Latin

Соңғы парыз - 13

Total number of words is 4307
Total number of unique words is 2290
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
назарын аударам деп əлекке түспеді ме? Сен: "ау, кеш қалдық қой,
болсайшы" деп асықтырғанда да, шар айнаның алдынан кетпей,
көлбеңдеп тұрып алмап па еді? Əуелі сояудай қып-қызыл
тырнақтарына қарады. Онан ақ борық саусақтарына, құлағына,
мойнына соңыра сұғанақ көздердің жанарын тартып жаутаңдатып
қоятын бар-бар жалтырақ пен жылтырақты тағып сəнденіп баққаны
қайда? Соның бəрі аз болғандай, енді бір кезде айна алдына ентелеп
отырып алып, осы жасқа келгенше сенің не атын, не затын білмей-ақ
қойған қап-қара қоймалжың бірдеңені сабаудай кірпіктерге əрі-бері
жаққанда əр талы құдды күйлеген қаншықтың құйрығындай қайқайып
шыға келмеді ме? Сен: "келістің" деп кіржің етіп, қабағыңды қарс
жауып алдың. Жол бойы қасыңда қазық өкше туфлиді қыдың-қыдың
басып, құшағыңа кіріп жабысып алған əйелдің қара көзі жаутаңдап,
қайта-қайта жалтақтап қараған жанары да жаныңды жадыратпағанды.
Оның үстіне ши борбай, сыптығыр неме кеш бойы құдды ешкі
емердей Бəкизатты баурына қысып, жабысып алды. Стол басында да
тар жерде тілмен айтуға болмайтын əлденені Бəкизатқа көзбен ымдап,
бірін жеткізіп, бірін жеткізе алмай əлекке қалып болды. Сен де соны
байқап, ыза мен қызғанышқа булығып, қашан кете кеткенше іштей
əбігерге түсіп болғансың-ды.
Стол басы ала жабыр. Бірінен кейін бірі тост көтеріп сұңқылдап
жатқан мына шуылдақтардың бір сөзі миыңа кірген жоқ. Тек əлдебір
желөкпе, қызбалау қонақ Қозы Қарынды мақтай келе: "ал, кəне, алып
жіберейік!" деп қынаулап дауыс көтергенде, стол басындағылардың
жаны қалмай атып-атып тұрғанын көріп, сен де орныңнан лажсыз
тұрғансың. Бірақ біріне – су, біріне – арақ құйған алдыңдағы рюмка,
фужерлердің қайсысын ұстарыңды білмей дағдарып қаласың. Жəне он
үш жыл ескек, таяу болмаса, дəл мынадай қылмиған құмырсқа бел
шыны шөлмек ұстап дағдыланбаған қол қалтырап əлек-шəлек.
Көз қиығың Бəкизатта. Бұл жолы Бəкизат ұзын столдың аяқ
жағында отырған үрпек бас, ши борбайға көз қиығын да салған жоқ.
Ішіп-жеуден аузы босап, тағы бір үзіліске шыққан қонақтар тоқ
басқысы кеп əйел, еркек екеу-екеуден жұптасып биге түсе бастады.
Сен шам жарығы аз түскен ала көлеңкелеу шетте Бəкизатпен əлгі ши
борбай кəйтер екен деп тұрғансың-ды. Шиборбай шегір көзі
жылтыңдап жан-жағына қарады. Бəкизатты көріп жымың етті. Жетіп
барып, аяғындағы табанына балшық басқандай сіре қарыс бəтенкенің
өкшесін өкшесіне сарт еткізді. Үрпек басты қыз алдына сылқ еткізе иіп
биге шақырып еді, Бəкизат лəм деместен бұрылып жүре берді. Енді сен
жымың еттің. Көре қал, ол қазір қонақтардың ішінде елеусіз біреуге
барады. Əне, айтпады ма, май балақ қатыны екеуі бір шетте оқшаулау
тұрған жуан қара қазаққа барды. Жаңа столда отырғанда басынан
қалпағын алмаған-ды. Жəне етті жұрттың бəрінен көп жеген-ді.
Арақты да көп ішкен-ді. Енді қазір аузын ашып, азу тісін шұқып
тұрғанда, Бəкизат оған жетіп барды да, тісін шұқыған қолын тартып
алды.
– Ақсақал, ұят болады,– деп еді.
Жуан қазақ:
– Шырағым, оны біз қайдан білейік,– деді де, сосын қасында
басындағы жаулығының шетімен аузын басып тұрған əйеліне қарап,–
қатын, есіттің бе, тіс шұқыған ұят деп тұр. Қалаға келгенде есте
болатын нəрсе екен,– деді.
Бəкизат сонан кейін де қарап тұрмай, жуан қазақтың қабақтай
қарнын түртіп қап:
– Ағасы, жаяу жүру керек қой. Ал сіз, сірə, машинадан түспейтін
боларсыз?– деп еді.
Анау:
– Айналайын, оның рас. Əй, қатын, естимісің, мына бала көріпкелі
бар ма, дəл тапты,– деп мəз боп қасындағы дəл өзіндей қарынды
əйеліне қарап кеңк-кеңк күліп жатқанда, бұлардың сырт жағынан
жымсиып келген əлгі шиборбай, сыптығыр Бəкизатты шынтағынан
ұстап қатарласа берді:
– Ғафу етіңіз! Қарындас, биге шақырам.
– Мен, бəлкім, сізге апа болармын.
