Latin

Шыңғысхан - 03

Total number of words is 3872
Total number of unique words is 1974
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қытай жазуының осынау транскрипциясын бажайлап тексерсек, «аталмыш
рулардың қазіргі қырғыз-қазақ және қара қырғыз халықтарының құрамында
әлі күнге сақталып тұрғанын көреміз», дейді. Одан әрі таратып жазған. Әуелгі
бес аймақтың жалпы атауы дулу – қазіргі қырғыз-қазақтың Ұлы жүзінің
құрамындағы дулат тайпасы, күні бүгінде Іле мен Шу алқабында отыр, дейді.
Бұл топтағы алғашқы аталған чумугунь (чумоукоуэн) – Кіші жүз құрамындағы
шөмекей деп танылуға керек, бұл тайпаның құрамына қытай деректерінде
үнемі чумугуньмен бірге аталатын чуми және чуюе рулары да енген болуға
тиіс. Ал енді бесінші аймақтағы шуниши – қазіргі дулат құрамындағы жаныс,
бұл атауға қосарлана тірескен чубань (чипан) – дулатпен ағайын суан руы деп
айғақтайды Н.Аристов. Ал нушиби тобына келсек, тізімде бірінші тұрған және
төртінші қосардағы асиги (ассиикиа) – қара қырғыздың сарбағыш және солты
тайпаларының құрамындағы ассық сүйегі депті. Біз өз тарабымыздан
сонымен қатар Кіші жүз он екі ата байұлы құрамындағы үлкен ысық руына
сілтеме жасар едік. Ал екiнші және бесінші аймақтағы вечу (кочу) мен гешу
(коушу) – қара қырғыз бұғы мен солты құрамындағы кучук деп шамалауға
болады, сонымен қатар, қазақ жалайыр ішінде де дәл осындай ата бар,
дейді. Бұлардың бәрі де бағзы заманнан ежелгі үйсін жұртында қоныстанған,
жергілікті рулар, деп қорытады бұл тараптағы барлық байламын Н.Аристов.
Дулу және Нушиби аймақтары турасында «Таң тарихында» келтірілген
деректер – Батыс Түрік қағанатының Қытай иеліктерімен жапсарлас шығыс
бөлігі – Талас, Жетісу, Жоңғар алабына ғана қатысты мағлұмат екенін аңдау
қиын емес. Қытай деректерінде Нушиби қонысы – Ыстықкөлдің түстігі мен
батысында, ал Дулу қонысы – көлдің шығысы мен терістік тарабында деп
нақты көрсетілген. Әлбетте, аталмыш ру-тайпалар мекені – ұлыстың орталық,
жиын жерлері. Қай бағытта да Батыс қағанат шекарасы әлдеқайда кең
болғаны мәлім. Жайықтан өтіп, Еділден озып, Днепр – Үзе-дарияға дейін
созылып жатқан. Десе де, Жетісу – бүкіл қағанаттың ең негізгі, ұйықты
ордасы саналыпты. Ел астанасы – Шу алқабындағы Суяб қаласы болды.
Жаздық Орда – Исфиджаб (Сайрам) төңірегіндегі Мыңбұлақ екен. Негізінен
бүгінгі Қазақстан шегін және онымен іргелес аймақтарды қамтыған Батыс
Түрік қағанатының ең дәуірлеген кезеңі – VII ғасырдың алғашқы ширегі.
Бұрнағы Ұлы Түрік ұлысының бір бөлігі бола тұра, жарым дүниені алып
жатқан.
7
Бұл кезде ежелгі қара жұрттағы жағдай мүлде қиындап кеткен еді. Түрік
қауымы жиырма жыл бойы өзара қырқысып, екіге бөлінген кезде құдіретті
Хән дәуірінен (м.д. 206 – м. 220) соңғы төрт ғасыр бойы бытыраңқы күн
кешкен Қытай қайтадан біріккен. Ағайын арасындағы ауыр соғыстан әлсіреп
шыққан, әрі билеуші әулетінің елдік санасы төмендеп, әрең тұрған Шығыс
қағанат Суй патшалығының зәндем саясаты, оған жалғас Таң империясының
екінші еженханы Тайцзун (627–649) таққа отырған сәттен басталған тікелей
әскери жорықтар нәтижесінде ұжымы артық, саны басым дұшпаннан сағы
сыныпты. Сөйтіп, 630 жылы Шығыс қағанат құлайды.
Осынау атыраптағы барлық түрік қауымының басын қосқан қуатты ұлыстың
негізгі ұйтқысы, үстем әулет – түркіт тайпасы болса, елдің оған тетелес, екінші
бір ұстыны – ол кезде сір атанған алты арыс қыпшақ екен. Қытай
деректерінде – се. Бұл қыпшақ арғы бір заманда өзіне, сірә, тардуш, қытайша
яньто деп белгіленген туыстас тағы бір тайпаны қосып алған. Соған орай Таң
деректері Қыпшақ бірлестігін Сеяньто деп жазады. Орда ойрандалып,
қағанат құлағанымен, өзінің негізгі күшін сақтап қалған, жері шалғай, саны
мол – 70 мың түтін сір-қыпшақ жұрты қытай өктемдігін мойындамайды.
