Latin

Соңғы парыз - 21

Total number of words is 4271
Total number of unique words is 2226
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кезде бірақ қызып қалғанына қарамастан Əзім де: "күн райы бұзылып
барады",– деп жолға ертерек шыққысы кеп құлақ қағыс қылды; сен де
қарсы болмай: "Қазір, қазір"– дедің; деуін десең де, бірақ енді жүрмек
боп жеме-жемге келгенде қара кемпірдің қолында қалып бара жатқан
дімкес бала... баласы құрғыр діңкесін құртып етектен баса берді;
Құдайдан маңдайына бармақтай бақ тілеген əйел сорлы басын бəйгеге
тігіп, тəуекелге бел буып шықса да, жеме-жемге келгенде артына
қарайлап жіпсіз байлана беретін əдет емес пе? Бұл да дəл жүрер
алдында дімкес баласын тағы да бір көріп, бауырына қысқысы келді
де, орнынан апыл-құпыл асығып тұрды; "қайда барасың?"– деген
Əзімге жөнін айтпай, жүрдім-бардым жауап беріп "қазір... қазір
келем",– деді;
Дəл қазір өзін қолды-аяққа тұрғызбай, құйындай үйіріп əкетіп бара
жатқан жүрегі, əлде аяғы екенін білген жоқ; асыққанда иініне де
ештеңе ілмепті; үйден жүгіріп шыққанда ойына алған шаруасын
орындаудың түк қиындығы жоқ сияқтанған-ды; иə, көшенің арғы
бетінде тұрған үйге желең бойымен жүгіріп барады да, баласын
бауырына тас қып қысады; тек жыламайды; тек мауқын басып бетінен
сүйеді де, кідірмей құшағын жазады; онда тұрған не қиындық бар;
қысылатын да түгі жоқ; сорлы баланы, тұла бойы тұңғышын бауырына
қысып, мауқын басқасын... сосын... айтса да, сосын қайын енесі бар екен
ғой. Бəсе, оны қайтті? Ер мінезді қайсар ананың жайы белгілі. Ұясын
бұзған құстай, шаңырағын шайқалтып кетіп бара жатқан келінін
көруін көрсе де, бірақ ол өзінің пеш түбіндегі дағдылы орнында қыбыр
етпей, басындағы қақыра жаулық қайқайып отырып алғанда, бұл
сонда... апырай, бұл сонда қайтті? Оған не бетімен көрінеді? Үндемей
өтіп кетсе қайтеді? Тілдесуге дəті жетпей, беті күйіп бара жатса, амал
қанша ернін қимылдатып қоштасудың емеурінін істесе істегені,
істемесе, аяғын ширақ басып... бірақ қайдам, дəл сол арада сүлдері
құрып аяғын баса алмай сорламаса...
Бұған қалай да бірдеңе көрінді. Сыртқа қалай шықты, солай жаңа
іште отырғандағы батылдығынан айырылып, аяғын ілгері бір басты
ма, жоқ па, қалшиып тұрып қалды. Қас қылғандай, сол арада есіне бір
ай бұрын көрген түсі құрғыр түсіп, тұрған жерінен табанын жаза
алмай, жүйкесі құрып сала бергені. Түс көрердің алдында бірер күн
бұрын қызуы қатты көтеріліп, ауырып жатқан-ды. Көзі ілініп кеткен
екен. Түсіне тұла бойы тұңғышы кіріпті. Сорлы бала кеміс болғасын
қатарымен қосылып ойнап кете алмай, сыртқа шықса болды, іле-шала
үйге жылап келетін. Көбіне-көп өзіндей кеміс балалар зəбір береді.
Ондай балалар қазір теңіз өңіріндегі ауылдарда көбейіп барады. Олар
қолына түссе аямайды, əлі жеткені əлсізге жабылып жығып салады да,
сосын өз қылығына өздері мəз боп санын шапаттап, қарқылдап күліп
жүріп, қолына не түссе сонымен ұрады. Бір жолы бұның баласын да
топыраққа аунатып жығып салып, шырылдатып сабап жатқан үстінен
шықты. Зəресі ұшқан бала өкіріп жылап бұның бауырына кіріп
жабысып алды. Қанша десе де, ананың аты ана, бұл да баланы тас қып
құшақтап қосыла жылаған-ды. Əлі де болса қастарынан кетпей, ауызыбасын қисаңдатып секіріп жүріп алған есуас балаларға бұл сонда не
ренжи, не ұрыса алмай, тек іші уланып, үні өшіп отырып қалған-ды.
Сол жолы да түсінде дімкəс бала сырттан аңырап жылап келген еді.
"Сорлы баланың бір жерін майып қып тастамаса қайтсін?"– деп
зəресі ұшып, ауырып жатқанына қарамай төсектен атып тұрыпты.
