Latin

Шыңғысхан - 05

Total number of words is 3686
Total number of unique words is 1994
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
нақтылығы күмән туғызбайды. Хорезмшах Аладдин Мұхамедтің топас
тасырлығы, Отырар әмірі Қайыр ханның ашкөз қорқаулығы, қираған
империяның тақ мұрагері Жәләл-әд-Диннің қайтпас ерлігі, бақытсыз
қалалардың жанталас қорғанысы, жалпы жұрттың басына түскен қырғын мен
айықпас қасырет – бәр-бәрі деректі баян, әсерлі суретпен берілген.
Егер Нәсауи тарихы болмаса, біздің XIII ғасырдың басындағы Хорезм
империясы және Шыңғыс хан шапқыны туралы таным-білігіміз де ешқашан
толық, қазіргі қалпында болмас еді.
Ибн әл-Асир. Шыңғыс хан турасында ең алғаш қалам тартқан мұсылман
тарихшысы – Ибн әл-Асир болды. 1160 жылы Месопотамиядағы Жазира
қаласында туған. Ғұмыр бойы Мосұл шаһарында тұрады. Сонда, 1233 жылы
дүние салған. Негізгі еңбегі – «Камил фит-тарих» – кемел, кәміл тарих, дәстүр
бойынша, Адам-Атадан бастап, хижраның 628 – миләди 1231 жылға дейінгі
уақытты қамтиды. Араб тілінде. Татар қауымы туралы жазбалар – аса
көлемді еңбектің XII томында берілген.
Ислам әлеміндегі ең атақты тарихшылардың бірінен саналатын Ибн әл-Асир
татар шапқыны туралы деректерді сол оқиғаға тікелей куә болған
босқындардың аузынан естиді, ел арасына тараған әрқилы әңгімелерге ден
қояды.
Нәтижесінде Мәуреннахр мен Хорасан, Иран мен Әзірбайжан және оларға
жалғас елдер шегіндегі майдан мен дүрбелең, Жебе-ноян мен Сүбітайбахадұрдың Қапқазды көктей өтіп, Дәшті-Қыпшақ айналған жорығы
турасында баяндайды. Алыстан барлаған тарихшының көптеген шынайы
деректермен қатар, қисынсыз лақапқа бой алдырған тұстары да бар.
Қайткенде де, заманауи, мәнді ескерткіш.
Жүзжани. Татар қауымы турасындағы ең бастапқы шежірешілердің бірі. 1193
жыл шамасында, түрік тайпалары жайлаған, (бүгінде Түркменстан мен
Ауғанстан шегіндегі) Жүзжан уәлаятында туған. Негізгі ұйтқысы Орталық
Ауғанстанда болған Гур сұлтандарының сарайында қызмет атқарады. Татар
шапқыншылығы кезінде, 1226 жылы Үндістанға қашып, сондағы мұсылман
иеліктерінен пана табады. Ақырында Дели сұлтанатына орнығыпты. Медресе
басқарған, дінбасы қази болған. Қартайып барып, өзінің қамқоршысы Нәсірәд-Дин Махмұд сұлтаннан соң, яғни 1265 жылдан беріде қайтыс болды деп
шамаланады.
Жүзжанидың парсы тілді «Табақат-и Насири», яғни Нәсір шежіресі (табақ,
тарамдар) кітабы 1260 жылы қағазға түсіпті. Адам-Атадан тартып, өз
заманымен шектелетін ауқымды баян мұсылман әлемінің өткен дәуірін түгел
қамтиды. Оның ішінде Шыңғыс хан қарсаңындағы Хорезмшахтар империясы
туралы да мол мағлұмат бар. Еңбектің ең соңғы, 23-тарауы тікелей татар
шапқыншылығы, Шыңғыс хан және оның ұрпақтарына арналған. Бұл ретте
Жошы мен Бату, Берке хандар туралы соны деректер ұшырасады. Бүгінгі
зерттеушілер Жүзжани өз көргендері, жұрттан естігендерімен қатар, соңғы
заманға жетпеген кейбір еңбектерді пайдаланған деп санайды.
Тұтастай алғанда, Шыңғыс хан империясы, оған жалғас ұлыстар тарихына
арналған мұсылман деректері ұшан-теңіз десе болады. Біз ниет еткен
тақырыбымызға тікелей қатысты әуелгі һәм түпнұсқа мұраларды ғана еске
салдық. Кейінгі замандағы ең білімдар шежірешілердің өзі арғы дәуірді
қамтығанда негізінен осы Рәшид-әд-Дин, Жувәйни, Нәсауи, Ибн-әл-Асир,
Жүзжаниларды қайталаумен шектеледі.
Қытай деректері
Жазу мәдениеті, жылнама дәстүрі тым ертеде қалыптасқан Қытай
тарихнамасында Ұлы Даланы жайлаған көшпенді жұрттың Шыңғыс хан
заманына дейінгі мың жарым жылдық ғұмыры қамтылады. Әлбетте, өзін
әлемнің ұйтқысы санаған хән жұртының таным, қөзқарасы тақи
этноцентристік сыпатта – империя аймағынан тыс кез келген қауым
турасындағы азды-көпті мағлұматты тек Орталық ұлыстың (Чжун го) мақсат,
мүддесі, ішкі, сыртқы саясаты тұрғысынан, іріктеп, там-тұмдап қана беріп
отырған. Қытай көзімен сұрыпталған, Қытайға байланысты деректер ғана.
