Latin

Шыңғысхан - 22

Total number of words is 3846
Total number of unique words is 2082
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
емес, сол ескілікті жұрттардың нақпа-нақ өзі болмаса да, түрленген, түлеп,
жаңғырған анық мұрагері. “Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың
барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады”, – деген зерделі ғалым.
Шығыс пен Батыс – бүкіл Шалқар Даланың этникалық құрамына қатысты сөз.
Атауың ғана емес, бүкіл тарихың, ендігі барың – өткеннің тікелей жалғасы.
Осы орайда, Шыңғыс хан заманындағы күншығыс тараптағы түрік руларының
жай-жапсары төңірегінде біз қозғаған шектеулі деректердің өзінен-ақ тыйым
салынған тарихымыздың ең бір даңқты кезеңінің сыр-сыпаты айқын
аңғарылады. Атап айтпасақ та, түйінді толғам анық болса керек: ХІІ–ХІІІ
ғасырлар шегіндегі, жарым дүниені қайта қалыптаған, бүкіл Еуразия
құрылығының болашағын айқындаған ұлы оқиғалардың бастаушы және
қозғаушы күші – түрік текті қауым! Яғни біздің жұрт, біздің ел. Оның ішінде
кейінгі қазақтың тікелей ата-бабаларының үлес-салмағы да өзгеше.
Міне, бүгінгі қазақ халқының этникалық құрамына қараңыз. Шыңғыс хан
заманындағы аталы, айдынды тайпалар: найман, керей, қоңырат, жалайыр –
қазақ ортасында да қабырғалы қауым екен; дербес рулар ретінде өз
аттарымен сақталған шанышқылы, телеу, қият (төре), төлеңгіт, таз, алтын,
тама бір төбе; үлкен тайпалар ішіндегі іргелі аталар есебінде тіркелген:
меркіт, қоралас, күрлеуіт, маңғыт, қатаған, байжігіт, байыс, тоқа, тұма, барқы,
оңғыт, құсшы, болатшы, кенегес, оймауыт – өз алдына. Кезінде қазаққа
кіріккен, тарихта таңбалы, уақыт оза келе ағайын жұрт ішіне мүлде сіңісіп,
аты қалмаған, бірақ заты кейінгі әулет-жұрағатында сақталған: арлат, барлас,
барын, баяуыт, бурят, дүрбен, жұрат, қалмақ, қарлық, қаушын, қырғыз, нүкүз,
ойрат, салжуыт, сижуыт, сұлдұс, таңғұт, тарғұт, татар, ұйғыр, ұрат... – орта
ғасырларда Ұлы Даланы жайлаған қаншама ру-тайпаның жұрнақ, нұсқалары
тағы да қазақ дейтін теңізге жылға, бұлақ болып құйылыпты. ХІІ–ХІІІ ғасырлар
шегінде, Ұлы Далада, сайыпқыран Шыңғыс ханның алтын туы астына ертелікеш тығыз топталған аталы жұрттың жинақты нәсілі енді Ертіс, Жетісу, Сырдария мен Еділ–Жайық, Үзе–Таң – бүкіл Дәшті-Қыпшақты жайлаған үйсін,
қыпшақ, алшын тайпаларымен қалтқысыз тоғысып, Алтын Ордасын көтеріп,
ақыр түбі жаңа бір ұлыс – Қазақ Ордасының құрамында ұйысыпты. Орайлас,
ыңғайлас, ағайындас басқа халықтардың ешқайсысына дауымыз жоқ,
сонымен қатар, ежелгі Шыңғыс хан жұртының тіпе-тік әрі ең негізгі мұрагері –
бүгінгі қазақ халқы екендігі де күмән туғызбауға тиіс. Ұлы Даланы
дүбірлеткен даңқты ру-тайпалардың нәсіл-тегі мен өткен тарихын кейінгі
заманға жалғастыра зерттегенде осындай ақиқат қорытынды шығады екен!
Әйтсе де, біз үшін ең бастысы – этногенез емес, Шыңғыс хан құрған әлемдік
империяның әуелгі ұйтқысы, негізгі қозғаушы және атқарушы күштері
турасындағы байлам. Ұлы Түрік қағанатынан соңғы ауыр әрі алмағайып
замандарда түрік нәсілі – татар мен керей, қият пен қоңырат, меркіт пен
найман, жалайыр мен ұраңқай және соларға туыстас, түбі бір тағы қаншама
ру-тайпа қайтпай күресіп, қан жұта қаржысып, туған елін, ата жұртын сақтап
қалыпты, ошағын өшірмей, ұрпаққа ұрпақ жалғап, өсіп-өніпті. Кеуделері зор
екен, күш-қуаты кенеусіз, ерлігі ерекше екен. Тек жалғыз-ақ кілтипан – алты
бақан алауыз, ұжымы, бірлігі жоқ екен. Ақыры... ерте ме, кеш пе, ағайындас
жұрттың басын қосатын құдіретті әмірші қажет еді. Тағдырдың талғамын
қараңыз. Болашақ ұлы қаған әрқайсысы жеке патшалық болып отырған іргелі
тайпалар – жарым дүниеге танылған татардан емес, Ұлы Даланың басым
бөлігін бауырына басқан керейден емес, жалпағымен жатқан найманнан
емес, жауынгер меркіттен емес, екінші, тіпті, үшінші қатардағы бодан ру
қияттан шығыпты. Бірақ қай жағынан да қапысыз туған екен. Ақыл мен
парасат, ерлік пен мінез, кеңшілік пен қаталдық, қажыр мен қайрат – кісі
ұғлына тән ең қастерлі, ең қажетті сыпат түгелімен бір өзіне тоғысқан. Аз-кем
емес, тура үш жүз жыл бойы пышырап отырған, жекелей алғанда қаншама
қуатты болса да, ақыр түбі, бәлкім көп ұзамай-ақ мүлде тозып, біржола
жоғалуға тиіс қырық рудың басын қосу үшін көреген қолбасы, данагөй көсем
ғана емес, қарымы қатты, темір өзек Тұлға – адам кейпіндегі Алып керек еді.