Керісінше, Хиңган мен Алтай арасындағы ыдырай бастаған түрік жұртының
басын біріктіріп, бүкіл терістік Даланы ғұзырына келтіріп, жаңа, Сір ұлысын
негіздейді. Қытай деректерінде және кейінгі тарихи әдебиетте Сеяньто
қағанаты. Атауы жаңа, шын мәнісінде ескілікті ұлыстың мемлекеттік
құрылымы да, басқару жүйесі, негізгі халқы да ілкідегі қағанаттан айырғысыз
екен. Билеуші әулет, үстем тайпа ғана өзгерген. Бұл кезде бүкіл Шығыс
Азияда өктемдікке жеткен Таң империясы өзіне қатер санаған жағдайдың
алдын алуға тырысады. Елші алмасу, бейбітшілік және туыстық турасындағы
қитұрқы келіссөздермен қатар, іштен ыдырату саясатына жол ашады. Ақыры,
ашық майданға шығады. Қағанат шекаралық ұрыстарда жеңіліске
ұшырағанымен, елдігінен айрылмайды. Алайда, көп ұзамай-ақ ұлыс ішінде
іріткі туыпты. Ұйғыр руы бастаған тоғыз-оғыз тайпалары қытай жағына шығып
кетеді. Біріккен қытай-ұйғыр әскері 646 жылы Сеяньто қағанатын құлатып, ең
соңғы қағанын өлтіреді. Қырғынға ұшыраған қыпшақтардың бір бөлігі
батысқа қарай төңкеріле ауады, жалпы жұрттың басым көпшілігі Қытай
бодандығын қабылдап, ата мекенде қалады.
Енді Шығыстағы бүкіл бұлаң-бостан қауымының басына қара түн орнапты.
Түрік халқы тәуелсіздігінен айрылып, жат жұрттың табанына түседі. Бар өкімі
жоққа сайған билеуші әулет қытай еженхандарының қолжаулығына айналса,
ержүрек, жанкешті түрік жасақтары қытайдың қалың қолының алдыңғы
легінде, жаңа империяның жаулау соғыстарына қатынасады, ал қара жұрт
кемшін сана, кіріптар ахуалда қалады. Қаншама заманнан бері төбесі көк
тіреген түрік бөрі басты көк туы жығылып, тілі бөтен, дәстүр-салты жат,
барлық бітіс-болмысы бөлек, қаймана жұрттың қарауына көшіп, бағынышты,
бодан қалыпта күн кеше бастайды.
Шығыс түріктерді жаулап, елдігінен айырғаннан соң, Тайцзун хуанди бар
назарын Батысқа аударады. Қытай дипломатиясының сыннан өткен ең басты
қаруы – шағыстыру, бөлшектеу саясаты іске қосылған. Бұл кезде ұлыстың өз
ортасындағы пиғыл да бұзыла бастап еді. Үстем әулет ішінде таққа талас
басталса, соған орай қараша жұрт тағы да қақ айрылған. Бір жақта Дулу
одағы, бір жақта Нушиби тобы. Әрқайсысының өз қағаны бар. Екі
конфедерацияның арасындағы қанды майдан нәтижесінде орталық жұрт
екіге бөлініп, шын мәнісіндегі екі патшалыққа айналады.
Сонда да тыныштық орнамапты. Жағалас одан әрі жалғасады. Ақыры, екі
бөлінсе де бітісе алмаған Дулу–Нушиби майданына Таң империясы
араласады. Енді, анық үлкен қатер қарсаңында Дулат қағаны Қолұқ (651–657)
жаулас Нушиби жұртымен тіл табысқандай болады, бұрынғы бірлік қалпына
келгендей көрінеді, алайда, екі жақ та әлсіреген, заман озған; тегеурінді
шабуылға шыққан Қытаймен өз жерінде өткергeн екі үлкен ұрыста да – әуелі
шығыс шекара – Жоңғар алабы, Бұратала өзенінде, одан соң ел іші – Шу
бойында сәтсіздікке ұшыраған Он Оқ жұртының туы тұғырынан сынады,
Батыс Түрік қағанаты біржола құлапты (657).
8
Ұланғайыр жұрттың ұйықты ордасы бұзылғанымен, шеткері, Батыс Еуразия
қаз-қалпында тұрған. Ел орталығындағы ағайын арасында қырқыс басталған
кезде өз жолын тапқан түрік қауымының үлкен бір бөлігі Қара теңіз – Азау
Даласында Бұлғар қағанатының шаңырағын көтереді. Алғашқы қаған Құбрат
(632–642) – дулат тайпасынан шыққан еді. Жетісу, Талас тарабындағы қалың
елден жаңа ғана бөлінбеген, кемі екі-үш ғасыр бойы осы өңірде орнығып
тұрған жергілікті дулат II ғасырда, Батыс Ғұн қағанаты құлағаннан соң
Алтайдан ауған жұрттың құрамды бір бөлігі дулат тайпасы болғаны қытай
деректерінде таңбаланған. Сарыарқада ес жиып, Орал тауларының етегінде
өсіп-өніп, Еділ бойында қайыра іргеленіп, ақыры V ғасырда жарым әлемді
шайқаған, Еуропаны жапырып, екі Рим империясын бірдей аяғына жыққан
жаңа Ғұн Ордасы Аттила өлгеннен соң Қара теңіздің терістік далаларына
қайтып оралған. Әрине, түрік тектес басқа рулармен қатар, дулат та осы
аймақта орнықты. Ғұн Ордасының жұрнақ-жұқанасы жаңа бір қуатты
мемлекет құра алмағанымен, ұрпағын жалғап, нәсілін, тілін сақтап, өзінше
тіршілік жасаған сияқты. Арада екі ғасыр өтпей, Ұлы Түрік қағанатының
құрамына енеді. Жауынгер қағанаттың күш-қуаты өз алдына, егер
Еуразияның қиыр батысы – Қиян Дала, Еділ бойында ілгеріде орныққан түрік
тайпалары болмаса, айналасы отыз-қырық жылда соншама ұлан-байтақ
өлкені ғұзырына қарата алмас еді. Қаратса да, баурап, ұстап тұра алмас еді.