– Ой, жаса! Əй, қатын есіттің бе, мына қыз ақырында пəле боп
шықты. Жігітті қатырды.
Сүйдеді де, кеңк-кеңк күлді. Сосын кентті жұрттың үйтпе-бүйтпесі
есінен тарс шығып кетіп, тісін шұқығалы қолын аузына апара бергенді. Бəкизат шап беріп білегінен ұстай алды. Сосын қолын тырп
еткізбей темен басып тұрды да, қалпағы қоқырайған жуан ірі қазаққа
бойы жетпей бара жатқасын өкшесін көтеріп, оның құлағына бірдеңе
деп сыбырлап еді; жуан қазақ бұған да мəз болды. Бұл жолы да кеңккеңк күліп əйеліне бірдеңе деп еді; əйел мырс етіп қолындағы
жаулықтың шетімен аузын баса қойды. Не дегенін сен есіткен жоқсың.
Бірақ не дейді дейсің, мықтағанда: "Əй, қатын, мынау маған тісіңе бір
қойдың еті кірсе де шұқытпаймын. Қолыңды осылай ұстап тұрам
дейді"– деп, келеңсіз бірдеңені айтып кеңкілдейтін шығар.
Оның сөзі де, өзі де қаперіңе кіріп шыққан жоқ. Екі көзің əлі де
Бəкизатта. Сосын Бəкизаттың біресе оң жағына, біресе сол жағына
шығып ыңылдап жүрген əлгі шиборбай, сыптығырда. Қалай ыңылдаса
да Бəкизат көңіл бөлмей, бұрылып кетіп жүр. Бəкизат өзі ұнатқан
еркекті емешесін үзілтіп ынтықтыра түсу үшін де əдейі өститін.
Осындай көрсеқызар еркектердің ықыласын өзіне аударып алғанша
қызық үшін арбап қылымсып бағады. Сосын оның ес-түсі қалмай
жүрегін ала жүгіргенін қалай көрді, солай өзгеріп сала беретін. Кейде,
əлгінде шиборбай, сыптығырға көңіл бөлмей қойғанындай діңкесін
құртса, енді бірде онымен балаша ойнап "тю-тю!" деп сұқ саусағын
тұмсығының алдынан бір-екі безейді де, түк демей жөніне тартып кете
береді. Сондайда не істерін білмей жүйкесі құрып тұрып қалған əлгі
немеге, керек десе, бұрылып та қарамай, басы қайқайып кетіп бара
жатқан мына келіншек саған əрқашан көкте қыранға, жерде құмайға
ілдірмей, құйрығы бұлаң етіп шатқалға кіріп құтылып кете беретін
қырдың қырық айлалы түлкісі сияқтанатын. Осы жолы да сүйтесің-ау
деп ішінен ырза боп тұрған-ды.
Жоқ, үйтпеді. Шиборбай, сыптығыр неменің құшағына күлімдеп
кірді де, екі қолын иығына салып билеп кетті. Сол күні жазбастан
сонымен биледі. Байқап тұр: сымпыс неме билеп жүріп аузын
Бəкизаттың біресе ана, біресе мына құлағына апарады. Ыстық дем
құлағын өртей ме, əлде еркек шіркіннің осындайда ұнатқан əйелге
емешесі үзілгенде не айтатынын білгесін бе, Бəкизат онан құлағын
алып қашады. Бірақ сымпыс жабысып алған. Əне, тағы да құлағына
төніп еді, Бəкизат бұл жолы тыңдауын тыңдады. Бірақ тыңдап
алғаннан кейін не əрі-не бері ештеңе демей, өзінің еркекті кейде ұзын
арқан, кең тұсаумен ұстағысы келгендегі əдетпен сықылықтап күле
берді, күле берді.
Қонақтар көңілді. Жаңа ғана дастарханнан тұрған кісілер ет пен
шайға іші-сыртын сықап алған. Бəрі де буы бұрқырап, қызара бөртіп,
билегені билеп, билемегендері үйездеген жылқыдай үйір-үйір боп,
анда да гу-гу, ду-ду, бұнда да гу-гу, ду-ду, сосын ха-ха... а-х-ха...
Солардың арасында жалғыз сен теріңе симай тырсиып алғансың-ды.
Есіл дертің мына дырду тезірек бітіп үйге қайту. Қызара бөртіп алған
мына қонақтар мен ана Қозы Қарын, сосын əлгі үрпек бас, шиборбай,
сыптығыр неменің қонақасыдан əлі де олқысы болса столға отыра
қалып тағы да толмаған жерін толтырып керелеп ішіп-жеп, тезірек
кетіп, тезірек үйге жету. Онан басқа ой басына келген жоқ. Шыдамы
құрып ширыққаны сонша бір орында тақат тауып отыра алмай сыртқа
шықты, ішке кірді. Іштегілер буы бұрқырап бабына келіп алған.
Қасына жақындасаң бəрінен еттің, арақтың, сосын тердің исі аңқып қоя
береді. Ана жақта ішетін, жейтіннің əлі де үйіліп тұрғанын көрген
кісілердің жуық арада тарайтын түрі жоқ. Сен бұрынғы бұрынғы ма,
енді тіпті шыдамың құрып кімге, қалай тиісудің есебін таппай
ширығып тұрсың. Осы жиын түбі бір тарап, түбі үйге бір жетсе,
табалдырықтан аттап ішке кірсе, бұл есікті ішінен тарс жауып алар еді
де, əй-шəйді қойып неке қағазды столға салар еді. К черту, ажырасады.
