Latin

Шыңғысхан - 27

Total number of words is 3948
Total number of unique words is 2070
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болса керек, ал қазақта күні кешеге дейін кеңінен тараған және балгерлік
өнердің өзгеше бір тармағы ретінде қалыптасқан. Кез келген кісі жауырын
ұстауы мүмкін, әйткенмен, бұл салада айрықша машықты адам – көріпкелдік
қасиет дарыған жауырыншы атағына жетеді. Ата қазақта жауырын мен
жауырыншы турасында қаншама аңыз бен естегі бар.
Әлеумет
Шыңғыс хан сияқты Алыпты туғызған Дала жұртының мінез-құлқы, кісілік,
қоғамдық бейнесі төңірегіндегі ілкідегі жазбамызда біршама айтылды. Енді
қосымша, азғана үстеме.
Басшыларын айрықша құрмет тұтады, және тәртіпке берік, ұжымы күшті,
деген Карпини.
Қандай жағдайда да, басшылары аттан түскенде, барлығы аттан түседі, депті
Рикольдо де Монте-Кроче. Өзгеше жоралғы. Қазақ арасында күні кеше,
Кенесары заманына дейін сақталған.
Саны соншама көп болса да, бұлардың тобында не кейіс, не араз-реніш жоқ,
олар қиындықты қайыспай көтереді және мақсаттарына табанды түрде
ұмтылады, деп атап көрсеткен Фома Сплит.
Ынтымағы күшті. Бірін бірі көтермелеп, құрмет тұтып отырады, дейді
Бенедикт Полон.
Бірін бірі өте жақсы көреді, қандасын жауда қалдырмайды, депті Карпини.
Қарттарын құрметтеп, кедей-кембағалды мүсіркейді, деген армян
тарихшысы Григор Акнерци.
Бұларда өтірік айту, бірін бірі алдау жоқ, дейді Сюй Тин.
Бұлардың әдетінде өзара дау-жанжал, ұрыс-төбелес болмайды, деген Чаң
Чунь.
Екі кісінің арасында әлденендей келіспеушілік, талас туған жағдайда,
кездескен кез келген адамнан төре сұрайды, мәселесін айтып, кімнің
дұрысын анықтап беруге өтініш жасайды; осы төреші қандай шешім шығарса
да таласпайды һәм әлгі төреші төңіректе жиналып қалған жұртқа: байлам
осындай, куә болыңдар деп, біржола бекітеді, дейді Барбаро, нақты
айғақтап.
Әлбетте, қалыпты жол-жора, ғұрып-низам бар, халықтың ежелгі дәстүр,
салты бар. Жарлық пен нұсқау да, тәртіп пен рәсім де осы орайда. Жұпыны,
күнделікті тіршіліктен бастап, ең үлкен, алымды, қатер-қауіпті әрекетке
дейінгі барлық іс осы әдет-ғұрып заңы арқылы бағаланып отырған. Соның
кейбірі:
Жасы кіші үлкенді сыйламай, намысына тисе, дүреге жығылады (Карпини).
Кісі өлтіру – айрықша зұлымдық саналады, дейді Рикольдо. Әрине, өз ішінде
және бейбіт жағдайда.
Бұлардың заңы бойынша, өтірік айтқан кісі өлімге кесіледі, деген куәлік
береді Сюй Тин.
Өз бауырындағы әйелдерден басқа ұрғашымен ойнас үшін өлім жазасы,
дейді Рубрук.
Шағын ұрлық, мәселен, бір қой ұрлау үстінде қолға түссе – дүреге кеседі;
үлкен ұрлық үшін өлім жазасы, деген Рубрук.
Жылқы, немесе басқадай ұрлық үшін өлім. Егер ұрланған дүние, малды он
есе қылып қайтара алса, кешу жарияланады, депті Марко Поло.
Бөтен біреудің жайлау, қонысында қарақшылық, ұрлық үстінде ұсталған
адам тергеусіз өлтіріледі, дейді Карпини.
Олар ұрлық, өтірік, зинақорлық, кісі өлтіру сияқты қылмыскер үшін ең қатал
жаза – өлімге кеседі, деп айғақтайды батыс Еуропаға қашқан орыс
архиепископы Петр.
Барлық уақытта, дамудың ең төменгі деңгейіндегі ру-тайпалардың өзінде
адамдар арасындағы қатынас орайына негізделген ішкі тәртіп, қоғамдық
әдет-ғұрып жүйесі болады. Іргелі мемлекеттер тұсында бұл тұрғыдағы жолжора атаулы жинақталып, белгілі бір қалыпқа түспек. Өзіндік ерекшелігі,
рулық, ұлыстық бітім, мазмұнымен. Ескіден сақталған нақты деректер
бойынша, Түрік қағанатында «Төре» аталатын заң жүйесі мағлұм. Ежелгі
«Төре» заңының тікелей жалғасы болмаса да, көшпенділердің осы орайдағы
өзіндік әдет-ғұрып, жол-жорасының жинақталған, айнымас, қатаң жүйеге
түсіріліп, мемлекеттік жарғы ретінде қолданысқа енген жаңа нұсқасы –
Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы және соған жалғас «Білік» нұсқаулары болды.
