Latin

Соңғы парыз - 08

Total number of words is 4274
Total number of unique words is 2293
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Əлімнен қыз алған Адай жалғыз мен бе екем? Бізден бұрын сенің
апаң, менің атам екі ел арасына ілгеріден із салып тастаған ғой,– деп
кеңк-кеңк күліп отырғаны.
Былтыр түйеші шалдар қара суық ызғырған қара жонда ықтырмада
ұзақ отырып қалған-ды. Бұл ауданнан оралып келген бойда
түйешілерді көшіріп əкелуге барса, кемпір-шалдар қарашаның қар
ызғары анық сезіле бастаған суыққа ұшырап, ығы кетіп жаурап отыр
екен. Бұл кешіккеніне кешірім сұрай бастағанда, сонда да осы Адай
шал əзіл-қалжыңмен жуып-шайып:
– Жəдігержан, кешіккен жоқсың. Дер кезде дегендей келдің. Жаман
жездең бұл арадан жылда апаңның сауыры бір-екі мұздамай, сірə да
көшкен емес,– деген-ді. Бұл да осы қарияның қасында отырса
əншейінде көңілін лайлаған көп уайым, көп қайғыны ұмытып арқа еті
кеңіп сала беретін.
– Жезде, сөйле!– деп, сен қазір де қонағыңа көзіңнің қиығын
көлденеңнен тастап, əңгімеге жетелеп едің, бірақ Адай шал бүгін бір
түрлі бұйығы. Көңілсіз. Жаңа бұны көргенде əлдеқалай жадырай
қалған қабағы төрге жайғасқасын қайта тұнжырады. Сосын-ақ əңгімеге
қанша жетелесе де, ол бірақ аяғын баспады. Терге жайған көрпе
үстінде бір жастықты қолтығына басып дөңкиіп жатыр. Жалбыраған
қабақ астындағы көз жұмылып-жұмылып кетеді. Осы өңірдің халқын
қинаған жағдай оның да жүрегін сыздатып жатпады дейсің бе? Ол,
бəлкім, көші-қон жөні шығар? "Түйе фермасын ашып беріп жаман
жездеңе жағдай жасадың. Оныңа рахмет. Ал, бірақ... жаман жиендерің
от басында омалып отыр ғой. Оларды қайтеміз?" деп, бумы мен
ақылдасуға келді ме? Келген шаруасын қашан айтар екен деп, оған сен
де жалтақтап қарап қоясың. Бірақ Адай шал үнсіз. Сонан ол алдына
дастарқан жайғанда ғана басын көтерді.
– Басқа тамақтың ыңғайы болмады. Осыған ырза боласың.
– Ə, жарайды. Астың бəрі ас.
– Сыбағаңды кейін жерсің. Ал мынау келін əзірлеп кеткен екен.
Балалардың асы ғой. Өздері банта дей ме, панта дей ме, тілім де
келмейді.
– Апыр-ай, ə?– деп Адай шал да таң қалып, əр жер-əр жерінде айғыр
жалындай ұзын қыл жалбыраған үкі-түкі қасын желп еткізе жоғары
көтеріп алды. Сосын дастарқан шетін қайырып, алдына келген үйме
табаққа қарай итініп жақындай түсті.
– Банта дедің бе, əй? Өзі орыстың асы ғой?
– Енді кімдікі деп едің. Осы күні солармен асың да, аягың да
араласып кетпеді ме.
– Иə, бəсе!.. Қазақта бұндай ас жоқ қой,– деп Адай шал əлі де болса
мына бір суға түскен сұр тышқандай, өзі білмейтін түсі басқа тағамға
қолын созбай, біраз тосырқай қарап отырды. Қарны ашып келсе де,
бұрын соң татпаған тағамға тəбеті шаппағасын бірден қол созбай
одырайып отырды да: – Өзін қамырға ораған ба?– деп бастасына
бұрылды.
– Иə, қамырға ораған. Ауыз жарымайтын шұқымай бірдеңе.
– Апыр-ай, ə?– деді Адай шал басын шайқап.– Қамырды жаратпаушы
едім.
– Жездеке, іші – ет. Бұл пельмен деген сыйлы ас.
– Білмен дей ме, əй? Білмен?.. Білме-н?.. Апырай, ə?– деп, Адай шал
саған "шын айтасың ба?" дегендей əлі де болса сенімсіздене көз
тастады.
– Иə, пельмен. Іші – ет. Өте дəмді ас.
Адай шал ықылассыз отырса да, табаққа қол созды. Бақандай
саусақтар алдындағы үйеме табақ пельменнің əуелі бүйірі буланып
жатқан қомақтылауын ұстады. Ыссы пельменді алақанына салып олай
бір, бұлай бір аударыстырды. Қай жағынан қараса да көз алдынан суға
түскен сұр тышқан кетпей қойғаны. Тəбетін шаптырмай қойған
жиіркенішті сезімнен құтылғысы келді ме, қонақ шал алақанында
жатқан пельменнің сыртындағы қамырын жарып, ішіндегі мылжамылжасын шығара малталап тастаған етті иіскеді. Иісінде де күдікті
бірдеңе бар сияқтанып: "апырай, ұшынып қалмасам қайтсін",– деп
ойлады. Бұған енді не істесем екен дегендей екі ойлы боп отырды да:
– Маған бір тас аяқ берші,– деді.