Иə, ажырасады. Бұдан артыққа төзер жай жоқ. К черту!
Иə, кіжінудей-ақ кіжінді. Бірақ... Сонан не шықты? Кіжінген күйі үйге
келді. Міне, табалдырықтан аттады. Үнсіз томсарып алған екеу ішке
кірді. Жаңа бір бүлікті бастағалы үйге жеткенше шыдамы қалмай
ширығып келсе де, бірақ үйге келгесін бұған бірдеңе көрінді.
Кереуіттің аяқ жағында тұрған орындыққа басын ұстап отыра кетті.
Бəкизат қасыңа кеп еңкейіп бетіңе қарады. Сосын қолын иығыңа сала
бергенде, сен қиқаң етіп, иығыңды тартып алдың.
– Əй, саған не болды?
– Аулақ!..
– Тіпті жазығым жоқ қой...
– Иə, сенде жазық болмайды.
– Не болды, айтшы. Əлде, жаңа қонақта саған ұнамаған бірдеңем
болды ма?
"Көрдің бе, түк білмегендей өп-өтірік мүлəйімсуін".
– Əй, қызғаншағым-ай,– деп Бəкизат кенет сықылықтап күлді.–
Жаңа мені біреуден қызғанған болдың ғой? Ту, қызықсың. Бала
секілдісің.
– Иə, бала қып алдаумен келесің...
– Қойшы. Сондағы қызғанғаның... Тоқ-та, ана... əлгі... əлгі сендердің...
қалай деуші едіңдер? Оған қойған аттарың бар еді ғой? А, я... Қозы
Қарын... Сол ма? Қойшы, сенің кез келгенге қызғанатын осы ит мінезіңақ шаршатып болды.
Бəкизат бұны мойнынан құшақтады да, сықылықтап тұрып қатты
күлді. Түсіңді бермей томсарғаның болмаса, сен бірақ бұл жолы
құшағына тартып, іші-бауырыңа кіріп бара жатқан əйелдің қолын
қаққан жоқсың-ды.
***
Соның ертеңі болар-ау, Бел-Аранның ығында отырған балықшы
ауылда ойда жоқ бір оқиға болған еді. Бұл күнгі ұрпақ тұрсын,
бұлардан бұрын баяғы ата-баба заманында да көк теңізге төр жайған
балықшы елдің тірлігінде болмаған, болмақ түгіл тіпті құлақ есітіп, көз
көрмеген сұмдық оқиға еді ол!
Аралдың басынан бағы қайтты дегенмен бұрын көк теңізге тор
жайғанда ау көзін азын-шоғын балық қағатын. Құрығанда күнделік
қазан қайнататын асымдық балық қағатын. Ал, сол жолы... Иə, сол
жолы бір күн, екі күн емес, қатарынан алты күн ау көзін дені дұрыс
балық түгіл, қылағай шабақ та қақпай қалған еді-ау!
Бағы жанбаса да, сағы сынбайтын сіңір қара жігіттер ерт
сөндіргендей қап-қара боп түтігіп кетті. Рахымсыз қатал тағдырдың
дəл өзімен тайталасып, бермесін тартып алғысы келгендей, олар
келесі бесінші күні тағы да таңмен таласа тұрып ертелете теңізге
шығып еді; кеше жайған қара торды қараған еді: бірақ кешегі, оның
алдындағы күндердей, бұл күні тағы да қара торды күрт шабақ та
қақпаған еді-ау.
Сүйтіп, алты күнді артқа салған жұрт аң-таң. Бұл Арал Арал болғалы,
бұл өңірдің ер-азаматтары қолына бір таяу, қос ескек ұстап, қара
қайықты суға салып, талап қылған арғы-бергі заманда өмірі бастан
кешпеген сұмдық оқиға боп еді, жұрт теңселіп кетті:
– Тəңірге не жаздық?
– Не пиғылымыздан таптық? Кешегі қайғы мен қасіреттен бүгінгі
қайғы, қасірет асып түсіп жатқан бұл не пəле? Не сұмдық?
– Иə, бұл тегін емес, бұнда қандай да бір сыр бар.
– Апырай, бұл теңізге бірдеңе көрінді ғой! Жарықтықтың пиғылы
неге тарылды?
– Теңізге түк те көрінген жоқ,– деді Сары Шая. – Біз Құдайдың
қаһарына ұшырадық. Қой сойып, құдай жолы беру керек.
– Тəйт! Тəйт! Сен сұңқылдаққа не жоқ... Бұл Құдайдың кəрі емес,
балық бір жаққа ауған...
Сол күні сен үйге кеп, дастархан басында үнсіз ас ішіп отырып
əлгінде Сары Шаяға ақырған Көткеншек Көшеннің сөзі ойыңнан
шықпады. Балық бір жаққа ауған деді-ау? Ауғанда қайда ауады? Рас,
алапат аштықта, ақыр заман басына түскенде жан сауғалаған халық
жерін, суын тастап босатын. Жұт болған қуаңшылықта жайылымын
тастап мал, аң ауатын. Ал!.. Ал, бірақ... теңіз тірлігіне сыр-мінез бола
жүргенде, бұл, сірə, балық ауыпты деген сұмдықты есітпеп еді ғой.
Жəне... Жасаған Ие-ау, құрылықтың қақ ортасында, басы, аяғы тұйық
судың балығы ауғанда... бəсе, қайда ауды? Не себепті ауады?
