Latin

Шыңғысхан - 13

Total number of words is 3851
Total number of unique words is 2109
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
әлдеқалай сақтап тұрғысы келген татарлар да Қытайға арқа сүйейді.
Әйткенмен, Татар ұлысының да тым күшейіп кетпеуін қадағалаған Шын
мемлекеті ара-тұра, бұл кезде ағайын арасында өршіген алауыздыққа орай,
татарға қарсы күресте басқа руларды да кеңінен пайдаланып отырады.
Жан-жақты қысым, шүршіттің бүлдірме саясаты және ішкі алалық
нәтижесінде Татар ұлысының өзі дербес алты тайпаға бөлініпті. Бәрі де
мағлұм, бәрі де даңқты, әрқайсысының өз әскері бар, өз патшасы бар, дейді
Рәшид-әд-Дин. Көбіне-көп бұл алты ұлыстың да басы сыйыспағаны
байқалады. Мұсылман және қытай деректері IX–XII ғасырлар орайында
Бейшань аймағында (қазіргі Ганьсу өлкесі) және Шығыс Түркстанда татар
хандықтары болғанын айғақтайды. Яғни, ордалы жұрттан шалғай, дербес
иеліктер. IX ғасырда Алтай-Ертісте Қимақ қағанаты болып ұйысқан жеті
арыстың бірі – тағы да татар есімінде. Бұл да негізгі үйірінен бөлінген қауым.
Әрине, реніш, араздық жөнімен. Ата мекенде отырған тайпалар ішінде де
айтарлықтай бірлік болмайды. Татар қауымы қашанда қырқысқа бейім
тұрды, өзара мәмле қиын, келісім аз болды деп атап көрсетеді Рәшид-әдДин. Саны мол, қуаты зор, жауынгер татарлар өзара жаулықта емес, бірлікте
болса, қытай да, басқа жұрттар да бұлардың бетіне келе алмас еді дейді.
Сондай берекесіздігіне қарамастан, бұл жұрт ағайын арасында айбарлы ғана
емес, беделді болды дейді. Ел ішінде бастапқы татар атауының кеңінен
тарағаны, біржола бекігені соншалық, бұрынғыша, байтақ өңір – Татан,
немесе Татар Даласы атанып, ілкіде Татар ұлысының құрамында болған түрік
рулары өздерінің ұлттық, үлкен есімі бойынша татар ныспысында қала
береді. Бұл есімнің Шығыстағы бүкіл түрік қауымының жалпы атауы ретінде
XIII ғасырға жеткенін, одан кейін де қолданыстан шықпағанын көреміз. Тіпті,
Шыңғыс хан бүкіл Татанды бір ұлыс құрамына біріктірген, жаңа империяға
басқа ат сайлаған кездің өзінде татар есімі еңселі, үлкен халықтың өзіндік,
негізгі атауы болып қала береді. Шыңғыс хан бастаған жауынгер жұрт Еуропа
және Қытай тарихына әуелде осы татар есімімен белгілі болды. Қолдан
бұрмаланған емес, қолданыстағы нақты атау. 1221 жылы Оңтүстік Сұң
(Машын) империясынан елші ретінде келіп, Қытай тарабындағы әскердің бас
қолбасшысы және аймақ әмірі жалайыр Мұқалының Яньцзиндегі ордасында
ұзағынан болған Чжао Хуң: «Мұқалы го-ваң өзінің әр сөзінде «біз – татарлар»
деп отырады, қарауындағы ұлықтар мен әскербасылардың барлығы да
өздерін солай атайды; бұлар, тіпті, өздерін мэн (моңғол) деп естімеген және
бұл атаудың мағынасынан да бейхабар», – деп, нақты көрсеткен. Осыдан
ширек ғасыр ғана бұрын Шыңғыс хан Татар ұлысын талқандап, қатты
қырғынға ұшыратқан болатын, татар тайпасы Ұлы Даладағы жетекші
орнынан айрылған, бірақ татар атауы бұрынғыша, байтақ өлкедегі түрік
тектес барлық халықтың жалпы атауы болып сақталып тұрғанын көреміз.
Чжао Хуңнан соң сексен-тоқсан жыл өткенде тағы да сол Рәшид-әд-Дин:
«Күні бүгінге дейін Қытай мен Үндіде, Келар (Полон, Польша) мен Башқырда
(Мажар, Венгрия), Дәшті-Қыпшақ пен Терістік (Орыс) елінде, Арабстан мен
Шам, Мысыр мен Мағрибте түрік тайпаларының барлығын да татар деп
атайды», – деген куәлік беріпті. «Бұл тайпалар татар аталады, саны көп,
құдіреті күшті», – деп жазады сол замандағы армян тарихшысы Давид
Багишеци. Атақты араб тарихшысы Ибн әл-Асир «Татарлар – түріктің ең бір
үлкен тайпасы, бұлардың патшасының аты Шыңғыс хан», – жазған, яғни
Шыңғыс хан империясын түрік-татар мемлекеті деп біледі. Тіпті, Ұлы
Даладағы Азамат соғысында жеңіліп, Жетісуға ығысып келген наймандардың
өзі «татардың алғы легі» ретінде сыпатталады.
