Latin

Шыңғысхан - 07

Total number of words is 3703
Total number of unique words is 2005
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қызметтер атқарады, ұзағынан тұрып, еркін аралап, ішкі Қытайды мейлінше
таниды, Ұлы Даланың шектес, түстік атырабын көреді, тіпті, Үндістанға,
Үндіқытай жағына елшілік шаруаларымен барады. Ақыры, әкесімен,
ағасымен бірге Еуропаға қайтуға рұқсат алыпты, бірақ жолай тағы да бір
маңызды міндеттер атқаруға тиіс болады. 1292 жылдың басында Цюаньчжоу
портынан кемелер керуенімен бірге аттанып, Оңтүстік-Қытай теңізін, Үнді
мұхитын кесіп өтіп, Парсы шығанағы арқылы Басраға жетеді, одан соң, 1295
жылы Венецияға аман-есен оралыпты. Алайда, беймаза жан тыныш жата
алмайды. Теңіздегі билікке талас, сауда өрісіне бақас Венеция мен Генуя
арасындағы соғысқа қатынасып, тұтқынға түседі. Осы, Генуя түрмесінде
жатқан кезінде, 1298 жылы, бұрнада бастан өткендерін айтқан, қиялғажайыпқа ұқсас әңгімелерін, ол да тұтқын, Пиза қаласынан шыққан
Рустичано деген сауатты кісі көне-француз тілінде қағазға түсіреді. Келесі
жылы қамаудан босаған Марко Поло бұдан соңғы ширек ғасыр ғұмырында
өзінің және әкесі мен ағасының бастан кешкендерін тағы қаншама жұртқа
әңгімелейді, әуелгі Рустичано нұсқасынан басқа, қайталақ үстіне қаншама
айырым, қосымшасы бар, кемі бірер жүз жазба пайда болады, соның
тоқсанға тақауы бүгінгі заманға жеткен көрінеді. Марко Поло 1324 жылы ата
жұртына дүние салыпты.
Соншама әңгіме, қилы хикаяны жаханкездің өз аузынан тыңдаған, немесе,
жазбаларды оқыған тұстас кісілер осының бәрі шылғи өтірік деп есептеген,
одан соңғылар да сене қоймаған, тіпті, бүгінгі зерттеушілердің кейбірі
ішінара қоспа, жалған ақпары көп, керек десеңіз, Марко Поло Қытайда
болмаған, бар әңгімесін араб, басқа да мұсылман көпестерінен естіген деп
күмән айтады. Десе де, байыпты талдаулар Марко Поло кітабы ұсақ-түйек
кінәратына қарамастан, бастан-аяқ көзбен көрген шындық негізінде
жазылған деп біледі.
«Әлемнің әрқилы сыпаты» негізінен Құбылай тұсындағы Юань империясына
қатысты. Сонымен қатар, Кіші Азия, Түстік Қапқаз аймағы, Ирақ, Иран,
Хорасан, Таңғұтқа байланысты, арыдағы Үндістан, Жапон, Индонезия
аралдары, Үндіқытай жұрты турасында, сол заман үшін мүлде белгісіз,
бүгінде тарихи деректі қаншама мағлұмат айтылады. Шынында да, Марко
Поло кітабы орта ғасырлардағы Еуропаның таным көкжиегін кеңейткен,
географиялық жаңалықтарға толы және Батыс жұрттарының бұдан соңғы
дәуірдегі теңіз кешулері мен әлемдік экспансиясына ықпал еткен ерекше
еңбек болды.
Өз тұрғымызға келсек, Шыңғыс хан заманына сәйкес деректерде жаңалық
жоқ, бірақ барды бекіте түспек. Сонымен қатар, «батыс татарлар», есебі
Дәшті-Қыпшақ шегіндегі түрік қауымы, олардың тұрмыс-жайы, Барка (Берке)
мен Алау (Құлағу), яғни Алтын Орда мен Иран арасындағы соғысқа қатысты
жағдаяттар назар аударарлық. «Үлкен Түркстан» – Шағатай ұлысы туралы да
айтылады. Әлбетте, Марко Поло жазбаларынан татар жұртының әдет, салт
рәсімі, шаруашылығы, тұрмысы, соғыс өнері, аңшылық, саятшылық жөнімен
қатар, мінез-құлық, өзіндік нанымы төңірегінде де бірқанша мағлұмат
аламыз.
Гайтон. «Шығыс жұрттары тарихының гүлбақшасы». Армян патшаларының
ежелгі әулетінен шыққан Гайтон (Хетум) жас кезінен-ақ дін жолын қуып,
туған жерінен кетеді де, өмірінің көпшілік бөлігін «Қасиетті өлке» –
Палестинада өткізеді, діни сапар әрі әуестік жөнімен Тақау Шығыс елдерін
аралайды, бәлкім, Иран, Түркстаннан өтіп, Қытайға дейін барып қайтады.
1270 жылдар төңірегінде мамлүк Бейбарыс сұлтанға қарсы соғысқа
қатысады, осы тұста, әлде кейінірек, жауынгер, діни Иоаннит орденіне кіреді,
ақыры, мұсылман әскерінен қирай жеңіліп, ығыса шегінген
бауырластарының соңынан, 1305 жылы Кипрге жетіпті. Бұл кезде жасы да
ұлғайған болса керек, енді біржола дін жолына түседі. 1306 жылы Еуропаға
қоныс аударып, Франция, Пуатье қаласындағы монастірге тұрақтайды.