Өтіп бара жатқан өмір-ай!.. Ойлап отырса, оған да алты айдың жүзі
бопты. Теңіз тартылғаннан бері аралдықтар үшін қай жылдың да оңып
тұрғаны шамалы еді. Соның ішінде биылғы жыл, əсіресе биылғы
жылдың кейінгі алты айы адам түгіл атан түйе көтере алмайтын,
бірінен бірі өткен қиындықтарды үйіп-төгіп жіберген еді-ау. "Ə"
дегеннен жыл беті қатты болды. Қыста қар жаумады. Жаз жаңбыр
тамбады. Көктем шығар-шықпаста оңтүстіктен соққан өрттей аптап
ыстық қылтиған қылтанақты күйдіріп жіберді. Осыған дейін де
қатарынан он жыл тамырына ылғал тимей, түбірі қара томарланып
күйіп кеткен жер биылғы қуаңшылықта əсіресе қатты азған-ды. Мал
тұяғы, аң тұяғы тисе де жер бауырынан сары шаң бұрқ ететін. Ал жел
тұрса, аспан мен жер арасы ала қиғаш бұрқырап ала жөнелетін.
Сөйтіп, аптап ыстық аспан астындағы тірліктің апшысын қуырып
тұрғанда, бір күні... Тоқта, сол өзі ау көзін алты күн балық қақпай
қойған оқиғадан кейін болған ба еді? Ел іші енді қайтерін білмей
дағдарып отырғанда ауыл сыртындағы шөбі күйген сары даланың
сонау көз талатын алыс қиясынан бір шөкім шаң бұрқ еткен еді-ау!
Оны біреу көріп, біреу көрмеді. Сəлден соң əлгі шаң əр жерден бұрқбұрқ көтеріліп, қапелімде қарамы үлкейіп, аспан мен жер арасында
сары лай тұтасып бірте-бірте бермен жылжып жақындап келе жатты.
Жақындаған сайын тысыр-тысыр тұяқ дыбысы шықты. Əзір көзге
көрінбесе де, танауына шаң толған əлде бір мақұлықтықтар қайтақайта пысқырады. Шаң тіпті жақындап жылжып келіп қалды. Лайсаң
шаң арасынан тұла бойын сап-сары лайға батырып алғандай қисапсыз
көп түз тағысы қылаң берді. Бəрі де басын жерге салып жіберген. Шаң
астында жоны бұлтылдап жосып келіп қалды. Ай мүйізді теке қара
қорым нөпірдің алдына түсіп жортып келе жатыр екен. Кенет көз
ұшында мөлдіреген көк теңізді көрді ме, əлде көкірегі сезді ме,
жорытып келе жатып, салбырап темен түсіп кеткен басын жерден
көтеріп алды. Селт етіп тұра қалды. Тосын қуаныштан тұла бойы дір
етті. Сосын, түк сезбей, соңында аңтарылып тұрып қалған қара құрым
киікке мойын бұрып, ешкіше маңырады да, тұрған жерінен ырғыпырғып түсті. Ағыза жөнелді. Соңында шаң жұтқан қара құрым азанқазан маңырап, ауыл сыртындағы қара деңді қыруар көп тұяқ
дүбірлетіп жосып ала жөнелді. Ауыл үстінен өткенде алдарынан өре
түрегелген иттерге де қарамады. Аң алып жүрген алымды иттер
аузына іліккенін алып ұрып жатыр. Осы араға ұзақ жолда оты, суын
ала алмай əлсіреп жеткен құралайдың лағын балалар қуалап, қатындар
иінағашпен ұрып алып жатыр. Ауыл үсті абыр-сабыр. Айқай-шу.
Шөлден қаталап өліп бара жатқан киіктер қырылғанына да қараған
жоқ. Тірілері өліктердің үстінен ырғып, балықшылар ауылының бет
алдындағы теңізге ұмар-жұмар, опыр-топыр түйдегімен ағызып келді
де, ащы суға бас қойды. Ащы су іштерін алып түсті. Онсыз да көнін
сүйреткен жануарлар іші-бауыры қатып, инеліктей мықшиды да
қалды.
Қырдан құлаған киіктер сонда да теңізді тастап кетпей, шаңдағы
бұрқыраған сары далада үйір-үйір боп жүріп алды. Қанша жылдан бері
жаңбыр тамбаған қуаңшылық жер бетіне қылтиып көрінген шөп бұл
кезде тастай тікенге айналған-ды. Күні ұзын қылтанақты қуып жүріп
жайылған киіктердің кешке қарай тұмсығы құдды мысық тырнағандай
қан жоса боп қалатын-ды.
Құрсын, айтары жоқ, қырда құстар, түзде киіктер қатты қырылды
ғой. Қара құрттай киік қайда барса да қыбыр-қыбыр тұяқ құдды күл
шашқан баладай жер шаңын бұрқ-бұрқ көтеріп, сары лай ыдырамай
тұтасып тұрып алатын. Көзіне, құлағына шаң кірген киіктер жайылып
жүріп те басын шайқап пысқыра береді.
Теңіз жағасының түні – қапырық. Күні – өрттей ыстық. Жанына сая
таппаған түз тағылары жосып жүр. Күн қызған кезде топырақ қайнап
кетеді. Əсіресе сол кезде тұяқ екеш тұяқ шоқ басқандай шыдатпай,
төрт аяғын кезек көтеріп жаны қыдырып безектеп кетті. Қайсыбірі
қырдың қырбық бұтасын паналап, бүйірін соғып ырс-ырс. Өрттей
ыстықтан өліп бара жатқан киіктер бір кезде лажсыз ауылға тығылды.