– Жездеке, алдыңдағы мына тарелке сенікі.
– Оны біліп отырмын. Маған осындай тас аяқтың тағы біреуі керек.
Бұл түрегеп барып шкафтан үлкендеу бір тəрелке алды да,
қонақтың алдына қойып "енді қайтер екен" дегендей көзінің астымен
бағып отыр. Қонақ шал құдды күреске түсетін кісідей, əуелі жеңін
шынтағына дейін сыбанып алды. Дастарқан басындағылардың бəрі
өзінің қыбыр еткен қимылын бағып отырғанын байқаса да, үй ішіндегі
бір жанға көңіл бөлген жоқ; үйеме табақ пельменнен тəрелкесіне мол
ғып толтырып салып алды. Сонан соң тəрелкені өзіне таман тартып
алды да, алдындағы буы бұрқыраған пельменді ерінбей-жалықпай бірбірлеп сыртындағы қамырын жарып, етін бір тарелкеге, қамырын бір
тəрелкеге бөліп салды. Ет салған тəрелке төбесімен бірдей боп үйілді.
Бұрын бұндай өнімсіз шұқыншақ нəрсе істеп көрмегесін бе, ішпейжемей қара терге түсті. Əлі де болса астауынан жеріген малдай
ылжыраған етті əуелі танауының алдына əкеп о жағынан бір, бұ
жағынан бір иіскеді. Сонан кейін ғана бұның тағам екеніне көзі
жеткендей болғасын күректей қолымен көсіп алып асай бастады.
Қозының құйрық майын талмап жұтқандай, қылқытып жатыр. Молмолдан асаған мылжа ет шайнауға келмей, талмаса болғаны, өңешінен
ары қарай өтіп бара жатып тамағына дүрс-дүрс соғады.
Бұл үнсіз. Күлкіні күшпен тежеп, басын бауырына тығып алған.
Қонақтың өңеші дүрсілдей бастағанда бағанадан бері күшпен тежеп
отырған күлкі ішіне сыймай бүйірін бүлкілдете бастады. Адай шал
байқамаған сияқты. Адай шал əдетте ас ішкенде маңындағы қыбыржыбырға көңіл бөлмейтін. Ыдыс босағасын тəрелке түбіндегі
тұздықты басына көтеріп бір ұрттады да, қасында түк көрмегендей
тымырайып отырған бұның алдына тарс еткізіп тастай салды.
– Ой, енеңді ұрайын. Қазақ жаманы орыс бола алмайды. Əлгі маған
қамырға орап берген көк жасығың не, өзі?
– Еттен істеген, осы заманғы астың бір түрі.
– Тек əрі! Асты қорлап... Етті шешеңе шайнатып жейтін өнерді
қайдан тапқансың? Кəне, бұдан басқа берерің бар ма?
– Енді шай береміз.
– Оныңа рақмет. Тіске тиетін басқа ештеңең жоқ болса, үйге барып
апаңның шайын ішем. Ал сау бол.
– Ay, жезде... Шаруа бар ма еді?
– Бары бар. Бірақ жолдан келіп отыр екенсің. Шаруамды кейін
конторыңа барып айтармын. Мені есікке жеткізіп салшы,– деді Адай
шал аяқ астында жалтырап жатқан сырлы еденді көргенде тағы да
тізесі дірілдеп.
Бұл аяғын баса алмай тұрған қонақ шалды қолтығынан алды.
Сыртқа шығарып, атқа мінгізіп сап қайтып келгесін газет қарады. Бірақ
бір айдан бері жиналған буда-буда газеттің аяғына шыға алмады.
Етектей беттерді сытырлатып арі-бері аударғасын ұйқысы келді. Не
ұғып, не түйіп жатқанын өзі де білген жоқ. Бар білгені: берекеті кеткен
оттың басы сияқты осы дүниең де тыныштығынан айрылған. Ел
тізгінін ұстаған пысықай немелер халық басына қайдағы-жайдағы
итырқылжыңды үйіп-төгіп, берекеті кетіп тұр екен.
Күн орнынан шығып, ай орнынан туып, қара жер де өзінің
жаралғаннан бергі жалғыз кіндігінен зырқырап айналып, бұл əлем
батысы – батыс, шығысы – шығыс, бəз баяғы күйінен бұлжымай тұрса
да, халық сорлының қатер тоспай, ұйқысынан тыныш оянған күні
болмапты. Бұл айда да бұнан бұрнағы айлар сияқты төрт тараптың
төрт жағында да бір ел бір елге қодыраңдап күш көрсетіпті. Бір ел бір
елді алдапты. Жарты дүниеге əмірін жүргізіп отырған бір ұлы елдің
басшысы күні кеше ғана бас бостандығын алған Африкадағы бір елдің
басшысымен бауыры бітіп бара жатқандай, ауыз жаласып жүрген
сияқты еді; енді қараса, əлгі кіп-кішкентай кеше сержанттан
көтерілген шілтікей бастығы үлкен елден қару-жарақты үйіп-төгіп
алыпты да, көк тиын төлемей мұзға отырғызып кетіпті. Ал, мына бір
мұсылман елі бұлар теңіздің арғы бетінде балық аулап жүргенде
ереуілге шығыпты. Ереуілдеген халық бұлар қамау судың балығына
қарық боп жатқанда алтын тақта отырған патшасының аяғын
аспаннан келтіріпті. Сүйтіп, нелер ықылым заманнан бері шах билеген
елді ендігі жерде дін басы молда билейтін боп мəз боп жатыр екен.
