Latin

Соңғы парыз - 05

Total number of words is 4229
Total number of unique words is 2162
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Оның өз ықтиярымен бере қоймасын байқады да, бұл кілтті оның
қолынан жұлып алды. Сонан соң... Құрысын, сонан кейін ұйқы-тұйқы
болды да кетті! Қимылы шалт. Шұғыл. Кілт қолына тие салысымен
ырғып машинаға мінді. Мотор дүр етті. Машина тұрған орнынан
қозғалғысы келмегендей, бір жұлқынды да, итініп қайта тоқтады. Бірақ
іле-шала ақырын қозғалды, ілбіп мұзға түсті.
Осыған дейін жігіттер көз ілеспей жатқан қимылдан естерін жия
алмай аңтарыла қарап тұрған-ды. Тек ілбіп ақырын қозғалған
машинаның бауырындағы төрт доңғалақ мұзға түскенде, оларға да тіл
бітті.
– Мына сорлы қайтеді, əй? Ажалынан бұрын өлер. Əй! Əй, тоқта!
– Тоқта!
– Қайт! Мұз əлсіз.
– Су – тілсіз жау.
– Мынаған не болған, əй?.. Есі дұрыс па? Қайт!
Жүгірген кісілер топырлап мұзға түсті. Тағалы етіктердің топырлап,
дүрсітіп басқан дыбысына дабырлаған дауыстар қосылды. Сол алажабыр у-шудың арасынан əсіресе қу тақтайды дəл сондай тағы да бір
қу тақтайға қатты-қатты қаққандай, таңқылдаған бір дауыс жер
түбінен жан ұшырып келеді.
– Мынау есуас екен ғой. Суға кетеді! Өледі! Тоқта! Əй!.. Əй, сендерге
не болды, тоқтатыңдар ана есуасты!
***
Жағалаудың күресін мұзына түскесін-ақ жаман машинаның жүрісі
бұзылып қиқалақтай бастады. Жаңағы таңқылдаған жігерлі жас дауыс
кенет пышақпен кескендей тиыла қап еді; сен онан оп-оңай тез
құтылғаныңа қуанғаныңша болмай, жігерлі дауыс бұл жолы дəл
құлағының түбінен таңқ-таңқ етті:
– Қайт! Қайт!
Құлағын тесіп бара жатқасын тұсындағы есіктің əйнегін тарс жауып
алды. Пысықай неме айтқанын тыңдата алмағанына ызалы.
Машинамен қапталдасып жүгіріп келе жатып, қаңылтыр капотты
жұдырықтап, қаңғырлатып ұра бастады. Ара-арасында бұған екі
жұдырығын бірдей түйіп бірдеңе дейді. Сен не дегенін есіткен жоқсың.
Бірақ, не деуші еді. Көп болса бұған: "Қайт! Сорлы, өлесің"– дейтін
шығар. Оны дəл қазір жанын шығара дызалақ қақтырған бұның
ажалынан бұрын өлетіні емес, өзінің көзінен бір-бір ұша бастаған арғы
беттің балығы екенін ішің сезді де, күліп жібере жаздағансың-ды.
Күлер де еді. Пысықай жігіт ытқып машинаның алдына шықты да,
қолын көтеріп қарсы қарап тұра қалды. Мына түрі: "Жібермеймін.
Өтсең, тек өлігімнің үстінен өтесің",– деп шынында да, салдырлапкүлдірлеп келіп қалған машинаның алдынан өлмей қозғалмайтындай
талтайып тұрып алды. Сен сасып қалдың. Бірақ іле-шала тез ес жиып:
– Ой, əкеңнің...– деп айқайлап боқтап жібердің – Өлгің келсе, сені...
сен итті доңғалақтың астына салып мылжаңды шығарайын-ай!
Көзіне қан толып кетті. Аяғы астындағы газды ызалана басты. Газ
басқанда машина дəл бір сүзеген бұқадай гүжілдеп ағыза жөнелген едіау!
Оған да қазір бір жетінің о жақ-бұ жағы. Сонан бері де басынан талай
оқиға өтті. Бұл бүгін ұясы бұзылған құстай, үйге симай айдалаға
шығынып кетті. Енді, міне, түс ауды. Балықшылар аулының бет
алдында ақ қар, көк мұзда ертеден бері екі аяғынан сарсылып тұрып
сол оқиғаны ойлағанда жолын кеселеп тұрып алған тас қайнатар
пысық жігітті сол арада шыныменен машинаға бастырғалы табаны
астындағы газға қалай дəті жетіп бар пəрменімен кіжініп басқанына
қайран. Бұл не, ожарлық па? Өжеттік пе? Соның қайсысы болса да,
мынау бұның бойында жоқ оқыс қылық еді. Кім білсін, күйік
көтергенде көзіне қан толып кетсе кеткен шығар. Сол арада ала көздің
ақиып кеткені анық. Доңғалақтың астына түсер деп еді, жаны тəтті
неме жеме-жемге келгенде жалт берді.
– Мынау ішіп алған ғой... Мас қой...
Бұны есіттің. Бірақ сонан кейін оның не дегенін есіткен жоқсың. Тек
жаны тəтті неменің салдыр-күлдірлеп келіп қалған машина енді
басады-ау дегенде жалт беріп еді; аяғы тайып, шалқалап құлап бара
жатқанын көрді. Бұған енді Көшен қатарласты. Қара тонның екі етегі
далақтап кеткен. Кабинаның бұл отырған жағына қапталдаса бергенде
сүрініп жығылды. Сол бойда ұшып тұра сала қайта қуып жетті.