Кереуеттің басына іле салған жеңіл халатты иініне ілді ме, жоқ па,
аяғына сірісі жоқ жылы шəркейді сұқты ма, жоқ па, əйтеуір жылаған
баланың дауысы шыққан жаққа жанұшыра жүгіріпті; бірақ есік
алдынан ары аспай кілт тоқтапты; өйткені жылаған баланың дауысы
бұл ойлағандай ауызғы бөлме емес, басқа жақтан, басқа болғанда, тура
қара кемпірдің бөлмесі жақтан шығыпты да, бұл аңтарылып тұрып
қапты; лүпілдеп қатты соғып кеткен жүрегін қолымен басып тұрып,
ұмтылып баланың дауысы шыққан жаққа құлақ тігіпті; тың тыңдап əрібері тұрыпты; енесі бұл кезде түйе қорада желінінде бір шайлықтай
ғана сүт қалған қараша інгеннің баурында жабысып тұрғанын білсе де,
осы бөлмеге кірерде əлдебірдеңе əрқашан бұның аяғын ілгері
басқызбай, кежегесін кейін тартатын да тұратын əдет; осы жолы да
есіктің тұтқасына қолын жүрексініп созыпты; сықырсыз ашылған
есіктен басын ішке сұқты ма, жоқ па... сүйтсе, о, Жасаған... жаңа
сырттан зəбір көріп жылап келді деген бала ұйқыдан ояна сала, жылы
көрпе астынан шыққысы келмей бұйығып жатып:
– Əзе... ə-зе... қайдасың, кел! Кел!– деп дауыстап жатыр екен.
Бұл жетіп барыпты; аяғындағы шəркейді сілкіп шешіпті де, баланы
төсектен тұрғызбай, бас салып құшағына қысқалы ұмтыла берген
екен; ұйқылы-ояу бала көзін ашып апты; əншейінде бір түндік астында
бірге тұрса да, бірақ əрқашан бұған қатысы жоқ жабдан біреудей көзіне
ілмей, басы қайқайып өте шығатын сұлу келіншектің енді қазір аяқ
астынан сиқырланып, бұның əжесі екеуі ғана жататын төсекке кіріп
келе жатқан жəдігөйлігінен қорыққан бала аңырап атып тұрыпты:
– Ə-зе!
– Айналайын, менен неге қорқасың? Мен... менн...
– Кет! Кет! Тен замансын. Əзе-е...
– Жарайды, кетейін. Тек жыламашы.
–Зылаймын.
–Жыласаң жыла, тек айқайламашы.
–Ке-т! Айқалайм... Ə-зе...
Иə, сен сонда құшағыңнан жұлқынып шығып, далаға тұра жөнелген
баланың дауысынан шошып оянғансың-ды. Осы түстен кейін күні
бойы өзіне-өзі келе алмай, қызуы қатты көтерілді; денесі өртеніп,
күйіп-жанып бара жатқасын, үстіне жамылған көрпені тепкілептепкілеп, аяқ жаққа жұмарлап тастаған; қан-сөлсіз бет өліктей қуарып,
қимылсыз көзін үй төбесіне қадап сазарып алды; өзіне, əлде өзгеге
ызаланғаны белгісіз; көкірегін өртеген ренішті əдейі күшейте түскісі
келгендей, сол күні ана жақта асқа шақырған дауысқа да селт етпей, үй
төбесіне кірпік қақпай қадалып қарап жатып осы баланың толғағы
алабөле ауыр болғанын еске алды: тəжірибесіз жас кезі ғой, іші түйнеп
ауырып тұрғанына қарамай, кірбиіп мектепке кетті; айы-күні
жақындағалы бойындағы бала бұнан бұрын да ана жатырын тарлық
еткендей тынышсызданып, əсіресе, түнемелікке қарай бірде ана
бүйірін, бірде мына бүйірін түйіп қалатынды шығарып жүрген; сорлы
бала жарық дүниеге келгенше сонша неге асыққанын қайдам, сол күні
тіпті қатты тынышсызданып еді; соған қарамай, кірбиіп жүдеп
мектепке баруын барды-ау; балықшы ауылдың ұяң балалары бұл
келгенде əдеттегідей өзді-өзінің орнында қолын партаға салып тымтырыс боп отыра қалған класқа кіруін кірді-ау; жағрапия пəні
оқулығының сол күні өтетін бетін ашуын ашты да, бірақ дəл сабақ
бастарда жүрегі көтеріліп, сүйек-сүйегі қақырап бара жатты; алдына
симай шермиген қарнын көтеріп отыру да қиындап бара жатқасын
ішін столдың қырына қаттырақ тіреді де, алдында дымы құрып бұғыпбұғып қалған балаларға қиналғанын сездірмеуге тырысып бақты;
бірақ шыдамы қаншаға жетерін білген жоқ; əуелі қол-аяғына діріл енді;
сосын-ақ өз денесін өзі билей алмай, тұла бойдағы əл-дəрмен əп-сəтте
аяғының басына кетті, маңдайынан бұрқ еткен мұздай тер қапелімде
кірпігін шылап, келесіде бірер тамшы көзіне тамды; жанары буланып
бара жатқасын көзін сүрткісі келді ме, əлде зіл тартып бара жатқан
маңдайын алақанына сүйегісі келді ме, əйтеуір, оң қолын сөлекет
қозғап жоғары көтергенін біледі; бірдеңе деп сөйлеп тұрғаны да есінде
сияқты еді; бірақ не дегені есінде қалмапты. Тек анық білгені
аузындағы сөзді аяқтауға шамасы келмей, жеткен жерінен үзді де,
сосын сүлдері құрып бара жатқасын стол шетіне шынтағын сүйеп
отыра кетті; бірақ оны өзі білмеді; балалар бұғып қалған; дем алған
тыныстары да сезілмеді; қанша уақыт өткенін білген жоқ, сонан бір
кезде көзін ашқаны, əлде жанары тіріліп, көзіне қуат оралғаны белгісіз;
əйтеуір алдында партаға басын бұғып калған балаларды көруін көрсе
де, бірақ ешқайсысының дидарын дұрыстап айыра алмады; əлгіден
кейін əл-дəрмен оралмады ма, əлде көзіне құйылған тер көлкештеді
ме, балалар буланған əйнектің аржағына шығып кеткендей алыстап
көрінді; үрпиіскен жүздер бермен баспай, əлденеге əріден бұлдырады;
бұл тынысы тарылып, демі жетпей бара жатқасын күрсініпті; сосын
осыған дейін дыбысын шығармайын деп тістене-тістене қарысып
қалған жағын əрең жазып:
– Бала-лар...– депті ақырын,– үйлеріңе қайтыңдар...
