Latin

Шыңғысхан - 08

Total number of words is 3568
Total number of unique words is 1854
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қазаққа белгілі, балалар ойнайтын асық. Немесе “шыралғы” – қазақта
“Батырдан сауға, мергеннен (аңшыдан) шыралғы» дейді ғой, кейде
“сыралғы”. “Қастерлі шежіреде” аңшыдан шыралғы сұрайтын көрініс бар. Не
екенін білмей, қаншама ғұламаның басы қатқан. Әдетте, кез келген тілде
тұрақты тіркес – идиомалар тек қана өзіндік сыпатқа ие, қандай да бөтен
тілге қаз-қалпында аударуға көнбейді, қаз-қалпында аударылса, мағнасыз
бірдеңе болып шығады. Шыңғыс ханның бір атасы дұшпанмен кектесер
алдында «ат кекілін кеседі”, осы сөздің тура мағнасында, мұндай ежелгі
салттан шыққан тіркес – “ат кекілін кесу” – қазақ тілінде біржола кетісу,
бітіспес жаулық мағнасында қолданылатыны белгілі. Іздесек, бұдан да
оңайын табамыз. Шыңғыс ханның өзі әуелгі бір қиын соғыста жараланып,
тығырыққа қамалғанда “қаны кеуіп” шөлдейді, майданда ерлікпен қаза
тапқан батырлар “жастығын ала жатады”, Шыңғыс хан анда, яғни анттас досы
Жамұқа екеуінің “төсекте басы, төскейде малы қосылады”. Мұндай
мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондай-ақ, моңғол тілінде баламасы
бола тұра, жекелеген сөздер кей реттерде түрік нұсқасында қолданылады,
мәселен, “би” емес, “мен”. Қастерлі шежіренің” тілдік құрылымын нақты
зерттеу нысанасына айналдырған түрколог жоқ. Ал моңғол тарабындағы
ағайындар ғана емес, ежелгі ескерткішке арнайы зерттеу жүргізген батыс пен
шығыстың барлық білгірі “моңғол” атауының көлеңкесінен шыға алмай жүр.
Бұл реттегі барлық байыбымыздың қорытынды түйінін айтсақ, “Қастерлі
шежіре” әуел баста сол замандағы, найман ба, керей ме, әлде басқа ма,
әйтеуір көне түрік тілінде жазылған. Әлемдік ғылымға таныс, жалпы
жұртшылыққа мәлім, Қытай императорларының қоймасында сақталып
қалған бірден-бір нұсқа, уақыт оза келе, әрқилы көшірмелер нәтижесі,
тақаудағы аралас, біліс моңғол тілінің ыңғайымен ішінара тәржімаға ұшырап,
кейінгі қалпына жеткен. Ендігі бір мәселе, “Қастерлі шежірені” зерттеушілер,
бүгінгі таңбаға түсірушілер кәдімгі моңғол тілін үлгі-нұсқа ретінде ұстанады,
яғни екі тілге әуелден ортақ, тек фонетикалық айырымы бар сөздер ғана
емес, арыдағы түрік тілді әдеби және тарихи еңбектер лексикасы, бүгінгі
моңғол тілінің сөздік қоры мен табиғатына жат сөз атаулы моңғол текті
дыбыстар орайымен бұрмаланып, керек десеңіз, жөнделіп, алмастырылып
беріледі. Соның өзінде мәтін ала-құла, жарым-жартылай түрки болып
тұрғанын көреміз. Осы орайда орыс оқымыстысы В.Рассадин бүгінгі жұрттың
ойына келмеген, өзгеше бір толғам айтқан еді: “Мезгілдік тұрғыдан алсақ,
“Қастерлі шежіренің” тілі қазіргі моңғол тілдерімен салыстырғанда, ежелгі
және ортағасырлық түріктер тіліне әлдеқайда жақын”, – деген. “Қастерлі
шежіренің” нақты өз болмысына қатысты, түрік халықтарының тілі мен
тарихына тікелей байланысты бұл мәселе, уақыт оза келе, ұлы мұраның
түпнұсқа мәтінін тікелей зерттеуші түрколог, сонымен қатар, синолог әрі
моңғолтанушы әлдебір зерделі ғалымдар тарабынан оң шешімін табарына
күмән жоқ.
