Latin

Шыңғысхан - 24

Total number of words is 3741
Total number of unique words is 1931
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бұдан соңғы деректердің нақтылығы ешқандай күмән туғызбайды. Мангу
иелігі 1084 жылы Қиданға арнайы елші түсіріпті. Екі ел арасындағы қатынас
оншама нығыз болмаған сияқты. Ұрыс-қағыстар туралы да мағлұмат жоқ.
Аралық тым алыс. Е Лунлидің айтуынша, Қиданның Жоғарға астанасы
Шаньцзиннен есептегенде, мангу шегі төрт мың лиден (екі мың
шақырымнан) астам қашықта екен. Шалғай көршімен байланыс Шүржен
тұсында ғана жандана бастайды. Жаңа ұлыстың әуелгі кезеңінде мангу мен
шүршіт арасында достық, одақтастық қатынас орнапты. Мангу Қиданға қарсы
жорыққа әскер қосады, әлбете, белгілі бір қарымта, төлем орайымен.
Алайда, бұл бірлік жағдай ұзаққа созылмайды. Екі ортада жай ғана араздық
емес, қастас жаулық тұтанады. Шүржендер төлем турасындағы уәдесін
орындамапты, бар пәле содан басталыпты деседі. Әуелгі келісім-шарт
бұзылған жағдайдың өзінде, бітіспес соғыс себебі тереңде жатқан.
Шүршіттер Солтүстік Қытайды алғаннан соңғы кезеңде империяның шегін
өлшеусіз кеңейтті, бұдан ары да алыс-жақын төңіректі түгел өзінің ғұзырына
келтіруге тырысты. Қиырда жатқан Мангу иеліктері бұрынғыдан көп
жақындады. Ал жауынгер мангу ешқандай зорлықты мойындамаған. Енді
әуелгі шекаралық қақтығыстар тұтас он екі жылға созылған ұзақ-сүргін
соғысқа (1135–1147) ұласады.
Шүржен ұлысының үшінші императоры Хэла (1135–1149) таққа отырар
отырмастан, мангу мәселесін біржола шешу мақсатымен, солтүстікке Учжу
дейтін қолбасы бастаған қалың әскер аттандырады. Күтпеген жерден басып
кірген шүршіттер әуелде біршама табысқа жетіпті. Алайда, Көп ұзамай-ақ ес
жиып, қайыра күш топтаған мангулар жау әскерін үлкен шығынға ұшыратып,
кері тықсыра бастайды. Хэла шұғыл көмекке Хушаху бастаған тағы қаншама
таңдаулы әскерін бағыттапты. Ақыры, бұрнада қайтпас қиданды, қара-нор
қытайды қирата жеңіп келген шүржен әскері, үш жылғы қантөгіс майданнан
соң тоз-тозы шығып, кері қашады. Өкшелей қуған мангулар қалың қолдың
ақырғы қалдығын Жоғарғы астананың түбінде біржола жойып жіберіпті.
Шүржен империясын үрей жайлайды. Бірақ мангулар ел ішіне бойлап
енбейді, кері оралып, өздерінің шекаралық аймағында бекініп қала береді.
Өркөкірек империя мұндай алмағайып жағдайға төзбеуге тиіс еді. Хэла
сексен мыңдық жаңа жасақ шығарады. Бас қолбасы ретінде, бұл тарапта
соғыс тәжірибесі бар Учжу қайтадан бекітіледі. Майданның екінші кезегі тура
жеті жылға созылыпты. Ешқандай нәтижесіз. Есебі, империяның нысаналы
мақсаты орындалмаған. Керісінше, тынымсыз қырғында ойсыраған
жеңілістерге ұшырапты. Ақыры, тұтас он екі жылдық ауыр соғыстан соң, 1147
жылы, өкілетті елші жіберіп, амалсыз, Ғұн заманынан беріде болмаған,
империялық көзқарас тұрғынан алғанда “масқара”, шынында да аса ауыр
бітім жасалыпты. Шүржендер бар әскерін кері қайтарады, шекаралық
аймақтағы жиырма жеті бекініс-қаласын мангуларға қалдырады, оның үстіне
жыл сайын, тиесілі мөлшерде, аяқты мал: мүйізді қара, бұғы, қой және азықтүлік: бидай, күріш, бұршақ және қаншама бума жібек түрінде салық төлеп
тұруға міндеттенеді.
Мангу жұрты мәңгілік еркіндік алғандай, Шүржен империясы біржола тыныс
тапқандай екен. Бірақ бәрі де құйтырқы, өктем қауым амалдаған уақытша
шара болып шығады.
Ұзақ, ауыр соғыста толық жеңіске жеткен мангу халқы етек-жеңін жинап,
орнықты ұлыс ретінде ұйысуға бет бұрыпты. Ел әміршісі боцзин Аоло өзін
хуанди – император деп жариялайды, ал қарауындағы жұрт бұдан былай
“Ұлы Мангу мемлекеті” деп аталуға тиіс екен.
Бәріне шыдаған Шүржен империясы мұндай, өзімен атақ-дәрежесі иықтас
патшаны да, қуат-күші зор, іргелі мемлекетті де мойындай алмайтын еді.
