Latin

Шыңғысхан - 23

Total number of words is 3649
Total number of unique words is 1891
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ешқандай күмән жоқ – Алағай-бике. Шыңғыс ханың туған қызы ретінде,
келген жерінде билігі зор, өзінің күйеуі, оңғыт әмірі Жингуй Еке Ұлыстың
қалың қолы құрамында Сартауыл жорығына аттанып кеткенде тек атаулы
тайпа ғана емес, Гобидің түстігі, ежелгі түріктер Жасыл-дария атаған Сарыөзен Хуаңхэнің сыртындағы, Ұлы Қорғанмен шектес барлық аймақтың өкімін
жеке-дара ұстаған; бұл кезде Терістік Қытай шегіндегі ұлыс-бегі болған
атақты Мұқалы-нояның өзі қажетті істе сәулетті ханшамен ақылдасып
отырады екен. Кейінде, жесір қалғаннан соң да ғұзырынан айрылмаған. Көп
ұзамай, әменгерлік жөнімен, қаза тапқан оңғыт әмірінің інісіне тиген Алағайбике Өкетай қағанның тұсында да, тиесілі аймақ қана емес, бүкіл Еке Ұлыста
үлкен құрметте болыпты. Ал аталмыш мөр 1207 – 1219 жылдар аралығында
жасалған деп есептеледі, яғни Шыңғыс хан тарихына қатысты ең көне әрі
мәнді мұралардың бірі. Мөр нұсқасы Ішкі Моңғолия астанасы Хухо-Хото
қаласындағы ұлттық музейде тұр.
Осы, ғұзыры жоғары екі мөрдің де сары жезден жасалуына қарағанда,тарихи
жазба деректерде ұшырасатын “Алтын” анықтамасы – мөрдің заттық бітімін
емес, дәрежелік деңгейін белгілесе керек. Бәлкім, әуелде сыртынан алтын
шаптырылған, кейінде түсіп қалған. Сірә, “Алтын” атаулы мөрдің ешқайсысы
да таза алтын болмаған. Алтынның қымбаттығынан емес. Мемлекеттік, ең
ұлұғ мөр әдемі, сырлы десек те, табиғи қас (яшма, әлде нефрит) тасынан
ойылғанда, одан кейінгі мөрлер жасалатын қалыптың артық бағамы
ыңғайсыз. (“Жолбарыс» және “Лашын” шынында да алтын болуы мүмкін,
пайзалардың жөні басқа.)
Үшінші. “Жайғастырушы жарлықты елшінің мөрі”. Төрткіл, 10 да 10 см
шамасында. Заты қола. Екі қапталында қытай иероглифтері, орталықта екі
жол ұйғыр-түрік бітігі.Шыңғыс хан заманында оңғыттар қоныстанған өңірде,
ежелгі қала орнынан кездейсоқ табылған мөрді арнайы зерттеген Сайшиял,
екі тіл, екі түрлі қаріптер сыпатына орай, бұл – 1207–1211 жылдар ішінде
жасалған рәміз деп түйіндеген. “Жарлықты елші” атауы – тікелей хан
әмірімен тағайындалған мәртебелі атақ, ал “жайғастырушы” – айрықша
міндет белгісі көрінеді. Мөр иесі Шүрженге қарсы үлкен жорық қарсаңында
шекаралас оңғыт тайпасына келген арнайы өкіл болуға тиіс. Қайткенде де,
мөрдің Шыңғыс хан тұсында қалыптануы анық. Өкінішке қарай, Сайшиял
ұйғыр бітігінің тілі туралы мағлұмат бермеген, әлбетте, оңғыт – түрік тайпасы,
ал мөр мәтіні... моңғол тілінде болса, Сайшиял оған айрықша назар аударар
еді.
Бұдан соңғы заман – Алтын Орданың әуелгі кезеңі мен Құбылай дәуіріне
қатысты, түп нұсқасында сақталып қалған тағы бірнеше нысан бар,
тақырыбымыздан тыс болғандықтан, бажайлап тоқталуды қажет көрмедік.
Бұл кезде сыртқы қатынас қана емес, ішкі шаруаларда да мөр-тамғаларды
қолдану әдепкі жағдайға айналған болатын.
Кейінгі Жошы ұлысы Алтын Орда мен оған жалғас ұлыстар тұсындағы хан
жарлықтары мен жолдама бітіктерін, соған сәйкес рәміздерді түбегейлі
зерттеген бүгінгі татар ғалымы Мирқасым Усманов төрткіл (квадрат) бітімді
мөр – ең жоғарғы өкім белгісі деп көрсеткен. Осы тұрғыдан алғанда, біз атап
өткен «Билікті ханша” мен “Жарлықты елші” – жоғары мәртебелі ғана емес,
шын мәнісіндегі ғұзырлы мөр-тамғалар болып шығады. Ал ілкіде аталған
”Барыс” пен “Сұңқар” және, тәрізіне қарағанда, “Алтын тамға” қатарлы
“Шыңғыс ханның жарлығы” – атаулы рәміз емес, пайза – өкілетті куәлік қана.
Қандай да бір құжатты бекітіп, қағазға басылғаны турасында дерек жоқ.
