Latin

Соңғы парыз - 06

Total number of words is 4232
Total number of unique words is 2255
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қауышқан осы бір сəтте аржағынан асып-төгіліп жатқан ағыл-тегіл
қуаныштың, күлкінің дəл қазір қайсысы орынды, қайсысы орынсыз
шығып жатқанын да ойлаған жоқ-ты. Əлі де болса ыржалақтап күліп
Бəкизатты құшақтамақ боп, бауырына тартып еді-ау. Бəкизат бойына
жолатпай, кеудеңнен тіреп тұра қалды.
– Сыр бойы сауықшыл дейтін, қайта-қайта баруың жаман еді.
Солардан бірдеңе жұққан болды ғой.
– Иə, жұқты. Несін айтасың, сауық-сайранды салып қайттық.
Сырдариялықтардың да ойын-сауықтан басқа баққаны жоқ екен.
Қапелімде қол-аяғың қалжырап, тұрған жеріңе отыра кеткің келді.
– Папа...
Портфелін бауырына қысып алған қыз кеткісі кеп, жаутаң-жаутаң
қарап тұр екен.
– Айналайын, қызым-ау... сендерге не болды? Бəрің менен қашып...
– Папа, оқудан қалып барам.
– Оқуыңнан айналайын. Кішкентай балапаным менің. Тоқта, сен осы
ертеңгісін оқымаушы ма едің?
– Ол былтыр ғой...
– Иə, айтса да... Сен екінші класқа көшкен екенсің ғой.
– Папаң балықтан басқа не біледі дейсің. Қызым, бар... оқуыңнан
қаласың.
Кішкентай қыз қыңқылдап, екі иығының басын кезек қиқаңдата
бастады. Жиі тарақпен жылтырата тараған мөлдей қара шаштың бір
шекесінде үлпілдеген бантик. Омырауында үлпілдеген фартук. Бантик
те аппақ. Фартук те аппақ. Бауырына қысқан портфель болмаса, дəл
осындай үсті-басы үлпілдеген кіп-кішкентай əдемі қуыршақты бір
жерде көрген сияқты. Тек қайдан көргенін есіне түсіре алмай ойланып
қап еді; кенет портфель ұстаған қызының қолына көзі түсті де, жүрегі
біз сұққандай шым ете қалды. Іштен үш саусағы кем туған сол
қолының орыны отқа күйгендей қызарып, терісі бүрісіп қалған екен.
"Айналайын, балам-ай! Балапаным-ай..." Бір сөз айтса аржағы аңырап
қоя беретіндей көзіне мөлтілдеп жас келіп қалды. Жалма-жан
қызының алдынан есік ашып, мектебіне ұзатып салды.
– Бар-бар! Бара ғой, балам!
Кішкентай қыз бұта түбінен пыр еткен балапан құстай құлдырай
жөнелді. Бір үйдің бұрышынан айнала бере артына бұрылды.
"Айналайын, балам... балапаным". Көзінің алды жыбырлап, тамағы
бүлкілдеп қалды. Сол арада, бұл өз қылығынан өзі қысылып, абыржып
əпі-шəпісі шығып, ішке қайтып келсе, Бəкизат сыртқа шыққалы есікке
беттеп келеді екен. Қолыңды екі жағыңа жайып, жолын кеселеп тұра
қалдың.
– Саған, сірə дауа болмас,– деді Бəкизат басын шайқап.
– Пəтуа, дауа бізді қайтсін. Теңіз асып тентіреп жүрген кісінің қайта
диуана боп кетпегеніне шүкір.
Бəкизат сенің аяқ астынан назарың түсіп, налып қалған кескініңе
қарап тұрды да:
– Сол жақта қыстап қалар деп едім, Құдай оңдап, əйтеуір, келдің,–
деді.
– Кісілерді тастап кете алмадым.
– Бізді тастағанда жақсысың.
– Апыр-ай... үйге келгенде сен де кірпідей жиырылып...
– Бізге оңай боп жүр дейсің бе?
– Білем... сендерге де қиын. Соны ойлағанда... Əй, құрысыншы... Осы
жолы сендерді өзім де өлердей сағындым.
– Əй, қайдам.
– Маған сенбесең қасымдағы кісілерден сұра. Ал енді, Бəтіш... айтары
жоқ, сапарымыз сəтті болды.
– Жақсы бопты. Саған балық болса, қатын-баланың керегі қанша.
– Апырай, Бəтіш-ай... Балықшы бишаралардың тірлігін басқа білмесе
де, сен білуге тиіссің ғой.
– Ал, білдім. Сонда мен оларға не істеуім керек? Менің қолымда...
Бəкизат сөзін кілт үзіп, қабырғадағы сағатқа қарады да, əлденеге
асыға бастады.
– Басқа айтарың бар ма?
– Бір жаққа асығып тұрсың ғой?
– А!
– Бəтіш... Айналайын, өтінем... Бүгін қасымда бол, ешқайда кетпе!
Жарай ма?
– Жарайды... Жарайды,– деп Бəкизат арқаңнан қақты да,
қабырғадағы сағатқа қарады,– Ауылға келдің ғой. Енді ешқайда
кетпейтін шығарсың. Əңгімең қызық екен. Қалғанын кейін... Жарай ма,
кейін айтарсың.
