Latin

Соңғы парыз - 25

Total number of words is 4197
Total number of unique words is 2389
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
осы пəлеге онша əуес емес еді; кеше не болғанын есіне түсіріп, көзін үй
төбесінен аудармай жатыр; əншиінде ауызына тисе ашырқанып,
тыржыңдап бітетін зəрдей ащы пəленің кеше, керек десе, дəмін де
сезбепті; бір-екі алғасын-ақ су мен арақтың дəмін ажыратпай, бөтелке
түбінде мөлтілдеген дəмсіз, татусыз сұйықты бір тамшы қалдырмай
сарқып ішіпті; ішкен сайын көңіліне күдік қашып: "су қосқаннан сау
ма?"– деп ойлапты; ойлаған сайын күдігі күшейе түскені сонша,
шүйкедей əйел үстіне кірген-шыққан сайын оқты көзімен атып бопты;
сүйтіп отырып қызыпты; қызғасын көңілі бұзылыпты; жаңа ғана жаны
күйіп, зығыры қайнап шиыршық атып тұрған жүйкелер сəтте жидіп,
қараптан-қарап жылапты; иіні жығылып, мырсылдап жылап отырып
əуелі əлдебіреумен кінəласқандай болған еді; сəлден соң күшке мініп,
апыраш-шапыраш көзі əлдекімге ажырая қарайды; сұқ қолын безеп
кіжің-кіжің етеді; əлдебіреулерді беттен алып, бажалақтап айтысатын
сияқты ма? Иə, айтысуы айтысқан; бірақ оянғасын кіммен айтысқаны
есіне түскен жоқ.
Құрысын, мас адамның ісі сияқты түсі де берекесіз бытықышытықы; сол берекесіз бытықы-шытықы бірдеңеден ұққаны – бір
бөтелкені бір өзі тауысқасын бюрода есесі кеткен ызалары есіне
түскен; бюро мүшелерінің алдында абдырап сасып тұрғанда ауызына
түспеген ұтымды сөздер араққа қызғасын қоздап əл бермепті; сосын
бұл да ешкімге дес бермей, бет алдына бат-пұттап сөйлепті кеп,
сөйлепті... бір жанды бетіне қаратпай жұрттың ауызына құм құйғасын
ғана көңілі көншіпті; сосын жатқысы кеп түрегепті; тұруын тұрса да,
бірақ аяғына нық басып тұра алмай, төрт қабырға арасында теңселіп
жүріпті; тəлтіректеп, теңселіп жүріп те бірдеңелерді сөйлепті; сөйлеп
жүріп үстіндегі киімдерді шешіпті; үстіндегі киімнің бəрін шешкенде,
тек бұтындағы шалбарды шешуге шамасы келмей, ауындағы бір-екі
түйменің ілгегін əзер ағытыпты да, əлгіндегі əйелі салып беріп кеткен
төсекке гүрс етіп етбеттей құлапты; етбеттей құлағасын да басының
астындағы мамық жастықты тұмсығымен сүзгілеп жатып сөйлеумен
бопты; сөйлеп жатып ұйықтап кетіпті; оянса – басы зілдей; бұл
ұйықтап жатқанда біреу бас сүйегінің ішіне қорғасын құйып
кеткендей; құлағы шыңылдап, қос шекесі сынып барады екен; ауызы
қаңсыған күбінің түбіндей; ащы кермек бірдеңе тілін қуырып,
жүрегінің басына запыран айналып, кілкілдеп тұр; ауызындағы
жиіркенішті жаман дəмнен зықы кеткені сонша, бұл осы қазір
басындағы мүшкіл халды ойлауға да шамасы келмеді; сонан тек тус
ауа бере өзіне-өзі келгендей болды; онда да əйелі төсекке əкеп берген
бір аққұман қара шайға маңдайы жіпсіп жан шақырды; тұла бойындағы
құрысқан-тырысқандар енді-енді тарқап, үй ішіндегі жым-жырт рахат
тыныштық жанын əлдилеп, көзі ұйқыға кетіп бара жатқаны сол екен,
кенет "академик жол-дас-с-с-с", деген əлдебіреудің құлағына құдды
шағар алдында зəрін жиған жыландай ысқырған дауыс келіпті; сол
ысқырған дауыспен бірге ұйқы қысып, жұмылып бара жатқан көзіне
ала тақиялы бұжыр қара елестепті; ала тақиялының елестеуі мұң екен,
біреу басының астындағы жастыққа біз сұғып алғандай атып тұрыпты;
апалақтап көзін ашыпты; бірақ қос шекесіндегі көк тамырлар
солқылдап, басы қан қақсап қоя бергесін жастыққа қайта құлапты; іші у
жалағандай өртеніп бара жатқасын аржағынан бір үзік ұлыған ащы
дыбыс шығып кеткенін өзі де байқамапты; тек сол кезде есік сықыр
еткесін бұл да іштен ұлып шыққан дыбысты кілт үзіп, тына қапты;
демін жұтып есік жаққа көз тастаған екен; сəл ашылған есіктің
саңылауынан сығалаған жасқаншақ жанар бұның назар аударғанын
байқап, басын арман тартып апты; сен көз айырмай қанша аңдысаң да,
бірақ əлгі сұғанақ ұры жанар енді қайтып көрінбепті; есесіне бұл
тыныштықтан айырылды; сезікті көңіл секем алғыш; сəл нəрсеге
күдіктенеді; жаңағы сұғанақ ұры көз неге сығалады? Əлде бірдеңені
сезгеннен сау ма? Ақырын жапқан есіктің арі жағында сес шығармай
жабысып тұрмасын? Тоқта... Жымысқы неме бірдеңені сезіп, енді
соның рас, өтірігін анықтап білгісі кеп жаны байыз таппай жүр ме?
