Latin

Соңғы парыз - 17

Total number of words is 4211
Total number of unique words is 2270
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
келешегін ойлап, келешек ұрпаққа жандарың ашыса, сендер, басқабасқа, табиғатқа мұқият қарар едіңдер ғой.
Əзім жанынан темекі алып жатып, саған көз қиығын тастады. Ана
жақта бұның жағасына жармасқан жаулар мына жаманның да аузына
түкіріп қойғаннан сау ма? Обай-ау, бұның да дəл соларша сөйлеуін
көрдің бе?
– Ата-бабамыздан қалған байлықтың басы – осы теңіз еді. Сені мен
біз өзімізден кейінгі ұрпаққа сол байлықтан не қалдырдық? Кешегі
біздің бала кезімізде "балығы тайдай тулаған" деп ақындар жырлаған
телегей теңіз орнында соңыра тұз бетіне шығып, шаңдақ бұрқырап,
топырақ борап жататын сахара шөл ме? Қылтиған көкті күйдіріп
жіберетін өрттей аптап аңызақ па? Соңыра бізден кейінгі ұрпақ құс
ұшса – канаты күйіп, аң жүгірсе – тұяғы күйетін өрттей ыстықта бір
тамшы су таппай кенезесі кеуіп бара жатқанда, сені мен бізге алғыс
айта ма? Жоқ! Жоқ, бауырым, тек қарғыс айтады! Лағынет айтады!
– Сен ақыр заманды төндіріп жібердің. Бүкіл Аралдың берген
балығын соңыра біз ақ мақтадан алған бір жылғы өніммен өтейміз.
Соңыра Тұран ойпаты сияқты Арал ойпаты деп аталатын теңіз
астынан босаған осынау жерден біздің ұрпақтарымыз ақ мақта өндіріп,
дүние жүзілік рекорд жасайды.
– Тоқта! Сонда оның қай жылдар болмақ? Сендер халықты неше
жылдан кейін қарық қылмақсыңдар?
– Дəл айту қиын. Ал, шамамен айтқанда... жиырма жылдың ар жағы.
Ол ақиқат.
– Апыр-ай, ə? Ақиқат дедің-ау, сен?
– Иə, ақиқаттығына ант беруге болады,– деді Əзім. Бірақ жанары
ойнақшып алып қашып тұрған көзін саған ұстатпады. Сен қарқ-қарқ
күлдің. Ара-арасында: "Қайран Қожа Насыр-ай" деп, күлкіңді тия алмай
жатқансың-ды.
– Ой, неге күлесің? Сен... Сен деген... сірə, сау болмассың деген...
Құрыған... құрыған деген.
Күлкіні кілт тыйдың. Əзім түкке түсінбесе де, бірақ бұның
аржағында өзіне тиетін бір қолайсыз нəрсе барын іші сезіп, түсі
бұзылып тұр.
– Қожа Насырдың əңгімесі бар еді ғой. Оны сен де білесің.
– Білмеймін. Білгім де келмейді.
– Жоқ, сен тыңда. Есіңде ме, еріккен хан Қожа Насырды шақырып
алып: "Есегіме хат таныта аласың ба?" дегенде, Қожекең ойланбастан:
"Əбден болады, хан ием",– деп келісе кетпеуші ме еді?
– Е, ол деген... қызық деген...
– Əне, ағаң білетін боп шықты. Оны сен де білесің.
– Ал білдік делік. Сонда аржағында тұспалдап тұрғаның не?
– Ештеңе де емес. Жарықтық, Қожекеңнің аңқаулығы ма, əлде
əулиелігі ме, кім білсін... Хан: "Егер, осыдан уəдеңде тұрмасаң басыңды
алам",– деп қаһар тіккенде, есіңде ғой, ол жарықтық қол қусырып: "Құп
тақсыр, болсын! Тек жиырма жыл пұрсат берсең есегіңе хат
танытайын".– деуші еді ғой. Соны есіткен жанашыр жақындары Қожа
Насырға ұрысып: "Ойбай-ау, есің дұрыс па? Есек хат танушы ма еді?
Уəдеңде тұрмағасын хан басынды алады ғой дегенде, жарықтық Қожа
Насыр түк саспастан: "Жиырма жылға дейін кім бар, кім жоқ. Жиырма
жылда я хан өледі, я есек өледі, я мен өлем",– демеп пе еді. Ал, енді
бұған қалай күлмессің? Күлмей көрші кəне?
– Иə, күлесің. Қожа Насыр қу деген... Кісіні күлдіреді деген.
– Жə, болды.– деді Əзім ағасына. Сыртын сыздатып алған.
– Тұспалыңды түсіндім. Ал, сау бол!– деді де, араларыңда түк
болмағандай сені қолтығыңнан алып есікке дейін шығарып салды.
Суық жел сыртқа шыққан бойда денені тітіретіп жіберді. Сен жалмажан өңіріңді қымтап жатып: "Апырай, ə? Осындай біреуді қайда
көрдім!" деп ойлағансың-ды. Кім де болса, өзі білетін менменсіген
біреудің кекірлігі... Жаңа құрдасына қараған сайын көзін əдеттегіден
көрі ұзағырақ ұстап қалғанда да осы сұрақ ойын мазалап болған-ды.
