Latin

Соңғы парыз - 03

Total number of words is 4268
Total number of unique words is 2199
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Ана жақ, мына жақ... Көрдің бе, келмей жатып ана жақ деп аузының
суы құруын...
Аңдамай қырсық шалдың қытықты жеріне тигеніңді кейін білдің.
Соған ыңғайсызданып, қысылып отырдың да, от көсегелі қолыңды
ілгері соза бергенсің-ді. Қара шал бір танауынан мырс етіп осқырынып
қалды:
– Əй! Əй, мынау бізге ол жақтың несін айтады, а? О жақтың қай
жақсылығы қолымызға түсіп жатыр. О жаққа бара қалса, ойбай-ау, осы
отырған бəріміздің алдымыздан қара сирақ балалар шапқылап шықпас
па еді. Сонда алдынан шапқылап шыққан балаларын осы
отырғандардың қай-қайсы да бауырына қысып, бетінен сүймес пе еді?
Алты ай үй көрмей, көк теңізді кезіп тентіреп жүрген мына мен боп,
сен боп, ана Сары Иван боп, осында отырған бəрің кір борбай жаман
қатындарыңды Қыз Жібектей құшақтамас па едіңдер. О жақты
мақтағаны несі, əй? О жақтың жақсы екенін, ойбай Құдай-ау, мен
осында отырып та біліп отырған жоқпын ба? А? А, ол не дегені, əй?
Қос іші жым-жырт. Қырсық шалдың қыршаңқы сөзін қазан маңында
отырған кісілердің бірде-бірі не қостамады, не қарсы болмады. Сен аңтаңсың. Бұл қалай? Тіл-жағынан айырылғандай, төмен қарап
тымырайып алғандары несі? Тек қатты қайнаған қазан бүлк-бүлк. Тек
қазан астындағы су отын пышыр-пышыр. Үй-ішінің үнсіздігі ауырлап,
еңсені басып бара жатқасын басқалардан бұрын сен ыңғайсыздандың
да, қазан астындағы отты қайтадан түрткілей бастағансың-ды.
Қара шал тағы шаңқ етті:
– Əй, жарқыным, оттың берекетін алмашы! От көсеу өзіміздің де
қолымыздан келеді. Жаның ашыса, сен бізді басқа жағынан жарылқа!
Tөc сүйегі тақтайдай тырыли арық қара шал əлі де ұрынарға қара
таппай өз-өзінен осқырынып қояды. Тұла бойындағы бар зəрді бетіне
жиып апты. Шатынаған кез шынымен қаптағандай.
– Талай бастықты көріп едік. Олар да шіреніп келетін. Олар да
жарылқап қарық қылмаса да, бірақ, обалына не керек, келгенде
жағдайларың қалай деп сұраушы еді...
– Ақсақал... Не сұрайтыны бар, жағдайларыңды көріп отырмын...
– Ə! Ə, көріп отырсың ба? Е, құп! Құп! Оған да, шүкір. Шүкір. Оу,
қайдан білейін... Көкте Құдай бізді көруден қалғасын, жердегі бастық
балалар да көзін тарс жұмып алған екен деп едім. Е, көрген екенсің ғой.
Көреді екенсің ғой. Шүкір! Шүкір!
Бұл жолы да сен түк дей алмадың. Дегенде не дейді? Бəкизатқа
"барам да қайтам" деп ант-су ішті. Əйеліне берген уəдеден əлі де
айныған жоқ. Бір қонады да, ертең ерте-ле-те... Апырай... Апырай, енді
қайтті? Қайтпек керек? Қайтерін білмей, дымы құрып, демін ішіне
жұтып отыр еді, ортада сарқ-сарқ қайнаған қазанның ар жағынан біреу
ырғалып қойды.
– Шырағым, Жəдігер, келгенің жақсы болды.
Үй ішіндегі түтін мен будан қазанның ар жағында қарауытқан мына
ірі денелі кісінің бетін көре алмаса да, ыңыранып асықпай сөйлеген
сабырлы түріне қарап таныды. Көзі кек, шашы сары болғасын осы
жұрт оны "Сары Иван" атап кеткен-ді. Бұған туыстық жағынан аға
іспетті. Ретті жерінде ыңғайын тауып сөйлегендіктен осы жұрт оның
сөзін ұйып тыңдайтын. Сары Иван əлгіден кейін сəл кідіріп, айтар
сөзінің алды-артын ойлап алды да, ығыстырып ақырын сөйлеп кетті:
– Бұл жақта да балық талабы нашар. Обалы не, жігіттер жан аямай
жұмыс істеп жүр. Күн-түн демей сабылғанда еңбегі жанбағасын,
қайтсін, ызалы кісілер ырылдасып қалады. Қылдай кінəң болмаса да,
жаны күйген жігіттердің тілі саған тиіп жатыр. Келгенің жақсы болды.
Əйтпесе "біздің бар-жоғымызды басқарма да ұмытты" деп жігіттер
ренжіп жүр еді.
– Əй! Əй, мынау не деп былжырап отыр? Жазықсыз?.. Қылдай
кінəсіз? Ау, қыруар кісіні алты ай жаз айдалаға қамап тастап, өзі ана
жақта салқын үй, салулы төсекте жатып алса... сенің өлі-тіріңнен, ашжалаңашыңнан хабарсыз болса... Əй!.. Əй, ит... Сонда бұл қалай қылдай
кінəсіз болады? Ой, көлгір! Ой, маймөңке! Күдікті жердің үстін
баспайтын тобан аяқ түлкі... тегіңді ұрайын!
