Latin

Шыңғысхан - 14

Total number of words is 3865
Total number of unique words is 1893
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тағы қаншама жұрт қосылып, рулы елге айналуы – әдепкі құбылыс. Мәселен,
Рушид-әд-Диннің нақты деректеріне қарағанда, Шыңғыс хан және оған
жалғас заманда, айналасы екі-үш ата өтер-өтпесте, Есугейден тараған кейбір
ұлдардың еркек кіндікті тұқымының өзі жеті жүз, сегіз жүз шаңыраққа
жеткенін көреміз. Яғни, рудың түп атасы саналатын тұлғаны мүлде теріске
шығаруға болмайды. Сонымен қатар, киіз туырлықты көшпенді жұртта
ұлыстың ұжымы, елдің тұтастығы үшін қатарлас, қанаттас ағайындардың
басын қосақтап, бір атаға тели салу, тіпті, мүлде алыс, әйтеуір нәсіл, тегі
жақын руды емшектес деп, қыздан туған деп ортақ ұжым құрамына енгізу –
үйреншікті жағдай болған. Осы орайда, аталмыш салжығұт руының түп
төркіні оғыз нәсілді селжүктен бөтен емес дер едік. IX–X ғасырларда Сыр
бойына ірге тепкен, одан әрі Кіші Азияға қарай ойысқан селжүктің ертеден
бөлініп, ата мекенде қалған бір бұтағы Бұқаты-Салжы атануы, кейінгі ұрпағы
қият құрамына тіркелуі ғажап емес. Ал қатаған руының атауы Селеңгінің
төменгі ағысында оң жағалықтан келіп құятын Уда өзенінің Хатаға тармағына
қатысты деп шамаланады. Яғни, әуелде сол аймақта тұрған.
Дәстүрлі шежіре бойынша бір ата, бір анадан тарайтын, туыстас салжығұт пен
қатаған руларының жұбы жазылмаған. Қоныс-мекені татармен жапсарлас,
Құлын көлінің арғы жағы, Арғұн өзенінің бойында болған. Терістік Қытай
патшалығымен шекаралық аймақ. Қалған қияттан шалғай, үнемі татармен бір
топта. Ежелден-ақ шүршітпен жағалас. Сол замандағы саны біршама, атақты,
беделді рулардың есебінде болған. Алғаш әскер жиып, ту көтерген тайталас
заманда Шыңғыс хан салжығұт пен қатағанға арнайы елші жібереді. «Жақын
ағайын тұрыпты, алыс жұрттың өзі бізге қосылып жатыр, қанымыз ортақ,
ағалы-інілі туыспыз, енді тізе қосып, достасайық!» – дейді. Қатаған мен
салжығұт нояндары келісімге көнбегені өз алдына, қазандағы қуырдақты
шөмішпен бетіне шашып, елшіні қорлап, қаншама қатты сөзбен кейін
қайтарады. Және көп ұзамай, Шыңғыс ханға қарсы қауым қатарынан
табылады. Нәтижесінде, ағайын арасындағы жаулық ымырасыз сыпат
алыпты.
Бастапқыда тайжуытпен, кейінде жүриятпен бір одақта шайқасқан екі ру да
ауыр жағдайға ұшырайды. Айрықша қырғын тапқан салжығұт болады. Әуелгі
қат-қабат жеңілістен соң амалсыз бағынышқа келеді де, көп ұзамай қайта
көтеріліп, Шыңғыс ханмен жанкешті соғыс ашқан наймандарға барып
қосылады. Ойсырай жеңіліп, тағы да қырылады. Бірақ мүлде құрып кетпеген.
Саны азайып, қарымы қайтқан салжығұттың қалған бөлігі ертелі-кеш жаңа
ұлыстың құрамына қосылады, қатарластар ішінде кемшін саналғанымен,
ежелгі жора бойынша, туыс есебінен шығарылмайды, оның бір белгісі –
қиятпен құдаласпайтын рәсім күшінде қалған екен. Бұдан соңғы дәуірлерде,
таңбалы тарихта Ноғай Ордасы және Сібір хандығындағы рулар қатарында
аталады, ал Ноғайлы мен Сібір – Алтын Орданың бөлшек мұрагері екені
белгілі, яғни салжығұт – Жошы ұлысының құрамында болды деген сөз.
Мұның тағы бір айғағы – кейінгі башқұрт халқының ішіндегі, өзінің түп атауын
сақтаған шағын ру. Тағы бір дерек – ежелгі салжығұт (сальджак) бүгінгі
туыстас тыба халқының құрамында да жүр екен.
Егіздес қатаған қауымының тағдыры басқаша қалыптасады. Әлденеше
майданда ойсырай жеңілгенімен, кейінгі, найман соғысынан тартынып
қалған, ең бастысы – үлкен бір бөлігі әлейім-тәлейімде керей Тоғрыл (Оң)
ханға қосылып, одан Шыңғыс ханға өткен қатаған көп ұзамай қайта оңалады.
Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысы, оған жалғас хандықтар құрамындағы белді
рулардың бірі болады. Әсіресе Қазақ Ордасында айрықша күшке жетеді. XVII
ғасырдың басында Оңтүстік өңірде ту көтеріп, Ташкент, Сайрамға бекінген
Тұрсын хан ең алдымен осы, саны көп, жауынгер қатаған руына арқа сүйепті.
