Latin

Шыңғысхан - 33

Total number of words is 3884
Total number of unique words is 2056
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ауасы кең, суы таза, аңы мен құсы мол, төрт тарабы берік, өзгеше өлке. Бұл
түріктердің тілі – бай, шешен, өмірі – мейлінше ізгі, тұлғалары – келісті,
сындарлы, түрлері – шырайлы, айрықша сұлу. Әйелдері – күн кейіпті, ерлері
– ай кейіпті, патшалары – басты, бектері – кеуделі. Әскері – қайтпас
жаужүрек, ғаламат садақшы. Бұл жұрттың арасында өтірік жоқ, алдамшы
аярлық жоқ, арамдық, қулық-сұмдық және жоқ. Еркін көшіп-қонуды ата
салтына айналдырған, өзіне сенімді, ештеңеден жасқанып, қорықпайтын бір
халық”, – депті.
VIII т а р а у
ТАҚАУ КӨРШІЛЕР
Ұлы Даланы жайлаған түрік, моңғол текті байырғы тайпалардың ең жақын
және құдіретті, әрі мәңгілік көршісі – қытай жұрты болатын. Көшпенді, еркін
қауымның Шыңғыс хан заманына дейінгі, нақты таңбаға түскен мың жарым
жылдық тарихы осы отырықшы, іргелі елдің сыртқы саясатына тікелей
қатысты.
Әлбетте, жер бетін жайлаған халықтардың ешқайсысы да ғайыптан, орта
жолда пайда болмаған. Бәрінің де түбі, арғы тегі бар. Мәселен, бүгінгі
Халхадағы қазба зерттеулер Ұлы Даланың бұдан үш жүз мың жыл бұрын да
адамзат мекені болғанын айғақтайды. Бағзыдағы Қытай қонысының
шежіресі бұдан да арыға кетеді. Ауа райы жұмсақ, аңы көп, суы мол,
құнарлы, жемісті өлке тіршілік үшін тым қолайлы екен. Соған орай Орталық
Қытай – адам баласы өсіп-өнген ең әуелгі құт мекендердің бірі болғаны
белгілі. Саналы тіршілік, өнімді, нақты еңбекке негізделген алғашқы
қауымдық құрылым да Қытай жерінде алдыңғы кезекте бой көрсетеді.
Тиісінше, өз дәуірінде ұйысқан патшалықтар тарихы да тым арыда. Әуелгі,
есімі де, ісі де аңызға айналған әміршілер жасаған заман миләдиден
бұрынғы үш мың жылға кетеді. Бәлкім шындық, бәлкім кейінде қалыптасқан
лақап. Ежелгі Қытай мемлекетін негіздеген, Хуан-ди, яғни Алау атанған
бастапқы патшадан кейін мың жыл өткенде өкім құрған Ся әулетінің шежіресі
де бұлыңғыр. Қытай тарихындағы, ғылыми дәлелденген алғашқы ұлыс – Шаң
патшалығы, тұспал бойынша м. д. 1553–1027 жылдар аралығында, тура бес
ғасыр бойы дәурен сүрген. Бұдан соңғы үздіксіз тарих әр кезеңдегі, әрқилы
тағы бір әулеттер арқылы жалғастық табады.
Бұл кезде, әрине, Ұлы Дала да иесіз болған жоқ. Тек тіршілік шежіресі хатқа
түспепті. Көшпенді тайпалар турасындағы ең алғашқы жазба деректер м.д.
IV ғасырға сәйкеседі. Әлбетте, Қытай мағлұматында. Ху, яғни дүңгене
(жабайы, варвар) атанған бұл жұрт сол заманның өзінде әскери тұрғыда
айрықша әлуетті болғаны көрінеді. Бей-берекет тобыр емес, өзіндік ұжымы
бар жауынгер қауым. Енді алдағы мың жарым жылдың ұзына бойында
Қытайдың солтүстік шекарасы тынымсыз майдан алаңына айналады.
Қытай жұрты әуелден-ақ өзін жер жүзіндегі ең таңдаулы халық санаған. Ал
ол құрған мемлекет – әлемнің Орталық патшалығы, Аспанхақ – Аспан
астындағы ең сәулетті, ең қуатты, бірегей ұлыс. Қытай емес алыс-жақын
жұрттардың бәрі де кемшін. Бөгде халықтардың қайсысы болмасын, қытай
тәртібі, қытай рәсімі, қытайдың дәстүр-салты артық екендігін сөзсіз
мойындауға тиіс. Жай ғана мойындамай, кішілікпен бас ұрып, бұратана
бодандығын айғақтауы шарт. Далалық көшпенділермен арадағы қатынас та
осы орайда құрылады.
Басы бұла жағдайдағы, тіпті, кіріптар кептегі кез келген [есі түзу] халық өзін
бөтен жұрттан артық санамақ. Өз дәстүрі, өз заңы, өзіндік әдет-салты бар.
Шалқар даланы қоныстанған, мал баққан, ат үстінде өскен еркін
көшпенділердің кеудесі тіпті жоғары болатын. Ал тұрмыс-ахуалы қытай
тектілерге мүлде қарама-қайшы. Дүние-таным тіпті алшақ. Халқы көп қытай
мен ерлігі басым көшпенділер кең дүниедегі күнделікті тіршілік қамы,
болашақ ұрпақ ғұмыры үшін міндетті түрде қақтығысуға тиіс еді.
