Latin

Шыңғысхан - 34

Total number of words is 3796
Total number of unique words is 1950
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тараған, даосизм де белгілі орын алған. Қарапайым шүржен қауымы атабаба рәсімін ұстанады, көкке, өзен, тау рухына табынады. Мұндай алақұлалық та ұлыстың ұйысуына қызымет етпесе керек.
Әскери айбарлы Шүржен империясының сыртқы саясаты әуел бастан-ақ
өктемдік, жаулаушылық орайында қалыптасады. Ұлыстың алғашқы
заманындағы қуатты, іргелі көршілер – Таңғұт пен Сұң империялары болды.
Кейбір кезеңдерде сөз жүзінде бодандық танытқанымен, дербес саясат
жүргізген тәуелсіз Таңғұтпен арада оқтын-оқтын соғыс, көбіне бейбіт қатынас
ауқымындағы тепе-теңдік орнайды. Алғашқы бетпе-бет майданның өзінде
бірталай жерінен айрылған, түстікке ығысып, жаңа әулет билеген жаңа
мемлекет есебіндегі Нань Сұң Шүрженнің жүз жиырма жылдық тарихының
ұзына бойында үнемі соғыс ахуалында, қатер үстінде болады. Алғашқы
жеңілістерден соң-ақ өзін бодан танып, жыл сайын міндетті, ауыр салық
төлеп отырғанымен, шын мәнісіндегі тәуелсіздігін сақтайды. Уақытша бітім
аралас, ұзақ, қантөгіс соғыстар жағдайында бақас екі тараптың ешқайсысы да
айқын, түбегейлі басымдыққа жете алмапты.
Қабырғалы, іргелі, қуатты Цзинь империясының түп негізін шайқайтын ең
үлкен қатер – сыртқы көршілер емес, ішкі жегі-дерт болғанын көреміз. Алтын
патшалық біртұтас, ұлттық мемлекет ретінде қалыптаса алмады. Билеуші
әулет шүржендер жалпы жұрттың шамалы бөлігін ғана құраса, империяның
негізгі халқы қытайлар үшін мемлекет мүддесі екінші, төртінші кезектегі
шаруа болып қалады. Сонымен қатар, бірте-бірте ұлт-аралық қайшылық та
көрініс таба бастайды. Бұл ретте әуелгі кілтипан байырғы қиданнан шығыпты.
Империяның ішкі өмірінде этникалық қытай әсері күшейген сайын, бағзыда
ел билеген қидандардың ықпалы азая береді. Бірте-бірте басқару жүйесінен,
мемлекеттік қызыметтен шеттей бастаған, ішкі уәлаяттарда, жиын отырған
жерлерінің өзінде азшылыққа айналған қидан жұртының наразылығы
артады. Ежелгі еркіндігін ұмытпаған, бұрынғы ұлттық мемлекетін аңсаған
қидандар 1161–1162, 1169 жылдары қарулы көтеріліске шығады. Тікелей
майданда жеңіліске ұшыраса да, ішкі қарсылық тоқталмапты. Мәмле орнына
қысымын күшейте түскен шүржендер 1191 жылы қидан аймағында
мемлекеттік іс қағаздарын қидан тілінде жүргізуге тиым салады. Нәтижесінде
қидан қауымы бетін біржола теріске бұрғанын көреміз. Кейінгі зерттеушілер
қидан мен шүржен арасындағы ұғыныс, ынтымақ бұдан көп бұрын, 60жылдардың өзінде жоққа сайған еді деп жазады.
Цзинь империясы терістік-шығыста кең дала – көшпенді түрік-татар
тайпаларымен шектесіп жатқан. Бұл тараптағы саясат айрықша қатал болды.
Яғни, ежелгі қытай жұртының ғасырдан ғасырға созылып келе жатқан
үйреншікті зорлық-зомбылығы. Шүржен көтерілген кезде Ұлы Дала
бытыраңқы болатын. Біртұтас ұлыс жоқ, жауынгер, саны да біршама
көшпенді тайпалар әрқайсысы өзінше, дербес тіршілік кешіп жатқан. Шүржен
ежелден қалыптасқан «бөлшектеп алып билеу» саясатын қолданады. Жай
ғана бөлшектеп билемейді, ағайындас жұртты бір біріне айдап салып,
«дүңгенелерді дүңгенелердің күшімен жуасыту» тәсілін ұстанады. Ауыр
салық, езгі мен талан-тараж бұрынғы Ләуо кезіндегіден де асып түседі.
Ақыры, керей, найман, меркіт тайпалары ұйтқы болған далалық жаңа
конфедерация құрылады. Қытай тарихында «Цзубу» (шүршіт тілінде цзу – ру,
бу – тайпа, яғни ру-тайпалар бірлестігі) атанған бұл қуатты орда бүкіл XI
ғасырдың ұзына бойында, әуелде қиданға, одан соң Шүрженге қарсы
күресте Ұлы Даланың еркіндігін сақтап тұрады, бірақ ақыр түбінде ауыр
жеңіліске ұшырап, шүршіт билігіне түседі. Бірақ бұл да ең соңы емес екен.
Арада жүз жыл өткенде ежелгі түрік-татар жұрты Шыңғыс ханның туы
астында қайтадан ұйысыпты.