Қатаған Тұрсын хан атанған. Ақыры, Тұрсын хан Еңсегей бойлы Ер Есім
ханнан күйреп жеңілгенде, қатаған руы жаппай қырғынға ұшырайды, қалған
азғанасы басқа рулардың арасына таратылады; бірқаншасы босқын тауып,
Бұқар хандығының шегіне қашады. Бұдан біраз бұрын қатағанның үлкен бір
бөлігі Шығыс Түркстанға қоныс аударған еді, олар Есім ханның осы өлкедегі
соғыстарында тозғынға ұшыраған болатын, ал Бұқар хандығында пана тапқан
қатаған кейінде өзбек халқының құрамына қосылады. Бұл тараптағы
қатағанның басым көпшілігі Солтүстік Ауғанстанда орнығып, XIX ғасырдың
орта шеніне таман Құндыз аймағында үлкен билікке жетіп, бүкіл уәлаят,
тақау төңірекке әмірін жүргізеді. Ал қатағанның қазақ арасындағы, өзінің
тума есімін сақтаған шағын бір тобы қаңырат тайпасы, жетімдер руының
құрамына еніпті.
Қазақ шежіресінде баяғы қатағанның бір тармағы шанышқылы есімімен
сақталған деген ұғым бар. Шын мәнісінде, айттық, шанышқылы – ежелгі қият
тайпасының құрамында болған шаншығұт руының жалғасы. Саны аз, немесе
әрқилы себеппен азайған аталардың басқа, үлкенірек ру құрамына енуі –
қалыпты жағдай. Бәлкім, қатаған дербестігі кезінде шанышқылы осы тайпаға
кіріккен шығар. Елдің есінде қалғаны – содан. Алаш шежіресі шанышқылы,
қатаған, қаңлы үшеуін бір ата – Қоғамнан таратады. Тарихи деректерге
қарасақ, қаңлы – мүлде басқа тарап – Қыпшақ Даласында қалыптасқан
тайпа. Иә, айтпақшы, қаңлының құрамындағы бір ата – шанышқылы
есімінде, ал кәдімгі шанышқылының өзінің бір тармағы – қият екен. Міне,
осындай жағдайлардың барлығы да рулық, тайпалық бірлестік тек аталықжүйе, аналық-жүйе ғана емес, саяси, әлеуметтік негізде және құралатынын
айқындаса керек.
Осы ретте, Рәшид-әд-Диннің «Түгел тарихы» және «Қастерлі шежіреде»
нирун бірлестігіне тіркелген қият негізді рулардың кейбіріне тоқтала кетейік,
атап айтқанда: барын және арулат, кенегес қатары...
Шежіре бойынша, барын руының түп атасы – Боданшардың құмадан туған
бел баласы Бағрыдай. Барын қият әулетінде екінші қатар саналса да,
құрметтен қалмаған. Байкөлдің түстік-батысы, Аңқара өзенінің сол жақ
қабағында қоныстанған екен. Ұлысты ұйыстыру кезеңінде, бастапқыда
кейбір таптары қайшы келгенімен, көп ұзамай түгелдей Шыңғыс хан жағына
өтеді. Бұдан соңғы жорықтар кезінде қол бастаған нояндар көп шыққан.
Шыңғыс хан барын руын Боданшар тұқымының бөржігеннен соңғы аталы
әулеті санап, көз көрген құрметті ақсақалдарын төрдің төбесіне отырғызады
екен. Алтын Ордадан соңғы Қазан және Қырым хандықтарында барын
бектері орданың төрт тірегінің бірі саналып, қашанда билік басынан
табылған.
Барын табынан Шыңғыс ханның туы астында болған, қол бастаған Барынтайқоршы-ноян, Мұңқал-Тұрқан-ноян, ағайынды Наяқа-ноян мен Алақ-ноян
есімдері белгілі.
Рәшид-әд-Диннің айтуынша, барынмен жақын туыс рулардың бірі – дүрбен.
Шыңғыс ханның бастапқы кезеңінде тайжуыт жағында болған, көп қарсылық
жасаған. Ақыры жеңіліп, кешу алып, үлкен ұлыс құрамына қосылған.
Кейіннен Дәшті-Қыпшаққа, татар атының тұяғы жеткен басқа аймақтарға да
кеңінен таралыпты. Тарихи деректерде Алтын Орда мен Шағатай мемлекеті
ыдырағаннан соңғы хандықтар құрамындағы рулар қатарында аталады.
Дәшті-Қыпшақтағы дүрбен қауымының басым көпшілігі XV ғасырдың
соңында Шәйбани ханмен бірге Орта Азияға ауады да, кейінде дүрмен
атымен өзбек халқының құрамына қосылады.
Кезінде атақты Рәшид-әд-Динге Шыңғыс хан тарихы және бүкіл Еке Ұлыс
шежіресіне қатысты мол мағлұмат берген ұлұғ әмір Болат-әка осы дүрбен
руынан.
Ежелгі шежіре қият-нирун табының басым көпшілігін Боданшардың шөпшегі
Қайду-ханнан таратады. Үлкен ұл Байсұңқардан бастау алатын Шыңғыс
ханның тікелей әулеті туралы айттық. Екінші ұл Шарақа-Лингүмнен тайжуыт
руы өсіп-өнеді дедік. Кенже ұл Шаужын-Құқұр – ірілі-уықты сегіз рудың атасы
саналады. Бұлар: «Түгел тарих» бойынша – қартақан, сижуыт, «Қастерлі
шежіре» бойынша – қонқотан, арулат, оронар, сүнит, қабтұрқас және
кенегес.