Қатарласа бере бұған бірдеңе деп айқайлады да, өкпесі қысылып бара
жатқасын кейіндеп қала берді. Қара шалмен шалғайласа жеткен
жігіттер де бұған қолын бұлғап, бірінен-бірі дауыс асыра айқайлап
жатыр:
– Суға кетесің! Қайт!
– Тоқ-та!
– Тоқ-та-а!
Осы кезде үсті басы алау-далау біреу есік тұсындағы басқышқа
қарғып мініп, жақтауға жабыса берді. Бұның шофер бала екенін
байқаған жоқсың. Тек қолыңдағы рөлге жабыса бергенде жының ұстап
кетті де, кеудеден түйіп жібергенсің-ді. Сен оны да білесің. Жақтаудан
қолы жазылып кеткен шофер аяғы ерең-сереңдеп құлап бара жатты.
Осыған дейін машинадан қалыспай қапталдасып жүгіріп келе жатқан
кісілер төбеге ұрғандай тоқтай қалды. Машина жүрісі мандымай
қисалақтап келе жатқан-ды. Алдыңғы доңғалағы айнадай жап-жалтыр
мұзға іліккенде суға салған қайықтай бауыры сызып жүре берді.
Əлгінде əр доңғалақты бір қағып жүрісін мандытпай діңкелеп болған
күресін мұз артта қалды. Рөл қолға күш түсірмей, ойнап шыға келді.
Сосын бұ да көңілі орнына түсіп, сыртқа көз салып еді, бетіне қылау
тұрмай мөлдіреп жатқан мұздың аржағы бір түрлі жүрек
шайлықтырып қарауытып қоя бергені. Дарияның осы тұсы терең еді.
Бұл көзін тоқтатпай, бұрып əкетті. Осыдан кейін ол жаққа қарамаса да,
газ басқан аяғына діріл енген сияқты. Сүймен ұшынан су шығатын
жерге əлі жеткен жоқ; машина ілбіп келеді.
Көңіліне алмайын десе де, күдік пен қорқыныш қаумалап тұрып
алды. Машина ауырлап бара ма, əлде мұз əлсіреп бара ма, ол арасын
білген жоқ. Тек машинаның баурындағы төрт доңғалақтың асты
шатыр ете қалатындай, шытырлап зəре ала бастады. Бұның ақыры
немен тынарын білмесе де, екіталай жағдай бола қалса қамсыз
болғысы келмеді де, өзі отырған жақтың есігін ашып қойды. Сосын
ашық есіктен бір аяғын сыртқа шығарып, орындықтың шетіне таман
ысырылып отырып еді; оны өзі біледі. Сырдарияның түбін аңғартпай
түксиіп жатқан терең жеріне жаңа алдыңғы доңғалақ іліне бергенде
шыны мұз құдды шатыр ете қалатындай шытырлап кабина іші үрейге
толып кеткен еді ғой. О да есінде. Сен оны да білесің. Сен тек сол арада
аузың жыбырлап, əлдебір құдіретке жалбарынып келе жатқаныңды
білген жоқсың-ды. Татар дəм осы арада таусыла ма, жоқ па, оны да
білген жоқсың. Алланың аманатын тапсыратын жазмыштағы жер осы
болса, е, онда амал қанша. Онда мойнын аққа ұсынып, ілгері
жылжығаннан басқа амал бар ма? Оны машина да сезе ме, қалай,
бауырын жаза алмай, бүгежек-бүгежек етеді. Қабажақтай мұз
қаттырақ сықырласа да тұла бойындағы ілініп-салынып тұрған ағаш,
темір салдырлап қалшылдай бастайды; машина да, бұл да сықырлаған
мұздың кенет шатыр етіп қақ айырылғанын күтетіндей. Жаңа ішінен
күбірлеп отырған-ды, енді рөл ұстаған қолы дірілдеп, даусы да қатты
шығып "Аллалай" бастады. "Иə, Алла!.." деді; "Иллаһи Ил Алла..." деді.
"Шиеттей қатын-баланың көз жасы мен жілігі шағылған жаңағы
пақырлар... Олар да адам ғой... Аясаң еді; бишаралардың сағын
сындыра бермей, рахымың түсіп... Иə, Алла! Ата-баба, аруақ... Жар бол!
Қолда! Қолдай гөр!" деді. Деуін десең де, сен бірақ дəл сол сəтте аузыңа
не түсіп, не қойып жатқанын білген жоқсың-ды. Əйтеуір, шыбын жан
шырқырап көзіңе көрінді. Сосын жаны қысылған жұрттың бəрі сияқты
сен де дүниеде өзің білетін жалыну, жалбарынуды тілің жеткенше бір
құдіретке бағыштап едің-ау! Жердің, көктің, судың, күллі айдай
əлемнің қожасына, жаратушы Тəңірге тағы да жалбарынып "Қолда!
Қолдай көр!.." дей түсті де, кілт тоқтады. Əй?.. Əй, мына жазғанға не
болды, əй? Тұрып қалғаннан cay ма? Əлгінде ғана ыңыранып келе
жатқан мотор неге əп-сəтте дыбысы шықпай қалды? Құлағын тігіп еді.
