Latin

Соңғы парыз - 27

Total number of words is 4203
Total number of unique words is 2238
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тəтті тіл бұл үйдің шаңырағы астына да аз жиналмаған екен. Кім тост
көтерсе де, бұны мақтап, буын құрт бойына түсті ме, тост кезегі
жағалап бұған келгенде, сол арада не шайтан түрткенін қайдам:
– Сен сайланасың. Мына отырған академиктердің соңыра шар
саларда қайтерін қайдам, ал өз дауысымды тек саған берем,– деп едіау; деуін десе де соңыра тап сайлау үстінде басқа түгіл алдымен өзінің
сүйте қоятынына күдіктенді де, күлкісі құрғыр анадағыдай тағы да
бүйірін бүлкілдетіп, тостың соңғы жағында булығып сөзін аяқтай
алмады; сайлау кезінде бюллетенді жəшікке елден бұрын салды да,
қорытындысына қарамай тайып тұрды; үйге келе сала шешініп жатып
қалды; ұйқысы қанып оянғасын есіне сайлау түсіп, Жуан Жақайымға
телефон соқты; өзі болмаса да, өзгелердің бірі болмаса бірі дауыс
берген шығар деген сеніммен:
– Əй, сенбісің?– деді өзінің қаннен-қаперсіз, жайбарақат қалпы,
аржақтан: "Əзаға, бұл мен ғой" деген дауыс шыққасын да асықпай,
əуелі трубкамен ауызын басып есінеп алды да,– бағана басым ауырып,
аяғына қарамай кетіп қалып едім. Сайлау қалай болды?– деп еді;
Анау:
– Əз-аға... Құрысын, масқара болдым...– деді жыламсырап.
– Кісіге сену қиын ғой, ал мен айтқаным айтқан, өз дауысымды саған
бергем.
– Əз-ағау, масқара болғанда, мен бір де дауыс ала алмай қалдым
гой...
– Қой, əй?! Рас па?
– Рас... Сүйттім, Əз-аға.
– Ой, бар бол! Бар болғыр...
Трубка қолыңнан түсіп кетті; қысылу орнына қарқ-қарқ күліп,
қасыңдағы диванға құлай кеткен-ді, дүние кезек, оның басындағы
қасіретке, сол арада, сен күліп едің-ау, күлетін кезек енді оған келді;
бюродан кейін жер бетіне сыймай, қыстың көзі қырауда қаңғалап
қияндағы еліне барғанда дауылға ұшырап үсіп өлгеніңді есіткенде,
есесі кетіп жүрген талайдың айызы қанар! Соны есіткенде Жуан
Жақайым қайтер екен? Анадағы дəл сенше, о да диванға шалқалап
құлай кетіп, местей қарны бүлкілдеп қарқ-қарқ күлер ме екен?
Əзім жылады ма, əлде су ағарынан сорғалап мазасын алып тұрған
сорасын ішіне тартты ма, солқ-солқ етті; жə, жаман неме қармысын
қайтарғысы келсе, бұның үсіп өлгенін есіткенде табалап күлсе күлер;
ал бірақ, қара күн басына туып тұрғанда жығылғанға жұдырық
дегендей бұны табалап тісін қайрап несі бар? Жо-қ, мынау ол болмас;
оған не көрініпті; сосын ол сорлы да оңған тіс те жоқ сияқты еді ғой;
қызыл еті ылғи ісіп, тістерінің түбі шіріген сияқтанып қарайып
тұрмаушы ма еді? Ал мынау... Жо-қ, мынау кім де болса тісі балғадай
біреу. С-сонда... Апырай, сонда к-кім болды? Əзім ойланып қалды: неге
екенін қайдам, жаулықты ол енді өз төңірегінен, өз төңірегі болғанда
да етене жақын ағайын-тумадан іздеді; кісінің басына қиындық іс
түскенде жамандық алдымен жақын-жуықтан шықпаушы ма еді?
Кісіге жақыннан көрген азар мен безер қаттырақ батушы еді ғой;
ендеше, тісін қайрап, жынына тиіп тұрған мына сұмырай басқа емес,
бұның өз жақыны; тек быдық емес, оның қолынан жақсылық та,
жамандық та келмейді; бəлкім, құрылысшы ағасы... Айтса да,
құрылысшы ағасының азу тістері балғадай болатын; ендеше, мынау
сол; жəне бұған көптен көкірегі қарайып жүрген-ді; əрине, кінə бұнан;
бұл кінəлі; бұны оқуға түсірді; үйіне жатқызды; тіпті, кешегі күні оқуды
бітіргесін де бұны жас маман деп жердің қия шетіне жібергелі
жатқанда беделін салып алып қалды; Үлкен Үйде істейтін бір
бастықтың қызын көземелдеп жүріп, өзі үйлендіріп еді; үй боп үстіне
шаңырақ көтергесін де, қайын атасы екеуі екі жақтап жетелеп жүріп
тиімді жұмысқа іліктірген сол күшік, кейін адам боп аяғына мініп
алғасын Құдайын ұмытты емес пе? Бұл күнде күлге шөккен кəрі
бурадай от басында ошақтың бұтын құшақтап отырып қалған
зейнеткер ағасына, тым құрыса, айында, жылында ат басын бұрып
амандық-саулығын біліп кетуге жарамаған ініні атарға оғы жоқ еді; ат
ізін салмай, аралары суып кеткеніне бұ да қысылып жүрген-ді.