Ескінің жаңғыруы ретінде қалыптасқан жаңа низам. «Жасақ» пен «Білік»
туралы сөз – Шыңғыс хан империясына тікелей қатысты алдағы тарауларда
айтылмақ. Бұл жерде біз әлеуметтік ортада қалыптасқан жол-жосын, жөнжоралғы турасындағы ескілікті куәліктермен ғана шектелеміз.
Көшпенділер қоғамында адамдар арасындағы қатынас атақ, дәреже
айырымына, таптық негізге және жалпыға ортақ қатал ғұрып-низамға
қарамастан, ашық аралас, азаматтық теңдік орайында құрылғаны көрінеді.
Жалпы жұрт өзара сыйлас; біреуді біреу кемісіту жоқ, деген Карпини.
Өркеуде, өздеріне ешбір жұртты теңгермейді, депті тағы да.
Олар өздерін жер-жиһанның қожайыны санайды; құдай бүкіл әлемді тек
өздері үшін жаратқан деп біледі, дейді Рикольдо де Монте-Кроче.
Әрбір көшпенді өзінің ат үстіндегі, кең даладағы еркін өмірін мақтан еткен
және өз нәсілін әлемдегі ең таңдаулы халық деп санаған (Рәшид-әд-Дин,
Жувәйни, т.б.).
Сонымен қатар, өзінің шыққан руын құрметтеген, ата-тегін қастерлеген.
Рәшид-әд-Дин дәйектеп жазып кетіпті:
Бұл тайпалардың бәрінің де айқын әрі нақты ата-тек шежіресі бар. Өйткені
моғұлдар өздерінің дәстүр-салты бойынша, шығу тегін ұмытпай сақтайды
һәм жаңа туған әрбір балаға осы шежірені ұғындырып, үйретеді. Сөйтіп,
өткені туралы сөзді халқының өзіндік санасы ретінде қалыптайды және өз
тайпасының түп негізін білмейтін кісі болмайды. Ата-тегін есте тұтатын
арабтарды айтпасақ, әлемде моғұлдан басқа ешбір жұртта мұндай дәстүр
жоқ, дейді.
Ата-тек, тұқым-жұрағат туралы деректердің барлығын жалған һәм ойдан
құралған бөстекі сөз деуге болмайды. Өйткені, ежелден бергі дәстүр
бойынша, моғұлдар өздерінің ата-бабалары мен шығу тегін жадында
сақтайды және жас өркенді тәрбиелейтін [мұсылман] діні де, пірәдар
қауымы да болмаған себепті, ата-анасы жаңа туған әрбір балаға өздерінің
шыққан тайпасын һәм ата-тек шежіресін ұғындырады және бұл – күні бүгінге
дейін сақталып отырған рәсім. Сол себепті, кімнің қайдан шыққанын, арғы
аталар мен кейінгі ұрпақтар жөнін нақты танып, ажырата аламыз, дейді
Рәшид-әд-Дин екінші бір пара сөзінде.
Ата-тек баяны сол руға, тайпаға енетін адам атаулының бірлігіне, ұжымды,
берекелі тіршілігіне қызмет еткен. Тиесілі шежіре бойынша, осы ру,
тайпалардың барлығының арғы аталары бір, шығу тегі ортақ болғандықтан,
бүкіл ұлыстың ұйысуы жолына қызмет еткен.
Рәшид-әд-Дин айғақтап отырған дәстүрлі ата-тек шежіресі бүгінгі моңғолда
жоқ, сірә, әуелден болмаған, ал моғұл (моңғол емес), Шыңғыс хан
ұйыстырған моғұл жұртының тікелей мұрагері қазақта барлық заманда берік
сақталған, бүгінгі күнге дейін жеткен. Қазақ шежіресі бөлшекке емес, бірлікке
қызмет етіпті. Қазақ Ордасы кезінде қалыптасқан ұлыстық идеология
бойынша, бар қазақ – бір-ақ адам – Қазақ деген кісінің баласы. Бұл Қазақтың
үш ұлы болады: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан он бір ұл, жанарыстан
алты ұл, Бекарыстан үш ұл туады, өз кезегінде бұлардың әрқайсысынан тағы
қаншама ұрпақ тарайды және аталы тайпалардың негізін салады, одан ары
өсіп-өнеді. Сөйтіп, қазақ шежіресі қазақ халқының құрамындағы үлкендікішілі барлық руларды, есебі, қазақ атымен жер басқан барлық жұртты бір
өлшемге сыйғызады. Жоғарыдан емес, төменнен қарасақ, өте шебер
қиюластырған берік пирамида, ұшар басында – бітімі ортақ үш таған
тұрғанын көреміз.
Ежелгі Шыңғыс хан жұртында, одан бұрынғы және кейінгі замандарда рулық,
тайпалық құрылым тек туыстық жүйе ғана емес, әкімшілік бөлініс (бүгінгіше
айтсақ, облыс, аудан) қызметін атқарыпты. Жеке адамдар арасындағы ғана
емес, тұтас топ, әскери және тұрмыстық құрылымдар арасындағы қатынас
қалыбы, өкім және басқару жүйесі – ұлыстың, елдің қоғамдық сыпатына
байланысты. Біздің бұл реткі сөзімізден тыс, басқа бір орайдағы баян. Біз,
жоғарыда ескерткеніміздей, әзірше тек қана ескілікті деректермен ғана
шектелеміз. Зерттеу, талдау емес, барды байыптау ғана.