Сонда ол кімнен есітеді? Бюродан кейін бұл ғой тірі жанды көрген жоқ;
көрсе де "мені партиядан шығарды, жұмыстан босатты",– деп кімнен
шүйінші сұрайды. Есітетін жұрт есітер. Бұл тірі жанға тісінен
шығармай жасырса да, жамандық хабар жатпас, жұртқа жетер. Жетерау! Таң атқанша да талайлар құлақтанбас дейсің бе? Тек соны мына
жаман қатын иісшіл иттей жұрттан бұрын тіміскілеп қайдан біліп
қойды?
Əлде-е... Тоқта... Түнде мас болғанда бұның өзі бірдеңе деп айтып
қойды ма? Рас, бұл жүрегі көтеріліп лоқсығанда, ол ана жақтан жүгіріп
кеп аузына лəген тосты. Сонан кейін де тыным таппай, бір кірді, бір
шықты. Əншиінде бұл шақырғанда болмаса, қалған уақытта өздігінен
аяқ баспайтын неменің жоқтан өзгені сылтауратып қайта-қайта
жылтыңдағаны тегін бе? Таң атқасын да төсектен тұра алмай, қайтақайта басына су орамал басып, аһылап-үһілеп жатқанын көре-біле
тұрса да, ол, əйтеуір,қызық тамашалағандай есіктен жылтыңдап қарай
беріп еді-ау. Бəрінен бұрын сонысы ызасына тиіп болған-ды. Е, Құдай,
жаман адам – табашыл. Көре қал, оның өмір бойы осы үйдің
босағасында шеккен азап пен қорлықты, енді бұның өзі көріп, төсегі
тікенге айналып төңбекшіп жатқанына қуана ма? Қуанғаннан қол-аяғы
жерге тимей жүрмесе қайтсін?
Жылағысы кеп еді, бірақ көзінен жас шықпады. Кісіден көретін не
бар, бұның өзі кінəлі; бастықтардың сырын білмесе екен-ау: білді ғой;
біле тұра, есі дұрыс кісі құдіреттілермен күш таластыра ма?
Бұндайда, əдетте сөзді іштеріндегі атқа жеңіл құбаша бастайды,
қалғандары ішін алдырмай, сызды қалпын сақтап бағады; бұл өзі
білетін таныс мінез; қарсыластарың алдыңа келгенде сен де
сүйтетінсің, сен, бірақ əуелі алдыңа өзгелерді салып, иттей талатып
алатынсың да, сосын соңын ала араласатынсың; аржағы белгілі: соның
аржағында тоқмейіл мысықтың тырнағына іліккен сұр тышқандай, істі
болған сорлыны қызық үшін қуалап, ары итеріп, бері жықпаушы ма
еді? Бастықтардың сол мінезін білді,соны біле тұра олар сені көрсе де
көзіне ілмей кекірейді екен деп, тап сол арада кергитін жөні бар ма
еді? Жоқ, саған бірдеңе көрінді. Əйтпесе, бұрын сақ еді. Ыза жерге аяқ
баспаушы еді. Ыза жерді байқаса болды, аяғының астына темір азу
қақпан құрып қойғандай қаралай үркіп, айналып өтетін. Иə, бұл сақ еді;
ендеше тағдыры таразыға түскен екіталайда əншиіндегі сақтығын
неге ұмытты? Əлде, басынан бақтың тайғанын білмеді ме? Тағдыры
таразыға түскелі тұрған сын сағатта да жұрты құрғыр бұрынғыдай
алдында құрдай жорғалап тұрады деді ме? Рас, сол күні де
орталықтағы еңселі сары үйдің алдына кеп тоқтаған су жаңа
машинадан бұл əдеттегісіндей асықпай, ырғалып-жырғалып түсем
дегенше, іштен көзі шалып қалған елпілдек біреу жүгіріп кеп алдынан
есік ашты; бұл жоғарыға көтерілем дегенше бюрода қаралатынынан
бейхабар тағы бірнеше елпілдек кездесті; милиция екеш милиция да
бұны көре сала бұрынғыдай қаздиып тұра қап, ал сыпсыңдаған
немелер бұрынғыша "Əз-ағалап" иіліп-бүгіліп жатқасын, бұл
үйдегілерден сірə да жамандық күтпеді; бұл үйдегілердің көңілі мен
пейілі бəз-баяғыша еді; бəрі елпілдеді; бəрі жалпылдады; бұл бұрынғы
машықпен шалқақтаса, олар өздерінің бұған деген бəз-баяғы ықылас,
ілтифатын сақтап иіліп-бүгілді кеп; бұл бұрынғыдай шіренсе, аналар
одан бетер ес-түсі қалмай жалпылдап, жел шайқаған жас талша
майысты-ай кеп; соған үйренгені сонша, кейінгі кезде бұл осы қалада
ешкімге иілмей де бүгілмей, арбаның белағашы сияқтанып күдірейген
діңгектей-діңгектей жігіттер құрып қалып, енді тек леп шықса желдің
ығын алып қалбалақтай бастайтын сусылдақ селеулер мен қаңбақтар
қалған ба деп ойлаушы еді; кейде өзін кіл селеу, кіл қаңбақ арасында
жүргендей сезетін; қайда барса да алдынан сондайлар шығып, көретіні
бүгілген бел, иілген бас, құрмет, қошемет, қолпаш.