Мына балалар былайғы уақытта орындарынан сарт-сұрт атып
тұрып, жапырлай есікке ұмтылар еді; бұл жолы бəрі де дыбысын
шығармай тымырайып алған; үн де, дыбыс та жоқ; өздері құдды су
ішінде қозғалғандай; портфелін бауырына қысып алған балалар есікке
қарай бүйірімен жылысып шығып барады; соңғы баланың артынан
есік қалай жабылды, бұ да солай ертеден бері өзіне дем алдырмай
алқымынан алып буындырып тұрған тас шеңгелдің уысынан бір-ақ
босанғандай: уф-ф!.. Күрсінген деммен бірге дауысы да қатты шығып
кеткен екен. Жаңа балалардың соңынан жабылған есік іле-шала қайта
ашылып, аржағынан топырлап əлдекімдер кірді; əлі кіріп жатыр;
сасқалақтаған абыр-сабыр арасынан əлдекімдер əлдебіреуге
əлдебірдеңе деді; бұның құлағына көп кісінің дабыры жетсе де, абырсабыр арасынан əлі бір сөз естілген жоқ; əйтеуір əлденеге жанталасқан,
сүрініп-қабынып əбігері шыққан біреулер; бұлар да əлгі балалар
сияқты буланған əйнектің аржағында су ішінде қалқып келіп, қалқып
кетіп, жанталаса құйқылжып əбігері шығып жүр; олар қанша қапылып,
етегіне сүрінсе де, бірақ онан бұның қиналған жанына келіп жатқан
жеңілдік жоқ; қайта мыналардың абыр-сабыр əбігері үрей туғызды ма,
кенет өкпесі қысылып, тынысы бұрынғыдан да гөрі қаттырақ тарылып
талықсып кетті ме, қалай, əйтеуір əбігері шығып жүргендердің
бірнешеуі жүгіріп кеп, қолдасып көтеріп сыртқа алып шықты; шамасы,
қолдасып көтерген кісілер колхоздың салдырлақ машинасына
мінгізген сияқты; іле-шала күлдірлеп-салдырлап ала жөнелді;
қатарынан екі рет толқын шайқаған қайықтай дүңкілдетіп көтеріп
соққанда, құдды жұлыны үзілгендей жаны ышқынып кетті; жан
ұшырған əйел дауысымен жарыса шығып шар еткен сəби үнін
салдырлақ машинаның сартыл-сұртылынан шала-пұла есітті ме, жоқ
па, соның аржағын білмей, есінен танып талықсып кеткен-ді.
Сонан бір кезде есін жиғанын біледі; зіп-зілдей кірпігін қозғап, көзін
əзер ашқанын біледі; көзін ашуын ашса да, бірақ дүние бəз-баяғыдай
тұман ба, бу ма, түссіз бозамық бірдеңе бəрібір дұрыстап көрсетпей
көлкештеп тұрып алды да, көзін қайта жұмды; жаңа бұның ышқынып
жан ұшырған дауысымен жарыса шыққан əлгі бір шар еткен сəби үні
құлағына қайта келді; жарық дүниеге келу үшін анасын өлім аузына
апарып қайтарған шарана қандай екен деп ойлауын ойласа да, бірақ
оны көруге зауқы шаппады; кейін енесі ақ шүберекке тыңқитып ораған
құндақты бауырына əкеп салғанда да емірену орнына, əлденеге мына
титтей қызыл шақаның əкесінен аумай қалғанына таңғалды.
Қасынан кетпей тұрып алған енесі:
– Еміз!– деп еді; бұл селт етпеді; өзін айран-асыр қылған жаңағы
оғаш сезімнен айыға алмай, нəрестенің өңіне таңдана қарап қалған-ды.
Ененің дауысы енді қатты шықты:
– Шырағым, еміз. Бұған қазір ананың уыз сүті керек.
Ененің ақылы көкірегіне қонса да, бірақ əлі де болса өзін қайран
қалдырған əлгі ұқсастықты анықтай түскісі келгендей ақ шүберек
арасынан əзер көрінген қызыл шақаның бір шөкім бетіне тіпті
үйлеспейтін қоңқақ мұрын мен рабайсыз үлкен ауызға қарап сұлық
жатыр; өзін таңқалдырған осы бір түсініксіз сезім ойламаған жерден
оқыс килікті де, көкірекке келер ақтың тамырын тас қып буып тастады
ма, əлде қатты толғақтан тұла бойындағы сүйек-сүйегі арса-арсасы
шығып жатқан тұмса келіншек сияқты тұңғыш дүниеге келген мына
қызыл шақа да əлгінде өзі шыққан ана жатыры мен өзі келген осынау
жарық дүниенің ара жігін анықтап ажырата алмай, аузына апарған
емшекті жөндеп ала алмай қойды ма? Əйтеуір, əрі-сəрі халде; мұрнын
қайта-қайта тыжырына бергесін бұл да көкірегін қымтап ала қойды.
