Latin

Шыңғысхан - 06

Total number of words is 3770
Total number of unique words is 2069
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
куәлігі осындай. Ілкідегі грузин және армян деректерін айтпасақ, бұл – татармоғол турасында Еуропада таңбаланған алғашқы мағлұмат деуге тиіспіз.
(Қалқадағы ұрыстан кейін Жебе-ноян мен Сүбітай-бахадұр Батыс Дәштіні
барлап, Бұлғар шегіне жетеді, мұнда, Кама бойында тосқауыл құрған бұлғар
әскерін талқандап, жер ыңғайын аңдаған соң, Еділді құлдай жүріп, Жайықтан
өтіп, 1225 жылы Шығыс Дәшті-Қыпшаққа аман-есен оралады.)
Қалқа ұрысынан соң, арада он бес жыл өткенде, кең көлемді Еуропа жорығы
басталады. Ең алдымен Бұлғар хандығы қиратылды. Содан соң Қыпшақ
қосып алынды. Одан кейін Орыс кнәздіктері боданға түсті. Шыңғыс ханның
немересі Бату хан 1240 жылы Киевті алып, Еуропа шегіне ентелей төніп келді.
Арыдағы жұрт сонда ғана қатер лебін сезініпті. Бұдан бұрынғы еміс хабарлар
ешкімге әсер етпеген. Тек Венгрия королі Төртінші Бела ғана азды-көпті қамқарекет жасаған көрінеді. Бұдан үш жүз жыл бұрын Шығыс Еуропадан ауған
мадиярлар өздерінің ата жұртында отырған туыстас башқұрттармен
байланысын үзбеген. Апат қарсаңында және шапқын жаңа басталғанда,
1235, 1237 жылдары Бұлғар еліне қатарынан екі мәрте арнайы барып
қайтқан монах Юлианның король Белаға түсірген мағлұм хаты – татар
қауымы турасында Батысқа жеткен алғашқы нақты дерек болып табылады.
Монах Юлиан өз жазбаларында татарлардың соғыс өнері, әскерінің серпімді
қуаты, жауынгерлік қарымы, қамал бұзу тәсілдері туралы мәнді деректермен
қатар, бұл жұрттың түр-тұлғасы, мінез-құлқы, қатерден таймайтын
жаужүректігі туралы айтады, татар ханы, оның салтанатты Ордасы жөнінде
естігенін сыпаттай келе, бұлардың жер-әлемді – Венгриядан Римге дейін
түгел бағындырмақ ниеті барын, яғни, көп ұзамай шапқын басталатынын
ескертеді. Король Бела тапыр-тұпыр қарекетке кірісіпті: әскер топтау,
жұртынан ауған қыпшақтармен одақтасуға талпыныс өз алдына, Рим
папасынан бастап, бүкіл Еуропа әміршілеріне хат жолдайды, елшілік
аттандырады, көмек сұрайды. Бірақ Еуропа мызғымапты. Алғашқы хабарды
қаперіне де алмайды.
Арада көп өтпей-ақ, 1241 жылы қаңтарда Бату хан Карпаттан асып, Батыс
жұрттарының шегіне кіреді. Әуелгі, үлкенді-кішілі, әрқилы ұрыстардан соң,
11 көкекте Сайо өзені, Моха жазығындағы алапат майданда біріккен венгр,
хорват әскерін және оларға септес француз, неміс қосындарын талқандайды,
король Бела әрең қашып құтылады, оның інісі, хорват әмірі Коломан
жарақаттан өледі, жиыны 56 мың әскер қырылыпты. Осыдан екі-ақ күн
бұрын, 1241 жыл, 9 көкекте Шыңғыс ханның тағы бір немересі Байдар
Легница түбінде, небәрі жалғыз түмен жасақпен Еуропаның біріккен
крестшілері – әлде 50 мың, әлде 60 мыңдық темір әскерді қирата жеңген,
жиыны 36 мың, енді бір деректерде 40 мың крестші қазаға ұшырапты. (Өлген
дұшпанның есебін алу үшін, оң жақ құлақтарын кесіп, жинағанда тоғыз қап
болған көрінеді.)
Бұл екі оқиға Еуропаны есеңгіретіп жібереді. Жалпы жұртты үрей жайлайды.
Ұрыс майданынан қиыс қалған Франция, арғы шеттегі Испания, тіпті, оқшау
аралдағы Англияның өзі қалтырап отырыпты. Жолындағының бәрін
жапырған татар шапқыны ақырзаман айғағы болып көрінеді. Бүкіл Еуропада
жүріс-тұрыс, сауда атаулы тақи тоқталған, ал Англия құрылықпен арадағы
кеме қатынасын доғарып, аралық базарларын жауып тастапты. Кейінгі
зерттеушілердің байыбынша, Христиан әлемі бұрын-соңды ешқашан дәл
мұндай алмағайып қатер үстінде болған емес. Герман императоры Фридрих
II ағылшын королі Генрих III-ге және Еуропаның барлық монархтарына
әлемдік татар шапқынына қарсы күш біріктіру қажеті туралы арнайы жолдау
жасайды. Француз королі, кейінде Әулие атанған Людовик IX зұлмат барысы
туралы туған анасымен арадағы әңгімеде көзіне еріксіз жас алады, бұл
татарлардың бетін қайтарып, кері қуа алмасақ, бүкіл ел-жұртымызбен жоқ
боламыз депті.