Алтын Орда хандарының hәм Елхан ұлысының мемлекеттік мөр үлгілері
түгелдей төрткіл бітімді. Әлбетте, бұл кезде Иранда да, Дәшті-Қыпшақта да
мұсылман діні кеңінен өріс алған. Соған орай мөр бетіндегі “легенда” – мәтін
сыпаты да басқаша. Мәселен, Тоқтамыс ханның тарихтың 795, рәджап
айының 8-жаңасы, бізше миләди 1393 жылы 20 май күні Полон–Литван
королі Ягайлоға жолдаған жарлық-бітігіне басылған мөр. Ауданы – 12 де 12
см. Таңбаны төрт тарабынан жиектей көмкерген жазу арабша, дәстүрлі
кәлима: “Бисмилляh ир-рахман ир-рахим. Лә иләhа илә Алла, Мухаммад
расул Алла”. Қақ ортада, мөр иесінің төрткілдей қоршалған есім-дәрежесі:
“Ас-султан әл-ғаділ Тоқтамыш”.
Осы, М.Оболенский айғақтап, И.Березин талдап, Шоқан дәйектеп зерттеген
әйгілі ескерткіш бетіндегі “Алтын нышан” – Тоқтамыс ханның ғұзырлы, ең
үлкен мөрі. Талайсыз Алтын Орда әміршісіне тиесілі мөрдің бұдан басқа да
түрі бар екен. Бітімі де, таңбасы мен мәтіні де сәл басқашарақ. Мәселен, дәл
сол жылы, ішкілік бір құжатта таңбаланған мөр ауданы 6 да 6 см мөлшерінде
ғана.
Ал ілкі замандағы Иранда елхандар мөрінің мәртебелі бес түрі болған.
Рәшид-әд-Дин атап, таратып жазады. Бірінші – “Үлкен қас-тамға”, екінші –
“Кіші қас-тамға”, үшінші – “Үлкен алтын-тамға”, төртінші – “Ерекше алтынтамға” және бесінші – “Кіші алтын-тамға”. Әрқайсысы мән-маңызына қарай,
әрқилы жағдайда қолданылған. Керек десеңіз, “Қара тамға” аталатын
алтыншы дәрежелі рәміз тағы бар, бағынышты ұлықтарға арналған атаулы
жарлықтардың сыртқы бетіне қойылатын, патшалық емес, қызметтік, куәлік
мөр. Бұл алты түрлі, бітімі төрткіл, бірақ ауданы әрқилы мөр-тамғалардың
көпшілігі біздің заманға жеткен тарихи құжаттар бетінде сақталып қалыпты.
Енді бекітіп, бекемдеп айта аламыз:
Баяғы Карпини көрген, Косма жасады дейтін мөр – куәлік пайза, немесе,
шынында да таңбаға түсетін, бірақ екінші, үшінші дәрежедегі әдепкі мөр
болып шығады.
3
Өткен сөзімізді қайыра пысықтайық.
Қалай тартсақ та, Карпинидің айтқаны – басқа бір мөр екен.
Империялық, ең үлкен дәрежелі мөр-тамға – Ватикан архивінде сақталған
рәсім. Әлбетте, сол бір тұста тақ иесі Күйіктің қолында болған. 1246 жыл.
Енді жиырма жыл ілгері аттап түсейік.
Азамат соғысында жеңіске жеткен Құбылай мемлекеттік мөрді әуелгі астана
Қарақорымда отырған Арық-Бұқадан, арнайы талап қойып, тартып алды.
Сөйтіп, толық ғұзырлы, бар жағынан заңды қағанға айналды.
Арық-Бұқаға мөр Құбылай екеуінің бірге туған, ортақ ағасы Мөңке қағаннан
қалған. Мөңке – немере бауыр Күйіктен соң иеленген. Жаңағы, Рим
папасына жолданған бітік бетіндегі, кейінгілер тікелей Күйік қағанның өзіне
теліген мөр. Нақ сол екені ешқандай даусыз. Ел бүлінген жоқ, қоныс ауған
жоқ. Ұлыс билігіндегі ауыс-күйіс, осы орайдағы азды-көпті тайталасқа
қарамастан, бар бақыт баста тұрған, байырқалы заман. Мемлекеттік мөр де
өз орнында. Соңғы үш қағаннан өтіп, төртіншіге жеткен. Ауыспаған,
өзгермеген. Ал Күйік – жаңа патшалықтың басы емес, жаңа әулетті негіздеуші
емес. Сөйте тұра, қолындағы мөрі кейінгіге айнымас, айналмас мұра болып
жатса, орта жолдағы өзінің де мемлекеттік бас тамғаны жаңадан жасатып
алуы – ақылға сыймайды. Күйік – өзінен бұрынғы қаған, туған әкесі
Өкетайдан мұра қылған. Ал Өкетай құдіретті Шыңғыс ханның мүбәрак мөрін
тәрік етуі мүмкін емес. Жаңа мөр жасалды деген дерек жоқ. Амалсыздан
емес, дәстүр жалғастығымен, елбірей толқынып, сайыпқыран әкесі Шыңғыс
ханның өзінің мөрін қабыл алады.
