Latin

Соңғы парыз - 04

Total number of words is 4316
Total number of unique words is 2204
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жолсыз даланың ой-шұқырын сипалап келе жатып төңірекке көз
салып еді; қызыл іңірде туған ай бұлар əлгінде қара торды машинаға
тиеп бола бергенде сəулесін сарқып батып бара жатқан еді; бұрын түн
болса бұл жақтың аспанында ине шанышқандай жер қалдырмай
жыпырлап қоя беретін жұлдыздар шұғыл қатайған суыққа көрінген бе,
сөніп-сөніп сирепті. Көз байлаған қараңғыға жалтақтап келе жатып
дарияға жеткенін байқамай қап еді; жар кемерге мінбелеп тоқтады да,
еңкейіп аяғының астына қарап еді; əуелі түк көрмеді; тек қараңғыға
көзі үйренгесін сонау төменде əлдебір алып жылан жер бауырлап
ирелеңдеп етіп бара жатқандай болды. "Ай жарықтық-ай!" деді ішінен.
Əлде аяп, əлде қазіргі түріне көңілі толып тұрғанын өзі де білген жоқ.
Жылда ит кешіп өтіп жататын дария биыл, шүкір, жақсы. Жаз
басында таудан кеп су құлады. Ағыл-тегіл тасқын су дарияның
сағасына жете бергенде жан-жағына жайыла бастады. Арнадан қашқан
су ала-бөле дарияның арғы жайпақ бетіне қарай жөңкіліп құлап, қай
жылдан бері кеуіп қалған көл толған-ды. Тасқын сумен ілесіп келген
көп балық көлге өтіп кеткен-ді.
Қамау судағы балық – қорадағы қой. Қолы бұрын жеткен қарқ
болады. Қамау судың балығы талай жұрттың құлағына тиген-ді. Ел
алды боп "Райым" колхозының балықшылары жетті. "Райымның"
басқармасы жігерлі жас жігіт-тұғын. Домалақ беті быттиып, томпақ
көзі зыттиып тұратын кішілеу қара торы жігіт аса пысық.
Жиналыстарда жұрттан бұрын сөз алады. Жедел басып мінбеге
ұмтылады. Қызыл галстукты тамағының астынан қылғындырып
байлап алғанда əлгі бүйректей бет, əсіресе быттиып, дөп-дөңгелек
үркек көз əсіресе зыттиып, залда отырған жұртқа жанары тоқтамай,
əлдебір жаққа əуелей қарап, тілі тіліне тимей тақылдай жөнелетін.
Жұртқа оның тақылдаған пысықтығы ұнайтын. Сосын осылай
жиналыста жұлқынып тұрғаны ұнайды. Ол сөйлегенде ара ұясындай
гуілдеп отырған зал жым-жырт боп тына қалады. Əне бір жолы
қасында отырған райком инструкторы бұны бүйірінен түртіп қап:
"Пысық. Тас қайнатады. Өсетін, келешегі мол жігіт",– деп трибунада
тақылдап тұрған "Райымның" басқармасын иегімен нұсқаған-ды. Оның
өсетінін бұ да біледі. Осы ауданда абырой əперетін бірдеңе болса
осыны бетке ұстайды. Баяндамадан кейін бірінші сөз осыған тиеді.
Жиналыс соңында жоғарыға жолдайтын құттықтау хатты да
тақылдатып осыған оқытып қояды. Өссе өссін-ау. Тек асығыпаптықпай, ақырын айтып та жеткізетін нəрсені осы байғұстың əрқашан
əпі-шəпі, азан-қазан ғып даңғазаға айналдырып жіберетіні ұнамайды.
Құдды қолы қатты біреу күн көзінде ұзағырақ жатып қалған қу
тақтайды дəл сондай тағы бір қу тақтайға таңқ-таңқ қаққандай.
Сондайда таңқылдақ даусы құлақ тесе жаздайды. Бұрын бұған анадай
жерден "ағалап" ұмтылатын жігіт осында келгелі сырғаяқтап жоламай
қойды. Жə, жоламасаң – жолама. Шамаң белгілі. Арғы беттегі қамау
судың балығы сені де қолды-аяққа тұрғызбай жүр.
Кілегей көкше мұзға қайта-қайта шығады. Беліне байлаған ұзын
арқанның бір ұшын жағада тұрған кісілерге ұстатып қояды да, өзі
аяғын кібіртіктеп басып есікпен юрдей жерге барады. Жаңа қатқан жас
мұз сəл сықырласа да жалт беріп ізінше кері қайтады. Соны көрген
Көткеншек Көшен: "Айтпады демеңдер, біз аяғына шұлғау оралған
салақ қатындай болбырап-солбырап жүргенде, мына пəле арғы бетке
өтіп алады" – деп еді. Осы сөз қамшы болды да, бұ да Сырдарияға
баруды жиілетті. Ащы судай емес, тұщы су тез қатады. Кешеден бері
күн шұғыл суығып, қызыл шұнақ аяз қылшылдап тұр. Түн асса, кім
біледі, ертең тор-тұзақты арқалап, арғы бетке... Тосын дыбыс ойын
бөліп кетті. Көз байлаған қараңғыда түсін аңғартпай түксиіп жатқан
өзеннің əрегірек бір жері күтір етті; əдетте мұз қалыңдап, салмағымен
шөккенде біреу дəл осылай қабырғасын қиратқандай күтірлеуші еді;
сен қараңғыға көзің мен құлағыңды тігіп, тың-тыңдап тұрдың да,
жаңағы дыбыс əлгіден кейін қайталамағасын мұзға түскенсің-ді.
