Latin

Шыңғысхан - 09

Total number of words is 3747
Total number of unique words is 1993
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
саралайды. Өтеміш қажы, әлбетте, заманында танымал, арғы-бергі жазба
еңбектермен де жақсы таныс, әйтсе де, алдына қойған шектеулі, нақты
мақсат орайымен, өз кітабын бастан-аяқ халық жадындағы ескілікті
әңгімелер – ауызша тауарих негізінде құрастырады. Сондықтан да «Шыңғыснамада» дәстүрлі, белгілі еңбектерде ұшыраса қоймайтын көптеген соны
деректер бар. Көлемі шағын болғанымен, мазмұны қорабалы, XIII–XV
ғасырлар шегін қамтиды. Хикаят Шыңғыс ханнан басталады да, негізінен
оның ұрпақтары және тиесілі ұлыстар, соның ішінде Алтын Орда турасында
баяндайды. Жошы, Бату, Шибан, Берке, Өзбек, Жәнібек хандарға арнайы
тоқталады. Бізге мағлұм нұсқа Тоқтамыс ханның астана Сарайда таққа
отыруымен шектеліпті.
Орыс ғылымына XIX ғасырдың бас кезінен-ақ белгілі болған «Шыңғыс-нама»
кітабының Ташкентте сақталған түпнұсқа мәтінін, орысша аударма,
түсініктеме, байыпты зерттеуімен қоса ғылыми айналымға енгізген –
қазақстандық тарихшы В.Юдин. Еңбектің екінші бір, толығырақ нұсқасын
башқұрт ғалымы, кейінде Түркияға өтіп, үлкен атаққа жеткен Зәки Уәлиди
Тоған 1913 жылы Орынбордан тапқан екен, бүгінде ғалымның Стамбұлдағы
архивінде; түрік оқымыстылары тарабынан зерттеу нысанасы болған, бірақ
негізгі мәтін әзірше баспа бетінде шықпаса керек.
Қадырғали Жалайыр. «Жамиғ ат-тауарих». – «Жинақты тарих». Кітап атауы
шартты, кейінгі зерттеушілер қойған. Ресейдегі татар текті алғашқы түрколог
Ибраһим Хальфин 1819 жылы өзінің жеке қорынан алып, Қазан
университетінің кітапханасына тапсырған қолжазба нұсқаның бастапқы беті
жоқ екен. Атаусыз еңбекті белгілі орыс ғалымы И.Березин 1854 жылы,
сабақтас «Библиотека восточных историков» басылымдарының кезекті
кітабы ретінде жарыққа шығарады. И.Березиннің байыбынша, еңбектің
негізгі бөлігі Рәшид-әд-Дин тарихын қайталағандықтан, тиісінше, «Жамиғ аттауарих» деген, тым сәтсіз тақырып қойылады. Аталмыш басылымды арнайы
зерттеп, ғылыми түсініктер жазған Шоқан Уәлиханов бұл еңбек қазақ
жұртына тиесілі деп көрсеткен. XX ғасырдың бас кезінде татар оқымыстысы
Ғали Рахим Қазандағы Шығыс кітапханасынан Қадырғали еңбегінің
толығырақ, жаңа бір нұсқасын ұшыратады, бұдан соңғы кезеңде тағы бір үзік
көшірме табылыпты. Ғасырдың екінші жарымында жаңа басылымдар жүзеге
асады, нақты зерттеулер жүргізіледі, бірақ әуелгі, шартты атау өзгермепті.
Қазақ ғылымының «Жинақты тарих», немесе «Тарихи шежіре» кітабын
қайыра тануы – Шоқаннан соң жүз жыл өткенде, 1960 жылдардан ғана
басталыпты. Тілдік тұрғыдан алғаш зерттеуші – Т.Қордабаев болды (1965).
Ғасыр соңына таман түпнұсқа мәтіннің транскрипциясы жарияланды,
шалағай аударма шықты, азды-көпті тағы бір зерттеулер жасалды. Қайткенде
де толық танылды, шынайы бағасын алды деп айту қиын.
Кітап авторы – қазақ құрамындағы жалайыр тайпасынан шыққан Қадырғали
бек. Қисынына қарағанда, өткендегі Шығай ханның немересі, тұсындағы
Тәуекел ханның ағадан туған інісі Ораз-Мұхамед сұлтан 1588 жылы Тобольск
қамалында, алдамшы аярлық нәтижесінде орыс тұтқынына түскен кезде,
Сібір шегінде жүрген Қадырғали бек те ұсталған. Қадырғалидың өзі: «ОразМұхамед хан хазіретлерінің ата-аналарына қызмет қылып келдім», – дейтіні
бар. Яғни, 1572 жылы туған сұлтаннан көп үлкен, сірә, хан немересінің
тәлімгер аталығы болған. Құрметті тұтқын ретінде Ақ патшаның дәргейіне
жіберілген Ораз-Мұхамедпен бір мезгілде болмаса да, көп ұзамай-ақ ол да
Ресей шегіне айдалған. Патша сарайында үлкен құрметке жеткен, орыс
воеводасы ретінде әскер бастаған Ораз-Мұхамед 1600 жылы Ресей құрамы,
Рязань аймағындағы автономиялық Қасым жұртына хан болып сайланғанда,
Қадырғали ел билеуші төрт қарашы бектің бірі ретінде тағы да ОразМұхамедтің қасынан табылады. Бізге жеткен тарих кітабы 1602 жылы
жазылыпты. Ораз-Мұхамедтің хан сайланған биік мәртебесіне алғыс,
ризашылық ретінде Русия патшасы Борис Годуновтың ғұзырына арнайды
және негізгі бір данасын патша сарайына тарту етеді. Өз тұсындағы орыс
тарихында елеулі із қалдырған Ораз-Мұхамед Смута – Бұлғақ соңында, 1610
жылы қапия қазаға ұшыраған кезде Қадырғали тіршілікте болмаса керек.