Соның өзінде дәйекті, мол ақпар табамыз. Осы орайда қадым заманның ұлы
тарихшысы Сымя Цяннің «Тарихи жазбалар» («Ши цзи») кітабынан, әр
дәуірдегі патшалықтар турасындағы, ресми үлгідегі Хән тарихы («Цзянь Хань
шу», «Хоу Хань шу»), Таң тарихы («Цзю Таң шу», «Синь Таң шу»), аралықтағы
және оларға жалғас басқа да әрқилы әулеттер баяны, кейініректегі Қидан,
Шүржен, Сұң патшалықтарының шежіресі («Цидан го цзи», «Цзинь ши», «Сұң
ши») терістік беттегі көшпенділерге қатысты қаншама мағлұмат қалдырыпты.
Ежелгі қытай тіліндегі бұл айғақты куәліктер XIX ғасырдан бастап түгелдей
дерлік іріктеліп, теріле жинақталып, орыс және батыс тілдеріне аударылған,
ғылыми айналымға енген. Шын мәнісінде, түрік-моңғол тайпаларының жайжапсары, арғы тарихы турасындағы біздің бүгінгі барлық білік, танымымыз
осы көне мұралар негізінде қалыптасты.
Дәстүрлі тарихнама орайында, қилы заманда бүкіл әлемді, оның ішінде ең
алдымен екі Қытай империясын қатарынан тітіреткен Шыңғыс ханға қатысты,
дәл сол кезеңде таңбаға түскен, жан-жақты, көлемді, нақты жазбалар тіпті
мол болса керек еді. Олай болмай шықты. Қытай саясаткерлері әуелде Ұлы
Даланы қамтыған дүрбелеңге жеткілікті мән бермегендей. Енді Шыңғыс хан
ту көтерген кезде жылнамалар тағы да салғырт қалады. Ал Еке Моғұл ұлысы
тікелей шабуылға көшкен шақта, ел шетіне келген ойран ес жиғызбаған. Бас
сауғалаудан басқа амал қалмапты. Яғни Шүржен тарабында Шыңғыс хан
және оның ұлысына қатысты тікелей куәлік-деректер қағаз бетіне түсіп
үлгермеді, немесе, әйгіленбей жатып жойылып кетті. Тіпті, Шүржен соғысы
турасындағы белгілі тауарихтың өзі негізінен Сұң шежірелері арқылы мағлұм.
Осы, қонысы шалғай, өзін қатерден тыс санаған Сұң империясы да тым
тереңге бойлай алмайды. Кешеуілдеп барып, Шыңғыс хан Терістік Қытайды
алып бітуге жақындаған шақта ғана әуестік таныта бастапты. Батысқа,
Сартауыл жорығына аттанып кеткен Шыңғыс ханның соңынан арнайы
елшілік жібереді, іргедегі Шүржен аймағындағы ұлыс бегі Мұқалының
ордасымен байланысқа шығады. Біздің заманға жеткен және жетпеген бірдіекілі жазбалар осы кезеңге тиесілі. Ал бұдан соң, қуат-күші шегінен асқан Еке
Моғұл империясы Таңғұтты біржола талқандап, Шүрженді жар жиегіне
жеткізіп, Сұңның өзімен бетпе-бет келген дәуірде байыпты, жаңа бір
жылнамалар жазылмапты. Сұң құлағаннан соң, Құбылай негіздеген Юань
империясы заманында ғана Шыңғыс хан және оның төңірегіне байланысты
деректерді жинақтау талабы байқалады. Ұлы қағанның және оның
Қытайдағы әулетінің ресми тарихын таңбаға түсіру жұмысы Юань дәуірінен
соң, Миң патшалығының алғашқы жылдарында ғана жүзеге асады. Ақыр түбі
жоқтаусыз қалмаған, бірақ мүмкіндік ауқымымен салыстырғанда, осы мол
деректің өзі тым жұпыны, шектеулі, тіпті, жұтаң көрінсе керек. Амал жоқ,
барға мәзір айтасыз. Қайткенде де, басқа ешбір тараптан табылмас
ескерткіштер.
Енді сол азды-көпті дүниеге қысқаша шолу жасай кетейік.
«Мэн-да бэй-лу» – «Мэн-даның толық сыпаттамасы». Тақырыптағы «мэн» –
мэн-у, мэн-гу, мэнь-жень – кейінде орныққан «моңғол» этнонимінің қытайша
нұсқасы, ал «да» – да-да, дадан, татан – «татар» атауының ықшамдалған түрі,
яғни, бүгінгі тілге ыңғайласақ, «Моңғол-татардың...» болып шығады.
1220 жылы Сұң патшалығы шекаралық әскерінің бас қолбасшысы Цзя Шэ
деген өз тарабынан ынта білдіріп, бұл кезде Батыс жорығында жүрген
Шыңғыс ханның Шүржен шегіндегі әмірші найыбы жалайыр Мұқалыноянмен байланыс орнатады. Көп ұзамай-ақ, нақты келіссөз үшін және құпия
барлау мақсатымен өзінің Чжао Хуң есімді әскери кеңесшісін аттандырыпты.