Ілгерілеп барып бетіне қар түспеген көкше мұзды тақаңмен теуіп едің.
Е, бəрекелде! Еңіреп қатқан мұз емен ағаштай дүңк-дүңк етті.
Түнгі аяз тастай екен. Ала-бөле екі беттің ұшы тызылдап əкетіп бара
жатқасын қолын қолғаптан шығарып, алақанымен əрі-бері уқалап
ысып еді; бетінің ұшы кəдімгідей қызып, көзіне ұйқы тірелді. Таң
атқанша мызғып алғысы кеп, қамыс қосқа қайтып келе жатқан-ды.
Кенет селдір қамыс сыбдыр етті. Сен қалт тоқтап, қараңғыға көз тігем
дегенше болмады, үстіне келіп қалған кісіден үріккен əлдебір аң бұғып
жатқан жерден атып түсіп, селдір қамыс арасын сатырлатып
жұлдыздай ағып баратты. Сен сонан қашан дыбыс ұзағанша тырп
етпей, сілейіп тұрып қалғансың-ды. Бір жақ бүйірі біз сұғып алғандай
шымылдап əкетіп барады. Сосын жүрегі құрғыр қашан қосқа жеткенше
жанын шығара ауырып, кеудесін қос қолдап ұстап алды. Қалайда
көңілге алаң кіріп, ұмытылуға қараған баяғыдағы бір ыстық сезім бір
төңкеріліп аунап түскен-ді. Көрмейсің бе, ата жөнелген аңның
сыбдыры есіне қай-қайдағыны салып... Қай-қайдағысы несі, ол... ол өзі
бұның үйленген жылы еді ғой. Дариға, ол күндердің несін айтасың!
Онда жер басқан жанның бақыттысы еді. Онда балықшылар ауылының
бет алдында шалқып жататын телегей теңіздің сонау көкжиекке
барып-барып тірелетін жерінен анау-мынау емес, отқа қақтаған сары
алтындай сап-сары күн жалқылдап шығар еді-ау! Неге екенін қайдам,
шықпай жатып шекеңді қыздырып ала жөнелетін бұл өңірдің өрттей
ыстық күні сол кезде саған тек күліп шығып, күліп бататын сияқты еді!
Ол кезде бұ да төсектен күнде-күнде күліп оянатын. Оянған бойда
қарғып тұратын. Тұрған бойда қара жерге табанын тигізбей тұла
бойын құп-қунақ қып көтеріп əкететін бір пəлесі бар еді-ау! Сонан
болар-ау, бұл аяғы астындағы қара жердің бар-жоғын кейде сезсе де,
кебіне сезбепті. О л кезде түнде де түсінде пырақ мініп, құс боп ұшып
жүргені. Басқа жұртқа ұқсап жер баспай, кіл көкте ұшып жүргесін ол
күндері бұл адам боп бетіне не ызғар, не зəр жимай, ашуланатын
жерде де бет алды ыржалақтап күле беріпті. Сүйтіп, өз бақытына өзі
мас боп жүріп қасындағы жарының көңіл күйін аңғармапты. Көзі ашық
жүріп те құшағындағы жарының көңіл күйін аңғармағанда, бəтір-ау...
Сонда, бақыт соқыр ма, əлде бақытты соқыр ма? Құс қонарында тұғыр
таңдамаса, бақыт шіркін де жер басқан жұмыр басты пенденің басаяғына қарап жатпай, көңілі түссе, жаманға да қона салады дейді ғой.
Сонда... Сол шіркін, түптің түбінде жақсы мен жаманды да теңестіріп,
бақытты пендесін қаласа, бала ғып та, дана ғып та жіберетін құдіретіне
сенетіні ме? Бақытты кезде сен дана болдың ба, жоқ па, ол арасын
білмесең де, ал бала болғаның анық. Жəне соқыр болғаның да анық.
Сонда бір басқа сыйған сəбилік пен сұңғыла даналықтың түпкі тегі түк
көрмейтін соқыр болғаны ма? Солай болған ма, əй?!
Əйтпесе, бұл басына қонған бақыттан қаласа бала болып та, дана
болып та жүрген сол кезде жарық дүние қабағына, сірə, кірбің
жолатпай жарқылдап күліп тұрса, жарық күн шығып келе жатып та,
батып бара жатып та күлсе, маңындағы жер басқан жанның бəрі өзі
сияқты екі езуін жимай, қағанағы қарық боп жатқанда, есі дүрыс кісі,
тым құрыса, қойнындағы жарының күн санап өз-өзінен азып-тозып
бара жатқанын байқауға болатын еді ғой? Ал сен соны да... Жоқ,
байқады. Байқап еді ғой. Қайсы бірде Бəкизаттың өз-өзінен азыптозып жүдеп тұрғанын көргенде, бұның өзінің де жаны қосыла
күйзелетіні қайда?
– Бəтіш... Бір жерің ауырып...
– А-а?
– Ауырып тұрған жоқсың ба?
Бəкизат бұған тандана қарады. Көруі көріп тұр, бірақ көріп тұрып та
бұған көзі түспейтін сияқты. Тіпті қарсы алдында қолы қапталына
симай, қипақтап-сипақтап тұрған кісіден көрі қасынан шыққан
дыбысқа назар аудара ма, қалай?