«Асыл текті» отырықшы жұрт «кемшін» көшпенділерді тоқтата алмайды.
«Солтүстік дүңгенелердің» әрбір кезекті жорығынан соң шеткері аймақтары
ойрандалып, егіні тапалып, халқы жапа шегіп қала береді. Он мың, жүз мың
әскер шығарылған қарсы шабуылдар айтарлықтай нәтиже бермейді:
көшпенділердің жері кең, атты аламандарының қимыл, қозғалысы жедел,
бетпе-бет шайқаста саны басым жаудан ығысқан жағдайдың өзінде шегіне
ұрысып, титықтатып барып алады, сақараға бойлап енген қытай әскерінің
қайтар жолы жаппай қырғын-сүргінге ұласады.
Ақыры, бүкіл Қытайды біріктірген даңқты Цин Ши-хуанди (м.д. 221 – 210)
түбегейлі соғыстар нәтижесінде көшпенділерді елдің ежелгі мекені, түрік
қауымы Жасыл-өзен атаған Хуаңхэ дариясының алып иінінде тұрған, қонысы
кең, малға жайлы Ордостан ығыстырып шығарады. Солтүстік беттегі басқа
тарапта да ілгері жылжиды. Жалпы жұртын қырғынға ұшыратып, біржола
құртуды ойлапты. Бірақ құрта алмайды, жуасыта да алмайды. Жыл аралатқан
тынымсыз соғыстар одан әрі жалғасыпты. Ұлы дала түрік текті ғұндардың
(хунну, сюнну) туы астына топтасып, біртұтас, қуатты ұлыс құрған кезде
Қытайдың жағдайы тіпті қиындайды.
Міне, осы кезде ең ұтымды амал табылғандай көрінеді. Бүкіл солтүстік бет –
Ұлы Даламен аралықты бекітіп тастау керек! Қытайдың Ұлы Қорғанын
тұрғызу осындай қажеттіліктен туыпты. Шектеулі аймақ, бір, екі, отыз қала
емес, бүкіл мемлекетті қоршаған, ұзындығы үш мың шақырымға тақау,
сансыз мұнаралы, биік, орнықты берік қамал! Қорғаныш қана емес, тірек.
Көшпенділерге қарсы бағытталған болашақ жойқын жорықтар үшін серіппелі
тиянақ-тұтқа. Ең бастысы – далалық өлкенің қаншама жерін қоса қамтып,
империя шегін кеңейткен жаңа шекараны біржола айғақтау. Алайда,
көшпенділер Тұр-қорған атаған бұл ғаламат бекініс алмағайып, тайталас
күресте Қытай жағына әуелде ойлағандай артықшылық әпермейді, ел іргесін
мүлде қауіпсіз ете алмайды.
Көп ұзамай, ғұндар қарсы шабуылға шығап, ежелгі мекен Ордосты қайтарып
алады. Бұдан соң, жаңада көтерілген Хән әулетінің тұсында шекаралық
ұрыстармен қатар, бетпе-бет үлкен майданда айқын басымдыққа жетіпті.
Аспанхақ империясы Ғұн империясының тепе-теңдік жағдайын мойындап,
м.д. 198 жылы қалаусыз келісімге мәжбүр болады, соған орай Хэцинь –
«Бауырластық негізіндегі бейбітшілік» аталатын жаңа саясат қолданысқа
еніпті. Бұл өзгеше бітім шарты бойынша:
1. Ғұн мен Хән тең құқықты мемлекеттер деп танылады;
2. Тұр-қорған екі ел арасындағы ресми шекара болып белгіленеді;
3. Хән сарайы Ғұн патшасына қатындыққа тума ханшасын ұзатады;
4. Қытайлар ғұндарға міндетті түрде жыл сайын, келісімді мөлшерде шым
жібек, астық және басқадай азық-түлік есебімен арнайы сияпат жасап
отырады.
Шынында да, Ежелгі Қытай тарихында арғы-бергіде болмаған жағдай.
Басқасынан бұрын теңдік дағуасы. Барлық жұрты 2 миллионға толмайтын
Ғұн ұлысы жеме-жемде 54 миллион халқы бар, түп көтерілсе, бір миллион
әскер шығара алатын Қытай-Хән империясын өктем, амалсыз келісімге
мәжбүр етті деген сөз.
Қытай тарихнамасы ғана емес, кейінгі және бүгінгі Батыс зерттеушілері
түгелге жуық, тіпті, ең саналы, білгір, ғаділетті дегендерінің өзі бір ауыздан
көшпенді жұрттар қашанда жабайы болды, қарақшы, тонаушы ғана болды,
өздері ешқандай заттық игілік жасамай, отырықшы, мәдениетті, еңбекші
қытайдың арқасында ғана күн көрді деп біледі. Яғни ғұндардың, олардан
соңғы басқа да далалық жұрттың бар ісі сорақы, және бұған керісінше, Ежелгі
Қытай, ол тұрғылас бұрынғы-соңғы отырықшы қауым түгелдей жаңағы
дүңгенелермен амалсыз соғысты деседі. Шын мәнісінде, зорлық-зомбылық
та, шапқын мен қорғаныс та екі тарапқа бірдей жағдай еді. Қытай іргелі
елдігін сақтап, мемлекетін одан әрмен күшейтіп, ұлғайта бергісі келсе,
далалық жұрт та өз ордасы, ұрпақ болашағы үшін күресті. Ата мекен жерін,
дәстүр-салтын қорғады. Бұл орайда «кім артық, кім кем» – нәсілдік сырқатқа
сайса, «кім кінәлі» – мүлде мәнсіз сауал. Ең басты себеп – тіршілік заңы,
әркімнің өз ошағы, өз босағасының қамын ойлауы. Өткен замандардан
бүгінгі күнге көшкен, ешқашан толастамас өмірлік қағида.
