Latin

Соңғы парыз - 10

Total number of words is 4258
Total number of unique words is 2240
0.0 of words are in the 2000 most common words
0.0 of words are in the 5000 most common words
0.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бір шекесіне қарай жығыла беретін сусылдақ шашын оқтын-оқтын
артына сілкіп қап, қара көзі ұшқындап тұрғанда Бəкизат түгіл, бұл, сірə,
осы өңірдегі беті жылтыраған бір қыздан дəме қылатын ба еді?
Əскерге бірге алынып, елге бір мезгілде оралған екі дос сол жылы
институтқа да бірге түсетін боп уəделескен. Институтқа түсер
алдындағы уақытты бірге өткізіп жүрген-ді. Бір күні... Сол өзі түс кезі
ме еді? Жоқ, екеуі түс ауа бергенде теңізге барған екен-ау. Жағада тірі
жан жоқ екен. Екі дос бұтында тыртиған бір-бір трусиден басқа киімді
сыпырып тастап, жиекте күнге қыздырынып отырғанда да Əзімнің
алдына шығу бұның ойында жоқ еді ғой! Иə, ойында жоқ еді. Сол кезде
де Əзім адам басына келмеген төтен бірдеңе тауып алатын да, бұны
ықтияр еркіне қаратпай, лақтырып соңына ертіп əкетіп бара жататын.
Сол кездің өзіңде адамды əй-шайға қаратпай, лақтырып үйіріп тұратын
бір пəлесі бар-тұғын. Мүмкін, ол сол баяғысынан əлі де өзгермеген
шығар? Өзгерген өзің боларсың?
***
Ой, дариға-ай!.. Өткен күнде белгі жоқ. Қазір ол күндер көрген
түстей көзден бір-бір ұшты да кетті. Шіркін, ол кездегі өмірдің несін
айтасың! Онда жарықтық кəрі теңіздің бағы басында. Күрпіген қос
дарияны қатар емген телегей теңіз қыста да, жазда да кенерінен асып,
ісініп, ыңыранып жатқаны.
Шіркін-ай, ол кезде бұл өңірдің кісілері қандай еді! Күнге күйіп, жел
қаққан, өңшең сіңір қара кісілер оқта-текте соғып тұратын лай балыққа
аулары майланғанда өлгенін білмей рухтанып кететін еді-ау! Қанаты
сатырлап ақ шағалалар да көк теңізде қиғылық ұрып жатқаны. Ақ пен
қызыл арасында беттақтаймен бірдей боп балыққа толған қара
қайықтар біріне-бірі құйрықтасып келіп жататын!
Сонан бері... Иə, сонан бері, міне, жиырма жыл. Жиырма жылда ел
өзгерді. Жер өзгерді. Ауа бұзылды. Осы елдің ішетін суы уға айналды.
Теңіз тартылды. Теңізге құятын екі ұлы өзеннен қайсы жылдары
сыңар тамшы да тамбай қояды. Суы шағын Сырдария түгіл, ағыны
қатты Амударияны айтсаңшы. Баяғы Македонский заманында
Жойқын атанған, өзі де жойқын десе жойқын дарияның толқыны ақ
езуленіп, екі жағасына бұрқырап ұрып жататын қатты ағысына қайық
салса шапқан аттай ала қашатын ағыл-тегіл суын кеше жарық
дүниенің жарым-жартысын билеп тұрған құдіретті ұлы елдің
басшылары кері ағызып, Қарақұмға – қара құрдымға бұрып əкетті. Бас
аяғы жиырма жылда теңіз жары ортасынан төмен түсіп, суы ашыды.
Азған теңіздің азғантай балығы кең далада құрық көрмей тағыланып
кеткен түз қашағанындай. Қашаған балықты қуып аулаған бұл елдің
ер-азаматы ебіл-себіл. Қыс демей, жаз демей теңіз кезіп тентіреп
жүргені əне!
Бұл өңір жиырма жылдан кейін осылай болып жатыр. Ал ертең ше?
Ертең тағы да жиырма, елу жыл өткесін теңіз əбден тартылар-ау.
Аққұба жігіт анада айтса айтқандай, тартылған теңіздің түбіне түз
айналып, Арал өңірінің аңызақ аптабы күн-күн, түн-түн азынап соғып
бергенде не болады? Арал тұзы қазір Қарақалпақ пен Қызылорданы
тұншықтырып жатыр. Сол тұз ертең... Ертеңгі күні Қарақалпаққа
көршілес жатқан елді тұншықтырмасына кім кепіл?