Малқораға кірді.
Қара торға қылағай ілікпей, теңізден күдер үзген балықшылар сол
күні үйде жатып алған-ды. Сен де анада Көткеншек Көшеннің аузынан
шыққан жорамалдың жөнін ойлап: "басы-аяғы тұйық теңіз емес пе?
Балық ауғанда қайда ауады?" деп басың қатып жатқан-ды. Сыртта
арсылдаған ит даусы естілді. Жəне қора жақтан шығатын сияқты.
Қолға іліккен таяқты ұстап жүгіріп барса, қарала төбет киіктің текесін
жығып сап талап жатыр екен. Киік тұяқ серпуге шамасы келмей, шаң
жұтқан өкпесі сырылдап дір-дір етеді...
– Жəдігержан, қазан аузы жоғары. Пай-пай, мүйізі қарағайдай теке
екен,– деді əлдеқайдан сап ете қалған Сары Шая. Көңілді. Қиқ-қиқ
күледі. – Жəдігержан-ау, мына киік əншейінде ит-құс салып қуғанда
қолға түспейтін, желмен жарысқан жүйрік аң ғой. Енді "мені соғып
алатын кім бар" дегендей өз аяғынан кеп қораңа кіріп жатыр. Ау,
көктен тілеген ырзық жерден табылып жатса, о да Құдайдың
қарасқаны емес пе? Қашаннан бері тісіңе ет тимей, қызылсырап
жүргенде... Апырай, Құдай беріп қызыл ала қуырдаққа қарық болдықау. Несін айтасың, бұйыртса сен же-мен же болатын болдық қой!
Сен оны тіпті тыңдаған жоқсың. Не деп тұрғанын да білген жоқсың.
Иттің тісінен айырып алған киікті не істеріңді білмей, қиналып
тұрғансың-ды.
– Қазинесі кең Құдай, пендесіне берейін десе ризығы шаш етектен
ғой. Көктен тілегеніңді жерден беріп қораң ешкіге толып шыға
келгенін қайтерсің,– деді де, Сары Шая үйіне кетті. Есіктен кіреркірместе үйді басына көтеріп:
– Уа, қатын, қайдасың? Түр! Қазаныңа су құй! От жақ! Ет, ет деп сенақ құлағымның құртын жеп болып едің. Еттің əкесін енді көресің. Майы
шылқылдаған қызыл қуырдаққа көкірегіңді аздырайын. Ау, қатын,
пышақ қайда?
Бұл күндері Сары Шаяның қолынан пышақ түспеді. Талай киікті
тыпырлатып қор-қор бауыздады. Талай құралайды жерге топ еткізіп
алып ұрып, көзін жаудыратып сойды. Қыза-қыза талай текенің де
терісін сыпырды. Бірақ бəрі көкей жасық. Арық. Текелердің басында
қарағайдай қақырайған мүйіз. Жаз шыққалы оты, суын ала алмаған
киіктердің баурында төрт тұяқ қыбырлағаны болмаса, тұла бойында
тері мен сүйектен басқа тіске ілігер түк жоқ. Көк жасық етті қуырса да,
асса да көне етіктің сірісіндей сағырдаң сіңір. Сары Шая ауызға
іліккеннің өңештен өткенін қалап, азуға салып əрі-бері шайнады да,
жұта алмағасын түкіріп тастады. Сосын табақты теуіп, тұрып кетті:
– Əй, бəсе... Өзім де бұл не қылған батпан құйрық деп едім-ау. Қара
тер боп күн-түн жүргенде бүйіріңді бір шығармайтын Құдай, қызыл
ала етті тектен-тек қайдан үйе салсын.
Ашу буған Сары Шая алау-далау боп сыртқа атып шықты. Киік
қуалап кеткен иттер ауылда жоқ екен, бұған үрмеді. Колхоз
конторының көлеңкесінде қауқылдасып тұрған бір топ кісіге келді.
Киік соғып қайтқан жастардың омырауы қан-қан. Өздері аң қызығына
есіріп алған. Сары Шаяны көріп қуанып кетті. Сары Шая да жымыңдап,
қойнынан кішкентай қобдиша темірін шығара бастады. Жылтырақ
темірді желөкпе жігіттердің əр қайсысына бір тосып, ананы бір,
мынаны бір тыңдады да, ақырында өзі сөйлеп кетті. Өзі де дəл қазір
бір шаруаны тындырып келгенін айтты. Қораға кірген ақбөкеннің ай
мүйізді бір текесін алып ұрып, əп-сəтте бұтарлап сойып, ой, несін
айтасың, қатын-баланы қызыл қуырдаққа іші-сыртын бірдей ғып
сылқитып тойдырдым деді. Сөзімнің шиі шығып қалар-ау деген тұста
сұңқылдап сөйлеп отырып көзін жұмып-жұмып қояды. Жұрт тамсанып
қапты. Соны көрген Сары Шая енді екіленіп кетті:
– Ау, білікті кісілер баяғыда суға сенбе демеді ме. Ал, қане... судан не
опа таптың? Теңіз, əне, тартылды. Балық, əне, алты күн ау көзін қақпай
қойды. Осы ауыл қазан қайнататын соқыр шабақ таппай, тарығып
отырғанда, садағаң кетейін, Құдай, үйір-үйір киікті үйіңе кіргізіп берді.