Сондайда, тау баурайындағы əсем қаланың əлдебір жерінде, қай
заманнан бері күтімі болмай кеткен ескі үйде күнін санап отырған кəрі
құрылысшыны ойлайтын: "Апырай",– дейтін сонда,– айт, айтпа, адам
өмірінің ақыры ит жыртқан қара тері десе дегендей екен ғой".
Осы кісі бұл оқуға келген жылдары абырой, атаққа бөленген даңқты
кісілердің бірі еді-ау?! О, заман-ай! Ағасындай адам астанада жоқ
сияқты еді ғой! Шынында да бұл көрген астаналықтар ана жақтағы
балықшылар сияқты боз ала таңнан тұра сала дірдектеп жұмысқа
асығып бара жатады; құлқын сəріден жем іздеп дорбасы салақтаған
біреулер ана дүкендегі, мына дүкендегі опыр-топырдан өңір түймелері
үзіліп, жағасы жыртылып алау-далау, ебіл-себіл боп жүргенде, ал
бұның ағасы күнде-күнде хан сəскеде керіліп-созылып тұрар еді;
керіліп-созылып тұрғасын да тап бір бай-патшаларша асықпай ассуланып алар еді де, жұмысқа барғысы келсе барып, ал, егер, барғысы
келмесе, кеңсе жағалап кетер еді; сен бұған қайран қалатынсың;
ағасының сырына басы жетпей, құр таңданып, құр тамсанып айранасыр қап жүргенде, сонан бір күні, ұмытпаса... Сол өзі қыс айы еді-ау?..
Я қаңтар, я ақпан еді: бай-патша көріп жүрген əлгі керемет ағасы сонан
бір күні төсегінен су шыққандай, таң қараңғыда атып тұрсын; əлденеге
асығып апалақ-құпалақ киінсін; əзірлеп қойған ас-суын ішуге де
шамасы келмей, сүрініп-қабынып шығып кетсін; сол күннен бастап
оның кешегі керілген, созылғанының бəрі қалды. Сонан былай қараған
тірілігінің бəрі əне бір соғыс жылдарындағы балықшылардай, күндекүнде таң қараңғыда тұратын болды; бірдеңе ішсе ішіп, ішпесе асығысүсігіс жұмысқа жүгіретін болды; түсте ана жақта ас ішетін-ішпейтіні
белгісіз; таң қараңғыда кеткен кісі, сонан қас қарая бір-ақ келетін
болды; кейде ел жата кеп, киімшең бойымен төсекке құлайтын болды;
осы күндері ағасы əбден жүдеді; ұстара жүзі тимеген сақал-мұрт
кеңірдектен бастап көзіне дейін киіздей басқаны сонша, бір күні
сыртқа шығып бара жатып, қабырғадағы айнаға көзі түсті де,
қайырылып тұра қалды; інісін қасына шақырып алып: "көріп тұрсың
ба, егер осыдан қоя берсем, менің сақалым Карл Маркстың сақалын
беліне қыстырып кетер еді",– деп өзіне тəн машықпен бетіне сыңар
əжім түсірмей, бар салмақты қарнына сала ырқ-ырқ күлген еді де,
жұмысқа асыққан еді; төре сүйек, кербез, паң кісінің қазіргі халін
көргенде жаның шын ашып, аяушы едің.
Сүйтіп, айлар бойы үй көрмей сартылдап жүрген ағасы бір күні жыл
аяғында інісін тағы таңғалдырып, хан сəскеде оянбасы бар ма; хан
сəскеде оянғасын да тап бір баяғының бай-патшасынша асықпай
керіліп-созылып тұрмасы бар ма; сол керіліп-созылған қанненқаперсіз қалпын сақтап асықпай қырынғасын əлгі бəкінің жүзі тиген
жердің бəрін əуелі қияр суымен шайып, жұпар иісті жұмсақ крем жағып
алақанмен ысқыласын-ай кеп! "Енді не істер екен?"– деп ағасынан көз
алмай арбалып тұрып, сол күні бұл бірінші сабақтан қалып қойған-ды;
оны өзі байқамаса да, ағасы байқап, миығына мысқыл жүгіртіп мырс
етті де, крем жаққан бетін қайта ысқылады; сосын өңі кіріп ажарланып
қалған бетіне əтір жақты; бұнысы тіпті таңғалдырды; кейін сабақ
кезінде сұңқылдақ профессорды тыңдаудың орнына ағасының əлгінде
əлдебір жеңіл жүрісті əйелдерше сыланып-сипанған тыраштығын
ойлап таңданып қала берді; сосын күні бойы үй көрмей, сартылдап
жүрген ағасының, енді неге бұлайша хан сəскеде тұрып керіле-созыла
қалғанына түсінбеді; неғұрлым түсінбесе, солғұрлым таңданды;
неғұрлым таңданса, соғұрлым құрылысшы ағасы бұған тəңірінің
тумысынан артық жаратқан, ұсынса қол жетпейтін теңдесі жоқ жан
сияқтанды; онан сайын тірі пендеде теңдесі жоқ ағасының ісі де, өзі де
өзгеше боп оқшаулана берді; əсіресе ағасының қарауындағыларды
қырына алғаны қызық; ондайда қайсы біреулерше "қырам", "жоям" деп
əлек-шəлек болмай, хатшы қыз арқылы шақырып алар еді; шақырып
алған кісінің алдына келіп қипақтап-сипақтап тұрғанын көрсе де, бірақ
оған назар аудармас еді; "отыр" деп те айтпай, екі аяғынан сарсылтып
тұрғызып қояр еді де, сосын ол бар ма, жоқ па, ісі болмай, басқа
біреумен сөйлесіп кетер еді; кісіні ұрмай-соқпай да, осылай-ақ сазайын
тарттыруға боларьш көрген зерделі бала ағасының бұл тəсілін де ішіне
түйіп алған-ды.
