Latin

Соңғы парыз - 24

Total number of words is 4199
Total number of unique words is 2294
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қаласаң бала-шағаңмен бар да шомыл; жер астының суы қазіргі ұрпақ
түгіл халқыңның келешек үрім-бұтақ, зəузат жұрақаты, жұрақатының
жұрақатына де жетеді деп тұр ғой мына карта!
Сен жымың еттің: бəсе осылай болса керек еді ғой; осы жолы да бəрі
дəл өзі ойлағандай болатынына құйттай да күмəнданған жоқ-ты;
бəйгіге ұсынған картасы жүлдеге ие болатынына да сол күні көңілі
кəміл сеніп, соңыра көкірегіне қадалатын алтын медаль əлден
жылтылдап, көзінің алдында тұрып алып еді-ау!
Енді о да көрген түстей; бұл бұрын сақ еді; не істесе де əуелі алдын
ала ақылға салып, пайда-залалын біліп алмай, ыза жерге аяқ баспаушы
еді; иə, сақ еді; сол жолы не қара басқанын қайдам; неден қателесті?
Əлде сол күнгі сушылар конференциясы... Жоқ, онда қателескен жоқ;
қайта, сол жолы да бəрі бұның өзі ойлаған жерден шықты да тұрды.
Солай боларын бұл жиналыс алдында президиумға көтеріліп бара
жатып көз қиығын залға тастағанда байқаған-ды: иін тіресе отырып
алған халықтың негізгі дені өзінің жақтастары екен; жарыссөзде елден
бұрын қол көтеріп сөз сұрайтын жігіттер алдыңғы қатарға
жайғасыпты; түймекөз кандидат жазып алған сөзін жұрттан
жасырмай, əлден қопаң-қопаң етеді; олардан кейінгі орынға да
өздерінің кісілері жайғасыпты. Бұлар сөйлемейді, бірақ бұлар да Жуан
Жақайым алдын ала əзірлеп, əр жерге бестен, оннан отырғызған
кісілер; бұлар соңыра өздері жақтан біреу сөйлегенде дуылдата қол
соғатын дем берушілер; ал егер қарсыластар жақтың сөзі үстем шығып
күш алып бара жатса дереу жер тепкілеп, ысқырып сөйлетпей
қоятындар да осылар.
Əрине, қарсы жақ та қарап қалмайды. Айтыс-тартыс десе алақанына
түкіріп шыға келетін қызыл көз олардан да табылады. Олардың кімдер
екенін біледі. Олардың не айтатыны да белгілі. Оларға қарсы
сөйлейтін бұларда да кісілері əзір. Олар да əр жер-əр жерде төбесі
шошаяды.
Баяндамашы – өз адамы; оның картаны жер-көкке сиғызбай
мақтайтыны белгілі; баяндамадан кейін жарыссөзге iле-шала
шығатын екі-үш кісі де өздерінікі; Жуан Жақ– айым жұлқынып
сөйлейтін жігіттерді алға салатын; сен де оны қоштайтынсың; бірақ
осы жолы дырду-дүрмек арасында делебесі қозып, қайта-қайта ұшып
тұра жаздап отырған түйме көз көзіне түсе бергесін бірінші сөзді соған
беріп еді; сорлы шаққа төзіп отыр екен; мінбеге жүгіріп жықты;
жұлқынып сөйледі; "Ə" дегеннен кіжіңдеп əлде кімдерге тиісті;
бұнысы саған қонады; тек сонан кейінгі сөзі қайда апара жатқанын
білмей, "көк соққыр артық қылам деп, тыртық қып алмаса қайтсін",–
деп ойлап, тақтай мінбеде тықылдап тіл-жағына сүйеніп тұрған
пысықай немеге жалтақтап қарай бастап еді; шынында да, мынау адам
беті шыдамайтын əбес нəрсені айтты:
– Теңіз болса, анау тартылып, өзен анау сарқылып арнасы кеуіп
жатыр. Қуаңшылық болса күннен-күнге алқымнан алып, əсіресе Арал
өңірінде тұрып жатқан қыруар халықтың шықпаған жаны тұрғанда,
өздерің-ақ айтыңдаршы, халқымыздың ұлы перзенті, атақты ғалым,
академик Əзім ашқан жер астындағы агыл-тегіл су...
– Теңіз деңіз!
– Иə, телегей теңіз! Понимаете, телегей теңіз!..
Түймекөз сөзін кілт үзді де, тым-тырыс боп тына қалған жұртқа
тесірейе қарап, сұқ саусағын безеген оң қолын ілгері созып тұрып
қалды; асыра мақтаймын деп артық кетіп қалғанын білді; бірақ оған
қысылған жоқ; қайта артық кеткен сөзді қалайда осы арада шынға
айналдырып, жұрттың санасына сіңіре түскісі кеп өзеуреп түр. Өзеуре!
Өзеурей түс!
– Жə, регламент...