Міне, осы кезде, өткенін аңсаған, шүршітке кіріптар жағдай тұралатқан
қиданның бірталай саясаткер, әскербасы азаматтары көшпенділердің жаңа
ұлысына тілектес болып шығады, әрқилы жолмен Шыңғыс хан ордасына
жетіп, кеңесші, көмекші болады. Цзинь империясының әлсіз сыпаттарын
әйгілеп, қидан жұртының негізгі, көпшілік бөлігінің бодандық қалыптан бас
тартуына, далалық ағайындарына қалтқысыз қосылуына мұрындық болады.
Нәтижесінде ірі көтерілістер шығып, тұтас әскер жасақтары құрылып,
шүршітке қарсы майданға түседі. Яғни, империя шегінде орын алған ішкі
қайшылықтар дендей келе, сыртқы қатермен үйлестік тауыпты.
Шыңғыс хан қуат беріп, бағзыдағы рухы қайтып оралған көшпенді қауымның
ғасырлар бойғы тайталас, ең қатерлі дұшпанына қарсы ұлы жорығы 1211
жылы басталады. Жеңістен жеңіс. 1215 жылы Цзинь империясының Орталық
астанасы Янцзин (Пекин) басып алынады. Алайда, шүршіт-қытай жері ұланбайтақ, қарулы әскері мол әрі айрықша қуатты болатын. Оның үстіне,
Шүрженмен ең зор майдан көлденең бөгесінге ұшырайды. Шалғайдағы
Харезм империясымен арада тікелей соғыс мәжбүрлігі туып, Шыңғыс хан
1219 жылы Сартауыл жорығына аттанады. Үзілмеген Шүржен-Қытай
тарабында әскердің жалайыр Мұқалы бастаған қомақты бір бөлігі ғана
қалыпты. 1224 жылы Батыс жорығынан оралған ұлы қаған ең алдымен әлі де
күшінде тұрған Таңғұтты талқандайды. Осы Таңғұт соғысынан қайтар жолда
дүние салған Шыңғыс ханның бүкіл әлемді бағындыру саясатын одан әрі
жалғастырған Өкетай қаған 1230 жылы Шүрженге қарсы майданға бұдан
біраз бұрын дүние салған Мұқалы-ноянның орнына бас қолбасы етіп Сүбітайбахадұрды аттандырыпты. Сөйтіп, 1234 жылы, тұтас бір дәуір – ұзақ әрі
тынымсыз жиырма үш жылдық соғыстан соң Цзинь империясы біржола
құлайды.
Қытай қашанда өз орнында қалады дедік. Ал дербес мемлекеті жойылған
шүршіттер бұдан соңғы кезеңде Еке Моғұл ұлысының құрамына енеді, одан
кейінгі заманда Шыңғыс ханның немересі Құбылай негіздеген Юань
империясының (1271–1368) шегінде жасайды. Юань әулетін Миң әулеті
(1368–1644) алмастырды. Бұл кезде түстік өңірдегі шүршіттер түгелдей дерлік
қытайланып кеткен екен. Яғни, тілінен де, ділі мен дәстүр-салтынан да
айрылған. Тек шалғай терістік тарап – орманды алқаптағы және патшалық
кезіндегі жиын жері – Ләуо-хэ аңғарындағы жұрт қана өзінің ұлттық кейпін
сақтаған. Осы байырғы қоныстағы шүржендер Миң дәуірінде үш уәлаятқа
бөлініп басқарылған екен. Сол үш аймақтың бірінің көсемі Нурхаци XVI
ғасырдың соңында туыстас тайпалардың басын қайтадан біріктіреді де, 1616
жылы тәуелсіздік туын көтереді. Көне шүршіт жұртының ұрпағы бұл кезде
мәнчжүр атанған. Ескі дәстүрінен айнымаған, бағзыдағы жауынгерлік рухы
өшпеген, өжет әрі дарынды қауым. Бастапқыда ұлттық дербестік үшін
күрескен ежелгі шүршіт әулеті өздерін жаныштауға шыққан қытай
жасақтарын бірінен соң бірін талқандап, көп ұзамай түп көтеріле, қарсы
шабуылға аттанады. Соғыс майданын ішкі Қытайға көшіріп, ақыры
Нурхацидің мұрагер ұлы хуанди Абахайдың тұсында айқын басымдыққа
жеткен мәнчжүрлер 1644 жылы Пекинді алады. Қытай тарихында тағы бір
жаңа дәуір – Цин заманы басталады. (Жаңа империяның әуелгі атауы – Хоу
Цзинь – Кейінгі Цзинь, есебі, бір кездегі Алтын патшалықтың жалғасы;
Нұрхациден соң, өріс кеңейген, империя Ежелгі Қытай шегін түгел қамтыған
кезде Цин (Таза, Пәк) деген атау рәсімге еніпті.)
Мәнчжүрлер билеген Цин әулеті – Нурхаци–Абахай ұрпағы 1644 жылдан
1912 жылға дейін, өте ұзақ заман – екі жүз алпыс жеті жыл бойы билікте
болады. Цзиньге сабақтас Цин – байырғы шүршіт-мәнчжүр әулеті, бұдан
бұрын Шыңғыс хан мен оның ұлы Өкетай, немерелері Мөңке мен Құбылай
біржола біріктірген Ежелгі Қытайды одан әрмен кеңейтіп, бүгінгі шегіне
жеткізді. Цин заманы Қытай тарихындағы даңқты, түбегейлі кезең болды.
