Latin

Соңғы парыз - 18

Total number of words is 4359
Total number of unique words is 2272
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тап беріпті. Ешкімнің беті-жүзіне қарамай, үлкенге де, кішіге де қамшы
сілтеп, оң келгенін оң, сол келгенін сол ұрыпты. Жұртта ес-түс
қалмаған. Əншейінде жер қозғалса қозғалмайтын жігіттің енді қазір
құдды жын ұрғандай ала көзі ақиып, бет-аузы қисайып кеткен. Жұртта
зəре қалған жоқ.
– Мына сорлыға бірдеңе болған шығар?
– Сау емес.
–Жазым ғып тастар... Ойбай, жүр! Жүр, кетейік!
– Қашыңдар!
– Иə, кетейік!– деп жұрт бықпырт тигендей, бет-бетіне безіп бара
жатты. Сары Иван мен Көткеншек Көшен де қашқан кісілердің
арасында саған қайта-қайта жалтақтап қарап, ықтап барады. Тек
шофер бала тұрған орнынан тапжылған жоқ. Қолында машинаны
бұрайтын темір. Жаман машинаның астынан жаңа ғана шыққаны
көрініп тұр. Беті-аузы, басындағы жыпырайған кепка мен үстіндегі
киімі май-май.
– Ой, күлді-күйелеш ит!
Бұған да тап берді. Қамшымен шолақ шалбардың балағынан сидиып
шығып тұрған сирағын дəл қызыл тобықтан остырта тартып-тартып
жіберіп еді. Шофер былқ етпеді. Сен қамшыны қайта көтеріп алсаң да,
бірақ қайтеріңді білмей, қолың ауада асылып тұрып қалды.
– Кет! Жоғал!
Шофердің көзінен жас мөлт етті. Қаһарлана көтерген қолың сылқ
етіп түсіп кетті. Қамшыны лақтырып жібердің де, парторг осы араға
əкеп байлаған торы төбелге қарғып міндің.
– Əй, жолдас, тоқта! Қайда барасың? Сөйлесуіміз керек.
Aт тізгінін қолыңа жиып алам дегенше, қасыңа қапталдасып келіп
қалған парторгке бұрылдың:
– Теңізге барып, мұзға балықшыларды шығаруға бола ма, жоқ па
көріп қайтам,– дедің де, атты тебініп жүріп кеттің.
– Мұз əлсіз ғой. Балықшыларды мұзға бүгін-ертең шығаруға
болмайды. Тек айналма, тез орал!– деді парторг соңыңнан дауыстап...
Сен жуық арада орала қоймасыңды білдің. Ауыл алдындағы қара
жардың құлауынан қиялай түсіп, торы атты жағаға тұсап қалдырған
едің де, аржағына жаяулап кеткен едің-ау. Түнде жауған көбік қар
ақырын алған аяқ астында сықыр-сықыр. Жапан түзге шыққасын да
Сары Шая есінен бір сəт шықпай, шарылдап аяғына оралып жатқандай.
Ширыққан жүйкең онан сайын шиыршық атып, сен енді ауыр етік
киген аяғыңды арпаң-тарпаңдап жеделдете басқансың-ды, ішің
өртеніп барады. Тұла бойыңды кернеген ыза ашу былайғы кездегі
сылбыр ізіне жан бітіріп ақ қарды арбаңдап басқан ізіңді тағы да іздеп
таптың. Таптың да, міне, тағы да көзіңді ала алмай арбалып тұрсың.
Апырау, бүгін бұған не болды? Неге із ойын баурап алды? Сондай-ақ,
теңіздің арғы-бергі бетінде бұның талай ізі жосылып жатқан жоқ па?
Солардың біріне назар аудармай келіп, мына із көңілі мен көзін арбап,
бұған неге осынша мəн, мағына беріп əлек боп тұр? Бұнда не сыр бар?
Фəни жалғанға келген, кеткен жалғыз бұл ма екен? Бұнан бұрынғылар
да өзінен кейінгі ұрпақтан ілтифат, ықылас дəметіп, олар да артына із
қалдырмаушы ма еді. Сонда олар да соңыра тау кезіп, таспен тілдесіп
жүретін əне бір жүн бет əпенде жігіттер бір кез Бел-Аранға душар
келіп, назарына ілігер деген есек дəме ме? Солай ма? Сол ой бұның да
мазасын алып тұр ма? Əй, қайдам... Баяғыда дүние ауғандар мен
дүниеде дүбір салып жүргендердің арасы үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты,
дəуір мен дəуірді бір-біріне жалғастырып келе жатқан түптің түбіндегі
күре тамыр – осы із емес пе? Бəсе, солай ғой! Əлгі бет аузы жүн-жүн
əпенде балалар... Сол қарақтарым тау кезіп жүріп Бел-Аранның
бауырынан тұла бойын қына басқан əлдебір көк тасқа тіл бітіріп,
бұлардың да дəуірін сөйлететін болар-ау! Сонда жер бетіндегі мың,
миллион іздің ішінен бұлардың ізін де табар ма екен?
Жəдігер мырс етті. Ызалы ащы мысқыл бетіндегі бар-бар түктері
боз қырауланып алған сұп-сұр өңінен көпке дейін айықпады. "Омай!..
Омай шіркін,– деді өзін-өзі мысқылдап.– Өмірінде түк бітірмей, бір
тұтам өмірді пұшайманмен өткізген неменің дəмесін қарай көр!".
