Latin

Шыңғысхан - 32

Total number of words is 3717
Total number of unique words is 1977
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сырмақ, текемет, кілем оюларының сабақтас жалғасын, керек десеңіз, айнақатесіз қалыбын кейінгі қазақтан табады және ежелгі мұраның тікелей
мұрагері кім екенін нақты айтқан. Бұл жағдай кезінде совет ғалымы С.
Руденко шығарған арнайы альбомнан да анық аңдалады. Шыңғыс хан
заманындағы, бізге тек сыртқы сыпаттауы ғана жеткен күнделікті
қолданыстағы тұрмыстық бұйымдар осы екі аралықтан орын алса керек.
Тіл
Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда және қуатты, байтақ империя құрылғаннан
соңғы кезеңде Ұлы Даланың байырғы жұрты қай тілде сөйледі? Моңғол
тілінде деген ұғым қалыптасқан. Өйткені, негізгі, билеуші халық және басым
көпшілік, тіпті, түгелге жуық жұрты – моңғол болды, мемелекет атауы да
сондай – Еке Моңғол ұлысы деседі. Жалғыз-ақ түзету – моғұл халқы, соған
орай Еке Моғұл ұлысы. Шын мәнісінде, “моғұл” – этникалық емес, саяси
бірлік атауы дедік. Ал Ұлы Даланың ежелгі, тұрақты халқы – Ғұн дәуірін
айтпағанда, Ұлы Түрік қағанаты заманынан бастап, түрік текті ру-тайпалар
болатын. Бұлардың ішіндегі ең негізгі және орталық құрылымдар – керей,
найман, меркіт, жалайыр, қоңырат... Осы арада аялдай тұрайық.
Шыңғыс хан империясы тұтасымен моңғол үлесіне тиесілі деп танылғаннан
соң, Ұлы Даланы бағзыдан жайлаған атақты тайпалар түгелдей (қарасыны
шектеулі оңғыттан басқасы) моңғол деп жарияланды. Сол ұғыммен бір жүз,
екі жүз жыл өтіпті. Әлбетте, басынан-ақ ақиқатын айтқан ғұламалар болмай
қалған жоқ. Мәселен, ағылшын оқымыстысы Генри Ховорс Шыңғыс хан
заманында Ұлы Далада салтанат құрған негізгі ру-тайпалардың барлығы да
түрік текті болатын деп жазады (1876). Одан соң, “өзіміздің” деп айтайық, Н.
Аристов – 1896 ж. Және бәрінен бұрын Н. Березин – 1863 ж. Бірақ Еуропа
және орыс ғылымында осыған кереғар байлам қалыптасты.
Белгілі, дүние бір орында тұрмайды. ХХ ғасырда ақиқат пердесі ашыла түсті.
Әуелде ескілікке жетік, тек қана түпнұсқа деректер негізінде жұмыс жасаған
қытай тарихшылары (Ту Цзи, Кэ Шаомин, Ван Говэй), оған жалғас жапон
білгірлері (К. Сиратори, М. Мори) тексеріс, таным аймағын мейлінше
кеңейтеді. Бұлардың соңын ала Батыс ғалымдарының біразы (П. Ратчневски,
Л. Хартог, Р. Груссе) шынтуайтқа бет бұрады. Шыңғыс хан дәуірі – ХІІІ ғасырда
Ұлы Даланы мекендеген негізгі тайпалар түгелдей дерлік түрік болып шықты.
Оған ескілікті, нақты дерек, бұлтартпас дәлелдер табылды. Сол заманда
іргелі патшалықтар ұйтқысы болған, саны мол, қуаты зор найман, керей
тайпалары және шағын болса да салмақты оңғыт – ешқандай күмәнсіз, түрік
нәсілінен екен. Көп ұзамай, азғана “кілтипаны” бар қоңырат пен жалайыр да
осы топқа жатқызылды. Айғақ, дәлел, куәлік атаулыны түгендемей, жинақтап
айтқанда. Керей, найман, қоңырат, меркіт, жалайыр... Енді не қалды?
Қалыпты.
Әуелгі, теріс қазықтан арқан үзіп кете алмаған ғылыми жұртшылық енді
басқаша жал табады. Керей, найман, меркіттің бағзыдағы түрік тегі рас, бірақ
Х–ХІ ғасырлар – қидан өктемдігіне байланысты моңғолдануға мәжбүр
болған. Далалық көшпенділердің екі жүз жыл бойы Ләуо империясының
зорлық-зомбылығын мойындамай, үнемі соғыс жағдайында болғаны, базбазында отаршылдан іргесін бөлектеп,
тәуелсіз күн кешкені қаперге алынбайды. Тіпті, бодандық ахуалдың өзінде
тек алым, албан төлеумен шектеліп, өз қонысында, өз бетімен, бөлек
отырғаны, сақара жұртының үстінен қидан тасқыны қаптамағаны, тіпті,
бірме-бірге келгенде, Терістік Қытайды билеп, сол тарапта, шалғай жатқан
қидан жұртының ұзын саны көшпенді түрік қауымынан кем болмаса, артық
емесі ешқандай есепке жатпайды. Моңғол текті қидан билеп отыр, – бітті.
