Latin

Шыңғысхан - 11

Total number of words is 3767
Total number of unique words is 2007
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
XX ғасырдың басы, Октябрь төңкерісі қарсаңында жазылып, 20-жылдарда
жарыққа шыққан Г.Грумм-Гржимайло еңбектері дерегінің молдығы,
ауқымының кеңдігімен көзге түседі. «Батыс Моңғолия және Ұраңқай өлкесі»
аталатын төрт томдық байтақ зерттеудің екінші кітабы (1917, жариялануы –
1926) Ұлы Даланы жайлаған түрік-моңғол халықтарының Орта Азиямен
байланыста қарастырылған екі мың жылдық жалпы тарихы есепті. Тікелей
Шыңғыс ханға қатысты VII, VIII тараулар «Моңғол дәуірі» деп аталады, XIII
ғасырдың ортасы, Шыңғыс хан дүниеге келген заманнан басталып, 1370 жыл,
яғни Юань әулеті құлап, Шағатай ұлысының ыдырауына дейінгі екі ғасырдан
астам күрделі заман қамтылған. Көлемі де әжептәуір, өз алдына жеке
монография дерліктей. Мазмұнды, дәйекті. Танымдық мәнін де жоймаған,
байсалды зерттеу. Десе де, бір бөлім, бір кітапқа ғана емес, ұланғайыр төрт
кітапқа, жалпы Грумм-Гржимайло еңбектеріне қатысты ең үлкен кінәрат –
автордың ақ жүзділердің артықшылығын айғақтамақ нәсілдік долбар,
байламдары. Тіпті, Шыңғыс ханның өзінің арғы тегін ата жұртынан алыстатып
қояды.
Әйткенмен, орыс ғылымының озық сыпаттары XX ғасырда біржола үзілмепті.
Бұл ретте ең алдымен В.Владимирцов есімін атаған жөн. Тарихшы, этнограф,
әрі лингвист, моңғол тілі мен жазуын еркін игерген, терең, жан-жақты білімді
В.Владимирцов әуелгі, «Шыңғыс хан» атты, біршама көлемді тарихи
очеркінде (1922) ұлы қағанның туғанынан өлгеніне дейінгі өмір жолы мен
күрес майданын түгел қамтиды. Шыңғыс хан саяси және әскери ұлы тұлға
ретінде бағаланған. Советтік дүлей идеология, балшабек-орыстық дүмше
қысым толық күшіне еніп үлгермей тұрған кіріспе кезеңде жазылып қалған
(1930–1931) және авторы өлгеннен соң тым көп ұзамай (1934) жарыққа
шыққан көлемді, түбегейлі зерттеу – «Моңғолдардың қоғамдық құрылымы.
Көшпенді моңғол феодализмі» деп аталады. Монографияда Шыңғыс хан
ұлысын құраған далалық тайпалардың империядан бұрынғы, тұстас және
кейінгі замандағы қоғамдық-саяси құрылымы, этникалық ерекшелік пен
мемлекеттік жүйе түбегейлі зерттеледі. Еңбектің тарихи тұрғыдағы ең үлкен
кемшілігі – Ұлы Даланы жайлаған атақты тайпалардың барлығын да моңғол
нәсілі деп қарастыруы.
Бұл заманда Совет шеңгелінен тысқары аймақ, Батыс елдеріне өтіп үлгерген
орыс тарихшылары Шыңғыс хан тақырыбын одан әрмен тереңдете түскенін
көреміз. Осы ретте Г.Вернадский, Н.Трубецкой, В.Минорский, Э.Хара-Даван
қатарлы оқымыстылардың еркін ойдың нәтижесінде дүниеге келген, әрқилы
сыпаттағы еңбектерін бөліп атауға керек. Н.Трубецкой «Шыңғыс ханның
мұрасы» (1925, Берлин) және басқа да шығармаларында ұлы қағанның
тарихи қызметін жасампаз құбылыс ретінде бағалап, еуразияшыл идеяларды
негіздеп, Ресей мемлекетінің қалыптасқан бүкіл ресми тарихын қайта
қарауға үндесе, қалмақ текті Ә.Хара-Даван соны деректерімен қатар, тың
пікір, толғамдарға құрылған «Шыңғыс хан» кітабында (1929, Белград) ұлы
қағанды жеңімпаз қолбасы ғана емес, кемел саясаткер, данагөй мемлекет
қайраткері ретінде тұлғалайды, Еке Ұлыстың мемлекеттік құрылымы, әскери
ұжымы, үлгі-өнегесі және тарихтағы орны байыпталған. Г.Вернадский
Шыңғыс хан тақырыбына алғаш рет «Орыс тарихының сұлбасы» атты
кітабында (1927, Прага) қалам тартады. Империяның ұйысуы және саясиәкімшілік жүйесі мен соғыс өнері жөнінде қысқаша ақпардан соң Қалқадағы
ұрысқа арнайы тоқталады. Бату ханның Бұлғар, Қыпшақ, Ресейді жаулауы,
оған жалғас Батыс жорығы сыпатталады. Бұдан соңғы Алтын Орда мен
бағынышқа түскен Орыс елі, олардың өзара қатынасы біршама талданған.