Жə, солай шығар; солай болған шығар; сонда сен қазір өзіңді
қарайтын бюрода да алдыңнан қаңбақтар мен селеулер бас шұлғып,
елпілдеп тұрады деп ойладың ба? 0, ақымақ! Есалаң! Бұрынғы
еркелігін осы жолы да істеп табалдырықтан аттай бере қолын көтеріп
"сəлем!" деп еді; ұзын столдың екі бетін ала жайғасқан кісілер жұмған
аузын ашпады; сен анау-мынауға қысылмайтын көнбет едің-ау; осы
жолы да желкеңе түскен ұзын шашыңды үйреншікті машықпен кейін
қарай бір сілкіп тастап, басың кекірейіп шалқақтап кіруін кірсең де,
мыналардың сені көргенде бұрынғыдай орындарынан жапырыла
тұрмақ түгіл, керек десе, басын көтермей, тұқырайып бауырына тығып
алғанына таңырқадың; таңырқағанын жасырмай əрқайсына бір
қарады; сол түкке түсінбей таңырқаған күйі аяғын ілгері бір басып,
түсін бермей тұнжырап алған кісілердің төменгі жағын ала тоқтады;
байқамай тұр ма деп жөткіріп еді; оған да ешқайсысы селт етпеді;
бұлардан күдер үзгесін, басқа жақтан сүйеу іздеп, кең кабинеттің
іргесіне тақап қойған орындықта отырған, кейінгі кезде комсомолдан
көтерілген екі-үш жігітке қарап еді; олардың əдеттегі елгезектігінен
дəметіп бірер жалтақтады; бірақ бұлар да молла алдында дəріс алған
шəкірттей қолын тізесіне салып томпая-томпая қапты. Омай
шіркіндер! Ақ көйлектің қатырма жағасына кеңірдегін қылғындыра
қан қызыл галстук байлап, мөлт қара костюмнің өңірін тыңқитып
түймелеп алған өңкей пысықай, тыраш немелер кісімсіп бұтқа тола
қапты; көзін де көтермеді; аналар сияқты мына патшағарлардың да
отырған жеріне желім құйып тырп еткізбей, бөксесін орындыққа
жабыстырып тастағандай; бəрінен бұрын саған енді осылардың
қылығы батты; осыларға ерегісем деп тұрып өзінің əншиінде күдікті
жерге аяқ баспайтын сақтығын да ұмытып кетіп еді.
Иə, жақсылықтың жолы жіңішке; кейде кісіге мың дос аздық
еткенде, бір дұшпанның көптік ететіні кəперінен шығып кетті; осы
қазақ басқа қонған бақытты құсқа бекер теңемеген; үргедек құсты
қаһарлы қол жиып, қару асынып жатпай-ақ қолына шыбық ұстаған
сотқар біреу "тəйт" десе де жетіп жатыр; кеше бір мықты ықыласы
түскенде бере салған бақыт, сол мықты қаһарын тіккен күні қайтып
алатын түбі бос шикі бірдеңе еді ғой; сен жазған соны да ұмыттың;
жоқ, ұмытқан жоқ-ты, тек мына шіреніп отырған қырттардың алтын
басыңды қор ғып, екі аяғыңнан сарсылтып тұрғызып қойған қорлығы
ызаңа тиді; бəрінен бұрын жаныңа сол батты; бірақ амал қанша;
күштіге күл шаша ма; қолыңнан келсе, сен де бүйедей бүржиген
немелерді отырған жерінен тұрғызбай үстіне үйдің төбесін құлата
салар едің; ондай құдірет болмағасын, тым құрыса, бұлардың алдында
бас игісі келмеді де, қырсығы ұстап кекірейіп алғаны рас; кіріптар боп
тұрып менменсіген қиқарлық кімге ұнасын; біреу: "жол-да-с-с...
берігерек келіңіз",– деді; төраға ма деп ойлаған еді; жоқ, төрағадан
төменірек отырған ала тақиялы бұжыр қара екен; сен ілгері бір бастың
да, сонан артыққа батылың жетпей кілт тоқтадың; бірақ екі көзің
жаңағы ала тақияда; не шықса, ала тақиядан шығатын сияқты еді; жоқ,
олай болмады; əзірге мыналардың бір ісі бұл ойлаған жерден шықпай
жатыр; ала тақиялымен аңдысып тұрғанда, ұзын столдың орта
тұсында екі ұрты салбыраған қара сұр біреу бұған шалқалай қарады;
ұйыған қорғасындай етжеңді бетте раһымның ізі жоқ; өзі обал-сауапты
білмейтін нағыз безбүйрек болу керек.
– Жігітім, сен директор болғалы институтың үкіметке қып-қызыл
шығынға түсіп, екі қолың Минфиннің қалтасын қағып жатқан көрінеді.
Мына қағаз солай дейді. Кəне, бұған сен не дейсің?
