Latin

Шыңғысхан - 02

Total number of words is 3839
Total number of unique words is 1885
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түрік жұртының жинақты атауы. Үлкен ұлыстың тайпалық құрамы аса күрделі
болғаны көрінеді. Қытайдың «Цзинь шу» шежіресінде Ұлы Қорғанмен іргелес
қоныстанған он тоғыз рудың аты аталады. Туге, сяньчжи, коутоу, удань,
ханьчжи, хэйлан, чиша, юби, доутун... Әрине, қытай тілінің ыңғайымен
таңбаланған. Өзіндік атауын нақты ажыратып тану қиын. Десе де, кейінгі
қытай тарихшылары осы қатардағы хэйлан (басқа бір оқылым, деректерде
хэлай, хэлянь, цюйлян) – ежелгі керей тайпасы деп біледі. Бұл хэлянь кейінгі
Ғұн тарихында Ордос өлкесіндегі туыстас тайпаларды ұйыстырушы, Солтүстік
Қытайға қарсы күрескер ретінде үлкен атаққа шыққан. Түрік халықтарының
ру-тайпалық этногенезін зерттеген Н.Аристов Ғұн империясының кейінгі бір
бөлшегі, қытайлар Юебань деп атаған ұлыстың құрамында туыстас дулат
(дулу), албан, суан (субан) руларының болғанын айғақтайды. Бұл екі жағдай
тек қана орайымен таңбаға түсіп қалған деректер.
Біртұтас Ғұн ұлысының тарихтан аты мағлұм алғашқы әміршісі Томан (м.д.
209 ж. өлген) түстікке Қытай патшалықтарымен, қалған үш тарапта тегі бөтен
әрқилы тайпалармен сәтті-сәтсіз соғыстар өткереді. Бірақ елдің туы
жығылмаған. Ғұн қауымының алып империяға айналып, атақ-даңққа жетуі –
Томанның ұлы Мөденің заманында (м.д. 209–174).
Мөде ғұн жұртының бұған дейін қалыптасқан әскери құрылымын одан
әрмен жетілдіріп, қатаң тәртіп орнатып, елді бірыңғай соғыс жағдайына
көшіреді. Әуелгі кезекте шығыстағы моңғол текті, бұл кезде кемеліне келіп
тұрған Дунху ұлысын талқандап, біржола ыдыратады. Содан соң батыс
қапталдағы, ол да айрықша қуатты, ілкіде ғана өктем болған, тіпті, ғұн
патшасынан аманат алып тұрған, тәрізі иран текті Юечжи (Арси) ұлысына
шұғыл әрі екпінді шапқын жасап, қырғынға ұшыратады, қалған жұртын
Тарбағатайдан асыра қуып тастайды. Келесі кезектегі солтүстік жорығында
Саян-Алтай алқабын, Байкөл (Байқал) төңірегін, Амурдың басы, Арғұн
атырабын ғұзырына келтіріпті. Ең ақырында түстіктегі Қытай – Хән
империясына қарсы зор майдан ашады. Еженхан Гао-ди бастап шыққан
қалың қолды ойсырата жеңіп, әскери және дипломатиялық үлкен ұтысқа
шығады. Бұдан соңғы жерде Ғұн ұлысы тепе-тең дәрежелі, іргелі ел ретінде
мойындалады. Неше мың жылдық Қытай тарихында бұрын-соңды болмаған
жағдай. Теңдік – сөз жүзіндегі рәсім. Шын мәнісінде Хән империясы Ғұн
ұлысына жыл сайын «сыйлық, тәбәрік» ретінде қыруар алым-салық төлеп
тұруға міндет алыпты. Ең бастысы – бұдан оншақты жыл бұрын қолдан
шыққан Ордос ежелгі иесіне қайтып оралған екен.
Қорғаныс ұрыстарынан басталып, жаулау жорықтарына ұласқан сегіз
жылдық тынымсыз майданнан соң Ғұн ұлысы Еуразия шегіндегі ең алып, ең
қуатты мемлекетке айналады. Хиңган тауларынан Қара Ертіс, Зайсан, Еренқабырға – Тянь-Шаньға дейін, Ордос, Ұлы Қорғаннан Саян, Байқал,
Барғужын-Тоқымға дейінгі ұлан-байтақ қонысты баураған алып империя
туыстас түрік тайпаларын бір ту астына ұйыстырумен қатар, шаруашылығы,
тіршілік кебі үйлес тағы қаншама жұртты біріктіреді, кейін заманнан заман
озған ұзақ шеру үстінде бұлардың біразы билеуші нәсіл орайымен ғұн
халқының құрамына сіңісіп кетеді. Ғұн тарихын арнайы зерттеген Н.Гумилев
және Н.Крадин Ұлы Даладағы көшпенділердің жиынтық қарасын 1,5
миллион шамасында болған деп есептейді, ал бұл кездегі қытай халқының
нақты саны 60 миллион екен, яғни ғұндардан қырық есе көп деген сөз.
