Latin

Соңғы парыз - 12

Total number of words is 4244
Total number of unique words is 2210
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кетті. Ауырсынсаң да бірақ шыдам тауып сумкаңнан ақтарылып түскен
кітаптардың басқыштан төмен қарай сатырлап домалап бара
жатқанын көріп тұрсың. Бірақ бұның бəрі өңі емес, түсі болғандықтан
ба, тұла бойында дəрменсіздік бар. Бəкизатқа да жалтақтап қарап
қойды. Өзі білетін Бəкизат болса, көре қал, ол тағы бір пəлені
шығарып: "Жігітім, кəне, жүр! Неке қиятын жерге барайық!" деп, жұрт
көзінше қолынан сүйрелеп пəле қылмаса қайтсін.
– Бəтіш... Бəтіш шын... Шын айтып тұрсың ба?
Жалғыз сен емес, Бəкизат та қатты қиналып тұрған сияқты.
Албыраған ерні əнтек дір етіп, аузын аша түсті де, тоқтап қалды. Ернін
тістелей береді. Қара көз шарасы кеңіп кенет жас толып кетті. Сен
сенер-сенбесіңді білмей, көзіңді тас жұмып, іле-шала қайта ашып едің.
О, Жасаған!.. Қас қағымда қалай өзгеріп кеткен! Əлдебір тəуекелге бел
буған қыздың жанары тайсалмай тура қараған көзінде əлгіндегі мұң да,
жаутаңдаған жалыныш та жоқ. Тек тəуекелге табан тіреген адамдарда
ғана болатын тағдырдың салғанын сабырмен күткен шыдам бар. Оны
сен де көріп тұрсың. Оның не екенін де жүрегің сезіп тұр. Өзіңнен бір
саты жоғары тұрған қызға бір ырғып жетіп барғаныңды білген жоқсың.
Аблыққан дем алқымыңа тығылып:
– Бəтіш!.. Шын... Шын айтып тұрсың ба?– деп едің, шыдамы
таусылған қыз күйіп кетіп:
– Шын! Шын! Шын айтам!– деді де, келеңсіз неме жетеңе əлі де
жеткен жоқ па дегендей, тастай қып түйіп алған жұдырығымен сені
иығыңның басына ұрды-ұрды да, жылап жіберді.
Құрсын, сонан ары не боп, не қойғанын білген жоқсың. Қашаннан
бері сыртқа шықпай, іште булығып келген сезім ақтарылып кетті. Бұл
не? Адуын, ақ жын ба? Əлде құйынға айналып кеткен жынды сезім бе?
О-хо-ха-ха! Оқыс шыққан оспадар күлкінің оң-терісін де ойлаған
жоқсың. Тағы да сондай оғаш қимыл жасап жаныңда тұрған Бəкизатты
жас бала құрлы көрмей көтеріп алғансың-ды. Бəкизат құшағыңда қолаяғы тыпырлап: "Жібер! Жібер!" деп жатыр. Тақа болмағасын
жұдырығымен төмпештеп ұра бастады. Сен есіріксің бе, есалаңсың ба,
не боп, не қойғанын білмейтін сияқтысың. Бұның аяғы қайда апарады?
Неге соқтырады? Ойлаған жоқсың. Сол арада жүрегін кернеп бара
жатқан осынау шексіз шаттық, шексіз қуанышты тежемей, тіпті
тежегісі келмегендей əлі де болса қарқ-қарқ күліп құшағындағы қызды
жоғарыға жүгіріп алып шықты да, ізінше төмен түсіп, жаңа өздері
тұрған жерге əкепті. Неге бүйтті? Неге бүйткенін білген жоқ-ты.
Бəкизат құшағынан дік етіп ырғып түсті. Қызарақтаған бетіне
қапелімде қан ойнап, қара көздің жанары шоқтанып кетіпті.
Əйтеуір ұрыспады. Тек сенің онсыз да елжіреп тұрған ішібауырыңды егілте түскісі келгендей, қолыңның сыртына алақанымен
ақырын-ақырын ұрып еді-ау.
***
Бұның күні бойы екі аяғынан сарсылып тұрған жері – Тұщыбас
қолтығы. Бүгінгідей бүркеу күн түгіл əдетте ашық күндерде де о
басынан бұ басына көз жетпейтін осынау ішектей созылып жатқан
ұзыннан-ұзақ қолтықтың бір беті қашанда көк қатпар шың. Сол
шыңдардың барып-барып таусылар жері – Қаратүп. Оның аржағы
ұшы-қиырсыз ұлы теңіз. Ашық күндері аңқиып-саңқиып тұратын сол
биік шың қазір бас тоқсанның бұлыңғыр ауасында көз ұшында əзерəзер қылаңытады.
Ал Бел-Аран артта. Қыста да, жазда да теңізге шыққан балықшылар
ертеден кешке жалғыз жүріп қарасырағанда əрқашан артта қалған қара
жерге назар аударатын. Сонда осы жарықтық көзге түсетін. Бұ да осы
өңірдің қарақшылы түйесіндей көнекөз куəгері ғой! Əне, көрмейсің бе,
қыс айларында арка беттен қадалып соғатын ызғырық суық желдің
жолын кес-кестеп бөгеп жатып алатын осы елдің ежелгі жанкешті
кəрісі. Бұл өңірде Бел-Араннан кейін көзге түсетін Қаражар. Ерте кезде
осы Қаражардың басында орыс байына жалданған қазақтардың жер
қазбалары бопты.