Шынында, миын шағып болған мына бір сықыр-сықыр, шытыршытырмен лүпілдеп соққан бұның өз жүрегінің дүрсілінен басқа
дыбыс естілмеді. Сосын машина тоқтап қалған екен деп газды
қаттырақ басып қалғанда, мотор дар-р етті. Жо-қ, жұмыс істеп тұр ғой.
Қайтсін, бұл пақыр да өмір үшін жанталасып, қыбыр-қыбыр қозғалып
келеді екен.
Дарияның ортасынан асқан сияқты. Сүймен ұшынан су шығатын
жерді, шамасы, бұл байқамай өтіп кеткен болды. Тер құйылған көзі
удай ашып барады, сүртейін деп еді, қолы қарысып қалған ба, рөлге
жабысқан саусақтар жайылмады. Тұла бойындағы онан басқа
мүшелердің бəрі сіресе-сіресе сіңірге айналғандай. Тап қазір бір
мүшесін қозғамақ түгіл, демін қаттырақ алса да, онсыз да мына төрт
доңғалақ астында сына жаздап сықыр-сықыр, шытыр-шытыр
майысқан əлсіз мұзға артығырақ салмақ түсетіндей. Артық салмақ
түскен де болар-ау. Жаңа ғана бүгежектеп изер еткен мұздың əлдебір
жері омыртқасы үзілгендей күтір етті. Сен дір етіп, сасқанда жаңа тілі
жеткенше жалбарынып отырған Тəңірі аузыңа түспей қалды. Рөлден
тас қып ұстап алған екі қолы бірдей уысын қыса-қыса қарысқан. Газға
созған аяқтың сіңірі тартылып қалған. Əлгінде қара иірімге назары
түскенде, үрейлене ашылған көз сонан кейін кірпік қақпай сықырлаған
мұзбен жағаласып кеткен-ді. Сол, сол екен тұла бойындағы тамырлар
түгел құрысып, сіңірлер түгел сіресіп, жүйкелер де ширыға-ширыға
ақырында шиыршық атып түр. Құлағының іші де біреу ар жағында
шыны сындырып жатқандай, сықыр-сықыр, шытыр-шытыр...
Жаңағы күтір еткен мұз зəре алып қана қоймай, кідірмей тағы
қайталарын білді. Жə, қорқары жоқ... Қайталаса қайталасын. Неге күл
талқаны шықпайды. Бұл сорлының татар дəмі дарияның арғы бетіне
өтуге жетпей, қаласа мына табан астында сықыр-сықыр майысқан
тілдей мұздың бір жерінде таусылса тіпті құба-құп. Бұнда ала алмай
жүрген өші бардай, өмір бақи өкшелеп, соңына түсіп алған тас бауыр
тағдырдың бұған əлде де қылары болса қылып қалсын. Аспанды үстіне
құлатса да мейлі! Тек сол болса тезірек болса екен! Тез болғанда да тап
қазір болса екен! Бəлем, бұл сүйтіп сазайын тартса екен! Көті көрініп
қалған дүние шіркіннің бұл қимайтын несі қалды? Қара құрдым бұны
қазір машинамен қоса жұтар-ау. Сонда пəни жалған шыбыш ешкі
құйрығындай бір сермеуге де жарамай, шолтаң етіп ете шықпай қайтер
дейсің? Бұл өкінбейді. Өйткені өзі кінəлі. Өзінің ит мінезі кінəлі. Ит
мінездің арқасында бұл жазған өмір бойы басына дүниедегі
қиындықтың ылғи азабы мен ауырын тілеп алды. Бұл жаңа да сөйтті.
Бұнан ана тас қайнатар əлдеқайда кешелі боп шықты. Есіл-дерті арғы
беттегі қамау судың балығы бола тұрса да, көрмейсің бе, жеме-жемге
келгенде, қақпан үстін баспайтын кəркесте түлкідей қатерлі жерге аяқ
баспай қойды. Апыр-ай! Апырай, өзге өзге-ау, тіпті қиқар шал... Ол екеш
ол да шыр-шыр болды ғой. Шофер жағаласып рөлге жармасты. Сүйтсе
олар бұның ажалынан бұрын өлерін білген болды. Ажалынан бұрын
өлерін тек бұның өзі білмепті. Білмеді ме? Білсе де, бұны Бəкизат айта
беретін сол ит мінез... Жо-қ, мінезден көретін ештеңе жоқ; бұны
арандатқан өзінің тас маңдай тағдыры. Ендеше түсіне Көк Өгіз тегін
кірген жоқ. Бір өңірдің халқы беті-жүзіне қарап отырған қамау судың
балығын құрдым Көк Өгіз көл-мөлімен қоса жұтып қойғаны қайдан
тегін болсын. Бəсе, көз ашқалы қыр соңына түсіп алған қырсықтың
аяғы ақырында осындай бір кесапатқа əкеп соқтырмай тынбаса керекті. Е, міне!.. Соқтырды! Соқты! Көктен жай түскендей шатыр етті.
Машина тебеген аттай, артқы доңғалағын көтеріп мөңкіп-мөңкіп кетті.
