Latin

Соңғы парыз - 09

Total number of words is 4313
Total number of unique words is 2394
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шатысы болса болар, ал өз басы... осы сұмырай түлкімен туыс десе де
сенеді.
– Саған Құдайдың қарасуының кемі жоқ. Иə, қалқам, өзіңе қараған исі
Жақайымның кəрі-жасы – сен жат десең жатады, тұр десең тұрады.
Тіпті сен өл деші...
Деуін десе де Сары Шая "осы арам артық кеткен жоқ па" дегендей ақ
қылшық шекесін қасып, ойланып қалды.
– Ал мен өл десем өлесің бе?
– Астафирилла... Иллаһи Ил Алла...
– Неге шошыдың? Өзің емес пе, жаңа...
– Иə, өзім ғой. Қайтейін айтқаным айтқан. Патша үшін кім басын
байламаған. Жаңа осында келердің алдында бізге қараған ағайын,
тума, құда-жекжаттың бəрінің үйін жағалап шықтым. Бəріне де:
"Қимылдайтын кез келді. Ал дегенде əзір отырыңдар",– деп, мен де
халқыңның бас-аяғын қамдап... бір шаруаңды бітіріп кеп отырмын,
шырағым.
– Əй!.. Əй, сен не деп бықсытып тұрсың? Есің дұрыс па?
– Дұрыс болғанда қандай. Тек, қалқам, басташы. Шаңырағын
ортасына түсіріп берейін.
– Сонда кімге қарсы бастауым керек?
– Кім болсын – аналар да. Құдайын ұмытып тұрған сол атаңның көрі
емес пе? Біз, айналайын, кірмеміз. Жер олардікі. Ел олардікі. Ендігі
жерде быдық ағасын басқарма қойып, үстемдікті өздері жүргізбекші.
О, бейшара! Бейшара! Өмір бойы аядай жерде іргесі ажырамай
келген азғантай халықты он екі жілікке бөлгенде не мұратына жетпек
екен?
– Аңғал інім, енді ұқтың ба? Санаңа бірдеңе жетті ме?
Санаңа не жетіп, не жетпегенін қайдам, қарсы алдында сөйлеген
сайын өңешін созып, өжектей түскен осы бір албастыны қақ тұмсықтан
қойғың кеп кеткені анық еді!
***
Сол түні бұл шеккен азапты Құдай адам басына бермегей. Сары Шая
кетіп, жалғыз қалғасын бұл тіпті жерге сыймады. Анасы мен кішкентай
қызы үшеуі ұрысқан кісіше үнсіз отырып ішкен астан кейін əрқайсысы
өз бөлмесіне кетіп, есігін жауып алған-ды. Абажадай үлкен үй жымжырт. Уақыт тіпті өтпей қойды. Көз қыры қайта-қайта қабырғадағы
сағатқа түседі. Қашан қараса да, қысқа тілі бір орыннан тапжылмай, бір
цифрды жастанып жатып алды да қойды. Тірі жан қыбыр етпей,
тылсымдай тына қалған үйде жалғыз осы сағат қана тық-тық... тықтық... Онсыз да не істерін білмей, шыдамы құрып тұрғанда, сағат екеш
сағат та бұны қылжақтай ма, таңдайын қаққан тентек баладай
тықылдап, жынына тиіп болды.
Үй ішінде көңіл бөлетін басқа ештеңе болмағасын бағанағы бір
құшақ газеттің қалған жағын қарап еді; бұнан да ой бөлетін ештеңе
таппады. Сосын киімшең бойымен диванға қисая түсті де, əлденеге
елеңдеп басын көтеріп алды. Əлдебіреудің ақырын басқан аяғының
дыбысы естілген сияқтанып еді; құлағын тігіп тыңдаса аблыға соққан
оз жүрегінің дүрсілі екен.
Аяғын ақырын басып анасы жатқан бөлмеге барып еді. Тарс жауып
алған есіктің ар жағынан дыбыс нышаны сезілмеді. Əрине, ояу.
Бишара, келін түсіргенде қандай қуанып еді; "өлгенім тіріліп, өшкенім
жанғандай болды" деп еді-ау! Келінін əлі де жек көрмейді; бұл үйдегі
бүліктің басы – қайын жұрттан; əсіресе, бет-аузы қан жалаған
қаншықтай, күнде – қыз атанып жүрген кəрі қақсалдан. От басының
тыныштығын ойлаған ана тіс жарып түк айтпаса да, ар жағында аузы
буулы талай арман жатыр: əсіресе келінінің екі баладан кейін құрсақ
көтермей, қысыр бойын күтіп отырып қалған бедеулігі жанына
батпайды дейсің бе? Айналадағы үйлерден қара домалақ балалар
тауық балапанындай шүпірлеп сыртқа шығып жатқанда əсіресе
қиналатын шығар-ау. "Апырай"– деп ойлайтын шығар-ау сонда.
Құшағында күйеуі жатқанда кеудесінде жаны бар əйел жыл сайын
жатырын бір жібітіп, құрт-ірімшіктің мəусіміндей үйді үпір-шүпірлетіп
қоймас па. Жарық дүниеге келетін нəрестенің өмірін байлаудан асқан
ауыр күнə бар ма? Соңыра о дүниеге барғанда жарық көре алмай, ана
жатырында жүрімі құрып кеткен əлгі балалар шуылдап алдынан
шыққанда не дейді? Жендет ананы шашынан сүйреп апарып дозақ
отына тастайтынына кəміл сенгені сонша, бесін намаздан кейін
жайнамазын жимай, мінажат дұға үстінде ұйып отырып, құдіреті күшті
Құдайдан келінінің пенделік білместігін кешіре гөр деп ұзақ-ұзақ
жалбарынатын.
