Latin

Соңғы парыз - 28

Total number of words is 4221
Total number of unique words is 2099
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əлгінің "мен білсем..." деген басы-аяғы жоқ дүдамал бірдеңесін шалапұла есітіп еді; "сондай-ақ, бұл не біледі екен?"– деп ойлаған да қойғанды.
Жəдігер бұларға қайта келді. Бұл жолы ішке бас сұқпай, сыртта
тұрып тіл қатты:
– Əй, тірісің бе? Сыртқа шық! Менімен бірге олай-бұлай жүгіріп ал!
– Ттооққттаа... Се-се-н жжааңңаа ннее дедің?..
– Білмеймін. Есімде жоқ.
– Ммен ббілсем дее...
– Иə, дедім. Мүмкін қателесермін. Біз ыққан мұз... бір жерге тірелген
сияқты.
– АА?.. со-со-ллааййммаа?..
– Білмеймін. Боз-Биенің тұмсығы ма... əлде, бəлкім Қара-Түп шыңы
ма... Мүмкін, қателесермін...
Əзім аржағын тыңдаған жоқ; ішік астынан қалай атып шыққанын өзі
де байқамай қалды; бораған қар мен əупіріп соғып тұрған үскірік суық
жел сыртқа шыға бергенде бетін қарып алды да, жалт беріп ықтап
кетті; аяғын ілгері бір басты ма, жоқ па, тайып жығылды; бірақ сол
бойда атып тұрды; аяғына мінер-мінбесте қайта құлады; бұл жолы
тізесін ұстай түрегелді; тұрып жатқанда көзі аяғының астына түсіп еді;
қара дауыл үй аумағындай жердің қарын тақырлап үріп кеткен екен;
сонау дал-дұлы шыққан бұлт арасынан өлеусіреп түскен ай сəулесі
астында ырсиып ашылып қалған жалтыр мұздың беті жып-жылмағай;
əсіресе аяғы басып тұрған шыңылтыр шыны мұздан табаны құйттай
ажыраса да құлайтынын біліп, тізесі дірілдеп тұрған-ды.
Сырт жағынан:
– Əз-ім... Əзім, қайдасың?– деген əйел дауысы шықты.
– Жжүрр!.. ттеезз!..
Əзім осыдан артық тілге келмеді; əлгі дауыстың "тоқта!" дегеніне де
қайырылмады; жаңағы тайып жығылған тақыр мұзды айналып өтті;
көзін жерден көтермей қайта-қайта еңкейіп, аяғының астына қарап
алады да, жүлге-жүлге қар жатқан жерлерді қуалап ыққа карай
жанұшыра жүгіріп ала жөнелді; табаны жерден көтерілгесін-ақ ашық
теңіз үстінің арт жақтан соққан алапат желі аяғын аяғына тигізбей
дедектетіп əкетті.
– Əз-ім!.. Ə-əз-з!..
Бірақ бұл кезде Əзім ұзап кеткен-ді; борасын қар мен қара дауыл
арасынан үзіліп шыққан əйел дауысы құдды көшкен ауыл жұртында
адасып қалған күшіктей əлсіреп жете берді де, үзіліп кетті; енді қайта
естілмеді; Əзім ере алмай қалып қойған əйелге ызалы; бір рет жерден
көзін ала бере артына бұрылам дегенде аяғы тайып, шалқалай құлады;
денесінен бұрын мұзға əуелі басы соғылып, көзі қарауытып кетті; бұл
жолы тырп етпей біраз жатты да, ыңырсып басын көтерді; қол таянып
түрегелді; аяғына міне бергенде сереңдеп қайта құлады; ол енді қатты
ауырған жамбасын қос қолдай ұстап, созалаңдап тұрды; жүлге қар
жатқан жерлерді қуалап ыққа қарай дедектеп келеді; жанұшыра
асыққандікі ме, əлде аяқ басса тайып жығылып зəрезат боп қалды ма,
буын-буынын діріл алып, қолы-аяғынан əл кетіп алқына бастады; жаға
көрінбесе де, жақын қалғанын сезеді; онан сайын дегбірі қалмай
асығып, көзін ауық-ауық аяғының астынан алып ілгергі жаққа
шыдамсыздана қарап келе жатқан-ды; келесі қарағанда ұлы теңізге
осы тұста қанжар ұшындай сұғынып кірген қара жер бозамық сəуле
астында жоны күдірейіп қарауытып көрінді. "0, Ттəңірім!.." Тілі тек
соған келді; мынау бұның дүниеден əбден түңілгенде, əбден
тарыққанда кездескен қуаныш болғасын ба, лүпілдеп қатты соғып
кеткен жүрек кеудеге сыймай алқымға тығылды; кішкене жүргесін
кара жер əлгіден де гөрі анық көрінді; əлгі жаманның айтқаны рас
болды: мынау Боз-Бие... Боз-Биенің тұмсығы. Ыққан мұз теңіздің осы
тұсында суға жебе ұштанып сүғынып кіріп тұрған Боз-Биенің дəл
тұмсығына іліккен екен; бірақ жазбастан қыр беттен қадалып соғып
тұрған қара дауыл мен үсті-үстіне ұрғылап жатқан үйдей толқын
астында итініп-соғынып, сына жаздап сықырлап тұрған əлсіз мұздың
ұзаққа шыдамасын білді; қазір сынбаса да, Боз-Биеге тірелген тұмсық
сəл тайса да қатты ағыс пен күшіне мініп алған мына сұрапыл дауыл
сол бойда ықтырып ала жөнелетінін де білді; ол, тіріл, кара жерге тез...