Хэла шұғыл шешім жасап, жаңа майдан ашыпты. Бұл жолы империяның
барлық қарулы күштері солтүстікке төгілген сияқты. Ұрыс тәсілі, соғыс мұраты
да бұрынғыдан өзгеше болады: елді мекендерді жермен-жексен қирату,
қару жеткен халықты түгін қалдырмай қыра беру, сөйтіп, мангу мәселесін
бржола, түбегейлі шешу.
Бұл реткі ұрыс қимылдарының нақты шежіресі қағазға түспеген, бірақ негізгі
мақсат толығымен орындалғаны көрінеді. Ұлы Мангу мемлекеті қирап,
құлайды, ержүрек мангу жұрты да қырылып бітеді, жер бетінен біржола
көшеді. Тек Шығыс халықтарының ежелгі үрдісінде дабыралы, даңқты есімі
ғана қалыпты. Бірақ түгел тарихы мағлұм емес. Керек десеңіз, шешілмес
жұмбақ.
Этноним төркініне қайтып оралсақ, кейінгі бір зерттеушілер “мангу” – тұңғысмәнчжүр сөзі екенін айғақтайды. Бұл жұрт өздері қоныстанған Амур өзенін
Манга деп атапты. Яғни “мангу”, “манга” – тұңғыс текті әлдебір халықтың
өзіндік атауы. Соған қарамастан, бұл мангу – ежелгі моңғол деп танылған.
Қырылып кеткен – негізгі тобы, түпкі қоныста отырған жұрты. Осы айрықша
апаттан жүз елу – екі жүз жыл бұрын, Х ғасырдың орта шені, бәлкім ХІ
ғасырдың бас кезі, моңғол текті қидан өктемдігі заманында, бұлардың бір
бөлігі оңтүстік-батыс – Онан–Келүрен бойына қоныс аударыпты-мыс.
Алайда... арғы тарихтан мәшhүр мангу, немесе мэнгу қонысымен екі аралық
– нулы шытырман, сулы бөгесін. Ен дала емес, орман, тоғайлы, тау, қыратты,
терең дариялы – салқар көш, ұзақ сапарға қолайсыз. Оның үстіне Ұлы
Даладан тым шалғай. Уссури өзенінің төменгі ағысы, Жапон теңізінің терістік
жағалауы, аспанмен ұшқанның өзінде бес мың ли – екі жарым мың
шақырым. Азғана қауымның тума, қалың тобынан бөлініп, ата жұртынан
аууына ерекше бір себеп керегін айтпағанда. Және бұл кезде мангу
халқының бағы басында тұрған. Төтенше көштің ешқандай қисыны жоқ.
Сондықтан да моңғол нұсқасын жақтаушылар мангу қонысын батысқа қарай
мейлінше жылжытуға тырысады. Амурдың орта ағысы, тіпті, бас жағы деп
қояды. Соның өзінде мың жарым, екі мың шақырым төңірегі. Орыстың
дарынды жас ғалымы Павел Рыкин бұл тақырыпты арнайы зерттеп,
“миграция теориясы” мүлде негізсіз деген қорытындыға тоқтаған.
Қарап тұрсаңыз, бар тетік көші-қонның болу-болмауымен шешілмейді.
Ежелгі мангудың тұрмыс-ахуалы мүлде өзгеше. Балықшы, аңшы. Ал кейінгі
зерттеушілер моңғол қылып қойған жалпақ жұрт – керей, найман, меркіт,
қоңырат, жалайырды айтпағанда, Шыңғыс ханның туған тайпасы қияттың
өзінің барлық тіршілігі мал шаруашылығына байланысты. Аңшылық –
қосымша демесін ғана. Балық аулау – кәсіп емес. Ең кереметі – мангулардың
бірден-бір дерлік, негізгі түлігі шошқа – атымен жоқ. Қима ағаш үйде
тұрмайды, аң терісі жабылған, ағаш қабығы, жапырақ, бұтақ бүркенген қос,
күрке дегенді білмейді. Қысы-жазы бірдей киіз туырлық астында.
Әлбетте, қоныс өзгергенде, заман озғанда халықтың тіршілік-кебі басқа бір
арнаға түсетіні бар. Мәселен, бүгінде моңғол тобына тиесілі халықтардың
барлығы да мал шаруашылығын түрік жұртынан үйренді, бастарындағы киіз
үйге дейін түріктен алды. Сонау Ғұн заманынан басталып, Түрік қағанаттары
дәуірінде баян тапқан үрдіс. Бірақ замана лебімен қаншама өзгерсе де,
ежелгі жұрт өзінің бағзы дәстүр-салттарын біржола жоғалтпайды. Белгілі
мөлшерде негізгі ерекшелігін сақтайды. Бұл тұрғыдан алғанда, қияттың
өздерімен тұрақты құда-андалы қоңыраттан, өктем туыстық жөнімен
қалтқысыз араласқан жалайырдан, одақтас, ендігі бір заманда бойы биік
сюзерен болған керейден, тіпті, көбіне-көп жаулас меркіттен, ең ақыры –
тікелей шектеспейтін, алыстағы найманнан соншама одағай айырымбелгілері байқалмайды. Тұрмыс-салтта да, мінез-құлықта да. Өзара аударма
тілмаш арқылы, немесе басқа бір тілде сөйлесті деген дерек жоқ. Бәрі бір
жұрт, бір халық. Бәрі де моңғол дейтін бұрнада. Ақыр түбінде, найманнан
бастап, меркіт, керейден өтіп, қоңырат, жалайырға дейін түгел түрік болып
шықты. Кейбіреулер әлі де кейін тартып жүргенімен, үлкен ғылымда анық
шешілген ақиқат. Әзірге басы ашық – қият қана. Айтып, айғақтап келеміз, ол
да түрік екен. Сонда не қалды?!
