Latin

Соңғы парыз - 23

Total number of words is 4271
Total number of unique words is 2316
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ба, əлде күйеуге жаңа шыққан келіншек болса да өзі білсін; əйтеуір
осынау кісі бойын еңселеп баса түскен жер бетіндегі жүдеу тірлікке
қазинесі кең Құдайдың құдіретімен көктен жіберген жалғыз көз
қуанышындай бір əдемі бикешті бұл жанына тақап келгенде көрді;
көрді де есі шықты. Үлкен Кісіге келе жатқаны да жадынан шығып
кетті; жайлы орындыққа денесін жығып салып шалқалап жатқан
самарқау күйден шұғыл сергіп, бойын жиып алды. Перизат!... Ғажап!
Бозала таңнан жем іздеп сумкасы салақтап сүрініп-қабынғандардың
арасында дүние қамы кəперіне кіріп шықпай, қазық өкше туфлиді
қыдың-қыдың басқан сұңғыла бикеш бұның жанарын бірден арбап
алып еді.
Тек, əттең... Əттегене-ай, бұл мына бикештің басы мен аяғын
қызықтап көз жүгіртем дегенше ылдиға қарай мөлтілдеп келе жатқан
машинасы құрғыр қазір-ақ ағызып өте шығар ма екен? Сорлатқанда,
керек десе, бұл көз құмарын да қандыра алмай... Жоқ... Садағаң кеткір
шофер бала, сірə, бұның аржақ ойын аңғарған сияқты; қызбен
қатарласа бере жүрісін кілт тежеп ілбіді де қалды: жəне жаяу кісілер
жүріп жатқан тротуарға бүйірлеп жақын келгені сонша, сен енді озбай
да, қалмай да қапталдасып қатар келе жатқан қызға қол созсаң
жететіндей; қыз да соны байқағандай, дереу бойын жиып алды; еліктің
лағындай қара көзі бұған қарағанда кірпігін қағып, жаутаңдап қалды:
не қылса да мына қыздың табиғатында əлі де болса бастықпаған
үркектік бар ма, қалай? Əдемі қыр мұрынның елбіреген жұп-жұқа
танауы неге əнтек дір етті; басқа кезде қалай киінетінін қайдам, ал
қазір əлде əйел айналайындардың еркекке ұнағысы келгенде өзі
білетін өнерін аянбай-ақ салып баққаны байқалады: аржағынан аппақ
денесі көрінетін селдір шыт көйлектің жеңі де, жағасы да жоқ;
тылтиған етегі де тізесінен жоғары шауып, оқтай түп-түзу сирағы мен
аппақ саны соқыр біреу болмаса, көзі бар кісі көрсе жанарын арбап,
желімдей жабыса қалатын əзəзіл сиқыры бардай; егер жазатайым
қазіргі əйелдер ол жер-бұл жерін шүберекпен жасыратын үрдісті
тастапты-мыс деген лақап шықса, сірə, мына бикеш үстіндегі əлгі
болар-болмас лыпаны басқалардан бұрын сыпырып тастаудан
тайынбас еді: сосын беті жылтыр ұрғашы көрсе ес-түсінен айырылып
қалып, соңынан əукесін сала ұмтылатын еркектерге бұл да өзінің, ана
көкке тойған марқа қозының құйрығындай үстіндегі денемен дене боп
қабысқан жұп-жұқа шыт көйлек астында бұлтылдаған жұп-жұмыр
бөксесін, қылдырықтай белімен жұрт көзіне жалаңаш тосқысы келетін
де тұратын албыраған түлкі сағақ аппақ мойнын, онан да басқа тұла
бойындағы тағы талай бар-бар көз тартар жерін "ал, кəне, көріп
алыңдар" дегендей ешкімнен иманы сескенбестен сылаңдап көшеге
шығар еді-ау! "Иə, тайынбас еді, көшеге шығар еді",– дедің; шынында
да мына бикештен бір сондай батылдық байқағансың-ды.
Бұл өзін осыдан артық ұстай алмай қозғалақтап кетті; енді сəл
кідіргенде ілбіген машинадан сыртқа атып шығып, бара сала құшақтай
алатындай еді; қыз соны байқады; найза кірпік астынан саған бірер
үркектеп қарады да, ар жағында ағылып жатқан кісілердің арасына
зып беріп кіріп кетті; енді қайта көрінбеді; сен əрі-бері мойын созып
қарадың да, көре алмай, күдер үзгесін көзіңді алдыңа тіктеп едің;
машинаның бағанадан бері бұлайша неге бауырын жаза алмай
бүгежектеп қалған себебін енді білдің; "Үлкен Кісіге кешігіп қалмасам
не қылсын",– деп ойлап жанындағы шоферге қарап еді; əншейінде
бастығының аржақ ойын айтқызбай аңғарып елпілдеп тұратын жігіт
бұл жолы селт етпей, сұп-сұр боп көзін алдына тігіп апты; шофер
қараған жаққа бұл да көз тастап еді; сүйтсе... алда ілбіп бара жатқан
əлдеқандай бір алқам-салқам ескі жүк машинаның үстінде басы
бауырына түскен əйел, еркегі аралас бес-алты кісінің ортасында
сырланбаған тақтай табыт тұр екен; мүрде жатқан машинаны жалғыз
бұлар емес, бұлардан кейінгі машиналар да басып озуға дəті жетпей,
бірінің соңынан бірі шұбалып тырнадай тізіле қапты, сен тағы да:
"кешігіп қалмасақ қайтсін",– деп тынышсыздансаң да, бірақ сыртыңа
шығарып тіс жарған жоқсың; мына жұрттың басына түскен
шарасыздық саған да түсіп ішіңнен тынып: "ажал шіркіннің түсі қандай
суық",– деп көзіңді басқа жаққа бұрып əкеттің; сүрікті сағаты жеткенде
бұл пəледен кім қашып құтылған: тек ажалы құрғыр кісіге келсе дəл
қазіргідей жеміс ағаштар жаңа гүлдеп жатқан көктемде келген қандай
жаман; ана қарашы, биылдыққа бұлт айналмай қойған шайдай ашық
аспан қандай мөп-мөлдір; көк нілмен жаңа ғана шайып тазартып
алғандай, тас төбеде күлің-күлің етеді; апырай, мына шаң астында
тұншыққан қаланың үстінде шалқалап жатып алған көк ніл аспан мен
жарық күнді бұл жалғанда енді қайта көрмей, мəңгі бақи көз жұмған
қандай пақыр екен? Кім екен?
