Latin

Шыңғысхан - 26

Total number of words is 3933
Total number of unique words is 2130
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бағады, оқ жонады, аң аулайды, садақ тартуға машықтанады, басқадай
артық жұмысы болмайды, деген Карпини.
Үй шаруасының бәрін әйелдер жасайды. Еркектер тек қана оқ жонады, садақ
тартуға жаттығады, дейді Бенедикт Полон.
Рубрук айтады:
Әйелдердің міндеті – күймелерді айдау, арбаға үй орнату және түсіру, сиыр
сауу, май айыру, құрт қайнату, тері илеу және оны тігу. Сонымен қатар, киіз
басу және үйді жабу (яғни, туырлық, түндік, үзік дайындау, – М.М.). Қойешкіні әйел-еркек бірге қарауылдайды, кейде еркек, кейде әйел сауады.
Еркектер жылқы бағады, бие сауады. Қымыз піседі, торсық жасайды. Түйеге
қарайды, оған жүк артады. Киіз үйдің сүйегін шығарады, арба жасайды. Жақ
иеді, оқ жонады, ат әбзелін жабдықтайды, ер қосады, депті Рубрук.
Татарлар жорыққа аттанған кезде көбіне-көп әйелдерін, бала-шағасын ала
жүреді, деген Чжао Хуң. Әйелдер жүкке, дүние-мүлік, киім-кешек, керекжараққа ие болады. Бұларда киіз шатырларды тек әйелдер ғана құрып,
орнатады, күшкөліктің, арбалардың жүгін түсіреді, мініс аттарының
ертоқымдарын алады; бұлардың әйелдері де атқа жүргіш, дейді.
Әйелдері атқа еркектер сияқты, тақымын айырып отырады, деген Рубрук.
Әйелдері атқа еркекше мінеді, дейді Сент-Квентин; бұл жағдай оған аса
тұрпайы болып көрінген.
Жорықта, аттаныста малдарын да, әйелдерін де бірге алып жүреді, депті
Мэтью Парис.
Тек шаруашылық жөнімен ғана емес.
Әйелдері жауға қарсы тайсалмай шабады, дейді Рәшид-әд-Дин.
Олардың әйелдеріне дейін қаруланған, атқа шабады, ешкімді аямайды,
деген монах Иордан.
Татар әйелдері атқа мықты, еркектермен тең дәрежеде шабуылдап, ұзақ
уақыт бойы ат үстінде жүре береді. Қорамсақ асынып, еркектер сияқты садақ
тартатын әйелдер де жиі кездеседі, деген Карпини.
Қыздары мен әйелдерінің барлығы да атқа жүруде машықты, қорамсақ пен
жақ байланған, дейді Сент-Квентин.
Олардың әйелдеріне дейін қару-жарақты, түгелдей атқа шабады және
ешкімді аямайды. Майданда жақсы соғысқан әйелдері айрықша құрметті,
[ал қыздары] біздегі матаны шебер тоқитын, кестені әдемі тігетін сұлулар
сияқты, ең жақсы қалыңдық саналады, дейді есімі беймәлім франциск
монағы татар қаупі турасында жалпы жұртқа жолдаған үндеуінде (Мэтью
Парис «Шежіресінен»).
Көптеген әйелдер, әсіресе бойжеткен қыздар жай тартуға машықты және
еркектермен бірдей атқа жүргіш, деген Бенедикт Полон.
Татар әйелдері тамаша жауынгер, әсіресе садақ ататындары, депті, Батысқа
жеткен орыс архиепископы Петр.
Еркектері сияқты, әйелдері де соғыс өнеріне жетік, деген Мэтью Парис.
Еркекше киінген татар әйелдері ұрысқа тайсалмай кіріседі, дейді Фома
Сплит.
Татар әйелдері ерлігімен, жауынгерлігімен әйгілі. Еркектерше атқа шабады,
еркектер сияқты, жанына садақ байланған әйелдерді жиі көресіз, деп жазған
Рикольдо де Монте-Кроче.
Әйелдері де еркектері сияқты жауынгер көрінеді, ат үстінде жүреді, садақ
тартады; олар ұрыс-майдан кезінде еркектерден әрмен қаһарман деп
айтады, мәселен, кейбір ретте, ерлер тайқыған кездің өзінде қашпай, қатерге
қарамай, табандасып шайқасады екен, дейді доминик монағы Юлиан.
Ендігі бір орайда Рикольдо бұрнағы кезде, Түпкі жұрттағы әлдебір ұрыста
саны шектеулі еркек атаулы түн жамыла, тұтқиыл аттанып, жауға таң сәріде
ту сыртынан тигенде, жалпы қарасын үшін бастапқы шепте қалдырған
әйелдердің бетпе-бет тұстан дүрк көтерілген, ақыры осындай, екі жақты
қыспақ арқасында татарлардың саны артық, күші басым дұшпанды қиратып
жеңген оқиғасын баяндайды. Сірә, тарихи негізді, өз уақытында кеңінен
тараған әңгіме болса керек.