Яғни, Х және одан бұрынғы ықылымдарда түрік, енді, қидан ықпал-әсерімен
тілін ұмытып, әдет-ғұрып, дәстүр-салтын, тіпті, тегін де өзгертіп, Шыңғыс хан
заманына кәдімгі моңғол болып жеткен. Тек осы алпауыт үш тайпа ғана емес,
жалайыр мен қоңырат, ұраңқай және тағы қаншама қауым. Әуелде түрік,
одан соң моңғол. Ары қарай, ары емес, бері қарай жылжып, кейінгі қазақ
жұртындағы аса ірі тайпалар болып табылатын аттас құрылымдар және күні
кешегі башқұрт, өзбек, ноғай, қарақалпақ hәм басқа да туыстас халықтар
құрамындағы есімдес рулар мен сүйектер неге түрік текті және түрік тілді
десек, оның да әлгіндей өзгеше қисыны бар екен. Тарихи жағдай және
қоршаған орта әсерімен манағы, түріктен моңғол шыққан қаншама халық
енді қайтадан түріктенеді. Бәрі де оп-оңай. Парықсыз долбар екені айтпаса
да түсінікті. Бізден жүз елу жыл бұрын И. Березин айғақтап кеткен.
Аталмыш алты руға ешқандай талас болмаса керек. Оңғыттың әуелден-ақ
беті ашық. Қарасыны қалың, айбынды татар да түрік текті деп дәлелденген.
Бұлардың қай тілде сөйлегені, кісі есімдері, жер атауларын былай қойғанда,
Рәшид-әд-Дин тарихынан анық аңдалып тұр. Сонымен – керей, найман,
меркіт, қоңырат, жалайыр, ұраңқай, оңғыт hәм татар. Бәрі де түрік.
Әлмисақтан Шыңғыс хан заманына дейін. Алдыңғы қатарлы тарих
ғылымында баяғыда шешілген ақиқат мәселені қайтадан шиырға салмай,
осы түйінге тоқтайық.
Енді екінші қатардағы ру-тайпалар бар. Олардың түріктігіне әуел бастан-ақ
ешқандай күмән болмаған. Атап айтқанда, негізінен Байқал төңірегін, Енисей
аңғары, Барғұжын-Тоқым аймағын мекендеген жұрт: телес, төлеңгіт, тоқас,
барғұт, тұмат, байыс, байжігіт, таз, құрықан... Еке Ұлысқа осыларға жалғаса
қосылған қырғыз бен ұйғыр, қарлұқты айтпай-ақ қояйық. Маңғыт пен қатаған
мәселесі де оншалық қиын түйін емес. Есімдер тізбесі, қанаттас рулармен
өзара қарым-қатынасы бұлардың да түрік тегіне дүдәмал қалдырмайды.
Қоңыраттың бір тармағы болып есептелетін қоралас та осы топта.
Сонда... таза, анық моңғол – ол заманда ешбір есепте жоқ, тіпті, аты да
аталмайтын халха және қиыр шетте жатқан орман жұрты: қоры, бурят және
тағы бірнеше, арғы тарихта атағы, кейінгі тарихта дерегі жоқ ұсақ рулар ғана
қалады. Десе де, саны шектеулі, дәрменсіз қауым емес. Орманды дала
алқабын қоныстанған, қарасыны мол, жауынгер ойратты айтпағанда, ілкіде
ғана ұлы империя құрған, әлі де қуаты зор, ұзын саны 750 мыңнан асып
жығылатын қидан жұрты бар. Бірақ бұлардың бәрі де Ұлы Даладан тысқары
аймақ. Ал Шыңғыс ханның ата жұрты да, әуелгі билікке жеткен, хандық ұлыс
ұйыстырған мекені де осы ұлан-байтақ, орталық сақара болғаны мәлім. Ал
бұл кісіміз қият руынан шыққаны белгілі. Сонда қият кім?
Қият бұрын да, кейін және күні бүгін де моңғол есебінде. Тіпті, “қият”
этномимі көлеңкеде қалып, оның орнына “моңғол” деп қана жазылатыны
бар. Қайткенде де, қият руы моңғол атанады. Өйткені... Шыңғыс ханың өзі
моңғол. Жұмыртқа бірінші ме, тауық бірінші ме дегендей, Шыңғыс хан
моңғол болған соң қият та моңғол бола ма, керісінше, қият – моңғол
болғандықтан Шыңғыс хан да моңғол бола ма? Екеуі тығыз бірлікте
сияқты.Түбін қаза келсек, күмән емес, тұманға жолығады екенбіз. Қият неге
ешқандай дүдәмалсыз моңғол деп бекітілуі керек? Тек бұрын байланып
кеткендіктен ғана ма? Онда найман мен меркіт, керей мен қоңырат... және
басқалары неге сол “моңғол” қалыбынан айнып, түрікке шығып кетті?
Бажайлап қарасаңыз, дәп сондай тағдыр – болмыстан емес, жаңылыстан
қалыптасқан қатеге көз жетеді. Енді қараңыз.