Осы орайда ескерте кететін бір жағдай, ұлы шығармалар қашанда өз
заманының жемісі ғана емес, өткендегі озық дәстүр, қалыптасқан биік өрелі
әдебиеттің нәтижесі болып табылады. Моңғол тарабында “Қастерлі
шежіреге” дейін мұндай үлгі, мұндай дәстүр болғандығы жөнінде ешқандай
мағлұмат жоқ. Тіпті, Шыңғыс ханнан кейінгі, бергі заман, ХІV–ХVІ
ғасырлардың өзінде моңғол тілінде жазылған ешқандай ескерткіш
табылмаған. Моңғол тілді жазба, тарихи нұсқалар тек буддизм кеңінен өріс
алған ХVІІ ғасырдан бастап қана бой көрсетеді. Ал түрік тілді әдебиеттің озық
нұсқалары, жазба түрдегі ғақылия кітап, лирикалық, азаматтық өлеңжырларды айтпағанда, үлкен эпиканың VІІ–VІІІ ғасырдың өзінде таңбаға
түскен үлгі, үзіктері әлемге әйгі. Десе де, тіл тарихы, мәдениет тарихына
қатысты байлам, болжал атаулыны кейінге шегере тұрып, таза замани
деректілік, Шыңғыс хан дәуірінің шынайы шежіресі тұрғысынан қарасақ, бұл
ғаламат кітап әуелде қай тілде жазылды деген сауал – екінші, үшінші
кезектегі мәселе болып қалар еді. «Қастерлі шежіренің» ең басты құндылығы
– ұлан-асыр мол дерек, дәуір суреті, адамдар кейпі, халықтар тағдыры,
әлемді қайта жасаған қым-қуыт оқиғалар тізбегі ғана емес, Шыңғыс хан және
оның заманы турасында ұлы қағанның өз жұрты – көшпенділер көзқарасы
тұрғысынан және кейінде емес, сол кездің өзінде таңбаға бекіген өзгеше
талайында жатыр.
Енді «Қастерлі шежіренің» сақталуы және танылуы жөнінде бірер сөз.
Айттық, қолдағы көшірме алғаш рет Құбылай тұсында, ежелгі түпнұсқа
жазбалар негізінде таңбаға түссе керек деп. Қайткенде де Юань дәуірінде.
Кейінгі Миң патшалығы өткен әулеттің өзі қажетсімеген мұраны іздеп тапты
деу қисынға келмейді. Әлбетте, әуелгі нұсқа, немесе оның ескілікті нақты
көшірмелері еженхандар сарайында сақталды. Сол көне, айрықша мәнді
мұра енді Миң заманында қайыра қаралып, 1289 жылы ежелгі заманнан
қалыптасқан ксилографиялық тәсілмен кітап болып шығады. Бұл әуелгі
басылым, жекелеген үзік, тараулары болмаса, тұтастай сақталмаған, бірақ
әредік көшірмелер арқылы кейінгі ғасырларға жетіпті. Осы реттегі ең басты,
негізгі нұсқа – 1403–1425 жылдар аралығында, әдебиет, тарих, философия
және өнер тарабындағы таңдаулы үлгілер жинақталған «Юн-лэ дадянь» атты
арнайы топтама құрамындағы толымды көшірме. Бұдан соңғы замандағы
сенімді, мәнді нұсқалар – Цянь Дасин (1728–1804), Гу Гуанцы (1770–1839)
көшірмелері деп саналады және әуелгі, Миң басылымының әрқилы
жағдайда сақталып қалған үзік-бөліктерімен салғастыра отырып қалыптанған
Бао Тинбо (1728–1814), кейінгі көшірмелермен шендестіріле жасалған Чжан
Му (1805–1849) мәтіндері ғылыми дәйекті саналады. Ал ғұлама Ван Гован
1848 жылы ежелгі мұраның ескі негіздегі жаңа аудармасын жүзеге
асырыпты. Яғни, «Қастерлі шежіре» әуел бастан-ақ қытай оқымыстыларына
кеңінен мағлұм болған. Жаңағы Бао Тинбо көшірмесін орыс синологы, діни
қызмет ыңғайымен Пекинде тұратын архимандрит Палладий (П.И.Кафаров)
1872 жылы сатып алады да, Санкт-Петербург университеті кітапханасының
Шығыс бөліміне жеткіздіреді. П.И.Кафаров осының алдында ғана, 1866 жылы
«Қастерлі шежірені» Чжан Му нұсқасының 1841 жылғы, ықшамдалған,
қытайша мәтіні негізінде орыс тіліне аударып, жарыққа шығарған еді. Ежелгі
мұраның Батыс ғылымына танылуы да осы еңбектен бастау алады.
Бұдан соңғы заманда, әсіресе XX ғасыр ішінде «Қастерлі шежіре» Қытай
тарабында түбегейлі тексеріліп, әлденеше мәрте жарияланады, Батыс
ғылымына да кеңінен танылып, неміс, осман-түрік, француз, ағылшын, чех,
мажар, поляк тілдеріне аударылады, белгілі оқымыстылар жағынан ғылыми
зерттеу нысанасы болады, сонымен қатар, Арғы Шығыста бұлардың бәрінен
бұрын, 1889, 1907 жылдары жапон тіліне аударылғаны, одан кейінгі заманда
да үлкен назарда болып, жаңа тәржімалармен қатар соны зерттеулер
жасалғаны атап айтылуға керек. Өз ортамызға келсек, бүгінгі Моңғол
ұлысында тұратын ақын, әдебиетші Мағауия Солтанияұлы 1979 жылы ежелгі
мұраны бастан-аяқ төгілген жыр, шешендік сөз үлгісімен қазақшаға аударды.
Кейінгі кездегі үлкен жұмыс – моңғолтанушы Нәпіл Базылхан жүзеге асырған,
түпнұсқа мәтін мен қазақша нақпа-нақ қотарма шендестіре берілген, ғылыми
дәйекті, академиялық басылым (2006).
