LatinEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шыңғысхан - 35
Total number of words is 2330
Total number of unique words is 1480
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
әлдебір биік мансапты қызметкердің ұсынысы бойынша, немесе, бұдан
әлдеқайда қиын, соған орай құрметтірек саналған жора – саты-сатылы
емтихан тапсыру арқылы. Емтиханға қатысу үшін таптық, мүліктік кедергі
қойылмаған, керісінше, өкімет бар тараптағы жалпы жұрт өкілдерінің
кеңінен қатысуына мүмкіндік жасап, шынайы ықылас білдіреді. Тек бір ғана
кілтипан – мемлекеттік мансаптан үміткер жас азамат өзінің тұқымжұрағатының ақ-адалдығын, ата-тегінде басбұзар қылмыскер болмағанын
айғақтауға тиіс екен, бұған қоса өзінің қандай да бір күмән, шатақтан тыс, әрі
ата-анасын сыйлайтын, үлгілі, тәрбиелі жас екенін куәландырған кепілдеме
тапсырған. Мемлекеттік деңгейдегі мұндай емтихандар үш жылда бір рет,
күз және қыс айларында астанада һәм уәлаят орталықтарында өткізіледі. Сұң
дәуірінің алғашқы кезеңінде ұлан-асыр сынға ондаған мың талапкер
қатысатын болса, кейінгі заманда олардың есебі жүз мыңдап саналған екен.
Бар бөгесіннен абыроймен өткен жастар үлкен мансапқа жетеді, орта жолда
қалғандар келесі емтиханға дайындалады, немесе төменірек дәрежедегі
әрқилы қызыметке орнығады. Қандай жағдайда да басқару саласындағы
үлкенді-кішілі қызымет атаулы үміткердің білім деңгейіне қарай шешілуі
дәстүрге еніпті және бұдан соңғы әулеттер тұсында да міндетті рәсімге
айналады.
Осыған орай, өз заманындағы тұрлаулы білім беру жүйесі қалыпқа түседі.
Бала сегіз жастан он бес жасқа дейін үйде немесе мемлекеттік мектептерде
білім алады. Елдегі мұндай мектептер жүздеп, ондағы оқушылар жүз мыңдап
саналған. Және император атындағы университет болған. Жоғарғы білім ең
мәнді саналған алты пәнге негізделіпті: Кұңфудзы еңбектері, «Тағдыр
кітабы», «Көктем мен күз» шежіресі, тарих, поэзия және рәсім жөні. Сұң
дәуіріндегі жалпы жұрттың сауаттылығы отыз пайызға дейін жетті деп
шамаланады. Мұсылман әлемінен озбас, бірақ қараңғылық түнегіндегі Батыс
Еуропадан өлшеусіз артық.
Ежелгі Қытай мәдениетін одан әрі дамытқан Сұң кезеңінде ғылым-білімнің
үш жетістігі айрықша аталады.
Мұның біріншісі – ілкіде, 750 жыл шамасында ойлап табылған кітап бастыру
ісінің кең көлемде жолға қойылуы. Әлбетте, бұдан бұрынғы, ғасырлар
бойғы қолмен көшіру – ауыр әрі өнімсіз, һәм көп уақыт алады, ақырғы
нәтиже – шиыршық бума, өзі жалғыз дана, сақтау да, пайдалану да қолайсыз.
