Latin

Шыңғысхан - 19

Total number of words is 3838
Total number of unique words is 1986
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қауымы әлемдік өктемдікке жеткен кездегі үстеме, рухани экспансия
өткендегі жіптік түтінді қордалы қоңысқа ұластырды, жақын кезеңде
түгелдей жанышталуға, одан қалғаны жаңа дінге көшуге тиіс жабайылардың
аз-маз сана, түйсігі бар кейбір топтары бағзы заманда кәдімгі христиан
болыпты-мыс! Мәселенің екінші бір ұштығы – бұл жұрт Иса Мәсіх ілімінен
қуат алған себепті әлденендей мәдениетке жетті деген байлам. Айналып
келгенде, осының бәрі – кәдімгі отаршылдық идеологияның тұрпайы бір
көрінісі ғана.)
Сонымен, бұрынғы-соңғы Батыстың ғайри дін, астам пиғыл жетегіндегі
оқымыстылары айрықша тұздықтап, қаттастыра айтатын мәселесі – меркіт
пен найманның, керей мен оңғыттың нестор-христиан дінінің адал үмбеті
болғандығы туралы байып, байламдар – отаршылдық қиялдан туындаған,
түп дерегі шатқаяқ, ғылыми негізі тұрлаусыз әсіре дерек, артық лақап болып
саналуға тиіс. Шет жұрттың жалаң сөзіне емес, осы ру-тайпалардың сол
кездегі тіршілік кебіне, адамдар арасындағы қатынас, әрқилы оқиғалар
тізбегіне қарасақ, мүлде басқаша қорытынды жасауға тиіспіз. Тегі, бір
заманда билеуші топ әуес көрген жат ағымның аты бар да заты жоққа жақын,
ал жалпы жұрт тек ежелгі тәңірі дінін ғана ұстанғаны көрінеді. Мұның тағы
бір айғағы – кейінгі заманда бұл атаулы жұрттың ешқандай қарсылықсыз
ислам дініне көшуі болса керек.
Рәшид-әд-Дин бұл кездегі керей тайпасы үлкен-үлкен алты руға бөлінетін еді
деп жазады. Бұлар: керейт, жырқын, қоңқайыт, сақайыт, тұмауыт және албат
аталады. («Түгел тарихтың» тағы бір тұсында осыған үстеме ретінде қырқұн
руы тұр, бірақ бұл үлкен ата ішіндегі кіші бұтақ болуы да ықтимал.) Бүкіл
тайпаға өз есімін берген, немесе басты атауды иеленген жетекші ру – керейт
екен.
Керей (көпше, жинақты тұлғасы – керейт) атауының шығу тегі туралы әрқилы
жорамал бар. Рәшид-әд-Дин келтірген аңыз бойынша, баяғы заманда бір
патшаның жеті ұлы болыпты, бұлардың бәрінің де түсі кер, яғни құбақан
екен. Бұл, қазақ тілінде күні бүгінге сақталған сын есім сөздің мағнасы –
Рәшид-әд-Дин ұғындырғандай, қоңыр (орысша аударма бойынша «смуглый»
– қараторы) емес, Әбілғазы-бахадұр-хан шежіресіндегі, «қоңырқай»
мағнасында бүгінгі қазақ тілінде сақталған «баран» да емес (әлдебір орыс
зерттеушілері бұл “баранды” сол қалпында, “баран”, яғни “қой” деп
аударыпты), кәдімгі “кер” ғой – кер ат, кер-құла, қара-кер жылқы, кер бетеге,
кер дала дегендей. Міне, осы кер түсті жеті ұлдың ұрпағы керей атаныптымыс. Кейінгі тарихшылардың пайымынша, керей есімі – бұл рудың әуелгі
мекені болуға мүмкін жер – Саян тауларының терістік беткейінен бастау
алатын Уда (біз қарастырған картада Ия) өзенінің арналы саласы Керей
өзенінен туындаған. Әбден қисынды. Қытай деректері керейлер ҮІІ–ҮІІІ
ғасырларда Байкөлдің батысы, Кем (Енисей) өзенінің бастау аңғарында
қоныстанды деп көрсетеді. Осымен қатар, тағы бір тұспал. Кейінгі қазақта,
тақау көршілері арғын мен найман әзілдеп, немесе қыжыртып айтатын сөз
бар, керейдің атасы кер ит деген. Бұл лепес “керейт” нұсқасын тұрпайы
талдау көрінуі мүмкін. Ал шындығында, қадым замандағы көшпенді қауым
ұғымында ит айрықша құрметті мақұлық болған. Өзара тұқымдас ит пен
бөріні қастерлеу және кие тұту миләдиге дейінгі ІІ–І мыңжылдықта далалық
жун тайпаларында дәстүрге еніпті. Кейініректегі Ғұн мен Сәнбиде ит тұқымы
қасиетті саналады. Соған орай, ежелгі түрік халықтарының әпсана,
аңыздарында ит пен бөрі туыстас қана емес, синонимдес ұғым берген
(мұның бір көрінісі – бүгінгі қазақтағы, “қасқыр” орнына қолданылатын
эвфемизм – “ит-құс”). Баяғы алтын-әулеттің түп анасы Алан-Құбаның
құрсағына шаңырақтың жабығынан түнде түсетін нұрлы сәуле әуелде сары
жүзді кісі бейнесінде көрініп, ақыры, таң алдында сабалақ сары ит (тиесілі
қазақ әпсанасында бөрі) кейпінде есіктен шығып кететін еді ғой. Мұнда да
сол тұрғылас аңыз: керей кер иттен туған. Сары ит – кер ит. Бірақ бөржіген
(бөржігіт) әулеті ит тұқымы емес, бөрі нәсілі саналады, яғни керей де бөрі
тектес. Түптеп келгенде, бағзы бір заманда бөріден туған түрік әулеті
жөніндегі аңызға барып тірелеміз. (Осы орайда Н. Аристов қазақтар айтады
деп келтірген, “қырғыз қызыл иттен туған” деген сөз – кемісіту емес, арыдағы
тектес әпсананың өз ортасында тәрік болған бір жаңғырығы деп білуге
тиіспіз.)