Тумысыңнан арақ пен темекіге зауқың жоқ еді ғой. Сол арада сен
шофер баланың бір езуінде бықситын да жүретін ащы махоркаға
аңсарың ауып тұрғанын сезгенсің-ді. Кеңсірігің қаңсып бара жатқасын,
əдетте қолын апарса уысы толып кететін қоңқақ мұрнын алақанымен
уқалап-уқалап жіберді.
Апыр-ай, күзгі түн қандай ұзақ! Қабырғадағы сағатқа қарап еді;
кішкентай тілі бағанадағыдан гөрі ілгері жылжыпты. Көзінен ұйқы
қашып, сенделіп үй кезіп жүрген мына кісіге таңғалған сағат əлі сол
баяғыша таңдайын қағып тық-тық... тық-тық... Əр-берідесін
қабырғадағы орнын тастап бұның құлағына көшіп алды. Қоңырауы да
құлағының дəл ішінде ұрып жатқандай, миын шаға бастап еді;
шиыршық атқан жүйке енді сəл кідірсе де шарт үзілетіндей сезіп, өз
үйіне өзі симай сыртқа атып шыға беріп еді; кенет аяқ астына төсеген
ескі алашаға көзі түсті де, əлденеге қалшиып тұра қалды. Неге
бүйткенін өзі де білген жоқ-ты. Тек еңкейіп қайта қарағанда барып
мынау анасы пақырдың шалы бар кезде тірнектеп жиған азғантай
дүниеден қалған ескі көз екені есіне түсті. Сыздап тұрған жүрек біз
сұғып алғандай шым етті.
...Жасырақ кезде анасы жасыл шұғадан өрнек бастырған текемет
болатын. Оны төргі үйге сыйлы қонақ келгенде төсеп, қалған уақытта
жинап қоюшы еді; солардың бəрі осы оттың басындағы жандармен
бірге тозып, кəрі қақсал кірген-шыққан сайын аяғымен теуіп, шеттетіп
ысыра-ысыра ақырында сыртқа шығып қалды. Көрмеде қызықтауға
қойғандай, бірінен бірі өткен мына бір импорт кілем, импорт стенка,
мақпал жабындыға малынған импорт диван арасында осы күні бұ да
өзін өгей баладай сезініп, отырса-тұрса да қысылып болатын.
Шынында да, Адай шал тайып жығыла жаздаған мына жалтыраған
тақтай еден, мына көз жауын алып жылтылдаған дүние-мүлік үстібасы балық сасыған бұған мүлде жат, мүлде лайықсыз екенін сезіп тұр.
Өзінің өмірде ғана емес, осы үйде де жалғыздығын қатты сезді.
Аңғал-саңғал үйде көңілі құрғыр құсаланып, аңдаусызда бір жерін сəл
түртіп қалса да аңырағалы тұрған-ды. Абзалы, аш бол, тоқ бол адам
жаны қашанда жетім ғой. Төңірегің толып, кейде осылай қараптанқарап жалғызсырайтын жетім кезің болады-ау! Əсіресе, сонда қиын.
***
Үйге симағасын сыртқа шығып еді; күндізгі қара суық қатая түскен
бе, қалай? Желең шыққан бойы тітіркеп кетті. Сен бірақ ішке қайтып
кірген жоқсың. Əлденеге Сары Шаяның қылығы қаныңды қайнатып
тұр. Бірақ жалғыз сол сұмырай ма? Шынына баққанда оны түн ішінде
мұздыаяқ қып безектетіп əкеткен құлқын қай қазақты қай заманда
қатынның қойнынан суырып алмап еді? Қай кез, қай заманда түн
тыныштығынан айрылған қазақтың басындағы уайым мен қайғы осы
елдің тұтас тірлігін ойлауға жетіп еді? Қара жерге қолдан егіп көк
шығармаған көшпелі елдің атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
келген ежелгі көкейкесті арманы – атқа міну. Бір биліктің басында
отыру. Ел көзінде елтең-селтең жүру. Өзі атқа мінбесе де, өзегінен
шыққан біреу жаман тұғыр үстінде жарбиып отырса – жары арманына
жеткені. Баяғыда Құдай қалаған бір бабасы сойыл ұстаса, қалған қара
тобыр топырлап соңына ерген. Сондағы бітіргені не? Күші тасып бара
жатса, көршілес отырған аз ағайынның үстіне қиқу ойнатқаны ма?
Соған шамасы келген бабасын кейінгі ұрпақ батыр деді. Аруақ тұтты.
Жорыққа аттанған жігіттер əлдеқашан сүйегі қурап қалған қабырдың
басына түнеп бата тіледі. Құрсақ көтермеген келіншек соңыра ізін қуар
үрім-бұтақ сұрады. Ата-баба аруағының шарапаты дəл сол ділгер боп
тұрған ұрпақтың көсегесін көгертті ме, жоқ па, бірақ аруағыңнан
айналып кетейін, жарықтық ата-баба өзінен кейінгілерге мінезін
аудырмай беріп кеткені ақиқат.