Бір жолы бұл бір жақтан жол жүріп келсе, Бəкизат үйде жоқ екен.
Анасы əлгінде теңіз жаққа кеткен деді. Бұл тізе бүкпестен ауылдың бет
алдында шалқып жатқан теңізге жүгіріп барса, Бəкизат жағада жалғыз
өзі... шолақ жең шыт көйлектің етегін жоғары көтеріп, тізесіне дейін су
ішінде тұр екен. Бұған бұрылып қарады да, түк демей құр жымиды да
қойды. Сен ауданға бара сала кідірмей кері қайтқаныңды айтқың келсе
де, Бəкизаттан ыңғай болмағасын үндеген жоқсың.
Бұлар сонан қас қарайғанша жағада болды. Қайтарда Бəкизат ілгері
озып, қол созым алда кетіп бара жатқан-ды. Жалғыз аяқ жолдың екі
бетіндегі селдір, сұйық қамыс арасынан əлдебір аң ата жөнелді.
Бəкизат шошып қап, шыңғырып жіберді. Ыршып түсіп, бұның
құшағына кірді. Талдырмаш дене дір-дір етеді. Сен "Бəтіш, қорықпа.
Бұл қоян ба, түлкі ме, сондай бір аң ғой",– деп жұбатсаң да, ол бірақ
жуық арада өзіне өзі келе алмады. Сонан үйге жеткенше саған
тығылып, жан-жағына жалтақтап қарап болған-ды.
Оған, міне, он үш жыл. Сонан бері бұлар екі балалы болды. Екі
баланың екеуі де ана жатырында індетке шалынып кемтар боп туды.
Əсіресе, он екіге қарап бара жатқан бұның дəл өзіндей денелі, ірі қара
баланың тілі əлі дұрыстап шыққан жоқ; ақыл-есі кем. Ал, екінші
баласы... Бəкизаттың аузынан түскендей аппақ əдемі қыз бала... бұл
айналайын да сол қолы іштен үш саусағы кем туды. Бұған кім кінəлі?
Құдай ма? Адам ба? Жоқ, əлде ант атқыр мына заман ба?
Ала-бөле бұның жеке басына түсіп отырған нəубет болса екен-ау.
Əрілесе тек Арал өңіріне келген қасірет болса бір сəрі ғой. Онда неге
көнбеген сорлы бас, Құдайдың салғаны осы шығар дер еді де, бұған да
шыдам жеткенше көніп бағар еді. Ал мынау күллі қазақтың, қазақ
халқының басына қара күн орнатқан, сұм заманның сұмдық зауалына
айналып, етек алып барады. Əсіресе кеше Арал тартылып, ана жақта
Семей, мына жақта Байқоңыр, ол аз дегендей Маңғыстаудың мидай
жазық даласы мен Ақтөбенің қатпар-қатпар кəрі таулары, Орал мен
Орданың шағыл құмдарына үсті-үстіне бомба жарып ұлан байтақ жерсу, ел-жұрт жаппай полигонға айналғалы бері бұл дүниеде қазақ
татпаған у мен дерт қалды ма? Əне, жас ана құрсақ көтерсе үзірлі, кеміс
бала туып, ұрпақ азып барады.
Қосқа келгесін де көпке дейін көз ілген жоқ. Қатты ұйықтаған
кісілердің қорылы қамыс қосты басына көтеріп тұр екен. Ал Ұлы
Октябрь мерекесінде ылғи бас бəйгені жеңіп алатын палуан жігіт сен
төсекке жата бергенде қорылын кілт тыйды да, қасындағы кісіні
құшыры түсе құшақтап аяғын үстіне салып алды. "Мына кəпір қайтеді,
əй?" деп, сен оған шошына қарадың да, төсегіңді қара шалға қарай
қозғап едің. Қырсық шалдың қырысы тарқамапты. Шырт ұйқыда
жатып та тісін қышыр-қышыр қайрап, əлдекімге айбат шегіп, бақ-бақ
етті. Сен қараңғы үйге құдды теке кіріп кеткендей, тіксініп қалдың.
Бұнан бұрын да күнде-күнде кеш жатып, ерте тұрып, шала ұйқы боп
жүргенсің-ді. Сол күні тағы да түн тыныштығынан айырылатын
болғанына қиналып жатқанда, есіне Бəкизат түсті. Бəкизат басқаны
кешсе де, бұның дəл осы жолғысын кешпейді. О бастан-ақ қиюы
қашқан ағаштай, қисыны кеткен өмір еді, аяғы немен тынарын кім
білсін? Бірақ соған кім кінəлі? Бұл ма? Бұның ит мінезі ме? Əлде,
Тəңірінің қалауымен теңін тауып қосылмаған жағдайда, айт-айтпа,
тірліктің ақыры осылай ырың-жырың бола ма? Кім білсін, солай болса
солай шығар. Бірақ... сорыңа қарай, бұ да жетеңе кеш жетті. Егер Құдай
дес беріп, жетесіне дер кезде жеткенде əлде қайтер еді? Онда, кім
білсін, бүгінгі бұл халге душар болар ма еді, болмас па еді? Қайдам!..
Қайдам! Бірақ, ол кезде, сен жазған да басына қонған бақыттан басқа
нені біліп едің. Көргенің де, білгенің де Бəкизат. Қайткенде соның
көңілін табам деп отырса – отырып, тұрса – тұрып, көлеңкедей
қалбалақтадың да жүрдің. Бірақ, əй, қойшы... əйел көңілін табатындай,
сен қайбір жұрт құсап жылмаңдап жүзіктің көзінен өтіп тұрып едің?