Енді міне, екінші сатыдағы үлкен ұлыс ыдырай бастаған кезде бұл тараптағы
жұрт та дербестік жариялайды. Бұлғар қағанаты құрылғаннан соң көп
ұзамай, Еділдің төменгі ағысында Хазар қағанаты ту көтереді. Халқы мол,
жері бай Хазар мемлекеті көп ұзамай-ақ іргелі елге айналды.
Өзін Батыс Түрік қағанатының тікелей мұрагері санаған, қалыпты жора
бойынша Византия империясынан алым алып, тақау төңірегімен елшілік
қатынас орнатқан Бұлғар қағанатының дербес ғұмыры небәрі қырық жылға
созылыпты. Алайда, Еуропа тарихы, түрік халықтарының тарихында үлкен із
қалдырған. Ол да өзін бұрнағы ұлы мемлекеттің нақты мұрагері санаған,
іргесін кеңейтіп, құлашын ұзаққа сермеген Хазар қағанатымен соғыста
ойсырап жеңілген Бұлғар VII ғасырдың 70-жылдарында үшке бөлінеді.
Құбраттың үлкен ұлы, тақ мұрагері Ботбай (!) қарауындағы халқының негізгі
тобымен бірге Хазар қағанатының құрамына енеді. Кенже ұл Аспарух (Аспар)
екі жүз мыңдай халықпен батысқа қарай үдере көшіп, Дунай бойында жаңа
бір ұлыс – Бұлғар (Болғар) хандығын негіздейді. Ортаншы ұл Баян терістік
тарапқа ауып, Еділдің жоғарғы ағысы, Кама бойында, ол да Бұлғар атанған
хандық құрады. Дунай болғары жергілікті, саны мол славян нәсілімен
араласып, уақыт оза келе тілі мен тегінен айрылып, христиан дінін қабылдап,
ақыр түбі славян Болғария мемлекетінің құрамында жұтылып кеткені мәлім.
Ал Еділдегі Бұлғар ұлысы IX ғасырда іргелі елге айналады, Батыс пен Шығыс
арасындағы көпір есепті болады, мұсылман дінін қабылдайды, ақыры 1236
жылы Шыңғыс хан немересі Бату ханның ғұзырын мойындап, ізінше Алтын
Орда құрамына қосылады, Алтын Ордадан кейінгі бұлғар-татар Қазан
хандығының тарихы қазіргі Татарстан тағдырына жалғасыпты.
Ал Ұлы Бұлғар жұртын өзіне қосып алған Хазар қағанаты уақыт оза келе тек
төменгі Еділ ғана емес, Орта Еділ, Қара теңіздің бүкіл терістік жағалауын,
Күзей Қапқаз бен қазір біз Атырау (Каспий) деп жүрген Хазар теңізінің
солтүстік бетін (сірә, Жайық бойын да) алып отырды. Төңірегі таныған, бар
жағынан бірдей дамыған ұлы мемлекет болды. Византиямен дипломатиялық
қатынас орнатады, төңірек-шегіндегі түрік жұртын түгел ұйыстырып, оңтүстікславян тайпаларын бағынышқа келтіреді, Киев Русіне кіріптар салық
жүктейді. Хазар түріктерінің жарым тарихы түстіктен төнген араб
экспансиясына қарсы күреспен өтеді. Ақыры, осы тынымсыз соғыстан
әлсірепті. Солтүстік тараптағы славян жұртымен қатынас та қиындай түскен.
Оның үстіне, тынымсыз дұшпан арабтың ислам дінін құп көрмеген, ол да
жаулас орыстың христиан дінін мойындамаған Хазардың билеуші әулеті IX
ғасырдың бас кезінде ата салты – тәңірі дінін тәрік етіп, аралықтағы иудей
дінін қабылдайды. Сөйтіп, қаған өкіметі мен қайткенде де ата мұрасын,
ежелгі дәстүрін сақтауға ұмтылған қара халық арасына жік түседі; ұлыстың
шын мәнісіндегі өкімі жойыт қауымдастығының қолына көшкеннен соң ел
билеуші әулеттің өзі екіге жарылады. Ақыр түбі ұжымды ұлыс емес, бассыз
тобырға айналған ежелгі жұрт қабаттас екі майдан – бір жақтан Киев Русі,
екінші жақтан Оғұз ұлысымен соғыста қирап жеңіледі. Сөйтіп, Шығыс Еуропа
шегінде үш ғасыр салтанат құрған Хазар қағанаты 965 жылы құлады.
9
Батыс Түрік қағанатының туы жығылап, Қытай боданына түскен соң ел екі
уәлаятқа бөлініп, әрқайсысына қуыршақ хандар қойылған еді. Бұлардың
шектеулі билігінің өзі тұрақты болмайды. Қожайын жұрттың көңіл-күйіне,
күмәні мен сезігіне орай кейбірі өлімге кесіліп, кейбірі алмастырылып
жатады. Бірақ жалпы жұрт өзінің еркіндік заманын ұмытпаған екен. Көп
ұзамай, оншақты жыл орайында азаттық соғысына тәуекел етіпті.
