Latin

Соңғы парыз - 32

Total number of words is 4305
Total number of unique words is 2261
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
машиналы біреу-міреуді көрсе зытып, жанын ала қашады.
Барса-Келместе əлі де үш-төрт үйдің ізі бар. Жастар жағы жұмыс
іздеп, əлдеқашан аралды тастап кеткен. Ендігі қалғандар туған жердің
топырағы қашан бұйырады деп күнін санап отырған өңшең кемпіршал. Бұрын заповедник барда бұл аралға аспан астындағы ел-жұрттан
ағылып келіп жататын сан-сапалақ туристер, ғалымдар сап боп
тиылғалы қай заман. Əдетте тосын құлақ есіткенде дір ететін аралдың
аты да ұмытылып барады. Əзір, əйтеуір ертеден қалған бір əдемі аңыз
ел есінде: оны да кейінгі жас ұрпақтың бірі біліп, бірі білмейді. Қатынбалаға күнделік ас тауып бере алмай, тартылған теңіздің ылай суынан
шабақ аулап, қызыл тобық боп жүрген бишаралар бір кезде аты аңызға
айналған Барса-Келместің əне бір дəуірлеп тұрған бақты, базарлы
шақтағы құты мен киесін қайтсын. Қазіргі кісілердің қаперіне кіріп
шықпайтын сол анау ата-бабалар өткен ерте-ерте ертеде осы өңірді
мекендеген бір тайпа халықтың теңіз ортасындағы аралға барып жан
сақтап қалғаны кімнің есінде дейсің.
Иə, аңыздың аты аңыз. Рас-өтірігін кім білген: бірақ кешегі өткен
қариялардың айтқанына сенсең, бағзы заманда адам айтса нанғысыз
ғаламат жұт болыпты деседі. Ондай жұтты бұрын-соңды бұл өңір, сірə,
көрмепті деседі. Жұт болуға көрінген бе, сол жылы қыс дағдылы
мерзімнен ерте түсіпті. Күн ерте суытыпты. Қар ерте жауыпты. Араға
күн салмай бір апта жауған қар жер дүниені ақ кебінге орағандай
басып сапты деседі. Түнде жатқан адамдар ертеңіне сыртқа шыға
алмай кісі бойы қар астында қапты. Алланың əмірімен күн күнге, түн
түнге ұласып жауған сол ғаламат қар əрі-берідесін нар қамыстардың
басынан асыпты-ау. Теңіз өңірін жайлаған елдің ер-азаматтары қар
астынан сыртқа тесіп шығыпты да, өзара ақылдасып бір пəтуаға
келіпті. Ертеде ел тізгінін ұстаса да, бұл кезде күлге шөккен кəрі
бурадай пеш түбінде отырып қалған жүзден асқан қарияға барып ақыл
сұрапты деседі. Сонда қария күрсініп, бауырына түскен басын изеп
отырып: "білем, білем ғой, ақырзаман бастарыңа түсіп, белің қайысып
тұр-ау, балаларым. Сорлы қазақ сұм өмірді шетке шығарған өгей
баласындай ылғи да осылай тасбауыр тағдырдың қаталдығы мен
қатыгездігін басынан кешіп, соңғы қайғысы бұрынғы қайғысынан
асып түседі де жатады. Алланың жазуы сол болса, амал қайсы. Шараң
қане",– деп тағы бір күрсініпті де, сосын ақ таяғын аспандата жоғары
көтеріп теңіз бетті сілтеп,– "өзім көргем жоқ, бірақ бала кезімде
əкемнің арғы ұлы атасы айтқанын есітіп едім. Сол жарықтықтың
айтқаны рас болса, таяғымның ұшы сілтеп тұрған осынау тұста, теңіз
ортасында үлкен арал бар",– депті қария. Көптен бері жұрт алдына
шығып жақ ашпаған қария аз ғана сөйлегенді де ауырлап, екі иінінен
ентіге дем алып отырыпты да, əңгімесін ары жалғап,– ол жарықтық
теңіз ортасындағы аралды өзі көрді ме, əлде басқа біреуден есітті ме,
кім білсін. Əйтеуір соның айтуына қарағанда сол аралдың суы шəрбат,
жағасы жаннат көрінеді. Бұрын арал мен қара жердің арасы қыста
қатпай қара су шалқып жатыпты деседі. Биылғы қыстың түрі жаман
болды ғой. Теңіз қатқан болар. Халқыма айтарым – кеудесінде жаны
бар – кəрің бол, жасың бол – сол аралға жет! Жан сақтасаң – сонда
барып жан сақтайсыңдар",– депті қария.
Көпті көрген көненің сөзін құп алған халық таяқ ұшы сілтеген жаққа
маңдай түзепті. Аш, арық жандар қалың қарды толарсақтап кешіп, бір
жығылып, бір тұрып күн жүріп, түн жүріп, əлсіздері ере алмай жол
бойы өлгені өліп, тірілері сүлдерін сүйретіп қария айтқан аралға
жетіпті-ау! Қария айтса айтқандай бұл өзі жұмыр жер жаралғалы
қанаттыда – құс, аяқтыда – аң болмаса, адам аяғы баспаған ұжмақ десе
– ұжмақ екен. Шөбі – қау екен. Суы – шəрбат екен. Бұта-бұтаның түбі ұя
басып, бауырынан балапан ұшырған құс екен. Аңдары да, құстары да
қауіп-қатер қаперіне кірмей бейқам өмір кешкен екен дейді.
