Latin

Шыңғысхан - 20

Total number of words is 3935
Total number of unique words is 2037
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мақсат еткен еді. Яғни, ру, тайпа біткенді өзара араластырып, рулық негіздегі
таным атаулыны ескіртіп, киіз туырлықты қауымды тұтастырып, бір этносқа
айналдыру. Кейінгі тарихқа қарасақ, бұл мақсаттың жарым-жартылай ғана
жүзеге асқанын, уақыт оза келе ежелгі ру-тайпалар қайтадан күш тауып,
байырғы атауларын жаңғыртқанын, кей реттерде, тіпті, рулық саяси құрылым
ретінде үлкен табыстарға да жеткенін көреміз. Мың жылдық рулық сананы
біржола жоюға сайыпқыран Шыңғыс ханның өзінің ғұзыры жүрмепті.
Сонымен қатар... рулық бөліністі мансұқ етпек болған Шыңғыс хан бұрнада
болмаған жаңа бір рулардың негізін салып кеткен екен. Жылдар бойғы
тарихи шеру, әкімшілік, экономикалық және саяси қажеттілік нәтижесінде
емес, жарлықты пәрмен жөнімен, өзі де аңдамай, еріксізден... Бұл рулар
кейінгі тарихта торғауыт, қоршы, кешіктен, құсшы, болатшы, көнші, тама деп
аталады.
Арғы замандардың өзінде әскери көсем, одан соңғы ел иесінің қарулы
жасағына қосымша, арнайы қауіпсіздік тобының болуы табиғи жағдай.
Мұндай сенімді жасауыл біздің көшпенді жұртта нөкер атанды. Мағнасы –
дос, серік. Яғни, көсемге ең жақын кісі. Ру, тайпа ұлғайып, басқа
ағайындармен бірлесе, ұйыса келе ұлысқа айналған заманда ақылдас,
серіктес нөкерлер билеуші тап дәрежесіне көтеріледі де, тікелей күзет
қызметі арнайы жасаққа жүктеледі. Болашақ Шыңғыс хан–Темужін-бахадұр
атқа қонған кездегі әуелгі ерікті нөкерлер кейінде түгелдей қолбасы ноянға
айналды, сонымен қатар, ендігі ел иесінің жаңа, күзет әскері қалыптасуға тиіс
еді. Темужін алғаш рет билікке иек артқан шақта бұл арнайы жасақтың ұзын
саны жүз елу жауынгерге жетіпті. Мұндай күзет жасағының бастапқы
нұсқасын өзі қызметінде болған керей Оң ханның үлгісімен құрған сияқты.
Оң ханның жасауыл әскері әлденеше жүз, бәлкім, бірнеше мың аламан болса
керек. Бүгінгі тілмен айтқанда, гвардия, ханның тікелей ғұзырындағы
таңдама қосын. Торғауыт атанған. Торуылдайтын, яғни іштен күзететін,
сырттан қорғайтын әскер. Бірақ Шыңғыс хан осы күзет әскерінің өзін жаңаша
қалыптайды. Торғауыт – күндізгі күзет қана. Кешкі күзет жасағы – кептеуіл
атанады. Әрқайсының ауыспас, өзіндік міндеті бар. Бұған қоса қоршы деп
аталатын жаңа топ құрылады. Садақшы әскер. (Кейінде ескірген «қор»
сөзінің түбірі қорамсақ атауында сақталған: қор және масақ – садақ оғы.)
Тұтқиыл жау шапса, алас-күлесте дұшпанды алыстан атқылап қарсы алу үшін.
Бұл үш топ күзет әскері – торғауыт, кептеуіл, қоршының ортақ атауы –
кешіктен болады. Шыңғыс хан ақ киізге көтеріліп, бар билікті қолына алған
1206, барыс жылы кешіктен әскердің ұзын саны тұтас бір түмен – он мың
жауынгерге жеткізіледі. Қағанның таңдама жасағына қолбасы болып туған
іні, қарымы қатты Қасар бекітіледі. Қасардан соң кешіктен әскерді оның ұлы,
ұзын оқты Есүңке басқарыпты. Бұл кезде Шыңғыс ханның өзі де о дүниелік
болған. Енді кешіктен келесі ұлы хандардың қызметіне көшеді. Дәурені
қайтып, ордалы ұлыс ыдырасын. Екі-үш ғасыр бойы тұрақты қызмет атқарған,
кезінде әр рудан жиналғанымен, біртұтас құрылым ретінде қалыптасып
болған кешіктен әулеті енді әр тарапқа бөлшектенсе де, өзінің үйреншікті
атауынан айрылмайды һәм жаңа бір рулар ретінде бой көрсетеді. Күндізгі
күзет торғауыт әскері – торғауыт руын, садақшы жауынгер қоршы әскері –
қоршы руын, ал түнгі күзет кептеуіл – жалпы атау бойынша, кешіктен руын
негіздейді.