Ол жылдары құрылысшы ағасы бұны тек таңғалдыратын; өзі
ешкімге емешесі үзіліп өліп-өшпесе де, есесіне, өзінің алдында
өзгелерді елпілдетіп құрдай жорғалатып қоятын нығыз; Үлкен Кісінің
алдында да өзін ұстағаны ұнады; бір жолы Ақ Ордада болған
салтанатты жиналысты көгілдір экраннан көргені бар: Үлкен Кісі сөз
бергенде өзгелер сияқты құрылысшы ағасы да қаңбақтай ұшып
кетпей, орнынан асықпай, ақырын тұрды; аяғын да асықпай, ақырын
сыздап басып мінбеге аяңдады; мінбеге шыққасын да өзіне жанжақтан көз тіккен қыруар халық алдында тұрып көзіне түсіп бара
жатқан сусылдақ шашын қолының сыртымен кейін қарай бір сүйкеп
қайырып тастады да, өзінің осындайда аспайтын да саспайтын
мырғам, нығыз қалпын сақтап тамағын кенеп алды; жарыссөзге
шыққандар бір-бірімен бəсекелескендей ауызы жеткенше Үлкен Кісіні
мақтап еді; ағасына айтар сөз қалмаған сияқты еді; жоқ, ағасы бұл
арада да жол тауып шығып кетті; орыс тілінен Үлкен Кісіге лайық
мақтайтын теңеу таппағанда құрылысшы ағасы Құдай берген қаз
дауысын қаңқылдата көтеріп: "Менің бір ақиқатқа көзім анық жетті:
мына XX ғасырда Леонид Ильич пен біздің Үлкен кісіге тең келетін
ұлы марксист жоқ",– деп, əсіресе, осы арада хан ордасындай кең
сарайдың төрт қабырғасын түгел жаңғырықтырып, өкіректеп
бітіргенде, Құдай сақтасын, дүние теңселіп кетті; қала, даладан
жиналған сүт бетіндегі қаймақтай иін тірескен ығы-жығы халық
орындарынан атып тұрды. Жарықтық Үлкен Кісі де өзіміздей ет пен
сүйектен жаралған басы жұмыр пенде ғой; нағыз пенде; көгілдір
экраннан көріп отыр: əне, екі беті нұрланып шыға келді; аяқтарына
мініп кеткен халық шексіз сүйіспеншілігін білдіріп дуылдата қол соғып
тұрып алғанда, қайтсын, Үлкен Кісі орнынан тұрып басын қайта-қайта
иіп ізет білдірді; сосын осынша халықты дүрліктіріп орнынан дүрк
көтеріп жіберген атақты құрылысшыға да басын қайта-қайта иіп,
ырзалығын білдірген-ді.
Адам мінезін кім түбіне дейін түсінген; бұ да құрылысшы ағасының
тереңіне маңайлап бара алмады; жайшылықта жұртты белінен басып
жүре беретін озбыр ағасының əлгі жердегі қылығы қайран қалдырып
еді; сірə, бұ да қитұрқысы көп жанның зерде жете қоймайтын тағы бір
қыры сияқтанды; қалай десе де, астанада оқыған бес жылда зерек бала
ағасынан көп үйренді; көп нəрсеге көзі жетті: осы жылдары ол,
мəселен ағасының астанадағы көп кұрылысшының бірі емес, атақты
құрылысшы екенін білді; ол кезде "коммунизмнің ұлы құрылысы"
атанған хан сарайындай сəулетті үйлерді Үлкен Кісі басқаға сенбей,
тек бұның ағасы басшылық ететін құрылыс тресіне береді екен; Үлкен
Кісінің назарындағы ондай абыройлы құрылыстан үкімет қаржы
аямай, қазынаның ауызын ашып тастайды екен; Үлкен Кісі мен партия
сенім артқасын құрылысшы ағасы да тап бір соғыс жылдарындағы
Арал балықшыларындай жан аямай күн-түн сабылып, ұлы сенімді
абыроймен аяқтап, социалды жарысты ылғи жеңіп шығады екен;
астанаға ажар беретін ондай əсем сарайларды Үлкен Кісі бастаған
үкімет комиссиясы қабылдағандықтан бұл өзі республика өміріндегі
елеулі оқиға боп есептеледі екен; ел өміріндегі ондай елеулі оқиғаға ол
күні бар газет, бар журнал, радио, теледидардан небір қаламы
жүйріктер мен қызыл тілді қайраққа жанып алған сұңқылдақтар
жиналады екен; тағы бір зəулім сарай тұрғызған атақты құрылысшыға
ырза болған Үлкен Кісінің иін тірескен ығы-жығы жиын алдында
оның кеудесіне алтын жұлдыз таққанын құтыртып жазса, теледидар
аспан астын шулатып сұңқылға басады екен; қошемет, құрметке
бөленген атақты құрылысшы сонан қашан Үлкен Кісінің қалауымен
тағы бір хан сарайындай сəулетті үй салудың реті келгенше арқа
етегін кең салып, күнде-күнде хан сəскеде ұйқысын қандырып тұрады
екен; бай-патшалардай уайым, қайғысыз рахат өмір сүреді екен; сол
екі арада қарыздан шықпайтын кедейлеу мекеме қалтасын қағып
тұрғын үй салатын болса, атақты құрылысшы ондайларға қолын
ластамай, көп орынбасарының біріне ысыра салады екен. Қу бала
соңыра бір билікке қолы жете қалғанда құрылысшы ағасының бұл
тəсілін кəдеге қалай асырарын білмесе де, бірақ бұ да түптің түбінде
басшы кісілердің өмірінде кездеспей қоймайтын тиімді жағдай екенін
білген-ді.