Иә, ұмытып барады екенбіз. Ұлы Далаға қатысты қытай деректерінде әлдебір
“мэн-гу» тайпасы аталып қалатын реттері бар. Онан өзенінің етегі, Барғұжын-
Тоқым – Шыңғыс хан жұртының шеңберінде. Міне, моңғол! – деседі
білгіштер. Тек аңдамаған, немесе аттап өткен бір кілтипан бар. Бұл мэн-гу –
кәдімгі маңғыт! Жекеше тұлғасы – маңғу, немесе маңғы болуға тиіс. Бірақ бұл
маңғыт та моңғол текті емес, түрік текті тайпа.
Сонда “моңғол” этнонимі қайдан шықты, қалай жабысты деген сауал тумағы
орынды. Шыңғыс хан – моңғол, ол құрған байтақ империя да Моңғол
атында... Енді, осы тараптағы азды-көпті толғам. Біз ойлап тапқан емес,
зерделі ғылымда қалыптасқан көзқарас. Соның жалпы сұлбасын баяндап
шығайық.
Ең алдымен айтарымыз – “моңғол” атауы Шыңғыс хан заманынан бастау
алады. Нақты тарихи деректер куәлігі бойынша, 1211 жыл, Шүрженге қарсы
үлкен майдан ашылар қарсаңда қабылданған. Бәлкім, бұдан сәл ертерек,
яғни Ұлы құрылтай – 1206 жыл шамасында деп ескертеді кейбір
зерттеушілер. Біздің Еке Ұлыс мөріне қатысты байыбымыз бойынша,
аталмыш құрылтай қарсаңында, немесе содан азғана бұрын. Қайткенде де
Шыңғыс хан империясы ту көтерген заманға дейін “моңғол” атауы (немесе
соның дыбыстық басқа бір нұсқасы) ешқандай қолданыста болмаған.
Шүржен жорығы – ілкіде, ұлыс ұйыса бастаған кезде ойластырылған шаруа.
Арғы мың жылдық тарихты айтпағанда, кейінгі екі-үш ғасыр, тіпті, Темужін
дүниеге келіп, оң-солын тани бастаған кездің өзінде сақара халқы үшін ең
үлкен қатер – көршілес Қытай мемлекеті болды. Киіз туырлықты жұртты
бодандықта ұстаған, біржола бас көтертпеу үшін Ұлы Далаға оқтын-оқтын
жазалаушы әскер шығарып, кәмелетке жеткен ер-азаматын қырып кетіп
отырған Қытай. Бұрнада Таң, Сұң атанса, кейінде Қидан, Шүржен атанған, кім
билеп, қалай толқынса да, қытайлық негізін сақтаған қуатты, басқыншы
империя. Шыңғыс хан өзінің өмірлік, негізгі мұраты – осы үрейлі-зәндем,
ежелгі дұшпанның сағын сындыру, зәрін қайтару ғана емес, біржола қауіпсіз
қалыпқа түсіру деп білген.
1206 жылғы Ұлы құрылтайдан соң далалық мемлекет – Еке Ұлыс шаңырағын
көтеріп, іргесін бекітті. Бірден-ақ қанатын кеңге жайып, Орталық-шығыс
Азиядағы аса қуатты, жаңа бір империя ретінде бой көрсетті. Әзірше, ұлыс
құрамында азды-көпті бөгде тайпалар бар, бірақ халықтың басым көпшілігі,
тіпті түгелге жуығы – түрік тектілер. Десе де, бұл қырық ру елдің ортақ атуы
жоқ екен...