Қият руының шығу тегі – Бөрі нәсілі және Ергене-қоң оқиғасы – ежелгі түрік
әпсанасының бір тармағы болып табылады. Шыңғыс хан ұстанған тәңірі діні –
түрік тайпаларының бағзы, дәстүрлі діні. Арғы замандағы моңғол текті
жабайы шивэйлердің, бергі тарихтағы таңбасы мол қидандардың тәңірі дінін
тұтынғаны жөнінде ешқандай куәлік жоқ. Бөрі нәсілінен жаралған, Көк
тәңіріне табынған Шыңғыс ханның ата-бабаларының бәрінің де есімдері
ескілікті, таза түрік негізді. Шыңғыс ханның әулеті “Алтын ұрық” атанады.
Бөгде жұрт – “жад”, яғни “жат”. Ағайындас туыстар қашанда нақты түрікше,
“аға-іні” (“ака ва ини” – Рәшид-әд-Дин, Жувәйни) деп белгіленсе,
отбасындағы кенже ұлдың өзгеше талайы бар – жалпы түрік қауымы, оның
ішінде кешегі hәм бүгінгі қазақ рәсімінде қалыптасқандай, қара шаңырақ
иесі, яғни негізгі мұрагер.
Осы кенже ұл өзінің туасы есімімен қоса, “Отшыген” деп аталады. Бұл –
Шыңғыс ханның арғы бабаларынан бері жалғасып келе жатқан рәсім екені
көрінеді. Мәселен, Қабұл ханның алтыншы (кейбір деректе жетінші) , кенже
ұлы – Таудан-отшыген. Екінші ұл Бартан-бахадұрдан туған Есугейдің інісі –
Дәрітай-отшыген. Ал Темужіннің өзінің ең кіші інісі – Темуге-отшыген. Бұл
Темуге Шыңғыс хан билікке жеткеннен соңғы заманда мүлде күшейіп, енді өз
есімімен емес, әулеттегі айрықша құқығы бойынша Отшыген атағымен
тарихқа енеді.
“Отшыген” атауының этимологиясына қатысты орнықты пікір бар. Шығыс пен
Батыс зерттеушілері ғана емес, бүгінгі моңғол оқымыстылары да бір ауыздан
мақұлдаған. Түрікше “от” және “тегін” дейтін екі сөзден құралған, кәдімгі,
жанатын от hәм тегін – ханзада; орыс ғалымдары өз тілдерінде “принц огня”
деп айғақтайды, яғни от (ошақ) иесі патшазада. Құдіретті Шыңғыс ханның
өзінің әулетінде осылай екен. Моңғол тілінде «мұрагер ханзада”
мағнасындағы “тегін” дейтін сөз жоқ, ал от – “гал”. Сонда, моңғол Шыңғыс
ханның арғы аталары, бергі жұрағаты кенже ұлдың мәртебесін айғақтайтын
атауды неге түрік тілінен алған? Бұл жағына ешкім бас ауыртпайды.
Шыңғыс хан Сартауыл соғысы кезінде, Бұхараға келіп кіргенде, әлемдік
шаhардың басты адамдарын, ғұламалар мен бай-бағланын жинап, Хан
мешітінің мінберінен сөз сөйлейді (Жувәйни, Рәшид-әд-Дин). Қай тілде?
Бұхара жұрты түгел түрік, ондағы сарт-сауан да түрікше жақсы біледі. Ал
Шыңғыс хан моңғол... Және Жихангердің өзінің тума тілінен басқа тіл
білмегені тарихи жазбаларда нақты таңбаланған. Чжао Хуң айтады. Өкетей
қағанның аузымен Жувәйни куәландырады. Ендеше, Шыңғыс ханың Бұхара
мешітінде сөз сөйлеуі шындыққа келмейді деп шешеді Батыс білгірлері. Ал
Шығыста, сол кезде және одан кейінгі заманда ешкім күмәнданбаған. Жазба,
тарихи деректер өз алдына, осы ерекше көріністі бейнелейтін қаншама әсем
сурет салынған. Яғни, өмірде болған, нақты оқиға саналады. Шыңғыс хан
Бұхарада, Бас мешітте сөйлеген. Яғни, Бұхара жұртына да ұғынықты түрік
тілінде. (Әлбетте, шығыстағы түрік тайпалары мен батыстағы түрік
қауымының тілінде өзіндік диалектілік айырма бар. Бірақ тілдің негізгі сөздік
қоры бірдей, сөйлемнің құрылым жүйесі ортақ. Есебі, екі тарап үшін де өзара
түсінікті. Тіпті, туыстас лұғаттар арасы бұрынғыдан әлдеқайда алыстап, тайпа
емес, халық тілдері қалыптасқан күні кешегі – ХХ ғасырдың бас кезіне дейін
осылай болып келді. Бұл сыпат бүгін де біржола жойылып кеткен жоқ, қазақ
пен татар, қырғыз бен өзбек аралық көпірсіз-ақ еркін ұғысады.)
