Latin

Соңғы парыз - 15

Total number of words is 4295
Total number of unique words is 2263
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жусаннан ауса не дейсің. Шынында да, мынаны жеңу қиын сияқты.
Қара шал көткеншектесуге келгенде өзінің алдына адам салмайтын
көкбеттігіне сенді ме, уысындағы екі бүктеп қысып алған кендір
қамшыны шошаң еткізіп жоғары көтеріп алды.
– Əй, қырт, ана қойларды қайыр!– деп ақырып еді, Сары Шая
қайырмақ тұрсын, бұл кезде шет жағы ыдырап бытпылдақ құм
арасына шашырап бара жатқан қойлар жаққа тіпті назар салмады. Ол
тек көткеншектесетін сылтау табылғанға қуанып:
– Өзің қайыр!– деп өзеуреп, анадан бетер шаңқ-шаңқ етті.
Астындағы ілгері жүргісі кеп ұрынып тұрған ақ ауыз сары атанның
қызыл түзгеннен істеген мұрындығын жұлқи тартып еді, мұрны
ауырған атан бақ етіп, артына қарай шегіншектеп қалды. Енді Көшен
өзінен де асқан көткеншек шыққанына бір жағынан таң қалса, екінші
жағынан соған ызаланып:
– Жоқ, сен... сен бар!– деп ерегіске белдесіп түсті де кетті. Бұл да үш
күннен бері алдарына сап айдаған бір қора қойдың шетке шыққанын
желіп жүріп қайырғанға үйреніп алған елпілдек əдетпен тақым
астында танауы шуылдап, ілгері жүргісі кеп тұрған алмас өркеш қара
атанды кендір бұйдасынан тартып-тартып қалғанда, мұрны қанады.
Қанмен бірге жан даусы қоса шыққан жануар бақ-бақ етіп, басы
кегежектеп кейін қарай бір емес, екі басты.
Қойлар басын жерден көтеріп апты. Аналық саулықтар аузындағы
үзіп алған құм ішінің тамыры үнемі ылғалға тиіп жататын балауса
шөбін шайнамай, ауылдан шыққалы өздеріне бас-көз боп келе жатқан
түйелі екеуге "сендерге не пəле көрінді?" дегендей таңдана қарап
қапты. Екеуі қамшысы шошаңдап, біріне-бірі кіжіне-кіжіне, шаңқ етеете ілгері басудың орнына келген жағына қарай көткеншектеп шегіне
берді, шегіне берді. Сүйтіп, ертең базар деген күні ақ пен қызыл
арасында, не тілектің үстінде тұрған мұсылман қауым басын сəждеге
қойып тілек тілейтін қасиетті кезде көткеншектесуді бастап кеткен
бұл екеуі сонан ел жатқанша бір-бірімен өжектесіп, ілгері басудың
орнына кері басып, артына қарай шегіне-шегіне, ақырында Үлы
Құмның шетіне шығып кеткен-ді. Бірін-бірі сонда да жеңе алмай, ызаға
булыққан екеу сонан түн ортасына дейін, онан таң алдына дейін
көткеншектесе-көткеншектесе құм ішінде қалған қойлардан ұзай
берсін. Сонан күн шықсын. Сонан сиыр сəске болсын. Хан сəске боп
шілде айы шыжғырып күйіп берген-ді. Сары Шая мен Көткеншек
Көшен бірін-бірі сонда да жеңе алмай, көткеншектесе беріпті.
Бұл кезде ана жақта базар тарқауға қараған-ды. Басқармада зəре
жоқ. "Сірə, олар сау болмас" деген ой басынан кетпеді. Базарға келген
біреудің атын сұрап мініп, қой айдаған кісілерін іздеп шаба жөнелді.
Жаман атты басқа-көзге сабалап келеді. Бір кезде Ұлықұмның шетіне
ілікті. Тапырақтап шапқан ат сусылдақ құмға шашасына дейін кіріп
алқына бастады. Бұл үсті-үстіне тебініп, алақандай ала көз жан-жағына
алақтап қарап келе жатқан. Кенет кірпігін қағып қалды. Онсыз да май
ішкендей боп келе жатқан жүрек су етіп, құм ішінде қасқыр қуған қой
іздеріне үрейлене көз тікті. Екі-үш жерде құмға тамған қанды көрді.
Танау қағып ырсылдап қалған жаман тұғырды ызалана тартып-тартып
жіберді. Тұғыр ыңыранып тезек тастады. Алдындағы ақ шоқалаққа
шауып шығып еді, соның ар жағы қасқыр қырған қойлар қызыл ала қан
боп жатыр екен. Шамасы, күшігін ауыздандыруға шыққан көп қасқыр
бір қора қойға емін-еркін тиісіп, оң келгенін оң, сол келгенін сол
мойнынан бұрап лақтыра беріпті. "Құдай төбеден ұрған екен. Апыр-ай,
сорлылардың өздері аман болса жарар еді?" О л енді атын басқа-көзге
төпеп құм ішіндегі қасқыр қуған қойдың ізіне түсіп шауып келеді. Ат
өкпесін соғып ырсылдай бастады. Бірақ бұл кезде қызыл шағыл
құмның шетіне шығып қалған еді; ілгеріректегі нар шоқалақтың
аржағынан түйе бақ етті. Енді тіпті зəрең қалмады. Ат үстінен созылып,
ілгері жаққа құлақ тігіп еді; бұл жолы қырылдаған əлсіз дауыс шықты.