Ұрыс, шабыс кезіндегі жеке бір әйелдердің қайраты туралы нақты
мағлұматтар ұшырасады. Сондай-ақ топ бастаған, қол бастаған қаһарман
әйелдер де болған. Мәселен, Шыңғыс ханның шөбересі, Еке Ұлыстың
тұтастығы жолында Құбылай қағанмен отыз жыл шайқасқан Қайду ханның
жауынгер қызы, Жетісуда туып-өскен Құтұлұн-Шақа туралы хикая өз алдына
бір тауарих. Шағатай ұлысын да, Алтын Орданы да жақсы білген жиханкез
Шильтбергер Садұр-Мәлік деген қолбасы әйел туралы жазады: төрт мыңдық
қарулы жасағы бар екен, көпшілігі әйел, бәрі де атты және садақшы, ұрыссоғыстан тайынбайды, деген.
Шыңғыс хан заманы және оған жалғас дәуірдегі далалық әйел заты – өзінің
негізгі, зайыптық міндеті, аналық парызымен қатар, бір жағынан жарақты
жауынгер ғана емес, кейбір ретте ру, тайпа көсемі, одан да озып, бүкіл
ұлыстың әміршісі болғанын көреміз.
Татар әйелі үй-ошағын басқарады, тіпті, ел билейді, деген Рикольдо де
Монте-Кроче.
Жалпыға белгілі, әдепкі жағдай. Бұл ретте алдыңғы кезекте Шыңғыс ханның
өзінің туған анасы, қоңырат текті Өгілен, сүйікті жұбайы, қоңырат қызы Бөрте,
оған жалғас бас бәйбішелер: меркіт Құлан, атаулы татар руынан шыққан
Есулун мен Есуқат есімдерін айтуға болады. Барлық уақытта құдіретті
тұлғаның өзіне ықпал етіп отырған. Кенже келіні, керей қызы Сұрғақтан
Шыңғыс ханнан соңғы кезеңдегі мұқым Еке Ұлыс тағдырында қандай шешуші
қызмет атқарғаны бар тарихтан белгілі. Туған қыздары, яғни қият текті
Шешекен мен Алағай-бике – әрқайсысы бүтін бір аймаққа әмір жүргізген.
Құлағу ханның бәйбішесі, керей қызы Тоғыз-қатынның әмбе Елхан ұлысында
қандай ықпалды болғаны, жаңағы Шешекеннің немересі Өргене-қатынның
Шағатай ұлысын жеке-дара билегені сол кездегі шежірелерде таңбаланған.
Кейінде қалай бағаланса да, ұлыс тарихындағы белгілі бір бұлағай
кезеңдерде қаған қызметін атқарған найман қызы Төрегене мен меркіт ОғұлҚаймыштың тежеусіз, зор билікке жетуі де кездейсоқ емес. Ең жоғарғы
деңгейдегі ұлық әйелдердің тізімін бұдан ары да жалғастыра беруге болар
еді.
Өкімі зор әулеттің өзіндегі әйелдердің ғұзыры осыншама десек, ауыл арасы,
үй ішіндегі әйел-ананың беделі мен қадір-құрметі қаншалық болғанын
елестету қиын емес. Түптеп келгенде, осының бәрі ежелгі көшпенді түрік
қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың айнасы, ол заманда жер-
әлемде болмаған ахуал, әйел затының ел өміріндегі өзіндік орынтұрғысының (жұбай, ана, жауынгер, көсем) нақты көрсеткіші деп білуге
тиіспіз.
Бала
Әйелді көптеп алып, тұрмыста ерке-бұла ұстағандықтан, бұл халық тезінен
өсіп-өніп, көбейді және бар қажетін молынан тауып отыр, деген Георгий
Пахимер.
Көп әйел алғандықтан, балалары да көп; балаларын әйелдерінен артығырақ
жақсы көреді, депті Рикольдо де Монте-Кроче.
Әйелдер толғатқанда төсекке жатып босанбайды, дейді Рубрук. Сірә, күні
кешегі қазақ әйелі сияқты, арқанға асылатын болған.
Бала туғанда той (шілдехана) жасаған (Рәшид-әд-Дин).
Сәбиді [тал] бесікке салады. Бектер мен хандардың балаларының бесігі
алтынды, күмісті болмақ (Рәшид-әд-Дин).
Балаларын екі-үш жасында атқа мінгізеді. Сөйтіп, қаршадайынан тізгін ұстап,
еркін жүріп және шапқылап үйренеді (Карпини).
Балалары кішкентай кезінен атқа мініп үйренеді, жылқының, басқа да
малдардың айдау, бағымында жүреді, ересек тартқанда әкелерімен бірге
соғысқа кіріп, көмекші, қару көтеруші қызметін атқарады, дейді Винцент де
Бове.
Олар балаларын үш-төрт жастан садақ тартуға баулиды, дейді Бенедикт
Полон.
Балалар бойына, жасына қарайлас садақ ұстап, нысана атып машықтанады.
Сондықтан күшті болып, епті болып, батыр болып өседі, деген Карпини.
Бұғанасы бекіместен аң аулауға үйреткен. Алғашқы сәтті аудан соң жас
баланың бас бармағын майлайтын салт болыпты (Рәшид-әд-Дин).
Татарлар ат үстінде туып, ат үстінде өседі, депті Чжао Хуң.
Көп әйелден туған балалардың бәрінің қақысы бірдей, оның ішінде бәйбіше,
тоқал ғана емес, құмадан туғандар да тең саналады, басқалармен қатар
еншісін алады, әкесі бек болса, ол да бек болады (Карпини).
Бұған Шыңғыс хан әулетінің тарихы нақты айғақ.
Тіпті, қызметші, күңнен туған ұлдардың өзі ханзада саналған (Рәшид-әд-Дин,
Жувәйни, т.б.).
