Latin

Шыңғысхан - 17

Total number of words is 3862
Total number of unique words is 2050
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дыбысталуы – “бекрінмен” аралықта – бәhрин болса керек. Бәhрин-бекрін
ХV–ХVІ ғасырларда көшпенді Дәшті-Қыпшақ тайпаларының қатарында
әлденеше мәрте аталады. Кейінгі өзбек халқының құрамындағы бехрин мен
қырғыздың Оң қанатындағы баарын да сол ежелгі бекрін руының жұрағаты
болуға тиіс.
Ұйғыр
Ежелгі ұйғыр (хуйхо, хойху) қауымы алғаш рет ҮІ ғасырдағы Қытай
деректерінде, Теле тайпа бірлестігін құраған рулар қатарында аталады.
Туыстас түрік руларымен қанаттаса көшіп, Селеңгі аңғарын жайлапты. Бұдан
соңғы кезеңде Тоғыз-оғұз одағының құрамында Түрік қағанатына енеді. 630
жылы, Қытай Таң империясының тегеурінімен алғашқы қағанат ыдырағаннан
кейінгі дәуірде Тоғыз-оғұз бірлестігі Орхұн және Толы аймағында дербес
ұлыс туын көтереді, бұл, өздерін Ежелгі Түрік елінің жалғас мұрагері санаған
жаңа қағанат қырық жылдай уақыт бойы, Орталық империямен жағаласта өз
еркіндігін сақтап тұрыпты. Содан соң, қайта көтерілген Екінші Түрік
қағанатымен соғыста жеңіліс тауып, бұрынғы үйіріне қосылады. Әйтсе де,
ішкі алалық басылмапты. Ақыры, 744 жылы, бұл кезде он-ұйғыр тайпасы
бастаған Тоғыз-оғұз одағы байырғы Көк түрік Әшен (Ашина) әулетін құлатып,
жаңа, ұйғыр-түрік қағанатының негізін салады. Он-ұйғыр тайпасы (қытай
деректемелері бойынша: хойху, иологэ, худугэ, кюйлоу, мокэсигэ, аучжай,
гэса, хувыньсо, иовугэ, хасеву рулары) Ұлы Даладағы жетекші орынға
шығыпты. Әуелгі алауыздықтың аяусыз қантөгіске ұласуы – билікке таласта
ғана жатпаған. Нәсіл-тегі бір бола тұра, он-ұйғыр өзін қалған қарындас
қауымнан бөлек санағаны аңдалады. Зады, он-ұйғыр тайпасының
қалыптануында ассимиляцияға түскен динлин текті қауымның үлесі біршама
болған. Қытай деректері ежелгі ұйғырды бітік сары шаш, адырақ көк көзді,
қолағаш мұрын, қалың қас, қаба сақалды жұрт ретінде сыпаттайды.
Биліктегі ұйғыр әулеті ел өміріне бірқанша, түбегейлі өзгерістер енгізеді.
Ілкіде, ІІІ ғасырда Парсы жұртында, ежелгі зәрдөш (зароастр) дінінің
христиан және будда ғұрыптарымен тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан, бұл
кезде жапсарлас Қытай ішінде кеңінен тарай бастаған манихей дінін
қабылдаған ұйғыр қағаны енді 763 жылы осы жаңа нанымды мемлекеттік дін
деп жариялайды. Соған орай, ата-бабадан келе жатқан, ана тілінің ішкі
заңдылықтарына сәйкес, үздік үлгілі ежелгі түрік (орхұн) жазуы жарамсыз
деп танылып, оның орнына иран-соғды әліпбиі негізіндегі төтенше, әрі түрки
әуезге үйлесімі шалағай, бөгде бітік жасалып, ол “ұйғыр жазуы” атанады да,
арнайы жарлық бойынша, жан-жақты қолданысқа енгізіледі. Қытай,
Соғдиана, Иран тарабынан манихей дінінің тақуалары мен ғұламалары
арнайы шақыртылады, көптеген пұтханалар, тіпті, діни орталық ретінде жеке
қала салынады. Міндетті жаңа жазу арқылы жарлықты жаңа діннің жат
жерлік, жат ұғымдағы рухани әдебиеті жұрт арасына кеңінен таратылып,
мейлінше уағыздалады. Манихей дінінің қалыпты қағидалары бойынша,
адам атаулының негізгі қорегі мал сүмесі емес, жер жемісі болуға тиіс екен.
Енді елдің байырғы тұрмыс-салтын, әуелгі тіршілік кебін біржола өзгерту
жолындағы жоспарлы жұмыстар іске қосылады.Әрине, бар тіршілігі малға
қараған көшпенді жұрт сары қымыз ішуге, қызыл ет, ақ май жеуге тиым
салынған төтенше рәсімге көніп отыра алмайтын еді. Көп ұзамай-ақ, 780
жылы ұлыс құрамындағы байырғы жұрт жаппай көтеріліске шығады, тақтағы
қағанды өлтіреді, оның шет жұрттардан келтірген, діни ғұрып өз алдына,
елдің саяси және әлеуметтік өміріне айрықша ықпал жасап отырған діни
уағызшылары мен сопыларын қырып тастайды. Жұрт жаңа билік аясында
ежелгі дәстүр-салтына қайтып оралады. Алайда, көп ұзамай, 795 жылы,
қағанатың ішкі және сыртқы қиын ахуалын пайдаланған туыстас әдіз (эдиз)
руы үстемдікке жетеді және өзін бұрынғы биліктің жалғасы деп жариялап,
манихей рухты тәртіп-жүйені қалпына келтіреді. Қайткенде де ұлыс өмірі
билеуші таптың ыңғайына көшіпті. Алайда, тарихи тұрғыдан алғанда, ҰйғырӘдіз қағанатына тым ұзақ ғұмыр бұйырмады. Арада жарты ғасыр өтпей, 840
жылы, іштен көтерілген тоғыз-оғұз бектерімен жалғасқан Енисей
қырғыздары Ұйғыр ұлысын қирата талқандап, бүкіл аймақты басып алады.