Татар этнонимінің осы мағынадағы қолданысы Еуразия тарихының екінші
мың жылдығының ұзына бойына созылады. Ежелгі орыс жылнамалары
«моңғол» атауын білмейді, тек «татар» деп қана жазған. XIX ғасырдың екінші
ширегіне дейінгі бүкіл орыс тарихнамасы Шыңғыс хан дәуірі, одан соңғы
Алтын Орда кезеңіне байланысты тек татар есімін қолданған. Орыс ғылыми
әдебиеті бүгінгі «түрік халықтары» ұғымының орнына «татар халықтары»
деген атауды айналымға түсірген. Яғни, қазақ пен қырғыз да, өзбек пен
түркмен де, башқұрт пен ноғай да татар текті. Ал Қазан хандығын құрған, Ақ
Еділ бойындағы татар жұртын баяғы татардың нақ өзі деп білген. Шын
мәнісінде, қазан татары – ол да түрік текті ежелгі бұлғар жұртының тікелей
мұрагері болатын, бағзыда, тіпті, күні кеше, XIX ғасырдың орта шенінде
өздерін татар деп танымаған, Алтын Орда заманында, Шығыс беттен аздыкөпті будандасқан жағдайы ғана бар, анығын айтсақ, ежелгі татар жұртына
қазіргі қазақтан жақын емес (Советтік төңкеріс заманына дейінгі дәуірде
татар этнонимін өзіне тиесілі санаған – тек қырым татары ғана болатын).
Сонымен, әңгіменің басына қайта оралсақ, XII ғасырдың соңы, Шыңғыс хан
күшке кірген қарсаңда бұрынғы қуаты мен айбарынан айрылған татар
тайпасы әлі де Ұлы Даладағы ең елеулі қауымның бірі болып саналған. Тек
бірлігі жоқ, неше бөлек. Жай ғана рулық бөлініс емес, әрқайсысы дербес,
жеке жұрт. Рәшид-әд-Дин бойынша, кесек-кесек алты ру: тұтұғұл-татар,
алшы-татар, шаған-татар, қойын-татар, терат-татар, барқы-татар. «Қастерлі
шежіре» татарды сегіз атаға бөледі: айрығұт, бұйрығұт, алшы, зұйын, ақ,
тодағұт, алтын, алақай. Екі нұсқадағы шендес ақ пен шаған – бір ру, алшыға
талас жоқ, тұтұғұл мен тодағұт та алыс емес, қалған бесеу – «Түгел тарихтың»
дерек көздерінен түсіп қалған, немесе үлкен рулар құрамындағы кішірек
аталар деп шамалауға болады. Қайткенде де, бұл кездегі татар тайпасы –
бірлігі кем, алты бақан алауыз жұрт. Әлі де алдыңғы қатарда болуы – ежелгі
жауынгерлік рухынан айрылмаған және ұзын саны да көп – жиыны жетпіс
мың түтін екен. Бас құрап, түгел көтерілсе, кемі жеті түмен әскер жасақтай
алады. Бірақ дәл осы қалыбында қайта құралуы неғайбыл жағдай. Ең
жаманы – төңірегі түгел жау. Сыртқы, жат жұрттық қатер өз алдына, татардың
бітіспес дұшпаны – іште, өз ағайындары тарабынан, ілкідегі салт-дәстүр
бойынша өздерін татар атағанымен, рулық, тайпалық дербестігі бірінші
орынға шыққан меркіт пен керей, жалайыр мен қоңырат және солардың
ығындағы бүкіл көшпенді қауым болатын. Әйткенмен, ежелгі татар
тайпасының бітіспес, қанды кекті, ең басты дұшпаны – қият болып шығады.
Ақыр түбі ордалы жұрттың бар тағдыры осы, бабадан балаға ұласқан қастас
жаулық орайында шешіліпті. Еке Ұлысты ұйыстыру кезеңінде негізгі бөлігі,
тіпті, түгелге жуығы қырғынға ұшыраған татар тайпасының жекелеген
бөлшектері үлкен рулар ішіне таратылып, біржола атаусыз кеткен. Тек сегіз
арыс татардың бір бұтағы ғана сегіз ғасырлық тарих шеруінен аман өтіп,
біздің заманға жетіпті: әуелде Жошы ұлысы Алтын Ордада жасап, кейінде
Қазақ Ордасы, Кіші жүз құрамына қосылған алтын руы.
Қият
Қият – Шыңғыс ханның туған руы.
Аңыз бен шежіре бойынша, қият атауының түп төркіні – бағзыдағы қасап
қырғыннан аман шығып, Ергене-қоңға жеткен екі жігіттің бірі Қиян есіміне
барып тіреледі. «Қиян» сөзінің мағнасы – таудан құлаған сел, ағыны қатты,
буырқанған, үлкен, күшті тасқын деп ұғындырады Рәшид-әд-Дин. Бұл – дәл
осы қалпында қазақ тілінде, Алтайдан Атырауға дейін – батыста да, шығыста
да қолданыста бар сөз (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005, 411-б.), мәнісі
– таудан аққан сел және екпінді, қуатты демек: қиян жүрді, қиян соқты,
немесе қиян жүйрік, қиян мықты. Екі тарамның түйіні біреу-ақ: екпінді,
ағынды, қуатты, пәрменді, қарқынды. «Қиян әулеті қайратты, қуатты, қайтпас
ер болған себепті бұл тайпа қият есімімен әйгілі болды», – дейді Рәшид-әдДин. Қият – «қиян» сөзінің жиынтық нұсқасы.