Торғауыт жасағы, кейінгі торғауыт руының әуелгі ұйтқысы – керей Оң ханның
торғауыт әскері екен. Бастапқы жасақтың, кейінгі рудың тізгіні барлық
уақытта да керей әмірінде болған. Торғауыт руы – керей, бұлар ежелгі түрік
деп атап көрсетеді ескілікті қытай деректері. Бұл керейдің нояндары түп
атасын Оң ханның тіке өзіне апарып тірейді. Мәселен, XVII ғасырдың бас
кезінде Жоңғардағы торғауыттың жойқын көшін бастап, Еділ–Жайыққа ат
басын тіреген, батыстағы Қалмақ хандығының негізін салған атақты Хо-Өрлік
Оң ханның тоғызыншы ұрпағы екен. Қалың еліне ермей, Көке-нор, Ішкі
Моңғол аймақтарында қалған бөлек-бөлшек торғауыт табын билеген басқа
бек, тайшылардың да арғы бабасы сол баяғы Оң хан болып шығады. Қытай
деректері дәп солай куәландырған. Таратып айтқанда, моңғол-торғауыт
шежіресі бойынша, Оң ханның бір ұлы – Арсалаң. Бұл Арсалаңның бесінші
ұрпағы (аралық бунақтар: Әмгүлен – Қазбан – Сусай – Баяр) МақашыМөңкенің Бұйға-Өрлік және Оңғытай деген екі ұлы болады. Бұйға-Өрліктің
немересі – жаңағы Хо-Өрлік. Ал Оңғытайдың және де Бұйға-Өрліктің екінші
ұлы Маңқағайдың ұрпақтары Көкө-нор торғауыттарымен қалыпты. Кейінгі,
1771 жылғы торғауыт көшінің қырғыннан аман шыққан жұқана-бөлшектері
Жоңғар, Ұраңқай тарабына қоныстанғаны белгілі. Бұларды бастап келген
Үбашы хан және басқа да тайшылар тағы да кейінгі Хо-Өрліктің ұрпағы, баяғы
Оң ханның нәсілі болып саналады.
Жауынгер торғауыт табын ғана емес, Еділдегі Қалмақ хандығын басынан
ақырына дейін Оң ханның ұрпақтары билеуі қаншалық қисынды? Тарихи
деректерде Оң ханның жалғыз-ақ баласының аты аталады, алайда қаншама
әйелден туған басқа да ұлдары болмады деп айту қиын. Әлбетте, Шыңғыс
хан өзімен жаулас тайпалардың билеуші әулетін түп тамырымен құртып
отырғаны белгілі. Мәселен, меркіт пен татар, тайжуыт пен жұрат және
басқалар. Бірақ бұл – Шыңғыс хан билігінің алғашқы кезеңі, талассыз, дара
тақ тұрғысын бекемдеу, ұйыса бастаған ұлыс іргесін біржола бекіту дәуірінде.
Кейінде Хорезм шахтарының тұқымын құрту – басқа жағдай. Негізі бөтен жат
жұрт әуелгі әмірлерін тауып, қайта көтерілмеуі керек еді. Осыған керісінше,
бұдан соңғы Бату ханның туыстас Қыпшақ еліне қарсы жорығында ақырына
дейін қайтпай соғысқан Башман ханға кеңшілік жасалған, ал сол Башманның
туған ұлы Тұтұқа – Құбылай империясында бас қолбасы дәрежесіне жеткені
белгілі. Сондай-ақ, Оң ханның туған інісі Керейтай (Жақағамбу) Шыңғыс хан
ордасында үлкен құрметте болды (кейінде жазаға ұшырауының төтенше
себебі бар), ал Оң ханның біраз жұртымен Батыс Сібірге жетіп, өзінше хандық
құрған және бір ұлы, әлде немересі Тайбұға тағы да кешірім алып, осы Сібір
аймағының билігіне бекігені мәлім. Бұл ретте болашақ Шыңғыс ханның ұзақ
уақыт бойы Оң ханның дәргейінде болғанын, кезінде Оң ханның қолдауымен
ғана күш-қуатқа жеткенін ескерсек, жалпы адам баласына тән рақым,
кеңшілік жайын түсінеміз. Тіпті, әуелден жаулас әулетке қатысты осындай
жағдайдың шежіреде таңбаланған нақты деректері де ұшырасады. Найман
ханзадасы, кейінде Қара-қытай ханы Күшліктің немересі, 1204 жылғы
шешуші ұрыстан кейін, он бес жасында тұтқынға түскен Жуас (Чаос, Чжо-сы)
Шыңғыс ханның өз шаңырағында қолбала болып жүріп, ер жетеді, әуелі
Терістік Қытай жорығында ерлігімен танылып, ақыры үлкен әскербасы –
түменбегі дәрежесіне шыққан. Жуас-Жосының ұлы Бөдей Өкетай қағанның
бәйбішелерінің бірінің ордасында тәрбие алып, кейін Қытай шегіндегі
әрқилы қалаларда даруғашы бек қызметін атқарыпты. Сондай-ақ, Таңғұт
жұртының ең соңғы патшасы Шидүргі (Наньпин ван Сянь) бүкіл әулетімен
өлімге кесілгенде, жеті жасар немере Вэй-чжун жансауға алып, моғұл
шонжарларының бірінің шаңырағында өсіп-жетеді және кейінде Қытаймен
соғыста көзге түседі; Вэй-чжунның ұлы Ли Хэн түменбасы ноян болады, оның
ұрпақтары да Юань империясында үлкен мәртебеде ғұмыр кешіпті.
Осы орайда, Оң ханның кенже ұлдарының бірі Арсалаңның да аман қалуы
ғажап емес. Бағзыдағы деректер де, кейінгі тарихшылар да әуелгі Хо-Өрлік,
оған жалғас Аюке, Моншақ хандардың, Қалмақ хандығын билеуші бүкіл
әулеттің керей Оң ханнан тарайтынына күмән келтірмеген.