Осы тұстағы католик дін өкілдерінің үндеу, мәлімдемелері, шапқын
аймағынан қашып шыққан орыс, мажар, алман және басқа да кісілердің
ақпараты үмітсіз қорқынышты одан әрмен күшейте түседі. Жинақталған,
қолда бар өтірікті-шынды, ертегілік-лақапты мағлұматтар және көпшілік
көзбен көрген нақты оқиғалар мен әрқилы деректер негізінде дүниенің қиыр
шетінен шыққан беймәлім жұрт турасындағы алғашқы еңбектер жазыла
бастайды. Католик монахтары Альбериктің (өл.1241) және Рихардтың
«Жылнама» кітаптарында Хорезмнің құлауы, Күнгей Қапқаз, Армения мен
Грузиядағы топалаң, Қалқадағы қырғын – бір сөзбен айтқанда, жарым
дүниені тітіреткен ғаламат оқиғалардың алғашқы жаңғырығы көрініс табады.
Бұл ретте бенедиктин монағы, ағылшын Мэтью Паристің (1200–1259) «Үлкен
шежіре» аталатын жинақты еңбегі назар аударарлық. Жан-жақты білімдер
әрі айрықша іждағатты Мэтью Парис (орысша таңбалануында Матфей
Парижский) 1200 жылдан 1259 жылға дейінгі аралықтағы Батыс Еуропа
халықтарының тарихын қамтиды, оның ішінде 1238–1242 жылдардағы татар
шапқынына айрықша орын берілген. Елеулі оқиғалар тізбегімен қатар, татар
қауымының соғыс тәсілдері, қару-жарағы мен күш-қуаты, түр-тұлғасы мен
мінез-құлқы, тұрмыс жайы және әдет-ғұрпы турасында біршама мол дерегі
бар. Осы орайдағы негізгі мәтінге қосымша ретінде тіркелген тарихи
құжаттардың мән-маңызы айрықша. Ағылшын королі Генрих III-нің архивінен
алынған, басқа да тараптан жинақталған мазмұнды, құнды ескерткіштердің
көпшілігі кейінгі заманға тек осы «Үлкен шежіре» құрамында ғана жетіпті.
Бізге жалпы сұлбасы және кейбір тараулары ғана мағлұм, бірақ тікелей
бейтаныс тағы бір елеулі еңбек – италик Рогердің жазбалары; Иннокентий IV
папаның Мажарстандағы өкілі болып тұрған кезінде, 1241 жылы татар
тұтқынына түсіп, ақыры одан қашып шыққан Рогер (Рогерий, Рогериус) 1243
жылы Отанына аман-есен жетеді де, ізінше, 1244 жылы, көзбен көргені мен
бастан өткендерін кітап етіп қалыптайды, дәстүрлі латын тілінде;
«Венгрияның күйреуі туралы қасірет жыры» деп аталатын бұл тарихи-деректі
туынды 1938 жылы мажар тіліне аударылған.
Кейінде архиепископ мәртебесіне жеткен Рогердің (өл.1266) замандасы
және дін-қарындас әріптесі архидиакон Фома Сплит (1200–1268) «болашақ
ұрпаққа естелік үшін», ол да латын тілінде жазылған «Салона және Сплит
архиепископтарының тарихы» дейтін көлемді еңбегінде атаулы тақырып
шеңберінен шығып, өзі туып-өскен Далмация–Хорватия мен Венгрияның
ежелгі заманнан сол кезге дейінгі тарихын қамтиды, кітаптың толымды төрт
тарауы Батыс Еуропадағы татар шапқынына арналған. Фома Сплиттің
жазбалары осы тараптағы тұма, түпнұсқа әдебиеттің елеулі бір көрінісі
саналады және кейінгі көптеген зерттеулерге арқау болған. Әйткенмен, бірліжарым жаңсақ деректер ұшырасады, жеңілген венгерлерді табалаумен
қатар, жолындағының бәрін жапырған татарларға деген нәсілдік һәм діни
өшпенділік айқын аңғарылады, және бүгінгі Батыс ғалымдарының өзі
мақұлдамайтын қисынсыз жалаға кеңінен орын берілген. Сонымен қатар,
оқиға барысы, соғыстар шежіресін айтпағанда, татар қауымының мінезқұлқы, әдет-ғұрпына, түр-тұлғасы, ерлік бітімі мен қару жарағына, ұрыс
тәсілдеріне қатысты шынайы әрі нақты ақпар бар.
Еуропаның ең таңдаулы әскер жасақтарының қирап жеңілгені, адам
айтқысыз қатер, «ғаламат бақытсыздық туралы хабар тезінен барлық жерге
жетті, енді бүкіл әлем тітіреді, төңіректі түгел қорқыныш жайлады,
құбыжықтың шеңгелінен ешкім де қашып құтыла алмайтындай көрінді; Рим
императоры Фридрихтің өзі қарсылық жөнін емес, бас сауғалау жайын ғана
ойлапты», – деп жазады Фома Сплит.
Қайткенде де, бұл замандағы барлық сөздің түйіні – татар шапқынына қарсы
амал жоқ деген абыржы үрейге ғана тіреледі екен. Шарасы таусылған жұрт
арасында «А, құдай, бізді татардың кәрінен сақта!» – деген дұға кеңінен
таралыпты.
Шынында да, Еуропаны құдай сақтағандай болды: Сайо мен Легницадағы
ұрыстардан соң көп ұзамай, алыстағы ұлыс астанасы Қарақорымнан оқыс
хабар жетеді, Өкетай қаған өліпті. Бір-ақ күнде дүние бұзылған: Еке Моғол
ұлысы ыдырап тозу өз алдына, қырғын азамат соғысы қатерінде қалыпты.