Енді ойып мөр жасау тәсілінің дамыған, кеңейтілген көрінісі – тізбекті жазуды
тұтасымен таңбалау қолданысқа енеді. Белгілі мөлшердегі ағаш тақта және
соған орай табақ қағаз. (Бұл қағаздың өзі де әлемде алғаш рет 105 жылы, Хән
дәуірінде жасалыпты; III ғасырда Қытайдың өзінде кеңінен таралып, VII
ғасырда Корея, Жапонияға жетеді, ал Еуропада XII ғасырда ғана мағлұм
болған.) Тақтадағы кері таңбадан оң қалпында түскен мұндай жазулы беттер
түптеліп, мұқабаланып, кәдімгі кітапқа айналады. Және бір-ақ рет жасалған
қалып қаншама жаңа кітапқа нұсқа болып шығады. Әрине, әрқилы
мазмұндағы жаңа кітап үшін әрқилы, жаңа қалып. Сөйтіп, ежелгі Қытайда
кітап бастыру және оны қажетті мөлшерде кеңінен тарату ісі үйреншікті
жағдайға айналады. Салыстырып айтсақ, Батыс Еуропадағы алғашқы кітаптан
жеті жүз жыл бұрын. Иә, айтпақшы, Қытайда әуелгі, ксилография тәсіліндегі
кітаптан соң көп ұзамай-ақ жылжымалы таңбалар (терім) арқылы қағаз басу
ісі де ойластырылған екен. Бірақ иероглифтік жазу жағдайында жаппай
қолданысқа енбей, қатардан шеттепті. Үйреншікті, кері таңбалы тақталар
өміршең болып шығады. Түптелген, ұстауға да, сақтауға да, күнделікті
пайдалануға да ыңғайлы кітап атаулы арзанға түседі, кеңінен таралып, жалпы
жұрттың игілігіне айналады. Ескі деректерге қарағанда, XII ғасырда Түстік Сұң
елінде ғана 173 баспахана жұмыс істепті, ал көпшілік кітапханалар әлденеше
мыңға жетсе керек. Бұлардың ең үлкені – император Сарайындағы, 978
жылы ашылған Орталық кітапхана қорында 800 мың кітап жинақталған екен.
Осы кітапқа жалғас, бұл кезде дүниеде болмаған тағы бір жаңалық –
күнделікті баспасөз. Орталық қалаларда ағымдағы ақпарат, мемлекеттік
жарлықтарды әйгілейтін таңбалы табақша қағаз, яғни бүгінгі тілмен
айтқанда, көпшілік газеттер шығып тұрған.
Екінші, әуелде Қытайдың өрісін кеңейткен, кейінде бүкіл әлемді қайта ашуға
септескен үлкен жаңалық – магнитті құбыланаманың (компас) қолданысқа
енуі болды. Қалың тұманда да, қараңғы түнде де, дүниенің бар тарабында
бағдардан айнытпайтын сырлы аспапты пайдалану, соған орай төс-табаны
тиянақты кемелер жасау нәтижесінде Қытайдың қадамы ұзарады, екі
тарабын мұхит қоршаған Сұң империясы өз заманындағы ең алымды теңіз
державасына айналады. Кейін бұл құрал Еуропаға жетіп, дүние жүзінің
этникалық және мемлекеттік картасын өзгертуге, бүкіл әлем қайта құрылып,
Аспанхақ – Жер-жиһанның орталығымыз дейтін Қытайдың өзінің шеткері
елге айналуына негізгі бір себеп болды.
Сұң дәуірінде алғашқы өрісін тапқан үшінші жаңалық, жай ғана жаңалық
емес, ғаламат сұмдық – от-дәрінің кеңінен қолданысқа енуі деуге керек. Отдәрі (порох) Таң патшалығының соңғы кезеңі, IX ғасырдың ақырында ойлап
табылыпты. Өз заманында әрқилы заттардың құпия сырын ашу, жоқтан бар
қылып, бағалы металдарды қолдан жасау талабындағы алхимиктер еңбегі.
Әдепкі селитра мен күкірт ұнтағын белгілі бір өлшемде араластырса, шұғыл,
шалт жанатын жаңа бір құрылым шығады екен. Одан әрі жетілдіру, үгітілген
ағаш көмірімен үстеп, қолайын табу нәтижесінде бұл өзгеше нәрсе ұтымды
жабдыққа айналады. Қуатты жарылыс әуелде кен қазуға, өндіріс, құрылыс
қажетіне жұмсалса, бірте-бірте қамал бұзу, соғыс ісінде қолданыла бастайды.