Шамасы дауысың қынаусыздау шықты-ау деймін, қу неме құлақ
қағысыңа қыңбады. Оу, несіне қыңсын! Мақтағаннан бір жері майып
болған бастықты көрген жоқ жəне бұған бастықтардың жайы белгілі:
неғұрлым мақтаған сайын, соғұрлым сұлыға семірген жылқыдай
кереге жалдана түседі; ал бұның жаңағы мақтағаны аттың басына
ілген дорбаға толтыра жем салғандай еді; түйме көз мінбеде тұрып
жымиып қойды. "Айналайын Əз-аға,– деді ішінен,– сен қазір менің
"Əзім картасы", "Əзім суы", "Əзім теңізі" дегеніме қысылған сыңай
танытып жатсың. Айтпасаң да аржақ ойың белгілі: "ит екеш ит те
сүйекті соңыра шығатын жерінің шамасына қарап жұтатын. Бала,
артық кетпе. Халық қабылдамай жүрсе, қиын болады",– деген баяғы
сақтығың...
Жоқ, Əз-аға... халық айналайынның мінезін біз де білеміз. Артықтау
көрінген жаңағы менің сөзімді іле-шала бірнеше кісі қостап "Əзім
картасы", "Əзім суы", "Əзім теңізі" десінші; сол жетеді; сосын көре қал,
соны күні ертең осы халықтың өзі айтып қақсап тұрмаса – маған кел;
бір жақтасың – мақтаса, екінші жақтасың – қоштаса, аржағын халықтың
өзі-ақ қиқулатып ала жөнелуші еді ғой. Сосын карта да сенікі, жер
астындағы су да сенікі, абырой, атақ болса-болмаса да сенікі. Əріберідесін соған сенің де құлағың үйреніп, қос уыс жиналыс болса, жұрт
сенің картаңды мақтап, сен ашқан теңіздің суына тамсанса екен деп, хехе-еу, сау болсақ, соңыра əркімнің аузына қарап жалтақтап
отырғаныңды да көрерміз-ау!
Түйме көз сөзін бітіре бергенде, қасында отырған біреу бұны
шынтағынан ұстады. "Неге бүйтті?"– деп ойласа да, бірақ халық
алдында сыр бергісі келмей, қыбыр еткен жоқ. Сосын жаңағы қол
өзінің құдды жаңа туған жас ботаның май табанындай жұп-жұмсақ
алақанымен жұртқа білдірмей, шынтағыңды топшы тұсынан ақырын
қысып-қысып қойды.
– Құттықтаймын! Академик Əзім картасына енді ешкімнің де дауы
болмас.
Іші құрғыр жылып кетті. Көңілің көтеріліп күле жаздадың да, бірақ
бұл жолы да жұрт алдында өзіңді билеп дағдыланған əдетпен сыр
бермей, сол баяғы безерген қалпыңды сақтап бақтың. Апырай, осы
жуан неменің сырт көзге түйсіксіз доғал сияқтанып жүріп те көкірегі
аржақ құлқыңды əріден танып тұратынын қайтерсің! Бұл оның
тумысынан табиғатына біткен қасиет пе, əлде жүре келе тапқан өнер
ме, ол арасын білген жоқсың. Жуан Жақайым жөнінде білетіні – өмірбақи бір мекемені дербес басқарып көрмеген кісі. Ана жылы
бірдеңеден өйтіп-бүйтіп кандидаттық қорғап, астанаға жұмысқа
ауысқанға дейін Аралда су шаруашылығына қатысы бар кішігірім
мекемеде кішкентай қызмет істепті. Ал, үнемі бір бастық үстінен
мартудай басып отырған кішкентай адамның жайы белгілі: жоғарыда
отырған бастықтар сонау төменгі жақта пысынаған тар кабинеттің
төрт қабырғасы арасында тұқшыңдап қағаз шұқылаған кішкентай
адамдардың
қатесі
мен
кемшілігін
көргіш-ақ.
Əсіресе
қарауындағыларға қабағын ашпайтын қытымыр бастықтар тақа
болмағанда жазуын ұнатпай: "əй, шырағым, əріптерің қалай өзі?"– деп
кіржіңдеп, ал орнында тұрмаған əлдебір үтір мен нүктені көріп қалса
қуырып жеуге бар; ондайда, бұл сорлы жүн тыққан қаптай сиымсыз
жуан денесін қайда қоярға білмей қойқаңдап, қозғалақтап кететін
шығар-ау; сонда екі қолы қапталына симай, кейінгі жақтан əлдебір
сүйеу іздеп қармалағандай, қайта-қайта құйрығын сипалап кетпес
дейсің бе?
Қайта астанаға келгелі көзі ашылды: академиктің алды кең; рас,
оның да қарауындағыларды қақтаяқтай қағыстыратын кезі болады:
əсіресе Үлкен Кісі қатысатын Үлкен Үйдегі жиын-жиналыста
сөйлейтін сөзі дер кезде дайын болмай қалғанда мазасыз; сосын
жоғарыға жіберетін қағаз мерзімінен не кешіксе, не көңілден шықпаған
жағдайда қиын; қағаз-қаламы жүйрік жігіттердің қолынан өтіп, тасқа
басылып, үтірлер мен нүктелер орын-орнына қойылып, тап-тұйнақтай
ғып алдына əкеп қойғанша қабағын ашпайды; қарауындағыларды
мұрнынан қан кеткенше қуалаған əлгі қағаз қолына тигесін дереу
жоғарыға жіберудің орнына, бұл əдетте "жақсы" дейді де, үн-түнсіз
столдың тартпасына тыға салады; керек десе оқымайды; оқымақ түгіл
бетін ашып қарамайды; сол қағаз сонан он-он бес күн жатады; сол екі
арада ол қағаз жұрттың қаперінен шығып ұмытыла бастағанда, бір
күні жігіттерді қайта шақырып алады; бұлар ұмытып кеткен баяғы
қағазды тығулы жатқан жерінен суырып алады да "қайта қарап
шығыңдар!"–деп қайырып береді; араға талай күн салып қайта
қарағанда, шынында да, бұлардың ана жолы жан-тəнін салып мұқият
даярлаған қағаздың өн бойынан ыссылай кеткен ұрыншақ жерлерін
өздері көріп, қалам ұшымен қағып тастап, салқын қандандырып қайта
апаратын.