Әке-шешенің үй-жайы (яғни қара-шаңырақ, – М.М.) қашанда кенже ұлға
тиесілі, дейді Рубрук.
Моғұл-түріктердің рәсім-салты бойынша, әкесі көзі тірісінде үлкен ұлдарын
үй-жай, мал-мүлік енші беріп, бөліп шығарады. Қалғанының бәрі кенже ұлға
тиесілі, дейді Рәшид-әд-Дин.
Бұл кенже ұл, көбіне өзінің тума есімі көлеңкеде қалып, Отшыген, немесе
Отшы, Отегін атанатын болған (Рәшид-әд-Дин, Жувәйни, т.б.). Отшыген деген
ныспы – түрікше «от» және «тегін», яғни әмір (ханзада, – М.М.) деген
сөздерден құралған, от иесі, ошақ иесі, әулеттің, шаңырақтың ұйтқысы деген
мағнаны айғақтайды, деп нақтылап, таратып жазады Рәшид-әд-Дин.
Көшпенділер ұлды құрметтесе, қызды ардақтаған. Бұл – әйелдің қауымдағы
теңдік жағдайына байланысты. Аталы, текті жерден, хан әулетінен шыққан
қыздар өсе келе шаңырақ ұйтқысы, ел анасы ғана емес, үлкен билікке,
хандық дәрежеге жеткен мысалдар өте көп. Мана шет-жағалап айттық. Бұл
ретте Шыңғыс ханның өзінің атақты қатындары тұрыпты, жұрт ұстаған
қыздары Шешекен мен Алағай-бике, шын мәнісінде хан тағын иеленген
келіндері: Төрегене мен Оғұл-Қаймыш және байтақ Еке Ұлыстың өз
тұсындағы саяси өміріне айрықша ықпал еткен һәм бүкіл болашағын
айқындаған Сұрғақтан есімдерін атап шығудың өзі жеткілікті.
Киім
Киімдері мал терісі және аң елтірісі, деген Чаң-Чунь.
Бұл – жалпы сыпат. Әлбетте, киім жаздық және қыстық болып бөлінген,
еркек, әйел киімі өз алдына.
Біздің әрқайсымызға ұзын жүнді қой терісінен тігілген тон, дәл сондай
шалбар, шолақ қонышты етік, киіз байпақ және елтірі баскиім (тымақ?
бөрік?) алып келді, деп жазған Рубрук, Еділдегі Бату хан Ордасынан
Қарақорымға, яғни Мөңке ханның ғұзырына аттанар алдындағы дайындық
орайында.
Тон әманда жағалы болған («Қастерлі шежіре»).
Олардың киімдері (тон, – М.М.) суық өткізбестей, екі қабат теріден тігіледі,
бірінің жүні сыртқа қаратылған, көлденең көзге түкті қабыршақ көрінеді,
депті Фома Сплит.
Қыста кем дегенде екі тоны болады, дейді Рубрук. Бірінің түгі ішке
қаратылған, екіншісі – сыртқа, жел мен қарға қаратылған. Бұл тондар көбіне
қасқыр, түлкі, қарсақ елтірісінен тігіледі. Үйге киетін тон биязырақ болады.
Кедейлер ит терісінен, ешкі терісінен тігілген тон киеді, депті.
Еркектің негізгі киімі – тері тон және соған сәйкес, өздері «құла» (сірә,
«құлақшын», – М.М.) деп атайтын баскиім ғана, деген Ибн Баттута.
Қыста жылы баскиім киеді, депті Пэн Да-я. Оның бітіс, пішімі туралы дерек
бермеген.
Рубрук жаздық киіз қалпақ туралы айтады.
Қыстық жылы шалбар да жүндес теріден пішіледі.
Етік шолақ қонышты (әлде былғары, әлде көннен тігілген), қыста оның ішінен
киіз байпақ киілген (Рубрук). Күні кешегі қазақтың саптама етігінің қосары
сияқты.
Етік туралы Рәшид-әд-Дин шежіресінде де айтылған. Жалпы, атпен ұзақ жүру
қажетінен шыққан етік ол заманда әскери жарақ есепті саналған, етіксіз
жауынгер болмаған. (Кәдімгі етік, көшпенділер алғаш қолданған ат
тұрмандары, ертоқым, үзеңгі және басқа да кейбір қару-жарақ үлгілерімен
қатар, Қытайға ауысқан. Айта кетейік, Еуропа жұрты, тіпті, жарты әлемді
қаратқан Рим империясының өзі ертоқым, үзеңгі дегенді білмеген; атты
аламанға айрықша күш беретін мұндай мініс жабдықтары Батыс әлеміне
Аттиламен бірге келген болатын.)
Етікпен қатар, кебіс туралы да дерек бар (Карпини). Сірә, қоныста, үй ішінде,
бәлкім, тек әйелдер ғана киген.
Етік, кебіс, тон мен ішік, басқадай киім-кешек атаулы шаңырақ астында, үй
шаруасындағы әйелдердің қолынан шыққан. Етік ірі-қараның терісінен
тігілсе, кебіске сиыр мен жылқының пұшпақ терісін жаратыпты (Рубрук).
Әйелдер шолақ етік тігеді, теріден әрқилы бұйым жасайды, деген Бенедикт
Полон.