Қасқыр алқымдап жатқан сияқты. Сен қолыңда қамшыдан басқа қару
жоғын ұмытып, жаман тұғырды басқа, көзге сабалап нар шоқалақтың
басына шауып шығып едің, дəл иек астында əлгі екеу... О, қырт! Қырт!
Қырттар!.. Қой айдатып жіберген екі қырт астында борша-боршасы
шыққан екі атанның бүйірін бүйіріне түйістіре қатар тұрып, біріне-бірі
кіжіңдеп, ілгері басудың орнына кейін қарай шегіншектейшегіншектей бере құмнан шығып кетіпті. Өздерінде не өң, не түс жоқ;
еріндері кезеріп, көздері шүңірейіп кетіпті. Тамағы қарлығып, ар
жағынан тек қырылдаған дыбыс əзер шығады. Соған қарамастан, əлі де
болса бірінің дегеніне бірі көнбей, өкіректеп өжектесіп тұр екен. Сен
екі етегің далақтап шауып келдің де, ат басын қатарласа бере кілт
тарттың. Олар сенің ызалы түріңді көруін көрді; бірақ бұл кезде бірбіріне қаны қатып өшігіп алғандары сонша, біріне-бірі кіжіңдеп
өжектесе берді; екеуінің астында дəл өздері сияқты сілесі құрыған ақ
ауыз сары атан мен алмас өркеш қара атан аяғына əзер түр. Аяғын
ілгері басайын десе де, үстіндегі екеуі бақ еткізіп бұйдасын тартып
қалады. Сенің көзіңше де олар бір-біріне: "қойды сен қайыр!" "жоқ, сен
қайыр!" деп қыр-қыр етеді.
Əдепкіде: "мыналарды елсіз жапан түзде жын ұрған шығар",– деп
қалған-ды. Бұндай жағдайда тіл қатар-қатпастың жөнін білмей, екеуіне
жалтақ-жалтақ қарады. Сары Шая соны сезді ме, басқармаға бұндағы
мəн-жайды айтайын деп еді, оған даусы шықпады. Сосын, құр
қамшысы шошаңдап:
– Мынаған кеше құмға кіргесін қойды қайыр, бытырап барады
дедім,– дей беріп еді, Көткеншек Көшен дереу қолындағы кендір
қамшыны Сары Шаяға қатулана сілтеп:
– Е, мен неге қайырам, сен... сен қайыр дедім,– деді өжектеп,– халық
сені емес, мені көткеншек атаған дедім.
Бұл лəм-мим деместен аттың басын бұрып, келген жағына
бүлкілдеп жөнеле берді. Өзінің əлгінде осы қырттар жазым боп қалды
ма деп, есі шыққанша далақтап шапқанына өкінді. "О, қырттар!
Қасиетсіздер! Бұл қасиетсіздердің өнбес істен енер тауып, айдалада
көткеншек таластырып болып тұрған сиқын қарашы!"
Қайтып келе жатып құм арасынан қасқыр талаған бес-алты қой
тапты. Аман қалған тағы біраз қой қалың шағыл арасына кіріп, бетбетіне шығынып кетіпті. Бұл кешке дейін бір-бірлеп ізіне түсіп жүріп,
бас-аяғы оншақты қойды əзер тауып қалаға жеткенде, іле-шала
соңынан Сары Шая мен Көткеншек Көшен де келген-ді. Сен олармен
тілдеспек тұрсын тіпті жүздерін көргің келмеді. Бірақ Сары Шая шай
ішіп, ес жиып алғасын, сол күні бір жанға тіл қатпай, темен қарап
тұнжырап алған інісінің үстіне кірді де, тақымдасып қатар отырып
алды.
– Жəдігержан-ау, не десең де еркің. Қаусаған жаман екі шалды
өлтірем десең де мейлің. Сенің қолыңды қағатын ешкім жоқ. Тек,
айналайын... Əуелі тыңдашы,– деп жалтақ-жалтақ қарап қойды да,
Жəдігер үндемегесін батылданып, бұрынғысынша сұңқылдап сөйлеп
кетті,– Оу, баяғылар жүз сиырды жүз шақырымға боқтамай айдап
апарған кісі тұп-тура жұмаққа барады демеп пе еді? Ал, енді мына
қойлар... Қойлар ше, бұл құлағыңды с... дер тіпті сиырдан да жаман
екен ғой...
Сен онсыз да қара тырнағыңа дейін күйіп отырғансың-ды. Жөніне
тыныш отырмай, енді мына сұмырайдың сұңқылдағаны жынына тиді.
Үнсіз орныңнан тұрдың. Үй толы кісілердің еш қайсысына көз салған
жоқсың. Екі қыртты отырған орындарынан тырп еткізбей екі
қолыңмен кек желкеден бүріп ұстадың да, тіс жарып түк деместен
сүйрелеп алып шықтың. Екеуінің екі жақтан бажылдап
тыпырлағанына да қараған жоқсын. Тек сыртқа шыққасын:
– Бар! Жоғал! Қараларыңды батырыңдар!– деп ақырдың да, қатты
нұқып екеуін екі жаққа итеріп жібергенсің-ді.
Сары Шая мен Көткеншек Көшен оңаша қалғасын екеуі біріне-бірі:
– Бəрі сенен!