Ең соңғы қағаны шешуші шайқаста өлген, оның мұрагері қашқынның күнін
кешіп, көп ұзамай басын жойған Тоғыз-оғұз одағының жалпы жұрты әр
тарапта бас сауғалайды. Кейбір рулар Ұлы Даланың әр тұсындағы ағайындар
арасын сағалайды, көпшілік қауым батыстағы Қарлұқ хандығынан пана
табады, енді біраз жұрт бір жағы Қытай, бір жағы Таңғұт, Тибет шегіне дейін
ығысады. (Осы, жаңа мекен – Эдзин-гол өзенінің аңғарына орнаған және
қалыптанған Ганьчжоу-ұйғыр бектігін жаулас таңғұттар 1028 жылы біржола
жойып жібереді.) Ал он-ұйғыр қауымының негізгі тобы босқын тауып, Шығыс
Түркстан, бұрынғы үлкен ұлыс шегіне жетіп тоқтайды. Осы өңірдегі, ілкіде
қағанат құрамына енген Қара Хочжо (Тұрпан), Бешбалық (Гучен) аймағында
алды-артын түгендеп, ірге теуіп орнығады және көп ұзамай берік бекініп,
өрісін кеңейте бастайды. Сөйтіп, біржола құрып кету қаупінен құтылыпты,
бірақ ежелгі тайпа өзінің бұрынғы қуатына жете алмайды. Жаңа қоныста
саны басым иран текті, тибет текті жергілікті жұртпен будандасқан және
бұрынғы манихей рухынан бас тартып, көпшілігі будда, біразы несториан
дінін қабылдаған, қоныс ыңғайына орай егіншілік кәсібіне біржола көшкен
ұйғырлардың әдет-ғұрып, тұрмыс-салты, тіршілік кебі ғана емес, түртұлғасына дейін түбегейлі өзгеріске ұшырапты. Тек үйреншікті есімі ғана
қалған. Жаңа жұртта қалыптасқан жаңа халық ежелгі түрік hәм жергілікті
(сірә, соғды) – екі тілде сөйлейді екен. Және отбасында, әрі күнделікті
тұрмыста осы екінші тіл басымырақ болыпты. Кейінгі совет ғылымы
жапсырғандай, өзін әсте ұйғыр санамаған, түрік деп қана білген Махмұд
Қашғаридің нақты куәлігін келтіре кетейік. Ұйғырлар – отырықшы жұрт,
дейді. «Түрік тілінде таза сөйлейді (немесе, “тілдері таза түрікше”, – М.М.),
сонымен қатар, өзара сөйлесетін тағы бір тілдері бар”, – деген. Яғни,
отбасындық, тума, ана тілімен қатар, қоршаған орта, билеуші әулет әсерімен
түрік тіліне жетіккен және біржола дерлік түріктенген байырғы қауым. Есебі,
бағзыдағы ұйғыр саны артық, жергілікті халық ішінде жұтылып кеткен, аты
бар, заты жоқ. Қайткенде де, өзіндік сыпаты қалыптанған, өзінше тіршілік
кешкен дербес жұрт. Патшаларын қаған емес, хан емес, идиқұт (құтты
әмірші) деп атаған.
Осы өңірге қатысты біршама мағлұмат қалдырған Марко Поло мұндағы
халықтың отбасылық өмірі туралы өзгеше деректер айтқан. Ерлері бірер
аптадан артық сапарға кетсе, әйелдері басқа бір бай тауып алады, күйеулері
барған жерінде қатын табады және осының бәрі ешқандай сөлекет
саналмайды, дейді. Ал Құмылда жат жерлік жүргінші, үйге келген қонаққа
әйелдерін беріп, оңаша қалдырады, әлгі адам қанша тұрам, не қылам десе
де ерікті; мұндай әдет-салтты естіген Мөңке қаған масқараға тыйым салған
екен, жомарт күйеулер қаншама сый-сияпат алып, дәргейіне барып
арызданыпты, ата-баба дәстүрі бойынша, әйелдеріне еркіндік берілуін
сұрапты, ақыры, біржола түңілген қаған өздеріңе ұнаса, одан әрмен былыққа
бата беріңдер деп, тілектерін қабылдапты; бұл жағдай күні бүгінге дейін
жалғасып отыр, дейді Марко Поло. Бұрынғы-соңғы түрік қауымында мұндай
“ата-баба дәстүрі” болмағаны мәлім. Яғни, ежелгі, тарихи ұйғырдан тыс,
жергілікті жердің былғаныш ғұрпы. Бұл, шын мәнісінде пайдалы, түсімді,
жария жезөкшелік күні кеше, ХІХ ғасырдың өзінде кеңінен сақталып тұрғаны
белгілі. Мұсылман билеушілері де тоқтата алмаған. Жаппай наразылық қана
емес, қарулы көтеріліс қаупінен сескеніп, бәрін де бұрынғыша қалдырған.