Еркектер жазда жұқа басылған киізден тігілген кебенек киген (Рәшид-әдДин). Рубрук «киіз шапан» («плащ») деп жазады.
Бұрнада тері шапандар болған, дейді Сюй Тин. Сірә, жұқа жарғақ, жақы.
Сонымен қатар, дөрекі матадан тігілген жеңіл шапандар да болады екен.
Енді қазір (1235–1236 жылдар, – М.М.), дейді Сюй Тин, шапанды қамқа,
торғын, алтын арқаулы жібектен пішеді. Қызыл, көгілдір, күрең, жасыл
түстерді таңдайды. Айдың, күннің, айдаһар мен құмай құстың суретін
өрнектеп қояды. Жақсы да, жаман да солай, дейді. Бұл – Шыңғыс ханның
және оның мұрагерлерінің Терістік Қытайды жаулап, мата молшылығына
кенелуіне байланысты.
Осы орайда Византия тарихшысы Никифор Григора айтқан бір кеп бар.
Бағзыда татарлардың киімі жұпыны болған, ендігісі жібек пен қамқа, деген.
Моғұлдар бұрын тері киетін еді, қазір жібек пен торқаға малынып, байлыққа
бөгіп отыр, деген Жувәйни.
Шапандар етжеңді пішіледі. Белі қынама, етегі кең. Атқа отырғанда қолайлы
әрі әсем көрінуі үшін, деген Сюй Тин.
Шапанның жағасы төрткіл, үстіңгі етегі оңға қарай қапсырылады, дейді бұдан
әрі тәптіштеп.
Татарда сыртқы киімдердің бәрінің де өңірі оң жаққа қаусырылады, деп
нақтылаған Рубрук.
Әйелдер де, қыздар да шалбар киеді, деген Карпини. Әлбетте, жол, жорық
кезі, ат үстіндегі тіршілікке байланысты.
Қыздардың сыртқы киімдері (тон, шапан) еркектерден айырғысыз, тек
ұзынырақ келеді, дейді Рубрук. Күнделікті тұрмыста қыздар мен жігіттердің
сыртқы киім, бітіс-тұрпатында айтарлықтай бөлініс болмаған сияқты.
Қыздардың да шаштарын өріп, еркекше шумақтап байлайтыны туралы
жоғарыда айтылды. Ал тұрмыстағы әйелдің жөні басқашарақ. (Сыңайына
қарағанда, әйел заты шаштарын еркектерше оймыштап қырмай, біртұтас
өсірген тәрізді.)
Еркектердің киім үлгісі мейлінше жұпыны болса, әйелдер айрықша сәнге
бөленген. Көлденең адам қасындағы күйеуін қызметші деп қалар еді, дейді
әйелдердің сыйы мен сұңғатына қайран қалған Ибн Баттута. Ал хан қатыны,
бек әйелдерінің салтанатын – бәсіре күймесі, нөкер қыздары, жүрістұрысынан бастап, киген киіміне дейін бажайлап суреттеген. Кигендері жібек
көйлек, өңірі алтынмен апталған, асыл тастар орнатылған қамқа жамылғы,
бастарында, ол да алтынды, әшекейлі торғын шылауыш, дейді. Әлдебір
әмірдің бәйбішесінің үстіндегі көйлектің шұбатылған ұзын етегін, арнайы
ілгектерінен ұстап, отыз қыз көтеріп жүргенін сыпаттағаны бар. Әлбетте, Ибн
Баттутаның жазғаны – кейінгі заманға қатысты. Алтын Орданың асқақтап
тұрған бір шағы. Әйтсе де, осы, өзгеше сәнді әйел киімінің өзі бұрынғының
қымбаттай, жетіле түскен жалғасы екенін аңдаймыз. Оған бағзыдағы
деректер дәлел.
Әйелдердің жеңі кең қамзол-көйлегі болады, Қытайдың құс-мамық тоны
іспеттес; молынан пішілген және ұзын, жерге сүйретіліп жатқан етегін екі
қызметші күң екі жағынан көтеріп жүреді, деген Чжао Хуң.
Әйел көйлегі туралы дерек Рубрукта да бар. Тұрмыстағы әйелдердің
көйлектері өте кең, біздің монахинялардың көйлегіндей (есебі, белі қынама,
етегі дөңгеленген, – М.М.), алды айырық, оң жағына қарай қаусырмалы,
ұзын етек, дейді.
Қытайдың дао сопыларының үстіндегідей көйлек-шапан («дао-фу») киеді,
депті Чжао Хуң.
Шаштарын өріп, еркін ұстаған қыздар тұрмысқа шыққаннан соң міндетті
түрде баскиім киген. Бар шашын бір өрім жасап, төбеге түйеді екен. Ал
міндетті баскиім – төбесі ұзын, шошақ бөрік болған. Бұл өзгеше бөрік қытай
деректерінде «гу-гу» атанады.
Әйелдер басына гу-гу киеді, депті Сюй Тин.
Тұрмыстағы әйелдер бастарына гу-гу деп аталатын биік бөрік киеді, деген
Чаң Чунь.
Көсемдердің әйелдерінің бәрі де гу-гу бөрік киеді, деп таратып жазады Чжао
Хуң.
Әйтсе де, Сюй Тин мен Пэн Да-я жазбаларына қарағанда, гу-гу – жалпыға
ортақ, оның сәні мен құны ғана әйелдің тектік, шаруашылық жағдайына
орайлас болған. Чаң-Чуннің саяхатнамасында да солайша.