Әлбетте, барлық заманда кез келген соғыс, қанды қырғын үстіне, талантараж, алым-албансыз болмайды. Сақараға бойлай енген қытай он мыңдап,
жүз мыңдап (нақты деректер бойынша, кейде 1–1,5 миллион тұяқ пен ірі
қара) мал айдап әкететін, қаншама жұртты тұтқындап, құлдыққа жегетін.
Сондай-ақ, отырықшы аймаққа шабуылдаған көшпенділер де қарық олжаға
батады: шым жібек, қажетті, қымбат бұйым, азық-түлік дегендей. Ал
көшпенді көсемдер бaрлық заман, барлық уақытта дерлік тұрақты еншілеген
жыл сайынғы міндетті салым тек билеуші әулеттің белгілі бір қажетін өтеуге
ғана жарайды екен. Екінші мәселе – «отырықшы, сондықтан да тегі асыл,
мәдениеті артық» жұрттар – біз қамтымақ заман, назар аударып отырған
өңірдегі Таңғүт пен Қытайдың, тіпті екі Қытай: Түстік пен Терістік, және арғы,
бергі, басқа да қытай текті патшалықтардың өзара майданында талау,
тонаусыз, айып-албансыз іс болмаған. Бұрынғы, соңғы Еуропа тарихын
айтпағанда.
Бүгінгі астам төрешілер ескермей жүрген ендігі бір жағдай – бағзы
замандардан бастап жалғасып жатқан Дала мен Қытай арасындағы бар
қатынас тек өмірлік кеңістік үшін күрес, тіршілік орайындағы қайшылық
туғызған ұрыс-соғыстармен ғана шектелмеген. Бейбіт жылдар, бейбіт
қатынас. Санамалап келсе, тыныштық жылдар есебі әлдеқайда басым түсер
еді. Тіпті, соғыс жағдайының өзінде екі тарап адамшылық жөнімен келіспей,
кездеспей тұрмас-ты. Шыңғыс хан заманына дейінгі мың жарым жыл
орайында алыс-беріс те, аралас та мол болды. Өзара ықпал, ауыс, жұғыс та
жетіп жатыр. Көшпенді жұрт негізінен қытай әсерімен егіншілік кәсібіне ден
қоя бастайды. Қала тұрғызу, құрылыс ісінде тағылым табады. Күнделікті
тұрмыстағы тұтыну заттарымен қатар, сән-салтанат бұйымдарын алып
тұрады. Қытайдың рәсім-салтын қабылдамаса да, дүниеге көзқарасын,
өзіндік ілімдерін жат көрсе де, құйтырқы саясатының астарын ұғуға
тырысады, ел басқару ісінің ерекшеліктеріне ден қояды. Түптеп келгенде шет
жұрттың игілікті үлгілерін пайдаға жаратып, өз тұрғысын одан әрмен бекітіп,
өзіндік бет-бейнесін сақтап қалады. Ал қытай... бергенінен алғаны есесімен
артық болса керек. Тынымсыз шапқын және еркін сауда кезінде түсетін мал
өнімдері қаншама. Атқа міну, соған орай ат әбзелі, ертоқым салып, үзеңгі
байлау және ықшам желең, белбеу буынып, қару-құрал асынып, етік пен
шалбар киюден бастап, көшпенді жұрттан үйренгенін нақтылап, есептеп
шығарудың өзі қиын. Он екі мүшелдік жыл қайыру үлгісінің өзі неге тұрады.
Әйтсе де, ең бастысы – қару-жарақ жөні, соғыс өнері. Әлбетте, қытай бұл
жағына ежелден-ақ мәттақам, десе де, көшпенділердің арыс садағы,
бағзыда – қосар жылқы жеккен екі доңғалақты әскери арба, кейінде –
ертоқымды, үзеңгілі ат үстіндегі жекелей ұрыс машығы, зор майдандағы кең
көлемді әскери әдіс-тәсілдері күшке күш қосқан. Елдің қуатын арттырып,
өрісін кеңейткен ең үлкен табыс екен...
Хош. Хән империясы Ғұн ұлысымен тепе-теңдік келісімін жасады дедік.
Шынында да, тең көргеннен емес, амалсыздан. Жауынгер Ғұнның айрықша
әскери қуатының нәтижесі. Өзін Әлемнің орталығы деп білген ел, әрине,
мүмкін болса, мұндай тепе-тең – «теңшіл емес, кемшін» шартқа біржола
көніп отыра алмайтын еді. Өз тіршілігін, өз ұлысын басқа жұрттан артық деп
білген ғұндар да қытайдың сыртқа тепсініп тұрған астамшылығын көтере
алмайтын. Бітім екі жақ үшін де мәңгілік шарт емес еді.