Шыңғыс хан Ұлы Даладағы үлкен билікке жеткен кезде ұйғыр атындағы
Бешбалық-Куча хандығы Батыс пен Шығыс аралығындағы Жібек жолының
түйінді тарамын ұстап отырған. Бұдан бұрын Жетісудағы Қарақытай ұлысына
бағыныш жағдайындағы идиқұт Барзұқ енді күштің қалай қарай ауғанын
нақты пайымдайды да, 1211 жылы арнайы елшілік жіберіп, Ұлұғ Ұлыстың
бодандығына сұранады және үлкен абырой табады. Шыңғыс ханның
Сартауыл жорығында өзі бастап, жеті мыңдық жауынгер жасақ шығарыпты.
Төрт ұлыстан соңғы алағай-бұлағай замандарда Шығыс Түркстан өңірі бірде
Моғұлстан құрамында, бірде Қытай, бірде Дүрбін-Ойрат, одан соң қайтадан
Қытай қарағында болады, мұсылман дініне кіріп, араб жазуына көшкен
жалпы жұрт санасында кейінгі шартты этнонимнің өзі мүлде ұмытылып,
біртұтас ұлттық сезімнен ада жергілікті қауым тисілі мекен-тұрақ, қонысаймағы бойынша атала бастайды.
1858–1859 жылдарда бұған дейін Батыс әлеміне мүлде белгісіз, тұйық
жатқан Қашғарға таным, зерттеу мақсатындағы арнайы сапармен барып,
жарты жыл тұрып қайтқан, ілкіде, 1856 жылы, жария жағдайда Құлжада
және болған Шоқан Уәлиханов “ұйғыр” деген сөзді мүлде естімепті. “Шығыс
Түркстан, немесе Кіші Бұхарияның түземдік жұртының халықтық, жалпы
атауы жоқ, өздерінің қала-кенттерінің жөнімен қашғарлық, хотанлық,
құмұллық дегендей қисынмен атала береді, немесе жай ғана йерлік
(жергілікті) дей салады. Қытайлар бұларды чанту (шалмалы) десе, қалмақтар
– хотань, ал қырғыз-қазақтар мен бұрұттар – бәрін де қашғарлық
атандырған”, – деп жазады Шоқан өзінің ғылыми есебінде.
Кейінде, Еуразия халықтарының ежелгі тарихымен қоса, этногенез
мәселелерін арнайы зерттеген Л. Гумилев өз тарабынан бұл жұртты және де
“атаусыз халық” деп айғақтаған.
“Бұлар түрік тілінің өзгеше бір диалектісінде сөйлейді”, – депті тағы да біздің
Шоқан. Түрколог оқымыстылар атаусыз халықтың атаусыз лұғатына “ұйғыр
тілі” деген анықтама береді, бағзыда ұйғырдың із тастаған жерінде тұрып
жатыр ғой деген долбармен. Ежелгі түрік тілін тексеруші әрі жинақтаушы С.
Малов бұл тұспалды біржола тиянақтайды. Ақыры, тілі “ұйғырша” болғаннан
соң, халықтың өзі де ұйғыр атауына ойысады. ХХ ғасырдың басында,
Азиядағы жаппай ұлттық ояну дәуірінде осы, Шығыс Түркстан аумағындағы
туыстас, диалектілік айырымы біршама, әйткенмен негізі орайлас, түрік тілді
отырықшы, егінші қауым әмбесіне ортақ атау ретінде “ұйғыр” этнонимін
иеленеді. Шығыс халықтарының арғы тарихын түбегейлі таныған академик
Бартольд бұл өзгерісті орынсыз және сәтсіз таңдау деп бағалаған. Тарихи
этнология тарабында зерттеу жүргізген басқа бір ғалымдар да ескілікті хуйху
мен кейінгі ойғырдың арасында этникалық және дәстүрлік жалғастық жоқ,
бұл екеуі екі басқа халық деп атап көрсетеді. Қайткенде де, қазіргі Шығыс
Түркстанның негізгі халқы ежелгі ұйғыр этнонимін өздеріне біржола бекітіп,
осы атаумен жалпыға мағлұм болып отыр.
Қарлұқ
1206 жылғы Ұлы құрылтайдан соң, сірә, келесі, ерте көктемде, Жошы ханның
Солтүстік жорығымен бір шамада, Шыңғыс хан Құбылай-ноянды Батыс бет –
Қарлұқ хандығын бағынышқа келтіруге аттандырады. Алайда, бар шаруа
ұрыс-соғыссыз бітіпті. Қарлұқ әміршісі Арслан хан қол қусырып, қалың
әскердің алдынан шығады және Еке Ұлыстың ғұзырына жүгінеді. Құбылайноян бұдан соң осы төңіректегі басқа да түрік жұрттарын береке-бірлікке
келтірген сияқты, әйтеуір ұзақ бөгеліп, 1211, қой жылы жазғытұрым Арслан
хан және ұйғыр идиқұты Барзұқ екеуін ертіп, Келүрен бойында отырған
Шыңғыс ханның ордасына келеді. Құдіретті қаған жаңа бодандарын үлкен
ықыласпен қабылдап, мейлінше жарылқапты. Риза болмас жөні жоқ:
Батысқа жол ашылды және ерікті, бейбіт бағынған жұрттың тілектес
тыныштығы өз алдына, жарым дүниені жаулауға тиіс темір түмендер
қатарына тілі ортақ, тегі бір тағы қаншама әскер келіп қосылды. Қарлұқ
қонысы Жетісудың терістік бөлігін және, сыңайына қарағанда, одан жоғары,
Ертіске дейінгі кең даланы қамтып жатқан. Бұл – бір замандағы халқы мол,
қуаты зор Қарлұқ қағанатының жұқанасы, соңғы жүз жылда Қарақытай
патшалығының боданы есепті шағын хандық болатын.