Егер Шыңғыс хан Темужін кезінен бастап, керей Оң ханның ғұзырында болса,
Оң ханның көмек, қолдауымен қорлықтан құтылып, әуелгі мәртебесіне
жетсе, құдіретті өкіл әкесімен қай тілде сөйлескен? Бұдан соң тек керей ғана
емес, найман, қоралас, оңғыт, ұраңқай және басқа да түрік тайпаларымен
келісіп, жауласып, бірлесіп жатса, олардың басшы, қосшы, елшілерімен қай
тілде қатынас жасамақ? Туған анасы Өгілен – қоңырат, бас бәйбішесі Бөрте
тағы да қоңырат екенін араға тартпағанда. Ал Шыңғыс ханның өзінің ана
тілінен басқа тіл білмегені туралы айттық.
Бәрін жинап қойғанда, бүкіл Ұлы Даланы ғұзырына келтірген Шыңғыс хан
қарауындағы қаншама халық – ұлыстың, бүгінде мағлұм болып, нақты
дәлелденгендей, түгелге жуық демесек те, басым көпшілігін құрап отырған
түрік текті жұртымен, олардың басшы, қосшы көсемдерімен, мың сан әскерді
үйірген бахадұр, нояндарымен қай тілде сөйлесіп, қалай ұғыныспақ, қалай
патшалық құрып, қайтіп қол бастамақ? Жұмбақтың шешуі оп-оңай. Түрікше
сөйлеседі, түрік тілінде басқарады. Өзінің ана тілінде.
Беріге тартсақ, Шыңғыс ханның немересі, Қытайды біржола қаратқан, әлемге
әйгі Құбылай хан да жалғыз-ақ тілге жетік екен. Ана тілі – туған анасы, керей
қызы Сұрғақтанның тілі. “Түрік-татар тілі” деп айғақтаған Марко Поло.
Құбылайдан бұрын Алтын Орда тағына отырған Берке хан Мысыр-мәмлүк
сұлтаны Бейбарыстың мемлекеттік араб лұғатымен жазылған жолдама-хатын
“түрікше”, арнайы аударма нұсқасы бойынша, өз құлағымен тыңдайды және
ордадағы ұлықтардың бәрі де бұл жағдайға, яғни жолдаманың түрік-қыпшақ
тілінде оқылуына үлкен ризашылық білдіреді (Әбд-әз-Захир, Әл-Мүфаддал –
Тизенгаузен бойынша). Ал Құбылай да, Берке де ортақ аталары Шыңғыс
ханның көзі тірісінде дүниеге келіп, ержеткен тұлғалар. Қосалқы деректерге
қарағанда, бұлардан жасы үлкен, қоңырат қызы Үкіден туған Бату ханның да
ана тілі түрки болғаны күмән туғызбайды. Өкетейдан соңғы Күйік қаған да
өлген, ұлыстың алмағайып кезеңінде Сұрғақтан-қатынның және басқа да
“Алтын ұрық” өкілдерінің атынан барған жаушылармен арадағы әңгімеден
аңғарамыз. Ал Карпиниді қабылдаған кезінде аралық тілмаш – құман, яғни
қыпшақ екен. Алыстан келген елшімен қыпшақ тілі арқылы ұғысады.
Қарақорымға, ұлы қағанның дәргейіне бас ұруға келген бодан жұрт әмірлері,
әрқилы дипломатиялық мақсатта алыс өлкеге аттанған Батыс елшілері
өздерінің бар шаруасын арнайы тілмаштар көмегімен атқарғанын көреміз.
Моңғол емес, түрік тілді аудармашылар. Мәселен, орыс кнәзі Ярославтың
қасында Темер (Темір) деген қыпшақ тілмаш-қосшысы болады. Бұл қыпшақ,
әрине, қиырдағы халха тілін қайдан білсін, қыпшақ тілінде сөйлейді. Темір
сол сапарында Қарақорымға келіп жатқан Рим папасының елшілеріне де көп
көмек жасайды. Плано Карпинидің мемлекеттік хатшы Шыңқай және басқа
да ұлықтармен арадағы келіссөзінде, ақыр соңында Күйік қағанның
қабылдауында тікелей тілмаш қызметін атқарады. Әлбетте, миссия
құрамындағы, татар (моңғол емес!), яғни бұл ретте қыпшақ-түрік тілін
біршама білетін Бенедикт Полон мен татар-түрік тілінде сөйлейтін ғұзырлы
тұлғалар арасындағы қосымша дәнекер ретінде. Карпини келер жолда да,
қайтар жолда да осындай, қыпшақ тілді аудармашылар арқылы бар қажетін
тауып отырған. Ал Рубрук Бату ханның ұлы Сартақтың ордасында “түрікше
және арабша білетін” армян священниктерін көреді hәм бұрнада Кипрде
жолыққан, “сирия, түрік, араб тілдерін білетін” әлдебір танысымен
ұшырасады. Рим папасының мәрбелі жолдауының араб және сирия
тілдеріне көшірілген тәржіма нұсқалары бар екен. Енді Қояқ деген ұлық
тиесілі хатшыларын әкеліп, жаңағы кісілердің көмегімен аударма жасатып
алады. Әлбетте, ескі таныс пен армяндар жақсы білетін түрік тіліне. Сартаққа
тапсыру үшін. Және Рубрук аталмыш армяндар Сартақпен арада дәнекер
болғанын тағы бір тұста еске түсіреді. Өйткені, әуелден-ақ байқалып
қалғандай, Рубруктың өзінің елден (сірә, Константинопольден) ертіп алған,
әрине, тұманды түкпірдегі моңғол тілін емес, ашық іргедегі қыпшақ тілін
біледі деп сенген, өзі айтқандай, құдай жолындағы арнайы тілмашы тіпті
шорқақ екен. Қарақорымда, Мөңке қағанның алдында, барлық сөзін жеткізе
алмай, әжептәуір қиындық көргенімен, көп ұзамай-ақ Рубрук осында діни
сапармен Иерусалимнен келген, әрқилы амалмен Армениядан келген,
жергілікті тілге жетік монахтар арқылы іздеген мағлұмат, деректерін түгел
табады. Тек діни кісілер ғана емес. Бату ханның Батыс жорықтары кезінде
тұтқын болып келіп, өнерімен, істің сәтімен жақсы орналасқан неміс,
француз, мажар, орыс шеберлерімен де етене араласады. Олардың кейбірі
турасында “құман тілін жақсы біледі” деп ескертіп отыратыны бар. Шыңғыс
хан империясының шегіне енгеннен бергі ұзақ күндер мен қаншама айлар
бойы өзі де тіл сындырып қалған Рубрук қыпшақ-түрік диалектісі мен татартүрік диалектісінің арасында бөтендік бар деп білмегені, бәрін бір тіл
санағаны көрініп тұр.