Әуелде Ергене-қоңнан шыққан бүкіл Қиян әулеті, оның ішінде Бөрте-Шене
тұқымы түгелдей қият атанады. Алайда, Добұн-Баян–Алан-Құбадан соңғы
заманда ел өсіп-өніп, көбейіп, әрбір ата жаңа есіммен жаңа, дербес руға
айналады. Қият ныспысы көмескіленіп, есептен шыға бастайды. Ақыры,
Боданшардың жетінші ұрпағы Қабұл хан кезінде қият атауы қайтадан
жаңғырыпты. Қияттардың көпшілік бөлігі осы Қабұл ханнан тарайды дейді
Рәшид-әд-Дин.
Арғы да, бергі де қият туралы әңгіме Шыңғыс ханның тікелей аталарының
шежіресіне ұласады. Аңыз бен наным – тарих пен шындыққа астас. Арыдағы
қытай жылнамалары, ортадағы жазба тауарих пен далалық әпсана, жыр,
кейінгі зерттеу мен айғақтау бұл тарапта бірталай мағлұмат береді. Соның
кейбірін қайталайық.
Шыңғыс ханның оныншы бабасы – Алан-Құба ананың нұрлы құрсағынан
жаралған саятшы Боданшар туралы айттық. Аңызда да, шежіреде де хан
атанады. Әлбетте, бір ру, шектеулі қауым көлеміндегі билеуші. Бұл
Боданшардың айттырып алған бәйбіше қатынынан туған жалғыз ұл, әулет
мұрагері Қабышы-Бұқа-бахадұр – қият-бөржіген (қият-бөржігіт) руын
негіздейді. Бұдан соңғы жерде қият хандары тек осы тұқымнан ғана
сайланатын болыпты.
Боданшардың шөберелері тұсында қият пен жалайыр арасында қақтығыс
туады. Әуелде тұтқиылдан тиген жалайыр жеңеді. Ақыры, Боданшардың
шөпшегі, Шыңғыс ханның алтыншы атасы Қайду-хан қырғынға ұшырап,
тозғындаған қиятты қайта көтеріп, жаулас жұртты бодандыққа келтіріп, үлкен
күш-қуатқа жеткен екен. Қарауындағы халқы да іргелене түседі. Бұл заманда
Қайдудың ордасы Байкөлдің (Байқал көлінің) орталық-шығыс тарабындағы
Барғұжын-Тоқым жерінде тұрыпты, кейінірек ата-баба мекені Бұрқан-Қалдұн
тұрғысына қайтып оралған сияқты. Қайду жақындағы ағайын жұртпен
ұғысып, алыстағы бөтен жұртпен тіл табысады. Қайдудың ұлы Түмбине-хан
тұсында ежелгі қият тайпасы жайыла қонып, жыпырлай өседі. Шежіре
бойынша, Түмбиненің тоғыз ұлынан кейінде атаққа шыққан: маңғыт, ұрұт,
жүрият, барлас, бесут, қадарқын, будат қатарлы рулар тарайды, ал
Түмбиненің алтыншы ұлы Қабұл-хан әулеті қият-бөржіген атауын ұстап
қалыпты. Қият (циотэ, киотэ) тайпасынан тарайтын рулардың ұзын саны
оннан астам, оның ішінде билеуші әулет – бөржігіт атауында деп көрсетеді
қытай деректері.
Аталарының орнын алған Қабұл-хан Қиян әулетінен бастау алатын барлық
руларды дәргейіне келтірген сияқты. Бүкіл Татар Даласында үлкен атақ,
абыройға жетеді. Зор денелі, кемел қайратты, таймас жүректі, салқам батыр
екен. Бұл кезде киіз туырлықты жұртты алыстан арбап, жақыннан баураған
Шүршіт патшалығы Қабұл-ханмен тікелей байланысқа шығыпты. Қажетті
келісім, бейбіт қатынас райымен еженхан сарайына шақырып келтіреді.
Еркін отырған, алдына қойғанның бәрін опырып жеген, ұсынған шараны
түбіне дейін төңкерген Қабұл-хан ақыры, масаң көңіл ғана емес, тентек әдет,
бұла мінез жетегімен, шікірейіп отырған қытай патшасын сақалынан алып,
тартқылап ойнапты дейді. Ел иесі құрметті мейманының асына у қосып беріп
отырғанын аңдаса керек. Сарай бектері дүрліккенімен, император қолында
тұрған ханды ешқандай жазаға тартпайды. Онсыз да өліге санаған. Ал Қабұлхан ара-тұра сыртқа шыққанда ішкен-жеген ас-суынан тазарып отырған екен.
Сол беті, аман-есен, сый-сияпатпен қайтады. Бірақ мұндай кісіні тірі жібергісі
келмеген шүршіт бектері патшасын көндіріп, батырдың соңынан шапқыншы
аттандырыпты. Алайда Қабұл-хан: «Ас желінген, сөз біткен, ризашылықпен
айрылыстық, қайта оралудың жөні жоқ», – дейді. Қуғыншылар еріксіз алып
қайтқан екен. Бірақ Қабұл-хан жолай қашып, құтылып кетеді. Бұдан соң елге
арттан жеткен, ауыр салмақ ала келген жасақты жаушыларды түгелімен
қырып салады. Енді империя Қабұл ханның жұртын ойрандау үшін тұтас бір
түмен әскер шығарыпты. Бірақ сайланып, қарсы аттанған Қабұл-хан
жазалаушы қосынды қирата жеңіп, Хиңган қырқаларынан асыра қуып
тастайды. Өткен ғасырдың бас кезінде еңбек еткен қытай тарихшысы Ту Цзи
айымның нақты айғағына қарағанда, бұл оқиға 1137 жылы болған.