Қазір де сол кездегі адам мекенінің ізі сайрап жатыр: опырылған
апан. Қоқырсыған көң. Үйілген күл. Күл арасынан балық сүйектері
ақсияды. Қазіргі ұрпақ бұларға көз тоқтатпай тұсынан өте шығады. Тек
осы ауылдың көнекөз қариялары мына апандарды түстеп танып,
əрқайсысына ат қойып, анау – Кəленнің, анау – Мөңкенің, анау –
Достың, ал əне бір Қаражардың ұшар басынан құлап түсетіндей
кішілеу апан Судыр Ахметтің үйінің орны деп отырады. Берегірек
келіп қартайып дүние салған сол кісілер көзі тіріде Еламан мен Ақбала
үйінің орнын дəл бір киелі орындай қастерлеп, анда-санда кеудесін
сүйретіп баратын. Сүйеніп келген таяқты жанына қойып, өлі аруаққа
бағыштаған дұға ма, жүрек сыздатқан мұң, шер, əлде сағыныш па,
əйтеуір көкіректе қордаланған сезімді ескі жұртта қалдырып кететін.
Сондықтан болар-ау, əлі күнге балықшы ауылдың кəрі-жасы қолын
Қаражар жаққа сілтеп: "күн Кəлен үйінің тұсынан шықты" деп, немесе
"жататын уақыт болды, ай, əне, Еламан үйінің үстінен ауып барады"
деп, ал, ауа райын топшылаған біреулер "бұлт көбесі сөгілді-ау деймін,
жаңа бір жұлдыз Судыр Ахмет қазбасының төбесінен жылт етті" деп
отырғандары.
Жə, жер бетінде есіміңді еске алатын жалғыз кісі қалғанша жақсы
адамның аты өшпейтіні ғой. Ендеше кісі өміріне шек қойылғанға ренжу
қажет пе? Құдіреті күшті Құдай бұл пəниде беттегі ажар мен бойдағы
қайратты, жүректегі жалынды сараң қатынның сығымына салып
мысқалдап өлшеп берсе берсін.
Кісі жасына қойылатын қатал шек, əрілесе əр ұрпақ, əр буынға, дəуір
мен дəуренге қойылса қойылсын, кісі басындағы дəурен сияқты кісі
бойындағы қажыр, қайрат пен кісі бетіндегі ажарда да өлшеу мен
мөлшер болса болсын. Сайып келгенде соның бəрі күні жеткенде
қайтарып алатын кемді күнгі қарыз ғана. Сондықтан тəн тозған.
Беттегі бояу оңған. Шоқ жайнаған көздің жанары сөнген. Үлбіреген
бетке əжім түскен. Ал соның бəрі баянсыз. Бəрі кемді күн көз алдар,
көңіл аулар өлшеулі болғанда, қайта осы мына адам бойындағы
сезімнің өмірі ұзақ. Күндердің күнінде жалындаған жастықтың да
түбіне жетіп титықтататын ит кəрілік қайрат пен ақылды да тасқа
шапқан қылыштай мұқалтып, түйтелеп тастағанда, қайта садағаң
кеткір кісі бойындағы сезімнің əрілесе уақытқа да іргесін
алдырмайтын беріктігін қайтерсің.
Неге екенін қайдам, Жəдігер бүгінгі кісілерден гөрі баяғыда өткен
пақырларды аяды. Олар адыра қалғыр атамекенді гүлдетем деп не
істемеді. Болашақ ұрпақ үшін ғазиз басты тауға, тасқа соқты. Жанын
жалдап қанын, терін төккенде нені тындырды? Ал бұлардың жүрісі
мынау. Бұлардан кейінгі ұрпақ не тындырады? Олардың күні не
болады?
Жəдігер күрсінді. Іштен шыққан дем бет алдын буландырып
жіберді. Аузын жапқан мұрттың сояудай-сояудай тікірейген боз қырау
талдары тереңнен шыққан демнен дір-дір етті. Күні бойы бір орыннан
тапжылмай сұлқ тұрған қалпынан қозғалып төңірегіне кез тастап еді,
қай жағына қараса да ақ қар, көк мұз үстінде кез тоқтайтын қылау
болмағасын ба, назары тағы да соңында шұбалып жатқан ізге түсті.
Əлгінде бұл арада өзінен басқа ештеңе жоқ-тұғын. Енді қараса,
əлдеқандай кіп-кішкентай құстың ізі қар бетіне жыбыр-жыбыр түсіпті.
Ақ матаға төккен əлдебір ұсақ өрнектей үш тармақ із жыбырлап, бұның
өзінің ізінің бойымен біраз жарысып барған да, кенет жерге батып,
көкке сіңгені белгісіз, ғайып бопты. Бұл аң-таң. Бір темен, бір жоғары
қарады. Сүйтіп тұрып желдің көтерілгенін байқамапты. Алды-артында
ығы жоқ аңыраған ашық теңіз үсті ызғып түр. Жан-жақ шаңытып
мұнарта бастаған.
Жəдігер əлгі кішкентай құсты іздеп көк жүзін көзімен тінтіп түр еді.
Кенет кішкентай құс қасынан шықылықтады. Үркітіп алам ба деген
қорқынышпен көз қиығын аяғының астына тастап еді; сүйтсе, бір
шөже торғай бұл тұрған жерден ілгерілеп озып барып қоныпты. Қарға
баурын басып жатыр. Қозғалуға құлқы жоқ; тек бұның назары ауғанын
байқап мазасыздана бастады. Кішкентай құстардың тілімен ренішті
бірдеңелерді шықылықтады да, құдды жас бала қолынан түсіп кеткен
доптай баурын басып жатқан жерден қомп етіп ары қарай ырғып түсті.