– Жоқ, сенен!– деп кіжіңдесіп жағаласа кетті. Даланы басына
көтеріп, шаң-шұңдасып, бірінің бетін бірі тырнап, жағасын жыртып
ұйқы-тұйқы. Жұрт жиналып қалды. Бірақ оларды ажыратқан жоқ.
Құдды ит пен мысықтың таласын қызықтап, бірің ел де, бірің қал деп
тұрғандай. Көткеншек Көшен мен Сары Шая қора ішінің шаңдағын
бұрқылдатып бірін-бірі домалатып, ұмар-жұмар алысып жатқан-ды.
Кенет Сары Шая жан дауысы шыға шар етті. Қызығына қарап тұрған
кісілер, "ə" дегенде не болғанын білмей қалды. Сүйтсе, астында жатқан
Көшен күш алып, үстіне мініп, мыжғылай бастаған Сары Шаяның оң
құлағы аузына дөп келе бергенде, дəл түбінен қыршып алыпты да,
жерге түкіріп тастапты.
Сары Шая қан саулаған құлағын алақанымен басып атып тұрды. Сол
арада біреу киіз күйдіріп басайын деп еді, Сары Шая көнбеді. Сап-сары
бажбық көз шаң арасында жатқан өзінің қан-қан құлағына қарап
əлдене ойлап кеткендей қыбыр етпей түр.
– Ойбай сорлы, дəрігерге жүгір!– деді біреу.
– Иə, құлағыңды ал да, тез больницаға жет! Қан ұйымай тұрғанда
қолы білетін хирург орнына тігіп береді,– деді екінші біреу.
– Жоқ! – деді Сары Шая.– Соңыра сотқа барғанда бұл дəлелге керек
болады. Мойын бұрғызбайтын факт! Ал, кəне... куə болыңдар! Акті
жазамыз,– деген екен, сол арадағы жұрт үн-түнсіз жөніне тарап кетіпті.
Сары Шая топырақ арасында жатқан қан-қан құлақты "бұл соңыра
сотқа барғанда керек болады" деп беторамалдың шетіне түйіп алғанды.
Сүйтіп, сен балықшылардың орталарынан жиып берген шайпұлдық жандығынан айрылып, қой да жоқ, шай да жоқ, ауылға тірі
масқара боп оралсаң, бұндағы жұрт қыран-топан. Кісі басы құралған
жерде айтатындары Сары Шая мен Көткеншек Көшен. Қалаға қой
айдатқан қалашылардың жолда бастарынан кешкен хикаясын əркім
əртүрлі айтады. Тіпті осы ауылдың бір қуы домбыраға қосып жыр ғып
айтып жүр. Оның жырын тыңдасаң, Көткеншек Көшен мен Сары Шая
əлдеқандай біреу емес, əлгі бір қиссалардағыдай тоқсан үйлі тобырды
қолының күші, найзаның ұшымен асырап отырған Қара Қасқа атты
Қамбар батыр. Астарындағы ақ ауыз сары атан мен алмас өркеш қара
атан, аты түйе демесең, нағыз қас батырлар мінетін желмая. Тыңдаған
жұрт езулерін жия алмайды. Кешегі күні қатын, баланың шай-суын
айырсын деп өздерінің ортадан шығарған қойларын қалаға кірер
ауызда ақшағыл арасында қасқыр қырып кеткені ешқайсысының
қаперіне кіріп-шығып жатқан жоқ; қайта өздері соған мəз, əсіресе екі
батырдың айдалада жекпе-жекке шығып, бір күн, бір түн
көткеншектесіп кеткенде бірін-бірі ала алмай, сонан Құдайға
сыйынып, ата-баба аруақтан, əулие-əнбиелерден медет тілеп
жалбарынатын жерге келгенде күлкіден ішектері түйіліп, отырғанотырған жерде жығылып жатқандары. Бұ да күлді. Əрі-берідесін
ренішін ұмытып та кеткен-ді.
Енді, міне, тағы да сол екеуі... Сары Шая – қу. Іш есебіне түгел.
Пайдасына жетік. Ал, ана сорлы өзіне не тиімді, не тиімсіз екенін де
біле бермейді. Тек көткеншектессе, кері сиіп ерегіскенде жеңсе,
мұратына жеткені...
***
Бұлар аулап жатқан балықтардың негізгі дені алабұға, шортан, тісті.
Аты балық демесе, тұқымы азған. Өздері жəне арық.
Теңіз ашығалы балықтар тереңге кетті. Тек ащы суға əзір төтеп
беріп шыдап жүрген жыртқыш балықтар. Олар да қазір жемін
оңайлықпен таба алмай, көк теңізде сабылып жүр. Таңдай жібітер су
іздеп, жаны қыдырып жосып кеткен осы теңіздің азын-аулақ балығын
қуа-қуа қазір арса-арсасы шыққан. Еті азайып, сүйегі өсе берген.
Əсіресе сүйектері арбиған баста үңірейген қомағай көз бен ауыз ғана.
Бұрын су астының жайылымы бай еді ғой. Қамыс дейсің бе, қопа
дейсің бе, ал қоға мен балаусадай балбыраған теңіз түбінің балдыры
қандай еді! Бар балық соған жайылатын. Дауыл боп теңіз түбіне дейін
шайқалып кеткенде əлгі қамыс пен қопа, қоға арасының ығы қай балық
үшін де құдды киізі бүтін ақ боз үйден кем болушы ма еді? Ұйысып
өскен cap балақ балдыр арасы тіпті былқ етпейтін. Балық əулеті
көктемде үйір-үйірімен кеп ұрығын соның арасына шашатын. Бірер
айдан кейін балдыр арасында бауырын көтерген балық əулетінің
болашақ ұрпақтары шүпірлеп толып кететін. Түк білмейтін аңқау бала
балықтар шапқылап кеп жыртқыш балықтың аузына өздері түсуші едіау!