Жасаған-ау, Жəдігер де бірдеңе ойынан шықпағанда дəл осылай
танауын тыржыңдататын.
Ақ шықсын деп енесі не істемеді: қалжасына жас сорпа керек деп
қой да сойды; лақ та сойды; дəрігерді күнде əкелді; аяқ жетер жерде
алғызбаган қожа, молла қалмады; бір жерде дұғасы қабыл болғыш
əулие шығыпты десе, салдырлақ машина шаңын бұрқыратып
жостыртып ала жөнеледі; бірақ, не пайда, бұл ботасын алмаған тұмса
іңгендей еміренбеді; қолдан келген əрекеттің бəрін істесе де кеудесіне
ақ келмей қойды.
Сосын қара кемпір қалжаға сойған ақ лақтың жұп-жұқа шап
терісінен емізік істеп, тұңғыш немересін өзінің бауырына салып еді;
сонан ба, əйтеуір алғаш дүниеге келген күннен бастап осы баланың
қалай отырғаны, қалай еңбектегені, тəй-тəй қаз тұрып апыл-тапыл аяқ
басқаны есінде қалмапты; енді қазір қара сирақ ойын баласының күн
санап көз алдында өсіп келе жатқаны кəперіне кіріп шықпайтын.
Рас, осы бала бойына біткесін қыз кездегі желік қалар деп ойлағанды. Əсіресе, ертең етегіне оралған сəбиге еміреніп, етбауыр елжірер;
ықылас, пейіл балаға ауғасын көкірегін өртеген сезім де сабасына
түсер, ұмытылар деп ойлаған; Əзімді де ұмытармын деп ойлаған жоқ
па? Міне, балалы болды; бір емес, екі балаға ана болды; бірақ ұмыта
алды ма? Баяғыда, алғаш теңіз жағасында көретін əдемі ақ сары жігіт
арада қанша жыл өтсе де, қас қылғандай, көңілден де, көзден де кетпей
тұрып алды; əсіресе жатарда көрпесіне кіріп келе жатады; үйге кірсе
өзімен ілесе кіреді; шықса шалғайласа бірге шығады; сосын бұл
көшедегі халық арасынан соны іздеп жан-жағына жалтақтап кеп
жатқаны.
Иə, ұмыта алмады; қайсы бірде қасында күйеуі жатып та əрқашан
балықшы ауылдың бет алдында шалқып жатқан көк теңіздің
жағасында əне бір əңгүдік ала көз қараның жанында суға тас атып
отырған ұзын бойлы ақ сары жігіт елестеуші еді; сол күні қыз бен жігіт
бір-бірінен аты-жөнін сұраспай жатып, есірік толқынға ерегіскендей
қатар малтып тереңге құлаш ұрмады ма? Бірінен-бірі қалыспай қатар
жүзіп келе жатып екеуі бұрылып біріне-бірі қарап қояды; жағадан ұзап
кетті, əлде ерегіс, əлде іш бəсеке қамшылағандай; жуық арада жағаға
қайтатын түрі жоқ-ты; кенет күтпеген оқиға болды: жаңа ғана қасында
қатарласа құлаш сермеп келе жатқан жігіт кенет екі қолы ербеңдеп
тұңғиыққа батып бара жатты; қыз шыңғырып жіберді; жан дауысы
жағада қалған ана ала көз əңгүдікке кетті ме, жоқ па, белгісіз; суға кетіп
бара жатқан жігітке дəл қазір қол ұшын берер бұның өзінен басқа
ешкім жоғын білді де, дереу сүңгіді; қол-аяғынан əл кетіп, суға батып
бара жатқан жігіттің белінен құшақтай алды да, теңіз суын бір-екі
қақала-шашала жұтып, жандəрмен жоғарыға қалқып шыға берген-ді.
Сол сəтте... Жаңа ғана бұның құшағында ес-түссіз сұлық жатқан жігіт
кенет сақылдап күліп жіберді; жаңа ғана жансыз өлік тəрізденіп, былқсылқ бола қалған жас дене бір сəтте дүрк жалын атып, қара көзі жарқжұрқ еткені; қыз құшағын жазып алды; "Ə" дегенде сақылдап күлген
жігітке қосылып күле түсті де, кенет тиыла қалды. Оның қылығына не
ренжірін, не ызаланарын білмей, бар болғаны түсін суытып, қабағын
түйіп алды. Ол болса мəз. Күлкісін тыймастан қолын созып ұмтыла
бергенде, сен жолатпай алақаныңмен су шаштың да, жалт беріп жағаға
құлаш ұрдың.
Шіркін, ол күннің несін айтасың! Екеуі жағаға жеткенше қатар жүзіп
келе жатып, аты-жөнін сұрасып танысып алды. Сол жылы бұлар
институтқа түсті. Сонан бастап жұбы жазылмады. Таң атқанша у-ду
болатын да жататын жастар кеші, жастар тойы, жастар мерекесінде
иықтасып катар отыратын. Билесе бірге билейтін. Əн айтса да бұл
ылғи Əзімге қарай қисайып, иығына басын салып отырып айтатын.
Көшеде де қолтықтасып бірге жүрді. Жаны, жүрегі бірге тыныстап,
бірін-бірі құйттай көрмесе де ынтығып тұратын еді-ау...