Əсіресе бабын таптырмайтын қала бикештері киінетін жерде епті
жігіттер есебін тауып елп етіп сенен бұрын киімін əпере қоятын. Ал,
сыртқа шығар жерде əлгі епті жігіттер тағы да сенің алдыңды орап,
жүгіріп барып алдынан есік ашып, иіліп-бүгіліп жатқанда, сен бір
шетте елеусіз қала беретін едің ғой. Ондайға епсіз болғасын үйленген
жылы біразға дейін əйел құлқын таба білетін Əзімнен көрген,
білгендеріңді істеп те ештеңе шығара алмағансың-ды. Əсіресе, бір
жолы... Күледі-ау! Сол өзі, ұмытпаса, бұлар үйленген... Жоқ, келесі жыл
ма еді, қалай? Əйтеуір күз-тұғын. Ол анық. Жерге қар түсе қоймаған
қара суық екені де анық. Курорттан қайтқан Бəкизатты алдынан
шығып күтіп алмақ боп жаман машинаны салдырлатып Аралға
жеткен-ді.
Студент кезде талай көрген: Əзім қит етсе есебін тауып, Бəкизатқа
гүл сыйлап жататын. Сонда жігіттің ілтифатына ырза болған қыз
құшағы толған гүлді бауырына қысып, əрқайсысын бір иіскеп тұрар еді
де, қара көздің қиығын кірпік астынан Əзімге күлімсірей тастар еді.
Сол күні сен де Бəкизатты гүлмен күтіп алғың келді. Аралдың қашанда
жел ызғып, топырақ борап жататын қиқы-жиқы көшесін кезудей
кезген еді. Бірақ, не пайда... Күзгі қара суық түгіл, алты ай жазда да гүл
тұрсын дені дұрыс шөп өспейтін адыра қалғыр жер емес пе... Не істерін
білмей сасып тұрғанда есіне қалада тұратын таныс дəрігер түсті.
Келген-кеткенде соққан сайын осы үйдің кіре берісінде кішкентай
құмыра "гаршокте" жапырағы жалбыраған жасыл өсімдік тұратынын
көретін. Көктемде екі-үш түйір бірдеңе қызарып, гүл жаратын сияқты
еді; таныс дəрігердің əйелінен ат-түйедей қып сұрап алды. Соған өзі
мəз. Міне, пойыз келді. Жапырлаған жұртпен бірге бұ да ілгері
ұмтылды да, итініп-соғынып тоқтаған орта тұстағы вагонның қарсы
алдына ентелеп тұра қалды. Қасында шофер. Құшағында горшок.
Аралдың ұйтқып соққан ызғырық жел астында суық ұрған бес-алты
көк жапырақ жалп-жалп етеді. Енді кідірсе, мына ызғырық жел
тамырын үзіп ұшырып əкететіндей. Сен шынында да сонан қорықтың
да, көк жапырақтар жалпылдаған горшокты балаша бауырыңа қысып,
қырындап ықтай бергенсің-ді. Көзі түскен кісілер одырайып жалт
қарайды. Қайсы біреулер жымиып езу тартады да, кідірмей өтіп кетеді.
Оларды сен байқаған жоқсың. Вагоннан түсіп жатқан жолаушылардың
арасынан күткен кісіңді көре алмай, мойныңды созып ентелей
түскенсің-ді. Сүйткенше болмады... Е, міне!.. Əуелі өзінен ілгерірек
оздырып ұстаған былғары сары шамадан... көзіне оттай басылды.
Кірпігін қаққанша болмай, іле-шала аржақтан өзі де жарқ етіп шыға
келді. Былайғы уақытта да жанары шоқтанып тұратын қара көз
жайнаңдап, көңілденіп күліп шығып еді, не болғанын қайдам, саған
көзі түсті де, түсі демде бұзылды. Сен оны көруін көрдің. Тек бұлайша
түсі неге бұзылғанын білген жоқсың. Шыны керек, сол арада, тап сол
сəтте оны ойлап жатуға сенде шама да болған жоқ. Вагоннан түсіп келе
жатқан Бəкизатқа ұмтылып, қолынан шамаданды енді алам дегенде,
құшағыңдағы горшокты түсіріп ала жаздағансың-ды. Қалбалақтап
сасып қалғаның сонша, сен енді Бəкизаттың қолынан шамаданды
аларыңды, əлде оған жапырақтары жалпылдаған горшоктегі гүлді
ұсынарыңды білмей, абдырып сасып қалдың; соның ретін сен айтып
жіберші дегендей жаутаңдап жаныңдағыларға қарап едің. Жұрты
құрғыр сенен көзін алып қаша береді. Сосын сен əйеліңе жаутаңдап
қарап:
– Мынау... Мы-нау саған...– деп едің.
– Бұл не?– деді Бəкизат.
– Гүл ғой.
– Гү-л?
– Иə, саған а-алып шыққан гү-ү...
– Есің дұрыс емес шығар...
Төбеге ұрғандай тұрып қапсың. Қолыңдағы горшокке көзі түскенде
өзің де шошып кеттің. Тəйірі, қазақ ұстаған гүлде күтім қайдан болсын.
Құрт жеген жапырақтар шұрқ-шұрқ тесік. Шаңы да сүртілмепті. Бұл
пəледен бір сыласын тауып тезірек құтылғысы кеп, шоферді іздеп еді.