Сижуыт туралы нақты дерек – бұл рудың Мүңгеду-ноян бастаған үлкен бір
бөлігі әуелде Жошы ханға еншіге беріледі, одан соң Бату хан әскерінің
құрамында болады, Алтын Орда шегінде тұрақтайды және кейбір өкілдері
биік мансапқа жетіпті.
Рәшид-әд-Дин өз тарихында қонқотан мен арулат екеуін нирун-қият
әулетінен тысқары, үрәуіт руының екі тармағына жатқызады. Қайткенде де
қонқотан – қиятпен қоңсы қонған, қарындас ата екені көрінеді. Ал арулат –
Шыңғыс хан дәуірі және одан соңғы заманда қолбасы ноян, белгілі бектер
шыққан іргелі ру болған. Үрәуіттің үшінші тармағы үлкен ата есімімен, үрәуіткелеңгіт аталады. Сүнит руы да осы арулат қатарлас, үлкен тұлғалар шыққан
байырғы аталардың бірі. Қабтұрқас пен кенегес дәл осы таңбада «Түгел
тарихта» аталмайды, бірақ жазылуы үйлес, «қабтарун», «келенгит» деген
атаулар бар, нақтылап оқысақ, қабтұр, келеңгі болар еді; мұның бірі –
сүниттен бөлінген ата, екіншісі – үрәуіттің кіші тармағы. Кейінгі деректерде
манағы қартақан, осы қабтұрқас атала қоймайды, ал кенегес – ДәштіҚыпшақтағы белгілі рулар санатында жүреді. Кейінде өзбек, ноғай
халықтарының құрамына енген. Қазақта найман саржомарт ішіндегі шағын
ата.
Ал осы қатардағы сижуыт, арулат (арлат), сүнит, үрәуіт рулары Жошы
ұлысында да, Шағатай ұлысында да берік ірге тепкенін көреміз. Ұлұғ ұлыстар
ыдырағаннан соңғы кезеңде киіз туырлықты көшпенді жүрт құрамында қала
береді, уақыт оза келе кейінгі қазақ, өзбек, қырым-татар, ноғай халықтардың
құрамына сіңісіп кеткен.
Аталмыш рулардан Шыңғыс хан заманында айрықша белгілі тұлғалар:
қонқотан Көкеші бақсы, арулат Бауыршы-ноян, үрәуіт Бадай мен Қашлық,
сижуыт Мүңгеду-ноян, кенегес Құнан-ноян, сүнит Қадан-кебтеуіл және бұдан
кейінгі кезеңдегі тарихтан да танымал сүнит Шормаған-ноян болды.
Рәшид-әд-Дин осы қатардағы, Түмбине тұқымынан тыс, бірақ нирун әулетіне
жататын тағы екі руға орын берген. Бұлар – суқан және күнғият, соңғы
атаудың төркіні қият сөзінен туындағандай. Бұл екі ру шындығында да қият
тайпасының шағын аталары екен, бөржіген тұқымына тым жақын болса
керек, Шыңғыс хан тайжуытпен ашық күреске бекініп, әскер жинай
бастағанда жұрттың алдымен жетіп, ақырына дейін серттен таймайды,
бастап келген күнғият Дәки-бахадұр екен. Бұл екі атаның дерегін кейінгі
тауарих, шежірелерден ұшырата алмадық. Бірақ жойылған жоқ, туыстас
көптің ішінде кетті деген сөз.
Маңғыт, жүрият қатары
Рәшид-әд-Диннің «Алтын дәптерге» негізделген ата-тек шежіресі бойынша,
Боданшар әулеті Қайду-ханның немересі Түмбине-ханның тоғыз ұлы
болыпты. Тоқалдан туған төртеудің үлкені – Шыңғыс ханның бабасы Қабұлхан дедік. Қабұл-ханның нәсілі ежелгі қият атауын ұстанып қалады. Алдыңғы-
соңғы сегіз ұлдың тұқымы тағы қаншама руға ұйтқы болады. «Қастерлі
шежіренің» айтуынша, бұлардың кейбірі Түмбинеден емес, арыдағы Қайдуханның әкесі Қашы-Күліктің аға-інілерінен бастау алады. Біз аңыздық эпосқа
емес, деректі тауарих куәлігіне бейімбіз; қайткенде де бір әулет, бірге тумаса
да, тұрмыс, тіршілік, тағдыр туыстырған қарындас жұрт.