Ғұн империясының Ұлы Дала, Шығыс Азия шегіндегі толассыз басымдық
жағдайы Мөденің ұлы Лаушан (м.д. 174–161), немересі Гүншен (м.д. 161–
126) тұсында одан әрі жалғасып, тұтас бір ғасырға созылады. Ақыры, Хән
императоры У-дидің тұсында, м.д. 129 жылы Қытай қарсы шабуылға
шығыпты. Қаншама заманғы тайталас көршілік, тынымсыз соғыстар
нәтижесінде ғұндардың әскери әдіс-тәсілдерін аңдап-танумен қатар,
олардың соғыс жарақтарын, тіпті, шабандоздық өнері мен атты ұрысқа
қолайлы киім үлгісіне дейін алмасқан, әрі саны мол, қарақұрым қытай
жасағы әуелде әжептәуір табысқа жетеді. Бірақ ақыр түбінде ғұндар
қайтадан басым түсіпті. М.д. 90 жылы ел ішіне бойлап енген қытайдың 100
мыңдық қалың қолы Қаңғай тауының бір тұсында Құлұғу шаңғұй бастаған 50
мыңдық ғұн жасағынан қирап жеңіледі. Кейінде ғаламат апатқа жоқтау жыр
арнаған ұлы ақын Ли Бо: “Бұл майдан даласынан аман шығып, елге жеткен
бір жан болмады”, – деп жазыпты. Аспанхақ империясы жуық арада
оңалмастай ауыр соққы алды. Орталық-Шығыс Азияда Ғұн салтанаты
қайтадан орнағандай көрінеді. Алайда, Мөде мен Лаушанның заманы өткен
екен. Ашық майданда тауаны шағылған, таңдама әскерінен түгел айрылып,
шарасыз қалыпқа түскен Қытай енді астыртын әрекетке көшеді. Көп ұзамайақ шырмауық өрмек саясатты тиесілі нәтижесін бере бастайды. Қытайдың
айтағы, қолдауымен, ежелден жаулас Ғұн ұлысына шар-тараптан шабуыл
жасаған көршілес жұрттар тауқыметіне қоса, елдің өз ішінде іріткі шығады
(м.д. 57–46). Билеуші әулет арасындағы таққа талас нәтижесінде империя
Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Бірақ тыныштық орнамаған.
Ұлыстың Шығыс тарабында билікке жеткен шаңғұй Батыс ұлысқа қарсы
күресте Қытайдан көмек сұрайды, төлеміне өзін Аспанхақ империясының
боданы деп мойындайды. Ақыры, туған жұртына қырғын орнатып, өкімін
бекітіпті. Ал жеңіліске ұшыраған батыс ғұндардың қалдығы қазіргі Қазақ
Даласына ығысады.
Уақытша «жеңіске жеткен» Шығыс ғұндардың болашағы бұдан да бұлдыр
болып шығады. Ендігі жерде саны да азайған, қуаты да кеміген кешегі
ұжымды жұрт жаңа дәуірдің 48 жылы Терістік және Түстік болып тағы да қақ
жарылады. Бағзыдан жаулас көршілер бір жақтан, Қытайдың қолдауына
сүйенген Түстік Ғұн екінші жақтан қысымға алған, ең қиыны – дәл осы кезде
қалың қар түсіп, мұз жауып, қақаған аязда бар малы қырылған, халқы
ашыққан, таршылыққа ұшыраған Терістік Ғұн ұлысы ақыр түбінде, 87 жылы
тәуелсіздігін біржола жоғалтыпты. Айбынды ғұнның табиғат апаты обыр жұт,
ойсыраған соғыстан соңғы жұқанасы, қайткенде де қалың ел – жүз мың
шаңырақ жеңімпаз жаңа ұлыс Сәнби қағанатының құрамына енеді. Ал ежелгі
жұрттың батыс тарап – Қара Ертіс алқабы, Алтай аясындағы біршама халқы
қазіргі Шығыс Қазақстан, Жетісуға ығысады. Одан әрі бұрнағы бір замандағы
батыс ғұндардың қалдығымен қосылса керек. Бұдан соң Тарбағатай мен
Арал теңізінің аралығы – кең даланы түгел баурайды. Уақыт оза келе, зады,
бүкіл ғұн емес, оның үлкен бір бөлігі Орал тауының етегі, Еділ-Жайыққа
орнығып, өсіп-өніп, іргеленіп, арада екі ғасыр өткенде жаңа бір, қуатты ұлыс
құрыпты. Тағы бір жүз жылдан соң, V ғасырда екі Рим, бүкіл Еуропаны
тітіреткен Аттила осы Ежелгі Ғұн әулетінен. Бар тарихы әлемге әйгі. Ғұн
жұртының осы заманда жасаған енді бір үлкен тобы – Византия деректерінде
ақ ғұн, немесе эфталит аталады. Парсы жазбаларында – һайателит, қытай
жылнамаларында – ие-тай. Эфталит атауы билеуші әулет есіміне (“эфта”,
“иета”) байланысты шықса керек. Бұл ақ ғұндар әуелде İле – Шу – Талас
алқабына орнығады да, іргеленіп, күш жинаған соң, V ғасырдың басында
бүкіл ордасымен түстікке қарай жылжып, Мәуреннахр, Хорасаннан көктей
өтіп, қазіргі Ауғанстан аймағын алады, Қабұл, Қандағарда ту тігіп, енді
Үндістан тарабына шабуылдайды, Пенджабты ғұзырына қаратады. Осы
байтақ өлкеге қанат жайған ақ ғұндардың екі жүз жылдық бүкіл тарихы
батыста – Парсы патшалығына, шығыста үндінің Гупта империясына қарсы
күрес үстінде өтіпті. Эфталит-ғұндарға қатысты тарихи деректер VII ғасырдың
орта түсына дейін мағлұмат береді. Кейінгі тағдыры нақты анықталмаған.