Жəдігер көзін ізден алған жоқ. Шар-шар еткен Сары Шаяның даусы
да бір алыстап, бір жақындап құлағын шағып тұрып алды. Төбелес
үстінде аңғармаған бір нəрсе есіне осы арада түсті. Шар-шар етіп
жатқан Сары Шая қанды көргенде үні неге кілт өшті. Ол неге сол арада
мұрнының қанын бетіне алақанымен үйкеп жағып-жағып жібере
салды да, Жəдігердің онсыз да кіжіне сілтеп жатқан шойын қара
жұдырығына өзі қарсы ұмтылып, аузын, мұрнын тосты? Көзін тосты.
Неге үйтті? Бəсе, онысы не? Өзіңдей кісіден қызыл ала қан боп таяқ
жегеніне қорланып, қолында өлгісі келген көкбеттік пе? Əлде, тоқта!..
Иə, иə... Ой, сұм-ай... Көз шықса, мұрын бұзылса, тіс сынса, соңыра сотқа
барғанда мойын бұрғызбайтын факті екен-ау! Соны көздеген екен-ау!
Бұл оның кісіні су түбіне батырмақ болғанда істейтін тəсілі екен ғой!
Апыр-ай, мына Сары Шая, шынында да, сары шаян боп шықты-ау.
Өлімге басын тіккенде өзін-өзі шағатын кəдімгі сары шаян. Көре қал,
ол енді бұның соңына шырақ алып түседі. Құдай біледі, ол ғой, қазір
қалтасын актіге толтырып алып, ауданға шапты. Сотқа, прокурорға...
Сосын, салып ұрып Қозы Қарынның өзіне баратын болар? Ал, барды:
қаралайтын қағаздарды алдына жайып салды. Сонда анау кəйтер екен?
Қолын қарнының үстіне тарақтап алып, Сары Шаяға кілмек көзі
күлімсірей қарап: "Маладес!.. Маладес!" дер ме екен?..
Көре қал, Сары Шая ауданнан ештеңе шығара алмаса, облысқа
шабады. Облыстан шықпаса, онан жоғарыға барады. Аяғы жеткен
жердің бəріне барып, бұның үстіне бəле-жəлені үйіп-төгеді-ау! Сосын,
елге қайтып келгесін кісі басы құралған жерде қиқ-қиқ күліп: "Інім
болса қайтейін. Тура биде туған жоқ. Жаман неме жетекке жүрмеді.
Онымен де қоймай, маған текешік қылам деді. Сосын қайтейін, шірік
немені су түбіне батырдым да жібердім. Менімен ойнамаңдар. Менімен
ойнасаң, бəріңді де осылай, су түбіне батырам",– деп жұртқа көрсеткен
қоқан-лоқысы-ау ол сұмырайдың?
Иə, бұл бүгін Сары Шая салған лаңнан кейін үйге сыймады. Ыза мен
намыс өртеп бара жатқасын тор атқа қарғып мініп, теңізге бет қойып
тартып кеткенде, ауыл үйдің сыпсыңы мен сықсыңынан ғана аулақ
болғысы келген жоқ-ты. Бəрінен бұрын ойраны шыққан от басында
жүйкесі құрып отырып қалған кəрі ананың жүзін көру аса қиын соққанды. Атты жағада тұсап қалдырып, ал өзі балықшы ауылдың бет
алдында жаңа қатқан жас мұздың кісі көтеретін жеріне дейін барған
еді де, тоқтаған еді ғой. Сол арадан əлі тырп еткен жоқ; ықсыз, панасыз
ашық теңіз үстінде күні бойы екі аяғынан сарсылып тұра-тұра уақыт
өткізе алмай азапқа түсті.
Сағаты үйде қапты. Уақыттың қай шама болғанын біле алмай, қайтақайта аспанға қарады. Қанша қараса да... Жасаған-ау, қысқы күннің
қысқа болатыны қайда? Əдетте, теңізге шыққан балықшы мұз
астындағы бір-екі тартым ауды қарап шыққанша қысқы күн шыбыш
ешкі құйрығындай шолтаң ете қалмаушы ма еді? Ертеден бері бір
орында табанынан тозып тұра-тұра шыдамы таусылған бір кезде
қалжыраған көздің жанарын жиып көкке қарап еді, əлгінде еңкейіп
бесіндікке барып қалған күн əлі де сол орнында тапжылмай тұрып
апты. Күндізгі суық сұр бұлт қазір көк жүзін қалыңдап басып, тұтаса
бастапты. Қиыршық қатты қар қыламықтай түсті де, кенет сап боп
тиыла қалды. Жəдігер үйге қайтқысы келді. Ойраны шыққан от басын,
шынашақтай сырқат баласын, карт анасын ойлап мазасыздана
бастады. Анасы қайратты еді. Ана жылы соғыста қаза тапқан үш
баласы мен бір аяғын оққа жұлғызып кеп, көп кідірмей қайтыс болтан
шалын жерлегенде де белін қайғыға бере қоймаған-ды. Əсіресе,
балалардың алдында қабағына қайғы жолатпай, бұрынғысындай
жарқылдап жүрсе де, екі жыл шалын қатты іздеді. Əсіресе, алғашқы
жылы балаларына білдірмей, қараша іңгеннің ботасын қараған боп
күнде-күнде ауыл сыртындағы қорымға баратын. Көп моланың шет
жағында шөккен нардай жоны күдірейіп жатқан жас бейіттің құбыла
бетіне жантая қисаятын. Сосын мынау əлдеқашан тəні топырақ боп
кеткен өлік емес, құдды көк теңізде балық аулап титығы құрып кеп,
енді көз іліндіріп алайын деп жамылғы астында бүркеніп жатқан
кешегі қара шалына үй ішінің əдеттегі тірлігін сыр ғып айтқандай,
томпайған топырақты алақанымен сипап отырып əңгіме шертетін.