Бұл кезде Шығыс түріктері дағдарыстан айығып, ежелгі елдігін аңсай
бастаған. Ақыры, 679 жылы, жарты ғасыр кіріптарлық кезеңнен соң қытай
билігіне қарсы серпімді күреске шығады. Жеңісті ұрыс, шұғыл жорықтар
нәтижесінде арада екі-үш жыл өтпей Шығыс Түрік қағанаты қайта туыпты.
Түрік халықтарының тарихындағы жаңа бір дәуір, ерлік заманға жол ашқан –
бағзыдағы Естеми әулеті, ұлы тұлғалар мұрагері Елтеріс қаған (679–695) екен.
Елтеріс енді ұйыстырып, еркіндікке жеткізсе, оған жалғас Қапаған қаған (693–
716) Шығыс Түрік қағанатын әуелгі қалпына келтірді. Таң империясының
төңіректі түгел қарсы жапқан сұрқия саясатына, тікелей жаулау жорықтарына
қарамастан, Шығыс ұлыс өзінің ежелгі қоныстарын түгел қайтарып алады,
әлденеше ұрыста қытай жасақтарын да, империя айтағына ерген алысжақын басқа жұрттарды да қиратып жеңіп, қағанатты ежелгі күш-қуатына
жеткізеді. Бұдан соң Батыс тарапқа жорық нәтижесінде Дулат пен Нушиби
аймақтарын, Түргеш жұртын ғұзырына қайырады. Ежелгі Ұлы Түрік қағанаты
қайта орaлғандай көрінеді. Әйткенмен, заман ауыр еді. Бәрі басқаша.
Жеңісті жорықтардың бірінен қайтып келе жатқанда, жазатайым қазаға
ұшыраған Қапағанның орнын басқан Білге қаған дәуірі (716–734) қай
тұрғыдан алғанда да өте күрделі кезең болды. Қытаймен арадағы үздіксоздық, бірақ көшпенділер үшін ешқашан бітіспес зілзала соғыс одан ары
жалғасады. Ең қиыны – Таң дипломатиясының шырмауы және сепараттық
ниеттегі туыстас тайпалардың әрқилы бірлестігімен күрес екен. Шығыс
қағанат екі жақты, үш жақты майданда үнемі жеңіске жетіп отырады.
Әскербасы – қаған інісі Күлтегін еді (675–731 жж. жасаған). Бұл кездегі үшінші
бір ұлы тұлға – данагөй ұлыс бегі Тоңұқұқ (т.646–ө.725 ж. соң) болды.
Білге қаған тұсында ежелгі Ұлы қағанаттың Батыс бөлігімен байланыс та
үзілмейді. Бұл тарапта өзінше дербестенген Түргеш жұртын қайтадан
мәмлеге келтіргеннен соң, озғындап, Орта Азия шегіне енген Күлтегін
жасағының жаңа бір пәрменді, қарсы толқын – араб жаулаушыларымен
беттесіп, тайталас ұрыстан соң кері қайрылғаны бар. Шығыстан Батысқа
жалпағынан жайылып жатқан Ұлы Түрік империясының заманы өткен екен...
Әлбетте, қағанат жұртының араб экспансиясына қарсы күресі одан әрі
жалғасады. Түрік қауымы жаңа жаулаушыларды өзінің байырғы қонысына
өткізбейді, ақырғы нәтижесінде Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен
Жетісу құдіретті халифат құрамынан тысқары қалыпты.
Қайткенде де, байтақ Еуразия тұрыпты, қара жұрт – Шығыс атыраптағы
тарихи ахуалдың өзі қиын-қыстау болатын. Төңірегі түгел дұшпан, үздіксіз
соғыс жағдайындағы елдің дәрмені шыдам шегінде тұрған. Ақыры, түстік
көрші – қуатты ұлысты біржола ыдыратуды түбегейлі мақсат еткен, бұл
жолда барын аямаған Таң империясының дегені болады. Қытаймен жең
ұшынан жалғасқан орда ұлықтарының бірі 734 жылы Білге қағанды улап
өлтіргеннен соң көп ұзамай, қағанат құрамындағы түрік текті үш тайпа –
басмыл, ұйғыр, қарлұқ бірегей одақ құрып, орталық өкіметке қарсы көтеріліс
ашады. Екінші жақтан Таң әскері қаптайды. Жанкешті соғыс өзгеше туған
жұрттың көк ордасын сақтай алмапты. 745 жылы Екінші Шығыс Түрік
қағанаты да біржола құлайды. Қырғыннан аман шыққан жұрты жаңа ұлыс
құрамына енеді. Ал ежелгі тарихта өшпес аты қалыпты. Қадым дәуірдегі
бүткіл түрік жұртының алмағайып тағдыры, елдік санасы мен өзгеше рухани
әлемінің айқын көрінісі – Білге қаған, Күлтегін, Тоңұқұқ ескерткіштерінде
мәңгілік таңбаға түскен.