Қанша ойласа да есіне түсіре алмай қойған, бірақ əйтеуір өзі жақсы
білетін бір кісі сияқты құрдасы да жаңа бұған сыздана қараудан
жаңылмады. Астанаға кеп оқуға түскен күннен бастап өзіне
көлденеңнен қатал сақшы қойып, қол-аяғын қорғасын құйғандай
ауырлатып алды. Аяғын əрең басады. Аузын əрең ашады. Сөз де
аузынан зарықтырып əрең шығады. Қарсы келген кісі иіліп сəлем
бермесе, көзі түспей кекірейіп өтіп кетеді. Саған назар аударғанда да
əуелі қасы, қабағын керіп, аспай-саспай ақырын бұрылады. Осы
кекірлік пен керенау кербездіктің бұл бəрін біреуден аудармай қағып
алды. Сол кім еді өзі?
Құрдасының қолдан жасап алған осы бір жасанды мінезіне
таңданып келе жатып, бұл контордан өтіп кетіпті. Ауыл артта қапты.
Өріске бармай, ауыл іргесінде жайылып жүрген жабулы түйенің
жанына кеп, ұйқыдан оянған адамдай айналасына алақ-жұлақтап
тұрған ұзын қара кісіге түйе екеш түйе де "есі дұрыс па?" дегендей
аузындағы үзіп алған шөбін шайнамай, мойнын бұрып, одырайып
қарап қалған екен.
Дереу ізінше кері қайтты. Конторға келді. Жаңағы ой ма, əлде түнде
шала ұйқы болғандікі ме, орынына кеп сүлдері құрып отыра бергенде,
күтпеген жерден, кенет... құрдасының жаңа
қайталағаны есіне түсті де, столды салып қап:
кімді
аудармай
– Ой, көк соққан-ай!– деп күліп жіберді.
Бес жыл оқыған Əзім астанада тұратын құрылысшы ағасының
үйінде жатқан-ды. Ағасы үй салатын үлкен треске бастық екен.
Алмаған ордені жоқ. Құрылысшыларға тиесілі құрметті атаққа да ие
бопты. Кейінгі жылдары астанада бой көтерген сəнді сарайларды сол
салды дейді. Əзімге еріп құрылысшы ағасының үйінде болғаны бар еді.
Е, е, сонда көрген екен-ау. Бұл барса, Əзімнің ағасы газет оқып отыр
екен. Бұл сəлем берді. Трес бастығы газеттен басын кідіріп көтерді.
Інісіне еріп келген ұзын сирақ қара балаға қолындағы газеттің бір
шетінен көзінің қиығын ғана тастаған еді. Сосын ол бұның тұла
бойындағы басқа мүшелерінен көрі бұтында тыртиған тар шалбардың
шолақ балағынан қызыл тобығы шығып тұрған тертедей сирағына
күлкі қашырған көздің қиығын керги тастаған еді-ау. О да сөйлегенде
қоңыр даусын қолдан созатын. О да аузынан шыққан əр сөзін арғы
жағынан зордың күшімен сығып шығарғандай ыңыранып еді-ау! Андасанда күле қалғанда да, атақты құрылысшы бетіне сыңар əжім
түсірмей, құдды оты-суы мол көл жағасында қонысы келіскен қоңыр
қаздың га-га-сына келетін бір керенеу үн көмейінен ырқ-ырқ шыққан.
"Ай, бауырым-ай, артиссің-ау. Тек сенің сондай екеніңді ешкім
білмейді ғой".
Сары Шая есіне түсті. Өтірікшінің аузынан шыққан шындық та
өтірік. Əйтпесе, сол бишара бірдеңе біледі. Əне, моншада айтқаны шын
болды да шықты. Жарайды, Сары Шая айтқан қисынның түбі шикі
болсын. Шынында, құлауға келген колхоздың басқармалығы кімге
қажет. "Апыр-ай, ə?" деп бұл өзін қинаған сауалға қиналып, айналасына
алақтап қарады. Бұл жігіт ауылға бұрын да келетін. Бірақ келер
алдында хабар беретін. Оның соңыра шығатын күні, сағаты, пойызы,
вагоны, купесіне дейін білуге тиісті кісілердің қаперіне түгел жететін.
Ол келетін күні, əсіресе, бұлар қатты əбігерге түсіп, үлкен-кіші үй
төбесінен түспеуші еді. Көкте құс көрінсе де, көз ұшынан шаң бұрқ етсе
де, балалар шу етіп сыйлы жігіттің аға-жеңгесіне дереу хабар беріп
жатпаушы ма еді? Күткен қонақ аудан басшысын қасына ертіп көкпен
келсе, іле-шала теңіз басын жағалап жеңіл машина жететін. Бір рет...
Иə, ол тіпті керемет болды! Мініп келген ақ кемені балықшылар
ауылының бет алдындағы қолтыққа байлап қойып, бұндағы ағайынтумаларын аралап жатып алғанда, əсіресе, шалдар жағы айызы қанып:
"Құдіретіңнен айналайын-ай" – деп тамсанып еді-ау!
Сүйткен жігіт... Жоқ, бұл тегін емес! Орнынан ауырлау түрегелді.
Ызғыған мұздай кабинетті əрлі-берлі кезіп жүрді де, кенет аяқ басысы
ауырлап тас төбеде жіп бауы салбыраған шам астына келе бере
қалшиып тұра қалды.
Басы зілдей. Біреу келді. Біреу кетті. Бұл бірақ не істеп, не қойып
жатқанын білген жоқ. Тіпті алдына келген кісілердің əңгімесін тыңдап
отырып та, оқта-текте осы күнгі өз басындағы хал киіп кете береді.