Сен "жарайды" деп те, "жарамайды" деп те айтқан жоқсың. Əлденеге
жанары тайсақтап, сенен алып қашып жүрген келіншектен көзіңді
алған жоқсың. Жұмысқа барам дегені жай сөз екенін жүрегің сезіп тұр.
– Шай қойып іш. Тамақ... Тамақ холодильникте...
– Тамағы құрысын...
– Иə, аш емес шығарсың...
"Несін айтасың, тоқтықтан кекірігі азып тұр".
Бəкизаттың бұнан алып қашып тұрған көзі ар жағындағы айнаға
түсті. Айт-тойға баратындай үсті-басын сəндеп киініп апты. Бəрі де
анада демалыста болғанда астанадағы ателиеге тіккізген инеден жаңа
шыққандай əдемі, сəнді киімдер. Асығып тұрғасын ба, əлде құйындай
ұйытқыған əлдебір құпия сезім көкірегін алып-ұшырып бара жатқасын
ба, əйтеуір əне бір қыз кезіндегідей екі беті алаулап, етшең қызыл ерні
албырап құлпырып кетіпті. Жанары жалтылдаған шаралы қара көз
айнаға бір, өзіне бір қарап, бас-аяғын шолып етті. "Қайда асығып тұр?
Əлде, анадағы ренішін ұмыта алмай, бұған істеп тұрған кесірлік пе?
Солай ма? Сонда, шамасы бұның Сырдарияға барғанын кешірмеген
болды-ау? Ендеше, сен неге кекірейесің? Бұрын бұндайда ылғи
басыңды иіп, кешірім сұраушы едің. Тағы да иіл. Басқа кезде кінəң
болды ма, жоқ па, ал осы жолы кінəлісің. Осы жолы бірінші рет
Бəкизаттың дегенімен жүрмедің. Айтқанын істетіп үйренген келіншек
саған "Сырдарияға бармайсың"– деп үзілді-кесілді айтпады ма? Тым
құрыса, сен жазған сол арада ерке келіншектің шиыршық атқан ашуын
жылы сөзбен сылап-сипап жұмсартуды да білмепсің-ау. Жо-жоқ, білді.
Білді ғой.
Тек тілдесуден тайсалды. Егер, сол арада тілдескенде Бəкизат
ренішті үдетіп, талайдан бері құлағын сарсылтып келе жатқан
қыңқылын қайта бастап: "Бұл жерде қимайтын не қалды? Су ашыды.
Балық құрыды",– дер еді; "жеті жыл көктен сыңар жаңбыр тамбай,
теңіз өңірінің қылтанағы күйіп кетті" дер еді; "теңіз қайтқалы жер
астының суы тартылып, бұрын күрпіп тұратын құдықтар түбі көрініп
жатыр" дер еді; "ел алды қоныс іздеп көше бастағалы қашан. Əзір
көшпегендер де қолайлы орын қамдап, ертең-бүрсікүні қозғаламыз деп
отыр" дер еді; "суы тартылған теңізге сен-ақ бауырың бітіп, талақша
жабысып алдың. Көре қал, ертең осы теңіз қаңсыған астаудай кеуіп
қалғанда көшкен елдің жұртында жалғыз үй төбеміз шошайып
отырармыз; сонда туған жерден не опа тапқаныңды көрермін" дер едіау. Сен соны білдің. Сондықтан, шараң құрып бір күрсіндің де, теңіздің
арғы бетінде қостанып жатқан балықшыларға тартып тұрғансың-ды.
"Айналайын, барам да қайтам" деп едің-ау. Тым құрыса уəдесінде
тұрып, айтқан уақытта оралғанда бір сəрі ғой.
– Бəтіш... Кешір.
Бəкизат тағы да сағатқа қарады. Шыдамын тауысып шытынап
қалды. "Қайда асығып тұр екен?" Өзінен сұрауға батылы жетпеді.
Кінəсі болмаса да, кінəлі сезінетін əдетің, именшектеп басып қасына
бардың.
Именшектеп қарадың. Имене-имене қолыңды иығына салып едің;
Бəкизат иығын басқан зілдей ауыр салмақ астында шыдам тауып,
шытынбай тұр. Сосын ішің жылып кетті. Қорғалақ қол əлгіден кейін
батылданып, əлі де болса өңін суық ұстап, сыртын беріп тұрған
Бəкизатты бауырына тартып еді; бұл жолы да қарсылық болмады.
Қайта ұзақ жолдан арып-ашып келген азаматтың бұнан былайғы не
дегенінің бəріне қабақ шытпай көнетін сыңай танытты. Сосын сен де
бұрыңғыдай өліп-өшкен жоқсың. Онсыз да бар ісі оңына басып,
орайына келіп жатыр. Үй ішіне қауышты. Қызын көрді. Енді, міне...
Қыс демей, жаз демей теңіз кезіп тентіреп жүретін қаңғыбас күйеуін
күте-күте екі көзі төрт болған жары құшағына кірді де, тып-тыныш
бола қап еді; үлпілдеп киінген мына келіншектің үсті-басынан сенің
дем алған тынысыңа жаңа ғана қауыз жарған жас гүлдің жұп-жұмсақ
жұпар исі келді. Сонан ба, əлде денеңе жанасқан əйел тəні шоқтай тиді
ме, ыстық қан кенет аттай ту лап алабұртып кеткен алпамсадай ірі
еркек енді əй-шəйге қарамай, бауырына тартып құшағына құшырлана
қысып еді; Бəкизат сұлық қалпын бұзған жоқ; қан-сөлсіз жүзін жоғары
көтеріп, бұған бетін тосқан сияқтанды. Бетін тосқан Бəкизатқа бұ да
дереу иіліп, еңкейе бергенде, ар жағында тұрған айнаға көзі түсті де,
тіксініп қалды. Ерлі-зайыпты арасындағы парызды өтеу үшін əлде
қалай бетін тосқан əйелдің құр сүлдеріне жоғарыдан дүр қара біреудің
жүн-жүн беті жақындап төніп қалған екен. Бəкизат бойын дереу жиып
ала қойды.