Аталмыш кітапты осында, 1307 жылы таңбаға түсірген – білімдар монах
Никола Фалькон де Туль. Гайтонның айтуымен, көне-француз тілінде сөзбесөз жазып алады да, латын тіліне аударып, Рим папасының алдына тартады.
Жан-Поль Рудың көрсетуінше, Гайтон атаулы еңбегінен соң көп ұзамай дүние
салыпты. Тәрізі – 1309 жыл.
«Гүлбақша» өз заманы үшін ерекше шығарма болып шығады. Кезінде Марко
Поло кітабымен қатар аталған және кеңінен тараған. Мәшһүр Франсуа
Рабленің өзі жоғары бағалаған екен. Ауқымы кең, дерегі мол, әрі көз көрген
жол-сапар үлгісімен, қызғылықты жазылған Гайтон кітабының ежелгі
француз әдебиеті мен тарихнамасында атаулы орны бар. Кейінгі ғылымға
берер мағлұматы да біршама.
Көлемді еңбек төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Қытай мен Индия,
Түркістан мен Хорезм, Армения мен Грузия – жиыны Шығыстың он төрт елін
қамтиды. Екінші бөлім – Түркия және Орта Шығыстағы мұсылман
мемлекеттеріне арналған. Төртінші бөлім – Египет–Мысыр патшалығының
тарихы мен жалпы сыпаты және кезекті крест жорығын қалай ұйымдастыру
тұрғысындағы уағыз бен кеңес. Біздің тақырыбымызға қатысты – кітаптың
үшінші бөлігі. Бастан-аяқ татар жұртына арналған. «Атап айтқанда, бұлардың
кім екендігі, мекен-тұрағы, көптеген елдерді өзіне қалай қаратқаны және
алғашқы басшылары турасында». Осы орайда Шыңғыс ханның көтерілуі,
билікке жетуі, жат жұрттарға аттанысы нақты тарихи деректер сұлбасымен
қатар, аңыз, лақап негізінде қалыптанған. Жошы хан, Өкетай қаған, бұларға
жалғас Күйіктің қаған көтерілуі, Бату ханның Батыс жорығы, Мөңке қағанның
Армян патшалығымен ара қатынасы, Құлағудың Бағдатты алуы – жинақтап
айтқанда, Шыңғыс ханның бастапқы мұрагерлерінің тарихы байыпталады,
Юань империясы мен Алтын Орда турасында мағлұмат бар. Гайтон Шыңғыс
ханнан Мөңке қағанға дейінгі аралық деректерін «татар тарихына арналған
үш кітаптан» іріктегенін, ал одан бергі заман турасында өзінің ағасы (әкесінің
бауыры), армян патшасы Гетумнан естігенін айтады; бұдан соңғы дәуірге
өзінің тікелей көргені мен білгені арқау болыпты. Әуелгі тауарихтың
бұлдырап кететін тұстары бар дедік, ал ілкі замандағы тарихи оқиғалардың
бел ортасында жүрген Гетум арқылы жеткен және автордың өзі куәгер
болған кейінгі кезең деректері нақтырақ. Сонымен қатар, Шыңғыс хан
жұртының әскери өнері мен әдет-ғұрпы, мінез-құлқы турасындағы аздыкөпті мағлұмат та назар аударарлық дәрежеде.
Иосафат Барбаро. «Танаға саяхат». XIII ғасырдың екінші жарымында және
оған шектес дәуірде Шығыс тараптағы алыс-беріс сауда және
дипломатиялық қатынастар қалыпты жағдайға айналады. Еуропа жұртының
көбірек жалғасқаны – Елхан ұлысы, яғни Құлағу әулетінің иелігіндегі Иран
болды. Алыстағы Юань империясымен аралықтағы байланыс та үзілмейді.
Венециядан, Генуядан, Флоренция мен Пизадан шыққан көпестер Жібек
жолы арқылы Қытайға, одан әрі Үндістан мен Индонезияға еркін қатынайды,
католик дінін уағыздаушы миссионерлер де бұлардан қалыспайды. Осы
қатардағы, «Ханбалық архиепископы және бүкіл Шығыс патриархы»
мәртебесіне жеткен Джованни Монте-Корвино (1247–1328) Пекинде қырық
жыл тұрыпты, ол құрған діни орталықтың өкілдері Юань империясын еркін
аралайды, тек Түпкі хандық қана емес, Шағатай ұлысы мен Алтын Орданың
өзінде христиан дінін насихаттайды. Монте-Корвиноның және оның
серіктерінің үлкен жазбалары белгісіз, тек жекелеген хаттары ғана сақталған.
Бұл шағын көлемді жазбаларда Батыс Еуропа мен Юань империясының ара
қатынасы, ішкерідегі моңғол тарихы мен мәдениеті турасында мәнді
мағлұматтар ұшырасатын көрінеді. 1316–1330 – он төрт жыл бойы Шығыс
елдерін аралаған жиханкез монах Одорико де Порденоне, Ватикан елшісі,
Қырым, Еділ, Дәшті-Қыпшақ, Жоңғар арқылы 1338 жылы Қытайға жетіп,
Тоған-Темірдің қабылдауында болған Джовани Мариньоли өздерінің
жолжазба кітаптарында негізінен Юань империясының шегіндегі моңғолдар
жөнінде ғана айтады.