Бұл пақырлар үшін о да бір дəурен екен ғой! Əттеген-ай, сормаңдай
тісті мен шортан соның қадірін білмепті-ау. Қамыс арасында тығылып
тұрып осы теңіздің тіске жұмсақ əлдебір момыны жанынан өтіп бара
жатқанда тап беріп, бір жалмап жұтып қоятын баяғы заман бұларға
енді жоқ. Иə, су астының қазіргі тіске жұмсақ момындары дəл бір жер
үстінде желмен жарысқан түз тағыларындай. Қазір бұларға да күн
көру қиындады. Бұлар да күнделікті қорегін қызыл танау боп қуып
жүріп табады.
Шортан тұзды суға төзімді болса да, бірақ судан сыртқа шықса жаны
бірге шығатын пəлесі бар. Əне, тіс толы аузы ақсиған шортан үй
жанына үйіп тастаған отын ағаштай секейіп-секейіп жатыр. Күнге
қызып ісінгені тіпті жаман. Құдды қарнын үрлеп-үрлеп аңқау біреуге
алдап сатқалы тұрған сығанның кəрі аты сияқты.
Кенет, əлде біреудің ашынған айқайынан селк етті. Еңсесін тіктеп
дауыс шыққан жаққа қараса:
– Апыр-ай, мынау өлгенде көрген балығым еді. Есіл еңбегім зая
кетті-ау! Қайдан шықса онан шықсын, сен иттің баласын...– деп, күнге
күйген шойын қара жігіт қабылдаушыға ұмтылып жатыр екен.
Жердегі қызыл өңеш айқай аз дегендей, күн шығар-шықпаста көк
жүзінде қаптап кеткен өгіз шағалалар да қан сасыған балықты бірінебірі қимай, қанаттары сатырлап қиғылық сап шаңқ-шаңқ етеді.
– Əй, жігіттер, қойыңдар!– дедің сен.
– Жоқ-ау, балық қызып бара жатса, бұл неме кісінің ызасына тиіп,
тұқшыңдап қағазға қарай ма... шот қаға ма.
– Жə, онан да жұмысқа кірісіңдер. Кəне, кімде бос тачка бар?
Көйлектің жеңін шынтағыңнан асыра сыбана бергенің сол еді;
көзіңнің қиығы бір шетте оқшау жатқан ақ балыққа түсті. Туғалы теңіз
кешіп жүрсе де, бұрын соң дəл осындай əдемі аппақ балық көрмеген-ді.
Мынау басқа балықтардан анағүрлым ірі. Көзі қап-қара. Қанаты қыпқызыл. Қабыршағы да күмістен құйғандай. Күнге шағылысып жылтжылт етеді. Өзі əлдеқашан өлген сияқты. Жаны шығарда алақандай
қара көз ағып түсетіндей ыршып тоқтапты. "Ə" дегенде аппақ ақ
балықтың əдемілігіне таң қалған. Көзін ала алмай арбалып тұр. Дəл
осындай бір балықты білетін сияқты. Білгенде қандай! Анада түсінде
көретін Ақбалық, Иə, сол! Соның дəл өзі. Сондағы үріп ауызға салғандай
аппақ Ақшабақ, əне, жаны кеудесінен алдақашан шығып кеткен анабалықтан пана күткендей бауырына бетін басып тығыла түсіпті. Сен
түгіне түсінбей аң-таң боп тұрсың. Бұл не ғажап?! Сондағы түс пен
қазіргі мына өңінің екі арасын анықтап ажырата алмай ақылы дал.
Əлде?.. Əлгі бір түсінде көргені, ояна келсе, аумай-төкпей өңінде
келетін көріпкел сəуегей болғаны ма? Əй, қайдам. Бұл қазір
жақсылыққа көрінетін түстерді көруден де қалып барады. Иті қырын
жүгіріп тұрған қазіргідей кезде түс қайдан оңғарылсын. Түсінде көрген
жамандық ояна келгенде аумай-төкпей алдыңнан шығып жатады.
Көрмейсің бе, кеме үстінде түсіне кірген Ақбалық он бес күннен кейін
бұның өзі жайған торға түсіп қан-қан боп алдында жатады деп, бұл,
сірə, ойлады ма? О, бишара! Кəрі Аралдың сонау теріскейінде шөлден
қырылуға қараған балықтарды бастап аман-есен кеп, енді тұщы суға
таңдайын жібіте бергенде тұзаққа түскенін көрмейсің бе? Тұзаққа өзі
түсті ме? Əлде, баласын құтқарам деп шыр-шырлап жүргенде қанды
қармаққа ілінді ме? Көріп тұрсың. Тірлік үшін бұл пақыр да біраз
тайталасыпты. Су ішінде салдыр-күлдір қиғылық ұрғанда
бауыздаулықтан іліккен қыл тұзақ қылыштай тіле беріпті. Үлбіреген
аппақ тамақтан аққан қан əлі де тыйылмай, бауырындағы Ақшабақтың
аппақ тəніне тырс-тырс тамады. Бір түйір қан шекесіне тырс еткенде
Ақшабақ есін жиды. Кіп-кішкентай аузымен емізік сорған баладай үстіүстіне дем тартқанда сұлық қалды. Сен суға жібергің кеп ұмтыла
бергенсің-ді. Осы кезде ар жақтан Көткеншек Көшен де келіп қалған
екен. Енді бір аттаса Ақбалықтың баурында жатқан Ақшабақты
басатын түрін көргенде, сен жан ұшырып:
– Көше-ке... Тоқта!– деп ұмтыла бергенсің-ді.