Шежіре Түмбиненің үлкен ұлы Жақсыдан үш арыс – ұрұт, маңғыт, нұяқын
руларын таратады. Татан даласындағы азамат соғысының әуелгі кезеңінде
бұл үш атаның да көпшілік бөлігі тайжуыт одағында болған. Ұрұт пен
маңғыттың бірді-екілі тармағы ғана Шыңғыс ханды жақтапты. Әскері аз болса
да, Құйылдар-шешен, Кәктай-ноян сияқты жеке батырлары үлкен күш
берген. Шыңғыс ханның мыңбасы әмірлерінің қатарында Жадай-ноян мен
Мөңке-Қалжа-нояндар аталады. Кейінде маңғыт әулеті Алтын Ордада
айрықша қуатқа жетеді. Қыпшақ ұлысын қайта көтерген тарихи тұлға әрі эпос
қаһарманы Едіге бидің сүйегі осы маңғыт болады. Ұрұт руы да белгілі
тайпалар қатарында аталады. Дүние өзгеріп, заман ауған шақта бұл екі әулет,
ұзақ тарихи кезеңдегі басқа да туыстас жұртпен бірге, Алтын Орда мен
Шағатай ұлысынан тараған хандықтар және осы орайдағы түрік-татар текті
халықтардың құрамына құйылғанын көреміз. Және елеусіз кетпеген. Маңғыт
руы жетекші қауымға айналған Ноғай Ордасы баз-базында Маңғыт ұлысы
атанғаны белгілі. Ал кейінірек, басым көпшілігі Дәшті-Қыпшақтан ығысып,
Шәйбани ханмен бірге, жорық жолымен түстік тарапқа жылжыған маңғыт
уақыт оза келе, Бұқар хандығында үстемдікке жетіп, ел билеуші Маңғыт
әулетін (1753–1920) негіздейді. (XX ғасырдың басында Бұқар хандығында
тоқсан тоғыз мың маңғыт болған екен.) Маңғыттардың бұл тобы бүгінде
руын жоғалтып, өзбек арасына сіңісіп кеткен. Ал қазақ ішінде қалған маңғыт
өзінің атаулы есімімен (маңғытай) қоңырат, жалайыр тайпаларына және
әлімұлы бірлестігінің шөмекей, қарасақал руларына қосылған екен.
Түмбинеден тараған, маңғытпен қатарлас шыққан тағы бір рулар – барлас,
қадарқын (адарқын), будат, бесут (йисут). Ұсақ ата емес, бәрі де іргелі,
белгілі.
Бесут – кенже ұл Қытатайдың әулеті деп саналады. Шындығында, XII
ғасырдың бас кезіндегі тарихи әдебиетте таңбаланған бесуттың түп-тамыры
тым әріде екені байқалады. Рудың түп атасы саналатын Қытатайдың туасы
есімі – Жошы-Нақы-отшыген, Қытатай атануы – қидан (қытан, қытай)
жұртымен арадағы, сірә, бодандық қатынасқа байланысты, яғни сол бір
кезде бесут руын билеген бек деуге тиіспіз. Шүршіттер қидан жұртын
Солтүстік Қытай патшалығынан күшпен ығыстырған кезде бесут бұрыннан
үйреншікті әулетті жақтаған белгілі рулар қатарында көрінеді және біршама
бөлігі Елүй-Дашымен бірге Шығыс Түркстан Жетісу тарабына қарай ауып
кетіпті. (Бүгінгі Қытай тарабындағы кейбір қазақ ғалымдары арғын бәсентиін
осы бесуттің жұрағаты деп есептейді.) Ата-жұртта қалған бесуттің қарасыны
да біршама болған сияқты, арада алпыс-жетпіс жыл өтіп, Шыңғыс хан атқа
мінгенде Ұлы Даладағы жауынгер рулардың алдыңғы сапында бой
көрсетеді. Бастапқы кезеңде Шыңғыс ханға айрықша қарсылық
танытқанымен, көп ұзамай дәргейіне келіп, күш қосқан және ақырына дейін
айнымапты. Бесут руынан Шыңғыс ханның айдынын асырған, тарихқа әйгілі
Жебе-ноян шыққан. Бесут тарихи әдебиетте Алтын Орда құрамындағы рутайпалар санатында көрінеді.
Будат – руы да үнемі үлкен есепте болған, Шыңғыс хан ту көтерген сәтте
қарсылық танытқанымен, шешуші кезеңде елеулі күш қосады, сондықтан да
кейінгі әулеті ұлыста құрметке жетеді.
Барлас – өскен, өнген аталардың бірі. Шыңғыс ханның бас қолбасыларының
қатарындағы Құбылай-ноян шыққан. Шағатай ұлысында айрықша көтеріледі,
әйгілі Әмір Темір осы барластан. Бұл барластың көпшілігі XV ғасырдың
басында Бабұрмен бірге Ауғанстан асып, одан соң Үндістанды жаулаған; Ұлы
Моғол империясында еркін жасап, өзінің атымен XIX ғасырдың соңына дейін
жетіпті.
Ал қадарқын – Алтын Ордада әйгілі болған; қазір бұлардың көпшілігі ДәштіҚыпшақта, Ноғайдың жасағында жүр, деп жазады «Түгел тарих». Алайда,
дара билікке ұмтылған Ноғай ұлыс ханы Тоқтыдан жеңіліс тапқаннан соң
қадарқын руы да тозғындап, бұрынғы қуат, беделінен айрылған екен.
Шыңғыс хан заманында Мұқұр-Құран деген басшысы болыпты.
Осы қатардағы жүрият (жаджырат, жадаран, жұрат) руының өзгеше тағдыры
бар. Бұл жағдай осы рудан шыққан, әуелде Шыңғыс ханның андасы, кейінде
ең басты қарсыласы болған, тіпті, елдің екінші бір тарабында қабаттаса хан
көтерілген Жамұқа-шешеннің күрес жолына байланысты.
Рәшид-әд-Дин тауарихы бойынша, жүрият руы манағы Түмбине-ханның
Қабұл-ханға тетелес жетінші ұлы Ұдұр-Баяннан тарайды. Ал «Қастерлі
шежіренің» айтуы мүлде басқаша.