Қытай империясы барлық заманда да көшпенділердің өрісін қымтап,
төңірегінен оқшауландыру, таршылықта қалдыру саясатын ұстанады. Мұның
бір тармағы – орайлы сәттерде шекара аймағындағы екіжақты еркін саудаға
тиым салу болатын. Көшпенділер көп ретте өздерінің тіршілік қажетін өтейтін
базар үшін күресуге мәжбүр еді. Әлбетте, сөз өтпеген жерде қарудың
күшімен. Шекара аймағындағы оқтын-оқтын қақтығыс, кейде үлкен
майданға ұласып, ешқашан тоқталмапты. Мәселен, Қытай тарабы м.д. 133
жылы Хэцинь келісімін бұзып, зор майдан ашқан соң, екі жаққа да ауыр
салмақ әкелген соғыс тұтас елу жыл бойына созылады.
Әйткенмен, екі халықтың ішкі, сыртқы әрекет, қимылында өзгешелік көп еді.
Ғұндар тек өздерінің әскери қуатына сүйенеді, ал қытайдың астыртын, құпия
қаруы тағы бар: көршілес, күндес тайпаларды айдап салу арқылы сырттан
соққы беру, ұлыс құрамындағы бақталас, тақталас топтарға дем қосып,
ағайынды ажыратып, өзара қырқыс арқылы іштен тоздыру. Қара күшпен
астас зымиян саясат заманнан заман өткенде толығымен жүзеге асады. Ұлы
Ғұн империясы ыдырады, асау жұрттың ең соңғы жарықшақ, бөлшектері
бұрынғы күшінен айрылып, жаңа, басқа бір ұлыстар құрамына қосылды, ата
мекеннен ауды, немесе біржола жойылды. Түрік текті ғұннан соңғы моңғол
нәсілі сәнбилер, тіпті, жарым дүниені бауырына басқан Ұлы Түрік
империясының өзі ақыр түбінде өміршең Қытай саясатының құрбаны
болыпты.
Бірақ ұлан-байтақ Қытайдың өзі де барлық уақытта барқадар таппаған.
Сыртқы тепкін, жат жұрттармен күрес өз алдына, империяның өз іші де үнемі
тыныш болмайды. Патшалыққа талас, әрқилы әулеттер арасындағы күрес, ең
бастысы – тынымсыз толқыныс, халық көтерілістері құдіретті Хән
империясын да, одан соңғы даңқты Таң империясын да алып жеген ең басты
кеселдер екен. Ғұн заманы, бүкіл Даланы біріктірген шаңғұй Мөде мен киіз
туырлықты қауымды қайта көтерген Шыңғыс ханға дейінгі аралықтағы мың
жыл бойы көшпенділер мен Қытай арасындағы жанкешті күрес ешбір толас
таппайды. Ұлы Қытай неше рет бөлшектеніп, неше рет бірігеді, Ұлы Дала
қаншама рет ту көтеріп, соншама рет қайта ыдырайды, бірақ ғасырлар бойғы
қайшылық жойылмайды. Баз бір замандарда, шекаралық аймақ, Солтүстік
Қытайда орда көтерген, билеушісі түрік, немесе моңғол текті, бодан
жұртының басым бөлігі қытай нәсілді, үлкен-кіші, әрқилы мемлекеттік
құрылымдардың өзі заты бөлек екі қауымның түсіністі, ынтымақтас
болашығына жол аша алмағанын көреміз.
Алмағайып тайталас заманда екі жұрт ұстанған түпкі мақсат-мұрат та кереғар
екен: көшпенділер Қытайдың зәрін қайтарып, ел іргесін бекіту, асса қосымша
олжа табуды ғана көздесе, ойсырата жеңіп тұрған кездерінің өзінде жат
жұртты басып алу – қажетсіз, бодандыққа түсіру тиімсіз деп таныса, Қытай –
көшпенді қауымды түп тұқиянымен, біржола құртуды ғана ойлайды. Мың
жылдық соғыс нәтижесінде ұстанымы берік, низамы қатал, жері жайлы,
халқы қисапсыз Қытай бірте-бірте дендей беріпті. Ғұн империясы мен Түрік
қағанатының дәуірі демесек, көбіне-көп Қытай тарабы басымдық танытып
отырғанын көреміз. Ал Шыңғыс хан атқа мінген кезде Ұлы Даланың тынысы
мүлде тарылған. Бағзыдағы алпауыт ұлыстар орнында бірнеше дербес
хандық, жекелеген ру, тайпалар ғана бар, олардың өзі алты бақан алауыз,
және көбіне-көп жат жұрт ықпалында. Рас, бұл кезде Хән дәуіріндегі, Таң
дәуіріндегі Қытай да жоқ, бірі атаулы, бірі атаусыз екі патшалық болып отыр,
алайда қуат-күші жетіп артылады, әрі ежелгі саясаты өзгермеген, тіпті,
өрістей түскен. Керек десеңіз, дәл іргедегі, көшпенділердің барлық сырына
қанық жаңа жұрты бұрынғылардан гөрі қауіптірек болып шықты. Арғы
қауымы жер шалғайлығынан ғана бейбіт отыр. Бұл екеуіне қоса, тегі бөтен
тағы бір жат патшалық бар. Жинақтап айтқанда, үш алып империя: Шүржен,
Сұң, Таңғұт. Бірме-бірдің өзінде бытырап жатқан Ұлы Даладан әлдеқайда
күшті. Сондықтан да көшпенді жұртты желкесінен басып ұстап отыр. Міне,
тура екі жарым ғасырдан озыпты.