Хош. Бұл торғауыттың әуелгі негізгі керей болғанымен, сол заманның өзінде
таңдама жасаққа меркіт пен найман да кеңінен тартылыпты. Одан соңғы
кезеңде Еке Ұлыс ғұзырындағы барын, барғұт, бұрұт, қойыт, шарнут, шорас,
қошауыт және басқа да үлкенді-кішілі, негізінен моңғол текті аталардан
іріктелген қаншама жауынгер құйылады. Соқа бастары емес, қалыпты әдетжүйе бойынша, бала-шағасы, үйір-үйелменімен. Алып ұлыс қақ айрылып,
шын мәнісінде Қытай патшасына айналған Құбылай хан мен Шағатай ұлысы –
Орта Азия, Жетісуды билеген Қайду хан арасында тынымсыз соғыстар
басталған XIII–XIV ғасырлар шегінде торғауыт қауымы арғы бетте қалады
және көп ұзамай, бөлініс меже – кейінде Моңғол Алтайы атанған ЕктағАлтайдағы шекара әскеріне айналады. Әрине, күшейтіліп, қатары
толықтырылып. Негізінен ішкі аймақтардағы жат жұрт есебінен. Сөйтіп, арада
тағы бірер ғасыр өткенде әуелгі түріктік сапаты жоққа сайған екен.
Бұдан соңғы кезең, Қытайдағы Юань әулеті құлап, Ұлы Далада күш алған
ойрат рулары қанды соғыстардан соң Орталық империядан ығысып,
Жоңғарға келіп бекінгенде басы бұла торғауыт енді қалмақтың жетекші
тайпалары дүрбіт, қошауыт, шорас үштігімен одақтасып, Дүрбін-Ойрат есімді
қуатты ұлыс құрыпты. Бұдан соң біржола қалмақтанып, әйткенмен де жаңа
ағайындарымен риясыз жарастық таба алмай, арада бір жарым ғасыр
өткенде тобынан бөлінеді де, Батыс тарапқа қарай дүрк қозғалады.
Қазақтарды жасқап, башқұртты ығыстырып, одан соң ноғайды қиратып,
терістік түрікпенді бағынышқа түсіріп, Маңғыстау мен Жайық бойын, Еділдің
екі жағасын, Күзей Қапқазға дейінгі тағы қаншама жерді алып, жаңа Қалмақ
ұлысын орнатады. Жалғас замандарда артқы қоныстан қаншама қошауыт,
бірталай дүрбіт жетіп, біржола ордаланады. Әйткенмен, Ресей бодандығын
қабылдаған екен. Соған орай, уақыт оза келе, отаршыл империяның
бұратана және іргелес халықтарға қарсы жұмсайтын қара қылышына
айналады.
Ақыры, 1771 жылы, қақаған қаңтарда, ішкі сағыныш, сыртқы қысым
нәтижесінде ағайындас басқа қалмақтан бөлініп, бүкіл торғауыт, ресми
мәлімет бойынша отыз бір мың шаңырақ, шын мәнісінде жетпіс мың түтін,
яғни шамасы үш жүз жиырма мың халық, түп көтеріле, Еділден асып,
Жайықты басып, қазақ даласы арқылы алыстағы Жоңғар алабына қарай
сапар шегеді. Сегіз айлық жол азабы және қазақтармен арадағы тынымсыз
соғыс, қанды кешу нәтижесінде енді Қытай қарамағындағы Жоңғарға,
асырып айтқанның өзінде, небәрі жетпіс бес мың жан – селдіреген, азыптозған он жеті, он сегіз мың отбасы ғана жетіпті. Осының алдында ғана
Жоңғардағы бүкіл ойрат қауымы қырғынға ұшыраған еді, енді Еділдегі
Қалмақ хандығының да күні батады. Шыңғыс ханның пәрменімен әр таптан
іріктеліп құралған жасауыл әскердің ұрпағы торғауыт руының соңғы
жұқаналары бүгінде Ресейдің Қалмақ автономиясында, Қытай мемлекеті
мен Моңғол ұлысының шегінде күн кешіп жатыр.
Қазақта «Артық қайрат жанға қас» деген мақал бар еді. Тарихтың тезі
қайтпас торғауытты осындай кепке түсіріпті. Әлде тағдырдың тәлкегі ме.
Әуел баста керей, найман, меркіт руларынан құралған, барлық уақытта керей
әулеті билеген торғауыт жаңа Қалмақ хандығына ұйтқы болып, қаншама
заман бойы, Қазақ Ордасы – құрамында қалың керей, сыңсыған найманы
бар қазақ халқы үшін қақ желкедегі қатерлі дүшпанға айналған еді, ақыр түбі
елесі мен ізі ғана қалды. Өзіңнің барыңа тәуба, ал қайткенде де түбі бір, киіз
туырлықты ағайынға обал дейсің. Әйтеуір аты өшпепті. Айтпақшы, Еділдің
арғы бетіндегі қазіргі Қалмақ автономиясының алғашқы, айнымас президенті
Кирсан Илюмжинов сол баяғы торғауыт тайпасынан, оның ішінде керей
(керейт – керет) руынан...