Ұлы Даладағы ежелгі түрік қауымының қайтадан ұжымдасуы кезеңінде
Керей патшалығы Шыңғыс ханның ұлылығына ұйтқы болды. Түптің-түбінде
біртұтас ұлыстық құрылым жолына құрбанға шалынды. Алайда, Шыңғыс хан
мен Тоғрыл–Оң ханның арасындағы қантөгіс соғыстар кезінің өзінде керей
тайпасының біршама бөлігі, жекелеген ірі тұлғалары болашақ ұлы қағанның
жағында болғанын көреміз. Ақыры, керей жұрты үлкен қазаға ұшырайды,
хандығы құлап, біраз халқы әр тарапқа бытырайды. Әйткенмен де көп
ұзамай-ақ Шыңғыс хан ордасының өзінде әжептәуір ықпалға жетіпті. Және
негізгі әскер құрамына қосылады. Қытай деректерінің айтуынша, 1204 жылы,
Таян хан мен Жамұқа гөрхан бастаған қалың қолға қарсы аттанған Шыңғыс
хан әскерінің басым бөлігі – керей жұртынан екен. Атақты Сүбітайбахадұрдың жеке мыңдығы керей мен найман, меркіттен құралған (“Юань
ши”). Сонымен қатар, ағайынды Ширақұл (Сарықұл) және Тобұқа нояндар
Шыңғыс ханның туының астында мыңбасы болған, осы дәрежедегі Дайырбахадұр Сартауыл жорығында айрықша көзге түсіпті. Ал Тоғрыл ханның
батысқа ығысқан бір баласы (әлде немересі) Тайбұға Сібір хандығының
негізін салады, бірақ ақыр түбінде ол да Шыңғыс ханның дәргейіне бас ұрып,
кеңшілік алған.
Бұдан соңғы заманда керей төрт ұлыстың құрамында да көрінеді. Ежелгі
тайпадан белгілі қолбасылар, бүкіл ұлыс тізгінін ұстаған атақты мемлекет
қайраткерлері шығады. Мәселен, болашақ ұлы қағанды Темужін кезінен
жақтап, ең қиын күндерде қасынан табылған керей Шыңқай Еке Ұлыста әуелі
Шыңғыс ханның өзінің сенімді серігі, арнайы, аса жауапты шаруалар
атқаратын ұлығы, одан соң, Өкетай, Күйік хандардың тұсында ұлыс бегі
болған. Ал Марқұз-Бұйрық ханның немере қызы, Шыңғыс ханның кенже ұлы
Төленің бәйбішесі Сұрғақтан-бике бүкіл империя өміріне айрықша ықпал етіп
отырған, әрі кейінгі, жарым дүниенің тағдырын шешкен төрт алып тұлға:
Орталықта өкім құрған Мөңке мен Құбылай, Арық-Бұқа қағандар hәм
Иранды жаулаған Құлағу ханның анасы болған.
Татар Даласындағы дүрбелең мен бұлғақ нәтижесінде шашыла тозып,
қарасыны кемігенімен, арада жарым ғасыр өтпей қайтадан еңсе жазған
керей тайпасы үлкен әскери қуатқа жетеді. Ұлы империя екіге жарылып,
әуелде Құбылай мен Арық-Бұқа, оған жалғас Құбылай мен Қайду
арасындағы қырық жылдық қырғын басталғанда Ұлы Даладағы, ДәштіҚыпшақтағы керей, туыстас найманмен бірге, Арық-Бұқа қағанның, Қайду
ханның негізгі жасақтарын құрапты. Кейінде бір бөлігі Моғұлстан шегінде,
бұл тараптағы жетекші дулат тайпасымен бірге Әмір Темірге қарсы соғысады
және ұзаққа созылған дүркін майданда айрықша қырғынға ұшырайды.
Керейдің негізгі тобының ғұмыр кешуі Алтын Орда тарихымен байланысты.
Қайткенде де елеулі, үлкен ру қатарынан шықпаған.
Иран мен Юань шегіндегі барлы-жоқты жұрты, ағайындас басқа да рутайпалар сияқты, заманнан заман өткенде түгелдей ассимиляцияға түседі.
Тек шығу тегі бір Алтын Орда, Шағатай ұлысы мен Моғұлстан шегіндегі
керейлер ғана өздерінің тілі мен әдет-ғұрпы, түпкі нәсілін сақтап қалыпты.