Қарлұқ жұртына қатысты деректер Қытай тарихнамасында VI ғасырдан
белгілі. «Таң шу» шежіресінде түрік қауымының бір тармағы есебінде
айтылады. Қарлұқ (гэлолу) тайпасының әскері күшті, соғыста жанкешті деп
атап көрсетеді. VII ғасырда Алтайдың батысы мен Солтүстік-батыс Тянь-Шань
аралығынан Ертіс, Тарбағатайға дейінгі байтақ өлкені мекендеген. Бұл кезде
қарлұқтар Ұлы Түрік қағанатының құрамында болады. Қағанат ыдырағаннан
соңғы кезеңде үлкен күш-қуатқа жетеді және VIII ғасырдың орта шенінен
бастап түстікке қарай жылжи көшіп, Жетісуды түгелімен иеленеді, одан әрі
батысқа беттеп, Шу мен Талас алқабын алады, түрік текті түргештерді
бағындырып, көп ұзамай-ақ бір жағы Ыстық көл, Ферғана, бір жағы Сырдарияға дейінгі байтақ жұртқа билігін орнатыпты. Уақыт оза келе Шығыс
Түркстанға қанат жайып, Қашғар, Хотан аймағын қарауына келтіреді. Бұл
замандағы араб жазбаларында (Әл-Истахри, Әбу Дулаф, Ибн Хаукаль,
Масғуди) қарлұқ иелігіндегі үлкен кенттер қатарында: Талхир (Талғар), Суяб,
Тараз, Фараб (Отырар), Шаш (Ташкент), Исфиджаб (Сайрам), Мерке, Құлан,
Орда, Баласағүн қалалары аталады. Кеңбайтақ қарлұқ иелігінің бір шеті мен
екінші қиыры – отыз күндік жол екен. Бұл жұрт барлық түрік тайпаларын
(әлбетте, бұрнағы Батыс Түрік қағанаты шегінде, – М.М.) билеп-төстеп отыр,
дейді. Саны мол, бойлары ұзын, түрлері келісті халық деп сыпатталады. Түрік
жұртының бір бұтағы ретінде аталады. Ал Махмұд Қашғари «қарлұқ –
көшпенді түрік тайпасы, оғұз емес, түркмен табына жатады» деп айғақтаған.
Енді бір тұста – «түркмен тайпаларының бірі» деп көрсетеді. Рәшид-әд-Дин
«кезінде өз алдына билік құрған тайпалар» тобында бөліп айтқан қарлұқта
елбасы – Түрік қағанаты тұсында елтебер, дербестік кезеңінде жабғу атанған,
кейінде, жұрт іргеленген дәуірде – қаған мәртебесін иеленеді.
Қарлұқ тарихындағы бүкіл VIII ғасыр Орта Азиядағы араб басқыншылығына
қарсы күрес үстінде өтеді. 723 жылы туыстас түрік тайпаларымен одақтаса
отырып, Ходжент түбінде араб жасағын ойсырата жеңеді. Және қаншама
уақыт бойы араб экспансиясына қарсы күрестің бел ортасында болады.
Әйткенмен, арада отыз жыл өтпей, басқа бір тұрғыда көрініпті. 751 жылы
Талас (Тараз) қаласының түбінде бүкіл Орталық Азияның мың жылдық
болашағын айқындаған қырғын ұрыс болғаны белгілі. Бір жақта – Зияд ибн
Салих бастаған араб әскері, екінші жақта – Гао Сянь-чжи бастаған қытай
әскері. Ғаламат майдан тепе-теңдік жағдайында төрт күнге созылады.
Бесінші күні... осының алдында ғана Суяб және Шаш қалаларын басып алып,
тұрғылықты халқын қырғынға ұшыратқан қытайға қарсы дүрк көтерілген
қарлұқтар араб жағына көмекке ұмтылады. Тайталас ұрыс тағдырын қарлұқтүріктің атты аламандары шешіпті. Қытай кейін серпіледі, ал араб, әрине,
өлкені біржола жаулау саясатын одан әрі жалғастырған. Бұрнағы қарсылық
күрес тоқталмайды, ғасырдың екінші жарымы, қарлұқтар Орта Азияға ендей
кірген заманда бұрынғыдан өршелене түседі. Араб билігі белгілі мөлшерде
түстіктегі қалаларға ғана жүреді, қарлұқ иелігі халифат ықпалынан тыс
қалады, өздерінің тәуелсіз дербестігін сақтайды. Осыған керісінше, шығыс
тараптағы көрші – Ұйғыр қағанатымен арадағы соғыстар, түптеп келгенде,
сәтсіз аяқталады. Ұзаққа созылған ұйғыр-қарлұқ майданындағы 812 жылғы
ауыр жеңілістен соң біршама әлсіреген ұлыс шегіне қайтадан басып кірген
арабтар Отырарды қиратады, Сайрам мен Ташкентті ғұзырына келтіреді.