Ақыр түбі Үндістан тарабында сәтсіздіке ұшырапты, әлдеқалай аман қалған
бөлшектері жергілікті халықтар арасында жұтылып кетсе керек. Ал Ауғанстан
шегіндегі ақ ғұндар көп ұзамай-ақ Ұлы Түрік қағанатына селбесті деп
шамалауға болады.
Ғұн империясының ыдырау кезеңі – 90-жылдарда Алтай мен Жоңғардан
төңкерілген, үлкен топтан бөлініп қалған біршама жұрт, жиыны 200 мың жан,
«Балқаштың терістік беті» – қисынына қарағанда, Аягөз, Көксала, Бақанас
өзендерінің бойы, Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы тарабында дербес ұлыс
құрған екен. Қытайлар Юебань деп белгілеген бұл Кіші Ғұн ұлысы үш жүз
жыл бойы өзінің дербестігін сақтап тұрған. Сәнби өктемдігін мойындамайды,
Жужан жұртынан іргесін аулақ ұстайды, Солтүстік Қытаймен дипломатиялық
қатынас орнатады. Юебань-ғұн ұлысының ең соңғы дерегі V ғасырға
сәйкеседі – туыстас Теле бірлестігіне бағыныпты. Жалғас заманда Түрік
қағанатының құрамына қосылған. Тек Юебань ғана емес, ғұн тайпаларының
Сары-Арқа, Сыр, Арал бойындағы азды-көпті бөлшектері түгелімен. Өйткені,
бұлардың бәрі де түрік нәсілді, түрік тілді жұрт болатын.
Қытай империясының шартты, сырттай бодандығы емес, аралас, ішкі
бауырына кірген Түстік ғұндар тәуелсіз еркін өмірден біржола айрылған еді.
Бір парасы қытай қызметіндегі шекара әскеріне айналады. Бір парасы мал
бағып жан сақтайды. Ақыр түбінде саны кенеусіз, күші басым жат жұрт ішінде
іріп-тозып, тағы бір заманда өктем халық тарабынан ашық қырғынға ұшырап,
тарих бетінен біржола көшіпті. Бәлкім, азды-көпті кейбір бөлшектері
қайтадан сақараға өтіп, ондағы ағайындас жұртпен қосылған шығар.
Қайткенде де кейінгі шежірелерде нақты дерегі жоқ. Белгілі бір жағдай –
Түстік ғұндардың жекелеген жігерлі көсемдері бастаған кейбір топтары
бытыраңқы Қытайдың іргелес, ұсақ патшалықтарын басып алып, өкім
құрады, бірақ қытай үлгісімен Цянь Чжао, Хоу Чжао, Бэй Лянь, И Ся атанған
бұл шағын ұлыстардың ғұмыры да қысқа болады, тиісінше: 304–329, 318–
350, 397–439, 407–431 жылдар. Бұл тараптағы ғұн қауымының жұқанасы
түгелдей қытай халқының құрамында жұтылып кеткен.
3
Юечжи патшалығының ұйықты ордасы Ганьсу өлкесіне шектес солтүстікбатыс өңір – Нань-шань таулары және Соғо-нор, Эдзин-гол алабына, бәлкім,
Ектағ – түстік-шығыс Алтайға дейін кеңінен жайылған тағы бір әйгілі ұлыс
қытай тарихнамасында Усунь (Үйсін) атанатын. Бұрнағы жауынгер жун
тайпаларының бір бұтағы. Қуатты Юечжи ғұндардан жеңіліс тауып, батысқа
қарай төңкеріле көшкеннен соңғы жерде кезек Үйсін патшалығына келеді.
Тегі бір, туыстас ғұн өктемдігін мойындаған Үйсін де ығысып, ЕренҚабырғаны жағалай, Жоңғардан асып, Жетісу алқабына орнығады. Бұдан
соңғы кезеңде шығыс шекарасы Бешбалық-Тұрфанға тірелді деген дерек бар.
Ал батыста Талас өзеніне дейін жетеді. Түстікте Ыстықкөл атырабын
қамтыпты. Ғұндардан босқын тапқан, бағзыда күші басым, енді әлсіреген
Юечжи ұлысын түстік-батысқа қарай одан әрмен тықсырады. Әуелде
ғұндардан, одан соң үйсіндерден ұтылған Юечжи жұртының бір бөлігі
Ортаазиялық сақтарды жеңіп, Фарғана, Соғдиананы алып, ақыр түбінде
Бактрияны баурап, мұндағы, Александр Македонский заманында орныққан
гректер билігін құлатады және осы өңірдегі жаңа бір үлкен патшалық –
Құшан империясын негіздейді. Ал үйсіндер Жетісуда қала берген.
Миләдиге дейінгі 115 жылы Іле алқабына арнайы сапармен келген Қытай
елшісі Чжан Цянь бұл кезде қайтадан нығайған Үйсін ұлысы туралы біршама
дерек қалдырыпты. Патшасы гуньмо (гуньми) деп аталады. Өкімі зор.
Халқының жалпы саны 120 мың шаңырақ – алты жүз отыз мың жан екен.