Осылай ойлауын ойласа да, бұл бірақ мына салдырлақ ескі
машинадағы табытта жатқан мүрденің тіріде кім болғанын шамалап
отыр: бұл жарықтық тіріде қайбір айдарынан жел есіп қарық болды
дейсің; мықтаса осындағы көп заводтың бірінде істеген шығар; ай
сайын алатын азын-аулақ айлығын үйіне апармай ішіп қойып, қатын,
балаға өле-өлгенше жеккөрінішті болмады дейсің бе? Бұның өлімі
кешегі күні көзі тіріде бір бөтелкені бөліп ішкен сыбайластары
болмаса, басқа кімнің қаперіне кіріп шықты дейсің; табыт жанында
бүрісіп отырған азғантай туыстары қазір қала сыртындағы қорымның
шетінен екі аршын жерді шұқып қазар-қазар да, үстіне томпайтып
топырақ үйіп, оған ағаш крестің үшкір жағын ырғап кіргізер; тіріде
құтылғанша асыққан сорлыны жерлеп қайтқасын бұлардан басқа кім
жоқтап көкірегі қарс айырылар дейсің; мыналар да көкірегін өртеп
бара жатқан əлде ыза, əлде күйікті ащы арақпен басып, селедканың
бірі басын, бірі құйрығын иіскелеп солқ-солқ жылап отырып, еске алса
алар, бірақ сонан ертеңіне, ұйқыдан оянғанда зіп-зілдей ауыр басын
жастықтан əзер көтеріп, тəлтіректеп тұрғанда ешқайсысының да есіне
кіріп шықпас-ау!
Жарықтықты бұл шын аяды; не туғаны, не өлгені ешкімді селт
еткізбейтін осындай қадірсіз өмірдің керегі
Жарықтықты бұл шын аяды; не туғаны, не өлгені ешкімді селт
еткізбейтін осындай қадірсіз өмірдің керегі қанша? Баяғыда жарық
дүниеге қалай келді? Онан қалай өмір сүрді? Енді қазір фəни жалғаннан
қалай кетіп бара жатқанын мыналардан басқа жан білмейді.
Айтса да, академик басымен бұл да өзінің қай жылы туғанын білсе
де, бірақ дəл қай айда, қай күні дүниеге келгенін білмейтін.
Комсомолға өтерде əкесінен айын, күнін сұрағанда, марқұм əкесі бұған
əуелі алара қарап: "оны қайтесің?"–деді. Сосын сырт айнала бере қолын
сілтеп: "Ит білсін бе, сен туған күні жағаға алғаш қар жауған еді",–
деген-ді.
Арал өңірінде қар кей жылы қарашаның аяғын ала жауса, қайсы
бірде желтоқсанның бас кезінде кірбік бірдеңе əзер қыламықтайтын;
неге екенін қайдам, сен сол екі айдың біріне тоқтамай, туған күніңе
қазанның 22-сін алғансың-ды; сүйтіп сен де өзіңнің дүниеге қай ай, қай
күні келгеніңді білмесең де, бірақ соңыра сүрікті күн саған на жетіп көз
жұмғанда, осы халықтың сені ана дүниеге қалай жөнелтіп саларын
шамалайтынсың; осы дүниенің қызығы мен қуанышын сенен аямаған
Құдай о дүниенің де марапатын аямасы белгілі.
Жə, өлімнің бетін ары қылсын; бірақ ажал жетіп өле қалған кезде ол
күні атақты ғалымын азалаған исі қазақ үйде отыра алмай, кəрі-жасы
көшеге шығып теңселіп кетер-ау! Таң атар-атпастан радио аңырап,
сай-сүйекті сырқырататын қайғылы саздар бірінен кейін бірі сарнарау! Сол күнгі газеттердің бəрінде де үкімет пен партия басшылары қол
қойған көлдей азанама көрнектілеп берілер-ау! Қоштасуға ағылып
келіп жатқан халықта қисап болмас-ау! Бұл сонда қан күрең мақпалмен
тыстаған табытта, тау боп үйілген гүл шоғының арасында кере қарыс
маңдайы жарқырап жатар-ау!