Осы замандағы көшпенділер қауымына қатысты мол дерек Шығыс Еуропа –
Алтын Ордаға байланысты. Есебі, бұлар да біздің тақырыбымызға етене
емес, жалғас, сабақтас сарындар ғана. Әйтсе де, атаусыз қалдыруға
болмайтын бір ерекше еңбек бар. «Танаға саяхат» аталады. Авторы –
венециялық Иосафат Барбаро (1413–1494).
Білімді, парасатты және өрісі кең, ізгі, бекзат бітімді Иосафат Барбаро жас
жігіт кезінде, 1436 жылы сауда ісімен Алтын Орда шегіндегі Тана (Азау)
қаласына келеді. Тана-Азау – Генуя республикасының Қырымдағы алғы сауда
орталықтары Солдайя (Судақ) пен Каффа (Феодосия) сияқты, Венеция
республикасының Алтын Ордамен келісім негізінде орнығып отырған ашық
отар-бекеті болатын. Батыс пен Шығыстың кең көлемді, еркін сауда
айналымы осы тірек қалалар арқылы жүзеге асып жатқан. Келгінші
еуропалықтар мен жергілікті – сыртқы жұрт әлі де «татар» атайтын түрікқыпшақ қауымы қанаттас, аралас өмір кешіп, еркін қатынасып жатқан бейбіт
қалада Иосафат Барбаро аз, кем емес, тура он алты жыл тұрады. Елдің тілін
еркін игеріп, әдет-салтына әбден қанығады, қасиетін танып, қалтқысыз
араласып, үлкен құрмет, сенімге жетеді, Иосафат есімі Жүсіпке айналып,
қарашыдан хан әулетіне дейінгі аралықта қаншама дос-жар табады. Әлбетте,
Жүсіп-Иосафат соншама жыл бойы Тана-Азауда байланып отырмаған, сауда,
кәсіп ісімен, кейде әуестік, білуге құмарлық жөнімен көшпенділер жайлаған
кең далаға шығады, Дәшті-Қыпшақтың бірталай өңірі – Қара теңізді жағалап,
Үзе – Днепр өзеніне дейін, Қырымға бойлап, Азау теңізін төңіректеп Таң –
Доннан өтіп, Терістік Қапқаз бен Еділ бойына дейін барып қайтады және бұл
жерлердің көбіне бір емес, әлденеше мәрте қатынаған сияқты.
Қаншама заманнан соң, 1452 жылы етене жұртпен қоштасып, отанына
оралған Иосафат Барбаро биік мәртебеге жетіп, Венеция республикасының
жұрт ұстаған үлкен тұлғаларының біріне айналады, кәнігі саясаткер,
тәжірибелі дипломат ретінде елдің ішкі, сыртқы істеріне белсене араласады,
ал 1473–1479 жылдары Персияда елшілік қызмет атқарады. Барар және
қайтар жолдарында тағы да Азау, Дәшті-Қыпшақ арқылы өтіп, бұрынғысын
еске түсіреді, ежелгі таныстарын сұрастырады, тағы қаншама қимас әсермен
оралады. Жасы жетпісті иектеген Барбаро бұдан соңғы жылдарда дож
сарайында мансапты, ұлық қызметтер атқарады. Дәшті-Қыпшақ турасындағы
естелік кітабын қартайған шағында, 1489–1492 жылдар аралығында таңбаға
түсіріпті. Саяхатнама естеліктің қолжазба нұсқасы күні бүгінде Венециядағы
Ұлттық Әулие Марк кітапханасында сақталып тұрған көрінеді.
Иосафат-Жүсіп далалық түрік-қыпшақ өмірінің барлық саласын қамтыған.
Мал шаруашылығы, аңшылық, әскери ахуал, сауда-саттық, егіншілік, қолөнер
кәсібі. Тұрмыс-жайы, баспанасы, көші-қоны. Киімі, ас-суы, соғыс өнері, қаружарағы. Мінез-құлқы, жаужүрек бітімі, адамгершілік қасиеті, өзіндік
ерекшелігі. Нақты әрі соншама мол мағлұмат. Көшпенді түз жұртының жан
әлемін қалтқысыз ұққан, рухани, ішкі кейпін жете таныған еуропалық жалғыз
еңбек дер едік.
Иосафат Барбароның «Танаға саяхаты» – бұдан бұрынғы Карпини, Бенедикт,
Рубрук деректерін нақтылай түседі және тереңдетіп, кеңейтіп, толықтырады.