Көшен жер қозғалса қозғалмайтын жігіттің осы арада неге безектеп
кеткенін білген жоқ; тек оның жолын кес-кестеп тоқтатпақ болғанына
қырсығып жыны кеп кетті. Бұндайда ненің дұрыс, ненің бұрысын
қайдан ойласын.
– Ал, тоқтамаймын. Сонда қайтесің?
Қара шал бұның ілгері созған қолын қағып жіберді де, аяқ астында
кіп-кішкентай аузымен шөп-шөп ауа қармап жанталасып жатқан əлгі
аппақ Ақшабақты резеңке етікпен былш басты.
– Ал, ал тоқтамадым.
Сен сол арада көзіңді жұмып, сұлық тұрып қалған едің-ау. Тоқ
ұрғандай тұла бойың түршігіп кетті. Көз қарауытты ма, əлде
оңтүстіктің өрттей ыстығында миы қайнап басы айналды ма, əйтеуір,
құлап қалатындай қорқып қолын созып қасында тұрған біреуден ұстай
алып еді. Бурыл бас өкіл екен.
– Жə-ді-гер,– деді ол,– күн өткен шығар? Черт знает что. Мүмкін,
дəрігер...
Басыңды шайқадың. Көзіңді ашуға қорқып тұрсың. Қос шеке
солқылдап əкетіп барады. Құлақ шыңылдады.
Бурыл бас өкіл мазасызданып:
– Апыр-ай, ə? Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?– деді.
– Жо-о... Жəй.
Содан артық тілге келмей бұрылып жүре берген-ді. Қосқа соғып жол
дорбасын алды. Жүргелі тұрған кемеге ілесіп сол күні ауылға тартып
отырды. Амударияда қалған кісілеріне сонан кейін соқпады. Бұл
мінген кеме ашық теңізге шыға бергенде дауылға ұшырады. Бір күн,
бір түн дауыл шайқаған кеме екі қапталын кезек сабалап қара жерге
өлдім-талдым дегенде əрең жетті. Бұл үйге аяғын сүйретіп,
тəлтіректеп келсе, Алматыда айға жуық дем алып қайтқан Бəкизаттың
да оралғанына бір-ақ күн болған екен. Бəкизат бұнан ол жақта балық
талаптарың қалай болды деп сұрамады. Бəкизаттан Алматы қалай
болды деп бұл сұрамады.
Тек бірдеңе деу керек болғасын:
– Күте алмадым... кешір,– деп еді, басқа ермек таппағандай осы
сапарда лактап қайтқан тырнақтарына қарап отырған Бəкизат бұған
салғырт жүзін салмақпен бұрды. Бетіне бей-жай ғана көз салып
отырды да, мырс етті. Түк деместен тұрып кетті.
Жалғыз қалғасын тұсындағы айнаға көзі түсіп еді, түрінен шошып
кетті. Жүдепті. Сақал-мұрт өскен. Бұрын да үстіне салақ қарайтын кісі
қазір тіпті ебіл-себіл. Бəкизат екеуі ана жолы Аралдағы таныс
дəрігердің үйінде қонақта болғанда да бұның түрі онша оңып тұрмаған
шығар-ау. Жанындағы үріп ауызға салғандай аппақ сұлу келіншектің
қасында құдай қосқан қосақтан гөрі ұсқынсыз кəрі əкеге ұқсаса ұқсаған
шығар. Онда жыл басы еді. Қазір жыл аяғы. Бір қиындықтан бір
қиындық асып түсіп бұрынғыны кейінгі қиындық пен қайғы-қасірет
ұмыттырып келеді.
***
Теңіз шайқады ма, онан да бұрын Амударияның лай балығының
қызығына түсіп қатты шаршағандікі ме, сол күні сен үй ішімен
тілдесуге де шамаң келмей, кешкі асты ұйқы көзіңе тығылып отырып
ішкен едің де, дастархан жиналар-жиналмаста төсекке жығылғансыңды. Құрсын, қалжырап жүрген кісіде пəтуа болған ба... Ертеңіне
оянғанда төсектен ерте тұрып кеткен əйелдің жып-жылы орнын сипап
қалды. Осы түннің өкініші жынына тиді. Кешкі асты есіл-дертің
ертерек ішіп, үй іші күндегіден ертерек жатқанын тілеп, сонан қашан
күн батқанша дегбірің қалмады. Бұндайда уақыт өте ме. Оның үстіне,
күйдіргенде, бірінші күнгідей, келесі, екінші күні де Бəкизат жатар
кезде əдейі уақытты созып, ас-суды кешегіден де кеш берді. Онан
жоқтан өзгені сылтауратып, ана жақта оны-пұны үй шаруасын істеп
жүріп алды. Онан бір кезде кішкентай қызын қасына алып отырып
түннің бір уақытына дейін сабағын даярлатты. Сен мына жақта ызаң
ішіңе симай, ашу иектеп, төзіміңді тауысып дір-дір етіп жатырсың.