Әлеумет өміріне қатысты, ілкідегі сөзімізге қосымша азғана мағлұмат.
Пэн Да-я мен Сюй Тин жазбаларынан:
Олардың маусым есебі – он екі жылдық мүшел. Әр жылдың өз атауы бар,
мәселен, тышқан жылы дегендей.
Оларда [біздегідей] күнтізбе болған жоқ. Көк шыққанда бір жыл өтті деп,
жаңа ай туғанда бір ай өтті деп санаған.
Біз [қытайлар] сияқты емес, бала кезінде қойылған әуелгі есімдері өзгермей
сақталады. Ұлығы да, кішігі де сол, алғашқы, балалық есімдерімен аталады.
Жасың қанша деп сұрағанда, саусақтарын бүгіп, неше рет көк шыққанын
айтады.
Амандық орнына бір-бірімен құшақтасып көріседі; қаусыра құшақтасады.
Тағзым еткенде бір тізелерін ғана бүгеді.
Орын дәрежесін айтсақ, ең құрметтісі – орталық, одан соңғысы – оң жақ, ең
төмені – сол жақ, депті.
Таң қаларлық жағдай. Соңғы деректі айтамыз. Оң мен солдың жөнін. Бұл
кезде әлі өз орнында тұрған, Терістіктен ешқандай қатер күтпеген Сұң
империясының барлау және мүмкін одақтастық мақсатымен жолданған
мәртебелі елшілігі құрамында, бірі – 1233 жылы, екіншісі – 1235 жылы, Ұлы
Даланы көктей өтіп, Қарақорымға дейін келген, ұлы қаған Өкетейдың
қабылдауында болған, ел мен жер жайын мұқият зерделеп, қаншама тың,
соны мағлұмат жинап қайтқан Пэн Да-я мен Сюй Тин нақты айтқан.
Тек осы екеуі ғана емес. Қаншама жыл Ханбалық-Пекинде тұрған, қаған
сарайында құрметке жеткен Марко Поло жазыпты:
Той, мәжіліс кезінде [Құбылай] хан өзгелерден биікте, төрде, бетін түстікке
қаратып жайғасады. Бұдан соңғы әркім өзіне ұлы хан тағайындаған орынға
отырады. Сол жақта, ханның қасында – бәйбішесі, ал оң жақта – ханның
ұлдары мен немерелес, аталас туыстары, олардан төменіректе-алпауыт
шонжарлар. Ханның ұлдары мен тумаларының әйелдері сол жақта, төменде,
олардан соң алпауыттар мен бахадұрлардың әйелдері. Бәрі де өздеріне
тиесілі орынға ғана отыруға тиіс, дейді.
Алтын Орданың ханы Өзбектің ордасында болған Ибн Баттута атаулы мереке
кезінде төрде, үлкен алтын тақта отырған хан мен оның бәйбіше қатынының
оң жағында мұрагер, үлкен ұл Тінібек, сол жағында – екінші ұл Жәнібек
отырғанын, ал төменде, оң мен солда әрқилы дәрежесіне қарай ұлыс
бектері, әскербасы бахадұрлардың жайланғанын, бүкіл той көрінісін
сыпаттаған.
Ескілікті барлық деректерден анық аңдалғандай, Шыңғыс хан және оған
жалғас заманда орталықтан кейінгі құрметті – оң жақ!
Бүткіл Еуропа ғалымдары, орыстың бұрынғы-соңды барлық оқымысты,
тарихшылары, барлық зерттеу еңбектерде, ғылыми және танымдық
әдебиетте «моңғолда ең құрметті – сол жақ, оң жақ төменірек саналады»
деп атап көрсетілген. Ол рас. Ілкідегі қидан, кейінгі халха мен ішкі-моңғолда,
моңғол текті қалмақта. Осы қалмақ пен халха дәстүрін ешбір ой, талғамсыз
арыдағы моғұл – яғни Шыңғыс хан заманына көшіре салыпты. Ауру әдеттің
тағы бір рабайсыз көрінісі.
Атап айтайық, түрік қауымында, оның ішінде Алтын Ордадан тартып, Қазақ
Ордасында, кешегі және бүгінгі жалпы қазақта – орталықтан соңғы ең
құрметті – оң жақ болған. Ханның оң жақ қапталы, яғни оң тізесінде отыру –
ең үлкен мәртебе саналған. Хан ордасы ғана емес, қатардағы бек, ауылдағы
ақсақал, кез келген отағасының шаңырағында. Арғысын айтпағанда, ақиқат
дерегі сақталған Шыңғыс хан заманынан күні бүгінге дейін жалғасып келе
жатқан рәсім.
Наным, дін
Шығыс пен Батыстың заманауи деректері Дала жұртының Тәңірі дінін
тұтынғанын нақты айғақтайды.
Олардың дәстүрінде Көк пен Жер бәрінен жоғары құрметтеледі. Әрбір ісінде
ауызға алып отырады, дейді Чжао Хуң.
Әлбетте, Чжао Хуң жазбаларындағы Көк пен Жер атауы – қытай тілінде.