Арада екі ғасыр өтсе де, көшпенділер қауымының тыныс-тіршілігі, болмысбітісі өзгере қоймапты. Алтын Орда құрамындағы жұрт – кешегі Шыңғыс хан
заманы, Татар Даласындағы ру-тайпалардың тікелей жалғасы екен. Сонымен
қатар, бұдан соңғы замандарда қазақ атанып, бүкіл Шығыс Дәшті-Қыпшақты
бауырына басқан біздің жұрттан айырым белгілері байқалмайды. Ғасырдан
ғасырға ұласқан қалыпты тіршілік кебі, өзіндік дәстүр-салт, тұрмыс пен
болмыс. Батыс жиханкездерінің орта ғасырлар шегіндегі әйгілі еңбектерінің
ішінде оқшау тұрған, ықылас, түсініспен ғана емес, сүйініш, ризашылықпен
жазылған «Танаға саяхат» кітабын толқымай оқу мүмкін емес. Түз
перзентінің өз қолынан шыққандай бұл өзгеше туынды кезінде біздің
«Аласапыран» атты үлкен кітабымызға күш-қуат қосқан арналы бұлақтардың
бірі болып еді.
Далалық көшпенділер тіршілігіне қатысты тағы біраз танымдық мағлұмат
Иосафат Барбароның жасы кіші отандасы һәм әріптесі Амброджо Контарини
жазбаларынан ұшырасады. 1474–1477 жылдарда Персияда арнайы елші
қызметін атқарған Контарини барар және қайтар жолдарында Үзе-дария
(Днепр), Қара теңіздің терістік жағалауы, Қырым түбегі және Еділ алқабымен
жүріпті, есебі, Батыс Дәштіні оңды-солды кесіп өткен. Еліне оралғаннан соң,
жол-сапар күнделігі негізінде «Персияға саяхат» атты шағын кітабын жазады.
Бұл ескілікті еңбектегі Дала жұртының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына
қатысты азды-көпті ақпар ілкідегі Барбаро, бағзыдағы Карпини, Рубрук
деректерін айғақтай, толықтыра түспек.
Армян деректері. Армян шежірешілерінің тарихи жазбалары біршама ерте
дәуір – 1220 жылғы Күнгей Қапқаз оқиғалары, Жебе-ноян мен Сүбітайбахадұрдың жойқын шапқынынан басталады. Көбіне-көп, сол оқиғалардың
тікелей куәсі болған замандастар қалдырған деректер. Арада ширек ғасыр
өтпей-ақ Армян патшалығы бейбіт жағдайда Еке Моғұл ұлысының
бодандығын қабылдайды, алыс, жақын елшіліктер өз алдына, Армян
патшасы, саясатына парасаты сай Бірінші Гетум Қарақорымдағы Күйік
қағанның Ордасына әуелде туысқан ағасы, әскербасы Смбат Спарапетті
жібереді, бұдан соң өзі де, кебін ауыстырып, көп қиындықпен, ұзақ жол
жүріп, келесі қаған Мөңкенің ғұзырына барып қайтады. Армяндар Еке Моғұл
ұлысының құрамдас бір бөлігі ретінде Алғы Азия мен Орта Шығыстағы
жорықтарға қатынасады, Күнгей Қапқаздағы моғұл әміршілерімен еркін
араласады, көрші жұрттармен арадағы әрқилы елшілікке жүреді. Яғни, өз
заманындағы елеулі оқиғалардың бел ортасында болған.
Татар шапқыны, татар билігіне қатысты армян деректері әсіресіз
нақтылығымен, бұрмасыз шынайылығымен ерекшеленеді. Осы орайдағы ең
басты мұралар ретінде Қарақорымға дейін барып қайтқан Смбат Спарапет
пен Бірінші Гетумның жазбалары, бұлардан бұрынғы және кейінгі Киракос
Гандзакеци, Себастаци, Григор Акнерци, Вардан, Степанос Орбелян, Мхитар
Айриванеци еңбектері кеңінен танылған және жоғары бағаланады.
Орыс деректері. Ресей тарихының тұтас бір дәуірі – екі жарым ғасырлық
кезең кейінгі ұғымда «Татар тепкісінің заманы» деп аталатыны мәлім. Осы
орайдағы, аңыз, лақабы аралас мол дерек негізінен Бату ханның шапқыны,
одан соңғы Алтын Орда империясына қатысты. Еке Ұлыстың алғашқы кезеңі,
Шыңғыс хан турасындағы там-тұм мағлұмат дәстүрлі Лаврентий, Ипатий
және Новгород жылнамаларынан ұшырасады. Жаңалығы жоқ, белгілі
деректердің әрқилы жаңғырығы. Тек Жебе-ноян мен Сүбітай-бахадұрдың
атақты жорығы, Қалқадағы соғыс турасында тың ақпарат бар. Тұтастай
алғанда, орыс тілді нұсқалардың біразы – Ресей империясының алғашқы
кезеңінде қолдан құралған мистификация, ал ескілікті негізі бар мұралардың
өзінде кейінгі заман қоспасы – діни төзімсіздік, нәсілдік өшпенділік негізінде
қалыптасқан, әсіресі мен асырасы тұрыпты, біржақты, теріс, тіпті, ойдан
шығарылған, қисынсыз мағлұматтар көптеп ұшырасады. Кей-кейде өзара
шендестіріп, немесе басқа тараптағы деректермен салғастырып отырып қана
шындығын айқындауға мүмкін. Бір ескерте кететін жағдай – ежелгі орыс
жылнамаларының ешқайсысында «моңғол» атауы ұшыраспайды, барлық
жерде, тек қана «татар».