Жə, мəз болсын пақырлар. Тек, басқа жақтың молдасы қалай
болатынын қайдам, а л осы ауылда молда араласқан бір іс оңына
баспаушы еді. От басынан берекет кеткенде, тым құрыса аспан асты
тыныш болса екен-ау. Кісіге о да жұбаныш болар ма еді.
Диванда қисайып жатқан-ды. Бір кезде айдай əлемнің ойдағықырдағы өсегін төрт бетке сыйғызып тұрған қолындағы газет кенет
ауырлап бара жатты. Көлдей газет бетіндегі жазулар да бұлыңғыр
дүниенің дəл өзіндей бұлдырап, алыстап барып-барып, ақырында
қолынан сусып түсіп кетті. Бұл оны сезбеді. Қолы қапталына сылқ
түсіп кеткенде ғана көзін ашып алды.
Əлдене сыбдыр етті. Сырттан біреу кірді ме? Өзі де əлденеге
абыржи ма? Аптыққан жүрегін əзер басып, қолынан түсіп кеткен
газетті жерден көтерді. Шала жабылған есіктің арғы жағына құлақ
тікті. Бірақ сырттан кірген кісінің аяқ басқаны сияқтанған əлгі дыбыс
бұл қанша тыңдаса да қайталамады. Есік сыртында аяғын бері баспай
қойған біреу бар сияқты. Бəкизат па? Кешіккеніне қысылып тұр ма?
Аяғын ақырын-ақырын басып есікке барды. Мойнын созып қарап еді,
ешкім көзіне түспеді. Абажадай үй аңғал-саңғал. Өзінен басқа тірі жан...
Шынында да тірі жан жоқ па? Қызы əлгінде оқудан келген сияқты еді
ғой? Ұлы да, анасы да үйдетұғын. Еркіне жібергенде ұлы бұған
əлдеқашан арсалаңдап жүгіріп кеп, əңкі-тəңкісін шығарар еді. "Əкең
жолдан шаршап келді" деп, оны тізгіндеп ұстап отырған анасы.
Ал қызы... Жүрегін ұстай алды. Бұрын бұндайы жоқты. Осы бар
болғыр кейінгі кезде сəл ренжісе де біз сұғып алғандай тыз етіп
шаныша қалады. Жүрегін алақанымен басып отырып, кішкентай
қызын еске алды. Сорлы баланы аяйды. Əсіресе, нағашы əжесінің
қасында кетіп бара жатқанын көргенде күлерін де, жыларын да
білмейді. Бауырын жарып шыққан бала, о, тоба, бұнан гөрі кəрі
қақсалдың аузынан түсе қалғандай. Үстіндегі үлпілдеген киімі солай.
Көшеде өзін ұстасы солай. Апыр-ай, қаршадай қыз кəрі қақсалдың
басқа жұрт байқай қоймайтын болмашы бірдеңесін қағып алып,
аудармай қайталап, ол аяғын ызылып басса, байғұс бала аяғын одан
бетер сызылтып жатқаны. Ол қақсал сақина толы саусағын саласын
шығара жайып тастап жұрт алдында жайқаңдап қол тастаса, е,
Жасаған... əлгі қаршадай қыз катар келе жатып дəл солай қайталайды.
Ең арысы баяғы жас кезінде жұртқа үлбіреген аппақ тамағын
көрсеткісі кеп тұратын кəрі қақсал əлі де болса сүйекке сіңген сол
дағды бойынша иегін ілгері созса, байғұс бала да оған қатарласа бере
көз қиығын білдірмей бір тастайды да, өзінің кіп-кішкентай иегін
дереу жоғары көтеріп ала қояды...
Бір жолы ренішін Бəкизатқа айтып еді, Бəкизат жатты да ашуланды.
– Менің шешем, əйтеуір, сенің көзіңе пəле боп көрінеді. Ол сорлы
отырса – опақ, тұрса – сопақ.
– Сенің шешеңде нем бар. Мен тек... баланың тəрбиесі...
– Е, немене... осы жасқа келгенше менің шешем қыз тəрбиелемей,
қуыршақ тəрбиелеп пе?
Иə, иə, есіне енді түсті. Кəдімгі қаладағы дүкендерде қос əйнектің
арасында тұратын қуыршақ бар емес пе? Қозы Қарын басқарған бір
жиналыста бұл қатты сыналып, ақ тер, көк тер боп шыққан екен-ау.
Аралдың ақ шандақ ұйтқып тұратын тар көшесімен келе жатқанда көз
қиығы кенет көлдей əйнектің ар жағында тұрған қуыршақ қызға
түскен еді ғой. Өз қызына егіздің сыңарындай ұқсап кеткені сонша бұл
қалт тоқтап, қуыршақтан көзін алмай қадалды да қалды. Аумайды-ау,
аумайды! Əсіресе, ана жылтырата тараған шашы мен кірпік қақпай
үркектеп қарайтын көзі қандай аумайды. Ал ана топ-томпақ ерні
қандай аумайды. Құдды шырыны сыртына шыққан қызыл шиенің бірбір түйірін кəрі қақсал əдейі үзіп алып асты-үстіне бір-бірден бұлтитып
шанши қойғандай. Ғұмыр бойы қуыршақ тəрбиелеп дағдыланған кəрі
қақсалдың кəнігі сиқыр қолы сорлы нəрестені анасынан тумай жатып
үсті-басын үфит-суфиттеп сипалап жүріп, сонан не керек өзінің
қыздары сияқты бишара баланы да əп-сəтте қуыршаққа айналдырады
да шығарады. Сол сиқыр қол сонан кейін де тұла бойына тағы
бірдеңелерді түйреп, шаншып, қыстырып, байлап безендірген үстіне
безендіре түскенде, сен солардың арасынан өз қызыңды таба алмай
қалатынсың.