Араб жаулауының жеткен жері осы болыпты. Сонымен қатар, бұл кезде
қарлұқтар кентті жұртымен, ауыл-аймағымен ислам дінін қабылдай бастаған
еді. «Олардың бәрі – мұсылман, бірақ ешкімге бағынышты емес» деп
көрсетеді араб деректері.
Қарлұқ қағанаты 940 жыл шамасында тарих сахнасынан түседі. Ел тізгіні
туыстас Қарахан әулетіне көшеді. Кейінгі замандағы көптеген тарихшылар
ауысқан – билеуші тұқым ғана, шын мәнісінде қарахан әмірі – бұрынғы
қарлұқ өкімінің жалғасы деп санайды. Әйткенмен де, қарлұқтың қуаты
қайтқан еді, әрі бұл тайпа – Орта Азия шегіндегі түрік қауымының бір
тармағы ғана болатын. Осы кезден бастап, мұсылман аймағында қалған
қарлұқтар әрқилы хандықтар құрамына енеді, дала тұрмысынан қол үзбеген
біршама жұрты Жетісудың терістік бөлігінде жаңа хандық орнатады,
астанасы – Лепсі өзенінің Көкжотадан (кейінде Жоңғар Алатауы атанған)
құлама бетіндегі Қайялық (Қойлық) қаласы болды.
Өкімі азайып, өрісі қысқарғанмен, қарлұқтар кейінгі заманда да Орталық
Азиядағы елеулі күш болып қала берді. Шығыстағы Қидан империясы
құлағаннан соң жұртынан ығысқан Елүй Дашы бірден-ақ әр тараптағы
қарлұқтармен мәмлеге келгенін көреміз. 1137 жылғы, Самарқанд әмірі
Махмұт ханмен шайқаста, ең бастысы – 1141 жылы, Селжүк сұлтаны
Сәнжармен арадағы қантөгіс ұрыста Елүй Дашының жасағында болған
қарлұқтар айрықша көзге түседі. Соғыста жаужүрек әрі қайратты деп
сыпаттайды бұларды мұсылман тарихшылары. Енді Жетісудағы Қарлұқ
хандығы қидан Елүй Дашы негіздеген Қара-қытай ұлысына бодан болады.
Бірақ бодандық – қажетті әскер шығару және жеңіл-желпі алым-салық
төлеумен шектелгені байқалады. Нәсілдік және рухани езгіден тыс. Елүй
Дашы бастап әкелген жұрттың құрамында моңғол текті қидан үлесі шамалы
болатын, негізгі қауым – шығыс түріктері – керей мен найман, байжігіт,
байыс, тоқас және басқа да рулардан құралған. Әйтсе де, бұрынғы толық
еркіндік жоқ. Оның үстіне, уақыт озған сайын Қарақытай гөрхандарының
әмірі тарыла түседі.
Сондықтан да, Шыңғыс ханның дабылы жеткен шақта қарлұқтар сүйеніш,
қорғаныш қана емес, тегі бір түрік жұрты деп, Еке Ұлыстың туы астында
асығыпты. (Қарлұқтарға қатысты кейінгі әдебиетте бұл жұрттың азғана бір
бөлігі шығыста қалып, Қаңғайды мекендеген дейтін пікір бар. Бұл қарлұқтар
Шыңғыс хан заманына дейін жетіп, Ұлы Даладағы тайталас кезінде
Жамұқаның жағында болыпты-мыс. Мүлде теріс дерек. Түп негізі
архимандрит Палладийдің «Қастерлі шежірені» қытай нұсқасынан ықшамдап
жасаған аудармасын жаңсақ әліптеуден басталады. Онда Жамұқаны гөрхан
жариялаған тайпалар қатарында «хэлолос» аталатын. Қарлұқ емес, қоралас.
Осы оқиғаға қатысты дерекнама атаулының бәрінде солай.)
Қарлұқтар әуелде, 1218 жылы Жебе-ноянның Жетісу жорығына тартылады,
содан соң Шыңғыс ханның қалың қолы құрамында Сартауыл соғысына
қатынасады. Төрт ұлыс заманында Шағатай мен Алтын Орда шегінде
аталады. Әйткенмен, ең үлкен рулар қатарында емес. Уақыт өте келе,
туыстас жұрт арасында жұтылып кеткен. Бүгінгі заманда өзінің тума есімімен
өзбек халқының құрамында бой көрсетеді. Ал Тәжікстан шегіндегі қарлұқ
өздерін дербес халық санайды екен. Қарлұқтың қазақ арасындағы жұқанасы
– шапырашты ішіндегі азғана, албан ішіндегі аса ауқымды шыбыл табы деуге
болатындай. Арғы тарихта шыбыл (шығыл) – қарлұқ тайпасының
құрамындағы негізгі рулардың бірі. Бұл тұспалдың тағы бір қисыны – қарлұқ
ішіндегі тағы бір тайпа – лабан аталатын. Бәлкім, албанның нақ өзі. Сондайақ «брш» руы бар. Арабша таңбалануы. Білгір тарихшылар «бириш» деп
оқиды. Ешбір талассыз – «бериш», яғни беріш. Құлан мен Мерке аралығында
тұрыпты. Кейінде Қыпшақ бірлестігінің құрамында, Батысқа қарай ойысқан.
Ата Қазақтың шаңырағын көтеріскен негізгі тайпалардың бірі.