Бəкизат қайда? Түнде қайда түнеді? Осыларды ойлаған сайын
көкірегіне бірінен соң бірі тікендей қадалып жатқан көп күдік, көп-көп
сауал мазасын алып мұздай кабинетте көз жанары адасып отырғаны.
Шамасы, сірə, үйге кірген лаң қайда барса да бұлаңдап қасында
жүретін көлеңке сияқты қашып құтыла алмайтын бір пəле.
***
Сол күні жұмыс алдақашан аяқталса да бұл ел жатқанша үйге
қайтпады. Бəкизат түнде шешесі екеуі таң атқанша ана үйде қонақпен
бірге болғанын Сары Шая бағана жүгіріп кеп шүйінші сұрағандай
айтып кетті. Сонан кейін де ол сөзді үдетіп:
– Мыналар үнсіз. Бүгін-ертең колхозшылар жиналысын шақыратын
түрі жоқ. Бір елдің аузы-басына қарап отырған басшысын орнынан
алып тастау оңай ма. Батырға да жан керек. Кім біледі, басқа біреудің
қолымен істеп үйреніп қалған қу жігіт жаманатты өзіне аударғысы
келмей отыр ма. Сөйтіп, ауданнан біреуді күтіп отырса да өзі білсін.
Əйтеуір, тегін емес,– деп, мұздай кабинеттің төрінде тұнжырап
отырған інісіне қарады. Сап-сары көздің жанарында "сен қалай
ойлайсың?" деген сұрақ бар. Бірақ, бұның үндей қоятын түрін
көрмегесін.– Əліптің артын бағайық,– деп, бұл үшін де жауапты өзі
берді де, шығып кетті. Оңаша қалғасын бұл енді не істерін білмей
отырғанда, есік ақырын ашылып, аржағынан хатшы қыз сығалады. Бұл
басын көтергенше ол жалма-жан есікті жаба қойды. Сырдариядан
келгелі осы қыз əр нəрсені сылтауратып жиі кіретін боп жүр. Соның
бəрінде де табалдырықтан аттай бере жаудыраған көзі жаутаңдап,
мұздай кабинеттің түп жағында еңсесі түсіп отырған ірі қара кісінің
қасы мен қабағына қарай береді. Сенің жаныңа батқан қиындықты
өзінің нəп-нəзік талдырмаш денесіне көтеріп алғысы кеп тұрған
тəуекелді көреді. Осы қыз түсіне тегін кірмеген сияқты. Дүниеде өзінің
де біреуге керек екенін сезіп, есігінің алдын баққан қаршадай қыздан
сүйеу іздеп, жүдеу жанын жылытпақ болған дəрменсіздігіне оқта-текте
таңданып қап отырған-ды.
Сырттан біреу кіргендей болды. "Бұл кім екен?" деп ойлады. Басын
көтермей сұлық отырған күйі жабық тұрған есіктің аржағындағы
дыбысқа құлақ тікті. Хатшы қыз емес. Мынау кім де болса тақтай
еденді тепсініп басқан біреу. Есікке жете бергенде əлденеге кілт
тоқтады. Сол арадан не ары, не бері баспай тұрып алды. Бұл кім? Бұл
кезде кеңсеге келетін кім болуы мүмкін?
Есік шапшаң ашылды. Ар жағынан... Бұл күтпеген кісі кіріп келе
жатты. Күтпеген кісіні кергенде сен не түрегелеріңді, не отыра
береріңді білмей аңтарылып қалғансың-ды. Қара етіктің қазық екшесін
тық-тық басып келе жатқан Бəкизат саған таяна бере кілт тоқтады.
– Жəдігер,– деді жүзін тіктеп. Орныңнан қалай атып тұрғаныңды
өзің де білген жоқсың. Қос қолыңмен қолын ұстай алдың. Сенің қолың
ба, əлде Бəкизаттың қолы ма, əйтеуір, саусағына саусағың тигенде
біреуінің қолы қалтырап кетті.
– Бəтіш, айналайын... Келгенің жақсы болды. Қайда кетерімді білмей
отыр едім.
Сен толқып тұрып, байқамай қолын қаттырақ қысып жібердің бе,
Бəкизат тыжырынып қалды да, уысыңнан тез тартып алды.
– Бəтіш, айналайын, өтінем. Тек кінəласпайықшы. Шыным сол,
шаршадым. Қалған уақытта біз де адам құсап өмір сүрейікші.
– Оны ертерек ойлауың керек еді.
– Əлі де кеш емес.
– Жоқ, кеш.
– Қа-лай?..
– Қалайы сол, əрі ойлап, бері ойлап, ақыры бір шешімге бел байлап
келіп тұрмын.
Шекең шыңылдап кетті. Бəкизаттың қатты бұзылған түрін көріп
тұр. Аузынан шыққан əр сөзін де анық есітті. Бірақ осының бəрі өңі
емес, кейінгі кезде жиі көретін боп жүрген көп жаман түстің бірі
сияқты. Мынау шынында да өңі емес, түсі екенін растағысы келгендей:
– Сенен кетем,– деді Бəкизат.
Қос шекең əлгіден де көрі қатты шыңылдап, əлдене дегің келсе де,
дəл айтар жерде аузыңа сөз түспей, сілейіп қалғансың-ды. Сен оны
кейін білдің. Сосын қараптан-қарап көйлегің жағасы буындырып
қысып бара жатты. Сен оны тіпті сезген жоқсың-ды.