Аталмыш кітапты алғаш жариялап, әуелгі түйінді тарқатқан И.Березин
Қадырғали бек Бұлғақтан бұрын, яғни 1605 жылға дейін дүние салған деп
шамалайды, әйтпесе, кітабының соңында осындай алапат оқиға турасында
қосымша мағлұматтар берер еді дейді. Қайткенде де біршама жасап, күні
еңкейген уақытында кеткені аңдалады.
Ғұлама тарихшы сөз орайында өзінің ата-бабалары туралы нақты дерек
келтіреді. Шыңғыс ханның заманында Сартақ-ноян болды дейді. Оның ұлы
Жалайыр Сыба, оның нәсілі Жалайыр Тебре бек, оның нәсілі Шейх-Софы бек,
оның нәсілі Айтөле бек, бұл Айтөле Орыс ханның тұсында бас қолбасы һәм
ұлұғ әмір болыпты; Айтөле бектен Қамбар мырза, одан Құбай, одан Қараш
бек пен Адам-Шейх мырза, Адам-Шейх мырзадан Еренші-бахадұр, одан
Темежек-бахадұр, одан Қосым бек – Қадырғалидың туған әкесі. Шыңғыс хан
заманына дейін он ата болып шығады. Қадырғали бар бабасын
түгендемеген, атақтыларын ғана айтқан сияқты көрінеді. Шындығында,
Сартақ-ноян – Шыңғыс ханнан көп кейін жасаған адам, өмірде болуы анық
және ірілігі де күмәнсіз: Рәшид-әд-Диннің «Жинақты тарихында» әлденеше
мәрте аталады, Шыңғыс ханның шөбересі, Иран елханы Арғұнның (1284–
1291) бала кезінде Хорасан мен Мазандеранды билеген ұлұғ әмір, бұл кезде,
әрине, кемел жастағы тұлға. Рәшид-әд-Дин Сартақтың бір баласының ғана
атын атайды – Қачар, ол да өз заманының белгілі адамы болса керек.
Жаңағы Сыбамен ағайынды, бәлкім, ұмыт қалған бір бунақ. Керісінше,
Сартақ-ноянның үлкен әкесінің аты мағлұм – Саба. Сыба емес, ел шежіресіне
жетік Қадырғали өзінің айналдырған он атасының орнын шатыстырмаса
керек. Бұл Саба шынында да Шыңғыс ханның тұстасы, жай ғана тұстас емес,
айрықша жауапты істерге жұмсайтын ең сенімді нөкерлерінің бірі.
Қадырғали бектің он екінші атасы болып шығады. Әулет шежіресін түйіндеп
айтсақ, асыл тегі тура он үшінші бунақта Шыңғыс ханға барып тірелетін ОразМұхамед сұлтанның тәрбиеші аталығы, кейінгі кеңесші тірегі Қадырғали
шынында да арғы бабаларынан бастап, Шыңғыс–Саба нәсілі, қият–жалайыр
болып, бірге жасап келеді екен.
Өз заманындағы ғұлама оқымысты, туған, өскен ортасының рухани қазынасы
мен мәдениетін бойына сіңіріп, сөз өнерін, жазба және ауызекі тарихы мен
шежіресін танып өскен Қадырғали кітаби-түрки шағатай тіліне қоса, дәстүр
бойынша ғылым мен әдебиет лұғаты саналатын парсы тілін аса жетік және,
сыңайына қарағанда, дін мен Құран тілі арабты да өте жақсы білгені көрінеді.
Сонымен қатар, қыпшақ негізді ана тілінің де бар байлығын игеріпті. Атаулы
кітабының бастапқы, жалпылама бөлігі шағатай тілінде жазылған, қалыпты
өлшеммен салыстырғанда, парсы, ғараб сөздері көбірек, кейде тіпті тұтас
тіркестер ұшырасады. Ал екінші жарымы – далалық түрки, сірә, өз тұсындағы
қазақ тіліне тым жақын, бүгінгі қазаққа да жат емес; сөз саптау үлгісі баз бір
тұста сақара билерінің шешендік үлгісіндегі толғамдар орайлас, бейнелі,
бедерлі; қалыптасқан тіл мәдениеті, орнықты жазба дәстүр таңбасы айқын
аңдалады.