Түс таяу, бірақ қоштасуға келіп жатқан халықтың жуық арада
аяқситын түрі жоқ; қаладағы көп-көп министрлік, комитет, қоғамдық
мекемелер, сосын завод, фабрика, ғылыми институттар, ғалымдар,
жазушылар, ағайын-туғандар, достар, жолдастар ию-қию, шек жоқ,
қисап жоқ; сен болсаң үстінде бұрын иінге сұқпаған мөлттей қара
костюм, ақ көйлек, қызыл галстук; дүние салған адамнан гөрі мына қан
күрең табытта да сен дəл бір Үлкен Кісінің өзі қатысқан тағы бір
жиналыста сөйлеп кеп, енді ештеңеге зауықсыз, самарқау қалпы
киімшең бойымен қолын кеудесіне айқастырып сап, мына ағылып
келіп жатқан халыққа назар аудармай, бей-жай, сұлық жатқандайсың!
Міне, түс ауды; басшы кісілер іштен иықтарына көтеріп алып
шыққан табытты сыртта қаңтарулы тұрған көш құлаш қара машинаға
апарып жайғастырды; енді қазір қаралы шеру ақырын ілбіп
қозғалатын бар-бар көшелердің бəрінің екі бетіне алдын-ала қаздитып
мелиса тұрғызып қойған; солай болатынына сен кəміл сенетін едің-ау.
Соңыра дүние салғанда саған көрсетер бар сый, бар құрмет пен саған
істелер бар-бар марапат айна-қатесіз дəл осылай болатынына құйттай
да күмəнданған жоқсың-ды; саған сол күннің сонан былайғы жағы
қалай болатыны да белгілі; сонан былайғы жағын ойлағанда сенің көз
алдыңа əрқашан ауыр қазаны əзер көтеріп, аяғын мамырлап ілбіп
басқан əлгі азалы шеру елестер еді; қаладан шұбатылып шыққан сол
ұзыннан-ұзақ шеру соңында бір тоқтап, бір жүріп тырнадай тізіліп
келе жатқан қисапсыз көп машинаға сірə да көз жетпейді; міне,
ақырын, өте ақырын қозғалған қаралы көш əрең дегенде тау
баурайындағы қасиетті кісілер ғана жерленетін қорымның шетіне
ілікті; тіріде тəуір қызметке таласып-тармасып жататын кісілер осы
күні өлікті де бірінен-бірін оздырғысы кеп əбігерге түсіп жүрген жоқ
па?
Саған, əрине, Көктөбедегі қасиетті қорымның ел көзіне басқалардан
бұрынырақ түсетін жері тиеді; ондай жерді көптен бері сен өзің де
көздеп жүргенсің-ді: көкейде жүрген жерден тиген қабырды қаралы
көш келгенше əзірлеп қойған; қабыр басына құрған мінбеге бұны
жөнелтуге арнайы құрылған комиссия мүшелері көтерілді; бірінен
кейін бірі сөз алған кісілер тіріде айтып тауыса алмаған мақтауын ана
екі аршын қабырдың жанына апарып қойған табытта жатқан мүрдеге
тіпті аямай-ақ үйіп-төгер-ау! Тоқта... Иə, бұндайда туыстар мен
жолдастар атынан біреулер сөйлеуші еді ғой? Туыс дегенде... бұнда
быдық ағасынан басқа ет жақын кім бар? Ол бишара суық хабарды
есіткен бойда қатын, баласын жетелеп, сүрініп-қабынып жетер-ау;
бірақ ол жаңа қолтығынан сүйеген біреулердің демеуімен мінбеге
шыққасын қабыр басында иін тірескен ығы-жығы жиынды көріп көңілі
босап кететін шығар; əншейінде де ауылда екі ауыз сөздің басын қоса
алмай, былдырықтап кететін быдық сорлы, мына арада тіпті түк айта
алмай "мен деген... маңдайы құрыған... құрыған деген...",– деп өз
маңдайын өзі ұрып масқара болмаса қайтсін? Соны ойлағанда сені
əрқашан осы жағы қинайтын;сосын, əрине, жолдастар атынан біреу...
Сені бұл да қиналтады; дос, жолдас дегенде бұның тіріде төңірегіне
жиған кісілердің ішінде ноқтаға толық кім бар? Кеше ту дегенде
түкірігі жерге түспей тұрғанда төңірегіне жиған қара тобырдың шамашарқы белгілі; айтқанын екі етпей елпілдеп тұрғаны болмаса, сол
шіркіндердің ішінде өзіндік ойы, пікірі бар жібі түзу бірі жоқ екен-ау!
Шауып шыққаны – Жуан Жақайым; өзінен кейін ғылыми зерттеу
институтын ұршықтай үйірген екінші бастық; бірақ оның да мардымы
белгілі: Құдай біледі, о да əлгіндегі быдық ағасы секілді көмейінде
тұрған көз жасқа ие бола алмай, сөйлер жерде даусы дірілдеп кетер;
сонан соң ол қарауындағы жігіттер жазып берген сөзді де дұрыстап
оқи алмай, еңіреп тұрып; "Қош азаматым! Қайтейін... ұлы ұста-з-ым",–
деп, сонан ары жас жуған шаратабақтай бетін жеңімен сүрткілеп теріс
айналып кетер; қабыр басындағы халық енді оның шошқа жон
жауырыны мен селкілдеген, май басқан иығын ғана көрер...