Айтпақшы, «Қастерлі шежіренің» әлемге танылуы Ресейден басталып еді ғой.
Орыс лұғаты мен орыс ғылымы әлі де алдыңғы қатарда. Бұл ретте бұрынғысоңғы үлкенді-кішілі зерттеулер мен 1962 жылғы Б.И.Панкратов басылымы
(архиманрит Палладий тапқан нұсқаның толық фотокөшірмесі) және осы
автордың бүтін аяқталмаған, бірақ ғылыми тұрғыдан дәйекті тәржімасы өз
алдына, академик С.А.Козиннің өз заманы үшін үздік, әлі де мән-маңызын
жоймаған, 1941 жылы жарияға шыққан атақты аудармасын айтудың өзі
жеткілікті.
Тағы бір маңызды нұсқалар бар. Қазіргі моңғол тіліне... аударма түріндегі.
1940 жылдан бастап жүзеге асырылған. Бергі Халхада. Арғы, İшкі
Моңғолияда. Тәржіма ғана емес, түпнұсқаның транскрипциясы. Және
зерттеулер. Біздің қазақ аудармашылары мен ғалымдарына және бурят пен
қалмаққа етене болып тұрғаны – бүгінгі Моңғол ұлысында атаққа шыққан
ғалым, академик Дамдинсурэн тәржімасы. Нақты ғылыми қотарма емес,
әдеби-көркем аударма. Есебі, түпнұсқа мәтіннің көлеңкесі.
«Қастерлі шежірені» танып-білудің қиындық, кілтипаны тым тереңде. Ежелгі
мәтіннің кейінгі заманға жеткен көшірмелері қытай иероглифтерімен
таңбаланған. Яғни, Шыңғыс хан және оған жалғас дәуірлерде кеңінен
қолданыста болған ұйғыр-түрік бітігінен тыс, кәдімгі қытай, бүгінгі де емес,
ортағасырлық қытай жазуымен берілген. Әлбетте, бөтен тілдің өзіндік
таңбасы бөгде жұрттың төл сөздерінің фонетикалық сыпатын қаз-қалпында
жеткізе алмайды. Соған орай бір жеңілдік – әрбір сөздің тұсына оның
қытайша, нақты, немесе мағналық аудармасы қоса жазылып отырыпты, ал
этноним, топоним сөздерге адам аты, жер аты, ру, немесе халық аты деген
сияқты анықтамалар келтірілген. Әрбір баптан соң оның тәржіма нұсқасы
қытай тілінде түйінделіп отырған екен. Соған орай ежелгі мұраның жалпақ
мазмұны белгілі, анық болғанымен, көптеген сөз, жекелеген тіркестердің
дәлме-дәл мағнасын айғақтау ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл «Қастерлі
шежіренің» тілдік құрылымын, фонологиялық сын-сыпатын нақпа-нақ тану
айрықша күрделі қиындық туғызады.
Біз ежелгі мұраны академик С.А.Козин қалыптаған «Сокровенное сказание»
атауының негізінде «Қастерлі шежіре» деп отырмыз. Шын мәнісінде,
ескерткіштің кейінгі заманға жеткен нұсқаларының шынайы, өзіндік атауы
сақталмаған. Қытай тілінде «Юань-чао би-ши», яғни «Юаннің жабық тарихы»
деп белгіленіпті де, оның қасына «Ман-холунь нюча то-ча-ань», яғни
«Моңғолдың құпия шежіресі» деп, моңғолша түсіндірме жазылған, қазіргі
моңғол ғалымдары өздерінің бүгінгі тіліне ыңғайлап «Монголын нууц
товчоо» деп жүр. Ежелгі нұсқада бүкіл Юань империясының тарихы емес,
Шыңғыс ханның тарихы ғана қамтылатыны өз алдына, бұл еңбекте ешқандай
құпиялық болмаған. Әрине, жалпы жұртқа арнайы таратылмайды, сонымен
қатар, мүлде жабық та емес. Шыңғыс әулеті «Алтын ұрық» жазба, таңбалы
қалпында оқыса, жалпақ жұрт Шыңғыс ханның ата-тек шежіресін онсыз да
жақсы біледі және ұлы қағанның ғұмыр кешуі, ерлік тұлғасы халық арасында
әңгіме, әпсана, жыр ретінде кеңінен тараған, жасыратын ештеңе жоқ. Керек
десеңіз, Шыңғыс хан туралы, кейінгі заманға жетпеген аңыздықфантастикалық үлкен эпос-роман болған. Ал аталмыш шежіре-тауарих сол
Шыңғыс хан әуелгі билік құрған Халха жерінде әрқилы көшірмелер түрінде
кеңінен тараған, мұның нақты айғағы – Лубсан Данзанның «Алтан тобчысы»
және соған орайлас тағы қаншама туынды. Яғни «жасырын», «жабық»
анықтамасы – ежелгі мұра қапияда, император сарайынан табылған себепті,
кейінгі, қытай бітікшілері жамаған атау екені күмәнсіз. Әлбетте, бұл шежіреэпос әу баста қалай аталды деген сауал тумағы заңды. Осы орайда бірнеше
жорамал бар. Соның ішіндегі ең оңдысы – «Алтын топшы» – «Алтын шежіре»
деген тұспал. Берірек заманда хатқа түскен, негізгі бөлімінде бағзыдағы ұланғайыр шежіре-тауарихты нақпа-нақ дерлік қайталап шығатын Лубсан Данзан
кітабының, үйреншікті үлгідегі тағы бір аноним еңбектің дәп солай аталуы
кездейсоқ емес. Сонымен қатар, бізге жетпеді деп саналатын, әйтсе де заты
мағлұм, заманындағы бар тарихтың түйінді мәйегі болған «Алтын дәптер»
деп жүргеніміз – осы «Қастерлі шежіренің» нақ өзі емес пе деген де пікір
туады. Бірақ «Жинақты тарихпен» салғастыра қарағанда, «Алтын дәптер» сәл
басқашарақ болғаны аңдалады. Қайткенде де ең басты мәселе шығарманың
атауында емес, бітіс-болмысы, мән-мағнасы, бай мазмұн, өзгеше
тұрпатында.