Араларында тісті, тырнақты жыртқыш болмағасын қара жердегідей,
күштілері əлсіздерін тыпырлатып талап жейтін сұмдықты көріпбілмепті деседі. Олар тек қыстың көзі қырауда əлдеқайдан сүлдерін
сүйретіп келген мына бір өздерінен түрі, түсі бөлек, өздері сияқты төрт
аяқпен бауырынан басып жүрмей, қос аяқтап басы қақшақтап жүретін
мақұлықтарға таңданса таңданған шығар, тек жатсынып қашпапты. Екі
аяқтылардың құлқын білмейтін аңдар өздері сияқты оларды да жан
біткенге зəбірсіз көрсе керек, құралайын қасына ерткен қарақұйрық,
ақбөкендер өздері іздеп келіпті. Көнін көтерген аш, арық екі
аяқтылардың қасына қатарласып тоқтапты да, қап-қара көзі жаудырап
аяй қарапты деседі. Сосын адам танысқанда бір-бірімен тілдессе, ал
аңдар əуелі бірін-бірі иіскелеп алатын əдет емес пе, екі аяқтылардың
қасына келіп мойнын созып, қолын иіскелей бастағаны сол екен
дейді... Құрысын, адам шіркіннің оңған кезі болған ба, ол Заманның
адамдары да осы күнгі екі аяқтылар сияқты əлгі қаннен-қаперсіз аңқау,
момын бишараларды шап беріп ұстап құралайын құралайдай, киігін
киіктей тыпырлатып сойып, шикілі-пісілі жей бастапты. Ал қырғауыл
дегендер күл басында қытқыттаған асыранды тауық секілді, керек
кезде мойнын бір бұрап қазанға бүлк еткізіп асып жесең де, жүнін
шала-мұла жұлып, қызыл шоққа қарып жесең де еркің. Несін айтасың,
рахат! Ұжмақ! Мал бағудың, қара жерге қолдан егіп, дəн өсірудің қажеті
жоқ. Күнде-күнде тегін етке керелеп тойып аласың да, күнсіген
басыңды əлдебір қауқиған бұтаның бауырындағы алақандай көлеңкеге
паналап шалжиып жатып аласың.
Қызыл қуырдаққа күнде-күнде керелеп тойып, қызара бөрітіп алған
кісілердің, ой несін айтасың, бұл шақта қағанағы қарық, сағанағы сарқ.
Кешегі күннің қиындығы қаперінен шығып кеткен. Күні кеше қорада
тұрып қырылған мал-жандарын қапелімде ұмытып, өздері құдды айтайттап, той-тойлап жүргендей, үйден-үйге қыдырып таң атырып, күн
батырып жүргенде, кенет күн жылынып, мұз бұзылып қара жер мен
екі араға су түсіп кетіпті. Ол заманда əлі қайық жасап үйренбесе керек.
Не істерін білмей, сасқалақтап есі шыққан кісілер олай жүгіріп, бұлай
жүріп, əбден айла-амал таусылғасын, тағдырдың салғанына көніп
кешегі жұт жылы келіп қалған бір тайпа ел қара жермен қатынас
үзіліп, осы аралда мəңгі бақи хабар-ошарсыз қалып қойыпты деседі.
Рас болса, рас шығар, содан бері, əйтеуір арал Барса Келмес
атаныпты деп жүр ғой. Балықшы елдің бір сырын білсе, бір сырын
білмейтін былайғы халық осы аралды айтса атынан қаралай қорқып,
иманы ұшып кетеді.
Бұның бəрін ұшқыш жігіт біледі. Қай заманнан бері ел есінде
ескірмей, атадан-балаға айтылып келген мына əдемі хикаяны ол бала
кезде үлкендерден есіткен-ді. Кейін өзі айтатын болды. Кімге айтса да,
жұрттың имандай ұйып тыңдағаны əсер ете ме, əйтеуір, өзі де осы
аңыздың ақиқат шындығына шүбə келтірген емес. Бұл жігіт өзін де сол
анау ерте ертеде малы, жаны қырылған ғаламат жұтта қатын-баласын
шұбыртып баруын барса да, бірақ кері қайта алмай аралдан қалып
қоятын жандардың бірі болмаса бірінен тараған үрім-бұтақ екеніне де
күмəнданған емес-ті.
Теңіз тартылғалы Барса Келмес Құдайға да, адамға да керегі жоқ қу
далаға айналып, тірлік ізі өшіп барады. Бұрынғы үйлер қираған. Бүкіл
аралда əзір қам кесектен соққан үш-төрт үй қалқияды. Олар да күн
сайын іргесін топырақ басып, қара жерге белбуарлап кіріп барады. Үй
маңынан тірлік нышан сезілмейді. Тек күндіз-түн азынаған жел мен
аппақ ақ сор шаңдатып борайтын да тұратын аралдың аспанын екі ай,
үш айда бір тітіретіп оқыс дүріл шығады. Қатты дүрілден əзер-əзер
құламай тұрған əлгі үш-төрт тамның соқыр терезесінде сына-сына бұл
күнде қырық құрауға айналған əйнектер шалдырап, қабырғалар
шайқалып кетеді. Жарбиған үйлердің тарс жабық есіктері ақырын
ашылып, аржағынан қос қолдап таяққа жабысқан өлмелі кемпір,
шалдар қалт-құлттап шығады. Бұлар бір кезде ұшқыш жігіттің əкешешесі мен бірге осы дүниенің ащы-тұщысын бірге татқан жандар.