Сөз біткесін мінбеде тұрған кісілер жерге түсер; сен үшін де, қабыр
басына жиналған қыруар халық үшін де ең қиын сəт енді басталар;
қиындықты сезген жұрт əлден дем алмай, тым-тырыс боп тына қалар;
қарулы жігіттер қолдарын көтерген табытты аржағында қап-қара боп
үңірейіп жатқан қабырға түсірер жерде жаңағы жым-жырт боп тына
қалған жиын кенет қозғалып кетер-ау! Басына қара жамылған əлдебір
əйел өкіріп жылап, табытпен бірге тап қазір қабырға құлайтындай
ілгері ұмтылар; ертеден бері екі қолтығынан екі кісі ұстаған сарторы
əйел қабыр аузында түс жоқ, өң жоқ талықсып тұрар; заманында
айтудай-ақ сұлу болған осы əйелді жыға танымаса да, бірақ
шырамытатын сияқты ма, қалай? Қабыр түбінен жанарын жытылап
əрі-бері қараса да, арада көп жыл өтіп кеткесін түстеп тани алмас: жəне
дəл осы кезде "топырақ салыңдар!" деген дауыс шығар; табытта
жатқан дене дір етіп, қолы, аяғы мұздап кетер; қабырға жақын тұрған
тағы бір бүлдіршіндей бикеш ертеден бері дыбыс шығармай,
алақанында умаждалған су-су орамалмен аузын басып тұншығып
тұрған-ды; əрине, бұны сен бірден танисың; кандидаттықтан дəмесі
бар келіншек; бірақ кешегі жақсы күндерде тар төсектің қызығы мен
шырын балдай лəззаттың өзіңмен бірге бөліскен мына бикешті ден
қойып ойлауға шамаң келмес; əне, жаңағы "топырақ тастаңдар!" деген
əлдекімнің əмірінен кейін ығы-жығы халық топырлап кеп бірінің
қолынан бірі күрек алып жатыр; іле-шала қабырдың екі бетінде үйіліп
жатқан сыз топырақ тақтай табытқа былқ-былқ түсе бастады; бəрі де
бұны апалақ-құпалақ көміп, үйлеріне тезірек қайтуға асығып
жатқандай; күрекке қолы жетпеген əне біреулер сыз топырақты
саусағының ұшымен іліп алып, қабырға жақындамай шегіншектеп
тұрып тастады да, алақанын қағып алды-артына қарамай тайып
барады; үстіне əлі де былқ-былқ түсіп жатқан сыз топырақ арасынан
кенет табыттың бетін жапқан мақпал тысты қақпаққа əлдебір қатты
нəрсе тиіп дүңк етті; сен сескеніп қалдың; топырлаған көппен бірге
қабаттасып келген тағы біреу топырақ салғансып, бұның ақ кебінге
əспеттеп оралған мүрдесін кесектеп жатпаса қайтсін? Тіріде аямаған
қаныпезер немелер енді ақырет сапарына жөнеліп бара жатқанда тас
атқаны не сұмдық? Ой, жауыздар-ай! Кек алатын кезек өздеріне
тигесін тіріде кеткен есесін елгесін қайтармақ қой. Кесекте!
Кесектеңдер! Кесектеп қалыңдар!
Сен, бірақ, өзіңді кім кесектеп жатқанын білген жоқсың. Мына
дүниеден бетін біржолата ана дүниеге бұрған кісі тірілердің қай
иттігін білсін. Қастастары əріберідесін айылын жимауға қарады. Тоң
кесекті тасырлатып жаудырып жатыр; тас па, кесек пе, қатты бірдеңе
дəл көкірек тұсындағы тақтайға дүңк-дүңк тиді; сен солардың бірі
болмаса бірі жанды жеріңе тиіп зақым қылатындай, дəл бір өзіңнің тірі
кезіңдегідей сескенетін сияқтысың.
Əй, мынау қайсысы? Кім де болса, қаныпезер біреу. Ешкімнен
айылын жимай ашықтан-ашық келді де, шеңгеліне сығымдап қысып
алған қой басындай тасты бұның көзінің үстін ала бере қақ маңдайдан
көздеп...
Жүрек лүп-лүп соғып, көзін үрейлене ашып алып еді. Өзі де дəл бір
ана дүниеден оралғандай айналаға апалақтап қарады; апалақтаған көз
əуелі тастөбеде шалқалап жатып алған аспанға түсті; сосын сəл төмен
сырғып Үлкен Үйге түсті; сонан соң Үлкен Үйдің алдына із құрғатпай
бірі келіп, бірі кетіп жатқан шаңқан ақ, мөлі қара машиналарға назар
аударды; сыптығырлау біреулер əлгі шаңқан ақ, мөлі қара
машиналардан түсе сала папкасын қолтығына қысып, сыпылдап
жүгіре басса, ал əне біреу құдды қолда жемдеп семірткен ата қаздай
аяғын ауыр алып, асықпай, ырғала басып жоғары көтеріліп бара
жатқан жуан, шамасы, əлде бір үлкен мекеменің ұлық бастығы болса
керек; осылардың қайсысы болса да, дəл қазір көзіне жылы ұшырады;
үйткені осылардың қай-қайсысы да бұның ана дүниеден аман-есен
оралғанының куəсіндай; иə, бұлар бұның мына жарық дүниеден əлі де
болса татар дəмі мен көрер қызығы, алар лəззаты алда екеніне көзін
ақиқат жеткізгені анық-ты; жаңағы тас қараңғы көрден жарық дүниеге
аман-есен қайтып оралғанына қуанып, іші-бауыры елжіреп кетті ме,
əлдеқашаннан бері қанға сіңіп қалыптасқан əдет болғасын ба, əйтеуір
Үлкен Үйдің сонау төртінші қабатында отыратын Үлкен Кісінің ат
шаптырым үлкен кабинетінің көшеге қараған екі үлкен терезесін көзі
əр кездегідей осы жолы тағы да іздеп тапты.