– Ой, сорлы-ай! Беттен алғанды батырлық көресің-ау. Пайғамбар
жасына келдің. Жұртты беттен алғаннан басқа білерің бар ма? Содан
адам арманына жетсе, сен жазған əлдеқашан айдарың алтын...
– Əй! Əй, ит! Сенің де сырың белгілі. Бастықтардың алдында
көлгірсіп, көмейіңді буып сөйлегенде, сен де, сенің де төрт құбылаң
түгенделгені белгілі. Ал мен... мен бастық болса қайтейін, жыныма
тисе бетін тырнамақ тұрсын, он саусақты түгел салып осып-осып алам.
Оу, баяғы патша, хан заманында да тілінен жазған тентектің басын
кессе кескен шығар, бірақ тіліне тиым салмап еді ғой. Аузымды
қышыта берсе... басқарма болмақ түгіл онан зорына... Зорының
аржағындағы зорына да айтам. Ал сонда не істейді? Тілімді кесе ме?
Əлде бір жылдан кейін пайғамбар жасына келетін жаман шалдың
қыржанын кесе ме? Ендеше, мə!.. Мə, кес! Кесе ғой!
Көшен орнынан қалшылдап атып тұрды. Масқара қылғанда
баласындай жас жігіттердің алдында бұтында қаудырлаған тері
шалбардың ауына жармасар деп қорқып еді, Құдай оңдап аржағында
отырған Сары Иван оны шалғайынан бір тартып, орнына жалп еткізді.
– Өлтірем! Өшір үніңді!
Үй ішінің ызғары енді сезіле бастады. Жұртпен бірге бұ да отқа
түсердей ошаққа шабынса да, бет алды қызғанмен ту сырты түгел
мұздай. Жан-жақтан жел ызғыған қамыс қостың ызғары ала-бөле
арқасын қарып барады.
Əлгіден кейін үнсіз қалған Көткеншек Көшенге қарамауға тырысып,
көзіңді алып қашып отырғансың-ды. Біреу сырт жақта жатқан бір
арқадай жалпылдақ отын арасынан қауқиған көк ала бұтаны
сирағынан сүйреп əкеп отқа тастап еді, қызуы кеміп бара жатқан от
лапылдап жанып, қақпағы буланған қара қазанның арғы жағында
отырған Сары Иванның бет-əлпетін жаңа көрді. Əншейінде үкідей сапсары кісінің ошақтағы от сəулесінен бүкіл бет алабы: қасы, кірпігі,
сақалы, мұрты қызғылт реңге ауысқан.
– Жəдігержан... Ал, кəне... ел-жұрт аман ба?
– Əне бірде жиырма бес үй көшті деп есіттік қой? Ол не?
– Рас. Олардан кейін де халық бір-жарлап көшіп, ел басы кеміп
жатыр.
– Күн көріс қалмағасын көшпегенде қайтсін. Атамекен азық бола ма.
Сары Иван арқасына жамылған шапанын екі шалғайымен тақымын
қымтап алды. Иман жүзді момын жанның момақан түрімен
ығыстырып ақырын айтқан əңгімесі ертеден бері апшысы қуырылып
отырған кісілердің арқа етегін кеңітіп сала берді. Сен де еңсеңді
көтеріп, күйелеш көсеуді қолыңа қайта ұстадың. Сұғанақ көсеу əрі-бері
сумаңдап, түрткілей бастағанда онсыз да жаны қалмай сатыр-сытыр
жанып жатқан жалпылдақ отын дүрілдеп ала жөнелді. Қара қазанды
қоршай отырған кісілер жалма-жан кейін серпіліп, шегініп отырды.
Тек Көшен тырп етпеді.
Бұл жерде де өзінің қашанғы қиқарлығына басып, сіркіреген қызыл
ұшқынға тақтайдай төсін төсей түскенде түн-жүн кеудесі үйітілген
терідей пышыр-пышыр етті.
– Уа, қой! Жас балық қатты қайнаса жанығып кетеді, – деді де,
Көткеншек Кешен саған бұрылып: – Ал бұнда қанша боласың?–деді.
– Мен бе?
– Иə, сен. Бұнда қанша боласың?
Аузыңа сөз түспей, шөк етіп отырып қалдың. Бауырыңа түскен
басыңды көтермей отырып, көзіңнің астымен қазан маңындағыларға
қарап едің, олар да "қалай жауап бepep екен?" дегендей бұны қабақ
астынан бағып қалыпты. Мынау бір Көшен емес, мыналардың бəрінің
сауалы сияқты. Өздері батып айта алмағасын, алдарына əдейі теке
сақал, қырғыш төс, қырсық шалды салып отырған сияқтанды да, сен
қиналғанда қол ұшын бере ме деген үмітпен Сары Иванға қарап едің, о
да көзін төмен салып мүлəйімси қапты. Күдікті жердің үстін баспайтын
тобан аяқ түлкі десе дегендей. Ана қарашы: мыршай сарылығы да
түлкіден аумайды. Жыны келгені сонша, мыналарға енді бұның өзі
тиіскісі кеп кетті. Айтар сөз де алқымына кеп қалды. Қара қазанның
тасасына тығылып, бұғып-бұғып қалған немелерге ерегіскенде "ертең
күн шыға қайтам", – деп турасын бір-ақ айтқысы келді. Несі бар,
айтады. Болса да, Бəкизатқа: "барам да қайтам" деп уəде берген өзі.