Торғауытпен қатар жасақталған қоршы әскердің саны әуел бастан-ақ тым көп
болмаса керек, бірақ ұрпақ жалғастығы уақыт шеруінде мүлде жойылып
кетпеген. Юань империясынан соң дербес ру ретінде қалыптанған қоршы
(хорчин) әулеті қалыпты жора жөнімен, Шыңғыс ханның інісі Қасар
ұрпақтарының билігінде болған. Және кейінгі замандарда Қытай
қарауындағы Ішкі Моңғолия өңірінде үлкен құрметтен қалмайды. МәнжуЦин династиясының билікке жетуіне және орнығуына қызмет еткен қауым
және соған орай рубасы тайшылары боғдыхан әулетінен қыз алған туыс
ретінде қатарлас жұрттан еңсесі биік шығып, өз алдына дербес аймақ болып
тұрады. Нәсіл-тегі артық саналған қоршы әулеті боғдыхан тарабынан үнемі
сый-сияпат алып, айрықша мархаматқа бөленіп отырды деп жазады кейінгі
қытай деректері. Бұл кезде, әрине, рулық белгісі мүлде жоққа сайған қоршы
қауымы әуелгі әр текті сыпатынан айрылып, түгелдей моңғол болып шыққан
еді. Тіпті, қалай құралып, қандай мақсатта қызмет еткені де ұмытылған. Бүкіл
қоршы жұрты баяғы Қасардың ұрпақ-зәузаты деп жазылады. Хан жасауылы
қоршылардың атаулы жұрнағы ежелгі төрт ұлыстың басқа тараптарында
сақтала қоймаған. Тек бурят арасында өз атымен шағын ру ретінде көрінеді.
Сондай-ақ қазақта, адай келімберді ішіндегі қоршы сүйегі де сол ежелгі
жауынгер садақшы қоршылардың ұрпағы болуға тиіс.
Шыңғыс ханның, одан соңғы ұлы хандардың жасауыл әскерінің жалпы атауы
бойынша қалыптасқан кешіктен руы негізінен түнгі күзет – кептеуіл әскер
ұрпақтарынан құралса керек. Сірә, бұл топтан торғауыт пен қоршы жасағы да
сырт қалмаған. Тарихи деректерде Ішкі Моңғол өлкесінен көрініс беретін
кешіктен руы – таңдама қосынның әуелгі түменбегі Қасар әулетінің емес,
Шыңғыс ханның өзінің тікелей ұрпақтарының билігінде болыпты. Дербес ру
есебінен аймақ атына көшуі – XVI ғасырдың екінші жарымында. Бұл кездегі
және одан соңғы қытай деректерінде «кешіктен» сөзінің әуелгі мағнасы
мүлде көмескі тартқанын көреміз. Кешіктен атауы қытай тілінде «жарты»
деген ұғым береді, ал моңғолдардың өзі бұл атауды – «бақытты» деген
сөзден шығарады дейді қытай деректемесі. Арыдағы кешіктеннің бір
жұрнағы Жоңғардағы дүрбіт-қалмақ арасында сақталыпты. Біз тарапта
ұшыраспайды.
Шыңғыс хан тек түрік қауымы ғана емес, бүкіл Орталық Азия, Қиыр
Шығыстағы ежелгі жауынгерлік дәстүр, әскери ұйымды жетілдіре дамытып,
айрықша қуатты, жаңаша құрылымға айналдырып, бұрынғы-соңғы тарихтағы
ең үздік армия жасақтады. Ал қарусыз әскер болмайды. Шыңғыс хан
бастаған жеңімпаз жауынгердің бес қаруы, бар сайманы түгел еді. Және өз
заманындағы ең озық нұсқалы қару-жарақ. Сонда... жүз мың, екі жүз мың
қалың қолды айтпай-ақ қояйық, бір түмен әскерге тиесілі жабдық мөлшері
қаншама? Ең негізгі, ең қажетті соғыс құралдарын ғана айтсақ, он мыңдық
әскерге он мың қылыш, он мың найза, кісі басы бірі үлкен, бірі кіші екі
садақтан – жиырма мың жақ, оған, бір ғана ұрысқа кіріп шығу үшін керекті,
кемі бір миллион жебе... Басқа жабдықтарымен, басқа түмендермен қосып
есептегенде... он мыңдаған сауыт-сайман, қорамсақ, әлденеше миллион
жебе. Шоқпар, дойыр, қанжар. Ат әбзелі, басқа да қажетті нәрселерді
айтпағанда. Әлбетте, әрбір түмен, әр мыңдық белгілі мөлшерде, тіпті, атаулы
жорық үстінде, өзін-өзі қамтамасыз етеді, ертелі-кеш қосылып жататын
одақтас жұрт та өзінің қажетті қаруымен келеді. Алайда, Шыңғыс ханның
жеңімпаз әскері – ала-құла құрама емес, берік ұжым, темір тәртіп үстіне, бар
керегі бойынан табылатын жарақты жасақ. Сондықтан да қаруда қапы
болмауға тиіс еді. Осы орайда Еке Ұлыста кәсіптік негіздегі болатшы, көнші
деген қауымдар қалыптасады.