Сосын сағатына қарады. Сосын қыз қойнынан шыққандай құп-қунақ
денесін лүпілдеп алып ұшып тұрған жүрек ұршықтай үйіріп,
сыпсыңдап басып жоғары көтерілді; бұны көргенде милиция үстібасын асығыс түзеді; төбесінде қоқырайған қызыл картузды басына
жөндеп киді де, сəлем беріп сымдай тартылып тұра қалды; сен бұны да
жақсы нышанға жорып едің-ау! Осы жолы Үлкен Кісі екеуінің
арасындағы əлдеқандай көңіл кірін жуып-шайып, жүзін жылытып
алатынына құйттай да күмəнданбап еді. Осы жолы тілегі қабыл боп
дегеніне жетсе, е онда несін айтасың... Онда Аққұба жігіт пен əлі де
болса келімге келмей қойған қиқарлар мен қыңырларды институттан
аластап қуып, əй, бəлем, өздерін сүтке тиген күшіктей шеттетіп бағар
еді-ау!
Үлкен кісі отырған төртінші қабатқа көтеріліп келе жатқанда осы
ойға іштей нық бекіп еді-ау! Сосын Үлкен Үйдің ең төменгі қабатында
күркентайдың ұясындай пысынаған тар кабинетте қағаздан басын
көтермей тұқшыңдайтын да жататын тəшір қараның сазайын берер
едім деп ойлап еді-ау! Бұны да өзінің күні бұрын, алдын ала
ойластырылып алатын ежелгі əдеті бойынша лифт қызыл бет
көмекшінің дəл кабинеті алдына кеп тоқтағанша кесіп-пішіп
ойластырып алған-ды; соңыра қарсыластарынан өшін осылай
алатынына əлден айызы қанып, өз-өзінен қоразданып иығын қомдай
түсіп еді. Иə, көңілді еді: жүзіне шапқан насатты күлкіні жиып та
үлгірген жоқ-ты; алдынан қызыл бет көмекші шықты; сені көре сала
Үлкен Кісінің есігін иегімен нұсқап: "Кір!"– деді; түсі суық; даусы
қатқыл; бəрінен бұрын сəлемін алмағанына іші мұздап, Үлкен Кісінің
үстіне де өзіне-өзі келе алмай сасқалақтап кірген-ді; бес минут өтті ме,
жоқ па, жаңа ғана кірген есіктен іле-шала қайта шыққанда ауызда
кезек күтіп отырған кісілер оны танымай қалды.
– Ал, не болды?– деді біреу қатарласып. Бұл оның не дегенін есіткен
жоқ; кім екенін де білген жоқ; кейінгі кезде ауа райы бұзыларда,
немесе бірдеңеге күйіп-пісіп ашуланғанда көк желкеден ұстайтын қан
қысымы осы жолы да күрт көтерілгені; желкесі мен бүкіл жон арқасы
қорғасын құйғандай ұйып, қос шекедегі көк тамырлар солқылдатып
əкетіп барады; көзін жөндеп аша алмады; айналасынан аяқ жолынан
басқа ештеңе көрмеді; өзі де құдды түнде ұшқан көбелектей,
қаңғалақтап сыртқа шықты; сүлдерін сүйретіп машинаға əзер жетті;
бастығының түрін көрген шофер бала шошып кетіп машинадан атып
шықты да, алдынан есік ашты; "ауырып қалған жоқсыз ба?"– деп
сұрағысы келсе де, бірақ батылы жетпеді; сен оған: "үйге!"–дедің; жол
бойы жұмған ауызыңды ашқан жоқсың; төрт айдан кейін ісі қалалық
комитеттің бюросында қаралатын еді; сен бірақ онан əлі бейхабар едің;
бірақ осы сəттен бастап басыңнан бақыт құсы біржолата ұшқанын
білдің; осыған дейін желі ылғи оңынан шығып, ылғи өрлей жүзген
қайығың осы бүгін бауырын тасқа соғып тас-талқаны шыға
қирағанына көзің əбден жеткен-ді.
***
Апырай, бұл неден қателесті? Неге бұлай болды? Сірə,не қылса да,
бір жерден қателесті ғой. Сонда... Тоқта...
***
Иə, бұны бюрода қарайтын күні түс ауа бергенде біреу есік қаққан
еді-ау. Соның алдында ғана əйелі дүкенге кетіп, бұл үйде жалғызтұғын. Ойламайын десе де кешке бюрода қаралатыны қайта-қайта
есіне түсіп, көңіл қошы болмай ытырынып отырғанда, мына бір қастан
шықпағыр да есіктің аржағында қоңырауды шырылдатып тұрып алды.