Уəдесі – уəде. Соны алдымен ана шалға айтады. Кірпік қақпай қадалған
шүңірек көздің сұғын сүңгідей қадаса қадай берсін. Бəрібір айтады. "Бір
қонам да қайтам" дейді. Соны айтқалы аузын ашып оқтала түскенде...
бұған не көрінгенін қайдам, өзі де, тілі де дəрменінен айырылып
тоқтап қалады. Оған да міне, бір ай. Соның себебін əлі білмейді. Қазір
үйірінен адасқан құландай ақ қар, көк мұзда жападан жалғыз тұрып та
соны ойлап тұр. Неге бүйтті? От басының бұзылуына осы себеп
болмады ма? Басына түскен бүгінгі қиындық пен қасірет сол арада
өзінің ойындағы сезін айта алмаған жігерсіздігінен болмаса қайтсін?
Сол арада сен теке сақал, қырғыш төс қара шал мен сарқ-сарқ қайнаған
қара қазанның тасасына тығылып, бұғып-бұғып қалған балықшыларға
қолды бір сілтеп, ауылға тартып тұрғанда, əлде қайтер еді? О да
қолыңнан келмеді.
– Е-е, шырағым, шамаң белгілі болды. Əй, жігіттер, балықты
түсіріңдер. Басқарма қайтатын көрінеді. Жолынан қалмасын. Қонып
қайта ма, ас ішіп алып, қазір қайта ма, еркі білсін.
Сен лəм-мим деместен сыртқа атып шыққың келіп еді, төңірегіңнен
түк есітпей, құлағыңды тас қып басып, көзіңді тас қып жұмып, бет
ауған жаққа шығынып кеткің келіп еді-ау. Бірақ не пайда... оған да
дəрменің жетпеді. Жігерін жүн қылған дəрменсіздік сол арада еңсесін
көтертпей, омалып отырып қалған-ды.
Иə, сүйтіп, бұны ит мінез тағы да арандатты. Əйтпесе, бұның
орнында басқа біреу болса, Сырдария сағасында қостанып жатқан
кісілердің жағдайын білгесін бір қонар еді де, ертеңіне елең-алаңда
ауылға тартып отырар еді ғой. Болса да Бəкизатқа: "айналмаймын,
барам да қайтам. Осы жолы бір сынап көрші"– деп өзеуреген өзі-тұғын.
Бұл егер айтқан сөзінде тұрып, уəделі уақытта жайраңдап кіріп
барғанда, кім біледі, о да заты əйел емес пе, ренішін ұмытып, алдынан
жадырап күліп шығар ма еді? Ал, бұл... əйеліне берген уəдесін ұмытып...
Жо-қ, ұмытқан жоқ... Бəкизаттың ренішке бейім тұратын əдемі ерні
томпайып, түсін бермей теріс қарап алған ренішті кескіні кез алдында
тұрды. Қамыс қосқа қонып шыққан күннің ертеңіне бəрі дастархан
басына жиналғанда да көз алдында сұлу əйелдің айтқанынан қайтпай,
сұп-сұр боп безеріп алған кескіні тұрды. Бұл да: "Бəкизатқа берген
уəдем бар. Қайтуым керек. Иə, қайтам! Қайтам", – деп өзін қайраумен
отырған.
– Ал!.. Ал, сонымен енді жүресің бе? – деді Көткеншек Көшен.
Сен көзіңді көтермей, төмен қарап тұқырайып отырсың.
– Е, бəрекелде,– деді Көткеншек Көшен.– Жолың болсын! Ауыл-елге
сəлем айт! Тірі де! Жаны сірі немелер əзір аман де! Өлетін ойларында
жоқ, тор сүйретіп, теңіз кешіп жүр де!
Қамыс қос кенет жым-жырт бола қалды. Жаңа ғана дастархан
басында дабырлап отырған кісілер сөзден тиылып, бəрі де бір сəтте
дəл кешегідей демін жұтып, тына қалған-ды. Сен тіпті, дем алмаған
сияқтысың. Тоқтап қалған тынысы емес, бұның өзі де дəл сол арада
жер бетінде бар-жоғына зейлі жетіп тұрған жоқ-ты. Бар болса да бұны
көлденеңнен киліккен қандай да бір күш бас еркінен айырып, билептөстеп баратты. Иə, сол арада бұның аузына үш ұйықтаса түсіне
кірмеген сөзді салған да сол сияқты; сен дастархан басында дөңгелене
отырған кісілерді күттіріп барып, күдер үзген бір кезде:
– Бұйырса... Соңыра елге бірге қайтармыз,– деп, өз еркінен тыс
қайдағы бірдеңе қалай аузынан шығып кеткенін білмей қалған-ды.