Сонда ол: "шалым-ау, жатсың ба?" дейтін. Қажыңқы даусын сонан
кейін де көтермей, шалының көзі тірісінде келін-бала үйде жоқта,
оңашада, от басында екеуара шай ішіп отырғандағы жайбарақат
əуенмен əңгімені сонан ары соза түсер еді; сонда ол: "күйеудегі
қыздарың аман. Шүкір, ел қатарлы біреуден кем, біреуден артық өмір
сүріп жатыр. Ал жалғыз бала... Есіңде ме, ылғи да бір жаққа жолға
шығып кеткенде, сол шіркінді сен бір сəт ойыңнан шығармай; "е,
Құдай, жалғыздың жанына жамандық бере көрме" деп сыртынан
тілегін тілеп жүретін жаман қараң ... о да, шүкір, аман. Теңіздің арғы
бетінде қостанып балық аулап жүр. Басқа өзгеріс жоқ. Айтпақшы,
ұмытып барам екен. Қараша інген суалады-ау деймін. Ботасын
баурына жолатпай қойды..." деп дүние салғанына бір жыл болған
шалына от басының күнделік жаңалығын айтып, іштегі шерін
тарқатып қайтатын.
Ал кеше шалының көзі тіріде бұлардың арасында да əртүрлі жағдай
болатын. Əдетте, шүйкедей қара кемпірден балалар ғана емес, көзі
тіріде əкесі де айтқанын істеп, ығын алып отыратын. Үй ішінде əлде
бір шаруаның шеті шыға қалса, əкесі марқұм «анаңмен ақылдас" деп, от
басының билігінен өзі сыртқары қала беретін. Қой аузынан шөп
алмайтын сол жуас əке бір жолы... Тоқта... Сол өзі қалай болып еді?
Ертеңгі шай үстінде əкесі мен шешесі тілге кеп қалды. Бұл оған мəн
бере қойған жоқ. Үйткені, болмашы бірдеңеден басталған кикілжіңнің
аяғы ушығады екен, дастархан жиналып сыртқа шыққасын тіріде
ұмытылмастай ыңғайсыз оқиғаға айналады екен деп, бұл өз басы, сірə
да, ойлаған емес-ті. Сыртқа шыққасын əкесінің іштегі реніші үдеп, ақыр
аяғында ызаға, ашуға айналды.
Ал шалының ашуы анасының кəперіне кіріп шыққан жоқ. Қараша
іңгеннің былтыр жазда күзеп алған балақ жүнін қолына ұстай шыққанды. Күншуаққа төсеген тері тулаққа отырды да, дорбадағы жүнді
саусағы жыпылдап түтіп отыра берді. Əкесінің жынына тиген де сол
болды. Кемпіріне жетіп барып, қаһарын төгіп, қалш-қалш етіп тұрған
сияқты еді; Жəдігер оның қолындағы қамшыны көтеріп алғанын
байқамай қалды. Есін енді жиям дегенше қамшы сартылдап ала
жөнелді. Жəдігер атылып барды да, əкенің қолынан қамшыны жұлып
алды. Ажырая қараған əкеге бұ да дір-дір етіп, қос қолымен кеудесінен
тіреп тұрғанын кейін білді. Онда да жетіп келген анасы ақырып:
– Ой, қара бет! Тарт қолыңды шалымнан,– деп жағынан тартып
жібергенде, бұ да есін жиған-ды. Сүйтсе, анасы қамшы ұшырып
түсірген қақыра жаулыққа да қарамай, атып тұрып əке мен бала
арасына кимелеп тұра қалған екен.
– Өзі... өзі неге... Сені...– деді бұл міңгірлеп.
– Ой, күшік! Тісі шықса, ала күшік атасын талайтын. Сен ақымақ
маған шалымнан жақын болмақсың ба? Тұтақ?!..
– Апа-ау...
– Тəйт арман. Тыңдамаймын. Бүгін атасын жағадан алған бала, ертең
анасын шашынан сүйремесіне кім кепіл. Кет! Жоғал, көзіме көрінбе!
Сонан қашан əкесі көз жұмғанша, бұл оның бетіне қарай алмай,
ұяттан беті күйіп жүрген-ді. Ертедегі қазақтың білмегені бір басына
жететін шығар-ау. Бірақ сол аруағыңнан айналайындардың ата-ананы,
əрілесе исі үлкенді силап, өзінен кейінгі ұрпақты инабаттылық пен
имандылыққа тəрбиелеген сол қасиетін, əттең дүние-ай,мына
имансыздар ұмытып барады-ау.
***
Жəдігердің үйге қайтқысы кеп тұр. От басына түскен қиындық
қанша ауыр болса да, анасын жалғыз қалдырмай, қасында бірге
болғысы келді. Алды-артында не ық, не пана жоқ аңыраған ашық теңіз
үстінде күні ұзын екі аяқтан сарсылып тұра-тұра жілігі де жеміріліп
барады. Ертеден бері иттей талап жатқан мына ашқарақ ойлардан да
зықы кетіп болды. Жалғыз кісіге жер бетіндегі пəленің бəрі үйір ме?