Көңіл құлазып тұр. Сүйек-сүйегінен өтіп бара жатқан суықты жаңа
сезді. Көп үй шамын сөндіріп жатып қапты. Мектеп терезелерінен де
жылт еткен жарық көрінбеді. Тек көшенің ары бетіндегі үлкен үй
асып-төгіліп жатқан қуаныштан түндігі желпілдеп тұр. Түннің бір
уақыты болғанына қарамастан мыналардың қуанышы аяқсыр емес.
Сəлем беруші ағайын əлі де ағыл-тегіл. Қора толы кісі. Əлдебіреу
əлдебіреуге айқайлап:
– Мен деген... Айттым деген. Асыңды болдыр деген. Ал, сен құрыған
деген... Маңдайыңа ыссы май тамсын деген...– деп күйіп-пісіп жатыр.
Сары Шая айтқан быдық – осы.
Қар жауар алдындағы қара суық сүйектен өтіп барады. Бұл үйге
қарай бұрыла берді де, кенет көшенің арғы бетіндегі үлкен үйге көзі
түсті де қалшиып тұра қалды. Ақ жібек перде тұтқан самаладай
терезеге біреу жақындады. Кірпігін қағып қап, қайта қарап еді; шашын
тоқпақтай ғып желкесіне түйген əйел терезе алдына таман жақындап
келе берді. Сұлу мүсінін сырттағылар да қызықтасын дегендей, шам
жарығы шұғыласын аямай-ақ төгіп тұрған ақ жібек пердеге көлеңкесін
түсіре қырындай тоқтап еді; дəл сол сəтте келіншектің оңашаланып
шыққанын аңдып тұрғандай бір сұңғыла еркек сап етті. Келіншек
қатарласа берген еркекке еркелей мойын бұрды. Бұл көзін уқалап
жіберіп қайта қарады. Қолы қалтырап кетті. Бұл не, түс пе, ең бе? Əлде,
мынау да бұның осы күндері басынан кешіп жүрген түсініксіз өмірдің
жалғасы ма? Көкірек тола күдік қайдағы бір елеске жан бітіріп, жүрегін
тырнап жатыр ма? О да мүмкін ғой?
Қар жауар алдындағы қара суық тұла бойын түгел жайлап алды. Тісі
тісіне тимей қалшылдап барады. Маңдайынан шыққан мұп-мұздай
терді үйге кіре бергенде байқап, есік алдына сəл бөгелді. Терін сүртер
жерде қалтырап кеткен қолын билей алмай, саусақтарының ұшы
секіре бастады. "Ауырып тұрған жоқпын ба?" деп ойлады. Құп-қу боп
түсі қашып кеткен бұған таңдана қарап тұрған қарт ананы байқамағанды.
– Мынау үй у-шу боп кетті ғой, Əзім келген бе?
– Білмеймін. Келсе келген шығар.
– Екеуің бір жылы туып едіңдер...
– Апа, қайтесің. Онан да жатпайсың ба?
Ана назарын тіктеп еді. Қадала қараған кəрі жанар құдды қалтаға
түскен суық қолдай, жан дүниесін куыс-қуысын қалдырмай тінткілеп
барады. Бұл бойын жинап ала қойды.
Анасы шығып кеткесін де біразға дейін өзіне-өзі келе алмады. Кəрі
ана бірдеңе білетін сияқты. Əлгі сумақай бұның көзін ала бере
сыбырлап кетпесе не қылсын? Есіктен кірмей жатып "ақ жеңешелеп"
аңырап қоя бергенде-ақ, сол кəпірдің ішіне сыймай бара жатқан бір
пəле барын білген-ді. Анасына да бірдеңенің шетін шығармады ма?
Ашып айтпаса да, дүдамал бірдеңе тілінің ұшынан жасқаншақтап
қайтып еді ғой? Арам неме "жансыз" деп бұның қытығына тию үшін
əдейі кекеткен мысқылы ма? Бұның діңкесін құртқан дүдамалдың
бəрін ол сұмырай біліп келген болды-ау, шамасы? Ендеше ол білгенді
Бəкизат та біледі. Айт-тойға баратындай үлбіреп киінген себебі сенің
миыңа жаңа жетті. Мына жағдай көп нəрсенің сырын ашып, ана жолы
астанада демалыста болып қайтқалы жоқты сылтауратып, быдықтың
үйіне барғыштап кеткен себебіне енді түсінді. Ал, кəрі қақсалдың
болса-болмаса да... быдықпен ыдыс-аяғы аралас. Көшеде кездессе
бірін-бірі жаңа көргендей ауыздары жабыса қалатын...
Жаңа жел өтінде ұзағырақ тұрып қалған екен; суық алған денеден
шым-шым тер шығып, маңдайы, алақаны былжырап кетті. "Ауырып
қалмасам, не қылсын?" деп ойлады; тұла бойы дірілдеп, сүйек-сүйегі
сынып барады. Бұл өзі бұрын да төсек тартып жатып қалғанша
ауырғанын мойындамай, сүлдерін сүйретіп жүре беретін-ді. Жəне
бұның ауырғанын өзінен бұрын басқалар білетін. Бəкизат та қит етсе
бұның бойынан күдік шақыратын бірдеңелерді байқағыш; бұған: "неге
сол жағыңа қарай бересің?" деп жүрді де, бір жолы "сен осы сырқат
емессің бе?"– дегені бар. Бұл онша мəн бермей, "сау сияқтымын" дей
салған-ды.