Қайратты еркектің қарулы құшағынан есебін тауып сытылып
шыққанына қуанғандай, дем арасында тақтай еденді тық-тық басып,
есікке барып қалған екен...
Абажадай үлкен үй кенет қаңырап бос қалғандай. Дүниесі құрғыр бір
сəтте бар қызықтан айрылып, тірлік шіркін болса-болмаса да мəнін
жоғалтты да, бұл ілгері озбай, аяқ киім жатқан ауызғы бөлмеге сүлдері
құрып отыра кеткен еді-ау! Ащы тырнақ көкірегін осып алды. Қан
қақсап бара жатқан басын қос шекеден қатты қысып, өзі де ұлыған
иттей ыңырсып отырған-ды. Əрине, анасы үйде жоқ; үйде болса
"жалғыз баланың" дауысын есіткен бойда жүгіріп келер еді ғой. Мал
қорада жүр ме екен? Көзінің түбі суырып, шекесі сынып барады. Төрге
озғысы келмеді. Есіл дерті теңіздің арғы бетіндегі балықшы қос.
Мынау өз үйі болмай, егер балықшы қосы болса ғой... бұл онда астына
төсеніш, үстіне жамылғы іздеп жатпай, аяғы жеткен жерге қисая кетер
еді-ау! Бұл байғұс қадірі қалмай бара жатқан осынау қос уыс тірлікте
қай бір өзінің жанын күтіп, бап талғап еді!
Осы жолы да кім көрінгеннің қасына бір түнеп жүргенде, бұл, сірə,
өзіне бап тілеп, басының асты – биік, жамылғысының асты – жұмсақ,
жамылғысы – жылы болғанын ойлады ма? Осы қазір де өмірінің
жарым-жартысы балықшы қоста өткен сорлы сол дағды бойынша
отырған жеріне үстіндегі сырмақ күртенің бір шалғайын төсеп қисая
кеткісі келіп еді; бірақ, мына тілмен жалағандай сырлы еденге көзі
түсті де, ол ойдан да тез айныды. Миығына мысқыл күлкі шапты. О
бейшара!.. Бейшара!.. Мұның дəмесін қара. Бейшара-ау, тілмен
жалағандай мына тап-таза үй, жаңағы үріп ауызға салғандай
кішкентай қыз... əдейі айт-тойға баратындай желкілдеп киінген əлгі
əдемі келіншек... бұның, бұл бейшараның ебіл-себіл түрі мен берекесіз
тірлігіне қандай қатысы бар? Үш қайнаса сорпасы қосыла ма?.. Ха-хаха...
– Əй, балам...
Ту сырты түгел шымыр етті. Қасына кеп тоқтаған томашадай қара
кемпірді бас салып құшақтай алды. Кемпір де ботасына исінген кəрі
інгендей еміреніп кетті.
– Шаршағансың ғой. Қашан келдің?
– Жаңа...
– Қора жақта болып едім. Ботасынан айырғалы қараша інген суалуға
қарады. Желінін тартсам, уысым ақ орнына үрпіге толып кетеді.
Бауырында қанша тұрғанда бір шайлық сүтті шаққа алам. Бəрің
келдіңдер ме?
– Жоқ, өзім...
– Олар əлі сонда қалды ма?
– Үш-төрт күн шамасында келіп қалар.
– Ба-ба-а... Баба...
Сен жүгіріп келген баланы жерден көтеріп алғансың-ды. Əке
құшақтағасын қол-аяғын тыпырлатып бұрынғыдан бетер асыр салып
кетті. Ара-арасында мойнынан тас қып қысып алып, сілекей шұбырған
ернімен сүйіп қояды. Сорлы бала қуанса да, ренжісе де осылай өзін
тежей алмай қалатын, сірəдағысы.
– Апыр-ай, апа... мына балаң бұрынғыдан да нашарлап кеткен бе?
– Жоқты соқпа, баламның өзгерген түгі жоқ. Баяғы бір күйі.
– Ай, балапаным-ай... айналайын, балам-ай...
Əке құшағында қол-аяғы тыпырлап жырқ-жырқ күліп жатқан
баланы бауырыңа тас қып қысып тұрсың. От басының осы бір қасіреті
кішкене жанасса да, сең соққыға жығылғандай жаның жапырылып
қалатын-ды. Міне, тағы да дем арасында діңкесі құрып, қасірет басқан
еңсе қара жерге тартып бара жатты.
– Əкең жолдан шаршап келді. Дем алсын. Бері жүр, балам,– деп,
кемпір ана бауырынан кемтар боп туған немересін қолынан жетелеп
əкетті.