Күні бойы қай-қайдағы ой қамап, құдды ит бауырынан өрген күшіктей
қыңсылап, ұлып, бұл сорлының жанын шығарып, жабылып талап
жатыр, талап жатыр. Өздері неткен ызалы! Бұрын да бұндай ой да,
уайым да бір басына жететін. Бүгін тіпті өріп кетті. Тұла бойында тіс
тимеген сау тамтық қалмады. Бір удай ащы тырнақ бұның ауырып
тұрған жерін тағы да қанын ағыза осып алады. Көкірегі құрғыр ана
жақта астаң-кестеңі шыққан үйді сезіп тұр. Топырлап кіріп-шығып
жатқан түсі суық кісілерді де көретін сияқты. Құдай біледі, қарт ана
өзінің пеш түбіндегі дағдылы орнында ауру немересін бауырына
қысып тырп етпей, тістеніп алған болар-ау! Мына астаң-кестеңмен
тіпті ісі жоқ. Топырлап кіріп-шығып жатқан түсі суық кісілерді де
көзіне ілмей, қақыра жаулық қайқайып тіп-тік боп алмады дейсің бе?
Тек бауырындағы немеренің үйге келген лаңнан есі шығып кеткен.
Бүгін азаннан бері үй ішіндегі дүние-мүлікті əлдебіреулер құшақтап,
екеу-екеуден қолдасып көтеріп əкетіп жатқан абыр-сабырға ақыл-есі
кеміс сорлы бала... балапаны үрейлене қарап, өкіріп жылап жіберуге
бата алмай дір-дір етіп отыр ма, кім білсін? Əрине, олар шүйкедей
кемпір мен шынашақтай баланы қайтсін. Дабырлап, даурыға сөйлейді.
Дүрсілдеп кіреді. Көп бөлмелі үйдің əр есігін сарт-сұрт ашып, іштегі
жиһазды жау тигендей сыртқа алып шығып, машинаға тиеп астаңкестең қып жатқанда кəрі қақсал оларға ана жақтан əмір беріп сөйлеп
келе жатады. Үлкен бөлменің бір қабырғасын тұтас алып жатқан
кілемді нұсқап: "бұны да алыңдар! Бұл Еңбек Озатына бес жылдық
жоспарды үш жылда орындағаны үшін сыйға берген жүлде емес, өзіміз
алған дүние",– деді-ау? Иə, сүйдеді. Кəрі қақсалдың басқаша деуі мүмкін
емес.
Апырай, анасы пақыр бұл қорлыққа қалай шыдады екен? Əрине,
өркөкірек ана ұрынарға қара таппай тепсініп жүрген көк айыл
қақсалды қайтсін. Көзіне де ілмеген шығар. Бір сөзін жүрегіне
дарытпай, өзінің өрлігі мен ірілігіне басып тас түйін боп бекіп алмады
дейсің бе? Өзі білетін анасы болса, ақиқат сүйтті. Сосын, салғыласқан
қатын ұрыстан бойын аулақ ұстайтын айналайын ақ анасы сыртына
шығарып айтпаса да, ішінен: "осы үйдегінің түгін қалдырмай түгел ал!
Сыпырып əкет!"– деді ғой. Сосын тағы да ішінен: "боқ дүниенің
əуселесі белгілі еді ғой. Біз түгіл, айналайын ата-бабаның тістесіп
жиған дүние – мүлкі бір ұрпаққа бұйырмай, кезенген жаудың жетегі
мен қанжығасында кетпеп пе еді?" деді ғой. Онан кеше, балшевек
балалардың заманында қатын-баланы аз ғана малдың ағымен алдап,
қоңымен күнелтіп, үстінен жонып жеп отырған елдің тышқақ лағына
дейін сыпырып əкетпеді ме? Сол жылы қырда қыс қатты болып еді ғой.
Малынан айрылған халық қара суық ұрған қара шыбындай қырылмап
па еді? Ту-ту, баяғы ақтабан шұбырынды басына қайта туған бишара
халық қыстың көзі қырауда мына жағы Ресейге, ана жағы Қытайға
боспады ма? Ызғырық боранда аштан, суықтан қырылған қатын-бала,
кəрі-жас қақпағымен қырылып жатқанда, сол жарықтықтардың керек
десе, сүйегі де көмусіз қалмап па еді? Сонда осы адыра қалғыр боқ
дүние аш халыққа жүрек жалғар не ас болуға, не көмусіз қалған
қарақтарыма кебін болуға жарап па еді? О, дариға!.. Заманында
бұлғақтаған қазақтың талай боздағының түндігі ашусыз қалған ақ
ордаларда сол адыра қалғыр боқ дүние – қалы кілем, құндыз ішік, түлкі
ішік, қасқыр ішік, жиһаз-мүлік жинауымен қалмап па еді? Ұзататын
қыздың жасауы, жаңа түскен жас келіншектің өзімен келген дүниемүлік босқан елдің жұртында көзден біp-6ip ұшып қалып бара
жатқанда... ой, дүние-ай, күңіренген сорлылар: "алтын, күміс тас екен,
арпа, бидай ас екен" деп, өзінен кейінгі ұрпаққа зарын қалдырып
кетпеп пе еді?