Кейінгі хандықтар кезеңінде азды-көпті мөлшерде қырым-татар, сібір-татар,
башқұрт, ноғай, қарашай, әзірбайжан, өзбек халықтарының құрамына
құйылады. Керейдің жекелеген топтары бүгінде Алтайдағы, Еділдегі және екі
Сібірдегі түрік текті халықтар арасында өз есімімен сақталған hәм арғы-бергі
қалмақтың торғауыт руындағы азғана бөлшегі өз атымен аталады.
Ежелгі керей тайпасының ең үлкен қауымы қазақ халқына ұйтқы болған жұрт
қатарында, бұлар: ашамайлы-керей, абақ-керей, уақ-керей, найман
санатындағы қара-керей және жетіру бірлестігіне енген керейт һәм табын
руының құрамындағы жаман-керей, шанышқылы ішіндегі ақ-керей, байұлы
тайпасына кіріккен таздар руының бір тармағы жастабан (бұл жастабанның
бір бұтағы андағұл және тұрғылас жәдік Орталық һәм батыс Қазақстан
шегіндегі бірнеше рудың құрамынан бой көрсетеді, атап айтқанда, жәдік:
сіргелі көңірдек, шапырашты шыбыл, найман төртуыл, қоңырат құлшағыш,
шекті жақайым, шөмекей келдібай, байұлы масқар мен алтын, жетіру
кердері мен жағалбайлы; ал андағұл: жалайыр шуманақ, дулат шымыр,
найман көкжарлы, шекті есенәлі, шекті жанқылыш, әлім төртқара, шөмекей
келдібай, шөмекей балқы, байұлы шеркеш, беріш байбақты құрамындағы
атаулы сүйектер санатында). Ұлы Даладағы Азамат соғысы кезінде айрықша
жапа шегіп, қисапсыз қырғынға ұшыраса да, уақыт оза келе әр тараптан
тоғысып, қайта құрылған керей тайпасы ұлы жорықтар, одан соңғы түпкілікті
қоныстану дәуірінде жаңғыра ұйысып, баяғы Батыс Түрік қағанаты, кейінгі
Көк Орданың ұйықты, құт қонысын бауырына басқан жаңа ұлыс – Қазақ
Ордасының құрамына ежелгі есімі, дүрмекті тобымен қосылғанын көреміз.
Ежелгі керей тайпасының кейінгі қазақ ішіндегі ең үлкен, атаулы табы – абақ,
ашамайлы, керейіт руларынан шыққан белгілі тұлғалар біршама, атап
айтқанда: XVIII ғасырда жасаған Байжігіт күйші, XVIII ғасырдағы атақты
қолбасы, Керей Ер Жәнібек, қолбасы Шұбарайғыр Қожаберген батыр, XIX
ғасырда жасаған азаттық жыршысы Нысанбай, күйші Бейсембі би (Бежең),
сазгер Сегіз-сері, әнші композитор Біржан-сал, XX ғасырда жасаған, Шығыс
Түркстанның дербестігі үшін әрқайсысы өз жолымен күрескен Оспан батыр
мен Дәлелхан генерал, Советтер билігі тұсында жасаған, еңбек еткен:
мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасов, ұзақ уақыт Қазақ республикасын
басқарған, әуелде екінші хатшы, кейінде бірінші хатшы болған Жұмабай
Шаяхметов, жазушылар Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан
Шаймерденов, тарихшы Манаш Қозыбаев, мүсіншілер Хакімжан Наурызбаев,
Төлеген Досмағамбетов, суретші Қанапия Телжанов, әнші Ермек Серкебаев,
композитор Еркеғали Рахмадиев және жазушы, тарихшы Мұхтар Мағауин...
Ағаш-елі немесе моңғол тектілер
Ағаш-елі атауы – Татар Даласының сыртқы, терістік өңірінде, негізінен
Селеңгінің төменгі ағысы, Байкөлдің шығыс қапталы мен түстік төңірегі және
Енисей өзенінің бастауы – орманды алқапта қоныстанған ру-тайпаларға
байланысты. Жалпы есімі бір болғанымен, бұл жұрт әр текті және тұтаса
шектесіп отырмаған, көбіне-көп қоныс аралары алшақ екен. Ағаш-елі
есебінде кейбір түрік тайпалары да аталады, мәселен, құрықан, орман
ұраңқайы деген сияқты, бірақ бұл халықтың басым бөлігі – түріктен тыс,
бүгінде «моңғол текті» деп танылған қауым. Орман адамдары, өз тілінде
хойын-ирген – негізінен аңшылық кәсіппен айналысқан. Мал бақпаған, төрт
түлік дегенде сарлық қана өсіріпті – көші-қонда жүгін артады және сүтін
ішеді. Бұғы үйреткен – көлік және тамақ. Жылқы ұстағаны туралы нақты
дерек жоқ, қыста аяқтарына шаңғы байлайды және жеңіл шана сүйретеді
екен. Киіз үй, шатыр дегенді білмейді, тоқтаған жерінде ағаш қиып, салдау
көтеріп, күрке тігеді, онысын бұтақпен, қабықпен қамсап, далда жасайды.
Қайың сауады, яғни қайыңның діңін қиғаштай кертіп, тәтті сөлін тосып ішеді.