Жасаған Ие-ау, сонда осы елдің əлгі кір сақал жаман шалдарының
"Ақырзаман боларда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар"
деген сандырағы рас болғаны ма? Солар айта беретін сол
ақырзаманның басы осы болмаса не қылсын? Апыр-ай, бұрынғы қазақ
соны не біліп айтты? Құр сандырақ емес, аржағында қандайда бір
ақиқат шындыққа көзі кəміл жеткен сенім жатпаса қайтсін? Бəлкім,
өзінен кейін дүниеге келетін соңырағы ұрпақтың құлқы мен пиғылын
болжаған ата-бабаның көреген біреуі түптің түбінде бұл дүниені
апатқа ұшыратар катер қайдан келетінін көкірегі сезді ме? Ендеше,
осы ауылдың кір сақал жаман шалдары жер бетіндегі тірлікті ұстап
тұрған құдірет – ауа мен су екенін де білген болды-ау?! Өзінен кейінгі
ұрпаққа осы екеуін көздің қарашығындай сақта деген ескертпесі ме?
Солай ма? Ал, соны сақтай алдық па? Ауаны да, суды да құртпады ма?
Ірі қара кісі еңсесін тіктеді. Өзінен қол созымдай жерге келіп қонған
жұдырықтай сұр торғайға назар аударған жоқ. Соңында жатқан
шұбалаң ізден көзін ала бере, кеудесін кере күрсінді. "Аруағыңнан
айналайын, қайран ата-баба,– деді ішінен,– мал соңында қоңын күн
тесіп жүріп көп нəрсені көкірегің сезіпті-ау. Келер ұрпақтың құлқы мен
ындыны күндердің күнінде дүниені апатқа ұшыратпай тынбасын да
білген болдың-ау, сірə?"
***
Бүгін күні бойы алды-артында ығы жоқ ақ қар, көк мұзда екі
аяғынан сарсылып тұрған ұзын қара кісі қасына кеп қонған кішкентай
сұр торғайды əлі байқаған жоқ; торғай түнде жауған қардан кейін де
қабағын ашпай тұнжырап тұрған түсі суық дүниеде жалғызсырап,
бұны қара көріп келген-ді. Тарының түйіріндей көзін бұған қайтақайта тастады да, бауырын қарға басып тып-тыныш бола қалды.
Ұзын қара кісі артына бұрылып, бүгін ертеңгісін осында келерде
атын тұсап қалдырған жағаға назар салып еді; бұлтты аспан астында
мұнартқан осынау бұлыңғыр дүниеден жалғыз Бел-Аран бойын
асырып тұр екен. Бел-Аранға көзі түскенде көңіліне кенет баяғыдағы
бір елес оралып жүрегі құрғыр қатты шаншып кеткені: ол Əзім
екеуінің əскерден оралған кез-тұғын. Екі дос күнде-күнде Бел-Аранммң
сол анау теңізге қарап жарланып тұрған тұмсығының дəл астына
баратын да, суға түсетін. Сол күні де екеуі аппақ ақ қайраңда аяғын суға
созып қатар отырған еді-ау. Қазір түгіл ол кезде де Аралдың жынды
желінде мəлім жоқ-ты. Əсіресе сол күні жынды жел бабын таптырмай,
қырық құбылып тұрған. Бірде пышақ кескендей сап боп тыйыла қалса,
іле-шала қайта көтеріледі. Жел көтерілсе, теңізде көк толқынды көкке
атып əупіре бастайды. Есірік желге толқындар еліріп, бірін-бірі қуалап,
ойнақтап кеп қыл жиекте егіз қозыдай қатар отырған екі достың
алдында бас игендей жалп-жалп жығылады. Қайсы бір өлермені жер
бауырлап созылып кеп бұлардың жалаң аяғын дəл табаны астынан
сүйіп ап қайта шегінеді.