Қазірде біз түп тарихы еншілес, тілдері үйлес, негізінен Еуразия құрылығында
орналасқан туыстас халықтардың үлкен бір тобын “түрік текті” дейміз. Батыс
Еуропада ХVІІІ ғасырдан бастап қалыптасқан атау. Россияда күні кеше, ХІХ
ғасырдың орта шеніне дейін түрік есебінде “татар тайпалары” деген
анықтама қолданылды. Өткен тарихтың ұзына бойына қарасаңыз, арғы
замандарда өзара қолдасқан туыстас тайпалар одағы сол ұжымға жетекші
болған рудың атымен аталады екен. Мәселен, Түрік қағанаты, Түргеш
қағанаты, Қарлұқ хандығы, Қыпшақ бірлестігі дегендей. Әрқайсысының
құрамында заты бір, аты бөлек тағы қаншама ру-тайпа бар. Шыңғыс хан
құрған империяда билеуші әулет қият ұзын саны жөнінен де, күш-қуаты
жағынан да мұндай басымдыққа жетпеген. Сонымен қатар, Шыңғыс хан
рулық бөліністі жоймаса да, әлсіретуге тырысқаны, бүкіл ұлысты біртұтас
құрылымға айналдырғаны мәлім. Қолбасылар, ұлық, әмірлер – шыққан
руымен емес, жеке басының қасиет, қабылетімен көтерілді және соған орай
орын алды. Әуелде Шыңғыс ханның күрес күндерінде қалтқысыз қосылып,
елдің алды болып жақтаған аталар үлкен құрметке жетсе, уақыт оза келе
барлық ру-тайпа өкілдері, тіпті, бөгде жұрт тұлғалары да бірдей өлшеммен
бағаланды. Қайткенде де, ұлыстың және ондағы халықтың жалпыға ортақ,
өзіндік атауы болуға тиіс еді. Бұл кезде ежелгі “ғұн” есімі ұмытылған, ал көне
“түрік” атауы көмескі тартқан және Батыс қанат – Шығыс Дәшті мен Орта
Азиядағы қауым арасында таралған этноним. Атақты «татар” – ілкіде
көпшілікке танымал, етене болса да, соңғы заманда үйіріне қарсы шапқан,
нәтижесінде күні кеш ғана қиратылған, заманы өткен, бақас тайпаның
ныспысы. Ақыры, таңдау мүлде басқа тарапқа ойсып, осыдан елу-алпыс жыл
бұрын шүршіт-қытаймен қайтпай қаржысқан, сол, иілмеген қалпы түгелдей
қырылып кеткен жаужүрек, қаhарман жұрт есімі – “мангу”, “мэнгу” атауына
түседі.
Түстік Сұң елшісі, саясаткер Чжао Хуң бұл таңдау – шүржен тарабынан қашып,
Еке Ұлысты паналаған қидан қайраткерлерінің ақылы бойынша жүзеге асты
деп жазған. “Олар Шүрженмен қайтпай соғысқан жауынгер халық ретінде
мэнгу жұртын айрықша құрмет тұтады, сондықтан өз ұлысын “Да Мэнгу го” –
“Ұлы Мэнгу мемлекеті” деп жариялады”, – депті. Бұл – Шыңғыс ханның
мөрінде таңбаланған, одан соңғы жазба деректерде айтылатын “Еке Монғол
ұлысы”, немесе, нақтысы – “Еке Моғұл ұлысы” деген тіркес. Дабыралы
“мангу” атауы Шүрженге қарсы шешуші майданда Дала жұртына күш беруге
және жаудың құтын қашыруға тиіс еді. Сонымен қатар,зертеушілер осы
есімді иелену арқылы Шыңғыс хан өзін Мангу жұртының тікелей мұрагері,
соған орай, жойылған тумаластың кегін қуушы ретінде көрстпек болды
деседі. Сол замандағы Сұң оқымыстысы Хуан Дунфа: “Бұрнада “Да Мэн-гу го”
дейтін патшалық болған. Бұлар Цзиннің Лянь заманында (яғни 1150–1161
жылдар аралығы, – М.М.) татарлармен тізе қосып, шекарада көптеген
жауыздықтар жасады. Енді біздің Цзя-дин билігінің төртінші жылында (1211,
– М.М.) татарлар олардың есімін иеленіп, өздерін “Да Мэн-гу го” деп атай
бастады”, – деп жазған. Тұстас, екінші бір Сұң білімпазы Ли Синьчуань бұл
атау Шүрженмен соғыс басталған кезде ғана белгілі болғанын
куәландырады. Дерегі мол, дәйегі тиянақты тағы бір ескілікті жәдігер «Мэнгу-ю-му-цзи” осы “мэнгу” атауының кейінде және қалайша қабылданғаны
туралы бұрнағы мағлұматтарды айғақтай түседі. Яғни, қаншама заманнан
бері Ұлы Далаға өктемдік жасап, ондағы жұрттың әрбір қадамын бақылап
отырған қытай тарабының өзі “мэнгу” атауының түп төркіні мен кейінгі
қалыбының арасында сабақтас байланыс жоғын, белгілі бір кезеңде тек
атаудың ғана ауысқанын нақты көрсетіпті. Бұл – туыстас тайпалардың
бірлесуі нәтижесінде қайта құрылған халық есімі емес, жаңадан бой көтерген
ұлыс есімі болатын, яғни этноним емес, политоним. Бұдан былайғы жерде
Шыңғыс ханның туы астындағы барлық жұрт мэнгу – жаңаша дыбысталуы
бойынша – моғұл деп аталуға тиіс болды. Күні кешегі заманмен
шендестірсек, Совет Одағы, совет халқы деген сияқты.
Алайда, жаңа атаудың орнығуы өте қиын болғаны және біршама ұзаққа
созылғаны байқалады. 1221 жылы Пекинде, Солтүстік Қытай тарабындағы
ұлыс-бегі жалайыр Мұқалы-ноянның әскери ордасында болған Чжао Хуң:
“Мо-хоу го-ван өзінің әрбір сөзінде “біз, татарлар” деп отырады, басқа
қолбасылар мен ұлықтар да солай... Бұлар өздерінің мэн-гу екенін де
білмейді, бұл атаудың мағнасынан да бейхабар”, – деп айғақтаған. Қолбасы
Мұқалының таным-білігі осындай болғанда, қалған қарашы жұрттың
жағдайы айтпаса да түсінікті. Соңғы екі ғасырда қалыптасқан, жалпыға ортақ
татар атауы тәрік етілмейді.