Әскері мол, қуатты, күшті. Егіншілікпен айналыспайды, негізгі кәсібі – мал
шаруашылығы. Төрт түлік. Сонымен қатар есекте аталады. Жылқысы көп
екен. Ірі байларда 4-5 мыңға дейін жетіпті. Тұқымы жақсы, ірі, күшті, басы
үлкен, жал-құйрығы қаба. Соған орай үйсіннің атты әскері айрықша күш
алған. Жылқы басқа жұрттармен қатынас – сый-сияпат және айырбас сауда
орайында ең негізгі бір мүкәмал саналған. Үйсіндер алдарындағы малдың
ыңғайымен шөбі бітік, суы мол жерлерді жағалап, көшіп-қонып жүреді.
«Киізбен қапталған дөңгелек лашық», яғни киіз үйлерде тұрады. Үйсін
ұлысының құрамына ілкіде жеңіліп, ығысқан сақ, юечжи тайпаларының
кейбір тармақтары қосылып отыр. Бұрнада ғұндарға тәуелді болған үйсіндер
енді әбден күшейіп, тақау төңіректегі үстемдікке жетті, дейді Чжан Цянь.
Қытай елшісінің негізгі мақсаты – үйсіндерді Ғұн ұлысына қарсы соғысқа
киліктіру болатын. Бірақ үйсіндер аттап баспайды. Керісінше, ғұндарға арқа
сүйей отырып, батыстағы көршісі Қаңғұй ұлысын одан әрмен тықсырады.
Сонымен қатар, Қытаймен аралықта да біршама байланыс орнатыпты.
Қалыпты сый-сияпат өз алдына, Қытай Үйсін патшасына император әулетінен
қыз береді. Бірақ мұндай достық қатынастан біз ешқандай пайда таппадық,
деп көрсетеді қытай шежірелері. Десе де, Үйсін мен Қытай жалғастығына
сезікпен қараған Ғұн ұлысы м.д. 80-жылдарда арнайы әскер шығарып, елдің
бір бөлігін тікелей ғұзырына келтіреді. Бұл – Қытайдың Ғұн империясымен
күресте күш ала бастаған кезі болатын. Ақыры үйсіндер де Ғұн ұлысына
қарсы жаппай соғысқа араласыпты.
Ғұн өктемдігінен соңғы кезеңде Үйсін жұрты Қытай ықпалына түседі. Көп
ұзамай-ақ, Қытайдың епті саясаты және ел ішіндегі алауыздыққа байланысты
біртұтас Үйсін ұлысы екіге бөлінеді. Дүниеден өткен гуньмидің үлкен ұлы – 60
мың шаңыраққа, ал кіші ұлы – 40 мың шаңыраққа ие болыпты. Енді Қытай
Үйсіннің ішкі істеріне еркін араласады, әйткенмен, екіге жарылған Үйсін
әулетінің өзі император сарайы үшін көп машақат болды, тыныштық
орнамады, деп жазады қытай шежірелері. Қытай тарихнамасындағы Үйсін
ұлысына қатысты деректер бүгінгі жыл санатының V ғасырына дейін ұласады.
Заман қаншама өзгерсе де, үйсіндердің негізгі ордалы мекені – Жетісу болып
қала бергенін көреміз. Ұлыстың бұдан соңғы кезеңі – Ұлы Түрік қағанатына
жалғасқаны аңдалады. Ежелгі үйсін этнонимі заманнан заманға өтіп, біздің
дәуірге жетті. Кейінгі қазақтың Ұлы жүзінің жалпы атауы – Үйсін, сонымен
қатар, Ұлы жүз құрамында сары үйсін деген ру бар. Қайткенде де ежелгі
үйсін – түрік текті жұрт болғаны күмәнсіз.
Үйсіндердің батыс көршісі – қытай деректерінде Қаңғұй (Канцзюй, Кангюй)
деп аталатын Қаңғар ұлысы болды. Қаңғұй – ирандық «Авестада», үндінің
«Махабхаратасында» аталатын ежелгі қаңха, канки (кангха) жұртының
жалғасы болуғы мүмкін деп саналады. Қаңғу атауы бертіндегі Орхұн
жазуларында да ұшырасады. Қазақ тарихшыларының біразы қаңғұй – кейінгі
замандағы қаңлы деп біледі.
Қаңғар қонысы – Талас өзені, Қаратау, Сырдарияның орталық алқабы болған.
Түрік текті. Негізінен жартылай отырықшы, егінші жұрт, мал
шаруашылығымен де айналысқан. Екі заман шегінде халқының саны 600
мың, ал жарақты әскері 120 мың екен. Шығыста көбіне-көп үйсіндермен
соғыс жағдайында болған, батыс пен түстікте отырықшы жұрттармен сауда,
алыс-беріс қатынасқа бейіл берген. Ғұн империясының ыдырау кезеңінде
Үйсінге қарсы күресте Солтүстік ғұндарға арқа сүйеуге тырысады және елеулі
табысқа жетеді. Бірақ көп ұзамай, ғұндардың өзі Қытайдың жаңа шапқынына
ұшырайды һәм аймақтан ауа көшеді. Туыстас әрі бақас Қаңғар және Үйсін
ұлыстарының арасында бастапқы тепе-теңдік қайтадан қалпына түсіпті.
Қаңғар біршама заман Орта Азия шегіндегі дербес жұрт, үлкен күш болып
тұрған. Кейінгі тарихы Түрік қағанаттарымен байланысты. Бұдан соң Қаңғар–
Бешенек қауымы ретінде мағлұм болған. Ақырғы көрінісі – қаңлы тайпасы
деп саналады.