Құрбы жігіттер суға бірден түсе қоймай ананы бір, мынаны бір
əңгімелеп отырып, өздері бұрын-соңды көрмеген бейтаныс қыздың
қастарына келіп қалғанын кеш байқаған еді; онда да қыздың өзін
көрген жоқ; жағалаудың аппақ ақ қиыршық құмы іш толқынымен
алысып келе жатқан əлдебіреудің аяқ алысынан хабар беріп сықырсықыр етті. Соған екеуі бірдей елең етіп жалт қарады да, көзін ала
алмай қатты да қалды. "О тоба!.. Тоба!" Бұнан гөрі Əзім есін бұрынырақ
жиды. Бірақ оның да түсі құп-қу. "Тоба!" "Тоба!" Тілін кəлимаға
келтіргендей, тағы да бірдеңелерді күбірледі. Сонан басқа сөзге оның
да шамасы келмей, тіл-жағы байланып қыбырсыз қатып қапты. Тіл
қатуға шамасы келмегесін қасында отырған бұның қолын сыртынан
тас қып ұстап, үнсіз қыса берген еді-ау!
Қыз бұлардың халін байқады ма, жоқ па, белгісіз; байқаса да жопжорта түк білмегенсіген сыпайылық па, бұларға деңгейлесе бере
миығынан бір күлді де, көз салмастан өте берді.
– О, тоба! То-ба!
– Аа?
– Ештеңе емес. Ал енді, ға-жап!
– Аа?
– Ға-жап!.. Ой, ғажап!..
– Иə, ғажап! Өзі су перісі емес пе?
– Су перісі дедің бе, əй? Шынында да өзі көктен түсті ме, жерден
шықты ма?
– Білмедім...
– Біздің ауылда бұндай қыз жоқ еді ғой? Мүмкін, сен...
– Жо-қ... Мен қайдан...
– Иə, сен қайдан білейін деп едің. Асылы, бауырым, бұл қызды
білмей-ақ қой.
– Жарайды...
Бір бүйірден қадалған сұғанақ көздердің сұғы өтті ме, бейтаныс қыз
жаңа бұлардың жанынан өте бергенде əнтек қысылып, аяғын абыржи
алғанда сусылдақ топырақ борап кеткен-ді. Аяқ астынан ұшқан бір
түйір топырақ ық жақта аузы ашылып отырған бұның көзіне түсті.
– Өзіңе де сол керек. Сонша сұқтанып нең бар еді? – деді Əзім күліп.
Бейтаныс қыз ұзамай, анадай жерге барды да, бұларға сырт айнала
бере шешіне бастады. Құрбы жігіттердің қырағы көзі байқап отыр:
мынау кім де болса қала тəрбиесін көрген. Бұнда келгеніне біраз
болған сияқты. Аралдың өрттей ыстық күні мен аптап желі аялаған жас
дене құдды балқыған мыс буына тотыққандай. Қос самайлығы
бұйраланған қалың шаш иығының басына түсіп кішкене қозғалса да
желк-желк етеді.
– Əй, жүр... Танысайық!
– Не-е?
– Жүр, танысайық!
– Қа-лай?
– Қалайы сол, барамыз да танысамыз...
– Жо-жоқ, өзің бар.
– Өзің бар дейсің бе, əй?
Бүйдеп өзіне, əлде бұған айтқаны белгісіз; қалайда əйтеуір оның да
осы қазір өзін қинаған екі ұдай ойдың қайсысына тоқтарын білмей,
іштей толқып тұрғаны байқалады.
Қыз бұларға назар аудармады; ақыл-есі ауысқан кісідей аңтарылып
қалған екі ашық ауыз бұл дүниеде бар ма, жоқ па, оған бəрібір сияқты;
шашын артына қарай бір сілкіп тастап, теңізге бет ала берген-ді. Əдейі
осы сəтті тосқандай, қыр жақтан колхоз клубының маңдайшасындағы
сырыққа ілген радио қытырлады; іле-шала бір жас дауыс сызылтып əн
шырқады; мынау əн болса да заты биге келетін бұралған əсем саз екен.
Əзім орнынан атып тұрды. Оның неге бүйткенін білмесең де, сол арада
сенің əлденеге жүрегің дүрсілдеп қоя берген еді-ау!
– Ал, бала... Құдайға сиына бер. Мен кеттім.