Қазір қатары кеткен, тірі қалғандар да ілгергі күннен ештеңе күтпейді;
тек мына адыра қалғыр туған жердің топырағын қимай, сағатын санап
отыр; ұшқыш жігіт алақан жайып жүріп бензин тауып, екі ай, үш айда
жеткізіп беретін қант, шайды тірлікке талшық қып жан созып келеді...
Қазір де ұшқыш жігіттің есіл-дерті қара жерге жетіп, майын
толтырып алғасын ізінше қайта оралмақ. Оған дейін ығып бара жатқан
əлгі сең де алдында жолын кеселеп тұрған Барса Келмеске тұмсық
тіреуге тиіс-ті. Ол тек кеше ыққан үш кісінің бірі қайда кеткенін
білмей, ақылы дал боп ойланып қала берді; оны əсіресе дал қылған –
мұзда ығып бара жатқан екеудің бірі – əйел; əйел бұл көргенде көк
мұзда өлі-тірісі белгісіз, қол-аяғы серейіп жатқан кісінің басын сүйеп
отырған-ды; бұл жоғарыдан бір бума затты тастай сала қайқаң етіп
қайта көтеріліп бара жатып артына бұрылғанда, əйел орнынан асығыс
тұра сала самолеттен тастаған затқа жүгіріп барады екен.
Ұшқыш бұған тіпті аң-таң. Кеше ауыл алдынан ыққан үшеудің
ішіндегі əлсізі аман қалып, ал қиын жағдайда қайрат қылар екі бірдей
қарулы еркектің... "Апырай, ə... бұл қалай? Бұны қалай түсінуге
болады?"
***
Бəкизат кəдімгідей дағдарып тұр. Ақ киізге ораған бір бума затты үй
аумағындай мұздың ана басында жатқан Жəдігерге апарғысы кеп əрібері əурелеп көріп еді; бірақ оған шамасы келмеді. Киіздің сыртындағы
байлаған кендір жіпті де шеше алмады. Қолы илікпей, буындары
бартиып ісіп кеткен. Əсіресе, сексеуілдің шырпысындай секейіпсекейіп тұрған саусақтарды бір-бірлеп үрлеп еді; бірақ іштен шыққан
демнен жылы нышан сезілмеді. Тырнақтардың асты қарайып, терісі
күлдіреп кеткен ебедейсіз қолмен ештеңені дендеп ұстай алмады; қыл
арқанға қолы сəл тисе де үсіген саусақтар құдды шоққа тигендей удай
ашып, тызылдап ала жөнеліп тұр. Ондайда Бəкизат ыршып түсіп, жаны
шыға қан қақсап бара жатқан саусақтарын сілкілеп қалады. Осыдан
кейін беттемей, екі қолын екі қолтығына тығып дір-дір етіп тұрды да,
басқа амал қалмағасын арқанды тісімен əурелеп еді; күрмеу босаған
сияқтанды; азырақ дем алғасын арқанға еңкейіп ұмтыла бергенде басы
айналып, маңдайын мұзға соғатындай етбеттеп құлап бара жатқанда,
жан-дəрмен қам жасап қол таянып қалды.Киіздің орауын жазып еді;
ішінен көрпе шықты. Көрпенің арасынан ыстық сорпа құйған
пластмасса құты шықты. Қызуын бойында сақтап, қыж-қыж қайнап
тұрған құты қолына тигенде қуанғаны, əлде күлгені белгісіз, бет алабы
бір түрлі ұйқы-тұйқы болды: "О, Жаасаған!"–деді "Ққұдіретті ккүшті
Ққұдай!.. Ттəңірім!..",– деді. Əйелдің адам сиқы қалмаған бет алабы –
маңдайы, мұрны, əсіресе, шыт-шыт жарылған ерні құдды ошаққа құлап
отқа күйгендей қара қошқылданып, ажар-əлпеті мүлде бұзылып
кеткен-ді. Соған қарамастан тобарсып қиыспай тұрған ерні күлкі
шақырғандай əнтек ыржиып, аузынан шыққан əлгі ырзалық сөзбен
қабаттаса, жарыса келіп қалған жас тамағында түр; мұрынын жеңімен
сүртіп, үсті-үстіне тартқылап қояды. "Жаарратушы ием, көзз
жжаасымыз ссааған да жеткен ееккен ғоойй. Ттек құдіретіңнен
айналайын Ққұ-ұдай... аана ссорлыға рахымыңды ттүсірсең еді..."
Бəкизат танауын үсті-үстіне тартқылап, иегі кемсеңдеп кетті;
қалшылдап ұшып бара жатқан денесін аяғы əзер көтеріп тұр. Көк
тайғақ мұзды байқап көргісі келгендей, əуелі аяғының ұшымен
абайлап бір басты; келесіде аяғын тіпті əзер қозғап тағы бір басты ма,
жоқ па, қалт тоқтады; басы айналатын сияқты; қолына, аяғына кірген
діріл тұла бойынан əл-дəрменін əкетіп бара жатқан сияқтанғасын
тоқтаған жеріне тізе бүкті; бауырын қысып алған құты көкірегін қыжқыж қайнатып барады; ауадан ыстық астың иісі келді; тəн мен жан дəл
қазіргідей титықтап тұрғанда ас исін сезген қандай рахат! Бəкизат
өзінің бұрын-соң ыстық асқа дəл осыншалық аңсары ауып, исіне
еліткен кезін білмейтін сияқты.