"Не қылса да, бұл пақырды да жер бетіне сиғызбай жүрген бір қасірет
болды ғой. Өзі аш па, əлде ауру ма?"
Жел жұлмалаған арқа жүні үрпі-түрпі. Жəдігер ауру торғайды сол
көзінің ығымен бағып тұрғанын енді ғана байқап, əлденеге тіксініп
қалды. Бəкизат айтса айтқандай, бұның не көрсе де сол кезімен
көретіні қалай? Сол тегін бе? Анада да, колхозшылар жиналысында
сөйлеп тұрғанда да бұл дəл осылай жүрегі су етіп, аузындағы сөзінен
жаңылып қап еді-ау. Сонда да залда отырған жұртқа көзі түспей,
əлдене іздегендей жанары сол жағына жалтақтап қарай берген-ді.
Əдепкіде нені іздеп тұрғанын білген жоқты. Сүйтсе, анада Көткеншек
Көшен қыршып алып, жерге түкіріп тастаған шұнақ құлағының
шұқыршағына жіп қыстырып алып, бұның аузынан шыққан сөзді
аңдып, бағып қалған жаман туысының төбе жағы буланған ақ құйқа
басына көзін тігіп алған екен. "Сырқат шығармын" деп ойлады. Тек
соны мойындатпай жүрген ит мінез болмаса қайтсін? Сол жолы сөзін
шаққа аяқтаған еді. Енді, міне, көрмейсің бе... Күн ұзын ақ қар, көк
мұзда аяғынан сарсылып тұрып та мезгіл-мезгіл ала көздің қиығы
жалт етіп, сол жағына қарап қап тұр. Бəкизат айтса айтқандай, əлгі бір
ылғи сол жағынан көрінетін елес бар болғаны ма? Əйтпесе, дəл осы
бүгін дүниедегі бар жамандық бір басына үйіліп-төгіліп, жапан түзде
аяғынан сарсылып тұрғанда басқа жақтан емес, тек бір жақтан, онда да
үнемі сол жақтан ұрланып келе жатқандай болатын себебі не? Басқасы
басқа, ал мына торғай... бəсе, торғай екеш торғайға дейін неге бұның
сол жағына шықты? Ендеше осы торғай боп елестеп жүрген... Жəдігер
басына келген оғаш ойға мырс етіп күліп жіберді. Торғайдан көзін ала
бере, тағы да соңындағы ізге қарады.
***
Апыр-ай, тірлікте ізі оңалмаған адамның ісі де оңғарылмайтыны ма?
Мына ізге қараш. Бұл не деп тұр? Басы иығына түскен ұзын қара кісі
осы араға аяғын ілбіп басып келгені айтпаса да көрініп тұрған жоқ па?
Жалғыз бүгін бе, бұнан бұрын да бұның соңында осындай сілбу із
жатпаушы ма еді? Əсіресе күні бойы теңізден үсті-басы малмандай су
боп сілбулеп келе жатқанын көргенде, Бəкизат: "осы ауылдың өлмелі
шалы ма десем, сен екенсің ғой?"– деп күйіп-пісетін.
Шал демекші, жұрт бұған бала кезде де шын жасынан артық беретін.
Берегірек келгесін бұл тіпті кəрі көрініп, жасы кішілер түгіл,
қатарлары да бұны "шал" деді. Оған бұның құлағы үйренген. Тек
əйелінің көзінше кемсітпек болғанда қытығына тиетін. Əсіресе, əне
бірде Аралға барғанда таныс дəрігер Бəкизат екеуін қонаққа шақырып
еді; кеш барып, қысыла-қысыла келген бұларды бұйра бас жігіт күтіп
алып тұрып, бұған; "ақсақал, қызыңыз өзіңізден гөрі жеңгейге тартқан
ба, қалай?"– дегенде, бұл аузына қапелімде сөз түспеді де, көргенсіз
жігітке ала көзбен атып жіберердей ажырая қараған-ды. Қозы Қарын
бастаған аудан басшылары тұр екен. Дудар бастың кекесінін олар да
есітіп күлкіге булыға қапты.
Сен осы кештің өзіңе жақсы болмасын білдің де, келмей жатып кету
жағын ойлап есікке жақын отырғың кеп еді; дудар бас неме бұған:
"ақсақал, қарсы болмасаңыз қызыңыз жастардың қасына отырсын" –
деп, Бəкизатты төрге апарып, Қозы Қарынның дəл қасынан бір-ақ
шығарды.
Қозы Қарын сені шақырып алып:
– Əй, слушай, мынадай перизатты қала қауымына көрсетпей, тығып
ұстап жүргеніңе қарағанда, хе-хе-хе... сен, сірə, феодал болуың керек,–
деп еді, стол басындағылар:
– Ойбай, айтатыны жоқ, бұл нағыз феодал!
– Əсіресе əйелді қатты ұстайтын көрінеді,– деп бəрі қостай жөнелді.
– Ал, кəне, сен бұнда не қып жүрсің?– деді Қозы Қарын.
– Бір шаруамен...
– Ол не қылған шаруа?
– Шалғай жатқан ауылмыз ғой. Халықтың жағдайы...