Бастықтың бұнысы Жуан Жақайымға ұнайтын; ол байғұс қарсы
жақтың кісілерін орынды-орынсыз шаптан түртіп шамына тие бермей,
қолдан келсе тіл табудын жолын көздейтін; қарсылас жақтан біреуміреу келе қалса қуанып, орнынан атып тұрар еді; қолын қос қолдап
қысып амандасар еді; стол алдындағы екі орындықтың біріне оны
отырғызар еді де, екіншісіне өзі отырар еді; сосын темекі шегетініне
сигар ұсынар еді; темекі шекпейтін тақуа болса, қоңырау басып хатшы
қызға шай алғызар еді; осы жолы да ол қарсы жақтың ызасына тиіп,
ашындыра бермей, қолдан келсе, қайта ойдан-қырдан келген
сушыларға академик Əзімнің сыйлыққа ұсынған картасын қолдатып
алуды көздеп еді; түймекөз кандидат мінбеден түсер-түспестен сол
мінбеге енді қасқабас ғалым көтерілді; бұның сөзі əлгіден асып түспесе,
бері түспесі белгілі; тек өзінің қайсы бірде беталды лағып кететін
əдетіне бағып, сөзінің аяғын қожыратып ала ма деп қорықты.
Қасқабас ғалым асықпады; өзімен бірге ала шыққан жуан
портфельді алдына былқ еткізіп тастай салды; сосын сырт еткізіп
кілтін ашты; портфель ішіне қарнын қампитып тыға берген
қоқырсыған көп қағаз арасынан əлдебірдеңе іздеп кетті; кесір
қылғанда онысы жуық арада табылмады; əдепкіде "бұл не айтар
екен",– деп сілтідей тына қалған жұрт, кідірген сайын
шыдамсызданып қозғалақтай бастады; бірақ оны елең қылған анау
жоқ; қоқырсыған қағаздарды боратып жүріп, арасынан ақыр əйтеуір
іздегенін тапты. Сүйтсе, онысы сөзін оқитын көзілдірік боп шықты.
– Ау, ағасы, сөйлемейсіз бе?
– Асықпа, шырағым. Өз басым мінбеге шыққан кісінің сөйлемей
кеткенін көргем жоқ.
Тапқырлығына жұрттан бұрын өзі ырза боп кеңк-кеңк күлді де,
сөйлеп кетті: бұл да əлгі түймекөз аузына түкіріп кеткендей
біссімеллəсін "ағайындар-ау"-дан бастады; сосын дəл ана түймекөздің
айтқанын аудармай қайталап, жер бетінде су қоры жылдан-жылға
азайып, теңіз тартылып, өзен сарқылып, жерді сор басып, қуаңшылық
жұрттың апшысын қуырып бара жатқанда академик Əзім жеті қат жер
астынан теңіз тапты деді; бұнысы саған ұнады; тек сонан кейін
шыпшып тер шыққан тақыр басын алақанымен бір сипап, алқымын
кенеп алып:
– Академик Əзім тапқан жер астындағы сол ағыл-тегіл су үкімет
тарапынан əлі күнге қолдау тауып, қаржы бөлінбеу себепті бұл
бесжылдықта да пайдаланылмай жатыр,– дегенде, сенің зəрең ұшып
кетті; атып тұрдың:
– Профессор! Біріншіден, уақытың бітті. Екіншіден, игілікті іске
асықпау керек. Жер астындағы судың көзін табу қиын, ал көзін
тапқасын – оны кəдеге біз асырмасақ, алда да өмір бар, болашақ ұрпақ
пайдаланады.
– Қадірлі академик, бұныңызға қосыла алмаймын. Бізден кейінгі
ұрпақ өз күнін өзі көреді. Ал, біз сен тапқан суды... Сенің суыңды...
– Теңіз деңіз,– деп біреу залдан дауыстап қалды.
– Дұрыс айтасың, бұл шынында да теңіз... Əзім теңізін біз неге жер
бетіне шығарып, халық шаруашылығының мүддесіне пайдаланбай,
кертартпалыққа салып отырмыз. Бұл не? Үндемейсіңдер, ə? Ендеше,
мен айтайын, бұл – барып тұрған зиянкестік. Да, зиянкестік!
Жұрт қозғалақтап кетті. Кейінгі жақтан қостаған дауыстар шықты:
– Дұрыс айтады,– деді біреу.
– Зиянкестерді дереу жауапқа тарту керек,– деді екінші біреу.