Ол кездерде бұл сабақтан шыға сала, салып ұрып ағасына баратын;
құрылыста қыздар көп; институтқа түсе алмаған небір жүзіктің
көзінен өткендей сұлу қыздар елге қайтпай, құрылыста қалып қояды
екен; ағасы басқаратын треске бұл ішінен "Бақшасарай гаремі" деп ат
қойып алған-ды.
Иə, ағасын пір тұтты; бес жыл дəріс берген ұстаздардан не үйреніп,
не үйренбегенін білмесе де, өзі пір тұтқан құрылысшы ағасынан зерек
бала көргенін көргендей қағып алатын да, сосын былай шыға бере
əлгінің бəрін аудырмай қайталап, енді бұ да ана құрылысшы ағасынша
кеше елден оқуға өзімен бірге келген балықшы ауылдың балаларының
алдында сызданып бағатын; күлгенде де əлдекімдердей əуейіленіп бет
алдына жырқылдай бермей, дəл ана өзі пip тұтқан құрылысшы
ағасынша күтімі қатты бетіне сыңар əжім түсірмей, бер жағымен ішін
бүлкілдетіп ырқ-ырқ күлетін өнер тапқан-ды; сондайда кеше бірге
ойнап өскен балықшы ауылдың балалары бұны танымай қап, бірбіріне таңдана қарап отырғандары.
Таңданбаған жалғыз Бəкизат; Бəкизатқа салса, көті қоныс таппай
ұшып-қонған қылжақбас Əзімнен гөрі, қайта мына барған жерде аяғын
ілгері созып, шалқалап отыра кетіп, асықпай ыңыранып сөйлеп, ішінен
ырқ-ырқ күлетін мырғам Əзім ұнады; Бəкизат оның бұл қасиетті
кімнен үйренгенін де білді; анада ол "ағаммен таныстырам",– деп
туысының үйіне ертіп апарған-ды. Əзім екеуінің тағдырының бір ұшы
осы кісінің қолында екенін білген қыз оған ұнағысы кеп тырысып
бағып еді; бірақ былғары креслода бөксесі көміліп, газет қарап отырған
маңғаз кісі басын да көтермеді; бұл түгіл, Əзімнің өзі ағасының
алдында қысылып қипақтап-сипақтап қалды. Қыз Əзімнің тасасынан
бір-екі рет мойын созып қарады; келесі жолы ептеп бойы үйренді ме,
əлде еркекке ұнағысы келген исі ұрғашылардың сонау түптің түбінен,
Хау Анадан бермен қарай келе жатқан осы нəсілге тəн ойнақылық
билеп кетті ме, əйтеуір қол-аяғы жеп-жеңіл қағылез қыз қара көзі
жайнаңдап, Əзімнің тасасынан шықты; бөксесінің салмағын былғары
креслоға салып нығыздап отырған атақты құрылысшыға əлде
мысқылдағаны, əлде тіпті "сыздансаң сыздана бер, ал мен
қорықпаймын" деген қыры ма, қара көзін ұшқындатып, ағалы-інілі
екеуінің арасындағы əңгімеге оп-оңай араласып кетті.
– Əзімнен есіттім, сіз басқаратын тресте қыздар көп көрінеді ғой?
Рас па?
Атақты құрылысшы қызды жаңа байқағандай, көзін газеттен алып,
таңдана қарады:
– Иə, қыздар жетеді.
– Оқуға түсе алмағанда, мен де сізге баратын едім. Сонда мені
жұмысқа алар ма едіңіз?
Атақты құрылысшы өз өмірінде талай қызды қолынан өткізген-ді;
бірақ дəл мына ешкімнен қысылмай да қымсынбай сықылықтап күліп,
іші-бауырына кіріп бара жатқан жайнаң көз қызды жаңа көргендей;
оған түк айта алмай тамашалай қарап қалған-ды; осыдан кейін қыз
Əзімге еріп жиі баратын болды; қанша барса да қазір ғана қасында
балаша еркелеп тұрған қыз тағы бір тосын қылықпен құбылып,
жанына жанасып кеткеннің бəрін оп-оңай ылықтырып үйіріп əкететін
пəлесі бар; қыз ағасына ұнады; тіпті оның баурын көтере сала
маңайынан ермек тауып ойнамаса тұра алмайтын түлкінің күшігіндей
ойнақы, елгезектігіне де кінəрат таға алмады; бір жолы ағасы екеуі
қызды ортаға алып сөйлесіп тұрған; қыз аса көңілді еді; қара көзі
жайнаңдап, екі еркекке кезек қарап тұрған-ды; кенет əлденеге
сықылықтап күлді-күлді де, қасындағы Əзім емес, атақты құрылысшы
екенін аңдамай қалды ма, əлде тіпті аңдаса да əдейі істеген о да бір
кесірлігі ме, атақты құрылысшының иығына қолын салып асыла кетті.