Ақыры, Сұң дәуірінде әлемде жоқ жаңа жарақ ретінде қалыптасады. Әзірше
қопарылыс құралы, отты жебелер мен құты бомбалар жемі. Жаңа әскери
қару Сұңның жарым-жартылай еншілесі Шүрженге көшеді. Одан Шыңғыс
хан әскеріне ауысты. Арада жүз жыл өтпей Еуропаға мағлұм болды. Ақырғы
нәтиже белгілі. От-дәрінің қолданыс тәсілін одан әрмен жетілдіріп, қатерлі,
қанды қаруға ие болған Батыс жұрты «бастыны еңкейтіп, тізеліні жүгіндіріп»
қана қойған жоқ, жат жұрт атаулыны қанға бөктіріп, бүкіл жер-әлемді
табанына салды. Жиһанға апат әкелген от-қарудың алғашқы құрбаны қанша,
кейінгі кіріптары кім екенін түгендемей-ақ қоялық. Белгілі сөз. Екінші бір
белгілі кеп – ықылымнан ықылым өткенде өзі де қорлық жағдайға, талантаражға ұшыраған Қытайдың әупіріммен бұрынғы орнына қайта көтерілуі.
Сол X–XI ғасырларда атом бомбасын ойлап таппағанына тәуба айтасыз.
Әйтпесе, бүгін жер жүзінде жалғыз-ақ халық қалар ма еді... жоқ, ешкім де
қалмайтын еді.
Заманынан озық Қытай өмірдің барлық саласында жер-әлемнің алдында
болды. Кен қазу, металл өңдеу, геодезия, қолданбалы механика, агрономия,
медицина мен фармакология, акупунктура және басқа саладағы
жаңалықтарды санай берсек, тақырыбымыздан мүлде ауытқып кетеміз.
Қытай мысалында біздің айтпағымыз – Орта ғасырларда Шығыстың Батыстан
барлық тарапта да өлшеусіз жоғары тұрғаны. Ол кездегі Қытаймен тек
мұсылман әлемін ғана белгілі бір мөлшерде шендестіруге болар еді. Түптеп
келгенде, ол да Шығыс. Өткен мың жылға қарап тұрсаңыз, соңғы бес ғасырда
дүниенің кері төңкерілген себебін ешбір міндетті заңдылық аясына сыйғыза
алмас едіңіз...
Сұң дәуіріндегі Қытайдың ғылым-білім ғана емес, әлеуметтік ахуал,
қоғамдық өмір, экономика, финанс саласында да үлгі көрсеткенін айта кету
қажет. 1024 жылы алғаш рет қағаз ақшалар жаппай қолданысқа енеді. Егінші
шаруалардың болашақ өнім есебінен несие алуына жағдай жасалады.
Жоқшылық жылдарында астық жалпы жұртқа арзан бағамен сатылады.
Тақыр кедейлерге тегін дәрі-дәрмек беріледі. Панасыз балалар жетімдер
үйінде тәрбиеленеді. Жағдайсыз қарттар мен үйсіз жарлылар үшін арнайы
баспаналар салынады. Кембағал, кемтар ауру-сырқауларды үйіне барып
емдейтін тегін дәрігерлік көмек қалыптасады. Үлкен қалаларда көшелерге ат
қойылады, қоғамдық тәртіпті қорғайтын милиция құрылады, жалпы жұртқа
арналған моншалар ашылады, өрт сөндірушілер қызметі ұйымдастырылады.
Осының бәрі – кісіні сыйлау, әлеуметті көтеру, түптеп келгенде, елдің
айбынан арттырып, іргесін бекіту шаралары болатын. Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман... емес, әрине. Онда кедей де, кемшін де болмас еді.
Біз ел ұстаған өкіметтің игі ниетін, заманынан озған ұтырлы жаңалықтарын
айтып отырмыз. Қайткенде де, мемлекетте жетекші идеология болған
Кұңфудзы ілімінің негізгі бір ұстыны: «Билік – халықтың игілігі жолында
қызымет етуге тиіс!» – деген қағиданың өзіндік көрінісі.