Сен:
– Отыр,– дедің қасқа басқа зекіп, сосын залдағы жұртқа қарап,– Біз
ертеңді де ойлауымыз керек. Жер астының суы соңыра, коммунизм
орнағанда əсіресе керек болады,– деп жұрттың бетін қайтаруға
тырысып бақтың. Əншейінде жігіттеріне тақымы толмаушы еді;
сүйтсе, бұлар құр алақан емес екен. Бұлар, əсіресе, қазіргідей жан алып,
жан беретін жағаласта беттің арын белбеуге түйіп шыға келетін нағыз
ұр да жық боп шықты. Аққұба жігітің не болса содан қысылатын,
шетінен арлы, ұятты жақтастарына қарағанда, бір есептен, қайта
сүзеген бұқадай ұрынарға таппай, жұртқа тиісіп жүретін осындай қара
шоқпарлар жақсы ма, қалай?
Басын дұрыс бастаса да аяқ жағын осылай бір жерге апарып
жығатын əдеті. Бұнан кейін кім сөйлесе де бəрі де "академик Əзім
картасы", "академик Əзім суы",– деп жұрттың құлағына құйып бақты.
Бірінен кейін бірі шығып айта бергесін конференцияның алғашқы
күні-ақ, түс ауа бере Əзімнің картасы, Əзімнің суы дегенге жұрттың
құлағы кəдімгідей-ақ үйреніп қалды. Келесі күні де басқаша емес, дəл
осылай болатынына күмəнданған жоқсың-ды.
Адам да бала; баладан құйттай да айырмасы жоқ; əне, түс ауа түгел
бұның жағына шығып алған қара таяқтар карта мақталса сатырлатып
қол соғады; жер астындағы судың бір тамшысын татпаса да, анада
Əзімнің жігіттері жабылып сызған көк ала шимайдан дəл қазір
шүмектеп шəрбат атқылап қоя беретіндей тамсанады-ай кеп!
Бірінші үзілістен кейін жұрт топырлап кеп бұның қолын қысып
құттықтады; əсіресе шөлде туып, шөлде өскен, қазір де сол шөл далада
ғұмыр кешіп жатқан сорлылар карта бетіндегі көк ала сызықтың
астында көл-дария тұнып жатқандай көзі телмеңдеп, Əзімнің қасынан
шықпай қойды; қайсы бір көңілшектер көзіне жас алды.
– Кешір, айналайын. Кейде бір қасық суға зар болатын кезің болады.
Шөлдеген қойлар жас баладан бетер төзімсіз. Суы тартылған құдыққа
анадайдан маңырап кеп, қаңсыған астауды жалағанда жаның шыға
жаздайды. Сонда қайда кетеріңді білмейсің. Жаның күйгесін, көктегі
Құдайды қарғайсың. Кейде, жердегі балшебек балаларға да тілің тиіп...
– Ақсақал!.. Ондайды маған айтпа!
Жан-жағыңа жылдам көз тастап едің, бір жақсысы, əйтеуір, маңайда
өздерінен басқа ешкім жоқ екен. Сүйтсе де, түсіңді суытып:
– Ақсақал,– дедің ақырын,– көк Тəңірісін қалай тілдесең де еркің, ал,
бірақ...
– Түсінем ғой, қарағым...
– Əлгің саяси қате...– деп сен сол арада да қырағылық көрсетіп едіңау. Апырай, сонда бұл жазған неден қателесті? Қателесуге тиіс емес еді
ғой. Бұл өзін өмір бойы қолы шыққыш ойыншыдай көретін еді-ау.
Шынында да, осыған дейін тек ұтушы еді ғой. Рас, анада бүтіл
институт жабылып картаны істеп жатқанда қарсы жақ бас көтерді:
мыналарың ғылыми жолмен жан-жақты зерттелмеген құр долбар деді.
Құр долбарға сүйеніп істеген дүдəмəл нəрсені картаға түсіріп дабыра
қылу жарамсыз қылық деді; ең дұрысы – ғалымдар мен су мамандарын
жиып, көпшіліктің талқысына салу керек деп шуылдасып еді; бұл
солардың-ақ дегені болсын деп жұртты жиды; талқыға салды;
ешкімнің аузына қақпақ болған жоқ; қарсы жаққа да сөз берді; олардан
да талай қызыл көз мінбеге жүгіріп шықты; жұлқынып сөйледі; бірақ
жұрт ит қосып айтақтағандай айқайлап, ысқырып сөйлетпей қуып
тастады.
Екінші күнгі мəжілісте Аққұба жігіт сөйледі. Бұл өзі сөзін жазып
алғанда болмаса, ойының басын құрай алмай пышыратып алатын-ды.
Əсіресе, осы жолғы сөзінде мəн болмады. Салған жерден Əзімге
тиіскені қате болды. Бұл кезде Əзім көзін тапқан жер астындағы
теңізге Аққұба жігіт емес, əкесі тіл тигізсе де тап беріп сақалынан ала
кетуге əзір отырған қара таяқтардың өздері-ақ тұс-тұстан айқайлап
шыға келді. Аққұба жігіт жер тепкілеп айқайлап жатқан шуылдақтарға
жыны келді ме, əлде сөзін дұрыстап айта алмаған өзіне ызаланды ма,
əйтеуір мінбеден түспей қасарысып тұрып алды. "Баяғыда,– деді
өзеуреп,– Европаның бір ұлы перзенті "адамды қой жеп қойды",–
дегенде, сол залалсыз момын жануардан адамның қаншалық зəбір
шеккенін қайдам, ал қазіргі, біздің заманымыздағы ғылымитехникалық өрлеу адам баласының түбіне жетпей тынбайды.