Осы тұрғыдан алғанда, «Қастерлі шежіре» әлемдік әдебиет өресіндегі
ғажайып шығарма болумен қатар, Шыңғыс хан турасындағы толымды
тауарих, көшпенді түрік-моңғол халықтарының XII–XIII ғасырлар орайындағы
кешу-жолын нақты айғақтайтын баға жетпес куәлік болып табылады. Таза
ғылыми тұрғыдан алғанда, «Қастерлі шежіре» Рәшид-әд-Дин және Жувәйни
еңбектерімен қоса, Шыңғыс хан және оның заманын түбегейлі деректеген ең
маңызды үш кітаптың бірі деп саналады.
Қосымша бір дәйектеме – мағлұм түпкі нұсқада «Қастерлі шежіре» мәтінінің
бастан-аяқ қытай иероглифтерімен таңбалануы, әрбір сөзді бас-басына және
тиесілі үзіктерді жалпылай, түгелімен аударып шығу, яғни ежелгі мұраның
бізге жеткен нұсқасы – Миң заманындағы сыртқы саясатқа орай, моңғол тілін
мемлекеттік шенеуніктерге үйрету қажеттілігінен туған деп саналады. Есебі,
қытайлардың шет тілге машықтанатын оқу құралы ретінде аударылып,
қалыптанған. Шынында солай болса, бұл – тіл үйренудің ең қиын әрі
қисынсыз тәсілі. Мемлекеттік қызмет соңындағы шенеунікке соншама
күрделі құрылым, бейнелі өлең-жыр, бытысқан ата-тек шежіресінің
қаншалық қажеті бар. Жеңіл мәтін, күнделікті қолданысқа, шаруа, қызмет
орайына керекті сөздер табылмап па. Оның үстіне, Юань дәуірін айтпағанда,
Миң патшалығының алғашқы кезеңінде кеше ғана билеуші болған қауымның
тіліне жетік қытай шенеуніктері көптеп табылар еді. Қытайша сайрап тұрған
көшпенді жұрт өкілдерін айтпағанда. Бәлкім, «Қастерлі шежіре» осы тұрған
қалпында кейінгі замандарда тіл сындыру мақсатында әлденендей
қолданыста болған да шығар, бірақ әу бастан емес. Тарихтан белгілі бір
дерек – 1282 жылы Құбылай хан «моңғол» тіліндегі әлдебір нұсқаларды
қытай тіліне аудару жөнінде пәрмен беріпті. Сол ретте ең алдымен қолға
алынған – «Қастерлі шежіре» болса несі бар. Құдіретті Қытай императоры
өзінің асыл тегін, арғы бабаларының алымын, бергі атасының әулиежихангерлік тұрпатын әйгілейді. Ұлы мемлекет шегіндегі байырғы, қытай
тілді қауым, жалпы жұрт емес, сарай ұлықтарынан бастап, қатардағы
қызметкер, оқымысты ғұламаға дейін, жат тілді үйренер, үйренбес – Шыңғыс
ханның шынайы тарихын танымақ. Жүйелі қисыны солай. «Қастерлі
шежіренің» бізге белгілі, қытайланған кейіпте қағаз бетіне түсуі де, соншама
іждағаты аударма түрінде қалыптануы да, сөз жоқ, Құбылай есімімен
байланысты. Осы, қытайша таңбалануының арқасында қаншама заман
тезінен өтіп, сақталып қалды. Ең бастысы – қажеттілік нәтижесі деуге тиіспіз.