Орнынан тұруға құлқы болмағасын, былғары диванда газет оқып
жатқан күйі кідіріп барып:
– Кім?– деп еді.
Аржақтан елгезек дауыс іле үн қатты:
– Бұл мен... мен ғой.
Сен қарқ-қарқ күлдің. Ана пақыр енді тіпті қалбалақтап сасып қалды.
– Жарайды. Ал, сен кімсің?
– Қалай десем екен?.. Ме-н... ну, ну сіздің елдегі ағаңыздың əйелінің..
– Жə, онда бері жүр.
Киімі де, өзі де сұрықсыз, ілмиген арық біреу есіктен кіре сала
диванда жатқан бұны көрмесе де, үй болғасын, біреу болмаса біреу
болу керек қой деп ойласа керек, елп етіп басын иді.
– Бері жүр!– дедің оған.
– Аа... Ну, ну, мына жақта жатыр екенсіз ғой? Сəлеметсіз бе? Мен
сіздің елдегі ағаңыздың əйелінің жиенінен туған...
Қалбалақтаған арық жігіт басынан қылшығы қырылған мыж-мыж
құлақшынды жұлып алды да, қос шеңгеліне қысып умаждай бастады.
Сен əзір түгіне түсінген жоқсың. Бірақ, əйтеуір суы тартылған теңіздің
ойдан, қырдан кəсіп іздеп тентіреп жүрген бұ да бір төлі шығар деп
ойладың да, диваннан басыңды көтердің.
– Иə, сөйле!
– Сөйлегенде... Ну, ну, біз қазір Целинный крайда тұрамыз. Баяғыда
целина көтеруге барған едік. Енді, аға, ну, ну... жағдай солай. Бұнда
тоғыз құмалақ ойнауға келіп едім. Сосын, былай... сізге сəлем бере
кетейін деп... Жеңгей қайда? Үйде ме?
– Ол кісі қазір үйден гөрі дүкенде көбірек жүреді.
– Ну, ну, түсінем. Қалай, жеңгей... былай, қуатты ма? Дені, қарны сау
ма?
– Денін білмеймін, ал қарны ауырады. Гастрит.
– А... Ну, ну... ал қазір қалай?
– Қарны ауырады дедім ғой.
– Ну, ну... Қиын болған екен. Өзіңіз... Ну, ну... қалайсыз?
– Өзім де гастритпін. Колиты тағы бар.
– Аа... Ну, ну... бірақ түріңіз былай... вроде, жақсы. Ауырады деп
ойламайсың.
Тың, игеру кезінде Арқаға қоныс аударған Арал қазақтарының ендігі
тірлігі мынау болса, қарық бола қоймаған екенбіз деп ойлады да,
иығының басы селкілдеп ырқ-ырқ күлді. Жаңа ғана сұп-сұр беті сыздап
отырған кісінің енді бұлайша қапелімде иі жұмсара қалғанына аңқау
жігіт қуанып кетті. Əзір түктің мəнісіне түсіне қоймаса да, сен күлгенге
бұл да ыржалақтап қосыла күле бастап еді; бірақ сен күлкіңді кілт
тиып, түсіңді суытып ала қойғасын о да əлгі ыржалағы артық болғанын
біліп, бетіндегі берекесіз күлкіні дереу тиып алды. Сосын келуін келіп
қалса да, енді қалай шығып кетудің есебін таппай, жаңа ішке кіргенде
басынан апалақ-құпалақ жұлып алған жапырық құлақшынды уысында
умаждап кетті.
– Тоғыз құмалақ ойнауға келіп едім, а л енді, аға... ну, ну...
– Жақсы, інім. Сен де енді, былай... ну, ну...
– Кетейін.
– Соның дұрыс.
Есік жабылған бойда диванға қайта қисайды. Енді газетке де зауқы
шаппады. Бұған жаны ашитын жоғарғы жақтағы біреу бюро
мүшелерінің беті қатты отырғанын ескерткен-ді. Бұл: "маған не
істейді" деп ойлады да, онша қыңа қоймады. Бюро мүшелерінің бəрі де
бұны сыйлайтын жігіттер; бұл дегенде əсіресе бірінші хатшының
жаны жоқ; бұны көрнекті ғалым ретінде құрметтеп, кəделі жерден
қалдырған емес; қалада кос уыс жиналыс болса да, керегі бар ма, жоқ
па, бұны шақырады; бірінші хатшының өзі қолтықтап апарып
президиумның қақ төріне отырғызған соң бұл да төзім тауып
жиналыстың ақырына дейін тапжылмай отыратын-ды...