***
Анасы шай əзірлегенше бұл моншаға барып келді емес пе. Бас-аяғын
апыл-ғұпыл шайып, парға бір кіріп шыққасын зіл тартып тұрған дене
демде жеп-жеңіл боп сала берген-ді. Бұл тек моншадан ренішті
көңіліне төтеннен тағы бір уайым жамап қайтты. Былай қарағанда өзі
түкке тұрмайды. Алғаш есіткенде "е, келсе келсін" деді. "Келмей
жүрген жері ме" деді. Осыдан кейін көңілі кəдімгідей тынышталып,
моншада есіткен оқшау хабар ойынан біржола ұмыт болған сияқты еді;
үйге келе жатқанда тағы да сол есіне түсті. Бұл жолы көңіліне
кəдімгідей күдік қашып: "апыр-ай, ə?" деп, əр кездегідей бүгін де жел
азынап, топырақ борап жатқан көшенің ортасында селтиіп тұрып
қалғанын кейін байқады. Байқаған бойда біреу-міреу көріп қалмады ма
деген оймен төңірегіне көзінің астымен білдірмей қарап еді, Құдай
оңдағанда көшеде өзінен басқа тірі жан жоқ екен. Тек көшенің арғы
бетінде опан-топаны шығып қираған бір топ үйге көзі түсті де, көңілі
құрғыр тағы да ит талағандай алау-далау болған еді-ау. Соғыстан кейін
есін жиып, еңсе көтере бастаған ел құрылысты шұғыл қолға алып,
бірінен бірі асырмақ боп бəсекелесіп салған шипірлі ақ үйлер көбейіп
еді; колхоз клуб, мектеп салып еді; теңіз шаршысына келіп тұрған сол
заманда баладай əлпештеген үйлер қазір, міне... Көзі тағы да көшенің
арғы бетінде опыр-топыр қирап жатқан үйлерін түсті. Санын жатқа
біледі: аттай жиырма бес үй. Бір шалдың бауырынан тараған ұрпақ
өсе-өне келе жиырма бес үй болған. Балықшы поселкасы осы араға
алғаш орын тепкенде ағайынды жігіттер араларына көлденең кісі
кіргізбей, өздері ыңғайласып бір-біріне ірге тақай үй салған-ды. Енді
қазір есік-терезелері үңірейіп, опан-топаны шыққан жиырма бес үй
балықшылар поселкасының бір жағын бүтіндей үңірейтіп тастаған
екен.
Жиырма бес үй көшкенде бұл ауыл дəл бір өлік шыққандай
күңіренген. Сол күні бір үйдің ошағында от қанбаған. Бір жан теңізге
шықпаған. Балалар мектепке бармаған. Сол күні таң атар-атпаста
кеудесін сүйреткен кəрі-жас көтеріле көшеге шыққан еді; қатындар
ыдыс-аяғы араласып отырған көршісі көшіп жатқанда қайтерін білмей
қалбалақтап қалған-ды.
Əсіресе бастас абысын-ажын бірін-бірі қимай, қит етсе жаулық
шетіне жармасып көзін сығып жатты. Қалып бара жатқан мұңдық
кетіп бара жатқан мұңдыққа қарай бір ысырылып жақындай түсіп,
əңгімесін əуелі "қыз-ау" деп, не "келіншек-ау" деп бастап, осыған дейін
əне-мінемен айта алмай келген əйел сорлының қашанда көкірегі
дертіп, сыздап тұратын сыр мен мұңның шетіне шыға алмай, абыржабыр арасында ақ жаулықтар əне жер, мына жерде бас түйістіріп
жатқаны. Сонан қашан басындағы жаулықтың екі шеті суланғанша
тырп етпейді. Тек ана жақта ырсылдап жүк көтеріп жүрген əлдебір
еркек ақырғанда ғана "ойбай, көтек" деп, соңғы баланың толғағында
жел ұстаған белі қиқаң етіп, кирелеңдеп тұрып жатқаны.
Ал балалар мəз; абыр-сабыр арасында санын шапаттап шауып жүр;
олар үшін бұнан асқан қызық жоқ; кеше ғана қаннен-қаперсіз жүрген
кісілердің бүгін жау тигендей, аяқ астынан бүлініп апыр-топыр көшіп
жатқаны балалар үшін айт-тойдан бір де кем емес. Бұл ауылдың
балалары кеше аяғы бірге шығып, тұсауын бір күнде кескен
құрбыларын іздесе кейін іздейді. Ал, қазір кететін балалар да, қалатын
балалар да мəз.
Осы ауылда ана жатырынан індетке шалдығып, кемтар боп туған
балалар көбейіп бара жатқан-ды. Ештеңеге түсінбесе де, мына
əбігердің арасында олар да аяққа оралып жүр. Қолы, аяғы кеміс
балалар балдағы сартылдап, шоқаң-шоқаң етеді. Соларды көріп
көкірегі құрғыр қарыс айырылып тұрғанда, көзі кенет он жасар балаға
түскен еді-ау. Ойға, қырға шапқылап жүріп көптен көрмеген еді; бала
əп-əдемі боп өсіп қапты; ат жақты боп-боз бетінде бір түйір қан жоқ
екен; осы ауылда бұның бала боп не күлгенін, не ойнағанын ешкім
көрген емес; өткен жылы шешесі қылтамақтан қайтыс болған көрші
үйдің кішкентай қызын қайда барса да қасынан тастамай жетелеп
жүреді.