Орман жұрты өздерінің осы өмірін қанағат қана емес, мақтаныш тұтады
дейді Рәшид-әд-Дин. Мал соңында жүруді қорлық санайды және қой баққан
халыққа күле қарайды екен. Әйткенмен, орманды алқапты мекендеген
тайпалардың барлығы да жауынгер болған.
Шалқар Даланың, кейінгі қытай тарихнамасы Татан деп атаған шығыс бөлігі
әлмисақтан бері түрік текті, тұңғыс-мәнжу текті, моңғол текті тайпалардың
шұрайлы қоныс үшін қырқысқан майдан алаңы болғаны мәлім. Ұлы Түрік
қағанаты, тіпті, одан бұрынғы Ұлы Ғұн ұлысы кезінде бұл өңір түгелдей дерлік
түрік нәсілінің иелігіне көшіпті. Алып мемлекеттер ыдырағаннан Шыңғыс хан
атқа мінгенге дейінгі аралық – үш ғасырдан астам ұзақ уақыт бойы бұрынғы
қуаты қайтса да бекем отырған түрік текті тайпалар ежелгі қонысынан
айрылмаған екен. Тұңғыс, моңғол нәсілі шаруашылыққа қолайлы кең
даладан шеткері аймақтарға біржола тықсырылған. «Ағаш-елінің» арғы
тарихы да осы тайталас жағдайларға байланысты. Біз қамтып отырған
дәуірде бұл өңірдегі, қазіргі тілмен айтқанда, моңғол текті ең елеулі тайпалар
– ойрат, қоры, бурят екен және соларға жалғас, қарасыны шағын орасұт,
күштеми, бұлағашын, керемушін аталады.
Ойрат. Моңғол тектілердің ішіндегі саны мол және ең қуатты тайпа – ойрат
болды. Енисей өзенінің негізгі тармағы Ұлұғ-Кемнің бастау аңғарында
қоныстанған. Түстік тарапта меркіттермен шектесіпті.
Ойрат есімінің төркіні туралы әрқилы тұспал бар. Біреулер – «ойра», жақын
деген сөзден туындады деп біледі. Енді бір пайым – «ой» – орман сөзінің
түрленуі. Бүгінгі мақұл пікір – «ойн арад» – орман халқы деген сөз. Атау
қайткенде де осы «орманның» төңірегінен шықса керек.
Ойраттар аңшылықпен қатар, белгілі мөлшерде мал шаруашылығын да
игеріпті. Бұл жұрт мекендеген, Енисей–Кем-дарияға құятын Секиз-мурен
(Сегіз-өзен) алқабы – оты мол, суы мол, табиғаты да біршама тәуір, тіршілікке
қолайлы өңір екен. Осы қоныста өсіп-өндіген ел әуелден-ақ дербес күн
кешеді, өзіндік ұлыс құрылымын қалыптастырады. Әлбетте, түрік әсері, ел
билеушілері бек атаныпты. Шыңғыс хан ту көтерген кездегі әмірі – Құтұқа
бек, азды-көпті қарсылық жасағанымен, тым арыға кетпей, бағынышқа
көнеді.
Ойраттар бұрынғы-соңғы Батыс жорықтарында әскер құрамында
болғанымен, негізгі халқы ежелгі қонысынан табан аудармапты. Яғни, өз
жұртында қалып қойған. Түрік нәсілінің қалмақ атандыруы осы себепті деген
пікір бар. Түпкі ұлыстағы түрік-татар қауымы түгелге жуық Алтын Орда,
Шағатай тарабына қоныс аударып, Қытайдағы Юань әулеті енді Миң
әулетімен алмасқаннан соңғы кезеңде, ежелгі ұйтқысы бұзылмаған ойраттар
үлкен күшке айналып, дүрк қозғалады, бұрынғы Татан өңіріндегі ең қуатты
тайпа ғана емес, дербес ұлыс ретінде, құдіретті Қытайдың өзімен жағаласқа
түседі. Ақыры, тыныш әрі жайлы қоныс іздеген ойрат қауымы XVI ғасырдың
екінші жарымында, бұл тараптағы түрік руларын Дәшті-Қыпшақ шегіне
біржола ығыстырып, Жоңғар алқабына келіп орныққаны белгілі.
Ойраттардың әуелгі кездегі рулық бөлінісі туралы нақты деректер жоқ, бірақ
бұдан соңғы дәуірде Дүрбін-Ойрат – Төрт Ойрат атанғаны белгілі. Бұл төртеу:
дүрбіт, қошауыт, торғауыт, шорас деп аталады. Торғауыт – күзетші әскер
ретінде Шыңғыс хан заманында, негізінен түрік текті, әрқилы рудан құралған
арнайы жасақ болатын, ұлы хандар өкімі біткеннен кейінгі кезеңде атаулы ру
ретінде дербестеніп, XV ғасырдың орта шенінде үш ойратқа қосылады да,
теңдес төрттің біріне айналады, әйткенмен, XVII ғасырдың бас кезінде бұл
одақтан бөлініп, Батысқа қарай үдере жылжып, Еділ-Жайық бойын алады,
енді Дүрбін-Ойраттағы торғауыттың орнын хойыт руы басады. Ежелгі ойрат
тайпасының тікелей мұрагері болып табылатын бұл қуатты ұлыс Орталық
Азия тарихына үлкен ықпал жасағаны, ақыры түгелге жуық қырылып кеткені
белгілі. Ежелгі ойраттың қайта көтерілген бүгінгі азды-көпті ұрпағы Ресей
шегінде, Қытайдың Шыңжаң, Цинхай өңірінде және Моңғол ұлысының
Қобда аймағында тұрады. Жиын саны небәрі 400 мың төңірегінде.