Кен қорыту, соған орай қажетті тіршілік жабдықтарымен қоса қару-жарақ
соғу – түрік тайпалары ежелгі замандардың өзінде мейлінше машықтанған
өнер. Соғыс ісіне қатысты арнайы ұсталық бұрыннан бар. Алайда Шыңғыс хан
бұл аса маңызды шаруаны да жаңаша ұйымдастырады. Қару-жарақ соғатын
темірші ұсталар мен берен қалыптап, көбе тоқитын сауытшы дарқан біткен
болатшы деген ортақ атаумен дараланады. Бәрі бір орталық, бір ғана нүктеге
топталмаса керек. Кен орындарына тақау жерлер, үлкенді-кішілі қала,
мекендер, бәлкім, әскери құрамамен бірге, жорық жолында арнайы топ
ретінде ұйымдастырылған болатшылар тек қана қажетті қару-жарақ жасау
ісімен айналысқан.
Әлбетте, бар қару, бар жарақ тек темірден ғана дайындалмайды. Әсіресе
қорғаныс жабдықтары. Болат берен, торлама көбемен қатар, құяр аталған
берік көн сауыттар жасалған. Соғыс аттарын қорғайтын көн қаптамалар тағы
бар. Ертоқым, айыл-тұрман және басқа әбзел өз алдына. Мұндай, ол да
айрықша қажетті жұмыстар маманы көнші атанған. Сөйтіп, болатшы да,
көнші де кәнігі кәсіп иесі, шебер маман ғана емес, белгілі бір тап,
қауымдастық мүшесі болып шығады. Әрине, көмекшілер мен қызметші –
кенші, отыншы, көрікші, балғашы, иші, малшы, жалшы – қаншама қосшы
жұртымен. Ақыры, заманнан заман оза келе, болатшы, көнші деген рулар
ретінде қалыптасыпты. Ұлыстар ыдырап, хандықтар құлаған кездің өзінде,
бағзыдағы міндетті қызметінен ажыраса да, сол болатшы, көнші атымен
қалады. Алайда, әуелден-ақ қарасыны шектеулі қауымдар үлкен ру ретінде
жаппай ұйыса алмайды, бірте-бірте ағайындас басқа тайпалар арасында
жұтылып кеткен. Біздің заманға азғана дерегі, кейбір жұқаналары ғана
жетіпті. Мәселен, көнші Жетісудағы Моғұлстан хандығында атаулы рулардың
бірі болады. XV ғасырдың орта шенінде, Уәйіс ханнан соңғы Есен-Бұға ханмен
сыйыса алмай, бөлініп шығып, ақыры Жүніс ханның туы астына топталады
және оған үлкен күш береді. Бұл оқиғалар турасында «Тарихи Рәшиди» мен
«Бабұр-намада» жазылған. Көншінің бұдан соңғы тағдыры белгісіз, алайда,
осы шамада Моғұлстан шегінде күш алып, ақыр түбінде Сыр-Дария мен
Сары-Арқаға қоса Жетісуды да бауырына басқан Қазақ Ордасының құрамына
қосылды деп шамалауға мүмкін. Ал болатшы руының бір жұрнағы өз атымен
қаракерей байыс ішінде жүр.
Құсшы руының жағдайы сәл басқашарақ. Біздің жұртта әрқилы қыран құс
баптау – күнкөріс кәсіп қана емес, көңіл сазы, қызғылықты ермек ретінде
ежелгі замандардан бастап дәстүр, салтқа енген еді. Ал ортағасырлық
Еуропада саят тек билеуші патша, король әулетіне ғана тиесілі мәртебе
саналды, өз бетімен құс қайырған қаймана жұрт қатаң жазаға тартылатын.
Өнердің өзгешелігі, ол тарапта қыран құстардың қолға түсе бермес
зәрулігінен ғана емес, саят ісі айрықша қастерлі, тек әміршіге ғана лайық
салтанат саналғаннан. Еркін сақарада мұндай тиым болмады, сонымен
қатар, құс салу барлық жұрт үшін өзгеше өнер болып есептелді. Шыңғыс
ханның арғы атасы Боданшардың сұңқар ұстауы – текті бекзат тумысымен
байланысты екенін көреміз. Сондықтан да Шыңғыс хан және оның әулеті
саят жөнін салтанат қана емес, нұрдан жаралған түпкі бабаның ізгілікті жолы
деп білген. Осы ретте ителгі, бидайық, қаршыға, бүркіт жайына жетік
құсбегілер мен саятшылар, әрине, біреу-екеу, бес-он емес, топ-тобымен
келтіріліп, құсшы атанған арнайы қауымдас жұрт болып құралады. Әлбетте,
соқа бастары ғана емес, үй-іші, қойшы-қолаң, мал-жанымен бірге. Уақыт оза
келе, манағы торғауыт, болатшы, көнші сияқты дербес руға айналған. Күзет
әскері, ұста-дарқан жұртынан бір айырмасы – кейінгі әрқилы әміршілер
ұстаған құсшылар әулеті де атаулы рудың жаңа бір тармағы ретінде қатарға
енеді. Мәселен, Моғұлстан, Жетісу атырабындағы құсшы руы арыдағы
Шыңғыс хан емес, берідегі моғұл Қызыр ханның саятшыларынан бастау
алады екен.