Не екенін қайдам, бұл сорлыға осы ауылдағы есуас, деліқұлы
балалар өш; бір жолы бəрі жабылып жығып салып тепкілеп, ұрып,
сабап мəз боп жатқанда Бəкизат үстінен шығып арашалап апты, үйге
əкеліп төсекке жатқызыпты да, өзі ас даярлауға ауызғы бөлмеге
шығып кеткен екен; сəлден соң қайтып келсе, бала басын көтеріпті.
Иегін алақанына сүйеп, белі бүгіліп мүлгіп қалған. Осы қазір ештеңені
көріп те, сезіп те отырған жоқ. Керек десе, ішке кіре сала не істерін
білмей, қолын көкірегіне қысып тұрып қалған оқытушы апайдың да
бар-жоғын сезбейтін сияқты. Бүкіл бар дүниеде тек өзі, сосын өзінен
басқа ешкім білмейтін əлдебір қасіретке жаны уланып, сабаудай кірпік
астынан ағыл-тегіл жас моншақтап бетін жуып отыр екен; Бəкизат
баланы бауырына қысып, құшақтай апты; тек, жұбатпапты; "неге
жыладың?"– деп те сұрамапты; неге жылайтынын бала басқа тұрсын
ата-анасына да тіс жарып айтпайды екен. Осы баланың ешкім ұрыспай,
ұрмай-соқпай, анда-санда осылай өз-өзінен мұңданып, бір жапырақ
жаны адам білмейтін əлдебір қасіретке уланып, ішінен егіліп ағылтегіл жылайтынын бүкіл ауыл білетін-ді. Сол кезде балықшы ауылдың
жандары өздерін осы бала алдында кінəлі сезінгендей кəрі-жасы түгел
ішінен тынып отырған-отырған жерде шөкелеп бүк түсіп қалатын.
Жаудыраған жанарынан сорғалаған жас бетін жуып, моншақтап ағадыағады да, сонан бір кезде ешкім жұбатпай, өз-өзінен тиылатын. Бала
жасын тиғасын ертеден бері үн-түнсіз тас қып бауырына қысып
отырған Бəкизатқа "Апай, мен соңыра мектеп бітіргесін дəрігерлік
оқуға түсем, жаңағы балаларды емдеймін" депті...
Жиырма бес үй кешіп, бүкіл ауыл азан-қазан боп жатқанда
Байқоңырда ракета ұшқан ба, ауа райы аяқ астынан бұзылған-ды. Жел
көтерілген-ді. Топырақ борап, арты бірнеше күнге созылған қара
дауылға айналған еді-ау; көшетіндерден гөрі қара орында қалып бара
жатқандардың қабырғасы қаттырақ қайысатын сияқты. Түс ауып, күн
кештете бергенде жиырма бес үйдің жүгін тиеген жиырма бес машина
жүруге бет алып, бірінің соңынан бірі тізіліп тұра қалып еді, қалып
бара жатқандар көшіп бара жатқандарды бас салып, қолына іліккенін
құшақтап көрісіп жатыр:
– Көреміз бе енді, жоқ па, ойбай...
– Қараң қалғыр мына қара жұртқа бізді тастап қайда кетіп
барасыңдар, ойбай!..
Оқыс шыққан мына бір ащы дауыстан жас балалардың зəресі ұшып
кетті. Əй-шəй жоқ, бірін-бірі бас салып, аңырап қоя берген дап-дардай
кісілердің бұнысы əдепкіде əлде ойын, əлде шын екенін біле алмай,
əркімге бір қарады. Бірінен босаған құшақ екіншіге жармасады. Ығыжығы ішінен қолына іліккенін бас салып құшақтай алады. Адам ұгып
болмайтын абыр-сабырдың, айқайдың, ойбайдың бір жерінен əкесін,
бір жерінен шешесін көреді. Олар да өздеріндей біреудің мойынын
құшақтап алған. Олар да аңырап бетін алып-салып жатыр. Ұрмайсоқпай екеу-екеуден құшақтасып, жұлқынып жатқан мына азанқазанның арасынан еңкілдеген анасын, солқ-солқ еткен əкесін,
сыңсыған апасын көргенде өздерінің жылағысы келмесе де əлденеге
иегі кемсеңдеп, көзі жаутаңдап əркімге бір қарап тұрады да, кенет
бақырып қоя береді. Бұрын-сонды бұндайды көрмеген иттер үрудің де,
үрмеудің де есебін таппай, əркімге бір тығылып аяқ астында
қыңсылап, сосын былайырақ шетке шығып алып аянышты үнін
аспанға шаншып ұли бастады. Ауыл у-шу. Азан-қазан. Теңіз
тартылғалы бұл жақтың халқы жыл құрғамай кешіп жатқанды. Бірақ
соның бəрін де бір үй, екі үйден, мықтағанда төрт-бес үй көшкесін дəл
бұндай бола қоймайтын. Ал мыналар тұтас отырған ауылдың бір
жағын ойсыратып ошарыла көшкенде, халық күңіреніп кетті. Бұл басу
айтып көріп еді, бірақ ешкім құлақ аспады. Сосын бұл:
– Неғып тұрсыңдар? Жүріңдер! Тез! Тез!– деп шопырларға ақырды.
Жиырма бес мотор дүр етті. Əуелі үстіне аппақ қудай шал мінген
машина қозғалды. Қалғандары соңынан тырнадай тізіліп шыққанда
жиылған жұрт та жапырыла қозғалып шаужайласып жүгіріп келе
жатты. Ауыл сыртындағы қоңыр жалға көтерілгесін əлгі үстіне аппақ
қудай шал мінген машина кілт тоқтады. Қалғандары да бірінен соң бірі
тоқтап жатыр. Кетіп бара жатқандар мен қалып бара жатқандардың
құшағы қайта айқасып, енді қоңыр жалдың үсті күңірене бастағанда...