тезірек жету керек екенін білсе де, қас қылғандай, аяғын баса алмай
қалды. "Ииəə, ааррууааққ!.. Атаа-ббаабаа..." Басы айналды ма?.. Көзі
қарауытты ма, кəйтті? Əлде төбеден ауған айды тағы да бұлт басып
түн қараңғысы қоюлана түсті ме?.. Сүйтті ме? Он қадамдай қалған
жағаға кенет жанары жетпей, ары ысырылып алыстап кетті. Өзі де
ырсылдап, аяғына əзер тұр; көңілге болмаса, кішкене əл жиған сияқты;
бірақ аяғында əлі де діріл бар; тілі жеткенше тағы да ата-баба, аруаққа
жалбарынып, құдіреті күшті Құдайдан медет тілеп аяғын ілгері бір
басты да, қалт тоқтады; аяқтан алған діріл енді денеге тарап, тұла
бойын қалшылдатып əкетіп барады; қозғалса құлайтындай қорықты;
басы айналды; көзін жұмып сəл тұрды да, қайта жүрді; қарын үрлеп
кеткен көк тайғақ мұзға табаны тұрмай, тəлтіректеп əзер-əзер келеді;
қанша жүргенін білген жоқ; тоқтамағанына қуанып, тəңірге
жалбарынып келе жатқан сияқты еді; кенет көңіліне күдік қашты; өзі
ойлағандай, шыныменен жүріп келе жатқанын, əлде жан-тəні қалмай
жағаға жеткісі кеп талпынса да, тұла бойын қалшылдатып əкетіп бара
жатқан дірілден қорқып аяғын қозғай алмай тұрғанын білген жоқ;
көзінің айналасынан шүпірлеп мұп-мұздай тер шықты; сонан ба,
жанары буланып, аяқ жолы көмескіленіп кетіп тұр. Кішкене əл
жиғасын аяғын ілгері бір басты; оны білді; дір-дір еткен аяғын
тəлтіректеп тағы бір басты; тұла бойы түгел қалшылдап кетті;
жіліншігі жарылып барады; көзінің алды қап-қараңғы; екі иінінен
ентіге дем алып, ырсылдап тұрды да, безгек буғандай қалшылдап
əкетіп бара жатқан бүтіл денесіне əзер-əзер күш жиып аяғын əрең
қозғап, келесі басқанда... "О, жжаассаағғаанн! – деді Əзім,–
ссееннееййіінн ббее, жжооққ ппаа?!" Аржағынан ішкі дауысы іле үн
қатып "сен! сен!"– деп айқай салғандай; шынында да осыған дейін бұл
салмағын қаттырақ салса да аяғының асты құдды жас бала еңбегіндей
былқылдап, сықыр-сықыр майысып қоя беруші еді; бұл жолы мынау
сықыр-сықыр майыспақ тұрсын үстінен батпан салмақ басса да міз
бақпай, келсең-кел деп бедірейіп, жонын төсеп тұра қалатын кəдімгі...
иə, мынау кəдімгі қара жер!
Əзім қолын ілгері созып етбеттей құлады; жаңа ғана аяғын бір басу
мұң боп қан қақсап тұрған жіліншік қақ жарылып кеткендей; өзі де аң
қуған иттей өкпесін соғып ырсылдап жатты да, кенет қараптан-қарап
күлкісі келді; бірақ күлген жоқ; қара жерге құшағын жайып, қыбыр
етпей жатыр; тамағы құрғап, жұтындырмай қойғасын жағалаудың қар
аралас қара топырағын тілімен үйіріп ауызын толтыра қарпып асадыасады да, түкіріп тастады; мұздай жерден басын көтермей, ырсылдап
жатқан-ды; етігінің тұмсығы тиіп жатқан жағалаудың мұзы кенет
шатыр етті де, іле-шала күтірлеп ала жөнелді.
Əзім жерден басын көтеріп алды; "Ə" дегенде түкке түсінбеді;
кірпігіне моншақтап, тамғаны-тамғандай қатып жатқан жасты
алақанымен бір сипап тастап, атып тұрды; жалт етіп теңіз жаққа қарап
еді; ертеден бері қатты қара дауыл астында итініп-соғынып тұрған
əлсіз мұздың дəл ана Боз-Биенің тұмсығына тірелген шеті шатыр етіп
сыныпты;бұл басын көтеріп алғанда, қара жерден тұмсығы тайып
кеткен ауыр мұз аржағында гүрілдеп жатқан үйдей-үйдей
толқындардың ығын алып, əп-сəтте жағадан іргесі ажырап тереңге
қарай аудандап ығып барады екен. Əзім еңкейіп аяғының астына қарап
еді; мұз емес, қара жерде тұрғанын көргесін көңілі орнына түсті. Кенет
Бəкизат есіне түсіп, жас шылаған көзін жалма-жан ілгері тастап еді;
жағадан іргесі ажырап үлгірген мұздың түксиіп қарауытқан əрегірек
бір тұсынан екі қарайған қылт етті; бірі ілгері, бірі кейіндеу қалып
жанұшырған екеу жиекке жетіп қалған екен; бірақ бұл кезде ыққан мұз
бен қара жердің арасы ырсиып ашылып, екі араға су түсіп кеткен-ді.