Бату бұдан арғы жорықты шектеп, барлық тараптағы әскерін жинақтап,
Дәшті-Қыпшаққа қайтуға қамданады. Келер жылы Еділ бойына біржола ірге
теуіп, түрік-қыпшақ жұртының жаңғырған, жаңа бір ұлы мемлекеті Алтын
Орданың іргесін бекітуге кірісіпті. Арада азғана жыл өтіп, өрісі тар, мінезі
қатал Күйік қаған өлгеннен соң, Қарақорымдағы ата тағына Батудың
қолдауымен, екінші бір немере іні – Мөңке орнығады. Еке Моғұл ұлысының
ең құдіретті кезеңі келіпті.
Бұл кезде Еуропа да тыншыған. Бірақ үрей елесі жоғалмаған. Енді «тозақы
татардың» мән-жайын тереңірек білуге талап етеді. Болашақ, ықтимал
қатерден сақтық шарасы. Мұсылман әлеміне қарсы одақтастық туралы
есекдәме. Бұл ретте бүкіл католик жұртының рухани көсемі, Рим папасы
Иннокентий IV мен Франция королі Людовик IX айрықша белсенділік
танытады.
Плано Карпини. «Тартарлар туралы кітап». (Кейінгі көшірмешілер кітап атын
өздерінше өңдеп, «Біз тартар атап жүрген монғалдар тарихы» деп
бұрмалаған.) Еуропадан Шығыс Азияға алғаш жол ашқан католик,
францискан-минорит тариқатының сопысы итальян Джованни дель Пьяно
Карпине кейінгі тарихта латынша нұсқалы ныспысы бойынша, Плано Карпини
деп аталады. Рим папасы Төртінші Иннокентийдің (1243–1254) арнайы
жаушысы. 1245 жылы көктемде Лион қаласынан аттаныпты. (Бұл кезде папа
өзінің қастас дұшпаны герман императорынан бой тасалап, Француз
королінің панасында, осы Лионда отырған.) Жаушылық құрамында тағы екі
монах – поляк Бенедикт пен богемиялық Стефан дегендер бар екен.
Карпини – өз тарабында айрықша мәшһүр діни қайраткер, францискан
тариқатын негіздеуші, көзі тірісінен әулие танылған Франциск Ассизидің
(1181–1226) ізбасар жақын досы және Рим папасының ежеттес, сенімді
адамы болған. Жауапты міндет арқалаған сапар қарсаңында алпыс үш
жастан асқан, етжеңді, бірақ денсаулығы мықты, тақуа ғана емес, мейірбан,
білімдар, ізгі кісі ретінде сыпатталады.
Миссия мақсаты – әлденендей келіссөз емес, Батыс жұртына тозақтың
төрінен шыққандай көрінген, «татар» есімі «тартар», яғни «тозақы» болып
естілетін беймағлұм жұрт турасында жан-жақты дерек жинастырып әкелу
екен. Әуелде Еділдегі Бату ханның ғұзырына жіберілген жаушылар одан әрі,
Еке Ұлыстың үлкен Ордасына бағытталады. Стефан жүрісті көтере алмай,
орта жолда, Киевте қалған, енді Карпини мен Бенедикт Еділ-Жайықтан соң,
Үстірт, Хорезм, Жетісу, Тарбағатай арқылы Дәшті-Қыпшақты кесіп өтіп,
Алтайдан асып, Қарақорымға жетеді. Мұнда төрт айға жуық емін-еркін
тұрып, ұлыстың және ондағы жұрттың жай-жапсарымен танысады, жергілікті
және сырттан келген әрқилы кісілермен араласып, сөйлесіп, елдің елеулі
тұлғаларын көреді. 1246 жылы тамызда Өкетайдың үлкен ұлы Күйіктің қаған
көтерілген салтанатына қатынасады. Қайтар жол тағы да алты айға
созылыпты. Ақыры, екі жарым жылдық ауыр сапардан соң, 1247 жылдың
күзінде аман-есен Лионға оралыпты. Арнайы саяхат туралы, дәстүрлі латын
тілінде жазылған, жол үстінде басталып, келгеннен соң үш айда тиянақталып
біткен толық мағлұмдама тұтас бір кітап болып шығады. Плано Карпини өз
жұрты, Перуджа шаһарында 1252 жыл шамасында дүниеден өтіпті.
Карпини миссиясының негізгі мақсаты – жасырын барлау болатын. Ал
кемеліне келіп тұрған Еке Ұлыста ешқандай құпия жоқ. Карпини мүмкін
болған шегінде көп нәрсені көреді және көргенін ғана емес, естігенін де түгел
қағазға түсіреді. Бұл, әрқилы жағдайда ұзынқұлақтан жеткен әңгімелердің
ішінде қисынсыз ғажайыптар да бар, сонымен қатар, тегі бөтен көшпенділер
тұрмысына қатысты жаңсақ, тіпті, жалаға үйлес ақпарат та үшырасады.
Бүгінде қияли, теріс ошар, дәйектерді шындықтан ажыратып алу онша қиын
емес. Ең бастысы – Карпинидің өзі куә болған, көзімен көрген, нақты
жағдаяттар. Сондықтан да Карпини кітабы XIII ғасырдағы көшпенділер
тарихына қатысты ең мәнді еңбектер қатарында тұр.