– Ой, айналайын, менің аузым бармай тұрғанды өзің айттың ғой. Иə,
қызың қуыршақ... нағыз қуыршақ!
– Қызымның түгі жоқ. Қайта мамамның арқасында тəрбиелі десең
тəрбиелі, көргенді десең көргенді. Біле білсең, мені де, менің
апаларымды да тəрбиелеп өсірген сол кемпір. Сонда... Сеніңше, мен де,
менің апаларым да қуыршақ болдық па?
– Үйдеген кім?
– Айтпасаң да аржағы белгілі. Бізді не десең де еркің. Сен қалай
десең де, менің шешем... Балықшы ауылдың салпы етек, шұбалаң
жаулық жаман кемпірлерінен өлімтігі де артық.
– Е, солай де! Сүйтіп əлгі сары ала етек жаман кемпірлердің ішінде
біздің шешеміз кетті де.
– Кетсе қайтеді. Сенің шешең... Көзіңді алартпа. Үйтіп кімді
қорқытасың.
Сен аузыңа сөз түспей, тығылып қалғансың-ды. Іле-шала есік сықыр
етті. Бəкизат та, сен де жалт қарадыңдар. Ақырын ашылған есіктің ар
жағынан əуелі əйел сумкасы керінді. Тек əйелдің өзі көрінген жоқ; тек
күміспен көмкерген аузы сырт етіп ашылып, сырт етіп жабылатын
крокодил терісінен істеген осы бір елде жоқ сумканы салақтаған ұзын
бауынан сақина толы саусақтың ұшымен ғана ұстап, өзінен ілгері
оздырып кіріп келе жатты. Сен күліп жібере жаздағансың-ды.
Кəрі қақсал ілгері озбай есік алдында тұра қалды. Үй ішіндегілердің
түріне қарады. Сосын бір бұрышта тұнжырап отырған саған қарады.
Саған қарағанда темір инедей тікірейе-тікірейе қалған кірпік астынан
қадалған суық жанарға мысқыл шапты:
– Сендерге не болды? Еңбек Озаты неге түтігіп түр?
Сен соның ертеңіне салдырлақ машинаға отырып, Сырдарияға
тартып кеттің емес пе? Сонан теңіздің арғы бетінде жатқан
балықшылардың қасында бір ай болып үсті-басы кірлеп, сақал, мұрт
өсіп əбден жүдемеді ме. Алдында айқұшақ қауып күтіп отырған қатынбала бардай екі өкпесін қолына алып құстай ұшып келмеді ме. Иə,
келдің. Қарық болдың...
Бетіне ащы мысқыл шауып мырс етті. Енді, міне, ит талаған терідей
ырың-жырың өмірдің ақыры осылай болды да тынды. Əкесі ме еді, кім
еді, əлденеге налығанда о да əрқашан осылай мырс етіп: "Ақыры
дүниенің ырым-жырым" деп ыңырсушы еді-ау? Иə, бұл пəниде түбі
баянды не болған. Болдым, толдым деген төрт құбыласы түгел
кісілердің басындағы бақ пен астындағы тақтың да түбі белгілі еді ғой.
Ай мен күн астындағы не нəрсенің бəрінің, əрілесе, тіпті əлгі тақ пен
бақтың да ақыры болған. Тірлік бар жердегі құбылыстың бəрінде де
ақыр бар. Кейбіреулер осы күні дүниенің ақырын да көріп тұрған
сəуегейше сөйлеп жүр ғой! Ендеше өзіміз шексіз көретін көктегі күннің
ар жағындағы сонау ұшы-қиырсыз ғарыштың да барып-барып
таусылар шегі, ақыры болмасына кім кепіл? Адам ақылы жетпейтін не
бір алыптар мен қашықтықтардың бəрінің де ақыры болса, осы біз
өміріміздің соңындағы ақырғы атаулыдан неге зəреміз қалмай
қорқамыз? Ақырғы сағат. Ақырғы дем. Ақырғы қадам. Ақырғы дəм...
Соның бəрі сайып келгенде дүниеге келген əрбір адамның қуана-қуана
бастаған алғашқы қадамы, алғашқы сағаты, аблығып алған алғашқы
демі емес пе? Ендеше бұл жалғандағы басы бар нəрсенің бəрінде де
ақыр болу ықтимал ғой. Иə, кешегі жер дүниені алып жатқан телегей
теңіздің де бүгінгі ұрпақ ақырын көріп түр ғой. Кешегі соғыстан кейінгі
аз ғана уақытта аспан астындағы айдай əлемнің бір жерінде теңіз
тартылса, сонан бері қанша көл, қанша өзен сарқылса, жер азса, ауа
бұзылса осы ауылдың əлгі кір сақал шалдары айта беретін ақыр
заманның да онша қашық қалмағаны рас болмаса не қылсын?