Бурят. Бурят (буриат) атауының мән-мағнасы туралы да әрқилы болжам бар.
Кейбір зерттеушілер «бураа» – орман жұрты атауынан туындаған дейді.
Қалыпты бір пікір – «бөрі» тотеміне жүгінеді, яғни, буриа – бөрілер, бөрі
әулеті деген сөз. Сонда бұрынғы тайпа, кейінгі халық есімін түрік-татар
нәсілді көршілер қойған болады. Осыған орай белгілі ақиқат – бурят
жұртының әуелгі рулық кезеңінде де, кейінгі, халық болып ұйысу дәуірінде
де түрік компоненті, түрік әсерінің айрықша болғандығы.
Шыңғыс хан ту көтерер шақта бурят – Ағаш-елі аймағында ықпалды, үлкен
рулардың қатарына енбеген. Рәшид-әд-Дин тарихында жоқ, тек «Қастерлі
шежіреде» ғана аталады. Буряттың бұл кездегі қонысы – Селеңгі өзенінің
төменгі ағысы, сірә, оң қабақ, Байқал көлінің шығыс жағалауы болса керек.
Еке Ұлыс құрамына ағайындас тайпалармен бір мезгілде қосылған. Батыс
жорықтарында белгілі мөлшерде жасақ шығарғаны аңғарылады, Алтын
Ордадан соңғы Дәшті-Қыпшақ тайпаларының қатарынан көрінетіні бар.
Жалпы жұрты ежелгі мекенінен табан аудармаған. Уақыт озған сайын
қордаланып, көбейіп, туыстас моңғол және түрік руларының әрқилы
жұқанасын өздеріне қосып алып, моңғол текті дербес халыққа айналыпты.
Жекелеген топтар мен шашыраған ру тармақтарының (негізінен ойрат пен
халхадан тыс қатаған, оңғыт, жалайыр, үбір-керей, торғауыт, дарқат, хан-
қырғыз аталары) мазасыз орталық даладан ауа көшіп, бурятқа келіп
құйылуы, тіпті, XVII ғасырдың ақырына дейін тоқталмаған. Бұл кезде бурят
жұрты Селеңгі, Барғұжын, Аңқара өзендерінің бойына жайыла қоныстанып,
Байқал көлінің терістік-шығыс, түстік-батыс атырабын түгелдей баурапты.
Кейін, екі отаршыл империя – Ресей мен Қытай арасындағы жер бөлісі
кезінде моңғол текті қалған қауымнан ажырап, орыс бодандығына берілген.
Қазірде Ресей құрамындағы Бурят (бұрынырақта Бурят-Моңғол)
автономиялық республикасының тұрғылықты халқы.
Қоры. Рәшид-әд-Дин қоры руын барғұт, тұмат, тулас руларымен бір қатарда
атайды. Осы «Түгел тарихта» және «Қастерлі шежіреде» қоры-тұмат түріндегі
қосар атау да ұшырасады. Бұл тарапта әртүрлі жорамал, тіпті, шешілмеген,
талас түйіндер бар. Әйткенмен, ең бастысы – қоры руының таза ойратмоңғол текті болмысы. Қоры құрамына енген кіші аталардың жай-жапсарын
талдау ешқандай күмәнға жол қалдырмаған. Сонымен қатар, анық түрік текті
тұматпен қосарлана аталу себебі әрқилы талданады. Бір зерттеушілер қорытұмат атауы – қорылардың ілкіде тұматтарға бағынышты, тұмат тайпасының
құрамына енген басыбайлы жағдайынан деп біледі. Ендігі бір тұспал – барғұт
атауы сияқты, тұмат пен қоры да Барғұжын-Тоқым өлкесінде қоныстанған әр
текті рулардың жалпы атауы болса керек, яғни, қоры-тұмат дегеніміз –
жинақты есім. Біз алғашқы тұспалға бейімбіз. Қоры руы қуатты тұмат
тайпасының оң қанаты есебінде болған деген дерек бар. Әрине, арғы бір
заманда. XI–XII ғасырларда Байкөлдің шығысы мен түстігінде моңғол текті
қауымның ықпалы артып, тұматтар батысқа қарай жылжығанда қорылар
тәуілсіз, дербес руға айналған деп байыптау керек. Шыңғыс хан ту көтерген,
одан соң бүкіл Орман жұрты Еке Ұлысқа бағыныш танытқан заманда Қырғыз
шегіндегі тұмат пен Барғұжын-Тоқымдағы қорылардың арасы мүлде
алшақтап кеткен.
Бұрынғы-соңғы Батыс жорықтары кезінде қоры руы қаймағы бұзылмай,
ежелгі қонысында қалғаны көрінеді. Кейінде негізгі тобы бурят халқының
құрамына енген және қауым-жұртқа ұйтқы болған ең басты төрт арыстың бірі
саналады. Сонымен қатар, қоры – түстіктегі моңғол арасына да сіңіскені
байқалады.