Ілкідегі Орхұн ескерткіштері, ежелгі түріктер тіліне көшірсек, Көк Тәңірі, ЖерСу болар еді.
Пэн Да-я–Сюй Тиннің куәлігі:
Олар Көктің құдіретінен тыс ешқандай да шаруа жоқ деп біледі. Татардың
әміршісінен қарашы жұртына дейін осыған сенеді. Әрбір істі бастарда «Көк
осылай үйретеді» (Көктің ырқы, – М.М.) деп сөйлейді. Әлдебір жұмысты
тындырғанда, «Бұл – Көктің қалауы» (яғни, Көктің алқауымен жасалды, –
М.М.) деседі.
«Көктің әмірі» деп сөйлейді, деген Чжао Хуң.
Олар аспандағы бір құдайға сенеді, көздері көріп тұрған көк күмбезін құдай
деп есептейді, басқадай таным-түсінігі жоқ, деп жазған екен, әлем астыүстіне түсер шапқын қарсаңында Сириядағы яковит патриархы Михаил.
Олар бір құдайға ғана сенеді және осы құдай әлемдегі көз көріп тұрған һәм
көрінбес барлық заттың жаратушысы деп біледі, сонымен қатар, адам
өміріндегі барлық игілік, бар қиындық та Құдайдың ырқымен деп санайды.
Әйтсе де құдай атына арнап дұға оқу, мадақ айту, немесе басқадай рәсімсалты жоқ, деген Карпини.
Бұлардың діндері де басқа жұрттан өзгеше. Құдайға сенеді және оны
табиғаттың әлдебір заңы есепті қабылдайды. Өздері де табиғи қалыпта
ғұмыр кешеді, қыста да, жазда да, жан-жануар, құстар сияқты, деген
Рикольдо де Монте-Кроче.
Құдайға құлшылық тарабында нақты низам-ғұрыптары жоқ. Жер-әлемдегі
иудей, сарацин, христиан заңдарының ешқайсысын ұстанбайды, табиғи сана
жөнімен тіршілік кешеді һәм өздеріне тән жөн-жоралғысы бар, дейді Давид
Эшби.
Өздерінің құдайларын қастерлейді, құдай жалғыз және мәңгілік деп
есептейді. Және құдайдың еркінен тыс ештеңе болмайды деп біледі. Әйтсе
де, құдайдың құрметі үшін ғибадат, ораза, кешкілік қызмет, немесе басқадай
істері жоқ, депті Гайтон.
Татарлардың ешқандай атаулы діни ілімі жоқ. Табиғи таным ғана.
Ғибадатхана да, діни қызметкер де, тиесілі рәсімдер де жоқ, деп нақтылайды
Рикольдо де Монте-Кроче.
Атқыштар жұрты, яғни мұғал, ауызекі тілде татар – құдайсыз халық, бірақ
өздерінің табиғи рәсім-салттарын ұстанады, дейді Стефан Орбелиани.
Мұндағы «құдайсыздық» – христиан дінінен тыс, ал «табиғи рәсім-салт» –
өзіндік наным, дәстүрлер екені айқын болса керек.
Моал, немесе татарлар бір құдайға ғана сенеді, депті Рубрук.
Олар құдіретті Көк құдайы бар деп айтады және одан жақсы кеңес пен
амандық-саулық тілеп, құрбан шалып отырады, дейді Марко Поло.
Олар құдай – бір деп біледі және соған орай өзіндік салттары қатаң
сақталады, депті Лонжюмо.
Кейбіреулер үш жүз алпыс бес құдай бар деп біледі, деп жазады Рикольдо де
Монте-Кроче. Шетін дерек. Зады, құдай емес, үш жүз алпыс бес әулие болуға
тиіс. Татардың құдайы біреу-ақ деп Рикольдоның өзі де, басқалар да нақты
айтқан.
Бар құдай – біреу-ақ, тіршілігіміз де, өліміміз де соның еркіне байланысты
һәм біздің жүрегіміз (пейіліміз) соның тура жолында, дейді Мөңке қаған
Рубрукпен әңгімесінде.
Олар құдайды Тәңірі деп атайды, деген анықтама береді Киракос
Гандзакеци.
Олар күннің күркірін құдайдың (яғни Тәңірінің, – М.М.) ашуы деп біледі.
Сондықтан күн күркірегенде керемет қорқады, депті Чжао Хуң.
Күн күркірегенде шет жұрттық, бөтен кісілерді сыртқа шығарып жіберіп,
өздері қара киізге оранып, күркір басылғанша тығылып жатады, дейді
Рубрук.
Ешбір жаудан қайтпаған, ажалға қарсы шабатын Дала жұрты тек найзағай
ойнаған күн күркірі, яғни Көктегі Тәңірінің кәрінен ғана қорқады екен.
Әлбетте, өзіндік діни нанымның қаншалық күшті болғандығының көрінісі.
Көкке жалғас құдірет иелері – ай мен күн және от және жер-су.
Құдаймен қатар олар күнге, айға және отқа, сондай-ақ, су мен жерге
табынады және ішіп-жемге отырарда, көбіне-көп таңертең, оларға дәм
арнайды, деп атап көрсеткен Карпини.
Жаңа айдың алғашқы күні Көкке тағзым етеді, деген Чжао Хуң.