Сен Құдайға сиындың ба, жоқ па, қазір есіңде жоқ; есіңде қалғаны:
теңізге беттеген қыз суға башайының ұшы тиер-тиместе кілт тоқтады
да, маңдайы аумай тұп-тура өзіне қарай келе жатқан жігітке бұрылып
қарады. Мына жігіттің он екі мүшесі əлдебір шебер қол ерінбейжалықпай бас-басына бір-бірлеп қашап істегендей мінсіз екен. Қыз
бас-аяғына асықпай көз жүгіртті де, бағанағы мысқыл күлкіні бетіне
қайта шаптырып, теңіз суына қымсынбай кіре берді. Өмір бақи есірік
желмен ерегісіп келе жатқан теңіз осы кезде күш шақырғандай қайта
ыңыранып, қара көк толқын ереуілдеп иық көтере бастаған-ды. Аспан
ала бұлт. Сонау алыста бірде қосылып, бірде аралары ыдырай сала
ыққа қарай жөңкіліп бара жатқан аудаң-аудаң ақ бұлттар бауырындағы
көлеңкесін өзінен аудырмай төмендегі теңізге түсіріп, теңбіл-теңбіл
көлеңке жал-жал толқындармен тербеліп шайқалып кетеді. Сен
аспанды да, аспандағы бұлтты да көрген жоқсың. Алакөз алақтап
біресе қызға қарады. Біресе досына қарады. Қайсысына қараса да алақжұлақ көзде бір үрей, бір үміт кезек алмасып, жанары ешкімге
тоқтамады. Əлі де болса сенбей тұр. Əлі де болса, мынау досының
бұның алдында кейде өстіп ерсініп едіреңдеп-едіреңдеп барып
басылатын əдеттегі қыры сияқтанып еді. Жоқ!.. Жоқ, əй!.. Мынаған,
сірə, дауа болмас!
Сен де орныңнан атып тұрдың. Қатты толқығанда бір орында
құйрық басып отыра алмай, тұрып кететін əдеті. Досын жаңа
көргендей, оған қызыға қарап тұрды да, басын шайқады.
Қыз қайырылған жоқ; түбіне дейін көрініп жатқан мөп-мөлдір суға
кеуделеп сүңгитіндей қолын ілгері созды; дəл осы кезде төбеден ауып
бара жатқан ақ шарбы бұлттың тасасынан күн шықты; шақырайған
өткір сəуле көзін қарыды ма, қыз басын бауырына тартты; алақанымен
су іліп алып, денесін шылады; бұнысы суға бойын үйреткені ме деп
қалып еді; сүйтсе, жоқ... бұл кесір қыздың соңында су кешіп келе
жатқан жігіттің назарын аударғысы кеп əдейі істеген əдемі қылығы
екен; Əзім жете бергенде қыз құлаш ұрып жүзе жөнелді.
Шіркін, сол күнгі теңіз жағасы-ай! Аспан да көк; теңіз де көк; екі
арадағы ніл шайғандай көгілдір ауа тіпті көзге ілінбей күлің-күлің
етеді; құлаш ұрған қыз қолы көгілдір ауада шұғыл, шалт сермеген құс
қанатындай лып-лып; құлаш сермеген сайын кеудеден жоғары жағы
судан суырылып шығып-шығып кетеді;
Қыз əлі артына бұрылған жоқ; теңіз өкіріп жатыр; қарсы алдынан
кеуде қаққан толқынға да қарамай қиқарланып алған өжет қыздың су
ішіндегі əрбір қимылы, əсіресе құлаш ұрып бара жатып оқтын-оқтын
күн сəулесіне кеудесін жарқ еткізе шалқасына аунап түскеніне дейін
ана жақта шырқап жатқан əн сазына бойы балқып бара жатқандай.
Артынан Əзім де жетті.
– Ой, жі-гіт!.. Ой, жаса!..
Осы бір ырзалық сөз аузынан қалай шығып кеткенін байқаған жоқ.
Қызбен қатарласа сала құлаш ұра жөнелген досыңа қызыға
қарағансың; бірақ қызғанған жоқ-ты. Ал енді, қыз... айтары жоқ, ғажап!
Жігіттің де кемі жоқ! Бағана бір көргеннен-ақ екеуін Құдай əдейі бірбіріне армап жаратқан екен деп қалған-ды. Енді қазір сыртынан көз
салып тұрып казинесі кең Құдайдың бұл екеуін бір-біріне есебін тауып
қалай кездестіргеніне таңданып тұрған едің-ау! Қыздың қасында кетіп
бара жатқан Əзім емес, бұның өзі сияқты мəз. Қызды қиялдады. Бұл
жалғанда өмір бақи жүрегі дауаламайтын батылдыққа бел буған
жолдасының жаңа ерлігіне сүйсінді. Тек, аржағында титтей қызғаныш
жоқ. Аржағында, тек... Əттең мен де Əзімдей болсам деген арман бар!