Баяғы нұрдан жаралған Боданшар Түңгелік қорығында отырған бағымсыз
жұртты бодандыққа келтіретін еді ғой. Осы шабындыдан түскен, төркіні
ұраңқай бір келіншекті өзі алады. Әйел жүкті келген екен, одан туған ұлдың
атын, жат рудың баласы ғой деп, Жаджырадай қояды. Кейін одан жадаран
(жүрият, жаджырат) руы таралыпты. (Бұл әйел кейін Боданшардың өзінен
тағы бір бала көтереді, құмадан туған соң, атын Бағарын (Бағрыдай) қояды,
одан барын руы таралған екен, мұны айттық.) Әйгілі Жамұқа-шешен сол,
жаттан туған олжабай ұлдың тікелей ұрпағы деген кәулік беріледі.
Санамалап айтқанда, Жаджырадайдан Түгүдай, одан Бөрі-Бұлжыр, одан
Қара-Қадаған. Қара-Қадағанның ұлы – Жамұқа. Яғни, Жаджырадай –
Жамұқа-шешеннің бесінші атасы. Өгей әке Боданшар тұстас белгісіз кісі –
алтыншы ата болады.
Бұл Боданшар, біз білеміз, Шыңғыс ханның оныншы атасы. Шыңғыс хан мен
Жамұқа-шешен құрбылас, ал Боданшар заманына дейін біреуі – он ата,
екіншісі небәрі алты ата. Бұлай болмайды. Белгілі әулеттен тараған, тұстас
кісілердің ата саны, арада оншақты буын өткенде бір, асса екі ата ғана
айырымда болуға тиіс. Әкеден бала ертелі-кеш туып жатады, бірақ буыннан
буын алмаса келе, аталардың жалпы есебі теңдікке жақын болады. Он ата,
ғылымда қалыптасқан есеп бойынша, шамамен үш жүз жыл десек,
Жамұқаның аталары орташа, отыз жыл емес, үнемі елу-алпыс жыл аралатып
туған болады. Яғни, қисынсыз. Рәшид-әд-Дин куәландырған Түмбинеден
бастап таратсақ, Шыңғыс хан бесінші ұрпақ болады екен. Егер рулы елге
есімін берген Жалжырадай – манағы, осы әулеттің түп атасы саналатын ҰдұрБаяннан таралады десек, Түмбине Жамұқаның да бесінші әлде алтыншы
бабасы болып шығады.
Бүкіл жүрият руын, оның басшысы Жамұқаны жолдыбай жасаудың себебі
айқын. Жүрият – қатардағы қарсылас емес, хан шығармақ болып отырған ру,
ал Жамұқа тек Жүрияттың ғана көсемі емес, бүкіл нирун әулетінің ғұзырлы
әмірлерінің бірі және үлкен таққа талас тұлға. Сондықтан да «Қастерлі
шежіредегі» дерек – жай ғана жаңсақ емес, саяси һәм қарулы күрес кезінде
ойдан шығарылған лақаптың бір ұштығы. Ата-тегі белгісіз кісінің хан
сайлануға хақысы жоқ демек. Жамұқаның ақылы мен қабылетін атап
көрсететін Рәшид-әд-Дин оны әрі аяр, әрі зұлым адам ретінде бейнелейді,
бірақ туасы тегін бұрмаламаған. Жамұқа да «нұрдан жаралған Боданшар»
әулеті екенін куәландыра отыра, оның жеңіліске ұшырау себебін басқа
тараптан іздейді, ақыр түбі Шыңғыс ханның үстемдікке жетуі – жазмыштан
ғана емес, өзінің жеке басының қасиетінен және ұлыстағы жұрттың ортақ
мүддесінен туындады деп біледі. Жамұқаның анық Боданшар әулеті
екендігінің тағы бір дәлелі – сол «Қастерлі шежіренің» өзінде, Темужіннің
әзірге тату андасына қарата айтатын: «Біз екеуіміз бір атаның баласы, қандас
туыспыз» деген сөзі.
Жүрият руының саны тым көп болмағанға ұқсайды. Қарсы соғыстар кезінде
қырылғаны, талауға түскені өз алдына, жеңіліп, жан сауғалаған азғана бөлігі
босқын үстінде меркіттердің тосқауылына ұшырап, біржола қирайды.
Шыңғыс ханнан соңғы деректерде жүрият (жұрат) руы әредік аталғанымен,
ұлыс өмірінде ешқандай ықпал, әсері болмағаны көрінеді. Шыңғыс ханның
қызметіне кірген көрнекті тұлғалар қатарында тек Ұлұғ-бахадұр деген кісі
ғана бар екен.
Түмбине әулеті есебіндегі рулар қатарында дулат та аталуы – шетін жағдай.
Дулат (дуқлат) – сегізінші ұл Бурұлджар-Дуқланнан тарайды деп көрсетілген.
Ұлы Далада шағын екі топ болғаны аңдалады. Біріншісі – баяуыт-дуқлат,
сыңайына қарағанда, баяуыт ішіндегі кіші ата; бұрнада, Қамбағай ханға
тілектестігі үшін татар шапқынына ұшырап, түгелімен қырылып кетіпті. Ал
екінші, негізгі топ – Азамат соғысына дейін жетеді. Тайжуыттармен тайталас
кезінде Шыңғыс хан жағында болды дейді Рәшид-әд-Дин. Бірақ бұдан соңғы
кезең, өз тұсындағы дулат туралы ешқандай мағлұматы жоқтығын айтады.