Қабұл-ханның бір ана – бас бәйбіше, қоңырат Құба-Күліктіден туған жеті ұлы
бар еді. Тұңғышы – Үкін-Барқақ. Үкідей үлбіреген, қыздай қиылған бітіміне
орай атапты. Көрікті, сұлу жігіт болған. Бұл Үкін-Барқақты әлдеқалай қолға
түсірген татарлар өздері өлтірмей, шүршітке байлап беріпті. Зады, Қабұл-хан
мен Шүржен арасындағы атаулы соғыстан кейін. Алтын-хан Үкін-Барқақты
«ағаш-есекке», сірә, кергі тақтай, немесе ашамай ағаш болса керек, тірідей
шегелеп өлтіреді.
Екінші ұл – Бартан-бахадұр, Шыңғыс ханның атасы.
Ендігі бір ұл – Қадан-бахадұр. Әкесі Қабұл-ханға тартқан алып күшті, қайтпас
ер болған. Үлкен қият руының татарлармен, меркіттермен арадағы
тынымсыз соғыстарында қаншама майданға түседі. Бетіне жан шыдамайды.
Талай рет қарсы жақтың дара батырларымен жекпе-жекке шығыпты.
Қаданның меркіт Бұртақ-бахадұрмен, татар Мөнен-бахадұрмен сайыстары
туралы «Түгел тарихта» жазылған. Қадан-бахадұр ақыр түбінде шүршітпен
соғыста қаза табады. Қабұл-ханның бұдан соңғы ұлдарының есімдері –
Құтұқты-Мөңкір, Құтұла, Құлан және ең кенжесі, от, ошақ иесі Тауданотшыген.
Ағайынды жетеу тегіс жаужүрек бахадұр туса да, Қадан мен Құтұла-ханның
қайраты да, ерлігі де басым екен. Қадан туралы айттық, ал Құтұла көзінің
тірісінде жырға қосылған, аңызға айналған дейді Рәшид-әд-Дин. Даусының
зорлығы сондай, жеті қырдың астынан жаңғырығып естіледі, ал тұлғасы
төбедей болып көрінген. Алақаны аюдың табанындай екен, қолға ілінгенді
опырып, қарсы тұрғанды қирата жапырған. Қан майданда бетіне жау
келмеген, жекпе-жекте ұрысына жан шыдамаған. Бір отырыста бір өзі құнан
қойдың етін түгесе жеп, бір тегене қымызды басына төңкере ішіп жүре
береді екен. Жеке батыр ретінде де, қолбасы ретінде де үнемі мерейі үстем
болады.
Ұлдарының өскенін, жеткен, жетіскенін көзімен көрген Қабұл-хан өлерінде
үлкен қият руының хандығын өз балаларына емес, шөбере інісі, тайжуыт
Қамбағайға өсиет етеді. Қамбағай ханның тұсында қият әулеті тақау
төңірегімен кейде бітімде, кейде соғыста болады. Қадан мен Құтұланың
даңққа шығуы – осы заманда.
Қамбағай татар бектерінің сатқындығы нәтижесінде шүршітке тұтқынға
беріліп, азаппен «ағаш есекке» шегеленіп өлгеннен соң хан көтерілген Құтұла
бүкіл қият қауымын ұйымдастырып, Шүрженге қарсы жорық ашыпты. Үлкен
ұрыста алтын-хан әскерін ықтыра жеңіп, біраз жерін ойрандап, мол олжамен
кері қайтыпты. Сәтті жорықтан соң топ-тобымен тарап, елге беттеген көп
әскерден бөлініп, саят құрған Құтұла-ханға дүрбен руы тұтқиылдан тиіседі.
Нөкерлерінің біразы өліп, біразы бытырай қашқан Құтұла-хан шегіне ұрысып
келе жатқан жолында қақ суы іркілген көлденең батпаққа кезігеді. Арғы
бетке іліне бергенде, онсыз да болдырып келе жатқан аты тұралап
жығылады. Құтұла-ханның өзі құрғаққа шығады. Арттан жеткен қуғыншылар:
«Атың жоқ, енді қайда барасың? Қолға түскен деген осы!» – деп масайрапты.
Құтұла дереу садағын сайлап, бірнешеуін атып жығады, қалғандары қорқып,
кейін қашады. Бұдан соң Құтұла батпақтап жатқан атын жалынан сүйреп
шығарып, жөніне кетіпті.