Мөр-тамғаның Шыңғыс хан тұсында, онда да кейін емес, Еке Ұлыс жаңа
көтеріліп, ту тіккен алғашқы бір жылда жасалғаанына тағы бір нақты айғақ –
ондағы “далай-хан” атауы. Далай-хан – ұлы қағанаттар заманынан соң, ХІ–ХІІ
ғасырларда Қидан өктемдігіне қарсы табанды күрескен керей, найман,
меркіт және басқа да далалық ру-тайпаларды біріктірген, тарихта шартты
түрде “Цзубу” одағы аталатын жаңа ұлыс патшаларының атағы. Жүз жылдан
соң қайта көтерілген жаңа қағанат Еке Ұлыстың әміршісі Темужін толғаныс,
талқыдан соң Шыңғыс хан – Шың-Құз хан атанса, әуелде бұл – есім емес,
титул болатын. Далай-хан – Теңіз-ханың орнын басқан, Шыңдардың Шыңы,
Құздардың Құзы, Хандардың Ханы. Тереңнен – биікке тартады. Ал “далайхан” атауы тек мөр бетінде ғана қалыпты, Шыңғыс хан және оның
империясына қатысты бұрынғы-соңғы әдебиетте мүлде ұшыраспайды. Есебі,
аталмыш мөр Темужін – Шыңғыс есімін біржола иеленіп, Еке Ұлыстың ханы
болып жарияланған 1206 жылғы құрылтайдан бұрын, Керей, Найман
ұлыстарын түбегейлі талқандап, шын мәнісінде Ұлы Даланың бірден бір
әміршісіне айналған 1203–1204 жылдар шамасында қалыптанды деп санар
едік. Көп ұзамай-ақ, байырғы «далай-хан” атағын “шыңғыс-хан” атауы
ығыстырып шығарады және мансап-дәрежеден нақты есімге айналады. Ал
мемлекеттік мүбәрак мөр өз орны, әуелгі таңбасында қалған. Қалыбы да,
мәтіні де өзгерместен.
ХІХ–ХХ ғасырлар шегінде жасаған атақты қытай тарихшысы Ту Цзи нақтылап
жазған. Шыңғыс ханның мөрі Өкетай қағанға тапсырылды, дейді. Бұл екі
аралықтағы азғана уақытта мөр – ұйымдастырушы, реттеуші есебінде билік
басында отырған Төленің ғұзырында болыпты. Қолында Шыңғыс ханның
мөрі тұрғандықтан, көп жұрт Төлені қаған таныды, тиесілі құрмет жасады,
бірақ әке өсиеті бойынша, билік заңды түрде Өкетайға өтті деп айтқан.
Мемлекеттік мөр-тамғаның бұдан соңғы сапарын сызып көрсеттік. Өкетайдан
– Күйікке, Күйіктен – Мөңкеге, Мөңкеден – Арық-Бұқаға, одан соң, ең
ақырында, бақыт тайған Қарақорымнан еріксіз шығып, қалың қытай ортасы –
Пекинге, Құбылай қағанның қолына көшіпті. Мөрмен бірге ұлы империяның
құт-берекесі қоса кетті. Азды-көпті заман өткенде мүбәрак мөрдің заты
жойылып, аты ғана қалған екен. Арыда талайсыз Тоған-Темір қалың жаудан
алып қашқан, беріде Шыңғыс хан әулетінен Ұлы Далада қалған ең соңғы
әмірші Лигденнен кейін, Абахай – Цинь династиясын негіздеген боғдыханхуанди Тай-цзун мұра қылған, ежелгі Юань патшаларының жаңадан жасалған
рәмізінің өзі “Шыңғыс ханның мөрі” атаныпты. Ұлы қаған есіміне қатысты
бедерлі белгінің құдірет-күшін осыдан аңдаңыз.
Қайткенде де, ғылымға белгілі, біз бағамдап отырған, Ватикан архиві арқылы
нақты таңбасы сақталып жеткен өзгеше рәміз – Шыңғыс ханның өзі нұсқап,
қалыптаған, өз қолымен ұстаған бәсіре мөрі екен.
Жер-әлемді тітіренткен Шыңғыс ханның мөрі!
4
Еке ұлыстың қағаны Күйіктің атынан Рим папасы Иннокентий ІV-ге жолданған
жарлық-бітіктің бетіне екі қайтара басылған мемлекеттік мөрдің таңбасы
қызыл дедік. Әйгілі “Ал тамға”. Яғни, ең үлкен дәреже. (Кейінде, Алтын
Ордада “Алтын нышан” мен “Көк тамға” биігірек тұрған сияқты, бірақ бұл –
соңынан.) Батыстағы бүкіл христиан әлемінің көсемі саналатын папа – жат
жұрттық дөкей әміршіге арналған құжатта басқаша болуы мүмкін де емес.
Әлбетте, жолдама әуезі өктем, бірақ дипломатиялық, қалыпты ресми дәстүр
бар, әрі «Ал тамға” – ең әуелі қағаның өзінің мәртебесі. (Айтқандай-ақ, елхан
Арғұнның (1284–1291) француз королі Көркем Филипке арнаған хатнамасына басылған кейіптес мөр де “Ал-тамғалы”, және екі жерден
соғылған.)