Көк Тәңірісі мәңгілік Түрік жұртына тарту еткен Шыңғыс хан дәл осындай
ғажайып жан болып шықты. Десе де, бұл сайыпқыран Шыңғыс ханды
туғызған халық та заманынан озық, өз тұрғыластарынан биік, өзгеше
жаратылған жұрт еді.
V тарау
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ МӨР-ТАМҒАСЫ
Миләди 1920 жылы полон ғалымы, монах Кирилл Каралевский Ватикан
архивін ақтарыстап отырып, өзгеше бір құжатқа ұшырасады. Шиыршықтап
оралған, ұзындығы 1 м 12 см, ені 20 см, ескілікті қағазға араб қаріптерімен,
ислам жұрттарының бір тілінде жазылған көне жәдігер. Сарғайған қалың
қағаз екі бөліктен құрап, жалғастырылған екен. Іліктес жеріне және ең
соңына, қара сия үстіне қызыл түсті, үлкен, төрткіл мөр басылған. Ал мөр
бетінде жаңағы құжат мәтінінен мүлде басқаша, иіртпек таңбалар тұр.
Каралевский беймәлім, көне дүниені суретке түсіртіп алып, иранист
оқымысты Массэнің қолына тапсырады. Массэ сол сәтінде-ақ бұл құжаттың
парсы тілінде жазылғанын нақтылап, ізінше аударып, арнайы тексере келе,
әйгілі Шыңғыс ханның немересі, ұлы қаған Күйіктің 1246 жылы Рим папасы
Иннокентий ІV-ге жолдаған жарлық-хаты екендігін айғақтайды.
Бүкіл христиан-католик әлемінің әулие санатты көсемі, ұлұғ мәртебелі
папаның әмбе Батыс жұртына үрей туғызған татар әміршісінен доңайбат
жолдама алуы – ғылымға белгілі жағдай болатын. Кеңінен таралған Карпини
кітабында айтылған. Жарлық-хаттың өзі де папаға осы Карпини арқылы
жеткені мағлұм. Әйтсе де, сақталмаған, жоғалған деп есептелетін. Қазқалпында, түпнұсқа күйінде бар болып шықты.
Көп ұзамай-ақ өзгеше мұраға Шыңғыс хан заманын зерттеуші, белгілі
француз ғалымы Поль Пеллио арнайы назар салыпты. Парсы мәтінін нақты
ажыратып, француз тіліне жаңадан тәржіма жасайды және өзіндік
дәйектемесі, оған қоса мөр бетіндегі жазудың транскрипциясы hәм
аудармасымен бірге жарияға шығарады. Кейінде Пеллио нұсқасы басқа да
еуропа тілдеріне, оның ішінде орысшаға да аударылып, ғылыми айналымға
түсті hәм әрқилы зерттеулерге (Н.Шастина, Сайшиял, Б.Базарова, А.Юрченко)
ұйтқы болды. Өз кезегімізде біз бұл арада жарлық-бітіктің мазмұны, мәнмағнасы, тарихи сыпат-болмысы жөнінде емес, оны ресми заңдастырған
мемлекеттік мөр турасында ғана айтпақпыз.
1
Жарлық-хат – Күйік ханның атынан; әлбетте, жеке бір тұлғаның жолдауы
емес, мемлекеттік тұрғыдағы құжат. Ал осы құжаттың нақтылығын
куәландырып, қара сия үстіне екі қайтара басылған қызыл мөр – әрине, ол да
мемлекеттік рәміз. Және мән-маңызы айрықша, аса құнды тарихи ескерткіш.
Жарты әлемді алып, оның екінші жарымына үрей туғызып отырған, айрықша
қуатты, ұлы империяның мөр-тамғасы. Күмәнсіз жағдай. Десе де, Күйік –
үшінші қаған еді. Ал мөр... нақты кімдікі? Қашан жасалған? Ғылымда
қалыптасқан пікір: бұл – Күйік қағанның мөрі дейді.
Күйік қағанның мөрі. Оған нақты дәлел де бар сияқты. Карпини айтады. Күйік
ресми түрде қаған көтерілген салтанат қарсаңында жасалған, қалыптаушы –
Косма (Кузьма) деген орыс зергері, дейді.Бұл Косма император сарайында
айрықша құрметке жетіпті, қағанның жаңа, алтын тағын да сол жасаған
көрінеді.