Мөңкіген машинамен бірге бұ да ілгері қарай етбеттеп бара жатты. Бір
амал істемесе қазір-ақ маңдайымен мұзды сүзе құлайтындай. Онан
сайын зəресі қалмай, жандəрмен қолынан шығып бара жатқан рөлге
жармасып еді, бірақ қапелімде рөл уысына ілікпей, бауырында
бұлқынып-бұлқынып қалды. Артқы доңғалағы өтер-өтпесте шатыр
еткен мұз іле-шала күтірлеп ала жөнелді. Артқа қарай шойқаң етіп
отыра берген машинаны су астынан сопаң етіп атылып шыққан
соламандай бірдеңе артқы екі доңғалақтың арасына дүңк етіп қатты
соқты; оның сең екенін сен білген жоқсың. Жаныңды бір ажалдан алып
қалған осы сең екенін білсең де сен кейін ес-түсіңді жиғасын білгенсің.
Машина жаңағыдан кейін бойын тіпті билей алмай, екі жағына
кезек теңселіп, салдырлап-күлдірлеп ала жөнелді; сен шайқалақтап
құлап бара жаттың. Қос қолдап ұстай алған бауырыңдағы рөл өзіңмен
бірге аунады. Сен рөлдің астына түсіп, рөл сенің үстіңе шығып бара
жатты. Соның ар жағы... Құрсын, соның аржағын бұл кейін қанша
ойласа да, бас жоқ-аяқ жоқ, үзік-жұлық бірдеңе есіне түсті. Онда да
күтірлеген мұз; шайқалақтаған машина; шайқалақтаған машинаның
кабинасынан ұшып түсе жаздап, бөксесі былғаң етіп ана есікті бір,
мына есікті бір соқты. Жанталас үстінде жанарын билей алмай қалған
көз алақ-жұлақ; не боп, не қойып жатқанын білген жоқ; бар білгені –
аспан үстіне құлап бара жатқан сияқтанды. Ол өзі аспан ба, əлде басқа
ма, оны жөндеп айыра алмады. Не де болса, көзі шалып қалған тас
төбедегі сауыс-сауыс бірдеңенің шалғайы бұның құлап бара жатқан
жағына қарай бір бұлғаң етті. Сонан кейін бұл тіпті бойын билей алмай
шайқалақтаған машинамен бірге шайқалып, іле-шала екінші жағына
қарай жығыла бергенде жаңағы сауыс-сауыс нəрсе көз алдынан тағы
бір бұлаң берді. Бірақ оның неге бүйтіп бір олай, бір бұлай бұлғаңдап
жатқанын ойлауға шамасы келмеп еді; машина əлі де бір ана, бір мына
жағына аунап сарт-сұрт, салдыр-күлдір. Кузовта да əлде бірдеңе əлде
бірдеңені тепкілеп тарс-тарс, дүрс-дүрс. Жүрек шапшып алқымға
тығылды. Рөлден бір ұстап, бір айырылып қап жатқан қол қай жағын
қармаласа да, қатты бірдеңенің қырына тие берді. Төрт доңғалақ көк
тайғақ мұзға қайта тиіп дік-дік тұрар-тұрмаста машинаның бауыры
астынан су шалпылдады. Ілгері қарай лап берген су қапелімде
машинаның алдына шығып баратты. Аяғы газдан да, тормоздан да
шығып кеткен-ді. Екі аяқтың екеуінде де табан астындағы тілдей
темірді демеп жіберер дəрмен қалмаған. Екі қары салдырап көтертпеді.
Бір жақсысы... əйтеуір, мотор сөнген жоқ; машина да тоқтаған жоқ,
жүріп келеді; соған дəтке қуат қылды да, бауырындағы рөлге басын
салып жата кеткен еді-ау! Осыған дейін түп-түгел ширыққан жүйке
мен тұла бойдағы сірескен, құрысқан, тартылғандардың бəр-бəрі
құдды тарқатылған жіптей күрт босап еді; тек темір затында бола
бермейтін жансебіл өлермендік мына жаман машинаға қайдан
біткенін қайдам. Жаңағы жанталастан кейін төрт доңғалақ түгел су
кешіп, əлі де сырғанап келеді. Арғы бет жақын қалған сияқты. Сол
жақтан селдір қамыс, секейген бұталар көрінді. Заулап келе жатқан
машина емес, машинаға қарсы сирағы сидаңдап зырлап келе жатқан
арғы беттегі қамыстар мен бұталардың өздері сияқты. Əйтеуір қара
жер орнында екен. Аспан да орнында. Дүние жаралғалы қара жерге
жоғарыдан қарап мөлиетін де тұратын бұл байғұс та өзінің қара
орнында қалқиып тұр. Тек қыс пен күз аралығы болғасын ба, жауары
да, жаумасы да неғайбыл. Суық сұр бұлт жабағы жүнденіп, аспанның
сұрқын қашырып, салбырап-салбырап тұрған еді-ау. Ол ғой
желтоқсанның он жетісі еді... Сонан бері... он сегіз, он тоғыз, жиырма,
жиырма бір, жиырма екі... бүгін жиырма үші. Бүгін де, міне, дəл
сондағыдай, жабағы бұлт салбыраған сауыс-сауыс аспан. Сол күні
бұның көз жасы Құдайға жетті ме, əлде ата-баба аруағы қолдады ма,
əйтеуір қатыгез тағдырмен тайталасқан тағы бір жағаласта мына
жансебіл жаман машина екеуі жанын жалдап жүріп, өлдім-талдым
дегенде арғы беттегі қамау судағы балыққа қолы жеткен еді-ау. Есіне
тас қайнатар түсті де, күліп жіберді.
Жасаураған көздің жанарын билеп жоғары қарап еді... О, Жасаған!..