Жаңа ай туғанда міндетті түрде тағзым жасайды, дейді Сюй Тин.
Олар ай деген – құдіретті хан деп біледі, сондықтан тізесін бүгіп, айға тағзым
етеді; жаңа бір істі жаңа ай туғанда, немесе ай толғанда бастайтын әдеттері
бар, дейді Бенедикт Полон.
Әлдебір шаруаға кірісерде айдың толығына, немесе кемісіне қарайды; жаңа
айдың ширегі һәм толған айдың қорғалап, кеміген күндері істің басы мен
аяғы үшін қолайсыз саналады, дейді Сюй Тин.
Татарлар жаңа ай туғанда дулы мереке жасайды, депті архиепископ Петр.
Олар айдың анасы – күн дейді, өйткені ай өзінің жарығын күннен алып
тұрады дейді. Сондықтан, күнді айрықша құрметтейді, депті Бенедикт Полон.
Олар күнге табынады, деп куәландырған армян деректері.
Шыққан күнге тағзым етеді, діні сол, дейді Ибн әл-Асир.
(Жаңа шыққан күнге тағзым жасау – қазақ арасында кейінгі заманға дейін
сақталған – Ибн Рузбихан, XVI ғасыр. Ал жаңа аймен сәлемдесіп, тағзым ету –
күні бүгінде бар, мен өзім кезінде әжем берген тәрбие бойынша, әрбір жаңа
айды көрген сәтімде ескілікті ата-баба дұғасын қайталап: «Ай көрдім, – Аман
көрдім, – Баяғыдай заман көрдім, – Ескі айда есірке, – Жаңа айда жарылқа!»
– деп барып тәжім етем және осы рәсімді кейінгі немерелеріме дейін
үйреттім...)
Олар құдіретті Күн патша – жанып тұрған от деп біледі, сондықтан да отты
құрметтейді, оттың тазартпайтын нәрсесі жоқ деп есептейді, деген Бенедикт
Полон.
Отқа қатысты ырым, тиым және жол-жоралғылар турасында жоғарыда
айтылды. Отпен аластау – негізгі рәсімдердің бірі болғанын көрдік. Бұл арада
отпен, түтінмен тазарту – қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып
отырғанын ғана қайталай еске саламыз.
Түз тұрғындары құпия, тылсым күш ретінде ата-бабалардың аруағын
айрықша қастерлеген.
Олар өлген кісілерінің бейнесін киізден жасап, қымбат маталармен киіндіріп
қояды және әрбір арба-үйге біреуін, немесе екеуін салып алып жүреді, депті
Рубрук.
Татарлар сиқыр үшін киіз қуыршақ ұстайды, дейді армян шежіресі.
Ата-бабаның тірі аруағын кейіптейтін мұндай пұт-қуыршақ «онгон» (оңғұн)
атанған. Батыс деректері «идол» деп жазады.
Адамға ұқсатып, киізден жасалған пұт-қуыршақтары бар. Бұларын отарлы
малдың қамқоры, оның төлінің өркені мен амандығы және сүтінің
молдығына кепіл деп танып, тұратын үйлерінің екі жақ босағасына орнатып
қояды. Енді бір пұт-қуыршақтар жібек-торғыннан жасалады һәм айрықша
қастерлі. Сәулетті арба-үйлерінің есігінің алдына, кіреберіске қояды, дейді
Карпини.
Моалдар бұл пұт-бейнелерді мейлінше қадірлейді және соған табынады,
деген Рубрук.
Император (Күйік қаған, – М.М.) Ордасының алдына да пұт қойылыпты, оған
ерекше құрмет көрсетіліп, атаулы сый-сияпат, тарту-таралғы жасалады екен,
дейді бұл жағдайды көзімен көрген Карпини.
Пұт қалыптаудың өзіндік рәсімі болған.
Бұл пұт-қуыршақтарын («идол») жасарда ауылдағы қартаң әйелдер түгел
жиналады да, айрықша іждағатпен іске кіріседі. Құрап, тігіп болған соң
[құрбанға] қой сояды, оның етін жеп, сүйегін отқа жағады, дейді Карпини.
Төтенше жағдайлар кезінде де жаңа пұт істеу қажет екен.
Карпини айтады: әлдебір жас адам қатты ауыра қалған жағдайда әлгіндей
рәсіммен жаңадан пұт жасайды да, оны сырқаттың төсегінің басына байлап
қояды, дейді. Яғни, аруақ шақыру, одан медет тілеу.
Әлгі айтылған пұт-қуыршақтардың алдына әманда ақ қойылады. Ішіп-жемеге
отырған кездерінде ең әуелі осы пұтқа шөкімдеп сыбаға тартады. Әрбір
ретте, сойылған мал мен алған аңның шикі жүрегін табаққа салып, үйдегі
пұттың алдына қояды да, оны өздері ертеңіне ғана пісіріп жейді, деген
Карпини.
Тағы бір сөзі: көсемдер, мыңбасылар, жүзбасылар өз күрендерінде міндетті
түрде серке ұстайды, депті. (Сірә, қажетті сәтінде оңғұнға құрбанға шалу
үшін, – М.М.).
Ата-баба аруағын көрнекі пұт арқылы қастерлеу түз тұрғындарының тіршілік
салтында ұзақ заман, мұсылман діні біржола орныққанға дейін сақталып
тұрғанын көреміз.