– Халық? Балық қайда? План қайда?
– Е-хе-хе... Бұлар планды қайтсін. Планға басы ауыратын сіз ғой,–
деді тəшірейген қара жігіт.
– Иə, жастар жұмысқа немқұрайды қарайды,– деді Қозы Қарынмен
қатар отырған бурыл бас кісі.
– Нағыз рахат өмір осылардікі,– деді тəшір қара.– Ауыл жалықтырып
бара жатса, салып ұрып қалаға келеді. Жегені – ет, ішкені – арақ. Хе-хе...
Рахат!..
Қозы Қарын кекірейіп алған. Бағана осында келгенде бұлтиған
қарын үстіне саусақтарын айқастырып алған қолы сонан əлі жазылған
жоқ; кісі бетіне назарын тіктеп қарамайтын кілмік көздің дəл қазірде
қайда қарап отырғаны белгісіз. Алдындағы ас пен стол басындағы
кісілер түгіл сол жағындағы Бəкизатты, оң жағындағы өз əйелін көріп
те, біліп те отырған жоқ. Тіпті олардың бұл дүниеде бар жоғынан да
бейхабар сияқты еді; кенет Бəкизатқа мойын бұрды. Əуелі хе-хе-леп
күліп, сосын ақырын тіл қатты; əдетте сен шаруамен алдына барғанда
"балық..." "план" дегеннен басқа сөз аузына түспейтін бастықтың осы
жолы кəдімгідей аузы-басы қимылдап, сөйлеп жатқанына таң қалдың.
Сөйлегенде бұл не дейді екен деп тыңдап еді; кісі жаритын ештеңе жоқ
сияқты: "Ыдысыңа ас салып берейін" дей ме... "Прибор əперейін?" дей
ме?. Соны сұрамай, өзі біліп істесе, құдды қолы сынып, немесе аузы
қисайып кететіндей.
Енді бірде Бəкизаттың құлағына сыбырлап:
– Ас алыңыз. Фигурамды бұзып алам деп қорықпауыңызға болады,–
деп хе-хе-леп кетті.
Аржағында отырған əйелі қызарақтап, мазасы кете бастады:
– Саған не болды. Асың суып кетті. Мына жұрт саған қарап отыр ғой.
Үй иесі тост көтерді. Басқалар сияқты бұ да сөзін Қозы Қарынға
арнады. Өзінен бұрынғылардан мақтауын асырғысы келіп еді, бірақ
ойын жеткізетін оңтайлы сөз аузына түспеді де, абыржып сасып тұрып
"кемеңгер, данышпан басшымыз үшін... кəне, жолдастар, бəріміз
түрегеліп тұрып алып жіберейік"– деді. Соған ұқсас талай тост болды.
Осыдан бұрын да Қозы Қарынмен екі-үш рет қонақта болғаны бар.
Соның бəрінде де дастархан басындағы жұрт Қозы Қарынға есі шыға
елпілдеп жатқанда, ол кілмік көзін бір жаққа салмай, кекірейе түсетін.
Ол кекірейсе, қалған жұрт есі қалмай, асты-үстіне түсіп, өліп-тіріліп,
көз біткен осыны көріп, құлақ біткен осыны тыңдап, ықылас, пейіл тек
осының үстінде болатын. Қошемет, қолпаш тек соған айтылатын. Қол
соған соғылатын. Бұл күнде соған құлағы үйреніп алғаны сонша, осы
күні бұл өзін жер-көкке сиғызбай мақтаған əлгі көлгір жұрттың өтірігі
қайсы, шыны қайсы екенін айырудан қалған-ды.
Сол Қозы Қарынға сен қазір қайран қап отырсың. Оның əншейіндегі
паңдығы қайда? Оның ана тарақтап алған қолына бір жалпылдақ
жүгіріп барып пышақ, вилка ұстатқанша саусағы жазылмайтыны
қайда? Жоқ, бүгінгі Қозы Қарын бұрынғы Қозы Қарыннан мүлде басқа.
Əне, əдемі көршісі сөзден тартынып, тұйық отырғанына қарамастан
оған қайта-қайта еңкейіп алдына тəрелке ысырама-ау... Тəрелкесіне
тағам салғысы келеме-ау... "Ac адамның – арқауы, ас алыңыз!" деймеау... Тағы бірде кекірейген бойын əдемі көршісіне қайта иді. Бұл жолы
лак жаққандай жылмиған жып-жылтыр əжімсіз бетіне күлкі жүгірді:
– Сіздей оқытушылар қаладағы мектептерге де керек...
– Əйел жайы белгілі ғой, азаматы қайда болса, біз де сонда боламыз.
– Жəдігерді де алдыруға болар еді. Бірақ, əне, өзі айтсын, планы
нашар.
– Демек, сылтау бар деңіз.
– Неге?.. Жоқ, бикеш... Шыдасақ, айналайын, планды белден басып,
өзіңді бұнда күйеуіңмен қоса алғыза аламыз. Солай ғой, ə!– деп Қозы
Қарын бурылбасқа қарап еді.
– Əрине, Сіз айтсаңыз... Қолыңызда ғой, алғызасыз да қоясыз,– деді
бурылбас.
Бурылбас бұрын бұндай емес-ті. Бұрын ол ешкімнің ығымен
жүрмейтін өз пікірі бар кісі болатын; қайсы бір келелі мəселе тұсында
оның тіпті Қозы Қарынға да қарсы шығып, қасарысып отырып алатын
көк беттігі жұртқа ұнайтын.