кенет бұның оң құлағының тұсынан бір ащы айқай шыққан еді-ау.
Шекесін жарып жібере жаздаған сондағы əйел даусы əлі құлағында.
Сол есіне түссе, бұның кез алдына бетінен нұры таймаған ақ сары əйел
тұра қалады. Қолынан талай дəм татқан-ды. Арғы атасы Сыр бойының
аруақ қонған кəрі жырауларының бірі деп есітетін. Бірақ бұрын соң
текті жерден шыққанын білдірмей, күйбең шаруамен күн өткізіп
келген осы ауылдағы көп ақ жаулықтың бірі еді. Аруақты атасын бүгін
танытты. Оң иығынан оқыс шыққан мына дауыс жұртты бірден баурап
алды. Ажарлы ақ сары əйел жүк тиеген машина үстінде бетін құбылаға
бере жүгініп апты.
Қоңыр жал үстіндегі ала жабырдан дауыс оздырып айғайға
басқанда, жұрт сілтідей тынды. Көппен бірге бұ да құлақ салған-ды. "Ə"
дегенде "бұл не?"– деп қалды. Туған жерден тірідей айырылған
баяғыдағы біреудің зары ма? Əлде көзден бір-бір ұшқалы тұрған мына
адыра қалғыр ата-мекеннен айырылар сəтте ақ сары əйелдің
көкірегінен ақтарылып кеткен өз қасіреті ме? Соның қайсысы болса да,
үстіндегі қара мақпал бешпеттің сыртынан бұған қызыл түрме
белбеуді алдыңғы жағынан ұстап, екі бүйірін таянып апты. Əне бір
азаматын оң жаққа салған бейбақтай бетін құбылаға бұрған. Шарасы
жасқа толған көзін қыр басында иіріліп тұрған бір жанға салмай,
соқтырып ала жөнелген-ді; мүдірген жоқ-ты; тек бір зар мен бір
зардың арасында ілгері-кейін итініп қойған-ды; итінген сайын біріненбірі асып түсіп жатқан көкіректегі гөй-гөй көмейден лақ-лақ
ақтарылып, "аһ, қайтейін" деп алып, келесі аңырағанда "береке, құт
дарыған балықшы елге келін боп түскенін термелеп ала жөнелді. Атаене босағасын ақ тілекпен аттаған бұл бейбақ осы елдің үлкенін
сыйлап, кішіге құрмет көрсетпеп пе еді? Жар қызығын көріп, перзент
қызығына қуанбап па еді? Бəрін айт та бірін айт: өз ұясын өзі бұзғаны
несі, ойбай?"
Кеуде кеңіп, көмей ашыла түсті. Адуын əйелдің айқайы қыруар
халық сілтідей тынып қалған қоңыр жалдың басынан сонау тас
төбедегі сабалақ сұр бұлт салбыраған түнеріңкі аспанға шаншылып
шыққан еді-ау! Ақ сары əйел дауыс салғанда ішінен тынған үлкен-кіші
дымы құрып, тек иықтарының басы селк-селк етіп қап тұрған еді. Ақ
сары əйелдің көмейінен түйдек-түйдек шығып жатқан сөздердің
жоқтау екені де, зар екені де белгісіз. Əйтеуір, жанға тиіп, жүрекке
шауып, аспан асты булығып тұншығып барады. Мүлгіп қалған жиын
ішінде тек əлгі ақ сары əйелдің тілі тақылдап, басы қақшақтай түседі.
Тағы бір тұста "аһ, қайтейін" деп алып, жас жуған жүзін осынау ақ пен
қызыл арасындағы бейуақ кешке бұрып: "телегей теңіз, сірə,
тартылып, шалшық болар деп ойлап па ем, ойбай. Заңғар биік тау, сірə
мүжіліп, жапырайған төбе болар деп пе ем, ойбай?" деп, желдіртіп бара
жатыр еді, əлдеқайдан ашулы дауыс шақ-шақ етті:
– Əй, келін... Қой енді! Қой, жарқыным! Қой!
Бұл жан-жағына қарап еді, бірақ мына қоңыр жал басында иін
тірескен ығы-жығы халық арасынан Көткеншек Көшен көзіне түспеді.
Əйел жаулық шетімен аузын басты да, тұрған жеріне шөгіп отыра
кетті.
– Ақ сапар!
– Қане, қозғалыңдар!
– Қош! Қош!
– Көріскенше күн жақсы!
Жиырма бес үйді арқасына тиеп алған жиырма бес машина орнынан
ақырын қозғалды. Аппақ қудай шал алдыңғы машинада таяғына
сүйеніп отыр. Бірінің соңынан бірі шұбалған машиналар ақ пен қызыл
арасында шөбі күйген сүр даланың шаңдағын шұбалтып, күнбатысқа
маңдай түзеп зымырап барады. Көп ұзамай бір қырдан асып кетті.
Қарасы көзден үзілгенше қоңыр жалдың басында иығы салбырап
тұрып қалған үнсіз жиын тырп еткен жоқ; тек жаулық шетімен аузын
басқан əйелдер дауыс шығармай, тұншыға жылап егіледі...