Тек жарықтық теңіз ғой бұлардың жанын сақтап қалған. Өзен
жағалағандардың өзегі талған жоқ. Ал атты кісі араға үш қонып
баратын мына тұрған Шалқар, Ырғыз қара шыбындай қырылды ғой.
Жəдігержанның əкесінің Шалқарда тұратын жалғыз інісі үй іші толған
бала еді; содан тек біреу қалды емес пе? Жақсы жігіт еді. Бишара он
балаға ас тауып бере алмай жаны қысылғанда үйдегі бетке ұстаған
жалғыз кілемді көшеге алып шығып бір үзім нанға өткізе алмапты.
Тарыққанда асыл дүние талшық болуға жарамағанда, аруағыңнан
айналайын қайнысы əлгі қырмызы қызыл кілемді аяғымен тепкілептепкілеп, табанына басып тұрып пышақпен паршалап турап-турап
тастап еді. Бұл сол боқ дүние ғой. Кімнен қалмаған адыраға бола
арымды төгем. Осы үйде кəдеге жараған тағы қандай жылтырақ бар.
Түгін қалдырмай, түгел ал! Бəрін əкет! Үстімде мына қара шаңырақ
қалқиып тұрса, қара бала аман болса, қара қазан үш мезгіл қайнаса,
ендігі қалған тірлікке сол жетеді. Соған қанағат!..
Жəдігер көзінен мөлт-мөлт аққан жасты сүртпеді.
***
Жəдігер қырауытқан кірпік астынан ақ қарда шұбалып жатқан ізден
көзін алмай, сүлесоқ қарап тұрды да, кенет мырс етті. Адам шіркін өмір
бойы жоқтан жұбаныш іздеп, өзін-өзі алдаумен келеді. Бұ да бүгіндікке
соңындағы мына ізден мағына, мəн таппақ боп əлек. Шынында, бұнда
не мағына болуы мүмкін? Итыржыңмен өткен өмір сияқты мына із де
мықтағанда бүгін, не ертең жауған бір қар, бір үрлеген боранмен
көміледі де қалады. Өзінің де осы ізден артықшылығы шамалы.
Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара
жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген əлгі
із сияқты сен де зым-зия жоқсың.
Жə, сонда адам өмірінің мəні неде? Егер жарық дүниеге шыр етіп
келген əр пенде өз тірлігінің ақыры бір жауған қар, бір бораған
топырақпен көміліп қалатын із сияқты кемді күн көңіл алдар бірдеңе
болса... Тоқта!.. Сонда, бəтір-ау, адам байқұсқа жарық көрудің қажеті
қанша? Ана сорлы жатырында ақ жұмыртқа, сары уызды тоғыз ай,
тоғыз күн шайқап, толғақ азабын шегіп, тек ата-ана ғана емес, ағайынтума, ауыл-аймақ жарық дүниеге тағы бір адам келді деп ел-жұрт боп
қуануда қажет бар ма еді?
Жə, дүниеге адам келді екен. Жұрт қуанды екен. Ал ертең?...
Соңырағы күн?.. Тірлікте татар дəм соңыра таусылғанда ше? Кеше
туғаныңа қуанған халық ертең өлгеніңе аңырап, қара жамылып жатса...
Кеше адам туған ана əлгінде ғана жанын көзіне келтірген толғақтың
азабы есінен тарс шығып, ақ жаулықты алшысынан сап, аяқты алшаңалшаң басып жұрт алдына шыққанда ғой, сол күні жер бетіне онан
асқан бақытты жан бар ма еді? Енді сол ана соңырағы күні кеше
дүниеге əкелген азаматты ысырат сапарына жөнелтіп, басына қара
жамылып, аңырап бетін алып салғанда, мына жарық жалғанда онан
асқан бақытсыз жан бола ма?
Тоқта! Тоқта, сонда жарық күннің арты қараңғы түн болса, бүгін
туған кісі ертең өлу үшін дүниеге келсе, бүгінгі қуаныш ертең қара
жамылар қайғының басы болса, осы адам кемді күнгі алдамшы
жалғанға неге өлімін салады? Бүгін қолы жеткен болмашы бірдеңеге
мəз боп бөркін аспанға атқан адам ертең əлдебір шаруасы ойлаған
жерден шықпаса, құдды суы тартылған көлдей көңілі пəс бола
қалатыны не? Неге сүйтеді? Не-ге?.. Жə, басқаны қайтесің... Сен өзің ше?
Кеше балықшыларды ойға, қырға сүйрегенде, сенің де аржақ ойың
белгілі еді ғой. Құдай құрамаған байлық пен барлыққа өліміңді сатып,
Тəңірінің бермесін тартып алам дедің. Сүйтіп, Амударияның лай
балығына қарық болдың. Сүйтіп, сенің Сырдариядағы қамау судың
балығына қолың жетті. Іші-сыртың майланды. Ал, кəне, ойланшы.
Соның бəрі кемді күн көңіл делбеу, өзіңді өзің алдарқату емес пе? Əне
бір сахара шөлде қаны кеуіп, есінен танып құлаған кісінің өлі мен тірі
арасында талықсып жатқанда түсінде мейірі қанып су ішкеніндей ғана
алдамшы жұбаныш емес пе еді? Тіпті сол көзің тірідегі кемді-күнгі
байлық пен барлықта, əрілесе басыңа қонған бақыт шіркін де əлгі бір
тау басына айналған бұлттай, бір соққан дауыл, бір үрлеген желден
қалмайтын түбі бос еді ғой. Соның бəрі мықтағанда байсыраған дозақы
қатынның еркек исі аңқыған мəкіру төсекте бір аунап тұрған
лəззатынан несі артық? Сен, міне, маңдайыңа жазған бір тұтам
өміріңнің ақырғы қадамын аяғыңмен басып тұрсың. Басқаны қойғанда,
арпалыспен өткен кешегі күндерден сенің жадыңда не қалды?