Міне, көріп тұр: бүгін ертеңгісін үйден шыққанда, соңына салған
шұбалаң іздің де ақырғы қадамы аяқ астында жатыр. Зорығып
жығылған ат сияқты. Ақырғы атаулыда келешек жоқ, тек кешегісі ғана
болатынын бұл қазір ойлап тұр.
Бұрын бұл көк теңіздің қашағанын қуам деп таңның атысы, күннің
батысы қызыл танау боп жүріп оң мен солына қарауға мұршасы
болмапты. Бүгін бастан өткеннің бəрі ертең ұмыт бопты. Бұл жазған
күйкі тіршіліктің қамымен жанын жалдап жүргенде бастан кешкен
өмірдің қуанышы да, реніші де қалта түбіндегі жыртықтан түсіп қалған
қара бақырдай қай жерде, қашан, қалай жоғалғаны жадында қалмапты.
Енді, міне... балықшылар аулының бет алдындағы аңыраған бет
ашықта үйіріне сыймаған кəрі құландай жапа-жалғыз тұрған кісіге
қайдағы-жайдағы үйір. Баяғыда бастан кешкендердің бəрі бүгін қайта
тіріліп жатыр. Тіріле сала ана бауырына жармасқан ашқарақ күшіктей
өріп кеткен ой бұны талап жатыр, талап жатыр. Бұл да қабақ шытқан
жоқ. Бұл қайта: "Талаңдар. Түгін қалдырмай түтіп жеңдер",– деп əлгі
өріп кеткен ашқарақ ойлар тұла бойындағы тамырларды жанын
шығара солқылдатып сора түскенін қалап тұрғандай.
***
Көше жақтан ат тұяғының дүбірі шықты. Иттер бара сала
шаужайдан ала кететіндей, шабалаңдап үре түсті де, жым болды. Сен
елең етіп сыртқа құлағыңды тіге қалдың да, терезеге ұмтылдың.
Ентелеп мойын созып, сыртқа көз тіктің. Қанша сығаласа да əйнектің
аржағынан қараңғы түн кептеліп көзіне тіреле берді. Көшенің арғы
бетіндегі үйде əбігер бар ма қалай? Қараңдаған біреулер аяғы жерге
тимей əрлі-берлі жосып жүр. Үлкен үйдің көшеге қараған торт терезесі
түгел самаладай. Қалбалақтаған əне біреу жүгіріп барып, қақпаны
ашты. Екінші біреу атты жетелеп қораға кіргізді.
Сары Шаяның айтқаны рас болды. Сол қайдан біледі? Жермен
тілдесетін бірдеңесі бар ма? Көрші үйде болып жатқан мына əбігер,
мына қауырт қимыл, жаны қалмай қалбалақтаған мына кісілер, əдетте
астаналық азамат келгенде ғана болатын. Иə, мына үйдің жандары дəл
осылай есі шығатын. Бірақ... Тоқта... Астаналық азамат елге бұрын
осылай келуші ме еді? Бұрын ол келгенде жарығы саулаған машиналар
гүжілдеп кеп үлкен үйге тұмсық тірей тоқтап жатушы еді ғой? Қасына
ерген қара-құра мол болатын. Сосын күні бұрын құлақтанған халық ол
келгенде алдынан жүгіріп шығатыны қайда? Бұл жолы неге ұрланған
кісідей алдын кештете үн-түнсіз келді? Бұндағы тума-туыстары да
оның жұпыны келісінен жүндері жығылып қорынғандай, бір түрлі
бүгежек пе, қалай? Əне, атты қораға тез кіргізіп, қақпаны теп-тез
жауып ала қойды.
Жоқ, бұл тегін емес. Бұнда бұлар білмейтін бір гəп бар. Сонда? Тоқта,
ол не гəп? Не-е?..
Түкке түсінген жоқсың. Тек əлгі ой аяқ басысыңды ауырлатып, үй
ішінде əрлі-берлі кезіп жүргенсің-ді. Кенет көзің қабырғаға ілген
суретке түсті де, кілт тоқтағансыңды. Мынау Бəкизаттың Қыздар
институтын бітірер алдында түскен суреті: қала сырты; қала сырты
болғанда да мынау жəне қаланың тау жақ беті; қыс; қар; қарға
малынған əлде бір жатаған ағаштардың бұтақтары майысып-майысып
тұр; сондай бір ағаштың астына басын бұғып еңкейіп кірген Бəкизат
бір иығымен терекке сүйеніп тұр; қарашығы ұшқындаған тостағандай
қара көз маңынан əлде біреуді іздегендей кейінгі жағына қарап
жанары жалт ете бергенде... иə, иə, дəл сол сəтте біреу сырт жағынан
білдірмей кеп қыз сүйеніп тұрған теректі қатты шайқап сілкіп-сілкіп
қапты. Бұтақ басында жабағыдай ұйысқан көпсік қар үстіне сау-сау
төгіліп кеткен; Бəкизат қапияда үстіне сау еткен кардан қымсынудың
орнына, қайта соған рахаттанып, аппақ тістерін түгел көрсетіп
шаттана күліп жатыр!