Техникалық өрлеу алдымен табиғаттың нелер ықылым заманнан бері
уыздай ұйып тұрған тамаша тепе-теңдігінің тас-талқанын шығарып,
адам баласының басына қара күн туғызып отыр. Əне, Арал
тартылды...",– деп еді; ана жақтан біреу атып тұрып: "Арал тартылса,
академик Əзімнің теңізі бар",– деді айқайлап, Аққұба жігіттің аузына
қапелімде сөз түспей, ерні дірілдеп, қолы қалтырап төге-шашырата су
ұрттап алды да: "сəуегейлігім жоқ, бірақ,... бірақ күндердің күнінде өліп
бара жатқан адам қалтасындағы соңғы тиынына бір үзім нан алмай,
бір жұтым ауа сатып алатын кез де болар",– деді де, мінбеден түсіп
кетті...
Иə, сендер жеңудей-ақ жеңдіңдер. Аққұба жігіт те ештеңе бітіре
алмады. Ол саған жеңілген жақтың шайқас қаша ұрыс салатын некенсаяқ солдаты сияқтан-ды. Қаратаяқтардан қолдау тауып, күш алып
алғасын сен іле-шала үлкен ғылыми кеңестің мəжілісін өткізіп, Аққұба
жігіттің докторлық диссертациясын құлаттың. Ғылымға қосқан
жаңалығы жоқ деген сылтауды желеу қылып лабораториясын жаптың.
Аққұба жігіттің от басының күн көрісі қиындап бара жатқасын, жаны
ашыған жолдастары жұмысқа алғысы келсе де, Үлкен Үй қолдап
отырған атақты академиктің жақпас жағына шығып қалатындай
қорықты. Иə, бюроға дейін бұнан жұрт қорқатын. Тасы өрге домалап
тұрған сол тұста, несін айтасың, бұл құдды қолы шыққыш ойыншыдай
еді ғой. Қолы шыққыш ойыншының карта тартса тұз шығатыны
сияқты бұ да тек ұтсам деді. Есіл-дерті ұту еді. Шынында да, бюроға
дейін жазбастан ұтты. Ана жатырынан ырысы артық жаралған
сыралғы бала баяғыда асық ойнағанда да балықшы ауылының
балаларын шетінен сыпырып ұтып алатын. Онсыз да алдында иығы
түсіп, мұрынын тартқылап тұрған баланың ішін күйдіре түскісі
келгендей қалтасы толған асықты сатырлатып сақ-сақ күліп тұратын.
Сондайда аналар қарызға асық сұраса, бұл қолым шықпай қалады деп
бермейтін. Алда-жалда бере қалғанда да ақысына асық алмай, тек
тықыбай алатын. Онда да қасында қызық көреміз деп қаумалап тұрған
балаларға бұл əуелі көзін қысып қояр еді; сосын көйлегінің жеңін
шынтағына дейін сыбанып түріп алар еді; сосын саусақтарын
сытырлатып бір жұмып, бір жазып қолына күш жияр еді; сонан соң
ғана ертеден беpi алдында мандайын тосып тұрған балаға назар
аударар еді; бірақ бəрібір асықпас еді; не істесе де айыз қандырып
істейтін машықпен бишара баланың көзіне түскен кекілін кейін
қайырып, тықыбай алатын жерін аспай-саспай жалаңаштап алар еді;
сонан кейін де тап жаңа алақанымен сипалап байқап көрген
маңдайдың торсықтай шекесін əлі де болса қапы жібермей о жақ, бұ
жағынан сығалап қарай түсер еді; бір қызықтың боларын біліп, əлден
күлкіге булыға бастаған балаларға Əзім көзін тағы да бір қысып қояр
еді; əлі де сол аспаған-саспаған күйі тықыбай салатын сұқ саусақтың
ұшын түкіріктеп-түкіріктеп алар еді де, сосын бағанадан бері алдында
көзін тас жұмып, маңдайын тосып тұрған пақырды торсықтай шекеден
дəлдеп тұрып тырс-тырс шертер еді; ертеден бері "енді не болар
екен?"– деп қыбырсыз тұрған қызық құмар балалар, сол арада, ой несін
айтасың, қыран-топан күлер еді ғой; өзі де керемет лəззат алып сақ-сақ
күлер еді-ау!
Шіркін, өзгелер ұтылып, өзің ұтқанға не жетсін! Сушылар
жиналысынан кейін жігіттер қуанышын жасырмай адыраңдап кетті;
олар бөркін аспанға атып адыраңдап жатқанда, бүтіл институтта тек
бір кісінің жүзі сынық еді; ол күнде-күнде кездескен сайын, бұған: "Əзаға, аналар неге үнсіз?"– деп əлдебір үрей маза бермей, түсі қашып,
басын шайқап отырады да:
– Əз-аға, осы тегін бе?– деп бұған қарайтын.
Шынында да, тегін болмады; өздеріне бір тықырдың таялып
қалғанын өзгеден бұрын ол сезіпті; ал сен болсаң "осы не білетін еді",–
деп, керек десе, оны жөндеп тыңдаған да жоқсың.