Мөрдің бітімі – төрткіл (квадрат), ауданы 15,5 те 15,5 см. Айқындауыш рәсім,
белгісі жоқ. Бірыңғай, толымды сызылған ұйғыр-түрік жазуы. Үйлес алты
қатар, жиыны он бес сөзден құралған.
Пеллио қалыптаған нұсқасы:
“Möngke tngri-yin – kücün-dür yeke mongol – ulus-un dalai-in – qanu jarl il
bola – irgün-dür kürbäsü – büsirätüdüi ayutuai”
Кирилл-орыс жазуы бойынша транскрипциясы:
“Монгке тангриин күчүн-дүр, иеке монгғол улусун далаиин хану жарлғ ил
болға иргүн-дүр күрбәсү бүсирәтүгүй айутуғай”.
Дыбысталу орайымен нақтылай түссек:
“Мөңке тәңриин күчүн-дүр, иеке моңғол ұлұсұн далайын ханы жарлық. Ел
болға ергүн-дүр, күрбәсү бүсүрәтугәй айутуғай”.
Пеллионың оқуы және тәржімасы бойынша Н.Шастина аудармасы, орыс
тілінде:
“Силою вечного неба народа великих Монголов Далай-хана приказ. Если он
прибудет к покорившемуся народу, то пусть они почитают его и пусть они
боятся”.
Сайшиял аудармасы, өз кезегінде ішкі-моңғол тілінен орысша нұсқаланған
(Н.Очиров) кейпі бойынша:
“Под силою вечного неба, если дойдет до слуха граждан высочайший указ
великого Далай хана Большого Монгольского государства, благоговейно
почитай и бойся”. Екінші бір тұста Сайшиял нұсқасы сәл басқашарақ
аударылыпты: “Если под силою вечного неба повеление Далай-хана Великой
Монголии ясно дойдет до граждан, благоговей и бойся”.
Б.Базарованың аудармасы; алдымен сөзбе-сөз қалыбы:
“Вечного неба во власти великого монгольского государства моря хана
повеление. Нарушающего согласие когда дойдет до народа, то пусть он
внемлет ему и боится”. Мағналық және стильдік тұрғыда оңдалған нұсқада:
“Пребывающего под сенью власти Вечного неба повеление хана моря
великого монгольского государства. Как только оно дойдет до народов,
нарушающих согласие, уже установленное между нашими народами, то
пусть они внемлют ему и убоятся”.
Барлық тәржіма, кей бір тұстағы мағналық айырымға қарамастан,
Пеллионың транскрипциясы мен аудармасы негізінде құрылғанын көреміз.
Мөр мәтіні қай тілде жазылған? Бүгінгі Моңғол республикасының оқымысты
мамандары моңғол тілінде деп есептейді. Моңғолиялық қазақ ғалымы
Н.Базылхан да осы тұжырымды қабылдапты. Ал Ішкі Моңғолда жасаған,
Шыңғыс хан тарихы турасында толымды, үлкен еңбек қалдырған Сайшиял
мөр мәтіні түрік тілінде деп, жанама түрде мойындаған. Басқаша болуы
мүмкін де емес. Атақты жарлық-хат және оның бетіне екі жерде басылған
тамға жөнін бажайлап зерттеген француз ғалымы Поль Пеллио әуелден-ақ
мөр мәтіні түрік (әлбетте, ежелгі түрік) тілінде жазылған деп атап көрсетеді.
Бұл нақты байламға Орыста да, Батыста да ешкім ешқандай дау айтпаған,
бәрі де мақұл көреді. Дәлелдеуді қажет етпейтін, зайыр, айқын мәселе.
Енді Пеллио аудармасына қатысты бірер ескертпе. Әуелі “моңғол” атауы
турасында. Біздің байқауымызша, мөр мәтінінде бұл сөз дәл осы қалпында
ұшыраспайды. Этнонимнің дыбыстық көрінісін айқындайтын “нгғ” – яғни “ңғ”
фонемасы жоқ. “Мөңке” – “нгк”, “тәңірі” – “нг”, ал соған орай, “моңғол” деп
оқылған таңба – “монгғол” болуға тиіс еді. Осы сөзді Пеллионың жүйесімен
әліптесек, “монгол”, немесе “монғол” болып шығады, ал бұл – көне түрік,
ескі моңғол тілдерінің дыбыстық заңына қайшы, бүгінгі моңғолдың өзі олай
айтпайды, “мұңғұл” дейді, және арыдағы, тіпті, күні кешегі ұйғыр-бітік,
моңғол тілді жазбаларда «нг” – “ң” фонемасының манағы мөр бетіндегі
“мөңке”, “тәңірі”, кейіндегі “Шыңғыс” атауларындағы дербес, құрама қарібі
сол қалпында қолданылған. Егер Пеллио мөр бетіндегі этноним қаріптерін
әуелде «м-о-н-г-о-л”, немесе “м-о-н-ғ-о-л” деп ажыратқан болса, онда тек
қана “моңол” деп оқу керек болады.Ұйғыр-бітікте үйлес дыбыстaрдың бірдей
таңбаланатынын ескерсек, “мұңұл”, “моңұл» деп те оқуға болады. Қайткенде
де жазбада жоқ, мұрындық «ң” дыбысын шығару үшін ойша тағы бір таңба –
«г-ғ” қаріптерін қосарлап, “моngol” – “моңғол” деп оқу ешбір қисынға
келмейді.