– Есітіп тұрмысың. Сенен кетем.
Иə, естіп тұр. Əр сөзіне дейін анық естіп тұрса да, бірақ осы
сөздердің мəні де, мағынасы да санасына жөндеп жеткен жоқ. "Кеткені
қалай?" деді ішінен.
– Өзің кінəлісің,– деді Бəкизат.
Бұл сенің өмір бойы естіп келе жатқан сөзің болғасын əсер етпеді.
Жəне кіналасқысы келмеді. Не де болса, бар кінəні өзіне алып, мына
бетін ашып айбық адамданып алган əйел алдында басы салбырап
тұрған-ды.
– Əй, сенің осы ит мінезің-ай! Неге үндемейсің? Саған айтып тұрған
жоқпын ба?
– Шын... Шын айтып тұрсың ба?
– Иə, шын. Сенен кетем.
– Қайтем. Бақытты бол!
– Бұл не – кекесін бе?
– Шыным.
– Өзің кінəлісің.
– Иə, солай. Бірақ... Бірақ, əй құрысыншы, болар іс болғасын,
кінəласып керегі қанша.
– Жоқ, айт!
– Айтсам... безбеннің бір басы мен болғанда, оның екінші басы бар
емес пе еді?
Бəкизат түсінбеді. Сосын, таңданып иығын қиқаң еткізді.
– Безбен-н?
– Иə, кəдімгі безбен...
Бəкизат ызалана бастады:
– Причем тут... без-бен?!
– При том, дорогая... безбеннің бір басы төмен басуы үшін екінші
басы жоғары көтерілуі керек. Осындай бір заңды баяғыда да
мектепте...
Бəкизат түкке түсінбеді. Сондықтан миға кірмейтін түсініксіз
сөздерге ызасы келді:
– Сен дені дұрыс кісі болғанда, біз əлдеқашан...
– Иə, əлдеқашан астанадағы аруақты семьяның бірі боп отырар едік.
– Сол өтірік пе?
– Рас.
– Мамам байғұс сені қанша сүйреледі.
– Бірақ жетелеген төбет қораға кірмеді.
Бұл жолы Бəкизат түсінген сияқты. Саған ала көзбен ата қарады да,
түк деместен бұрылып жүре берді. Оның қайырылмай біржолата
кеткенін білдің де, орныңа барып отыра бергенің сол-ды. Жаңа,
Бəкизаттың соңынан қатты жабылған есік қайта ашылды. Ашуын ашса
да, бірақ кірер-кірмесін білмегендей Бəкизат есік алдында іркіліп
тұрып қалды.
Сен түрегелдің. Жаңағының арасында оның бұлайша неге түсі
қуарып жүдеп қалған түріне əрі үрейлене, əрі таңдана қарап тұрсың.
– Жəдігер... Біздің сөйлесетін шаруамыз бар екен...
– Иə? Тыңдап тұрмын.
– Ол... ол өзің білетін жағдай. Екеуміз шешетін нəрсе. Болса да, қыз
менің анамда қалады ғой. Кішкентайынан бауыр басқан немересі. Ал...
– Бала жайы ғой?
– Иə-ə...
– Оған қиналмай-ақ қой. Сенен де, менен де гөрі əжесінің бауырында
болса, ол балаға бөтен болмайды. Ал, ал сау бол!
– Ке-шір,– деді Бəкизат. Тұрған жерден табанын əзер жазды. Есікке
дейін су кешкендей сүлдерін қозғап малтығып барды. Есікті ашқасын
да сəл бөгеле түсті де, сосын ширақ басып шығып кетті.
Сен қыбыр еткен жоқсың. Аржағың құлазып, шофер жігіттің езуінен
түспейтін ащы темекіні аңсап тұрғаныңды өзің сезген жоқсың-ды.
Бəкизатқа ренжіген жоқсың, оны қайта аяғансың-ды. Осы жасқа
келгенде сары далада сағым қуған баладай, о да бір басына бақыт іздеп
барады. Бірақ оның да көкірегін тырнаған жаңағы зəрдей ащы қасірет
жүрек басына запыран жиып, улап тұрғанда алдағы өмірден не опа
табар дейсің...
***
Қысқы күн кешке тақапты-ау. Оны енді байқады. Бүркеу аспаннан
бірер түйір қар қыламықтады. Бүгін epтеңгісін мұз үстіне шығып
кеткен жалғыз кісі тұрған жерінен əлі тапжылған жоқ. Қарны ашты.
Сырдариядан келгелі не ішіп, не қойып жүргенін өзі де білмейді. Түнде
де үй іші жатып қалғасын келді. Сыртқы есікті сықырсыз ашып, аяғын
ұшынан басып ілгері өтті. Сырт киімін шала-пұла шешіп, қызының
кішкентай керуетіне жата кеткен-ді. Төсегі жайсыз болды ма, басы
ауырып қапты. Жəне қызының кіп-кішкентай керуетінен тертедей
серейген сирағы жерге салбырап түсіп кеткен екен. Оянған бойда
тақтай еден қарып бара жатқан аяғын бауырына тартып алды. От
жақпаған мұздай үйдің ызғарын көрпе астында жатып та сезді. Мұздай
башайлар көрпе астына кіргесін де жуық арада жылына қоймағасын,
бауырына қысқан аяғын бір-біріне үйкеп ысқылап-ысқылап жіберді.