Қадырғали тарихы жалпы көлемі тепе-тең болмағанымен, негізгі екі бөліктен
тұратынын көреміз. Еңбектің бастапқы, соқталы тараулары – тікелей Шыңғыс
хан есіміне, оның тақау ұрпақтары мен белгілі ұлыстар тарихына
байланысты. Өзіне дейінгі Рәшид-әд-Дин шежіресінің негізінде, орта
ғасырлардағы қалыпты тарихи әдебиет дәстүрінде жазылған. Кітаптың
жаңалықты деректерге толы екінші бөлігінде Шығыс Дәшті-Қыпшақтың
тарихы, атап айтқанда, Алтын Орда мемлекетінің соңғы кезеңі – Орыс,
Тоқтамыс, Барақ хандар, Едіге би турасында айтылады. Ноғай Ордасы,
Әбілхайыр хандығына қатысты біршама мағлұмат бар. Қазақ хандарының
әулет шежіресі негізделеді. Кітаптың жазылуына себеп болған түйінді
оқиғалар баяны «Дастан Ораз-Мұхамед хан» деп белгіленген. Атынан көрініп
тұрғандай, бұл ретте Қадырғали өзінің қамқор әміршісі, айрықша туған,
ерекше тағдырлы Ораз-Мұхамедтің бергі аталарынан бастап, оның ХанКерменге хан сайлануы, осы орайдағы оқиғалар және атаулы ұлыс турасында
мол мағлұмат берген.
Тұтастай алғанда, Қадырғали Жалайыр кейінгі қазақ тарихын Ежелгі Дала
тарихының жалғасы, ал Қазақ Ордасын Шыңғыс хан құрған Еке Ұлыс, одан
соңғы Алтан Орда мемлекеттерінің тікелей мұрагері деп білгенін көреміз.
Бұдан төрт ғасыр бұрын жазылған бірегей еңбектің біздің тақырыпқа тікелей
қатысты ең үлкен ұлағаты да осында.
«Шара туджи» – «Сары тауарих». XVII ғасырдың орта шенінде жазылған.
Авторы белгісіз саналады.
XIII ғасырдың соңынан XVII ғасырдың орта шеніне дейінгі төрт ғасырға жуық
ұзақ заман моңғол тарихында «қараңғы дәуір» аталады. Әлденендей жазба,
әдеби, тарихи мұра белгісіз, қилы кезеңде жойылып кетті, сақталмады
деседі, бәлкім, мүлде болмады; анығы – тұрмыс төмен, сауаттылық жоққа
тән, мәдени, рухани өмір өте жұтаң болуы ғана. XVI–XVII ғасырлар шегінде
моңғол текті жұрт арасындағы өзара атыс-шабыс тоқталып, ел іші біршама
тыншығады, буддизм кеңінен тарап, берік орныға бастайды, нәтижесінде
бұған дейін бірлі-жарым кісі ғана білген ежелгі ұйғыр-түрік бітігі қайта
жанданып, діни орталықтарда жаппай қолданысқа енеді, Тибетте арнайы
білім алған сопы-ламалар буддашыл әдебиеттің таңдама үлгілерін моңғол
тіліне көшіруді міндетті дәстүрге айналдырады, діни таныммен жалғаса,
тарихи әдебиет те қалыптаса бастайды. Мұның айқын бір көрінісі –
бағзыдағы «Қастерлі шежірені» қайтадан қалыптаған «Алтын топшы» болса,
ілгерінді-кейінді жекелеген жаңа тарихи шығармалар да дүниеге келеді.
Зерттеушілер бұл ретте тағы да сол ескінің жаңғырығы, анонимді «Алтын
топшы» мен «Цаған тухэ» («Ақ тауарих»), арыдан тартып, өз заманын қоса
қамтитын «Эрденийн тобчи» («Асыл шежіре»), «Эрденийн эрихэ» («Асыл
тәспиқ»), «Асарагчи нэртийн түүх» («Асарагчи жазған тауарих») сияқты
кітаптарды атап көрсетеді. Ауызекі шежіре орайындағы дәстүрлі
жалғастықпен қатар, бұл еңбектерден Шыңғыс ханға қатысты кейінгі қытай
деректерінің ықпалы да аңдалады, ал рухани бағыт-бағдар будда-ламаизм
арнасына қарай ойысқанын көреміз. Әйткенмен де, өзіндік, ұлттық сынсыпат басым.
«Шара туджи» – осы қатардағы бірегей һәм елеулі жәдігер болып есептеледі.
Алғашқы бір қолжазба нұсқасын В.Радлов 1891 жылы Халхадан ұшыратқан.
Бұдан соңғы кезеңде моңғолтанушы А.Позднеев сол тараптан және екі
көшірмесін табады. Түп негізі ортақ бұл үш нұсқа да Ресейге келіп түскен,
бүгінде әуелгі екеуі Санкт-Петербург, бұрынғы ССРО, қазіргі Россия Ғылым
академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорында, ал үшіншісі С.Петербург университеті Шығыстану факультетінің кітапханасында тұр. Орыс
тіліне аударылып (1957, Н.Шастина), ғылыми айналымға түскен. Радлов
нұсқасының сыртқы бетінде қолжазба иесінің аты таңбаланған екен: Тоба–
тайжы. Бұл кісі біртұтас Моңғол ұлысының ең соңғы ханы Даянның бесінші
ұрпағы екен. Яғни, Шыңғыс хан – Төле – Құбылай әулеті. Өз тұсындағы ХалхаМоңғол ахуалымен қатар, өткендегі тарихи шежірелерді де жақсы білгені
күмәнсіз. Бізге жеткен атаулы қолжазбаның иесі ғана емес, еңбектің өзінің де
негізгі авторы болуға мүмкін деген тұспал айтылады. («Шара туджидің»
кейінірек табылған, «Шыңғыс қағанның тарихы» деп аталатын төртінші бір
көшірме нұсқасы Улан-батордағы Мемлекеттік кітапхана қорында сақталып
тұрған көрінеді.)