Жаппар Ие-ау, мына сұрғылт аспан салақ қатынның шалғайындай
сауыс-сауыс сиқына қарамай жымия ма, қалай? Өз екпінімен сырғанап
келе жатқан машинаның алдынан кенет атысқан-шабысқан бірдеңе
андыздап шыға келді. Сен ес жиям дегенше болмай, машина гүрс етіп
тұмсығымен соқты...
Осы оқиға кейін есіне талай түскен-ді. Түсіне де кірді. Түсінде де жер
астынан шыққандай қарсы алдынан ақсиған-сақсиған бірдеңелер шыға
келеді. Түсінде де дəл өңіндегідей, əлгі ақсиған-саңқиғандарға машина
тұмсығымен соғады. Содан кейін түсінде де əрқашан қара терге түсіп
ұрынып қалатын да, кеудесі қысылып, ыңырсып оянатын. Көзін удай
ашытып бара жатқан ащы терді көрпенің шалғайымен сүртер еді де,
ұйқылы-ояу жатып осы оқиғаның сонан арғы жағы қалай болғанын
еске алатын. Еске алған сайын сүймен ұшынан су шығатын жерден
аман өткеніне таң қалатын. Жаңа қатқан жас мұз... Бұл айналайын,
шынында да, жігіт десе жігіт екен ғой деп сүйсінетін. Сəптіреген сана
не боп, не қойғанын есіне жөндеп түсіре алмай, бірді бірге шатастыра
беретін. Кеудесін рөлге салып сұлық жатқан-ды; сонан бір кезде
əлдеқайдан алыстан шыққан бір ызың əлсіреп жеткен еді-ау. Бұл əуелі
мəн бермеді. Тек əлгі дыбыс құлағында қайта тірілгесін, зейін қойып
тыңдап еді; бұл жолы ызыңға əл бітіп, бірте-бірте бері жақындап келе
жатқан сияқтанды. Құлағын тігіп қайта тыңдағанда əлгі дыбыс
анығырақ есітіліп, мынау көп кісінің топырлап басқан аяғының дүрсілі
сияқтанған-ды. Иə, қателеспепті. Көп кісі дабырлап келуі келсе де
күресін мұзға тұмсығын соға тоқтаған машинаның артқы доңғалағына
деңгейлесе бергенде кілт тиыла қалды. Тыныштық ұзаған сайын
бұның да көңілі құлазып, жалғыздығын жаны күйзеле сезген-ді. Көңілі
босап, көзіне мөлтілдеп жас кеп қалды... Арт жақтан əлдебіреулер
аяғын ақырын, еппен басып келе жатқан сияқтанды. Міне, қасына кеп
мойнын созып кабинаға үңілді. Əлдебір қол бұны иығынан ақырын
қозғады. Балаша аялап жүрген əлгі қол рөлден бұның басын көтеріп
еді; тынысы кеңіп сала берді. Уһ-һ!..
– Əй!.. Тірі! Келіңдер!
– А, Құдай!.. Жасаған! Ие, азаматым аман екен ғой. Аман... Аман
екен...
Тəйірі, қуанған кісіде пəтуа болған ба. Жаңа ғана бірінің тасасына
бірі тығылып, бата алмай тұрған кісілер кенет дабырлап, үйме-жүйме
боп үстіне түсті де кетті.
Біреулер басын сүйеді. Біреулер терін сүртті. Біреулер саусақтары
қарысып қалған қолын рөлден жазса, енді біреу аузына су тосып абыржабыр. Бұл əлі де шала ұйқы кісідей сүлесоқ хəлден серпіле алмай
жатыр. Басын көтергісі келеді. Үйме-жүйме боп жатқан кісілерге
қарағысы келеді. Қарайтын да сияқты. Қараған сайын кісілердің жел
қаққан жылтыр қара бетінде қырық құбылған шексіз қуанышты көреді.
Ақсиған тістерін көреді. Арсалаңдаған, ыржалақтаған жүздерін көреді.
Дабырлаған дауыстар естіледі. Дəл осындай ес-түсі қалмай қуанған
халықты бұл бұрын да көрген-ді. Иə, көрген. Онда бұл əлі бала еді;
мектепке барып жүр ме, əлде барайын деп жүр ме еді? Айтқандай,
соғыс сол жылы біткен еді-ау. Əскерден қайтқан кісілердің алды елге
келе бастаған еді. Кім келсе де, жұрт алдынан жүгіріп шығатын. Егілтегіл боп жылап жүріп, азаматы аман оралғандар онда да дəл
мыналардай ыржалақтап күлген еді-ау! Сонда да көп арасынан сөзі
сыйлы біреу дауыс көтеріп дабырлап бара жатқан жұртқа басу айтқан
еді-ау! Сыйлы кісінің сөзінен кейін лажы құрыған жұрт тынышталған
еді-ау! Тынышталған жұрт кейін шегіне-шегіне ақырындап үйлеріне
тараса да, соғыстан əкесі оралмаған балалар мен байы оралмаған
қатындар – бəрібір кетпей, босағаға сүйеніп тұрып жаулықтың шетімен
аузын басып солқылдап жылай берген-ді.
– Айналайын-ай! Садағаң кетейін, азаматым-ай! – деп жұрттың
бəрінен кейін жеткен біреу аңырап қоя берді. Таныс дауыс сияқты
жəне кəрі кісінің даусы. Бірақ кім екенін білмеді де, есікті ашып, бір
аяғын сыртқа шығара беріп еді; біреу аяғын қос қолдап құшақтай алды:
– Азаматым! Қара қасқа атты Қамбарым!