Қайткенде де, әуелде Еке Ұлыста өркен жайып, кейінде төрт ұлыс шегінде
бірдей көрініс берген құсшы руы Алтын Орда құрамында өсіп-өніп, аталы
тайпалардың бірі болады. Тарихи деректерде Бату хан әскеріндегі елеулі
жасақ санатында. Алтын Ордадан соңғы Дәшті-Қыпшақта Әбілқайыр ханның
ең негізгі тіректерінің біріне айналыпты. Шибан әулеті мен Орыс әулетінің
арасындағы теке-тірес, Керей мен Жәнібек күш алған кезеңде көпшілік бөлігі
Шәйбани ханмен бірге Орта Азия жорығына аттанады және сол өлкеде
қоныстанып қалады. Бұған жалғас құсшы соңғы, Тәуекел ханның Бұқарға
қарсы соғысында тағы да Ферғана тарабына жылжығаны байқалады. Бүгінде
негізінен жазираның терістік қапталы, Ақсы, Қошқар-Ата өңірінде тұратын
құсшы және қырғыз шежіресінде Оңға да, Солға да қосылмай, Ішкілік
аталатын, «кірме» есебіндегі найман мен қыпшақ һәм шағын аталар ретінде
әрқилы руға тіркелген қоңырат, керейт, байыс, барқы – зерттеушілер айтып
жүргендей, баяғы Шәйбани хан заманында емес, негізінен кейінгі Тәуекел
хан заманында барып орныққан ағайындар. (Қырғыздың Ішкілігіне тиесілі
қыпшақ, т.б. рулардың қатарлас өзбектегі аттас қауымнан мінез-құлқы да,
тұрмыс-салты да басқаша екендігіне кезінде Н.Аристов та назар аударған.)
Бұл аймақ Ақтабан-Шұбырынды кезеңіне дейін Қазақ Ордасының
қарамағында болды, Есім хан тұсында бұл өңірге Абылай ханның арғы атасы,
Қанішер, яғни қайтпас ер атанған Абылай сұлтан билік жүргізген. Кейінгі
Абылай 1770 жылы Қырғыз ұлысын қиратқан жеңісті жорықтан соң осы
жұрттың біразын Сары-Арқаға түп-көтере көшіріп әкеліп, шұрайлы қоныс
беріп, қайтадан қазаққа қосқан. Бүгінде арғын ішінде бай-қырғыз, жаңақырғыз деп аталады, үлкен көшке ілесе кеткен, әуелден бөтендігі жоқ, түп
негізі қазаққа тікелей қатысты азғана солты мен сарбағышты есепке алмасақ,
көпшілік қауым – арғын (ақжол, құлболды), қыпшақ, уақ-керей (жаубасар),
меркіт-керей және ежелгі құсшы екен. Бұл бағзыдағы құсшының үлкен бір
тобы (Октябрь төңкерісі қарсаңында бір мың шаңыраққа тақау) Қарқаралы
төлеңгітінің санатында көрінеді. Сонымен қатар, құсшы руы кезінде шағын
аталар ретінде башқұрт, ноғай, сібір-татар, өзбек, түркмен халықтарының
құрамына да енген.
Ал манадан бері ұстанған жолымызбен, қазақтағы құсшы қауымынан кімдер
бар десек, XIX ғасырдан әйгілі Шөже ақын, сондай-ақ, қазіргі замандағы
белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы арғын қаракесек құрамындағы құсшы
табынан болады, ал төлеңгіт тайпасының құрамындағы құсшы руынан XX
ғасырда жасаған атақты биші Шара шыққан.
Шыңғыс ханның тікелей жарлығымен құрылған, кейінгі ұлыс хандары одан
әрмен күш беріп, ақыр түбінде қуатты тайпаға айналдырған ендігі бір үлкен
қауым – тама. Тарихтың тоспалы кезеңдерінде торғауыт сияқты
тозғындамай, уақыт тізбегінде қоршы, болатшы, көнші сияқты, бірте-бірте
жойылмай, әрқилы жағдай әсерімен құсшы сияқты ыдырамай, кейінгі
заманға әуелгі атағы, дүрмекті тобымен жетіпті. Тама – ұлы қаған жасақтаған
ішкі әскер. Жауланған жаңа аймақтарды бағынышта ұстау және сол өңірдегі
тәртіп пен тыныштық кепілі ретінде құрылған, барған жеріне біржола
орнығатын тұрақты жасақ. Әлбетте, тама әскердің ұзын саны әуелден-ақ
біршама көп болған. Орталық қалың қолдан, әрбір түменнен бөлініп алынған
жаңа жасақтың қолбасы нояны ләшкәр-тама атанады және оған жанамалас
әскер қосындарынан тәуелсіз, дербес өкім жүктеледі. Соғыс, майдан
уақытында әскери қолбасы, бейбіт күндерде әмірші әкім. Тама әскері ішкі,
қазіргі тілмен айтқанда, гарнизон және күзет, қауіпсіздік жұмыстарымен
қатар, орайына қарай ұлыс шегінен тысқары үлкен жорықтарға да жұмсалып
отырған, бірақ бұдан соң, әуелгі міндеті бойынша боданға кірген жаңа өлке,
кеңейген аймақты тікелей өз қарауына алады.
Тама жасағының сыр-сыпаты мен өзіндік қызмет жайын айқындайтын бір
ғана мысал келтірейік. Шыңғыс ханның өзі танып, кешіктен қоршы ретінде
ұстаған сүнит Шормаған-ноян Өкетай қаған тұсында айрықша бедел тауып,
ләшкәр-тама сайланады да, бұрында Жебе-ноян мен Сүбітай-бахадұр
бағынышқа келтірген Күнгей Қапқаз, Темір-Қақпа (Дербент) тарабына
жарлық алады. Қарауына берілген тама әскері толымды – төрт түмен екен.