Мөр таңбасындағы дәл осы бір, түйінді сөздің бедер-сызбасы тым айқын
емес. Қателесіп барып, қайта жонығандай әсер қалдырады. Өйткені,
бастапқы, “м” қарібінің бір ілмегі кеміс, немесе, жалғас “о” өз орнынан озып
түскендей. Сондықтан тиесілі таңбаны «моғол” (“мұғұл”, моғұл”) деп те оқуға
мүмкін. Жалпы, «моғол” (“моғұл”) мен “моңғолды” шатыстыру Еуропа
ғылымында тым арыдан басталған, бүгінде мүлде орныққан жағдай десек,
дәл осы арада атаудың нақты дыбысталуынан айтарлықтай ештеңе
өзгермесе керек. Ең бастысы – мәтіннің көне түрік тілінде жазылуы.
Айтпақшы, Б.Базарова аудармасында Пеллио ұрынбаған аса дөрекі бір қате
бар: “болға” – “болған” сөзі “бұлғақ”, яғни “бүлік” мағнасында көрінеді,
нәтижесінде жарлықтың соңғы, айқындауыш бөлігі әмбе халыққа емес, тек
қана басбұзар жұртқа арналғандай ұғым береді. Мұндай екіұштылық Пеллио
аудармасынан да айқын аңдалып тұр: жарлық өз халқының болмыстіршілігінен тысқары, тек қана жат жұрт үшін жасалғандай.
Сонымен, ежелгі түрік мәтінін қазіргі қазақ-түрік тіліне ыңғайлайық.
Мөр мәтінінің әуелгі, айғақтама тұжырымы:
“Мөңке тәңриин күчүн-дүр Иеке Моғұл ұлұсұн далайы-ханұ жарлық...”
Тоғыз сөздің жетеуі – бүгінгі қазақ тілінде шамалы ғана фонетикалық
өзгешелікпен, сол қалпында сақталған, ал сегізінші сөз – “еке” – қазір
ұлықтаушы жұрнақ есебінде; ал сырт қалған жалғыз сөз – “далай” (немесе
“талай”) – яғни телегей (теңіз) – бүгінде ескіргенімен, ежелгі түрік тілінде
кеңінен қолданылған, бұл сөзді Оғыз-хан туралы аңыздан ұшыратамыз және
көне түрік тілінің “Сөздіктерінде” тіркелген. Ал «ұлыс” – Н.Шастина
ұғымындағы “народ” – халық емес, ұйымдасқан құрылым, мемлекет. Біз
арнайы тоқталмаған “-дүр” – бекемдеуші жұрнақ, ескілікті қазақ эпосында,
Алтын Орда заманындағы жазба ескерткіштерде кеңінен қолданылады, қазір
де қатардан шықпаған.
Мәтіннің екінші бөлігі, айқындама түйін:
“Ел болға ергүн-дүр, көрбәсү бүсрәтүгүй айудуғай”.
Бұл арада сәл күрделірек; алғашқы екі сөз – әліге сол қалпында, “ергүн” –
“ерген” – адам, халық, жұрт, «көрбәсү” – “көріңдер”, ал соңғы екі сөз осы
күйінде қолданыста жоқ, архаизмге айналған, бірақ бұлар да көне түрік
негізді лексика құрамында.
Сонымен, біртұтас мөр мәтіні:
“Мөңке тәңриин күчүн-дүр Иеке Моғұл ұлұсұн далайы-ханы жарлық. Ел
болға ергүн-дүр, көрбәсү бүсрәтүгүй айудуғай».
Енді, салыстырма нақтылық үшін, әуелгі аудармалар, кейінгі дәйектемелер
негізінде, қайтадан орысша қалыптайық:
“Силою Вечного Неба державы Великих Могулов всемогущего хана приказ.
Узревший его подданный народ, почитайте нас и трепещите”.
Ақыры, мөр-тамғаның толық мәтінін көне-түрік тілінен жаңа қазақ-түрік
тіліне тұтасымен икемдегенде былай болып шығады:
“Мәңгі Тәңірінің күшімен Еке Моғұл ұлысы далай-ханының жарлығы. Ел
болған жұрт, көріңдер, бас ұрыңдар, айдыныңдар”.
Дәп осылай!