10
Бұл заманда бұрнағы Батыс қағанат шегінде мұлде басқаша жағдай
қалыптасқан еді. Шығыс қағанат қайта жаңғырған кезде Батыстағы қытай
өктемдігі де жойылады. 699 жылы ежелгі қағанат қайтадан құралады, бірақ
Түрік есімінен емес, жаңғырып өзгерген Түркеш атауымен. Ауызекі
дыбысталуы бойынша қалыпқа енген нұсқасы – Түргеш. Жаңа қағанат
алғашқы қадамынан бастап, бұл кезде қайта көтерілген Шығыс түріктерінен
іргесін бөлек ұстауға, дербес ұлыс құруға ұмтылыпты.
Батыс қағанаттың тікелей мұрагері ретінде көтерілген Түргеш жұртының
негізгі күш-қуаты Орта Азия шегіне ентелеген араб басқыншыларына қарсы
бағытталды. Түргештер Құтейба ибн Муслим бастаған араб әскеріне
әлденеше майданда ауыр соққылар береді, жаулау жорықтарын тежейді,
кейде кері шегіндіреді, алайда түстік атырап, одақтас соғдылардың
табансыздығы себепті ислам экспансиясын біржола тоқтата алмайды.
Сонымен қатар, түргештер екінші майдан – Таң империясына қарсы күресуге
мәжбүр еді. Әйтсе де, ең басты пәле – бүкіл түргеш жұртының «қара» және
«сары» болып жіктелетін екі тобының арасындағы билікке талас екен.
Ақыры, өзара қырқыстан әбден әлсіреген Түргеш қағанатындағы қолайлы
жағдайды қалт жібермеген Таң империясының алғы әскері Жетісудан асып,
Орта Азия шегіне ендей кіреді. 740 жылы Таразды алады, 748 жылы Батыс
түріктерінің ежелгі астанасы, Шу алқабындағы Суяб шаһарын қиратады,
келер жылы Шаш (Ташкент) жұртын қырғынға ұшыратады.
Осы алмағайып кезеңде Алтайдың етегінен түскен тағы бір түрік тайпасы
қарлұқтар түргештің ұйықты мекені Жетісуды баурап, одан әрмен
Сырдарияға қарай жылжыған еді. Шын мәнісінде, Түргеш қағанатының
орнын басқан. Бұл – жаулау емес, кіріптарлық емес, Батыс Түрік жұртындағы
бір әулеттің екінші әулетпен алмасуы ғана болатын. Қарлұқ билігі де әуелгі
Батыс Түрік қағанатының сабақтас жалғасы деп есептелуге тиіс.
Қарлұқтар ендей жылжып келе жатқан арабты хош көрмегенімен, одан да
үлкен қатер – Қытай басқыншылығына қарсы күресу қажетіне ден қояды.
Ақыры, 751 жылы, Талас (Тараз) қаласының түбінде араб пен қытай бетпебет келіп, тепе-тең жағдайдағы ғаламат майдан төрт күннен өтіп, бесінші
күнге озғанда, қарлұқтың темір құрсанған атты әскері қытайдың қалың
қолына ту сыртынан келіп тиген екен. Адамзат тарихындағы ең үлкен,
бетбұрыс ұрыстардың бірі осылай аяқталыпты, Аспанхақ империясы тура бір
мың жылға кейін шегінеді. Бұрынғы Батыс Түрік қағанатының шалғай
шекарасы Жоңғар алабына 1756 жылы әрең жетіпті.
11
Батыс Түрік қағанатының бұрынғы шегінде Қарлұқ қағанатымен қатарлас
тағы екі ұлыс құрылған еді. Ұлы Даладағы бұлғақ кезінде Алтайдан асып,
Жетісуда қайтадан күш тапқан оғұз тайпалары қарлұқтармен күресте батысқа
қарай ойысып, ежелгі қаңғар жұртының бір бөлігі бешенектерді одан әрмен
ығыстырып, мұндағы байырғы түрік руларымен толығып, IX ғасырдың
соңында қазіргі Қазақстан жерінің біршама аймағын бауырына басады. Оғұз
қонысы Қызылқұмнан Мұғажжарға дейін, Ырғыздан Жайыққа дейінгі байтақ
далаға созылған еді. Ал Сыр-дарияның орта және төменгі ағысындағы
шұрайлы өлке ұлыстың ұйықты қонысына айналады. Осы өңірдегі Сығанақ,
Сауран, Фараб, Қарнақ, Жент қалалары оғұздарға қарады. Астана – керуен
жолдарының бойындағы Янгикент (Жанкент) шаһары болды. Ұлыс халқы
көшпенді мал шаруашылығымен қатар, отырықшы, егіншілік кәсіпке де
машыққан жұрт еді. Ұлыс іргелес Мәуреннахр, одан арғы Хорасанмен сауда
қатынасын орнатса, Жетісу, Алтай, Ертіс бойындағы түрік тайпаларымен де
тығыз байланыста болды. Алыстағы Киев Русімен жалғасып, біріккен
жорықтар нәтижесінде 965 жылы Хазар қағанатын құлатады және Еділдегі
Бұлғар жұртын ойсырата шабады. Алайда, көп ұзамай-ақ ұлыстың өз ішінде
бұлғақ басталыпты. Кейінде даңқты Селжүк әулеті орталық жабғу өкіметіне
қарсы көтеріліс ашқан еді. Ақыры, ел тағдырын Қимақ қағанатынан бөлінген
қыпшақтар шешіпті.
Қимақ ұлысы туралы алғашқы жазба деректер VIII ғасырға сәйкеседі.