Бұл кезде Шүржен жұртының басым бөлігі жауланып болған, ал Мұқалы
империяның бұрынғы Орталық астанасы Яньцзин (Пекин) қаласында тұрған.
Бейбіт мейман, құрметті елші ретінде қабылданған Чжао Хуң Мұқалының
ордасында ұзақ уақыт – бір жылдай болып, еркін жүріп-тұрып, ел шетінде
ентелей лықсыған беймағлұм жұрттың жай-жапсарын барынша байыптап,
1221 жылы отанына оралады және көп ұзамай-ақ, көргені мен көңілге
түйгенін қағазға түсіріпті.
«Мэн-да бэй-лу» – шағын көлеміне қарамастан, шынында да көшпенді
жұрттың ірік, нақты, ұтырлы жазылған, біршама толық әрі жан-жақты
сыпаттамасы. Өзі «татар» деп атаған қауымның өткен тарихы, бүгінгі
болмысы, түр-тұлға, мінез, әдет-ғұрып ерекшеліктері бажайлап көрсетілген.
«Татар императоры» Шыңғыс ханның ғұмыр-баянына қатысты деректер,
оның кескін-кейпі, мінез-құлқы турасында соны, тосын мағлұматтар бар. Өзін
қабыл алған ұлыс-бегі (қытайша го-ваң) Мұқалы төңірегінде тағы біршама
ақпарат. Әлбетте, «Толық сыпаттамада» Еке Моғұл ұлысының бар болмысы,
көшпенділер тұрмысының барлық саласы қамтылмаған, барлаушы саясаткер
Сұң өкіметіне, екі ел арасындағы болашақ қатынас орайына қажетті саналған
жайыттарға баса назар аударады. Әсіресе әскер ісі, шаруашылық жөні,
Шыңғыс ханның әулет-жұрағаты, елдің басқару жүйесі мен ұлық кісілері.
Сапар-нама емес, әлеуметтік, саяси және әскери таным мақсатында, қытай
жұртының дамыған, қалыпты ақпарат дәстүрімен, нұсқаушы, жетекші құрал
ретінде, нақты қолданыс үшін жазылған ресми, есепті баяндама (қасабат)
болғандықтан, мұнда келтірілген арнайы деректердің шынайы ақиқаты
күмән туғызбауға тиіс. Шыңғыс ханның жеке басына қатысты, ұлыс жұртының
өзіндік танымы турасындағы, кейінгі кейбір зерттеушілерге күмәнді көрінген
деректердің барлығын да Чжао Хуң көптеген көріс, нақты кеңестер үстінде,
Мұқалы-нояннан және әскери Ордадағы басқа да ұлық, қолбасылардың
әңгімесінен өз құлағымен естігенін және мемлекет үшін маңызды ақпар
ретінде өз қолымен қағазға түсіргенін айғақтап жатудың өзі артық. Сонымен
қатар, Чаң Чуннің мүлде басқа бір жосындағы саяхат-сапар жазбаларын
айтпасақ, «Толық сыпаттама» – көшпенділердің жаңа ұлысы, байырғы
тіршілік-болмысы турасында Шыңғыс ханның көзі тірісінде жазылып қалған
бірегей, жалғыз еңбек екені оның мән-маңызын күшейте түссе керек.
«Чаң Чунь Чжэнь-жэнь си-ю-цзи» – «Чаң Чунь Кемелдің Батысқа саяхат
естеліктері». Атақты дао сопысы Чаң Чуннің (1148–1227) Батыс жорығында
жүрген Шыңғыс хан Ордасына арнайы шақырту бойынша барған сапары
(1221–1223) туралы шәкірт серігі Ли Чжи-чаң таңбалап қалдырған жазбалар.
Ежелгі Қытай жұртында және онымен шектес біраз аймақта кеңінен тараған
діни-философиялық Дао ілімінің өз кезіндегі ұстын, ұйтқысы болып тұрған,
Кемел (Чжэнь-жэнь), Әулие (Шэнь-сянь) атанып, Терістік һәм Түстік Қытай –
Цзинь және Сұң патшалықтарында қатарынан абырой-даңққа жеткен
оқымысты ғалым, сыршыл, ойшыл ақын Чаң Чуннің қиыр-шалғай саяхатсапары – Шыңғыс ханға қатысты тауарихтағы өзгеше оқиғалардың бірі.
Әуелде Еке ұлыс қарауындағы Пекинге келген, одан соң арнайы жасауыл,
шәкірт қосшыларымен Ұлы Даланы шығыстан батысқа қарай көктей жүріп,
Алтай асып, Жетісудан озып, Сырдан өтіп, Мәуреннахрға жеткен дегдар сопы
Самарқандта азғана бөгеліп барып, ақыры, он бес айлық ауыр сапардан соң,
1222 жылы мамырда қазіргі Ауғанстан шегінде, ілкіде ғана, Синд өзеніндегі
жойқын ұрыстан жеңіспен оралған ұлы қағанмен кездеседі. Содан бір жылға
жуық ұзақ уақыт бойы, кейде кең далада, кейде кентті қалада әлденеше рет
жүздесіп, сөйлесіп, кеңес, уағыз айтып, бірге көшіп, іргелес қона жүріп, 1223
жылы наурыз айында ғана еліне қайтуға рұқсат алады. Оралу жолы Қытайға
тікелей Шығыс Түркістан, Таңғұт арқылы өтіпті. Үш жылдық сапарда
мыңдаған шақырым жол жүріп, қаншама жер аралап, қаншама жұрттың
әлпетін көреді. Жол бойғы күнделік жазбалар саралана келе, айрықша мәнді
тарихи еңбекке айналыпты.