Көп ұзамай, бүкіл Батыс Еуропа үшін тақаудағы Алтын Орда ғана емес,
қиырдағы Қытаймен, яғни империя орталығымен аралықтағы әрқилы
қатынас – әдепкі жағдайға айналады, Жібек жолының шегіндегі екі-жақты
сауда-саттық, еркін жүріс үйреншікті қалыпқа түседі. Бұл ретте Қырым, Азау
аймағында Судақ, Кафа, Тана сияқты тірек шаhарлары бар Генуя мен
Венеция жұртшылығы үлкен ұтысқа шығады. Басқа еуропалықтар да осы
қалалар арқылы Шығысқа жол ашады. Соған орай түрік (түрік-қыпшақ, түріктатар) тілінің мән-маңызы айрықша көтеріледі. Түрік тіліне жетік ағайындас
үш Полоның Құбылай ордасында үлкен сый-құрмет көргені, ұлыстың
әкімшілік қызыметіне дейін араласып, қажетті саудасы өрге басқаны белгілі.
Батыстан шыққан жанкешті жиханкез, діндар уағызшы, пайдагер көпестер
түрік тілін үйреніп, тануға тырысады, қажетті шаруасына орай тілмаш
жалдайды. Бұл ретте флоренциялық Франческо Пеголотти арнайы жолбасшы
кітап та жазған екен (1338). Кафаға түссеңіз, одан әрі Қытайға жету үшін 279
күн керек, дейді. Жолдың ерекшелігі мен қиындығы, қажетті жарақ-жабдық,
ас-су жайын айта келе, ең маңызды мәселе – жақсы тілмаш жайына назар
аударады. Бұл тілмаш және басқа да қызметшілер құман, яғни қыпшақ тілін
жетік білуі шарт, депті. Есебі, Қырымнан тартып, Қытайға жеткенше – бүкіл
Шыңғыс хан империясының шегінде түрік-қыпшақ тілі кеңінен қолданыста
болған, Қытайдың өз ішінде де, тіпті, хан сарайына дейін, осы лұғат арқылы
бар қажетіңізді өтеп, бар шаруаңызды бітіресіз.
Берідегі Мөңке мен Бату, Сартақ, Құбылай мен Күйік, Берке, арыдағы
Шыңғыс ханның өзіне қатысты қаншама куәлік, нақты, тарихи деректер Ұлы
Даладан өрбіген жалпы жұрт қана емес, билеуші әулет – қият нәсілі де түрік
тілді болғанын айғақтайды. Түрік тілді ғана емес, түрік текті. Төрт тарапты
бірдей қаптаған түрік руларының қақ ортасында отырған, жалайырмен
ежелден аралас, қоңыратпен ғасырлар бойы құда-андалы, кейінгі заманда
керейге одақтас-бодан болған қияттың басқаша тумысы мүмкін де емес.
Қалғаны өз алдына. Осы орайда, қияттың моңғол тегіне қатысты алғаш рет
күмән білдірген – Зәки Уәлиди Тоған болатын. Бірақ осындай түрікшіл
тарихшының өзі қалыптасқан ұғымды толығымен мансұқтай алмапты. Сірә,
қият – моңғолданған түрік тайпасы болса керек деп қана тоқтайды.
Қияттың, яғни Шыңғыс ханның өзінің моңғол тегіне қатысты куәлікдеректердің кейбірі моңғолшыл білгірлерді тығырыққа тіреген жағдайлары
бар. Мәселен, найман Таян ханның мөрдары ұйғыр Тататұңғаның жайы.