– Көше-ке... қойыңыз...
– Қоям ғой, қоям ғой, қалқам.
– Көшеке, тұр! Тұрыңыз!
– Тұрам ғой, садағаң кетейін. Біз сияқты кеңірдегі қураған жаман
шал сенің садағаң кетсе болмас па. Апыр-ай, мен бейбақ қатерлі жерде
сені қалай алдыма салдым? Қыршын жасты көре көзге ажалға қалай
қидым екен? Соған дəтім қалай жетті? – деп, Көткеншек Көшен көңілін
тоқтата алмай, тері тон астынан иығы селкілдеп кете беріп еді-ау?
***
Тұмсығы жапырылған ескі машина жапан түзде құйындатып келеді.
Күні бойы алдына түсіп, ирелеңдеп ілгері жетелеп келе жатқан дала
жолы кейде алдағысы келгендей жусан арасына бұғып жасырына қап,
іле-шала "мен мұндамын ғой" дегендей əлдебір қоңыр төбенің
баурайынан ақсия қалады. Сол кезде бұ да көңілденіп:
– Бала, бас! – деп шофердың жанын ала түседі.
– Басар едім-ау, оған бірақ...
– Бірағың қай бірақ?
– Жолы құрғыр...
– Жолға қарама...
– Басеке-ау, жаман машинаны қиратып алсақ қайтеміз?
– Дəнеңе қылмайды, өзім списать етем.
Шофер бастығын бірінші рет көргендей таңданып басын шайқады.
Бұлар қай жылдан бері бірге істеп келе жатқан-ды. Бұдан бұрын да
бұлар үй көрмей апта жүріп, ай жүріп ауылға қайтқанда басқарманың
дəл бұлай дегбірі қалмай дігерлеп болған кезін көрген емес-ті. Осы
жолы... Иə, бұл осы жолы жұрттың бəрін таң қалдырған еді: жемежемге келгенде тас қайнатардың өзін тасқа отырғызып кетті.
Сырдарияның арғы бетіне аман-есен өткесін қамау судың балығын бір
күн, бір түн сүзген кісілер ертеңіне қалжыраған-ды. Үсті-басы су-су аш
кісілер аяғына əзер тұрған сияқты еді. Ас-су ішіп əлденіп алғылары
кеп, кел жағасында қаңырап бос қалған қамыс қосқа топырлап кірді.
Кіруін кірсе де, табалдырықтан аттай бере аңтарылып тұрып қалды.
Есік жоқ, терезе жоқ, жел ызғып түр екен, шофер əуелете ысқырып
жіберді.
– Бұның табылғанына шүкір,– деді Сары Иван.
– Иə, жоқтан жақсы ғой. Ал, кəне, тұрмаңдар! Есік, терезеге одеял
ұстаңдар. Ортаға маздатып от жағыңдар!
Мына сөзді шоферге қарап айтқан сияқты. Осы ауылдағы иегіне
қылтанақ шыққанның бəрі "алып кел", "барып келге" бұны жұмсайтын
əдеті. Бұрын бұндайда "мəмент" деп жүгіре жөнелуші еді, осы жолы бұ
да кереңденіп ала қойды. Қамау судың балығы бұлардың қашаннан
бері зарығып күткен қызығы еді ғой; жұрт өлген-тірілгеніне қарамай
қызығына түсіп кетті. Жастардан қалғысы келмей қатты қимылдаған
қара шал өз денесін өзі билей алмай, шофер баланың иығына асылып
жатып алды. Шофер езуінде бықсыған темекі тұқылын аяғының
астына түкіріп тастады да, бойын билей алмай былқ-сылқ тұрған
шалды белінен ұстап, бауырына тартып алды.
– Кел, ақсақал!.. Қамау судың құрметіне билеп жіберейік.
Қара шал ештеңе сезіп тұрған жоқ-ты. Тек мына көк соққырдың
жөніне тыныш қарап тұрмай, бұлайша неге аяқ астынан қойтаңдап
кеткеніне таңданғанша болмады, шофер жігіттерге көзін қысып:
– Ал, кəне... Ас-са! Ас-са!– деп қынаулы бір қимылмен құшағындағы
шалды ұршықтай үйіріп ортаға түсе берді.
– Əй!.. Əй, мына ит-шошқа қайтеді? Қайтеді, əй?..
О, Жасаған! Жаңа ғана көздері шүңірейіп, жағы солып құр сүлдері
тұрған ебіл-себіл кісілердің күнге күйген жүдеу жүзіне кенет күлкі
тепсініп, жанары шоқтанып қоя бергені.
Тау халқының би білгеннің де, білмегеннің де делебесін қоздырып,
əуейілендіріп жіберетін сазды сол арада тұрғандардың бəрі
көтермелеп күректей қолдар көк мүйіз алақанды жандыра сарт-сұрт
соғып ала жөнелді. Мына аңғал-саңғал қостың есік, терезесіне одеялды
кім ұстап, отынды кім əкеліп, отты кім жағатыны ешқайсының ойына
кіріп шыққан жоқ. Қос ішін жаңғырықтырып қол соғып жатқан жігіттер
жалма-жан араларын алқа қотандап ашып, ортаны кеңейтіп, кейін
ысырыла берді. Шофер бала қаpa шалды белінен тас қып қысып алған.
Əй-шəйге қаратпай, əлі де үйіріп жүр.