Соның артынан екеуі қырдағы түйелі ауылға кетіп бара жатты. Елжұртқа моллалығын мойындатқан шофер сол күні біреудің жаназасын
шығаратын болып, рөлге бұл өзі отырған-ды. Ақ шаңдақ бұрқыраған
жер реңі жылдағыдан да көрі биыл жұтаң көрініп, түйелі ауылға
жеткенше жалтақтап сол жағына қарап болған-ды.
Бəкизат:
– Əй, Жəдігер,– деді бұны ақырын түртіп,– неге сол жағыңа қарай
бересің? Əлде сол жағыңнан елес беретін бірдеңе тұра ма?
– Жоқ, жай...
– Жоқ, сен сірə, сырқат шығарсың? Атын ұмытып отырмын, сондай
бір психический ауру болады дейді. Асылы, дəрігерге көрін.
Бұл Бəкизаттың сөзіне құлақ аспай, күлген де қойған...
Əйелінің күдігі енді бұның өзіне де рас сияқтанып, сырқат болсам
сырқат шығармын деп ойлады.
Тоқ-та... Бұл жаңа терезе алдындағы елесті қай жағымен көрді? Оң
көзі ме, сол көзі болар? Иə, сол көзі. Ендеше, жаңағы көргені де, бұл
ойлағандай өңі де, түсі де емес. Бəкизат айтса айтқандай салқынын
салған бір пəле болып жүрмесін.
Басы шағып бара жатқасын маңдайын ұстап еді. Алақанына
былжыраған жылымшы бірдеңе тиді. Алақаны ма, əлде маңдайы ма,
күйіп тұр. "Ауырып тұрған шығармын" деген ойға көңілі ауды. Аудан
орталығына бара қалса, анада курорттан қайтқан Бəкизатты күтетінде
құмыра горшокке өсірген гүлді сұрап алатын өзінің таныс дəрігеріне
көрінетін боп іштей байлау жасаған еді-ау!
***
Бұл осы жігітпен екеуі түйдей құрдас еді; екеуі бір жылда туды;
онжылдықты бірге бітірді; институтқа бірге талаптанды; бірақ екеуі де
алғашқы экзаменнен құлап ауылға қайтып келді. Сол жылы екеуі
əскерге бірге алынды; мерзімін өтеген соң, əскерден екеуі де бір жылда
оралды; сонан... иə, сонан былайғы өмірдің талай шырғалаңын бастан
бірге кешкен-ді.
Тек кейін бақыт қуған бала жігіттердің өмір жолы екіге айырылып,
институт бітіргесін ол – астанада қалып, бұл – "Аралым, менің Аралым"
деп ауылға тартып отырды. Ол шырқап өсті. Оның өсетініне бұл
күмəнданған емес. Баяғы бала кезде балықшы ауылдың күнге күйген
қара сирақтарының ішінде ұзын бойлы ақ сары бала жұрт көзіне
бұрын түсетін. Зейінді, алғырлығына сенгесін басқа балалардай
сарылып отырмай, сабақты жүрдім-бардым оқитын. Есесіне екі
бетінен оты шығып тұратын əдемі ақ сары бала кеп арасын киіпжарып əн салатын жерде тартынбай – əн салды, домбыра тартатын
жерде тартынбай – домбыра тартты. Балықшы ауылда үрдіс болмаған
биге де бұйығы балалар бірінің тасасына бірі тығылып баспай
қойғанда, ол қара көзі жайнап бірінші боп шыққан-ды.
Сондайда жазатайым кейде даусы жетпей, кейде қолы келмей
қалғанда көлденең тұрған қыздар қараптан-қарап қысылып бетін
шымшып жатқанда, бұл жасу орнына қайта қара көзі шоқтай жайнап:
"дəнеңе қылмайды. Келесіде көкесін танытам",– деп едіреңдеп
тұратын; десе дегендей, келесіде əнді де, күйді де, биді де дұрыстап
алатын. Он жыл бірге оқығанда осы досының бала боп, сірə, тауы
шағылып, ажары қайтып мұқалғанын көрген емес. Тарих пəнінен
беретін ағайдан бүкіл бала зəресі қалмай қорқатын. Соғыста оқ тиген
оң көзін шынылап алғаннан кейін сабақ сұрағанда шатынап тұратын.
Петр патшаны өткенде өзі де Петр патшаға ұқсап, тертедей аяғына
қара санын қаптыра ұзын қоныш етік киіп алатын. Ал Наполеон
жорықтарын өткенде табан астынан тағы бір күйге түсетін; Франция
императоры əдейі Арал балаларын қорқыту үшін тіріліп кеп, онсыз да
тарихшы ағайдың шатынаған шыны көзінен зəрелері ұшып, өзді-өзінің
партасында жым боп отырған қара сирақтардың қарсы алдында қос
қолын кеудесіне айқастырып тастап, қабақ астынан сыздана қарап,
қаталданып алатын тарихшы ағайдан екі алып қалғанда да бұл заңғар
басқа балалардай ұнжырғасы түсіп, танауын тартқылап көрген жоқ-ты.
Ертең шаруалар көтерілісін өткенде бəрібір бес аламын деп басы
қақшақтап тұратын.