Далалық шежірелер
Шыңғыс хан және оның заманына қатысты, өз кезінде араб, парсы
лұғатында, Қытай жұртының, Еуропа халықтарының тілдерінде таңбаға
түскен мұра атаулы, ауқымы кең, мағлұматы мол, талдауы дәл, дерегі мен
куәлігі сенімді, нақты деген күннің өзінде, мұның бәрі сырттан, жат жұрт
көзқарасы тұрғысынан байыпталған тауарих екендігін ескермеу –
шалағайлық болар еді. Осы орайда Шыңғыс ханның өзі шыққан орта –
далалық мұрағаттың мән-маңызы айрықша. Барды бекемдейді, жоқты
түгендейді, күмәнді түйткілдердің кілтін ашып, тұманды айғақтай түседі. Тек
бұл ретте қолда бар нұсқаларды өткендегі көп дүниенің кездейсоқта
сақталып қалған әлденендей бір ғана бөлшегі деп тануға тиіспіз. Құбылай
тұсында, бүкіл Юань заманында Қытай империясының орталық қазынасында
жинақталған, тіпті, жекелеген тұлғалар сақтап ұстаған «татар тілді» кітап
атаулы Миң әулеті, одан соңғы патшалықтар заманында жоспарлы түрде
тәркіленіп, өртеліп, жыртылып, біржола жойылып отырғаны мәлім. Ал
жаугершілік үстіндегі қилы заман, әсіресе көшпенді тұрмыс жағдайында
ескілікті мұралардың ғасырлардан озып, сақталып қалуы қиын болатын.
Мәселен, XVII ғасырда жасаған Әбілғазы бахадұр-хан өзінің атақты «Шежіреи түрік» кітабын жазу үшін Рәшид-әд-Диннен басқа тағы он жеті ғұламаның
еңбек-нұсқаларын пайдаланғанын ескертеді. Қайда сол тауарихтар – бәрі де
із-түзсіз жоғалды. Айттық, бұдан көп бұрын басталған кесапат. Заманның
талқысы да, адамның кінәсі де бар. Көлденең тұрғай, хан сарайының өзі пана
болмапты. Осы орайдағы ең үлкен қаза – зады, Шыңғыс ханның көзі тірісінде
қағазға түскен «Алтын дәптер» болса керек. Ұлы қағанның ата-тегі,
тумысынан бастап, бүкіл күрес жолын, жихангерлік ғұмырын және Еке
Ұлысқа қатысты тағы қаншама мағлұмат-деректерді қамтыған, шын
мәнісіндегі жазба тарих екен. Бұл «Алтын дәптердің» арнайы көшірме
нұсқалары Шыңғыс әулеті билеген ұлыстардың хан сарайларында, әспетті,
құнды мирас ретінде сақталады. Төрелер нәсілінің өткен ата-баба шежіресін
танып-білуінде hәм жаңа тауарих кітаптарға негіз, жетекші ретінде үнемі
қолданыста болған. Рәшид-әд-Дин қалыптаған “Жинақты тарихта” ара-тұра
ұшырасатын нақты сілтеме – жеке сөздер мен ұғым, тіркестерге зер салсақ,
“Алтын дәптер” , ешқандай күмәнсіз, түрік тілінде жазылғандығы көрінеді.
Өкінішке қарай, Шыңғыс ханға қатысты ең құнды тарихи жәдігер деп
танылуға тиіс «Алтын дәптердің” елесі ғана қалған, өзі жоқ. Бұл тек аталмыш
бір ғана еңбекке қатысты жағдай емес. Басқасын айтпағанда, аты да, заты да
белгілі “Көк дәптер” деген тағы болған. “Алтын дәптер» – өткен шежіре, кең
көлемді тарихи еңбек десек, “Көк дәптер” – Шыңғыс ханның әдепкі ісәрекеті, сөз, жарлықтары тіркеліп отырған күнделікті жазбалар жинағы екен.
Төбе би (Бас жарғышы) қызметін атқарған Шигі-Құтұқы жүргізіп отырған.
Бүгінде жұрнағы да жоқ.
Десе де, замана тезінен өткен, кейінге жеткен мұраның өзі толымды.
Бұлардың ішіндегі ең бастысы – тұрпаты өзгеше «Қастерлі шежіре” кітабы.
Және соған жалғас “Алтын топшы” hәм тағы біраз жәдігер бар. Алдын ала
ескерте кететін бір жағдай – далалық ескерткіштерді көп ретте осы сөздің
біршама толық мағынасындағы тауарих деп қабылдау қиын. Ежелгі эпос пен
деректі баян аралығындағы өзгеше үлгі. Яғни, тиесілі тұстарда нақты шындық
пен әсіре аңыздың аралық шекарасын ажырата білу қажет. Көп реттерде
мүмкін емес, әйтсе де, дәйексіз аңыз болмайды десек, сол әсерлі әпсана,
толғамалы жырдың өзі біраз ақиқат жағдайдың бетін ашып берсе керек.