Пенсияға жасы келгелі бұл сорлының да қажыры қайтып, Қозы
Қарынның қас-қабағына қарайтын бопты.
Мына арадан тезірек кеткің кеп отыр. Апыр-ай, тостар қандай көп.
Жұрт не деген жəдігөй, көлгір. Ал мына жұртқа тос беріп отырған
бұжыр қара не деген көбік ауыз! Қозы Қарын болса-болмаса да
Бəкизаттың құлағына жабысып алған. Кілмік көзге кəдімгідей ұшқын
пайда боп, жанары тіріліп қапты. Бағанағыдай емес, қазір Бəкизат та
батылдана түскен бе, қалай? Қайта-қайта құлағына еңкейіп жатқан
Қозы Қарынға қарағанда оның да көзі шоқтанып, жанары жалт-жұлт
етеді.
– Бастықтың бəрі бір екен-ау. Жылы сөзбен алдап-сулап шығарып
салуға үйреніп алған.
– Жоқ! Жоқ, докажу... Алғызам дедім, алғызам.
Бəкизатқа қайтайық деп құлақ қағыс қылып еді, ол ұзын столдың
аржағынан қылжақтаған əлдебіреулерге күліп, сенің қыңқылыңа құлақ
аспай қойды. Амал қайсы, шараң құрып, жіпсіз байланып отырсың.
Бұндағы жұрт сенің бар-жоғыңды ұмытып кеткен секілді. Əлде қалай
ұмыта қоймағандар болса, олар да кеш бойы сұлу келіншектің бір
жағына түн орнатып түсі кірмей тұнжырап отырған сенің түріңе
тіксініп қарайды да, сосын көзін сенен тайдыра бере мырс-мырс
күледі.
Ал Қозы Қарын көңілді. Əрі-берідесін, ол тіпті аржағында аузы-басы
бұртыңдап отырған өз əйелінің ашуын да жыр демеді. Бұрынғыдай
емес, Бəкизатқа тіл қатқанда аузына да қайдағы бір қылжақ сөздер түсе
бастады:
– Анада осында астанадағы атақты жерлесіміз келді емес пе...
– Атақты? Ол кім?
– Əз-ағаңды айтам. Ой, ол керемет қой! Осында біраз дуылдаттық.
Бір отырыста, Əз-ағаң: "Жігіттер, өз əйелің сұлу болғаннан көрі,
көршіңнің əйелі сұлу болғаны дұрыс" деген-ді. Тауып айтқан жоқ па, а?
Ха-ха...
Байқап отырсың, дастарқан басындағы қайсы біреулер жымыңдап
саған қарап қапты. Сен көңіл бөлмеген сыңай аңғартып, сазарып
алғансың-ды. Қозы Қарын тағы да Бəкизаттың құлағына аузын
апарып:
– Сіз отырған дəл осы орында, сіздей болмаса да, өз заманында көл
шайқаған бір сары торы келіншек отырған-ды. Əз-ағаң сөз таппасын
ба, əлгі əйелдің бас-аяғына осылай бір қарады да, "əттең дүние-ай,
осыдан бес-алты жыл бұрын кездескенде туфлиіңізбен қоса жұтып
қойғандай екенсіз" деп еді. Қалай, а?!
Мына сұм бұны саған тигізіп айтты. Жұтқалы тұрған
жұтқыншағыңда тұрып қалды. Шай ұрттап жібергелі ілгері
қолың кесені ұстай бергенде, қалтырап кетті де, коньяк
рюмканы қағып, төгіп алды. Шыны шылдыр етті. Шүпілдете
коньяк ақ дастарқанға лақ етіп ақтарылып, кісілердің
шашырады.
тамақ
созған
құйған
құйған
үстіне
– Оқасы жоқ,– деді бурылбас.
– Где пьют, там льют;– деді Қозы Қарын күліп.
Осы кештің жақсылыққа апармасын жүрегі құрғыр сезген еді-ау.
Кеткің кеп əзер отырсың. Кетейік деп қыңқылдай бергесін бе, Бəкизат
келесіде тіпті сенімен ісі болмай, аржағында отырған Қозы Қарынмен
шүйіркелесіп кетті. Осы əйелдің қазіргідей кісі басы құралған жерде
еркектерге өзінің құдіретін көрсеткісі кеп, шайтаны қозып кететін
əдеті бар. Сондайда əсіресе батылдана түседі, күлкісі сыңғырлап, қара
көзі жайнаңдап, жарқылдап шыға келгенде, е, ол кезде қандай ұстамды
еркек те өзін ұстай алмай қалатын-ды.
– Жігіттер, кəне билейік. Музыка... Музыка қайда?– деді Бəкизат.
– Маладес!... Ай, маладес! Кел, екеуміз...
– Жоқ! Əйеліңізбен билеңіз!
Сүйдеді де, Бəкизат өзін биге шақырып, емешесі үзіліп тұрған Қозы
Қарынды көрсе де, оған қайрылған жоқ; қайырылмақ тұрсын назарын
да салмастан бұрылып жүре берді. Сен əйеліңнің бұнысына ырза боп,
айызың қанып тұр.
Жаңа Қозы Қарынды көзіне ілмей, сырт айналып жүре берген
Бəкизат көп қонақтың ішінде қайдағы елеусіз біреумен билеп кетті.
Бір-екі айналғасын оны тастай сала, келесі бидің кезегінде əне-міне
пенсияға шығады деп жүрген бурылбаспен биледі.