Әйткенмен, империялық ресми саясат нәтижесінде жаңа моңғол (моғол,
моғұл) атауы бірте-бірте беки бастағанын байқаймыз. Мәселен, Шыңғыс хан
империясының әуелгі кезеңінде жазылған Ибн әл-Асир, Нәсәуи
шығармаларында, Батыс жұрттарының бастапқы деректерінде, тіпті, Бату
ханның Еуропа жорығына қатысты барлық әдебиетте тек қана “татар” атауы
қолданылса, ХІІІ ғасырдың орта шенінен бергі заманда “моғол” атауы да
сыналап ене бастайды. Бірақ жеке-дара емес, “татар” атауымен қатарлас,
немесе қабаттаса. Мәселен, Мамлүк Бейбарыс сұлтанның Берке ханға
жіберген елшісі, мысырлық араб Ибн Абд аз-Захир “татармен” аралас
“мағұл” атауын да таңбаласа (1262), парсы, мәшhүр Жувәйни көбіне-көп
“татар” есімін орынды көргенімен, ара-тұра осы атаудың теңдей баламасы
ретінде “муғұл” ныспысын келтіретіні бар (1260). Ілкіде Рубрук “моал” деп
жазған (1255), әлбетте, “татардың” мәндес тағы бір атауы есепті. Екінші бір
католик монағы Монте-Кроче: “Татарлар өздерін “могол” (моғол, – М.М.) деп
те атайды”, – деген (ХІІІ ғ. соңы). Жиханкез Гайтон бұл сөзді таратып айтады:
“Татар тайпаларының саны көп, бірақ бәрінің “могол” (әрине, “моғол”, –
М.М.) деген ортақ атауы бар,” – депті (1307). ХІІІ ғасырда жасаған армян
тарихшысы Себастаци “мугул” (“мұғұл”) деп жазса, оның замандасы
Степанос Орбелян: “Татарлар ауызекі сөзде “мугал” (“мұғал”) деп аталады”, –
деген түсіндірме береді, ал атақты Киракос Гандзакеци екі терминді теңдес
ұғым ретінде қолдана отыра, кейде “мугал-татар” деп қабаттастырып
жібереді. “Орыс тарихының атасы” Н.Карамзин (1766–1826) өз заманында
мағлұм болған деректер негізінде “могол” деп жазады және “татар” екеуін
синоним ретінде қолданады және бұл “моғол-татар” – “шығыс түріктерімен
тайпалас туыс”, – деп атап көрсеткен.
Білгір Рәшид-әд-Дин “Жинақты тауарихта” (1300–1307) бұл жағдайды
бажайлап талдайды.
“Ежелгі заманда муғұл – далалық түрік тайпаларының ішіндегі бір ғана ру
болатын”, – дейді. Бұл жерде кейінгі толқын әсерімен “муғұл” деп отырғаны
– қият. “Енді, – дейді, – Шыңғыс хан әулетінің бақ-барақатына байланысты,
жалайыр, татар, ойрат, оңғыт, керейт, найман, таңғұт қатарлы түрік
тайпаларының барлығы да өздерін муғұл деп атай бастады”, – дейді. Ойрат
пен таңғұтты жалпы түрік тізіміне қосып жібергенін айтпасақ, бірден көзге
түсетін жағдай – найман, керей, жалайыр, оңғыт, татар тайпаларының
бұрнада моңғол тобынан тыс болғаны. “Олар ескілікті заманда бұл атауды
танымаған болатын”,– деп үстейді әуелгі сөзін. Керек десеңіз: “Қазір ең аяғы
Қытай мен Шүржен жұрты, нянгастар (Сұң жұрты, – М.М.), ұйғыр, қыпшақ,
түркмен, қарлұқ, қалаш, тіпті, кіріптар тәжік (парсы тектілер, – М.М.)
халықтарына шейін муғұл деп аталатын болды”, – дейді осы тараптағы
барлық сөзін тұздықтап.
Бұл арада “муғұл” – қазіргі, ғылым мен тарихта қалыптасқан нұсқасына
көшірсек, “моңғол” – империя ғұзырындағы жалпы жұрт мағнасына ие
болғанын көреміз.
Жаңа атау қабылданған кезден-ақ осындай реңк-танымы аңдалады.
Мәселен, “Қастерлі шежіреде” Шыңғыс хан жағындағы ру-тайпалар түгелдей
“моңғол” аталып отырады, ал қарсы бет, тіпті, кейде жаңағы “моңғол” болып
тұрған рудың екінші бөлшегі, қарсылар ғана емес, қалыс қалған барлық
бейсауат қауым ешқандай анықтамасыз, өздерінің үйреншікті есімімен ғана
аталады да, жеке-жеке патшалық болып отырған керей мен найман және
меркіт – “моңғолдан” мүлде бөтен жұрттар есебінде бейнеленеді. Яғни,
ілкідегі сөзімізді қайыра пысықтасақ, бұл дәуірдегі “моңғол” – нақты бір
халық емес, Шыңғыс ханның бодан жұрты ғана.