«Сары тауарих» будда дінінің әлемнің пайда болуы турасындағы түсініктерін
баяндаудан басталады. Дүниемен жалғас жаралған Үнді, Тибет
патшаларының шежіресін тарқата келе, оларға Шыңғыс ханның арғы бір
атасы Бөрте-Шенені тіркестіріпті. Бұдан ары тауарих «Қастерлі шежіре»
ізімен жүреді. Бірақ ата-баба бунақтарын түгендемей, «Көктің ұлы
Боданшарға» аттап түседі. Одан тікелей Шыңғыс ханға. Енді Шыңғыс хан
өмірінің белгілі белестерін санамалап, жекелеген оқиғаларға ғана тоқталады.
Бастапқы шежіре-тауарихты қысқаша мазмұндағанымен, айырым сыпаттары
да байқалып тұр. Мәселен, Шыңғыс ханның соңғы, Таңғұт жорығы және өлімі
турасында баяндағанда, деректі-дерексіз аңыз, ертегіге ойысып кететіні бар.
«Сары тауарихтың» ғылым үшін ең құнды бөлігі – Шыңғыс ханнан соңғы
заманға қатысты. Атап айтқанда, XV ғасырдағы ойрат пен моңғолдың ара
қатынасы, XVI–XVII ғасырлардағы Халханың жайы. Шыңғыс хан
империясының ұйтқы-ошағы болған Ұлы Даланың азып-тозған, божыраған
қалпын танып білеміз. Ақыры, көп ұзамай-ақ, ілкідегі İшкі Моңғолияның
кебін киген Сыртқы Моңғолия да тұтасымен Цин империясының боданына
түскені белгілі. Біздің тақырыбымызға тікелей тірелмесе де, арыда зор
болған, кейінде қор болған киіз туырлықты көшпенді жұртымыздың әр
тараптағы тағдыр-талайын байыптауға септесер көрнекі дәріс.
Әбілғазы бахадұр-хан. «Шежіре-и түрік» – «Түрік шежіресі». Еңбектің
тағдыры талайлы болды, авторы турасында де жеткілікті мағлұмат қалған.
Шежіре аталған көлемді тарихи шығарма 1663–1664 жылдарда жазылады.
Көшірме кітап түрінде Орта Азия, Қазақстан және онымен шектес түрік
халықтарының арасына кеңінен тарапты. Сондай нұсқалардың бірі Солтүстік
соғыс кезінде тұтқынға алынып, орыс қызметіне жегілген швед офицері
Страленбергтің қолына түседі. 1720 жылы, Батыс Сібірдегі Тобольск
қаласында. Азия тарабын тануда басқа да істерімен мағлұм Страленберг
(1676–1747) соны деректі, беймәлім еңбектің мән-маңызын бірден аңдап,
тезінен орыс тіліне аудартып алады, бұдан соң өзімен тағдырлас Шенстрем
деген шведке орыстан неміс тіліне тәржіма жасатады. Ізінше «Шежіре» осы
неміс тілді нұсқадан француз тіліне аударылады және кітап ретінде әуелгі
немісшеден бұрын, 1726 жылы Лейденде жарияға шығады. Француз
нұсқасынан қайта қотарылып, 1770 жылы орыс тілінде басылады. Ал әуелгі,
неміс тілді қалыбы содан соң, 1780 жылы ғана жарыққа жетіпті. Кейінгі
зерттеушілер бұл алғашқы аудармалардан қаншама кемшілік тапқанымен,
Әбілғазы-бахадұр-хан XVIII ғасырдың өзінде арғы-бергі мұсылман
тарихшыларының алдыңғы қатарында Еуропа ғылымына біршама
танылғанын көреміз.
Бұдан соңғы кезеңде «Шежіре-и түрік» басқа бір көшірмелер негізінде,
түпнұсқада 1825 жылы Қазанда (И.Хальфин, Х.Френ), 1871 жылы СанктПетербургта (П.Демезон) жарыққа шығады, 1854 жылы Г.Саблуков
аудармасында, И.Березин ұйымдастырған «Бибилиотека восточных
историков» – «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» сериясының III томы
ретінде орысша жарияланады (қайыра басылымы – 1906 ж.).
«Шежіренің» ең әуелгі, мағлұм нұсқасы Тобылдан ұшырасса, бұдан соңғы
кезеңде Орынбордан, Уфадан жаңа көшірмелер табылады және тиесілі
ғылыми орталықтарға түседі. Бүгінде ғылымға «Шежіре-и түріктің», сақталып
тұрған орындарына қарай атыққан, Петербург, Москва, Берлин, Геттинген,
Париж, Ташкент түпнұсқа-көшірмелері белгілі. Бізге мағлұм кеңістікте түрік,
орыс, татар, қазақ, өзбек ғалымдары тарабынан жаңа зерттеулер жасалған.