Ол көк соққыр анадай жерге ұзап кетіпті. Бəкизаттың қасында
мықшыңдап шамаданын көтеріп барады екен. Сен енді ағыл-тегіл
халық арасынан таныс біреу кездесіп қалатындай зəрең ұшты.
Құдай оңдағанда Арал стансасының бет алдындағы алаңда бала
бойындай бəкене тұғырға қондырған ұлы көсемнің бюсты тұратын.
Қуанып кеттің. Жұрттың көзін ала бере жүгіріп бардың да, əлде бір
кезде Аралдың қолы ұсынақты бір баласы ақ гипстен үйтіп-бүйтіп
ұсқынын келтірген тақыр бас көсемнің бюстының дəл түбіне көк
жапырақтары жалпылдаған кішкентай құмыра горшокты қоя салды.
Сосын былай ұзай бере артына бұрылып қарап еді; көк жапырақтар
жел астында жалп-жалп... Ал ұлы көсемнің тұла бойында құс
саңғымаған сау-тамдық жоқ екен!
***
Басын жастықтан жұлып көтеріп алды. Əлденеден шошып оянып,
ұйқылы көзі алақтап үй ішіне қарады. Жатқаны жаңа сияқты еді. Иə,
Сырдарияға барып қайтқасын таң атқанша мызғып алғысы кеп
төсегіне озған. Етігін шешіп, киімшең бойымен көрпе астына кірген.
Кепке дейін башайының ұшы мұздап, жылымай қойған соң аяғын жыпжылдам бауырына тартып алған. Біразға дейін бойы жылымай
бұйығып жатып, көзі ілініп кеткенді. Қанша өткені белгісіз, бір кезде
түсінен шошып, көзін ашып алса... есік алдында сығырайған соқыр
шамның майы таусылып, сөніп барады екен. Оянған бойда неден
шошынғанын есіне алды. Кім екенін білмейді, кім де болса əйтеуір
қостағы жігіттердің бірі сырттан аптығып жүгіріп кірді: "Ойбай, неғып
отырсыңдар, Көк Өгіз қамаудағы суды сарқып ішіп кетті ғой". Сүйдеді
де, қолымен жер тіреп отыра бере еңіреп жылап жібергені. Оянғанда
осының бəрі есінде сайрап тұрса да, тек жаңағы неме есіктен еңіреп
кіргенде бұл басын көтеріп отыр ма еді, əлде жатыр ма еді? Қасында
кім бар, кім жоғы белгісіз, бар білетіні əлгі жігіттің аузынан шыққан
жаман хабарды есіткенде тұла бойы түршігіп кетті. Зəре иманы ұшқан
жігіттер сүріне-қабына сыртқа ұмтылды. Солармен бірге бұ да тажал
өгізді көрейін деп отырған орнынан ұмтылатын сияқты; ұмтылуы
ұмтылса да, бірақ, не болғанын қайдам, кеудесін көтеріп құр
қопаңдағаны болмаса, қол-аяғы қорғасын ұйығандай қозғалтпады. Үй
ішінде реңін анық аңғара алмай қойған əлдекімге əлдене деп тіл
қатқысы келетін сияқты; оған бірақ дыбысы шықпады. Дыбысы
шықпағанға əуелі түсінбей, таңғалып еді; іле-шала қорқып, көзі алақжұлақ етті. Кім білсін, ертеңгі бар үмітін қамау судың балығына артып
отырған қыруар халықтың ырысын ішіп кеткен тажал Көк Өгізден
қорықты ма, əлде тілі байланып, қол аяғынан айырылғанынан
қорықты ма, ол арасын білген жоқ. Бар білгені: есі шығып, қалшылдап
ұшып барады екен.
Бұл дəл сол кезде оянған-ды. Қос үрей көңіл жуық арада сабасына
түсер емес. Басынан кешкен жаңағы сұмдық өңі емес, түсі екенін білсе
де, абыржыған ала құйын көңіл аптығын баса алмай, қол-аяғына енген
діріл əл-дəрменін əкетіп барады. Қараптан-қарап алқынып, қара терге
түсіпті. Бұл бұнан бұрын да жаман түстен талай жүрегі шайлығып,
заразат боп жүрген-ді. Неге екенін қайдам, əсіресе кейінгі кезде əлгі
тажал өгіз түсіне жиі кіреді. Анада көрген бір түсінде бала кезде
ауылдағы кəриялардан есітетін сол алып Көк Өгіз Арал теңізін түбіне
дейін сарқып ішіп, аспан мен жер арасына сыймай, ауыл сыртындағы
қырға қарай ыңыранып кетіп бара жатты. Тірлікке талшық қып
отырған маңдайдағы жалғыз теңізден айырылған халық сонда да
түсінде улап-шулап аза бойы қаза боп еді. У-шу, азан-қазан боп жатқан
халық арасында, бұл дауыс салып өкіріп оянған-ды. Соны дəтке қуат
қып, "тəйірі, түс қой",– деп мынаған да мəн бергісі келмеп еді; бірақ қас
қылғандай, сырттан дауыс сап кірген əлгі біреу қайта-қайта ойына түсе
берді. Көз алдына елестетуге тырысады. Қанша ойласа да, сол неме
бет-аузын түк басқан біреу сияқтанады. Ұсқыны соған келетін кісіні
жігіттердің арасынан іздеп, ұйқылы көзімен үй ішіндегілерді тінткілеп
бақты. Кезі əлденеге шоферге түсе берді. Бірақ əлгінің езуінде
бықсыған темекі жоқ сияқты еді; ал мынау мықынына тұрмай төмен
түсіп кете беретін шалбарын мықшыңдап қайта-қайта жоғары көтеріп
əлек. Əне, өзінің əдеттегі машығымен жапырық кепканың күн қағарын
төмен басып, көзіне түсірді де, сыртқа ұмтылды. Есіктен шыға бере
əлденеге кілт іркілді де, құнжыңдап бұтында тылтиған шалбардың
қалтасын қарап кетті. Сен онан көзіңді алған жоқсың. "Апырай, ə"–
дедің ішіңнен; əлде де болса əлгінде бет-əлпін ажырата алмай қалатын
жігіт осы емес пе екен деп ойлады. Ұсқыны... ұқсауы ұқсайды. Шофер
басын есіктен сыртқа шығара түсті де, іштегілерге бұрылып:
– Мəссаған, безгелдек...– деді.