Астауынан жеріген жылқыдай əйеліңнің астанадан кейін неге бұлайша
некелі жар төсегіне жоламай, ана жақта ұзақ жүріп алған себебін
жүрегі құрғыр сезіп те жатыр. Онан сайын ызалы дене теріге симай
дір-дір...
Сонан тек түн ортасы ауған бір мезгілде Еңбек Озаты ұйықтаған
болар деді ме, есікті сықырсыз, ақырын ашты. Аяғын да ақырын басып,
қатар тұрған қос керуетке жақындады. Бəкизат сен жатқан төсекке
созылып бір қарады да, өз төсегіне бұрылды. Көрпе астына кіріп тыптыныш бола қалған-ды; кенет тым-тырыс үйден тұрпайы дауыс дүңк
етті: "Ал, демалыс қалай болды?" Бəкизат бұны күтпеген-ді. Дір етіп
тіксініп қалса да, бірақ мейлінше сыр бермеуге тырысып: "жаман
болған жоқ" деді. Сəл үнсіздіктен кейін əлгі дүңкілдек дауыс: "Алматы
қалай екен?"– деді. Бəкизат əлі де сыр бермеуге тырысып, жай ғана:
"жақсы ғой" деді. Бұл да, ол да əзір алым-берім тіл қатысқаннан
артыққа баспай, əлгіден кейін іштей аңдысып тым-тырыс бола қалса
да, бірақ бұның арты жақсылықпен тынбасын іші құрғыр сонда-ақ сезіп
еді-ау.
Аз ғана үнсіздіктен кейін əлгі дүңкілдек дауыс: "Əзім қалай екен?"
демесі бар ма. Бəкизат аржағына қарай аударылып түсті: "Ертең
сұрарсың. Түн ортасы ауды. Ұйықтайық!" Сүйдеді де, шынымен де
ұйқы тірелген көзін жұма бергені сол еді, бұл жолы діріл енген
дүңкілдек дауыстың үні қаттырақ шықты: "Əзім қалай екен?" Бəкизат
басын жастықтан көтеріп алды. Қараңғыда көрмесең де, бірақ көңілің
сезеді; Құдай біледі, қара көздің жанарына сəтте сайқал күлкі шауып
ұшқындап кетті. Дүңкілдекті қызғаныш өртеп, дір-дір етіп өзін əзер
ұстап жатқанын білсе де, қорқу орнына, сол арада қайта əлденеге аяқ
астынан көңілденіп: "Əзімнің несін сұрайсың, шалшық судан шабақ
аулап жүрген жоқ",– деді де, көрпесін тас қып қымтап, теріс қарап
жатып алды.
Əрине, мына атылған оқтай ащы тіл көкірегін тіліп түсті. Түк дей
алмай, тілің байланып үнсіз қалғансың-ды. Түнімен көз ілген жоқсың.
Төсектен өрт сөндіргендей түнеріп тұрдың. Дастархан басыңда да
көзіңді көтермей түнеріп отырдың. Күндіз де күні бойы қабағың қарс
жауып түнеріп жүрдің. Кешкі асқа отырмастан қызыл іңірден төсекке
барды да, кереует астына тығып қойған бір бөтелке арақты алды.
Шойын қара жұдырықпен бөтелкенің түбіне бір қойып тығынын
ытқытып жіберді де, ыдыс іздеп жатпастан кеңірдегі дүрсілдеп басына
бір-ақ көтерді.
Бəкизат оны көрген жоқ, бірақ осы кеш бұның бір сойқанды саларын
біліп, қызының бөлмесіне барып жатқалы бір жастық, бір көрпені
қолтығына қыса бергені сол-тұғын. Сен төсектен атып тұрдың. Жүрегі
су етсе де, Бəкизат сыр берген жоқ; өңінде бұның артын күткен
сабырлы ажар бар; сол сабырлы салқын қалпын бұзбай, назарын
тіктеп саған қарады; бірақ үндеген жоқ; анасының осы күйеу баласын
кемсітпек болғанда "нар қара" дейтіні, есіне түсті. Қалай тауып айтқан.
Апырай, десе дегендей. Кіммен қатарласса да, жұрттың бəрінен иығы
асып шыға келетін нар қара; сен де осындай бойлы-сойлы, ірі еркекті
ұнатып, ішіңнен "супермужчина" деп мақтаныш сезіммен сүйсіне
атаушы едің; нар қара жауар бұлттай түнеріп алған; жалаң бас; жалаң
аяқ, түйе табан жап-жалпақ аяқтардың башайлары бақандай-бақандай;
ал бақандай башайлардың сыпыра үсті сол ана көк мүйіз тырнақтарға
дейін жүн басып қарауытып көрінеді; сырлы еденді салмағымен
сықырлата солқ-солқ басып есікке сенен бұрын жетті де, ішінен тас
бекітіп, кілтті қалтасына салып алды.
– Бұның не?
– Солай! Ешқайда бармайсың.
– Жібер.
Сен үндеген жоқсың. Құлап қалатындай қорқып, аяғыңда əзер
тұрсың.
– Жібер! Жібер деп тұрмын ғой саған!
– Жібермеймін. Академикпен айқұшақ қабысқанда жақсысың. Ал,
некелі байыңа зауқың жоқ. Солай ғой, ə?
– Өтінем, жібе...
– Жібермеймін. Ешқайда бармайсың. Енді мені де көр. Балықшының
академиктен айырмасы бар ма екен.
– Қайуан.
– А-а?
– Қайуансың!