Жауланған елдердегі қолынан іс келетін әрқилы кәсіп иелерін, құрылысшы,
тоқымашы, кенші, темірші, үйші, зергер атаулыны іріктеп, қара жұртқа әкелу
– Шыңғыс хан заманынан бергі үйреншікті жағдай болатын. Сонымен қатар,
алып империя орталығына өз еркімен ағылып жатқан саудагер, кәсіпкер,
іскер, тіпті, олжа, пайда іздеген өлермен жұрт та аз емес. Орыс елінен
тұтқынға келді ме, өз қалауымен жетті ме, Косманың болғанына да, айрықша
шеберлігіне де күмән жоқ. Мөр жасағанын да теріске шығармайық. Карпини
өз көзімен көріпті.
Бұл мағлұматтан екі түрлі байып туады. Бірінші – Күйік қағанға дейін ұлыстық,
мемлекеттік мөр болмаған. Екінші... Әуелі алғашқы түйінімізді тарқатып
алайық.
Ақиқат деректерге қарағанда, ұлы империяны негіздеуші Шыңғыс ханның
атаулы, мемлекеттік мөрі болған. Бұл тарапта қағазға түскен ежелгі аңыз да,
ескілікті тарихи жазба куәлік те бар.
“Алтын топшы” арқылы жеткен әпсана айтады. Болашақ Шыңғыс хан –
Темужін туғаннан соң жеті күн өткенде, теңіз ортасындағы аралда әлдебір
қоңыр құс пайда болады. Күн шығып, көтеріліп, оң жаққа жеткенде, яғни
талма түс шағында әлгі құс шомбал қара тастың үстіне қонақтап, құбылтып
сайрай бастайды. Осы жағдай үш күн қатарынан қайталаныпты. Ақыры
Есугей-бахадұр: “Бұл – тегін емес, әлденендей нысаналы құс!” – деп танып,
ол қонақтаған қара тасқа барады. Барып, көреді де, шағып қақ айырады.
Тастың жарығынан алтын мөр жарқ етіп шығып, аспанға ұшып кетеді. Ал тас
өзінен өзі бітігіпті. Есугей екінші мәрте жарады – енді күміс мөр серпіле
шығып, теңізге барып құлайды. Қайтадан тұтасқан тасты үшінші рет
жарғанда, ішінен қас, яғни яшмадан ойылған мөр шығады және Есугейдің
қолына жұғыса кетеді. Қасиетті нышан, әрі жаңа туған сәбидің өзгеше
талайына балап, қас-мөрді үйге алып келіп, шырағдан тұтатып, әспеттеп
сақтаған екен. Шыңғыс ханның мөрі осылайша, ғайыптан жаралыпты. (Көкке
ұшқан және теңізге түскен мөр – болашақ жиһангер аспан асты, теңіз
шегіндегі жер-әлемнің әміршісі болады деген тұспалға меңзесе керек.)
Әлбетте, аңыз. Сөз арқауы – мөрдің нақты болуы және қасиетті, құдіретті
саналуы.
Саған Сэцэн қалыптаған “ Эрдениин тобчы” кітабында мөрге қатысты
әпсананың аз-маз жаңартылып, нақтыланған нұсқасы берілген. Шыңғыс хан
таққа отырған соң, орданың есігінің алдында жатқан қара тас қақ айрылады
да, ішінен аумағы бір тұтам қас-мөр атқып шығады. Бетінде бедерлі жазуы
бар екен.
Бұл ретте де таңғажайып оқиғаның түп негізі – Шыңғыс ханның өзіндік,
атаулы мөрі болды деген мағлұматқа саяды.
Мөр турасындағы тарихи сыпатты жазба дерек – “Юань ши” арқылы жеткен.
Шыңғыс хан Найман ұлысын талқандағаннан соң, көп ұзамай, Таян ханның
Тататұңға деген ұлығы қолға үседі. Тамғашы (мөрдар) екен. Осы, қашқанда
өзімен бірге ала кеткен мөрін көрген Шыңғыс хан: “Бұл не?” – деп сұрапты.
Тататұңға (Дада Тоңға – Тоңға атай) бұл таңбалы нәрсенің қандай мақсатта
қолданылатынын айтады. Мемлекет істерінде айғақты куәлік үшін, дейді.
“Ұлысың қирады, ханың өлді, қалған жұрт түгел маған қосылды, сенікі не?!” –
дейді Шыңғыс хан. “Хан тақсырымның өзі сеніп тапсырған дүние, жоғалтпай
сақтап қалу – менің парызым”, – депті Тататұңға. Шыңғыс хан мұндай
адалдыққа риза болып, Тататұңғаны өзінің қызметіне алыпты және сол
үлгімен өзіне де мемлекеттік мөр жасатыпты...
Тататұңғаның Шыңғыс хан қызметінде болуы анық, найман мөрінің қолға
түсуі де рас болса керек, әйткенмен, Шыңғыс ханның бұдан бұрында мөр
дегеннің не екенін білмеуі қисынсыз.