Мұнда бәрі де бар. Ең алдымен – татар қауымының түр-тұлғасы, киім үлгісі,
мекен, баспанасы, ас-суы, мінез-құлқы, ұғым, нанымы, жерлеу рәсімі, әдетғұрып заңдары. Бұдан соң, өткен тауарих турасында азды-кемді мағлұмат,
ұлыстың құрылымы, әміршілерінің өкімі, бектерінің билігі, бағынышқа,
боданға түсірген елдерінің жайы. Жалпы жұрттың, оның ішінде ұлыстың ұлық
кісілерінің байлығы атап айтылып, қаған Ордасының сән-салтанаты, әсіресе,
өзі көрген, таққа көтеру рәсімі турасында бажайлап жазады. Әлбетте, басты
назар – ұлыстың жауынгерлік қуатына байланысты. Әскер құрамы, қаружарақ жайы, соғыс тәсілдері, ашық ұрыстағы және қамал бұзудағы машықты
қимыл, айла-шарғылар байыпталады. Татар қауымының ең басты мақсаты –
бүкіл жер жүзін жаулап алу деп куәландырады. Плано Карпини дәл осы
сөзінің айғағындай, нақты құжат – Күйік қағанның Рим папасына жолдаған
жарлық-хатын алып қайтыпты. «Көк Тәңірінің күшімен, күннің шығуынан
батуына дейінгі барлық жер-әлем біздің ғұзырымызға берілген», «Шыңғыс
қаған және Өкетай қаған Мажарға, Крістиан жұртына Тәңірінің жарлығын
жіберген еді, бірақ олар Тәңірінің сөзін тыңдамады», ақыры қандай кепке
ұшырағаны белгілі, енді сен де, Біздің қаһарымызға ұшырамай тұрғанда, «өз
аяғыңмен келіп, дәргейімізге бас ұруға тиіссің», әйтпесе, «қас дұшпан болып
шығасың», «одан арғы жағы не болары Тәңіріге аян» депті. Бүгінгі Батыс
жұртына қисынсыз қоқанлоқы, бізге де артық астамшылық көрінгенімен,
1241 жылғы Еуропа жорығы көлденең кеселсіз, енді бірнеше айға ұласса,
бұдан сегіз ғасыр бұрын Аттиланың аяғына жығылып, ел-жұртына жансауға
сұрап алған Рим папасының еншілі мұрагері Төртінші Иннокентий де
орыстың ұлы кнәздерінен соң, Герман императорымен, Француз королімен
таласа-тармаса Бату ханның табанын жалауы әбден ықтимал еді.
Бенедикт Полон. «Тартар тарихы». Поляк Бенедикт Рим папасының
мәртебелі өкілі Плано Карпиниге, алдын ала келісім бойынша, жол-жөнекей,
Польшада қосылады, қанаттас серік, әрі болашақтағы аралық тілмаш. Татар
тіліне жетік екен. Яғни, сол заманда Еуразияда халықаралық қатынас тілінің
қызметін атқарған түрки. Біздің орайда қыпшақ тілі. Кейінгі зерттеушілер
татар тілін «моңғол» деп нақтылайды. Сонау қиыр шығыстағы белгісіз
моңғолдың тілін қиыр батыстағы поляк қайдан үйреніпті – бұл жағына ой
салуға түйсік жетпеген. Сонымен, жапсарлас қыпшақтардың тілін жетік
білген, бәлкім, бұрнада дін тарату мақсатымен Дәшті аймағын да аралап
көрген монах Бенедикт ресми өкілдік құрамындағы екінші кісі саналғанымен,
көз ғана емес, құлақ, яғни шын мәнісіндегі басты адам болып шығады. Рим
папасының атына жазылған, Франция короліне де мағлұм етілген жол-жазба
кітаптың негізгі иесі осы Бенедикт Полон болғандай. Өйткені «Тартарлар
туралы кітаптағы» сырттай көз көргеннен басқа барлық ақпар тек Бенедикт
арқылы өтті. Сонымен қатар, Бенедикт Полонның өз қолымен жазылған,
Карпини құрастырған еңбектен бірқанша айырымы бар дербес кітабы да
болыпты. Бұл турасында еміс ақпар ғана сақталған екен. Ақыры, күні кеше
ғана, 1965 жылы кітаптың өзі де табылады. Бірақ түпнұсқа, толық қалпында
емес. Ц. де Бредиа деген монахтың қолынан шыққан, ықшамдалып, кей бір
тұста қысқартылып көшірілген пішінде. Тарих ғылымындағы табыс, үлкен
жаңалық болды. (Бенедикт хикаяларының тым шағын, тағы бір жаңқасы
белгілі: ауыр сапардан оралған жолда, Кельн қаласында аялдаған шақта
әлдебір әуесқой монах ауызекі сөйлесіп отырып жазып алыпты; қатарлас
нұсқа деп де, дербес шығарма деп те айтуға келмейді, әйткенмен бірді-екілі
айырым, үстемесі бар, негізгі мәтінді бекіте куәландыратын, мәнді мұра).
Бенедикт Полонның «Тартар тарихы» Карпини арқылы жеткен деректерді
нақтылай түсумен қатар, көп ретте толықтырып жатады және өзіндік, тың
мағлұматтары да біршама. Оның үстіне, қатынасқан, араласқан, кеңескен
кісілерімен өзі тікелей, ауызба-ауыз сөйлесіп отырғандықтан, ақпары нақты,
көлденең, оқыс қателер ұшыраса қоймайды. Мұнда да Шыңғыс хан, оның
әуелгі соғыстарына қатысты, қиялдан туған, лақап әңгімелердің ұшығы бар,
бірақ түптеп келгенде, Карпини мен Бенедикт ойдан шығармаған, шыныменақ жұрттан естіген әлдебір эпостың жаңғырығы деп біледі бүгінгі
зерттеушілер.