Карпини «дөңгелекше, биік баскиім» десе, Рубрук оның атауын «бокка» деп
таңбалаған.
Юань дәуіріндегі деректердің бүгінгі (орысша) оқылуы бойынша «богтаг»
(Н.Шастина).
Шындығында, бұл сұлама бөріктің өзіндік, нақты атауы – бұғтақ (Рәшид-әдДин, Ибн Баттута).
Бірден көзге түсетін және айрықша сәнді, биік бөрік турасында жан-жақты
әрі мол дерек бар. Жазба мағлұматтар өз алдына, Юань дәуірі
ханымдарының Пекиндегі Император сарайында сақталған суреттерінде
бейнеленген және кейінгі кезеңде Қытай, Ішкі һәм Сыртқы Моңғолия
баспаларында түпнұсқа қалыбына жарияланған, әрі осы негізде бүгінгі заман
суретшілерінің туындыларында көрініс тапқан.
Мен гу-гуді қалай жасағанын көрдім, деп жазады Сюй Тин. Қайыңның
қабығын бүтіндей сыпырып алады да, [қалыпқа келтіргеннен соң] қызыл
мақпалмен, немесе алтын арқау жібекпен қаптайды, ал төбесіне шыбықтан,
әйтпесе темірден ұзыншақ таяқша орнатып, оны қаракөк [жұқалтаң] киізбен
орайды да, түсті қауырсын, әлем-жәлем матамен үкілейді, әсемдік және жел
соққанда үлбіреп тұрмақ үшін, депті Сюй Тин.
Гу-гу қайыңның қабығынан жасалады, биіктегі екі чи шамасында (60 см
астам, – М.М.). Сыртын қара матамен, ал дәулетті әйелдер түсті жібекпен
қаптап қояды, төбесіндегі шылауышы қаз-үйрек іспетті (сірә, қаз-үйрек
қауырсыны, – М.М.). Гу-гу киген әйелдер әлдекім аңдаусызда тиіп кетпесін
деп, үнемі сақтанып жүреді, үйдің есігінен еңкейіп кіреді және шегіншектеп
қана шығады, депті Чаң Чунь.
Гу-гу сымнан тоқылады. Ұзындығы үш чиден астам (яғни, 93 см үстінде, –
М.М.). Қызыл-күрең матамен қаптап, ою-өрнекпен нақыштап, інжу-маржан
төгіп қояды. Төбесінде шошайған таяқшасы бар. Оны қоңырқай матамен
әсемдеген, дейді Чжао Хуң.
Әмірдің қатынының басындағы бұғтақ деп аталатын биік бөрік асыл
тастармен зерленген, төбесіне тауыс қауырсындары қадалыпты, деп жазады
Ибн Баттута.
Симон де Сент-Квентин бұғтақтың алдыңғы екі өңірінен салбырап түсіп,
омырауға төгіліп тұратын, күміс шапқан, алтынданған салпыншақтар (кәдімгі
өңіржиек, – М.М.) туралы айтады, ең ұшына бекітілген кішкентай
қоңыраулары әйелдер қозғалған кездерде сәнмен сыңғыр-сыңғыр етеді,
депті.
Әйелдердің басындағы дөңгелекше бөрік шыбықтан, немесе ағаш
қабығынан жасалады, биіктігі бір шынтақ (45 см шамасы, – М.М.), [шошақ]
төбесі төрт қырлы, төменгі жағында жуандай береді, иыққа дейін түсетін
баскиім үстіне орнатылған. Сырты түрлі-түсті, қымбат матамен тысталған.
Әйел заты бұл баскиімсіз жұрт алдына шықпайды, деген Карпини.
Тұрмыстағы әйелдер бастарын «бокка» деп аталатын нәрсемен сәндейді.
Ағаш қабығынан, басқадай жеңіл заттан жасалады. Дөңгелек, үлкен, биіктігі
бір шынтақ, төбе жағы төрт қырлы. Сыртын қымбат матамен тыстап қояды,
іші қуыс, ал қақ төбесіне оның да ұзындығы бір шынтақтай шыбықша
қадайды да, ең ұшынан бастап, түгелімен тауыстың, немесе көк-ала үйректің
қауырсындарын қыстырып әдемілейді және [мата қаптау үстіне] асыл тастар
тағады. Әйелдер шаштарын төбесіне түйіп, кәмшат бөрік киеді де, бокканы
соның үстінен баса орнатып, бауын тамақ астынан тартып байлап қояды. Көп
әйелдер келе жатқанда алыстан қарасаңыз, найза көтерген, дулығалы бір топ
әскер сияқты көрінер еді. Бөріктері – дулыға, ал оның үстіндегі таяқша
найзаға ұқсап кеткені, дейді Рубрук.
Гу-гуді нақыш-өрнекті, қызыл-күрең матамен тыстап қояды. Ең жоғарғы
дәрежесі – үлкен, одан соң – ортаншы, одан әрі – кішкенесі. Ең биік бөріктің
алдыңғы өңірін ою, суреттер кестеленген інжумен әшекейлеп қояды. Тігіс
тұстарын да інжулеп көмкереді. Төбесіне түсті қауырсындар қадалады,
бұлары әйелдер ат үстінде жүргенде желбіреп тұрады, деп жазылыпты тағы
бір қадым тауарихта (Ван Го-вэй – Н.Мункуев бойынша).