Әбілғазы бахадұр-хан артына соқталы еңбек қалдырған әйгілі тарихшы ғана
емес, өзгеше тағдырлы, ғажайып тұлға. Шыңғыс ханның тікелей он бесінші
ұрпағы, үлкен ұл Жошыдан тарайтын Шибан әулетінен (Демезон
басылымында Шибан түсіп қалған, Жошы мен оның немересі Жошы-бұқа
бір-ақ кісі ретінде беріледі, толығы: Шыңғыс хан – Жошы – Шибан – Жошыбұқа – Бадақұл...) Әкесі Араб-Мұхамед Хиуаның ханы болған. 1603 жылы
тамыз айында, сол тұста ел астанасы болып тұрған Үргеніш шаһарында
туады. Ержеткен шағында ағаларының арасында және әкеге қарсы тақ
таласынан шыққан бұлғақ нәтижесінде жұрты бұзылып, қуғынға ұшыраған
Әбілғазы жан сауғалап қазаққа – Түркстандағы Есім ханның дәргейіне келеді,
одан соң екі жылдай Ташкентте, ол да қазақ Тұрсын ханның панасында
болады. Қазақ ордасындағы 1627 жылғы Азамат соғысы және Тұрсын ханның
қазасынан соң Бұхар ханы Имамқұлының қолына көшіп, көп ұзамай Хиуа
түркмендеріне кетеді, одан әрі Әмудің етегі, Арал бойындағы көшпенді
өзбектерге арқа сүйейді. Туған ағасы, тақ иесі Аспандияр ханмен бітісіп, одан
көп ұзамай қайтадан араздасып, Ғирақ-Ғажамға (Парсы-Ғирақ) жер
аударылады. Он жылдан астам жат елде байлаусыз тұтқында жүріп, ақыры
қасындағы үш нөкерімен бірге Исфаханнан қашып шығады, Түркмен
жұртына жетеді, Одан Маңғышлаққа өтеді. Бұл заманда осы аймақты
бағынышқа келтіріп отырған торғауыт қалмақ Хо-Өрлік тайшының ордасында
құрметті мейман болып, бір жылдан соң көшпенді өзбектердің қалауымен
туған жеріне қайта оралыпты; арада жарым жыл өткенде, ағасы Аспандияр
хан өлгеннен соң, ақ киізге көтеріледі. 1644 жылдан – өмірінің түйінді тұсы –
1663 жылға дейін, жиырма жыл өкім құрған. Хандық заманында да Бұхарға
қарсы, түрікпенге, қалмаққа қарсы үлкенді-кішілі ұрыс-соғыстар
тыйылмайды. Нәтижесінде Хиуа ұлысының іргесі бекіп, күш-қуаты арта
түсіпті. Әбілғазының әскери білігі мен ұтырлы саясатының нәтижесінде.
Ақыры, алпысқа келіп, пайғамбар жасына аттағанда тыныштық тілеп, тәуба
жасап, патшалық билігін ұлдарына тапсырады. Көп ұзамай, 1664 жылы
сәуірде дүниеден көшіпті.
Өз заманының ғұламасы, өрісі кең Әбілғазы қуғын-сүргін, мазасыз тіршіліктен
соң, хандыққа біржола жайланған кезінде әуелі «Түркмен шежіресі» –
«Шежіре-и таракима» атты кітап жазады, «Шежіре-и түрікке» ғұмырының
соңғы кезеңінде ғана бейіл беріпті. Негізгі бөлімдерін тиянақтап біткенімен,
біржола тәмамдап үлгермейді. Өзінің айтуынша, сырқат жеңе бастаған кезде
межелі көлемнің жартысына ғана жетіпті. Кітапты толығымен аяқтауды көзі
тірісінде өз орнына таққа отырғызған ұлы Ануш-Мұхамедке тапсырады.
Алайда, кейіннен қосылған мәтін небәрі оншақты бет, нақтылап көрсетілген
және орайына қарай, бұрынғыша Әбілғазы атынан, бірінші жақтан емес,
сыртқы куә – үшінші жақтан баяндалады.
Араб, парсы, қалмақ, шағатай тілдерін жетік білген, өзіне дейінгі тарихи
әдебиетті зерделей таныған Әбілғазы атаулы кітабының тілі таза түрки
екендігін, парсы, араб лұғатынан ешбір сөз қоспай, тіпті, түрки-шағатай
тілінен де аулақтанып, «бес жасар балаға дейін, баршаға түсінікті» етіп
жазғанын арнайы ескертеді. Бұл жерде сөз – орта ғасырлар әдебиетінде
дәстүрге енген тіл шұбарлығы турасында. Десе де, Әбілғазы айтып отырған
«таза түрки» – қай тіл? Зерттеушілер Әбілғазы тілін бұрынғы шағатайдан
алыс, кейінгі өзбектен басқа, қыпшақ негізді сөйлеу тіліне жатқызады, яғни
қазақ, ноғай, сібір-татар, қарақалпақ кейіпті, кітаби дәстүрден тыс, нағыз
халықтық тіл. Мәнісі, сыры неде десеңіз, сол замандағы тарихқа бажайлап
үңілу керек болады.