Əзімдей əдемі болса; алғыр болса; жүрегінің түгі бар батыр болса ғой!
Сонда бұ да Əзім сияқты балықшы ауылдың балаларын ұршықтай
үйіріп жүрер еді! Балаларды бастап теңізге барар еді. Суда шағаладай
шулап жүрген балаларға өзі бас болып жағаға жүгіріп шығып ыстық
құмға бауырын басып жата-жата қалғанда... Жоқ, ол суға əлі де түсе
қоймаған болса... Əлгіндегі Əзім екеуі сияқты бұлар да жағада əр
нəрсені бір əңгімелеп отырғанда... Иə, дəл сол кезде бұрын-соң
көрмеген бір бейтаныс қыз... Иə!.. иə, көктен түскені, əлде жерден
шыққаны белгісіз бір сондай ғажап сұлу қыз бұлардың қасынан өте
бергенде, жел ұшырған бір түйір топырақ бұның көзіне түссе... Қыз
соны көріп қалып, кілт тоқтай қалып "не болды?" десе... Бұл түк те
болмағандай "дəнеңе емес" десе; бұл сүйдесе де, бірақ қыз кетпей,
қасында тұрып алса... Сосын бұның құм түскен көзіне еңкейе бергенде
қыздың ыстық демі бетіне тиіп, бұл ду ете қалса... Жоқ!.. Жоқ, Əзім
қызармаушы еді ғой. Жəне ешкімнен қысылмайтын. Ендеше, бұ да
қысылмауы керек. Қайта, қызға: "Жүр, суға түсейік!" деп сүйрелей
жөнелсе... Сосын бұлар да ана екеуі құсап өкірген теңізде, өжектеген
толқынның қарсы алдынан кеуде қаққан қарсылығын да бұйым
көрмей, қатарласып құлаш ұрып жүзіп бара жатса... Бұлар тіпті теңіздің
арғы бетіне шығып, жағада күнге қыздырынып жатып алса... Сонан,
тек ел жата... Жоқ, бұл тым кеш... Күн ұясына қонғанда екеуі қайтып
келсе, о, масқара! Ауыл у-шу. Бұларды іздеуге шыққан кісілер қайықты
суға салып, ескекке жаңа отыра берген абыр-жабырда...
Бұл кілт тоқтады. Елеңдеп құлағын ілгері тікті. Көк теңіздің əлдебір
жерінде қиғылық ұрып шаңқылдап жатқан шағалалар құдды бұларды
іздеуге шыққан əлгі кісілердің бір-біріне дауыстап, шаң-шұңдаған
əбігері сияқтанды. Анықтап айналаға көз салып еді; теңіз өңірінің əлгі
бір көңіл ашар ескек желі бағанағыдан гөрі сəл көтерілген бе, əйтеуір,
сыпыра жағалауды жиектеп ескен көк құрақ судырлап сөйлеп тұр екен.
Бала құрақ болғасын өздері албырт, елгезек. Теңіз беттен ескен
болмашы лепке де үпір-шүпір боп бəрі бірдей қуана бас шұлғып,
құнжыңдап жатыр. Ескек желден кішкене пəрмен болса, көре қал,
мыналар су шайған жұлығын қыл жиектің қайраңынан дереу суырып
алып, қазір-ақ жас балаша желмен бірге жарысып құлдырай
жөнелетіндей. Сонан кейін де ойынға тоймайтын өздерінің
ойнақылығына басып, құлдырап шапқылап бара жатып жел астында
бір-біріне бас иіп сыбдыр-сыбдыр, судыр-судыр сыбырласа ма, қалай?
Құлағын тігіп еді, сусылдақ немелер бұған күле ме қалай? "Мынау
бұнда не қып тұр дей ме? Өзінің есі дұрыс па? Ана Əзімге ұқсап
құрбысымен неге ойнап күлмейді?" деп мына судырлақтар аузыаузына жұқпай сумаңдай ма, қалай?
Сол арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді; құр қиялға əуейіленген өз
қылығыңнан өзің ұялғандай, бетіңдегі берекесіз күлкіні дереу жиып
алып, жан-жағыңа қарап едің-ау. Сүйтсе, əлгінде өздері шешінген жерге
қайтып кепті; Əзім киініп апты; ал, қыз бір шаршы қызыл орамал
қолында желбіреп, анадай жерде ауылға бет түзеп кетіп барады екен.