Ұзақ жасап, молынан және өнімді еңбек еткен Г.Вернадский Шыңғыс хан
және оның мұрасына қатысты әлденеше жылдарғы зерттеуін ағылшын
тілінде жазылған көп томдық Россия тарихының бір кітабы ретінде жинақтап,
қалыптайды (1953, Лондон). «Моңғолдар және Русь» атанғанымен, бұл –
шын мәнісінде Шыңғыс хан империясының және соған жалғас Алтын
Орданың толымды тарихы екенін көреміз. Әдепкі азаматтық тарих қана
емес, нақты айғақ, дәлел-дерек негізіндегі ойлы толғам. Г.Вернадский
Шыңғыс ханның жаулау соғыстарын, соның нәтижесінде құрылған
Еуразиялық ұлы империя, әуелде Еке Ұлыстың бір бөлшегі болған, уақыт оза
келе мүлде дербес құрылымға айналған Алтын Орданың тарихын
көлеңкесінен күнгейі мол, тұтастай алғанда, адамзат дамуы, оның ішінде
Орыс мемлекетінің ұйысып, орнығуы жолында игілікті қызмет атқарған
өзгеше құбылыс ретінде бағалайды.
Бұл кезде жаңа, советтік гуманитария ғылымында, бағзыда Батыстан желеу
алған, кейінде жекелеген, Грумм-Гржимайло қатарлы кісілер ғана ұстанған,
ақ жүзділердің өлшеусіз артықшылығын әйгілейтін, дімкәс-тайғақ расистік
теория ашық, таңбалап айтылмағанымен де, жалпылық емес, даралық сыпат
алып, орыстық нәсілшілдік кейпінде тарих ғылымына берік орныққан еді.
Ғылымда ғана емес, бүкіл руханият, мемлекеттік идеологияда, көпшілікке
таралымды әдебиеттен бастап, мектеп оқулығына дейін. Орта ғасырларда
бүкіл Азия жабайы болды, көшпенділер – тағының ішіндегі ең тұрпайысы
болды, ал Шыңғыс хан – қанішер, жауыз, жыртқыш, мақұлық, ол заманда,
тіпті одан бұрын да орыстың мәдениеті де, басқасы да өлшеусіз артық болды
деген тұрғыдағы қисынсыз сандырақ жас ұрпақтан бастап, жалпы жұрттың
санасына құйылды (және күні бүгінге дейін біздің қазақ қауымының басын
шырмап отыр). Қазақ, татар және басқа да түрік халықтарының ескілікті
тарихы тар қапасқа жабылды, Шыңғыс хан тұрыпты, өткен замандарға
қатысты кез келген еңбек орыс отаршылдығының мұрат-мақсаты, орыс-совет
көзқарасы тұрғысынан жазылуға тиіс еді. Бұл қысастан бір кезде Еуропаның
алдында болған орыс тарих ғылымының өзі ғаламат жапа шеккенін көреміз.
Таным тоқырады, зерттеу жоққа сайды. Ұлы Дала, Орталық Азия тарихы тек
қана орыс мүддесімен байланыста қарастырылды. Осы орайда ауызға
аларлық бірлі-жарым еңбектердің өзі, мәселен, Б.Греков пен А.Якубовский
жазған, арыдан тартатын Алтын Орда тарихы (1950) тақырыпқа қатысты
дерегінің молдығы, ауқымының кең, баянның толықтығына қарамастан,
өткенді бағалау, болғанды байыптау тұрғысында біржақты сауатсыздық
танытады: түптеп келгенде, дүлей жабайылық, қансорғыш жыртқыштық
туралы үйреншікті далбай.
Советтік тоталитаризм жылдары, тіпті, одан соңғы, «дамыған социализм»
кезеңінде де орыс емес көшпенді «бұратана» халықтардың өткенін зерттеу
сызылған тар шеңбер аясынан ұзай алмаса, XX ғасырдағы шектеусіз, еркін
Батыста Шыңғыс ханды, оның ұлы империясы мен Дала жұртын тану тарабы
біршама өрге басады. Екі әлемдік соғыс аралығында Францияда П.Пеллио
және одан кейін Р.Груссе, Германияда Э.Хэниш пен Б.Шпулер айрықша
өнімді еңбек етеді.
Батыс Еуропа тілдерімен қатар араб, парсы, түрік, қытай және корей тілдерін
еркін игерген, жан-жақты білімдар Поль Пеллио (1868–1945) «Қастерлі
шежірені» түбегейлі зерттейді және ежелгі мұраны әуелгі, түпнұсқа қалпында
нақты таңбалау тарабында көп еңбек етеді. Кейіндегі «Юань тарихына»,
«Әулие жихангердің жеке жорықтарының сыпаттамасына» қатысты байыпбайламдармен қатар, Шыңғыс хан заманы және оған жалғас кезеңдегі қытай
дипломаттарының жазбаларын, діндар ойшыл Чаң Чуньннің сапарнама
баянын талдап, тексереді, Күйік ханның Рим папасына жолдаған жарлықхатын әйгілейді. Атақты оқымыстының зерттеушілік қызметіндегі танымға
байланысты басты кілтипаны – Шыңғыс хан империясын нағыз Моңғол
мемлекеті, Ұлы Даланы жайлаған негізгі рулар түгелдей моңғол деп
қарастыруы. Еке Ұлыстың мемлекеттік мөріндегі бітік көне түрік тілінде
жазылғанын нақты айғақтаған, Қыпшақ ұлысы Алтын Орданың тарихына
тұтас монография (жарыққа шығуы – 1949) арнаған Пеллио «Қастерлі
Шежіре» мәтінін түпнұсқада қалыптауда XVII–XVIII ғасырлардағы «орта
моңғол» тілін үлгі ретінде ұстанады, иероглиф таңбаларды ескіше
дыбыстауда бұра тартқаны өз алдына, күңгірт, кейде мүлде түсініксіз сөздер
мен тіркестердің нақты мағнасын айқындауда тым құрса Орталық Азиядағы
түрік халықтарының тіліне назар аудармауы таң қаларлық жағдай. Әзірше
үлкен ғылымда ескертілмей жатқан мұндай кінәратына қарамастан, Пеллио
еңбектері Шыңғыс хан заманына қатысты ежелгі мұраларды тереңдей тануда
елеулі қызмет атқарды.