"Ааммаалл ққаанншшаа, ссүйіктімм... ббіз ққоосыламыз десек те,
ккөөррддіің ғғой, Ққұдаай ққааламады. Ттаағғдыр ссоолайй!.."
Əзім "кешір" дегісі келсе де, бірақ айтар жерде əлденеге ауызы
бармай, тек алақанын жайып, иығының басын қиқаң еткізді; сосын
аналардың көзіне түскісі келмей, жағалауда қаңқиған екі-үш түп
жыңғылдың жақындау тұрған біреуінің тасасын көлегейлеп басын бұға
қалды; сонан ол басын көтермей, балықшы ауылды бетке ұстап бұтабұтаның тасасын бұқпақтап жүгіре жөнелді.
Төтелеп салса, ауылға тез жетерін білді; бірақ күндіз болмаса, түнде
суы тартылған теңіздің қай жері қара ұйық, қай жері батпақ екенін
айыру қиын еді; суы тартылған теңіз орнында бөрік бастанып көмпиіп
жататын күлдей аппақ тұз жел үф етсе де сəтте шаңдатып борап ала
жөнелетін; əсіресе, қазіргідей дауылда аспан мен жер арасы алай-түлей
аппақ шаң көтеріліп, адам да, мал да аяқ жолын таба алмай, өрісте
жүрген осы ауылдың түйелері қара ұйыққа жығылып өліп жататынын
Əзім де білетін; сосын ол Бел-Аранның ығында отырған балықшы
ауылға төтелеп салмай, бұру да болса бұрынғы ізбен бас айналып
келеді; су қашқалы бұрынғы сыңсыған қамыс орнына сораң қаулап өсіп
кеткен екен; ауылға тезірек жеткісі кеп қаттырақ жүріп еді;
тұсарлықтан келетін ащы сораң аяққа оралып, қайта-қайта жығылды;
онсыз да бір жығылып, бір тұрып жүрісі мандымай келе жатқанда,
кенет тұла бойын тікен басқан қау-қау қара сораңға килікті; тікенек
сораң аяқ басса тас кенеше жабысып, бірде шалғайына, бірде
шалбарының балағына жармасты; темір тікендер əрі-берідесін тізеден
төменгі жағын тілгілеп сойып тастады.
Жан ұшырған Əзім тез шаршап, ырсылдап тұрды да, қайта жүрді;
мұрны, беті үсігенін кейін білді; башайлары да үсіген сияқты; бірақ
оны ойлап жатқан жоқ; Бел-Аранмың ығында отырған ауылға түске
салым сүлдерін сүйретіп шаққа жетуін жетсе де, бірақ сол күні түнімен
өрелі таңды көзінен атырған жұрт əлі де азасы басылмай у-шу, азанқазан боп, қатындар жас жуған бетін алып-салып жатыр екен. Басына
қара салған көкайыл қатындар өздерінің əншейіндегі Əзімнің алдында
айбынып, ызылып тұратын əдетінен жаңылып, бұл жолы анадайдан
аңырап шықты:
– Жəдігер қайда, ойбай?..
– Бəкизат қайда, ойбай?..
– Сол се-кі-лді екі бірдей жай-саң-ды көзің қиып қайда тастап кеттің,
ойбай!.. Аһ, қайтейін!..
Сен сонда қатын-бала аңырап, ер азамат үнсіз томсарып алған мына
ауылдан есебін тауып тезірек кетуге тырысарсың-ау! Иə, ертеңге
қарамай, сол күні тайып тұрарсың.
Сонан талай жыл өтер. Заман да, қоғам да өзгерер. Адамдар да
өзгерер. Кезінде осы елдің төрінде отыз жыл төбесімен көк тірегендей
шалжайып отырған Үлкен Кісі əдемі моншақтарды шылдыратып
кеудесіне таға бергені болмаса, кешегі ел басына қара күн туған қилы
замандарда аспан астына тарыдай шашырап кеткен сорлы халқына
түк істемей-ақ дүниеден о да өтер, кетер! Бірақ дүние қалай өзгерсе де,
тек кешегі заманда айналайын балшевек балалар қызыл сөзбен
құлағын семіртіп алдына салып берген бір отар қойын ертелі-кеш кішкіштеп, қоңын күн тескен қазекемнің балалары болмаса, онан басқа
халықтың бəр-бəрінің де құлқы, пейілі, пиғылы өзгеріп, заманына
қарай амалын жасап, қолынан келгені заманы қасқыр болса қасқыр
боп, түлкі болса түлкі болып құйрығы бұлаңдап айласын асырып
бағар-ау!