Алғаш көргенде сен бұған мəн бермегенсің. Мəн бермегені былай
тұрсын, керек десе, қыздың сырт жағынан кеп теректі сілкіп қалған кім
деген ой басыңа да келмепті. Суретке оның өзі түспесе де, ілгері созған
қолының сағат байлаған білегі анық түсіпті. Сағатты да, қолды да
танып түр. Қайталап қараған сайын көңіл түбінде айтуға аузы бармай
тұрған бір күдігін растаған сияқты. Суретті қабырғадан жұлып алғысы
кеп оқтала түсті де, өзін əзер ұстап қалды. Жұмыссыз-əлімсіз осы кезге
дейін кешіккен əйелдің қайда жүруі мүмкін екенін жүрегі құрғыр сезуі
сезсе де, сен бірақ оны ойламақ түгіл, ойыңа алуға да дəтің жетпеген
еді-ау! Əлгінде оқудан келген қызынан сұрағысы кеп еді; кішкентай
қыз ыңғай бермеді.
"Сары Шая қайда екен? Ол ғой, бəрін біледі", –деп ойлағанша
болмай, ауыл шетінен бір ит шəу етіп еді. Іле-шала қалған ит қосылып,
əлдекімді тірілей талап жейтіндей осылай қарай арсылдап келе жатты.
Кенет есік шапшаң ашылып, біреу ар жағынан "Кет! Кет, əй" деп
аяғына жармасқан иттерді шалғайымен жасқап, алау-далау боп кіріп
келді...
– Кісі жейді. Анада меском жиналысында айттым. Құртайық дедім
ғой. Бірақ... Əй, сендерді қойшы. Сендер менің қай сөзімді тыңдап
едіңдер.
Есіктен зарлай кірген Сары Шая босағаға сылқ отыра кетті. Осы
байғұстың бойында ит сүймейтін бірдеңесі бар.
– Қабаған ит ұстағандарды қылмысқа тарту керек дедім... Күлетіні
жоқ, РСФСР-дың бір мың тоғыз жүз...
– Оны қайтесіз. Ал, енді... келгенің жақсы болды. Күтіп отыр едім.
Сары Шая саған таңдана қарады. Əншейінде, айтқанын күйіс
қайырған түйедей шала-пұла тыңдайтын мына неменің алдында кенет
бағы арта қалған себебін түсінді де, жымың етті. "Ə, күтіп отырсың ба?
Сен күшік, ағаңның қадірін енді білейін дедің бе?"
– Ал енді... айтқаның рас болды. Көршілер қиқуды салып жатыр.
"Тұра тұр. Қиқудың əкесі əлі алда"
– Шəке... бері жүр! Төрге шық.
"Тоқта, бала, мені əлі төбеңе шығарарсың".
– Ау, Шəке, не қып тұрсың? Бері... бері жүр!
– Ақ жеңешем, қайдасың?– деп, Сары Шая қырсық қылғанда, бері
баспай, ары жүрді.
– Мына сұмырай, суға кетіп бара жатқандай... баланы оятарсың.
– Ақ жеңеше... Жеңешеке, маған бірдеңе дедің бе?
– Ой, сиқыр.
– А-а?
Сары Шая қабағын ашпай отырған қара кемпірдің бір тізесін ала
жайғасты да, қойнынан кіп-кішкентай жалтырақ қорапша шығарды.
– Мынасы не тағы? Ары кет!
Сары Шая кейінгі жылдары: "Құлағымның мүкісі бар. Есітпейді",–
деп жүрді де, əне бір жолы қалаға барғанда осы темірді əкелген-ді.
Құлағына аппарат кигелі өнерді үдетті. Əсіресе кісі басы құралғанда
құдайы береді. Сыңар құлағының шұқыршағына жіп іліп, қойнынан
шығарған кішкентай аппаратты кім сөйлесе, соның аузына тосып
отырғаны. Кімге тосса, соның сөзі самбырлап қоя беретіні қызық.
Сондайда балаша қуанып, сөйлеген кісіні қаласа қостап, құлшына түсіп,
ал, егер, қаламаса қарсы боп, өзеурей түседі. Қызды-қыздымен
дедектеп жанына жетіп барады. Бауырына кіре түседі. Сұңқылдап
сөйлеп кетеді. Өзі сөйлегенде əлгі аппаратты қаласа қалтасына тыға
салады. Қаламаса сөйлесіп тұрған кісімен екеуінің арасында ұстап
тұрғаны. Ондайда алақанында жатқан темірдің бар-жоғын ұмытып
кетеді. Тек əлдебір жағымсыз сөз жанына батып бара жатса,
құлағының шұқыршағындағы жіптің шетін жұлып алады.
– Ел жатып қалғанда түн қатып, түсің қашып, басыңа не күн туып
жүр.
– Шаруа бар, ақ жеңеше. Шар-у-а!..
– Тұтақ! Əкім емес, түк емес, бұт пен сан арасында саған тірелген ол
не қылған шаруа?
Аппарат сырт етті. Құлағын шаяндай шағып алған кемпір сөзі сөне
қалды. Бажбық көзді де тарс жұмып алғанда осынау тас қараңғы
дүниеден ол енді түк көрмей, түк есітпей тас құлақ керең бола қалды.
– Балаң мені əкім қойып, мен, немене, ол берген əкімдікті үлгере
алмаппын ба?
– Əкімдік сенің не теңің.
– Е, əкім болсам теңелем де.
– Құдай кем жаратқанды əкім қып теңестіреді дегенді сендер ғой
шығарып жүрген.