Бірер дәйектеме. Көне ұйғыр-түрік бітігінде қосар, үйлес дыбыстар бірдей
таңбалануына орай, тура, нақты бір атаудың өзі әрқилы оқылуға мүмкін;
кезінде жарлық арқылы бекітілген жазудың кеңінен таралуының бір сыры –
әрқилы тайпалар арасындағы, диалектілік айырымы бар сөздер бірыңғай
таңбаланатын, әркім өзінше оқиды, бәріне де түсінікті. Яғни, бүгінде де, көне
жазудағы белгілі бір фонема әрқилы оқылғанымен, одан сөз мәнісі
өзгермейді, мәтін мағнасына нұқсан келмейді. Десе де, жарлық тілінің
өзіндік ерекшеліктері айқан аңдалып тұр. Түрік тілінің “ж” дыбысты тармағы
(“жарлық”, – “йарлық” емес). Сондай-ақ “-дүр” – қыпшақ негізді, оның ішінде
қазақ тілді ескілікте кеңінен тараған жұрнақ. Ал «далай-хан”, айттық, ұлы
қағанаттар мен Шыңғыс хан империясы аралығында, Қытай экспансиясына
қарсы құрылған, керей, найман, меркіт және басқа да көшпенді рутайпаларды біріктірген тәуелсіз жаңа бір ұлыс хандарының мансап-дәрежесі,
Ұлы Даланы қайтадан ұйыстырған Темужін әуелде ежелгі дәстүр орайында
мақұл көргенімен, көп ұзамай «хандардың ханы, шың-құз әмірші” мағналас
“шыңғыс хан” атағын артығырақ, биігірек санаған, ақыры бұл лауазым нақты
есімге айналғаны белгілі. Аталмыш мөр Темужін ежелгі түрік ұлыстарының
даңқты хандарының жалғас, шынайы мұрагері ретінде үлкен билікке жеткен,
бірақ әлі де жаңа, “шыңғыс хан” аталатын мәртебені иеленбеген кезі, 1206
жылғы Ұлы құрылтайдан бұрын, немесе дәлме-дәл қарсаңында ғана
жасалған болуға тиіс дедік.
Хош. Жарты әлемді ғұзырында ұстап отырған құдіретті империяның
мемлекеттік мөрінің бетіндегі жазу – көне түрік тілінде екен. Ешқандай
талассыз, анық ақиқат.
Енді азғана ойланайық...
5
Азғана ойландық. Шыңғыс ханның мөрінің мәтіні – түрік тілді. Түрік тілді!
Сонда... не болып шықты?.. Ары қарай тексере бастаған кісінің басы
қаңғырып, мыйы айналып кетуі мүмкін. Ұғым-сенімге қайшы, ақылға
сыймайтын, күмәнді, қисынсыз ғана емес, ғаламат, сұмдық жағдай. Бұдан әрі
бойласаң, денсаулыққа зиян; көпе-көрнеу байламды жоққа шығарсаң, ғұмыр
бойы жинаған атақ-абыройға көлеңке. Соның бәрі тұрыпты, ауысқан нақұрыс
деп, жындыханадан бір-ақ шығармасына кім кепіл?! Қайткенде де пәледен
аулақ.
Сөйтіп, Поль Пеллио да, одан кейінгілер де, француз, немісі бар, ағылшын,
орысы бар – ешқайсысы да ары қарай аттап баспаған.
Немесе біз Батыс оқымыстыларын тым жоғары бағалап отырмыз. Ал олар
бізді... бүгінгі болмысымыз ғана емес, бүкіл өткен тарихымызды нәсілі төмен,
жабайы жұрттың былық-шылығы, балдыр-батпағы деп қарайды. Басқаны
қойғанда, Шыңғыс хан құрған әлемдік империя “мемлекеттік құрылым
дәрежесіне жетпеген” дейтін, қалыптасқан қағида қайдан келіпті? Мейлі.
Шыңғыс ханның қуат-құдіретіне емес, өздерінің парасат-деңгейіне баға беріп
отыр. Дала жұртының жалғас ұрпағы ретінде біз өз сөзімізді айтамыз. Оның
үстіне...
Біздің жоғалтатын ештеңеміз жоқ. Қалай жазсақ та, не айтсақ та, ауыл
арасында қалады. Сондықтан іркілмедік. Тым қатты болмаса да, тереңге
бармай-ақ, беріден қайырып, шолақ ақылға саламыз.
Ол да жарым дүниені дәргейіне келтірген Британ империясының
мемлекеттік мөрінің бетіндегі жазу... үнді мен үндісті айтпайық, неміс
тілінде, немесе француз тілінде болуы мүмкін бе? Әйтпесе, керісінше, неміс
мөрі ағылшын тілінде, сондай-ақ, француз мөрі орыс тілінде, орыс мөрі
жапон, иәки қытай тілінде... Болады екен. Мөр мәтінінің нақты аудармасын
жасап, оның түрік тілді екендігін куәландырған Поль Пеллио да, одан соңғы
неміс, орыс... және басқалар да ешқандай күмән келтірмепті. Мемлекет –
Моңғол империясы, ал мемлекеттік мөр бетіндегі жазу – түрік тілінде!..
Шынында да ғажайып емес пе?!
Ақылға сыймас ғаламат мұнымен де тынбапты. Мәртебелі жарлық-хаттың
дұғалық бастамында (инвокация, басмалла) қалыпты тұжырым ретінде тағы
да... түрік тіліне ұшырасамыз. Жаңағы мөр бетіндегі айғақтама: “Мөңке
Тәңриин күчүн-дүр Иеке Моғұл ұлұсұн далайы-ханы жарлық...” , кейінгі
қазақ-түрік лұғатына қарай аз-маз ыңғайласақ: “Мәңгі Тәңірінің күшімен Еке
Моғұл ұлысының далай-ханының жарлығы...” Бар айырма – бұл жолы араб
жазуымен. Және мән-маңызы көрнекі: кейінгі, негізгі мәтін қаріптерінен екіүш есе ірі, атпал таңбалармен, арасы алшақ үш тармақ болып берілген.