Қырғыз
Рәшид-әд-Диннің айтуынша, хижраның 603, қоян жылы Шыңғыс хан КемКемжүт дариясының бойында отырған қырғыз жұртына арнайы елші жіберіп,
бағынуын талап етеді. Бұл – миләди 1207 жыл, қағанның үлкен ұлы
Жошының бастауымен орман тайпаларына қарсы жорық ашылған кез.
Шыңғыс хан Ағаш-елінің өзінің арғы бетінде жатқан қырғызды бейбіт
жолмен алуға ниет етіпті. Қырғыз жұрты екі тап болып отыр екен, екі әмірші –
екі инал да қарсылықсыз икемге көніп, мәртебелі елшілермен бірге ғұзырлы
үш бегін жібереді, олар бағыныш белгісі ақ сұңқар, ақ арғымақ және тоғыз да
тоғыз үйірімен ақ бұлғын сыйлап, Шыңғыс ханның дәргейіне бас ұрған екен.
Бұл қырғыз – бір замандағы аса қуатты, саны мол, даңқты тайпаның кейінгі
жұрағаты болатын, аталмыш кезеңде Кем-Кемжүт – Енисей өзенінің басы
және орта ағысын мекен еткен. Ағаш-елінің солтүстік-батысы, тым шалғай
аймақ. Алайда Шыңғыс хан түрік текті қырғызды Еке Ұлыс құрамына енгізуді
нақты мақсат еткенін көреміз.
Қырғыз туралы ең алғашқы дерек қытай тарихында таңбаланыпты –
миләдиден бұрынғы 201 жылы ғұндар тағы біраз жұрт қатарында гәнгүн
деген тайпаны өздеріне қосып алған екен. Арада қаншама заман өткенде, IV
ғасырдың бас кезінде моңғол текті жужандар (жуан-жуан) цигу дейтін
тайпаны бағынышқа келтіреді. Ал VI ғасырда, Теле тайпа бірлестігі қатарында
хэгу руы аталады. Енді бұдан соңғы Таң империясының (618–907) тарихында
хагас этнонимі көрініс береді. Және сол заман деректерінде «хагас дегеніміз
– ежелгі гәнгүн» деп арнайы ескертілген. Яғни, бұрынғы гәнгүн, аралықтағы
цигу мен хэгу, кейініректегі хагас (хягас) барлығы бір-ақ атау, ежелгі қырғыз
жұртының әр заман, әртүрлі деректерде әрқилы таңбаланған бәсіре
этнонимі болып шығады.
Қырғыз жұртының әуелгі ата-мекені – Ұлы Даланың терістік-батыс өңіріндегі
Хяргас-нор – Қырғыз көлінің төңірегі болса керек деп шамаланады. Бірақ VI
ғасырдың өзінде қырғыздардың кейінгі қоныс – Енисей бойында жүргенін
көреміз. Сірә, терістік тарапқа қарай ығысуы –жужандармен соғыс және
бағыныш кезеңі. Міне, осы шама, алғашқы мың жылдықтың орта тұсында
қырғыз–гәнгүн жұрты ғұн-түрік тайпалары жаулап, бағынышқа келтірген,
нәсілі, тілі белгісіз, қытай дерегі бойынша сары шаш, ақ жүзді динлин
тайпасымен араласып, будандаса тоғысып, атауы бұрынғы болғанымен,
мүлде басқа бір этносқа айналыпты. Бұдан соңғы қытай деректерінде
қырғыздар тумысынан ірі, еңсегей бойлы, жирен шаш, қызыл бет, көк көзді
жұрт ретінде бейнеленеді. Өз араларында бірлі-жарым ұшырасатын қара
көз, қара шашты кісілерді бөтен тұқым, бақытсыз жан деп санайды екен. Бұл
қырғыз өзін бөрі әулеті деп білмеген. Арғы аталары әлдебір тау үңгірінде
құдіретті күштен ұрықтанған сиырдан туыпты. Әлбетте, динлин негізді аңыз.
Орталық Азия тарихындағы динлин теориясын айғақтаған орыс ғалымы
Г.Грумм-Гржимайло Енисей қырғызы – қоршаған халықтар әсерімен
түріктенген динлин деп көрсетеді.
Қайткенде де бұл қырғыздың тілі – түрки, негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болатын. Көбіне жылқы және қой өсіріпті. Сонымен қатар, егіншілік те
әжептәуір дамыған екен. Аңшылық жөні өз алдына. Кен қорыту және
теміршілік жақсы жолға қойылған, алтын, күміс қазған, зергерлік өнері де
дамыған көрінеді. Халық арасына ежелгі түрік (орхұн) жазуы кеңінен тараған.
Дәулеттілері қима ағаш үйлерде, кедейлері бұтақ, қабық, жапырақ жабылған
лашық, күркелерде тұрған, сонымен қатар, киіз үйлер де болыпты. Байтақ
қоныстың орталық ұйығы – Минусы ойпаты екен. Оты мол, суы мол,
тіршілікке қолайлы өңір.