– Əзім аузын ашса сізді мақтайды. Астанадағы дворецтерді сіз
салған көрінесіз ғой?
– Ағасы болғасын мақтайды да...
– Жоқ, маған да ұнайды. Во-о!..
Қыз бармағын көрсетіп, атақты құрылысшыны балаша арқасынан
қағып-қағып қойды. Исі ұрғашылардың талай қылығына қанық бола
жүргенде, бұл бірақ бұрын-соң осы нəсілдің еш қайсысынан дəл
осындай ойнақы бала мінезді кездестірген емес-ті. Атақты
құрылысшы қапелімде қайтерін білмей қалды; тек ерке қыздың
аңдаусызда қолы тиген əлгі жер ток ұрғандай дір етті. "Əттең, не
қыласың, мына жаман неменің жолын кесіп, арамдап қойғаны.
Əйтпегенде өзі-ақ кірісіп кететін жер екен".
– Бері кел, отыр!– деді қызын шығарып сап қайтып келген інісіне,–
бұл бала болашақ келін бе?
– Иə, көке. Қалай... ұнады ма?
– Ауызыңның салымы бар екен. Сірə, көп ұзамай үйленетін
шығарсың?
– Иə, көке. Уəделесіп те қойдық.
– Дұрыс. Теңің. Тек, бала...
– Иə, көке...
– Менен ақыл сұрайтын болсаң, саған айтарым – өз əйелің сұлу
болғаннан гөрі, өзгелердің əйелі сұлу болғаны дұрыс. Түсінесің той, hehe-he...
Атақты құрылысшы күлкісін кілт тыйды да, сөніп калган трубканы
тұтатты; сосын гавай темекінің жұпар иісін айналаға бұрқ еткізді де,
інісіне бұрылды:
– Осы айтқаным есіңде болсын. Ал, бара бер!
Сол арада түк демесең де, бірақ түптің түбінде сенің ойлағаның емес,
осы кісінің дегені болатынын іші құрғыр сезген; ол кезде пip тұтқан
туысыңның ауызынан не шықса, соған бас шұлғып, құлдық ұрып
тұратынсың; жер басқан пендеде онан асқан құдіретті кісі жоқ
сияқтанып, құдайдай табынып жүргенде, бір күні... ұмытпаса, (бұл
институт бітіретін жылы) құрылысшы ағасы курортқа жүретін болды
да, бұны путевкаға жұмсады; бастықтардың ем-домына басшылық
ететін мекеме орналасқан еңселі сары үйдің үшінші қабатында
тұқшыңдап путевка толтыратын да жататын қалақ бет қараның
алдында бұнан бұрын да болғаны бар-ды; осы жолы қалақ бет қараның
алдында шортиған семіз əйел тұр екен; жуан денесі импорт көйлекке
сыймай, қоңынан жарылған əйел путевка қолына тиг– есін тақтай
еденді дүрсілдетіп тепсіне басып шығып кетті де, кезек бұған келгенде
телефон шылдырады; қалақ бет əуелі трубканы көтергісі келмей
тыржыңдаса да, тыңдаған бойда орнынан атып тұрды; қалақтай бетте
құрысқан, тырысқандар сəтте жадырап:
– А-а... Оңтүстік Қазақстан обкомы ма? Иə, иə, тыңдап тұрмын.
Қырымға ма?.. Иə, табам. Тек кімге?..
Сүйдеді де, қалшиып тыңдап қалды. Шамасы, ана жақтан белгісіз
біреуді атаса керек, қалақ бет орнына қайта отырды.
– Фамилиясын қойыңыз. Бізге фамилиясы керек емес, кім боп
істейтіні... қызмет орыны керек.
Ана жақтың не дегені естілген жоқ; бірақ бала қалақ беттің кескініне
қарап бəрін аңғарды: əліне қарамай Қырымға демалысқа барғысы кеп
путевка сұратып жатқан Оңтүстік Қазақстан обкомында бұт пен сан
арасында жүрген əлдекім екенін білді; қалақ беттің енді түсімен бірге
дауысы да өзгеріп:
– Он для нас не фигура,– деді де, трубканы тастай салды. Ол саған да
суық қарады:
– Шаруаңды айт!
Сенде зəре қалмады; қорыққаны сонша, дем арасында демі жетпей,
көйлегінің жағасы қысып буынып бара жатқандай. Масқара болғанда,
бұның Құдайдай көретін ағасы да жаңағы Оңтүстік Қазақстанның кісісі
сияқты мына сары үй үшін фигура болмай шықса қайтты?
– Шаруаңды айт дедім ғой!
– Шар-уам... Шаруа болғанда... Маған емес...
– Саған емесі белгілі. Сонда кім?
– Ағам...
– Ағаң кім боп істейді?
– Бастық...