Сүйтсе, артық ақыл кісіге бар кезде бірдей пайда бермейді екен; ал
қулықты көп қуған кісі əрі-берідесін өз құйрығымен ойнаған түлкідей
өзін-өзі алдай бастай ма, қалай? Ақыл мен айла кісіге серікке
жарамағанда, қайта, бір есептен, сезік пен секемге сенген дұрыс болар
ма еді? Не қылса да, ол бишараның балпиған жұп-жуан денесінде түз
тағылары сияқты қауіп-қатерді жер түбінен сезетін соқыр сезім бе,
сондай бір ерекше қасиет болғаны-ау, шамасы?
***
Неге бұлай болды? Бұл жазған неден қателесті? Апырай, неден
қателесті екен? Не-ден?!
***
Сол күні бюро саған ұзаққа созылған сияқтанып еді; сүйтсе басыаяғы жарым сағаттан аспапты. Бірақ сенің апай-топайыңды шығаруға
со да жетті. Адам пақырға құмырсқа өлермендікпен жанын жалдап
жүріп жоғары көтерілу қиын болса да, ал, бірақ, сол өзің өліп-талып
шыққан биіктен құлаудың оңайы-ай!
Бəрінен бұрын бюро мүшелерінің қылығы жанына қатты батты:
бұны есік жаққа екі аяғынан сарсылтып тұрғызып қойды да, бірі
мошқап, бірі мысқылдап иттей талап жабылды да кетті. Бұл əлі бір
сұраққа дұрыс жауап берген жоқ; қолы қос самайдан аққан терді
сүртуден босамады, бюроға келердің алдында ғана киген ине-жіптен
ада шыққан ақ көйлектің қатырма жағасы мойнын қажап, сусылдақ
шашы құрғыр да қайта-қайта көзіне түсіп кете берді; қолы тер
сүртуден сəл босаса біресе жағасын тартқылап, біресе шашын
қайырғыштап зықы кетіп тұрып езіне берген ауыр жазаның батпан
салмағы да, сонан бұл қашан сыртқа шыққанша санасына жетіп
болмапты; сыртқа шыққасын да жуық арада есін жия алмады; есік
алдында əлдекімді күтіп, отын баспай дедектеп тұрған машинаның
жанынан өтті; шеке тамыры солқылдап əкетіп барады; есіл-дерті
тезірек үйге жету; осыдан сүлдерін сүйіктіп үйге жетсе – иығына ілген
лыпаны шешсе шешкені, егер оған шамасы келмей діңкесі құрып бара
жатса, киімшең бойымен құлай кетуге бар; онан басқа ештеңеге зауқы
шауып тұрған жоқ; дүниеде зауық шабатын да ештеңе қалмаған; түн
болса тірі жан тұяқ серіппей, əркім өзді-өзінің індігешіне кіріп, есік,
терезесін қымтап, тығылып алған қаланың түрі мынау – тас қараңғы
көшеде тірлік нышан сезілмейді; осыдан қашан таң атып, күн шығып,
жер бетіне тағы бір жарық сəуле түскенше тас қабырғалардың арасына
тығылып алған тірі жандардың басында "сабап кетпесе", "тонап
кетпесе" деген қорқыныштан басқа не бар? Əне, көшенің екі бетінде
қараңғы түн еңселеп басып алған зəулім үйлер қарауытып қаңқасын
көтеріп тұр; бір терезеде шам жылтырамайды.
Іші құрғыр ит талағандай; бірақ ұстамды жігіт дыбысын шығармай
тістеніп алды да, аяқ астына қарап жатпастан шылқылдаған қар суын
кешіп жүріп кетті; көшені кесіп өтті; əлі тірі жан кездескен жоқ; есіне
тентек ақынның сайқал қала дегені түсті; ақын айтса айтқандай осы
қаланың əншейінде жұртты сыртымен арбап тұратын сайқалдығы
қайда? Еркексіреп бара жатса үсті-басына жылтырақ бірдеңені іле сала
кісі-қара жиналған жерден құйрығы бұлтыңдап өтетін нақ бір
жезөкшедей ешкімді талғамай да таңдамай, көрінген қиякелдіні
құшағына тартып, ақын айтса айтқандай қаласа Балтыққа да, Байкалға
да пана бола кететін сол əлгі сыртымен арбайтын сайқалдығы қайда?
Басқасы басқа, əдетте түн жамыла көшеге шығатын сайқал қаланың
жезөкше сайқалдары неғып сап бола қалған? Неге бір көше болмаса бір
көшенің қайырылысынан күйлеген қаншықтай қылымсып шыға
келмейді? Əзім жан-жағына көз салды. Əлде олар да борбайынан бір
пəлеге ұшырап, басын қайттап кетті ме?
Миығынан мырс етті; үкімет үйінің алдындағы алаңға ілікті; басқа
жақ қараңғы болса да бұрын осы маң жарық болушы еді; ала-бөле əне
бір қолы шошайған тас мүсін тұрған жер самаладай болатын; қала
үстін басқан қараңғы бұл араны да меңдетіп қабағын қарс жауып апты;
сонан ба, алып тас мүсін түн жамылып жорытқан жолаушыға зəуде бір
кездесіп қалатын əлдебір оба тастай рабайсыз зорайып көрінді; тұла
бойындағы басқа тұлға-тұрпатынан бұрын оның, əдетте, көш жерден
көзге түсетін шошайған қолы да көрінбеді.