Сөзін асықпай зілденіп айтты да, маңқиып шалқалай қараған маңғаз
қалпын бұзбай сауалына жауап тосып қалды; өзінің кісіге қарағаны да
біртүрлі; бір көзі жұмылып кеткен; тек ана, бұған қараған жақтағы көзі
құс ататын аңшының нысанадан сығалағанындай; аңшы болса, Құдай
біледі, ұсынғаны мүлт кетпес еді; сұрақтан гөрі осы бір оқтай қадалған
өткір жанар өңменінен өтіп бара жатқасын қипақтап көзін олай бір,
бұлай бір алып қашты.
– Ал, бұған не айтасың? Қандай дəлелің бар?
Қап, мынаны-ай!.. Өзі осындағы бір заводтың директоры көрінеді;
баяғы ат терлігін құрғатпай, көршілес ауылдармен екі арадағы
барымта-қарымтаға шауып тұратын ақ сойылдың заманы болғанда
мына қорғасын бет... бұл ма, бұл заңғар бір қырдың астында ат жалына
жабысып бұғып тұрар еді де, сосын ылғи қапыңды тауып, ұрымтал
жерден айқаса кететін нағыз қаншеңгелдің өзі болар еді; көрдің бе,
осал жерін тауып ұстады; айрылатын түрі жоқ; "кəне, тырп етіп көр",–
дегендей, əлгінде сығырайтып ашқан жалғыз көздің қиығын сенен əлі
де айырмай, бағып қалған; бюро мүшелерінің басқа бірі болса бір сəрі;
ал мынау... бір шаруасы бітсе, бір шаруасы бітпей, ертелі-кеш етегі
жалпылдап, алақанын жайып тіленетін де жүретін завод
директорының тар жерден тосқанын қараш; күндіз-түн мігерсіз сартсұртты салатын да жататын заводтың темір-терсегінен тиын тауып
көзі шыққан шаруашыл неме ғылыми жұмыстың бағасы бақырмен
өлшенбесін қайдан білсін.
Не дерін білмей тұр. Бұнан жауап тосып қыбырсыз отырған кісілер
үнсіздік ұзаққа созылғасын қозғалақтап, орындықтар сықырлай
бастады. Біреу күңк етті:
– Осылай отыра береміз бе?
Бюро басталмай жатып, əлден қара терге түсті.
– Менің басқа сұрағым жоқ,– деді қорғасын бет; бел ұстаспай жатып
бір сүріндіргесін бүгінгі бюро мəжілісінде өзіне тиесілі міндетті
осымен бітірдім деп ойлаған болу керек, сонан қашан қолға салғанша
бұндағы əңгімеге қатысы болмайтынын аңғартып, екі ұрты
салбыраған мына көнек бет маңқия қапты.
Есесіне енді басқалар бас көтерді. Қорғасын беттей емес, бұлардың
үні қатқыл; сөздері де аржағында ашу иектеп тұрғандай зілденіп
шықты; əсіресе, ала тақиялы бұжыр қара бұны ашықтан-ашық мошқап,
ауыз ашса академик жол-да-с-с",– деп дыбысын тісінің арасынан
ысқыртып отыр.
– Арал теңізін сақтағаннан гөрі оның бізге тезірек тартылғаны
тиімді дейсіз. Сүйдеп сөйлеген сөзіңізде, жазған мақалаңызда айтып
жүрсіз. Соған қалай аузыңыз барады? Осыған жауап беріңізші, жолдасс?
– Иə, айттым. Бас тартпаймын...
– Бас тартпайтының жақсы. Жақтастарың сіздің мұныңызды
ғылымдағы батыл жаңалық, академик Əзімнің теориясы деп жеркөкке сиғызбай, жалаулатып əкетті ғой. Кəне, бұған не дейсіз?
– Көптің ауызына қақпақ болам ба?
– Жарайды, солай-ақ болсын. Академик Əзімнің теориясы делік.
Бірақ онда көңілге қонатын ғылыми негіз бар ма?
– Негіз дейсіз бе?
– Иə, негіз...
– Бəлкім, негіз болмас. Бірақ біз айтайық, айтпайық, түбі бəрібір
өлетін теңіз емес пе? Үкімін жоғарғы жақ əлдеқашан шығарып қойған
жоқ па?
– Тоқта! Жоғарғы жағың кім? Москва ма?
– Иə, солар.
– Солай де, жолдасс...
– Дейік, демейік, қолдан келер түк жоқ. Арал мəселесінің түпкі
астарында талай сыр жатыр. Оны бұрын айта алмаушы едік. Қазір
қайта құру дəуірі басталғалы, басқасынан бұрын, ойлаған ойымызды
қорықпай айтатын боп жатырмыз.
– Дегендей. Ендеше, сіз, кəне, Арал мəселесінің жаңа өзіңіз қозғаған
түпкі астарында не жатыр? Соны айтыңызшы?
– Айтсам... өздеріңізге бе-белгілі, Москваға Арал теңізі тұрсын...
– Бөгелмеңіз!
– ...Арал тұрсын, Орта Азия мен Қазақстанның халқы қырылып қалса
да бəрібір. Москваға мақта керек.
– Демек, Москва мақтаның жолына бəрін құрбандыққа шалып
жібереді ғой, солай ма?
– Жо-қ!.. Жоқ, үйдегем жоқ...
– Жарайды. Москва солай болғанда, біз өзіміз қалай болдық?
– Бі-біз...