Сонан бері екі айдың жүзі ауыпты. Сонан бері бұлар Сырдарияда
жүргенде Бел-Аран бауырындағы балықшылар ауылынан тағы да екі
үй бір, үш үй бір көшті. Бұл бір жақта ұзақ жүріп қап, ауылға қайтып
оралған сайын үй саны кеміп шығады. Бүгін ертеңгісін де конторда
отырған үстіне үш қария келді. Ішінде – Адай шал. Олар да көшеміз деп
міңгірледі. Бір Адай шалдың өзінде бауырынан ерген торт бала.
Төртеуі төрт үй. Əрине, ертең бөлтірігін ерткен бөрідей о да көшеді.
Олардан кейін де талай үйлер ұясын су алған құстай, əне-міне кешеміз
деп қанатын қомдап отыр. Күн көріс қалған жоқ. Көшпегенде қайтеді?
Құдай о бастан-ақ көзгелдектегі судай, құрылықтың қақ ортасында
бас-аяғы тұйық теңіз еді. Ене бауырын тартқылап емген екі емшектей
– екі дария аузынан қағылғалы кəрі теңіздің ендігі тағдыры тұйыққа
тірелді. Жиырма жылда суы он метр төмен түскен кəрі теңіздің қазір
шықпаған жаны. Əсіресе, биыл санаулы күні қалған үмітсіз науқастай.
Ақтық дем алқымға таялған үмітсіз науқасқа жиналған бақсы, балгер,
құшнаштай бал ашқан сəуегейлер көбейді. Жақында бір көріпкел
сəуегей он бес жылдан кейін телегей теңізден сыңар тамшы қалмайды
деп көкіп еді; кеше тағы бір сəуегей кітап ашқан ақ етек ишандай, бес
жылдан кейін теңіз екіге бөлінеді деді. Оған да шүкір. Із-түзсіз құрып
кетпей, кəрі теңіздің орнында көзгелдектей екі шалшық қалса да
жұбаныш қой.
Жиырма бес үй көшкен күні сен ауылдың сыртындағы қара жалда
жанарың жасқа толып, ұзақ тұрған едің-ау! Бұрын Бəкизат "көшейік"
деп қанша айтса да құлағына ілмеуші еді. Сол жолы алғаш рет
əйеліңнің қашаннан бері құлақ сарсылтқан қыңқылы кеудеңе жетім
күшіктей қыңсылап кірді де, шықпай жатып алды. Сонан кейін осы
ауылдан бір үй көшсе де əлгі жетім күшік кеудесінде қыңсылап қоя
береді. Бəкизат тұрсын, қарт ана да басқа жаққа қоныс аудару керегін
құлақ қағыс қыла бастады. Бұнысы, əрине, балалар басқа жақтан өріс
іздеп талпынып жатса, аяққа оралып бөксе басар болмайын дегені ғой.
Ертең Адай шал да көшеді. Осы даланың бөлтірігін ерткен кəрі
көкжалдай бауырынан өрген төрт баласын бастап, кең дүниенің бір
қиясына бет түзеп шыққанда, о да əке мен бала арасының жік түспес
бүтіндігін ойлайды-ау? Жə, сол бүтіндікті сен ойладың ба? Сенің ойыңа
келді ме сол?
***
Моншаға бара жатқанда сенің ойыңда дəнеңе жоқ еді-ау! Иə, қанненқаперсіз киімін шешті. Мұп-мұздай тас еденді жалаң аяғымен жасқана
басып, түп жақта тұла бойы терге малшынып тұрған есікті ашып еді;
бірақ сырттан кірген бетте көк ала будың қай жағына қадам басарын
білмей аңырып тұрып қалып еді; біреу бұны леген ұстаған қолынан
тартты. Əдепкіде мынау моншаға əкесіне еріп келген бала ма деп
қалып еді; назарын тіктеп қайта Қарағанда... сыңар құлақ кісіні бірден
таныды.
– Есітіп жатырмыз. Балықты қырып салыпсыңдар. Дегендей...
Қайырлы болсын!
Бірдеңе деп міңгірледің; бірақ не дегеніңді өзің де білген жоқсың.
Моншаға барған сайын жалаңаш кісілердің арасында көрінгеннен
қысылып бүгежектеп болатынсың; қазір де бір айдан бері көрмеген
ауылдастар қай жағымнан шығып қалады деп, ұятты жерін
алақанымен басып тұрған-ды.
Сары Шая:
– Сыралғыны кейін сұрармыз. Ал, Жəдігержан, айналайын...
көлденең кісі қатыстырмай, ағалы-інілі боп өзара оңаша сөйлесетін
тығыз шаруа болып қалды. Кəне, бері... бері шығып кетші! – дегенде,
сен:
– Қой... Қой, ақсақал...– деп ыршып түстің. Жалт беріп жөнеле
бергеніңде, о да құтқармай:
– Қалқам, тоқта!– деп жолыңды кес-кестеп тұра қалды.
– Есің дұрыс па?.. Сөйлесетін басқа жер таппағандай...
– Пішту! Қалқам-ау, сөйлесуге қайта осындай жер ыңғайлы ғой.
– Ақсақал... шаруаң болса, моншадан кейін үйге келіп айт.
– Сөз болғаныңа. Айдай аппақ жеңешем тұрғанда ол үйге мен былай
да бармаймын ба? Ал, қалқам, мынау кейінге қалдырмайтын тығыз
шаруа.
– Е, немене... Дүние өртеніп бара ма?