Бар білгені... О, Жасаған! Жаңа ғана төмен қарап, тұнжырап отырған
кісілер кенет шұғыл жадырап, басын көтеріп-көтеріп алды. Қырсық
шалдың да қырыс-тырысы əлгінде ғана тарқап, шекеңнен шыққандай
шақылдақ дауыстың зəрі сыныпты. Əдетте, ызалы кезде əріден, ін
түбінен қадалатын ежірейген көз, осы күннен бастап бұған қарағанда
кəдімгідей елжіреп, жанарына жылылық енетінді шығарды. Сөйтіп,
күн артынан күн, апта артынан апта өтті. Сен келгендегі қара суық
қатайып, бұл жақта дауыс нышаны біліне бастады. Жаз бойы сыңар
тамшы тамбаған жаңбыр қарашаның қара суығы күшке міне бастаған
бір тұста екі күн қатарынан құйып беріп еді, төбеден жаңбыр саулап,
қамыс қоста қамсау қалмады. Балықшылар түнімен көз ілмей жел
ызғыған қоста дірдектеп шығады. Таң қараңғыда ысылдап-пысылдап
киінеді; түннен қалған мұздай балықты бір-екі қарпып асай сала қос
ескек, бір таяуды қолтыққа қысып, қара суық басталғалы таңқылдап
қатып қалған тоң жерді топырлап басып теңізге кетіп бара жатады;
жағада кеудесін қара жерге асып жатқан қайықты бірнешеуі жабылып
суға салады; əупірім теңіздің жағаға шапшып арс-арс ұрып жатқан
əпербақан толқындарымен жағаласып жүріп, балық бір соқса осы араға
соғар деген дəмелі жерге күнде-күнде тор жаяды; бүгін жайған торды
ертеңіне елең-алаңда барып тарайды; кейінгі кезде ұдайы арқадан
соғып тұрған қара дауыл мен ұлы теңіздің ағысы ауды арқан ғып есіп
тастап тұрған-ды. Кешеден бері теңіз түбінен толқын көтерген
томарлар ауға оралып, қара торды дал-дұл ғып жыртып тастап тұр.
Жел-құз жиілегелі су астының ағысы күшейіп, бүгін «айған тор ертең
томар оралып, тосап басып, сары лайға батып балықшылар жағаға
сүйреп шығарып жатқандары. Ондай күндері суға малшынған
пақырлар арқан боп есіліп қалған аудың шатысын жазып, шалаң мен
тосаптан тазартып, қамыс қосқа сілесі құрып əзер келеді.
Осы күндері өздері қатты жүдеді. Сақал-мұрт ескен. Үсті-басы кір.
Таңның атысы, күннің батысы көк теңізде, жел өтінде жүре-жүре
бəрінің беті үсік шалғандай қара қошқыл... Ал тырнағы өскен күректей
күс-күс қолдардың бақандай-бақандай саусақтары бартиып-бартиып
ісіп кеткен.
***
Сол күні оқыс күлкі бұның ойын бөліп жіберген еді-ау. Баурына
түсіп бара жатқан басын шұғыл көтеріп алып, қыран-топан күліп
жатқан кісілерге қарап еді, "ə" дегенде түкке түсінбеді. Өздері əлденеге
мəз. Үй ортасында қызыл ұшқын сіркіреп, лаулап жанған отты айнала
қоршай отырыпты. Қазан астындағы оттың сəулесі қос ішін
көңілдендіріп, жадырап тұр.
Бұл əлі де түкке түсінбей, көзін уқалап жіберіп, қамыс қостың
ортасында буы бұрқырап бүлк-бүлк қайнап жатқан қазанға, сосын
қазан маңындағы қыран-топан күліп жатқан кісілерге қарап аң-таң.
Бұларға не болған? Неге... күледі? Несіне жетісіп күледі? Бұлар мəз
болатындай... Иə, сондай-ақ не болды?
Өз кісілерін өзі танымай, таңдана қарап біраз отырды. Қараған
сайын көңіліне күдік қашып, мыналар бұл білмейтін басқа біреулер
сияқтанды. Басқа болғанда... Кім де болса, жолы болғыш, сыралы да
салымды жандар. Кере қал, өздері көк теңізге жайған қара тор балыққа
майлап, қара қайық кенерінен келіп, қағанағы қарық боп қайтқан
кісілер. Мынау соның қуанышы. "Иə солай" дегендей, аналар тағы да
қыран-топан. Ха-ха-ха-а... Ал, əне біреудің түрі таныс, шырамытатын
сияқты. Арқасына тері тон жамылып, қақ төрде қазықтай қақшиып
алған қайқы тес қара шал шақ-шақ. Бұған не жоқ? Несіне жетіседі?
Күлерде иегінің астына қарай ұйысып біткен ұйпа-тұйпа сақалды
əуелете көтеріп алады екен. Күлкісін кенет кілт тыйып: "Оны қой! Ол...
ол қызыл кез пəле ғой!"– деп қолын сермеді де, сырт жағында жатқан
бір арқадай отынға шалқалап құлай кетті. "Қызыл кез пəлесі" кім?..
Түсінсе не дейсің? Бұған салса, бұлар мəз болатындай, себеп те,
сылтау да жоқ. Ала-бөле кешелі-бүгін дауыл титыққа əбден жеткен-ді.
Кеше шалаң басқан ауды қас қарайғанша тазартып кеш қайтты. Соған
қарамастан бүгін де таңмен таласа оянып еді; түннен қалған бірдеңені
апыл-ғұпыл іше сала, топырлап сыртқа шыққанда, кешегі дауыл
күшеймесе, басылмапты.
– Ища,– деді біреу тітіркеніп.