Яғни, манағы бір шынтақ, екі чи, үш чи, есебі, жарты метрден бір метрге
тақау, әрқилы өлшемдердің бәрі де ақиқат болғаны. Бұғтақ атаулының сәні
мен құны ғана емес, биіктігі де әрқилы екен.
Шыңғыс хан заманында кеңінен қолданыста болған, Қытайдағы Юань
дәуірінде де қатардан қалмаған, Еке-Ұлысқа жалғас Алтын Ордада айрықша
сәнге жеткен биік бұғтақ бөрік кейінде мүлде ұмытылған, жоғалған деп
саналады. Шындығында олай емес. Иә. Кәдімгі, қазақтың сәукелесі ғой.
Қалыңдық киетін рәсімді баскиім ретінде күні бүгінге жетіпті. Төбесіне
қадайтын шыбықшасынан басқасы сол қалпында. Хан, сұлтан қыздары үшін,
дәулетті шонжардың ерке-тотайы үшін, тіпті, қарапайым, орта дәрежелі
шаңырақтан ұзатылмақ бойжеткен үшін арнайы жасалатын болған. Нақты
деректерде базбір сәукеленің құны үйірлі жылқыдан асып түскені айтылады.
Мұндай сәукеленің кейбір үлгілері ескілікті қазақ мәдениетіне қатысты
әрқилы музейлер қорында сақталған. Бұлардың барлығы да ежелгі бұғтақ
үлгісін танытады. Мәселен, Орталық Қазақ музейінде тұрған, XIX–XX ғасырлар
шегінде жасалған сәукелелер, әрқилы сыпатына қарамастан, үйлес бітімді.
Биіктігі 49 см–73 см аралығында; ұзына бойы асыл тас, тана, шытыра, зермен
әшекейленген, милығы ұлпа елтірі (Нұрсан Әлімбай бойынша). Ал СанктПетербургтағы Кунсткамера деректеріне қарағанда, бұл сәукелелердің
кейбірі аса биік, 80–90 см шамасында болғаны аңдалады. Дәулетті шонжар,
би, сұлтандардың әйелдері келін түскен күннен кейін де, көпшілік мереке,
атаулы жағдайларда киіп шығады екен. Бұл турада наурыз жырында да
айтылған:
«Ұлыстың ұлы күнінде: бай шығады балбырап,
Қасында жас жеткіншек, тұлымшағы салбырап;
Бәйбіше шығар балпиып, сәукелесі саудырап,
Қыз шығады қылмиып, екі көзі жаудырап...»
Сәукеле – рәсімді баскиім ғана емес, сән-салтанат көрінісі, өзгеше өнер
туындысы. Кемі мың жарым жылдық тарихы бар, ескілік жұрнағы. Ұлы
бабалар, асыл аналар заманынан қалған бір мирас дер едім. Бірақ елеске
айналмаған. Күні бүгінде қыз ұзатқанда, келін түсіргенде әуелгідей тым биік,
соншама қымбат болмаса да, әрқилы әшекейлі, әдемі сәукеле кигізетін салт
ұмытылған жоқ. Қыз-дәурен өтті, енді тұрмыстағы әйел болдың деген сөз.
Баяғы бұғтақ бөрік. Бар айырма – жаңа, зайыптық өмірдің босағасы – той күні
ғана киіледі.
Әдет-ғұрып, жол-жора
Ғұрып пен жора қашанда халықтың тіршілік кебіне, қоршаған орта, табиғат
туралы ұғым-түсінігіне байланысты және өткен тарихи шеру, жасаған
заманына қарай қалыптасып, орнықпақ. Осы орайдағы әдет, салт қана емес,
әрқилы ырым-жырым, тоқтау-тиым атаулының да мән-мағнасы өзіндік сыпат
танытады.
Көшпенділер ұстанған ғұрып пен жораның ежелгі мұралардағы нақты
көрінісі тым көп емес. Әйткенмен де, елеулі және есте қаларлықтай.
Бұл ретте бірден байқалатын жағдай – отпен аластау. Яғни, тазару рәсімі.
Елшілер Ордаға кірерде екі оттың ортасынан өткеріледі, елшілер әкелген
сияпат, тәбәрік те түгелімен от арасынан өтуге тиіс, деген Мысыр тарихшысы
Ибн әл-Фурат (Тизенгаузен).
Мәртебелі қабыл алдында екі от арасынан өтуден бас тартқан бодан, әлдебір
орыс кнәзінің азапты өлімге кесілгені мәлім (Карамзин, Соловьев, Гумилев,
т.б.). Тазару орайындағы тиесілі рәсімге келіспеген доминик монағы Асцелин
шет жұрттық елші болғандықтан ғана аман қалған, бірақ ештеңе бітірмеген
қалпы кері қайтарылған.
Қысқасын айтқанда, татарлар отпен тазармайтын ештеңе жоқ деп біледі.
Сондықтан да елшілер, немесе басқадай шонжарлар келгенде олар міндетті
түрде екі оттың аралығынан жүргізіліп, аластау рәсімінен өтеді, қастандық
жасамасы, у әкелмесі, барлық арам ойларынан тазаруы үшін, деп жазған
Карпини.
Олардың ұғымынша, оттың тазартпайтын нәрсесі жоқ. Сондықтан қандай
дәрежелі елші келмесін, екі оттың ортасынан өтіп, бола қалған арам ой, улы
ниетінен тазаруға тиіс, деген Бенедикт Полон.