Ру атауы, бурят зерттеушілерінің өзінің айтуынша, ежелгі түрік тіліндегі қоры
(қорғау, күзет) сөзінен туындаған екен. Ұлы қағанатқа тәуелділік замандағы
міндетті қызмет орайынан шықса керек.
Рәшид-әд-Дин шежіресінде және қытай деректерінде осы орманды алқапта
жасаған, бірақ кейінгі тарихта айтарлық із қалдырмаған тағы бірнеше ру
ұшырасады. Бұлар: бұлағашын, керемушін, орасұт, күштеми, тобас деп
аталады. Бұл рулардың барлығы да уақыт оза келе, әр тараптағы халықтар
арасына сіңісіп кеткен.
Бұлағашын, керемушін жұрты, Рәшид-әд-Диннің айтуынша, Барғұжын-Тоқым
аймағында жасаған. Кейінгі зерттеушілер Аңқара, Лөнә өзендерінің бастауы
деп нақтылайды. Ру атауының негізі түрік тілінен. Бұлағашын – бұлғын
аулаушы, керемушін – тиін аулаушы деген сөз. Түрік қағандары заманынан
бастап, бағалы аңдар аушылығына машықтанған, үлкен ұлысқа, оның алыс
жұрттармен сауда айналысына қажетті ұлпа елтірі қорын жасайтын,
маманданған қауымдар қалыптасады. Немесе, жері ыңғайлас белгілі бір ру,
аталарға арнайы міндет жүктеледі. Қайткенде де, аталмыш ру есімдері
сондай, кәсіптік негізден туындаған тәрізді. Кейінгі бурят халқының
құрамындағы іргелі төрт тайпаның бірі бұлағат – осы, ежелгі бұлағашын
әулеті деп саналады. Сонымен қатар, Әмір Темірмен арадағы соғыстар
кезеңінде Моғұлстан ұлысының құрамында бұлағашы (бұлғашы) деген ру
болғаны белгілі. Кейініректе қазақтың Ұлы жүзі осы Моғұлстан негізінде
ұйысқанын ескерсек, ондағы азды-көпті бұлағашын қазақ халқының
құрамына құйылуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, бір кезде Моғұлстан
ықпалында болған Алатау қырғызының Оң мен Солдан тыс, кейінде
қалыптасқан Ішкілік тобының жалпы атауы бұлғашы болуы да ойландырар
дерек. Бәлкім, Ішкілікке баланған ежелгі төлес, нойғұт, дейіт, кесек және
басқа рулардың жарықшық, бөлшектерін әуелде бұлағашы әулетінің
әмірлері билеген шығар. Және Ноғай Ордасының құрамында болған, жөнжосығы белгісіз бұлаша руы да бұлағашын атынан елес береді. Біздің
тарапты мүлде есепке қоспағанның өзінде, ежелгі түбін тапқан бұлағашын
ұрпағы бүгінгі күнге жеткенін көреміз. Ал керемушін турасында тұшымды
дерек қалмаған. Тек қазіргі тыба халқының құрамындағы хередяк (тиін) руы
сол керемушіннің жалғасы болар деген тұспал бар.
Орасұт (урасут, орсут), күштеми (кестеми) – моңғол текті шағын рулар, Кемдария – Енисейдің бастауы, Секиз-мурен өңірінде қоныстанған. Бұлар
моғұлдың ескілікті ем-домын, әрқилы шипалы шөптердің қасиетін жақсы
біледі дейді Рәшид-әд-Дин. Юань дәуірінде империяның ішкі аймақтарына
көшірілген.
Тобас – ежелгі сәнби жұрты, тобалардың нәсілінен саналады. Саян
тауларының түстік бетін мекендеген. Түп негізі түрік. Кейінде моңғол
халықтарының құрамына енді деп шамалауға болады.
***
Сонымен, ескілікті тарихи жазбаларда аттары таңбаланған моңғол текті
үлкенді-кішілі ру-тайпаларды адақтап шықтық. Бүгінде Моңғол республикасы
бауыр басып отырған Ұлы Даладан сыртқары, орманды өлкені мекен етіпті.
Сол дәуірдегі, кейінде бүкіл әлемді тітіреткен асқаралы мемлекет құрылар
кезеңдегі саяси оқиғалар мен қантөгіс ұрыстарға қатыспаған, тақау төңірегіне
ешқандай ықпал-әсері болмаған.
Ең ғажабы – бұрынғы-соңғы тарихшылар мүлде назардан тыс қалдырған
жағдай – қазіргі Моңғол ұлысының негізгі халқын құрайтын халха руының
аты да, заты да жоқ! Әрине, жоқтан бар пайда болмайды, Шыңғыс хан ту
көтерер қарсаңда халха руының әуелгі бір ұйтқы мәйегі дүниеде болса керек.
Басқа емес, осы бүгінгі атымен. Анық моңғол текті, қарасыны шамалы, атақ,
дабырасыз, бейбіт қауым.