Институтқа түсерде бұл осы тұрған Алматыға тəуекелі əзер
жеткенде, ол Москваға жалғыз тартты. Бұл бірінші сабақтан құлап,
анасы берген азғантай ақшасын қала көрген қу мүйіздердің сырасына
сауғызып қайтып келсе, ол жарқылдап ауылда жүр. Ана қалтасы да,
мына қалтасы да будақ-будақ ақша. Сол жылы ата-аналар оқуға түсе
алмай қайтқан балаларға ренжігенде: "Өзіңдей Əзімге қарашы. Оқуға
түспесе де, ақшаны күреп қайтты",– деп ұрысатын.
Ол кездерде Əзім бұнан сыр бүкпейтін. Ішек-сілесі қата күліп
отырып ақшаны қалай тапқанын айтып бергенді: сөйтсе, бұ да бірінші
сабақтан құлапты. Əкесі берген азғантай ақшаны оны-пұныға жұмсап
қойыпты; енді елге қайтайын десе, қалтасында бір тиын қалмапты; "ə"
дегенде сасуын сасса да, бірақ зерделі алғыр бала ақыл тауып сүйікті
көсемге хат жолдағысы кепті; бірақ ауылда оқыған бала Виссарионға
неше "с" жазу керек екенін білмепті, қасындағы балалардан сұрауға
арланыпты. Киоскаға барып газет сатып алып, өзін қинаған "с" əрпінің
сыласын тауыпты. Көсемге жазған хатқа іле-шала келген жауапта
Қазақстанның Москвадағы Тұрақты өкілдігіне баруға кеңес беріпті.
Онда барса, алдынан ыңырсып сөйлейтін арық қара шығыпты да,
сұраған ақшасын ұстата сапты. Тегін ақшаға қуаныпты. Тек былай
шыққасын жаңағы қалақ қараның қабақ шытпай бере салғанына қарап,
аз сұрағанына өкініпті. Сол өкініш ойынан кетпей қынжылып келсе...
Өзімен бір бөлмеде жататын секпіл бет, сары бала жылап отыр. Бұл
"не болды" деп сұраса, ту Қиыр Шығыстың қиян шетінен келген неме
емес пе, жаңа киоска алдында қызыл ала журналдың сыртында қылыш
асынған қолбасшы қызықтап қарап тұрғанда... "Ақшам... қалтамдағы
ақшамды..." деп аржағын айта алмай еңіреп қоя беріпті. Жүрегі зу ете
қалған Əзім ақша салған қалтасын ұстай алған еді...
Жаңа бұ да сол киоскаға соққан-ды. Бұ да ауылдағы қатындардың
күлдəрі көйлегіндей алабажақ журналды көрген. Журнал сыртында
сары ала қылыш асынған қолбасының қошқар тұмсығы мен əр
шалғысына уыс толғандай мұртына есі шыға қызығып қараған еді;
Сол күннің ертеңіне ол төсегінен тұра сала кешегі қалақ бет қараға
қайта барып: "аға, кеше... Сізден шыққасын киоскадан газет алайын
деп тұрсам..."– деп ақшасын ұрлатып алған секпіл бет баладан
аудармай кемсеңдей бастаған екен, қалақ қара: "қазақы бала, бала
емес",– деп басын шайқапты да, бұл жолы да бір уыс ақшаны ұстата
сапты. "Сүйтіп, айналайын, астанадағыларыңды да екі жеп биге
шықтым",– деп, Əзім сусылдақ шашын бір сілкіп қап, сақ-сақ күлген-ді.
Қанша десе де, баланың аты бала. Ол кезде бұлар ненің парқын
білген. Кейін ойлап қараса, құрдасы сол кезде де ағайын ағарып
алдыма түспесін, қарайып артымда жүрсін депті. Сонда соңына ерген
шуылдақ тобырдың аузында да, көзінде де бір өзі жеке тұрарын білген.
Халық назарынан шықпай елтең-селтең жүру оның ежелгі арманы еді.
Арманына жетті. Аты астана газеттерінен түспейді. Жиналыста сол
сөйлейді. Жиында соның аты үлкендердің аузымен аталып, қазақ
даласының бас-аяғына дабырайып тарап жатыр.
Халықтың не біліп айтатынын қайдам, рас болса, осы жігіттің
басына сөз айналып тұр деседі. Бұлар Амударияда тұщы суға құлаған
балықты қырып ұстап жатқанда, орталықта шығатын ғылыми
журналда Əзімді сынапты деп жүр. Аралдың əр жерде ауызға ілігіп
жүрген азғантай азаматы ажарлы жүргеніне кім қарсы. Тек оның "Арал
теңізінің халық шаруашылығына зияннан басқа пайдасы жоқ" деп,
жиналыс болса тепсініп шыға келетініне түсінбейді. "Амудария мен
Сырдарияны басқа жаққа бұрып əкету керек. Сонда осы өңірдің өрттей
ыстық күні мен аңызақ аптап желі қос жендеттей екі жақтан тиісіп
бергенде, Арал теңізінің жиырма жылда түбі көрінеді. Сосын теңіз
астынан босаған пəленбай құнарлы жерге түгенбай мақта егеміз, күріш
егеміз, ақшаңқан үйлер, сəулетті сарайлар саламыз, скверлер, алаңдар,
су атқылаған фонтандар мен жасыл ағаш саясында ғашықтар үздігеді.