"Ыстық ас ішсе, бəлкім... бəлкім ес жияр ма еді? Иə... иə, əл жияр еді
ғой",– деді Бəкизат; кенет асығып, орнынан атып тұрғысы келді; бірақ
асыққанның əлегі ме, əлде кенеттен киліккен қуаныш шыныменен əлдəрменін əкетті ме? Сүйтті... сүйтті-ау, сірə... əйтеуір қол-аяғы əлгіден
де гөрі қалтырап, екі ұмтылғанда аяғына əзер мінді; сол бойда екі
өкпесін қолына алып дедектеп жүгіре жөнелгісі келді; шыныменен
жүгіре жөнелетіндей кеудесі кəдімгідей құс қанаттанып кетсе де, бірақ,
не көрінгенін қайдам, жеме-жемге келгенде аяғы құрғыр алып ұшқан
көңілге ілесе алмай, əлтерпеш-тəлтерпеш бір басты. Екі басты.
Үшіншіде қараптан қарап əлі құрып, тілерсегі майысып бара жатқасын
жалма-жан жеткен жеріне тұра қалды.
Бұған, сірə, бірдеңе көрінді; бұл тап жаңа да дəл бұншалық еместұғын; соған түсіне алмай ақылы дал боп тұрды да, қайта жүрді; жоқ,
жүргісі келді; жүрер алдында əуелі аяқ жолын байқап алғысы кеп,
көзін ілгері жүгірткенде иманы ұшып кетті; түндегі қара дауылдан
кейін қардан арылып, ырсиып жатқан жап-жалтыр жалаңаш мұздан
табаны сəл ажыраса тайып жығылатындай, аяқ-қолы дірілдеп
қозғалуға қорқып тұр; небəрі үй аумағындай сеңнің ана басында
əлгінде өзі ішікке орап кеткен жерде тырп етпей жатқан Жəдігерге
жету арман боп тур. Егер, бұл қазір дегені болып Жəдігерге жетсе, басаяғын көрпеге орап, ыстық сорпа берер еді-ау... сонда, кім біледі, əл
жияр ма еді? Иə, шықпаған жаннан дəме бар; əрине қол-аяғы үсіді ғой;
əсіресе, жарыққа тығып алған аяғы келе болмайтын шығар? Мейлі!
Келешекте екі аяғын жуан саннан кесіп тастаса да мейлі; тек, шыбын
жаны аман қалса екен. Осыдан Құдай жар болып, жалғыздың жаны
аман қалса, елге аман-сау жетсе... е, онда бұ да азаматын алақанға
салып балаша мəпелеп бағар еді ғой. "Иə, бағар едім-ау?"– деді Бəкизат.
Есіне баяғыда бұлар астанада оқып жүргенде көрген ала көз, бұйра
бас еркек түсті. Сол күні... тоқта, сол күні не боп еді? Əзім екеуі бір
жаққа баратын боп аялдамада трамвай тосып тұрған екен-ау. Сол өзі
көктем бе, жаз ба, əйтеуір аспан ашық еді; күн қандай тамаша еді! Екеуі
көңілді еді. Серуенге шыққан ығы-жығы халық та көңілді еді. Əзімнің
күлдіргі бірдеңелерді айтып, сықылықтап қоятын əдеті. Сол жолы да
біреуді (Жəдігер болса да өзі білсін) сыртынан сықақтап байғұстың
аузын, мұрнын əр саққа жүгіртіп тұрған-ды. Кенет əлдене бұлардың ту
сыртынан тас көшені тоқылдатып келіп қалды. Аялдамада тұрған
жұрт жалт қарады. Бəкизат та солармен бірге елең етсе де, бірақ
қылжақ жігіттің қызық əңгімесіне ішек-сілесі қатып сықылықтап
тұрып көңіл аудара қоймады. Тек аялдамада тұрған жұрт əлгіден кейін
демін жұтып тым-тырыс бола қалғасын Бəкизат тосын дыбыс шыққан
жаққа назар аударып еді; көзі түсер-түспесте күлкісі тиыла қалды.
Басқалар сияқты бұның да түсі демде құп-қу боп кетті. Дереу бірдеңеге
сүйенбесе құлайтындай қорқып, айналасын қармап, қасында тұрған
жігіттің қолынан ұстай алды.
– Бəтіш... Ой, саған не болды?
Не болғанын біле қойған жоқ, тек жұртпен бірге жапырыла кейін
ығысып, əлдекімге жол бере берді. Əзім бұлардың бұлайша неге түсі
қашып, тіл-жағынан айырылып қалғанына қайран. Бірақ сұрауға бата
алмағасын араларынан екі жарылып жол беріп тұрған мына кісілердің
назары ауған жаққа бұрыла бере аяғының астына еңкейіп еді. Сүйтсе...
е, Құдай, бəрінің есі шыққаны мынау екен ғой; аяғын ілбіп басқан ұзын
бойлы, ақсары келіншектің дəл сирағының деңгейінде жуан саннан
төменгі жағы қырқылған бұйра бас, ала кез біреу келідей кеудесін
сүйретіп қапты. Екі қолымен тас қып қысып алған əне бір балшық
сылайтын қалақшадай тақтайшамен тас көшені тағалы аттай
тарсылдатып, келідей кеудесін құдды көл бақадай ырғытып,
құйрығымен жер сабалап келеді екен.