Басқа ермек таппағасын сен альбомдағы суреттерді қарап
отырғансың-ды. Би бітті, ту сыртыңнан шыққан аяқ дыбысын есітіп
атып тұрдың.
– Қалай, саған көңілсіз болған жоқ па?
– Қайтайық!..
– Қой. Жүр, билейік!
– Аяғыңды басып...
– Апырай, бұндай да күйеужанды боларсыз ба?
Қозы Қарын анадайдан күлімсіреп келді де, əй-шəйге қаратпай
Бəкизатты биге əкетті. Кетіп бара жатып кілмек көздің қиығын альбом
қарап отырған саған тастады да, сосын Бəкизаттың құлағына еңкейді:
– Мына сабаз аяғыңды аз баспаған болар?
Бəкизат Қозы Қарынды итеріп жіберді. Оны сонан кейін бойына
жолатқан жоқ. Бірде қатарласып, бірде бетпе-бет қарама-қарсы тұра
қап, бірін-бірі қайрап жанып жүр. Қозы Қарын құшақтайын деп
ұмтылса, Бəкизат сықылықтап күліп, оның кейде оң, кейде сол
иығынан айналып, құшағынан сытылып кете береді.
Құрсын, уақыт өтпей қойды. Сағатқа қанша қараса да, қастан
шықпағыр біреу аржақта сағаттың қысқа тілі түгіл, əншейінде аттай
шапқылап тұратын ұзын тілін де тырп еткізбей ұстап тұрғандай.
Тыныш кетті. Төзім таусылды. Тізеңде жатқан мақпал тысты
альбомның бетін құр ашқаның болмаса, көз тоқтатып қарап отырған
жоқсың. Өзің білмейтін əлдебіреулердің жұптасып екеуден, үшеуден,
төртеу, бесеуден шоғырланып түскен суреттердің ешқайсысына көңіл
аударған жоқ; олар да əдетте ығы-жығы қаланың көшесінде топырлап
өтіп жататын бейтаныс кісілердей.
– Келініңіз екеуміздің студент кездегі суреттер ғой.
Қасына кеп қатарласып тұра берген үй иесі жігітті жаңа байқады.
Альбомды сарт еткізіп жапты да, орнына апарып қойды.
– Жəдігер аға, мен де сіз сияқтымын. Жұрт билеп жатқанда мен де
сіз құсап альбом қараймын.
Шынында да, мына дəрігер жігіттің саған ұқсайтын бірдеңесі бар
сияқты.
Бəкизат ұзақ биледі. Екі беті алаулап қызарып алған. Пластинка
бітіп бара жатса, Қозы Қарынның құшағынан сытылып шығады да,
жүгіріп барып басынан қайта қояды. Бір рет қоярда қоймай сені де
сүйрелеп ортаға алып шығып еді, бірақ бір айналуға келмей "ой... ой,
аяғымды бастың"– деп, сені итеріп жіберді де, Қозы Қарынның
құшағына қайта кірді. Қапырық үйдің іші биден кейін тіпті қайнап
кетті. Бас-басына жетпегесін қатар отырған екі кісіге бір сүлгіден
тастаған-ды. Енді қараса, Бəкизатпен екеуіне тастаған сүлгіні Қозы
Қарын алып, терін сүртіп жатыр екен. Сен үндеместен сүлгіні оның
қолынан жұлып алып едің, Қозы Қарын саған кілмік көздің қиығынан
алара қарады. Сен де жасқанбай, алақандай ала көзің ақырайып қарсы
қарағансың-ды.
– Əй, мынау неге ажыраяды?
– Немене, қарауға болмай ма?
– Жоқ, жайдан жай ажырайған жоқсың. Білем, аржағыңда айта алмай
тұрған бірдеңең бар.
– Болса болар...
– Онда, давай айт!
– Несі бар. Айтсам айтам,– дедің де, сен атып тұрдың. Стол
басындағы ала-жабыр сап боп тиыла қалды. Жан-жақтан аңтарыла
қараған кісілердің сен бірде-біріне назар аудармай, Қозы Қарынға
жетіп барғансың-ды.
– Шынында да, сізге айтуға ыңғайы келмей жүрген бір шаруа бар
еді.
– Онда айтпай-ақ қой! Сенің шаруаңнан шаршадым.
– Жоқ, тыңдаңыз...
– Тыңдамаймын. Тым құрыса, қонақта отырғанда маза берші.
– Ана жақта халық ауыз судан қарап қалды...
– Е, сен енді... су мəселесін арақ ішіп отырғанда шешпексің бе?
Қозы Қарын кеудесін көтеріп, кеңк-кеңк күлді. Сосын: "Қалай, тауып
айттым ба?" деп қошемет тілегендей, стол басындағыларға қарап еді,
бастық не айтса да құлдық ұрып отырған қошеметшілер бас шұлғып
шу ете түсті:
– Мірдің оғындай болды.
– Қатырдыңыз.
– Иə, сазайын бердіңіз. Бəлем, өзіне де сол керек. ІІІаруа... Шаруа
деп... Ал шаруа керек болса...
Қозы Қарын көңілді. Тек он иығының тұсында түнеріп тұрған сені
ары итеріп:
– Бар... бар! Орныңа бар!– деп еді, сен тұрған жеріңнен тапжылған
жоқсың.
– Өтінем, бұрғышы жіберіңіз. Тез арада тұщы судың көзін таппасақ,
халыққа қиын болғалы тұр.