“Қастерлі шежіре” – “Юань-чао би-ши”, “Ман-хо-лунь нюча то-ча-ань”
(“Монголун ниғуча тобчиян”), “Сокровенное сказание”. Шыңғыс ханның
немересі, ежелгі Татар Даласына қоса, бұрнада бағынған Терістік Қытай –
Шың мен жаңадан жауланған Түстік Қытай – Машынға тұтастай хүкім еткен,
мәңгілік, алып империяны ең соңғы рет және біржола біріктірген, Аспанхақ
тарихындағы даңқты жаңа бір кезең – Юань дәуірін негіздеген Құбылай хан
өз билігінің алғашқы жылдарында даңқты атасына, арғы бабаларына
қатысты, ежелден қалыптанған дерек, шежіре, аңыз-әпсаналарды
жинақтауға жарлық береді және көп ұзамай, бұлардың кейбіреуін қытай
тіліне аударуға нұсқайды. Бұл игі шаруаның біздің заманға жеткен оқшау бір
көрінісі – жоғарыда аталған, қытай тілді деректер тобындағы «Әулиежихангердің жеке жорықтарының сыпаттамасы» болса керек. Шыңғыс
ханның ата-бабалары, өзіндік ғұмыр кешуі және Еке Ұлыс тарихына қатысты
ең соқталы әрі айрықша маңызды, ежелгі жәдігер «Қастерлі шежіренің»
мағлұм нұсқасы сол заманда нақты таңбаға түспеген жағдайдың өзінде, осы
Құбылай бастап негіздеген дәстүр нәтижесінде қалыптанып, сақталып қалды
деп білсек керек.
«Қастерлі шежіренің» көлемі зор, ауқымы кең. Халық шежіресі мен ежелгі
эпос және деректі тарихи баян аралығындағы өзгеше шығарманы мазмұны
мен құрылымы тұрғысынан үш бөлімге жіктеуге болар еді. Мұның
алғашқысы – Шыңғыс ханның ата-тегі, әкесі Есугей мен анасы Өгеліннің
табысуы (1–58-бап). Шежіре «Мәңгі Көк Тәңірінің қалауымен туған» түп ата –
Бөрте-Шенеден басталады. Бөрте-Шененің тұқым-жұрағатын тарата келе,
Шыңғыс ханның оныншы атасы – «Тәңірінің Нұрынан жаралған» Боданшарға
айрықша тоқталады. Бұдан соң Боданшар әулеті құраған Бөржіген Қият
руына қатысты біраз жағдаяттың бетін ашып, ақыры болашақ ұлы қағанның
туған әкесі Есугейге, анасы Өгелінге жетеді. Екеуінің табысуы, үйлену хикаясы
баяндалады. Бір ескерте кететін жайыт – Шыңғыс ханның бұл реткі ата-тек
шежіресі, мәнсіз, бірді-екілі айырымын айтпасақ, бастан-аяқ Рәшид-әдДиннің «Жинақты тарихымен» сәйкесіп жатыр. Түйіні бір, негізі ортақ деген
сөз.
«Қастерлі шежіренің» ең негізгі және көлемді бөлігі (59–268-бап) Шыңғыс
ханның туғанынан өлгеніне дейінгі бүкіл өмір жолы: балалық шақ, жетімдік
зары, көрген қиындықтар, ат жалын тартып мінуі, үйленуі, әуелгі соғыстар,
Еке Ұлыстың құрылуы және одан соңғы әртарап жорықтар – яғни, ұлы
қағанның ғұмыр кешуі ғана емес, тұтас бір тарихи дәуір қамтылады, сонымен
қатар, Еке Ұлыстың ішкі құрылымы, әскери жүйесі және тұрмыс, салтқа
байланысты құнды деректер бар; тек бұл ғана емес, Ұлы Даладағы ру,
тайпалар, олардың өзара қатынасы, Шыңғыс хан жағындағы және оған қарсы
топтағы атақты тұлғалар жөнінде мол мағлұмат аламыз; шежіре-баянда
ежелгі эпосқа тән көтеріңкі әуез, әдеби әсірелеу ұшырасқанымен, жалпы
тауарих шынайы сыпатта, Рәшид-әд-Динмен, басқа да тарихи мұралармен
салыстыра бажайласақ, орайсыз қыстырма, жаңсақ деректер ұшыраса
қоймайды, тіпті, Шыңғыс ханның жеке басы артық мадақ, жалпылама қызыл
сөзден тыс, Алып ретінде, бірақ кәдімгі адамдық кейіпте көрінеді. «Қастерлі
шежіре» тек бейнелеу ғана емес, баяндау, сыпаттау үрдісінде, бүкіл
құрылым, сөз саптау орайында бұрынғы-соңғы әлемдік әдебиеттің ең биік
көркемдік өресінен табылатынын атап айтуға тиіспіз. Бұл, әрине, кездейсоқ
жағдай емес. Ғасырдан ғасырға созылған өнегелі дәстүр, қалыптасқан сөз
өнерінің жинақты бір көрінісі.
«Қастерлі шежіренің» мазмұндық тұрғыдағы үшінші бөлімі (269–281-бап)
Өкетай қағанның патшалық дәуіріне арналған қысқаша баян. Өкетай әлі
тақта отыр. Әйтсе де, оның қағандық қызметі, үлгілі ұлағаты мен кейбір
ғапыл істері қорытындыланады. Өлімі, жерленуі туралы айтылмауы – әлі
уақыты жетпегеннен, немесе арнайы айтуды қажет етпегеннен. Онсыз да
бәрі айқын. Осының алдында, мұрагерлік мәртебе берілгенде, Өкетай өзінің
ұрпақтарының патшалықты лайығымен ұстап тұра аларына күмән білдірген.