Енді “моңғол” деген, қайткенде де мыйға сіңген, үйреншікті ғана емес,
сырлы, магиялық сөздің шеңберінен шыға алмаған Батыс ғұламаларын
қыжыртпай-ақ, турасына көшейік.
Балаға да белгілі, қашанда мемлекеттік мөр бетіндегі жазу – сол елдің
мемлекеттік тілінде таңбаланбақ. Шыңғыс хан империясының ең басты,
мемлекеттік мөрінің бетіндегі “легенда” мәтін – түрік тілінде екен, шет жұрт
әміршісіне жолданған ресми құжаттың дұғалық бастамы тағы да түрки,
ендеше, бұл елдің мемлекеттік тілі де түрік тілі болғаны ешқандай күмән
туғызбауға тиіс!
6
Әйгілі жарлық-хаттың негізгі мәтіні парсы тілді дедік. Әуелгі, нақты
түпнұсқасынан емес. Бастапқыда сол елдің өз тілінде жазылыпты. Моңғол
тілі деп нақтылайды кейінгілер. Карпинидің өзі олай айтпаған. Татар тілінде
деген.
Карпини бажайлап айтады. Императордың нұсқауы бойынша, Бірінші хатшы
Шыңқай бізбен сөйлесіп, іс-сапарымыздың мән-жайын, айтар сөз, жүктелген
міндет, тапсырмаларымыз туралы толық мағлұмат алды; арада біраз уақыт
өткен соң бізді тағы да шақыртты, кеңеске мемлекеттің Іс басқарушысы
Қадақ, Бірінші хатшылар Шыңқай мен Бала қатысты, бұл жолы да арадағы
тілмашымыз – орыс кнәзі Ярославтың жасақшысы Темер болды, дейді.
Шыңқай бізден Папа мырзаның ғұзырында орыс жазуын, немесе сарацин
жазуын, әйтпесе татар жазуын білетін кісілер бар ма деп сұрады. Біз орыстың
да, татар мен сарациннің де жазуын танымаймыз, бірақ біздің жақта шалғай
тұратын сарациндер бар, дедік. Әйткенмен де, жолдау татар тілінде жазылса,
бізге аударып айтылса, іждағатпен өз тілімізде жазып алып, тиесілі хатпен
бірге тапсырамыз, дедік. Осыдан соң бұл ұлықтар императормен ақылдасуға
кетті, дейді.
Ақыры, әулие Мартин күні (11.ХІ. – М.М.) бізді қайыра шақырды. Отырыста
Қадақ, Шыңқай, Бала және әуелгі жолғы бітікшілер болды. Бізге жолдаухатты сөзбе-сөз аударып, ұғындырып отырды, біз латынша жазып отырдық,
қайталай пысықтап, біздің аударманың`нақтылығын екі қайыра тексерді,
соншама алыс жерден келгенде, ақпарымызда қате болмауы керек деп
айтты, біздің бәрін дұрыс түсінгенімізге көздері жетті, дейді. Карпини бұдан
соң папаға жазылған хаттың сарацин`тіліне аударылып, қайта көшірілгенін,
ақыры, үшінші күн дегенде қолға тапсырылып, елге қайтуға рұқсат берілгені
туралы жазады.
Карпини нақтылап отырған “сарацин” – мұсылмандардың еуропа
жұртындағы жалпы атауы, бұл ретте парсы болып шықты. Айттық, бізге
белгілі ғұзырлы жолдау парсы тілінде жазылған. Араб әліпбиімен. Әуелгі
түпнұсқа қалыбы – татар тілді екен. Әлбетте, ұйғыр-түрік бітігімен. Кейінгі бір
зерттеушілер бағамдағандай, моңғол жазуы емес, моңғол тілінде де емес.
Карпини мен Рубруктан біршама кейін Шығысқа аттанған және Құбылай
ханның дәргейінде ұзақ уақыт болған ағайынды Никколо, Маттео және
Никколоның ұлы Марко – әйгілі Поло әулетінің саяхатнама кітабында нақты
айтылған. Татар тілі мен түрік тілінің арасына теңдік белгісі қойылыпты. Екі
атау – синоним ретінде қолданылады. Ұлы хан Никколо мен Маттеоны
құрметпен қабылдады, соншама шалғай жерден келісіне риза болды, Батыс
жұрттары, олардың королдері, соғыс өнері, басқа да шаруалары, Рим шіркеуі
және апостол (папа) турасында көп әңгіме сұрады, дейді. Никколо мен
Маттео анығын, шындығын айтты, бұлар ақылды, парасатты кісілер еді және
татар тілін жақсы білетін, дейді (негізгі, Рустичано нұсқасы hәм Рамузио,
Бартоли басылымдары). Марко Поло кітабының тағы бір, ескілікті, Бенедетто
жариялаған көшірмесінде “татар hәм түрік” деп жазылған. Ал бұдан соңғы
дерек тұпа-тура. “Ұлы хан апостолға жіберетін хатын түрік тілінде жазуға
бұйырды”, – дейді. Ол кездегі Рим папасы – Климент ІҮ, Құбылай ханның
арнайы жолдауы Никколо мен Маттео екеуінің қолдарына тапсырылады. Бұл
жолғы мәртебелі хаттың “сарацин” тілінде емес, “татар-түрік” тілінде
жазылуы – екі арадағы тілмаш қызметін атқаруға тиіс қажетті кісілердің
өздері жаушылық міндет алуына байланысты.