Бірақ заман қанша өзгерсе де, Арал тағдыры өзгермес. Тек біздің
топырақтан да Аралдың қасіретін малданып атын шығарғысы келген
талай жанашырсымақтар шығар! Олар қаңылтырды қаңылтырға ұрып
құр даңғыратқандай, дүниені даңғазаға айналдырып айқай-шуға қанша
басса да, бірақ тартылған теңізге сол өңірдегі халықтың көз жасынан
басқа бір тамшы су тамбас-ау. Ай өтер, жыл өтер, жылдар өткен сайын
тартылған теңіз тіпті ернеуінен төмен түсіп, əуелі екіге бөлінер. Оның
бірін – Үлкен Арал, екіншісін – Кіші Арал дер. Сонан тағы біраз жыл
өткесін қатыгез тағдыр ортасынан қақ бөлген əлгі екі Арал тартылатартыла келе, енді тіпті түбінде сарқыншақ қалып, бір кезде суы
шарасына сыймай, аспан астын алып ыңыранып жатқан баяғы телегей
теңіз орнына көз ойдымданып бөлек-бөлек тұзды көлдер қалар-ау. Бұл
өңір балық кəсібімен біржолата қоштасар. Күн көрістен айырылған
халық кəсіп іздеп, қатын-баласын жетелеп бірі ойға, бірі қырға
тентіреп кетер. Ал əлі де болса адыра қалғыр атақонысты қимай, қара
жұртта аруақ күзетіп отырып қалған аралдықтардың ендігі туған
ұрпақтары дүниеге деліқұл, жарымжан боп келер. Бұл өңірде бұрын
болмаған аты, заты белгісіз неше түрлі індет шығар. Теңіз неғұрлым
тартылып, жер неғұрлым азып, ел неғұрлым тозып, індет неғұрлым
етек алып жайылған сайын Аралдың əлгі бір жанашырсымақтары да
соғұрлым жанталасып даңғырасын қаға түсер! Үкімет те қарап қалмас:
иə, талай төтенше комиссия құрылар. Төтенше комиссиялар біріненбірі өткен талай-талай тамаша қаулы алар. Тамаша қаулыға сəйкес
талай-талай тамаша жобалар мен жоспарлар жасалар. Соның бірі –
Сібір өзенін бұрып əкелу керек дер. Екіншісі – Каспийдің жыл сайын
шарасына сыймай жоғары көтеріліп бара жатқан иен суын бұрып
əкелейік деп өзеурер. Ана жолы айқайшылардың ауызынан əлдеқалай
шығып кеткен "Арал тағдыры – адам тағдыры" деген əдемі сөзді ел
көзінде елтең-селтең жүргенді мансұқ еткен епті жігіттер қызыл тілді
қайраққа жанып-жанып алып, халық алдында ана мінбеден де, мына
мінбеден де қиқулатар-ау! Тірі болсақ соны да көрерміз. бірақ қызыл
сөзге құлағы қанық кісілер оған онша илана қоймас. Тек əлгі əдемі сөз
жиі айтылып, бірінен-бірі өткен əдемі жоспарлар мен жобалар көбейіп
бара жатса, бастықтар тағы бір қаулы алар да, бəрінің ауызына құм
құяр. Мықтағанда ырысынан айрылып, күнін көре алмай кіріптар боп
қалған көп балалы, көп жанды көп-көп үйлер өзегі талып бара
жатқанда талшық етер еңбек ақысына үстемелеп тиын-тебен қосар.
Бірақ... Əй, бірақ, тұз астында тұншығып жатқан сорлы өлкенің соры
қайнаған халқына онан ешқандай жеңілдік болмас-ау!
Жə, саған бұны айтты-айтпады не. Есіңде болар, сол күні сен қатынбала у-шу боп, бетін алып-салып жатқан қаралы ауылда дəйек тұтып
тұра алмай, жоқты сылтаураттың да, мұзға ыққандарды іздеуге келген
екі самолеттің біріне отырып, Арал қаласына тартып тұрып едің ғой.
Аралға барғасын да жұртқа бетің шыдап тура қарай алмай, тызалақтап
тезірек кетуге асықтың емес пе? Рас, дəл жүрер жерде асығыс-үсігіс
дəрігерге көріндің. Асыққаның сонша, бірінен кейін бірі келіп жататын
поездардың өзіңе ыңғайлысын да күтпестен, ыңғайы келген біріне
отырдың да, ешкімге із-түзіңді білдірмей тартып тұрдың.
Сонан бері Ресеймен шектесіп жатқан Арқадағы бір қалада тұрып
жатқан көрінесің.
Уақыт шіркін кімді аяп еді. Уақыт та, қаласа, тау мен тасты да мүжіп
жеп тастайтын жел-құздай бір пəле ғой! Əсіресе, жасы келген адамды
əжуалап, кескін-кейпінен айырып жексұрындап жіберген де, шынында
да, адамнан гөрі маймылға көбірек ұқсап кетпеуші ме еді? Елден
кеткелі сені көрмесем де, бірақ шамалаймын, арада өткен ұзақ жыл
сені де титықтатқан шығар-ау. Бұл күнде ыңғайы келсе, ішкенді тəуір
көретін боларсың. Көптен ұстара тимеген қалқыңқы ісік бетті сақал
баспады дейсің бе? Жəне ағы, қарасы араласып өскен жүн сақал, қазір
дəл бір шөлге шыққан дала бозындай берекесізденіп беттің сиқын
алып тұрған шығар. Есіңде ме, арқаға жүрер алдында дəрігерге
көрінгенде саған "оң қолыңның екі саусағы үсіпті, қазір дəрі жағып
таңып берейін, кейін кескізбесе болмас",– деп еді ғой. Шамасы,
кескізген боларсың. Қатты үсіген мұрының да үш жағы жұмбазданып,
тері астынан без бе, безеу ме, бершімек бірдемелер тесіп шығатындай
түйіртпектеніп тұрған шығар? Бұл күнде ұйқы қашқан болар. Түнде
талай оянатын шығарсың. Оянған сайын темір кереуеттің тот басқан
серіппесін шақыр-шұқырлата жамбасыңа аударылып түсерсің де, ұйқы
қашқан көзді ашып-жұмып біраз жатарсың. Ұйқтай алмасыңа көзің
жеткесін басыңды көтерерсің. Сосын төсектен аяғыңды салбыратып
түсіріп жіберіп, белің бүктетіліп отырарсың да, темекі шегерсің.