Ит жетелеген əйелдер серуендейді. Баяғы ата-баба тұрсын, қазіргі
ұрпақтың түсіне кірмеген ұжмақ өмір соңыра осы теңіздің түбінен
босаған жерде гүл атады. Бүгінгі ұрпақ сол ұжмақты ақиқат көреді,
көргенді айтасың, сол ұжмақта тірлік кешеді, соған кепілмін" деп
өзеурейтін көрінеді.
Е, құдай, күші тасып бара жатса, қазақ даласы кімге жетпей жатыр.
Осынау тусыраған тұл дала ғасырлар бойы жарын тосқан
қалыңдықтай, иесін күтіп жатқан жоқ па? Соны игере алмай жатып, бұл
Құдайдың оны тартылған теңіздің түбінен босаған жерге көз сатқызып
қойғанын қайтерсің. Біле білгенге бұл кəрі теңіз судан шабақ аулап
жеген казак баласы үшін көзі тіріде ана бауырынан тартқылап емер
екі емшектің бірі емес пе еді?
Жолы түсіп əне бірде астанаға бара қалғанда Арал проблемасы
жөнінде болып жатқан үлкен айтыстың үстінен шықты. Аузымұрнынан шыққан үлкен залдың арт жағына кеп отыра кетті. Көзі
бірден Əзімге түсті. Нар қасқа жігіт приздомда маңқайып отыр екен.
Оның оң қолын ала бұл білмейтін дүр қара біреу жайғасыпты. Жыға
танымаса да, бірақ көрген бойда мына жуан қара көзіне оттай
басылды. Əзімнен көзін алып қайта қарағанда шырамытты. Баяғыда
оқу бітіріп келгенде өзін қабылдап отырып, шыбын қуалап кететін
Жуан Жақайымға ұқсайтын сияқты. Сол туысы бірдеңеден
кандидаттық қорғап, астанаға ауысып кетіпті деп еститін. Рас болса,
рас шығар. Əйтеуір, сонан бергі он үш жылда Аралға қанша барғанда
көзіне Жуан Жақайым түскен емес. Бұл анада Жуан Жақайым ғылым
кандидаты болды дегенге сенер-сенбесін білмеп еді; енді сондағы
жуан қараның астанаға келгесін аруағы көтеріліп, Əзімнің оң жағын
ала отыратындай қауқардың қайдан біткеніне сенер сенбесін білмей
ақылы дал боп отырғанда, Əзімнің кіріспе сөзін есіте алмай қалып еді;
қасында тесірейген түйме көз біреу отыр екен, жұрттың бетінен
жоғалтқан бірдеңесін іздегендей, анаған бір, мынаған бір қарап
отырған түйме көзден сен Əзімнің жанындағы жуан қара кім деп сұрап
едің, ол "Жəкең ғой" деді; деуін десе де, ол бұған "Жəкеңді білмейтін
сен өзің кімсің" дегендей тесірейген көзін тебен инедей қадап тұрып
алды. Сен шынында да, Əзіммен иықтасып отыруға жараған білдей
азаматты білмегеніңе ішіңнен ыңғайсызданып отырдың да, сəлден соң
екінші жағындағы ақ сары окымыстыға бұрылдың. Үстіндегі қыжымқыжым костюм сияқты қыжым-қыжым көйлектің де өңірін ағытып
тастаған ақ сары оқымысты орындықтың арқасына шалқалап жатып
алыпты. Сенің мойын бұрғаныңды байқаса да, былқ етпеді. "Жуан қара
кім?" деген сенің сұрағыңа да жөндеп жауап бермей, бір танауынан
мырс етті. Сонан кейін жуан қараны мошқағаны, əлде мақтағаны
белгісіз, аузын аспандата шүйіріп, "ол анау-у ғой",– дегені. Сен онан
"анау қай анау" деп сұрай алмадың. Екі көршісінен есіткен екі ұдай
долбардың екеуіне де түсінбеді. Арал проблемасы жөніндегі пікір бұл
жақта да екіге бөлініп, бет ашысып алған екен. Түскі астың уақыты өтіп
кетсе де, иін тірескен ығы-жығы халық тырп еткен жоқ; тек
керілдескен қызыл шеке ұзаған бір кезде кеңсірігі қаңсып бара жатқан
біреулер көп арасынан сытылып шығып, есік алдында тұрып темекісін
шегіп болар-болмаста аяғын ұшынан басып өз орнына қайтып жатты.
Түстен кейін ұзын бойлы аққұба жас жігіт сөз алып еді; бірақ қарсы
жақ жер тепкілеп, ысқырып сөйлетпеді. Ыза болған жігіт ойының басаяғын жинақтай алмай, қайта-қайта тұтығып қала берді. Жас жігітке
жаның ашып, аяп отырып, сен оның сөзін жөндеп ұға да алмағансыңды.