Тіл үйрену үшін емес. Нақтыласақ, тек тіл үшін ғана емес. Бұрында өктем,
кейінде қоңсы, болашақта бодан көшпенді жұрттың табиғатын, болмысын
тану, өзіндік тарихын аңдап, мінез-құлқын, дүниеге көзқарасын тереңірек
байыптау үшін, яғни үлкен саясатқа қызмет етуге тиіс көрнекі, үлгілі құрал
ретінде сақтады, кітап қылды, зерттеді, зерделеді, ақыры бүгінгі күнге
жеткізді. Ал ұйғыр-түрік бітігімен жазылған түпнұсқалар, жоғарыда
айтқанымыздай, Юань әулетінен соңғы тәркілеу және құрту кезеңінде
жойылып кетті. Талайы зор иероглифті мәтін бұдан соңғы замандағы, жалғас,
тізбектес көшірмелер кезінде әуелгі нәрі мен мәнінен айрылмаса да, тағы
қаншама бұралаң жолдан өткені анық. «Қастерлі шежіренің» қолда тұрған
түпнұсқа мәтінінің транскрипциясын зерделей тексерген қытай
оқымыстылары тиесілі иероглифтер табиғаты арғы заман емес, кейінгі Миң
дәуіріндегі үлгіге сәйкес келеді деп шешкен.
Дубсан Данзан. «Алтан тобчи» – «Алтын шежіре». Ескерткіш атауының нақты
ұғымы белгісіз, «Алтын түйін», «Алтын жинақ» деуге де болады. Атақты
жәдігердің ұйғыр-түрік бітігімен таңбаланған жалғыз дана қолжазба нұсқасы
1926 жылы Шығыс Халхадан табылған, әуелгі төркіні Ішкі Моңғол өлкесі,
Шақар аймағынан болса керек. Қолжазбаның өзі XVIII ғасыр көшірмесі
саналады. Түпнұсқа 1655–1660 жылдар аралығында жүйеге түскен.
Құрастырып жазушы Лубсан Данзан туралы дәйекті дерек жоқ. Анығы – өз
заманының оқымысты кісісі, сары дін жолында сопы – лама болса керек.
«Алтан тобчы» түпнұсқа қалпында да, батыс тілдеріне аударма түрінде де
кеңінен танылған, біршама зерттелген. Шыңғыс ханға қатысты, арыдағы және
кейініректе туған жазба мұралар, халық арасына тараған фольклорлық,
эпостық нұсқалар ауқымында құрастырылған шығарма. Мәтін – ара-тұра
әрқилы мазмұндағы өлең, толғау аралас, негізінен қара сөз түрінде.
«Алтан тобчы» үшін ең басты үлгі – «Қастерлі шежіре» болыпты. Осы ежелгі
мұрадағы 282 баптың 233-і қайталанады екен. Көлемді кітаптың үштен екі
бөлігінен астам. Сонымен қатар, «Алтан тобчыда» «Қастерлі шежіреде» ізі
жоқ, бірақ Рәшид-әд-Дин тарихымен үндес жекелеген оқиға, көріністер
ұшырасады. Соған қарап кейінгі зерттеушілер Лубсан Данзанның қолында
«Қастерлі шежіренің» біздің заманға жетпеген, бәлкім, толығырақ басқа бір
нұсқасы болды деп санайды. Мұндай тұжырымға тағы бір себеп – «Алтан
тобчы» мен бүгінде белгілі «Қастерлі шежіренің» сәйкес тұстарының өзі
мағналық айырымсыз, бірдей мазмұнда болғанымен, сөзбе-сөз, нақпа-нақ
үйлесе бермейді. Тиесілі баптар кейде ықшамдалып, басқа бір сөздермен
берілсе, дәлме-дәл деген тұстардың өзінде азды-кем қысқартылып, кейде
үстемеленіп, білгілі сөздер орайлас басқа бір тіркестермен алмастырылып,
жаңа сөздер қосылып, әйтеуір басқаша кейіпте көрініс береді. Бұл жерде бар
кілтипан әуелгі мұраның тым көне, кейінгі нұсқаның одан бергі заманда
жасалған мезгілдік сыпатында тұрмағаны аңдалады. «Алтан тобчының» тілі
де ескілікті, бүгінгі моңғолға тек аударма арқылы ғана түсінікті жағдайы бар.
Ендеше, қайткенде де бағзыдағы «Қастерлі шежіреден» бастау алатын
«Алтан тобчының» сәйкес тұстарда бізге белгілі нұсқамен мағна, мазмұн
жағынан бірдей бола тұра, сөздік құрылым тұрғысынан басқаша жасалуы
қалай? Бұл арада жалғыз-ақ қорытынды шығады. Әуелгі, яғни бізге мағлұм
«Қастерлі шежіре» мен оған үндес «Алтан тобчы» екеуіне ортақ, ескілікті,
басқа бір үлгі болған! Яғни, екеуі де, түрік – найман деңіз, керей деңіз, түрік
негізді тілде жазылған ең алғашқы, бастапқы «Қастерлі шежіреден»
таралады, бірі – бұрында, екіншісі кейінде жасалған аударма еңбектер.