– Иə, қалқам, дүние өртенгелі тұр. Кəне, өзің бері... Бері жүрші.
Сары Шая шап беріп білегіңнен ұстады. Сен жұрттан қысылып өліп
барасың. Көк ала бу арасынан жуынып жатқан кісілер көріне бастады.
Біреулер бұған бас изеді. Таяу жерде тұла бойына сабын езіп, ақ
көбікке оранып алған еңгезердей біреу бұларға елең етіп, одырайып
қарады да, үсті-басын қайта ысқылап кетті.
– Ақсақал... жібер!
– Қалқам, болмайды. Шаруа бар.
– Не шаруа? Айтшы, сол құрғырды.
– Қазір білесің. Бері... бері жүр!
Қаның қайнап тұр. Бүйтіп қор болғанша қолыңдағы легенмен мына
сұмырайдың төбе жағы буланған ақ құйқа басына бір қойғың кеп тұрса
да, жұрт алдында шарылдап пəле қылар деп қорықтың...
Сары Шая білдірмей жымиып қойды. Ол енді əй-шəйге қаратпай
дедектетіп жетелей жөнелді.
Сары Шая бұған туыс. Өз басы суқаны сүймесе де, бірақ бұған
"қалқам", "қарағым-шырағым" деп, ал анасына "ақ жеңешем" деп ішібауырыңа кіре келгенде, бұл түгіл, анасы да осы пəлеге қалай "төрге
шық" деп рай беріп қалғанын білмейтін. Сонан ол төріңе шығып,
дəміңді татқасын үй ішінің қамқорын соғып, үлкен-кішіні айналыптолғанып асты-үстіне түсе бастағанда, оған асымен бірге ықыласын да
беретін-ді. Енді, міне... жуынып жатқан тыр жалаңаш кісілердің
арасынан табанын жерге тигізбей дедектетіп жетелеп əкеле жатқан
ағасын атарға оғы жоқ. Бұл албастының ши қалпағы жел шақырғандай
етегі делиіп, кісіге ұқсап жүретіні киім кигенде екен. Бір құлағын анада
Көткеншек Көшен қыршып алғалы өзінде тіпті ұсқын қалмапты. Бір
басқа – бір құлақ. Мойны қылдай.
Денесі шілдей. Бір қолында леген. Екінші қолымен бұның білегінен
тас қып ұстап алған.
– Бері... бері жүр!
Ақыры бұны ыстық бу бұрқырап жатқан қара көлеңке жерге апарды.
Əуелі жан-жағына қарап алды:
– Ал, Жəдігержан, қамсыз қалма. "Аналардың" астанадағы азаматы
келе жатыр. Жаман хабар есіткесін жата алмадым. Алдын ала ескертіп
қояйын, қамсыз қалмасын деп сені іздесем... моншаға кетті дейді.
Сары Шая бұған "естіп тұрсың ба?" дегендей қолынан тартыптартып қойды. Бұл басынан кешкен мына масқара өңім болмай, түсім
болғай деп тұр. Жəне қара тырнағына дейін күйіп тұрғасын ба,
ағасының "аналар" дегеннен басқа сезін есіткен жоқ. Бірақ əңгімені
"аналардан" бастағасын сөзін "біздермен" бітірерін біледі. "Аналары" –
Тілеу-Қабақ. Осы өңірдегі халықтың негізгі ұлтаны боп саналатын
іргелі үлкен ру, ал "біздері" бас-аяғы бес-алты үй кірме – Жақайым.
– Қалқам,– деді Сары Шая өзінен қол созым биік жігітке мойынын
созып. Даусын көтерейін десе, төңірегіндегі кісілер есітіп қояды деп
қорыққасын қаңылтыр шылапшынды түбін жоғары қаратып төңкере
салды да, үстіне қарғып шықты. Бұл балықшылар жиналысында да
өститін. Жұрт қатарлы сөз алып мінбеге көтерілгенде, əрқашан бойы
жетпей, ақ қылшық төбесі тақтай кенерінен қылтылдап қалғанда,
табан астына қоятын бірдеңе іздейтін. Сондайда осы ауылдың қос уыс
жиналыс болса да жұрттан бұрын президиумға барып жарбиып
отырып алатын еңбек озатының құйрығының астындағы орындықты
жұлып алатын-ды.
– Ау, саған айтып тұрмын ғой? "Аналардың" астанадағы азаматы
келе жатыр ғой...
– Е, келсін. Бұрын да келіп жүрген жоқ па?
– Қалқам, бұл жолғы келісінің жөні бөлек.
Жүрегің дір етті. Осыған дейін қаперіңе кірмеген бір суық сезім
жүрегіне шауып шошып қалды. Жалаңаш кісілерден қысылып жерге
кіре жаздап тұрғанын да ұмытып кетіп:
– Жөні бөлегі қалай?– дедің.
– Ойбай-ау, ел ұлтаны олар емес пе? Қай заманда да көп көптігін
істеген. Осы жолы бұлар бізді көп бидай ішіндегі жалғыз арпадай
тұншықтырып, дегеніне жетпек. Жо-жоқ, қалқам, күлме...
– Бізге сонда не істейді?
– Бəрекелді, сөз болғаныңа. Ойбай-ау, бұлар сенің колхозға басқарма
болғаныңды көре алмай жүр ғой.
– Қой əрі! Жалпы жиналыста өздері ғой сайлаған.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 07
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654