Тек ызалы жігіт əбден ашынған бір тұста қатты ақырып, көп
шуылдақтың аузына құм құйды да, сөзін жалғап кетті: Қазақстан мен
Орта Азия – халқының маңдайына біткен жалғыз теңіз əне тартылып
жатыр деді. Жарым жартылап тартылған теңіз түбінен жыл сайын
мың-мың тонналап ұшып жатқан түз қазірдің өзінде Қызылорда
облысы мен бүкіл Қара-қалпақ елін тұншықтырып, ауасы мен суын
улап, шөбі екеш шөбін көктемей жатып күйдіріп, ал халық сорлы,
бұрын-соң адам баласы есітпеген ем қонбайтын бейдауа індетке
ұшырап, келешек ұрпақтың тағдырын тұйыққа тіреп қойғаны анау
деді. Бүгін ішіп-жегеніне мəз болып, елінің ертеңін ойламайтын
осынау дардаңдаған есалаң адамдарға бұл Арал əлі де өзінің ақырғы
үкімін айтпай, артына сақтап отыр деді. Соңыра Арал əбден тартыларау, тартылған теңіз түбіне төрт жарым миллиард тонна тұз тау боп
шөгер-ау. Сонда осынау алды-арты ашық ұлан байтақ далада сахара
шөлдің өрттей ыстық аптабы күн-күн, түн-түн аңырап соғып бергенде,
келешекте Орта Азия мен Қазақстанда кім аман қаларын бір Құдай
болмаса, басқа ешкім білмейді. Сендер мені сөйлетпей жер тепкілеп,
ысқырып жатсыңдар. Əрине, құлаққа жақпайтын сөзді тыңдап керегі
қанша. Бірақ, естеріңде болсын, келешекте адам баласының жер
бетінде болу-болмауы – табиғаттың болу-болмауына тікелей
байланысты",– деп аққұба жігіт сөзін бітіргенде, сен екі езуің екі
құлағыңда, орныңнан атып тұрып едің-ау. Басқалардан бұрын қызына
қол соғып едің ғой. Ол аз дегендей, шартылдап жөнелген алақанға
"айналайын тусаң ту!" деп дауыс қосып қалып еді; сүйтсе, қасындағы
түйме көз тіпті есінен шығып кетіпті. Оның тебен инедей тесірейе
қалған көзін кеш байқады; "ə" дегенде қысылып қалса да, бірақ ілешала бұ да бойын билеп алды. "Мына енеңді ұрайын неге тесірейеді,
əй?"– деп, оны ішінен мықтап бір боқтаған еді де, тесірейген түйме
көзге бұл өзінің алақандай ала көзін мірдің оғындай қадап жалт қарап
еді; шамасы, қарсы сөз айтса, үстіне төніп қалған мына ірі қара кісі бас
салатындай түрі тым суық екен, түйме көздің жанары жасып, ықтап
бара жатып; "Подумаешь, көзін алартады еще",– деп міңгірледі.
Аққұба жігіт мінбеден түсіп, арт жақтағы өз орнына барып отырды.
Сен: "Айналайын інім, алдыңнан ақ күн тусын",– дедің ішіңнен. Тілкөзден аман болсаң, осы қазақтың маңдайындағы дыңдай азаматы
болғалы түр екенсің. Ана жақта суы тартылған теңіз бен шаруасы
күйзелген халықтың сөзін сөйлейтін жер бетінде сендей де жан бар
екен ғой. Оған да шүкір!"
Ақ құба жігіттен кейін сен кəдімгідей көңілденіп, жан-жағыңа сергек
көз тастап едің-ау. Назарың Əзіммен иық тіресе отырған жуан қараға
түскенде "апырай, ə?" деп ақылың дал боп ойланып қалдың. Жаңа бұны
"анау" деді. Анау болғанда сонда бұл қай анау?! Асылы, бұл Жуан
Жақайым болмас. Жуан Жақайым анада қапырық кабинетте азғантай
отырғанның өзінде қол-аяғына не бола алмай, шыбын қуалап кетпеді
ме? Ал, мынау... Ой, заңғар-ай, ертеден қара кешке қызыл шеке боп
жатқан айтыста қу тақтайда құйрығы ойылғанша отырғанда, қыбыр
етпеді. Тек қарсы жақтан біреу сөз алып Əзімді сынаса құты қашып
кетеді екен. Бастықтан гөрі сын оған қаттырақ батып, өзін қоярға жер
таппай қалады.
Ал, Əзім... Залым ғой, өзін жақсы ұстады.
Үлкен орында жүріп əбден ысылып алған. Жұрт алдында қимыл,
қозғалысының бəрі өлшеулі. Сөзі санаулы. Бас изесіне дейін басқа
жұрттан бөлек. Қарсыластар жағы сөйлесе де, жақтастар жағы сөйлесе
де бет өңінен бір нəрсе аңғарып болмайды. Ренішін де, ырзалығын да
ішінде сақтап, қоңыр көздің жанарын залдағы кісілердің үстінен асыра,
əлдебір жаққа, алысқа тастап, құрықтай мойны құрағытып қыбыр
етпей отыр. Ол тек шекесі қызып алған кісілер ешкімді тыңдамай,
шектен шығып дуылдап бара жатқан кезде ғана шылдыратып қоңырау
қағады. Қалған уақытта өзінің əлгі бір сыртқа сыр шашпайтын
сабырлы, маңғаз қалпына ауысып, көзін тура алдына тігеді екен де,
қыбырсыз қатып алады екен. Сол күнгі қызыл шеке айтыста сенің тағы
бір аңғарғаның: тіл-жағына сүйенген шешендердің Əзімге қай сөзі
жағып, қай сөзі жақпағанын сен көбіне-көп оның жанындағы ана жуан
қараның ыңғайына қарап аңғарғансың-ды. Əзімдей емес, жуан қараның
қуанышы мен реніші атанақтап сыртына шауып тұрады екен.