Әрине, бұл – Күйік қағаннан соң, Еке Ұлыстағы ең үлкен билікке талас кезеңі,
тіпті, кейінгі Мөңке қаған, бәлкім, одан да соңғы замандағы қоспа.
Шежіре-эпостың түйіні есепті, ең соңғы, 282-бапта шығарманың жазылып
біткен, немесе хатқа біржола таңбаланған уақыты туралы ақпар беріледі:
«Еке Құрылтайға жиналған тышқан жылы, құран-сара айында, Орда
Келүреннің Көде-аралы, Долоған-болдақ пен Шілкіншік арасында тұрғанда
бітікке түсті».
«Қастерлі шежіреге» қатысты негізгі жұмбақтың бірі – осы, соңғы сөздерден
бастау алады. Ғажайып еңбектің, әлбетте, бастан-аяқ жазылған емес,
жинақталып, жүйеленіп, тұтас қалпында қағазға түскен, немесе көшіріліп
біткен жері – Келүрен өзенінің бойы көрінеді; нақты ма, тұспал ма, қазір
Көде-аралдың тұрған жері де табылғандай, қайткенде де, бұрынғы Татар
Даласы, бүгінгі Халханың қақ ортасы. Құран сара – жетінші ай, яғни
тамылжыған жаз ортасы, шілде, Ұлы Құрылтай, дүбірлі той, мерекелер
мезгілі. Ал тышқан жылы... қай тышқан? Мүлде дерексіз емес, Еке Құрылтай,
яғни ұлыстың Үлкен, Ұлы Құрылтайы өткерілген тышқан.
Әуелгі зерттеушілер бұл – 1240 жыл деп кесіп айтқан. Сөз орайынан көрініп
тұрғандай, бұл кезде Шыңғыс хан өлген, тақта кейінірек, 1241 жылы
желтоқсанда ғана опат тапқан Өкетай қаған отыр. Бірақ дәл осы 1240 жылы
Ұлы Құрылтай өткізілмеген, болуы да қисынсыз, бүкіл Дәшті-Қыпшақ
жұртының әміршісі Бату хан Батыс Еуропа жорығында жүр, жалғыз өзі емес,
Шыңғыс хан әулетінің таңдаулы он ханзадасы және Сүбітай-бахадұр бастаған
тағы қаншама атақты қолбасымен бірге. Кейінде ұмытылған, жай, қатардағы
құрылтай деген уәж айтылады бұл күмәнге орай. Бірақ «Қастерлі шежіреде»
атап, нықтап көрсетілген: Еке Құрылтай!
Уақыт оза келе, басқа бір тышқан жылдары алға шығады. Әр кезде, әр
тараптағы әрқилы зерттеушілердің түпнұсқа мәтін негізіндегі байып, дәлелі
бойынша 1252, 1264, 1276 жылдар аталыпты. Тіпті, 1324 тышқан жылына
сілтеме жасалады. Бұрынырақ айтылса да, соңғы кездегі, біраз жұрт тоқтаған
мезгіл – 1228 жыл. Жай ғана тышқан емес, Ұлы Құрылтай өткізілген тышқан.
Ал шежіренің ақыры – Өкетай қаған туралы бөлік кейіннен қосылған деп
табылады, соңғы заман көлеңкесі бар басқа бір тұстар да берідегі
көшірмешілер тарабынан үстелген, немесе бұрмаланған деседі. Біз осы
пікірге бейілміз. Қайткенде де, «Қастерлі шежіре» Шыңғыс хан дәуірінде
қалыптанып, соған тікелей жалғас кезеңде біржола тәмам болып, қағазға
түскен, нағыз ескілікті мұра, көне заман куәгері екендігі анық.
Екінші бір шішілмеген мәселе – өзгеше туындының нақты авторына қатысты.
Бұл ретте де әрқилы тұспал айтылған. Татар Шигі-Құтұқы, ұйғыр-найман ТатаТоңға, керей Шыңқай, ұраңқай Харқасұн... Қай-қайсысы да ықтимал.
Сонымен қатар, «Қастерлі шежіренің» мазмұны мен сарынына қарағанда,
бітікшіміз Шыңғыс ханның балалық шағы болмаса да, ат жалына қонған
шешімтал күрес күндері мен ішкі соғыстарына тікелей куә, сол заманның
қыр-сырын жете таныған, заманның саясат-сарабына жүйрік және үнемі
дерлік ұлы қағанның қасында болған кісі екендігі байқалады. Сонымен
қатар, әскери адам емес және Сартауыл жорығына тікелей қатынаспаған.
Аталмыш тұлғалар ішінде бұл шартқа толығымен сәйкес келетіні – әуел
бастан-ақ бар қиындықты бірге бөліскен, ең ауыр, сын кезеңдер, оның ішінде
таразы басы теріс ауып тұрған Балжынкөл босқыны күндерінде де Шыңғыс
ханның қасында болған, Еке Ұлыс құрылғаннан соңғы жылдарда үлкен
мемлекеттік қызметтер атқарған, Өкетай қаған тұсында бас уәзір болған
Шыңқай. Тумысы да, ғұмыр кешуі, білігі мен білімі, марапаты мен мансабы
да Шыңғыс ханның жеке басын ғана емес, ол өскен, қалыптасқан, арпалыса
алысқан және ақыр соңында толық өкіміне келтірген көшпенді қауымды
танып-білуге, күрделі, қилы заманның сыр-сыпатын жете байыптауға толық
мүмкіндік берсе керек. Шыңқай. Десе де, «Қастерлі шежіре» сияқты қатқабат, аса күрделі туынды, тұтастай алғанда, бір ғана кісінің қолынан
шықпаған. Алғашқы бөлім – ежелден-ақ ел аузында, ағайын-туыс арасында
таралған ата-тек баяны, бар жұмыс – жүйелеп, іждағатпен қағазға түсіру ғана.