Содан кейін де қол-аяғын бауырына қысып бір уыс боп бұйығып
жатып, осы күнгі өзінің басындағы қиындықтарды ойлады. Өткен түн
сияқты бүгін тағы да кішкентай қызының бөлмесіне қонып шыққанын
есіне алды. Кеше кешкісін əйелінің "сенен кетем" дегені есіне түскенде,
башайларының ұшы мұп-мұздай боп қатып жатқан аяғын ұмытып
кетті.
Ұйқысы шайдай ашылды. Төсектен атып тұрды. Қараңғыда қолын
қайда созса да, қатты бірдеңенің қырына тие бергесін, терезенің
пердесін ашып жіберіп еді, қысқы таң қос қабат əйнектің аржағынан
сыз беріп келеді екен. Асығыс киіне бастады да, кенет қолы қапталына
сұлық түсіп отыра кетті. Əй, бұл қайда асықты? Бəсе, қай шаруасынан
қалып барады? Киімдерін қайтадан шешер-шешпесін білмей, екі ойлы
боп отырды да, өзі түнеп шыққан бөлмеге көз тастады. Бұрын əне
жерде құрттай стол болатын. Кішкентай қызы томпиып отырып сабақ
даярлайтын. Мына жерде қызының кішкентай шифонері тұратын. Ал,
дəл мына өзі жатып шыққан кішкентай керуеттің тұсында кіпкішкентай кілем ілулі тұрушы еді. Кəрі қақсал бəрін сыпырып əкеткен.
Кілем орнында сояудай-сояудай шегелер бадыраяды.
Бəкизат пен Əзім бүгін кешке жүреді деп есітті. Əзім асығыс
көрінеді. Бұл арадан он шақырымдай жерде үлкен ауыл бар еді. Бұрын
балық заводы болған-ды. Бүгін кешке соған барып қонып, ертең азанда
келетін самолетпен Аралға ұшамыз деп, аға-жеңгесін "бол да болдың"
астына алып асықтырып жатса керек. Ұшсын. Кетсін. Олардың жүзін
сен де көргің кеп өліп бара жатқан жоқсың. Тек анасын ойлағанда, іші
иттей ұлып қоя береді. Апырай, ұясы қалай бұзылды? Бəкизат "өзің
кінəлісің" деді. Қайын енесі де қит етсе: "адам болған адам бағын
жарыста сынаған",– деуші еді-ау. Ал, бұл... Жарысты жаратпайтын.
Баяғыда, осы теңіздің бақты, кезінде, бастықтар: "көрші колхозбен
жарысқа түс" – дегенде, бұл зəресі ұшып, ат-тонын ала қашатын.
Қызыл танау боп жарыспай-ақ, əркім өзінің жағдайына қарай жұмыс
істеп те замана көшіне ілесуге болады ғой деп ойлайтын. Соны
есіткенде кəрі қақсал күйіп-пісіп: "Бұны қой! Бұл келе болмайды. Бұл
сабаз ат болса, өле-өлгенше құлағының түбінен қиқу есітпей кететін
топырыш торы болар еді. Сонда тұяқтының бəрі үстінен басып озып,
шаңына тұншықтырып жатар еді",– деп тегін түңілмеген болды-ау!
Бұның ат болмай, адам болып та келістіріп жүргені шамалы. Əні,
кешегі қатарының бəрі қарасын көрсетпей ұзап кетті. Алды – шырқап
астанадан шықты. Кемі – ауданда жүр. Əжəптəуір қызметке ілігіп, ел
көзінде елтең-селтең етеді. Тіпті ана жылы кішкентай кабинетте қара
шыбын қуалап кететін Жуан Жақайымға дейін есебін тауып
бірдеңеден кандидаттық қорғап, астанада аяғын алшаң-алшаң басады.
Атақты оқымыстылардың өзін қан қақсататын көрінеді. Иə, қатарының
бəрі басып озды. "Өзі кінəлі. Бəкизат айтса-айтпаса да, бұлардың
басындағы бақытсыздыққа тек бұл... бұның өзі кінəлі!".
Кішкентай бөлме құлазып кетті. Көшкен үйдің жұртына қонып
шыққандай көңілі құрғыр аңырап бара жатқасын, аяғын сүйретіп
сыртқа шықты. Түнде қар жауыпты. Биылдыққа түскен бірінші қар.
Бұндай күні аңшылар сияқты балықшылар да таңмен таласа тұратын
еді-ау! Ол кез болғанда, мына жұрт ақша қарда үйде жатар ма еді? Ассуын əлдеқашан ішер еді. Күз басынан көк құраққа байлаған кереге жал
аттарды қорадан шығарар еді. Шанаға жегер еді. Қазіргідей жағалау
жаңа ұстасып жатқан көкше мұздың қызғалдақ балығынан сыбағасын
алғанша жаны қалмай, асыққан кісілер дəл мынадай бозала таңда, дəл
мынадай алғаш жауған ақша қарда ау тиеген шананың төс темірі ұлпа
қарды сыр-сыр тіліп, жортып бара жатар еді-ау! Балықшы өмірінің о да
бір сəні екен гой!
Канторға кірер алдында ұйқыда жатқан ауылға тағы көз тастады.