Осы арада белгілі атаудың дыбыстық қалыбы туралы айта кету керек сияқты.
Бүгінде Батыста және Орыста орныққан «монгол” – “моңғол” этнонимінің
әуелгі нұсқасы – “мэн-гу”, немесе “ман-гу” дедік. Қытайда күні бүгінге дейін
“менггу” деп жазады және айтады. Ал Шыңғыс хан заманында... бастапқы
жекеше нұсқаға көптік “-л” жұрнағы жалғаныпты. Сонда “мангу” – “маңғұл”
болып шықпақ. Бірақ сол кезде нақпа-нақ осылай дыбысталды ма? Қытайша
әліптеу дәстүрінде кез келген жат сөз мүлде өзгеше таңбаланатыны белгілі.
Мүмкін, әуелгі нұсқа нақты “мэнгу” емес, сол төңіректегі басқа бір
дыбыстардан құралған шығар? Оның үстіне, қытай ғана емес, кез келген
тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Сырттан енген қандай да сөз осы тілдің заңына
бағынады (зорлықпен бәрі де орыс әуезіне түсірілген советтік жүйе –
ережеден тыс). Шыңғыс хан мөрінің бетіндегі ұлыс атауы әрқилы оқылуы
мүмкін екенін ескерттік: “монгул”, “моңул”, “моғұл”, “мұғұл”... қайткенде де
“монггол”, яғни “моңғол” емес. “Қастерлі шежіреде” – “моңғол” (немесе
солай оқылып, таңбаланған), бірақ бұл – Шыңғыс ханның тұсы, тіпті, оған
жалғас Юань дәуірі де емес, кейінгі Миң заманы, ары дегенде ХІҮ ғасырдың
соңында көшірілген нұсқасы. Тіпті, бүгінгі атаулы моңғол жұртының ішінде
емес, Қытай шегінде тұрақтаған, Дала жұртына кейінде ғана біржола
таңылған этноним. Мейлі.
Ең ескілікті жазбаларға үңілейік. “Моңғол” – дәл осындай дыбыстық және
соған сәйкес таңбалық нұсқа мүлде ұшыраспайды. Арабтар «мағул” деп
жазады, парсылар “муғұл” деп жазады, ал түрік негізді үлгілер, бұрынғысоңғы бар тауарихта – “моғұл” . Кейінгі зерттеушілер, бүкіл Еуропа ғылымы
“мағул” мен “муғұл” және “моғұл” – “моңғол” сөзінің бұрмаланған қалыбы
деп біледі. Бір, екі емес, ондаған түпнұсқа, тарихи ескерткіште ұшырасатын
жүз де жүз қайтара, нығарлап жазылған атаулы есім – түгел қате деп
жарияланған. Сенімдерінің күштілігі соншалық, ескі мұралар бетінде
ұшырасатын тиесілі атаудың барлығын да “моңғол” деп түзетіп аударады.
Ибн әл-Асир мен Жүзжани да, Жувәйни мен Рәшид-әд-Дин де, тым құрса
өздері арнайы сөз етіп отырған жұрттың атын дұрыстап білмепті. Онда... сол
заманда жасаған еуропалық Монте-Кроче мен Гайтон неге «могол” деп
жазған? Кейінде қазақ халқын құраған ру-тайпалардың бір тобы Шағатай
ұлысынан бөлініп, Жетісуда іргесін бекіткен жаңа бір ұлыс неге Моғұлстан
деп аталған? Индияда өкім құрған Ұлы Моғол империясының атауы қайдан
шыққан? Шыңғыс хан заманына қатысты ең басты, ең сенімді, қадым
деректерде “моңғол” емес, “моғұл” болуын түгелдей жаңсақ деп тануға
қаншалық негіз бар? Сұрақ көп. Бәрінің тоғысар арнасы ортақ. Өйткені бұл
арада ешқандай кілтипан жоқ. Атаудың әуелгі, ескілікті нұсқасы – “мэн-гу”.
Шыңғыс хан тұсында “моғұл” түрінде қалыптанған. Және бүкіл империя
шегінде, онымен көршілес, алыс-берісті Батыс және Шығыс елдерінде
осылайша, аз-маз дыбыстық айырыммен “мағул”, “муғұл”, ”могол” ретінде
таңбаға түскен. Ал қиыр шығыста – Юань дәуірінде ежелгі қытай рәсімімен
“мэн-гу” түрінде жасап, ақыр аяғында, қытай деректеріне сүйенген Батыс
жұртының ыңғайымен “монгол” болып бекіген және бағзыдағы, бүкіл
империя тұрғыны, көпке ортақ политоним енді жекелік сыпат алып, этноним
– ежелгі ұлыстың ескі қонысында қалған жаңа бір халықтың өзіндік атауы
ретінде орныққан.