Қызыл ала етке қарық боп жатсың. Терісі қандай. Қаласаң, қыста
жарғақ шалбар тігіп ки. Тіпті от басына бір қағып салар тулаққа да
жарап жатыр. Ал теке болған текенің арқасына сыймайтын қарағайдай
мүйізін айт! Ойбай, біз мүйіздің қасиетін қайдан білейік. Сүйтсе, үкімет
мүйізден дəрі жасайды екен ғой. Оны кім білген. Ал енді, ондай дəріні
ішкен еркек хе-хе... түнемелікке қарай астымен алысып шығады дейді.
Əй, сен неге күлесің? Күлкісі жоқ, айналайын. Сенбесең өзің ішші.
Айғыр боп азынап шыға келмегеніңді көрейін.
Жастар желігі қозып, көзі ұшқындап барады. Соны байқаған Сары
Шая келесі сөзін тіпті құтыртып, қайдағы жоқты соғып кетті.
– Үлкен қалаларды айтпағанда, сендер өзіміздің мына Арал,
Шалқарға киіктің мүйізін апарыңдаршы... Сəні мен салтанатын
жұрттан асырғысы келген ауқатты үйлердің бикештері алдыңнан
тосып тұратын көрінеді. Ойбай,
Құдай-ау! Көк теңізге көзіңді сатып көк тиын таба алмай, арам тер
болғанша, текенің мүйізін сатып ана қалтаңда будақ-будақ ақша, мына
қалтаңда будақ-будақ ақша, аяғыңды алшаң-алшаң басып жүрмейсің
бе?
Жігіттердің көзі жайнап кетті. Айтса да алты күннен бері тор, тұзақ
түк ілмей, көзі көкшиіп отырғанда өз аяғынан қораға кіріп жатқан
қыруар киіктің мүйізін сатып шаш-етектен пайданың астына қалса
несі кетеді?
Бұлардың тілегіне қарай сол күні қыр жақтан кен іздеген геологтар
келді. Астарында гүжілдеген көк қасқа машина. Сары Шая түз кезген
жігіттерді шай үстінде қот-қоттап оп-оңай көндірді де, күндізгі
аптаптың беті қайтқасын алдын кештете аңға шықты. Жарығы
саулаған машиналар былай шыға бере-ақ ауыл іргесінде үйір-үйір боп
жайылып жүрген киіктерге кездесті. Көнін шаққа көтерген аш, арық
киіктерде қашатын қауқар жоқ. Жəне көзге түртсе көрінбейтін
қараңғыда жан-жағынан жарық саулап гүрілдеп келе жатқан мына
пəлелерді көргенде естері шығып кетті. Бас сауғалап қаша алмай,
үргедек сорлылар аядай жерге топырлап тығыла түсті. Гүжілдеген
ауыр машиналар о жағынан да, бұл жағынан да тиісіп кетті.
Қақтығысқан киіктің қалың тобын омыраумен қағып, домалатып
ұшырып түседі. Ал доңғалақ астына түскен киіктер қаңқасы күтірлеп
жатты. Сары Шаяның қот-қотына есіріп алған жігіттер бұнан кейін
тағы екі күн киік аулауға шықты. Тұла бойында бір шайнам ет жоғына
қарамай, басындағы мүйізіне бола қуып жүріп қырған-ды.
Бұл хабар жеткен бойда сен жүгіріп Сары Шаяға барып едің, Сары
Шая сөзіңді жыр демеді. Көк ала ақша көкейін тескен жастар болсаболмаса да есіріп, ешкімді тыңдайтын сыңайлары жоқ. Бұл күндері екі
кісінің басы қосылса айтатындары: Сары Шая. Киіктің мүйізі. Қаланың
мода құмар қатындары. Көк ала ақша түнде түстеріне кіреді. Аң
қызығына түскендердің алып-қашпа лақабы сенің кісілеріңе де əсерін
тигізе бастады. Алты күн ay көзін соқыр шабақ қақпай салы судан
шыққан кісілер қамыс қоста қабағы түсіп отырған-ды. Үйден алып
шыққан азығы таусылып, біреулер қатқан нанды қытыр-қытыр қажап
отыр еді, қара шал:
– Əй, Жəдігер,– деп дəл құлағының түбінен шаңқ етті.– Кісілерің, əне,
тышқанға айналды. Көресің бе, көз бар ма өзіңде?
– Көшеке... көргенде, қайт дейсің?
– Қайткені сол, ауыңды ал. Қос ескек, бір таяуды, қара қайығыңды
қоса ал. Мына теңізде балық түгіл бақа да жоқ.
– Ау, Көшеке...
– Көшеке... Көшеке деп көлгірсуін бұның. Бұрын Қара шал дедіңдер,
енді қартайған шағымда қатқан нанды қытырлатып қара тышқан
атанар жайым жоқ. Ана Сары Шаяға қос болам. Киік аулайым. Мүйіз
сатам.
Қозы Қарын балық планы орындалмай жатқанда өкіл шаптыратын
əдеті. Қара шал кететін күні бұларға қаладан өкіл келді. Бұрын бұларға
тəшірейген шертік қара келетін. Ол осы ыстықта қара костюм киіп,
қара галстук тағып жəне оны тоқпақтай ғып дəл тамағының астына
қылғындыра байлап алып: "ал, бауырым, балық қайда, балық?"– деп
келмей жатып төс сүйегі қайқайып тұрып алушы еді. Бұл жолы басқа
өкіл... Басқа болғанда, анада Аралда қонақта бірге болатын бурыл бас.