– Ақ жеңеше, үйде отырғасын білмейсің. Қалаға баршы, əкімдікке
қолы жеткен əлдебіреулер тұп-тура үйірге түсетін айғырдай азынап,
əңкі-тəңкінді шығарып жіберсін. Онан да сен мына күшігіңе біз сияқты
қасындағы қарашаларыңа қол ұшын бер, қатарыңа ал деп неге
айтпайсың?
– Тұтақ! Сені қасына ерткенде, кім ғып ертеді?
– Үлкенін қайтем, маған дүкеншілікті берсін. Дөңгелетіп жіберем.
– Қалай дөңгелететініңді анада көргенбіз,– деді кəрі ана күліп.
Айтса да сол жолы Сары Шаяның өмір бақи шыр жұқпаған үйі бұл
үш ай дүкенші болғанда ішпегенін ішіп, кимегенін киіп күрпіп шыға
келді. Сары Шая да сол үш айда қайда барса да, қонатын жерде үйі
тазасын, асы дəмдісін, əйелі шырайлысын таңдап əлек шығарсын.
Дүкенші келе жатыр деген хабар дүңк етсе, ел іші: "Ойбай, қатын, құс
төсек, құс жастығыңды шығар. Бұл соққан қазір жер төсекке
жатпайтын бопты",– деп əбігерге түсетін. Дүкенші үйінің байлығын
көре алмаған балықшы ауылдың қатындары күндіз қызғаныштан іші
күйсе, түнде сол үйдің қалы кілем, болскей кереуеті түсіне кіріп
жүргенде... Сонан құрсын, Сары Шаядан не пəтуа шығатын еді, бір күні
Сары Шаяның мойнына ақша мініпті деп жұрт шу етсін. Сотталатын
болғасын үйдегі іліп алар лыпаны сатып, жылтырақтың бəрі жұрт
қолында кетсін. Бір пəледен аллалап əзер құтылған Сары Шая іле-шала
қайта күйленіп, от басы тағы да сары ала жиһазға толсын. Жұрт Сары
Шаяның байлығын айтып, ауыздарының суы құри бастағанда, баяғы
баяғы ма, бұл жолы мойнына коп ақша мінсін. Сотталатын болғасын
анадағыдай, бұл жолы тағы да дүние-мүлкін салып, үй іші қайтадан
үйітіліп шыға келсін. Осыдан кейін Сары Шая күйленіп келе жатыр
десе болды: "Сорлы сотталып кетпесе жарар еді",– деп балықшы
ауылдың зəресі кетіп отыратын-ды.
Кəрі ана күлкісін əзер басып:
– Қой, жарқыным! Артынан көтен төлеу төлетіп жататын
дүкеншілігіңді қоя ғой,– деп қолын сілкіді.
– Онда балаң мескомдықты алып берсін.
– Ол несі тағы? Оның да жейтін бірдеңесі бар ма?
Сары Шая құлағындағы аппаратты сырт еткізіп сөндіре қойды.
– Қой, əрі, неше, сірə, қызмет жерде жатса да,– деді қара кемпір.
– Ау, неге қоям? Сағым екеш сағым да бауырына іліккен бұтаны жеркөкке сыйғызбай қалқитып көтермеуші ме еді. Сенің мына күшігің
басқарма боп тұрып та жаман ағасын жарылқап, халықтың төбесіне бір
шығаруға жарамады.
– Ой, сорлы! Сондағы дедігің халықтың төбесінде тайрақтау екен
ғой?
– Е, несі бар. Тайрақтаймын. Халық төбесінде тайрақтап
жүргендердің менен несі артық? Коп болса, бағы артық шығар.
Сүйейтін кісісі артық шығар, ал ақылы артық дей алмассың. Қалайда,
бұл заманда жамандардың бағы жанып тұр ғой. Əне, көрмейсің бе...
сенің жаманың да бір елдің телісі мен тентегіне текелік қып жүр,– деді
Сары Шая шиқ-шиқ күліп. Қара кемпірдің сөздері, жанына батты ма,
орнынан тұрарда белінің құяңы ұстағандай кирелеңдеп əзер көтерілді.
Күйбең-күйбең төрге озды. Көңілсіз. Қабағы түсіп кеткен.
– Айтқанымның бəрі аумай-төкпей келді де қойды. Астанадан ұлық
інісі кеп, əне, жаман быдықтың бағы асып шыға келді.
– Оны білдік. Оның осы келісі... соның жөні қалай?
– Бағана моншада айтпадым ба? Ағасына жылы орын керек.
– Жоқ, ол емес... басқа... Сен оны білесің. Білуге тиіссің!
Сары Шая "білмеймін" деген жоқ; қайта білгенін бұлдағандай
бəлсініп көзін тас қып жұмып алды. Қазіргі түрі иегіндегі бірді-екілі
бозамық қылдың орнында бар-жоғын байқағысы келгендей, əр
қайсысын бір шымшылап жатыр. Сен оның көзін ашқанын
шыдамсыздана күтіп отырсың. Тақатың тақа таусылған бір тұста
саусақтарыңды бір-бірлеп сытырлата бастап едің, соны байқап қалған
Сары Шая тас қып жұмып алған көзінің əуелі біреуін ашты.
– Су кешкен оңай ма. Буыныңды суық алған ғой. Жаз шыққасын
тұзға түс.