Обалына не керек, директор болғасын қала басшылары бұны тіпті
қатты қолдады; солардың қолдауымен анада ғалымдар мен су
мамандары қатысқан ғылыми конференция өткізді; екі күнге созылған
конференцияның күн тəртібінде бұның институты жасаған жер
астындағы су қоймасының ғылыми болжау картасының халық
шаруашылығын өркендету жолындағы мəні мен маңызы; Үлкен Үй
бұған қатты мəн берді; Үлкен Кісі де назарына алып отырғасын
газеттер құтыртып жазды; радио сарнап тұрып алды; теледидарды
бұрап қалсаң, аржағынан не сұлу қыз, не сұңғыла жігіт шыға кеп, бұның
басқаруымен өтіп жатқан конференцияны ел өміріндегі елеулі оқиға
деп тақылдап қоя береді; тілі қандай тəтті! Экранға шығар алдында
тіліне бал жағып алғандай! Сондайда қасында кісі-қара тұрса бұл
құдды мақтаудан мезі болғандай, жақтырмаған сыңай танытып кіржің
етеді; тықылдақ қыздың тəтті сөзін аяқтатпай сырт еткізіп сөндіре
салады; ал, оңаша болса... экрандағы əсем бикешке бұл енді бетімді сүй
дегендей алдына барып құлағын төсей қояды; тəтті тіл құлағының
құрышын қандырып бола бергенде телефон шылдырайды; енді
телефонға да, бұған да тыным жоқ; жаңағы сұлу бикештің балдай тəтті
тілінің шырыны аздық еткендей, мына жақтан тілеулестер бірінен
кейін бірі телеком соғады.
– Ал-ло... бұл қайсың?
Деуін десе де бұның басқа ешкім емес, езінің орынбасары екенін
біледі; сенің білетініңді ана қу да жүн тыққан қаптай қобырап-собырап
жүріп те біледі; бірақ о да түк білмегенсіп:
– Əз-аға, бұл мен ғой,– дейді.
– Осы қазір ғана айрылыспап па едік? Жайшылық па?
Деуін десең де, бірақ аржағың оның бұлайша неге жаны төзбей
телефон шылдыратып жатқан себебін ішің сезеді.
– Əз-аға, жаңағы қызды тыңдадыңыз ба?– дейді анау.
– Иə, тыңдадық. Бірақ, онда тұрған не бар,– дейсің сен өп-өтірік түк
білмегенсіп.
– Ойбай, Əз аға-ау, бұл жаңағы сұлу бикештің аузымен айтылып
жатқан Үлкен Үйдің пікірі ғой. Құттықтаймын!
– Солай ма?
– Оған күмəнданбаңыз. Сосын, Əз-аға, ертең сушылар жиналысына
картаны ілсек қайтеді?
– Дұрыс. Іл!
– Сосын, Əз-аға... ертең жиналысқа ертерек келгеніңіз дұрыс болар
еді.
Үндеген жоқсың; бірақ бұл арада да Жуан Жақайыммың аржағында
ойлаған бір іш есебі барын білдің де, ертеңіне ерте тұрып, жиналысқа
жұрттан бұрынырақ барғансың-ды; бүтіл бір қабырғаны тұтас алып
жатқан карта кіре беріс ауызға ілініпті; келген кісі-қараның көзіне
бірден түсетін нағыз ыңғайлы жер екен; осы бишара жүн тыққан
қаптай қобырап-собырап жүріп те бірдеңе біледі. "Картаны жұртқа
көрсететін кез келді. Үлкен Үй біз жағында. Қалалық партия комитеті
болса да бізді қолдап отыр. Осы жолы жеңеміз",– деп еді; айтқаны
келді де тұрды; бұлар жеңді; бірақ тап сол күні өздерінің жеңетінін əлі
білген жоқ-ты. Сушылар бас қосқан ертеңгі конференцияда картаның
тағдыры қалай шешілері əлі белгісіз еді; сондықтан мына картаның
сушыларға қалай əсер етерін білгің келді де, жалт беріп қайырылысқа
бой тасалап тұра қалдың.
Жұрт келе бастады; алдымен шет аймақтан келген бір топ сушы
өздерінің даладағы дарқандығына басып қауқылдасып сөйлей кіріп
еді; бірақ кіре берістегі картаға көзі түсті де, үні өшіп тым-тырыс бола
қалды; ауызы ашылып аңтарыла қарап тұрды да, сəлдесін есін
жиғандай дабырлап қайта сөйлеп кетті; олардың не дегені есітілген
жоқ; осы кезде сыртқы есік шалқалай ашылып аржағынан тағы біреу...
Əй, мынау бұның осы жолғы айтыс-тартыста қайрат көрсететін
жақтасы – қасқа бас ғалым болмасын? Сол! Ой, сабаз-ай! Əне, əр
кездегідей осы жолы да өзінен бұрын екі бүйірі егіз қозы туатын кəрі
саулықтың қарнындай ішіне оны-пұны тығып тырситып алған жуан
портфельді ілгері оздырып, ырғала басып кіріп келеді. Тоқта, бұл
қайтер екен? Е, қайтуші еді; табалдырықтан талтаңдап кірсе де, бірақ
сонан ары баспай, есік алдында қалт етіп тұра қалды; кеше Жуан
Жақайым екеуі басы-қасында жүріп ілдірген картаны құдды жаңа
көргендей, айран-асыр бола қалғанын қараш; өзімен бірге шалғайласа
кірген алды кандидат, арты кандидаттығын енді қорғайын деп жүрген
жігіттерге бұрылды:
– Əй, не көріп тұрсыңдар? Бері... бері келіңдер. Ал мынау ғажап!
Академик Əзімнің сыйлыққа ұсынған картасы бар деп еді; сол осы
болмағай?
– Болса, болар...
– Болары не, дəл өзі. Бұндай карта онан басқа ешкімде жоқ. Ал енді,
мынау қазақ топырағында бұрын болмаған жаңалық,– деп басын
шайқады,– əй, жаса! Тусаң ту! Ал енді шедевр!