Болашақ қуатты құрылымға негіз болған имек (йемек, яньмо) – телес
қауымдастығы құрамындағы тайпалардың бірі екен. Батыс қағанат
құлағаннан соңғы жерде дербестеніп, Алтай тауларының солтүстік-батысы,
Ертіс бойына қоныс аударады. Көп ұзамай, бұларға Ұлы Даладан ығысқан
қыпшақтар басқа да туыстас рулардың әрқилы бөлшектері келіп қосылыпты.
Енді іргелі жұртқа айналған жаңа ұлыс Қимақ қағанаты атанады. Түстікшығыста Жоңғар қақпасына дейін жайылып, батыс тарапта Сарыарқаны түгел
алып, Орал тауының етегіне жетеді, түстікте Сырдария алқабына қарай
сұғынады. Өстіп, дәуірлеп тұрған шағында, XI ғасырдың бас кезінде, сыртқы
күштердің қатысынсыз, бейбіт жағдайда ыдырапты. Қимақ қағанатының
құлауына оның құрамындағы көпшілік жұрт, бұл кезде ұлыстың ұйтқысына
айналған қыпшақ тайпасының бөлініп шығуы басты себеп болды. Бұрнада
Түрік қағанатының аясында ұйысқан басқа да туыстас рулардың қосылуы
нәтижесінде өсіп-өніп, үлкен қуатқа жеткен қыпшақтар алдымен Оғұз
ұлысын талқандайды. Босқынға ұшыраған оғұз руларының азғана бір бөлігі
Шығыс Еуропаға өтеді, бұл – Византия тарихында уз (уыз), орыс
жылнамаларында торки (түрік) аталатын жұрт, ал басым көпшілігі Сырдан
асып, Орта Азияға ауады, Түстік Қапқазға жайылады, бұл қатардағы
селжүктер одан әрі шеру түзіп, әуелі Хорасанды шауып, Бағдатты ғұзырына
келтіріп, ақыр түбі Кіші Азияны алғаны (сабақтас тарихы Осман империясына
ұласқаны) белгілі. Енді бірталай жұрт туыстас қыпшақ құрамына енеді.
Бүгінгі қазақ қонысының басым бөлігінде өкім құрған қыпшақтар XI
ғасырдың екінші ширегінде арыдағы Ұлы Түрік, Батыс Түрік қағанаттарының
иелігі, кейінгі Ұлы Бұлғар, Хазар қағанаттарының ордалы ұйығы, енді ілкіде
ғана, үш жақты қарлұқ, қимақ, оғыз шапқынынан ығысқан бешенек-түрік
тайпасы келіп жеткен атажұрт – Қапқаз бен Қара теңіздің терістік алабындағы
ұлан-байтақ даланы, Таң-дария мен Үзе-дария аңғарын баурап, Карпат
тауларының етегі, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі бүкіл Оңтүстік-Шығыс
Еуропаны құтты қонысқа айналдырады.
Мұсылман тарихшылары – құман, орыс жылнамалары – половцы, Батыс
деректері – кун атандырған қыпшақ қауымы Еуропа шегінде бірден-ақ үлкен
күш ретінде көрініпті. Туыстас рулардың еркін конфедерациясы іспетті
Қыпшақ ұлысының тақау көршісі, әрі ең басты қарсыласы – Орыс кнәздіктері
болды. Кейде бітім, кейде соғыс жағдайындағы орыс-қыпшақ қатынасы екі
жақ үшін де тынымсыз, сенімсіз, айрықша ауыр болғанын көреміз. Екі нәсіл
ғана емес, екі түрлі дүниетаным, қарама-қайшы ұғымдар бетпе-бет келген.
Кең дұниеден шыққан, көшпенді бұла өмір, кенен дәстүр қалыптастырған
мәрт мінезді қыпшақ іргелес орыстың әдіс-тәсіл, ақыл-айла санаған аярлық
сырын жүз жыл өткенде әрең ұғыпты. Екі жақты аяусыз шабыс бір жарым
ғасырға созылады. Ақ-адал орыс тарихшылары мойындағандай, көбіне-көп
басымдық қыпшақ жағында болады. Бірақ берік орныққан ата қонысынан
ұзап, мал шаруашылығы үшін қолайсыз солтүстікке қарай жылжымаған.
Сонымен қатар, уақыт оза келе, амалсыз көршілер сауда қатынасы, барыскеліспен қоса, құда-анда, ағайын-жекжат та бола бастайды. Десе де, орыс
жағы ішін бермегенін көреміз. Әскері жауынгер, саны мол, қарымы ұзын
қыпшақ ұлысының құрамындағы туыстас тайпалар өте тату болады,
дұшпанына қанаттаса аттанып, шапқыннан бірлесе қорғанады, әйткенмен,
бір орталыққа бағынған мемлекет құрмайды. Арғы-бергі түрік халықтарының
тарихындағы ең дарқан, ең еркін жұрт екен. Әйткенмен әр ұлыстың шектеулі
күні бар. Батыстағы қапшақ-түрік қауымын үлкен сын күтіп тұрған. Ел
тағдырын мүлде басқа бір арнаға бұратын дауылды толқын Батыстан емес,
Солтүстіктен емес, Шығыстан келеді. Әуелде ойсыраған жеңіліс, содан соң
қайта құрылу, сәулетті, салтанатты ғұмыр. Байтақ өлкедегі қыпшақ тарихы –
мұсылман деректерінде Қыпшақ ұлысы аталатын Алтын Орда тарихына
ұласыпты.