Көшенің екі бетінде қарауытқан зəулім үйлердің арасынан аяқ
жолын əзер тауып келеді; күндіз күн жылымық болған-ды; көшедегі
қарды арлы-берлі жосып ағылатын да жататын машиналардың мың
сан доңғалақтары мыжғылап, миын шығарып тастаған екен; сол миы
шыққан көксоқта шылқымайды беті-жүзіне қарамай шылп-шылп
кешіп келеді.
Бұның кейде машинадан зерігіп бара жатса, жаяу жүретіні бар-ды;
орталыққа орналасқан əкімшілік мекемелердің бірінен шаруасын
бітіріп шығатын да, тақымын жазғысы келгенде сыртта күтіп тұрған
машинаны қоя беріп, өзі жасыл жапыраққа малынған əсем көшелердің
саясымен, əлгі қолы шошайған тас мүсін тұрған алаңмен ақырын
аяңдап үйіне жаяу қайтатын; сонда үйі құрғыр тиіп тұрғандай, əп-сəтте
жетуші еді; осы қазақтың түнде жер ұзарып кетеді дегені рас па, əлде
титығы құрығанда кісіге қарыс жер мұң бола ма? Бүгін өз үйі өзіне
жеткізбеді; сылқылдақ қар кешкесін аяғынан су өтті; тау
баурайындағы қаланың ала-бөле осы кезде не күзге, не қысқа ұқсамай,
бойына ылғал тартып ылжырайтын да тұратын ауасынан түн ызғары
анық сезіледі; тоңазыған дене тітіркеп кете бергесін қалтасынан
қолқабын іздеп еді; саусағының ұшы шытырлаған екі жапырақ қағазға
тиді; сипалап көріп еді, ақша сияқты. Айтқандай-ақ бүгін ертеңгісін
шоферін темекіге жұмсаған еді-ау, мынау сонан қайтқан екі бір
теңгелік болмасын. Ендеше есік алдында отын сөндірмей дедектеп
тұрған жаңағы машина бұның сүлік қарасы болды! Жақында ғана алған
су жаңа машинатұғын; бұрынғысын Жуан Жақайымға беріп, мынаны
өзі күндіз-түні байлап қойып мінетін; ертең əлде кімнің тақымы
астында кететін құтсыз адыраның күйігі ішін өртеп, ащы тырнақ осып
алды.
Аяғын баса алмай, тілерсегі дірілдеп барады; сүлдерін сүйретіп
почтамтқа жетті; əлі құрып бара жатқасын жуан терекке бойын сүйеп,
асыла кетіп еді; кəрі теректің құшақ жетпейтін мұп-мұздай күпшегі қос
шекедегі көк тамырлары бүлк-бүлк соққан ыстық маңдайды қарып
алды; бірақ тəн түршіккен жоқ; қайта өрттей күйген қызу əлгіден гөрі
саябырлап жанына жағып барады. "Апырай, адам түк те емес екен ғой?
Түк емес екен",– деді торығып; əншейінде бұл төбесімен көк
тірегендей боп, болған-толғансып жүруші еді-ау; сүйтсе, түк емес екен
ғой; түк емес екен. Бұл əлгіде ғана əдеттегі машықпен сүлік қарадан
керіліп-созылып түсіп еді-ау! Сол керіліп-созылған қалпы кілемдеп
тастаған басқышпен жоғары көтеріліп бара жатқанда да, бұл сабаз
басында бағы бар, абырой, атағы бар, əтібірлі азаматтың бірі... жоқ,
бірегейі еді-ау! Сонан не бəрі жарым сағат өтер-өтпесте бюродан
шығып, сол əлгі кілем төсеп тастаған басқышпен қайта төмен түскенде
құдды сəтсіз күні жолға шығып, ұрыға тоналған жолаушыдай жұрдай
боп шықты-ау! Иə, жұрдай болды! Жұрдай болды!
Басын сүйеп тұрған мұздай терекке бетін басты да, еңіреп жылап
жіберді. Бұрын кім еді? Енді кім? Кім? Бұл, бірақ енді кім болғанын
ойлағысы келмеді. Өйткені өзінің бұрын кім болғанын жақсы біледі.
Қандай болғанын да біледі. Иə, бюроға дейін де сен, сен едің-ау! Сен
тіпті бағана орталықтағы еңселі сары үйдің алдына сүліктей қара
машина тұла бойындағы жалтырақ темірлерін күн сəулесіне жарқжұрқ шағылыстырып тоқтағанда да тап қазір ісі бюрода қаралатын
əлдебіреу емес, қайта бұның өзі істі болған əлдебіреулердің тағдырын
шешетін үлкен бастықтың дəл өзіндей нығыз-тұғын. Сол мырғам,
нығыз қалпын сақтап, аспай-саспай машинадан түсіп еді-ау! Сол
мырғам, нығыз қалпын бұзбастан ертелі-кеш милиция күзетіп
тұратын еңселі сары үйдің есігіне беттеп еді! Милиция қашанда
анадайдан сызданып келе жататын нарқасқа еркектің алдында қаздия
қалушы еді. Бұнысы саған ұнайтын. Ол осы жолы да сүйтті. Сен оған
сəл бас изеп, ішке өтіп кеттің. Ішке кірер-кірместе сені көрген үлкенкіші анадайдан жүгіріп кеп "Əз-ағалап" жалпылдап еді-ау!