Эрих Хэниш (1880–1966) парсы, түрік, моңғол, қытай, мәнжүр, тибет тілді
көне деректермен жұмыс жасайды. «Қастерлі шежірені» өз тарабынан
түпнұсқада қалыптаумен қатар (1935), тұтасымен неміс тіліне аударады және
арнайы зерттеу жариялайды (1941). Дәл осы кезде басылған С.Козиннің
орысша нұсқасы айтпасақ, Хэниш тәржімасы ұзақ уақыт бойы – 1970–80
жылдардағы И. де Рачевильцтің, 1982 жылғы Ф.В.Кливздің ағылшын
қотармаларына дейін бірден-бір үлгі ретінде осы тараптағы жалпы таным
және арнайы еңбектерге негіз болыпты. Сонымен қатар Хэниш Шыңғыс хан
империясына тікелей қатысты «Шыңғыс ханның соңғы жорығы және өлімі»
(1933), «Моңғол империясының мәдениет саясаты» (1943), «Моңғол
империясы. Деректер мен зерттеулер» (1943) атты түбегейлі, толымды
кітаптар қалдырған.
Екінші Жихан соғысынан бұрын, 1939 жылы «Ирандағы моңғол: елхандар
заманындағы саясат, әкімшілік және мәдениет – 1220–1350 жылдар» дейтін
зерттеу еңбегін жарыққа шығарып үлгерген Б.Шпулер дүрбелең заманда да
ғылымнан қол үзбейді. 1948 жылы «Алтын Орда: моңғолдар Россияда, 1223–
1502 жылдар» атты, арыдағы Шыңғыс ханнан тартып, Алтын Орданың
біржола құлауына дейінгі үш ғасырдан астам ұзақ заманды қамтыған, дерегі
мол, ой-тұрғысы орыс-советтік қисық-қыңыр ұғымнан басқаша, Шыңғыс
ханды дана қолбасы, ұлы саясаткер ретінде, Алтын Орданы әлуетті ғана емес,
мәдениеті жоғары, іргелі, өрелі ұлыс ретінде байыптаған көлемді
монографиясын жариялайды. Бұдан соңғы кезеңде танымдық тұрғыдағы,
ғылыми-көпшілік сыпатты «Тарихтағы моңғолдар» (1961) және ескілікті
жәдігерлер негізінде түзілген «Моңғол тарихы, XIII–XIV ғасырлардағы Шығыс
және Еуропа деректері бойынша» (1968) деген кітаптар жазып шығарыпты.
Осы қатарда, Шыңғыс ханның қайраткерлік және қолбасылық ұлы тұлғасын
тарихи нақты деректер негізінде ақиқат қалыптаған, соған орай советтік орыс
тарихнамасы тіксіне жамандаған американдық шығыстанушы-синолог
Х.Десмонд Мартиннің ең басты, «Шыңғыс ханның көтерілуі һәм Солтүстік
Қытайды жаулау» атты кітабы (1950) өз уақыты үшін елеулі оқиға болыпты.