Міне, осындай, табиғаты бай, әрі тайталас, жауынгер ағайындардан алыс,
жаңа қоныста қырғыздар тақау төңірегіндегі түрік, угор, самоди – әр текті
ұсақ руларды түгел бағындырып, еселей өсіп, іргеленіп, ұлыс болып
ұйысады. Қытай деректеріне қарағанда, бұл кездегі әміршілері ажо (ажа)
атанған. 552 жылы, осының алдында ғана құрылған Түрік қағанаты ежелгі
дұшпан Жужан хандығын талқандағаннан соң қырғыз жұрты еркіндікке
жетіп, дербес ел ретінде қалыптанады. Қуаты артып, өрісі кеңейіп, Ұлы
Даладағы елеулі оқиғаларға араласа бастайды. Бұл кезде Саян тауларының
арғы бетінде жатқан, жері шалғай ғана емес, елі де жауынгер қырғызға
ешкімнің қарымы жетпепті. Ақыры, жүз жылғы еркіндіктен соң Қырғыз
ұлысы әуелде Теле (Гаогүй) бірлестігіне, одан соң Көк Түрік қағанатына бодан
болады, қайта көтеріліп дербестікке жетеді, тағы да жеңіліп, кіріптар
жағдайға түседі (бұл кездегі ұлыс әмірлері қағаннан соңғы дәрежеде,
елтебер атаныпты). Осы реттегі соғыстардың бірі Күлтегін және Тоңұқұқ
бітіктерінде нақты сыпатталған. Күлтегін мен Тоңұқұқ бастаған көк түрік
әскері қағанатқа қарсы, Қытай және Түргешпен бірге үштік одақ құрған
Қырғыз ұлысын жазға жеткізбей, қақаған қыс ішінде (710–711), қалың қарды
жарып, Көгмен (Танну-Ола) тауларынан асып түсіп, тұтқиылдан басады,
қағанын өлтіріп, жұртын ойрандап, халқын қырғынға ұшыратады. Көп ұзамай
көтерілген қырғызды келесі, Ұйғыр-түрік қағанаты қайтадан бағынышқа
түсіріпті, әйткенмен, асау жұрт тағы да бодандықтан шығып кетеді. Ақыры, IX
ғасырдың бас кезінде, 818 жылы қырғыз елтебері өзін қаған, яғни тәуелсіз
әмірші деп жариялайды да, бұл кезде әскери қуаты кеміп, сыртқы соғыс, ішкі
қайшылықтар нәтижесінде дағдарысқа түскен Ұйғыр-түрік (Әдіз) қағанатына
қарсы тынымсыз, зор майдан ашыпты. Тура жиырма жылдық қатал
соғыстардан соң, 840 жылы, бір жағы ішкері, тоғыз-оғұз бектерінің
көмегімен, Ұйғыр-Әдіз қағанатын қиратып жеңеді. Енді Қырғыз қағанаты Ұлы
Далаға кеңінен қанат жаяды. Бір жағы Тибет, бір жағы Қытаймен жалғасады,
Орталық Азиядағы үлкен күшке айналады. Әйткенмен, жаңа қағанат
түбегейлі салтанат құра алмапты. Ұжымды ұлыс, берік билік болмайды.
Қалың қырғыз астана байтағымен өз жұртының шегінде қалса, сақарадағы
үлкен тайпалар әрқайсысы өзінше, біршама дербес өмір кешіп жатады.
Ақыры, 920 жыл шамасында, ішкі күштердің серпіні және Терістік Қытайда
билікке жетіп, енді Ұлы Даланы баурай бастаған қидан жұртының
тегеурінімен үлкен қағанаты құлап, кері, ежелгі қонысына қайтыпты. Бұдан
соңғы кезеңде байырғы жұрттағы ұлысының өзі ыдырап, одақтас және
басыбайлы, әрқилы ру-тайпалар ірге бөліседі де, ата қырғыз жеке қалады.
Тағы қандай күйзеліс, апаттар бастан өткені беймәлім. Қайткенде де,
Шыңғыс ханның дәргейіне келген кезінде қырғыз – қатардағы атаулы
тайпаның бірі ғана болып тұрғанын көреміз. Ұйғыр-Әдіз қағанатымен
тайталас және тынымсыз соғыстар заманында сексен мың, жүз мың қол
құраған қырғыздың ендігі жинақтап шығаратын әскерінің ұзын саны бір
түменге де жетпейді екен. Оның үстіне, әуелгі бағыныштан соң көп ұзамай,
Шыңғыс ханның Сартауыл жорығы қарсаңында міндетті әскер жасағын
беруден бас тартып және тұматқа жалғаса көтеріліске шағып, әжептәуір
қазаға ұшырайды. Сонда да құрықтан құтылмаған. Алтын Ордадан соңғы
далалық Өзбек және Ноғай Ордасы, бүгінгі башқұрт құрамындағы рулар
қатарында бой көрсетуіне қарағанда, белгілі бір бөлігі Батыс жорықтарына
тартылған және кейінгі салқар көшке де ілескені байқалады. Бірақ негізгі
тобы сол Енисей бойында қалған. Төрт Ұлыс заманы, XIII ғасырдың соңғы
үшегінде, Шығыстағы Азамат соғысы кезінде тақаудағы Құбылайды емес,
алыстағы Қайдуды жақтайды. Ақыры, 1293 жылы ерте көктемде қыпшақ
Тұтұқаның бастауымен арнайы аттандырылған Юань әскері қалаларын
қиратып, халқын қырғынға ұшыратып, қалған жамағатын бағынышқа
келтіреді. Көп ұзамай-ақ біршама жұртын Маньчжурия тарабына көшіріпті.