Бәрі анық. Бірақ... шүршіт-мәнчжүрдің ұтқаны не? Рас, әмірші әулеті байтақ
елді билепті, қалған жұртының еңсесі биік болыпты, алайда ақырғы нәтижесі
тек қана зиянға шыққанын көреміз. «Артық қайрат – жанға қас» деген кейінгі
қазақ. Күші кемерінен асып, өз шекарасына сыймай, екпіндеген беті бүкіл
Қытайды жаулап алған мәнчжүрлер тақи түбінде сол қытайдың арасында
жұтылып кетіпті. Түгел емес, әйтеуір. Ата қоныстағы, басқа да шалғай
тараптағы жұқана-жұрнақтары өздерінің ұлттық кейпін сақтауға тырысады.
Селдіреген, сиреген, бөлшектенген жұрт XX ғасырдың екінші жарымы, тыныш
болмаса да тікелей қырғынсыз, бейбіт заманда қайтадан өсіп-өне бастайды.
Ежелгі Мәнчжүр өлкесі, бүгінде Қытай Халық республикасы ғұзырындағы
Хэйлунцзяң, Цзилинь уәлаяттарында негізгі, тұрғылықты халық есебінде.
Батысы бұрынғы Қидан қонысымен жапсарлас,
шығысы Кореймен шектес, Алтын патшалыққа ұйтқы болған теңіз жағалығы
қазір Ләуониң уәлаяты аталады, ресми есептегі мәнчжүр жұртының тең
жарымы осы өңірде тұрып жатыр. Іргелес İшкі Моңғол автономиясында да
әжептәуір жан тіркеліпті. Ал түстік тараптағы Хэбэй уәлаятындағы қауым
бүкіл мәнчжүрдің бестен бірін құрайды екен, бірақ бұлар қалың қытайдың ең
бір жиын ортасы. Басқа атыраптың да жетісіп тұрғаны шамалы. Қытайда 2000
жылы өткерілген ресми санақ бойынша, мәнчжүр халқының ұзын саны 10
миллион 682 мың болыпты. Өзінің байырғы ата-қоныс жерінде, 100, бәлкім
150–200 миллион қытайдың ішінде. Ұлттық мәнчжүр, мемлекеттік қытай
тілдерінде сөйлейді. Қытай тілі алдымен аталыпты. Енді бірер ғасырдан соң
не болары айтпаса да белгілі.
Өткен неше мың жылдық тарихқа қарап тұрсаң, мәңгілік халық жоқ екен. Бар
екен – біреу ғана. Жер-ықылыммен бірге жасап келе жатқан қытай...
Таңғұт
Татар даласымен тікелей шектес екінші бір іргелі империя – Таңғұт (Си Ся)
мемлекеті болды. Ел ұйтқысы негізгі халықтың өзіндік атауы – ми (минья);
қытайлар – дансян, тибеттер – миняг деген, таңғұт – түрік тайпалары берген
ныспы, орыс және Батыс ғылымына осы есіммен енді.
Таңғұттардың арғы бабалары – тибет-бирма текті цян тайпалары, Қытай
тарихында тым ерте – миләдиге дейінгі IV-III ғасырлардан белгілі. Хуаңхэ
өзенінің бастауы, Көкөнор көлінің төңірегінде қалыптасқан екен. Екі заман
шегінде Хән империясымен соғыс нәтижесінде түстікке қарай ығысады, ал IV
ғасырда сәнбилерден жеңіліс тапқан соң Көкөнорды тастап шығады да,
Тибет етегі – Амдо таулы аймағын сағалайды. Осы біршама тыныш өлке –
Хуаңхэ мен Янцзы өзендерінің бастау аралығында өсіп, өнген, ежелгі цян
әулетінің бір бұтағы дансян қауымы арада екі-үш ғасыр озғанда қайтадан
баба-мекен жұртына қарай жылжиды, ақыры, VII ғасырда Көкөнордан өтіп,
ежелгі ғұнның ұйықты қонысы болған Ордосты алады, қанатын жайып,
іргелес Алашань даласын баурайды. X ғасыр табалдырығында кейінгі үлкен
ұлысқа қараған кеңбайтақ жұрттың басым бөлігін иеленген екен.
Бағзыдан бері қытай тізгінінде болған таңғұт халқының дербес орда құруы да
осы X ғасырдың соңғы ширегіне сәйкеседі. Жаңа мемлекеттің ірге тасын
қалаушы Цзи-цянь патшаның (982–1004) түп нәсілі – Солтүстік Қытайды
билеген түрік текті ежелгі Тоба әулетінен екен. Аңыз бойынша, сүт тістері
шығып туады. Кейінгі зерттеушілер болмыстағы ықтимал жағдай дейді, бірақ
әпсананың негізгі мәнісі – патшалықты негіздеуші тұлғаның өзгеше
жаралмысын айғақтау. Жас бала шынында да ересен болып шығады. Нақты
таңбаланған бір оқиға – он бір жасында, аңшылық кезінде сай жебемен
тарғыл шеріні атып жығуы. Осыдан соң-ақ болашақ күрескердің атақ-даңқы
өз жұртында ғана емес, тақау төңіректе де кеңінен мағлұм болады. Ат жалын
тартып мінгеннен бастап Қытай өктемдігін қабылдамаған Цзи-цянь он тоғыз
жасында тәуелсіз ұлыс құру жолындағы арпалыс айқасқа кіріседі. Осы,
сыртқы биліктен дербестік жарияланған 982 жыл жаңа Таңғұт мемлекетінің
туған жылы деп саналады. Ұлыстың кейінірек орныққан өзіндік атауы – Да
Ся, яғни Ұлы Ся, қытай рәсімінде Си Ся, мағнасы Батыс Ся демек; мұндағы Ся
атауының төркіні – Таңғұт жұртының ежелгі ұйығы болған өңірде бағзы бір
заманда Ся деген патшалық ірге теуіпті-міс, яғни жаңа ұлыстың жаңғырған
есімі ежелден қалыптасқан елдік жораны айғақтамақ.