Қисынына қарағанда, тұрғылас басқа да рулар сияқты, халха есімі де жер
атауынан туындағаны көрінеді. Атап айтқанда, бүгінгі Ішкі Моңғолияның
терістік-шығысы, Бұйыр-норға құятын Халха өзенінен. Осы өңірде, құдіретті
татар тайпасының шығыс тарабы, Маньчжуриямен шектес аймақта жасап
жатқан шағын ғана жұрт. Саны аз, қарымы кем, мүлде дерлік елеусіз,
сондықтан да ешқандай есепке енбеген. Туыстас түрік-татар тайпалары
қырылысқан, қисапсыз қан төгілген азамат соғысы, оған жалғас ұлы
жорықтар тұсында шайқалмаған, шалдықпаған халха еселей өсіп, бұдан
соңғы салқар көш кезінде, одан әрі Ұлұғ Ұлыстың орнын басқан Түпкі хандық
астанасы – Қытай еліндегі Бейжінге көшіріліп, кең дала мүлде дерлік
қаңырап қалғанда жылжи қонып, ежелгі Түріктің неше мың жылдық жұртына
келіп орныққан...
Халха атауы алғаш рет XIV ғасырдың соңына қарай көрінеді. Юань әулетінің
ақырғы патшасы Тоған-Темірден кейінгі, жаңа Моңғол ұлысында алты
аймақтың (шығыс тарапта – шақар, халха, ұраңқай, батыста – ордос, асут,
түмет) бірі осы атаумен аталған. Небәрі алты түмен әскердің сол
қанатындағы бір түмен – осы халха аймағынан екен, жиыны он мыңдық
жасақ шығара алатын он үш ру: унэгэт, эрчжигит, басут (бесут), джалаит
(жалайыр), хэрэгут, хорлос (қоралас), хорого, хур-цохор, хухэйт, хатагин
(қатаған), тангут (таңғұт), урянхай (ұранқай), сартагут – он үш рудың тұтас
қауым емес, жекелеген бөлшек-жарқалары бас құрап, халха жұрты атанған.
(Бұлардың ішінде басқа тарапта аталмайтын: унэгэт, эрчжигит, хэрэгут,
хорого, хур-цохор, хухэйт – түп негізі халхаға тиесілі, өзіндік аталар деп
шамалауға болады.) Жалғас заманда, өз алдына төрт түмен болып отырған
Ойрат одағы Батысқа қарай ауып, Жоңғарға біржола бекінгеннен соң халха
кеңінен қанат жаяды, 1550 жылдар шамасында ұзын саны он мың
шаңыраққа толып, ежелгі рулардың шын мәнісінде далада қалған азды-көпті
жұқанасын бірте-бірте өздеріне сіңіріп, түрік тектілерін орайына икемдеп,
айналасы екі-үш ғасырда Ұлы Даланың басым бөлігін бауырына басып, «Жеті
қосын Халха» атанады. Яғни халха – кейінгі орта ғасырлар, жаңа тарих
дәуірінде қалыптасқан қауым. Шыңғыс ханның тарихын танып, меншіктенуі –
тіпті беріде. Керек десеңіз, өздерін «моңғол» деп атамаған. Халха. Ру есімі –
халық есімі және ол мекендеген ежелгі Ұлы Даланың ендігі атауы ретінде
қолданылады. Халха жұрты және Халха жері. Ал ескілікті Қытай тарихы және
кейінгі Қытай әкімшілігі тарабынан ғана сақталған «моңғол» есімін біржола
иеленуі – XX ғасырдың 20-жылдарында, Ресей ықпалындағы дербес
мемлекеті жарияға шыққаннан соң ғана және арғы, қытай боданындағы
жұртты да қосып алу ниеті бар орыс өкіметінің нұсқауымен. Әйтпесе, елі де,
жері де бұрынғы Халха атауымен қалар еді. XIX–XX ғасырлар шегінде еңбек
еткен, түріктану, моңғолтану саласында әлденеше томдық, аса мәнді ғылыми
зерттеу еңбектер қалдырған атақты орыс ғалымы Г.Грумм-Гржимайло қазіргі
халха түр-тұлға, дене бітімі тұрғысынан да, дәстүр-салт, әдет-ғұрып, киім
үлгісі, қандай бір этнографиялық сыпат жөнінен алғанда да XIII ғасырдағы
моңғол халқының тікелей мұрагері болып табылмайды («... современные
халхасцы не являются прямыми наследниками монголов XIII столетия») – деп
атап көрсеткен – Западная Монголия и Урянхайский край, Л., 1926, т. III, вып.
I, стр. 312, 317.
Біз халханы кемітпейміз, тарихи шындықты ғана айтып отырмыз. Соған
жалғас екінші шындық – халханың өзгеше талайы. Ақыр түбінде көрнекті
қауымға айналған (жаңа XX ғасыр, тәуелсіздік қарсаңында жалпы саны 500
мыңға тартыпты, десе де бұл – жекелей алғанда қазақтың сол кездегі арғын
руынан аз, найман руымен шамалас қана халық), моңғол текті жұрттың ең
ауыр салмағын арқалаған Халха баяғы Шыңғыс ханның бірден-бір мұрагері
болып шығады. Коммунистік қыспақтың ең қиын күндерінің өзінде Шыңғыс
ханнан бас тартпайды, жартылай болса да ақтап, Халханы ұйыстырушы,
бүгінгі Моңғол мемлекетінің негізін салушы деп жариялайды. Ұйыстырғаны
рас. Әлемдік империя – Еке Ұлысты және бүкіл түрік-моңғол жұртын, ал халха
– соның бір пұшпағы ғана. Тек әуелгі ұйтқы – халха руы емес, кейінде Халха
атанған, одан бұрын Татан – Татар Даласы деп танылған, одан да бағзыда...