Жүз руынан шыққан, XVIII–XIX ғасырлар шегінде жасаған белгілі Хиуа
тарихшысы Мүнис шағатай тілінде жазылған «Фирдаус әл-иқбал» –
«Ұжмақтың бақыт бағы» кітабында қалыпты рәсім бойынша, Адам-Атадан
бастап, Орта Азия–Хорезм тарихын баяндай келе, Әбілғазы бахадұр-ханға
арнайы тоқталады. Хиуа ханының өмір жолы мен күресін байыптай отыра,
оның ғұзырындағы негізгі жұрт туралы дерек келтіріпті. Хан өзбектерді (яғни
көшпенді өзбектерді) төрт төбеге (топқа) бөлді дейді. «Бірінші төбе – найман
мен ұйғыр; екінші төбе – қоңырат пен қият; үшінші төбе – нүкүз бен маңғыт;
төртінші төбе – қаңлы мен қыпшақ». Жалпы саны шектеулі дүрмен, жүз, мың,
жалайыр, қожа, кенегес және басқа да ұсақ рулар қисынына қарай осы үлкен
топтардың ішіне енгенін атап айтады. Яғни, Хиуа хандығының Әбілғазы жиын
ортасынан шыққан және барлық уақытта арқа сүйеген негізгі халқы – күні
кеше ғана Қазақ даласынан ауып, Шәйбани ханмен бірге Орта Азияны
жаулаған және одан бұрында, Шағатай ұлысы кезінде келіп орныққан, түп
төркінін айтсақ, түгелге жуық Шыңғыс хан заманында Татар Даласында
жасаған байырғы түрік руларының әулеті екендігін көреміз. Сондықтан да
Әбілғазының «таза түрік тілі» – ортағасырлық түрки – бүгінгі қазақ тіліне тым
жақын болып шыққан.
Орайы келген соң, көрнекі мысал ретінде Әбілғазы «Шежіресінің» қазақ
тарихына тікелей қатысты шағын бір үзіндісін пысықтай кетейік. Әлбетте,
көне араб жазуында бас әріп, кіші әріп болмайды, үтір, нүкте атымен жоқ.
Бірақ тарихи таным-дерек өз алдына, сөйлем құрылымы, сөз ыңғайы деген
бар, тіл табиғаты, баяндау дәстүрі өз алдына. Ескертіп отырғанымыз, біз
келтірмек үзікте шалағай қазақ зерттеушілері тұрыпты, орыс тілді, білгір
мамандардың өзі жаңсақ түсінген жері бар. Сонымен, Әбілғазы бахадұр-хан
айтады:
«... Мен қазақға кетдім. Түркстанда Ешім хан қатында үч ай тұрдұм. Ол
уақытда қазақның ханы Тұрсұн хан ерді Ташкендде. Ол Түркстанға келді.
Ешім хан көре барды. Мені ешікде қойды. Өзі барыб, Тұрсұн ханға көрініш
қылыб қайтыб келіб, менің қолымдын тұтұб әкетіб барыб көрініш қылдұрұб
айтды: «Бұ Йадкар хан ұғлы Абулғазы тұрұр. Һеч қачан бізке келіб бұ
жамағатдын кіші қонақ болғаны йоқ ерді, бізден барған көп тұрұр. Бұ сізнің
хызметіңізде болғаны йахшы”, – теді. Тұрсұн хан: “Йахшы айтасын, андақ
болсұн”, – теб, мені өзі бірлән бірке Ташкенд алыб кетді. Ташкендде Тұрсұн
хан қатында екі йыл тұрдұм. Екі йылдан соң Ешім хан Тұрсұн ханны өлтүрді,
қатағанны қырды. Ешім ханға айтдым: “Сіз екі хандын файда тікей мекен теб
келіб ердім, сізнің ішіңіз мұндақ болды. Емді рұхсат болса, Имамқұлы хан
қатыға кетейін”, – тедім. “Йахшы айтасын, андақ қыл”, – теді. Келіб
Имамқұлы ханны көрдім...”
Байыптап қарасақ, бұдан үш жүз жыл бұрынғы көне заман, ХҮІІ ғасырға тән
өзгешелік, одан да елеулісі – араб таңбалы жазба дәстүр орайы демесек,
бүгінгі қазақ тілінен айырым белгісі шамалы. Енді жаңа айтылған, жай ғана
жаңсақ емес, өрескел қате туралы ескерте кетейік. “Ол уақытда қазақның
ханы Тұрсұн хан ерді Ташкендде. Ол Түркстанға келді...” Алғашқы сөйлем
қалыпты инверсия негізінде құрылған. Арагідік қазір де солай жазамыз.
Жабайы тілге, бүгінгі баспасөзге көшірсек: “Ол уақытта Ташкентте қазақтың
ханы Тұрсын еді. Ол Түркстанға келді”, – болып шығар еді. Алайда, сөз
ыңғайын аңдамаған бүгінгі қазақ тілінің маманы: “Ол уақытта қазақтың ханы
Тұрсын хан еді, ол Ташкентте тұратын еді, Түркстанға келді” деп аударады.
Сөйтіп, “Ташкенттегі қазақтың ханын” барша қазаққа хан қылып қояды,
арасына көлденең сөз қыстырып, Қазақ Ордасының астанасын Түркстаннан
Ташкентке көшіріп жібереді. Жай ғана білместік емес, орыс тілді қате
аударманың да әсер-ықпалы сияқты. Бүгінде біздің қолымыз жетіп тұрған бір
белгілі тарихи еңбекте дәп осылай екен: “В то время [старшим] ханом
казахов был Турсун-хан. Он приехал в Туркестан из Ташкента...” Араға өзінен
өзі сұранып тұрғандай бөгде сөз қосылып, ХҮІІ ғасырдың алғашқы үшегіндегі
бүкіл қазақ тарихы өзгеріп шыға берді... Хош. Реті келген соң, бір заманда
пайдаға асар деп, артық-ауыс лепесімізді ірікпедік, тақырыбымыздан тыс
көрінсе де, қазаққа және тарихнамаға қатысты болғаннан соң.