Бұл кезде Еуропа ғылымында Орталық және Шығыс Азияны жайлаған
көшпенді тайпалардың ескілікті дәуірін жалпы адамзат тарихының бір
тармағы ретінде қарастыру қалыпқа енген еді. Француз ғалымы Рене Груссе
осы тараптағы, өзіне дейінгі тарихнаманың барлық жетістік сыпаттарын,
мағлұм болған мұсылман және қытай деректерін кеңінен пайдалана отырып,
Орталық Азияның жинақты, жалпы тарихы есепті «Далалық империялар,
Аттила, Шыңғыс хан, Темірлан» деген, оқулық сыпатты, көлемді еңбегін
жазады. Тақырыбын кеңінен қамтыған Р.Груссе сақ, ғұн заманынан бастап,
Аттиладан өтіп, Түрік қағанатының тарихына тоқталады. Шығыс Азиядағы
қидан, шүржен, Жетісу, Мәуреннахрдағы түрік ұлыстары, Еуропа шегіндегі
бұлғар, хазар, қыпшақтардан соң Шыңғыс ханға түседі. Ұлы қағанның өмір
жолы, Еке Ұлыстың құрылуы және сыртқы соғыстар. Өкетай қаған заманы,
Бату ханның Батысқа жорығы, Мөңке қаған, Сұң империясын жаулау. Бұдан
соң төрт ұлыстың тарихы жеке-жеке баяндалған. Монографияның Темірланға
жалғас соңғы бөлігі – Шыңғыс хан империясының ыдырау, тозғындау заманы
турасында. Дала жұртының осындай, бүкіл орта ғасырларды қамтыған жалпы
тарихынан соң Груссе әуелгі кітабындағы тиесілі тараулар кеңітіле
баяндалған «Моңғол империясы» (1941) және ұлы қағанның жеке өзіне
арналған, ғылыми-тарамды сыпаттағы «Шыңғыс хан» (1944) дейтін кітаптар
жазады. Мұның соңғысы Батыста Шыңғыс ханның ең толымды және ең тәуір
ғұмырбаяны саналады. Дегенмен, Рене Груссе еңбектері, дерегінің молдығы
және нақтылығы, ауқымының кеңдігі және жалпы ғылыми өресінің биіктігіне
қарамастан, Еуропада алғаш д’Оссон жазбаларында шаң берген, бұдан соң
да жиі ұшырасқан, енді, ілкіде ғана Арнольд Тойнби негіздеген нәсілдік
алалау, астамшылық дертінен құтыла алмапты. Бұл жағдай, әсіресе,
отырықшы және көшпенді халықтардың ара қатынасы, көшпенділер қауымы
мен ұлыстарының адамзат шеруіндегі тарихи орнына қатысты. Сонымен
қатар, білімдар ғалымның далалық жұрттың менталитеті, моральдық-кісілік
тұрпаты, өзіндік әдет-ғұрпынан мүлде бейхабар, бәрін батыстық үлгімен
кесіп-пішкен сөлекет, тар өрісі айқын аңғарылып тұрады.
Бұл заманда Батыста Шыңғыс хан турасында, көпшілікке арнап, мағлұм
болған, белгілі дерек, қалыпты таным орайында, тарихи баян тұрғысындағы
кітаптар жазу үйреншікті жағдайға айналыпты. Осы ретте, кейбірі соңғы
жылдарда орыс тіліне де аударылып, жалпы қазаққа жеткен Гарольд Лэмб
(1928), Фернан Гренар (1935), Ральф Фокс (1936), К.Уолкер (1939), Михаил
Чэрол (1940), Тейлор Колдуэлл (1942) кітаптарын атауға болады. Тізбелей
санап отырғанымыз – Шыңғыс хан тақырыбы, анықтап айтқанда, ұлы
қағанды кәдімгідей, адамдық кейіпте көрсету – советтен тыс аймақтардың
бәрінде де тиымсыз, үйреншікті жағдай болған екен. Бірақ сол тұстағы және
кейінгі советтік идеология бұл бейкүнә, бағамы әрқилы, көбіне ортақолды,
жұпыны еңбектердің өзін жат көрген, жаулық ниет есепті бағалаған.
XX ғасырдың екінші жарымында Ұлы Дала, Шыңғыс хан тақырыбын тануда
орыс ғылымы баяғы Бартольд, Владимирцов кезіндегі өресіне ұмтылып, тың
серпіліс жасады. Еркін ойлы, зерделі оқымыстылар қысыла-қамтырыла
отырып, «жаңбыр-жаңбырдың арасымен» межелі жеріне өте бастайды. Бұл
сөз сталинизмнен соңғы, құрсау кеңімесе де, аз-маз босаңсыған, еркін сөз
орайындағы шынайы тарих себездей бастаған 60–80-жылдарға қатысты. Осы
орайдағы алғашқы бір үлгі – татар ғалымы М.Сафарғалиевтің «Алтын
Орданың ыдырауы» атты монографиясы (Саранск, 1960) болды. Бұдан соң
Е.Кычановтың Шыңғыс хан империясының тарихына қатысты зерттеу
мақалаларын, «Таңғұт мемлекеті тарихының очерктері» дейтін көлемді
монографиясын (1968), біз үшін ең бастысы – Шыңғыс ханның бүкіл ғұмыры,
күрес жолы қамтылған, «Әлемді бағындыруды ойлаған Темучжиннің өмірі»
атты кітабын (1973) атап көрсету ләзім. Шыңғыс ханның Хорезм жорығы
және бұдан соңғы оқиғаларға қатысты тарихты түгендеуде әзірбайжан
ғалымы З.Буниятовтың еңбегі айрықша болды. З.Буниятов 1973 жылы
Нәсәуидің «Жәлел-әд-Диннің ғұмырбаяны» кітабын арабтан орыс тіліне
аударып, ғылыми алғысөз және терең, жан-жақты түсініктерімен бірге
жарыққа шығарды. Ал 1986 жылы көп заманғы зерттеу жұмыстарының
жинақты қорытындысы – «Хорезмшахтар мемлекеті. 1097–1231» атты
монографиясын жариялады. Көбіне ғылымға беймәлім, нақты деректер
негізінде Шыңғыс хан заманындағы Түркстан, Мәуреннахр, Иран, Әзірбайжан
және шектес елдер тарихы шынайы таңбаланыпты. Әрине, бұл қатарда
бұлдырды сейілтіп, жалпақ жұрттың көзін ашуда, Шыңғыс хан және оның
заманын біршама шынайы кейіпте танытуда Л.Гумилевтің қызметі танымтағлымды болды. Десе де, білгір тарихшының екі кітабын бөліп атау керек:
«Қиялдағы патшалықты іздестіру» (1970) һәм қос томдық «Ежелгі Русь және
Ұлы Дала» (1969 ж. алғаш жарияланған). Е.Кычановтың академиялық,
Л.Гумилевтің ғылыми-таралымды зерттеулеріне тән, шынын айтқанда, ХХ
ғасырдағы, орыс қана емес, бүкіл Батыс ғылымына ортақ ең үлкен кінәрат –
Шыңғыс хан қарсаңындағы Ұлы Даланы жайлаған ру-тайпалардың барлығы
дерлік моңғол нәсілі, ал Еке Ұлыс – моңғол мемлекеті деп білуінде. Бiз
ерекше iш тартатын, орыс атаулыға жалпош өкіметіміз ұлы Шоқанға тиесілі
Еуразия университетін атына теліп берген Л.Гумилевтің өзі солай санаған.