Басың айналып, бойыңды əзер билеп тұрсың. Есің де кіресілішығасылы. Бірақ əйелдің не дегенін білесің. Сонан кейін əйелдің бетіңе
түкіріп жібергенін де біліп тұрсың. Бірақ сонан кейін... Бəсе, соның
аржағында не боп, не қойғанын мүлде білген жоқсың-ды. Өзіне салса,
өмір осы арада кілт үзіліп кеткен сияқты. Тіпті теңіздің аржағында
балықшы қоста жатып қанша ойласа да, əйелдің аузынан соншалық
жиіркенішпен зығыры қайнап айтқан əлгі жалғыз ауыз сөз бен оның
дал-дұлын шығара жыртқан халаттан басқа бір нəрсе есіне түспеген-ді.
Керек десе, қасында қаны қайнап тепсініп тұрған əйелге назар
аударған жоқ, есесіне томырық, дөкір неменің алпамсадай ірі денесі
қандай да бір өрескел, ожар қимылға анық басатындай іштей
ызғарланып ауырлай түскендей; əйел соны байқаса да, онан қорыққан
жоқ; аяғындағы осы жолы астанадан киіп келген қылмық туфлидің
қазықтай тақасымен еденді тесетіндей кіжіне теуіп-теуіп қалды да:
– Жібер! Жібер!– деуін деді; кіп-кішкентай жұдырық сəтте түйіліп,
бүкіл дене дір-дір етіп, зығыры қайнап айтуын айтқанын біледі; бірақ
соның аржағында не боп, не қойғанын ойлауға шамасы келмейді; жо-қ,
шамасын келтірмеді; қапылыста құйын көтергендей ме, əлде
тұтқиылдан дауыл соққандай ма, не де болса, əйтеуір, бір сондай
ғаламат күш əйелді қаңбақ құрлы көрмей аяғын жерден үзіп əуелетіп
көтеріп алды да, анадай жердегі төсекке лақтырып жіберді; жастыққа
етбеттей жығылды; ендігі қарсылықтан пайда жоқ; құттай қарсылық
та мына нар қараның ашуына от қоярын білді де, үні бітіп тұншыға
жылады; қанша жатқаны белгісіз; оны білген жоқ; білгісі де келмеді;
масқара қылғанда, ардан безген неме қазір əй-шəйге қарамай, бас
салып зорласа қайтеді? Зəресі ұшқаны сонша, көзін тас жұмып алды;
ештеңе көрмейін, ойламайын десе де, тас қып жұмып алған көзінің
алдына жараған қара бурадай өлімін сала ұмтылған алпамса еркек
келе берді; түлкі алған бүркіттей бүгерлеп астына басып алатындай;
оған қарсы қайрат қылар өзінде күш те, қауқар да жоғын ойлағанда, сол
арада о да ұрғашы атаулының осындайда дəрменсіз сорлылығына
бағып, бауырындағы жастыққа бетін басты да, ернін қырқып тістелей
берді; үй ішінде не боп, не қойып жатқанын білген жоқ; осы жасқа
келгенше сыңар тамшы татпаған тақуа неме, əлгіде бір жартыны
басына бір-ақ көтергесін түк сезбей үй ішінде тəлтіректеп жүрді де,
ауыр денесі гүрс етіп құлап түсіпті. Сосын у ішкен иттей тақтай еденде
дөңбекшіп жатып: "ойбай-ай! Ойбай-ай, мені кімге айырбастады? Мен
кім, ол кім? Ол екіжүзді артист қой!"– деп сөзінің аржағын айта алмай,
сырлы еденнің мұздай тақтайына маңдайын ұра беріпті. Сүйтіп жатып,
кенет су түбіне шым батқандай төңіректен түк сезбей ессіз, түссіз
талықсып кетіпті. Нар қара сонан тек ертеңіне күндегі дағды бойынша
таң қылаң бере ояныпты. Кіресілі-шығасылы есін əрең жиыпты. Есін
жиғасын да бағана бір жартыны бір өзі басына бір-ақ көтерген соң
тамырынан үзілген теректей, тұрған жеріне гүрс етіп құлап түскенін
білмепті; ес-түссіз құлағасын жығылған жерде жан тапсырған кісідей
қыбыр етпей жатып-жатып, бір кезде басын көтеріпті. Бұлдыраған көз
əйел үстінде астанадан киіп келген əдемі халатқа түсіп, қос өңірден
ұстап алып өші кеткендей дар-дар айырыпты. Сосын бағана есі дұрыс
кезде есікті ішінен тас қып кілттеп алған бөлмеде ылаң салып, тыр
жалаңаш əйелді шырылдатып арпаң-тарпаңдап қуып жүріп, үй ішін əпсəтте астаң-кестеңін шығарыпты да, тағы да дəл бағанағыдай гүрс ете
құлапты; ес-түссіз қалай талып түсті, солай су түбіне шым батқандай
қап-қара тұңғиыққа тартылып жұтылыпты да кетіпті; сонан тек
ертеңіне, жазғы таң сыз берген елаң-алаңда ес жиып, түнде өзі шым
батқан əлгі бір қап-қара тылсымнан осы дүниеге құр сүлдері оралғанды; бірақ көзін аша алмады; шеке сүйегі сынып бара жатқан зілдей
басын жерден көтере алмай ыңырсып жатты; қанша жатқанын
білмеді; сонан бір кезде кірпігі асты-үстіне айқасып кеткен көзін
жыртып əрең ашты; көзін ашуын ашса да, бірақ жанары жуық арада
тірілмеді; солқылдап əкетіп бара жатқан басын қос шекеден қысып
алып, үй ішіне сүзіле қарап еді: көзінің алдын кіреуке кептеп тұрып
алған екен; жанарына үй ішінен кешегіні есіне салғандай ештеңе
ілікпеді; қолымен жан-жағын сипалап отырып байқағаны – неге екені
белгісіз – жерде жатыр. Жер болғанда да мұздай тақтай: басында
жастық, астында төсек жоқ; неге бұлай, түсінбеді; түсінгісі кеп, жерден
көтере алмай жатқан зілдей басына сəл-пəл салмақ салса да, қос шекесі
қазір жарылатындай солқылдап ала жөнеліп тұр; сосын басын қос
қолдап қысып, біраз ыңырсып жатты да, жаны саябыр тапқандай
болған бір кезде тағы да айналаға қарап еді; көзінің алдын
көлкештеген кіреуке əлгіден көрі аздап сейілген сияқты; үй-іші опыртопыр. Жастық бір жақта; көрпе бір жақта; қалада үй тонайтын ұрылар
көбейді дейтін, солар үй ішінің астаң-кестеңін шығарып кетпесе
қайтсін? Ендеше бұны да солар басына ұрып таяққа жығып кеткен
болды-ау?