– Бастық көп. Конкретно.
– Еңбек Ері. Республикаға еңбегі сіңген құрылысшы. Бес... жоқ,
кешіріңіз, жеті орденді... сосын жəне лауреат...
– Фамилиясы?..
Құдай оңдап путевканы ілгішсіз берді; бірақ бұл пір тұтқан
құрылысшы ағасының құрметті атағы мен омырауындағы сонша көп
моншақты шұбыртып айтса да, əлгі қаныпезердің отырған орнынан
құйрығы қозғалмағаны ойлантып тастады; тым құрыса қалақтай
беттің бір терісі бүлк етпей, безеріп алған зəбірі жанына батты:
"Ағаңның моншақтары көп екен, айта бер! Айта бер, бала!"–деп бұны
сөйлетіп қойып, өзі мысқылдап күліп отырғандай; шынында да, ағасы
қанша сарайлар, ғимараттар салса да, бес жылдық жоспарды үш жылда
орындап социалды жарыста алдына жан салмай жеңіп шықса да,
Қызыл Ту алса да, Қызыл Тақтаға суреті ілінсе де, омырауы əдемі
моншаққа толса да, шауып шыққан биігі белгілі болған-ды; шамасы,
өліп-талып шыққан биігі өзіне əлдеқандай көрінген; сол биігінен бір
қадам ілгері талпынбай, ескі жұртта сары жамбас боп отырып қалған;
əліне қарамай Қырымға курортқа барғысы келген Оңтүстік Қазақстан
обкомындағы əлгі біреу сияқты бұның ағасы да мына сары үй үшін
фигура болмай шықты.
Сол жылы бұл институт бітіріп, ағасының көмегімен астанада
қалды; ағасының көземелдеуімен жұмысқа орналасты; сонан кейін де
өз бетімен өріс таба алмай, айналып-үйіріліп ағасының қанатының
астына тығыла берді; сүйтіп жүргенде алты жыл өтті; тек жетінші
жылы желі оңынан тұрып, көкейде жүрген көп арманға да қолы жетті:
академик болды. Директор болды. Онан депутат... Онан анда да мүше,
бұнда да мүше... жиналыс... жина-лыс...
Бірақ заманында үйірге салған айғырдай азынап қалған кəрі кісі
інісінің жиын-жиналысын, "қол тимей жүргенін қайтсін". Біреу арқылы
анада бұған "мен өлгенде қабырыма топырақ салмасын",– деп хабар
айтып, ат құйрығын кесіп тастап еді; соның артынан бұлар көшеде
кездесіп қалды; бишара қатты қартайыпты; көзінде қара көзілдірік;
қолында таяқ; таяқтың темір ұшын тас көшеге қадай тық еткізді де,
бұған қара көзілдіріктің аржағынан шаншыла қарап біраз тұрды; сосын
ойына не түскенін қайдам, өз-өзінен осқырына мырс етті:
– Жолыңнан қалма, бар! Бара бер!
Сүйдеді де, қоштасуға келтірмей, шұғыл бұрылып жөнеле берді; бұл
ауызына сөз түспей, қиқар шалдың соңынан қарап біраз тұрды; қанына
қарайып алған қиқар неме, бұған құдды көйлек жағасынан қылқиып
шыққан қылдырықтай мойнының кек желкесіндегі шұқыршағын
көрсеткісі келгендей, артына бір де рет қайырылып қарамай, тас
көшені қолыңдағы таяқтың темір ұшымен тықылдатып тіп-тік боп
кетіп бара жатты; кім білсін, қыршаңқы шалдың бұнысы да бұған
көрсеткен қыры ма? Кезінде тірі жанға кеудесін басқызбай менменсіп
қалған тəкаббар неменің бұны көргенде кекірлігі ұстады ма, əйтеуір
иығы, басы, тарамыс денесі түгел сіресіп оқтаудай бола қапты;
заманында қара жерді сыздап басатын мырғам кісі кеше өзі адам
қылған шілтікейге əлі де болса ірілігін танытқандай аяғын ширақ алып
шалқалақтай түседі.
Ағасының жайы белгілі: ызақор. Кекшіл. Кешірмейді. Қастасқан
адамын қара жерге тықпай тынбайды. Əзім селк етті. Құлағының дəл
түбінен балғадай тіс тағы да сақ-сақ, сарт-сарт... Жоқ, мынау басқа емес,
сол! Кəрі қырт! Қартайса да тісінің балғадайын көрдің бе. Құдайы
беріп, табалап тұр ғой. Табала! Табала!
Əзім əлде күйік, əлде ыза ма... əлде тіпті аңыраған ашық теңіз үстінің
сүйектен өтіп бара жатқан үскірік суық желі мен қылшылдаған аязы
шыдатпай, қол-аяғына не бола алмай қалшылдап кетті ме? Əйтеуір,
суық алған бүтіл дене безгек буғандай дір-дір, қалш-қалш... тісі де сақсақ, сарт-сарт... Тоқта... Əй, мынау... Ойбай-ау, бұның ертеден бері
иманын ұшырып, зəре құтын алып біткен, өзі ойлағандай, ана жақтағы
бақталас, бақастар емес, жаман жерлесі де емес, Жуан Жақайым да
емес, кəрі құрылысшы ағасы да емес, бұның өзінің тісі болғаны ма?