Отпен тазару рәсімі бұрынғы-соңғы тарихи және зерттеу әдебиетте кеңінен
мағлұм.
Екі от арасынан өткермесе де, отпен, түтінмен адамды, үй-жай, мүкәмалды
теріс әсерден аластап, тазарту рәсімі кейінгі қазақта күні бүгінге дейін
сақталған.
Арыда отқа табыну, кейінде отты қастерлеу – барлық халыққа қатысты
жағдай. Көшпенділер өміріндегі ырым мен тиымның біразы тікелей отқа,
оның ерекше қасиетіне байланысты екенін көреміз.
Отқа пышақ ұруға болмайды. От басында балта шабуға болмайды, деген
Карпини.
Отқа пышақ сұғуға, пышақ тигізуге болмайды. От басында ағаш жаруға
болмайды, онда оттың басы кесілмек, дейді Бенедикт Полон нақтылап.
Осыған жалғас тиым – қазандағы етті пышақпен шаншып алуға болмайды
(Карпини, Бенедикт Полон).
Кісісі өлген, немесе басқадай көлденең себеппен жаманшылық жұққан үйжай да отпен аласталған.
Енді біраз ғұрып мал шаруашылығы, мал өнімдеріне байланысты. Кейінгі
қазақ рәсімімен нақпа-нақ келіп жатқанын көреміз.
Атты жүгенмен ұруға болмайды (Карпини, Бенедикт Полон).
Қамшының сабына сүйенуге болмайды, деген Карпини. (Қазақта қамшы
сабына сүйеніп отыру тек қаза, қайғы үстіндегі рәсім.)
Қамшының үстіне отыруға болмайды (Бенедикт Полон).
Бие сүтін жерге әдейі төгу – күнә, үлкен айып, деген Бенедикт Полон.
Жерге ақ төгуге, басқадай тағамдарды тастауға болмайды, депті Карпини.
Шаңырақты сыйламау – үлкен айып саналған, ал қасақана, тіпті, аңдаусыз
қорлау – кешіргісіз жазаға ұласқан.
Үй ішінде әдейі дәрет сындырған кісі өлімге кесіледі, бұл жағдай жазатайым
(мәселен, қымызға мастықтан) болса, құныкер ретінде, үлкен айыппен әрең
құтылған (Карпини, Бенедикт Полон).
Табалдырықты басуға болмайды (Карпини).
Көсемнің, ханның табалдырығын басып кеткен кісі қолма-қол өлімге кесілген
(Бенедикт Полон).
Жат жұрт елшілері Ордаға кіргенде табалдырықты басып кетсе, қылышқа
шалынады, дейді Юлиан.
Әдетте, бұл тарапта елшілер күнібұрын, қатаң ескертіледі, соған қарамай,
табалдырықты басса – Орданы қорлау мақсатымен әдейі істегені. Алайда,
тарихи деректерде әлдебір елшілердің рәсімді бұзып, жазаға тартылғаны
туралы ешқандай дерек жоқ.
Әскери өмір, қару-жарақ, адамдар арасындағы қатынас орайында әрқилы
жол-жора қалыптасуға тиіс еді. Ескі деректерге бұл жағдайдың кейбір ұшығы
бар.
Мәселен, жебеге қамшы тигізуге болмайды (Карпини, Бенедикт Полон) деген
сияқты. Қылыш, найза, садаққа қатысты мұндай тиым және қастерлеу
рәсімдері турасында мағлұмат ұшырата алмадық.
Бітімнен, келісімнен түңілген жаулық жолын таңдағанда, астындағы атының
кекілін шорт кесетін жосық болған (Рәшид-әд-Дин). Арыдан беріге жалғасқан
ежелгі салттағы, тұпа-тура «ат кекілін кесу» – бүгінгі қазақ тілінде бітіспес
жаулыққа бекіну, арасы ашылып, біржола кетісу мағнасындағы тұрақты
тіркеске айналған.
Бекінудің, айнымас, қатқыл шешім қабылдаудың, осы жолға жанымды
қидым деген ишараның нақты бір көрінісі – мойынға белбеу (кісе) салу
рәсімі.
Шыңғыс хан [Отырар ойранынан соң] ыза мен кек буып, төбе басына жалғыз
шығып, баскиімін алып, мойнына белбеуін салып, жерге нұқыра отырып, үш
күн бойы тәңіріге жалбарынды, деп жазған Рәшид-әд-Дин.
Олар [Өкетайды қаған сайларда] өздерінің салты бойынша, бастарын
жалаңаштап, белбеулерін иықтарына асты, деп дәйектейді Жувәйни.
Бату [Мөңкені қаған дәрежесіне бекітерде] дәстүр бойынша орнынан тұрды,
ал барлық ханзадалар мен нояндар бірдей ниетпен белдіктерін шешіп,
баскиімдерін алып, тізелерін бүкті, деп жазған Рәшид-әд-Дин.
Мұнда шешілген белбеудің мойынға асылғаны нақты айтылмаған, бірақ
анығы күмәнсіз. Өйткені, көп ұзамай, Мөңке қажетті құрылтай, қалыпты
рәсім бойынша астана Қарақорымда қаған көтерілгенде дәп солай болады.