Қалған жұртта үн жоқ. Қарсы алдынан соққан суық жел шыдатпай,
шекені жарып бара жатқасын бүгежектеп бірінің ығына бірі тығылып,
теңізге əзер жетті. Кейіндеу қалғандар да теңізге жете бере ентелеп
тоқтап жатыр. Бəрі де түнде жауған қардан кейін ақ айранданып
жатқан сыпыра жағалауға, жаңа ұстасқан мұзға қарап қапты.
– Аудан айырылдық,– деді біреу.
– Тек! Тек əрі! Ой ит!.. Ой, жағыңа жылан жұмыртқалағыр!
– Ал қойдық. Бірақ мына мұз...
Шынында да, араға бір-екі күн түссе, мына кілегей мұздың көбесі
қатайып, судағы аулардың арқалығы жас мұзға жабысып қатып қалары
анық.
– Ау, осылай тұра береміз бе?
– Ал тұрма! Ал аспанға ұш!..
– Əй, шал, тек тұр!
– Ал тұрмадым... Ал сонда не істейсің?
– Жə, қойыңдар! Ұрысы құрсын. Онсыз да келісіп тұрғанымыз
шамалы,– деді Сары Иван – Жəдігер, шырағым...
Жұрт назары бұған ауды. Бұл дəл бұндай жағдайда не істеудің ретін
таппай, жағада иіріліп тұрған кісілердің арасынан сытылып ілгері
шықты. Мұзға түсті. Жұқа мұзды есік пен төрге дейін абайлап, ақырынақырын басып барды да, тақасымен теуіп көрді. Ілгерілеп арырақ
барайын деп еді; оған əлсіз мұз аз ғана салмақты да ауырлап, сықырсықыр майыса бастағасын, бұл ілгері бармай ізінше кері қайтты.
Жағада тұрған кісілерге назар салған жоқ. Балықшылар əр қисынды бір
айтып қауқылдап кетті:
– Апырай, енді қайттік?
– Қайткені сол, ауды қалайда бүгін суырып алу керек.
– Əй, мынау не оттап тұр? Көрмейсің бе, əне, жаға көк мұз. Қайық
салғыза ма саған?
Шыны керек, саған осы қамшы болды. Көп ішінен қара аспанды
қапылтып тұрған əлгі жігітке иек қағып:
– Тəуекел... Айда, қайықты суға салыңдар! – деген еді.
Жігіттер кеше кешкісін қара жерге тұмсығын асып кеткен
қайықтардың бауырын жаңа қатқан жас мұзға гүтірлетіп кеуделеп
итеріп апарды да, бауыры суға тие бергенде қарғып-қарғып мінген еді;
Көксоқта толқынға кеудесі тиген бойда секектей бастаған қайықтың
тұмсығын бір дегеннен тереңге туралап бұрып алып, қос ескекті
малшылап есе жөнелген еді. Сонан олар күні бойы толқынмен
жағаласып жүріп, өлдім-талдым дегенде суға жайған торларды суырып
алған-ды. Үсті-басы малмандай су-су кісілер тісі-тісіне тимей қалшқалш етіп, тоң жерді топырлап басып, қосқа жетті. Екі жігіт сырттан
қолтығына қыса келген жалпылдақ отынды жуық арада тұтата алмай,
əбігер болып жатқанда, сен су киіммен төрге озып, төсекке қисая
кеткенсің-ді. Сонан бері соқыр шам сығырайған қамыс қостың бір
басында əр нəрсені бір ойлап, өңің кірмей кірбиіп жатқансың-ды. Бұнда
келгелі бір айдың жүзі болды. Қаракөк теңізде қара торды сүйретіп
күн-түн сабылғанда не бітірді? Не тындырды? Кезі тағы да қара шалға
түсті. Қыран-топан боп жатқан кісілердің арасында о да шиқылдап
күлді де, кенет күлкісін кілт тыйып:
– Ол итті қой! Ол... ол адам емес қой,– деп, əлдебіреуден түңіліп
қолын сермеп-сермеп қалды. Сен оның сонша кімнен түңілгенін білген
жоқсың-ды. Көткеншек Көшен арқасына жамылған қара тонның
шалғайын тақымына басып, ырғалып қойды:
– Оу, көрмейсің бе?.. Ойбай-ау, ол кəпірдің ана жабайы мысықтай
бажбиған сап-сары көзі кім екенін айтып тұрған жоқ па? Ха-ха!
Е, енді түсінді. Мыналардың неге езуі жиылмай, мəз боп жатқан
сыры енді белгілі болды.
– Көшеке...– деп Шофер езуінде бықсыған темекі тұқылын бір сорды
да, лақтырып жіберді.– Көшеке... Осы жұрт əнебір тұста Сары Шаямен
екеуіңді көткеншектесіп қалды деп жүр ғой? Сол не? Рас па?
– Е, көткеншектессе несі бар? Онымен кездессем, мен қысқа күнде
қырық көткеншектеспеймін бе?
Бұл хикаяны білетін жігіттер əлден жымыңдай бастады.
– Сары Шая. Керісиген пəле ғой. Көткеншектескенде оңайлықпен
алдырмайтын болар?
– Айтпа! Қырсығы аттың қара қапталынан. Оның қырсығының
қасында сендер менің көткеншектігіме жылап көрісесіңдер. Əй, бала...
қазаның қайнамай қалды, от салып қой.
– Иə, Көшеке, сонан?..– деді шофер сөз тартып.
– Ой, енеңді... Иə, иə-лəп қылқылдағанша қазанға қарамайсың ба?