1436–1452 жылдар аралығында қаншама уақыт, он алты жыл бойы АзауТанада тұрған, далалық түрік нәсілінің дәстүр-салтын жете танып, тілін еркін
игерген венециялық Иосафат Барбаро мынандай куәлік қалдырыпты:
Татарлардың арасында магомед діні әдепкі құбылысқа айналуы – шамамен
бұдан жүз он жыл бұрнада. Рас, оған дейін де аздаған жұрт мұсылман болды,
ал жалпы алғанда, әркім өзіне ұнаған наным-сенімді еркін ұстанды.
Сондықтан олардың арасында ағаш, немесе киіз, шүперек мүсінге табынып,
онысын өздерімен бірге арбаға салып алып жүретіндер де болды. Мұсылман
дініне күштеп енгізу Едігенің заманында жүзеге асты, дейді.
Барбароның тағы бір тұста айтқаны:
Мәжуси болып қалған татарлар арбада өздерімен бірге алып жүретін
мүсіндеріне табынады; сонымен қатар, әр күні ертемен үйден шыққанда
алғашқы кездескен әлденендей жануарға тағзым жасайтын да ғадеттері бар,
дейді.
Өткен ата-баба аруағын кейіптеген пұт-мүсіндерге табыну Барбародан тағы
бір жүз жыл өткен заманда, Шығыс Дәштідегі қазақ арасынан көрініс береді.
Бұл жағдайды Шәйбани ханның 1510 жылы қыста, қазақ даласына жасаған
ең жойқын жорығының толық тарихын таңбаға түсірген Ибн Рузбихан
куәландырыпты.
Рузбихан: «Ерлігімен әлемге әйгілі қазақ жұрты – Шыңғыс хан ұлысына
жатады», – дей келе, Хорасан мен Мәуреннахрдың діни ғұламалары
Шәйбани ханның жаңа жорығын – кәпірлерге қарсы ғазауат деп танығанын
айтады. Өйткені, қазақтардың исламнан тыс мәжуси екені нақты
дәлелденген көрінеді. Бұлар пұтқа табынады, дейді. Сондықтан, қазақтарды
қырып-жою, құлдыққа әкету – күнә емес, тек қана сауап және әрбір таза
мұсылманның қасиетті парызы делінген ресми пәтуа – фетвада.
Анығын білетін абзал адамдардың айтуынша, қазақтардың арасында
мәжусилік әдет-ғұрыптар кеңінен сақталып отыр, деп жазады бұдан әрі
Рузбихан. Мәселен, оларда пұт бейнелер бар. Аллаға құлшылық, хақ намаз
орнына осы пұтқа тағзым жасап, құлдық ұратын көрінеді, депті.
Аруақты күрнекі пұт (қуыршақ-мүсінше) – оңғұн кейпінде қастерлеу бұдан
соңғы қаншама заманға жалғасқанын біршама нақты айта аламыз. Қазақ
Ордасы әкімшілік қана емес, мәдени, діни орталық та болған Түркстанды,
халқы ислам жолындағы, базары дулы Сауранды, Оңтүстік өңірдегі тағы
қаншама кентті біржола баураған Тәуекел хан–Есім хан заманы – XVII
ғасырдың басы тұрыпты, кейінгі Абылай хан дәуірі, XVIII ғасырға ұласты.
Ежелгі рәсімнің ең соңғы дәйегі – А.Левшин, А.Харузин еңбектерінде көрініс
тапқан. Бұл – күні кешегі XIX ғасыр. Қазақтар қайтыс болған кісіні бейнелейтін
үлкен пұт қуыршақ жасап, оған марқұмның тіршіліктегі тәуір киімдерін кигізіп
қойып, өлімнің жыл уақыты толғанға дейін күн сайын азанда және кешқұрым
жылап-сықтап, жоқтау айтады екен. Мұндай дәстүр Орта жүздің кейбір
бөліктерінде көбірек сақталған деп куәландырады А.Левшин. Бұл заманда
қазақ өзін қалтқысыз мұсылман санаған. Өлігін ақ жуып, арулап, жаназа
шығарып, құран оқып аттандырады, деген А.Левшин. Осыған жалғас жағдай
әлгіндей.
Мұсылманшылыққа ден қойғаннан соңғы заманда бір құдай – Тәңірі есімі
жаңаша сыпат алады. XI ғасыр, Махмұд Қашғари «Сөздігінің» өзінде «Тәңірі»
– «Алла» атауының синонимі ғана емес, Жаратқан иенің ең негізгі есімі
ретінде қолданысқа түскенін көреміз. Кейінде мұсылман дініне біржола
көшкен Шыңғыс хан жұртының, оның ішінде бүгінгі қазақтың ұғымы да осы
орайда.
Енді Еке Ұлыс, одан ілкі және жалғас замандардағы әрқилы шет діндер
турасында бірер сөз.