Ширек ғасырға жуық ел тұтқасын ұстаған Цзи-цянь Қытай-Сұң империясына
қарсы сәтті қорғаныс және шабуыл соғыстарын жүргізеді, Қидан-Ләуо
империясымен кейде жауласып, кейде одақтасады. Кейде екі тарапта да
уақытша жеңілістерге ұшырап, сөз жүзінде Қытай бодандығын қабылдайды,
Қиданға бағынышты кейіп танытады, сөйтіп, екі алып елдің ортасында шын
мәнісіндегі тәуелсіз жағдайға жетеді. Ту көтерген алғашқы жылынан бастап
Таңғұт жұрты өзіндік басқару жүйесі бар, тұрақты, жауынгер әскері бар
дербес мемлекет ретінде қалыптасыпты.
Келесі патша, Цзи-цяннің ұлы Дэ-мин тұсында (1004–1031) ел іргесі беки
түссе, оның ұлы Юань-хао заманында (1031–1048) Таңғұт мемлекеті өзінің
күш-қуатының шырқау шегіне жетеді. Ұлыстың әскери ұжымын күшейте
түскен, өз жұртында уцзу, қытайша хуанди, яғни император атағын алған
Юань-хао жиын саны 150 мың, қаруы келісті, құрылымы берік, қуатты әскер
жасақтаған екен. Шығыста Сұң, терістік-шығыста Қидан империяларымен
ұтымды соғыстар жүргізеді, түстік-батыста тибет тайпаларын тықсырып,
Көкөнор алқабын біржола баураса, батыс қапталдағы Ганьчжоу-ұйғыр
патшалығын тақи-таза қиратады, қырғынға ұшыраған ұйғырлардың шамалы
бөлігі Тибет тарабына ығысады, енді бір азғанасы Бешбалық-Кучадағы
ағайындарына барып бас сауғалапты, сөйтіп, құнарлы алқап – Эдзин-гол
өзенінің ұзына бойы Таңғұт иелігіне біржола көшеді.
Осы, айрықша дәуірлеген шағында, одан әрі, туы құлаған ақырғы сәтіне
дейін Таңғұт мемлекетінің шекарасы шығыста Хуаңхэ дариясының төменгі
иіні, Тұр-қорғанның ішкі бетінен – батыста Хами жазығына дейінгі, терістікте
Гоби шөлінен – түстікте Көкөнор қыратына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып
жатқан екен. Бұл кезде бұрын отырықшы болған байырғы халықтың біраз
бөлігі жаңа мекен, ондағы көшпенділер әсерімен шашырай қонып,
малшылық кәсіпке жетігеді. Сөйтіп, ел
ішінде қалалық мәдениет, ежелгі егіншілікпен қатар, өркендеген мал
шаруашылығы, далалық дәстүрлі тіршілік қалыптасады. Ендігі заманда Таңғұт
елінің ішкі ауқаты, сыртқы саудасында мал сүмесі мен егіншілік өнімдері
қатарлас, астас қызымет атқарады.
Империя халқының басым көпшілігі таңғұт жұрты болады. Сонымен бірге,
негізінен шекаралық аймақтарда хән (қытай) тектілердің үлес салмағы да
әжептәуір екен. Түстік-батыста ежелгі тоғон және тибет тайпаларының
жұрағаты, терістік-батыста бодан ұйғырлардың жұқанасы қоныс тепкен.
Солтүстік бет – Ордос пен Алашань даласында түрік-татар текті тайпалардың
бөлшек-бөліктері мал бағып тұрған. Мемлекеттік тіл – таңғұт тілі болған.
Ұлттық таным, ұлттық мүдде орайындағы түбегейлі саясат нәтижесінде таңғұт
мәдениеті биік деңгейге жетеді. Император Юань-хао 1036 жылы ежелгі
қытай иероглиф таңбалары негізінде қалыптанған жаңа таңғұт жазуын
қолданысқа енгізеді. Ізінше, 1039 жылы таңғұт жазулы, таңғұт тілді ұлттық
мектептер ашу туралы жарлық береді. Бұрнағы, қытай үлгісіндегі сауат пен
білім енді ұлттық арнаға көшіріліпті. Ұлттық намыстың бір көрінісі – Сұң
патшалығымен, әуелде Қидан, одан кейінгі Шүржен елдерімен арадағы
дипломатиялық қатынас қағаздары қытай тілінде жазылғанымен, таңғұт
тіліндегі нұсқалары қоса жолданып отырған екен. Әлбетте, әуел бастан-ақ
таңғұт жұртына қытай мәдениетінің, қытай рәсім-салтының ықпалы аса күшті
болған. Ел-аралық қатынас орайында, және жалпы мәдени үрдіс
мақсатында, таңғұт тілді мектептермен қатар, қытай тілді мектептер
қалыптасады. Әдепкі қытай үлгісі бойынша, ксилография тәсілімен кітап
шығару және оның кеңінен таралымы жақсы жолға қойылыпты. Ұлттық
дәстүр және қытай әсеріндегі өнер мен әдебиет өсіп-өркендейді.