Əңгіме ас бола ма?
Қара шалдың алдында жұрт аяқтарының ұшымен басып кететін.
Əлгіден кейін бірі сып беріп сырттан отын əкелді. Бірі жата қалып,
сөніп бара жатқан отты үрледі. Енді бірі сырттан кірген отынның тез
тұтайтын қауқиған қу бұтасын отқа тастады. Соның бəрін қалт
жібермей бағып отырған Көшен көңілденіп:
– Баяғы соғыстан кейінгі кез. Халық қоңторғай. Онда сендердің көбің
шешелеріңнің шалғайына оратылған кір тұмсық баласыңдар...– деді.
– Басқарма да ма?
– Е, басқарма болса ше? Немене, анасынан басқарма боп туады
дейсің бе? О да бала болды. О да боқмұрын болды.
ІІІофер мырс етіп, басындағы май-май кепкамен бетін баса қалды.
Қара шал оны байқаған жоқ.
– Қазіргідей мұз қатар алдындағы қара суық. Абыржы. Сол жылы
абыржы ұзаққа созылып халықтың апшысы қуырылып тұрған. Сары
Шая жылап басқармаға барыпты. Қатын-балам аш депті. Анада кіндігін
өзің кесетін кішкентайым мен үйге барғанша аштан өлетін шығар деп,
көксоққан көз жасын бір сығып алыпты да, басқарма балаға қарай
ысырылып жақындай түсіпті. Айналайын, садағаң кетейін депті.
Шиеттей балаларым аштан өлмесін десең, колхоз орталығынан
қарызға бір қой бер. Тірі болсам, жер басып жүрсем, бір айдан асырмай
қайтарам деп қиылыпты.
– Ал сонан... Сөзінде тұрып па?
Көткеншек Кешен иегін əуелете көтеріп, артына қарай шалқалай
бере шақ-шақ күлді:
– Ол көксоққанның тамағынан өтпегей. Тамағынан өткесін қой түгіл,
түйенің ізін таба алмай қаласың ғой.
– Ау, колхоз малы... Артында жоқтаушысы мықты, заң бар емес пе? –
деді Сары Иван.
– Ол заңға жеткізбей құртады ғой. Сол кездегі колхоздың есепшісі...
Сол өзі... қай бала еді? Иə... Əлгі соғыстан бір аяғын жұлғызып
қайтатын... топырағы торқа болғыр, өзіміздің Қарағұл екен ғой. Сол
марқұм бір айда қайтарам ЦСІІ алған қойды бір жылдан кейін де
қайтармағасын Сары Шаяны конторға шақырмасы бар ма...
Бұның арғы жағы қалай боларын білетін кісілер əлден иығы
селкілдеп күле бастады. Олар қызықтаған Сары Шаяның мына
хикаясына сен ғана араласпай, босаға жақта соқыр шам сығырайған
қамыс қостың бір бұрышында өңің кірмей кірбиіп жатырсың. Мынау
сенің де талай есіткен əңгімең. Сен де талай ішегің түйіле күлгенсің-ді.
Қазір де аналарға ілесіп езу тарта түстің де, кенет көңіліңнен күдік
қашты. Өз көзіне өзі сенбегендей, мына мəре-сəре боп қарқылдап
жатқан кісілерге қайта қарады. Қайта қарағанда да əлгі күдіктен ақитақи арыла алмады. Мыналарды өзінің кісісі деуге... бірақ олардан
күлкі қалғалы қашан. Өзі білмейтін басқа, бөтен біреулермен
шатастырып тұрған сияқты. Шынында да, мыналар бұның кісілеріне
ұқсай ма?
Жарайды, басқасы басқа... Ал ана қайқы төс қара шалға не жорық?
Əншейінде осы жұртқа бабын таптырмай, отырса опақ, тұрса сопақ,
айналасымен ырылдасып болатыны қайда? Несіне жетісіп қағанағы
қарқ бола қалды? Түсінсе не дейсің. Əлде, түсініксіз мыналар емес, сен
өзің түкке түсінуден қалып барасың ба?
Күдігін анықтағысы кеп, мыналардың əңгімесіне құлақ тігіп еді.
Сүйтсе... Е, Құдай, баяғы Сары Шая. Сары Шаяның қылығына осы ел я
күледі, я күйінеді. Күлмей қайтсін, Қарақұл марқұм сонда Сары Шаяны
конторға шақырып алып, алдында жатқан жуан папканы ашпай,
алақанымен басып отырып:
– Ақсақал, бұрау екеш бұраудың да сұрауы бар. Колхоздан бір айда
қайтарам деп, қарызға алған ана жылғы қойды...– дей берген екен.
– Əй, мынау не дейді? Не дейді, əй? – деп Сары Шаяның сап сары
бажбық көзі ежірейіп шыға кепті.– Бұның қойы, қай қой? Қарызы қай
қарыз? Ана жылғысы не? Əй, колхозды билеген екенсің... Бишікеш
екенсің. Е, болсаң бол! Сенің бишікешпін, билігім жүріп тұр деп, көрер
көзге істеген жалаңа көнгенше, ойбай-ай... Ойбай-ай, онан да мына
ақсақ иттің қолында өлгеннің өзі артық емес пе?