Бəкизат өкіріп жібере жаздады; аржағында иектеп əкетіп бара
жатқан ащы өксікті əрі-бері тежеп, иегі кемсеңдеп тұрды да, күші
жетпей бара жатқасын, бетін Əзімнің кеудесіне басып, дыбысын
шығармай тұншыға жылады. Осыдан кейін ол өзіне келе алмады. Оның
үстіне осынау ышқынып соғып тұрған əупірім желден, өкірген
теңізден, өкіректеген əумесер толқындардың гүрілі мен сарылы, сəт
сайын біріне-бірі шапшып сүзісіп қап жатқан сеңдердің сатырсұтырынан құлағы бітіп қалды. Оқтын-оқтын басы айналып, көзі
қарауытып кетіп тұр. Ондайда құлап қалатындай қорқады да, екеу ара
жамылған ішік астында бұның дəл өзіндей қалшылдап ұшып бара
жатқан Əзімге жабысып ұстай алады.
Əзімге қосылу қашанғы арманы еді; Құдай бұған бір жапырақ
бақытты да қимады. Сондай-ақ, бұл не жазды? Не пиғылынан тапты?
Қара кемпірдің қарғысына ұшырады ма? Əлде сорлы баланың көз
жасы жібермеді ме екен? Сүйтті ме? Сүйтті-ау?
– Жоқ!.. Жо-қ...
Зəресі ұшқан əйел Əзімді қос қолдап ұстап жабыса түсті. Суық ұрды
ма, əлде, тіпті қорқыныш пен суық қосылғанда, онсыз да кеудеден əзер
шықпай тұрған жан заһарға кетті ме, əйтеуір, ту, ана қара табаннан
басталған діріл тұла бойын түгел жайлап қалшылдатып əкетіп барады.
Бұл не? Түс пе? Өң бе? Кісі қазіргідей шырғалаңға түсіп, басы қатып
жүріп түс пен өнді ажырата алмай, шатастырып алуы мүмкін ғой. Иə,
иə, əсіресе дəл мына қара дауыл, қарлы, қараңғы түнде жүйкесі жүн
боп, титығы құрыған шақта бұл да кісінің түсіне кіретін көп
сандырақтың бірі болса ше? Иə, түс болуы мүмкін ғой! Бұнан бұрын да
дəл осындай болмаса да, осыған ұқсас қорқынышты бірдеңелер түске
кіріп шырт ұйқыдан шошып оянбаушы ма еді? Бір жолы қорыққаны
сонша, тас қараңғы үйде атып тұрып, қасындағы төсекте қанненқаперсіз шалжайып ұйықтап жатқан Еңбек Озатының қойнына кіріп
кетті. Еңбек Озаты оянбай, ыңыранып ары қарай аударылып түсті.
Сосын аузынан шұбырған сілекейін жұтып тамсанды-тамсанды да
саған бұрылды. Ұйқылы көзімен құшақтай алғанда, сен бұрын оның
денесі денеңе тисе жиырыла қалатын əдеттегі тыжырыншақтығың
ұстап, тіксініп, бойыңды тартып алудың орнына, қайта оның бауырына
өзің тығылып, басыңды жалма-жан көрпемен бүркеп ала қойғансыңды.
Бəкизат осының бəрі əлде өң, əлде түс екенін анықтағысы келгендей
Əзімнің үсті-басын сипалады. Сосын оның ішкі тынысынан белгі беріп
буланып тұрған аузы мен мұрнын сипап, əлі де болса көңілін
толқытқан күдікті қай орынға қоярын білмеді. Онан сайын тілі
жеткенше Тəңіріге жалбарынып, Əзім екеуінің басына түскен мына
ақырзамандай ауыр хал өң емес, əнебір бастығырлыққанда көретін
жаман түстің жалғасы болғай деп тіледі. Бірақ... Тоқта... Егер бұл өңі
болмай, түсі болса қалай болғаны? Онда өзінің де өмір бойы аңсаған,
əлгі бір əйел пақырлардың Тəңіріден тілейтін бармақтай бақ басыма
қонды ма деп мəз болған қуанышы да өңі емес, түсі болғаны ма?
"Құдайдың қаһарына ұшыраған шығармын",– деді Бəкизат.
Бармақтай баққа бола бауырынан шыққан кемтар баланы көзі қиып
қалай тастады? Құдай оны қайдан кешірсін. Кетуге анық бел буғанда,
бұған шынында да бірдеңе көрінді. Обал, сауап дегенді ұмытты. Беті
ашылып айбық адамданып алғасын айылын жимады. Əсіресе сыртқа
шыққанда, жұртқа құдды "мені көр!", "маған қара!" дегендей насатты
жүзі жайнаңдап сала беретін.
Күндес қатындардың құдайы берді. Олар бəрін көрді. Бəрін білді. Не
көрсе, не білсе, ымы-жымы бір келіншектер соның бəрін жіпке тізіп,
біріне-бірі сол бойда дереу жеткізіп жымыңдаса қалады. Бұл қалай
үйден шықса, солай əлгі ымы-жымы бір қатындар дереу бұны ымдап,
басы түйісіп пыш-пыштасып жатқаны. Бұл соны көруі көрсе де, тек
есітпеді. Бірақ көкірегі сезеді. Е, Құдай, байын тастаған қатынның
сыртынан тіл безегенде бал тамбай, зəр төгілмеуші ме еді. Мыналар да
бұны не қарық қып жатыр дейсің!