Уысыңда ұстап қалған не бар?
Жəдігер күрсінді. Еркіне жіберсе, осы қазір еңіреп қоя беретін
болғасын дыбысын шығармай тістеніп алған. Опасыз өмірдің өкініш
пен күйігі көкірегін өртеп, у мен дерт іші бауырын жалап бара
жатқанда, кəне, айтшы кім, қай пенде итше ұлымап еді?
Жəдігер тұла бойы тітіреп баратқанын байқады. Ол не? Сүйексүйегінен өтіп бара жатқан бүгінгі күннің суығы ма? Əлде өз басына
таялған тықырды сезгені ме? Бірақ оны өзі білген жоқ еді.
***
Күн шұғыл кешкірді. Жəдігер бүгін ертеңгісін кеп тоқтаған жерден
əлі тапжылған жоқ. Арты Бел-Аран. Оның аржағы – далиған Арал
даласы. Алды өкірген теңіз. Теңіз бен даланың екі арасындағы жаңа
қатқан жас мұздың кісі көтеретін жеріне етігінің тұмсығын тірей
тоқтаған еді. Соның аржағы əлі қатпаған. Əншейінде шексіз көрінетін
далиған дүниенің бұл қазір, таусылған жеріне кеп тұрғандай. Ақырғы
ізі, міне, аяқ астына кеп жығылған. Осынау дүниеде не алға, не артқа
басар жер қалмай, жолы таусылып тұрғандай.
Кəне, қайда барады? Кімге барады? Мына арқыраған,
сарқырағанның аржағында адам аяқ басар ұлтарақтай жер бар ма?
Оның аржағында, сірə, аспан, жер-су, ел-жұрт жоқтай. Баяғыда
балықшы ауылдың қариялары осынау дүниеде өздерінің қолынан
келмеген арманның небір асқағын əлдеқашан игілігіне айналдырып
алған өнерлі ел-жұрт болар-ау деген ой басына кіріп-шықпай, екі көзді
тарс жұмып алып жүрген кез бопты. Сонда олар құдіретті дегеннің
бəрін көкте – Құдайға, қасиетті дегеннің бəрін жерде – Пайғамбарға
теліпті. Сонда осы ауылдың қарияларына су пайғамбары Сүлеймен
көңілі қаласа, көк теңізді қара жерше басып жүре беретіндей көрінетін.
Егер, Сүлейменнің сол киесі басына қонса, бұ да қазір көз алдында
өкіріп жатқан мына кəрі теңіздің бір қиясын бетке ұстар еді де, əлгі
сиқырлы аспанның ұшымен көк толқындардың шекесін тық-тық
шертіп, көз көрмеске асып кетер еді; оған бірақ қолында киелі аса,
қасында су пайғамбары Сүлеймен тұрған жоқ. Рас, балықшы ауылда
Сүлеймен деген аппақ сақалы беліне түскен шал бар. Асасын қос
қолдап қысып, күншуақта күрк-күрк жөтеліп отырғаны. Өмір бойы су
кешсе де, басына су пайғамбары Сүлейменнің киесі қонбаған. Тірлікте
тындырғаны – əр айдың аяғында пошташы баладан алатын бес-он
тиын пенсия. Баяғыда əкесімен бірге теңіз кешіп, тор сүйретіпті дейді.
Кім білсін, рас шығар. Ал, қазір... сəлем берсең, қолындағы асасын дірдір еткен тізесінің арасына қыса салады. Сəлем берген кісінің қолынан
тас қып ұстап алады да, түк есітпейтін керең құлағын аузыңа тақап: "Аа? Қаттырақ айт!"– деп, басыңды əлекке салады.
Адам байғұс Құдайдан өліп-өшіп өмір тілегенде, тірліктің ақырында
пендесін жарылқаған сиқы жаңағы болса, онда ол бар болғырдың да
берекеті шамалы болды.
Күрсінді. Өріп кеткен ой аш күшіктей жапан түзде жалғыз тұрған
кісіге жан-жақтан ауыз сап, əлі де болса талап жатыр, талап жатыр.
Жел көтеріліпті. Аралдың құбылмалы ауа райының аяқ астынан
бұзылатын əдеті. Айнала төңірек қапелімде түксиіп, көк жүзін суық
қара бұлт басып келе жатқанын Жəдігер жаңа байқады. Қар жауа
бастапты.
Бетінің ұшы тызылдап ашып бара жатқасын алақанымен уқалап
жіберді. "Бұл кезде кететіндер кетіп болған шығар,"– деп ойлады. Жаңа
қатқан мұздың көбесін жағалап, теңізбен кетсе, қарасы көрінер еді.
Көзге түспегеніне қарағанда, сірə, қыр жолымен кетті ме екен? Сүйткен
шығар, сірə.