Ұлы Түрік қағанаты, Ұлы Ғұн өркен жайған Ұлы Даланың байырғы халқы –
түрік текті қауым. Рас, түптеп келгенде, ежелгі жұртымызды түрік, моңғол
деп жіктеудің өзі шартты. Бәріміздің түбіміз бір, бәріміз де сол Ұлы Даланың
перзентіміз. Әрине, бұл санаттың бел ортасында бүгінде моңғол есіміне
көшкен халха жұрты да тұр.
Ал моңғол текті басқа тайпалар... олар да бүгінгі күнге жетіпті. Ресей
құрамындағы бурят халқын айттық. Дүрбін-Ойраттың әр тарапта қалған
соңғы жұқанасын атадық. Ендігі ең үлкен қауым – Қытай Халық
республикасының шегінде, Ішкі Моңғолия атанған, қазіргі дербес Моңғол
ұлысының шығыс және түстік-шығыс атырабын белдеулей орап жатқан, ол да
ұлан-ғайыр өлкеде тұратын ежелгі моңғолдар. Бүгінгі жағдайы... әрине, жат
жұрт телімінде, ата-мекенде азшылыққа айналған, алыс болашағы және
бұлдыр. Орайына қарай бар айтарымыз – Юань заманынан бастап-ақ бұл
тарапта рулық бөлініс мүлде дерлік жойылған, аймақ, қосын атаулары ғана
қалған, көбіне әуелгі тарихтан тыс, кейінгі атаулар, тіпті, алда-жалда «найман
аймағы», «оннют», немесе «чжалаит аймағы» десе, бұл – найман руы емес,
оңғыт пен жалайыр да емес, бір заманда наймандар, оңғыт, жалайырлар
көпшілік болған, немесе билік құрған өңір, ал бүгінде тек қана шартты атау
деп білуге тиіспіз. Керек десеңіз, соңғы, Цин дәуіріндегі қытай тарихнамасы
Ішкі өлкеде сондай есімді рулар болғандығының өзін дәйектемейді,
мәселен, Найман, Қоралас, Жалайыр, Оңғыт (Найман, Горлос, Чжалаит,
Оннют) аймақтарының атауы – бағзыда, Шыңғыс ханның ұлысты ұйыстыру
жолындағы жеңістері ұмытылмас үшін, қағанның он бесінші ұрпағы, бүкіл
Моңғолияны билеген ең соңғы әмірші Даян ханның балалары және оларға
жалғас немерелер қалыптаған, мекендік һәм әкімшілік бөлініс нышандары
деп қана есептейді (“Мэн-гу-ю-му-цзы”). Яғни, арғы заманның өзінде әуелде
Шығыс империя шегінде қалып, одан соң Қытай қарамындағы бұратана,
бодан жұрт қатарында күн кешкен түрік текті, моңғол текті ірілі-уақ барлық
ру мыйдай араласып кетіпті. Үлкен түрік қауымынан шеткері қалған, әрі арғы
тегі туыс десек те, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, тіліне дейін бөлек басқа бір жұрт
арасындағы азшылық болған себепті, заманнан заман өткенде, олардың
барлығы да қатардағы моңғол болып шыққан. Және бұл – сол дәуірге тән
біржақты ғана құбылыс емес. Түрік нәсілінің қайнаған ортасына түскен, анық
моңғол текті ойрат пен бурят, тіпті, түбірі бөтен таңғұт пен қара-қытайдың
жарқа, бөлшектері көп ұзамай-ақ таза түрік қалпына көшкенін көреміз. Бұл –
әлемдегі бұрынғы-соңды халық атаулының қалыптасу жолындағы әдепкі
заңдылық. Түрік, моңғол ғана емес, славян нәсіліне де, роман, герман
нәсіліне де қатысты сөз. Керек десеңіз, ешқашан тоқталмаған, белгілі
мөлшерде күні бүгінге дейін жүріп жатқан үрдіс. Жер әлемде бір ғана тектен
өсіп шыққан «таза» халық деген жоқ. Біздің қазақ та сол қатарда.
Жаңа құрылым – жаңа рулар
Шыңғыс ханның ұлысты ұйыстыру соғыстары нәтижесінде ежелден атақты
кейбір тайпалар екінші, үшінші қатарға түсті, кейбір, қасарысқан рулар қатты
қырғынға ұшырады, мүлде дерлік тозап кеткендері, уақыт оза келе біржола
жойылғаны бар, соған керісінше, қолайлы жағдай, қағанның қолдауымен
күрт көтерілген, алға шыққан аталар да болды, бір сөзбен айтқанда, Азамат
соғысы аяқталып, тақау төңіректегі барлық жұрт бір тудың астына қараған
шақта, Ұлы Даланың этникалық картасы мүлде басқаша кейіпке түсті.
Зайыры, Шыңғыс хан үлкенді-кішілі ру-тайпалардың барлығын да әуелгі
дербестіктен айырғанда, орталықтанған, ұжымды мемлекет құрумен қатар,
туыстас қауым арасындағы ежелгі трайбалистік алалықты да біржола жоюды
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 20
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480