Тіпті: «Қазақтың найман руы XII ғасырдағы наймандармен аттас, бірақ екеуі
екі басқа», – дейтіні бар. Мұндай аттас – жалғыз найман емес, бізде Шыңғыс
хан заманынан мағлұм қоңырат, жалайыр, керей, меркіт, қият, қоралас,
күрлеуіт және тағы қаншама ру-тайпа барын Л.Гумилев білмеген, немесе
елемеген, қазақты кемшін көрсе, іргелес, туыстас басқа түрік халықтары тағы
тұр, тым құрса Н.Аристовты оқымаған ба деп пұшайман боласың.
Бұл заманда бүкіл түрік дүниесіндегі тәуелсіз жалғыз ел – еркін Түркияда
бабалардың өткен тарихын тану және зерттеу жұмысы жан-жақты әрі
тиянақты түрде жүзеге асырыла бастайды. Ежелгі Ғұн заманы, ескілікті Түрік
дәуірі айрықша зерттеулер нысанасы болды. Осман тарихымен бірге, тұстас
кезеңдегі Елхан ұлысы, Түркістан, Алтын Орда, Қырым тарихтарына көңіл
бөлінеді. Бір таң қаларлық жағдай, өткендегі ірілер тұрыпты, кейінгі Қазан
хандығы, Ноғай Ордасы өз алдына, Ресей шегіндегі автономиялық Қасым
хандығы, боркемік Сібір хандығы, аты бар, заты жоқ Астрахань хандығына
дейін сөз болғанда, бұл кездегі байтақ әрі қуатты Қазақ ұлысы мүлде ауызға
алынбайды. Күні кешеге дейінгі түрік тарихнамасында қазақ деген халық
жоқ. Бұл бейқам сауатсыздықтың бір ұшығы құдіретті Шыңғыс хан
империясының мән-мағнасын түсініп-байыптамауда жатыр.
Рас, түрік тарихшылары Шыңғыс ханның атын естіген, әйдік тұлға екенін де
біледі, бірақ Шыңғыс хан тақырыбына ешкім де арнайы зер салмапты.
Атаулы еңбектер мүлде жоқ. Сөз арасында, жүрдім-бардым ғана айтылады.
Тек Зәки Уәлиди Тоған ғана Шыңғыс ханның нақты бағасын танып, тарихтағы
шынайы орнын айғақтайды. «Жалпы түрік тарихына кіріспе («Умуми түрк
тариһіне гіріш» – Ыстамбұл, 1946; екінші басылым – 1970) атты көлемді
еңбегінде ежелгі түрік, атаулы қағанаттар заманынан соңғы кезеңдегі
Шыңғыс хан дәуіріне арнайы тоқталады. Жан-жақты, түбегейлі зерттеу емес,
қажетті ақпар, түйінді пікірлер, Шыңғыс хан құрған алып империяға, оған
жалғас төрт ұлыс тарихына қысқаша сыпаттама беріпті. Осы даңқты кезеңді
жалпы түрік тарихының бір бөлшегі ретінде қарастырады.
Бұл – бүгінде Түркияның тарих ғылымында орныққан, жаппай қабылданған
тұжырым. Мәселен, 1976 жылы жарыққа шыққан (екінші басылымы – 1992),
туысқан түрік халықтарының әмбесінің (әлбетте, қазақтан басқа) өткен
тарихын, мәдениетін, әдебиетін, кейінгі болмысын түгел қамтитын, үш
томдық, энциклопедиялық «Түрік дүниесі ел кітабында» нақтылап, таратып
айтылады. «Шыңғыс хан құрған мемлекетті «Түрік-моғол» хақанлығы деп
атау дұрыс болады. Бұл дәуірде бүтін түрік өлкелері тек бір ғана
императорлық құрамында бірлесті», – дейді. «Талассыз, анық ақиқаты –
Шыңғыс хан құрған хақанлық жалпы түрік тарихының айрылмас бір
қисымы», – деп түйіндепті осы, тиесілі тарауды жазған Ахмет Темір. Осыған
да тәуба айтамыз.
Қандай да бір «басқаша» тарих, көлденең ой-пікірге қатаң шектеу қойылған
коммунистік режим тұсында, сыртқы қысас және ішкі қысымға қарамастан,
Шыңғыс ханды тану және бағалау тұрғысында ұлы қағанның қара орны
Моңғол Халық республикасында бірталай игілікті шаруалар атқарылды.