Бұл дуқлат, әлбетте, арғы түбі Ұлы Далада өсіп-өнген үлкен дулат
тайпасының тым әріде, үйірінен бөлініп қалған бір бөлшегі екені күмәнсіз.
Дулат туралы ең ескілікті мағлұмат – Ұлы Ғұн империясының ыдырау
кезеңіне сәйкеседі. Миләди ІІ ғасырда, қытай, сәнби тепкінімен ата жұрттан
ығысқан басқа да рулармен бірге, кейінгі Қазақ Даласына келіп
қоныстаныпты. Бұл ежелгі Ғұнның бір пара жұрты жаңа бірлестік құрамында
одан әрмен жылжи келе, Еділден асып, ақыры ІV–V ғасырларда Еуропаны
жаулағаны белгілі. Атақты Аттила осы қатардағы дулат тайпасынан шыққан.
Аттиладан соң Қара теңіз жағалауына қайтып оралған ел әуелде Түрік
қағанаты құрамына енеді де, кейінірек, ҮІІ ғасырда Бұлғар қағанаты болып
ұйысады. Билеуші әулет – тағы да дулат тайпасынан екен, Бұлғар хандары
өздерін Аттиланың тікелей ұрпағы санаған. Көп ұзамай, бұл тараптағы
халықтың негізгі бөлігі Хазар қағанатына қосылады, одан кейінде – Қыпшақ
ұлысы, ақыры Алтын Орда құрамына құйылған. Ал қазіргі қазақ жерінің
шегінде қалған дулаттар V ғасырда Теле қауымдастығының қатарында
көрінеді. ҮІІ ғасырда – Батыс Түрік қағанатындағы негізгі, үстем тайпалардың
бірі. Батыс қағанат құлағаннан соңғы дәуірдегі тарихи әдебиетте нақты атала
қоймайды, әйткенмен, әлденеше ғасыр бойы үлкен есепте болған ордалы
жұрт қанды-бұлғақ, әлейім-тәлейім заманда үлкен шығынға ұшырағанымен,
жоғалып та, жойылып та кетпеген, ілкідегі қоныс ыңғайына қарағанда, күре
жолдардан шалғай, Алатаудың етегі, Ыстықкөл төңірегінде көшіп жүрсе
керек. Шыңғыс ханның Сартауыл жорығына қатысты деректерде
ұшыраспайды. Айттық, тек Ұлы Далада қалған шағын бір тобы ғана Рәшид-
әд-Дин тауарихына ілініпті.
Қалың дулат арада жүз елу жыл өткенде Шағатай ұлысынан дербестенген
Моғұлстан мемлекетіндегі басты рулардың бірі болғанын көреміз. Моғұлстан
ыдырағаннан соңғы жерде көпшілік қауымы Қазақ Ордасының құрамына
енген. Қазақтағы дулат – саны мол, іргесі берік жұрт. XVIII ғасырда жасаған
атақты Үйсін Төле би, Абылай заманындағы қазақтың бас батырларының бірі
Мүйізді Өтеген, Кенесары ханмен ақырына дейін бірге болған Байзақ батыр,
XIX ғасырда жасаған Майкөт ақын, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған ақын,
жыршы Қазанғап Байболұлы, Герман-совет соғысында атаққа шыққан
Бауыржан Момышұлы осы, ежелгі дулат нәсілінен.
Сонымен, біз арыдағы қият әулетінің бергі, Алан-Құбаның нұрлы құрсағынан
жаралған нирун тайпасына тиесілі барлық ата – бөржігіттен бастап,
тайжуыттан өтіп, қатаған, салжығұттан маңғыт, жүриятқа дейінгі аралықтағы,
түбі бір саналатын руларды түгел адақтап, әрқайсысы туралы шағын ақпар
бердік. Ендігі кезектегі әңгіме – нирунмен қанаттас дәрлекін табы және
Шыңғыс хан дәуірі қарсаңында үлкен санатта болған жеке рулар мен дербес
хандықтар құрып отырған аталы, ірі тайпалар турасында. Оған жалғас – Татар
Даласының шеткері аймақтарында және одан сыртқары өңірде күн кешкен
ойрат текті жұртқа тоқталатын боламыз.
Ұраңқай һәм дәрлекін тобы
Шежіре бойынша, баяғы Ергене-қоңнан шыққан Нүкүз бен Қиян әулетінің
нирун табынан сыртқары барлық руы дәрлекін аталады. Түстеп санасақ:
ұраңқай, қоңырат, үрәуіт, қаушын, сұлдұс, ілдүркін, баяуыт, кеңгіт. Бұлардың
ішінде қоңырат туралы сөз кейінірек, өз алдына. Ұраңқайдан бастайық.
Ұраңқай руының түп тарихы VI ғасыр, Теле тайпа бірлестігінен бастау алады.
Ежелден-ақ Ұлы Даладағы елеулі оқиғалардың бел ортасында болған қауым.
Аты өшпеген, қалыбынан жазбаған. «Түгел тарихтың» айтуы бойынша,
ұраңқай Ергене-қоңнан шығар жол – темір тауды еріту кезінде жетпіс ошақ
жағып, жетпіс көрік басқан мықтылардың қатарында болыпты, яғни өз
тұрғысындағы атақты, іргелі рулардың бірі. Саны толымды, жауынгер қауым.
