, депті Бенедикт
Полон.
Он әйел, тіпті, жүз әйел алғандар ұшырасады, деген Карпини.
Көп әйелдің ішінде алғашқы әйел ең үлкені және ең сүйіктісі саналады, дейді
Марко Поло.
Егер татардың көп әйелі болса, оның әрқайсысының өз отауы, өз ошағы
болады, дейді Карпини. Ері кезекпенен, әр күні әр әйелдің үйінен
тамақтанады және қонып жатады. Әйтсе де, көп әйелдің ішінде біреуі үлкен
(яғни, бәйбіше, – М.М.) саналады, соған орай құрметі де артық, қасында
көбірек болып, шаңырағында көбірек түнейді, деген Карпини.
Бір кісінің қанша әйелі болса да, бұлардың арасында араз-реніш ұшыраса
қоймайды, дейді Карпини ілкідегі сөзін үстеп.
Татар әйелдері арының тазалығын сақтайды, бөтен қылық ұшыраспайды,
деген тағы бір тұста.
Осыған керісінше, егер тұрмыстағы әйел мен әлдебір еркек зинақорлық
үстінде ұсталса, онда екеуі қатарынан өлтіріледі, депті.
Ойнас, былық жағдайы әшкере болса, еркекті де өлтіреді, деген Бенедикт
Полон.
Егер әлдекім өз әйелі және құма, күңдерінен басқа бір әйелмен, немесе
бөтен күңмен ашына болса, ешқандай аяусыз, өлімге кесіледі, депті Андре
Лонжюмо.
Әйтсе де, көлденең жүріс – өте сирек оқиға болса керек.
Тұрмыстағы әйелдері ар тазалығы жағынан басқа халықтардың бәрінен
жоғары, деп атап айтқан Бенедикт Полон.
Күйеулеріне мейлінше адал, деп жазады Рикольдо де Монте-Кроче.
Түрік әйелдерінің беттері ашық, олар бүркеніш тұтпайды, деген Ибн Баттута.
Әйелдің күнделікті тұрмыста, үй ішінде еркектермен теңдік жағдайын нақты
көрсеткен.
Той, мереке, мәжіліс үстінде әйелдердің еркектермен бірге, аралас отыруына
тыйым жоқ, деген Чжао Хуң.
Бұл жағдайды Марко Поло да айғақтап айтқан. Ордада өткерілетін сәнсалтанаттар кезінде ұлы ханның бас бәйбішесі тақтың сол жақ қапталында
отырады, бұдан соң ханзадалар мен үлкен ұлықтардың әйелдері де,
осындағы күйеулерінің атақ-дәрежесіне сәйкес, өздеріне бекітілген жеріне
жайғасады деген.
Еркек шаңырақ иесі болса, әйел – ошақ иесі саналған. Кәсіптік, тұрмыстық
айырым да осы орайдан туындайды.
Киіз үй ішіндегі орын турасында аз-маз дерек қалдырған Рубрук отағасының
төсегі төрге салынады деп жазған. Әйелге тиесілі бөлік – төрден есептегенде
сол жақ (кейінгі қазақ есіктен санап, оң жақ деген, – М.М.). Босағадан кіре
берісте (осы, әйел бөлігінде, – М.М.) сүт (қымыз), немесе басқадай сусын
құйылған торсық және ыдыс-аяқ тұрады. Төрден қарағанда оң жақ (қазақша,
кіреберіс есіктің сол жақ қапталы – М.М.) еркекке тиесілі. Ер адам сырттан
келгенде әйел жағына қорамсағын (әлбетте, басқа да қару-жарағын, – М.М.)
ілмейді, деп анықтаған Рубрук. Жеке шаңырақ астындағы бөлініс рәсімі қазақ
арасында күні бүгінге дейін сақталғанын көреміз.
Үйге қажетті шаруаның барлығын әйелдері жасайды; еркектердің ешқандай
алаңы жоқ: соғысады, сейіл құрады, құс салып, аң аулайды, депті Марко
Поло.
Үйдегі барлық шаруашылық әйелдің мойнында: киім-кешек тігеді, киіз
үйлерін бүтіндейді, түйеге жүк теңдейді, арба, күйме айдайды. Еркектер мал
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 26
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480