Көп болса:
– О, сор маңдай, өз ырысын өзі маңдайға теуіп,–дер.
– Тұтақ, көрерсіз қарық болғанын,– дер.
– Күнінен бұрын күйлеген қаншықтай, құшағындағы анадай нар
қасқа байды тастап, о сорлы,– дер.
– Бақытты, базарлы екен деп басқа еркектің етегінен ұстағанда,
ендігі қалған өмірден опа тапқаныңды да көреміз,– дер-ау!
– О, жүзіқара! О, қарабет!– деп бəрі жабыла бұның тулағын көкке
қағып жатқан шығар! Қақ! Қағыңдар! Қағыңдар!
Бұл сыртынан күңкілдеген қатындарды көргенде қысылу орнына,
қайта бір түрлі көңілденіп күлкіге булығатынды шығарды. Егер сол
арада кісі-қараның көзінен аулақта болса, бұл ішегі үзілгенше күлер
еді; бұл күндері көз бен сөзге ілігіп нысанада жүрсе де, бірақ соның
бірін жыр демеді ғой.
Иə, бұған бірдеңе көрінді. Масқара болғанда, өмірде істемегенін
істеп, дəл жүрерде арақ ішкені несі? Бəсе, сонысы не? Жарайды,
қалағанына қолы жеткеніне қуанған шығар. Шығарып салған қыруар
халықтың қошемет, құрметі көңілін өсірген шығар. Бірақ сол ию-қию
жиын арасында қызып алған əлдебіреулер "жеңеше", "ақ жеңеше",– деп
арсалаңдап кеп, "біз саған қайны боламыз. Қуанышың құтты болсын!
Ал, соның құрметіне...",– деп, ыржалақтап арақ ұсынған арсыз
немелердің қолын неге қағып жібермеді? Жəркелеш немелерге
қосылып, жоқтан өзгеге жырқылдап күлетіндей не бар еді?
Рас, екі жақтан да жұрт көп жиналды. Ығы-жығы жиын үлкен үйдің
төрт бөлмесіне симағасын жастар жағы ысырыла-ысырыла сыртқа
шығып кетті. Сықырлаған аязда тоңып-жаурап бара жатқасын
тентектеу біреулер əлгіде іштен ала шыққан бөтелкелерді қойнынан
шығарды. Түбінен жұдырықпен бір ұрып, тығынын ытқытты да, тіс
сындырғандай мұздай арақты əуелі бақытты жұбайлар үшін ішті.
Аузының ебі бар біреу əдемі сылтау тауып, аға-жеңгенің құрметі деп
тастап-тастап алды. Сықырлаған аязда шыдамын тауысқан жастар
дызалақтаса да, іштегілердің жуық арада жылы орыннан қозғала
қоятын түрі жоқ. Төрт бөлменің төртеуінде де араққа қызған көңілді
кісілер гу-гу, ду-ду. Ала-бөле кісі-қара аузы-мұрнынан шыққан
үлкендер отырған төргі бөлме қапырық. Жаппай етке тойып, ыстық
сорпа, ыстық шайға қанып, ақ тер-көк тері шыққан кісілер қызара
бөртіп алған. Тілінің ебі бар қайсы біреу көйлегінің омырауын желпіп
қойып, Əзімді мақтап ала жөнелді.
– Айналайын-ай, қайтсін, халқым деп қу жаны қуырдақ боп жүр ғой.
– Иə, біз іс басындағы азаматтың қай тірлігін біле береміз. Бұларды
ана жақта шалқайып, машина мініп, хан ордасындай сарайға талтаңдап
кіріп, шалқақтап шығып жүргенге төрт құбыласы түгел дейміз ғой.
Сүйтсе, көрдің бе... туған елдің тағдыры жатқызбай, қыстың көзі
қырауда жер түбінен келуін келсе де, іле-шала жүрем деп шыдамын
тауысып отыр.
– Əй, байқадыңдар ма, осы жолы өзі жүдеп кеткен бе, қалай?
– Ойбай, үлкен жұмыс адамды жеп тастайды ғой...
–Апырай, ə?.. Не қылса да, ана жақта Əзімсіз шешілмейтін бір үлкен
іс күтіп тұрған болды-ау?
– Иə, солай!
– Солай дедің бе, əй? Ал, ол сонда қандай шаруа екен? А? А?
Жұрттың бəрі енді ана жақта Əзімді күтіп тұрған мемлекеттік үлкен
шаруаны білгісі кеп əр қисынды бір айтып қауқылдасты. Бірақ соның
бірі көңілге қонбады. Сосын шалшық судан қызыл канат шабақ аулаған
жаман балықшылар үлкен орындағы үкімет адамының ісіне ақылы
жетпесін білді де, көңілі басылып қалды. Сол кезде олардың бəрінен
төменірек отырған жылтыр қара тоқпақтай өндіршегін бір бұлт еткізе
тамағын кенеп, қозғалып қойды. Жұрт жаппай соған қарады.
– Осы не білгендерің бар? Біздің Əзімжан теңіз суын тартылдырып,
қу тақырға айналдырам деп жүр ғой.
– Е, несі бар, теңізден тақыр жасайды. Оның қолынан бəрі келеді.
– Апырай, ə?! Көл болса, көлшік болса бір сəрі, ал теңізді, телегей
теңізді тартылдыру... Бұл не аламат... не деген күш, ə?!