Сары Шая жаңа ғана құйрық басып отыра берген орындықтан атып
тұрып, Қарақұл марқұмға қарсы ақырыпты:
– Əй, бала! Сен... Сен өзің, айналайын, сырт-сырт шот қақтым деп...
Еңбек адамын қаралап...
– Ақсақал, ойынды қой...
– Ойын ба, мынау... Мынау, кісі өлтіретін іс қой. Жала ғой. Көре-көзге
кісі мойнына қиып салған қиянат... Өзің көп рудан болғасын, аз рудың
адамын иттей талап, ойыңа не келсе соны істемексің, ə? Солай ма, ə.
Қарақұл марқұм қарсы алдында бір сөз айтса, екі сөзбен жауап беріп
бажақтап отырған бажбық көз шикіл сарыға біразға дейін түк айта
алмай, жағасын ұстағандай боп басын шайқапты дейді. Оны сөзден
жеңе алмасын білгесін бағанадан бері алақанымен басып отырған
жуан папканың бір бетін ашып жіберіпті де, түбі тігілген қағаздар
арасынан тілдей біреуін сұқ қолымен түртіп қалып: "Міне! Мынау өз
қолыңнан берген "тілхатың" деген екен. Сары Шаяның бетінде жаңа
ғана тікірейіп-тікірейіп алған түгі жығылып, бір сəтте мүлəйім
момақан бола қапты. Алдына тосқан қағазға туралап қарай алмай,
көзін алып қаша берген екен дейді. Дəл сол кезде Қарақұлды басқарма
шақырмасы бар ма.
– Ақсақал, колхоздың қойын қайтар, ұят болады.
– Жарайды, Қарақұлжан. Қайтарайын. Қайтарайын.
– Қашан?
– Қарақұлжан, ойланайын...
– Қазір келем. Соған дейін ойланып қой, – деп, Қарақұл сырт
жағында сүйеулі тұрған балдаққа қол созған. Қос балдақ қолтыққа
тигенде етжеңді ауыр денесін ұршықтай үйіріп алатын жігіт ырғи
басып, есіктен аттай беріпті. Қарақұлдың көзі тая бергенде Сары Шая
да орнынан атып тұрыпты. Папкадағы қағаздардың арасынан əлгінде
көргеннен бері көзінің қиығын айырмай бағып отырған тілдей
тілхатты жұлып алыпты. Жұлып алуын алса да, бірақ "ə" дегенде оның
көзін қалай құртудың есебін таппай дағдарып қапты. Сыртқа шыға
қашса, сөзге қалады. Қойны-қонышына тықса, тұла бойын тінтіп тауып
алады. Онсыз да соғыстан аяғын жұлдырып, қаны бұзылып келген
жігіт балдақпен қақ басқа бір қоюдан жүзі таймайды. Бір қой үшін
жаманаттасып масқара болғанша, қайдан шықса онан шықсын деп
сиырдың тіліндей қағазды умаждап-умаждап аузына атып ұрыпты.
Азу тіске басып сарғайып кеткен қағазы құрғыр кəрі сиырдың
сіңіріндей тамағынан өтпей тұрып алыпты. Сол кезде басқармамен
əлденеге келіспей айқайласып шыққан ақсақ бұғалтер де тақтай еденді
тық-тық басып келіп қалса керек. Сары Шая əрі-бері шайнаған екен,
бірақ, тамағынан өтпей тұрған қағазды жан-дəрмен талмап жұтып
жіберген екен, бақырайған сап-сары бажбық көзден бір түйір жас
ыршып кетіпті. Бірақ... есесіне, ехе-ехе-хеу... ақсақ есепші ана жақтан...
терісіне симай, ашуға булығып келгенде, бұл жақта мына жайсаң бір
жұмысты бітіріп, жымыңдап күліп отыр екен дейді...
Қамыс қоста алаулап жанған отты айнала қоршай отырған көңілді
кісілер тағы да ду күлді: ха-ха-ха... қарқ-қарқ... шақ-шақ... Е, Алла, осыны
басқа біреу істесе, мына жұрт оны көрмей кетер еді. Ал Сары Шая
істеген қандай сұмпайы, жексұрын қылыққа бұлар неге мəз болады?
Əне!.. Əнекей: Ха-ха-а... Шақ-шақ... Ал жер қозғалса қозғалмайтын Сары
Иван... О да ырқ-ырқ күліп, көзін сүртіп жатыр. Бақса, мыналар басқа
емес, бұның өзінің кісілері екен. Əне, анау Көшен. Анау Сары Иван.
Май-май кепкамен көзін сүртіп жатқан күлді-күйелеш мына біреу
мұның шопыры. Ой айналайындар-ай! Жыл он екі ай ел көрмей,
тентіреп теңіз асып жүрсе де, сары масаға таланып, қызыл тобық боп
күн-түн су кешсе де, еңбегі бір жанбай, салы судан шықса да, бірақ
сонда да сағы сынбайтын, тауы шағылмайтын, айналайын қайыс
қаралар-ай!
Сол күні бұл өзін қандай бақытты сезіп еді! Иə, бақытты еді!
Көзіңнен мөлт еткен жасты көрсеткісі келмей, сырт айнала бере
жеңімен сүртіп тастаған еді-ау!
***
Ертең ерте тұратын болғасын бұлар сол күні қызыл іңірде жатқан
еді. Су үстінің мазасыз тірлігі титығына жетіп жүрген жігіттер басы
жастыққа тиер-тиместе қорылдап, қамыс қосты басына көтеріп əкетті.