Осы орайдағы бар толғамды академик Бартольдтың сөзімен түйіндеуге
болар еді. “Моңғол есімі тек Шыңғыс ханның кезінде ғана мемлекеттің hәм
билеуші әулеттің атауы есебінде қолданысқа енді, ал кейінде халық атауы
ретінде қалыпқа түсті”, – деген.
Сондықтан да Шыңғыс хан құрған әлемдік империя – моңғол халқы ұйтқы
болған моңғол империясы емес дейміз. Бүгінгі моңғол жұртының арғы
аталары – Еке Ұлыс құрамындағы елеусіз бір түйіршік қана болатын. Ал ол
замандағы «мэн-гу” – “моғұл” есімінің мән-мағнасы мүлде басқаша. Ұлы
мемлекет құрамына енген әр текті, алыс-жақын барлық жұрттың жиынтық
атауы.
Бір пара сөзімізді түйіндеп айтсақ, Ежелгі Ғұн империясының, одан соңғы Ұлы
Түрік қағанатының мұрагер жалғасы ретінде бой көтерген ұланғайыр жаңа
мемлекет – “Еке Моғұл ұлысы” деп аталады. Алып елдің, негізінен туыстас
түрік тайпаларынан құралған барлық халқы – біріктіруші, ұйыстырушы
сыпаттағы, жалпыға ортақ “моғұл” есіміне ие болыпты. Моғұл жұрты. Ұлы
Моғұл империясы. Немесе Еке Моғұл ұлысы – Еке Ұлыс.
VII тарау
КӨШПЕНДІЛЕР БОЛМЫСЫ
Татар жұртына келген кезде мен мүлде басқа бір әлемге енгендей болдым,
дейді Рубрук. Шыңғыс хан заманы, ол замандағы адам, тұрмыс-ахуал –
бүгінгі біз үшін де өзгеше бір дүние, бірақ мүлде бөтен емес, таныс-бейтаныс,
қайткенде де етжақын әулет, кеше ғана бастан өткен, әлі де тым алысқа
кетпеген, ұқсас, үйлес тіршілік кебі.
Өткенді тану қашанда өте күрделі құбылыс. Алайда, Шыңғыс хан дәуірін тану
Еуропа ғылымында тым тұрпайы әрі оңай қалыпқа түскен. Әдетте,
сонау француз К. д‘Оссоннан бастап, бүгінгі орыс Л.Виктороваға дейінгі
аралықтағы, тіпті, білімдар, байыпты оқымыстылардың өзі арыдағы моғұл
мен бүгінгі моңғолдың арасына тепе-теңдік белгісін қояды. Бағзыдағы, түп
атауын бұзып, «моңғол» деп түзетіп алған моғол (моғұл) қауымы мен қазіргі
халха һәм ішкі-моңғол жұртын бір халық деп есептейді, дәл өзі
болмағанымен, соңғысы әуелгінің тікелей және нақты жалғасы саналады.
Сөйтіп, кейінгі моңғол жамағатына тән әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, мінез-құлық
ерекшеліктері әуелгі моғұл, яғни Шыңғыс хан заманына тән сыпат ретінде
көрсетіледі және керісінше, арғы моғұлға қатысты күңгірт, беймәлім
жағдаяттар бүгінгі моңғол тұрғысынан шешім табады. Бұл ретте, Еуропаның
бұрынғы-соңғы ғұлама ғалымдары бағзыдағы Батыс және Шығыс деректерін
бажайлап оқымаған, оқыса да байыбына терең бойламағанын көреміз.
Егер Шыңғыс хан жұртының өзі болмаса да көзі, генетикалық һәм рухани
мұрагері кім десек, XIII ғасырда Ұлы Даланы дүбірлеткен, әлемдік
империяның бастапқы ұйтқысы болған қият пен қоңырат, жалайыр мен
найман, керей мен меркіт, шанышқылы мен қоралас, таз бен алтын, кете мен
телеу, күрлеуіт пен төлеңгіт, тоқа мен оңғыт, байыс пен байжігіт, маңғыт пен
қатаған, оймауыт пен кенегес, тама мен құсшы және азды-көпті мөлшерде
сол қатардағы тағы басқа да рулар негізгі бөлігін құрайтын бүгінгі қазақ
халқы дер едік. Шығу тегі ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, бар
болмысы тұрғысынан алғанда. Алайда біз бағзыдағы Шыңғыс хан жұртының
бітіс-табиғатын түгендеу үшін кейінгі қазақты араға тартпаймыз. Бұл – басқа
бір орайдағы басқа бір еңбектің тұрғысы. Әйтсе де, ұқсастық, туыстық,
жалғастық көзге шалынбай тұрмайды. Яғни, дәл осы ретте бүгін арқылы
өткен ахуал емес, өткен арқылы бүгінгі кеп танылмақ. Айттық, бұл да біздің
негізгі мақсат емес. Біз небәрі қадым замандарда таңбаға түскен нақты
мұралар негізінде Шыңғыс ханның байырғы халқы турасындағы әрқилыдерек-мағлұмат атаулыны белгілі бір жүйеге түсірмекпіз. Еуропалық
жазбалармен қоса, мұсылман және қытай деректерін де кеңінен пайдалана
отырып. Әлбетте, Ұлы Даланы жайлаған өркеуде, жауынгер, азат жұрттың
толық сыпаты жасалмайды. Сақталған, қолда бар жазба ескерткіштердің
ауқым-ауаны шектеулі. Әйткенмен, түгелдей дерлік жат, тіпті, жаулас жұрт
тарабынан айтылған және үзік-үзік, көп жағдайда үстірт байыпталған аздыкөпті ақпар-мағлұматтың өзі, жинақтай, жүйелей келгенде, біздің
алдымыздан бүгінге дейін белгісіз дерлік, жаңа бір тауарихтың есігін ашады
екен. Шыңғыс хан заманындағы түз тұрғындарының мейлінше толық
болмаса да, біршама шынайы болмысы.