Кейінірек Миң әулетінің заманында қуаты қайтқан, саны азайған ежелгі
қауымның бір бөлігі тағы да ата жұртынан ажыратылып, Ішкі аймақтағы
жарақты күзет қызметіне жегіледі. Бұдан соңғы дерек – Сібірді біржола
жаулап, енді Алтайды көбелеп, шығысқа қарай жылжыған орыс воеводалары
XVII ғасырдың алғашқы жылдарында Енисей бойында бұрын өздеріне
белгісіз қырғыз (киргиз) деген халықпен ұшырасады. 1606 жылы, жаңада
ғана салынып бекіген Томск қаласына елшілері келіпті. Бұл кезде қырғыз
өзара байланысты және қанаттас төрт бөлік жұрт екен. Тұрмыстары шектеулі,
егіншілік атымен жоқ, мал шаруашылығының өзі жадау, көпшілігі қара мал,
қой-ешкі дегенді білмейді, тек жылқы ғана ұстайды және бұғы өсіреді, жазусызудан бейхабар. Тұрмыстары тым қораш, ал мініс аттары тұғыр мәстек
екен. Яғни, ежелгі дәстүрден тақи-таза айрылған. Бір жақтан Халханың
Алтын-ханы, бір жақтан қалмақтар қыспаққа алған қырғыз орыс қолтығының
астына кіруді ойласа керек, бірақ патша воеводаларының ашкөздігі мен
тасырлығы нәтижесінде келіссөз нәтижесіз аяқталады. Ойрат пен халхадан
қорған бола ма деген орыстар енді одан да өткен бұзық ниетпен әуелде
қырғыз жерінің шегіне, көп ұзамай, қақ ортасына отаршыл тірек қалалар сала
бастайды: 1604 жылғы Том бекінісінен соң, 1618 жылы Кузнецк, 1628 жылы
Красноярск, 1642 жылы Ачинск...
Жаңадан жұғысқан жұрттың обыр пиғылын таныған қырғыз бұдан былай
әлденендей бір икемге көнбейді, бодандық атаулының қандайына да қарсы
күресіпті. Ақыры, 1635 жыл шамасында күші басым Дүрбін-Ойраттың
ғұзырына келтірілген екен. Бұдан соңғы замандарда қалмақ туының астында
шығыста Қытай тарабындағы қырғын соғыстарға, батыста қазаққа қарсы
шапқынға қатысады. Ал XVII ғасырдың соңында онсыз да қарасыны шектеулі
халық түп көтеріле Жоңғардың ішкі аймақтарына күшпен көшіріледі. 1703
жылға тиесілі орыс деректерінде «қырғыз жерінде бір де бір қырғыз қалған
жоқ» деп айтылады. Ежелгі қоныстан ажыраған бақытсыз жұрт ақыр түбінде,
XVIII ғасырдың 50-жылдарында апатқа ұшыраған қалмақтармен бірге
қырылып кеткен. Бұдан соңғы жерде Енисейдегі қырғыз халқының аты
өшеді. Ертелі-кеш тау сағалап, өзен, тоғай жағалап аман қалған жарқабөлшектері Сібір алабындағы түрік текті әрқилы тайпалар арасында жұтылып
бітеді. Этнографиялық деректерде бұл тараптағы жұрт ішінен ұшырасатын
қырғыз сүйегі сол ежелгі аталы жұрттың соңғы жұқанасы дейміз.
Ал бүгінде Енисей қырғызының тікелей ұрпағы саналатын хақас халқы
бұрнада өзін қырғыз деп білмеген, тек патшалық Ресей империясы
құлағаннан соңғы жаппай ұлттық ояну кезеңінде ескілікті қытай деректерінде
хакас аталған, тәрізі осы өңірде жасаған ежелгі бір жұрттың есімін иеленеді.
Бұл «хякас» – қытай таңбасындағы «қырғыз» екені кейінде ғана мағлұм
болады, бірақ қабылданып, құжатталып қойған хақас этнонимі
автономиялық құрылымға ие болған жаңа жұрттың өзіндік атауы ретінде
біржола бекіп қалады.
Бұл байламның негізін басқаша тарататын тағы бір пікір бар. Сібірдегі түрік
халықтарының ежелгі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Л.Қызласовтың
айтуынша, VIII–X ғасырларға қатысты қытай деректерінде хақас және қырғыз
атаулары дербес этноним ретінде қатарлас қоданылады. Атап айтқанда:
қырғыз – цяньгун, цилицзисы, хэлицзисы, цилгайсы деп таңбаланса, хақас –
хагас, хягас деп белгіленген. Яғни, сол кездің өзінде хақас деген халық бар,
бірақ билеуші әулет – қырғыз руы болғандықтан, бүкіл ұлыс қырғыз атымен
аталған, бұл – ежелгі заман үшін үйреншікті жағдай дейді, осы орайда қазіргі
хақас халқының құрамында қырғыз аталатын сүйек барын алға тартады.
Қалай десек те, бүгінгі түрік тілді хақастың баяғы қырғыз қонысында
отырғаны рас.
Ал енді Енисей қырғызының бір бөлігі, немесе басым көпшілігі Тәңірі тауы
тарабына қашан, қалай көшті, қопарыла, бір мезгілде жылжыды ма, жоқ
дүркін-дүркінімен қоныс аударды ма – бұл сұрақтарға шынайы, нақты жауап
табу қиын. Анығы – VII–VIII ғасырларда екі тарапта да атауы ортақ қырғыз
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 18
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480