Темужін өзінің әкесі Есугейдің айрылмас андасы (шын мәнісінде әмірші
сюзерені) Оң ханды бала кезінен-ақ жақсы таныған. Л.Викторова: “Темужін
мен оның болашақ бақталасы Жамұқа екеуі керей Оң ханның сарайында
тәрбие алғаны белгілі”, – деп жазады, өкінішке қарай, тиесілі дерек көзін
нақтыламаған. Қайткенде де Шыңғыс хан өзінің билік жолындағы күресін Оң
ханның көлеңкесінде, Оң ханның жан-жақты қолдау, көмегімен бастағаны
мәлім. Бұл кезде қият руы, тағы басқа да туыстас ру-тайпалармен бірге Керей
хандығының боданы. Татан өлкесінің орталық бөлігіне өкім жүргізіп отырған
Оң ханның салтанатты Ордасы батыста Қара-қытай, түстікте Таңғұт
патшалықтарымен, ал шығыста құдіретті Шүржен империясымен алыс-
берісті болады, оның ішінде керуен тарту, сауда-саттықпен қатар,
дипломатиялық қатынас, елшілік алмасу да үздіксіз жүріп жатқан. Ал Найман
ұлысында болған мемлекеттік мөр онымен иықтас, қатарлас Керей ұлысында
болмады деп айту қиын. Басқаны былай қойғанда, шартты түрде, сырттай
бодан саналған Керей хандығына Шүржен императоры арнайы мөр жіберуге
тиіс еді. Бұл – сонау Ғұн, кейінгі Түрік заманынан қалыптасқан рәсім болатын.
Керек десеңіз, Татарға қарсы 1196 жылғы үш жақты – Шүржен–Керей–Қият
жорығы нәтижесінде “жүйдхури” – шекаралық әскербасы әмір мәртебесі
берілген Шыңғыс ханның өзі де мөр, немесе мөрмен бекітілген куәлік атуға
тиіс-ті.
Әлбетте, Шыңғыс ханның құрғаны – жаңа патшалық. Жаңа патшалықта жаңа
мөр жасалған. Лубсан Данзан мен Саған Сэцэн тіркеген, түп тамыры туыс
әпсана мен “Юань ши” таңбалаған, зады, ол да әуелгі бір ауызекі әңгімеден
шыққан, бірақ негізі айқын екі тарап сөздің ортақ өзегі осы, түйінді ақпаратқа
тіреледі.
Тек сол ғана емес. Темужін Шыңғыс есімімен хан көтерілген, империялық
билікке жеткен және әр тараптағы жорықтарға аттанған кездегі тарихи
жазбаларда, әрқилы жағдайға байланысты, тиесілі мөр-тамға басылған
жарлық, нұсқаулар аталады.
Мәселен, атақты дао сопысы Чаң Чунь Сартауыл жорығында жүрген ұлы
қағанның алдынан қайтарда, өзі ұстанған тариқат жолына көптеген жеңілдік,
айрықша қамқорлық жарияланған құжат – Шыңғыс ханның мүбәрак мөрі
басылып бекітілген жарлық-нама алады.
Соның алдында, Қытай тарабында ұлыс-бегі болып қалған жалайыр Мұқалыноян да мөр басылған жарлықпен бекиді және тоғыз құйрықты ақ тумен
қатар, қолбасының өзіне де атаулы алтын мөр беріледі.
Сартауыл соғысында, қашқын хорезмшахты қудалап шыққан Жебе-ноян мен
Сүбітай-бахадұр қару көтермей бағынған қалаларға зәбір жасамайды, ал
қарсылық танытқан жұртты аяусыз қырып-жойып отырады.Осы ретте Жебеноян өз еркімен ғұзырға келген Нишапур қаласының өкілдеріне бодандық
тәртіп туралы насихат айтып, Шыңғыс ханның тиесілі жарлығының
көшірмесін тапсырады hәм ұйғыр бітігімен жазылып, ал тамғалы мөрмен
бекітілген жарылқау-хат береді. Мұндай, жергілікті тұрғындардың бейбіт
жағдайы мен қауіпсіздігіне кепіл куәліктер, әрине, жалғыз Нишапурмен
шектелмеген. Бүткіл Хорезм, Хорасан, Ауған және басқа тараптағы, өз
еркімен, қару көтермей бағынған шаhарлар мен уәлаят атаулының барлығы
да мөр басылған сенім-хат, араша-жарлықтар алуы – қалыпты жағдай
болған. Бодандыққа кірді, енді өз жұртымыз, ешкім мазаламасын деген
мемлекеттік құжат. Осындай қалалардың бірін қайта шапқан белгілі қолбасы,
Шыңғыс ханның өзінің күйеу баласы Тоғышар-ноянның қандай жазаға
тартылғаны тарихтан белгілі...
Шыңғыс ханнан соңғы, Өкетай қағанның мөріне қатысты деректер нақтырақ.
Пэн Да-я мен Сюй Тин жазбаларында сақталған. “Татар мемлекетінде
мұсылман жұрттарына қатысты құжаттар ұйғыр жазуымен таңбаланады, бұл
жағын Шыңқай басқарады; ал құлаған мемлекеттер орнындағы Солтүстік
Қытай, Қидан, Шүржен бағдарында тек қана қытай иероглифтері
қолданылады, бұл тарап – осы құжаттарды бекітетін Елүй Чуцайдың
билігінде”, – дей келе, мемлекеттік мөр-тамғаға арнайы тоқталады.
“Олардың мөрі “Жарлықты әйгілейтін императорлық мөр” деп аталады,
бетінде тиесілі жазуы бар”, – депті. Мөр бітімі төрткіл (квадрат) кейіпті екенін
айтқан.
Сөз басына қайтып оралсақ, Шыңғыс хан империясында Күйік қағанға дейін
де мемлекеттік мөр болған және ол жан-жақты, әрі кеңінен қолданылған.