– Ойбай, айтпа. Құдай болмаса, бұл жалғанда басы жұмыр пенде де
бұрын соң теңіздің суын сарқып, қара жерге айналдырам деген адамды
көзім көріп, құлағым есітсе не дейсің.
– Иə, мынау Құдай болмаса, адамның қолынан келмейтін іс. Аламат!
Ойбай-ау, күш – атасын таныған ба.
– Рас-ау! Ал енді Құдайдың өзімен тайталасқанда, Əзімжан, не қылса
да біз білмейтін бір құдірет күшке сеніп тұрған болды-ау?!
– Иə, бала осал болмады. Тек, азаматым, күпір боп Құдайдың кəріне
ұшырап жүрмесе қайтсін.
–Тəйт! Оттама! Осыныкі дұрыс, енесін ұрайын... Жығылсаң нардан
жығыл. Күшті екеніңді білейін, қырт-сыртты қой да, тура Құдайдың
өзімен құдірет таластыр. Іргедегі көлді жұтқан Көк өгіздей, күшің
тасып бара жатса, кебенематри, осылай неге теңізді тартылдырмасқа,
жұрт күшіңді көрсін. Ал, кəне... осы үшін бір алып жіберейік!
Етке тойған кісілер рюмка соғыстырарда орындарынан ыңырана
қозғалды. Шынылар сыңғыр-сыңғыр. Кеңірдектер қылқ-қылқ, дүрсдүрс. Бұл кезде қала түгіл қияндағы ауылдың да салтына айналған
қазіргі үрдіс бойынша дастархан жиналғасын да қолынан рюмканы
шығармай, орындарынан ыңырана-ыңырана түрегелген кісілер енді
дастархан басында шайқалақтап, теңселіп тұрып тағы да Əзім үшін
тост көтерді. Осы жолғы тосты қызып қалган біреу дəл мінбеден ұран
тастағандай саңқ етіп:
– Азаматым! Айналайыным!– деп еді, бұған дəн риза жұрт сыңғырсыңғыр шыны қағыстырды. Тағы да кеңірдектер қылқ-қылқ, дүрс-дүрс.
Бұларды көрген қалған жұрт та орындарынан рюмкаларын ұстайұстай түрегеліп, енді ана бөлмеде де, мына бөлмеде де əуелі "жол аяқ"
деп, сосын "кетер аяқ" деп алды. Енді болған шығар деп есікке қарай
беттей берген екі жасты ертеден бері қасында қаумалап жүрген
қошеметшілер дəл шығар жерде жолын бөгеп, тағы бір сылтау тауып
"сəт сапар үшін алмаса болмайды" деп қиылып тұрып алды.
Əзім қатты қызған. Аяғын алып жүре алмай тəлтіректей береді. Кім
не айтса, соған көніп, келісе кететін көңілшек. Жаңағылардан құтыла
бергенде бойын билей алмай тəлтіректеп кетті. Дереу қолтығынан
ұстай алған Бəкизатқа бойын сүйеп, аяғына əзер-əзер тұрған Əзімді
жұрт тағы бөгеді. Бұл жолы Əзім мен Бəкизаттың осындағы көп туыс,
көп жекжат, көп-көп ағайындары қаумалап ортаға алып еді. Екі жасқа
бұлардың да емешесі үзіліп, кезек-кезек бауырына қысып, бетінен
сүйіп жатыр.
Іштеріндегі үлкендер жаңа дастархан басында айтқандарын бұл
жерде тағы қайталап екі жасқа бауыры тола бала тілеп, бақыт тілеп,
батасы мен тілегін қоса жаудырып жатқанда, мына жақта көңілшек
жеңгелер көзіне жас алып, бірақ қуаныш үстіндегі көз жасы өздеріне де
ерсі көрініп, жылап тұрып күліп əпі-шəпісі шықты. Сол кезде біреу:
– Ау, болды ғой. Алды түн, балалар жолда қиындық көріп қалар. Ауа
райы бұзылып барады,– деп еді; осы сөз қамшы болды ма, қаумалап
тұрған жұрт қақ жарылып араларынан жол берді. Осы сəтті күткендей
кекселеу бір əйел етекке салған құрт аралас мұз кəмпитті уысын
толтыра көсіп алды да, екі жастың үстіне шашты. Жұрт лап қойды.
Қолы жеткен де, жетпеген де жерден шашу теріп топыр боп жатқанда,
сыртқа шығып үлгірген Əзім мен Бəкизатты енді бұл жақта жастар
ортаға алып апыр-жапыр. Қойыннан бөтелкелер шықты. Парт-парт
шампандар атылды. Ақ көпіршік бұрқырап ақ қарға төгілді. Быжылдап
стакандарға құйылып, əуелі Бəкизатқа ұсынды. Бəкизат оны ішкенін
біледі. Сонан кейін... Иə, сонан кейін бір апайтөс əупірім қара
анадайдан жеңешелеп, жолындағыларды қаға-соға, қарқ-қарқ күліп
келді де, əй-шəй жоқ қойынынан бөтелке, қалтасынан қырлы стақан
шығарды. Бұл да есінде. Сосын қырлы стақанға кенерінен ас ыра арақ
құйып, əуелі Əзімге, сосын қояр да қоймай бұған ұсынғаны да есінде.