Тұтқынға түсіп, кеңшілік алғаннан соң Тататұңға Шыңғыс ханның балаларын
оқытады. Өзі ұйғыр-түрік, сонда қай тілде? Әрине, моңғолша, өйткені
Тататұңға найман-моңғол қызметінде болған, сондықтан моңғол тілін жақсы
білген деп бекітіп еді. Ал ақыр түбінде найманыңыз моңғол емес, түрік
болып шықты. Сонда Тататұңға моңғол Шыңғыс ханның моңғол балаларын
қалай оқытпақ? Енді бұған да керемет қисын табылады. Найман хандығы
Шүржен империясымен дипломатиялық қатынаста болды ғой, ал шүршіт
қарауындағы біраз жұрт, оның ішінде мемлекеттік шенеуніктер де моңғол
текті қидан, өзі де биік мансапты Тататұңға моңғол тілін осы, аралықта
жүретін елші, келгінші қидандардан үйренген деп, қабырғалай тартып, әуелгі
қате тұжырымды қайыра бекітеді. Нақты жазба, деректі тарихи нұсқаларда
Тататұңғаның әуелі Қасармен, одан соң Шыңғыс ханның өзімен тікелей,
ауызба-ауыз сөйлескені есеп емес. Бұл – бір ғана мысал. Эпикалық “Қастерлі
шежіре” ғана емес, Жувәйнидің, Рәшид-әд-Диннің тауарихтарында, басқа да
жәдігер-жазбаларда Шыңғыс ханның керей, найман, меркіт, жалайыр,
қоңырат, ұраңқай, қоралас және басқа да ру-тайпа өкілдерімен аударма,
тілмаш арқылы сөйлескені турасында ешқандай тұспал жоқ. Және, екі мәрте
қайталадық, Шыңғыс хан полиглот болмаған. Қабілеті жетпегеннен, немесе
уақыт тарлығынан емес. Төңірегі түгел түрік, ешқандай қажеттілік болмаған.
Әлбетте, кейінгі заманда ұлыстың іргесі ұлғайды, империя көп ұлтты
құрылымға айналды. Бұл кездегі жағдай басқаша. Араға аудармашы,
тілмаштар кірігеді. Мәселен, Чаң Чуньмен кездесу. Оның да нақты дерегі бар.
Дәнекерші тілмаш – кеңесші ұлық, қытай тіліне жетік Ахай (Ақай) деген кісі
болады.
Біз ілкіде, “Шыңғыс ханның мөр-тамғасы” атты тарауда Еке Ұлыстың
мемлекеттік мөрінің бетіндегі жазу – түрік тілді, демек, мемлекеттік тіл де
түрік (әлбетте, бүгінгі анадолы түрігі емес, ежелгі түрік) тілі болды дедік.
Дипломатиялық қатынас қағаздары және жарлық, нұсқаулар да әуелде түрік
тілінде дайындалып, содан соң ғана, қажетті жағдайына байланысты басқа
тілдерге аударылып, куәландырылған. Осы орайда, әрине, ұлыс ішіндегі
қатынас та түрік тілінде болды. Басқаша мүмкін де емес. Ел билеушілердің
ана тілі және мемлекет құрушы негізгі халықтың, жалпы жұртқа түсінікті,
негізгі тілі. Бұрынғы соқыр түйсіктен айығып, Рәшид-әд-Дин, Жувәйни
тауарихтарын бажайлап оқыған кісінің бұған көз жеткізуі қиын емес. Шыңғыс
хан заманының түпнұсқа шежіресін қалыптаған, парсы тілінде жазған екі
ғұлама да халықтар қатынасы, адамдар араласы, ресми және әдепкі
оқиғаларға байланысты түрік тілді атаулар мен тіркес, ұғымдарға өте көп
орын берген. Іріктеу, саралау нәтижесі емес, сол кездегі ақиқат жағдайдың
нақты таңбасы.
Осы ретте ескерте кететін бір гәп бар. Түрік, моңғол тілдері ғылымда Алтай
тобына жатқызылады. Яғни, арғы түбі туыс деген сөз. Шын мәнісінде,
туыстық – көбіне-көп алмасу нәтижесінде қалыптасқанын көреміз. Мәселен,
моңғол халықтары әуел баста тек қана аңшы, терімші болған. Заман оза келе,
жанастық, араластық нәтижесінде мал шаруашылығын түрік қауымынан
үйренген. Шаруашылық қана емес, мал атауларына қатысты лексиканы да
түріктерден алады. Яғни бұл жерде тілдің туыстығы емес, алмасу үрдісі
көрініс береді. Әлеуметтік және күнделікті өмірдің әрқилы саласында
мұндай ауыс-күйіс ғасырдан ғасырға жалғасып жатқан. Және негізінен бір
бағытта – қоғамдық дамудың жоғарырақ сатысында тұрған түріктен –
тұрмыс-тіршілігі жөнтек моңғолға қарай. Мәселен, тәңірі діні және тәңірі
ұғымы. Ұйымдасқан мемлекеттік құрылым ретіндегі “ұлыс” сөзі. Және басқа
да ұғымдар. Біз бұл жерде, тиесілі орайына қарай, моңғол тілдеріне енбеген,
тек түрік текті және көбіне-көп қазіргі түрік тілдерінде сақталып тұрған кейбір
мәнді сөздерге ғана тоқталамыз. Ескілікті жазбалар мен құжаттар – Жувәйни,
Рәшид-әд-Дин, “Қастерлі шежіре”, Тизенгаузен жинағы, қытай
дипломаттарының жазбалары негізінде ғана.