Сыртта жел ызғиды. Іргеде ұлы теңіз өкіреді. Сылағы түскен қамыс
қоста болса да қамсау жоқ. Ошақтағы от сөнген бойда жан-жақтан жел
ызғып, үй іші уілдеді де кетті. Төсекті бір-біріне тақап салып тығылыса
жатқан кісілер көрпе астына кіре сала қол-аяғын бауырына алып тымтырыс бола қалды. Тек сен, жамылғың жұқа болды ма,
тынышсызданып қасыңда қатар жатқан жігіттің көрпесіне кіріп едің.
Бұл өзі бір өңірге аты шыққан палуан жігіт еді. Жылда-жылда Октябрь
мерекесінде, жұртты жығып, бас бəйгені жеңіп алатын, кеудесі жүнжүн, ірі қара жігіт көрпесіне кіріп келе жатқан кісінің денесін дереу
сезіп, ыңыранып аударылып түсті. Жақында үйленген жас келіншегі
есіне түсті ме, сілекейін тамсанып, ұйқылы көзімен жараған бурадай
тісін қайрады да, күбідей санын дүрс еткізіп үстіне салып алды. Сосын
қайтсін, бұл сыртқа атып шықты. Күндізгі қара суық қазір күшке мініп
қылшылдап тұр екен. Салған жерден қойны-қонышына кіріп тұла
бойы тітіркеп ала жөнелгесін, жалт беріп қамыс қостың ығына тұра
қалған-ды. Ішке қайтып барғысы келмеді. Бұнымен қатар жатқан
екінші көршісі Көткеншек Көшен еді; қырсық шалмен жатарда сөздері
жараспай қырбайласып қалған-ды. Сондағы жазығы – ертең Сырдария
сағасында қостанып жатқан қоралы кісінің бақ сынайтын күні.
Алғашқы бір-екі күнде əуір-сəуір болатын көкше мұздың кəделі
балығынан сыбағасын алып қалғысы келген кісілер алдын ала
буынып-түйініп əзір отыратын. Бұ да ертең "ал" дегенде суырылып
шығатындай, ау-құралды машинаға тиеп буынып-түйініп, əзір
отырайық деп еді, қара шал қақшаң етіп төсектен басын көтеріп алды:
– Кіл қапылу. Кіл сүргін. Əй!.. Əй, жарқыным, тым құрыса түн
тыныштығын берші.
– Ақсақал, істің реті...
– Іретіңнің ішін с...
– Көшеке, түсінсеңізші...
– Түсінбеймін. Тіпті түсінгім келмейді... Ал!.. Ал, сонда қайтесің?..
– Қайтейін. Тек ертең "ал" дегенде...
– Ылғи "ал!" Сол "алдан" алған бірдеңе бар ма? Кəне?.. Кəне көрсетші!
– Апырай, Көшеке-ай... Үмітсіз шайтан... Ертең сіз бен біздің бақ
сынайтын...
– Əй!.. Əй, мынау не деп тұр, а? Қайдағы бақ? Бағы несі? Екі елі
маңдайына тек бақытсыздық жазылып қойған мына сорлыларды
сағым қуғандай, бақты қу деп... Жоқ! Жоқ, осы қарық қылғаның да
жетер!
Бұған не жауап айтарын білмей, тілінен байланып тоқтап қалған-ды.
– Əй, Көшен, – деді Сары Иван,м– өзіміз істейтін шаруа ғой. Кəне,
тұр!
– А-а? Тұр? Ал тұрмаймын. Ал жатам. Кəне, тұрғызшы. Тұрғызып
көрші! – деді де, көрпемен басын бүркеп алды.
Мына қырсық шалдың қылығына сенің де жының келіп:
– Онда жат солай! Əй, жігіттер, тұрыңдар! Өзіміз істеп тастайық,–
деп едің.
Көшен:
– Ал жатам. Міне, жатырмын, – деп көрпе астында күңкілдеп, басын
қымтай түсті де, кенет ойына не түскенін қайдам, шаян шағып
алғандай атып тұрды. Көрпе жиырылып аяғының басына түсті. Шадыр
көз шақырайып кеткен.
– Əй! Əй, мені жатқызып-тұрғызатын Құдай сен бе? А?
– Ақсақал, жатам дедің, жат дедім. Сенің қай бабыңды табамыз.
– Ал, жатпаймын. Ал тұрам. Міне, тұрдым. Сонда сен маған не
істейсің? Кесесің бе менікін?
Көткеншек шал қалш-қалш етеді. Шақылдаған ащы дауыс құлақты
шағады: "Жат дегені несі, əй? Неге жатам?" – деп, жалғыз өзі шақылдап
сөйлеп жүріп, сол күні жұмысты жұрттың бəрінен көп істеді. Жас
жігіттерден қалыспай, жан-тəнін салып апырып-жапырып жүргесін
бұлар да жұмған аузын ашпады. Үш жүз құлаш қара торды қамыс
қостың ық жағында тұрған машинаға тиегесін күндегідей, ертең тағы
да ерте тұратын жігіттер көрпе астына кіріп, үн-түнсіз жата қалған едіау.
***
Апыр-ай, күзгі түн қандай ұзақ! Ұйқыдан əбден күдер үзгесін
Сырдарияға барып қайтқысы кеп қамыс қостың ығынан шықты.
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 04
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654