– Əй!.. Əй, мына қағынғыр қайтеді?.. əкесіндей кісіні...
Қара шал қанша бұлқынса да, шофер босатпай тəлтіректетіп үйіріп
жүр. Жігіттер көңіл көтеретін ермек қылғанға мəз. Ас-са! Ас-саға кек
мүйіз алақанның жаңғырығы қосылып, жел ызғып тұрған аңғал-саңғал
қос іші қапелімде дуылдады да кетті. Делебесі қозған біреулер қасында
тұрған біреулерді итермелеп ортаға түсті.
– Кет! Кет! Ой, найсап! Ойыны осылғыр! Əкесіндей кісіні тəлкек
қып,– деп қара шал əлі де азар-безер.
Бидің аяғы əнге айналды. Жел ызғыған қамыс қоста бірінің иығына
бірі қол салып, əн ырғағына қарай екі жағына кезек теңселіп қосылып
айтты. Жігіттер басқарманы орталарына алып тұрған-ды. Əншейінде,
осындайда көп ішінде ауыз ашпай, көзін төмен салып, ыржиып күліп
тұратын тұйық жігіт аяқ астынан əнге қалай қосылып кеткенін
байқамай қалған-ды.
"...Анаңнан сені тапқан айналайын..." дей берді де, кенет есіне қайын
енесі түсіп, шоқ тістеп алғандай қалт тоқтады. Бет өңі де шұғыл
бұзылып, сұп-сұр боп сазарып ала қойды. Көңілді кісілер бұның
бұлайша неге аяқ астынан түсі бұзылып, əнге қосылмай үн-түнсіз
сазарып тұрып қалғанын аңғармады.
Даусы келген-келмегеніне қарамай, өздері жақсы көретін əннің;
əсіресе осы жолына бар жанын салып жатқан-ды. Шофер ортаға
шығып, бір тізерлеп отыра қалды. Балықшылар өздерімен бірге алып
жүретін кішілеу жиде домбыраны баурына қысып алған. Шыққаншықпағанына қарамай, қос ішекті үсті-үстіне сабалап, əр əнге бір
қосылып, шеке тамыры білеудей боп барылдап жатыр. Домбыраны
көргенде, сен бір түрлі ұйқыдан оянғандай еңсеңді көтеріп ала
қойғансың-ды. Бұрын неғып байқамағаныңа таңың бар. Жаңағы
кішкентай жиде домбыраның қақпағы жарылыпты. Зауқы түскен кім
көрінген балық жеп отырып та майлы қолымен ұстап сарала-сатпақ.
Əкесі марқұм көзі тіріде осындай жиде домбыраның талайын
істеген-ді. Ол кезде осы өңірдегі елдің төрінде бір-бір жиде домбыра
ілулі тұратын. Жұрт əлі күнге ел ішіне тарап кеткен Əміржанның
домбырасын сұрамай танитын. Жидеден басқа ағаш болғанда
алдақашан қаусап қалар еді; теңіз кезген балықшылар өздерімен бірге
ойға, қырға сүйреп жатса да, жидеден шапқан домбыра шыдап
бағыпты. Тек ішегі ылғал тепкен бе, əлде қолы білмейтін кім көрінген
сабалап сілесін құртқан ба, бір кезде сұңқылдап тұратын шыққыр
домбыра шофердің қолына түскенде құдды тұмау тиген кісідей мыңқмыңқ етті:
– Бері əкел!
Шофер "шын ба?" дегендей басқармаға сенімсіздене қарады. Əкесі
сияқты, бұ да жұрт көзінше қолына домбыра ұстамаушы еді, сен "шын"
екенін растап, қолыңды созып:
– Бер!– дегесін, шофер сөзге келмей ұстата салды. Сен əуелі тиегін
дұрыстадың; сосын пернелерін басып көрдің; саға жақтағы бір-екі
пернені қозғап, құлағын келтіріп, күйін тапқасын да бауырыңа түскен
басыңды көтермей, бартиып ісінген бес саусақтың бесеуін бірдей
тигізіп, қос ішекті қарш еткізе бір қаққансың-ды. Жарықтық, əкесі де
үстетін; əлгіндей емес, келесіде қос ішектің үні кəдімгідей ширап
қалған еді; қос іші жым-жырт; таңданғанын жасырмай, тұс-тұстан
аңтарыла қарап қалған кісілерден қысылды ма, көзін көтерген жоқ.
Сылқылдап саз шығарған ішекті сабалай жөнелмей, бақандай
саусақтың бауыр жағымен сипап отырғандай. Сонан ба, қос ішектің үні
барған сайын көңілшектеніп барады. Бір дегеннен тартушы мен
тыңдаушының көкірегіне жармасқан бебеу үн əрі-берідесін тұла
бойындағы тамыр-тамырын солқылдатып суыра бастады.
Бұндайда, əдетте, қолына домбыра ұстаған кісі алқалы топтың
ортасына түскенде аруақтанып шыға келуші еді; бір орында құйрық
басып отыра алмай, көзі ойнақшып қозғалақтап болатын. Бұл болса
басы бауырына кіріп барады. Əншейінде, қандай ірі кісімен
қатарласқанда иығы асып шыға келетін нар тұлға да бұл жолы
бүктеліп қапты. Бауырындағы домбыраның қос ішегіне қосылып
жылап отыр ма? Əйтеуір, баяғыдағы біреудің көй-көйіне көкірегі қарс
айрылып барады. Енді тек еңіреп жіберетін жерге келгенде басын
көтерді. Бірақ көзі анталап отырған кісілердің ешқайсысына түспей,
əуелеп аспанға қарай берді. Сосын балықшылар да бұның көзінің
қимылына ілесіп қамыс қостың төбесіне назар аударып еді; бұл кенет
қос ішекті ескек, таяу болмаса, онан өзгені олқысынатын күректей
мүйіз қолдың алақанымен тас қып басты да, қыбыр етпей отырып
қалды.