– Иə, сіз. Су шаруашылық институтына тікелей басшылық етіп
отырған өзіңіз Москваның əлгіндей көрер көзге істеп отырған
озбырлық қиянатына қарсы дауыс көтердіңіз бе?
– Шыны керек, үйдеп... қарсы дауыс көтердік деп...
– Жарайды, айтпай-ақ қой. Ол кезде Түрікменстанның ғылым
академиясының президенті... сол өзі... кім еді?
– Академик Бабаев.
– Иə, Бабаев екеуің, өлмесең тұрма деп, Аралдың көрін Москвамен
бірге қаздыңдар. Өзіңіз Аралдан көрінесіз. Сүйте тұра, соған қалай
дəтіңіз жетті? Түсініксіз. Мүмкін, өзіңіз түсіндірерсіз?!
– Енді... Ол өзі... Өзі сондай ззааман еді ғой... Жаңа айттым ғой...
Жоғарыдан ссоондай үкім кесіліп қойыл-ғасын...
– Іркілмеңіз, айтыңыз!
– ...ббіз жақтайық-жжаақтамайық тағдыры аана жжақта шшеешіліп
ққоойй...
Мына ала тақияның ала қанат сауысқандай шықылықтап желкесіне
мініп алғанын қарашы. Оның ес жиғызбай үсті-үстіне жаудырып
жатқан сауалының бірде-біріне жауап қайтара алмай қиналып тұрды
да, əлденеге көңілі де, көзі де аяғындағы қара сүрік туфлиге ауып, шаң
жұқпай жылтылдаған сүп-сүйір тұмсығы жанарын арбап алғанын
байқамады.
– Жолдас-с, сіз...
Көзін аяғындағы туфлидің жылтылдап жанарын арбап тұрған сүпсүйір тұмсығынан алды. Бірақ, басына қан шапшыды ма, құлағы
шуылдады ма, ала тақияның тағы да не деп шықылықтап тұрғаны
санасына жөндеп жете қойған жоқ. Оның бір сөзі миына кірмегесін
өзінің де оған не деп жауап қайтарарын білген жоқ-ты.
Ал осыдан бес жыл бұрын бұл директор бола сала институттың
шаңырағы астына жұртты жимады ма. Сонда Москвадан ұшып келген
сыйлы қонақтарды қолпаштап төрге отырғызып қойып, Үлкен Үйден
үлкен-үлкен бастықтар, қоғам қайраткерлері, журналистер қатысқан
сол жиында екі сағат сайраудай-ақ сайрап еді-ау! Арал теңізін
сақтағаннан гөрі оның бізге тезірек тартылып қара жерге айналғаны
əлдеқайда тиімді деген ойды да бұл алғаш сонда айтқан еді; суы
тартылған теңіздің түбінен босаған пəленбай құнарлы жерге түгенбай
мақта егеміз деп сайрап еді-ау! Шет елдер соңыра біз өндіретін
мақтаның бір пұтына жиырма бес, отыз пұт бидай береміз деп əлден
алақанын жайып отыр деп, иін тірескен ығы-жығы жиынның ауызын
ашқызып паңқыған сөзі сол күннің ертеңіне бар-бар газетте
жарияланып, радио, теледидар болса-болмаса да айдай əлемге айқай
салмап па еді?
Аққұба жігіт бастаған аз ғана топ қарсы болса да, қолдау таппағасын
Үлкен Үйге барған еді; ондағылар Аққұба жігітті қостамай да, қарсы да
болмай, "көрерміз" деген бір ауыз сөзден басқа түк айтпай, сазарған
суық қалпын сақтап шығарып салған еді; сөзін өткізе алмай, жаны
қыдырған жігіт енді қанша барса да Үлкен Үйдегілер оны қабылдамай,
ол жөнінде жоғарғы жақта жағымсыз пікір туа бастап еді; сол, сол екен,
кідірмей-ақ Дзержинскийдің дəл өзінен аудырмай, шойыннан құйған
тас мүсіннің дəл түбіндегі төрт қабат қара сұр үйдегілердің қаһарына
ілігіпті де, түнде беймезгіл уақытта шырт ,ұйқыдан оятып шақырып
жауап алыпты: Үкімет пен Партияның экономикалық саясатына қиғаш
келетін кертартпа депті; ғылымдағы жаңашыл идеяның жауы депті;
жалақор, пəлеқор деген пікір туғызып, қара есекке теріс мінгізуге
қарапты; бұған осылай аспан астындағы пəле-жаланың бəрін жауып,
ит қосып жатса, ал Əзімді ана жақта Кремль, мына жақта Үлкен Үй
қолдап, жаңашыл жас ғалымның аты, атағы аспанға шырқап шыға
келіп еді-ау!