Әуелі саяси өмір, әкімшілік қатынасқа байланысты ұғымдар.
Ханның, әміршінің қонып отырған орны, тоқтаған тұрағы – “орда” деп
аталады (Пэн Да-я, Жувәйни, т.т.), “урга”, “хурэ” емес. Ұлыс басшыларының
ең үлкен жиыны – “құрылтай” (Жувәйни, Рәшид-әд-Дин, “Қастерлі шежіре”,
т.б. барлық деректе), “хурал” емес; бұл, ескілікті ешбір деректе
ұшыраспайтын “хуралдың” түрки “құрылтайдан” шыққаны тағы көрініп тұр.
Ұлыстың екінші бір атауы – “ел”. Екі ел, екі топ, екі әскер арасында келіссөзге
шыққан өкіл – «елші”. Іс жүргізуші хатшы – “бітікші” (битикчи), бас хатшы –
“ұлұғ бітікші”. Төреші сот – “жарғышы” (йарғучи). Заң, низам – “жарғы”. Әдетғұрып – “жосын” (йусун). Шыңғыс ханның даналық сөздері – «білік”. Ақылды,
кемеңгер кісі – “білге”. Көші-қон мәселесіне жауапты ұлық – “жұртшы”
(йуртчи). Саят бегі – “құсшы”.
Әрқилы әскер бөлімдері – “жасақ”, “қарауыл”, “тұтқауыл”, “жасауыл”,
“шығауыл”, “кептеуіл”, “қоршы”, “торғауыт”, “тұрғақ”, “қарұқшы”... – түрік
тілді, түрік негізді атаулар.
Жувәйниде, әсіресе Рәшид-әд-Динде, парсы мәтінінің ішінде түрік тілді,
елдің тіршілік-тынысына, күнделікті өмір, тұрмыс кебіне қатысты, сол
қалпында алынған атау сөздер көптеп кездеседі. Солардың кейбірі:
Жалау, байрақ – “ту”, “туғ”; бүлік – “бұлғақ”, “ылаң”; мереке – “той”, азалы,
еске алу дастарқаны – “ас”; атаулы,көлденеңге жабық орын-жай – “қорық”,
жаздық қоныс – “йайлақ”, қыстық қоныс – “қышлақ”; береке, бақыт –“құт”,
сый-сияпат – “сауға”, балаға, туысқа берілетін меншікті үлес – “енші” (инджу);
некесіз, төсек-әйел – “құма”, мәйіт – “өлік”, нәсіл – “ұрық”, мәжіліс – “кеңес”
(кәнкәч).
Тізе берсек, парсы тілді, араб тілді жәдігер-жазба беттерінен
саяси,тұрмыстық, немесе әрқилы заттық атау: аманат, азық, айғақ, ылау,
арқан (арғам), шылбыр, кекіл, кебенек, жақы, күрке, бұқа, бұғы, айғыр, бөрі,
құлан, көл, шөл, сай... деген тәрізді ондаған, теріп түгендесеңіз, әлденеше
жүз түрки сөз ұшырасады. Бұлардың кейбірін парсыға жетік маман
аудармашылардың мүлде қате түсініп жататын жағдайлары да бар. Мәселен,
“әскер сайға түсті” деген ақпар – “окоп қазды” болып кеткенін көрдік.
“Қастерлі шежіре” мен “Алтын топшыдағы” түрік негізді, бүгінде жаңсақ
аударылған сөздер жайы өз алдына бір төбе. Сондай-ақ, білгір
оқымыстылардың өзі көшпенді түрік халықтарының ғұрып-салтына қатысты
кейбір терминдерді қате талдаған реттері ұшырасады, мәселен, “шыралғы”,
“енші” мен “сауға” дәстүрінің мән-мағнасы дегендей. Моңғолтанушы
ғұламалар ауыр жұмыс арасында тым құрса түрік тілді, оның ішінде қазақша
әдепкі сөздіктерге қарайласа, мұндай сорақыдан тыс болар еді.
Жувәйни тарихында, әсіресе Рәшид-әд-Дин шежіресінде әрқилы оқиға
орайындағы баяндау барысында түрки атаулар ғана емес, тұтас тіркестер
қолданылады.Ал Рәшид-әд-Диннің түрки етістікке парсы негізді “-и”
жұрнағын және анықтауыш сөз қосатын тұстары жиі ұшырасады. Мәселен,
[әскер] бастады – “башламиши кардэ”, және бір емес, әлденеше рет осы
түрки етістікке жүгініпті. Сондай-ақ: “йайламиши микунанд”, “қишламиши
кард” – жайлауда отырды, қыстады. “Қушламиши кардэ”, “қушламиши
микардэ” – құс салды, құс аулады. “Туқра йағламиши кард” – туға [май]
жақты. Және: “тамаджимиши” – араздасу, таласу, дауласу, “исирамиши” –
есіркемек, “қақимиши” – қақымақ, яғни ашуланбақ, “джиламиши” – жылапсықтамақ, “қанимиши” – қанбақ, “джирғамиши” – жырғанбақ, рақаттанбақ,
“йасамиши” – жасамақ, “чидамиши” – шыдамақ, “кинкамиши” – кеңеспек...