– Ой, сен қайда жүрсің?– деді Əзім.
– Мен... Мен бе?... Осы арада... Өзің ше?
– Өзім қатырып танысып алдым.
– Қойшы?..
– Қоятыны жоқ. Əкесі бухгалтер екен. Бұрын қалада істепті. Сені мен
біз əскерде жүргенде, осында жұмысқа ауысқан көрінеді. Қыз биыл он
жылдықты бітіріпті. Алматыға оқуға бірге баратын болып келістік.
Құрдасыңның батылдығына əрі таң қалып, əрі ырза болғаның
сонша, сол арада аспанға қарап əуелете бір ысқырып жібергенсің-ді.
– Əй, сен неге мəз болдың?
– Мен бе? Жəй...
– Жүр, қуып жетейік. Таныстырайын.
– Жо-жоқ... кейін...
– Аты Бəкизат екен.
Қыз атын ұмытып қалатындай, ішіңнен қайталағанда тіліңнің ұшы
құдды шоққа тигендей өртеніп кете жаздаған еді ғой. Сүйткен
Бəкизат...
Апырай, тағдыры құрғыр да қызық-ау!..
***
Сол жылы бұлар астанаға бірге барды. Абырой болғанда, үшеуі де
оқуға түсті. Үшеуі үш институтқа түссе де, бірақ бір-бірімен жиі
кездесіп жүрді. Əсіресе, Əзім мен Бəкизат күнде кездеседі. Жастар
кешіне, киноға, театрға барады. Анда-санда бұны да қасына алып,
үшеуі жұбын жазбай бірге қыдыратын. Оқуға түскен жылы бұған да
Бəкизатпен жиі-жиі кездесіп тұратын бір сылтау табылды: қалалық
комсомол комитеті шақырып жатыр дегесін бұл жүгіріп барса, бір топ
бейтаныс студент арасында Бəкизат та отыр екен. Бұны көргенде
қуанып кетті. Атып тұрып, жұрт көзінше бұны құшақтай алды...
Бұларды қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
қабылдады. Бастық деген аты болмаса, бұда бұлардың аз-ақ
алдындағы бала жігіт екен. Сонысынан өзі қысылатын сияқты.
Қабылдау кезінде өзін ересек көрсетуге тырысып-ақ бақты, сөйлеп
тұрып өз өзінен қайта-қайта қодиланып, иығын қомдап-қомдап қояды.
Соны байқап қалған Бəкизат төмен қарап күле жаздап, өзін əрең ұстап
отырды.
Өзін қала жастарының көсемі сезінетін пысық жігіт сөйлемес бұрын
əуелі графиннен стаканға су құйып ішті. Сосын қылғындырып
байлаған галстук мойнын қысып бара жатқасын тамағының дəл
астындағы бір түймені ағытып қойды, əңгімені сосын бастады.
Сондағы айтқаны: бақытты совет жастары... бақытты совет жастарына
көрсетіліп жатқан қамқорлық... партия сенімі... Сол ұлы сенімді
кірлетпей, абыроймен ақтау... коммунизмді жиырма жылдан кейін
кəміл көретін қазіргі ұрпақты тəрбиелеу баршамыздың борышымыз,–
деді де, өзін қала жастарының көсемі сезінетін жігіт осы арада кенет
қынжыла қабақ шытты. Сосын түсін суытып: "қайсы инстутте сабаққа
айлап, апталап келмейтін қыздар бар көрінеді",– деді. Ата-ана ырқына
көнбей, бетімен кетіп жүрген қыздардың бұзық жолға түсе бастағаны
жөнінде милициядан астыртын қағаз түсті деді. Совет жастары деген
абыройлы атаққа кір келтіріп, бетімен кетіп жүрген бұзық қыздарға
үгіт-насихат жүргізіп, коммунистік рухта тəрбиелеу баршамыздың
мойынымыздағы парыз деді. Бəкизат пен бұған бетімен кеткен бес
бұзық қызды тəрбиелеу жүктелген еді; бұл қылжақбас Əзімге жақсы
болды: ол Бəкизатты "тəрбиеші апай" деп, бұны "тəрбиеші ағай" деп
жыл бойы бұл екеуіне күн көрсетпей, мазақтап болған-ды.