Ал негізгі бөлім – Шыңғыс ханның тарихы, әрине, ұлы қағанның көзі тірісінде
қалыптаса бастаған нақты хикаялар мен жыр, толғаулардың жинақты
көрінісі, бұрыннан барға кейінгі авторлық үстемелер, аз ба, көп пе, қайткенде
де білгірлікпен жымдасып, шебер жүйеленген, біртұтас шежіре-эпос. Тек
соңғы, Өкетай қағанның баяны ғана түгелімен «Қастерлі шежіренің» негізгі
авторының қолынан шықты деп айтылуға мүмкін. Еуропа зерттеушілері
мұндай кемел шығарма – өзіндік, дербес ұлысы болып, саяси таным, ұғымы
ертеден қалыптасқан, халықаралық өрісі кең, өз тұрғыластарынан білігі де,
мәдениеті де жоғары, бұрыннан-ақ үйреншікті қолданыста болған жазусызуы бар найман, немесе керей тайпасының өкілі қалыптаған туынды деп
санауы кездейсоқ емес. Бұған қоса айтарымыз, әуелде кім шығарып,
ақырында кім жүйелесе де, “Қастерлі шежіре” – ХІІІ ғасырдағы көшпенді
қауымның ақыл-парасатының айғағы, тарихи зердесі, қоғамдық, әлеуметтік
санасы, көркемдік танымы мен сөз өнерінің биік деңгейінің көрінісі, түптеп
келгенде, далалық қана емес, бүкіл әлемдік әдебиеттің үздік үлгісі болып
есептеледі.
“Қастерлі шежіренің” тілі туралы мәселе әзірге нақты шешімін тапқан жоқ.
Турасын айтсақ, мүлде қайта қарауды қажет етеді. Бүгінде қалыптасқан пікір
– “орталық моңғол” тілінде жазылыпты-мыс. Бұрынырақта керейлердің
тілінде, наймандардың тілінде деген тұспал айтылған. Бұл арадағы негізгі
кілтипан – бұлай деушілер керей мен найманды түрікке жатқыза ма,
моңғолға жатқыза ма деген дүдәмалға тіреледі. Керей мен найманнның
арыда және беріде ғана емес, Шыңғыс хан заманында да түрік негізді
тайпалар болғаны қазір жапон, қытайдан бастап, ағылшын, француз, неміске
дейін жалпы жұрт мойындаған ақиқат. “Қастерлі шежіре” түрік, әрине, қазіргі
емес, көне түрік тілінде жазылған болып шығады. Егер керісiнше, шынында
да манағы оқымыстыларымыз, ежелден-ақ түрік екендігі белгілі керей мен
найман Шыңғыс хан заманы қарсаңында моңғолданып кеткен деп қисынсыз
қияға тартса, онда «Қастерлі шежіре” найман-моңғол, керей-моңғол
тілдерінің бірінде қалыптанған болып шығады. Ал даулы демейік, дара
мұраның қолдағы әліп-нұсқасына қарасақ, оның тілі қазіргі сыртқы, халхамоңғолға да, ішкі атанған арғы, қытайлық моңғолға да мүлде түсініксіз. ХХ
ғасырдың 40-жылдарынан бастап, екі тарапта да арнайы аудармалар
жасалған. Әлбетте, кез келген тілдің көне нұсқасы мен бүгінгі қалпы сәйкес
келмейді. Бұл орайда, “Қастерлі шежіреде” молынан ұшырасатын, арғы да,
бергі де моңғолда түбірімен жоқ сөз, тіркестер тегісімен архаизмдер деп
танылған. Шын мәнісінде, бұлардың барлығы да түрік текті лепес. Мұндай
жағдай амалсыз мойындалған сәттердің өзінде, көршілік, қоныстық
ыңғайымен сырттан енген, кездейсоқ кіріккен деп саналады. Шын мәнісінде,
«Қастерлі шежіренің” лексикалық құрамын саралай келсек, мәтіннің тең
жарым, бәлкім, одан әлдеқайда көбірек бөлігі таза түріктік негізде, яғни түрік
тілінде (әлбетте, көне түрік және қазірде жалпыға белгілі Орхұн
ескерткіштерінен азды-көпті айырымы бар, бірақ туыстас, басқа бір
диалектіде) құрылғанын көреміз. Бұл – жекелеген сөздермен қатар, тұтас
тіркестер табиғатынан танылады. Моңғол ғана емес, батыс пен шығыстың
атақты білгірлері түйінін таппай, мағнасын ұқпаған, жобалап, немесе
бұрмалап аударған мысалдар аса көп. Мәселен, “ асық” – кәдімгі, бар
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 08
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480