Арада бірнеше күн өтеді, Құтұланың хабары естілмейді, енді бахадұр-ханның
жау қолынан өлгеніне күмәні қалмаған ағайындар ас әзірлеп, естіртуге
келіпті. Сонда Құтұла-ханның бәйбішесі, ілкідегі бір жағдайларға қарағанда,
қоралас болса керек, айтыпты дейді: «Қарымы қақсал аюдай, сүрені
күркіреген аспандай Құтұла-хан жаудан өлді дегенге сенбеймін, өңімде
болмаса да, түсімде көрдім, аман-есен келе жатыр!» – депті. Айтқанындай,
азалы ас үстінде Құтұланың өзі де жұртына жетеді. Сөйтсе, мана, атын
батпақтан шығарып, тура жолға түсе бере ойға келіпті дейді. «Қашып-пысып,
азып-тозып ел бетіне қалай көрінем, олжасыз оралуым жөн емес екен», –
деп кері бұрылып, сол дүрбеннің далада жайылып жатқан көп жылқысынан
бір үйірін бөліп алып, айғырын ерттеп мініп, құлын-тайларымен қоса мама
биелерін алдына салып айдап жеткені сол екен. Өліге берілмек ас аяғы
тірінің тойына ұласыпты дейді.
Атаулы оқиға тұсында ағайынды жетеуден Құтұламен қатар Қадан мен
Таудай ғана көрінеді, ал Бартанның орнын оның бел баласы Есугей басыпты.
Ас жөнін алғаш қамдаған да осы Есугей екен.
Бұл кезде жеті ұлдың әулеті өсіп, өніп, үлкен күшке жеткен. Алысқа атақты,
жақынға сыйлы. Ұжымы артық, қуатты, қарымды, ағайындас ұрық ежелгі
қият есімін біржола иеленеді. Басы өсіп, байлығы артып, жайыла қонады,
саны тым көп болмаса да, ағайындас рулардың ұштығын баураған, билеуші
әулетке айналады. Уақыт оза келе қарасыны молығып, жеке-жеке атаға
бөлінеді, әйткенмен, қият түбірін сақтайды: қият-жұрқын, қият-шаншығұт,
қият-жасар, қият-қоралас, қият-бөржіген. Шыңғыс хан қият-бөржіген ұрқына
жатады; бөржіген сөзінің мағнасы – «бөрі нәсілі, бөрі текті ханзада», таратып
айтсақ, «бөрі» және «тегін» атауынан туындаған: бөрітегін, немесе бөржіген
(түрік нәсілі, тіпті берідегі Қабұл-хан әулетінде шаңырақ иесі кенже ұл
«отшыген» – от тегін, яғни от иесі, шаңырақ иесі ханзада атанғаны белгілі).
Шыңғыс ханның билігі және оған жалғас заманда күрт көбейген қият тайпасы
бүкіл империя шегіне таралады. Әсіресе Алтын Ордада айрықша күшке
жетеді. Ұлыс бектері, қолбасылар шығарады, хандық өкіметтің сенімді
тіректерінің біріне айналады. Тоқты ханнан соңғы бұлғыр кезеңде төңкеріс
жасап, заңды мұрагер, Бату хан нәсілі Өзбекті таққа отырғызған – осы қият
бектері болатын. Алтын Орда ыдырағаннан соңғы кезеңде де қарашы қият өз
орнын табады. XV–XVI ғасырларға қатысты жазба тауарихта қият – «тоқсан екі
баулы өзбек», яғни киіз туырлықты көшпенді түрік тайпаларының бел
ортасында көрінеді. Уақыт оза келе тілі бір, қонысы орайлас туысқан
халықтардың арасына сіңісіп кеткені байқалады. Ал қият-бөржіген, яғни
Шыңғыс ханның тікелей тұқымы билік басында қала берген.
Осы орайда аталуға тиіс, үлкен қияттың тағы бір тармағы – шаншығұт руы.
Рәшид-әд-Дин тарихында арнайы сөз болмапты. Бірақ тым елеусіз қауым
емес. Саны біршама, іргелі ру. XIII ғасырдың бас кезінде Бартан-бахадұрдың
үлкен ұлы, Есугейдің ағасы Мүңгету-Қиянның қарауында болыпты. Шыңғыс
хан ту көтерген кезде анау-мынау қарсылық танытпаған сияқты. Қайткенде
де қырғынға, қудалауға ұшырамаған. Заман тыншығанда, сірә, басым
көпшілік бөлігі – төрт мың жан тағы да үлкен ұл Жошының еншісіне беріледі.
Яғни бұдан соңғы Алтын Орда жұрты, Дәшті-Қыпшақ. Бұрнадағы И.Березин,
Н.Аристов сияқты зерделі орыс ғалымдары қазақтағы шанышқылы осы
шаншығұттың тікелей жалғасы деп есептеген. Алаш құрамындағы іргелі
рулар қатарында. Абылай заманында айрықша жауынгер болған ежелгі
жұрттан XVIII ғасырдағы атақты қолбасы батырлардың бірі Шанышқылы
Бердіқожа шыққан.
Қазақ ұғымы, қазақ халық әдебиетінде ежелгі қият – қыпшақпен туыстас
және одақтас ру ретінде жүреді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов
өзінің тарихи шығарма, әдеби зерттеулерінде «қият-қыпшақ елі» деп
жазады. Қазақ арасында қият өзінің жалпы атымен шанышқылы руының
құрамына енген. Бүгінгі шанышқылы – бағзыдағы қият-шаншығұттың тікелей
жалғасы деп білсек, мұндай ауыс – азайған үлкен ата мен өскен кіші атаның
орын алмасуы – түсінікті жағдай. Сондай-ақ, адай келімберді мұңал ішіндегі
бір бұтақ ежелгі қият есімінде. Мұндағы “мұңал” – “моғұл”, “мұғал”
атауының басқашарақ дыбысталған нұсқасы. Яғни, бүкіл мұңал осы қияттың
төңірегінен табылады деген сөз.