Өкілеттік сапардың негізгі мақсатына орай, Карпинимен қоса, Бенедикт
мәліметтері де Шыңғыс хан империясының қыр-сырын байыптау тарабында
көрініс береді. Ұлыстың билік жүйесі, ішкі құрылымы, әскери ұжымы, соғыс
әлуетімен қатар, көшпенділердің тұрмыс кебі, шаруашылығы, әдет-ғұрпы,
наным-сенімі турасында нақты дерек, байыпты түйіндер.
Түптеп келгенде, Плано Карпини мен Бенедикт Полон арқылы Батыс жұрты
өздеріне ұқсамайтын, барлық жағынан кереғар, жат қана емес, айрықша
қатерлі жаңа бір әлемнің пердесін ашыпты. Және мұндағы бар мағлұмат
кейінгі тауарихтарға деректі ұйтқы болыпты.
Ал біз өткен тарихымызбен қатар, арыдағы табиғи болмысымызды тануға
септесетін мәнді жәдігерлер ретінде танимыз.
Андре де Лонжюмо. Асцелин. Шығыс тараптағы белгісіз жұрт, олардан
келетін қауіп-қатер, пайда, зиян турасында толық ақпар алуға бекінген Рим
папасы мен Француз королі сол 1245 жылы, Плано Карпинидің соңын ала,
бірақ түстік-шығыс тарапқа тағы бірнеше дүркін жаушы жасақтапты. Барлау,
байыптау мақсатында және Алғы Азияға жеткен татар әмірлерімен арада
байланыс орнату үшін. Доменик, Андре, Асцелин деген католик монахтары
бастаған бұл өкілетті сапарлар тағдыры әрқилы шешіледі.
Арагоннан шыққан францискан монағы Домениктің миссиясы турасында
ешқандай дерек сақталмаған. Әлденендей себеппен барар жеріне жетпеді
деген жорамал ғана бар. Доминикан монағы, Лонжюмо қаласынан шыққан
Андре болса, Сирия, Ирақ арқылы Еке Моғұл ұлысының билігіндегі Түстік
Әзірбайжанға, Тәбриз қаласына жетеді. Татар жұрты туралы там-тұм
деректер ғана жинап, ары қарай аттанған жолында әлде бөгесін, әлде сапар
азабынан тайқып, Рим папасының Ұлы қағанға жолдаған хатын көлденеңнен
кездескен моғұл әскерінің қолбасшысына табыстап, аман-есен кері қайтады.
Доминикан монағы, Ломбардиялық Асцелиннің сапары ұзақ екі жылға
созылады. Франциядан шығып, теңіз арқылы Палестинаға өтіп, одан әрі
Сирия, Иран, Гүржістан мен Арменияны басып, қасындағы серіктерімен бірге
қазіргі Нахичевань аймағында тұрған, Сыртқы Қапқаз бен Терістік Ирандағы
әскердің бас қолбасшысы Байжу-ноянның ордасына жетіпті. Алайда,
ешқандай келіссөз, артық әңгіме болмайды. Асцелин түтінмен аластайтын,
екі от ортасынан өту рәсімінен бас тартады және өзін өте дөрекі ұстап, артық
сөздер айтыпты. Сендердің бәрің дінсіз мәжуси боласыңдар, кемшін
жағдайларыңды мойындап, күнәдан тазару үшін христиан дінін қабылдауды
талап етем депті. Ашуға мінген Байжу-ноян елшіні де, оны жіберген Рим
папасын да мейлінше балағаттайды. Асцелиннің терісін тірідей сыпырып,
ішіне сабан толтырып, сол кереметтей папаның өзіне қайтармақ болады.
Бірақ жақында ғана келген, енді ұлыс-бегі сайланбақ Елжігедей-ноянның
«Біздің салтта елшіге өлім жоқ» – деген сөзіне тоқтапты. Осымен бар шаруа
бітеді. Асцелин басы сау қалпында отанына оралады. Десе де, татар
жұртының күш-қуаты және Түстік Қапқаздағы ахуал турасында біршама
мағлұмат алып қайтқан екен. Асцелиннің сапарлас серігі Симон де СентКвентин қағазға түсірген елшілік баяны, Карпини кітабынан үзінділер және
басқа да үстеме деректермен қоса, екінші бір оқымысты монах Винсент де
Бове (ө.1264) құрастырған «Тарих айнасы» атты энциклопедиялық үлкен
жинақ құрамында сақталып қалыпты және кейінгілер тарабынан зерттеу
нысанасы болған.
Ал Андре де Лонжюмоның екінші сапары сәтімен аяқталады. Француз королі
Тоғызыншы Людовик 1249 жылы ақпанда Кипрден аттандырған миссия
құрамы толымды – жиыны жеті кісі екен. Теңізден өтіп, Кіші Азия, крестшілер
билігіндегі Акра, Антиохия арқылы біршама жеңіл жолдан соң Тәбриздегі
Елжігедей-ноянның Ордасына келеді. Араб, парсы тілдеріне жетік, көшпенді
қауымның райын да танып үлгерген, әрі ақылды, парасатты Лонжюмо
рәсімнен ауытқымайды, ұлыс-бегінің нұсқауы бойынша, одан әрі сапар
шегіпті. Хазар теңізін түстік тарабынан жағалай өтіп, Хорезм, Жетісу арқылы,
Тарбағатайда, Еміл өзенінің бойында тұрған Бас Ордаға жетеді. Бұл кезде
Күйік қаған өлген, уақытша бар билік қағанның жесірі Өгүл-Ғаймыштың
қолына өткен; мәртебелі Қатын алыстан жеткен жаушыларды салқын
қабылдайды және бағыныш туралы бұрнадағы жарлықты қайталайды, жыл
сайын көп мөлшерде алым-албан төлеп тұру қажетін, әйтпесе бүкіл Батыс
жұрты жазаға тартылатынын айтыпты.