Əзім қызды бүйірінен түртіп қалды:
– Сен бұны соғыстың мүгедегі деп тұрсың ба? Мен білсем, бұл...
– Перестань!
– Жоқ, шын айтам. Мен білсем, бұл сабаз мас боп трамвайдың
астына...
Аузын құлағыңа тақап əкеле берген қылжақбас жігітті жек көргенің
сонша, кеудеден қатты нұқып ары итеріп жібердің де, ала көз, бұйра
басқа кісілердің тасасынан көз тастадың. Айтпасаң да, аржағыңда
"трамвайға қалай мінер екен?" деген ой тұрған-ды. Ақсары келіншек
соны аңғарғандай: "Басқа түссе, біз бейбақ не істемейміз. Көре қал
қалай мінгенімізді",– дегендей шұғыл еңкейіп, баспалдақтың алдында
құйрығымен шаншылып отырған келідей еркекті жерден кеуделеп
көтеріп алды да, трамвайға бір-ақ ырғыды...
Сонан бері қанша жыл: бұл институт бітірді; күйеуге шықты; екі
балаға ана болды; бірақ араға жыл түссе де сондағы ақсары келіншекті
ақи-тақи ұмыта алмады; түнде түсіне кірді; түсінде ылғи мүсіркеп аяп
жүреді; сорлыны мүгедек еркекке бауырын жабыстырып, теліп қойған
құдірет күштің сырына түсінбей, ылғи басы ауырып быт-шыт боп
оянатын.
Енді, міне... көз бен көңілден алыстай бастаған сол ақсары келіншек
есіне қайта түсті; бұл жолы бірақ оны баяғыдай аяп тұрған жоқ; оны
мүгедек еркекке бауырын жабыстырып теліп қойған құдірет күштің
сырын ойлап, басын қатырып тұрған жоқ-ты, үйткені ақ сары
келіншекпен бұл қазір тағдырлас, мұңдас. Жəдігер де аяғын суыққа
алдырып, бұйра бас, ала көз еркекше келідей кеудесін сүйретіп
қаларын білді; бірақ оған қиналған жоқ; есіл-дерті Жəдігерге тезірек
жетіп, көрпеге орап, ыстық сорпа ішкізсем деп ойлап еді; оған, бірақ,
көрмейсің бе... қол-аяғы қалшылдап əкетіп барады; тұрған жерінен
қозғалса құлайтындай қорқып, көк тайғақ мұздан табанын жаза алмай
тұр. Соған өзі түсіне алмады. Бұл не тұрыс. Бұл жаңа ғана тайғанақтап,
сүрініп-қабынып келе жатқан жоқ па еді? Жаңа ғана жаны, тəні бір
кісінің үстінде болып, үйде қалған жас балаға асыққан анадай айналып-
толғанып келе жатқаны қайда? "Тек кеудесінде шыбын жаны аман
қалса екен",– деп келе жатыр еді ғой? Осыдан жаның аман қалса,
соңыра мен де сені өле-өлгенше мəпелеп бағар едім; анадағы ақсары
келіншектей мен де сені көлікке өзім көтеріп мінгізер едім деп өзінеөзі ант еткендей, екі өкпесін қолына алып емпелеңдеп келе жатыр еді.
"Мəпелеп бағам" деп еді ғой? Иə, деді. Деп еді. Əлде сол түс пе? Егер түс
болса, қаскөй біреу түсін аяқтатпай оятып жіберді ме? Сосын бұл өзінеөзі келе алмай есеңгіреп отырмаса не қылсын? Қанша уақыт өткенін
білген жоқ, осыған дейін көз алдын көлкештеп тұрған кіреукенің етегі
ыдыраған сияқты ма, қалай? Сəптіреп шатаса бастаған сана қайта
оралып, есін жиғандай болғасын жан-жағына абайлап қараса, бұл əлгі
бағанағы бір орыннан тапжылмай тур екен; қалтырап əкетіп бара
жатқан аяқтан əл кеткен; буынын баса алатын емес, не ғып құламай
тұрғанына таңғалды.
Əлі де болса жалтыраған мұздан жүрексініп тұрды да, аяғын
абайлап бір басып, екі басып ақырын-ақырындап жүріп кетті; бауырын
жаза алмай бүгежектеп келеді; жақсысы, əйтеуір, бір орында тұрған
жоқ; əйтеуір қыбыр-жыбыр қозғалғанына қуанып, əр қадамын ішінен
санап "аз қалды",– деді; "тіпті аз қалды. Қазір... қазір жетем",– деді;
жететініне өзі де күмəнданбады; əне, небəрі таяқ тастамдай жерде
қасқыр ішіктен аяғы əнтек шығып серейіп жатқан азаматын көрді.
Бірақ тұла бойы бұлайша неге серейіп кеткеніне мəн берген жоқ; есілдерті азаматына жету; азаматына тезірек жетіп ыстық сорпа бергенше
жаны қалмай, екі көзі телмеңдеп жаутаң-жаутаң қарап келеді; көкірегі
аналық мейірім секілді елжірек сезімге толып, ауыз ашса аржағынан
тек ананың ғана балаға айтатын бірінен-бірі өткен елжірек сөздері
ақтарылғалы тұр. Бəкизат шамасы келгенше тежеп бақты; "Шыда...