Енді “Шежіре-и түріктің” мазмұны, құрылымы жөнінде азғана мағлұмат.
Кітапты шартты түрде төрт бөлімге жіктеуге болар еді. Әлхамды Адам-Атадан
тартып, Нұқ пайғамбардан өтіп, Оғыз хан және оның ұлдары мен ұрпағы
турасындағы ежелгі түрік аңыз-әпсаналары баяндалатын тарамдар – кіріспе
бөлім іспеттес. Қиян мен Нүкүзден бастап, Шыңғыс ханның туғанына дейінгі
баян, сол замандағы белгілі ру, тайпаларға қатысты азды-көпті дерек – екінші
бөлім, әдепкі ата-баба шежіресі түрінде беріледі. Үшінші бөлім – Шыңғыс
хан, оның соғыстары, ұлдары мен тақау ұрпақтарының тарихы кітаптың
атаулы үшінші-жетінші баптарын қамтиды. Төртінші, ең соқталы бөлік –
Жошы ханның Тұранда билік құрған әулетінің, осы өңірдің Шыңғыс ханнан
соңғы замандағы тарихының баяны. Мұнда негізінен Әбілғазының арғы
атасы – Жошы ханның бесінші ұлы Шибан ұрпақтарының Мәуреннахрдағы
билігі, Хорезм тарихы кеңінен қамтылады, Әбілғазының өзінің ғұмыр жолы,
машақаты мен күресі, ақыр түбінде жеңіп алған патшалығының жай-жапсары
айтылады. Шыңғыс ханға тікелей қатысты, біз межелеп отырған екінші,
үшінші бөлімдер әдетте Рәшид-әд-Дин шежіресінің негізінде жазылған деп
есептеледі. Бірақ нақпа-нақ аударма емес. Әбілғазының өзі «Жамиғ аттауарихпен» қоса, Шыңғыс хан турасындағы тағы он жеті кітап алдымда
жатыр деп атап көрсеткені бар. Және әйгілі тұлғамен «арада өткен үш жүз
жетпіс екі жыл» сілемінде көшірмеден көшірмеге түскен ежелгі тауарих
бірталай бұзылғанын, әрқилы сыпаттағы қателер кіріккенін ескертеді. Соның
бәрін түзетуге, оңдауға тура келді дейді. Бұған қоса, Әбілғазы шежіресі кей
бір реттерде Рәшид-әд Диннен өзгешерек кететіні бар. Ал Шыңғыс хан–
Шағатай әулетінен соңғы Хорезм және шектес аймақтарға қатысты аздыкөпті деректер – «Шежіре-и түрікті» XVI–XVII ғасырлардағы Орта Азия
тарихын танытудағы баға жетпес ескерткіштер қатарына қосады. Бір өкінішті
жағдай, бұл туралы бізден бұрынғы зерттеушілер де айтқан, Әбілғазының
жетік біле тұра, өз кезіндегі Қазақ Ордасы жайында қалдырған
мағлұматының тым сырдаңдығы. Әлде кітаптың жазылып үлгермеген екінші
жарымына лайықтады ма екен. (Осы орайда ескерте кететін бір кілтипан –
біздің заманға данагөй қарт Қазанғап Байболұлы арқылы жеткен “Еңсегей
бойлы Ер Есім” тарихи жырында Әбілғазы аса ұнамсыз кейіпте, Есім хан мен
Тұрсын ханның арасын ашқан, Қазақ Ордасына теріс ниеттегі, екіжүзді адам
ретінде бейнеленеді.)
Әбілғазы «Шежіресінің» ең басты ұлағаты – XIV–XVII ғасырлар шегіндегі
Тұран тарихы – Ұлы Дала, Шыңғыс хан тарихының сабақтас жалғасы ретінде
қарастырылуы дер едік. Жазушының өзі атап айтпағанымен, біз дәп осындай
қорытынды шығаруға тиіспіз. Анық ақиқаты да сол.