12
Орта Азия шегіне қайтып оралайық.
Түрік қағанаттары құлағаннан соңғы кезеңде біржола күш алған Таң
империясы Жетісудан өтіп, Талас алқабы, Сыр бойына жетті, ақыры, өлкеге
екінші бір тараптан бойлай енген арабтармен беттесті, 751 жылы, Тараз
қаласының түбіндегі жойқын майданда жарты әлемнің мың жылдық
тағдырын қарлұқ-түріктің атты әскері шешіп берді дедік. Енді, Қытайдың беті
қайтқаннан соң араб экспансиясына қарсы күрес одан әрі жалғасады. Елдік
сана, ата-баба дәстүрі бірінші орында тұрған. Әйткенмен, түрік текті жұрт
Алла өкімін Тәңірі дінінің жаңғырған көрінісі деп танығаны аңғарылады.
Нәсілдік астамшылыққа емес, өждан бірлігі арқылы жаппай теңдік дағуасына
негізделген ислам идеологиясы бейбіт түрде ел ішіне ендей бастаған.
Түстіктегі кенттер мұсылман орталығына айналады. Билеуші әулет жаңа дінге
бейіл береді. Ақыры, Қарлұқ әмірін Қарахан әулеті алмастырған кезде ежелгі
жұрттың басым бөлігі мұсылманшылыққа көшкен еді. Көп ұзамай, 955 жылы
ислам – ресми түрде мемлекеттік дін деп жарияланады. Осыдан соң Орта
Азия шегіндегі түрік қауымы үшін ислам – қайрылмас, негізгі дінге
айналыпты. Тек 960 жылы ғана 200 мың шаңырақ мұсылман дінін
қабылдайды.
Шартты түрде 942 жылдан басталатын Қарахан билігі алдыңғы Қарлұқ
заманының жалғасы саналады. Қарахан ұлысының шегі Жетісу мен Таластан
озып, бір жағы Шығыс Түркістан – Қашғарды, екінші тарабы – қос өзен
алқабы Мәуреннахрды қамтиды. Бұл – мұсылман дінді, негізінен түрік
жұртты, аса зор мемлекет болды. Көшпенді дәстүр, мал шаруашылығымен
қатар, қалалы, кентті тіршілік, отырықшы егіншілік үрдісі дамиды. Араб
жазуы қабылданады, ежелгі түрік мәдениеті одан әрі өркендеп, сөз өнері
өзгеше биікке жетеді. Түрік халықтарының рухани тарихында айрықша орын
алатын әлемдік ескерткіштер – Махмұд Қашғари құрастырған «Диуани лұғат
ат-түрік» – «Түрік тілдерінің жинақты сөздігі» (1074) және Жүсіп Баласағұн
жазған «Құтадғу білік» – «Құтты білік» (1069) осы Қарахан дәуірінде дүниеге
келген еді. Қарахан руханиятының кейінгі қазақ мәдениетіне жалғастығын
айғақтайтын және бір өзгеше мұра – Тараз маңындағы далалық өрнекті
Айша-бибі дүрбесі.
13
Ал Шығыс Азияда, Түрік қағанаттарынан соңғы жағдай әлдеқайда күрделі
болып шықты. 745 жылы Шығыс қағанатты құлатқан конфедерация –
басмыл, ұйғыр, қарлұқ – үш тайпа да түрік текті болатын. Кейінгі замандағы
Еуропа тарихшылары жалпы түрік жұртының билеуші тобы ғана алмасты деп
есептейді. Әйткенмен, династия өзгергенде, ел-жұрт та жаңармай,
жаңғырмай тұрмайды.
Әуелгі өкім – басмыл тайпасына тиеді. Алайда, күтпеген, шұғыл соғыс ашқан
ұйғырлар, өздері құрамына еніп отырған тоғыз-оғұз бірлестігінің күшімен
басмыл жұртын (кейбір тарихшылар бұл басмыл – арғын тайпасының
алғашқы атауы деп санайды) қырғынға ұшыратыпты. Ізінше қарлұқты да
ығыстырып шығарады. Сөйтіп, ұйғырлар бастаған телес рулары Ұлы Далада
жеке-дара билікке жетеді. Ұйғыр Яғлакар әулеті қағандық мәртебе алады.
Елу жылдан соң өкім әдіз (эдиз) руына көшеді, бірақ ұлыс бұрынғы кейпінен
өзгермейді. Қағанат жиыны бір ғасырға жуық ғұмыр кешті.
Ұйғыр қағанатын бұрынғы-соңғы батыс ғылымы аса жоғары бағалайды.
Гүлденген, мәдениетке жеткен дәуір ретінде сыпатталады. Ұлыстың екі
кезеңін теңестіріп, бірыңғай Ұйғыр есімін бекіткен де осы Батыс ғылымы.
Еуропа білгірлерінің ұйғыр әулетін Жоғарғы Азиядағы ең мәдениетті, ең үздік
қауым деп пір тұтатыны соншалық, арғы тарихтағы теле бірлестігін, оған
жалғас тоғыз-оғұз одағын тұтасымен ұйғыр атандырған; анығында ұйғыр –
теле тайпалар ұжымындағы жиырма рудың біреуі ғана және ең атақтысы
емес, сондай-ақ, оғұз одағында да, жетекші болғанымен, тоғыздың бірі
(Орхұн мұралары ұйғыр тайпасы мен қалған тоғыз-оғұз жұртының ара жігін
бөліп айтады), онда да билікті ақырына дейін ұстап тұра алмаған. Шын
мәнісінде, Ұйғыр-Әдіз қағанаты түрік халықтарының ежелгі тарихындағы кері
кеткен, болашақ кералаң, бұлдыр заманға жол ашқан ғапыл кезең болды.