Осындағы барлық жұрт – аталмыш ханзадалар, мәртебелі ұлұғ әмірлер,
барлық рубасылар және осы арадағы сансыз әскер – бәрі де бастарын шешіп,
белбеулерін иықтарына асты, деп нақтылаған Рәшид-әд-Диннің өзі.
Осы жолға, қатерлі іске жаным пида деген шешіммен мойынға кісе (кіселі
белбеу) салу – Қазақ Ордасындағы қалыпты рәсімнің бірі болған. «Ақбоз
атты шалғанда, – Мойныңа кісе салғанда...» – деп еске алған Үмбетей жырау
Абылай ханға қарата айтылған толғауларының бірінде. (Зарығып бала
тілегенде «мойынға бұршақ салу» рәсімі сол ежелгі, мойынға белбеу
салудың қазақтағы тағы бір нұсқасы.)
Ақбоз атты құрбанға шалу да ежелгі дәстүр. Жаулас, немесе одақтас жұрт
мәмлеге келгенде, әйтпесе, ұжымды қауым үлкен қатер, жауапты іс,
алмағайып жорық алдында ақбоз ат сойып серттесу әдепкі жағдай екен және
Шыңғыс хан заманында қастерлі ғана емес, міндетті бір рәсім болған.
Ақбоз ат сойып, ант ішті деп атап көрсетіледі ежелгі жазба мұраларда
(«Әулие хихангердің жеке жорықтары», Рәшид-әд-Дин).
Ант (немесе серт) беру – құрбандық малдың қанын ұрттау арқылы жүзеге
асады. Антқа келу – көзбе-көз ғана емес, сырттай атқарылуы да мүмкін екен.
Оң хан бұқа мүйізіне азғана қан құйып, Жошы-Қасарға беріп жіберді, антқа
келтірмек үшін. Өйткені моғұлдардың салты бойынша, олар бір-біріне қан
арқылы ант береді, деген Рәшид-әд-Дин.
Оң хан қан толтырылған ыдыспен Итүргенді Қасардан ант алуға жіберді, деп
жазылған «Әулие жихангердің жеке жорықтарында».
Оң хан Қасарды антқа бекіту үшін өз кісілері арқылы қан толтырылған торсық
жіберді, деп көрсетіледі «Юань тарихында» (Бичурин – «Әуелгі төрт ханның
тарихы»).
Өзара дербес үш деректегі бар айырым – ыдыс жайы ғана. Қан арқылы антқа
келу ақиқат десек, ол төтенше жағдайларда арнайы куәгер-өкіл арқылы,
алыстан да қабылдана беріпті.
Құрбандық ақбоз аттан соң, қызыл қаннан соң, ойға алған істің баяны, тақау
болашақ сұлбасын аңдау үшін болжалды бал ашқан. Тек мұндай ерекше
оқиға емес, кез келген алмағайып қарекет орайында, тіпті, қалыпты,
күнделікті тіршілік ыңғайында.
Бал ашу жағына келсек, олар қой жауырынын отқа салып өртеп, шытынаған
сызықтарының оң, терісіне қарап, ойланған істің сәті мен сәтсіздігін, бақыт
пен сорды, Көктің алқауын, немесе қарсылығын анықтайды. Және соған
қатты сенеді. Үлкен-кіші іс атаулының бал ашпай шешілетіні болмайды. Бір
шаруа туралы әлденеше қайыра бал ашылады. Мұндай жауырын қарау –
қытайлардың тасбақа сауытымен бал ашқаны тәрізді, деген Сюй Тин.
Бақытты, бақытсыз жағдайлар туралы, шабыс, немесе шегініс кезінде,
жорық, ұрыс алдында қой жауырынын отқа салып, сындырып, жарық пен
сызықтарына қарап отырып, маңызды мәселелерді шешеді. Біздегі,
тасбақаның сауытымен бал ашқан сияқты, деп жазған Чжао Хуң.
Қой жауырыны көмірдей қарайып күйгенше отқа ұсталады, дейді Рубрук.
Содан соң жарылған сызығына қарап бал ашылады. Жауырын ұзынынан
шатынаса, істің оң шешілмегі. Егер көлденеңінен жарылса, немесе дөңгелене
сынса, істің сәтсіз болмағы көрінбек, дейді.
Елүй Чуцайдың «Юань тарихындағы» ғұмырбаянында Шыңғыс ханның өзінің
әрбір жорық, шешуші ұрыстар алдында жауырын қарап отырғаны туралы
айтылған. Және ұрыс, жорықтан соң қайыра бал ашып, әуелгі болжал мен
кейінгі нәтижені өзара салғастырады екен.
Мөңке ханның жауырын ұстағанын Рубрук өз көзімен көріпті. Ханның
алдында күйген жауырындар жатыр екен, дейді, ордадағы әдепкі бір кездесу
туралы айтқанда. Хан қолына күйген жауырын ұстап, үңіле қарап отыр екен,
дейді екінші бір жолы.
Рубрук бал ашар алдындағы рәсімді айғақтаған. Хан әлдебір маңызды
шаруаны шешерде, таза үш жауырын алғызады да, қолына ұстап отырып,
кеңес сұрамақ ісі туралы ойланып-толғанады. Содан соң ғана жауырынды
жағуға бұйырады, дейді. Бұдан ары, егер жауырынның тым құрса біреуі оң
болса, ойлаған ісінің сәтті аяқталарына сенеді депті.
Жауырынмен бал ашу – көшпенді түрік-моңғол тайпаларына ортақ әдет
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 27
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480