Енді манағы, іркіп қалған, екінші түйткілге тоқталайық. Таққа отырған әрбір
жаңа әмірші өзіне жаңа мөр жасатады екен. Күйік те сол жорамен орыс
Космаға өзіндік қана мөр-тамға ойдырыпты.
Белгілі моңғолтанушы ғалым Н.Шастина мұндай жораны талассыз ақиқат
санайды. Осы бір орайда, моңғол шежірелері турасында арнайы еңбек
жазған Б.Базарова шамалы күмән айтқан еді. Сірә, хан көтеру рәсімі
қарсаңында Косманың мөрі дайын болмай қалып, мәртебелі жолдамаға
бұрнағы, Өкетай ханның мөрі басылса керек деп. Алайда, үшінші бір,
шынында да зерделі зерттеуші А.Юрченко өткендегі Н.Шастинаның пікірін
қостайды. Күйіктің мөрі екені анық, орыс шебері Косма уақытында жасап
үлгерген, дейді, бұған нақты дәлел ретінде аталмыш жарлық-хат салтанатты
рәсімнен екі ай кейін жазылғанын алға тартады. Шындығында, бізге жеткен –
Өкетайдың мөрі болуға мүмкін деген Б.Базарованың өзі әр қағанның
тұсында жаңа рәміз жасалуын теріске шығарып отырған жоқ.
Қайткенде де, астамшыл сана жетегіндегі Ресейдің білгір оқымыстылары жау
жатағындағы басыбайлы тұтқын орыс Косманың империялық мөрді
қалыптауын үлкен дәреже көретіні байқалады. Ал Косма тағдыры – шетін
оқиға емес. Айттық, түрлі жағдаймен ұлыс ішіне енген, сан-сапалақ ұлттан
шыққан, әрқилы шеберлер көп болған. Соның бірі – Өкетай қағанның алтын
сарайын безендірген hәм ғажайып бұрқақ – түбіне төрт күміс арыстын
орнатылып, бір шүмегінен су, екінші шүмегінен бал шарап, ал үшінші
шүмегінен қымыз атқылап тұратын, әшекейлі, әсем, өзгеше өнер туындысын
жасап шыққан әмбебап француз маманы Гильом Буше жөнінде Рубрук
жазған. Дәл сондай болмағанымен, қажетті қол өнері, болатшы, зергер,
басқадай да кәсіп иелері ондап емес, жүздеп, тіпті, мыңдап саналған.
Ғұзырлы ұлық Шыңқайдың, әрине, Шыңғыс хан жарлығымен, кіріптар
мамандарға арнап, ұста дүкендері, тиесілі шеберханаларымен, тұрақжайымен қоса, тұтас бір қала салғаны мәлім.
Ал жоғарыдағы, Н.Шастина бастап, Б.Базарова мүлде теріске шығармай,
ақыр түбінде А.Юрченко нығарлап бекітіп отырған Күйік–Косма нұсқасы
Шыңғыс хан империясының мемлекеттік рәміздері туралы таным-түсінікті
мүлде басқа бір тарапқа жетелейді.
Яғни, Еке Ұлыста бұған дейін атаулы мөр болмаған, немесе, әрбір қағанның
тұсында жаңа рәміз жасалып отырған...
Ешқандай қисынсыз долбар. Жаңа қаған – жаңа әулеттің басы емес. Ұлыс –
осының алдындағы мемлекеттің тікелей жалғасы. Теория жүзінде солай.
Өмірлік болмыс та осы тұрғыдан табылуға тиіс. Енді нақты деректерге
жүгінейік.
Күйіктен соң, Мөңкеден кейін, миләди 1260 жылы, алас-күлес, айырық
заманда Қарақорымда қаған көтерілген Арық-Бұқа өзінің билігінің,
ғұзырының ең басты белгісі ретінде ең алдымен, қас тасынан ойылған
мемлекеттік мөрге ие болады. Ілкіде ғана, Қытай шегіндегі қалың әскерге
сүйенген Құбылай өзін қаған жариялаған. Орталық Азияның саяси картасын
өзгерткен, ақыр түбінде ежелгі хән жұртын ұшпаққа шығарған топалаң
қырғын – ағайын арасындағы Азамат соғысы басталсын. 1264 жылы түбегейлі
жеңіске жеткен Құбылай, ұлы қаған мәртебесінен бас тартқан Арық-Бұқадан
ең алдымен мемлекеттік мөрдің өзіне тапсырылуын талап етеді. Рәшид-әдДиннің айтуынша, Құбылай жіберген арнайы жаушы, әлбетте, жалғыз емес,
қаншама әскермен келген тағы бір бауыр, Мөңкенің ұлы Үргүнташ мүбәрак
мөрді Арық-Бұқадан өз қолымен алып, енді біржола нығайған Құбылай ханға
әкеліп тапсырады. Жарым Қытайды билеп отырған, енді Ұлы Даланы
толайымен баураған Құбылай өзіне арнап, жаңа мөр жасатуды қажет
таппаған. Өйткені, бүткіл-империялық таққа заңды түрде, біржола беку үшін
алдымен ежелгі мөрді иелену шарт. “Әкеден қалған мөр” деп айғақтайды
Рәшид-әд-Дин. “Ағадан қалған” емес. “Әкеден қалған”. Яғни, Мөңкеден
бұрынғы мөр. Мүмкін, “атадан қалған” деп оқу керек шығар, әдетте, қай
тілде де мағнасы үйлес.