Жұрттан бұрын сыртқа қалай атып шыққаныңды да байқаған
жоқсың. Шынында да, таң атып, дала кəдімгідей құланиектеніп қапты.
– Кеш қалдық...– деді біреу.
– Көре қал, бізден басқа жұрт арғы бетке алдақашан өтіп алды,– деді
тағы біреу.
– Қазір ғой, пысықай басқарма қамау судың балығына тиісіп жатыр...
– Бол!.. Машинаны жүргіз,– дедің сен.
– Мəмент.
Бірден от алған мотор тарылға басып кетті. Жігіттер апыл-ғұпыл
киініп, сыртқа жүгіріп шығып жатыр. Сен оларға қарамауға тырысып,
басыңды баурыңа тығып алдың. Ойламайын десең де, осының бəрі
жаңағы жаман түстің жалғасы сияқтанады.
– Ау, басқарма қайда? Түнімен ұйқы бермей, дүрліктіріп бітіп еді
ғой?
Онсыз да зығыры қайнап тұрғанда бұ да кісінің жүйкесіне тиіп
бағады. Тиіссін, тиіссін, тіпті жүйкесін неге жүндей түтпейді.
– Кеттік! Машинаға отырыңдар!
– Асығатын не бар. Болса да қамау судың қызығынан құр қалдық,–
деді Көшен. Сен сөз таластырып жатқан жоқсың. Кабинаға қарғып
міндің де, əмір күтіп отырған шоферге иек қақтың:
– Кеттік!
– Мəмент!..
Сырқылдақ машина салдырлап-күлдірлеп келеді. Шоферде үн жоқ.
Сен де жұмған аузыңды ашқан жоқсың. Көңілге алмайын десе де
жаңағы түсі құрғыр ойынан шықпады. Үлкен іске талаптанып
отырғанда мынау бұларға Тəңірінің сездірген тағы бір тосын
жамандықтың нышаны болмаса не қылсын? Есіне қайын енесі түсіп,
мырс етті. Кейде сол қақсал көріпкел сəуегей ме деп қалады. Сол емес
пе, қит етсе, бұған: "Тіріде талабы ілгері баспаған сорлы. Екі елі
маңдайына жазған тиесі сыбағадан қағылып құр қалатын қырсығы
бар",– деп табалайтын. Сол бекер ме? Қамау судың балығын күреп
алатын жерде қара басып ұйықтап қалғанын көрмейсің бе?.. Апырай,
түнімен көз ілмей шығып, таң алдындағы бір тұтам тəтті ұйқының
алып ұрғанын қайтерсің.
"Райымның" тышырақайы есіне түсті. Ол қазір қамау судың
балығына белшесінен батып жатқан болар? Жолы болғыш сыралғы
неме мынадан кейін есіріп шыға келер-ау. Томпақ көзі зыттиып,
бүйректей беті быттиып, тақылдақ даусы қазір тіпті түбі түскен
шелектей таңқылдап, қамау судың балығына қарық боп жатқан көңілді
кісілердің арасында қаңқылдап жүрген шығар.
Ашық машинада үнсіз келе жатқан кісілер кенет шу ете түсті:
– Ау, əй!.. Мыналар бұнда жүр ғой?!
– Арғы бетке өтпеген бе? Əлгі тас қайнатар қайда?
– Əне, о да осында...
– Шамасы, мұз əлсіз болды-ау?.. Əйтпесе, ол өтер еді ғой?
Салдырлақ машина Сырдария жағасында иін тірескен ығы-жығы
кісілерге қатарласа бере тоқтады. "Райымның" тор-тұзақ тиеп алған
көк қасқа машинасы да анадай жерде өткел бермей тұрған өзенге
тұмсық тірей тоқтапты.
– Жəдігер аға, кеш келдіңіз ғой?
Жігерлі жас дауыс құлағының түбінен таңқ-таңқ етті. Қапталдаса
берген жігітке бұл көз салмай тек бас изеді де, ілгері өтіп кетті. Қысқы
күн дарияның арғы бетіндегі алыс көкжиектен төбесі жаңа-жаңа
қылтиып келеді екен. Дүниені ар жақ-бер жақ қып екіге қақ бөліп
тұрған дария қазір тұла бойын шынымен қаптап тастағандай
шыңылтыр. Алыстан жеткен əлсіз сəуле шыны мұздың əр жер-əр
жерінде жылдам тұтап, жылдам сөніп жылт-жылт етеді. Сен жайлап
басып мұзға түскенде жағада əр нəрсенің басын бір шалып
қауқылдасып тұрған кісілер жым бола қалды. Бəрінің назары бірден
саған ауды. "Бұл не істер екен, көрейік" дегендей бəрі аңтарылып
қапты. Сен көп назарынан қысылған бойыңды сөлекет қозғап,
ілгерілеп бардың да, тоқтадың. Неге бүйтті? Оны өзі де білген жоқ.