Тек көшенің қарсы бетіндегі қонақ келген үйге қарамай, көзін алып
қаша берді. Ауылдың əрегірек жеріндегі үйдің қорасынан ит үрді. Сен
ішке кіргенде, хатшы қыздың да келгені сол болса керек. Үсті-басын
дұрыстап та үлгермепті. Сен кабинетіңе кірдің де, есікті жауып алдың.
Ештеңеге қолың бармады. Не істеріңді білмей, құлазыған кабинеттің
көлеңке үйірілген қабырғаларына қарап, ала көзің адасып отырсың.
Дүние қалай тез өзгерді. Əнебір жылдарда осы жаман кабинетке
кісі-қара құлқын сəріден толып кетпеуші ме еді? Жүзін жел қаққан
жылтыр қара кісілер алдын босатпайтын. Өздерінің теңіз үстіндегі
дарқандығына басып дабырлап бірі кіріп, бірі шығып жататын. Бірінің
анасы, бірінің мынасы жетіспей, жас басқарманы жағадан алып, ал
тентектері стол сабалап тұрып алатын. Солар қайда? Жер жұтты ма?
Қайда-а? Қайда-а?! Өзі де кенет "қайда" деп айқай салғысы кеп кетті.
Қан шапшыған басын қос шекелігінен қыса қалды. Тым құрыса, əлде
бір папканы бауырына қысып, үстіне именшектеп кіретін ұялшақ қыз
қайда? Ол құрғырға не болды?
Кнопкаға қол созды. Дағдылы тұсынан таба алмай, сипалап қалды.
Мына бір түймедей нəрсені саусақ ұшы тиген бойда езіп жібергісі
келгендей, бармағымен нығырлап басып-басып қалып еді, ана жақта
шар-шар еткен қоңыраудан үргедек қыздың қайткенін қайдам, бұл
селк етті. Қате істегенін білді. Елеңдеп есікке қарағанша болмай,
аржақтан қыз да көрінді. Сен есік алдында жанары жаутаңдап тұрған
қара торы қыздан қысылып:
– Айналайын... Қағаз... Қағаздар жоқ па?– дедің ақырын.
Қыз басын иді. Іле-шала қайта келгенде қолына қарны қабақтай
сары папка ұстай кірді.
– Ке-шір... айналайын.
Қыз үндемеді. Тек шығар жерде сəл іркілді. Сосын, қысылған бойын
қайда қоярға білмей, сасқалақтап қалған ірі қара кісіге таңдана қарады.
Бетін ары бұра бере, əлденеге сəл жымиғандай болды. Оңаша қалғасын
папканы ашты. Бұндағы қағаздың негізгі дені қоныс аудармақ болған
балықшылардың арызы екен. Өздері – он үй. Көбі өзімен бала күннен
бірге өскен қатар-құрбы жігіттер. Кешегі заманда əкесімен бірге
қанжығалас болып, кəрі теңізге қара қайықты қатар салған бірнеше
қартты да көріп отырған... Осы кезде есік ашылды. Бұл басын көтерген
жоқ. Қалың киімді біреулер кірді. Тақтай еденді дүңк-дүңк басып келді
де, үш аяқ алдына кеп тоқтады. Тізеден төменгі жағын көріп отыр.
Үшеуінің де аяғында қонышы қара саннан келетін балықшы етік.
Басын көтеріп қарамаса да, ортадағы кісінің шеткі екеуден əлдеқайда
əлдеменді, ірі екенін аяғындағы ұрты ақ жемденген жайын ауыз
етіктің репетіне қарап біліп отыр.
– Иə, жезде... ертелетіп жүрсіңдер ғой.
– Жəдігержан, сен де қолға түсе бермейсің. Тыным көрмей,
тыртақтап жүресің...
– Ал, отырыңдар! Сөйлесейік.
– Рахмет, шырағым. Уақытыңды алып қайтеміз, саған қағаз тастап
кетейік деп...
Ортадағы бөрене аяқ ілгері бір басты. Қасындағы екі серігі де
бөрене аяқтың істегенін істеп, бір-бір аттап столға мінбелеп тоқтады.
Өмір бойы ескек қажаған күректей-күректей қолдар бірінен соң бірі
ілгері созылып, жең арасынан бір-бір жапырақ қағаз тастады. Бұл
алдына жалп-жалп түскен үш жапырақ қағазға қол созбай, көзінің
астымен қарап отыр. Бұнда не жазылғанын біледі. Осы үш шал бұдан
бұрын да келген. Алғашқы келгенде: "бұл Арал баяғы ата-бабалар
заманында талай тартылып, талай тасыпты. Осы жолы да аңысын
аңдап көрелік. Кім біледі, Құдай оңдап су көтеріліп, кəрі Арал баяғы
қалпына қайтып келер",– деп үш шалды алдарқатып жіберген. Олар
соған мəз боп: "айтқаның келсін, шырағым. Жақсы сөз – жарым ырыс",–
деп, жоқтан жұбаныш тауып кетіп еді. Екінші рет келгендерінде де:
"сонау шалғайдан ұлы Сібір өзенін Аралға бұрғалы жатыр",– деп, аңқау
шалдарды алдарқатып, шығарып салған еді. Енді, міне... сол үшеуі тағы
келді. Салмақты тағы да саған салып, алдында үнсіз түр. Бұларға енді
не сылтау айтады?
– Жəдігержан, біздің сөзіміз осы қағазда айтылған. Аржағын өзің
ойларсың.
– Жарайды, жезде, ойланайық.