Саяхат кітабында көне заман суреті нақты бедерленген. Жүрген жол сыпаты,
әрқилы ауа райы, байтақ жер бедері, қилы табиғат, әртүрлі халықтар жөні,
әсіресе, көшпенді дала жұртының тұрмыс-жайы, мінез-құлық, әдет-ғұрпы,
сән-салтанаты байыпталады. Ұлы Даладағы ұлық кісілердің көшпенді
Ордаларының сыпаты, ескілікті, қираған қалалар кейпі, Шығыс Түркістан
ахуалы, Мәуреннахр жағдайы, Бесбалық, Алмалық, Сайрам, Самарқанд және
басқа да қалалар туралы байыпты, мәнді деректер таңбаланған. Өткен соғыс
ізі, қырғын ұрыстар болған, ақсөңке сүйектер шашылған майдан алаңдары
көрініс табады.
«Батысқа саяхат» жазбаларының ең бір құнды жері – дана қарттың Шыңғыс
ханмен көріс сәттері, екеу-ара әңгімелері сыпатталған тұстар. Ұлы қағанның
ақыл-парасаты, кең, ұстамды, кесек мінезімен қатар, адамдық ізгі кейпі
айқын танылады. Сондай-ақ, Шыңғыс хан төңірегіндегі алпауыт тұлғалардың
біразы – керей Шыңқай, шүршіт Лю Чжун-лу, қидан Елюй Ахай және басқа да
аралас, біліс кісілер жөнінде шынайы мағлұмат бар.
Шыңғыс ханның Чаң Чуньге жолдаған жарлық-хаттары, Чаң Чуннің бір реткі
жауабы және қағанның қайтар жол үстіндегі Кемелге қоштасу сәлемі –
жиыны эпистолярлық алты құжат сақталған. Әлбетте, қытай тілінде. Шыңғыс
хан қытай тілін білмейді, Әулие қартпен үнемі аралық тілмаш арқылы
сөйлескен, тиесілі жазбалар да қытай тілді хатшылар қолынан шығады, бірақ
әміршінің өз аузынан, нақты өз сөзімен. Қайткенде де бұл ескерткіш
нұсқалардан ұлы қағанның биік рухы айқын аңғарылады.
«Хэй да ши люе» – «Қара татар жөніндегі қысқаша деректер». Түстік Сұң
дипломаттары Пэн Да-я мен Сюй Тиннің ресми қасабат жазбаларының
жинақты қоспасы (1237). Қытай рәсімі бүкіл татар қауымын ақ, қара, жабайы
деп үш жікке бөлгені белгілі. Қара татар – Ұлы Даланың орталық бөлігіндегі
қият, керей, найман, жалайыр, меркіт қатарлы тайпалар. Шыңғыс хан «қара
татар» саналған. Билеуші әулет қана емес, ұлыс ұйтқысы болып отырған
жалпы жұрт түгел «қара татар» есебінде.
Пэн Да-я – 1233 жылы, шекаралық әскер қолбасшысы жіберген кіші елшілік
құрамында болыпты. Сапар мақсаты – Шүрженге қарсы соғыс барысындағы
ынтымақтастық екен. Ал Сюй Тин – көп ұзамай Шүржен құлағаннан соң, 1235
жылы Сұң сарайы жасақтаған үлкен елшілік қатарында аттанады. Екі елшілік
те ұлыс астанасы Қарақорымға, Өкетай қағанның дәргейіне дейін жетеді. Екі
елшілікті де басқарған – Цзоу Шэнь-чжи деген ұлық. Сірә, осы ортақ
басшының нұсқауымен, әуелгі, Пэн Да-я жазбаларын кейінгі Сюй Тин өз
күнделігімен салғастыра қарап, жаңа айғақ, үстемелер қосып, соңғы, мағлұм
қалпына түсірген. Баз бір зерттеушілер Сюй Тин – қосалқы автор емес, Пэн
Да-я еңбегін дәйектеуші деп қана біледі. Қайткенде де, екі саясаткердің өз
көздерімен көріп, байқап, іждағатпен жинақтаған деректерінің өзара үйлес
екенін және бірін бірі толықтырып, нақтылай түскені анық аңдалады.
Тарихи заманалық еңбектің негізгі назары – ежелгі жорамен әлі де татар
атанып отырған көшпенді жұрттың өзіндік ерекшелік сыпаты. Шыңғыс ханнан
соң санаулы ғана жыл өткен, елдің бет-бейнесі ешбір өзгермеген, сондықтан
да «Қара татар жөніндегі қысқаша деректер» – XIII ғасырдағы көшпенділер
қауымының жай-жапсары туралы мол мағлұмат қалдырған маңдайлы
ескерткіш саналады. Сұң саясаткерлері елдің тіршілік кебіне, тұрмыс-салты,
әдет-ғұрпына, мінез ерекшеліктеріне айрықша назар аударыпты. Малшылық
кәсіп, аңшылық жайы, дәстүрлі ас-су, киіз үй мен көк күйме (арба үстіне
тігілген киіз үйлер), көші-қон, әміршінің алтын Ордасы сыпатталған. Әдетғұрып, наным-сенім төңірегінде бірталай ақпар ұшырасады. Ұлыстың ұлық
адамдары, әкімшілік басқару жүйесіне қатысты қайталанбас деректер бар.