Жуан Жақайымның кеше бұған ертерек барыңыз деген себебін енді
түсінді. Жігіттердің қазіргі бет алысы көңіліне қонып тұрған-ды. Көзі
ішке сүріне-қабына кіріп келе жатқан түйме көзге түсті.
О да:
– Жігіттер, кəне бері... бері жүріңдер,– деп ішке кіріп жатқан
кісілерді əй-шəйге қаратпай соңына ертіп алды да, картаға апарды; қу
неме, Əзімнің тасадан сығалап көріп тұрғанын білетін сияқты; дауысы
шаңқ-шаңқ етеді: салған жерден мына карта Əзімнің басшылығымен
жасалды деді; салғырт тыңдаған біреулерді шалғайынан тартып
назарын аударып алды; сөйлеген сайын екіленіп, қызып барады;
қызған сайын мына карта кеше өздері түрлі-түсті бояу карандашпен
атан өгіздің терісіндей қалың батманға түсірген небəрі су кестесі емес,
нағыз судың өзі сияқты; жəне сол шалқыған ағыл-тегіл мол судың мөпмөлдір тұнығына кеңірдектеп жүзіп барып рахаттана шомылып, енді
мыналарға да: "келіңдер! Сендер де суға шомылып рахаттаныңдар!"–
деп шақырып тұрғандай:
– Шедевр! Институт бір ауыздан мемлекеттік сыйлыққа ұсынып
отыр. Алады. Сөзсіз алады.
– Ойбай, бұл шаппай бер ғой. Сыйлығы түспегірді бұл алмағанда, кім
алады? Айтса да, Əз-ағаң қайда?
– Көрінбейді, келмеген ғой.
Ол осылай. Таудай жұмысты қопарып істеп тастайды да, ал өзі
түкпен ісі болмай, маңқиып жүреді. Көрмейсің бе, келмеген, көрінбейді.
Есесіне оларды сен көріп тұрсың. Жігіттер біраз жұмыс істеген екен;
тек бір-бір отар соңында қоңын күн тескен қара таяқтардың миына не
кіріп, не кірмей жатқаны белгісіз. Құдай қылса қайтесің, бастықтардың
алдында бұлардың да осылай бағасы көтерілетін кез болады; тіпті
Үлкен Үйдегілердің өзі осындай халық бас қосқан жиында бұларды
қайда қоярға жер таппай, қолпаштап көтермелеп бағады; соған мəз
болған сорлылар өздері түсінбейтін тілде шешендердің ертеден кешке
сұңқылдаған бір сөзін ұқпаса ла, бастық не айтса, соны мақұлдап бас
шұлғып отырғаны. Бастықтарға да керегі осы; əне, көрмейсің бе,
жоғарғы жақ жүргізген саясатты төменгі жақтың өзі қуаттап, қоштап,
дуылдатып қол соғып жатыр; бұ да қырық айлалы бастықтардың көп
айласының бір қыры; "заманың түлкі болса, тазы болудың" кебі;
директор болғасын бұл да жұрт алдына шықса: "халық, халық!.." деп
қақсап тұрып алатын болған-ды; осы жолы да есіл-дерті қара
таяқтарды өз жағына шығарып қол соқтырып қою еді; байқап тұрсың:
мына немелер қасқа бас ғалымның сөзіне ылыға қоймады; ал түймекөз
кандидаттың тəщіреңдегені жынына тиді ме, бір-екі қойшы аузын
ашып есінеп алды; сосын құдды бытпылдық шағыл арасына бытырай
жайылып кеткен қойларын іздегендей айналаға алаңдап қарай бастап
еді; кенет бұларға тағы бірнеше қара таяқ қосылып, қауқылдасып
карта алдына барды; бəрінің жетесіне бірдеңе жаңа жеткендей, көк ала
сызықтар шимайлап тастаған картаға мойнын созып өңмеңдеп жатыр;
қайсы бірі қасындағыны түртіп қап, əлгі көк ала сызықтың бірдеңесін
тырнағымен шұқылап, таңданып басын шайқап еді; сол қамшы болды
ма, сом денелі əне бір шойын қара сөйлеп кетті; оның саңқылдаған
даусы құлағына жетсе де, не дегені естілген жоқ; бір сөзін есітпесе де,
бірақ оның не деп тұрғанын іші сезеді: "жарықтық қазақ жері-ай"–
дейтін шығар, "сенің ырысың мен рахатың бұл жалғанда бізге
бұйырмай, дүниеден осылайша көңіміз ағармай өтер ме екенбіз"–
дейтін шығар; бұл сүйдесе, ал онымен иықтасып қатар тұрған əне бір
тырыли арық қара картадағы көк ала сызықтарды нұқып-нұқып қойды
да, сосын қолымен алыста жатқан əлдебір мекен жайды меңзеп
қатулана сөйлеп кетті; сен бұның да сөзін есіткен жоқсың; бірақ бұнша
неге ызаланып тұрғанын іші сезеді: осы елдің қатын, баласы таң атса
таңдай жібітер ауыз су таппай шелегі даңғырап, дала кезіп жүрсе,
ойбай, Құдай-ау, бұлар телегей теңіздің үстінде отыр екен ғой; мына
карта аяқ астын шұқысаң ағыл-тегіл су аспанға атылғалы тұр дейді
ғой, малынды суарасың ба, өзің мейір қандырып сусындайсың ба,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 24
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654