Қият-бөржіген (бөржегін, бөржігіт) яғни Шыңғыс хан әулеті – «төре» атанды,
Алтын Ордаға жалғас Қазақ Ордасының барлық ханы – Жәнібек пен
Керейден бастап, Кенесарыға дейінгі аралықтағы, Алаш жұртының аруағын
көтерген ұлы тұлғалар: Бұрындық хан, Қасым хан, Тоғым хан, Хақ-Назар хан,
Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан,
Абылай хан, кейінгі, İшкі Орданы негіздеген Бөкей хан – түгелімен осы
тұқымнан. Ел қорғаған, қол бастаған атақты батыр сұлтандар: Қамбар,
Еренші, Жаныш, Таныш, Ұзын Оқты Ондан, Шах-Мұхамед, Көшек, Қанішер
Абылай, Көкжал Барақ, Наурызбай, Сыздық... өз алдына бір төбе. Беріге
келсек, XIX ғасырдағы ұлы ғалым Шоқан, күйші Дәулеткерей, әнші Мұхит, XX
ғасырдың бас кезіндегі ұлттық көсем Әлихан Бөкейхан, күні кешегі, қазақ
тарихы үшін жапа шеккен Сәнжар Аспандияров пен Ермұхан Бекмаханов,
бүгінгі белгілі архитектор Шота Уәлихановқа дейінгі қаншама ірілер түгелдей
осы қият-бөржігіт әулетінен тарайды.
Өткенге қайтып оралсақ, қият руынан шыққан алып тұлға Шыңғыс ханның
ұрпақтары Еке Моғұл атанған ұлы империядан бастау алатын төрт ұлыстың
тізгінін түгел ұстаған еді. Төле – Құбылай тұқымы байтақ Қытайда билік
құрды. Төленің тағы бір ұлы Құлағу Иран және онымен шектес аймақтарда
Елхан ұлысын негіздеді. Шағатай әулеті Орта Азияда орнықты. Ал үлкен ұл
Жошының нәсілі Алтын Орда және оған жалғас хандықтарда өкім етті.
Бұлардың бәрі де, тарихи тағдыр, замана шеруі нәтижесінде алды жүз-жүз
елу жыл, кейіні төрт-бес ғасырдан соң биліктен тайғаны, басқа әулет, басқа
бір құрылымдарға орын бергені мәлім. Шыңғыс хан нәсілінің ел билігінде ең
ұзақ жасауы – Алтын Ордадан соңғы Қазақ Ордасында. Туған халқының
бостандығы жолында, 1847 жылы шәйіт болған Кенесары – Еуразия
кеңістігінде алты жүз елу жыл бойы ту көтеріп тұрған Алтын ұрықтың ақыры –
Шыңғыс әулетінен шыққан ең соңғы хан екен. (Еуропа тарихшылары
қалыптастырған ұғым бойынша, Шыңғыс ханның билік басында болған ең
соңғы ұрпағы – 1920 жылы Советтер тақтан тайдырған Бұхар әмірі Әлімхан;
шын мәнісінде Әлімханның Шыңғыс тұқымына мүлде қатысы жоқ, XVIII ғ.
соңында Бұхар хандығында билікке жеткен Маңғыт әулетінен; Алтын
ұрықтан тыс болған себепті, осы маңғыт руынан шыққан билеушілер “хан”
емес, “әмір” атанған.)
Тайжуыт
Тайжуыт – Қиян жұрағаты, оған жалғас Бөрте-Шене нәсілінен таралады, яғни
үлкен қият тайпасының бір бұтағы, шежіре бойынша, Шыңғыс ханның
алтыншы атасы Қайду-ханның ортаншы ұлы Шарақа-Лингүмнің тұқымы.
Қайду-ханның тұсында Шүржен патшалығымен арадағы күрделі қатынастың
ақыры бейбіт бітімге ұласқан тәрізді. Шарақаның қосымша, айқындауыш
есімі Лингүм – қытайша лауазым, дұрысы «лин-гүн», ұлұғ әмір мағнасында.
Сірә, әкесі Қайдудан соң жұрт ұстаған. Шарақаның үлкен ұлы – Сұр-ҚұтұқыШене. Екінші ұл – Сенгүм-Білге, бұл «сенгүм» де қытайша лауазым, «сен-гүн»,
әскербасы мағнасында, ал Білге – таза түріктік атау, білгір, дана демек;
есімнің құрамындағы екі сөз де мәртебе екенін көреміз, бірақ ШарақаЛингүмнің ортаншы ұлы шежіреге осы есімімен енген. Сұр-Құтұқы-Шене мен
Сенгүм-Білге және Таудай және аты сақталмаған тағы бірнеше ұлдың әулеті
және оларға кейіннен қосалған жанас, бодан қаншама жұрт – саны мол,
қуаты зор тайжуыт руын құраған.