4
Ұлы Даладағы Ғұн ұлысын алмастырған Сәнби жұрты – баяғыда Мөде
талқандаған, моңғол текті дунху халқының аман қалған бір тармағы болатын.
Негізгі мекені – сақараның шығыс атырабы, Хиңган таулары. Малшы, аңшы,
жауынгер жұрт. Айрықша көтерілуі – біртұтас Сәнби қағанатын құрған
Таншихуай патшаның тұсында (155–181). Шығыс Азия тарихындағы ең
дарынды қолбасылардың қатарында саналатын Таншихуай Ежелгі Ғұн
ұлысының барлық аймағын ғұзырына келтіреді және Солтүстік Қытайға
қарсы соғыс ашады. Бұл заманда Сәнби құдіретті империя танылады.
Алайда, жері байтақ, әскері айбынды болғанымен, халқының құрамы
әркелкі, ең бастысы – билеуші әулетінің бірлігі кеміс Сәнби ұлысы
Таншихуайдан соңғы кезеңде, 235 жылы біржола ыдырайды. Соның өзінде
жекелеген бір бөліктері өзінің күш-қуатынан айрылмапты. Бүтіннің жарқасы
– ғұн текті табғаш, сәнби текті муюн (мужун) тайпалары дербестік сақтау өз
алдына, уақыт өте келе Солтүстік Қытайдың шектес аймақтарын жаулап
алып, Табғаш, Янь, Тоғон аталатын патшалықтар құрады (сәйкесінше 236–
376, 337–410, 312–663 жж.). Ақыр түбінде мұндағы көшпенді жұрт та
түгелімен қытайланады, жаңа құрылымдар – түрік емес, сәнби емес, қытай
мемлекеті болып шығады.
Бұл үш патшалықтың ішінде ғұн-түрік нәсілді табғаш жұртының тағдыры
өзгеше. Иньшань тауларының түстік-шығысында берік орнығып, бір жарым
ғасырға жуық, әжептәуір ұзақ өкім құрған Табғаш хандығын 376 жылы
таңғұттар қиратады. Әйткенмен, арада он жыл өтпей, ел қайтадан көтеріліпті.
Жаңа әмірші ұлыс есімін қытай рәсімімен Бэй Вэй (Солтүстік Вэй) деп
өзгертеді (496 жылдан бастап Юань Вэй). Табғаш этнонимінің қытайша
нұсқасы – тоба, сондықтан ежелгі тарихта бұл ғұн-қытай патшалығы Тоба Вэй
деп те аталады. Жігерлі, жауынгер хандар әулеті басқарған Тоба ұлысы (386 –
534) әскери қуаты және епті саясат нәтижесінде іргелес үлкенді-кішілі ғұн,
сәнби, қытай иеліктерін түгелдей жаулап, бүкіл Солтүстік Қытайды біріктіреді.
Билеуші әулеті түрік текті, бірақ негізгі жұрты қытай болған Тоба Вэй
патшалығы шын мәнісінде Солтүстік Қытай империясы ретінде қалыптасады
және Византияда “Табгач”, араб-мұсылман әлемінде “Тамғадж” атауымен
мағлұм-мәшhүр болады. Көпшілік халқының ыңғайы hәм билік жүйесінің
орайымен, уақыт озған сайын ұлыс шегінде қытай тілі, қытай рәсім-салтының
ықпал-әсері арта түседі. Патшалық әулет будда дінін қабылдағаннан соңғы
кезеңде далалық рух мүлде дерлік жоққа саяды. Бұл тараптағы қарсылық
атаулы қатал жанышталып отырады. Сонымен қатар, ежелгі жұрттың
жауынгерлік қабілеті ғана емес, өзін-өзі қорғау түйсігі, нәсілдік санасы да
әлсіреп біткен екен. Ақыры, 535 жылы, қарама-қайшы ұғымдағы билеуші
әулет қақ жарылып, үлкен мемлекет екіге бөлінеді. Қытайшыл табғаштар
ұлысы Дун Вэй (Шығыс Вэй) атанады, ежелгі астана мен жергілікті қауым
тығыз қоныстанған аймақты иеленіпті; көшпенділер дәстүрін сақтауға
ұмтылған табғаштар ұлысы Си Вэй (Батыс Вэй) атанады, Ұлы Далаға шектес
өлкеге орнығады. Әйткенмен, өзара жаулас екі ұлыстың да ғұмыры қысқа
болыпты: 550 жылы Шығыс Тоба астанасы Чаңьань, 556 жылы Батыс Тоба
астанасы Лоян қытай текті ұлықтардың өкіміне біржола көшеді. Енді аты да,
заты да өзгерген екі патшалық құрамындағы, онсыз да ұлттық кейпінен
айрылған қараша жұрт – ғұн мен сәнби біржола қытайланады, бәлкім, Батыс
тараптағы әлдебір топтар ежелгі қоныс – Ұлы Далаға қайтып оралған болар.
Ал билік басында отырған заманның өзінде қытай саясатын ұстанған табғаш
тайпасының есімі – жалғас кезеңдегі сақара жұрты үшін қытай атауының
синонимі ретінде қалыптасып, бар тарихқа еніпті.