Шүршіт
Ұлы Дала қайта көтерілер қарсаңындағы ең қуатты көрші әрі айрықша
қатерлі жау – Шүржен, немесе Цзинь империясы еді. Бүкіл Орталық-Шығыс
Азияға өкім жүргізіп, ұзақ жүз жиырма жыл бойы салтанат құрып отырған
мемлекеттің ұйтқы-тірегі болған негізгі халық – тұңғыс-мәнчжүр нәсілі
шүршіттің арғы бабалары мохэ тайпалары қытай деректерінде VI ғасырдан
мағлұм. Әуелде Амур (Хэйшуй, Хэйлунцзяң) дариясына құятын Суңгари,
Уссури өзендерінің аңғарын мекендеген екен. Негізгі кәсібі аңшылық,
балықшылық болған. Уақыт оза келе мохэ тайпасы түстікке қарай қанатын
жайып, Мәнчжүр ойпатына кеңінен орнығады, терістікте ежелгі қоныс
Амурмен шектелсе, түстік-шығыста Кореямен, түстікте – Қидан, түстік-батыста
Қытаймен көршілес, терістік-батыста көшпенді, далалық теле, шивэй
тайпаларымен беттеседі, ал бүкіл шығыс атырап Жапон теңізіне тіреліпті.
Жетпіс екі рулы ел екен, дербес көсемі бар әр ру өзінше тіршілік кешеді.
VIII ғасырдың бас кезінде мохэ әулетінің түстік тармағы сумо іргелі Бохай
патшалығын негіздейді. Алайда, туыстас жұртты түгел ұйыстыра алмайды.
926 жылы қидандар жаулап алғаннан соң бұл тараптағы аталас, ағайындас
қауым түгелдей жат елдің бодандығына түседі. Осы шамада мохэ жұрты
қытай деректемелерінде нюйчжи, нюйчжень есімімен белгілі болыпты, бұл –
ілкіде қалыптасқан өзіндік шүржен этнонимінің бұрмаланған түрі екен. Ал
түрік-татар жұрты түп тұлғасына сәйкес, шүршіт деп атаған. (Бұл «шүршіт» –
әдепкі «қытай» атауының синонимі ретінде кейінгі қазақ арасында XVIII
ғасырға дейін ұмытылмай сақтаулы – таң қаларлық жағдай.) Ежелден-ақ
жауынгер болған, өз заманы үшін қарасыны мол халықтың қиданға
бағынышты бөлігі «бейбіт шүржен», алыс аймақ, бoстан өмірдегі жұрты
«беймаза шүржен» деп танылады.
Еркін шүржендер әрқилы тайпалық одақ құрамында, айбарлы көршілерімен
кейде соғысып, кейде сөз жүзіндегі бодандық жағдайында өсіп-өне беріпті.
Қайткенде де, өктем қиданмен жағалас тоқталмайды. Жекелеген
көтерілістер кейде қарсы шабуыл, ауыр соғыстарға ұласады. Мәселен,
шүржендер 973, 976 жылдары Ләуо шегіне басып кіріп, шекарадағы қидан
иеліктерін талқандайды. Ләуо империясы шүржендерді біржола жаныштау
үшін 983 жылы тұтқиыл аттанып, мыңдаған кісісін өлтіріп, қаншама жұртын
Корея шегіне дейін тықсыра қуыпты. Ал 986 жылғы кең көлемді жорықта
шүржен қоныстарына бойлай еніп, жұртын қиратып, 100 мың тұтқын айдап
қайтқан екен. Соған қарамастан, шүржендер бағыныш атаулыдан бас
тартады да, Сұң патшалығымен одақтасады. Бұдан соңғы 988–89
жылдардағы жаңа шапқынға осы түстік қытайлардың көмегімен тойтарыс
беріпті.
Шүржен-Корей шекарасы да ешқашан тыныш болмаған. Бірақ бұл тарапта
шүржендер дұшпанына дес бермейді. Ақыры, корейлер шүршіттен сақтану
үшін, 1033–1044 жылдарда, Қытайдың ежелгі Тұр-қорғанының үлгісі
бойынша, түбектің бүкіл терістік қапталын бекітетін шекаралық қамал
орнатыпты, бұл алып қабырғаның биіктігі мен жалпақ ені 8 метрден, ал
ұзындығы 500 шақырым екен. Әлі басы бірігіп үлгермеген шүршіттің қуаталымын осыдан-ақ тануға болады.
Таң дәуірінен соң еңсе жазып, X–XI ғасырларда әуелгі орманды, таулы
аймақтан етекке түсіп, Мәнчжүр өлкесін баураған, жаңа жер, жаңа жағдайда
іргелес түрік ықпалымен әуелі малшылық кәсібіне машықтанып, уақыт өте
келе егіншілік сырын игерген шүршіттер саны молығып, әскери қуаты артып,
енді ұлыс ретінде орнығуға бет алады. Осы орайда хэйшуй мохэ тайпасының
Уссури бойын жайлаған ваньянь табы бедел-күшке жетіп, «Отыз рудың
одағы» аталатын жаңа жұрттың ұйтқы-тірегіне айналады. Ақыры, осы
әулеттің жауынгер көсемдері XI–XII – екі ғасырдың шегінде шүржен
жұртының басым бөлігін дербес ұлыс ретінде ұйыстырыпты. Ал әкелерінен,
ағаларынан кейін билікке жеткен шешімтал Агуда ежелден жаулас Ләуо
патшалығымен арадағы әлденеше жеңісті соғыстар нәтижесінде, 1115 жылы
тәуелсіздік туын біржола бекітіп, өзін император деп жариялайды.