Қағанаттың біршама ұзақ жасауы – алғы ғасырларда қалыптасқан әскери
құрылым, жалпы жұрттың жауынгерлік қабілетінің арқасы болатын.
Жаңа қағанат алғашқы қадамынан бастап-ақ ішкі саясатта да, сыртқы
саясатта да ақырында түпке жеткен үлкен қателіктерге ұрынады. Түрік
жұртының уақытша мәмлеге келсе де ешқашан бітіспес ежелгі дұшпаны –
қытай еді. Аспанхақ империясының, өздері ху – жабайы, дүңгене атаған
солтүстік көршілерге қатысты мың жылдық саясаты ешқашан өзгерген емес –
тапау, қырып-жою, біржола құрту. Ал көшпенділердің тіршілік кешуі –
олардың ұлыстық ұжымы, әскери қуатымен қатар, тұрғылас Қытайдың күшқұдіретіне тікелей байланысты болатын. Яғни, қытай жұрты біртұтас империя
құрып отырса, күрес ауыр, алмағайып, керісінше, жеке патшалықтарға
бөлініп, бытырап жатса, дүниенің де кең болғаны. Бұрнада Батыс Түрік
қағанатын қиратқан Қытайдың алғы, екпінді жасағы болған, енді Шығыс
Түрік қағанатын тағы да сол Таң империясының көмегімен құлатқан Үйғыр
әулеті жат жұртпен мәңгі дос болып қаламыз деп шешсе керек. Арада бес-он
жыл өтпей-ақ империя шытынай сөгіліп, өзара қырқыс басталғанда қалың
әскермен орталық өкіметке жәрдемге ұмтылады. Әбден күшейіп, жарым
жұртты бөліп алған бүлікшілерді қырып-жойып, ел ішіндегі бұлғақ атаулыны
басып, Қытайды біртұтас мемлекет ретінде қалпына келтіреді. Кейінгі Батыс
тарихшылары Ұйғыр қағанаты Таң империясын біржола құрып кетуден
сақтап қалды деп атап көрсеткен. Әлбетте, құтқарушылар «Көк перзенті»
хуандиден алғыс алады, марапатқа жетеді, олжа мен сый-сияпатқа
белшесінен кенеледі, бірақ дәл осы әрекетімен өз жұртына аумақты, терең
көр қазып, ал қалған бүкіл түрік қауымына үш жарым ғасырлық азапты күрес
тағдырын әзірлеп қайтқан еді.
Ұлыстық, ішкі саясаттағы ең үлкен қателік – ұйғыр әулеті, өздері де түрік текті
бола тұра, ежелгі түрік мәдениетін тәрік етеді. Түрік қағанаты тұсындағы
әйгілі ескерткіштер қиратылады, ежелгі мұра теріске шығарылады; ең
кереметі – Ордостан Енисейге дейін, Хиңганнан Карпатқа дейінгі бүкіл
Еуразия кеңістігінде таралып, ата-жұртта жаппай үйреншікті болған, түрік
халықтарының ана тілінің заңдылықтарына негізделген, өз заманы үшін ғана
емес, жалпы адамзаттық тұрғыдағы үздік үлгілі түрік-орхұн жазуы шетке
шығарылып, соғды-иран негізді, кейін ұйғыр есімімен аталған жаңа жазу
қалыптанады һәм міндетті қолданысқа енгізіледі. Нәтижесінде, түрік жұрты
өзінің ежелгі мұраларынан ажырап, тарихи жады орны толмас зардапқа
ұшырайды, уақыт оза келе ежелгі жазу көмескіленген соң, жалпы жұрт
жаппай сауатсыздық түнегіне батады.
Ұйғырдың түбіне жеткен, туыстас тоғыз-оғыз тайпаларын ауыр шығынға
ұшыратқан ең үлкен жаңалық шара – билеуші әулеттің манихей дінін
қабылдауы болды. Парсы жерінде зәрдөш пен будда һәм христиан
діндерінің ежелгі Бабилон-халдей нанымдарымен түрлене жаңарған аралас
қоспасы ретінде қалыптасқан, кезінде Кейінгі Рим мен Византия, Персия
және бүкіл мұсылман әлемінде қатал қудаланып, енді іргелес Қытайдың
өзінде тиым салынған бұл атеистік-мистикалық жартыкеш діннің барлық
қағидалары жарық әлем, адами табиғат заңына, ұрпақ жалғастығына қайшы
келетін, оның ішінде көшпенді, еркін жұрттың тыныс-тіршілігіне тіпті керағар.
Басқасын айтпағанда, қажетті шектеу, міндетті ғибадат күндерінде ет жемеу
керек, сүт ішпеу керек, тек жер өнімдері ғана тіршілік арқауы болуға тиіс.
Әрине, бар өмірі мал шаруашылығы, мал сүмесімен байланысты жалпы жұрт
қабылдай алмайды, мойындау да, көндігу де мүмкін емес. Әйткенмен,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 04
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480