Осы бір бұлыңғыр заманның соңында Ұлы Далада жаңа бір жауынгер ұлыс –
Жужан қағанаты орнаған еді. Жужандардың нәсіл-тегі нақты анықталмаған.
Сірә, сәнбиге туыс болса керек деседі. Бәлкім, ғұн тектес. Анығы – билеуші
әулеттің нәсіл-тегі қандай болса да, қара бұқарасы құрама. Көшпенді,
малшы, аңшы жұрт. Киіз үйлерде тұрған. Әуелгі мекені – Гоби шөлінің түстік
тарабы болған. Ұлы Дала елдігінен айрылған кезде Тоба патшалығына
тәуелді екен. Ақыры, өктем жұртпен жауласа жылжып, кейінгі Сәнби,
бұрнағы Ғұн ұлысына тиесілі аймақты түгел бағындырады. Бір тарабы
Алакөлге жетіп, екінші қанаты Үлкен Хиңганнан ары асады. Қағанат
құрамында шығыста – моңғол текті шивэй, қидан, орталықта – түрік текті теле
бірлестігі, батыста – түркіт және дулат тайпалары болған. Ұлы Дала шегінде
350-550 жылдар аралығында өкім құрған Жужан қағанатының бар ғұмыры
Қытай патшалықтарымен соғыс үстінде өтеді. Алайда, әскери қуатының
арқасында тепе-тең күрес жағдайында өзінің елдігін сақтап тұрған. Ақыры,
қатер басқа жақтан келіпті. Орталық өкіметке қарсы көтеріліске шыққан
Алтай түріктері (түркіт) Ұлы Даладағы түрік текті тайпалармен бірлесе
отырып, 551 жылы айбынды ұлыстың Анахуань қаған бастаған қалың қолын
қиратып жеңеді. Ал 555 жылы Жужан қағанатын біржола талқандап, Ұлы
Дала шегінде жаңа бір қуатты құрылым – Түрік қағанатын орнатады. Бұрнада
Жужан ғұзырында болған ру-тайпалардың көпшілік бөлігі жаңа ұлыс
құрамында ұйысып, бірыңғай тіршілік орайында одан әрмен туысып,
жақындаса түседі. Ал қағанаттың қиыр батысындағы қалың бір топ – сірә, ол
да құрама, жиыны отыз мың шаңырақ төтенше бодандықты қабылдамай,
одан әрмен – Сарыарқаға қарай ауа көшіпті. Бұл жерде де тұрақтамай, үдере
жылжыған беті Еділден өтеді, жергілікті әрқилы халықтарды ығыстыра
соғысып, Дунайды жағалап, Карпаттан асып, Паннония – бүгінгі Венгр
жазығына барып орнығады. Сол жерде Абар қағанаты аталатын жаңа бір
ұлыс ретінде ұйысады. Әуелде Шығыс Еуропадағы славян нәсіліне, одан соң
бүкіл Орталық Еуропаға үрей болған Абар қағанатының жат жұрттар
қоршауындағы жауынгерлік тарихы екі жарым ғасырдан астам, ұзақ уақытты
қамтиды екен.
5
Түрік қағанатының Ұлы Даладағы өктемдігі 551 жылдан бастау алады дедік.
Еуропа тарихшылары қағанаттың құрылуын да осы 551 жылға тірейді.
Алайда, ұлыстың іргесі қалануы бұдан көп бұрын. Бәлкім, жиырма жыл,
немесе одан да әріде. Анығы – осы, 551 жылы ақ киізге көтерілген Бумын
қағанның содан он тоғыз жыл бұрын, 534, барыс жылы мұрагерлік жөнімен
жабғу сайлануы. Біз айғақтаған ерекше бір жағдай – Түрік қағанаты мүшел
есебіне негізделген жаңаша, өзіндік жыл санау жүйесін, яғни дербестік туын
көтерген ресми тарихын 532 жылдан бастайды екен. Сірә, мүшел басы
тышқан жылы болғандықтан. Немесе, Бумынның, бізге есімі беймәлім
әкесінің билікке жеткен жылы. (Біз бұл мәселені Орхұн ескерткішіндегі
«Күлтегін 17-қой жылы», яғни 731 жылы дүниеден өтті деген ақпар орайында
шешкен едік; жаңа түрки күнтізбе “Талас-2” ескерткішінен де айқын көрініс
тапқан. – «Жұлдыз» журналы, 1991, №1; соңғы, нақтыланған басылымы –
кезекті көп томдық «Шығармалар жинағы», XIII том.)
Кейінгі заманда бүкіл туыстас халықтардың ортақ ныспысына айналған
«түрік» – әуелде бір ғана рудың атауы екен (көпше нұсқасы – түркіт).
Қытайдың Чжоу патшалығының (м.д. 1027–249) тарихы баяндалған «Чжоу
ши»: «Түріктер – Ғұн жұртының өзгеше бір тайпасы», – деп атап көрсеткен.
Саны біршама мол, айрықша жауынгер қауым. Сол заманның тіршілік үшін
айрықша қажетті, озық өнеріне жетік – кенші, темірші, ұста. Басқа да туыстас
жұртпен бірге Жужан бодандығына түседі. Міндетті алым-салығын Алтай
кеніштерінен балқытып алған теміртекпен және, бәлкім, дайын темір
қарулармен өтейді екен. Шын мәнісінде біршама еркін, дербес күн кешеді.