Андре де Лонжюмо еліне 1251 жылы көктемде оралып, сапар туралы өзінің
короліне толық мағлұмат береді және, сөз жоқ, жазба түрдегі есебін қоса
тапсырған. Алайда, бұл құнды құжат кейінгі заманға жетпепті, әйткенмен,
белгілі мөлшерде өз кезіндегі таным, білімге және бұдан соңғы қатынасқа
септескені күмәнсіз. Сонымен қатар, Лонжюмоның айтуында сақталып, бізге
жеткен үзік, санама деректердің өзі айрықша мәнді.
Гильом де Рубрук. «Шығыс елдеріне саяхат». Уақыт озған сайын, Еуропадағы
татар шапқынының қатері азайғандай көрінеді. Людовик IX ұйтқы болған
Алтыншы крест жорығы 1248 жылы ауыр жеңіліске ұшырайды, әскері қирап,
өзі тұтқынға түскен француз королі еселеген құн төлеп, бостандыққа әрең
шығыпты. «Дінсіз сарациндерге» қарсы болашақ күресте жаңа бір амалдар
ойластыру қажет екен. Енді Людовик барлау мақсатымен қоса, одақтас
ретінде, мұсылман майданындағы соғысқа тарту мүмкіндігін қарастыру үшін,
Еке Моғұл ұлысына өз тарабынан жаңа бір миссия жасақтайды. Басшылық
міндеті францискан-минорит монағы Гильом де Рубрукқа жүктеліпті.
Рубрук француз короліне етене жақын, онымен жорық жолдарында бірге
болған, жігерлі, парасатты, әрі жан-жақты білімді кісі екен. Фландриялық, сол
кезде қырық жас шамасында. Денесі ауыр, мінезі кең, қиындыққа төзімді,
айрықша сабырлы жан болыпты. Бүкіл сапар бойы, қысы, жазы жалаңаяқ
жүрген. (Қарақорымда, ақырған аязда бақайын үсік шалғаны бар). Елші де
емес, жаушы да емес, католик дінін уағыздаушы деген пердемен аттанады.
Қасында Кремондық Бартоломео деген серігі, Гильом Госсе деген хатшысы,
сириялық әлдебір шалағай тілмаш және қызметші жеткін – жиыны бес адам
болған. Рубрук және оның қосшылары жол айырығы Палестинадан соң, 1253
жылдың басында, Византия астанасы Константинопольден шығады. Әуелі
теңіз арқылы Қырымға, Судақ қаласына келіп түседі. Одан әрі Ор-қапыдан
өтіп, жайқын даланы басып, ханзада Сартақтың Ордасына барады. Бұдан соң
Еділдің сағасы, Бату ханның ғұзырына жетіпті. Бату Қарақорымға, Мөңке
қағанға нұсқайды. Рубрук Жібек жолының Алтын Ордаға жалғас бір тармағы
бойынша, әуелі Сарайшық тұсында Жайықтан өтіп, шығысқа қарай ен
даламен жүріп отырып, Қаратауға жетіп, одан соң Талас алқабымен Шуға
келеді, одан әрі Алатауды көбелей жүріп, Іледен өтіп, Жетісудың шегінде,
Қойлық қаласында екі аптадай аялдап, тыныс табады да, қарашаның
соңында Алакөлді жағалайды. Бұдан әрі Жоңғарды басып, Ұлы Даланы
көлденеңінен кесіп өтіп, 1253 жылдың соңында Мөңке қағанның көк күймелі
көшпенді Ордасына жетіпті. Қыс ішінде, үш ай бойы қаған Ордасымен қоса
жылжи қонып жүріп, көкек айында сәулетті Қарақорымға бірге келеді. Ұлыс
астанасында екі айдан астам болып, 1254 жылы маусымда еліне қайтуға
рұқсат алыпты. Әуелгі ұзақ жолдан қажыған, денсаулығынан қауіптенген
Бартоломео өз ықтиярымен жат жұртта қалады. Рубрук төте жол –
Балқаштың сыртымен Сары Арқаны көктей өтіп, Еділге, Сарай-Батуға жетеді.
Одан әрі Хазар теңізінің батыс жағалаумен Қапқаз асып, Дербент арқылы,
бөгесін, қиындықсыз, 1255 жылдың басында Кипрге келіп түседі. Көп ұзамай,
Парижде корольдің қабылдауында болып, Палестинаға қайтып оралады да,
бір жыл отырып, өзінің саяхат кезінде көрген-білгені мен ой, толғамдарын
тұтас бір кітап қылып жазып шығады, рәсім бойынша, латын тілінде. Бұдан
соң, 1257–1267 жылдарда Парижде тұрады, өз заманының атақты
адамдарымен жүздеседі, оның ішінде францискан монағы, әйгілі оқымысты
Роджер Бэконмен кездесіп, кеңінен сөйлесіп, оның кейінгі еңбектеріне негіз
болған бірталай мағлұмат береді. 1215–1220 жылдар аралығында туған
Рубрук шамасы 1270 жылы қайтыс болса керек.