Осыдан былай қарай, бұл не істесе де, бұның ендігі ісінің бəрін бұның
өзінен басқа өзге біреудің билеп-төстеуімен істеп жатқан сияқты. Сен
сияқты о да осы арада не ілгері жүрудің, не кейін кетудің есебін
таппай, екі ойлы боп дағдарып тұрғанда, жаңағы жігерлі дауыс сенің ту
сыртыңнан таңқ-таңқ етті:
– Мұз əлсіз. Кісі көтеруін көтереді, бірақ машинамен өтуге... Жəдігер
аға, шынын айтқанда, біз жүрексініп тұрмыз.
– Солай де?
– Иə, солай. Су – тілсіз жау. Бұл бар болғырдың астында тіреуіші жоқ
қой.
– Тіреуіш жоқ дейсің, ə?
– Əрине, тіреуіш жоқ. Ал сіз... Сіз қайтпексіз?
– Біз бе? Біз... Əй, бала, сүйменді əкел!
– Мəмент!
Шофер сенің қолыңа ұңғысына кендір жіп байлаған темір сүйменді
ұстата берді. Сенің ойыңды жаңа түсінген пысықай жігіт əлденеге
тызалақтап кетті.
– Жəдігер аға, бекер əуре болмаңыз... Мұзды біз жаңа байқап көрдік.
– Біз де көрейік.
– Сумен ойнауға болмайды. Су – тілсіз жау.
Пысықай жігіттің сөзіне құлақ асқан жоқсың. Дарияның ортасына
дейін бардың да, қолыңдағы темір сүйменнің жебесін ілгері қараттың
да, бар пəрменіңмен жіберіп қалып едің, уысыңнан сып берген сүймен
көк мұзға кірш етті. Бірақ аржағына тесіп өтпей, қадалған жерде
дірілдеп тұрып қалды. Сүйменнің тұмсығы қадалған жерден сызат су
шықты.
– Айттым ғой. Əлсіз дедім ғой. Көзің енді жеткен болар? Ертеңдері
болмаса, жүгі бар машинаны көтере алмайды.
Мұздың əлсіз екенін сен де көріп тұрсың. Астында тіреуіш жоғын да
білесің. Терең судың тілсіз жау екені де рас. Сонан келе... бұны
бүгіндікке əлде бақыт, əлде сорына бастап тұрған бұның өзінен де
басқа, көлденең бөгде біреуге жалтақтап қарай ма? Осы тұрғанда бұны
билеп-төстеп тұрған бұның өзінен басқа əлгі көлденең бөгде біреумен
бір пəтуаға келе алмай, екі жақ боп іштей тартыса ма? Бұның өзі де екі
жақтың қай жағын ұстарын білмей, көзін сүйменнің мұзға қадалған
ұшынан айырмай толқи ма, қалай? Балықшылар жаңа қатқан жас
мұздың ауыр салмақтан майысса да, бірақ жуық арада сына қоймайтын
жан созғыштығына сүйсінгенде бұны жігіт мұз деп дəріптеп жатушы
еді. Бұл шіркіннің қанша жас, қанша жігіт болғанда соңыра жанынан
түңілген əлде біреу тəуекелге бел буғанда бұның не кəдеге жарарын
кім білсін. Ал қазір сүймен ұшынан су шыққанын ұнатпай жүрегі
шайлығып тұрған-ды.
– Жəдігер аға, сау болыңыз! Біз кеттік,– деді таңқылдақ.
– Сау бол!
– Қамау судағы балықтың қызығын, бұйырса, ертең көреміз. Ал сізге
айтар ақылым, бүгін əуре болмаңыз, қайтыңыз! Қосқа барып, ертеңге
дейін дем алыңыз!
Қудай қылса қайтесің, "Райымның" тас қайнатар пысықай немесі де
тілімді ала қоймады деп бұған тырсияды. Оның кеткеніне қуанды. Сен
əлі де болса, сенің езіңнен басқа əлгі көлденең бөгде біреумен бір
пəтуаға келе алмай, екі ойлы қалпың жағада тосып тұрған кісілерге
келдің.
– Ал, Жəдігержан...– деді Сары Иван.– Мұзды көрдің ғой?
– Көрдім...
– Ал, не шештің?
Сен анталап аузына қараған кісілерден көзіңді алып қашып сырттай
бердің.
– Ау не істейміз?
Сен аяқ астында жатқан əлдебір тасқа көзің түсті де, ұзын қоныш
етіктің тұмсығымен арлы-берлі қаққылап, тебе бастағансың-ды.
– Əй! Əй! Қамау судың балығы тап мына үндеместің аузында тұрса
да, мен кеттім.
Бұрын осы шалдың тілінен əзірейілдей қорқушы еді; осы жолы
иманы селт етпеді; бұл жолы қайта бұның өзінің де арғы жағынан
əлдебір дүлей бірдеңе тұла бойындағы тікенектерін тікірейтіп, зəрін
жиып, зорайып келе жатқан сияқтанды.