Мемлекеттік дін – буддизм болған. Сонымен қатар, Кұңфудзы ілімі мен
даосизм кеңінен таралады, халықтың біршама бөлігі аруаққа, тылсымға
табынған ежелгі дәстүр-салтын ұстанады.
Таңғұт әскері, соғыс қабылеті ғана емес, әдіс-айла, жарақтану тұрғысынан
Оңтүстік-Шығыс Азияда Қидан, Шүржен, Сұң армияларымен шендес,
айрықша қуатты әскер саналған. Он бес пен алпыс жас аралығындағы еркек
кіндікті түгел қару ұстауға міндетті болыпты. Соғыс стратегиясы ежелгі қытай
негізді, ал тактикасы далалық тайпалар дәстүрімен жалғастық танытады.
Империяның соңғы кезеңінде қарулы шеріктің жалпы саны 500 мыңға, енді
бір деректерде, тіпті, 800 мыңға тартады. Қайткенде де аса мол жасақ.
Патшалықтағы халықтың жалпы саны туралы нақты дерек жоқ. Енді бір
зерттеушілер әскер қарасынына (500 мың) орай, екі жарым миллион деп
шамалайды. Ондай жағдайда бұл – тек негізгі халық таңғұттардың ғана
мөлшерін көрсетпек. Құдыретті көршілерімен салыстырғанда ұзын саны
шектеулі болса да, қуатты әскерінің арқасында Таңғұт елі ұзақ екі жүз елу
жыл бойы ту көтеріп, салтанат құрып отырды.
Әлбетте, екі жарым ғасырдың ұзына бойында,
тәуелсіздік сақтау жолындағы ұрыс-соғыстар, ара-тұра азғана тыным
тапқанымен, ешқашан толастаған емес. Барлық уақытта да ең негізгі
қарсылас – Қытай-Сұң патшалығы болды. Тынымсызына қоса, айрықша
қантөгіс, ұзақ майдан, елдің еңсесін көтеріп, өрісін кеңейткен Юань-хао
заманынан соң одан әрі жалғасады. Әсіресе, 1040–1044 жылдар, 1069–1072,
1081–1086, 1096–1099 жылдардағы соғыстарда екі жақтан да жүз мыңдаған
адам құрбан болады. Таңғұттар баз-базында ішінара жеңілістерге
ұшырағанымен, ұжымының беріктігі, рухының биігі, әскерінің қуаты, жерінің
кеңдігі арқасында үнемі үстем шығып отырады, ақыр түбінде еркіндігін
сақтап қалады.
Таңғұттар тек Сұң ғана емес, әуелде Қидан, кейін оған жалғас Шүржен
империяларымен де көбіне-көп соғыс жағдайында болады. Мәселен, 1044
жылы күзде Қидан императорының өзі бастаған екі жүз мыңдық қалың қол
үш лек болып шекарадан өткенде, жауынгер Юань-хао далалық
көшпенділердің үйреншікті тәсілімен шегіне шайқасып, ақыры кең далада,
қолайлы жағдайда бетпе-бет ұрыс ашады да, қидан әскерін тас-талқан
қылып жеңеді; сондай-ақ Юань-хао өлгеннен кейін қидандар қайта аттанған,
1049–1053 жылғы жаңа соғыс та шабуылдаушы жақ үшін үлкен шығынмен,
нәтижесіз аяқталады. Келесі тарихи дәуірде қидандардың орнын басқан
шүржендер де баянды татулық жайын ойламапты. Екі империяның да күні
батар қарсаңда, 1214–1224 жылдары, тұтас он жылға созылған қырғын
шүржендердің де, таңғұттардың да титығына жетті деп саналады.
Жинақтап қарасақ, таңғұттар өзінің екі жарым ғасырлық тарихында
төңірегімен түгел жауласыпты. Соған қарамастан, империялық саясат
алмағайып кезеңдерде біршама көрегендік танытып отырғанын байқаймыз.
Мәселен, Қидан–Шүршіт соғысы басталғанда таңғұттар бұрыннан жаулас
қиданға көмекке шығады. Тікелей әскер аттандыру үстіне, Шүрженмен
одақтасқан Сұң патшалығына қарсы кең көлемді, дүркін жортуылдар
жасайды. Әлбетте, шүршіттің қатері басымырақ дұшпан екенін аңдап, өзімен
тепе-тең жағдайдағы, үйреншікті Қидан ұлысы орнында қалса деген әрекет.
Арада жүз жыл өтіп, енді Шүржен мен Сұң арасында зор майдан басталғанда
азғана соғыс қимылынан аспай, екі жақты да үміттендіре отырып, ұтымды
бейтараптық сақтайды, нәтижесінде Қытай тарабында да, Тибет тарабында
да жерін кеңейтіп, алдағы елу жыл – XII ғасырдың екінші жарымында іргелес
екі империямен де бейбіт жағдайда, жұртын тыныштықта ұстап, елінің күшқуатын ғана емес, әл-ауқатын да арттырып, мәдениетін өркендетіп, ұлыс
тарихындағы ең бір мамыражай дәуірін өткеріпті.