Сол замандағы Ұлы Даланың ауа райы, табиғаты турасындағы там-тұм
мағлұматтың орны да өзгеше. Түз жұртының өтірік айтпайтын турашылдығы,
ұрлық-қарлық жасамайтын адалдығы, ер, қайратты түр-тұлғасы атап
көрсетілген.
Бір сөзбен айтқанда, «Қара татар жөніндегі қысқаша деректер» – өткенкеткен тарихты танудағы қосымша мәліметтер үстіне, біздің көшпенді
халықтардың күні кешеге дейін үзілмей жалғасқан тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы,
адамдық тұрпаты, өзіндік далалық мәдениеті сыпатталған негізгі тұма-бұлақ
ескерткіштердің бірі болып табылады.
«Си-ю лу» – «Батысқа саяхат естелігі»; «Шэнь-дао бэй гун Чжун-шу лин Елюй»
– «Ұлы император Кеңесінің бастығы, ұлық мәртебелі Елюйдің рухына
арналған құлпытас». Бұл екі жәдігер де әуелде Шыңғыс ханға кеңесші,
кейінде, Өкетай қаған тұсында үлкен ұлық болған Елюй Чуцай (1189–1243)
есімімен байланысты.
Еке Моғол ұлысының тарихында мәшһүр Елюй Чуцайдың нәсілі – моңғол
текті қидан, Ләуо империясының негізін салған Елюй Абаоцзидің тоғызыншы
ұрпағы. Қытай мәдениеті ықпалында, қытай дәстүрінде тәрбиеленген.
Шүржен қызметінде болған. Өз заманының білімдар кісісі, жазушы, ақын,
саясаткер. Ежелгі қаракөк әулеттің тұяғы ретінде Шыңғыс ханның арнайы
шақыртуымен, 1218 жылдың көкек айынан бастап, қаған Ордасында болады.
Сартауыл жорығына бірге аттанған. Әуелде балгер, жұлдыздамашы, кейінде
хатшы, кеңесші.
«Батысқа саяхат естелігі» – бұрнадағы күнделіктер негізінде қалыптанып,
1229 жылы кітап болып шығады. Көлемі шағын. Еңбектің екінші бөлімі –
автордың дао іліміне қарсы, будда жолын ұстанған көзқарас байыбы. Саяхат
жөні – бірінші бөлімде. Ұлы жорық турасында, Шыңғыс хан және соғыс,
майдан төңірегінде әңгіме жоқ. Тек жаппай аттаныс алдындағы қалың әскер
суреті және жаз ортасында, Алтайдан асар кездегі найза бойы қарды жарып
өткен мұзды шеру ғана айтылады. Бұдан әріде, негізінен, жүрген жол,
әрқилы мекен, қалалар сыпаты, яғни Орта Азияның тарихи географиясына
қатысты мәліметтер. Сонымен қатар, жергілікті халықтардың тұрмыс жайы,
әдет-ғұрпы туралы там-тұм деректер келтірілген.
Елюй Чуцай бұдан соң, Өкетай қағанның тұсында айрықша үлкен мәртебеге
жетіп, жарым империя – бүкіл Солтүстік Қытайды басқаратын әкімшілік
Кеңсесінің төрағасы болады. Ұлыстың Батыс жарымы – Орта Азия және Иран
тарабындағы бас уәзір – керей Шыңқай екеуі қанаттаса жұмыс жасап, алып
елдің бүкіл ішкі, сыртқы саясатын жүргізіп отырған. Өкетай қағаннан соң,
біраз уақыт бар билікті қолына алған Төрегене-қатын заманында қызметтен
шеттеліп, қудалауға ұшырағанымен, жазаға тартылмаған Елюй Чуцай көп
ұзамай өз ажалынан өледі де, кейінгі Мөңке, Құбылай дәуірінде есімі
қайтадан құрметке бөленеді. Империяның ұлы тұлғаларының бірі ретінде,
Қарақорымда жатқан сүйегі Пекинге әкелініп, сәулетті дүрбе тұрғызып,
қайтадан жерленіпті. Басына орнатылған құлпытас жазуы тұтас бір тауарих
десе болғандай. Атақты тұлғаның бүкіл өмір жолы, атқарған іс, жасаған
еңбегі түгендеп айтылады. Басым бөлігі Өкетай қаған заманы, Елюй Чуцай
қызметінің Терістік Қытайға қатысты жылдарына арналған. Сонымен қатар,
Шыңғыс хан кезеңіне тиесілі шектеулі мағлұматтар да айрықша құнды. Ұлы
қаған жетесінен танып, жоғары бағалаған, Уртун сақал (Ұзын сақал, әлде
Ұртты сақал) атап, үлкен сенім артқан, ақыры, Қытай тарихындағы ерекше
тұлғалардың бірі болып шыққан Елюй Чуцайдың құлпытас-намасының
мәтінін жазған Сун Цзы-чжэнь (1187–1266) – білімдар оқымысты, мемлекет
қызметіндегі мәртебелі ұлық, кезінде бас уәзірдің ықпалында болған,
онымен пікірлес, тілектес қана емес, жасының тұстасына қарамастан, өзін
ізбасар шәкірт санаған кісі екен. 1261–1264 жылдар шамасында таңбаға
түскен бұл тарихи жазбалардың деректі, нақты болмысы ешқандай күмән
туғызбайды.