Белгілі бір шығарманы, екі дәуір емес, бір замандағы екі адам аударса қалай
болып шығар еді – мазмұны бірдей, баяндауы, сол жаңа тілге тән ортақ
сөздері бола тұра, екі түрлі нұсқада көрінер еді. Кейінгі кітапта, алғашқымен
салыстырғанда, түркизмдер тым көп емес, алайда, әуелгі түпнұсқадан
жаңаша кейіптеу кезінде түсінілмей қалған, жаңсақ аударылған, кейде сол
дүдәмал қалпында алынған сөздер мен тіркестер молынан ұшырасады, бұл
ұғымдар бүгінгі моңғол және еуропалық зерттеушілер үшін де шешілмеген
түйін болып отыр.
Мәселен, «Қастерлі шежіреде» жоқ бір көрініс – Күдей шешеннің ағайын
жұртты бірлікке, ынтымаққа шақырып, Қамбағай ханның он ұлына қарата
айтқан толғауында: «адарун будурун» жерде ауға шығасыңдар, «арғалы
ұғұлжин» атасыңдар деген тіркес бар. Мұның соңғысы – «арқардың
құлжасы», бүгінгі аудармашылар осы тіркесті екіге бөліп, «арқардың
ұрғашысы және еркегі» (орысша «самок и самцов архаров») деп береді,
жарар, жалпы мағнасын тапқан, әйтеуір арқар ғой, ал енді «адарун будурун»
шешілмес жұмбақ болып шыққан, моңғол тілінің ешбір сөздігінде жоқ,
әйтеуір контекстегі мағнасы бойынша шамалап «жары бар, сайы бар тауда»
деп жобалаған, шындығында «адарун будурун» – кәдімгі «адырлы,
бұдырлы” ғой, тау болар, қырат, қырқа болар, әйтеуір қолайсыз жер, сөз
мағнасы – істеген іс, жүрген жүрістің қатерлі, берекесіз екендігін тұспалдап
айту. Тағы да. Осы “Алтан тобчы” мен “Қастерлі шежіреде” Қамбағай ханның
жесірлері ас береді ғой. Балалары жас, ері жақында ғана қайтқан Өгелінді
шетке қағатын көрініс. Ас рәсімі “Иеке ирағу” аталады. Бұл ескі салттың тіпетік аудармасы қалай болуы мүмкін? Мостарт бастаған Батыс ғалымдары “Ұлы
саз”, яғни “ әуен, мелодия” деп шамалайды; ал Дамдинсурэн бастаған
моңғол оқымыстылары тіркесті біржола өзгертіп, “Их аурах” – ата-бабалар
сүйегі жатқан жер, кейінде “аурах” сөзі ескіріп, қазіргіше “аварга” болып
шыққан дейді. Бұл екі тұспалдың әуелгісі ғана жобаға келеді онда да нақпанақ емес: рас, “еке” – үлкен, ұлы деген сөз, қазіргі қазақ тілінде ұлықтаушы
жұрнаққа айналған, мәселен, Пәленше-еке, Түгенше-еке демек, ал “ирағу” –
иырағу – Махмұд Қашғари сөздігінде “өлең шығарушы, сазгер” мағнасында
беріледі, кейінгі қазақша “жырау”, сонда Қамбағай ханға ас беру рәсімі –
“Жыр айту”, яғни “Жоқтау” болып шығар еді.
Ілкідегі “Қастерлі шежіре” ғана емес, кейінгі, ескілікті болса да анық моңғол
тіліндегі “Алтан тобчының” өзінде бүгінгі тілдерге жаңсақ аударылған,
немесе түсінілмей, аудармасыз қалған сөз, тіркестер біршама. Соның бәрінің
болмаса да, көбінің нақпа-нақ қалпын арғы-бергі түрік негізді, оның ішінде
қазіргі қазақ тілінен табуға болар еді. Мәселен: “қос” – “киіз үй” емес, күрке,
лашық; “құба” – “жорға”, яғни аттың сыпаты емес, түсі; “сауға” – “сыйлық”
емес, олжадан берілетін рәсімді үлес-сыбаға; “шилем” – судағы толқын емес,
сорап, белгі – сілем (“Суда сілемі, ауада ізі жоқ,” – дейді тұтқыннан қашып
кеткен Темужін бала турасында Сорқан-Шира); “сарқыт” – “ішімдік” емес,
үлкен дастарқаннан алынған дәм; “инже” – “сыйға тартылған қызметші,
қолаң” емес, енші – баланың, жасы кіші туыстың арнайы бөлінген үлесі,
бәсіре мал-мүлкі; сондай-ақ: «тұрымтай» – «қаршыға» емес; «шақшақ» –
«қараторғай» емес; «ителку» – Дамдинсурэн ұғымындағы әйтеуір бір
«жыртқыш құс» емес, Шағдар шамалаған жай ғана «батыл құс» емес, кәдімгі
ителгі – сұңқардың текті бір түрі; тағысын тағылар... Біз аударылмай қалған,
немесе жаңсақ түсінілген атаулардың кейбірін ғана келтіріп отырмыз,
әйтпесе «Алтан тобчыда» бүгінгі моңғолда жоқ, білгір оқымыстылардың өзі
ой-жотамен аударған, немесе мағнасын тұспалмен ғана таныған түрки
сөздер өте көп, соның бәрі әуелгі, біздің заманға жетпеген қадыми
түпнұсқадан бастау алатыны күмән тудырмаса керек.