– Əй, қанішер...
Мынау, шамасы, үй тонаушылар болар. Бірақ таныс біреудің даусы
секілді ме?
– Тұр, қанішер! Көр, не істегеніңді!
Иə, таныс дауыс. Осы бір шалғайыңа жармасып, шабалаңдаған
қаншық иттей шекеңнен шығатын шаңқылдаған əйел даусы құлағына
қанық-ты. Қашанғыдан бұрын осы шаңқыл бұның жүйкесін құртып
бітпеуші ме еді? Тоқ-та... Сол өзі кім еді? Басы құрғыр көтертпейді. Не
қылса да, ұрыларға қарсыласқанда қолы қарулы біреу басына ұрған
болды-ау? Сүйегіне зақым келмесе не қылсын?
– Тұр, жауыз!..
Шаңқылдаған дауыс əлгіден де көрі зəрлі шықты; қолынан келсе,
орнынан тұрғызбай түтіп жегісі келетіндей. Көргісі кеп назарын
тіктеді; қарауын қарады; бірақ жанарынан жан кетіп қалған ба, қалай?
Құлағын шағып бара жатқан мына шаңқылдаған ащы дауыс болмаса,
жаны кетіп қалған жанар қарсы алдында тепсініп тұрып алған əйелдің
ажарын ажырата алмады; көзінің алдын көлкештеген бұлыңғыр
кіреукеден байқағаны – үстіне төніп шаңқ-шаңқ еткен мына пəленің
сырт жағында тұрған тағы біреу бар ма, қалай?
Шабалаңдаған дауыс қайта шаңқ етті:
– Əй, нар қара, тұр дегесін тұр!
Енді оны бұл да таныды; кім екенін білгесін, онан көзін тайдырып
əкетті; қас қылғандай, көк запыран лықсып кеңірдегіне келіп қалды;
кəрі қақсалдың алдында абыройын төккісі келмей, өңешін буып
булыға түсті; қызының қойнында жатса да, өмір бақи іші жылып
көрмеген залым; бұны үйде де, түзде де тақымдап мұқатып, мошқап
жер-жебіріне жетіп отырғаны; бұған тақпаған аты жоқ; тек солардың
ішінде бұрын "қанішер" деген ат жоқ болатын. Бəсе, қанішері не? Оны
қайдан тапқан? Кəрі қақсал бұның кісі өлтірмек тұрсын, тыпырлатып
сойып жатқан балық екеш балыққа да назар тіктеп қарай алмай,
бұрылып кететінін біле ме екен?
– Əй, жауыз!..
"Бұнысы не тағы? Ойыны ма, шыны ма?" "Жоқ, шын" дегендей
келесі де шабалаңдаған дауыс құлағының дəл түбінен шаңқ етті:
– Тұр дедім ғой саған! Əне, көр не істегеніңді!
"Не істегені несі? Сондай-ақ, бұл не істеп еді?"
– Тұрасың ба, жоқ па?
Шапалақ шарт етті; көзінің оты жарқ етсе де, бұл бірақ сүлесоқ
қалпы, кеудесіне түскен басы салбырап былқ-сылқ; соған ыза болды
ма, бұны ұрған əлгі еті қашқан қолдың тарамыс саусақтары енді шап
беріп көйлегінің омырауынан қысып ұстады да, сосын өңірін əпсəтте
уысына жиып алып кеңірдегін қыл өңештен қылғындырып тұрып дəл
иектің астынан бір нұқып, бауырына түскен басын кегжең еткізе кілт
жоғары көтерді.
– Көр! Көр, не істегеніңді, қара бет! Қанішер!
Жағадан сығымдап ұстап алған тап-тастай тарамыс қол босатар
емес; қайта буындырып өлтіргісі келгендей, бұрынғыдан бетер
алқымын сыға түсті; сен қарсыласқан жоқсың; құрықтай мойының
буын омыртқасы босап былқ-сылқ; кəрі қақсал тағы да дəл əлгіндей
иегі астынан мықтап бір нұқып қалып еді; тісі сарт етті; кеудеге түскен
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 16
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654