Сигары шілдей "памирдің" ащы түтіні бір-екі сорғасын қызыл өңешті
тырнар да, қиқылдап ұзақ жөтелерсің. Күн түспейтін көлеңке беттегі
бір бөлмені жалдап отырған үйдің қожасы – кемпір-шал күнде түн
ортасында сенің жөтеліңнен оянып, сонан таң атқанша олар да көз
ілмей, сені бірде "жүн бет", бірде "антихрист" деп, есебін тауып қалай
құтылудың жолын ойлап, өзара күңкілдеп шықпас дейсің бе? Бірақ,
сен... Иə, сен біз білетін бұрынғы Əзім болсаң... бұрынғы біз білетін
Əзімнен бойыңда бірдеңе қалса, өлмелі кемпір-шалдың күңкілін
қыртыңа да қыстырмассың-ау. Өйткені, сен өзіңді жұрт алдында
ешуақытта кінəлі санап көрген жоқсың ғой. Тіпті анада балықшы ауыл
мұзға ығып кеткен Жəдігер мен Бəкизатты азалап у-шу боп жатқанда
да ыңғайсыздансаң ыңғайсызданған шығарсың, бірақ өзіңді сонда да
кінəлі сезіп қысылған жоқ едің ғой! Өйткені кінəңді сезген жоқсың.
Өйткені, басқа кінəлі болса болар, ал, бірақ сен кінəлі болуға тиіс
емессің. Сондықтан анада балықшы ауылдың қатындары алдыңнан
ойбайын сала шыққанда, тым құрыса, сол арада бетің шіміркенудің
орнына, сен мына бір кісі сыйлай білмейтін əдепсіз қатындардың
айбық адамдығына ғана ыңғайсызданып тезірек құтылғанша
асыққансың-ды.
Осы жылдарда қасыңда болмасақ та, көңіл сезеді: Арқаның қыс
айларындағы түні қандай ұзақ! Сол ұзақ түнді ұйқысыз атырып
жүргенде басыңа өткен-кеткен талай оқиға оралған шығар-ау. Бұл
күнде көңілден алыстап көмескілене бастаған көп-көп оқиға арасынан
бір оқиға жадыңда жазылған хаттай сайрап тұрары сөзсіз. Иə, қатыгез
тағдырдың саған жасаған қиянатындай көрінетін сол ана
желтоқсандағы оқиға қашан есіңе түссе де, сен бірақ соның бəрінде де
сүйген əйелің мен бала жастан бірге өскен құрдасың алдында өзіңді
қылдай кінəлі сезген жоқсың. Олардың алдында да ар-ұжданыңды таза
сездің. Тым құрыса, сүйген əйеліңді еске алғанда бетің шімірікпей:
"менде тұрған не бар. Құдайдың қалауы солай болды. Тағдыр,
дорогая",– деп, бұл тұста да, өзіңе шаң жолатпай, сүттен ақ, судан таза
боп шыға келетінсің. Өйткені, басқа жұрт кінəлі болса болар, ал сен...
Жо-қ, сен ешуақытта, ешкім алдында, ешқашан кінəлі боп көрген
жоқсың. Кінəлі болмайсың да, өйткені кінəсізсің...
***
Иə, бұлар сəл үлгірмеді. Жəдігер шынында да қателеспеген екен.
Кеше ақ пен қызыл арасында БелАранның астынан ыққан мұз БозБиенің тұмсығына ілінген-ді.
Бəкизат жағаға Жəдігерден бұрынырақ жетті. Бірақ бұ да үлгірмеді.
Жан ұшырған əйел қара дауыл қайтадан бет ашық аңғарға қуып ала
жөнелген мұздың сықыр-сықыр майысып тұрған шетіне ентелеп келді
де, кілт тоқтады. Енді бір басса аржағында түбін аңғартпай қайнап
жатқан қара құрдымға ұмар-жұмар құлайтын еді; тайдай тулап кеткен
жүрек дүрсілдеп алқымға тығылды. Небəрі есік пен төрдей жерде
көзден бір-бір ұшып қалып бара жатқан қара жерге жаутаң-жаутаң
қарады да, жылап жіберді.
Бірақ бұның бəрі кейін болған-ды; ал соның алдында жын ұрған
кісіше аяғы жер иіскемей секектеп жүрген Жəдігер, кенет кілт тоқтай
қап, қасқыр ішік астында бір денедей боп бір-біріне жабысып тұрған
бұл екеуіне бұрылып кеп тіл қатты емес пе. Не дегенін есітпесе де,
бірақ оның "мен білсем..." деген дүдамал бірдеңесін бұның да құлағы
шалған-ды. Осыны көрсе жыны қозып кететін əйел, сол арада да
тыжырынып: "Сондай-ақ, бұл не біледі екен" деп еді; бірақ əншиінде
жер қозғалса қозғалмайтын Əзімге бірдеңе көрінді: Жəдігердің жаңағы
жалғыз ауыз сөзі қатты əсер еткені сонша – көре көзге қол баладай
далбалақтап ұшып кетті; тіпті Бəкизаттың дауыстап шақырғанына да
қайырылмады; Бəкизат оның соңынан еріп жүгірерін, əлде аңысын
аңдап күте тұрарын білмей дағдарып қалды; аржағында "мені тастап
кетпес, қайтып келер",– деген сенім де жоқ емес-ті; бірақ Əзім
оралмады; "ə" дегенде Жəдігер де Əзімге ілесіп жүгіре түссе де, бірақ
əлденеге қарайлағандай, анадай жерге барды да, тоқтады; тоқтауын
тоқтаса да, келеңсіз неме енді қайтерін білмегендей, Əзімге бір,
Бəкизатқа бір қарап, екі арада алақтап тұрып қалды. Сосын Бəкизатқа
жетіп кеп:
– Жүр!– деп еді;
Бəкизат:
– Кет!– деді; кесіп алғандай қатты айтса да, Жəдігердің басын
бауырына алып тапжылмай тұрғанына ызаланған əйел:
– Кет! Жоғал!– деп мұзды теуіп-теуіп қалды.