Бір түменнің қолбасшысы – атақты Жебе-ноянның жақын туысы, бесут
Байжу-ноян, екінші түменбегі – қоралас Еке-Есір, тағы бір түменбегі – түркмен
Мәлік-шах екен. Қырық мыңдық қалың қол құрамында байырғы сүнит,
жалайыр, қоралас, арулат руларымен қатар, Еке Ұлысқа ілкіде ғана қосылған
қарлұқ, түркмен, қашғарлық, қучалық дегендей, әрқилы ұсақ рулар өкілдері
болған, Шормаған бастаған тама әскері бара сала бүкіл өлке және тақау
төңіректі тыныштыққа келтіріп, Күнгей Қапқаз – Арран, Әзірбайжан шегіне
бекінген хорезмшах Жәлел-әд-Динді біржола талқандайды. Бұдан соңғы
заманда дүниеден өткен сүнит Шормағанның орнын басқан бесут Байжуноян Құлағу ханмен бірге Бағдат халифатына қарсы жорыққа қатысады.
Ақыры бүкіл тама әскері осы Иран тарабында қалған. Алдыңғы әскербасы
нояндардың орнын мұрагер ұлдары иеленеді, қатардағы тамалардың кейінгі
туған балалары да әкелер ісін жалғастырады, түптің түбінде мұндағы бүкіл
тама жұрты парсы, түрік, әзірбайжан халықтарының құрамына құйылған.
Алтын Орда шегіндегі тама әскердің тағдыры басқаша қалыптасты. Әуелде
жауынгер жасақ, кейінде, Ұлұғ Ұлыс ыдыраған шақта – аталы тайпа. Тама
жұрты әсіресе Қазан хандығында үлкен ықпалға жетеді. Сондай-ақ Ноғай
Ордасы, Қырым хандығы және Қасым хандығында белгілі болады. Қазақ
Ордасындағы ең негізгі рулардың біріне айналыпты. (Жетіру құрамындағы
тама; һәм албан қоңырбөріктің бір тармағы да осы, ежелгі тама нәсілінен.)
Кейінде тама жасағы Абылай ханның дәргейінде «найзасының ұшы алтын»
атанып, үлкен құрметте болады; тама батырлары ең ақырына дейін Қазақ
Ордасының соңғы ханы Кенесерыдан айнымапты. Қазақтағы тама жұртынан
шыққан: XVIII ғасырда жасаған Тама Есет батыр, XIX ғасырдағы Кенесары
ханның жауынгер серіктерінің бірі Тама Құрман батыр, атақты қобыз күйшісі
Ықылас, XX ғасыр шегінде жасаған күйші Сүгір, қобызшы, домбырашы
Жаппас Қаламбаев, Совет заманында ғұмыр кешкен арқалы ақын Хамит
Ерғалиев, сазгер, жазушы, өнертанушы Ілия Жақанов есімдері көпке мәлім.
Бір сөзбен айтқанда, арыдағы байырғы ру-тайпалар ұлттық тарихымыздың
түп тамырын айқындайды десек, кейінде, сол ежелгі жұрт негізінде
қалыптанған жаңа қауымдардың өзі айнала келіп, ата қазығын қайта
тапқанын көреміз. Бажайлап қарасақ, Шыңғыс хан және Шалқар Дала
шежіресіне қатысты кез келген оқиға мен құбылыс қазақ тарихының да бір
тармағына тиесілі болып шығады.
(Тақырыпқа қатысты дәйектеме бір дерек. Жарлық негізінде қалыптасқан
құрама жұрттың уақыт оза келе атаулы руға айналуының көрнекі және ең
соңғы мысалы – Моңғол ұлысындағы зақшын қауымы. XVII ғасырдың 80жылдарында Халхаға басып кірген Ғалдан-Бошұқты қонтажы «зақшын», яғни
шекарашы деген атпен жаңа, күзет әскерін ұйымдастырады. Зақшын (захчин)
құрамына дүрбіт, торғауыт, ұраңқай, мыңғат және халхадан, басқа да әрқилы
рудан алынған жасақшылар тартылыпты. Өз ұжымы, өз міндеті, өзіндік
шаруашылығы бар және топ-тобымен Дүрбін-Ойраттың шекаралық
аймағына орналастырылған зақшын қосыны арада жүз жыл өтпей, дербес
руға айналған. Бүгінгі ұрпақтары Моңғол ұлысының құрамында, батыс
өңірдегі дүрбіт, ұраңқай, торғауыт қатарлы этнографиялық топ болып
есептеледі.)
Қидан
Орта ғасырлардағы Шалқар Дала турасында сөз болғанда, кезінде үлкен күшқуатқа жеткен, дербес ұлыс құрып, ақыры бүкіл Терістік Қытайды бағынышқа
келтірген қидан жұртын аттап өту мүмкін емес. Түрік тайпаларының арғы
тарихы да, бергі тарихы да осы қидан шежіресімен тікелей байланысты.
Қидан – бүгінгі қалыптасқан термин бойынша айтсақ, түрік емес, моңғол
нәсілі. Өсіп-өнген ордалы қонысы – Хиңган тауларының түстік-шығыс етегі.
Сары теңізге құятын Ләуо-хэ өзені мен осы дарияның үлкен бір саласы, иіліп
ағатын Шара-мурен – Сары-өзен аралығындағы топырағы құнарлы, оты мол,
суы мол, аңға да, кенге де бай, орманды далалық аймақ екен. Шығысында
шүршітпен, түстігінде қытаймен шектесіпті. Терістікте өздерімен туыстас
татабы, шивэй тайпаларымен жалғасса, батыста түрік текті жұртпен қоныстас
болады.