***
Жəдігер ілгері жағына қайта-қайта көз тастап, желге қарсы
омыраулап келеді. Күн шұғыл суытты. Аңыраған ашық теңіз үсті ұйқытұйқы. Жаға бір көрініп, бір жоғалып қарасы көзден үзіліп кетіп
тұрған-ды. Кенет ілгері жақтан, Қара-Жардың құлауынан əлдене қылаң
етті. Бұл не? Жағада жайылған мал ма? Əлде адам ба? Анықтап
қарайын десе де, қарсы алдынан сабалап ұра бастаған қар мен жел көз
аштырмай бара жатқасын Жəдігер бетін бұрып қырындап жүрді.
Жаңағы қарайған шоқалақ тасасына түсіп кетті ме, жасаураған көздің
жанарын тіктеп қайта-қайта қараса да, əлгіден кейін көрінбей қойды.
Күн жарықта жағада қалған атына жеткісі кеп еді. Оған қарсыдан
соққан жел мен қалыңдап түскен қар жүрісін мандытпады. "Ə" дегенде
Жəдігер түбіне дейін шайқалып кеткен теңіз суы тез көтеріліп, ісініп
келе жатқанын байқаған-ды. Мұз астындағы ағыс күшейгенін де сезе
қойған жоқ-ты. Тек əлсіз мұз аяқ астында сықырлап бүлк-бүлк еткенде,
шошып кетті. Қырдан соққан қатты жел мен су астының ағысы əдетте
қазіргідей жаңа қатқан жас мұзды шыдатпай қуып əкете беруші еді.
Жəдігердің көңіліне қобалжу енді. "Жағаға қанша қалды екен?" деп
ойлады. Қар борай бастады. Ашық теңіз үсті ұйтқып, ақ түтек боран
анық нышан бере бастады, Ызғырық жел уілдеп қойны-қонышына
кірді. Тітіркеніп қап, мойнын жағасына тығып ала қойды.
Көктен қиыршақ қар түсті. Қарсы алдынан қадалып соққан желден
көзі жасаурады. Шып-шып ұрған қардан бұл енді бетін алып қашып, бір
оңға, бір солға бұрыла бастады. Сабалаған қар мен азынаған желге
қарсы омыраулай бергесін, су кешкендей малтығып, тынысы
ауырлады.
Көңілге болмаса жел əлгіндегіден де күшейіп, Арал өңірінің əдеттегі
қаптай соғатын қара дауылына айналғандай. Жағаның алыс-жақынын
байқағысы кеп, көзін ілгері тастап еді. Қар мен жел басқа, көзге ұрып,
əлгі-əлгі ме, енді тіпті ес жиғызбай сабалай жөнелгенде, тағы да
лажсыз жалт беріп, бұрылып кетті. Желден алып қашқан бетін тері
қолғап киген қолымен көлегейлеп, жүзін оң жағына бұра берген-ді.
Көзі сабалаған қар арасынан əлдебір кіп-кішкентай нəрсеге түскені.
Əдепкіде аңғара алмады; тек қайта қарағанда бағанағы шөже торғайды
көрді. Күндіз қасына ұшып келген кіп-кішкентай пақыр бағанағыдан
да əлсіреген. Жел жұлмалаған арқа жүні үрпі-гүрпі. Қар мен желге бұ
да қайрат қып ұшуын ұшса да, бірақ ауада тұра алмай, құрық бойындай
жерге барады да, жалп етіп жығылады. Сонан қанатын жия алмай
алқынып жатады. Кім білсін, əлсізді арасына сиғызбайтын бұлардың
да арасынан темір тұмсық тентек біреу шықты ма?
Қарға баурын басып жатқан торғайға қатарласа бере қолын созып
еді, торғай қозғалмады; Жəдігер торғайды ақырын ұстады да, қойнына
тықты. Жылы жерге кіргесін құс қанатын жайып сілкінді де,
тынышталды.
Жаға көрінбей кетті. Жел қатайған сайын Жəдігер де жас мұз жарық
аша ма деп қорқа бастады. Қарсы алдынан қадалып тұрған жел мен
қиыршақ қатты қар көз аштырмай қойды. Жəдігер жалтақтап бетін
алып қашып бір оң, бір сол жағына бұрылады. Сабалап қатты жауып
кеткен қар енді бұның самайы мен шықшытына шып-шып ұра
бастады. Көзі жасаурап, қасы, кірпігіне мұз қатты. Тынысы ауырлап
алқына бастағанда, кенет алдынан əлде бірдеңеге қарама-қарсы
кездесіп, кимелей тоқтады. Үріккен жылқы осқырынған сияқты еді.
Жəдігер кар мен желге қолын көлегейлеп жалт қарап еді, ат шана
алдын кес-кестеп тұр екен. Ақ түтек арасынан алау-далау боп шыққан
кісіден үріккен ат əлі де танауы пырылдап, осқырына береді. Шанадан
қасқыр ішікті біреу түсті. Түсе сала аржағында кілем төселген жеңіл
шанада отырған ақ шарқатты əйелге қол созды.
–Көрдің бе, біз бұны ана жақта іздеп əлек боп жүрсек, ал мына
жайсаң бұнда жүр,– деді ол күліп. Сосын шанаға бұрылып, қасқыр
ішікке оранып алған əйелге қолын созып еді, Бəкизат шанадан түсуін
түссе де, бірақ қас пен көздің арасында көктен жауып, жерден борап
кеткен мына ақ түтек дүниеге үрейлене қарап, аяғын ілгері баспай
қойды. Сосын Əзім оны қолтығынан алмақ боп ұмтыла бергенде, өз
денесін өзі билей алмай тəлтіректеп кетті.