шыда, қалқам",– деді; "қазір астыңа қос қабаттап киіз төсеймін",– деді;
"жылы көрпеге орап, ыстық сорпа берем",– деді; "ыстық ас ішкесін,
көре қал, жылынасың, əл жиясың, сосын бастан кешкен бар азап, бар
тауқыметті ұмытасың, қалқам. Бəрі ұмыт болады, ұмыты-ла-а-а..."
Бəкизат сүрініп кетті; аяғы сүрінді ме, əлде ойы сүрінді ме, ол
арасын білмеді; тек уысынан шығып бара жатқан құтыға жалма-жан
қос қолдап жабысып бауырына қыса қалды; аяғын сонан ары баса
алмай, əлі құрып бара жатқасын жеткен жеріне тізе бүгіп отыра кетті.
Уһ-һ!.. Адам байғұсты жасына жетпей жүйкесін құртып, күнінен бұрын
қартайтатын көңіл ғой, адам жанын марқайтатын да көңіл; бұл жаңа
шамасы келсе құс боп ұшуға бар еді-ау! Енді міне... Иə, енді қос канаты
бірдей қырқылғандай, көкірегі құрғыр көшкен ауылдың жұртындай
құлазып қоя бергенін қарашы; жə, бұны жаңа құс боп ұшқанда қай
мұратқа жеткізерін кім білсін; ал құлазыған көңіл қандай жаман!
Құдды жапан түзде жан-жағынан жел ызғитын да тұратын əлгі бір құс
саңғып кеткен қоңыр төбедей аңылжыған жайдақ.
Апырай, бұған не болды? Басы айнала ма? Дереу қам жасамаса
құлайтындай қорықты да, көк мұзды қос қолымен тіреп отыра қалды.
Денесін билей алмай талықсып кетті. Көзін жұма түсті де, іле-шала
қайта ашып еді. Жаңа көзін жұмардың алдында қарсы алдынан шара
табақтай қып-қызыл күннің төбесі қылтиып көріне бастаған
сияқтанған-ды. Кешегі қара дауылдан кейін əлі де болса реңі кірмей,
сұрқы қашып тұрған сүреңсіз жүдеу аспан астына қапелімде қара түн
қайта орнап келе жатқандай, көзінің алды күреңіттеніп, əлгінде ғана
ап-анық көрініп тұрған көкжиек бұлдырап бара жатты; сол-ақ екен,
іле-шала шегі мен шетін болжатпай қап-қара боп түтігіп өкіріп жатқан
теңіз де, теңіз бетіне бірінен кейін бірі зəрленіп, ереуілдеп жұлқынып
шығып жатқан жал-жал толқындар да, сол жал-жал толқын арасында
ыққа қарай шапқылап жөңкіп бара жатқан ірілі, ұсақ сеңдер де
бұлдырап бедерін жоғалта бастады. Бəкизат көзін жұма қалғанын
біледі; құлайтындай қорқып, қолымен маңайын қармағанын біледі;
қолына қарбаласта не іліккенін білмесе де, бірақ іле-шала бойын
тіктеп, көзін ашқанда, жаңа ғана бұлыңғыр дүние қайтадан бедерін
беріп, бермен жақындап қалған екен; тас бітіп қалған құлағы ашылып,
төңіректегі дыбыстар тіріліп, тым-тырыс дүние қайтадан дүркіреп қоя
берді; мұз тіреген қолын жерден алған жоқ; жанары тірілген көзін жанжағына тастады; қай жаққа қараса да жер көрінбеді; аспан асты
қазандай қайнап жатқан теңіз; қара дауылдан кейін де кəрі жынын
қаптатып гүрілдеп, сарылдап, өкіріп жатыр; жел əлдеқашан сап болса
да, мына теңіз жуық арада басылар емес қой. Теңіз екеш теңіз де түні
бойы дүниенің астаң-кестеңін шығарған айқай дауылдан кейін өксігін
əлі де баса алмай, өжектеп өкіріп жатқан түрі мынау; теңіз бүйткенде,
адамға не жорық; ал бұл "бəрі ұмытылады" деп жеңістік бермейді;
тіріде кісі бастан кешкеннің бəрін бірдей ұмыта ма? Ұмыту мүмкін бе?
Ə, үндемейсің? Бірақ үндегенде не десін...
Рас, адам шіркін итжанды; тойса – қарны ашқанын ұмытады;
жылынса – тоңғанын ұмытады; қаласа тіпті маңдайына жазған бір
тұтам тірлікте жаны, тəні ит талағандай болып жүріп те жоқтан
жұбаныш тауып, өзін-өзі алдарқатып күн кешеді. Соның бəрі қолынан
келіп, əрілесе аштыққа төзіп, қорлық пен зорлыққа көнгенде, сол жаны
сірідей көнбіс адамның да не қылса да тіріде, сірə, біріне-бірі
кешірмейтін, кешіре алмайтын да нəрсесі болатыны ғой? Апырай,
адамның өле-өлгенше ұмыта алмайтын нəрсесі болатынын бұл неғып
білмеді?
Удай ащы тырнақ Бəкизаттың көкірегін осып алды; көзінен мөлт
еткен екі түйір жас көк мұзға тырс-тырс тамды; орнынан созалаңдап
əрең тұрды; аяғын əрең басты; мұзға табаны тұрмай тайғанақтап келе
жатқан жалғыз бұл емес; төбесі қылтиып көрінген күннің қызғылт
сəулесі де бүрі жоқ жалтыр мұзға жете бере тайғанақтап, сырғанап
жалп-жалп жығылып жатқандай; əр жер-əр жерде үйір-үйір
жылтылдаған сəуле; Бəкизат жанарын қарып алған өткір сəулеге
жасқаншақтай қарады; онан сайын тайып жығылатындай қорқып,
шыныдай жалтыр мұздан көз айырмай аңдысып келе жатқан-ды.