– Мақұл шырағым. Ойлан.
– Хабарын кешіктірмеспін...
– Жақсы, Жəдігержан.
Қарт балықшылар шыққан есік іле-шала қайта ашылып, ішке жып
беріп Сары Шая кірді. Аптығып кеткен. Жаңа есіктен емпелеңдеп кіріп
келе жатып, басынан бөркін жұлып алған-ды. Ақ құйқа бастың бөрік
астында пысынаған төбесінен бу бұрқырап қоя берді.
– Айналайын, Жəдігержан,– деп ол əлденеге көңілін тоқтата алмай
кемсең-кемсең еткені. "Бұған не боп қалды?"– деп ойлағанша, Сары
Шая сөйлеп кетті.– Бізге қарағанда саған менен жақын ешкім жоқ. Біле
білсең, мен, айналайын, саған əке орнына – əке, аға орнына – ағамын.
Ия, ия, қалқам... Жалғыз жанашырыңмын...
Қарғыс атқырдың түрі қандай нашар: анада қара шалдың аузында
кеткен құлақтың орны тып-типыл боп бүрісіп қапты. Тек екінші
жақтағы сыңар құлағы əлде бір дыбыс тосқандай, ілгері қарай ұмсына
түсіпті. Сорлының басы да бас емес, қасы да қас емес екен. Қас орнында
жидіген мес жүніндей сұйқылтым бірдеңе сарғаяды. Соның бəрін жаңа
көргендей, сен жақтырмай тыжырынып отырсың. Сары Шая енді
мүлəйімси жыламсырап:
– Сен ағаңның қай сөзіне құлақ асып едің. Айтпасам екен-ау...
Айттым ғой. Баяғы ата-бабаң: "Қатынға сенбе, суға сүйенбе,"–деп
қақсап кетпеп пе еді? Қатын – жау! Сырттағы жау көзге көрініп келсе,
қатын... Ойбай-ау, бұл қатын қойныңда құшақтасып жатып құртады
ғой. Құртты ғой. Құрыдым ғой, құрыдым ғой, ойбай! Ойбай!– деп
еңіреп жіберді.
Кəдімгідей дауыс салып, өз басын өзі сабалап еңіреп қоя бергенде,
аза бойың қаза болғаны. Əрине, ағаңның байбалам сала келгендегі
аржақ есебі белгілі: "айтқанына көне бермейтін томырық інісін
қазіргідей еркек намысы қорланып күйіп тұрғанда шабына шоқ тастап,
ширықтыра түспек. Ширыққан інісін ноқталы баспақтай жетелеп алып,
өзінің əдеттегі машығына басып, рушыл, жікшіл жол-жораның ізіне
салып бағады. Келесі сөзінде, шынында да, сүйтті:
– Бұрынғылар "боқ болсаң да, көп бол" демеп пе еді? Мыналар бізге
көптігін істеп отыр. Бізді көп бидай ішіндегі жалғыз арпадай
тұншықтырмақ. Басқамызды қойып, олар енді сенің қойныңдағы
қатыныңды тартып əкеткелі жатыр. Бұрынғы ата-баба жесір дауы, жер
дауы үшін жанын беретін. Қырғын салатын, қан төгетін. Ой-бай, інімау, бұл тұрысың не тұрыс? Енеңді ұрайын-ау, еркек емессің бе? Ер
намысы қайда? Ал жарайды, ер намысын сен аяққа бассаң бас, бірақ ру
намысына жан пида деп айқайлап шықпайсың ба? Халқың, əне!..
Сыртта жиналып əзір тұр. Жаңа үй жағалап жүріп, өзіңе қарағанның
бəрін жиып əкелдім. Тек, баста! Басташы бізді!
Əдеттегідей, ағасының бір сөзін тыңдап, бір сөзін тыңдамағасын ба,
көбіне оның жалпылдаған аузын көрді. Безеңдеген тілін көрді.Түбін
құрт жеген тісін көрді. Сөйлеген сайын жанары шоқтана түскен сапсары бажбық көзін көрді. Ал шанаш бетте сақал да, мұрт та жоқ. Тек əр
жер-əр жерде сілті жаққандай жидіңкі қылтанақтар тікірейеді. Сөйлеп
тұрып əлдекімге зəр төгіп, кіжініп-кіжініп қалып еді, шанаш беттегі
əлгі қылтанақтар тіріліп, айбат шеккен əлдебір мақұлықтың кісі
шағатын улы тіліндей мынаның да тілі зəр шашып безеңдей ме?
Мынау, шынында да, адам емес, у-зəрін тілінің ұшына жиып алып
тұрған шаян сияқтанып кетті. Баяғыда ұлы ақынның əлгі бір аза бойы
қаза болатын "беті – адам, көті – шаян" осы емес пе?
– Жо-ғал!
– А-а?
– Жоғал! Жоғал деп тұрмын саған!
– Ə, жоғал дедің бе? Хи-хи...
Кету орнына, Сары Шая жанында тұрған орындыққа жайғасып
отырып алды.
– Сүйдеп шын айттың ба, қалқам?
– Өй, Сар-ы шаян.