Ақыры, талайы өзгеше Бұмын әкесінің орнына тайпа әмірі жабғу болып
сайланғаннан соң көп ұзамай-ақ дербес саясат жүргізе бастайды. Көші-қон
мекенін шығыс тарапқа қарай кеңейтеді. 542 – ит жылы Хуаңхэ алқабы,
Қытай шекарасына дейін жетеді. Жортуыл емес, іргелі елдің байтақ базарына
жол ашу мақсатында. Әзірше бұл тарапта ұрыс-соғыстан тартына тұрады.
Кеудеден басып отырған Жужан қағанатына қарсы күш топтап жатқан. Бұмын
жабғу алдымен тегі де, тілі де ортақ, қытай деректерінде «гаогюй» – «биік
арбалылар» атанатын теле тайпаларын ғұзырына келтіреді, 50 мың шаңырақ
екен. Бұдан кейін ежелгі қытай жұртының терістік-батыстағы үлкен бір
патшалығы, қытайланған түрік әулеті билеп отырған Си Вэй ұлысымен
одақтастық шарт жасайды. Содан соң бар күшін Жужанға қарсы бағыттапты.
Екі ғасыр бойы құдіретті Қытайдың өзін жұлмалаған жанкешті Жужан әскері
қирап жеңіледі, бар жасағынан айрылған қағаны өзіне қол салып өледі,
Жужан мемлекеті жер бетінен көшеді.
Көп ұзамай-ақ ежелгі Ғұн империясының қоныс-мекені түгелдей Түрік
қағанатының құрамына енеді. Ұласу, ұйысу мұнымен ғана шектелмейді. 552
жылы дүниеден өткен Бұмын қағанның туған інісі, серіктес сыңары Естеми
қаған (552–576) Батысқа жорық ашады. Орта Азияны түгелімен алып, қазіргі
Қазақ даласын көктей өтіп, Еділден асып, Таң (Дон) дарияның сағасына
жетеді. Бұмын қағанның тікелей мұрагері Мұқан (553–572), одан соңғы
Таспар (572–581) қағандар тұсында империяның Шығыс атыраптағы шегі де
өлшеусіз кеңейіп, ел іргесі біржола бекиді. Енді бүкіл Еуразия кеңістігінде
түрік салтанаты орнапты. Естеми қаған дүниеден озған шамада Түрік
қағанаты Хиңган тауларынан Азов теңізіне дейінгі, Хуаңхэ өзенінен Байқал
көліне, Әмударияның бастауынан Орал тауының етегіне дейінгі ұлан-байтақ
қонысқа жайылған ұлы империяға айналған еді. Бұрнада өздерінің рулық,
тайпалық есімдерімен ғана мағлұм туыстас жұрттың жалпыға ортақ ныспысы
ретінде түрік атауы біржола орнығады. Далалық ежелгі мәдениеттің тікелей
жалғасы әрі жаңғыра дамыған жиынтық көрінісі ретінде біртұтас түрік
өркениеті қалыптасады. Алғашқы нұсқалары тым арыда көрініс берген руна
текті, кейінде Орхон-Енисей жазуы атанған көне түрік бітігі жаппай
қолданысқа енеді. Сөз өнері айрықша дамып, өркендейді, осы орайдағы
көне әдебиеттің біздің заманға жеткен озық үлгісі – сол замандағы ұлы
тұлғалардың құлпытас ескерткіштері әлемдік өредегі мәдени-рухани
мұралар қатарынан орын алады.
Еуразиялық алып империя дәуірінде қалыпқа түскен өзгеше бір тарихи
жағдай – алғаш рет Хән патшасы У-Ди тұсында (м.д. 140–87) екі ұштығы
ұласқан әлемдік Жібек жолының мән-маңызы артып, Батыс пен Шығысты
жалғастыратын ең негізгі күретамырға айналады. Керуен сорабының
орталық, ең қиын, алмағайып бөлігі берік қолға өткеннен соң үздіксіз,
қауіпсіз сауда айналымы жүйеге түседі және бұдан соңғы тұтас бір мың жыл
үрдісінде патшалықтар ауысып, халықтар алмасып, дүние қаншама өзгеріп
жатса да, Жібек жолының бойындағы керуен қозғалысы, соған орай ел мен
ел арасындағы экономикалық байланыс, саяси және әлеуметтік әсер-ықпал,
рухани ұштастық үзілмеген.
Ұлы Түрік қағанатының әскери ұжымы, жауынгерлік қуаты өз заманының
жоғарғы деңгейінде болды. Ал мемлекеттік құрылым жүйесі көшпенді
тіршілік орайымен қалыптасқан еді. Жұрт иесі қаған, сонымен бірге бас
қолбасы саналды. Бұдан кейінгі ұлыстың белгілі бір бөлігінің әміршісі –
жабғу, әулет ханзадалары – тегін, уәзір есепті бұйрық бектер һәм әр түрлі рутайпа көсемдері бейбіт күнде ел басқарса, соғыс жағдайы, жорық, шабыс
кездерінде қол бастайды. Қағанат құрыла салысымен-ақ тақау және алыс
жұрттармен дипломатиялық қатынасқа айрықша мән беріледі. Әуелде
оңтүстік-шығыстағы қытай иеліктерімен тұрақты байланыс орнатылса, уақыт
оза келе, қиыр батыстағы Византия, түстік-батыстағы Парсы мемлекеттерімен
елші алмасу әдепкі жағдайға айналады. Қуатты Түрік қағанаты алыс
жұрттарды айбынымен ықтырып, жақын көршілерін көбіне-көп әскер
шығармай-ақ бодандыққа келтіріп отырды. Таспар қағанның заманында бір
кездегі өктем Қытайдың солтүстік патшалықтары түрік үстемдігін сөзсіз
мойындайды. Ал қаншама жерінен айрылған Иран қорғаныс ұрыстарына
көшеді. Түріктің бөрі басты байрағы бүкіл Еуразия Даласында мәңгі-бақи
желбіреп тұратындай көрінген.