Əріден ойлайтын іш есебінің осы жолы да алдамай, өзі күткен
жерден шыққанына мəз болып еді! Иə, бұл өзінен бұрынғы
директорлардың ешқайсысына ұқсағысы келмеді. Оларға ұқсаса күні
қандай болары белгілі: онда инемен құдық қазғандай, шұқымай
бірдеңелердің соңында кетер еді; біреу біліп, біреу білмес еді; сонан
жылдар өтер еді; шаш ағарып, жүйке жүн болар еді; жас кездегі жалын,
жігер, күш-қайрат күрт кеміп, жүзі мұқалған алмастай, ешкімге,
ештеңеге қажетсіз боп қалар еді; бəлкім, оны өзі байқар-байқамас, бірақ
басқа жұрт байқар еді; əсіресе, қасындағылар байқар еді; əсіресе, күні
кеше есебін тауып тұла бойындағы тесіктің бірінен кіріп, бірінен
шығып жүрген епті жігіттер дереу байқар еді де, ыңғайын тауып
құрметті зейнеткер деп қолпаштап-қолпаштап пенсияға шығарып
салар еді; е, аржағын айт-айтпа – белгілі: аржағында сен бір кезде
Партия съезі ме, не Үлкен Кісінің өзі қатысқан салтанатты мəжіліс пе,
не əлде Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясы ма, əйтеуір сол сияқты
мəртебелі жиындарда қырын түсірмей киетін мөлт қара костюм, бұл
күнде өзіңмен бірге күйі қашып, жағасы мен жеңінің ауызы қырылып
мыж-мыж болған; ол кезде басында құлын сауырланып қақырайып
тұратын велюр шляпа да құдды түйе басып кеткендей жапырайып
қалған; өзің де əлдебір сақтық кассада алақандай тесікке ентелеп,
мойныңды созып, əр айдың аяғында қолға тиетін тиын-тебеніңді күтіп
тұрғаның... Шыны керек, соңырағы күні сондай сұрықсыз көптің бірі
болғысы келмеді; қолында күш тұрғанда баяғыда бір тентек "атың
шықпаса – жер өрте" десе дегендей, жұрт "ойпырмай!" деп жағасын
ұстағандай, адамның ақылына сыймайтын бір қиянпұрыс істі бастады
да жіберді. Е, қиянпұрыс болса ше? Қисық болса ше? Болса да,
қиянпұрыс, қисық істі бастаған бұл емес; Түрікпеннің Бабаевы да емес,
Москвада отырғандар! Мықты болсаңдар, бюрода соларды қараңдар.
Халықтың түбіне солар жеткен жоқ па еді? Əне, кəрі теңіз табанынан су
қашып, қу тақырға айналып жатыр. Арал аспаны аппақ ақ шаңдақ; Арал
өңірі тұзға тұншығып, тамыры күйген шөп көктемде де көктемей, қара
кеңірдектеніп қурап барады; адам көрмеген індет шығып, ана
жатырында ұрығынан ауруға шалдыққан балалар деліқұл дімкес боп
туып, келешек ұрпақ азып бара жатқанына қарамастан Кремльдегі
көсемдер біз болмағанда Орта Азия мен Қазақстанның халқы адамзат
көшіне ере алмай, ескі жұртта сарыжамбас боп қалатын еді деп, екі
көзіңді бақырайтып қойып көкіп жатқан жоқ па? Соларға қарсы
қайсысың дауыс көтеріп едің? Басқа-басқа Үлкен Кісінің өзі ауыз ашса
соларды қостап, халқының өткен күні қара түнек еді; ата-тегінде бас
көтерер адам болмай, қой соңында қоңын күн тескен сорлылар еді деп
зарлап қоя бермеуші ме еді? Сосын қайтсын, бұл да Москва алдында
бас шұлғыды. Соған жазықты ма? Пішту!..
– Ал жолдассс...
Қорғасын беттен бұрын осының ызасы батып барады. Абзалы,
бастан бақ таймағай; бастан бақ тайғасын тірілікте тірнектеп жиған
азғантай абырой да ит жыртқан кара терідей қадірі қалмай, түкке
жарамай қалады екен. Бұл оны жаңа мыналардың үстіне кіргенде
білді; соны біле тұра, сол арада неге жатты да қитықты? Тар көпірде
бір-біріне қарсы кездескен екі қыршаңқы текеше мүйізге мүйіз тіреп
тұра қалғаны не? Аяқ астынан ірілік ұстап менменситін жөні бар ма
еді? Тағдырыңды тас шеңгеліне ұстап отырған кісілердің алдында күш
сынасқаннан не тапты? Белдеспей жатып сағын сындыруға ана
қорғасын бет те жетті; сосын-ақ бұлар бел ала бастады; бір-бір
орындықта шіренген бюро мүшелері бір-бір белді ат мініп, білегін
сыбанып, жалақтап шыққан көкпаршыларға айналды. Міне, топ етіп
ортаға түскен лаққа анталап тұрған көкпаршылар лап берді; тарпа бас
салды; таласа ұмтылған қолдардың арасынан əуелі білегі жуан
қорғасын бет іліп ала жөнеліп еді; бірақ қалғандары ұзатпай
тасырлатып қуып жетті де, лақты əр жаққа тартып керді де əкетті; Ат
тұяғының дүбірі үдеп, құлағы күңгірлеп барады; ала жабыр; айқайүрең; дырдуға делебесі қозып есіріп алған есерсоқ бір көкпаршының
қиқуы кенет бұның құлағының дəл түбінен шықты; "қайсысы екен?"
деп ойлады; көзіне құйылған терді сасып тұрып жеңімен сүртіп, дауыс
шыққан жаққа қарап еді; тағы да сол ала тақия екен; түрі жаман, түтігіп
алған; шамасы, бұған бір емес, екі емес, қатарынан бірнеше тіл қатқан.
– Академик жол-дассс... Сіз, немене, есітпей тұрсыз ба, əлде есіткіңіз
келмей ме?
– Кешіріңіз...
– Сұраққа жауап беріңіз, жолдасс...
– Кешіріңіз... Не сұрап едіңіз?