Елдің экономикалық ахуалы да биік өреге жетіпті. Ұзын, алып каналдар
қазылып, астана мен уәлаяттар және ішкі жұрттың теңіз аймақтарымен еркін
қатынасы, сауда және тасымал ісі жақсы жолға қойылады. Ауыл
шаруашылығы айрықша дамиды. Тың алқаптарды игеру, өзен арналарын
қалыпқа түсіріп, саз, батпақты құрғату нәтижесінде және таулы, белес,
қыратты жерлерде сатылы баспалдақтар жасау арқылы егіс көлемі еселеп
ұлғайтылады. Жер құнарын арттыру тұрақты шараға айналады, тоған тарту,
шығырды ойлап табу және кеңінен қолданысқа енгізу нәтижесінде егіншілік
жаппай суармалы жағдайға көшеді, дәнді дақылдардың жаңа, өнімі артық,
ұтымды сұрыптары шығады, диқаншылық одан әрмен дамып, тұқым
шашудан жинап алуға дейінгі аралықта агротехникалық жаңа тәсілдер
қалыптасады. Кен қазу және оны пайдалану, өндіріс саласы да айтарлықтай
көтеріледі. Металл өңдеу технологиясы өз заманының биігіне жетеді.
Құрылыс, сәулет өнері өркендейді. Сырт елдермен бейбіт қатынас, алысберіс, тиімді сауда ісі де жан-жақты әрі қарқынды даму жолына түседі. Батыс
пен Шығысты жалғастырған Жібек жолындағы жүргін өз алдына,
заманындағы теңіз ісін жетік игеріп, бұл тарапта айрықша қуат танытқан
Түстік Сұңның төс-табаны орнықты, ірі, сенімді желкен кемелері Тынық және
Үнді мұхиттарының акваториясын еркін аралайды, бір жағы – Африканың
терістік-шығыс жағалауы, Қызыл теңіз бен Парсы шығанағына дейін, екінші
жағы – Жапония мен Корея, аралықта – Үндістан, Үнді-Қытай түбектері,
Индонезия аралдарына дейін еркін қатынап, жарым дүниемен жалғасып,
кең көлемді сауда-саттықпен қатар, мәдени және экономикалық байланыс
орнатады, алыс аймақтар жалғасып, әлемнің тұтастануына, ұғым-танымның
артып, алыс-беріс, әрқилы халықтар арасындағы қатынастың жандануына
айтарлықтай үлес қосады.
Сұң дәуірі – өнер мен әдебиеттің де өркендеген заманы болды. Өлең сөз
жаңа биіктерге ұмтылады. Таң дәуіріндегі классикаға жетпегенімен, Сұң
дәуіріндегі қытай поэзиясы да үш мың жылдық әдебиет тарихында үлкен
орын алады, бұл кезде әсіресе ән әуезіне арналған лирикалық жырлар
жаңаша өріс тапты деп саналады. Сонымен қатар, проза жанры өсіпөркендейді және сөйлеу тілінен бастау алған, әрқилы мазмұндағы әңгіме,
хикаяттар халық арасына кеңінен тарайды. Сұң заманында Қытайдағы сурет
өнері де жаңа бір деңгейге көтеріледі. Суретшілердің өнерге өзіндік көзқарас
нәтижесінде қалыптасқан әлденеше ағым-мектебі болыпты. Әдепкі
натюрморттан кең көлемді пейзажға дейінгі, жан-жануар, аң мен құстан
мифтік айдаһар, космостық қиял-ғажайыпқа дейінгі көркем кейіпті – жанды
бояу, өзгеше тәсіл, ұлттық нақышпен таңбалаған Сұң суретшілері бейнелеу
саласында шеберліктің шыңына жеткен деп бағаланады. Сонымен қатар,
кейінгі зерттеушілер Сұң дәуіріндегі өнер туындыларынан бүгінгі
сюрреализм, абстракционизм белгілері ұшырасатынын айтады. Заманынан
озып, соншама шығандап кеткен айғағы.