Десе де, тарих ақсақал айқындағандай, мәңгілік империя жоқ екен. Елу
жылдық бірліктен соң ұланбайтақ ұлыста жарықшақ білінеді. Империяның
Ұлы Даламен шектелетін Шығыс бөлігінде әуелден-ақ Бұмын қағанның
ұрпақтары билік құрған және біртұтас елдің орталық, ұлы қағаны болып
саналған. Ал Батыс бөлік – Алтай тауларынан Таң (Дон) дарияға дейінгі
ұланғайыр өлкеде Естеми әулеті өкім еткен. Алайда, шартты емес, шын
мәнісіндегі бірлік сақталып келген болатын. Енді, ұлы қаған Таспардан соң,
Қытай дипломатиясының шағыстырма саясаты нәтижесінде бас орда ішінде
алауыздық туып, оның соңы қырғын соғысқа ұласады. Өз жұртын шапқан
жаңа қаған Ышбараға қарсы топты Батыс жабғу Қара Чурин қолдайды. Қан
майдан одан әрі өршіпті. Тепе-тең жағалас 587 жылы Ышбара қаған өлгеннен
соң да тоқталмайды. Дәл осы кезеңде ежелгі Қытайды қайтадан біріктіре
бастаған Суй әулеті (581–618) өзінен бұрынғы патшалықтардың бодандық
шартынан шығып, одақтастық келісімді тағы бұзып, ашық жаулық жолына
бет қояды. Бірақ қатер үстіндегі екі тарап ағайын жұрт бұрынғыдай ұйыса
алмайды. Бірлік бұзылып, алалық өрістей түседі. Тіпті, Қара Чуриннің Суй
мемлекетімен соғысында Шығыс түріктері қытай жағына қолдау көрсетіпті.
Ұлы Түрік қағанатының шегіндегі өзара қырқыс жиырма жылға созылады, екі
жақ та қалжырайды, бірақ ешқайсысы түбегейлі жеңіске жете алмайды.
Ақыры, 604 жылы Ұлы Түрік империясы Батыс және Шығыс болып қақ
жарылып тынады. Қара жұрт – Ұлы Дала Шығыс қағанат иелігінде қалады,
біржола бөлініп шыққан Батыс қағанатпен аралық шекара Алтай тау
жоталары арқылы белгіленеді.
Арада азғана уақыт өткенде Ежелгі Қытай жұртының билігі болашақта даңқты
Таң әулетінің (618–907) ғұзырына көшеді. Алда қиын күрес жылдары, ауыр
заман тұрған.
6
Көп ұзамай-ақ ес жиған Батыс қағанат іргеленіп, ежелгі империялық саясат
пен жаулау соғыстарын одан әрмен жалғастырады. Кейінгі тарихшылар
Батыс Түрік қағанатының алдында Персия мен Византия тітіреп тұрды, бұл
кезде қайтадан көтерілген Қытайдың өзі есептесетін болды деп жазады. Сол
замандағы Қытай елшісі Сюань Цзан қаған ордасының сән-салтанатын
таңырқай отырып сыпаттайды. «Батыс дүңгенелері ешқашан да мұншама
құдірет-күшке жетіп көрмеген еді», – деп жазылған «Таң шу» – «Таң
тарихында». Соған орай Батыс Түрік қағаны Византиямен арадағы елшілік
жолдамасында өзін «Жеті жұрттың және жеті ықылымның ұлы падишахы»
деп атапты. Қағанат территориясы Шығыста Алтайдан құлап, Тарым
алқабына жетсе, батыста Қара теңіздің теріскей жағалауы, Қиян Далаға
дейін, түстікте Сыр мен Әмуден өтіп, қазіргі Пәкстанның солтүстік-батысы,
Ауғанстанның түстігіне дейін созылады. Бағынышты бөгде жұртқа түрікше
мәртебе беріледі және барлық жерде қағанның арнайы өкілі отырады. Ал
билеуші жұрт түрік қауымы – «Он Оқ бұдұн», яғни он рулы ел атанады. Он ру
екі тапқа жіктеліпті. «Таң тарихының» айтуынша, бір тарапта – бес ата
(немесе бес аймақ) Дулу, екінші тарапта – ол да бес бөліктен құралған
Нушиби тобы. Таратып айтқанда, Дулу өлкесінің құрамы: 1) чумугунь, 2)
хулуву, 3) нешетидунь, 4) туциши хэлоши, 5) шуниши чубань; Нушиби өлкесі:
1) асиги, 2) вешу, 3) басайвань дуншибо, 4) асигу-нишу, 5) гешу-чубань. Түрік
халықтарының тарихи тамырын, ондағы ру-тайпалар құрамын түбегейлі
зерттеген Н.Аристов нақты дәлелдер арқылы бүкпесіз, ашық айтқан. Ежелгі
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 03
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480