Осы үйде комсомолдан көтерілген жастар көп; өңшең қолтығына
папка қысқан шиборбай сыптығыр; қашан көрсе де қауырт бірдеңеге
қапылып жатады; осынша неге қапылып, неге тызалақтайтынын
білмейсің; оны олардың өздері де білмейді; өзгелер білмесе де, бірақ
осылай дызалақтамаса дүние қазір өртеніп кететіндей сыпсыңдаған
сыптығыр немелер асығып-үсігіп не жоғарыдан төмен түсіп, не
төменнен жоғары көтеріліп бара жатқаны; сондайда жазатайым
алдында кетіп бара жатқан біреуді аңдамай қағып кетсе, қалшиып тұра
қалады да, иіліп кешірім сұрайды; сосын сыпсыңдап басып əрі өтіп
кететін елпілдеген елгезек жастар бұны көрсе, тіпті бəйек болады;
бұлар да жаңағы милициядай қалт етіп тұра қалады; бұлар да бұған
ілтифатпен иіліп сəлем береді; сен, бірақ, үлкен орындағы инабатты
біреу болмаса, мынадай шиборбай сыптығырларға онша иліге қоймай,
кекірейген басыңды изесең сəл изейсің де, иземесең тұсынан өте
шығасың; былай шыға бере: "осы кім еді?"– деп ойлайсың; бірақ қанша
ойласаң да есіңе түсіре алмайтынсың; осы күні сен білмесең де, сені
білетіндер көбейіп барады; соны ойлағанда көңілі кəдімгідей
марқайып, миығынан күліп қоятын; сол миығыңдағы насатты күлкіні
жиып та үлгіртпей, алдыңнан тағы бір елпілдек кездесе кетеді; бұ да
жүгіріп барып алдынан есік ашады; сен кекірейіп барып машинаға
мінесің; бөксең тиер-тиместе былқ ете қалатын арттағы жұмсақ
орынға шалқалай бергенде, шаң тұрмаған сүлік қара бауыры құдды
суға тиген қайықтай орнынан ақырын қозғалып, жылжып жүре
беретін еді-ау! Тұла бойы толған аппақ əшекей темірлер мен алдыартындағы əйнегі, айнасы, күміс инедей көкке шаншылған антеннасы
күнге шағылысып жарқылдап бара жатқанда, ой-хой, дүние-ай, бұған
мойын бұрып қарамай өтетін еркек, ұрғашы, сірə да, болушы ма еді?
Иə, басынан сондай күндер де өткен! Кеудесін кере күрсінді де,
еңсесін тіктеді. Мұздай терекке сүйеген маңдайындағы бағанағы
өрттей ыстық басылған; əлгіндей емес, қол-аяғына əл-дəрмен оралған
сияқты; есіне тағы да есік алдында қалған машина түсті. Қап, əттегенеай, күні ертең ауызы салымды əлдебіреудің тақымы астында кете
баратын қайырсыз адыраны мінгенде болады екен!
Үйге əзер жетті. Əйелі бұл келгенше жатпайтын. Қайсы бірде
көңілдес əйелдермен ұзақ түнді бірге өткізіп, сонан таң алдында
келгенде де көз ілмей, есік алдына орындық қойып қалғып-шұлғып
отыратын. Сонда да жұмған аузын аша алмайтын бишара, тек бір
жолы батылы барып:
– Осы кезге дейін жүргенде... қорықпайсыңдар ма?– дегенде, бұл
сыздаған мұздай қалпын бұзбай:
– Немене, мені ойнап жүр дейсің бе?– деп төр жаққа өтіп жүре
берген-ді.
Осы жолы да аяқ тықырын есіте сала атып тұрып, алдынан есік
ашты. Бірақ сенің жан беретін кісідей құп-қу түріңнен шошып, жалт
беріп есіктің қайрылысына тұра қалды. Қашанда көзге түспеуге
тырысатын əдеті. Сен үйде отырғанда кухняға тығылып алады да,
күніне үш мезгіл ас даярлайды. Ыдыс-аяқ жуады. Шылпылдатып кір
жуады. Ертелі-кеш үн-түнсіз күйбең-күйбең жүріп күні өтетін осы бір
шүйкедей əйел, от басын уысында бүріп ұстайтын қатал еркек өзі
іздегенде болмаса, қалған уақытта бары-жоғы білінбейтін.
Сен төрге өтіп бара жатып:
– Арақ бар ма?– дедің.
– Коньяк па?..
– Жоқ, арақ...
Əйел қайыра тіл қатпады. Сен де қайталап айтпадың. Бір айтқасын
қайталаудың қажеті жоғын білесің. Əне, сен төрге озған бойда есіктің
қайрылысына тығылып тұрған сүлдеге дереу жан енді. Тірі əруақтай
бозамық бірдеңе дыбыссыз қозғалып кухняға қарай аяқ басып барады.
– Тез!..
– Қазір... қазір...
Шыны шөлмек алдына келгенше шыдамай, ширығып тұр. Ертеңіне
кеш оянды; есінен тана қатты ұйықтапты; көзін ашқан бойда кеше
өмірі істемегенін істеп, бір бөтелкені бір өзі тауысқаны есіне түсті;
бүтіл денесі біреу таяқпен сабағандай сүйек-сүйегі сынып барады;
зілдей басын жастықтан көтере алмай ыңырсып біраз жатты; бұрын
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 25
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654