Əзім аң-таң; басынан кешкен мына хал санасына əлі дұрыс жетіп
болған жоқ; əзірге көзінің анық жеткені – бақса, бұның өзінің де тісі
балғадай екен ғой! Жұрты құрғырдың кезінде бұнан зар жылағаны да
тегін болмады. Дыбысын шығарғысы келмей жақ сүйегі
сырқырағанша тістенсе де, бірақ тісіне əлі келмей, сарт-сарт... сақ-сақ...
Құлағын тесіп бара жатқан сартылдан тісінің түбі сырқырады; зықын
алған сартылды тиып тастағысы кеп азу тісіне күш салып, əрі-бері
тістеніп еді; тістене бергесін бе, енді құлағы шанышты; дірдектеп
бауырына кіріп бара жатқан əйелге тіл қатайын деп еді, қарысқан жағы
ашылмады. "Ажалы құрғырдың жеткен жері осы шығар". Су ағарына
мұз қатып мазасы кетіп бара жатқасын мұрнын Бəкизаттың иығына
үйкеп-үйкеп алды; есіне Жəдігердің əлгінде "қимылда, қозғал" дегені
түсті; ішік астында тырп етпей тұра бергенше, бір есептен, сол
жаманның тілін алғысы келді; ендігі жан сақтаудың жалғыз амалы осы
екені миына кеш жетті; шыбын жан үшін қолды-аяққа тұрмай безектеп
жүрген ана жаман неме сияқты бұ да қазір сыртқа шығады; ол не
істесе, бұ да соны қайталайды; шынымен сүйткісі кеп жігерге мінуін
мінсе де, бірақ бұл кезде бүтіл денесі бұйығып, қол-аяғына көшіп алған
қорғасын салмақ қозғалтпады; сəл қимылдап қозғалса да, тұла бойын
түгел суық алып құрысқан, сірескен тарамыстар, сіңірлер шарт
үзілетіндей; өлетініне көзі жеткесін бе, қоян жылғы жұт есінен шықпай
тұр; сонда да осылай көктен жауып, жерден борап еді; сонда да қара
дауыл қыр беттен күн-күн, түн-түн соққан; бой тасалар ығы, панасы
жоқ аңыраған далада қайда кетерін білмей жаны қыдырған аңдар үйірүйірімен ұйытқып жосып жүріп, басқа лаж қалмағасын сайға,
жыраларға тығылған-ды; ұйытқып бораған қар сай, жыраларға жанжағынан құйылып, тірілей көміп жатқанда да əлгі үйір-үйірімен
ұйлыққан ақбөкен, қарақұйрықтар тырп етпей, тұрған-тұрған жерде
қақпағымен қырылған-ды. Сол жылы бұлардың да сауып отырған
іңгені ығып кетіп, ауыл сыртындағы күркіреуде қатып қалған-ды.
Сонан көктемде, қар кеткесін түзде тышқан аулап жүрген аш ит
үстінен шығыпты да, қаңқасын көтеріп тұрған түйенің əуелі сирағын
иіскепті; сосын иттігі ұстап шабын көтеріп, əлгінде ғана өзі иіскеген
сираққа сарыпты; соның бəрінде де келді-ау, кетті-ау деп селт етпей
қойғаны шамына тиген ит артына шегіне бере шəуілдеп үрген екен,
ішіне шөп тыққан тұлыптай қаңқасын көтеріп тұрған жануар гүрс етіп
иттің дəл үстіне құлапты...
Бұның өзінің де бұрын соң өмірі ауырмаған балғадай тістері сақ-сақ...
сарт-сарт... Əзім бұл жолы оны сезген жоқ. Көз алдында баяғы қоян
жылғы жұтта қар астында қалған өздерінің екі өркеші баладай інгені
тұрған-ды.
***
Əзім шын əлсіреді. Титығы құрып əлсіреген дене əрі-беріден соң
топырақ басқандай жерге тартып, енді болмағанда көк мұзға отыра
кететіндей сүлдерін шаққа көтеріп тұр: "Құдайға не жаздым. Не
пиғылымнан таптым",– деді Əзім. Кінəм бар шығар, бірақ қай
мұсылман етегіне намаз оқып жүр еді. Құдай алдында күнəм болса,
оған лайық жазаны алған жоқпын ба? Партиядан шығарды. Жұмыстан
босатты. Астананы тастады. Астанадағы үйі-күйін тастап, екі қолын
төбесіне қойып беті ауған жаққа тентіреп кеткенде, алдынан тағы да
қаһарын төгіп қарын, боранын, қара дауылын қаптатып несі бар.
Сондай-ақ, бұл құдайға не жазды? Не... не жазды?
Əзім айқайлап жіберуге аз-ақ қалды. Іші иттей ұлып дірілдеп тұрды
да, кенет өкіріп жылап жіберді. Бəкизат шошып кетті:
– Жа-ным!.. Жаным, жыламашы...