Алдымен, ресми тұжырым негізінде, Шыңғыс ханның бүкіл қоғамдық, саяси
және әскери қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші – Шыңғыс ханның Моңғол
мемлекетін құру жолындағы күресі мен тындырған ісі. Көптеген кінәраты,
қайшылығы, кемшілігіне қарамастан, негізінен алғанда ұнамды деп
бағаланады. Екінші – Шыңғыс ханның сыртқы, жаулау соғыстары және осы
орайдағы барлық шаруасы. Тұтасымен теріс саналады. Нәтижесінде,
жартылай ақталған Шыңғыс хан есімі қайта жаңғырады және оның әуелгі
заманын зерттеуге, ол тарапта ашық жазуға мүмкіндік жасалады. Шыңғыс
хан атына қатысты «Қастерлі шежіреден» бастап, кейінгі тауарихтар
түгелімен зерделеніп, ептеп-септеп жарыққа шыға бастайды. Бүл ретте,
ертелі-кеш жасалған Дамдинсурэн, Сэр-Оджав, Пэрлээ, Майдар, Бира, Далай
және басқа да тарихшылардың әртарап еңбектерін атау керек. Ал Қытай
билігіндегі автономиялық Ішкі Моңғолияда білгір ғалым Сайшиял мұсылман
және Батыс деректерімен қоса, қытай деректері мен зерттеулерін кеңінен
кәдеге жарата отырып, Шыңғыс ханның толымды тарихын жазып бастырды
(1985).
Шыңғыс хан тақырыбы коммунистік тәртіп аясындағы Қытай Халық
республикасында тиымсыз болатын. Шыңғыс хан әулеті билік құрған Юань
дәуірі мәңгілік Аспанхақ империясы тарихының бөлінбес бөлшегі, ең даңқты
дәуірлерінің бірі деп жарияланған. 1962 жылы Шыңғыс ханның 800 жылдық
мерекесі мемлекеттік тұрғыда, кең көлемде аталып өтеді. (Осы орайда Совет
Коммунистік партиясының Орталық комитеті наразылыққа толы айыптау хат
жолдағанда, Қытай үкіметі «бұл – дербес, тәуелсіз мемлекеттің ішкі істеріне
қол сұқпақ ежелгі отаршылдық сананың көрінісі» деген тұрғыда зілді жауап
қайтарыпты.) Бұдан бұрын, әлденеше ғасыр бойы Шыңғыс хан және оның
заманына қатысты ескілікті тауарих пен нақты деректерді қалпына келтіру
жұмысымен тынбай айналысқан қытай оқымыстылары осы тараптағы
бұрынғы-соңғы әдебиетті қайтадан жаңғыртады, көне мұраларды жарыққа
шығарып, жаңа зерттеулер жазады. Бүкіл Еуразиялық алып империяның
құрылуы, Юань тарихы өз алдына, Шыңғыс ханның жеке басына арналған
ондаған ғылыми монографиялар мен таралымды, хикаялы қаншама кітап
дүниеге келіпті. Өкінішке қарай, Қытай ғалымдарының Шыңғыс хан
тақырыбындағы соны еңбектері Еуропа тілдеріне аударылмаған, аралық
ақпарат арқылы бізге кейбір жаңғырықтары ғана жетті.
XX ғасырда Шыңғыс хан тақырыбында жапон ғалымдары да өнімді жұмыс
жасады. «Қастерлі шежіре» жапон тіліне аударылады және тарихи тұрғыда
жан-жақты зерттеледі. Жекелеген мәселелер төңірегі және кеңінен
қамтыған, түбегейлі ғылыми еңбектер үстіне, тек қана «Шыңғыс хан»
аталатын белгілі тарихи баяндардың өзінің тізімі әжептәуір. Жинақтап
айтқанда, жапон оқымыстылары Шыңғыс ханды әлемдік империя құрған
дана саясаткер, өз заманындағы соғыс өнерін биік деңгейге жеткізген
жеңімпаз қолбасы, адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі деп
бағалайды. Ал Шыңғыс хан заманындағы Ұлы Даланы жайлаған ең іргелі
керей, найман, меркіт, татар және басқа да ру-тайпалардың түрік текті
екендігін нақты айғақтайды. Қоңылтақ бір жағдай, қытай зерттеулері сияқты,
жапон тарих ғылымының жетістік, жаңалықтары да кеңінен таралмай отыр.
Еуропа тілдеріне жекелеген үлгілері ғана аударылған, әйткенмен,
түпнұсқадан оқитын Батыс ғалымдары тиісінше пайдаланып, сілтеме жасап
жатады.
Темір перде сыртындағы Батыста уақыт озған сайын тарихи әдебиеттің
таным өрісі ұзарып, Шыңғыс хан және Дала жұртының адамзат шеруіндегі
өзгеше орны айқындала түскенін көреміз. XX ғасырдың соңғы бөлігі мен
жаңа ғасыр шегінде жазылған ең елеулі еңбектер – неміс Пауль Рачневски,
американ Томас Барфилд пен Джек Уэзерфорд, голанд Лео де Хартог,
француз Жан-Поль Ру кітаптарының ой-толғамы осындай қорытынды жасауға
негіз береді.