Арада жүз жыл өткенде Құбылай негіздеген қытайлық Юань әулеті құлады.
1368 жылы, ел ішін жайлаған бұлғақ нәтижесінде, ең соңғы император ТоғанТемір ғұзырындағы қырық түмен әскердің небәрі алты түменімен ғана,
Пекиннен қашып шығады. Мал-мүлік, алтын-қазынаға қарауға мұршасы
келмеген. Тек қатын-баласымен ғана. Және, ең бастысы – “жеңіне жасырған”
мемлекеттік мөрімен.
“Жасыл жазира Шара мен көркем Шанду – қан жайлау, кең даламнан
айрылдым! Данагөй қаған (Құбылай, – М.М.) салғызған сәулетті Дайду –
астанамнан айрылдым! Хан-Тәңірінің ұлы Шыңғыс хан ұйыстырған елжұртымнан айрылдым! Эдзен ханның (“құдіретті әмірші”, яғни Шыңғыс
ханның, – М.М.) қас-мөрін жеңіме тығып алып шықтым!..” – деп зар шегеді
Тоған-Темір ежелгі жырда («Шара туджи”). Бәрін тастаса да, мөр-тамғадан
айрылмас еді. Билік белгісі болудан қалса да, кісілік қасиет, хандық намыс
белгісі. Аталар аруағы алдандағы парыз.
Тоған-Темір арада екі жыл өтпей, құсадан өлген. Ал мөр... енді ежелгі Татан
Даласының шегінде қалған көшпенді жаңа жұртта, атадан балаға өте келе,
біртұтас Моңғол ұлысының ең соңғы патшасы Даян ханға (1470–1543) жетеді.
Одан соң Даянның жекелеген аймақ-ауданды ғана басқарған ұрпақтарына,
кезек, ретімен. Қайткенде де, қолында қас-мөрі бар хан қалған барлық
ханнан жоғары саналған. Заманнан заман өткенде, бабалардан мирас
мүбәрак мөр Ішкі Моңғолдағы Шақар аймағының әмірі Лигден ханның (1604
– 1634) қолына тиеді. Қастерлі мөр иесі шартты түрде, Түстіктегі бытыраңқы,
шағын-шәрке қырық тоғыз аймақ ішіндегі үлкені саналған. Мөрдің күшіне,
өзінің ақиқат ісіне сенген Лигден бүкіл моңғол қауымын қайтадан біріктіру
үшін күрескені, ақыры сыртқы тепкін – жаңадан көтеріліп келе жатқан дүлей
күш – мәнжүрлермен соғыста қирап жеңіліп, әлде күйіктен, әлде у ішіп,
мезгілінен бұрын қазаға ұшырағаны мәлім.
Бірақ қас-мөрдің тарихы осымен бітпепті. Лигден ханға қол ұшын бермеген,
керісінше, оған қарсы күрескен бүкіл Түстік Моңғол – қалған қырық сегіз
аймақтың басшылары Мәнжүр патшасы Абахайдың ғұзырына жығылады,
оның бүкіл Моңғол ханы болуын сұрайды. Әлбетте, түпкі мақсаты – Қытай
империясын жаулауға кіріскен айбынды Абахайдың тілегені де сол,
әйткенмен, төтенше талап қойыпты. “Бүкіл Моңғол ханы” атануы үшін
Лигден ханның қолында болған “Шыңғыс ханның мөрін” иеленуі керек екен.
Абахай 1635 жылы, ілкіде ғана дүниеден озған Лигденнің мұрагер ұлы Ежеге
қарсы он мыңдық жасақ аттандырыпты. Алайда, жорық бейбіт аяқталады.
Еженің мәнжүр табындағы белгілі әулеттен шыққан анасы мөрді өз еркімен
беруге, сөйтіп, өмірін ғана емес, тиесілі аймақтағы билігін де сақтап қалуға
көндіріпті. Қолбасы Догон әзірде Мукденде отырған Абахайға “Юань
императорларының ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мүбәрак мөрін”
патша сарайындағы атаулы, айрықша салтанат үстінде тапсырған көрінеді.
Абахай қас тасынан ойылған ежелгі мөрді өзіне Аспан-көктің арнайы сияпаты
ретінде қабыл алады. Шыңғыс хан–Юань әулетінің мәртебелі мөрі, қалыпты
жора бойынша, енді бүкіл Қытай жұртына билік құруға өкілет береді деген
ресми байлам жасалады. Шынында да, келесі, 1636 жылы Абахай өзін қытай
рәсімімен хуанди – яғни император деп жариялайды, ал Мәнжүр ұлысын –
ежелгі Шүржен мемлекетінің (1115–1234) мұрагер жалғасы ретінде әйгілеп,
көп ұзамай-ақ, жорықты жеңістерден соң Пекинді алады, сөйтіп, Шыңғыс хан
текті Юань әулетінен соң билікке жеткен Миң әулетін тақтан тайдырып, бүкіл
Қытай патшалығын ғұзырына қаратады (1644). Жауынгер Мәнжүр ханы
Нұрхаци көтеріп, оның ұлы Абахай негіздеген Цин әулеті өте ұзақ заман –
1912 жылға дейін тежеусіз өкім құрды және бес мың жылдық Қытай
тарихындағы атақтылардың бірі hәм ең соңғы патшалық династия болды.