Таңғұттың ұзақ тарихында алып империялармен арадағы соғыстар
тәуелсіздік кепілі, амалсыз ахуал болса, түстік, батыс және терістік өңірдегі
жорық, жортуылдар – ұлыстың өрісін кеңейту, өзінен әлсізді жеміріп жеу
бағдарында болғанын көреміз. Тибетпен, ұйғырмен арадағы ұрыстар жөнін
шет жағалап айттық. Ал солтүстік тараптағы көшпенді түрік-татар
тайпаларымен арадағы қатынас басқашарақ болды. Күш-қуаты артып, қаптай
жайылған таңғұттар VII ғасырдың орта шенінде ежелгі ғұн қонысы Алашань
мен Ордосты алған кезде, бұл жерлер мүлде иен емес еді. Сонымен қатар,
тығыз қоныстанған деп айту да қиын. Оның үстіне, Ұлы Түрік қағанаты
ыдыраған, өліара кезең. Қайткенде де, ордалы елмен екі арада Гоби шөлі
тұр. Жаулап алу қиындыққа түспеген сияқты. Далалық көшпенді тайпалар
таңғұт бодандығында қалады. Әуелден-ақ қарасыны толымсыз болғанымен,
басып алу кезінде қырғынға ұшырамады деп, енді бір шамасы бас сауғалап,
арғы бетке босқын таппады деп айту қиын. Бізге белгілі әдебиетте бұл
тараптан мағлұмат ұшыраспайды. Бірақ өткен зорлық қарымтасыз кетпеген.
Білге-қаған бітігінде 700 жылы көк түріктердің таңғұт елін шабуы, ойсырата
жеңіп, мол олжамен қатар, қаншама жұртын тұтқындағаны, құлдыққа
әкеткені туралы айтылады. Қағанаттан соңғы кезеңде түрік-татар
тайпаларымен ара-тұра қақтығыс тиылмайды. Нақты белгілі мағлұмат – XI
ғасырдың соңында, керейлер бастаған Цзубу конфедерациясының азаттық
соғысында таңғұттардың қиданға қол жалғап, ту сырттан ұруы. Нәтижесінде,
екі тараптан бірдей ауыр соққыға ұшыраған керей-қият-найман-меркітбасымлы одағы жеңіліске ұшырап, бүкіл Татар Даласы ойран болады. Цзубу
бірлестігінің далай-ханы керей Моғусы қазаға ұшырап, көшпенді жұрт
қайтадан Қидан патшалығының табанына түседі. Бұл төтенше шапқын
ұмытылмағанын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өшпенді кекке ұласқанын
кейінгі оқиғалар айғақтаса керек. Кең көлемді жорық-майдан болмағанымен
де, таңғұтпен арадағы қырғиқабақ жағдай, сөз жоқ, ішінара әрқилы
қақтығыстар келесі, XII ғасырдың ұзына бойына созылғаны байқалады.
Ұлы дала Шыңғыс хан бастаған қуатты, жаңа ұлыс ретінде ұйысқан шақта
түстіктегі Таңғұт – ежелгі дұшпан, Шүржен патшалығынан соң, екінші
кезектегі қатерлі жұрт ретінде бағаланғанын көреміз. Шыңғыс хан ақ киізге
көтерілер қарсаңда, 1205 жылы және жұрт біржола ұйысқаннан соң, 1207
жылы, ең алғашқы сыртқы жорықтар Таңғұтқа қарсы бағытталуы кездейсоқ
емес. Таңғұттар 1209 жылы бағыныш білдіргенімен, 1219 жылы ашылмақ
Батыс жорығынан бас тартады. Сірә, таңғұт саясаткерлері Шыңғыс хан
құдіретті Харезмді жеңе алмайды, алмағайып майданда қирамаса да,
әлсіреп бітеді деп шамаласа керек. Ең жаманы – қағанға дипломатиялық
қитұрқы сылтау орнына өте дөкір жауап қайтарылады. Бұрынғы келісімдер
бұзылды, Таңғұт Еке Моғұл ұлысына сөз жүзіндегі бодандықтың өзінен
айныды деген кеп. Шыңғыс хан Батыс жорығын аяқтаған соң, қайта оралып,
Таңғұтты біржола қиратуға серт етеді. Қайткенде де ұлы қаған жат әрі жау
патшалықтың қақ желкеде тұруына жол бермейтін еді. Ақырғы нәтиже
белгілі.
1227 жылы қаншама заман – екі жарым ғасыр бойы салтанат құрған,
Орталық-Шығыс Азия тарихында өзіндік орны бар, тақау төңірегіне саяси
ықпал-әсері мол болған, халқы ірі, мәдениеті жоғары, қуаты зор болған Си Ся
патшалығы жер бетінен жойылады. Қисапсыз қырғынға ұшырап, ойсырай
кеміген таңғұт халқының ең ақырғы бөлшек-жұқаналарының өзі қайғылы
халге ұшырағанын көреміз. Бағыныш танытқан, аман қалған әскердің азғана
бөлігі Еке Моғұл империясы қарулы күштерінің қатарын толтырады. Егінші,
малшы жұрты қарасыны басым әрі үстем жағдайдағы көшпенділерге кіріптар
жағдайда қалады. Біршама халқы астана байтақ, сақараға көшіріледі.