Он ұйғыр әулетінен шыққан қағандардың Дала жұртына манихей дінін
күштеп таңбақ әрекеті – ақыр түбінде ұлыстың біржола ыдырауына себеп
болғаны, ал жетекші тайпа – ұйғырлардың қырғынға ұшырап, біржола дерлік
жойылғаны, кейінге тек атау-есімі ғана қалғаны турасында айттық. Одан да
бұрынғы, Еділ бойындағы құдіретті Хазар қағанатының күйреуі де пайымы
шолақ, ақылы кеміс, ең соңғы қағанның негізінен көшпенді, жауынгер
жұрттың тұрмыс-кебі, дәстүр-салтымен мүлде үйлеспейтін иудей дінін
қабылдауы және оны жалпы жұртқа күштеп тарату әрекеті нәтижесінде
болған апат еді. Ал Ұлы Далада, Шыңғыс ханнан бұрынғы заманда христиан
дінінің несториан тариқаты бой көрсете бастағаны белгілі. Осы орайда,
ежелгі Түрік қауымының жат жұрттық әрқилы діндерге жол беру себебі неде
деген сауал туындаса керек.
Жаратушы Көк, одан соңғы кие мен иелерге негізделген тәңірі діні –
көшпенді жұрттың өзіндік тіршілік кебі, тұрмыс-жағдайы негізінде туындаған
ұғым-нанымдарының жинақты көрінісі болатын. Ұлттық, ұлыстық идеология
емес, халықтық жол-жора мен ғұрып. Жазба негіздегі берік низамы, соған
сай өзіндік ғибадаты мен міндетті жосық, рәсімі қалыпқа түспеген. Тәңірі
әрбір кісінің жүрегінде және санасында ғана тұрған. Ал мемлекет ретінде
ұйысқан қуатты құрылымға бұдан гөрі белсендірек, әрі көрнекі құдай үйі –
ресми ғибадатхана арқылы ұтымды үгіт, пәрменді насихат тарататын, елді
орталықтандыратын, бір үлгіге бағыттайтын басқа бір дін керегірек болып
шығады. X ғасырда керейлердің, оған жалғас найман, оңғыт және басқа да
белгілі, белгісіз, жекелеген ру-тайпалардың христиан дініне әуестенуінің
негізгі себебі осында жатыр. Әйткенмен, атап айтайық, әуестік – сол сырттай
әуестік қалпында ғана қалғанын көреміз. Жаңа бір дін – несториан тариқатын
қабылдау – тек сөз жүзінде, онда да билеуші тап шеңберінде ғана болыпты.
Соның өзі үстірт әрі баянсыз.
Кейінгі және бүгінгі Батыс зерттеушілері, оның ішінде әсіресе орыс ғылымы
түз тұрғындарының христиан дінін ұстануына айрықша мән, маңыз береді.
Ұлы Дала мен қалған әлемнің арасындағы қайшылықтың негізгі бір себебі
дінге тіреліп тұрғандай. Мәселен, ойсыз тасырлықтан аулақ және өрісі кең
Лев Гумилев Шыңғыс ханның және оның мұрагерлерінің Орта және Алғы
Азияны жаулау соғыстарын «Сары крест жорығы» деп атаған. Онда Әмір
Темірдің Ираннан Алтын Ордаға дейінгі, Түркиядан Үндістанға дейінгі – Батыс
пен Шығыстағы бүкіл мұсылман әлемін қырғынға ұшыратып, аяусыз
ойрандаған қаныпезер жорықтарын қандай дінге телуіміз керек? Еуропа
христиандарының жүз жылдық, отыз жылдық, жеті жылдық, шынтуайтына
келгенде, ғасырдан ғасырға өтіп, ешқашан толастамаған өзара соғыстарын не
дейміз? Қисынсыз долбар.
Еуропаның мұсылман әлеміне қарсы крест жорықтары басталғанда, өздері
әуелде байыптағандай, «сарациндерді» бірден жапырып кете алмаған, уақыт
оза келе қайтадан тықсырыла бастаған христиан жұрты енді беймәлім ғана
емес, мүлде жұмбақ Арғы Шығыстан әлденендей ғажайып, төтенше көмек
күткен. Оған әуелгі себеп, қозғаушы күш – қара-қытай Елүй Дашы болыпты.
Қашқын ханзада керей, найман және басқа да далалық ру-тайпалардан
құралған аз ғана әскермен Жетісуды алып, одан соң қарлұқтармен қатарын
молықтырып, Сирия, Палестина тарабында крестшілердің өзін ықтырған
атақты Сәнжар сұлтанды талқандағанда, бұл мұсылмандарды қиратқан –
Шығыстағы беймәлім христиандардың Иоанн есімді патшасы екен деген
лақап тарайды. Кейінірек, Орта Азияға Шыңғыс хан келіп кіргенде баяғы
лақап шындыққа айналғандай көрінеді. Есімі де, жөн-жосығы да күңгірт
Шыңғыс хан – баяғы пресвитер Иоанның тікелей ұрпағы Давид патша болып
шығады.
Татарлар – христиан екен, мұсылман атаулыны жазалау үшін аттаныпты,
жорық шіркеулері бар, сиқырлы, ғажайып крестері бар, сондықтан да күшті,
қуатты деген, және басқа да қисынсыз лақаптар кеңінен тарады, деп жазған
атақты армян тарихшысы Киракос Гандзакеци. Тіпті, көп ұзамай Жебе мен
Сүбітай Қапқазға келіп кіргенде, олардың алдынан крест алып, христиан
әулиелерінің суреттері бейнеленген ту көтеріп шыққан жағдайлар да
ұшырасты, дейді.