Миссияның негізгі мақсаты – дінге тарту және одақтастық мәселесі ешқандай
нәтижесіз аяқталыпты. Есесіне басқа тарап – жер тану жөні айрықша жемісті
болғанын көреміз. Плано Карпини жеткізген, әрқилы сыпаттағы мол деректің
ақиқатын айқындап, күмәндісін ажыратып, барды нақтылау үстіне,
байқампаз Рубрук қосымша тағы қаншама мағлұмат жинақтапты. Саяхатшы
татар жұртының тұрмыс-тіршілігіне айрықша назар аударады. Қырымнан
Қарақорымға дейінгі кеңбайтақ жер сыпаты өз алдына, осы ұлан-асыр
қонысты мекендеген халықтың болмыс-бітімі, өзіндік ерекшелігі жақсы
байыпталған. Қысқы, жазғы көші-қон, ордалы жұрт сыпаты айрықша бедерлі.
Көк күймелер, яғни арба үстіне тігілген, әрқайсысын жиырма, одан да көп
көлік сүйреген орнықты ақ отаулар мен әдепкі киіз үйлердің болмыс-бітімі,
сыртқы суреті мен ішкі көрінісі шебер кейіптеледі. Елдің шаруашылық жөні,
малшылық, аңшылық турасында көп дерек бар. Халықтың тұрмыс-салты,
ішіп-жемі, ең ақыры, қымыздың қалай дайындалатыны тәптіштеп
баяндалған. Көшпенділердің мінез-құлқы, наным-сенімінен бастап, киім
киісі, отбасы тірішілігі, әйелдердің қоғамда алатын орны – күнделікті өмірдің
сан саласы қамтылады. Айбынды Бату хан мен оның немере іні, қанаттас
серігі, құдіретті Мөңке қаған, ұлыстың басқа да ұлық кісілері турасында
бұрынғы-соңғы ешбір жәдігерде ұшыраспайтын, тарихи, нақты куәліктер бар.
Империя астанасы Қарақорым – заманында жарым дүниенің орталығы,
сәулетті шаһар сыпатталған бірден-бір еңбек – осы Рубрук кітабы болады.
Дәшті-Қыпшақтағы Бату мен оның ұлы Сартақтың ордасы, Қарақорымдағы
Мөңке қаған сарайы барлық сән-салтанатымен, дәйекті, шынайы
бейнеленген. Қарақорымдағы қала өмірі, ондағы әрқилы дін өкілдері мен
сырттан келген, әртүрлі ұлт адамдары турасындағы мағлұматтар ұлыс
астанасын, орталықтағы жұртшылық өмірін бедерлей түседі.
Тұтастай алғанда, Рубрук еңбегі Шыңғыс хан империясының ішкі тұрпатын,
біздің көшпенді қауымның өткен болмысын байыптауда бірінші кезектегі,
мағлұмат, дерегі мол, айрықша мәнді, санаулы ескерткіштердің қатарына
жатады.
Рикольдо де Монте-Кроче. «Қасиетті өлкеге саяхат.» Католик монах
Рикольдо (ө.1309) христиан дінін уағыздау және тарату мақсатымен XIII
ғасырдың соңғы он бес-жиырма жылында Тақау Шығыс елдері: Палестина,
Сирия, Ирак, Персияны, сондай-ақ Күнгей Қапқазды аралап, кейбірінде
біршама ұзақ аялдап, байтақ өлкедегі әрқилы халықтар, олардың тұрмыссалты, ұғым-нанымы турасында мол мағлұмат жинайды. Айрықша діндар
Рикольдо нақты деректермен қатар, қисынсыз дақпырт, пәле-жалаға көп
орын берген, христиан дінінен тыс жұрттардың ешқайсысын жақтырмайды,
бәрі де оңбаған, бәрі де хайуан кейіпті, әсіресе сарацин – мұсылман қауымы
айрықша жексұрын көрінеді. Осы орайда «Шығыс халықтарына қарсы кітап»,
«Құранды терістеу» дейтін арнайы еңбектер жазыпты. Әйткенмен, Рикольдо
сапарының негізгі бір мақсаты – осы елді аймақтарды ғұзырына келтіріп
отырған және христиан әлемі үшін айрықша қатерлі, «ғаламат әрі
қорқынышты жұрт» турасында жан-жақты мағлұмат жинау болғандықтан,
өзінің ең басты шығармасы «Қасиетті өлкеге саяхат» кітабында татар
тақырыбын арнайы қамтиды. Мінез-құлық, әдет-ғұрып, өзіндік наным мен
жерлеу рәсімдері, тағы басқадай этнографиялық деректер. Татарлардың
шығу тегіне қатысты аңыз-лақап, Шыңғыс ханның және оның мұрагерлерінің
жаулау соғыстары турасында Батыс жұрттары үшін қажетті деген азды-көпті
ақпар. Ілкідегі әріптес дін-қарындастар: Карпини, Рубрук, Бенедикт
кітаптарындағы, кеңінен қамтыған байсалды тұрғы жоқ, әйткенмен, осы
тақырыптағы ескілікті, санаулы еңбектің бірі, көлеңкелі тұстарын діни тар
өріс әсері деп қарасақ, замана таңбасы танылатын бірқанша мәнді сыпаты
бар. Жаңалығы болмаса да, бұрынғыға үстеме есепті.