– Жол-дасс... тыңдау керек. Картаны... картаны сұрап тұрмын.
Басы жарылып барады; бір-екі рет көзі қарауытып кетті; құлап
қалатындай қорыққаны сонша, тер құйылған көзі жалтақтап маңынан
сүйенетін бірдеңе іздеді; "картасы несі?" деп ойлады; неге екенін
қайдам, "ə" дегенде анда-санда қарауындағы ғалымдармен преферанс
ойнап, ақшаларын ұтып алатыны бар еді; бұл соны қайдан біліп қалды
екен? Біреу айтқан болды-ау? Қалай жауап берудің есебін таппай
қиналып тұрғанда, төр жақтан, ертеден бері əңгімеге араласпай
отырған біреу:
– Институт жасаған су картасы үкіметке қанша зиян келтірді? Соны
білесіз бе?– деді.
Əрине біледі. Бүгін өзіне осы сауалды қоятынын да білген-ді.
Анадағы қара таяқтар конференциядан кейін еліне бара сала
жергілікті жердің басшыларын жағадан алмасы бар ма. "Біз малымыз
бен жанымызға ауыз су таппай, қу даланы кезіп жүрсек, аяғымыздың
асты телегей теңіз екен ғой. Шұқысаң су атқылағалы тұр екен. Дабай,
қаржы бөл. Техника тап. Бұрғы сал!"– деп айқайға басқан қара таяқтар,
ақыры, айтқанын істетіп, академик Əзім картасында көрсеткен жердің
бəріне бұрғы салғызсын; Бетпақдаланың небір аспан айналып жерге
түскендей ыстықтарында ақ тер-көк тер боп қай жерді қазса да көні
кепкен қу даладан қиыршық құм болмаса, сыңар тамшы шықпағасын
еңбегі еш-тұзы сор қара сирақтар қаһарға мінсін; аяғы жеткендер
Үлкен Үйге шапсын; қайсы бір тентектер стол сабалап отырып алып
Үлкен Үйдегілердің зықы кете бастағасын лажсыздан комиссия құрып
институтты бір ай тексергенде, бұған бəрінен бұрын картасы құрғыр
пəле боп жабысқан-ды.
– Жə, қиналсаң айтпай-ақ қой. Ол жөнінде мағлұмат біздің өзімізде
де бар. Енді сен мынаған жауап бер: ғылыми негізі жоқ, көзбояу үшін
жасаған бірдеңені жеркөкке сиғызбай жақтастарыңа мақтатып,
мемлекеттік сыйлыққа ұсындырып...
– Жоқ, бұл қате! Мен ешкімге мақта деп те, ұсыныңдар деп те айтқам
жоқ...
– Солай де?
– Иə... Иə, солай. Ұсынып жүрген жігіттердің өздері.
– Бұл арада да жаманатқа басқаларды ұстап беріп, өзіңе шаң
жұқтырмай тұрсың. Жə, солай-ақ болсын... Ал, бірақ... жолдастарың
арасында отырғанда "ұсынылсам – сөз жоқ алам"– деген сөзіңді қалай
түсінуге болады?
– Сүйдеп пе, əй?! Дəмесін қара?!.
– Бұл жігіт жалғыз премия ғана емес, онан зорырақтан да дəмесі
болған. Солай ма?
Қол-аяғың қалшылдап кетті. Қорықтың ба, қысылдың ба, ол арасын
білген жоқсың. Тек көзі анық жеткені – осыған дейін өзі ойлағандай
бұның түбіне жеткен су картасы емес, қара таяқтар емес, əрілесе тіпті
айрандай ұйып отырған институттың бұл келгесін екіге қақ жарылып,
өрт үстіне май құйғандай айтыс-тартыстың өршіп кеткені де емес
екен, қайта айтыс-тартыстар ұнады. Айтыс-тартыс неғұрлым етек
алса, бұл да соғұрлым ел назарына ілігіп, қызық құмар халықтың бір
жағы сені қолдаса, екінші жағы аналарды қолдап, қала, дала көз тігіп,
гуілдеп жатса тіпті құба-құп. Мақтаса да, даттаса да – сен ауыздасың;
газет ашса – көзге сен түсесің; радио бұраса – ар жағында сені айтып
саңқылдап тұрады; теледидар қосса – көгілдір экранда тағы да сен; сен
болсаң экран алдында телмірген жұртты аузыңнан шыққан сөзге
зарықтырып маңқиып отырғаның; бір жағыңа қарай бейім тұратын
сусылдақ шашың əлдеқалай сырғып көзіңе түсіп бара жатса, сен
саусағыңа алтын жүзік, білегіңе алтын сағат таққан сол қолыңның
қимылымен кейін қарай ақырын ысырып тастап, былғары креслоға
нығыздап отырып алар едің де, қоңыр дауысыңды қолдан созып,
аспай-саспай ақырын сөйлеп кетер едің; сонда экран алдында ентелеп
отырған жұрт "əлгі Əзім деген жаңашыл жас ғалым осы ма? Ой,
бəрекелде, тусаң ту, өзі де нар қасқа екен!"– деп пошымыңа көзі тояр
еді; айтса да, жұрт арасында жақтастар көбейіп, жаңашыл жас
ғалымның жұлдызы астана аспанында жарқырап тұрған осынау тұста
Үлкен Кісі кетеді екен деген түбі шикілеу хабар дүңк етті. Сенің де
көптен күткенің осы еді; тірі жанға тісіңнен шығармай, ішіңде сары
уыздай шайқап келген ойдың жүзеге асатын сəтті сағаты енді соққан
сияқтанды; не істесе де əуелі жан-жағынан мұқият ойлап алатын
өзіңнің қашанғы əдетің бойынша, сен осы тұста да, сенімді кісілерің
арқылы қала ішіне Үлкен кісінің орнына анау барады екен деген лақап
траттың. Жұрт елең еткенше болмай, ертеңіне жігіттерің "жоқ, ол емес,
мынау барады",– деп, басқа ізге салды. Сүйтіп, алдыңа жұрттың
есебінде жоқ екі кісіні салып, қала халқы сол екеудің қайсысына ден
қоярын білмей толқып тұрғанда, додаға көлденеңнен өзің қосылдың да
кеттің. Онсыз да қыбыр-жыбырға құлағын түріп отырған сергек халық
елең етіп, ықыласы бірден саған ауып шыға келді. Үлкен Кісінің
орнына нағыз лайық кісі табылғанға қуанған қала іші дуылдап кетті.