– Айналайын-ай, сен де бұндай ма едің?– деді жұрттан бұрын есін
жиған Кешен.
– Е, сен соны жаңа білдің бе? Қыршаңқы қазымыр неме, сен кісіден
мін іздеп шақылдағаның болмаса, қасындағылардың қай қасиетін
көріп едің.
– Тəйт! Тəйт əрі! Қарғасам да, сілесем де өз балаларым. Е, сондай-ақ
мен қай қазаққа қазымыр боппын.
– Е, бəрекелді! Таласа бауырындағы күшіктерін талайтын қара
төбетпін де.
Көткеншек Көшен өзін тақымдап қоймай бара жатқан мына кісіден
сырт айналып, кереңдене қойды.
– Апыр-ай, өнерлі итке дауа жоқ-ау! Қуанышым үстінде қарық қып
тастадың-ау! Айналайын, Жəдігержан, өркенің өссін!– деді Көткеншек
Көшен.
Қос іші көңілденіп сала берді. Жұрт дабырлап қошемет-қолпаш тұстұстан жауа бастағанда, бұл ертеден бергі өз қылығынан өзі
қысылғандай домбыраны іргеге сүйей салды. Лып етіп түрегелді. Қақ
жарылып жол берген кісілердің арасымен жылдам басып сыртқа
шығып бара жатып:
– Жүр,– деп шоферге иек қаққан еді; сыртқа шыққан бойда,– Кеттік!–
деп əмір еткен-ді. Тұмсығы жапырылған машина жуық арада от
алмады. Басқарманың жүргелі жатқанынан бейхабар кісілер оңаша
қалғасын қамыс қосты бастарына көтеріп қауқылдасып кетті:
– Əй, мынау өнерлі боп шықты!
– Ойбай, əлемет... Тек бұл айналайын да əкесі сияқты Құдай берген
өнерді көп алдына шығып көрсете бермейді ғой.
Ескі мотор дүр етті. Қызып алғанша əдеттегідей қалшылдапселкілдеп кісінің зықын алып еді; бірақ айдау жолға түсіп, ауылға бет
түзегесін тұмсығы жапырылған алқам-салқам жаман машина жүрісін
түзеп, шөбі күйген сұрқай далада құйындатып ала жөнелген еді-ау.
– Бас, бала!– деген еді-ау бұл.
– Мəмент, басеке!– деген еді ғой шофер бала құнжыңдап...
Радиаторда су сарқ-сарқ қайнап, капот астынан ыстық бу қаттырақ
бұрқырап, ескі мотор ышқынып, əсіресе əлгінің "мəментінен" кейін
дарылдап ала жөнелген еді.
– Басеке, жеңгейге асығып келесіз ғой? Түсінем, хехе-хее...– деп едіау!
Екінші бөлім
Бел-Аранның ығында отырған балықшылар поселкасының орта
тұсындағы еңселі биік үйге қатарласа бергенде сен машинадан қарғып
түсіп едің ғой. Əлдене дегелі кабинадан мойнын созған шоферге
қайырылған да жоқсың-ды. Есікті асығыс ашып, кіріп барғанда, қызы
мен əйелі киініп жатыр екен. Сен табалдырықтан аттап кіре сала:
– Ей!.. Ей, барасың қайда, қайда мені тастап?– деп ойламаған жерден
ойнақыланып, қайдағы бір өлең жолы тіліңе орала кетті.
– Өзің көңілдісің ғой?
– Иə, көңілдімін... Көңілдімін, Бəтіш...
Бəкизат ыржалақтаған түріңді ұнатпай назарын тіктей түсті де,
көзін тайдырып əкетті; лəм деген жоқ; қызын жетелеп есікке қарай
беттей бергенде, сен дереу жолын кеселеп тұра қалдың:
– Бəтіш... айналайын, тоқташы. Қайда бара жатырсыңдар?
– Бала – оқуға, мен – жұмысқа...
– Жібермеймін.
– Есің дұрыс емес шығар.
– Иə, есім дұрыс емес. Оо-о!
Онсыз да қалай құтыларын білмей, шарасы құрып тұрған келіншек
пен кішкентай қызға, сол арада, шынында да, сен əлдебір ақыл-есі
ауысқан деліқұл, есерсоқ кісідей көзіңді алартып, аузы-басың да
қисаңдап, бас салып құшақтамақ болғансың-ды. Тұла бойың шырыш,
балық сасып түр. Үстіңдегі киімнен де бұларға мүлде беймағлұм басқа
ел, жер, судың, шөптің ию-қию исі аңқып кетті.
Кішкентай қыз тыжырынып, бетін бұрды.
– Баланы жібер. Оқуынан қалып барады.
Əншейінде де ренішке бейім тұратын етшең ернін жымқырып апты.
Жазған басың сен оны кеш байқадың. Ана жақта өткен ауыр күндердің
бейнеті мен азабы артта қалып, енді, міне, үйге кеп қатын балаға
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 06
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654