Айта кететін бір жағдай, Рубруктан соң, бірақ Рикольдодан бұрын, 1274
жылы таңбаға түскен, «Татарлардың іс-жайы» аталатын, өзгеше бір құнды
мұра болған. Көне француз тілінде жазылыпты. Күні кеше ғана, 1904 жылға
дейін Турин кітапханасының қорында тұрған. Өртке кетеді. Басқа бір
қоймада небәрі сегіз беттік шағын бір үзігінің көшірмесі сақталып қалады.
Және мазмұны. Теріп айтқанда: Екінші... үшінші... алтыншы хандар туралы –
Тұрмыс жағдайы – Малы – Үйлері – Көші-қоны – Елшілік жөні – Соғыс
тәсілдері, т.т. Екінші Лион соборына дайындалған және баяндалған анықтама
еңбек екен. Авторы – доминикан монағы, ағылшын Давид Эшби. 1261 жылы
Ирандағы Құлағу ханға Еуропа тарабынан барған алғашқы елші. Сол беті
Елхан жұртында қалыпты. Ұзақ уақыт – он төрт жыл бойы, әуелде Құлағу,
одан соң Абаға хандар тұсында католик миссиясының тұрақты, мәмлегер
өкілі, әрі елхандардың Батыс мәселесі бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.
Яғни, жат жұрттың бар болмысын көзбен көріп, тереңінен таныған адам.
1274 жылы Абақа ханның Батыс Еуропаға шығарған үлкен елшілігінің
құрамында, тілмаш ретінде келіп, католик шіркеуінің әлемдік жиыны Лион
соборында аталмыш еңбегін діндар жамағат алдына тартқан. Бізге мағлұм
тақырыптарына қарағанда, мән-маңызы да ерекше болса керек. Орны
толмас, өкінішті жағдай. Десе де, кейінгі зерттеушілер бәлкім, әлдебір
қараңғы қоймада әлденендей көшірмесі сақталып қалған шығар... деген үміт
айтады. Әзірше қолда бары – кіріспе сөз бен көші-қон туралы шағын үзік
қана.
Марко Поло. «Әлемнің әрқилы сыпаты». Әйгілі есім, атақты кітап. Марко
Поло елші де емес, саяхатшы да емес, саудагер болатын. 1254 жыл
шамасында Венецияда туыпты. Бай көпестер әулетінен. Бұл кезде Венеция
республикасы жарым дүниемен сауда қатынасын орнатқан. Марконың әкесі
Никколо, өзінің інісі Маттеомен бірге 1264–1265 жылдары
Константинопольден Қырымға келіп, одан Еділге өтіп, Үстірт, Хорезм,
Сырдария алабы, Жетісу арқылы Қытайға жетеді. Сауда жөнімен Батыс
жұртынан келген алғашқы көпестер ретінде Құбылай ханның құрмет,
сеніміне ие болыпты. Тиімді сауда, мол табыстан соң, Құбылайдың Рим
папасына жазған хатын алып, 1269 жылы еліне оралады. Арада екі жыл
өткенде кері қайтады. Бұл жолы Никколо ересек ұлы, әлде он жеті, әлде он
тоғыз жастағы Марконы ала жүріпті. Палестина, Ирақ, Иран, Ауғанстан,
Таңғұтты басып, империяның жаңа астанасы Ханбалық – Пекин қаласына
келеді. Сол бетінде ағайынды-балалы үш Поло Құбылайдың қызметінде он
жеті жыл болыпты. Жас Марко үлкен мәртебеге жетеді, мемлекеттік жауапты
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Шыңғысхан - 07
  • Parts
  • Шыңғысхан - 01
    Total number of words is 3871
    Total number of unique words is 2186
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 02
    Total number of words is 3839
    Total number of unique words is 1885
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 03
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 1974
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 04
    Total number of words is 3780
    Total number of unique words is 1995
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 05
    Total number of words is 3686
    Total number of unique words is 1994
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 06
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2069
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 07
    Total number of words is 3703
    Total number of unique words is 2005
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 08
    Total number of words is 3568
    Total number of unique words is 1854
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 09
    Total number of words is 3747
    Total number of unique words is 1993
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 10
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2098
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 11
    Total number of words is 3767
    Total number of unique words is 2007
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 12
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2089
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 13
    Total number of words is 3851
    Total number of unique words is 2109
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 14
    Total number of words is 3865
    Total number of unique words is 1893
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 15
    Total number of words is 3786
    Total number of unique words is 1970
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 16
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 1958
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 17
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2050
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 18
    Total number of words is 3854
    Total number of unique words is 2004
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 19
    Total number of words is 3838
    Total number of unique words is 1986
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 20
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2037
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 21
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2034
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 22
    Total number of words is 3846
    Total number of unique words is 2082
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 23
    Total number of words is 3649
    Total number of unique words is 1891
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 24
    Total number of words is 3741
    Total number of unique words is 1931
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 25
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2125
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 26
    Total number of words is 3933
    Total number of unique words is 2130
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 27
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2070
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 28
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2076
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 29
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 1921
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 30
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2149
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 31
    Total number of words is 3914
    Total number of unique words is 2126
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 32
    Total number of words is 3717
    Total number of unique words is 1977
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 33
    Total number of words is 3884
    Total number of unique words is 2056
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 34
    Total number of words is 3796
    Total number of unique words is 1950
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Шыңғысхан - 35
    Total number of words is 2330
    Total number of unique words is 1480