– Айтса да... Кəне, не істейміз?– деді шыдамын тауысқан біреу.
– Иə, құрдан-құр тұра бергеннен не шығады. Онан да қосқа барып
жан баққан дұрыс.
– Мұз əлсіз болғасын біз түгіл, ана тас қайнатардың өзі де тəуекел
ете алмай тұр ғой.
– Ой, ол пəле ғой. Кəпірдің іші сезіп тұр ғой. Су – тілсіз жау.
Кісі шіркінде өзін көлденеңнен көретін көз болсашы. Сірə, бұның
түсі қатты бұзылып кеткен болуы керек. Əйтеуір, бұған кезі түскен
бойда шофер тілін тістегендей мойнын иығына тығып ала қойды. Ол
түгіл бұның бір ісіне ырза болмай, осқырына беретін Көткеншек
Көшеннің өзі кенет жуасып:
– Бастықсың. Билік те, хандық та өзіңде. Қалай шешсең де еркің, –
деді қара тонның ұзын жеңін қиқарлана сілтеп.
Қалай шешерін бұл əлі білген жоқ; ол жөнінде ойлап та тұрған жоқты. Бұл тек аржағында өз-өзінен өсіп, өніп келе жатқан əлгі бір тұла
бойы түк-түк дүлейді бұнан артық тежеуге дəрмені жетпесін білді де:
– Тəуекел, жігіттер!– деп еді, Сары Иван өз құлағына өзі сенбегендей,
қайырып сұрады:
– Жəдігержан, не дедің?
– Тəуекел, аға...
– Шырағым-ау, сонда бұны қалай түсінуге болады?
– Қалайы сол, арғы бетке етеміз.
– Шырағым, сумен ойнауға болмайды ғой. Өзің дұрыстап ойландың
ба?
– Ойладым, тəуекел!
– Апыр-ай, шырағым-ай...
Бұл енді ешкімге құлақ аспады. Шеткері тұрған төрт-бес жігітке иек
қағып, "соңыма еріңдер" деген ишара жасады, бұл жылдары үндемес
басқарманың көңіліндегіні көбіне көзінен танып, қас-қабағынан
аңғарып, ишара-ымынан ұғып үйренген жігіттер сол жолы да онан "не
істейміз?" деп сұраған жоқ-ты. Басқарманың ойын іштей ұғып
үйренген кісілер əсіресе сол жолы бұл не істесе, олар да үн-түнсіз соны
қайталады; бұл тор тиеген машинаға қарғып мініп еді, олар да дереу
борт тақтайға жан-жағынан жармасып үстіне шықты; сосын бұған
қарап бəрі де жеңін түріп сыбанып алды; сосын күректей қолдың кек
мүйіз алақанына түкіріп-түкіріп алды. Бұл алда, олар артта.
Басқарманың соңынан екі елі қалмай еріп жүріп, түнде өздері
машинаға тиеген үш жүз құлаш қара тордың жанына ұзын-ұзынынан
қатарластырып тастай салған екі бөренені жерге түсірді. Бұның ар жақ
ойын тағы да айтқызбай ұққан айналайындар əлгі ұзын екі бөрененің
бірі ана, бірі мына басына тұра қалды. Осы жолы да басқарманың ар
жақ ойын айтқызбай ұққан жігіттер екі басынан көтерген бөренені үнтүнсіз іштерінен ұғысып қара тор тиеген машинаның бауырының
астындағы кісі беліндей күпшек темірге бірін алдынан, бірін артынан
кесе көлденең орналастырды. Сосын екі басынан жуан кендір
арқанмен қатты тартып байлап тастады. Соңыра жазатайым мұз
жарылса да, машина тұрқынан екі жағына құлаштан астам озып
шыққан мына бөренелер суға батыра қоймай, сатырлаған сеңдерді
қармалап ұстай қалатын амал-тұғын. Қалған кісілер араласқан жоқ.
Құптады ма, жоқ па, аржақ ойы ішінде, үнсіз бір-біріне кезінің астымен
қарап тұрған-ды. Олар ес жиям дегенше сен шоферге иек қақтың:
– Кеттік!
– Аға-еке-ау... Мұз... мұз əлсіз ғой.
– Оны кім айтты?
– Осы жұрт... Сүйдеп... Сосын жаңа "Райымның"...
– Оны қайтесің, өлсек бірге өлеміз. Айда, отыр!
Бұрын бұндайда "мəмент" деп жұлқынып шыға келетін жігіт осы
жолы бұнан көзін алып қашып, шегіншектей берді.
– Кілтті əкел!
– Аға-еке-ау...
– Əкел-л!
Шофер əзірейілдей үстіне төніп қалған ірі қара кісіден ығысып,
артына шегіне берді. Көлденеңнен көмек күткендей жалтақтап
жанында тұрған Көткеншек Көшенге қарап еді, əншейінде ашу-ызасы
əзір тұратын қиқар шал сол жолы тұтанбай:
– Бізге ендігі жетпегені суға кету еді,– деді де, қойды.
– Кілтті əкел!
Даусы қатты шықты. Шоферге қатулана созған қарулы қолдың
бақандай саусақтары енді сəл кідірсе алқымнан ала кететіндей, иек
астына барып қалған еді; шофер басын иығына тығып апты. Кілт
ұстаған қолын қалтасынан шығармай, артына қарай шегіне берді.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 05
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654