– Жарайды,– деді де, Жəдігер бұрылып жүре берді; "өлмесең
тұрма",– деді ішінен; деуін десе де, бірақ анадай жерге барды да, қайта
тоқтады; артына бұрылып қарады; қырсық əйел бұл жолы да бетінен
қайтпай қасарып алған; тапжылатын түрі жоқ; Жəдігер айызын
қандыра ішінен мықтап бір боқтады; бірақ кімді боқтады? Əзім бе?
Бəкизат па? Əлде, тіпті сау басына шырғалаң бірдеңе тілеп алып
жүретін өзіне ыза болды ма? Ол арасын ойлап жатпастан ызалы ашу
алды-артына қаратпай, желге қарсы омыраулап басып жүгіріп келеді.
Заты жуас жігіт былайғы кезде батылы жете бермейтін қиын істі,
əдетте, осындай ызалы кезде істеп тастаушы еді; бағанағы бір орында
тапжылмай тұрып қалған əйелге жетіп келді де, əй-шəй жоқ, қолынан
шап беріп ұстады:
– Жүр!
– Кет! Менде жұмысың болмасын!
Жəдігер уысын сəл қысса да үгітіліп кеткелі тұрған нəп-нəзік
саусақтарды қаттырақ қысып жіберіп еді; аяғын баспай кегежектеп
тұрған əйел кəпелімде жөп-жөндем бола қалды; салған жерден қатты
жүріп кеткен Жəдігерден қалмай, қасында томпаңдап жүгіріп келеді;
төбеден ауған ай, əлгі бірде бұлтқа кіріп теңіз үстін ауыр қараңғылық
басып, түнеріп тұрған-ды; Жəдігер сүрінді ме, тайып жығылды ма,
жалп етіп етбеттей құлады; маңдайы мұзға соғылып тарс етті; су шалп
етіп, таяу тұрған əйелдің үсті-басына шашырады.
– Ішіңді с... дүние-ай!..– деді Жəдігер. Бұрын соң аузынан дəл бұндай
боқтық шығып көрген емес-ті; Бəкизат дір етіп тіксініп, жақындамай
состиып тұрып қалды; етбеттей жығылған Жəдігер тырп етпей, тісін
қышыр-қышыр қайрап жатқан; кенет атып тұрғысы кеп бауырын
мұздан көтеріп, жанын сала ұмтылып еді; тағы да су шалпылдап,
сіркедей мұп-мұздай түйірлер əйелдің үсті-басына сіркіреді; Бəкизат
бойын тартып шегіне түсті де, іле-шала ілгері ұмтылып, тырбаңдап
тұра алмай жатқан Жəдігерге еңкейіп қарап еді; Жəдігер оң аяғын
жарыққа тығып апты; жуан саннан төменгі жағы су ішінде жатыр екен.
– Қолыңды... қолыңды бер!– деді Бəкизат.
– Жо-қ... Жжағаа...
– Қазір... қазір.
Əйел деуін десе де, бірақ дəл қол ұшын берер жерде абыржып сасып,
көз алдыңда қанаты сынған құстай, бауырын мұздан көтере алмай
тырбаңдап жатқан кісіге қай жағынан келерін білмей, шыр айналып
жүгіріп шықты. Жəдігер алқына бастады; қол жетер жерде саусақ ілігер
ештеңе болмағасын кек мұзға қайта-қайта тырнақ салып, жоса-жоса
қып осып тастады.
– Жжаағам... Жжағамнан...
Əйел оны жағасынан ұстауын ұстады; бірақ қарын үрлеп тақырлап
тастаған мұзға табанын тірей алмай, тайып жығылды; дереу атып
тұрды; сонан кейін де бір тұрып, бір жығылып жүріп əрең-əрең дегенде
сыртқа сүйреп шығарды; нар тұлғалы ірі кісі тырп етпей сұлық жатыр;
ұзын қоныш етіктің аузы-мұрнынан шыққан су сыртқа ақтарылып
үлгірмей, сəтте қатып мұзға айналды.
– Б-бəкизат,– деді Жəдігер,– жжааға жжақын... ыққа ққаарай ббетіңді
ттүзе де жжүгіре ббеер...
Бəкизат Əзімді сұрағысы кеп аржағы тілеп тұрса да, ауызы
бармады; осы кезде бұлтқа қорғалаған айдың қиық шеті жылт етті;
сонан кейін ай қара дауыл дал-дұлын шығарған алба-жұлба бұлтқа бір
кіріп, бір шығып құдды жасырынбақ ойнаған баладай жылтыңдап
болды.
– Ммааған ққаарама...– деді Жəдігер.
Əйел есітпеді ме, есітсе де аржағында ішіне түйген бір есебі болды
ма, Жəдігерді үн-түнсіз қолтығынан алды:
– Тұр!