Жаңадан құрылған мемлекет ресми түрде Цзинь атанады (шүршіттің өз
тілінде Аньчун), мағнасы – Алтын, яғни Алтын ұлыс. Қидан елінің ресми атауы
Ләуо (Ляо) – «Темір» деген сөз, темір тотығады, тозады, ал алтын ешқашан
ескірмейді, темірдің өзін алып жейді депті. Сөйтіп, Агуда бастаған Алтын
империя соңғы тоқсан жыл бойы төңірегін түгел жайпап, шүрженді
жаныштап отырған Темір империяға қарсы қатал соғыс ашады. Қидандар
алғашқы кезеңнің өзінде бет қарамай жеңіледі. Айналасы алты-жеті жыл
ішінде орталық қалаларының бәрінен айрылып, ыдырап тозады. Осы
Агуданың заманында қидан тағдыры біржола шешілсе, мұрагер император
Уцимайдың тұсында, 1125 жылы, тұяқ серіпкен соңғы ұрыста және жеңіліп,
ақырғы императоры тұтқынға түседі – Қидан мемлекеті құлады деген сөз.
Қидан жері, қидан иелігі түгелдей Шүржен билігіне көшіпті.
Алайда, шүршіттер Ләуо патшалығын алумен шектелмейді. Өздерімен
уақытша одақтас болған, бірақ кең майданда айтарлықтай белсенді әрекет
жасамаған Сұң-Қытай империясына қарсы соғыс ашады. Кореймен бітімге
тоқтап, ту сыртындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Таңғұтты сөз жүзіндегі
бодандық шартқа мәжбүрлеп, ата жаумен одақтастық мүмкіндігінен айырған
соң, 1125 жылы Хуаңхэ дариясынан өтіп, тегеурінді, жаппай шабуылға
көшеді. Қытай әскері ауыр жеңілістерге ұшырап, қаншама кенті мен жерінен
айрылады. Соғыстың екінші жылы ширек ғасыр бойы өкім құрған кәрі
император, ілкіде ғана таққа отырған баласы, жаңа императормен екеуі
қатарынан тұтқынға түседі. Жау жасағын қиратып, әуелгі мақсатына жеткен
шүржендер соғыс қимылдарын тоқтатыпты. Әрине, уақытша ғана.
Терістік аймақтан біржола тықсырылған Сұң-Қытай мемлекеті енді Түстік Сұң
– Нань Сұң аталады, ел билігіне ежелгі патшалардың басқа бір тармағы –
жаңа әулет келеді. Ал Шүржен жаңадан басып алынған өлкеде қытай есепті,
уақытша, қуыршақ өкімет орнатады да, іргесін бекіткен соң, көп ұзамай-ақ
екінші дүркін соғыс ашып, тағы да үлкен табысқа жетеді. Ақыры, 1142 жылы
бекітілген бітім шарты бойынша ежелгі Қытайдың қаншама уәлаятын өзіне
қосып алады, Түстік Сұң патшалығы Шүржен өктемдігін мойындап, жыл
сайын сом күміс, бума жібек түрінде қыруар албан төлеп тұруға міндеттенеді.
Енді жаңа бөліс бойынша Цзинь империясы “Жер-ұйтқы жазығы” аталатын
құнарлы Хуаңхэ алқабын түгел иеленіп, түстік шекара Янцзы дариясымен
ортаңғы аралыққа жетіпті. Межелі жердің шығыс бөлігі Хуайшуй өзенінің
негізгі арнасы бойынша белгіленеді және батысқа қарай сол ендік бойынша
тартылады. Яғни, ежелгі қытайдың бүкіл Терістік және Орталық бөлігі Цзинь
әулетіне қарасты болды деген сөз. Алтын патшалық жері байтақ, елі іргелі,
айрықша қуатты және көп ұлтты мемлекетке айналады.
Шүршіттер Ләуо империясын жаулап алған соң мемлекеттік басқару
жүйесінде бұрынғы қидан үлгісі – әкімшілік бөлініс, ішкі қызымет тәртібін сол
қалпында сақтапты. Көп ұзамай, билік біржола орталықтандырылып,
байырғы шүршіт рәсіміндегі ру көсемдерінің кеңесі таратылады. Заман оза
келе, мемлекеттік құрылым қытай үлгісіне көшеді. Сарай рәсімі ғана емес,
бүкіл әкімшілік жүйесі. Сонымен қатар ел басқару үрдісінде әрбір уәлаяттың,
топ пен қауымның ұлттық сыпаты да үнемі ескеріліп отырған. Қидандар –
қидан жорасымен, қытайлар – қытай рәсімімен. Шүржендер де өз тәртібін
ұстанады, бірақ ұлысты ұйыстырушы қауым ретінде мемлекеттік үлкен саясат
ауқымына түседі. Кейінде, бүкіл империя қытай нұсқасын қабылдағанда,
мемлекет шегіндегі барлық жұрт қытай рәсімін қоса игеруге мәжбүр болады.
Қарудың күшімен орнаған байтақ елдің әскери әлуеті аса жоғары болған.