Байпаң-байпаң басады. Бас сұқпай жатып барқырап амандасады.
Қамыс қоста басы салбырап түсіп кеткен үнсіз кісілердің бетінен
бірдеңе іздегендей жағалай қарап шығады. Сосын "апырау, ə?"– деп
таңданып тұрады да, қолында бұлғақтаған портфелді босаға жаққа
былқ еткізіп тастай сап, тағы да байпаң-байпаң басып, бұның жанына
отыра кетті.
– Ауылдарыңда киік қойдай өреді ғой. Черт знает что?!.
Бұл үндемеді. Бурыл бас өкіл біраз үндемей отырып:
– Құдайдың күні қайнап кетті. Аламат. Шөп жоқ. Су жоқ, черт знает
что...– деді.
Сенде үн жоқ. Бурыл бас терін сүртті. Омырауын желпіді.
– Сорлылар, шөп жоқ, су жоқ, қырылып қалады-ау. Апыр-ай, ə? Черт
знает что...– деп, бурыл бас алақ-жүлақ бұған қарады. Сен бұл жолы да
үндемедің.
– Сендерге кеше келуім керек еді. Жолға шығарда ана шаруа, мына
шаруа, шайтан-жын толып кеткені. Шыға алмадым. Мына киіктер...
апыр-ай, ə?– деп, əлі де түсіңді бермей тұнжырап отырған саған
қарағанда көзі үрейлене ашылып аңырып қалды.
Бұрыл бас өкіл қамыс қостың іргесіне жайғасты. Сонан ол
балықшылармен талай таңды бірге атырып, талай күнді бірге
батырды. Балықшылармен бірге теңізге шықты. Соқыр шабақ ұстай
алмай сілесі құрып, үсті-басынан су сорғалап қайтқан кісілердің
арасында, қазан көтермеген көңілсіз қоста жуан портфелін басына
жастанып, үй төбесіне қарап үнсіз жатады да, кенет басын шұғыл
көтеріп алады.
– Шайтан-жын; черт знает что. Апыр-ай ə?– деп аңғалақ көзін əлде
бір үрейге толтырып, алақ-жұлақ қарап аңтарылып отырғаны.
***
Кісі жамандықты көре-көре ығыр болғанда жақсылық аңсайтын
əдеті ғой. Сен балалар оқу бітірген күнді қайта-қайта есіңе түсіріп
тұрсың. Ұмытпаса, бурыл бас өкіл келетін күннің ертеңі ме еді? Сол
күні бұл ауылдың кісілері иығы жарқырап киінген еді-ау! Қызыл-ала
киінген кəрі-жас клубқа жиналған еді. Жиын ішінде бала жетелеген
қатындар, қойнына бөтелке тыққан бозбалалар да бар. Азан-қазан, у-ду
аз дегендей клубтың маңдайына ілген даңғаза радио даланы басына
көтеріп жатыр. Қуанышты күндерде де құпиясыз жүрмейтін қыздар
жиын арасынан екеу-екеу, үшеу-үшеуден жырылып шығып оңашалана
береді. Aт көпір жиын қызыл мата жапқан кішкентай столдың алдында
иін тіресіп тұр. Столдың аржағында мектеп директоры. Бір жағында
завуч ағай. Екінші жағында пионер вожатый апай.
Директордың қолында оқу жылының қорытындысы. Жұрт соның
аузына қарап арбалып қалған. Кімнің баласы қалай бітіргенін
есіттіргенде жым-жырт боп тұрған жұрт шу ете қалады. Ду қол соғады.
Құдды тай жарысын қызықтап, дуылдасып жатқан думандай.
Жазатайым баласына мақтау тиген ата-ананы ортаға алып:
"Қуанышыңды жу! Бұнда шабылмағанда, сорлы, су кешіп қызыл сирақ
боп тапқан бес-он тиыныңды соңыра басыңа қоясың ба?"– деп
қауқылдасып жатқандары.
Сол күні шуылдақтар бұны да жүндеген түйедей қылған-ды.
Қызыңды үйге иығыңа мінгізіп əкеле жатып, жолшыбай:
– Сен бүгін патшасың. Папасына ақ патша. Ақ патшам менің,– деп
жынды кісіше сөйлеп келе жатқансыңды. Иығында отырған ақ патша
өткен-кеткеннің бəрінен қысылып: "Айтпа, үндеме",– деп аузыңды
басады. Көрші үйдің терезесінде тəмпіш танауы əйнекке жабысып
қалған тентек қара тілін шығарып еді, онсыз да əке иығында əзір
отырған ақ патша ұялып қап, қыңқ етті. Жерге дік етіп секіріп түсіп,
артына қарамай құлдырап жүгіре жөнелді.
– Айналайын... Ақ патшам менің!
Осылай жүрегің елжіреп тұрғанда, кенет кеуде толы қуанышқа бір
мұздай күдік жыланша ирелеңдеп кіріп бара жатты. Жаңа қызын
мақтағанның бəрі "Еңбек сүйгіш" деді-ау? "Ынталы" деді. "ЬІждағатты"
деді. Жарайды, десін. Солай болса, солай шығар. Бірақ... өмір жолына
түскен əр адам тірлікте ылғи өз теңінің алды боп озықтар мен озаттар
арасында жұлдызы жарқырап, ылғи жүлдені жеңіп алу үшін əлгі
қызына таққан үш қасиет жете ме? Адам еңбек сүйгіш болса, ынталы
болса, ыждағатты болса, сонда қойны-қонышың əлгіндей сары ала
мақтау қағаз бола ма?