– Жжо-қ... ссеенн...
– Сен, менді қой, кəне тұр!
Бəкизат əй-шəйге қаратпай қолтығынан демеп тұрғыза бастады.
Жəдігер түрегеле бергенде тайып жығылды. Жарыққа тығып алған
аяғын астына ала құлады. Қозғала алмай ырсылдап жатты да,
Бəкизатқа қолын созды. Аяғына мінгесін де қалшылдап əкетіп бара
жатқан денесін билей алмай, қолтығынан демеген əйелге сүйеніп сəл
тұрды да,сылтып басып жүріп кетті. Жарыққа тығып алған аяғы əлден
үси бастады; əсіресе башайлары мұзға орап тастағандай; сүйретіп
баспаса, кішкене салмақ салса да əлгі мұзға ораған башайлар құдды
темір құрсаумен сыққандай сүйектері қазір сынатындай қан қақсап
бара жатқасын бұл бір басып, екі басып, келесіде аяғын көтеріп тоқтай
қалды. Көзі қарауытып кетті. Басы айналатын сияқты. Дереу қам
жасамаса құлайтындай, қорыққасын екі қолымен мұз тіреп, көзін
жұмып отыра қалды. Бұл осыған дейін де бұндай емес-ті; не қылса да,
аштық пен суық қос қабаттап əл-дəрменін əкеткен; бұл нəр татпағалы
да бір күн, бір түн; сірə аштықта адамның алпыс екі тамырының аузы
ашылып кететіні рас шығар.
– Жжүр, ккееттіікк!– деді Жəдігер.
– Кішкене дем ал,– деді Бəкизат.
– Жжооққ...– деді Жəдігер; қолына жабысқан əйелді итеріп жіберді
де, аяғын сүйретіп басып жүріп кетті; жарыққа тығып алған ұзын
қоныш етіктің қазір іші-сырты түгел көк мұз; əсіресе қонышының
ішіне қорғасын ерітіп құйғандай, сақырлап қатқан мұз ту қара
башайдан бастап бүкіл оң аяғын сығып барады; кішкене жүрді ме, жоқ
па, балтыры басқызбай бебеулетіп сығып ала жөнелді; Бəкизат қуып
жетті; үйелмендей ауыр дененің бар салмағын өзіне аударып алғысы
келгендей, дереу қолтығының астына кірді де, иығымен демеп бақты.
Жəдігер дыбысын шығармай тістеніп алған; үсіген аяқ неғұрлым
жанын шығара қан қақсап ауырған сайын, бұл да соғұрлым оған
салмағын салып қынулап қаттырақ жүріп еді; аяғының асты құдды
шыны қирағандай пышыр-пышыр етті; Бəкизат басын көтеріп алды;
өңінде таңданған ажар бар; Жəдігер оған назар аударған жоқ,
қолтығынан демеп келе жатқан əйелден қолын босатып алды;
табанын тілгілеп жатқан шыны мұзға əлде де болса салмағын салып
пышыр-пышыр, шытыр-шытырлата қатты жүріп кетті. Жəдігер енді
тек шынының үстімен жүріп келе жатқандай аяғын басқан сайын əлгі
құлақ тырнаған пышыр-пышыр, шытыр-шытыр үдеп барады.
– Тоқтайық!– деді Бəкизат.
– Ммааған ққаарама... жжаағаға жжет!
– Сен ше?
Жəдігер тұра қалды. Бəкизат та тоқтады.
– Ммааған ққаарама ддеедім ғой. Б-баарр!..
Бəкизат қозғалмады. Өз дегені болмаса өзгенің, əсіресе бұның
айтқанымен жүріп көрмеген мына əйелге ешқандай əмірдің жүрмесін
байқады.
– Ммааған ққаарама. Ттезірек жжағаға жжет! Əəзім... күтіп ттұрған
шшығар...
– О-ол...
– И-иə, жжаағада... Ммен жжеткенше от жжааға ббееріңдер. А-ал,
ттұр-ма!..
Бəкизат қол-аяғы кəпелімде қалай құп-қунақ боп кеткенін байқамай
қалды; артына жалтақ-жалтақ қарап, ыққа қарай құстай ұшып ала
жөнелген-ді. Кенет тайып жығылды; іле-шала атып тұрды; қарын
үрлеген тақыр мұзды тайғанақтап бір басып, екі басып, үшіншіде
сереңдеп құлады; бұл жолы тұра алмай ұзақ жатты. Бұл да жарыққа
жығылған екен деп қорыққан Жəдігер ұршығы үзіліп түсердей қан
қақсап бара жатқан аяғын қара саннан қос қолдап ұстап, қисаңдап
жетем дегенше, Бəкизат түрегелді; ақсаңдай басып ілгері жүгірді. Қара
жерді Жəдігерден бұрынырақ көрді.
– Жер! Жер!– деді ол айқайлап.
Жаға тіпті жақын қалды; бірақ бұл кезде мұз жағадан іргесі ажырап,
беті ашық аңғарға қарай қайта ығып бара жатқан-ды; оны Бəкизат кеш
байқады; жанұшырғаны сонша, енді бір басса, аржағындағы қара
құрдымға ұмар-жұмар құлайтындай, жағадан іргесі ажырап, тереңге
қарай ығып бара жатқан мұздың су шайып жатқан жиегін шылпылдата
басты да, кілт тоқтады; мінбелеп кеп тоқтаған мұздың жиегі мен қара
жердің арасы небəрі есік пен төрдей ғана еді.