Шешендердің аузынан Əзімге жағатын сөз шықса, басқадан бұрын алабөле жуан қараның жолы болып алақайлаған баладай, алақанын аямай
соқса, ал қарсыластар сөйлегенде қабағы түсіп, қалың беті қабарып,
желіндеп ала қояды. Ондайда жұрт жанын сала дуылдатып қол соғып
жатса да, жуан қараның ботқа беті бүлк етпей алақанын алақанына
əзер-əзер тигізіп ишаратын ғана істейді. Сен енді жуан қараның
ыңғайына қарап отырып, бұндағы кісілердің қайсысы Əзімге жақтас,
қайсысы қарсылас екенін қателеспей айыра бастағансың-ды.
Сен де өзіңше жаман-жұман бастықсың. Ауылда саған да жағынатын
жалпылдақтар жетеді. Бірақ, несін айтасың, айналайын, үлкен жер
үлкен турайды ғой. Мыналардың қай мінезі де түйелі адамдай көш
жерден көзге түсіп тұрады екен. Аққұба жігіттен кейін сен
жиналыстың аяғына қарамай ертерек кетіп қалғансың-ды. Есік
алдында қырма сақал біреу темекі шегіп тұр екен. Іштегі қызу қанды
кісілерден гөрі мынаның жүзі жылы көрінгесін, қатарласа бере онан
Əзімнің қасындағы жуан қараны сұрап еді; "институт директорының
ғылыми жағын басқаратын орынбасары ғой",– деді; "аты қалай?"– деп
сұрап еді; Жəкең ғой,– деді. Мынаның берген жауабынан миына бəрібір
ештеңе кірмегесін: "Өзі қай жақтың кісісі?"– деп сұрап еді; "Əз ағаңның
жерлесі. Аралдан",– деді. Бұл күліп жіберді. Бетіне таңдана қараған
иман жүзді кісіге бұл лəм деместен сыртқа ата жөнелген еді; көшеге
шыға сала жынды адамша ішек-сілесі қата күліп келеді, күліп келеді,
күліп келеді. Оңнан да, солдан да кездескен кісілер: "есі дұрыс па?" деп
тосырқап таңдана қарап тұрды да, түкке түсінбей өтіп кетеді. Олардың
ешқайсысы сенің қаперіңе кірген жоқ, көшені басына көтере күлдікүлді де, аяқ астынан кілт тиылды. "Апыр-ай,– деді ішінен,– ғылымы
құрғырдың да құны арзандап кеткен екен ғой".
Елге қайтып келе жатып та жуан қара есіне түскен сайын Əзімге
қалай жол тапты екен деп ойлады. Жерлестігін бұлдамаса, баяғыда
көргенде шыбын қуалап кететін Жуан Жақайымда ғылым басқара
қоятындай қабілет шамалы сияқты еді ғой. Əлде жүн тыққан қаптай
жуан дененің бір қалтарысында бұл білмейтін асылдың сынығы жатыр
ма?
***
Таң таяу еді; түн күзеткен бұл əлі көз шырымын алған жоқ;
тықылдап миын шаға бергесін қабырғадағы сағатты тоқтатып
тастаған-ды. Көшенің қарсы бетіндегі дырду да бұл кезде басылған; үй
де, түз де жым-жырт. Бəкизаттың келмесіне көзі əбден жетті; оны енді
күткен жоқсың; ойлаған да жоқсың; жоқ, ойламауға тырыстың; ертеден
бері ішіңді өртеген реніш пен ыза қазір қызғанышқа айналып, көкірек
түбінде қорғасындай ауыр салмақпен шөгіп алған-ды.
Бір орында тағат тауып отыра алмай, абажадай үлкен үйді ерсіқарсы кезіп жүрді де, кенет əлдебір ой көкірегін шарпып қалшиып
тұрып қалды. Осы жігіт келген сайын бұл неге берекеті кетіп, ішінен
азып, абыржып болады? Бəсе, сонысы не? Бəкизатты қызғана ма?
Əлде... Əлде осы жігіттің басындағы бағын көре алмай ма? Əй, қайдам...
Астана аспанында жарқыраған жарық жұлдызға табынбаса
табынбаған шығар, тек оның басындағы бағын көре алмаған жері жоқ
еді ғой. Қазір тұрсын, бұл тіпті баяғы бала кезде де өзінен Əзімнің
артық екенін мойындамап па еді?
Əзімнің ақылы артық еді; енді бағы артты; ол кезде бұл екеуі
арасынан қыл өтпейтін дос еді; ақыл тоқтатпаған алаңғасар немелер
бұл дүниеде асыр салған ойыннан да басқа қызғаныш деген қызыл ит
болатынын қайдан білсін. Қызыл итті де, онан да басқа талай иттікті
бұлар білсе соңыра талай жылды артқа салғасын білер. Ал, ол кезде
құрдасы барған жерін пысымен басып, ұршықтай үйіре бастағанда, бұл
ылғи көз түспейтін елеусіз шетте қала беретін. Бұл, сірə, ол кезде оның
алдына түскісі келді ме? Ондай ой, сірə, басына келді ме? Ұзын бойлы,
ақсары жігіт екі иығын жұлып жеп тұрғанда екеуінің таңдауына түскен
не бір асыл мен жақсыға ішінен ынтығып тұрса да, бұл, сірə, таласпақ
түгіл дəмететін бе еді? Бəкизатқа да дəмеленді ме? Ақ сары əдемі жігіт
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 10
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654