– Əзім, кетейік! Кетейікші.
– Неге?
– Өтінем.
– Ау! Баланы тапсырам деп іздеген өзің емес пе?..
– Кешір. Кетейікші. Күн бұзылып кетті!
– Қорқасың ба? Че-пуха. Аралдың өзіміз білетін қары, бораны. Мен
қайта, осыны ұнатам,– деді Əзім күліп. Жолға шығар алдында қызып
алғаны көрініп тұр.– Ал, құрдас,– деп ол бұған бұрылып, тəлтіректей
басып қасына келді,– Біз кетіп барамыз.
Жəдігер құдды жағаға шығып қалған балықтай демі жетпей бара
жатқасын ауаны аузымен қармай берді.
– Сені мен біз,– деді Əзім тілі күрмеліп,– Қанша дегенмен... жана
заманның адамымыз. Өз басым сезімнің жетегіне еріп, қызғаныш
деген пəлеге құл болуға қарсымын.
Жəдігерге бірдеңе көрінді. Бұның да айтар сөзі аржағына келіп тұрса
да, демі жетпей алқынып бара жатқасын тағы да аузымен ауа қармап
бір-екі жұтты.
– Кешірім сұрамаймын. Маған артық кеткен дəнеңең жоқ. Бар
болғаны сенен өзімнің бергенімді қайтып алдым. Ал, сау бол!
Əзім қатты жел астында құйрық-жалы суылдап, тықыршып,
қозғалақтап тұрған атқа бұрыла берді. Бір аттады ма, жоқ па, құлақ
түбінен атылған мылтықтай бір ащы дыбыс тарс-с етті. Əзім кілт
тоқтады. Бəкизат құлағын баса қалды. Келесі сəтте жан ұшырып Əзімге
қарай ыршып түсті.
"Ə" дегенде Жəдігер түкке түсінбеген-ді. Көзі Əзім мен Бəкизаттың
аржағындағы атқа түскенде ғана жүрегі су етті. Бауырының дəл
астынан қақ айрылған мұзда аттың алдыңғы аяғы кетіп барады екен.
"Ə" дегенде аяғын жия алмай қалған ат тырп етуге қорқып, қалшылдап
тұрды да, кенет жалт бергелі қос аяқтап қарғып еді. Соңындағы
шананы өзімен бірге ала күмбір-самбыр теңізге құлап түсті.
– Ойбай, құрыдық!
Ащы дауыстан Жəдігердің төбе шашы шымыр етті. Қара дауыл қақ
айырған мұз он бойына қақырап, күтірлеп сынып жатыр. Қапелімде
ырсиып жарық ашылып, екі араға су түсіп, ар жақ, бер жақ болды да
кетті.
– Енді қайттік?– деді Əзім. Есі шығып кеткен. Мастығы да сəтте
тарқап кетіпті. Кенеттен киліккен мына тосын оқиға – ыққан мұз,
азынаған дауыл, сабалап жауған қар, өкірген теңіз – əлде өңі, əлде түсі
екенін біле алмай, алақ-жұлақ етеді.
– Бұл... бұл қалай болды, а? Қалай болды?!
– Дүние бірде олай, бірде бұлай...
– А-а?
– Жай...
– Апырай... Апырай, бұлай болады деп... кім... кім ойлаған.
– Ойла-ойлама, болар іс болды.
– Неге?
– Болары болды деймін. Енді... өлместің амалын ойла.
– Қалай?
– Ішігің қайда? Соны киіп алғаннан басқа амал қалған жоқ.
Есі шығып кеткен Əзім ештеңені сезіп тұрған жоқ. Жəдігердің
айтқаны да санасына жеткен жоқ-ты. Бір орнында дəйек тұтып тұра
алмай, безектеп жүгіріп кетті. Қар мен қара дауыл астында ес-түссіз
сілейіп тұрған Бəкизатқа барды. Онда да тұрақтамай, іле-шала
Жəдігерге қайтып келді. Ық жағын ала тоқтады.
– Құрдас...Жаңа қайту керек деп едің?
– Қайту керек дедім.
– Бір амал бар деген сияқты едің ғой?
– Ішігіңді киіп ал деген шығармын. О да өлмеудің амалы.
– Апырай... Оны қайда тастадым екен?
Кенет Жəдігердің көзі атқа түсіп еді, ат қара жерге тартпай, ығып
бара жатқан бұлардың соңынан салыпты. Жал-жал толқын арасында
жанталасып, пыр-пырлап жүзіп келеді екен. Қайнаған қап-қара теңізге
бастан асқан толқындарға бір батып, бір шығып, құрықтай мойнын
ілгері соза береді. Пыр-пырлап келе берді де, су сорғалаған басын
мұзға сүйеді. Ұясынан шыққан көзі бұған "бірдеңе істесеңші" деп
жалбарынатын сияқты. Жəдігер аттың сағақ бауына жармасып еді,
оның ойын түсінген жануар да құрықтай мойнын құдды союға
сүйрегендей ілгері созып, мұзға қарғып шыққалы əрі-бері ұмтылды.
Жəдігер қолына тиген қос тізгінді əрі-бері тартып еді, əлсіреген аттың
мұзда жатқан мойны бауыздаулығына дейін созылып, көзі аларып
ыңырана берді.
– Қайтесің,– деді Əзім.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 19
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654