Көп ұзамай бүкіл Шығыс және Орталық Еуропа ойран-топыр, шат-шәлекей
болғанда есінен айрыла үрейі ұшқан христиан әлемі, енді, қауіп-қатер кері
серпілген кезде, қайтадан діндес туыстарының жайын білуге талап етеді.
Католик Папа мен Француз королі тарабынан Шыңғыс хан ұлысына аттанған
франциск және доминик монахтарының негізгі бір мақсаты – белгісіз жұртты,
оның жай-жапсары мен қауіп-қатерін аңдау ғана емес, дін-қарындас, жаңа
одақтас іздеу талабы болатын. Үміт ақталмайды. Татар патшалығындағы
христиан қауымы турасындағы алып-қашты ақпар – бос лақап болып
шығады. Соған қарамастан, күні бүгінге дейін тарихи және көпшілік
әдебиетте «далалық христиан қауымы» турасындағы дақпырт талассыз
шындық ретінде әжептәуір орын алып отыр. Енді осы орайдағы ескілікті,
нақты, ақиқат деректердің кейбірін келтіре кетейік.
Арыдағы мағлұмат – Шыңғыс ханнан әлдеқайда бұрынғы заманда керейлер
мен наймандар христиан дінінің несториан тармағын қабылдапты деген
дерек. Айттық, Керей хандығы мен Найман хандығының белгілі бір ауыр
заман – Қидан, Шүржен өктемдігіне қарсы күрес кезеңінде басқыншыдан
іргесін біржола аулақ салу және тың тыныс, көмекші күш іздестіру
мақсатында несториан дініне бейіл бергені рас, бірақ жат дінді мойындау
билеуші топ шеңберінен ұзамаған, оның өзі шартты түрде ғана екенін
көреміз.
Король Иоанн турасындағы дабыра – құр лақап, мен оның билігінде болған
(болыпты-мыс) найман жері арқылы өттім, бірді-екілі несториандар ғана
ұшырасты, деп жазған Рубрук.
Бұл Иоанның бауыры, Оң деген ханның жұрты керей мен меркіт несториан
дініне жатады екен, ал ханның өзі пұтқа табынған, жын-пері шақыратын
пұтшы абыздар ұстаған, дейді одан соң.
Бұл арада керісінше, христиан – хан да, «пұтқа табынатын», яғни ата-баба
дінін сақтап қалған – жалпы жұрт, немесе ханның өзі де ескіліктен біржола
қол үзіп кетпеген.
Ұлы Дала шегінде екі ғасыр бұрын өркен жайған христиан діні Шыңғыс хан
заманында мүлде орнығып, біржола күш салса керек қой. Ал шын мәнісінде
бәрі де басқаша болып шығады.
Үлкен көлді (Алакөл, – М.М.) түстік-шығыстан етектеп, өкпек аңғардан
(Жоңғар қақпасы, – М.М.) өткеннен соң, әулие Петр күнінің қарсаңында
найман жеріне келдік, деп жазады Карпини және бұл наймандардың «дінсіз
мәжуси» екендігін атап көрсеткен. Мұнда Петр және Павел әулиелердің
күнінде қалың қар жауды, айрықша суық болды, депті. Христиан әулиелерін
еске алып, арнайы күнін атап жатқан ешкімді көрмеген. Бұл елдің жерімен
бірнеше күн жүрдік, дейді. Әлденендей дін-қарындастық елесін аңдамаған.
Арнайы елшілік басшысы ретінде Қарақорымда, Күйік қағанның дәргейінде
болып қайтқан Киликия-Армян патшалығының гундстаблі (бас қолбасы, бас
уәзір) Смбат Спарапет өзінің нағашы ағасы, Кипр королі Генри Лузинянға
жол-жөнекей, Самарқаннан жазған хатында былай депті:
Сізге мағлұм болғай, мархаматты Әулие (яғни папа, – М.М.) ұлы ханның
христиан екенін, немесе емесін анықтау мақсатында, һәм оның христиан
елдеріне әскер жауып, халқын қырғынға ұшырату себебін білмек үшін
арнайы елші жіберді. Бұл сауалға орай хан-патша: жаратқан құдай оның атабабаларына және өзіне әлемдегі барлық бұзық және зұлым халықтарды
қырып-жою турасында жарлық берген, депті. Ал ханның өзі христиан ба,
әлде жоқ па деп сұрағанда, менің кім екенім құдайға анық, ал егер папаның
өзі нақты білгісі келсе, осы елге келсін, көзімен көрсін, татар жұртындағы
жағдай қандай екенін, деген көрінеді...
Күйік қаған папа Иннокентий IV ге арнайы жолдауында аса қатқыл айтады:
«Сен өзіңнің хаттарыңда біздің шоқынып, христиан болуымыз қажеті
турасында жазыпсың. Қысқасын айтайық, біз түсінбедік, қалай, қайтіп?
Сендер, Батыс жұрты, дүниеде тек өздерің, христиандар ғана бар деп
санайсыңдар, ал басқаларды жек көресіңдер. Құдайдың рақымы кімге
түсетінін қайдан ғана біле қойдыңдар? Ал біз Тәңіріні (түпнұсқа тәржімада
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 28
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480