«Хуан Юань шэн-ву цинь-чжэн лу» – «Қасиетті Юань Әулие-жихангерінің
жеке жорықтарының сыпаттамасы». Шыңғыс ханның ғұмырбаяны есепті
көне жәдігер. Күні бүгінге дейін лайықты бағасын алмаған, шындығында, ең
мәнді түп деректердің бірінен саналуға тиіс құнды мұра.
Түстік Сұң мемлекетінің басым бөлігін дәргейіне келтіріп, жаңа Қытай
империясын құрып жатқан Құбылай хан 1263 жылы, Ван О деген оқымысты
ұлықтың кеңесі бойынша, Еке ұлыстың әуелгі қағандары турасында деректер
жинастыруға және сол негізде қытай тілінде арнайы тауарихтар жазуға
жарлық береді. «Цзинь-чжэн лу» – осы қатарда қалыптанған еңбектердің бірі
деп танылған. Шамамен 1264–1285 жылдар аралығында таңбаға түсіпті.
Моңғол (татар, түрік) тілінен аударма деп есептеледі. Алғашқы зерттеуші
П.Кафаров (1817–1878) байқаған кейбір оқыс қателерге қарағанда, шежірені
жинақтап құрастырған тәржімашы – кейінгілер нақтылап айтатын, ескілік
білгірі таңғұт Шаған емес, басқа бір кісі тәрізді. Сондай-ақ, бұл тауарих
«Қастерлі шежіре» негізінде жазылды деген пікір де жаңсақ. Екі мұрадағы
үйлес деректер – алмасу нәтижесі болуы шарт емес, арыдағы нақты
оқиғаның екі тарап шынайы көрінісі, оған қоса, ескілікті, әлдебір ортақ еңбек
еншісі. Әлбетте, жаңа шежірені құрастырушы ілкідегі, өз тақырыбына
қатысты мұрағаттың бәрін де білген, алайда, негізгі тірек – патша
сарайларында ғана сақталған, біздің заманға жетпеген әйгілі «Алтын дәптер»
болғанға ұқсайды.
«Әулие-жихангердің жеке жорықтары» – Шыңғыс ханның туғаннан бастап,
дүниеден өткенге дейінгі бүкіл өмір жолын қамтиды. XIX ғасырға жеткен
көне жазбаның біраз жері өшкен, көмескіленген екен және алғашқы нұсқаны
көшірушілер тарабынан кеткен қателер мен қыстырма қосымшалар да
ұшырасатыны анықталған, соған қарамастан, қайталанбас мағлұматы мол.
Шежіре сараң сөзбен, айқын жазылған. Әсіре сурет, аңыздық, эпостық сарын
атымен жоқ, нақты, жалаң деректер ғана. «Қастерлі шежіремен», Рәшид-әдДин тарихымен, қытай тілді басқа да еңбектермен салыстыра қарағанда,
Шыңғыс хан заманының көптеген оқиғалары күмәнсіз шындығын тауып,
айқындала, бедерлене түседі.
Әрқилы елшілік деректері. Чжао Хуң мен Пэн Да-я, Сюй Тин турасында
айттық. Шыңғыс хан тұсы және оған тікелей жалғас кезеңде басқа да
бірталай елшілік және соған тиесілі қасабат-жазбалар болған. Алайда, кейбірі
сақталмаған, кейбірінің мән-мағынасы кемшін.
1221 жылы Түстік Сұң императоры Нин-цзун бұл кезде Орта Азияда жүрген
Шыңғыс хан Ордасына Гоу Мэн-юй деген елшісін аттандырыпты. Негізгі
мақсат – достық қатынас орнату және бейбіт болашақтағы бітім екен.
Шыңғыс хан Сұң өкілін жақсы қабылдап, қайтар жолында тиесілі
жасауылдармен қоса, өз елшісін жіберіпті. Жауапты сапар, ұзақ жолдан
оралып келісімен Сұң елшісі рәсім бойынша, патша сарайына «Гоу Мэн-юй
ши-бэй лу» – «Гоу Мэн-юйдің Солтүстікке елшілік сапарының сыпаттамасы»
атты көлемді қасабат-жазба тапсырады. Жол-сапар жөні, құпия келіссөздер
жайын айтпағанда, қағанның алтын Ордасында болған білімдар саясаткер
Шыңғыс ханның жеке басы, түр-тұлға, мінез-құлқы турасында, ұлыстың
белгілі қолбасы, ұлық кісілері, жасақты әскер, қанды жорық төңірегінде
бірталай мағлұмат жинақтап әкелгені анық. Өкінішке қарай, бұл айрықша
құнды мұра біздің заманымызға жетпеген. Немесе, белгісіз бір қоймада
жатыр.