Кенет төбеге ұрғандай қалшиып тұра қалды; əп-сəтте не болғанын,
неге бүйткенін өзі де білген жоқ-ты. Тек кірпігін қағып қалып, осылай
үстіне келгенде бір-ақ көрген бұзаубас нəн етікке көзін тігіп қайта
қарап еді. Неге екенін қайдам, мұз астынан тұмсығын көтеріп шыға
келгендей жолын кеселеп тұра қалған мына етіктен сескеніп, шегіне
бере қалшиып қатты да қалды.
– Жжəəдігер!..
Даусы шықпады ма, қасқыр ішік арасында арыстай боп жатқан
денеде сес болған жоқ. Бəкизат оған салған жерден жетіп бармай, əуелі
орағытып айналып шықты. Сосын ақырын кеп жанына тізе бүкті. Əлі
де болса қасқыр ішік арасында жатқан денеге тура қарай алмай,
жанары тайсақтап, көзін алып қашып отырып Жəдігердің басын сүйеп
еді. Бұрын бұндайда бойын билей алмай былқ-сылқ болушы еді; бұл
жолы бөрене тəрізді қара тастай зіл салмақ салған жерден қолын төмен
тартып ала жөнелді...
– Жжəəдігер!.. Жжəдігеерр!..
Жан ұшырған дауыс ышқынып шықты. Топырақ басқандай зіл қара
тасқа айналған денені əйел əй-шəйге қаратпай жұлқылай бастады.
Бірақ бұл кезде ол жөнеліп кеткен еді. Сол жай іле-шала əйелдің де
санасына жетуін жетсе де, бірақ мынау бұған қапылыста тиген
соққыдай есін жия алмай, есеңгіреп сұлық отырып қалды. Іштен ұрған
өксік пе, иығының басы селк етті. Іле-шала иегі əнтек көтеріліп
кемсеңдеп бара жатқасын өзін тежеп қалды. Сонан біразға дейін үнін
шығармай, дыбысы мен демін ішіне жұтып қыбырсыз отырды да, екі
қолын ілгері созды; дірілдеген саусақ ұшы тон арасындағы денеге
тиер-тиместе су қараңғы кісіше сипалап кетті; ашық теңіз үстінің
түндегі үскірік аязы мен ақ түтек боранында басындағы түлкі
құлақшынның əр қылшығы бір қар, бір мұз боп соқталанып қалған-ды.
Бəкизат жаны шығып кеткен дененің қар-қар басын бауырына тартып
қос қолдап құшақтап алды да, екі жағына кезек теңселіп отырып, əуелі
ақырын ыңырсыды; бірақ бұл жоқтау емес-ті; бұнда сөз дейтін сөз,
əуен дейтін əуен жоқ-тұғын; мынау, əдетте адам жаны қан қақсап
ауырғанда аржағынан ұлып шығатын көй-көй! Əрберідесін бұның əлде
аң, əлде адам үні екенін айыру қиынды; сонан бір кезде... азаматын оң
жаққа салған əйел пақырдың əне бір ет бауыры езіліп көй-көйлеп
отырып, сонан бір кезде іші-бауырын жалап бара жатқан күйік
ақырын-ақырындап көтеріліп, бара-бара өзегі өртеніп ағытылып
кететін ащы зарды енді бұ да тежемеді; тек басында тұла бойын суық
алған əйелдің даусы қарлығып шыққан-ды; жəне дауыл əлдеқашан
басылса да, бірақ түнде түбіне дейін шайқалып кеткен теңіз тынған
жоқ; таң атқалы да бір сəт толастамай, үйдей-үйдей есірік толқындар
жан-жақтан зəрлене бой көтеріп, дамылсыз гүрілдеп, сарылдап
жатқан.
Бірақ қара жамылған қатын оны қайтсін; қашанда байы өлген
бауыры жаралы бейбақ бұндайда қайта ашынып, айбықадамдана
түспеуші ме еді; ашынғанда бұ да аяқ-қолы серейген өлікті алдына
жыға салды да, жас айғыздаған бетін жоғары көтеріп, бұл кезде тап бір
теңіз түбінен шыққандай талаурап, белбуарына дейін көтеріліп қалған
өрттей қып-қызыл күнге бұрылып, қарсы қарап отырып алды; сосын
екі бүйірін таянып жіберді де, екі жағына кезек теңселіп отырып қайта
аңырады; əлгіндей емес, даусының тарғылы тараған; жал-жал
толқындар жан-жағынан зəрлене жон көтеріп өкіректеп жатқан
осынау ұшы-қиырсыз теңіздің гүрілі мен сарылынан да дауысын
асырып, аңырап-аңырап алды да, ақ жалын ішінен ақтарыла "аһ" ұрды;
"аһ" ұрды да, қайта көтерілді; қайтадан екіленіп жұлқынып-жұлқынып,
бетін алып-салса да, бірақ басқа түскен ауыр нəубетті басқадан көріп,
беталды байбалам салып кеткен жоқ; күнəкар қатын көкірегі, сірə,
қарайғанда көктен өзіне зауал тілесе тілеген шығар, ол тек осы іске
Құдайды да, Адамды да араластырмады;ешкімді араластырғысы
келмеді; басына бармақтай бақыт тілеген бар-бар бейбақ сияқты бұ да
кеше шынтуайтқа келгенде неден тартынып еді? Керек десе осы ісінің
оң-терісін, обал-сауабын ойлап жатпастан көзді жұмып кетті емес пе?