Атқамінер билеуші әулет өкілдері, әсіресе қытай тілі мен саясатына жетік
кісілері мемлекет қызметіне тартылады, Шүрженмен, Сұңмен арадағы
дипломатиялық жұмыстарға жегіледі. Уақыт оза келе, бұл тарап қауымнан
батыста Иран мен Алтын Орда, шығыста Юань империяларында белгілі
әскери қолбасылар мен беделді саясаткер, оқымысты ғалымдар шығады. Әлі
де ежелгі қонысында отырған, бәлкім, өсіп-өніп, көбейе бастаған таңғұттың
соңғы сарқыны Юань заманында Қытайдың ішкі өлкелеріне біржола қоныс
аударуға мәжбүрленеді. Ақыр түбі, елдігінен айрылған, бытырап, әр тарапта
телімде жүрген таңғұт атаулының бәрі де өздерінің ұлттық бейнесін, ана тілін
жоғалтып, саны мол басқа жұрттардың арасында жұтылып кетеді. Кейінгі
бурят халқының құрамында таңғұт есімді шағын ру бар екен. Халха ішінен де
елес береді. Әйткенмен бұл – арғы түбі таңғұтқа қатысты демесек, мүлде
басқа жұрт – бурят, халха. XIX ғасырдың соңында ежелгі таңғұт мекені, кейінгі
Гансу өлкесін саяхаттаған, Көкөнор, Амдо аймағын төңіректеген орыс
оқымысты-жиһанкездері жергілікті тибет текті тайпалар арасында байырғы
таңғұт жұртының әлдебір жұрнағы ұшырасатынын айтыпты. Аты сол, заты
басқа. Есебі, жоқ десе де болады. Таңғұттың бар тарихы 1227 жылмен бітіпті.
Ал біз тарапқа келсек, Батысқа ауған түрік тайпалары тасқынының ішінде, аз
ба, көп пе, таңғұттар да бар екен. Нақты тарихи жазбаларда Алтын Орда
құрамындағы, Дәшті-Қыпшақ жеріндегі негізгі тайпалар санатында таңғұт
руы да аталады. XV, XVI ғасырдың өзінде. Тіпті, XVII ғасыр деректерінде.
Кейін іргелі, үлкен тайпалардың құрамына сіңісіп кеткен. Яғни, бүтін емес,
бөлшектің бөлшек пайызы болса да, бүгінгі қазақ халқының нәсіл-тегінде
ежелгі таңғұт жұртының да үлесі бар деп білу керек.
Қытай
Шыңғыс хан ту көтерген кезде қытай билігіндегі һәм қытай нәсілді және
ежелгі Қытайдың жалғас мұрагері саналатын мемлекет – Нань Сұң
империясы болатын. Ұлы Даламен тікелей шектеспейді. Екі аралық – түстікшығыста Шүржен, түстік-батыста Таңғұт. Алайда, бүкіл Орталық-Шығыс
Азиядағы тарихи ахуал, елеулі оқиғалардың бір ұштығы осы алып елдің
сыртқы саясатына байланысты өрбіп, шешіліп жататын.
Ежелгі Қытай жерін түгел қамтыған және көршілер есебінен шекарасын
кеңейткен, әскери қуатымен қоса, ұтымды, епті саясатымен жарым дүниенің
тұтқасын ұстап отырған құдіретті Таң империясы (618–907) сыртқы
шапқыннан әлсіреп, ішкі қайшылықтар нәтижесінде біржола құлағаннан соң,
Аспанхақ тарихында «Бес әулет, он патшалық дәуірі» (У-дай) атанған бейберекет заман орнайды (907–960). Бұл бес әулеттің үшеуін Таң заманында
шаруалар көтерілісі мен бұлғаққа қарсы көмекке шақырылған шато түріктің
әскербасы бектері негіздеген екен. Солтүстік Қытайдың билігін жиыны отыз
жылдай ғана ұстапты. Басқа әулеттер мен патшалықтар да он-он бес жылдан
артық тұра алмайды. Ақыры, осы қатардағы соңғы бір әулет дағдарысқа
түскен кезде әскер қосындары өздерінің бас қолбасшысын, қарсылық
білдіргеніне қарамастан, император деп жариялайды. Тай-цзу деген
мәртебемен таққа мінген байырғы әскери Чжао Куань-инь ел билеуші
ретінде де ерекше қабылет танытыпты. Алғашқы қадамынан бастап-ақ өз
өкімін күшейтіп, бұлағай замандағы қуғын-сүргін, орынсыз қатал жазаға
тоқтау салады, жұртын тыныштандырады. Содан соң түстіктегі «он
патшалықты» жойып, бүкіл қытай жұртын қайтадан ұйыстыру тарабында
батыл қадам жасапты. Ақыры, бір патшалық шегіндегі біртұтас Қытай
мемлекеті қайтадан қалыптасады. Ал Тай-цзу Қытай тарихындағы жаңа әулет
– Сұң империясын (960–1279) негіздеуші болып шығады.
Сұң патшалығы Таң заманындағы Қытай қонысын түгелдей иелене алмады.
Бей-берекет кезеңде терістік атыраптағы он алты уәлаят Қидан өкіміне
берілген еді. Қайтып алу түгілі, қолдағы шекараны ұстап тұрудың өзі оңай
емес. Жаңа Қытай империясы Таң дәуіріндегі қуатына жете алмаған. Десе де,
ұзақ ғұмыры үш жүз он тоғыз жылға созылған Сұң ұлысы Аспанхақ
тарихындағы ең атақты әулеттердің қатарында саналады. Ежелгі Қытайдың
тікелей жалғасы ғана емес, ұлтты ұйыстырушы, байырғы дәстүр-салтты
сақтап, елдің алымын арттырып, өрісін кеңейтуші.