Шарақа-Лингүм ағасы Байсұңқар өлгеннен кейін жеңгелей алған үшінші
әйелден туған екі баланың аттары – Генду-Шене және Өлекшін-Шене, яғни,
Арлан-бөрі мен Өлекшін-бөрі, мұның соңғысы – қыз екені күмән туғызбайды,
бірақ бұл қыздың ұрпағы да осы әулетке қосылып, екі Шене, қос Бөрінің
тұқымы шөнес атанады, әке тарабынан алғанда тайжуытқа жататын, бірақ
әуел бастан-ақ дербестік танытқан шөнес руы кейінгі, өзара соғыс, билікке
талас кезінде тектес тайжуытты емес, арғы аталары ортақ, бергі аналары бір
бөржіген-қият Шыңғыс хан жағында болған. Әрине, мәселенің түбі туыстықта
емес, мақсат-мүдде бірлігінде жатқан.
Сұр-Құтұқы-Шененің ұлы Қамбағай шөбере ағасы, бөржіген Қабұл-ханның
өсиеті бойынша, бүкіл қият руының ханы болғанын айттық. Қамбағайдың он
ұлы бар екен. Таңбада қалғаны – Адал-хан мен Қадаған-тайшы және Теміржүрек. Осы замандағы қият–меркіт, қият–татар соғыстарында қол бастаған
Қадаған-тайшы кешегі Қабұл-ханның бахадұр ұлдарымен үнемі бірлікте
болады. Кейінгі Темужін–Шыңғыс заманындағы қырғын шайқастарға жол
ашқан алауыздық пен қантөгіс ұрыстар осы шамада етек алыпты. Рәшид-әдДин «Түгел тарихта» сондағы кейбір соғыстар туралы нақты деректер
қалдырған.
Қадаған-тайшы мен меркіт бегі Тұдұр-Білге-отшыген анда болған екен. Сірә,
татарға қарсы қабаттаса аттаныс үшін, Қадаған-тайшы Тұдұр-Білгеге елші
жіберіпті: «Биік тауға бірге шығайық, байтақ далада бірге қарыштайық,
ынтымақпен ұғысып, барлық істе ұжымдас болайық!» – дейді. Есебі, уақытша
әскери одақ қана емес, ұзағынан жалғасқан туыстық қатынас. Елшілер қият
бектерінің осындай сәлемін жеткізген көріс кезінде Тұдұр ешқандай жауап
қатпай, қанжарын қынабынан суырып, қайраққа білей бастады дейді. Сонда
елшілер: «О, анда, бізге нақты жауап орнына қанжарыңды қайрағаның не?»
– деп сұрапты. Сонда Тұдұр: «Қайрағаным – осы қанжармен Қадаған
анданың қалған жалғыз көзін ойып алмақпын!» – дейді. Қадаған-тайшы
бұрнадағы тынымсыз соғыстар кезінде бір көзінен айрылған соқыр екен.
Яғни көрсоқыр қылам ғана емес, тақа құртам. Елшілер осы сөзбен кейін
қайтады. Сонда Қадаған-тайшы айтыпты дейді: «Мынау жосықсыз сөз
жойқын ұрысқа жол ашып отыр. Біз тыныштық тілеп едік, меркітке соғыс
керек екен!» – деп тұрып, өзінің керқұла атының кекілін шорт кесіп, уыстай
лақтырыпты. Оң қанаттағы жасақты бастауға аталас ағасы Құтұла-бахадұрды,
сол қанаттағы жасақты басқару үшін өзінің құдасы Арық-Шенені шақыртты
дейді. Орталық қолға Қадан-бахадұрды бекітеді.
Үш күн ішінде бар әскерін жинақтап, тура аттанып, тұтқиылдан басып, ТұдұрБілге-отшыгеннің жұртын ойрандап, өзін қолға түсіріпті. Қалың меркіт,
Тұдұрдың ұлы, тоғыз жерден жараланған Тоқтай бастаған оң қанат босқын
тауыпты. Сонда Қадаған-тайшы Тұдұрды алдына келтіріп тұрып айтты дейді:
«Сен кеше менің бір көзімді сөзбен ойып алып едің, енді мен сенің екі
көзіңді қолмен ойып аламын!» Сөйтіп, өз қолымен Тұдұрдың екі көзін
қатарынан ойып алып, содан соң қырқа шауып өлтірген екен.
Арада үш жыл өткенде, жарасы жамалып, қайта ұйысқан меркітпен арадағы
соғыс үлкен майданға ұласады. Қадаған-тайшы қияттың басты кісілерін түгел
жинап: «Әкем Қамбағай-хан мені әскербасы сайлағанын білесіңдер, бәріңнің
тізгінің менде. Мен қалай айтсам, солай болады. Меркіттерді ел шегіне
жеткізбеу керек. Үй-жай, қатын-балаға қарайламас үшін алдын алып, жау
жерінде соғысамыз!» – дейді. Әуелгідей, әскердің оң қанатын Құтұлабахадұрға, сол қанатын Арық-Шенеге тапсырып, орталыққа Қадан-бахадұрды
бекітіп, өзіне бас қолбасылық міндет алады. Үдере аттанып, бұл жолы да
Тоқтай бастаған меркіттерді қирата жеңіпті.
Бұл кезде татармен арада бөрі-бітім, яғни арнайы келісім шартсыз
бейбітшілік орнаған сияқты. Нәтижесінде, түбі бір, ағайындас тайпалар алысберіс, құда-анда, аралас жағдайда тұрып жатқаны көрінеді. Әйткенмен, көп
ұзамай, ежелгі жаулық қайта тұтаныпты. Оған Қамбағай ханның қайғылы
тағдыры себеп болады.