Еке ұлыспен соғыс жағдайындағы және біржола күйреп жеңілудің алдында
тұрған Цзинь патшалығы бейбіт келісім туралы ұсыныстармен, 1220 жылы
Угусун Чжун-дуань және Ань Янь-чжэнь деген мәртебелі екі ұлығын Батыс
жорығындағы Шыңғыс ханның ғұзырына аттандырады. Бұлар әуелде
Пекинде отырған ұлыс-бегі Мұқалының алдына жетеді. Екінші, қытай ұлтты
елші әлдебір сылтау, себептермен осында қалады. Ал мақұл кеңшілік алған
шүршіт Угусун Таңғұт арқылы өтіп, Шығыс Түркістанды басып, 1221 жылы
тамызда, Ауған шегі Талиқан аймағында тұрған Шыңғыс ханның Ордасына
жетеді. Қаһарлы қаған Угусунді қабылдағанымен, мәмле заманы өтіп
кеткенін, Шүржен әміршісі Алтын-хан мәртебесінен бас тартып, біржола тізе
бүгуге тиісін, әйтпесе, Сартауыл жорығынан орала салысымен, елін, жұртын
біржола қирататынын мәлімдейді. Угусун қайтар жолында Шыңғыс ханның
құрметті шақыртумен бара жатқан Чаң Чуньге кездесіпті. 1222 жылдың
басында елге оралғаннан соң жазылған міндетті қасабат жайы белгісіз. Арада
көп ұзамай-ақ Лю Ци деген досына бейресми кеңес ретінде баяндап отырып,
Батыс сапарында көрген-білгенін хатқа түсіртеді. Саясат, елшілік жөнінен тыс
әңгімелер. Жолайғы жер сыпатын, меркіт, мекрін, қырғыз, найман, қаңлы,
ұйғыр, тұма, қарлұқ тайпалары жайлаған қоныстар арқылы өткенін айтады.
Батыстағы, бұрында Елюй Дашы бастап апарған қидандар тарихы мен
олардың кейінгі тағдырына қатысты біраз мағлұмат бар. Білімдар оқымысты
Угусун өз атымен жарияға шықпаса да, көзі көрген, танымдық деректердің
мүлде жоғалып кетпеуін ойлапты. Бұл шағын көлемді ескерткіш «Бэй-ши
цзи» – «Солтүстік сапар жазбалары» деп аталады.
Шыңғыс ханнан соң, Өкетай, одан кейінгі Мөңке қағандар тұсында Қытаймен
арада елшілік алмасу – қалыпты жағдайға айналады. Тиесілі мұрағат та
біршама. Әйтсе де, біздің тақырыбымызға тікелей қатысты мағлұматтар
ұшыраса қоймайды.
«Юань ши» – «Юань тарихы». Шыңғыс хан тұқымы билеген Қытайдағы Юань
атанған әулеттің жинақталып, бір жүйеге түсірілген ресми тарихы. 1368–1369
жылдары жазылған.
Ежелгі Қытайда қалыптасқан сарай дәстүрі бойынша, заманында ел билеген
әулеттердің барлығының да өзіндік толық тарихы жасалып отыруға тиіс еді.
Ілкідегі жазбалар мен деректер өз алдына, тақтағы кезекті императордың
әдепкі жылнамасы, яғни төлтума шежіресі күнделікті қағазға түсіп отырған.
Бұл рәсім жаңа, Юань әулетін жариялаған Құбылай тұсында қалыпты
жалғасын тауып, одан соң да үзілмей сақталады. Әйтсе де, Юань заманында
да ең алдымен өткен әулеттер тарихы түгенделеді. Тақтағы әміршілердің
тікелей қамқорлығында саналған Тарихнама орталығы Кұңфудзы
академиясымен бірігіп, әлейім-тәлейім заманда аяқсырап қалған,
мемлекеттік маңызы бар шаруаға қаптал кіріседі де, қаншама жылғы, жанжақты дайындық жұмыстарынан соң, өткендегі Ләуо (916–1124), Цзинь
(1115–1234), және Сұң (960–1279) әулеттерінің жинақты тарихтарын («Ляо
ши», «Цзинь ши», «Сун ши») жазып бітіреді (1345). Ал өкім құрып отырған
әулет тарихы қағазға түсіп үлгермепті. Әйткенмен, мүлде аяқсыз қалмайды.
Жаңа әулет Миң патшалығының алғашқы императоры Чжу Юань-чжан
билікке келе сала шұғыл жарлық береді. Ілкіде Юань әміріне теріс
көзқарасымен аты шыққан Сун Лян, Ван Вэй деген белгілі тарихшылар
бастаған он алты оқымысты, он төрт көмекшісімен жұмысқа жедел кірісіп,
бұрында таңбаланған, жинақталған дерек, мағлұматтар негізінде, айналасы
он бір ай ішінде, ұзын саны 210 тараудан тұратын, толымды Юань тарихын
жазып шығыпты.