Лубсан Данзан «Алтын тобчыны» түзген кезде негізінен әуелгі «Қастерлі
шежіреге» жүгінгенімен, баяндау барысында басқа да өлең, жырларды
пайдалана отырады. Кейбір тұста ежелгі эпикалық нұсқалар ізі байқалады.
Сонымен қатар, еңбектің ұзына бойында бұл кезде моңғол тайпалары
біржола қабылдаған будда дінінің әсері айқын танылады. Тіпті, Шыңғыс
ханның Бөрте-Шенеден бұрынғы түп аталарын ежелгі Үнді әміршілерінің
әулетінен шығарып қояды. Сондай-ақ кейбір ретте Шыңғыс ханнан кейінгі
заманның ұғым-түсінігі көрініс беретіні бар. Мұндай қоспалар андағайлап
тұр, әйтсе де, ежелгі мұраның мән-маңызы, дерек, мағлұматына көлеңкесі
жоқ.
«Алтан тобчының» соңғы бөлігі Шыңғыс ханнан кейінгі Өкетай қағаннан
басталып, Күйік, Мөңке қағандарды жолшыбай қамтып, Құбылай ханға
тоқталады, оның Қытайда өкім құрған ұрпақтарын түгендей келе, ең соңғы
Юань императоры Тоған-Темірдің жайын біраз тәптіштейді, бұдан соңғы Ұлы
Даладағы тақ таласы, моңғол мен ойрат жағдайында азғана мағлұмат беріп,
ақыры Даян ханның ұрпақтары, оның ішінде Халхада орныққан Лигден
ханмен тәмамдайды. Кейінгі моңғол тарихы үшін айрықша құнды деректер.
Ал «Алтан тобчының» Шыңғыс ханға тікелей қатысты негізгі бөлігі – «Қастерлі
шежіре» мен «Жинақты тарихты» жай ғана қайталаушы емес, оларды
айғақтай түсетін, кейбір реттерде толықтыратын, қосымша қаншама дерек,
әңгімесі бар, Шыңғыс ханның басқа ешбір әдебиетте ұшыраспайтын білік
сөздері бар, тұтастай алғанда көне заманнан қалған мәнді, құнды куәлік деп
білуге тиіспіз.
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» – «Жеңіс-намадан іріктелген тауарих»,
немесе «Сараланған тауарих (һәм) жеңіс-нама». Кітаптың атауы – парысша,
ал тілі – дәстүрлі шағатайдан бөлегірек, қыпшақ негізді, ортағасырлық түрки;
білгір, зерделі тарихшы В.Юдин ескерткіш көне-қазақ тілінде
[«староказахский язык»] жазылған дейді. Нақты авторы белгісіз. Әр кезде
әрқилы тұспал айтылған, соның ең қисындысы – Шәйбани хан есімімен
байланысты. Бастан-аяқ Шәйбани жазбаған күннің өзінде соның бұйрығымен
және тікелей араласуымен қалыптанған деген пікірге зерттеушілердің
барлығы да тоқтайды. Тауарихтың таңбаға түскен уақыты белгілі – 1502–1504
жылдар. Бұрынғы Көк Орда, ендігі Қазақ Ордасындағы, екеуі де Жошыдан
таралатын Шибан–Әбілқайыр әулеті мен Тоқай-Темір–Орыс әулеті
арасындағы таққа талас нәтижесінде жеңіліске ұшырап, Орта Азияға ығысқан
Мұхамед-Шәйбани ханның Бұхара мен Самарқанды алып, Мәуреннахр
атырабын біржола баураған уақыты.
Түрік тілді жазба мұралар тым әрі – VI–VII ғасырдан бастап белгілі, ал X–XV
ғасырларда өлең, жыр, ғақылия, дастан – қаншама кітап жазылды десек те,
өткен тарихты зерделеген арнайы еңбектер ұшыраса қоймайтын. Түрік текті
ғұламалардың өзі, қалыптасқан рәсім бойынша, араб, парсыға бейіл беретін.
Дәшті-Қыпшақ хандарының ұрпағы, дала перзенті Мұхамед Шәйбани аталар
тарихын, өзінің жауынгерлік жолын болашақ ұрпақ жадында қалдыру үшін
тек фарси ғана емес, түрки үлгідегі жаңа дәстүрге жол ашады. Шәйбани хан
тарихын Камалатдин Бинаи парсы тілінде қағазға түсірсе, Мұхамед Салих
шағатай нұсқалы жырға жүгінеді. Ал «Сараланған тауарих» қыпшақ негізді,
далалық көшпенділер тіліндегі бірегей ескерткіш болып шыққан. Бұл ерекше
жағдайға күні бүгінге дейін біздің тіл мамандары мен әдебиет зерттеушілері
мүлде назар аудармауы – қазақ гуманитария ғылымының ең артта қалған,
мүшкіл жағдайын ғана әйгілесе керек.