Қамбағай өзінің Темір-Жүрек деген ұлына Бұйыр-нордағы шаған-татар
Қайрақұт бектің қызын айттырып қойған екен. Енді тиесілі жасаужабдығымен келінін алуға аттанады. Қосшы ретінде бірге жүрген Қабұл-хан
ұлы Таудан-отшыген мен Шынтай-Қиян дейтін ноян сапар үстінде бірде
астындағы аты жығылған, бірде ошақтағы қазаны жарылған төтенше
жағдайды жаман ырымға балап, кері қайтуға кеңес берсе де, Қамбағай онда
тұрған не бар деп, құлақ аспапты. Ақыры, қыз ұзатпақ дастарқан басында
құдалары қорғансыз ханды азғана нөкерімен бірге тұтқынға алады да,
байлап-матап, Шүрженнің алтын-ханына өткізеді. Басқа бір ауылда той
тойлап отырған Шынтай-Қиян мен Таудан-отшыген аман-есен қашып
құтылады және күтпеген жағдайдың хабарын елге жеткізеді.
Қамбағай хан өзін өлтіруге апара жатқанда Бұлағашы деген бір нөкері
арқылы шүршіт әміріне соңғы сәлемін айтыпты: «Сен мені ерлігің асып, қан
майданда қолға түсірген жоқсың. Көлденең біреулер қапыда тұтып, алдыңа
келтірді. Енді бір ұлыстың ханын қорлықпен, азаптап өлтірмексің. Райыңнан
қайт. Егер мен өле қалсам, артымда батыр інілерім мен балаларым бар,
өшпес жаулыққа ұшырайсың. Менің қаным өтеусіз кетеді деп ойлама!» –
депті. Сонда алтын-хан кекете күліп: «Осы сәлемді маған жолдаған кісі әлгі
айтқан батырларына өз барып хабарласын», – дейді. Содан соң қатал үкімді
бекітіп, Қамбағай ханды «ағаш-есекке» шегелеп өлтірген екен.
Қамбағай арада жүрген нөкеріне соңғы аманат сөзін айтып үлгеріпті. Шөбере
ағасы Қабұл-ханның көзі тірі балалары Құтұла-бахадұр мен Тауданотшыгеннің, Бартанның орнын басқан Есугей-бахадұрдың және өзінің ұлы
Қадаған-тайшының есімдерін арнайы атап, тұрып: «Менің қаным сұраусыз
кетпесін! Бес саусақтың тырнағы көбесінен сөгілгенше, он саусақтың буыны
тарамысынан үзілгенше соғысып, жаудан кегімді алыңдар!» – деген екен.
Алтын-хан қият қауымын біржола айдындырып, қорқытып қою үшін қаралы
хабаршы ретінде, тұтқыннан босатылған Бұлағашы нөкердің өзін жіберіпті.
Бірақ үркіту орнына ұжымдастырған екен. Қабұл мен Қамбағай әулеті
жұмыла бас қосып, келісіп, кеңесіп, Қамбағайдың бел баласы Қадағантайшыны емес, Қабұлдың бахадұр ұлы Құтұланы хан сайлайды. Яғни, әуелде
ағадан ініге өткен билік қайта айналып сол ағаның баласына оралады. Ежелгі
түрік дәстүрі.
Енді Құтұла-хан бастап, бүкіл қият болып, шүршітке қарсы түп көтеріле
аттаныпты. Қарсы шыққан жасақты тоздыра қуып, Шүржен патшалығының
бірталай жерін ойрандап, мол олжамен қайтады. Иә, бұл жорықтың жайжапсары туралы өткен тарамда, Қабұл-хан ұлдарына қатысты сөзімізде
айттық.
Осы жорықтың қарсаңында Қадаған-тайшы дүниеден көшкен еді. Кекті
жеңістен соң көп ұзамай Құтұла-хан да өледі. Бұдан соңғы жерде қият бірлігі
ыдырағанын көреміз. Қабұл-ханның немересі Есугей-бахадұрға толымды
билік жетпейді. Қамбағай хан ұрпағы түгел ірі, әрқайсысы өзінше болып,
ешкім ешкімге жол бермейді. Саны біршама, боданы көп тайжуыт руы
береке-бірліктен айрылады. Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда Қамбағай
ханның немересі, Адал-хан ұлы Тарғұтай-Қырылтұқтың мәртебесі көтеріледі,
бірақ оның өзі бүкіл тайжуытқа емес, үлкен рудың бір бөлігіне ғана өкім
жүргізген екен. Ел билеген туыстас бауырлардың менмен алауыздығы ақыр
түбінде қуатты тайжуыт руының азып-тазуына себеп болды деп түйіндейді
Рәшид-әд-Дин өзінің бұл тараптағы сөзін.
Қатаған және қарындас қауым
Шыңғыс хан шежіресі бойынша, оныншы ата Боданшардың емшектес
ағалары – Алан-Құбадан туған Бұғы-Қатағы мен Бұқаты-Салжы бар еді ғой.
Бұғы-Қатағыдан қатаған руы, Бұқаты-Салжыдан салжығұт руы бастау алады
дегенбіз. Әлбетте, тарихтың ұзақ шеруінде билікке, байлыққа жақын кейбір
тұлғалардың әулеті өсіп-өніп, уақыт оза келе, тікелей ұрпақтарға жөнекей
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 14
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480