– Ау, анада тұщы судың көзін таптық... тұщы су шықты деп
шулағандарың қайда?
– Шығуы шыққан. Бұрғышылар бес жүз жетпіс метрден су шығарып,
халық қуанып, шалдар құрбандық шалып шуласқанбыз.
– Безобраз. Қазіргідей ет жоқта, бұлар, əйтеуір, бір сылтау тауып
мал сояды да жатады.
Бастыққа жақын отырған бурылбас дереу қостады:
– Бұлар бала піштірсе де, қой сойып құдай жолы беретін көрінеді.
Жын-шайтан, черт знает что...
– Безобраз. Сенің аулыңа бұрғышы емес, үгітшілер бригадасын
жіберу керек.
– Үгітші өзімізде де жетеді. Бізге бұрғышы...
– Бұрғышыны қайтесің, əлгі құдай жолының суы бар емес пе?
– Онан түк шықпады деп отырмын ғой.
– Жаңа су шықты дегенің қайда?
– Теңіз тартылғалы топырақтың құрамында тұз көбейіп, тұщы
судың көзі ары кетіп жатқан жоқ па. Басында біздің мəз болғанымыз,
шамасы, сірə, бір кездегі тұщы судың үзіліп қалған азғантай
сарқыншағы болуы керек. Бірер атқылады да, ертеңіне кермек татып
ащы суға айналып кетті.
– Құдай жолыны аз берген болдыңдар ғой.
Стол басы тағы ду күлді. Қозы Қарын сұлу көршісінен де қошемет
дəметкендей, Бəкизатқа бұрылып еді, Бəкизат көзін төмен сап тұйық
отыр. Əлгі бір қытықты əңгіме тұсында түсін бермей, өңін билеп қалу
оған да оңайға түскен жоқ-ты.
– Сонымен... бұрғышы жібересіз бе, жоқ па?
– Көрерміз.
– Жоқ, сіз...
– Əй, сені бұрын сөйлете алмаушы едік қой. Қарай ғой, өзі тіріле
бастады. Тамада, давай, келесі тосты осыған берші. Көрейік, сөйлесін.
Ішерін ішіп, жерін жеп, енді тек ермек қайдан табылар екен деп,
желеу іздеп отырған жұрт қуанып кетті. Қозы Қарынды қостап шыға
келді. Бұл ызалы еді. Тосыннан сөз бергенде аузына сөз түспей,
қолындағы рюмкаға қарап тұрып қалды. Стол басы сілтідей тына
қапты. Алғашында "не айтар екен" деп демін ішіне алып отырған
кісілер үнсіздік ұзағасын шыдамы таусылып, қозғалақтай бастады.
Қайсы бір шыдамсыздары қасындағы көршісіне бұрылып, аузына сөз
түспей, көзі алақтап, сасып тұрған бұны ымдап мырс-мырс күлді. Сен
Бəкизаттың да оты бетіне шығып отырғанын көрдің. Абдырап сасып
тұрғанда аузына қайдағы бір келіспеген сөз түсіп: "Қасиетті Кəрі Арал
үшін... Кəне, сол үшін... түрегеліп..." деп тоқтап қалды. Онсыз да өзін
əзер ұстап отырған кісілер қыран-топан. Əсіресе Қозы Қарынның
құдайы беріп:
– Маладес! Маладес!– деп, ішегі түйіліп жатып та бұны өп-өтірік
арқасына қағып-қағып қойды. – Маладес, Ай, маладес. Сенің, сірə, түнде
ұйықтап жатқанда да түсіңе Арал кіретін шығар? Ай, маладес! Маладес!
Айттым ғой, бұл Демоспен, Аралдың Демоспені, ха-ха-ха!
Сен қолыңдағы рюмка қалтырап бара жатқасын жалма-жан столға
қойғансың-ды...
***
Ыстық астан кейін қонақтар сыртқа шықты. Біраз бой жазған соң
ішке қайтып кірсең би басталып кеткен екен. Бəкизат Қозы Қарынды
тастап, ұзақ уақыт бағана өздерін күтіп алатын ши борбай шегір көз
сыптығырмен биледі.
Неге екенін қайдам, осы шегір көз, ши борбай саған салған жерден
ұнаған жоқ; əсіресе, оның жас шамасы өзімен қатар болғанына
қарамастан қонақтардың ішінде бұғағы, не қарны барлардың бəрін
"аға" деп, ал бұны біресе "ақсақал" деп, біресе Бəкизатқа əке ғып
қойғаны тіпті жынына тиіп болды. Оны Бəкизат байқады ма, жоқ па
белгісіз, əлде əйел батылданғанда қаласа күйеуінен де айылын жимай
көзді жұмып жіберетін қайсарлық па?
Бағана байқаған-ды. Осы ши борбай əйеліңе ұнап қалған сияқты.
Столға отырғасын сенің көзіңді ала бере оған екі рет бұрылып қарады.
Алғашқы қарағанда сенің иығыңның тасасынан қара көздің жанары
жалт етіп қысқалау назар салып еді; екінші жолы қонаққа келер
алдында ерінбей-жалықпай əр талына бір-бірлеп бояу жағып,
күйлеген қаншықтың құйрығындай қолдан қайқайтып алған сабаудай
ұзын кірпік астынан назарын тіктеп, ұзағырақ қараған-ды.
Өй, өтіп бара жатқан өмір-ай!.. Сонан бері де... Тоқта, сонан бері алты
ай. Иə, аттай алты ай! Сол алты айда бұл қанша оқиғаны бастан кешті?