Шыңғыс хан–Құбылайдың тікелей ұрпағы Лигден ханнан қаhарлы мәнжүр
Абахайға жеткен қастерлі мөрдің бізге белгілі таңбасы мен сыпаттамасы
біршама тосын. Ежелгі дәстүр бойынша, қас (яшма, әлде нефрит) тасынан
ойылған, әйткенмен тиесілі жазу – ескілікті қытай иероглифтерімен және
қытай тілінде hәм иірілген айдаһар суреті бедерленіпті; мәтін қысқа әрі
нақты: “Жарлықтарды айғақтайтын хуанди мөрі”. Шыңғыс ханның мөрі атала
тұрса да, Қытай–Юань императорларының рәмізі.
Басқаша болуы мүмкін де емес. Құбылай әуелде Еке Моғұл ұлысының
қағаны атанғанымен, көп замай-ақ Қытай патшасына айналды. Іле-шала,
ордалы жұртта қаған көтерілген Арық-Бұқамен тақ таласында негізінен
қисапсыз қытай әскеріне арқа сүйеді және бұдан арғы, өз халқы – көшпенді
қауымға қарсы аяусыз соғыстарда түрік текті тайпаларды неше мың жылдық
ата мекені – Ұлы Даладан біржола ығыстырып, ежелгі қонысты қу медиенге
айналдырып, өзінің жаңа отанының сән-салтанат, күш-қуатына қызмет етті.
1271 жылы Қытай мемлекетіндегі жаңа династия – Юань әулетін жарияласа,
1279 жылы Ши-цзун деген патшалық жаңа есім алып, хуанди мәртебесімен,
шын мәнісіндегі Қытай императорына айналды. Билеуші тап бұрынғыша
Шыңғыс хан нәсілі болғанымен де, ендігі жерде мемлекет те, оның ішкі,
сыртқы сыпаты, мақсат-мұраты да мүлде өзгерді. Іргелес далалық аймақтың
өзі шетте қалып, қытай негізді жаңа бір патшалық қалыптасты. Соған орай
мемлекеттік мөр де жаңарғанын көреміз. Бәлкім, Құбылай қытайы мансап
алған 1279 жылы. Бәлкім, одан кейін, мұрагер императорлардың бірінің
тұсында. Ескілікті мөрдің дабылы ғана қалған. Абырой, мәртебе және
дәстүрлі жалғастық үшін. Соған орай жаңа, империялық тамға-рәміз де
“Шыңғыс ханның мөрі” атанады...
Құбылай қағанның билігін біржола заңдастырған әуелгі мөр-тамғаға қайтып
оралайық.
Нақты, тарихқа түскен дерегі – Құбылай Арық-Бұқадан алды, Арық-Бұқа –
туған ағасы Мөңкеден мұра қылды. Бәрі бір-ақ мөр.
Осы, соңғы үш сатыға ортақ жалғастыққа қарағанда, Мөңкенің өз кезінде
жаңа мөр жасатуы қисынға келмейді. Демек, Күйік қағаннан қалған мөр.
Яғни, Ватикан мұрағатында сақталған нұсқа.
Ал бұл мөр... жаңадан жасалыпты-мыс деген деректі айттық. Карпини мөр
бетіндегі мәтінді және келтірген. Латынша түпнұсқадан А.Малеиннің орысша
аудармасы бойынша: «Бог на небе и Куюк хан над землею храбрость Божия.
Печать императора всех людей». Қаз-қалпында қотарсақ, былай болар еді:
“Көкте құдай hәм жерде құдайдың қаhары Күйік хан. Барлық адамдардың
императорының мөрі”. Нақтылай түссек: “Көктегі тәңірінің жердегі құдіреті
Күйік хан. Әлемдегі адамзат әмірінің мөрі”. Немесе: “...Барша жұрт әмірінің
мөрі”.
Карпини аталмыш мөрді өз көзіммен көрдім дейді және мөр бетіндегі жазу
мәнісін де өз құлағымен, осы мөрді жасаған Космадан ауызба-ауыз естіген.
Бәрі жөн. Жалғыз-ақ күмәнді жағдай – Карпини өз қолымен Иннокентий ІҮ
папаға әкеліп тапсырған жарлық-нама бетіндегі мөр таңбасында... Күйіктің
аты жоқ. Және тиесілі мәтіннің құрамы да мүлде өзгеше.
Демек, Косманың бедерлеп ойғаны – басқа бір мөр. Ең үлкен, ұлыстық,
мемлекеттік емес, бәлкім, күнделікті жұмыстағы. Ал шет жұрттармен, алыс
аймақпен дипломатиялық қатынас орайында қолданылған мөр үлгісі – Рим
папасына жолданған әйгілі жарлық-нама арқылы біздің заманымызға жетті.
2
Ғылымда Шыңғыс хан және оған жалғас дәуірге тиесілі, ішкілікті, екінші,
үшінші дәрежедегі белгі, нысандардың әлденеше үлгісі мағлұм.
Санамалап айтайық.