– Е, бəрекелді. Дегендей. Жаман ағаңды бұл халық "Сары Шая"
дейтін, сен "Сары Шаян" дедің бе? Хи-хи-хи... Жетістірдің, қалқам,– деді
Сары Шая. Зілсіз, зығырсыз, жайбарақат айтты. Есесіне сен теріңе
симай долданып тұрсың. Дүлей ашудан дір-дір етіп, жұдырығыңды
зəрлене түйіп алғансың-ды. Оны өзің сезбесең де, Сары Шая көріп, көз
қиығын жеңіңнен шығып тұрған шойындай қара жұдырыққа тастады.
– Қалқам-ау, мынау қара гүрзі ғой,– деп жұдырығыңды салмақтап
ұстап,– сен тек бұны жұмсайтын жерін білмей тұрсың,– деп, қиқ етіп
күліп жіберді.
Жұдырығыңды жеңіңе тартып алдың. Сол арада сен мына шанаш
бетіне мысқыл шаптырып, шықылықтап күліп тұрған туысыңның тұла
бойы толған жамандық екенін ғана ойлағансың-ды. Бұл ауылдағы
бүлік тек осыдан шығып, онсыз да берекеті кетіп отырған елді
аздырып, үй мен үйді, ру мен руды, туыс пен туысты қырық пышақ
қып қырылыстырып біткенін ойлағанда, өзіңді ұстай алмай, Сары
Шаяға тап бердің.
– Əй, əй!.. Мына ит.. Қара бет, қайтеді? Ойбай, ойбай, ағасына қол
көтеріп...
Сен енді Сары Шаяның ит талаған мысықтай шаршар еткеніне де
қарамадың. Қашанғыдан қаныңды қайнатып біткен тұла бойыңдағы
дүлей ашу мен ызаны, қыжыл-кекті шойын қара жұдырыққа жиып
алдың да, басқа, көзге былш-былш ұра бастадың. Кенет Сары Шаяның
мұрны қанады. Жаңа ғана шар-шар етіп жатқан Сары Шая мұрнынан
сау еткен қанды көрді де, əлденеге алақанымен бетіне жағып-жағып
жіберді. Сүйтті де, үні өше қалды. Неге бүйткенін білген жоқсың. Оны
енді бұрышқа тығып қойып, қан-қан бетіне, ежірейген бажбық көзіне,
дыбыс шығармай тістеніп алған аузы-басына аямай соғып жатсың,
соғып жатсың...
Үстіңе біреу кіргендей болды. "Ағатайлаған" қыз дауысы құлағыңа
келді. "Ұят қой" деген сияқтанды. Қайта-қайта қолыңа жабыса бергесін
қызды итеріп жібердің. Оны өзің білген жоқсың. Тек жаңа, тап жаңа бір
ол жағыңа, бір бұл жағыңа шығып шыр-шырлап жүрген қыз даусы
кенет тыйыла қалғанына таңданып, жалт қарап едің, хатшы қыз сырт
айналып, иығының басы селк-селк етіп жылап тұр екен. Сары Шаяны
итеріп жіберіп, сыртқа ата жөнелгенсің-ді. Шығар жерде қарсы келген
біреу кеудеңнен тіреп, тұра қалды.
– Жолдас-с, бұның қалай?– деді парторг сенің алау-далау үстібасыңа, өрт сөндіргендей қап-қара кескініңе сыздана қарап, басын
шайқап.– Калхоз мүшесін сабап... Қан жоса қып. Жолдас, бұл сұмдық!
Масқара! Коммуниске жат қылық...
– Əуелі... істің мəн-жайын біліп...
– Жо-жоқ, жолдас... білетін ештеңесі жоқ. Бұны біз... Ескертем, бұны
елеусіз қалдыруға болмайды. Бізде де бас екеу емес.
– Ну и... к чер...
Құдай оңдап, əйтеуір, өзіңді дер кезінде ұстап қалдың. Парторг
ашулы сөздің аржағын айтсын дегендей əдейі тосып тұрды да, бірақ
сенің дыбыс шығармай тістеніп алған түріңді көріп:
– Мына халық не? Бұларды неге жидың?– деді.
– Қайдағы халық?
– Білмейсің, ə?!
Түкке түсінген жоқсың. Бірақ жүрегі бір сұмдықты сезіп сыртқа
парторгтан бұрынырақ жүгіріп шықты. Сүйтсе... О, масқара! Масқара!
Əлгінде "Сары Шаяның "халқың жиылып тұр" деген сөзіне мəн берген
жоқ-ты. Енді қараса, шынында да, есік алды иін тірескен халық. Бəрі
бұның өзіне қараған жанашыр жақын-жуықтар. Көбі Жақайым руының
бас көтерер жігіттері. Бəрі түнеріп алған. Қайсы бір ұрда жық ожар
жігіттер төбелеске шыныменен бел байлап сайланып шыққандай,
білегін сыбанып алыпты. Бір-бір сырғауыл, сойылды сығымдап ұстап
апты.
– Сендерге не керек? Неге тұрсыңдар?– дедің ақырып.
Сары Иван мен Көткеншек Көшен ілгері шықты.
– Жəдігер қарағым... бүгінгідей басыңа іс түсіп тұрғанда, мына
халқың...
– О, қырттар! Қырт-тар!
Жоғалыңдар! Жо-ғал!..
Кəне,
қараларыңды
батырыңдар!..
Дəл қазір есінде жоқ. Қанталаған көз түк көрмей кетті. Сол арада
біреудің қолындағы қамшыны жұлып алғаны ғана есінде.
– Жоғалыңдар! Қараларыңды батырыңдар!– деп ақырып, əркімге бір
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 18
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654