Күйік ханның жарлық-хатына қайта оралайық. Әуелгі мәтін “моңғол тілді”
болса, онда беташар, ресми лепес – дұғалық (инвокация) неге түрік – басқа
бір тілде болуға тиіс? Мұсылманның кәлимасы емес қой. Яғни, жарлықнаманың әуелгі жазба – түпнұсқасы да осы түрік, яғни татар тілінде болғаны.
Ата жұртта емес, қалың қытай ортасы – Пекинде өкім етіп жатқан Құбылай
ханның “түрік-татар” тілі нақты деректі, анық ақиқат болғанда, одан жарты
ғасыр, ширек ғасыр бұрын өз халқының жиын ортасы, ұйықты, ежелгі мекен
Қарақорымда отырған Күйік қағанның “татар-түрік” тілі – ақылға сыйымсыз,
ерекше құбылыс емес, кәдімгі, табиғи жағдай. Патшалық құрып, ел билеген
әулеттің ана тілі hәм ұлы империяның мемлекеттік тілі. Елге ұйтқы болып
отырған негізгі жұрттың күнделікті қолданыстағы әдепкі тілі. Ұлыстық үлкен
мөр бетіндегі түрки мәтін – соның бір ғана көрінісі деп тануға керек.
VІ тарау
БІР БЕЛГІЛІ АТАУДЫҢ МӘНІСІ
Өзгеше жайыт – күні бүгінге дейін “моңғол” этномимінің түп төркіні толық
айқындамай отыр. Айқындалса да, талассыз ақиқат ретінде бекімеген. Сөздің
ұғымдық танымы емес, бұл – екінші, үшінші кезектегі, керек десеңіз, мәнсіз
мәселе, күңгірт жағдай – атаудың қайдан шығып, қалай орныққаны.
Шиыртпақ түйіннің айрықша маңызы соншалық, Шыңғыс хан империясының
тарихындағы ең негізгі этникалық және саяси мәселелердің көбінің шешімі
осы кілтипанға тіреледі.
Қалыптасқан көзқарас бойынша, “моңғол” ныспысы, нақтырақ айтсақ,
“моңғол” болуға тиіс деп шамаланатын “мэну” атауы қытай тарихнамасында
алғаш рет 945 жылдан ұшырасады (“Цзю Таң шу” – “Көне Таң тарихы”). Бір
ғасырдан соңғы, 1060 жылға сәйкес деректе бұл “моңғол” – “мэнва”
атауымен берілген (“Синь Таң шу” – “Жаңа Таң тарихы”). Кейінгі Қидан
мемлекетінің (916–1123) Е Лунли құрастырған дербес тарихында (“Цидан го
чжи») және Шүржен империясының (1115–1234) ресми тарихында (“Цзинь
ши”) “мэнгу”, немесе “мангу” жұртына қатысты біршама дерек бар. “Мэнгу”
турасында Сұң тарихшысы Ли Синьчуань және Сұң елшісі Чжао Хуң жазып
қалдырған мағлұмат та айрықша құнды. Бүгінгі ғылымда әуелгі “мэну” және
“мэнва” hәм кейінгі “мэнгу”, “мангу” – бәрі бір-ақ атау, яғни “моңғол”
этнонимінің қытайша әрқилы жазылған нұсқасы деп есептеледі. Негізі ортақ
атаудың мағнасы да үйлес – “өзен жұрты” деген сөз екен. Немесе “су жұрты”.
Бұл тараптағы бастапқы әңгіме – аңыз бен ақиқат аралас.
Мангу – өзгеше жаратылған халық екен. Бойлары – сегіз цун, яғни екі жарым
метрге тақау. Қайратты, күшті. Айрықша жауынгер. Көн сауыттары наhан
балық терісінен жасалған, оқ өтпестей берік. Аңшы және балықшы. Мал
дегенде шошқа өсіреді. Бәлкім, сонымен қатар бұғы. Аз ба, көп пе, атқа
мінген. Тамағын, оның ішінде бұғы етін пісірмей, шикідей жейді. Жанары
өзгеше өткір, түнде де күндізгідей көреді, ал жарықта – әлденеше шақырым
жердегі ұсақ-түйек нәрсенің өзін айқын ажыратып таниды... Еңсегей бой мен
көреген көз жайы азды-көпті әсірелеу десек, қалған сыпаттар – шындық
ауқымында, ескілікті, бұла тайпалардың көбіне ортақ сыпат.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 24
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480