Қытай тарихи жазбаларында миләди 405 жылдан бастап белгілі қидан
қауымы әуелде балықшы, аңшы жұрт екен. VI–VIII ғасырларда бүкіл Ұлы
Даланы билеген Түрік қағанатының ықпалына түседі. Түрік жорасымен
рубасылары – еркін, елбасылары елтебер атанады. Тіршілік кебі озық,
ұлыстық ұжымы берік түрік тектілердің үлгі, әсерімен, қатарлас, алыс-жақын
басқа да моңғол тайпалары сияқты, мал шаруашылығына машықтанады,
дәстүр-салтына да көшпенді жұртқа тән көптеген өзгерістер енеді. Сиыр, қой,
жылқы өсіреді, киіз үй тігіп, қымыз ішеді, тұрмыс-тіршілігі мүлде өзгереді.
Сонымен қатар, түстіктегі ханзу жұртының үлгісімен егіншілік кәсібін еркін
игереді. Әуелден ержүрек халық соғыс өнеріне де жетіге түседі. Ұлыстық
ұжымы артып, жақын көршілеріне қатерлі, айрықша қуатты күшке айналады.
Қарулы жасағы қырық мың екен.
Бастапқы үлкен жорық Қытай тарабына бағытталыпты. VII ғасырдың екінші
жарымында Ұлы Қорғаннан асып, Таң империясының біраз жерін ойрандап
қайтады. Ендігі кезек – Түрік қағанаты болуға мүмкін екен. Алайда, өзінің
кемеліне келіп тұрған Қапаған қаған 697 жылы тұтқиыл жорық жасап, қидан
ұлысын қирата талқандапты. Қарымы қысқарғанымен, қуаты қайтпаған
Қидан жұрты бұдан соңғы заманда түстіктегі Таң империясына қарсы күресте
көбіне-көп қағанатпен ынтымақта, одақтас болады; өзінің дербестігін сақтап
тұрады, империя басқыншылығын тойтарып, сәтті қорғанады, тіпті, қарымта
шабуылға шығып, үлкен жеңістерге жеткен жағдайы да бар. Ақыры, арада екі
ғасыр өткенде жарақты жұрт, іргелі ұлыс ретінде қайта көтеріліпті.
906 жылы сайламалы дәстүр бойынша билікке жеткен Елүй Амбаған (Ила
Абаоки, Елюй Абаоцзи) үш жылдық кесімді мерзімін қатарынан үш мәрте,
содан соң біржола ұзартып, 916 жылы өзін тежеусіз әмірші – қаған деп
жариялайды. Әрқайсысының дербес билігі бар сегіз тайпаның басын қосып,
әуелде Қидан, кейінде Ләуо атанған біртұтас ұлысқа ұйыстырады. Он бес
жастан елу жасқа дейінгі ер-азамат түгел міндеттелген, тұрақты әскер санын
жетпіс мыңға жеткізеді, жауынгер құрамаларды бестік, ондық негіздегі (10–
50–500–5000) бөлімше мен қосындарға бөліп, көшпенділердің ежелгі
заманнан бергі әскери ұжымы мен соғыс өнерін жаңа бір деңгейге көтереді.
Берік билігі, қуатты әскері бар Елүй Амбаған мемлекет іргесін әбден бекітіп,
төрт тарапта бірдей сәтті соғыстар жүргізіпті. Терістік жапсардағы, туысы бір
татабы, шивэй тайпаларын қосып алады. Көршілес корей-тұңғыс Боқай
патшалығын талқандайды, терістік-шығыстағы шүржен жұртын бағынышқа
түсіреді, қырғыз қағанын айбарымен ықтырып, Ұлы Даладағы бүкіл түрік
руларын дәргейіне келтіреді. Ең бастысы – іргедегі алып ел Қытайға қарсы
зор майдан ашады. Ақыры, Елүй Амбағанның ұлы Елүй Текуаңның (Дегуан)
тұсында, 936 жылы Қидан-Ләуо империясы бүкіл Солтүстік Қытайды
бағынышқа келтіріпті. Ежелгі жұрттың он алты облысы Ләуо құрамына
қосылып, қалған бөлігіне қуыршақ император отырғызылды. Ал Оңтүстік
Қытай – Сұң патшалығы Қиданға жыл сайын ауыр салық төлеп отыруға
мәжбүр болыпты.
Сары теңізден Қара Ертіске дейінгі, Жасыл-өзен Хуаңхэнің иінінен бір жағы
Келүрен алқабы, бір жағы Саян тауларының етегіне дейінгі ұлан-байтақ жерді
алып жатқан Қидан империясы өз заманындағы ең үлкен мемлекеттердің
бірі болды. Әскери қуатымен қатар, экономикалық, шаруашылық әлуеті де
күшті, халқының саны мол, жерінің байлығы кенеусіз, айдынды да алып ұлыс
екен. Шығыста Жапон, түстікте Қытай, батыста Парсы патшалығы және Араб
халифатымен тұрақты дипломатиялық қатынастар жолға қойылады. Ежелгі
Жібек жолының Орта Азиядан Жоңғар арқылы тікелей тартатын жаңа бір
тармағын ашқан Қидан-Ләуо империясы бір тарабы Самарқан мен Бұқара,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 21
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480