Атаулы халық шүршіттердің еркек кіндікті азаматы 17 жастан 59 жасқа дейін
әскери міндетті саналады. Сонымен қатар, бөгде нәсіл, басқа жұрт өкілдері
де соғыс ісіне кеңінен тартылады. Мәселен, Сұң патшалығына қарсы алғашқы
майданда одақтас далалық тайпалармен қатар, күні кеше ғана боданға
түскен қидандар, тіпті, ілкіде қидан билігінде болған қытайлар да көптеп
қатысады. Кейінде жаңа жерде жаңадан қосылған қытайлардың өзі Сұңға
қарсы тынымсыз соғыстарда елеулі қызымет атқарыпты.
Шүршіт әскері қашанда сан жағынан толымды болған. Әлденеше жүз мың.
Ал XIII ғасырдың бас кезі, Шыңғыс ханмен соғыс дәуірінде бір миллионнан
асыпты. Қалың қолдың басым көпшілігі, әрине, қытай тектілер болған.
Шүржен шерігінің негізгі қаруы – дәстүрлі үлгіден табылады: садақ, найза,
қылыш, сауыт-сайман дегендей. Сонымен қатар, ол кезде әлемдегі басқа
ешбір жұртта жоқ от қарулар қолданысқа енгізілген. Бұлар – бағзыда, Таң
империясының заманы, IX ғасырдың соңында Ежелгі Қытайда ойлап
табылған жарылғыш от-дәріге байланысты. От-жебе және отты бомбалар. Отжебе – кәдімгі садақ оғына бекітілген, от-дәрілі шағын жарылғыш екен.
Жақпен атылып, жау ортасына түскенде от шашып жарылатын болған.
Өлтіреді, өртейді. Ал отты бомба – ішіне от-дәрі толтырылған жұмыр құмыра
түрінде жасалыпты. Серіппемен (катапульт) атып, әлденеше жүз қадам
жердегі қалың әскер ортасына немесе қамал ішіне түскен кезде қатты
дыбыспен тарс жарылып, елу-алпыс метр аумақты от-жалынға орайтын
болған. Бұдан басқа, қамал бұзатын, қабырғаға шығатын әрқилы ұтырлы
аспаптар. Уақыт оза келе, бұл қатарлы шабуыл және қорғаныс құралдарының
барлығы да Шыңғыс хан әскерінде қолданысқа алынады.
Империя іргеленген, ел әбден орныққан заман – XIII ғасырдың бас кезінде
жүргізілген санақ бойынша, бүкіл ұлыста 8 миллион 413 мыңнан астам
шаңырақ, жиын саны 53 миллион 532 мыңның үстінде халық бар екен.
Мұның екі пайызы қидан, бір пайызы туыстас бохай, 87 пайызы этникалық
қытай (хән) екен. Ал ел иесі шүршіт – 10 пайыз шамасында ғана болған, яғни
5 жарым миллионға жетер-жетпес. Дербес отырса, сол заман үшін аса көп
халық, бірақ 90 пайыз басқа жұрт арасында ат төбеліндей ғана дерлік. Ақыр
түбі осы азшылық жағдай дарынды әрі жауынгер жұрттың бар
артықшылығын жоққа шығарған.
Бұрынғы қиданнан бір айырма – әуел бастан-ақ шүршіттердің мемлекеттік
ішкі саясаты шовинизмнен, нәсілдік шектеуден тыс болыпты. Империя
ғұзырындағы барлық халық тең құқықты саналған. Әлбетте, шүршіт –
билеуші әулет. Сонымен қатар, елдің тыныштығы, береке-бірлігінің ұйтқысы.
Осыған орай ұтымды әрі епті саясат іске қосылады. Ел басқару ісіне,
мемлекеттік қызымет саласына басқа ұлт өкілдері де көптеп тартылады.
Әуелде бұл тарапта бұрында қалыптасқан жүйесі бар қидан жол-жорасы
жетекші орынға қойылып, жаңа өкімді мойындаған қидан текті қызметкер,
саясаткерлер іс тұтқасында қала береді. Бұдан соңғы заманда қытай текті
жұртқа да кеңінен жол ашылыпты. Цзинь әкімшілігі жаңадан қосылған
жердегі қытай атаулыны бұрынғы, өз жұртындағы барлық борышқарышынан құтқарып, тұтас үш жылғы алымнан азат етеді, ендігі міндетті
салық бұрынғыдан әлдеқайда кем мөлшерде белгіленеді, басқа да әрқилы
жеңілдіктер жасалады, нәтижесінде жауланған аймақта біршама тыныштық
орнапты, тілектестік болыпты. Жалпы саны билеуші қауымнан тоғыз есе
артық бодан жұрт өзін ұлыстың тең құқықты азаматы ғана емес, ел иесі
сезіне бастайды. Ақыр түбінде Алтын патшалық шүршіт билігіндегі Солтүстік
Қытай империясы ретінде қалыптасады. Шүршіттердің әлсіздігінен емес,
қытайлардың өлшеусіз көптігінен. Жай ғана көптігі емес, мәдениетінің
кемелі, халқының ұлттық санасы, айнымас дәстүр-салтының арқасы. Үш мың
жылдық таңбалы тарихта қарауында қалғандар тұрыпты, Қытайды
бағынышқа түсірген халықтардың бәрі азды-көпті заманнан соң ұлттығынан,
дербестігінен айрылып, қытайланып кеткенін, Ұлы Қытай бодандық
жағдайдың өзінен әманда ұтыс тапқанын көреміз. Жарым Қытайды билеп
отырған шүршіттер де тарихи тағдырын аттап кете алмайтын еді.