Айт-айтпа, өлетін бала молаға қашадының кебі болды да шықты. Қала,
дала құлақтанып, халық екіге жарылды. Бірі қостады. Бірі қарсы
болды. Қостағандар да, қарсы болғандар да Үлкен Кісінің орнына
баратын болашақ ел басын жиналыста көре қалса, жалма-жан
жанындағыны түртіп, сыртынан ымдап жатқанда, ептілеу біреу есебін
тауып, жүгіріп барып белі үзілгенше иіліп-бүгіліп жатқаны. Ел басы
кетеді екен деген сыбыс шыққалы үкімет мүшелері де Үлкен Кісіден
ептеп іргесін аулақтай бастады. Есесіне, олардың райы саған ауып,
кездескен жерде қасыңнан шықпай үйіріле қалатын боп жүрген. Оны
Үлкен Кісі сезді. Сен де сездің. Оған Үлкен Кісінің қалай қарағанын өзі
біледі, ал сен болсаң жұрттың ықыласы бұлайша өзгере бастағанын
жақсылық нышанға жорып, ішіңнен семіріп жүргенде, бір күні үлкен
сарайда салтанатты жиналыс болды. Күні бұрын не істеу керек екенін
алдын ала орын-орынына қойып ойластырып алғандықтан осы жолы
да, бəрі дəл өзің ойлағандай болатынына құйттай да күмəнданған
жоқсың-ды. Несіне күмəндансын, əне, Үлкен Кісі құдды қой бастаған
қошқардай соңына ерген ығайлар мен сығайлардың алдына түсіп
сахнаға беттей беріп еді; жаңа ғана шіреніп тұрған əлгі ығайлар мен
сығайлар қапелімде қаңбақтай ұшып кетті. Қашанғы əдеттері осы:
Үлкен Кісіге жақынырақ жерден орын алып қалғысы келеді де, осылай
бірін-бірі иықтай, қаға-соға ілгері ұмтылады. Бұрын сен бұндайда
қырсығың ұстап қитыға қалатын едің. Соның өзіңе жарасатын. Сосын
миығыңа мысқыл шаптырар едің де, ілгергі жаққа баспай, арт жақтағы
бос орындықтың біріне аяғыңды аяғыңа салып шалқалап отыра кетер
едің. Бұл жолы аяғың аттай желіп кетті. Бұл жолы басқаларды өзің
иықтап қағып, Үлкен Кісімен шалғайласа ілгері ұмтылдың. Бұныңды
қайсы біреулер ұнатпай ала көзімен ата қарады. Бірақ сен олардың
жақтырған-жақтырмағанын жыр демей, қақ төрге шығып Үлкен
Кісінің өзімен иықтаса қатар отырып алдың. Іші күйгендер – тұз
жаласын. Есесіне, өз есебі түгел. Оны көріп отыр: жұрттың көзі сенде.
Ығайлар мен сығайларды ысырып тастап, қақ төрде Үлкен Кісінің
өзімен иық тірестіріп маңқия қалғанын көрген жұрт ертеңгі ел
басының басқа емес, осы жігіт екеніне енді шек келтірмеді; бəрінің көзі
мен көңілі саған ауып, телмеңдеп қарап қалғанын байқап отырсың. Сен
тек Үлкен Кісінің ішіне қан қатып, сұп-сұр боп саған сыртын беріп
отырып алғанын байқаған жоқсың. Іш есебіңнің ойлаған жерден
шықпай, алдаған жері де осы болды. О, ақымақ! Есек дəмеге семірген
есалаң.
– Кəне, мынаған жауап беріңіз!– деді біреу.
Осыған дейінгілердің бəрі оты, суы қанық, қолда баққан қаздай,
дауысы көмейден қоңырлап шығатын-ды; ал мынаның дауысы тұптура шекеңнен шыққандай шаңқ етті; өзі де қол тисе шатыр етіп
сынғалы тұрған шыныдай шытырлақ біреу:
– Ғалымдар арасында сіз бастық болғалы етек алып өршіп кеткен
ала ауыздықтың себебі не? Бұған не дейсіз?
"Аа? Ала ауыз? Бұнысы не?". Тосыннан, тұтқиыл қойылған сұрақ
болғасын түп астарын кəпелімде аңғара алмай қап, бұның мəнісін
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 26
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654