Сұң патшалығының терістігінде жауынгер Қидан, батысында ұжымы берік
Таңғұт. Күштері тепе-теңге жуық үш таған арасында кейде ұрыс, кейде келіс
жағдайда жүз алпыс бес жыл өтсін. Терістік түкпірден қатерлі жаңа жау
шығады. Шүржен. Әуелде істің сәті туып, заман біржола оңала бастағандай
көрінген. Бұрнада Сұң өкіметі тек әскер күшімен ғана емес, өздері мипаздап,
«сияпат, тәбәрік» атаған, сом күміс, бума жібек түріндегі міндетті албан төлеп
тұрған Қидан ұлысы енді осы шүршіт соққысына ұшырайды. Бірақ Сұң
жұртына жеңілдік келмепті. Көп ұзамай Ләуо империясын алған Шүржен
ізінше, 1125 жылы Сұң патшалығына қарсы тікелей соғыс ашады.
Нәтижесінде Сұң қирай жеңіліп, астана қаласы Кайфын ғана емес, бүкіл
Хуаңхэ алқабы, одан да ілгері, Янцзымен аралық, Хуайшуй өзеніне дейінгі ең
құнарлы, ең бай өлке – жарым жерінен айрылып шыға береді. Тақтағы
император, мұрагер ұлымен қоса тұтқынға түсіпті. Бұрынғы-соңғы Қытай
тарихында болмаған апат. Әйтсе де, жарым жұрт орнында. Енді бейбақ
императордың қатерден аман құтылған туған інісі Чжао Гоу өзін Гао-цзун
есімімен хуанди деп жариялайды. Елдің жаңа астанасы болып Янцзы
дариясының арғы беті, қатерсіз ұйықтағы сәулетті Ханчжоу қаласы
белгіленеді.
Қытай бұрынғы, өзін жер-әлемнің орталығы, Аспанхақ империясы деп білген
және төңірегіне де солай танылған салқар заман түске айналыпты. Шын
мәнісінде тәуелсіздігін сақтағанымен, үстем ұлыс – Цзинь империясының
ағалығын ресми түрде мойындайды, және бұрынғы Қидан еншісінен екі-үш
есе артық албан төлеп тұруға міндеттенеді. Терістік атырап, жарым жерінен
біржола айрылған байырғы Сұң енді Нань Сұң – Түстік Сұң атанады, соған
орай, империяның әуелгі кезеңі кейінгі тарихта Терістік Сұң – Бэй Сұң (960–
1126) деп танылады.
Өткенмен салыстырғанда қаусырала кеміді дегенмен, Түстік Сұң
империясының (1127–1279) жері кең, халқы мол еді. Қазіргі Қытай Халық
республикасының бүкіл оңтүстік-шығыс атырабы: терістікте Хуайшуй
өзенінен бастап, қиыр түстікте Сицзяң өзенінің аңғары, Вьетнам шекарасына
дейінгі неше мың шақырым жер – ұлы дария Янцзының жазыққа жайылған
ұзына бойы, бүкіл шығыс пен түстік-шығысын Тынық Мұхит көмкерген,
батыста Тибет-Туфань, түстік-батыста син-тибет текті Нань-Чжао елдерімен
шектесетін ұлан-байтақ қоныс. Халқының саны да сол заман есебінде
қисапсыз: Цзинь патшалығымен бөлістен соңғысының өзі 50 миллион екен,
әлбетте, түгел қытай. Арада жүз жыл өткенде, 1223 жылғы санақ бойынша,
12 миллион 671 мың шаңыраққа жетіпті – әлде 65 миллион, әлде 70–75
миллион кісі, соншама көп жұрт. Жері – кеңдігіне сай құнарлы, қазыналы,
халқы – көптігіне қоса өнерлі, еңбекшіл. Мемлекеттік құрылым – мың
жылдық қалыпты дәстүр аясында. Тынысы тарылып, өрісі кеміді дегенмен,
жаңа патшалық айрықша дағдарыс, төтенше қиындыққа ұрынбай, ежелгі
тіршілік, үйреншікті дәстүрін одан әрмен жалғастырады. Оның үстіне, замана
үрдісіндегі көптеген соны, жаңалықты өзгерістер тағы болыпты.
Түстік патшалық алғаш құрылғаннан бастап-ақ мемлекетті орталықтандыру
мақсаты бірінші орынға қойылады. Әскер күшіне сүйеніп, әр тарапта жеке
әмірге ұмтылатын, бәлкім, орталық өкіметті басып алуға ниет етпек қолбасы
шонжарлар ел билеу ісінен мүлде шеттетіліп, бар ғұзыр императордың өзі
басқаратын, саясат сырына жүйрік, шаруашылық жөніне жетік санаулы
адамнан ғана құрылған Мемлекеттік кеңеске тапсырылады. Барлық
уәлаяттар императорға тікелей бағынады. Жоғарғы деңгейдегі әкімшілік
қызыметке іскер әрі айрықша білімді кісілер ғана тартылады. Мұндай
дәрежеге жетудің екі түрлі жолы болған: арнайы сынақтан өткеннен соң,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 35
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480