Кісі
Әлемді жаулаған Шыңғыс ханның туып-өскен халқы – кейінде қалыптасқан
нәсілдік бөлініс атауы бойынша «моңғол текті» деп аталады. Моңғол емес,
моңғол текті, моңғолоид. Ежелгі ғұн мен сәнби, байырғы түрік қауымы,
қазіргі моңғол мен бурят, қазақ пен қырғыз және тағы қаншама қарайлас
жұрт, ең ақыры қалың қытай, корей мен жапон, керек десеңіз, бүкіл ОңтүстікШығыс Азия, Индонезия халықтарына дейін түгел моңғол текті саналады.
Яғни, осы аталмыш жұрттардың қадымнан арғы, адамзат кең дүниеге аяқ
басқан бағзы дәуірдегі түп тамыры, шығу тегі ортақ деген сөз. Оның ішінде
бөліп айтсақ, түрік, моңғол халықтарының туыстық тамыры тіпті беріде.
Сонымен, Шыңғыс ханның жұрты – моңғол текті дедік. Арыдағы Аттиладан
кейін Батыс Еуропаға атының ізі түспеген. Бес жүз жылдан соң ОңтүстікШығыс Еуропаны жайлаған қыпшақтар да Еуразия шегінен шыға қоймаған.
Сондықтан да Шыңғыс хан заманында қайта көтерілген көшпенді жұрттың
түр-тұлғасы, болмыс-бітімі, әдет-ғұрпы – бар тұрпаты жат, өзгеше көрінген.
Және еуропалық нәсілден айырым белгілері андағайлап тұрған соң, олардың
сыр-сыпаты да бедерлі таңбаланыпты.
Бұлардың мінез-құлқы да, әдет-ғұрпы да әлемдегі барлық жұрттан мүлде
өзгеше, деп жазған Рикольдо де Монте-Кроче.
Әрқилы татар тайпаларының тілдері – бір, түр-тұлғаларында шамалы ғана
айырым бар, мәселен, богем, полон, орыс (яғни славян тектілер, – М.М.),
немесе римдік, ломбард, фриул (роман тектілер, – М.М.), немесе
аустриялық, тюринг, шваб (неміс-герман тектілер, – М.М.) сияқты, бұл
жұрттағы адамдар да бір-біріне өте ұқсас, дейді Бенедикт Полон. Бұл
тайпалардың тілдері бірдей, түрлері өте ұқсас деп нақтылайды тағы бір тұста.
Тұрған жерінің жағдайы, ауа райына байланысты, түрік тайпаларының
сыртқы кейпінде, сөйлеу тілінде, азғана болса да айырым белгілер
ұшырасқанымен, бұлардың тілдері жақын, түрлері ұқсас, деп куәландырған
Рәшид-әд-Дин.
Есебі, татарлар, яғни дала халқы турасындағы батыс пен Шығыс деректері
жекелеген бір ру, тайпа емес, бүкіл Шыңғыс хан жұртына ортақ мағлұмат
саналуға тиіс.
Кескін-келбет. Олардың сыртқы түр-тұлғасы басқа адамдардан (яғни
еуропалықтардан, – М.М.) өзгеше, деп жазады Карпини. Атап айтқанда:
көздерінің арасы алшақ, беттері жалпақ, бет сүйектері шығыңқы;
мұрындары үлкен емес, тәмпіш; көздері кішкентай, кірпіктері қабағымен
астас. Жалпылай алғанда, белдері жіңішке, бірлі-жарымы болмаса, бәрінің
дерлік бойлары биік емес. Бәрінің дерлік сақалдары шағын, кейбірінің үстіңгі
ернінде сирек мұрт бар, оларын ешқашан бастырмайды. Төбелері біздегі
клириктер сияқты, ашық қырқылған, жалпы, бұлардың бәрі де бастарын бір
құлақтан екінші құлаққа дейін, үш елідей етіп қырып тастайды; маңдай мен
самайын да екі елі етіп тықырлап қояды. Қырусыз қалған маңдай шашын
(басқа бір ескілікті деректерде нақты аталады – «кекіл», – М.М.) қабағына
дейін түсіріп қояды, екі шекелігін өсіріп, жартылай қысқартады (бұл – тұлым,
– М.М.), қалған шашын әйелдер сияқты еркін жібереді және өріп, екі жақтан,
екі құлақтың тұсына бекітіп қояды (өрім шаш, өрімді тұлым, – М.М.), депті
Карпини.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 25
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480