Əзім басына қан шапшып, құлағы шуылдап кетті де, қасындағы
əйелдің не дегенін есіткен жоқ; тек өзіне қарай аймалап келе жатқан
мына бір мұп-мұздай қолдан тіксініп, жолатпай қағып жібере жаздады;
бірақ сумаңдаған шидей жіп-жіңішке саусақтар ештеңеге қарайтын
емес; керек десе, Əзімнің əлденеге бойын алып қашып, тартыншақтап
тұрғанына да қараған жоқ; қараңғыда сипалап мұрнын сүртті; сонан
кейін де сұғанақ қол сипалап жүріп қасын, кірпігін іздеп тапты; таба
салысымен сол бойда Əзімнің ақ қырау кірпігіне ілінгені ілінгендей
мұз моншаққа айналып қатып жатқан жасты бір-бірлеп үгіп алып
жатып та: "жыламашы... Жаламашы, жаным",– деп, шыныменен жаны
үзіліп бара жатқандай жəдігөйлігі, əсіресе жынына тиіп еді. Анада
академик боп сайланғанда да дəл осындай көлгір, жəдігөй біреулер
емешесі үзіліп бара жатқансып, бұл кірсе кіріп, шықса шығып, аяғына
оралып жүргізбей қойып еді; Əзім бет-ауызын сипалап, ирелеңдеп
жүріп алған мұп-мұздай шидей саусақтарды қағып жіберді:
– Ккеетт!..
Əйел ренжіген жоқ; қайта еркекті арбағысы келген ұрғашылардың
ежелгі мекерлігіне бағып, омырауынан итергенге қарамай, өкпесін ала
ұмтылып жатыр:
– Жаным, кешір...
– Ккеетт... ббəəрріі ссееннееенн...
– Иə, мен... мен кінəлімін. Ұрыссаң да, өлтірсең де мейлің. Тек қума!
Қумашы...
Бəкизат жылап жіберді; Əзімді мойнынан тас қып құшақтап алып,
өлердегі сөзін айтып жатқан мына əйелдің көз жасы көңілін қозғаған
сияқты. Шынында да, бишараның бұған жазығы қанша? Айта берсе,
бұның өз басы əйел затынан қылдай қиянат көрген жоқ еді ғой. Ол
бишараларға қайта ылғи бұл қиянат істеп, зəбір-жапа шектіріп
жатпаушы ма еді? Сонда, олар бұған мықтағанда наз артса артқан
шығар, бірақ ешқашан өкпе артып кінəлап көріп пе еді?
Əзім əйелді бауырына тартты; Бəкизат осыған дейін тың сияқты еді;
əлгіден кейін о да зəбір көрген жас баладай ыңырсып, Əзімнің
құшағына кірді де, үні шықпай тым-тырыс бола қалды; бірінен-бірі ық,
пана іздеп жабысып алған екі дене қосылып дір-дір, қалш-қалш...
Балғадай тістер бұрынғыдан бетер сақ-сақ, сарт-сарт... Сорасы
шыдатпай, ала-бөле су ағарына мұз қатқан үстіңгі ерні əлден үси
бастады; үсті-үстіне сақылдап, сартылдап жатқан тіс зықын алып
құлағының түбі шанышты. Əзім дыбысын шығарғысы келмей тістенсе
де, ауыз толған балғадай-балғадай тістер сартылдап, безгек буғандай
қалшылдап əкетіп барады.
– Жаным-ай... қиналдың-ау!– деді Бəкизат. Қолынан келер басқа
қайран болмағасын Əзімді ығына алып, жел жаққа біржола өзі шығып
алды. Осы сəттен бастап етегі жер сызған көлдей қасқыр ішік астында
бір денедей жабысып алған бұлардың қолы, аяғы бірге қалшылдап,
тістері бірге сартылдап, мұрнын да үсті-үстіне бірге тартқылады.
Осыдан былай тірлік, тағдырлары да ажырамай, үсісе бірге үсіп, өлсе
бірге өлуге пейіл боп жанға жан жалғасып, дəл қазір тыныс, дем, жүрек
бірге соғып тұрғандай еді.
– Əəзім...
– Аа?..
– Қанша оқталсам да сəті түспей қойды...
– Ссəəтт?..
– Өзің білесің ғой... саған қолым жеткенге мəз боп, ендігі
келешегіміздің жөні қалай болатынын...
– Ккеелешек?..
– Иə, келешегіміз... Ажырасып па едіңдер? Неке-лерің...
– Ннееке?.. енді ооның ққаажеті ққан...
Бəкизат Əзімнің аузын баса қалды. Екеуі де үнсіз. Əлгі ойдың
шылауынан шыға алмай тұрған əйел бір кезде əңгімені қайта бастады:
– Алматыға барғанда...
– Алматың құрып ққалсын! Б-із ббасқа ққалаға... басқа...
– Жарайды. Қайда барсақ та алдымызда түсетін жер...
– Бооллады. Б-əрі ддаайын...
– Күтіп алатын ба еді?
– И-иəə... ооррккеессттрр...
– Масқара-ай... босқа əлек болатын болды-ау...
Əйел Əзімнің жынына тие бастаған-ды. Дəл осы кезде біреу жел
жұлқылап жатқан қасқыр ішіктің шалғайын көтере бергенде, аржақтан
бораған қар ішке лап берді. Ішік асты кəпелімде ұйқы-тұйқы боп кетті.
Жəдігер асығыс бірдеңе деді де, ішіктің шалғайын жалма-жан жаба
қойды. Əзім онан тез құтылғанына қуанды. Өздерінің ығын алып,
ұйқы-тұйқысын шығарған осы бір қас қағымда жаңағы неменің не
дегенін де жөндеп есіте қойған жоқ. Тек тосаң тарта бастаған құлағы,
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 28
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654