– Əəззі-м-м!..
Өңешін жырта шыққан əйел дауысы əлсіреп сөніп бара жатты. Қара
жерге көзін сатып, телмеңдей қараған жанарға ештеңе ілікпеді. Тек аң
болмаса, адам аяғы баспаған жағалаудың бұтасын жанталаса жүгірген
əлдебіреу сатыр-сұтырлата жапырып арман карай алыстап бара
жатқан сияқтанды.
– Əз-ім-м!..
Тағы да дауысын жырта айқайлағысы келіп еді; бірақ ызалы жас
алқымын буды да дауысы шықпады; жаға жаққа құлағын қайта
тіккенде, жаңағы сытыр сап бопты; дəл осы кезде дауыл жыртқан далдұл бұлт арасынан бір көрініп, бір жоғалып сығыраңдап тұрған солғын
ай да суға батқандай жым-жылас жоқ боп кетіп еді; онсыз да қас қаққан
сайын қарасы ұзап, алыстап бара жатқан жер біржолата көзден ғайып
болды. Енді жер мен көкке қара түн қайта орнап, түсін бермей түксиіп
алған дүние өзінің ежелгі қаһары мен қаталдығын қайта танытты;
аспан асты азынаған айқай жел, өкірген теңіз, ежектеген толқын, сəт
сайын сатыр-сұтыр соғысып күтір-күтір қирап жатқан сең.
– Адыра қалсын! Ады-ра-а-а...
Жəдігер дəл осы кезде жеткен-ді. Бəкизаттың не дегенін есіткен
жоқ. Ол тек жиегін су шайып жатқан мұзға мінбелеп төніп тұрған
əйелді көрді. Сосын əне бір тірлік тығырыққа тіреліп, көкірек
қарайғанда, адам болған адамның беті қатты шешімге шын бел буатын
сəт болады-а. Мына əйелдің де алқымын буған əлгі ызалы жастан басқа
аржағынан ышқынып шыққан жан дауысынан бұл бір сондай беті
қатты сұмдық шешімді сезіп еді. Жəдігер ойланып жатқан жоқ; оған
пұрсасы да болған жоқ-ты. Ырғып барып, əйелді қос қолымен ұстай
алғанын біледі.
– Жібер!
Қатты бұлқынған əйел бұның қолынан сытылып шығып баратты.
Енді бір қимылмен аржағындағы қара құрдымға құлай бергенде,
қарулы қол оның көк желкесіне сарт етті. Сосын əй-шəйге келтірмей
қос қолдап көтеріп алды. Сол сəтте əлсіз мұз аяқ астында шатыр еткелі
сықыр-сықыр майысып бара жатты. Жəдігер жалт беріп, кейін қарай
ытқып түсті де, басынан асыра, жоғары көтеріп алған əйелді əлі де
болса қолынан түсірмей екі аттап, үшіншіде төмен түсіре бере мұзға
тастай салды. Бəкизат мұзға бүйірімен соғылды. Ет қызумен қай жері
ауырғанын байқаған жоқ. Бораған қар астында бүк түсіп, бетін мұзға
басты да, зəбір көрген жас балаша өкіріп жылады. Ара-арасында өксіп
солқылдап кетеді. Жуық арада тоқтайтын сыңай жоқ сияқты еді;
күтпеген жерден жасын кілт тиды. Тыныс-демін де ішіне жұтып тымтырыс бола қалды да, теңіз үстінің толассыз əупіріп ұрып тұрған шуыл,
сарыл, гүрілінің арасынан əлгінде өзінің құлағын тырнаған дыбыс
қайта тірілді: пышыр-пышыр, шытыр-шытыр. Бір алыстап, бір
жақындап, əсіресе, жақындағанда қастан шықпағыр біреу бұның
құлағының ішінде пышырлатып шыны сындырып жатқандай
шекесінен шығады. Бəкизат құлағын қайта тігіп еді; бұл жолы жаңағы
дыбыс бұның құлағына біржола көшіп алды. Миын шаға бастаған
пышыр-пышыр, шытыр-шытыр желтоқсанның қарлы қара дауылы
мен қараңғы түнін басынан өткізген пақыр əйелдің онсыз да ширыққан
жүйкесін енді инемен шабақтай бастады. Мынау бұл білетін, бұған
таныс дыбыс. Бірақ есіне түсіре алмай, сəптіреген сана бірді-бірге
шатыстырып, басы қатып жатқан-ды. Қашанғыдан бұрын жүйкесін
құртып болған мына бір шытыр-шытыр күтпеген жерден кілт тиыла
қалды да, іле-шала қайта тірілді; жəне бұл жолы жақыннан шықты:
шытыр-шытыр, пышыр-пышыр... Мынау бұл білетін, бұған таныс
дыбыс. Иə, біледі. Е, есіне түсті...
Бəкизат атып тұрды. Жанарын жапқан аппақ ақ қырау кірпігін
алақанымен бір сипап жіберіп, жалма-жан дыбыс шыққан жаққа қарап
еді; сүйтсе... мынау шынында да бұның өзі ойлағандай Жəдігер екен.
Бораған қар астында бар дүниеден баз кешіп, өлімге басын байлап
жатқан дозақы қатынды жалғыз тастап кете алмай, қасында
айналсоқтап аяғын сылтып басып жүр екен: шытыр-шытыр, пышырпышыр...
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 29
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654