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама» кітабының замана тезінен өтіп, бүгінгі
күнге жеткен көшірме қалыбы екеу, мұның біріншісі – Петербург нұсқасы,
бұрынғы ССРО, қазіргі Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының
Санкт-Петербург бөлімінде сақталған, екіншісі – Лондон нұсқасы, Британ
музейінде тұр. Екі қолжазбаның да кеміс, кетігі бар, толығырағы – Лондон
нұсқасы екен. Өзбек ғалымы А.Акрамов осы екі қолжазбаны өзара
салғастыра келе, тұтасымен, түпнұсқа мәтіндегі факсимилесін түсіріп және
тиесілі тараулар бойынша орыс тілді мазмұндама жасап, арнайы зерттеуімен
бірге, 1967 жылы Ташкентте бастырып шығарған.
Айта кетерлік бір жағдай – көлемді еңбектің соңғы, Шәйбани ханға қатысты
бөлігі дербес шығарма ретінде, азды-көпті айырымы бар әрқилы нұсқада
сақталыпты (С.– Петербург, Ташкент). Сонымен қатар, «Сараланған
тауарихтың» ықшамдалған нұсқасы да кеңінен таралған сияқты. Солардың
бірін түпнұсқа қалыбы және өзіндік аудармасымен қоса, «Шейбаниада»
деген атпен И.Березин 1849 жылы Қазанда, «Библиотека восточных
историков» сериясының I томы ретінде жарыққа жеткізген. (Бұл Березин
басылымы кейінгі көшірмешілер тарабынан қосылған үстеме – Шәйбани
ханның қазасымен аяқталады.)
«Сараланған тауарих» кіріспе тарау және негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші
– бүкіл Дала жұртының арғы бабасы Оғыз хан және оның әулеті турасындағы
аңыз-әпсана, оған жалғас түрік, моңғол ру, тайпалары турасында ақпар
беріледі. Екінші, ең көлемді бөлік – Шыңғыс ханның тарихы, оның Түпкі
жұртта, Дәшті-Қыпшақ, Орта Азия мен Иранда билік құрған ұрпақтарының
шежіресі, тиесілі ұлыстардың, олардың соңын ала Әмір Темір патшалығының
жай-жапсары. Үшінші, аталмыш еңбектің жазылуына ұйтқы, себеп болған
тұстас оқиғалар – Шахбахыт Шәйбанидың өз тарихы: ханның туғанынан
бастап, бүкіл жауынгерлік жолы қамтылып, 1504 жылы Самарқанда таққа
отыруына дейінгі бүкіл ғұмырбаян.
Кең ауқымды еңбек екені бірден байқалады. Зерттеушілердің байыбынша,
автор Шыңғыс хан тарихын жазуда өзінен бұрынғы Рәшид-әл-Дин,
Жувәйнилермен қатар, кейінгі заманға жетпеген парсы тілді, ұйғыр жазу–
түрік тілді басқа да бір еңбектерді пайдаланған, тіпті, «Қастерлі шежіремен»
де таныс болған сияқты. Ал тікелей Шәйбани ханға қатысты үшінші бөлім –
мүлде соны сыпатта, мұнда XV–XVI ғасырлар шегіндегі Дәшті-Қыпшақ пен
Түркстан өлкесі, оның ішінде қазақ тарихына байланысты қаншама тың
мағлұмат бар.
Шыңғыс хан тарабына қалам тартып отырған біз үшін осы орайдағы ең мәнді
мәселе – «Нусрат-наманың» Ежелгі Ұлы Дала тарихын өзінің ата-баба тарихы
деп санаған, ал Шыңғыс ханды аңыздық Оғыз хан заманынан жалғасып келе
жатқан тума шежіренің ең үлкен бір белесі, айрықша күш-құдіретке жеткен
кейінгі дәуірдің бастауы ретінде қарастырған және бұрынғы-соңғы барлық
тауарихты түрік текті жұрт көзімен байыптаған бітімі мен ой тұрғысында.
Тұтастай алғанда, «Сараланған тауарих» – кейінгі орта ғасырларда туған
түрки нұсқалардың ішіндегі ең толымдысы, ең үздігі. Сәйкесінше бағаланбай
жатуы – ұзақ уақыт жабық болып, кейінде ғана танылған жағдайына
байланысты. Және, айттық, қазақ филологиясы мен тарихтану
ғылымдарының кем-кетік, мешеу ахуалының нәтижесі.
Өтеміш қажы. «Чынғыз-намә». – «Шыңғыс-нама». XVI ғасырдың бірінші
жартысында жазылған. Тілі – қыпшақ негізді далалық түрки. Авторы Өтеміш
қажы Хиуа хандығында билік құрған Шәйбани–Жәдігер әулетінің ғұзырында
болыпты. Өз заманының білімдар адамы. Мекеге барған қажы. Әрқилы жолсапарлармен Мәуреннахр – Қос өзен бойын, Хорезмді жақсы таниды, ежелгі
Алтын Орданың түстік тарабын, Еділдің етегін еркін аралайды. Ат үстіндегі
төрелермен қатар, бұқара жұрт, көпке белгілі шежіреші қариялардан ел
есінде сақталған аңыз-әпсана, шежіре баян, тарихи хикаяларды жинастырып,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 09
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480