– Ал, ағасы, шақырсақ келмейсің. Ініңнің үйінен тататын сыбағалы
дəміңнің реті осы арада бұйырып тұр. Ал! Ал, алып жібер!
Сен Əзімге ішпе деп ымдағың кеп еді; ол соны білгендей саған
қарамай, көзін басқа жаққа алып қаша берді. Оның ішкеніне ырза
болған жігіт:
– Ой, жаса!...– деп қарқ-қарқ күліп арқасынан қақты да, сосын осы
даланың күніне күйіп, желіне қақталған шойын қара бетін саған бұрды.
Сен сəл қозғалсаң да қолыңдағы кенерінен аса мөлтілдеген сұйықты
төгіп алатындай қорықтың да, қырлы стақанды қос қолдап ұстап бір
орында тырп етпей тұрғансың-ды.
– Жоқ, жоқ, болмайды. Айналайын ақ жеңеше... Жеңешеке, алып қой!
Сен мұздай стақанның ернеуіне ерніңді тигіздің де тез тартып
алдың.
– Жеңеше, жарамайды. Білмейтін шығарсың, бұл ауылдағы сенің ең
жақын қайның мен... мына мен болам,– деп төсіне дүрс-дүрс соқты да,
сосын бағанадан бері талай бөтелкені өзімен бірге бөліп ішіп, енді
қазір қызара бөртіп тұрған жастарға қарап,– жігіттер, солай ма? Дұрыс
айтып тұрмын ба, а?– деді.
– Дұрыс, дұрыс. Түк қатесі жоқ...
– Ал, ақ жеңеше... сенің басыңа қонған бақыт басқа қазақ əйелдердің
өңі түгіл түсіне де кірген жоқ. Əй, жігіттер, дұрыс айтып тұрмын ба?
– Дұрыс.
– Дұрыс.
– Көрдің ғой, мына жігіттер де қостап тұр. Ал, кəне, көзді жұм да
тартып жібер! Айда!..
Мынау ішкізбей қоятын емес; сен қайтеріңді білмей Əзімге қарап
едің; Əзім іш дегендей басын изеді; Əзімнің құптағанын көргесін
жастар жатты да жабысты; жəне "жеңешелеп" іші-бауырына кіріп
жатқасын көңілін қимады; Əншейінде иісінен азар да безер болатын
мұп-мұздай пəлені қақала-шашала ішіп салды: оны анық біледі; соған
дейінгілердің де бəрі есінде; тек сонан кейінгілер... Айтса да өңешінен
əзер өткен жаңағы пəле сəтте буынына түсіп, тізесі дірілдеп ала
жөнелді; аяғына басып тұра алмай, əлі құрып бара жатқасын
қасындағы біреуге сүйенді; жоқ, бұл сүйенген жоқ; өздігінен аяғына
басып тұра алмасын білгесін, сол арада бұл əлгі қарқ-қарқ күле беретін
апайтөс əупірім қараның қолына құлай кетті.
Сонысы өзіне қызық көрінді де қараптан-қарап сықылықтап күлді;
күлкі буынына түсіп бойын билей алмай былқ-сылқ болып бара
жатты. Енді бұл өзін көтеріп алған ірі қара жігіттің құшағында
сықылықтап күліп жатқанда тағы да бағанағыдай сақырлаған құрт,
ірімшік ығы-жығы халықтың үстіне жауып кетті; саған бұл тіпті қызық
көрінді; кім екенін айыра алмай қойған жаңағы қарулы кісі сені бала
құрлы көрмей, көтеріп апарып есік алдында қаңтарулы тұрған
атшанаға отырғызып, қасқыр ішікке орап жатқанда да, сен күлкіңді
тыйған жоқсың; соның бəрі шала-пұла есіңде; онан басқа тағы не боп,
не қойғанын бұл кейін есін жиғасын қанша ойласа да, түс екені де, өңі
екені де белгісіз, басы жоқ, аяғы жоқ бытысқан берекесіз бірдеңе. Сол
бытысқан берекесіз бірдеңелердің соншама неге қызық көрінгеніне
түсінбеді. Бірінен-бірі өткен тамаша, қызық болғасын күле беріпті.
Күле бергісі кепті. Əбден ішегі түйілгенше күле берер ме еді, түкірігіне
шашалған біреу бұлардың дəл қасынан тұтыға тіл қатты:
"Əзімжан... сен деген... бізге қарама деген. Біз деген... кішкене
кештеу шығамыз деген. Келін екеуіңнің киім-кешектерің мен жолда
ішетін-жейтін тамақтарыңды алып арттарыңнан қуып жетеміз. Иə... иə,
деген. Оң сапар... оң сапар деген. Иə, Алла... Алла деген!"
Аттанар алдындағы абыр-сабырдың ішінен осы сөз де есінде қапты.
Сосын біреудің:
– Күн райы жаман, балалар бүгін ерулеп, ертең ертелете жүрсе
қайтеді?– деген құлақ қағысы естілді. Оны басқалар да қостап еді; бірақ
жаңағы түкірігіне шашалған тұтықпа дауыс дүңк етті:
– Оттама деген. Əзімжан асығыс деген. Ертең арғы беттегі ауылдан
азаңғы самолетпен ұшады деген. Айда тарт! Тарт деген!
Ат ағыза жөнелді; шым қызыл кілем жапқан жеңіл шана түнде
жауған үлпілдек аппақ қарды темір төсімен сыр-сыр тіліп келеді; тек
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 22
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654