Бұл ойланып тұр. Басын шайқады. Əй қайдам. Қайдам. Дүние тек
соған тіреліп тұрса, əлгі құрғыр үшеудің үшеуі де бұның да өз бойынан
табылатын сияқты еді ғой.
Кіп-кішкентай қуаныштың да бұйырмағанын қараш. Көңілден
семіретін кісіні қашан да сол көңіл ғой жүдететін. Кіп-кішкентай
қуаныштың да осылай шырқы бұзылып, ғазиз бас тағы да көк соқта
толқынға түскен қайықтай былғақтады да қалды. Күн кешкіріп қамыс
қостың іші қара көлеңкелене бастады. Сен төсегіңді бурыл бас өкілдің
қасына тақастырып салдың. Бүгін тағы қазан көтермеген қоста ауыр
үнсіздік бар. Теңіз үстінің есірік желі күн батар алдында басылған-ды.
Тек іргеде ұлы теңіз ыңыранады. Өксік толқын əлі де болса солығын
баса алмай, жағаға жалп-жалп жығылып жатыр. Қараңғы қос ішінде əр
жерден қорыл шыға бастады. Бір кезде сені бүйіріңнен бурыл бас
өкілдің шынтағы ақырын түртті:
– Ояусың ба?
– Иə...
– Ояу екеніңді біліп едім. Бізден ұйқы қашқалы қай заман.
Өкіл басын көтерді. Темекі тұтатты. Құнығып бір-екі сора түсті де,
ащы түтінге шашалып əпі-шəпісі шықты. Сосын сенің қасыңа кеп
қатарласып отырды. Өрге қарай жүргендей ентігіп өкпесі сыр-сыр
етеді.
– Бала, осы сен үйде айналмадың ғой?
Аралда қонақта болғанда осы бурыл бас Қозы Қарынның аузынан
не шықса соны қостап, жынына тиіп болып еді. Соған қарап: "Сенің де
шамаң белгілі болды. Бастыққа бас шұлғығаннан басқа білерің жоқ
бишара бопсың ғой",– деп ойлаған-ды. Сүйтсе, бұның да өз қасіреті
өзіне жететін сияқты.
– Балалар көп пе?
– Жетеді. Жеңгең жұмыс істемеген кісі. Жас кезімізде қайдан білейік,
төбесі көрінген қара шұнақтарды қызық көріп, жеңгең екеуміз балапан
басып шығарған тауықтай қыза-қыза келгенде сол шіркіндердің екі
түсінен де егіздетіп жіберіппіз. Шүкір, ұл да, қыз да жетеді. Ұлды ұяға,
қызды қияға қондырдық. Бірақ осы күнгі балалар баяғының енесін
сіргесімен қуалап жүріп еметін баспағы секілді... Е, Құдай əлі күнге
бізге ауыз ашады.
– Солай деңіз?
– Ойбай, сұрама. Шайтан-жын... черт знает что...
Екеуі біраз үнсіз отырды. Қатты ұйқтаған кісілер қамыс қосты
басына көтеріп дүр-дүр етеді. Əлдебіреу бастығырылды ма, бырқырап,
булығып жатты да оянып кетті. "Құдай біледі, осы шофер бала боларау",– деп ойлады.
– Иə, Жəдігержан, баласы жоқтың қайғысы – біреу, баласы барда –
мың қайғы. Шайтан-жын, черт знает что.
Сүйдеді де, бурыл бас өкіл төсегіне қисайды. Жастыққа басы тие
бере күбірлеп: "Апыр-ай, ə?.. Черт знает что",– деді. Ұйықтай
алмасыңды білгесін, сен жадағайыңды иығыңа ілдің де, сыртқа
шықтың. Қос маңынан қырға таман ұзап бардың. Дала тас қараңғы.
Күндіз көз алдында қаңқиып тұратын Қаражар мен Бел-Аран қазір
көрінбеді. Күндізгі жынды жел сап бопты. Теңіз беті түн астында
түксиеді. Сол жақтан салқын леп білінді. Қосқа қайтқың келді. Бурыл
бас "апыр-ай, ə? Черт знает что..." деп өзінен басқа ешкім білмейтін
ішіндегі бір сұраққа үнемі жауап іздеп, ұйықтай алмай жатқанын
білдің.
***
Сол күннің ертеңіне бурыл бас өкілді қонаққа шақырып жібергің кеп
үйге келсең, Бəкизат сені шыдамсыздана тосып отыр екен:
– Келгенің жақсы болды. Сөйлесетін шаруа бар,– деді ол. Иініне іле
салған атылас халаттың түймелерін əлі салып үлгермеген екен. Екі
жағына айқара ашылып кеткен омырауының аржағынан албыраған
аппақ төсіне қарадың да жанарыңды ала алмай арбалып тұрып
калғансың-ды.– Естимісің? Шаруам бар деп тұрмын ғой.
Сен көзіңді тайдырып əкеттің:
– Айта бер!
Бəкизат халаттың өңірін қымтап жатып, сенің əлі де болса
қыңыратқып көзіңді алып қашып тұрған түріңе қарап ақырын езу
тартты; сосын шаруасын айтты. Бұрын бұған бірге дем алайық деп
ешқашан тілінің ұшына алған емес-ті. Осы жолы жатты да жабысты:
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 14
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654