Ілкідегі қидандармен салыстырғанда, шүршіттер жабайы (ху, варвар,
дүңгене) қалыпта болды деп саналады. Мемлекеттік басқару жүйесі
қалыптаспаған, мәдениеті кемшін, жазу-сызуы жоқ... дегендей. Алайда
ұлттық санасы жоғары, өзіндік салт-дәстүрі берік. Айрықша жауынгер, әскери
ұжымы нығыз, қуатты жұрт. Бір сөзбен айтқанда, тұғыры орнықты. Қалғаны
қолайына байланысты. Мемлекеттік құрылым – әуелде қидан, кейінде қытай
дәстүріне үйлесті дедік. Ал басқасы... тезінен жетіге бастайды. Алғашқы
патша Агуда 1119 жылы қидан және қытай таңбаларының негізінде
жасалған, кейінде «үлкен жазу» атанған жаңа жазуды қолданысқа енгізеді.
1138 жылы император Хэла жазылуы ықшам, оқылуы оңайырақ тағы бір
жазуды мақұлдайды, бұл «кіші жазу» 1145 жылы іске қосылыпты. Ең
басынан-ақ ұлттық жазу аясында, ұлт тіліндегі мектептер ашылады. Сонымен
қатар, қытай тілін үйренуге, қытай мәдениетін игеруге айрықша мән беріледі.
Десе де, ана тілін білу, жазуын тану, ұлттық мәдениетті дамытып, ежелгі
дәстүр-салтты ұстану – бірінші кезектегі міндет болған. Ұлтты сақтау, оның
өрісін кеңейту мәселесі ел билеушілер назарында тұрып, үнемі айрықша
қолдау тауып отырған. Мемлекеттік тіл – шүршіт тілі болып, ішкі қатынас
және іс қағаздары да осы ана тілінде жүргізілген. Тек сот ісі ғана жергілікті
жерде қытай тілінде өткізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мемлекеттік
қызыметтегі тұлғалар ұлт, нәсіліне қарамастан, шүршіттің тілі мен хатын
білуге міндеттелген. Орталықтағы және шет аймақтардағы әкімшілік басқару
саласында мемлекеттік тіл мен ұлттық жазудан шет кісілер қызметтен
шығарылады, тіпті, тума шүршіттердің өзі сауатсыздық жағдайында биліктен
ғана емес, мал-мүлкінен, мұрагерлік хақысынан айрылады екен. Шүржен
текті жұрттың басым көпшілігі екі тілді қатар игеріпті, ал империя шегіндегі
әрқилы халықтардың өзара қатынас құралы – негізінен қытай тілі болған.
Ұлттық мемлекеті қалыптасып, ұлттық жазуы қолданысқа еніп, ана тілі
өркендеген шүршіттің ұлттық мәдениеті барлық салада бірдей дамып, биік
өреге ұмтылады. Кұңфудзы, Мэң-цзы, және басқа да ойшылдардың
туындылары, әрқилы философиялық еңбектер қытай тілінен аударылып,
кітап болып басылып, кеңінен тарайды. Сонымен қатар, ұлт тіліндегі төлтума
нұсқалар да қалыптасады, өлең, хикаят, драмалық, музыкалық шығармалар
жазылады. Сұңғат және мүсін өнері дамиды. Архитектурада ұлттық
нышандар пайда болады. Қидан, шүржен тарихын байыптаған жылнама,
зерттеулер, этнографиялық сыпаттамалар, медицина, астрономия
саласындағы еңбектер жазылады. Мұның бәрі де өз заманындағы ғылым,
білім деңгейінде көрініс тапса керек. Өкінішке қарай, осыншама қыруар мұра
кейінгі заманға жетпепті. Тек аты мен дерегі ғана қалған.
Қайткенде де, уақыт озған сайын қытай тілі мен мәдениетінің ықпалы артып,
жаппай қытайлану үрдісі басталады. Әлбетте, ел-жұртының болашағын
ойлаған қайраткерлер дабыл ұрады, халқының ұлттық бейнесін сақтауға
ұмтылады, өткендегі, өзінің ұлттық сыпатын жоғалтпаған қиданды, көршілес,
бар шаруасы ұлттық мүдде орайынан табылып отырған таңғұтты мысалға
келтіріп, үлгілі өнеге ретінде ұсынады екен. Тақтағы әміршілер де бейтарап
қалмайды. Осы орайда, біржола қытайланудан сақтық ретінде, 1187 жылы,
шүржендердің қытай үлгісімен киінуіне, қытайша есім-сой алуына тиым
салынған заң да қабылданған екен. Халықтың ежелгі ән-күйіне, рәсім,
дәстүріне мән беріледі. Мемлекеттік тіл мәселесі туралы айттық. Алайда,
соншама әрекет, шара, нақты жұмыстарға қарамастан, ұлтсыздану апаты
тоқталмайды.
Көпұлтты жұртта жалпыға ортақ, мемлекеттік дін болмаған. Әйткенмен,
Кұңфудзы ілімі жетекші қызымет атқарады. Сонымен қатар, буддизм кеңінен
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 34
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480