Әуел бастан-ақ Шыңғыс хан жағында болған, көп күш қосқан, және шешуші
қызмет атқарған тайпалар қатарында. Ұраңқайдан әлемдік соғыстар
тарихындағы ең ұлы қолбасы атануға тиіс Сүбітай-бахадұр шыққан. Шыңғыс
ханның ең сенімді әмірлерінің бірі Желме осы ұраңқайдан. Желменің ұлдары
Есу-Бұқа-тайшы мен Есун-Туа-Тарқы Шыңғыс хан әскерінде мыңбасы болған.
Рәшид-әд-Дин ұраңқайдың ағайындас тайпалар ішінде кейбір әдет-ғұрып
өзгешеліктері болғанын айтады. Мәселен, бүкіл қият қауымы, көшпенді көп
жұрт күн күркіреп, найзағай ойнағанда қатты қорқып, үйде тығылып отырады
екен, ал ұраңқайлар сыртқа шығып, көкке, бұлтқа қарап айқайлап, сес
көрсетеді, солай қаһарланса, жай түспейді, күннің күркірі тоқталады деп
білетін көрінеді. Сондай-ақ, басқа жұрт сияқты, құрбандық ретінде жерге ақ
төкпейді, ақ төгілсе, малға пәле келеді деп есептеген. Бұл тайпада зікір
ойнап, жын шақыратын және сол жындармен сөйлесіп, әрқилы кеп
шығаратын бақсылар бар, әсіресе ұраңқайдың шет жұрты БарғұжынТоқымда бақсы көп дейді. Қалың ұраңқайдың бөлшек бір тобы – орман
ұраңқайы аталады екен. Бұлардың тұрмыс-тіршілігі өзгешерек. Киіз үй,
көтерме шатыр жоқ, аң терісі, қабық, бұтақтармен жабылған ағаш
күркелерде тұрады. Киімдері де аң елтірісінен. Сиыр, қой-ешкі дегенді
білмейді. Мал бағуды ең үлкен қорлық санайтыны сонша, шешелері
қыздарына ренжігенде сені қой бағатын жұртқа ұзатам деп қорқытады екен.
Сарлық ұстап, бұғы үйреткенімен, негізгі кәсібі аңшылық болған. Қыста қар
қалың түскенде аяқтарына шаңғы деп аталатын ұзын тақтайша байлап,
сырғанап жүріп аң аулайды екен. Бірақ бұл – кәдімгі ұраңқайдан мүлде басқа
қауым дейді Рәшид-әд-Дин. Салты бөлек, атауы ортақ бұл екі ру – ертеректе
бөлінген бір тайпа екені күмәнсіз.
Бүгінде ұраңқай есімді үш жұрт белгілі.
Бірі – ұраңқай-сақа, орысша таным бойынша якут, Совет империясы
құлағаннан соңғы жерде сақа атауын бекітіп алды. Сол ескі замандардан
бастап, Байкөлдің (Байқалдың) сыртымен, Лөнә (Лена) өзенін бойлай отыра
терістікке қарай тынымсыз жылжыған ұраңқай-сақа ақыры ұлы дарияның
және оның үлкен бір саласы Вилүйдің ұзына бойына орнығады, бірақ кейінгі
тарихи дәуірде бүкіл түрік қауымынан оқшау қалғанымен, өзінің тегін
ұмытпаған. Орыс өктемдігі заманында христиан дініне еніп, ежелгі сойларын
өзгертсе де, байырғы салт-дәстүрін, ана тілін сақтаған, қазір Ресей
құрамындағы автономиялық республика.
Екіншісі – ұраңқай-тыба, орысша тува, ол да Ресей құрамындағы
автономиялық республиканың байырғы жұрты, өздерін ресми түрде тыба
атайды. Ежелгі ата қонысы – Кем (Енисей) өзені және оның бастапқы
тармақтары бойында отыр, дәстүр-салтын, тілін сақтаған; орыс билігіндегі
Сібір шегінде қалған, азып-тозып, азайған, құрып бітуге жақындаған
алтайлық, сібірлік басқа ағайындардан мүлде өзгеше, қарасыны біршама,
орнықты, толымды түрік халықтарының қатарында саналады. (Баяғы Рәшид-
әд-Дин даралап көрсеткен орман ұраңқайы (ойн-ұраңқай) бүгінде осы тыба
халқының құрамында.)
Ұраңқай есіміне жалғас үшінші қауым – Қазақ Алтайының арғы беті, ендігі
Моңғол ұлысының батыс аймағындағы аты бар да, заты жоққа жақын, саны
шектеулі, қалмақ ұраңқай руы; бұрынғы орыс оқымыстылары бұл тәжіұраңқай – әуелгі тобынан бөлінген, негізі түрік текті, кейіннен ғана, жаңа
ортада моңғолданған жұрт деп таныған. Кейініміз, әрине, Шыңғыс хан
заманы, ұлы қағанның немере-шөберелерінен соң, Түпкі хандық – Еке
Ұлыстың астанасы да, тірлік-тынысы да Қытай қойнауы, Пекинге ауысқан
себепті ел екіге жарылып, әуелде Арық-Бұқа мен Құбылай, оған жалғас,
Құбылай мен Қайду арасындағы қырық жылдық қырғын кезеңінде, бұрын
алды қозғалған ежелгі жұрты енді түп көтеріле, Батыстағы ұлы мемлекеттер
шегіне қоныс аударып, байырғы Татар Даласы ежелгі түріктік кейпінен
айрылған заман, яғни XV–XVI ғасырлар. Ежелгі түрік қауымының күшті,
қуатты және саны мол басым көпшілігі Шалқар Даланың шығыс бөлігін тастап
шыққаннан соң, бұл тараптағы моңғол тектілердің үлес салмағы еселеп
артқан еді және босап қалған, оты мол, суы мол, байтақ қоныста, уақыт оза
келе, берік орнығып қана қоймай, қарқынмен өсіп-өнуіне жағдай туды.