Соған кім кінəлі? Кім? Осы жасқа келгенде сағым қуған есалаң көңілдің
жетегіне еріп, беттің арын белбеуге түйіп, байын тастап басқа бір
еркектің соңынан кете барған опасыз сайқалға арналған, бұл жалғанда,
сірə, жаза бар ма? Бар болса, жүзіқара айыпкер əзір. Ол өзі қылған іске
араша тілеп, ақталудан аулақ; ол тек арыстай азаматтан айрылған
өзінің сорын азалап, көкірегі толған қасіретті кімге айтып шағынарын
білмеді; зары мен мұңын адам тұрсын, əрілесе көк тəңірі Құдайға да
айтқан жоқ; айтса да ол тек өз зарын өзіне айтты; сосын түнімен
арпалысып шыққан тап мына тас құлақ керең табиғаттың дəл өзіне
айтты. Шағынса да соған шағынды; шаптықса да соған шаптықты;
өкіректеп өкіргеннен басқа білері жоқ телегей теңізбен, сонау тас
төбеден қарап мөлиетін де туратын мылқау аспанға, түнімен жер
бетіне əлекті салып-салып, енді əне пышақпен кескендей бір сəтте
тына қалған аралдың адуын жынды желіне ашынған апырым əйел
шерлі жүрегін сыздатқан бар-бар ызасын, бар күйінішін сыртына
ақтарып, ашық теңіз үстін аңырата айқайға басып-басып алды да, кілт
тоқтады; қарлыққан даусын кілт үзіп, көзін тас жұмып отырып қалды;
жас айғыздаған жүзін жоғары көтеріп, қыбыр етпей отырды да, араарасында солқылдап кетеді; бағанадан шиыршық атқан жұлынжүйкесі қазір күрт босаған; əлгінде Жəдігердің аппақ ақ қырау басын
бауырына қысып құшақтап алған қолы да енді қайта жазылмастай
қарысып қалған сияқты еді; қазір о да сылқ түсіп жаны шығып кеткен
дененің дəл кеудесіне құлапты.
Бəкизат төңірегінен түк сезбей, сұлық отырып қалғанды; бір кезде
Жəдігердің
көкірегіне
құлаған
қолының
астынан
əлдене
бүлкілдегендей болды; "ə" дегенде оны байқамады; тіпті сезбеген
сияқты; сүлдерін көтерген сұлық қалпынан селт еткен жоқ-ты; сəлден
соң жаңағы болымсыз тірлік бұған қынулап қайта белгі берді. Қайта
бүлк-бүлк етті. Бұл оны енді сезді. Сезген бойда бұл кезде беті-аузы
түгел үсіп, əйел ұсқыны қалмаған қара қошқыл кескін ұйқы-тұйқы
болды. Шыт-шыт жарылған еріндер қиыспай, иегі көтеріліп кемсеңкемсең етті. "Иə, сəт!"– деді Бəкизат ішінен; "О, Тəңірім!"– деді;
"Жаратушы жаппар Ием-ау, мынау... мынау жан енген дененің бұған
тірлігін білдіріп жатқан белгісі ғой! Мынау сол ғой! Иə, иə, бұған жан
енгенін сездіріп лүп-лүп соғып жатқан жүрек!.. Жүректің, сол
байғұстың соғысы! Соның тынысы ғой мынау! Ендеше, азаматы аман
болды; Жасаған Ие жар болып желеп-жебеген болды; кеудесінде жан
бар! Міне, жүрек соға бастады. Е, бақ! Тағы соқты! Тірі, тірі!"
Бəкизат қуанышын айғайлап жар салғысы кеп еді; оған бірақ
айқайлар жерде ала құйын сезім ұйқы-тұйқы боп алқымға тығылды;
сосын қараптан-қарап сасқалақтап, қалтыраған қолын Жəдігердің
қойнына сұқты; қабат-қабат киім арасынан тірлігінен белгі беріп лүплүп соғып жатқан жүректі іздеп еді; саусақтарының ұшы сипалап жүріп
бірдеңеге тиді; Бірақ ұстай бергенде, бұлт етіп уысынан шығып кетті;
Бəкизат қайта ұмтылды; ұстауын ұстаса да, бірақ сырттың суығын ала
келген мұп-мұздай қолдан шошыды ма, əйтеуір бұл жолы да уысына
ілігер-ілікпесте мына бір бұған əзір аты, заты беймағлұм кіпкішкентай тірлік қайта тынышсызданды; уысынан босанғысы кеп
қиғылық ұрып пыр-пырлап жатыр; канаты, құйрығы бар сияқты; бітімболмысы құсқа келетін сияқты; Бəкизат та бұны құстан басқаға
жорымады; басқаға жорығысы келмеді; халық айтса – қалып айтпаған;
халық айналайынның қателескен жері жоқ; өлсе тəн өледі, жан
өлмейді; дүние салған адамның шыбын жаны ақтық деммен бірге
кеудеден құс боп ұшатыны рас; ендеше бұның уысына іліге сала
ұшқысы кеп тыпырлап жатқан мына бір кіп-кішкентай тірлік те басқа
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 33
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654