Ғылым, білім, өндіріс, өнер саласында алыс-жақыннан түгел артық Сұң
патшалығы, әсіресе, екінші, Түстік кезеңінде әскери қуат тұрғысында
төңірегінен биік бола алмады. Керісінше, әуелде Қиданнан ығысса, кейінде
Шүрженнен жеңіліс тапты. Зерттеушілер Түстік Сұң қай жағынан алғанда да
Шүрженнен еңселі, тіпті, соғыс ісінде де мүмкіндігі басым жағдайда болды
деп жазады. Экономикалық қуат өз алдына, халқының саны артық, әскерінің
қаруы кемел. Қолбасылары ұрыс тәсілін, стратегия мен тактиканы соғыс
өнері туралы Ежелгі Қытайда жүйеге түскен трактаттар бойынша оқып,
үйренеді. Алайда, шынтуайтына келгенде, қан майданда үнемі дерлік
пұшайман болған. Зады, бар кілтипан жауынгер шүршіттің бетпе-бет
ұрыстағы қайраты мен ерлігінде жатса керек. Сұң патшалығы тұрақты
жеңілістердің есебін және алдағы тыныштық кепілін айып-албанмен өтеп
отырады. Десе де, Сұң жұртының ұйықты орталығына бойлап енсе, Шүржен
де ұтыс таппас еді. Өстіп, шын мәніндегі тепе-тең қалыпта тағы жетпіс жыл
өтеді. Шыңғыс хан Терістік Қытай – Шүржен-Цзинь империясына қарсы
тікелей аттанғанға дейін.
Солтүстік-батыс тараптағы көрші – Таңғұт болатын. Ол да үлкен Қытай
әсеріндегі Таңғұт Сұңға қарсы, көбіне-көп, әуелде Қиданмен, кейінде
Шүрженмен одақтасып отырады. Кезегінде екеуімен де соғысқан жағдайы
бар, қажетінде Сұңмен тізе қосады, қайткенде де бірме-бірде ешқайсысына
алғызбас еді. Бұл тарап Нань Сұң үшін біршама, әрине, салыстырмалы түрде,
қауіпсіз саналған. Түстік империяның негізгі жауы – Цзинь болатын.
Сондықтан, Шыңғыс хан ту көтерген кезден бастап-ақ Сұң саясаткерлері
терістік тарапқа айрықша назар аударады. Қатерлі, жаңа бір жау емес,
іргедегі, ежелден бақас Таңғұт пен Шүрженнің сағын сындырар, ықтимал
одақтас, ақыр түбі Түстік Қытайдың мерейін асырар қолайлы бетбұрысқа
себесін деп қарағанын көреміз. 1215 жылы шүршіттің Орталық астанасы
Пекин құлады, Цзинь империясы қиын-қыстау ұзақ соғыс жағдайына көшті.
1227 жылы Таңғұт қирады, Си Ся мемлекеті жер бетінен жойылды. Енді,
Шыңғыс ханнан соң таққа мінген Өкетай қаған Шүржен тарабына темір
түмендердің жаңа легін аттандырады. Бұл кезде Нань Сұң Еке Моғұл
ұлысымен уақытша одақтасып, бағзыда Цзинь империясына кеткен байырғы
қоныстың тым құрса бір пұшпағын қайтып алармыз деген есек-дәмемен,
онсыз да қансырап, қалтырап отырған шүршітке ту сыртынан келіп тиеді.
Ақыры, 1234 жылы Шүржен біржола қирады. Ендігі кезекте Сұң
патшалығының нақ өзі тұрған.
Түстік Қытай жорығы келесі, 1235 жылы басталады. Еке Моғұл ұлысы біртұтас
қалыпта, ең дәуірлеп тұрған шағында атқарған ең зор майдан болып шықты.