Нәтижесінде, аталы, айдынды түрік тайпаларының өзінің тым ары – Қытай
ішінде, мемлекет құрушы қауым және оны сақтап тұрушы қарулы күш
ретінде қоныстанып отырған жекелеген топтары мен бөлшектері, әртүрлі
себеппен баба жұртынан шықпай қалған әрқилы ата баласы бірте-бірте
түгелімен түріктік тегін ұмытады, дәстүр-салтынан да, ана тілінен де
айрылады. Бұл – жалғыз тәжі-ұраңқай ғана емес, бүгінде Ішкі Моңғолияда
аймақ атауы ретінде ғана қалған найман, ілкіде және кейінде торғауытқа
сіңіскен керей және кейбірінің аты ғана бар, көбінің елесі де жоқ тағы
бірқанша ру, тайпалар. Керек десеңіз, біздің тараптағы туыстас өзбек,
әзірбайжан, башқұрт, татар халықтарының ішіне кіріккен ежелгі рулардың
өзінің жөн-жобасы тек тарихи дерек ретінде ғана аталады. Арғы баба –
ежелгі түрік ру-тайпаларының даңқты есімімен қоса, өзіндік құрылым, бар
болмысын күні бүгінге дейін сақтап қалған – қазақ қана.
Хош. Күренімізге қайтып оралайық.
Рәшид-әд-Дин шежіресі бойынша дәрлекін табындағы үрәуіт, одан тарайтын
қонқотан, арулат туралы азғана деректі өткен тарамда айтып кеттік.
«Қастерлі шежіре» бұл руларды Түмбине әулетіне жатқызады, біз «Түгел
тарихты» мақұл көргенімізбен, сөз орайына қарай, ілгері салыппыз.
Баяуыт руы Селеңгі, оның бір саласы Жадай (Джида) өзендерінің аңғарында
қоныстанған екен. Көпшілік қауымы әуел бастан-ақ Шыңғыс хан жағынан
табылады. Болашақ қаған алғаш атқа мініп, тайжуыт одағына қарсы жасақ
жинағанда, он үш күрен әскердің бір күрені, яғни бір мыңдығы осы
баяуыттар болған. Сондықтан да кейінгі кезеңде үлкен құрметке жетеді.
Алтын Орда заманында Дәшті-Қыпшақтағы белгілі тайпалардың қатарында
саналған.
Темужін алғаш күрес жолына түскен тайталас кезеңде оның ерекше қасиетін
көпке әйгілеп, болашағын болжаған, сөйтіп, жұртты үйірген, кейінде Шыңғыс
ханның өкіл әкесі болып танылған баяуыт Сорқан деген ақсақалдың есімжөні мағлұм. Шыңғыс хан әскеріндегі мыңбасылар қатарында Оңғұр-ноян
аталады.
Кеңгіт туралы мағлұмат жоққа тән. Бар дерек – Жошы ханның еншісіне
берілген әскер ішінде болуы. Бұдан соңғы жерде Жошының үлкен ұлы
Орданың ғұзырындағы жұрт қатарында. Мыңбасы әмірінің аты Қотан екен.
Беріде Ноғай Ордасының құрамында жүргенін көреміз.
Сұлдұс – сол заманда, Татар Даласындағы көрнекті рулардың бірі екен. Түп
қонысы – Селеңгінің бастауы. Тайжуыттарға тәуелді болған. Әуелгі соғыстар
кезінде тайжуыт шебінен кете алмайды, бірақ түбінде Шыңғыс ханға
қосылған. Бұдан соң құрметке кіріп, белгілі бахадұр, нояндар шығарған.
Ақыры төрт ұлысқа түгел тарайды. Шағатай дәуірінен соңғы Ақсақ Темір
жасағында ең негізгі жауынгер күштердің бірі болған. Кезінде тайжуыт
тұтқынынан қашқан Темужін баланы ажалдан құтқарған Сорқан-Шира және
оның кейіннен жетілген ұлы Жылауқан-бахадұр осы сұлдұс руынан.
Сұлдұстың бір тармағы, дербестенген ілдүркін руы әуелгі соғыстар кезінен
бастап Шыңғыс хан төңірегіне ұйысқан екен. Басты кісілері сенімге кіріп,
елшілікке жүрген.
Қаушын руы да ішкі соғыстар кезінде Шыңғыс хан жағында болған, әскер
бастаған нояндарының аты тарихтан белгілі. Кейінде көпшілігі Шағатай
ұлысына енген және негізгі жасақтар қатарында саналған. Алтын Ордадан
соңғы Ноғай Ордасы, Қазақ Ордасына қатысты деректерден қаушын атын
ұшырата алмадық. Шыңғыс ханның заманында қаушыннан Борағұл-ноян
шыққан. Және де Жошының қарауына берілген, кейінде Бату хан әскерінің
оң қанатын басқарған Қаушын-Байқы есімі белгілі.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 15
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480