Сен жынданып кете жаздадың. Түсіңнің қатты бұзылғанын көргесін
ғана Сары Шая басын көтерді. Қолтығына басқан жастықты қоса
көтеріп, оң жағына қарай жамбастай берді де, шынтағына шеге
кіргендей шоршып түсіп, қайтадан сол жағына аударылып жатты.
Осыған дейін бір ашып, бір жұмып əлек қылған сап-сары көз жанарын
түгел көрсетті. Сосын сені өзінен төменірек орынға шақырып:
– Бала, бері кел,– деп астындағы төсеніш көрпенің шетін көрсетті.
Былайғы кезде бір айтқанын істете алмайтын інісі еді, енді бүгін
Патша Құдайдың өзі қол-аяғын жіпсіз байлап, алдына əкеп жығып
бергеніне ішінен тəубе қып насаттана түсті. Насаттанған сайын
сəдеттене түсті. Осы Сары Шая кісі басы құралған əне бір жиында:
"Өмірімде екі кісіні басқарып көрмесем де, осы ауылды басқарған
балалардың қапталынан қалған жерім жоқ. О да Құдайдың маған
берген бағы",– деген-ді. Құдай қылса қайтесің, енді бұ да Сары Шаяға
қапталымен бірге пейілін де беріп телміріп аузына қарап отыр.
– Мына жігіт залым боп шықты.– деді Сары Шая.– Көрдің бе, оның
бұрынғыдай қасына кісі-қара ерітпей, жалғыз келгенін? Жəне жұрт
көзіне түскісі келмей, түн жамылып келді-ау!
Сен осының сыбыр-жыбырын жаратпаушы едің, қайсыбір лажсыз
тыңдағанда да, миына түк кірмей, тек қытырлақ даусы құлақ тырнап,
құтылғанша асығатын-ды. Осы жолы мынаның аузынан шыққан сөзге
ықылас қойып отырғанын өзі сезбеді.
– Шынында да... осы келісі маған да бір түрлі көрініп тұр.
Түсінбеймін.
– Түсінбейтін түгі жоқ. Көптігіне сеніп отыр. Бұл араға əкім-қараны
араластырғысы келмегені сол. Көре қал, ертең колхозшылардың
жиналысын шақыртады. Бұндағы өздеріне қараған көп туысына қол
көтертеді. Бұл залым сүйтіп біздің аузымызға көп қолымен құм
құймақшы. Ал, кəне... бұларға қарсы өзің не істеп жатырсың?
– Не істегені... қалай?
– Əй, қу бала. Білем, сен де қарап жатқан жоқсың. Олардың ішіне
жансызыңды салып қойып, үй іргесінен тамырын басып жатсың,– деді
Сары Шая шықылықтап.
– Жан-сыз? Ол не қылған жансыз?
– Хе-хе-е! Қу бала, айтпасаң айтпай-ақ қой. Бұндайда, əрине, сырды
сыртқа шашпаған дұрыс.
– Сыр? Ол не қылған сыр?
– Ə, қу бала. Жə, қайтесің. Сен, қалқам, онан да...
– Жоқ, тоқташы...
– Тоқтамаймын. Ойбай-ау, басымдағы бағымнан айрылғалы
отырғанда мен неге тоқтаймын. Құдайдың өзі айтқан жоқ па еді. "Ей,
пендем, Құдай болғанмен менде де басы артық ештеңе жоқ, тек
біріңнен біріңе алмастырып берем де отырам" дегені қайда?
Бұған сөзін өткізе алмағанда осылай бірде Құдай атын жамылып,
бірде кодекске жармасатын əдеті.
– Тоқта дейді ғой. Е, неге тоқтаймын. Əне, айналаңа қара. Текешік
қылғысы келген қазіргі қазақ баласы бір күн де болса бастық болғысы
кеп əукесін салып жүрген жоқ па.
– Сонда бұл орын қай қазаққа жетеді?
– Ойбай-ау, жетпегесін таласат та.
– Талас аяғы – төбелес...
– Төбелес болса қайтеді?.. Төбелесеміз. Қызыл ала қан боламыз.
– Қой ақсақал...
– Неге қоям? Басымдағы бақты тірі отырып төбелессіз қалай берем.
Отырған орныңды осал деме. Билігің жүріп тұрғанда, айналайын інім,
сен бүкіл бір ауылдың патшасы екеніңді білесің бе? Жо-қ, сен басыңды
шайқама. Қасыңдағы ағайынға шерепетіңді тигізбесең тигізбе. Тек
басқармалық орында басың қарайып жүрсе болғаны.
О, қырт!.. Қырт! Осы қыртты сонша неге іздеді? Қашан келгенше
жаны қалмай, ширыққанына жол болсын? Ана жылы оқыған бір
кітапта өсер елде өнерлі азаматтар шықса, ал өшер елде əкімдер мен
осындай алаяқтар көбейеді деген еді-ау! Көрмейсің бе, бұрын бар-жоғы
байқалмайтын мына қырт қазір қайда барса да қалбалақтап алдынан
шығады. Кеңсеге барса, есіктен сығалап сол тұрады. Үйге келсе,
соңынан қыт-қыттап сол жетеді. Жиналыста да жұрттан бұрын сол сөз
сұрап, көп ішінде қолы шошаңдап отырғаны. Халық не біліп
айтатынын қайдам, осының Судыр-Ахметке шеше жағынан
жақындығы бар екен деседі. Арғы аталарында нағашылы-жиенді ілік
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 09
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654