“Алтын барыс”. – Сірә, ежелгі сақтың “аң бедері” кейіптес, айқаса қаржысқан
қос барыстың бейнесі салынған алтын нысан. Ең үлкен мәртебелі ұлықтар
мен елшілер үшін. Бетінде иесінің ғұзырын куәландырған жазуы бар. Қытай
деректері сол заманда “Алтын барыс” Шыңғыс ханның сенімді серігі, Өкетай
қаған тұсындағы ұлыс-бегі керей Шыңқай қатарлы оншақты кісіге ғана
берілді деп жазады.
“Алтын тамға”. “Күміс тамға”. – Көлемі мен бітімі “Алтын барыспен” бірдей,
әйткенмен келесі сатыдағы мәртебені айғақтайды. Екпетінде ешқандай сурет
жоқ, тек тиесілі жазу ғана. Әуелде ұйғыр-түрік бітігі, кейінде қытай
иероглифтері қабаттасқан. Бұл алтын, күміс белгілердің екінші бір атауы –
“Жалпақ алтын мөр”, “Жалпақ күміс мөр”.
“Алтын сұңқар”. – Бұл да құрметті нысан; тиісінше үш дәрежеде: алтын, күміс
және теміртек мөр-таңба.
“Дөңгелек тамға”. – Алтынды, күмісті, hәм ағаштан ойылған.
Және ылау, көлік қатынасына құқық куәлігі есепті “Жапырақ тамға” – арнайы
белгі соғылған бір жапырақ қағаз.
Мөр, нысандардың кейінге беймағлұм басқа да түрлері болуы ғажап емес.
(Бұл арада біз Құбылай дәуіріне дейінгі нысандарға ғана тоқталдық.)
Сонымен қатар, империя біржола орнығып, ұлыс ішіндегі, әсіресе қала
тұрғындары арасындағы қатынас сыпаты өзгере бастаған кезде, жекелеген
тұлға – кәсіпкерлер, саудагерлер мен мал-мүлік иелері арасында меншікті
мөр жасату ісі кеңінен тараған. Осындай жекеше таңба-мөрдің өзіндік үш
қалыбы Құбылай қиратқан Қарақорым қазбаларынан табылыпты. Бұлардың
біреуі – сүйектен ойылған екен. Табаны 3 те 1 см, балдағы 3 см, бекітіп
басарда қолға ұстайтын тұсы жіңішкертіп жонылған hәм бау ілетін дөңгелек
тесігі бар. Енді біреуі – ағаштан кертілген. Табаны 3,2 де 2,1 см, ал 2,7 см
балдағы тұғыр үстінде жатқан қабылан кейпінде бедерленіпті. Бізге суреті
мен дерегі мағлұм осы екі мөрдің де екпетінде шағын жазба бар, әлбетте,
мөр иелерінің есім-сойын куәландырса керек.
Мұндай таңбалардың жоғарыдан төменге жетіп, жаппай қолданысқа енуі –
Шыңғыс хан және оған жалғас Өкетай–Күйік–Мөңке заманында рәсімді мөр
hәм оны жасау ісі үйреншікті жағдай болғанын көрсетеді.
Ілкіде аталмыш, айрықша маңызды, ұлыстық мәні бар белгі, нысандардың ең
бастылары – “Алтын барыс” пен “Алтын лашын” қазірде мүлде жоғалған, ал
күнделікті “Қағаз жапырақ” жайы онсыз да белгілі. Әйткенмен, ежелгі
таңбалы нысан, бедерлі мөр үлгілері мүлде жойылып кетпепті. Әрқилы
жағдайда, көбіне кездейсоқтан табылған белгі, таңбалардың қалыпты
нұсқасы әлемнің әр тарабындағы музейлерде сақталып тұр. Әлбетте, жиын
саны онға толмайды. Көпшілігі айырық кезең – Мөңке ханнан соңғы заманға
тиесілі. Біз әуелгі, ескі рәміз үлгілеріне тоқталайық.
Бірінші. “Шыңғыс ханның жарлығы” аталатын, пайза кейіпті, үстіңгі жағында
ілгек тесігі бар, бұрыштары доғал, ұзыншақ нысан. Заты жез. Сурет-бедерсіз.
Алтын жалатылған қысқаша мәтін қидан және қытай тілдерінде. Шыңғыс хан
алғаш рет Шүрженге аттанған бұлағай заманда, 1211, 1212 жылдар шамасы,
Елүй Лиуке туын көтерген, келте ғұмырлы Кіші Қидан ұлысына жіберілген
елшілер үшін жасалыпты. Бүгінде Жапония, Киото университетінің музейінде
тұрған көрінеді.
Екінші. “Билікті ханшаның мөрі”. Шыңғыс ханның сүйікті қыздарының бірі, ақ
татар оңғыт тайпасының әміріне ұзатылған Алағай-бикенің ғұзырлы тамғасы.
Сары жезден жасалған, төрткіл, аумағы 10 да 10 см. Қақ ортасында өшуге
айналған екі қаріп, ұйғыр-түрік жазуымен, Ішкі Моңғол оқымыстысы
Я.Иринчин: “Хас-бұу” – “Қас-тамға” деп шамалайды; ал жиектей, төрт жақтан
көмкерілген ескілікті он төрт иероглиф мәтінді қытай ғалымы Дин Шиувэй
Жун: “Ел басқарған hәм Дарияның терістік бетінде жарлық қылуға өкілетті
ханшаның мөрі”, – деп оқыпты. Бұл арада мөр иесінің есімі аталмаса да,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 23
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480