Аңыз, әпсана, тарихи әңгімелер. Шыңғыс ханға қатысты, әрқилы сыпаттағы
әңгіме, хикаят, жыр, толғаулар ұлы қағанның көзі тірісінде-ақ ел арасына
кеңінен тарағаны көрінеді. Нақты тарихи оқиғалар ауқымындағы мұндай
нұсқалардың жиынтық бір көрінісі – көп кешікпей жазбаға түсіп үлгерген
«Қастерлі шежіре» болып табылады. Десе де, сол заманның өзінде белгілі
шындықтың әсіреге ұласқанын және уақыт озған сайын аңыз, әпсанаға
айнала бастағанын аңдаймыз. Шыңғыс хан және оның шыққан ортасы, елжұрты турасында Батыс халықтарына тараған қорқынышты, жиренішті,
қисынсыз хикаялар тұрыпты, іргелес, жаулас Хорезмнің өзінде ақиқат
ақпардан гөрі лақап әңгімелер көбірек айтылыпты. Керісінше, Шыңғыс
ханның өз жұрты, көп ұзамай түрік тайпаларының ғұзырына көшкен бүкіл
Еуразия даласында ұлы жихангер бірегей тарихи тұлға ғана емес, өзгеше
тұрпатты баба, ерлігі ерен, ақылы дария, жауға қатал, досқа мейірбан,
дұшпанының өзіне әділ, жалпы жұртқа қамқор ғажайып жан ретінде
көпшілік санасына орнығады. Және сонымен қатар, эпикалық қаһарман,
ертегілік періште емес, нанымды, шынайы адамдық кейіпте көрініпті. Ел
аузындағы ата-тек баянынан басталып, ауқымды тарихи эпосқа айналған
«Қастерлі шежіре» кітабынан шығатын қорытынды осындай. Сонымен қатар,
халық арасында өз кезінде қағазға түсіп үлгермеген тағы қаншама әңгіме
қалғаны күмәнсіз. Бұлардың уақыт тезінен өтіп, соңғы заманға жеткен
жекелеген нұсқалары ғана белгілі. «Қастерлі шежіре» негізінде, бірақ одан
төрт ғасыр кейін таңбаланған «Алтын топшының» әуелгі түбірден айырым
хикаяларының біразы осы, ел аузындағы аңыздарға байланысты. Кейбірі
бардың басқашарақ түрі, енді біреулері тіпті соңғы кез мұрасы, Халха мен
Ішкі Моңғолияға XVI–XVII ғасырлар шегінде ғана шындап ене бастаған буддатибет дінінің әсері екенін көреміз. Шыңғыс ханның арғы тегі мифтік Үнді
патшасы Махасамматадан таратылады, нәтижесінде ұлы қаған дін егесі
Будда Шакьямуни әулетінен болып шықпақ. Моңғол атырабында кейінде
жазылған тарихи шежіре кітаптардың барлығы да сол сораппен кетіпті.
Әрине, бәрі де бастан-аяқ бұрма, лақапқа құрылмаған. Анонимді «Шара
туджи» – «Сары тауарих» (XVII ғ. ортасы), Саған-Сэцэн жазған «Эрдэнийн
тобчи» – «Асыл шежіре» (1662) және басқа да еңбектерден тұстас және арғы
тарихқа қатысты дерек, әңгімелермен қатар, Шыңғыс хан өмірінің кейбір
өткелдері, жекелеген төтен оқиғалар, ұлы қағанның соңғы жорығы және
өлімі туралы, ауызекі тамыры айқын аңдалып тұрған әрқилы аңыздар көрініс
тапқан. Сондай-ақ, кейбір мысал әңгімелер ескі заманның әдет-ғұрпынан
елес береді. Ал күні кеше ғана, соңғы бірер ғасырда Халхада, Ордоста ел
аузынан жазылып алынған, Шыңғыс хан есіміне қатысты әңгімелер
фольклорлық сыпаттағы шағын әпсана түрінде келеді, көбінеки тау, өзен, көл
атауларына, жер бедеріне қатысты. Мұнда Шыңғыс хан ертегілік алып
ретінде көрінеді: тоқтап, қазан асқан жерошағының орны Тоғоо – Қазан
деген көл болып қалған; аты өлгенде тастап кеткен алтын ері Алтын-Емел
деген тау болып шыққан; пәлен жердегі қақ айрылып тұрған жартастағы
терең ойық – Шыңғыс хан тартқан жебенің ізі; Пәлен деген, Түген деген
шұңғыл, терең көлдер – Шыңғыс ханның су ішкен құдығы... Әлбетте, аңыз –
тарихи дәйек емес. Десе де, бұл тараптағы моңғол нұсқаларының нақты
тетік, тұрлаулы тиянағы жоқ, бұрнағы, жалғас заман емес, одан көп кейін,
дақпырт пен дабырадан туғаны айқын аңдалады. Шыңғыс хан есімі қаншама
нысан арқылы куәға тартылғанымен, ұлы қағанның ғұмыр кешуінде айрықша
орны болған мекен-жайлар: туған қонысы, алапат соғыстар, ұлы құрылтайлар
өткерілген жерлер турасында ешқандай дерек айтылмайды, ең бір ғажабы –
сол заманда қастерлі, қасиетті саналған, әйгілі Бұрқан-Қалдұн тауының өзінің
елесі жоқ. Кейінгі халха-моңғол сондай атаулы әулие-таудың болғанын
білмепті. (Ұмытылған емес, басынан-ақ беймәлім жағдай. Ұлы Дала төсінен
тыс, шалғай Маньчжурия шегінде қалыптасқан моңғол қауымы Шыңғыс хан
мен оның туған жұртының сондай бір тауға табынғанын қайдан білсін.
Құбылай заманындағы Азамат соғысы – қырық жылдық қырғын мен сүргін
нәтижесінде байырғы түрік ру-тайпаларының барлығы да Алтын Орда мен
Шағатай ұлысының шегіне қоныс аударып, мүлде қаңырап қалған Татан
даласына арада екі жүз елу жыл өткен соң ғана келіп орныққан халхаға кінә
жоқ. Шыңғыс хан есіміне байланысты ең үлкен, ең мәнді нысан жайынан
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 10
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480