Сұм дүниенің адам түгіл, атан түйе көтермейтін ауыр бейнеті мен
азабын тартты? Мына жалғанда бұл ішпеген у мен дерт қалды ма?
Басқаны қойғанда, сонан бері сен Амударияда кісілеріңмен бір ай
қостанып жатып, тұщы суға құлаған лай балыққа қарық болдың. Ілешала орталарыңды ойсыратып жиырма бес үй көтеріле көшті. Онан
қырдан босқан қара құрттай киік теңіздің ащы суын ішіп, үйір-үйірімен
қырылғанын көргенде қан жыламады ма? Онан Сырдария.
Қылшылдаған қара суық. Ызғыған қамыс қос. Қатын-баланың көз жасы
ма... Əлде, ата-баба, аруақ қолдады ма, əйтеуір сəті түсіп қамау судың
балығына қарық болды. Сонан бұлар іші-сырты майланып, қуаныш
қойнына симай қатын-балаға құстай ұшып келгенде... О, Тəңірі!.. Тас
бауыр тағдыр, саған мен не жаздым? Кісіге қылдай қиянатым болып па
еді? Мен шеккен азап пен мен көрген мазақ аз болып па еді? Бұрынғы
қайғыдан бүгінгі қайғы асып түсіп, адам көтермейтін зіл батпан салмақ
жанымды жаншып, жер қылғандай қорлап мен қай қылығымнан
жазықты болдым? Естимісің, Құдай! Уа, естимісің?
Жəдігер қалшылдап алақандай ала көздің шарасы жасқа толып, иегі
кемсеңдеп кетті. Ертеден бері жанын баурап, көзін арбап алған мына
ақ қардағы ізден назарын алып, бүгін ертеңгісін кеп тоқтаған бір
орында екі аяғынан сарсылып түр. Міне, түс ауды. Күн кешке тақады.
Бұл осылай тұра бере ме? Өзін қаумалап өріп кеткен мына ашқарақ
ойда шек бар ма? Бел-Аранның үстінде үйірілген суық сүр бұлттай бұл
байқұстың басын шырмап, жанын итке талатқандай азаптап, у үстіне
уды іше бере ме?
Апырай!.. Апырай, пəле неден басталды? Кімнен басталды? Сен бе?
Ол ма? Жоқ, онда кінə жоқ! Рас, ол астанада болғанда қыз кезінде
сүйген, əлі де сүйетін жігітпен... кемді-күн ойнап күлген азғантай
қызығын көре алмай... ішің күйіп қызғанып... сорлы əйелді өлтіре
жаздадың. Бишара əйелді бетіне күле қараған еркектің бəрінен
қызғанғаныңа жөн болсын? Аралда таныс дəрігердің үйінде қонақта
болғанда Қозы Қарын мен əне бір үрпек бас, шегір көз, сыптығырдан
қызғанып бұлан-талан боп... Қырсық қылғанда, сол күні Қозы Қарын
мен ши борбай неменің Бəкизатты кезек-кезек биге шақырып, кенедей
жабысып алғанын қайтерсің. Бірақ, соған бола əйелді жазғыруға бола
ма? Билегенде не тұр? Қонаққа барған əйел мен еркектің билемей
қалған жері бар ма? Аузына арақ тисе, құйрығы құрт түскендей
қылмыңдап қоя беретін əдет емес пе? Билемесе ішкен асы бойына
сіңбейтін жастар түгіл, алдына кебеждей қарын өңгерген осы күнгі
қазақтар да қойқаңдап ортаға түсе кететін боп жүрген жоқ па? Сол
жолы да бір-екі рюмка ауызға тигесін жастардан да бұрын кебеже
қарындар желігіп, тақтай еденнің шаңын бұрқылдатып ала
жөнелгенде-ақ бұның аяғы бір пəлеге апарып соқтырмай қоймасын
білген еді-ау! Түсі демде бұзылып түнере бастағанын елден бұрын
байқаған үй иесі шыбыжықтап қасынан кетпей қойды.
– Жəке,– деді бұған,– бір жерің ауырып тұрған жоқ па? Дəрі берейін
бе?
– Жоқ...
– Бəлкім, жүректің дəрісін?..
– Жоқ. Жоқ, ештеңенің керегі жоқ...
– Апырай, ə?..
Əлі де болса қалбалақтап қасыңнан кетпей қойған үй иесі жігіттен
құтылудың есебін таппағасын, сырт айнала бере Бəкизатқа бұрылып
еді, əйелі жаңа ғана қасында тұрған сияқты еді, енді қараса ши борбай,
сыптығырдың құшағында кетіп барады екен.
Е, Құдай, осыларды да еркекке теңестірем деп əлек боп жүрген
большевиктерде ес жоқ; еркекке теңесіп қайтеді? Əйел болғаннан есесі
кетіп жүрген ұрғашыны көрген жоқ; əсіресе Бəкизаттың еркектермен
теңесуге тіпті құлқы жоқ. Əне, басқа əйелдер есебін тауып түздегі
қылығын күйеуіне білдірмей тасаға тығылып жасырып істесе, бұл
жазған ұрғашы екенін жұртқа жариялап болады. Оны сенен де
жасырған жоқ еді. Е, ол қашан етегі ашылмаған періште боп тымпиып
отырып еді? Аралда қонаққа барарда да соңыра қайткенде жұрт
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 13
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654