Тек отар халықтар ғана емес, ел иесі орыстың өзін рухани құлдық
жағдайында ұстап отырған Советтік-коммунистік империя ыдырағаннан
соңғы кезеңде барлық салада еркіндікке жол ашылды десек, бұл сөз ең
алдымен тарих ғылымына қатысты. Оның ішінде Орталық Азия
халықтарының ежелгі дәуіріне. Ескілікті мұралар жаңадан, қайтадан және
кеңінен жариялана бастайды. Мазмұны да, тұрғысы да басқаша, соны
зерттеулер жазылады. Бұрнада қалаусыз, немесе тиым салынған нұсқаларға
жол ашылады. Орыс қана емес, татардың, буряттың тарих ғылымдары кең
өріс табады. Татарлар Ежелгі Бұлғар, Қазан хандықтарымен қатар, Алтын
Орданың тарихын қайтадан қалыптауға бет бұрады. Буряттар Шыңғыс хан
империясының әуелгі кезеңіне, тарихи жағдаяттар ғана емес, саяси,
әлеуметтік және этникалық мәселелерге назар аударады, кең көлемді
ғылыми кеңестер өткізіп, мағналы, мәнді зерттеулерге құрылған топтамалар
шығарады, Шыңғыс хан туралы төл кітаптарымен қатар, бергі және арғы
Моңғол ұлыстарында жазылған еңбектерді бурят және орыс тілдеріне
аударып, жалпылама ғылыми айналымға түсіреді.
Совет заманында қанша тұсалса да, биікке ұмтылған, ал екі ғасыр шегінде
қарыштап алға басқан орыс ғылымы соныға түсіпті, тереңге тартыпты.
Жалпыдан өтіп, жалқыға бойлайды, Шыңғыс хан тарихына қатысты мәнді,
маңызды жағдаяттарды түбегейлі тексереді. Саяси құрылым, әлеуметтік
ахуал, әскери ұжым, шаруашылық жағдай, ұлыстық идеология – бір сөзбен
айтқанда, Шыңғыс хан империясының барлық болмысы. Бұл ретте ілкі
замандағы, біз арнайы тоқталмаған Г.Федоров-Давыдов, Н.Шастина,
Н.Мункуев, Е.Кычанов, Л.Викторова еңбектерін, соңғы кезеңдегі В.Трепавлов,
А.Юрченко, Р.Храпачевский, А.Доманин, Т.Скрынникова, Н.Крадин
монографияларын, А.Бушковтың еркін ойлы, танымдық кітабын және тағы
қаншама үлкенді-кішілі тарихшы есімін атауға болар еді.
Ал совет заманының өзінде ұлттық гимні «Біз қазақ, ежелден еркіндік
аңсаған» деп басталатын қазақ... тым-тырыс. Ілкідегі Тұрсын Сұлтанов,
Александр Қадырбаев зерттеулерін айтпасақ, тек профессор Меруерт
Әбусейітова басқарған Шығыстану институты ғана үлкен серпіліс жасап,
Шыңғыс хан империясы және Алтын Орда, Қазақ Ордасына қатысты парсы,
араб, қытай, моңғол, түрік тілді ежелгі мұраларды орысша белгілі нұсқа,
қазақша жаңа аудармалар бойынша, том-томымен шығарып жатыр. Яғни,
болашаққа баспалдақ. Әзірше бізде зерттеу жоқ, таным мен білік жұтаң.
Айтпақшы, кері бағыттағы, айқай-сүреңді тыпыр-дүбір қозғалыс болыпты.
«Шыңғыс ханды қайтадан тірілтпек не сұмдық, ол деген қанішер, ол деген
жауыз, адам емес, құбыжық, ал бұл деген, яғни Шыңғыс ханды ауызға алу –
тәуелсіз Қазақстан республикасын құлатып, хандық өкімет орнатпақ талап,
ниеттің көрінісі!..» деген. Жай ғана ойбай-аттанмен шектелмей, республика
президентінің атына әлденеше ғарыз жазылыпты. Советтік фашизм
заманында қалыптасқан соқыр түйсік, дүмше ұғым, дүлей жалақорлықтың
нақты көрінісі. Арсыз, парықсыз айқайдың басты тірек-тұлғасы, дем беруші
көсемі әрі ұраншы жазарманы – өз аты Шыңғыс, нәсілі моңғол текті қытай
руынан шыққан, орыс тілді қырғыз-татар Айтматов болыпты. Жаңа ғасыр
басында, бұрынғы «орталық» Мәскеуден асып төгіліп, қазақ баспасөзінің
бетінде қисынсыздан туындаған оспадар аттаныстың ақыры «Ешкі
жетектеген екеумен» түйінделгені белгілі. Дау бітпеді десеңіз, аталы сөзге
тоқтамаған тасырды түзейтін тағдырдың тезі бар. Ал шындық – қай заманда
қалай бұрсаңыз да, шындық қалпынан айнымайды.
Сайыпқыран Шыңғыс ханның нұр жүзін ешқашан да көлеңке шалмақ емес!
III т а р а у
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ АТА-ТЕГІ
Ежелгі аңыз, дәстүрлі шежіренің айтуынша, әуел баста – Адам-Ата мен ХауаАна. Адам-Ата жер бетіне кісі оғлының өркенін сеуіп, өзінің қырық мың
ұрпағын көріп, дүниеде мың жыл жасап, бақиға көшеді. Содан соң тағы
нешеме әулет, неше мың жыл өтсін. Нұқ патшаның заманы туады. Екі жүз елу
жылғы бейбіт ғұмырдан соң, пайғамбарлық қоныпты. Аз, кем емес, тура жеті
жыл бойы, жер бетін жайлаған, өз дәргейіндегі халықты ізгілікке үндейді.