Ілкідегі Шыңғыс хан заманынан бастап, Еке Ұлысты қамтып, бүкіл Юань
дәуірін әйгілеген ресми тарих үлкен төрт бөлімнен құралады. Бірінші бөлім –
«Бэнь-цзи» – «Негізгі тауарих» – Әулеттің түп атасы Шыңғыс ханнан тартып,
ең соңғы император Тоған-Темірге дейінгі барлық патшалардың
ғұмырбаяны, атқарған қызметі, Юань заманындағы елеулі оқиғалар. Екінші
бөлім – «Чжи» – «Сыпаттама» – империяның жер бедері, өзен-суы, әр
жылдардағы ауа райынан бастап, әкімшілік бөлініс, мемлекеттік құрылым,
сарай рәсімдері, қаражат, заң жүйесі, әскер ісіне дейін – бір сөзбен айтқанда,
елдің Юань дәуіріндегі бүкіл болмыс-бітімін тәптіштейді. Үшінші бөлім –
«Бяо» – «Ата-тек кестесі» – император әулетінің шығу тегі, арғы бабалары,
кейінгі ұрпағы, туыс, жұрағаттарының мән-жайы турасында. Төртінші бөлім –
«Ле-чжуань» – «Ғұмырбаяндар» – ұлыстың ұлық кісілері, оқымысты
ғалымдар, атақты қолбасылар және басқа да белгілі тұлғалардың өмірі мен
қызметіне арналған. Жинақтап келгенде, тұтас екі ғасыр шежіресі. Ауқымы
кең, дерегі мол.
Кейінгі Қытай тарихын айтпағанда, Шыңғыс ханға, оның заманына қатысты
қаншама соны мағлұмат бар. Өкетай, Күйік, Мөңке хандарға жеке тараулар
арналған. Шыңғыс ханның ұлдары мен әйгілі немерелерінің баяны,
тарихтағы Сүбітай, Мұқалы қатарлы атақты қолбасылар, Елюй Чуцай,
Шыңқай сияқты саясаткерлер, Шыңғыс ханның жаулас дұшпандары мен
жақын серіктері арнайы, жеке-жеке сөз болады. Ұшан-теңіз тауарих.
Сонымен қатар, «Юань ши» мол мүмкіндік орайындағы биік өресіне жете
алмапты. Асығыс жасалған жұмыстың кемістік жақтары сол кездің өзінде
назарға түседі. Қорда бар, қажетті мәліметтердің біразы ескерусіз қалған,
көптеген тұстар толымды емес, бардың өзінде қате, қайшы деректер
ұшырасады. Олқылықты оңдауға кейінгі Цин заманында бірталай талап
жасалған екен. Әйтсе де ең үлкен байып, түзету, толықтыру үрдісі XIX–XX
ғасырлар шегінде ғана жүзеге асады. Әуелде тарихшы Ту Цзи бүкіл ғұмырын
сарып етіп, жаңсағын түзеп, жаңғырта үстемелеп, «Юань шиді» қайтадан
жазып шығады. Жиыны жиырма сегіз кітап жасаған екен, сонда да өлгенінше
ақыр түбіне жете алмайды. Ежелгі тарихи жазбаларды оңдау жолында
ұтымды еңбек еткен екінші бір оқымысты Кэ Шао-минь өз тарабынан ол да
қаншама түзету, үстемелер жасапты. Осы білгір екі оқымыстының қолынан
өткен жаңа тауарих ғылыми тұрғыдан дәйекті, деректері сенімді және баяны
толық, құнды еңбектер деп есептеледі.
Еуропа тілдеріне толықтай аударылмаған «Юань шидің» біздің
тақырыбымызға тікелей қатысты тараулары тарих ғылымында арғы, XIX
ғасырдан белгілі.
Еуропа деректері
Сартауыл соғысы аяқталмаса да, Хорезм тағдыры біржола шешілгеннен соң,
1221 жылы күзде Шыңғыс хан Күнгей Қапқазда тұрған екі қолбасы – Жебеноян мен Сүбітай-бахадұрға түрік текті қыпшақ тайпалары қоныстанып
отырған Оңтүстік-Шығыс Еуропаға өтіп, болашаққа барлау жасап келуге
тапсырыс береді. Екі түмен әскері бар Жебе мен Сүбітай ұзақ жорық
алдында, ілкіде жауланған атырапты қатерден қамтамасыз ету үшін, осымен
екінші мәрте, Гүржістан шегіне басып кіріп, біріккен грузин-армянның қарсы
аттанған алпыс мыңдық қалың қолын қиратып жеңеді. Бұдан соң, ТемірҚақпа атанған Дербентті айналып, Қапқаз тауын Ширван шатқалымен, көктей
өтіп, 1222 жылы жазғытұрым Терістік қырқаға шығады, бас құрап, қарсы
тұрған тау халықтары – алан, шеркес, лезгиндердің біріккен жасағын
тоздырып, күзге қарай Қобан су, Таң дария бойын жайлаған Қыпшақ
қоныстарына жетіпті. Бұдан соңғы тауарих жалпыға мағлұм. Тегі бір болса да,
жұрты бөлек туыстарына бағыныштан бас тартқан қыпшақтар шеткі
қоныстарында жеңіліске ұшырап, құда-андалы Киевтен көмек сұрайды. Бұл
кезде бытырап отырған орыс кнәздіктері ортақ қатер, белгісіз дұшпанға
қарсы түгелге жуық, түп көтеріле аттаныпты. Ақыры, біріккен әскер Азау
теңізіне құятын Қалқа өзенінің бойында тілеген жауымен бетпе-бет келеді.
1223 жыл, 31 мамыр. Басым көпшілігін орыстар құраған, әлде 80 мың, әлде
одан да көп қалың қол татардың 20 мың жасағынан қирап жеңілгені, тоз-тоз
болып, еліне онның бірі ғана оралғаны мәлім. Орыс жылнамаларының
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 06
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480