Баяғы Харезм, Қыпшақ пен Орыс, күні кешегі Шүржен сияқты, бірден
жапырып кете алмайды. Дүркін жорық ауыр, жылдан жылға созылған
қантөгіс соғысқа ұласады. Енді 1251 жылы, Өкетайдан соңғы Мөңке қаған
Қытай майданына әскердің жаңа легімен, бас қолбасшы етіп өзінің тетелес
інісі Құбылайды жібереді. Ашық даладағы қасап, қорғанды қамал түбіндегі
қырғын ұрыстар одан әрмен жалғасады. Түстік Сұң империясының басым
бөлігін алған Құбылай, ағасы Мөңке қаған өлгеннен соң, 1260 жылы, осы
Қытай майданындағы әскер күшіне сүйеніп, міндетті, жалпы құрылтайсыз,
«Жасақ» заңын, ежелгі рәсімді бұзып, өзін Еке Моғұл ұлысының қағаны деп
жариялайды. Жарым әлемді басқа кейіпке түсірген, ал біздің нәсіл үшін
болашақ бұлдыр заманға жол ашқан, өзгеше оқиға болып шықты.
Қарақорымда Арық-Бұқа ақ киізге көтеріледі. Оны көшпенді түрік тайпалары
түгелге жуық жақтап шығады. Ақыры, Ұлы Даладағы қантөгіс Азамат
соғысынан соң біржола бекіген Құбылай 1264 жылы ел астанасын Ішкі Қытай
жері – Пекинге көшіреді. 1271 жылы өзін жаңа династия – Юань әулетін
негіздеуші деп әйгілейді. Бұл – жаңа патшалық құрып, Ежелгі Қытайда
біржола орнығам деген сөз еді.
Қайткенде де ақырғы нәтижесі айдан-анық, еңсерме соғыстың шешуші түйіні
– 1276 жылы Түстік Сұң империясының астанасы Ханчжоу құлайды. 1279
жылы Құбылай Ши-цзун деген патшалық есім алады. Яғни, Қытай
императоры. Далалық қаған мәртебесінен де бас тартпаған, бірақ одан іс
мәнісі өзгермейтін. Қарақорым қирап қалған. Елдің көбі ата-жұртынан әрмен
ауған. Сөйтіп, Шыңғыс хан дүбірлеткен, бұрынғы-соңғы тарихтағы ең зор, ең
қуатты, ең ұлы мемлекетке ұйтқы болған байырғы Түрік-татар Даласы – енді
Қытай империясының екінші де емес, үшінші, төртінші қатардағы шалғай
аймағына айналады. Жетпіс жылдық майдандағы ғаламат жеңіс нәтижесі
керісінше бітігіп, ұтыс атаулы түгелдей ұтылысқа шығады. Ішкі соғыстарда
қалалары қираған, халқы қырылған, күйзелген және ығыса босқын тапқан,
әлемдік базар, керуен жолдарынан тыс, экономикалық блокада нәтижесінде
төңірегінен оқшауланған Ұлы Дала шын мәнісінде иесіз, қорғансыз қалады.
Ата-баба салт-дәстүрін сақтаған көшпенді түрік қауымының ұйықты ордасы –
батысқа, ежелгі Дәшті-Қыпшақ жұртына ауысады. Ал Ұлы Қытай соңғы рет
және біржола бірігіпті.
Қытайдың ұлттық тарихы Құбылайды жаулаушы емес, орнықтырушы,
негіздеуші, байырғы жұрттың Терістігі мен Түстігін қайта қосқан, империяны
Хән, Таң дәуіріндегі құдірет-күшіне жеткізген, одан әрмен күшейтіп, қонысын
кеңейткен, өрісін ұзартқан ұлттық қаһарман, ұлы әмірші деп санайды.
Құбылай негіздеген жаңа нәсіл – Юань әулеті билеген заман (1279–1368)
неше мың жылдық Қытай тарихындағы ең жарқын, еңселі кезеңдердің бірі
саналады. Ал Құбылайдың үлкен әкесі, жарты әлемді жаңадан құрған
Шыңғыс хан – Қытай жұртының қайта көтерілуіне және түбегейлі мерейсалтанатына жол ашқан ғажайып тұлға ретінде бағаланады. Шынында да.