осылай кете береді.
Бұрнада, “Дерекнама” тарауында айтқанымыздай, “Жинақты тауарихқа”
түпнұсқа болған түрік тілді “Алтын дәптердің” әсері, түрік-дүрмен руынан
шыққан шежіреші ұлық Болат-аканың тікелей әңгімесінің нақты таңбасы,
сонымен қатар, осы заманда үстемдік құрып отырған ұлы империяның негізгі
қатынас құралы болған, бай, қуатты, мағналы түрік тілінің ықпалы. Бұл –
Дәшті-Қыпшақ, мұсылман әлемі, Алғы Азияда бір күнде бола қалған жағдай
емес. Түрік тілі ҮІ – ҮІІ ғасырлардың өзінде Жібек Жолы – Батыс пен Шығыс
арасындағы негізгі қатынас құралы, халықаралық тілге айналған еді. Түрік
халықтарының жалпағынан жайылған жағырапиялық орны ғана емес, бүкіл
әлемдік деңгейдегі саяси беделі, әскери қуатына сәйкес қалыптасқан үрдіс.
Ал түрік тайпалары бағзыдан мекендеген ордалы ұйықтардың бірі Ұлы Дала
Түрік қағанаты дәуірінде біржола түріктенеді және бұдан соңғы кезең –
зобалаң ХІ–ХІІ ғасырлардың өзінде ежелгі дәстүрінен айнымаған. Бұл
замандағы қидан өктемдігі, шүржен зәбірі халыққа ауыр салмақ
түсіргенімен, оның түріктік сыпатын өзгерте алмады, тілін, дәстүр-салтын жоя
алмады. Қытай деректерінде “Цзубу” аталатын тайпалар одағы – саны мол,
жауынгер керей руы бастаған жаңа қағанаттың жанкешті күресі нәтижесінде
Ұлы Дала ежелгі түрік жұртының айнымас мекен-жайы болып қала бергені
көрінеді. Бұл байтақ өлкедегі жергілікті, көшпенді қауым сырт елдердің
танымында бұрынғыша түрік есімімен, сонымен қатар, кейінгі кезеңде бойы
озып, үстем шыққан бір тайпа – атақ-даңқы асқан татар атауымен мағлұм
болады. Нақтылап айтсақ, шығыс түріктері. Ибн әл-Асирдің жазғаны бар.
“Ислам елдерінің шегіне басып кірген татарлар – Қытаймен іргелес Тамғаш
таулaрын мекендеген аса үлкен түрік тайпасы”, – деп. Енді бірде: “Түрік
тарабынан Хорезмге қалың жау шапты”, – дейді. Шыңғыс ханның жойқын
соғысы “Татар шапқыны” деп аталады. Хорезм майданына жалғас Хорасан,
Мазандеран, Гур аймақтарын жаулау, Жебе-ноян мен Сүбітай-бахадұрдың
атақты жорығына қатысты тек қана “татар” атауы қолданылған және осы
жолы бұларға тау сағалаған түрік текті бірталай жұрттың “туыстық жөнімен”
қосылып кеткені, бұдан соңғы бір кезеңде осы татарлардың “Сендер мен біз
– бір тайпа, бір халықпыз...” деп, қыпшақтармен де тіл табысқаны айтылады.
Тағы бір тұста, Самарқанд шаhарын қорғауға бөлінген қалың әскер
құрамындағы алпыс мыңдық түрік жасағы: біздің ру-тегіміз бір, зарар
қылмауға тиіс деп, жау жағына шығып кеткені бар. Бұл – шетін жағдай емес.
Көп жерде, көп ретте дәп осылай болған. Жәлел-әд-Диннің ғұмырбаянын
жазған Нәсәуи: “Хорезм падишахтары түріктердің көмегімен дәл сол тайпаға
жататын мәжусилерге қарсы күреспек болып, үлкен қате жасады”, – деп
кесіп айтқан. Яғни, қыпшақ-түріктер және татар-түріктер. Нәсәуи қапысыз
шешіпті. Кейінгі тарихшылар айтатындай, қыпшақтар алмағайып кезеңде
хорезмшахты сатып кеткен жоқ, зорлықшыл, жат жұртты тәрік етіп, өздерінің
қандас, тайпалас туыстарына қосылды. Өйткені, Шыңғыс хан құрған Еке
Моғұл ұлысы – түрік тілді hәм түрік текті халықтардың әлемдік жаңа
империясы болатын.
Жинақты сөз
Көшпенділер болмысы турасындағы барлық ескілікті, нақты дерек атаулыны,
барлық толғам, байып, баға атаулыны Шамда туып, Самарқанда жетіліп,
тағдыр талғамымен бүкіл Шағатай ұлысы және Алтын Орданы қапысыз
таныған, ақыры өз жұрты Мысырда дүниеден өткен мұсылман тарихшысы
Ибн Арабшахтың (1388–1450) Дәшті-Қыпшақ жұрты турасында айтқан
жүрекжарды сөзімен түйіндеуге болар еді:
“Дәшті – түрік тайпалары жайлаған, малы қисапсыз, жері құнарлы әрі байтақ,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 33
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480