Бірақ азған, тозған, былыққа батқан жұрт ешбір икемге келмейді, оңалу
орнына оңды қасиет атаулыдан айрылып, күн озған сайын құлдырай түседі.
Ақыры... топан суы. Күнәлі қауым түгелімен ғарық болды. Жер бетіндегі
тіршілік жаңғырып, қайтадан басталуы керек екен. Иә, жыбырлаған құрт,
қыбырлаған құмырсқадан – дүңкиген піл мен кәукиген кәркиденге дейін.
Содан соң, Алла тағала назарынан тастамаған адам әулеті – жаңа, адал әрі
ақиқат ғұмырдың бастауы Нұқтың үш ұлы: Сам, Хам, Иафес. Көпке белгілі,
Самнан – ғараб, парсы жұрты, Хамнан – зәңгі текті нәсіл тарайды. Ал Иафес...
келтеден қайырсақ, сегіз ұлы болыпты, ең үлкені әрі мұрагер патша – Түрік
екен. Еділ-дарияның бойына келіп қоныстанады. Ұрпағы өсіп-өркендейді,
Еділді ендеп, Алтайдан асып төгіліп, бүткіл Ұшан Далаға жайылады. Түріктің
бесінші ұрпағы – Алынша. Алынша ханның егіз туған екі ұлы болды: бірі –
Татар, бірі – Моғол. Моғолдан – кейінде моңғол атанған жұрт тарайды, ал
Татардан бүкіл түрік нәсілдес тайпалар бастау алыпты.
Әлқисса, тағы нешеме жүз, бәлкім, неше мың жылдан соң, түрік-татар әулеті
әлдебір күші басым әрі тұтқиылдан тиген жаумен арадағы аяусыз соғыста
түгелдей қырғын тауыпты. Тек болашақ өмір жіптігі ғана үзілмеген. Осы
арада ескілікті шежіре байыбы бір, баяндауы әрқилы екі әпсана ұсынады.
Бірінші әпсана – тұтас түрік қауымынан жалғыз жас бала ғана тірі қалыпты...
Екінші әпсана – бүкіл ұлыстан екі-ақ жігіт аман құтылыпты...
... Тірі қалған бала – тоғыз жасар екен, жау әскері басын кеспей, екі аяқ, екі
қолын қатарынан шауып, қоғалы көл жағасына тастап кетеді. Баланы көрген
құртқа, яғни қаншық бөрі жалап, жарасын жазады, ет әкеп беріп, аштықтан
құтқарады. Көп ұзамай, баяғы баланың тірі қалғанын естіген жау патшасы
енді біржола өлтіруге арнайы жасақ жіберіпті. Бұл әскер іздеген кісісін оңай
табады, қасындағы қасқырды да көреді. Енді бала деп аямай, кескілеп
өлтіріпті, бөріні де өлтірмек екен, ол қашып, құтылып кетеді. Құртқа бөрі сол
қашқаннан қашып, Алтай тауына жетеді. Осы таудағы құзар шыңдардың
арасындағы, жан жетпес, аумағы әлденеше жүз шақырым, оты мол, суы мол
жазаң аңғарға келіп тұрақтайды; құртқа манағы баладан жүкті кеткен екен,
енді бейбіт иенде, кең, терең үңгірде қатарынан он ұл тауыпты. Бұл он ұл
өседі, жетеді, түгел батыр болады. Әр тараптан қалыңдық әкеліп, үйлі, күйлі
болып, өсіп, өне бастайды. Онның ішіндегі абдан туған біреуінің аты – Шене
екен, яғни Бөрі. Бұл Шене хан болып, Орда тігіп, алтын айшық бөрі басты ту
көтереді. Бүкіл бөрі әулеті өркендеп, тайпалы елге айналады. Бірнеше ұрпақ
өткен соң, бүкіл ұлысымен, тас қиядағы үңгірлі аңғардан кең дүниеге қайта
шығыпты...
... Қырғын тапқан бүкіл ұлыстан әлдеқалай аман қалған екі жігіт әйелдерін
ертіп, жаудан қашқан беті сеңгір тауларға жетеді. Тас қия, биік шың, қалың
орманды тау ішіне қоңыр аң салған жалғызаяқ соқпақпен әрең-пәрең өтіп,
оты мол, суы мол кең аңғарға шығады. Бұл жердің аты – Ергене-қоң екен,
мағнасы – ернеудегі, яғни құз астындағы жазаң. Ал екі жігіттің есімдері –
Нүкүз және Қиян екен. Нүкүз бен Қиян осы Ергене-қоңда еркін тіршілік
кешеді, ұрпақтары өсіп, өнеді, бірнеше атадан соң тайпалы елге айналады,
енді байтақ аңғарға сыймай, сырттағы кең дүниеге жол іздейді. Бұл кезде
баяғы құз – қиядағы соқыр соқпақ өшкен, бітеліп алған, төңірек тегіс жабық.
Ақыры, амал табылғандай көрінеді. Жан-жақтан қоршаған таудың жұқалтаң
бір тұсы тұтастай темір екен, сол темір тауды ерітіп, ағызып, жол ашуға
шешінеді. Жетпіс қара сойып, бітеу сыдырылған жетпіс теріден жетпіс көрік
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 12
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480