“Юань” атауы – “Әлемнің алғаш жаралуы» деген мағына беретін. Қытайдың
қайта тууы, жаңадан құрылып, біржола еңселенуі – Шыңғыс хан және оның
ұрпақтарының ұлы жорықтарының нәтижесінде ғана мүмкін болды.
Юань өкімін алмастырған Миң әулетінің (1368–1644) алғашқы императоры
Чжу Юаньчжан өзінің таққа отыру салтанатында қадап айтқан екен: “Сұң
әулеті құлдырап, тозған кезде Көктің жарлығымен сақараның Алып адамы
Орталық патшалыққа кіріп, оның әміршісі болды. Бұл билік ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып, жүз жылдан астам уақытқа созылды. Бүгінде оның да ізгілікті күшқуаты сарқылып біткен екен. Енді Көктің қалауымен бар өкім бізге көшті...” –
депті. Яғни, беріден есептегенде, Сұң, Юань, Миң – тізбекті тарихтың өзара
туыстас, жалғас кезеңдері. Бәрі де Ежелгі Қытай жұртының игілігі жолында
қызмет еткен. Уақыт оза келе, Миң әулетінің өзі де барын түгесіп, тұңғысшүржен-мәнчжур текті Цин әулетіне (1644–1912) жол береді...
Әлбетте, мұның бәрі – кейінгі тауарих. Орайына қарай, әуелгі әңгіменің
көлденең түйінін сызбақтап отырмыз...
***
Шыңғыс хан атқа мінген кезде Таңғұт та, Шүршіт те, Түстік Қытай да өз
орындарында тұрған. Қаhарлы үш таған.
Аспан астында бізден басқа құдірет жоқ деп білген үш халық – үш патшалық.
Кең даланы жайлаған беймаза, көшпенді жұрт үлкен есепте жоқ. Елу жылдан
соң дүниенің асты үстіне түседі деп кім білген. Елу жыл тұрыпты, елу күн,
ертеңгі сағатың беймағлұм. Өткен заманда ғана емес, күні бүгінде...
Бірінші кітаптың соңы.
12. ХІ. 2008 – 29. І. 2011,
Прага.

You have read 1 text from Khakas literature.
- Parts
- Шыңғысхан - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3871Total number of unique words is 21860.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3839Total number of unique words is 18850.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3872Total number of unique words is 19740.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3780Total number of unique words is 19950.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3686Total number of unique words is 19940.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3770Total number of unique words is 20690.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3703Total number of unique words is 20050.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3568Total number of unique words is 18540.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3747Total number of unique words is 19930.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3846Total number of unique words is 20980.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3767Total number of unique words is 20070.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3824Total number of unique words is 20890.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3851Total number of unique words is 21090.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3865Total number of unique words is 18930.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3786Total number of unique words is 19700.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3874Total number of unique words is 19580.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3862Total number of unique words is 20500.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3854Total number of unique words is 20040.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3838Total number of unique words is 19860.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3935Total number of unique words is 20370.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3956Total number of unique words is 20340.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3846Total number of unique words is 20820.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3649Total number of unique words is 18910.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 24Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3741Total number of unique words is 19310.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 25Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3928Total number of unique words is 21250.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 26Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3933Total number of unique words is 21300.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 27Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3948Total number of unique words is 20700.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 28Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3948Total number of unique words is 20760.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 29Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4035Total number of unique words is 19210.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 30Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3964Total number of unique words is 21490.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 31Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3914Total number of unique words is 21260.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 32Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3717Total number of unique words is 19770.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 33Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3884Total number of unique words is 20560.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 34Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3796Total number of unique words is 19500.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words
- Шыңғысхан - 35Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 2330Total number of unique words is 14800.0 of words are in the 2000 most common words0.0 of words are in the 5000 most common words0.0 of words are in the 8000 most common words