Бұлар күндіз сабақта. Лекция. Зачет. Емтихан. Түсте топырлап
буфетке барады. Құдайы қалаған күні қалтасын қағып бір бутерброд,
бір стақан шай алады: сосын кітап пен конспектіден көз айырмай, екі
ұрты бұлтылдап отырып жүрек жалғаса жалғап, ал Құдайы қаламаған
күні қайыс белбеуді қаттырақ тартып байлап алады да, күні бойы
зачет, экзамен тапсырып жанталасып жүреді. Сонан кейін күн батып,
қас қарайғасын қолы босап, əлгі ата-ана ырқына көнбей, бетімен кетіп
жүрген бейбақтарды тəрбиелеуге шығатын.
Бəкизат бұны бірінші күні-ақ таң қалдырды. Оқуға қаншалық
ыждаһаты барын кім білсін, ал қоғамдық жұмыс десе құлшынып шыға
келетін пəлесі бар екен. Бұл болса, қаланың бетімен кеткен қыздары
түгіл, балықшы ауылдың бірдеңе десең беті ду ете қалатын бұйығы
қыздарына да батылы жетіп сөз айта алмайтын. Сосын қоғамдық
жұмыстан ат-тонын ала қашатын. Əсіресе, əне бір пионер, комсомол
отырысын, əн-би кружогын, спорт кружогын жек көретін. Оларға
қатысқанша бұл ауылда да бір есебін тауып мектептің отынын жарып
беруге, класты жууға, ауланы сыпырып тастауға əзір тұратын-ды. Осы
жолы да Бəкизаттың ызасына тиіп болды. Басқасын қойғанда
Бəкизаттың пəлен уақытта кездесеміз деп уəделескен жерге ылғи
кешігіп келеді. Күте-күте екі көзі төрт болған қыз шыдамай, өзі іздеп
тауып алады да, түк демейді, тек сағатты көрсетіп, басын шайқайды.
Сосын сенің лекцияң бар ма, сабақ тапсырасың ба, жоқ па, біріне
қарамайды. Тіпті, құлақ аспайды. Солбырайған құлықсыз түріңе көзін
тастаса тастайды, тастамаса қолыңнан шап беріп ұстайды да, "ал
кеттік!" деп əй-шəйға қаратпай сүйрелеп ала жөнелуші еді.
Несін айтасың, ол күндер бұның ит-ыржыңмен өткен берекесіз
тірлігіндегі ең бір қимас кез еді ғой! Үсті-басына мұқият қарайтын
аппақ əдемі қыздың өзі түгіл, оның аяқ басысын алыстан танушы еді!
Қара сүрік туфлидің қазықтай тақасын тақтай еденге қалай басып,
қыдыңдап келе жатқан шымыр, ширақ аяқ алысын топырлаған көп
тұяқтың арасынан жазбай танитын. Орталық көшелерге жетпейтін
жарық қала шетінде қайдан болсын. Бұлардың сорына ата-ана ырқына
көнбей, бетімен кеткен əлгі қағынғырлардың бəрі шетте тұратын боп
шықты. Қала шетіндегі жапырайған аласа үйлер қараңғы түсісімен
қақпасын тас қып жауып алады екен. Тастай қараңғы көшеде аяқ
жолын таба алмай, сүрініп-жығыла бергесін, Бəкизат бұны қолынан
тас қып ұстап алды. Көшеде жан жоқ. Əлде қалай кездескен біренсаран кісіден сұрап, ештеңе шығара алмаған қыз соқыр сəуле
сығараңдаған терезелерді қағады; тот басқан топса сықырлап, есік
ашылады:
– Кімсіңдер?
– Комсомол комитетіненбіз. Сіздің үйдің нөмірі қандай?
– Маңдайшада жазылған...
– Көрінбейді.
– Сендерге кім керек?
Құдай дес бергенде, іздеген қыздың дəл үстінен түсіпті. Бұлар
келгенде қыз кір жуып жатыр екен. Шынтағына дейін сыбанып алған
сабын-сабын қолын судан алып, еңсесін тіктеп еді; алды ашық
халаттың омырауынан əжептəуір бұлтиып қалған қарны көзге түсті.
– Кешіріңіз,– деді Бəкизат қызға бір, қолындағы тілдей қағазға бір
қарап,– Комсомол комитеті берген тізімде... Міне қараңыз... Сен... жоқ,
сіз...
– Жарайды, түсінікті...
– Көрдіңіз ғой? Міне, бірінші боп сіз тұрсыз. Саналы Совет
жастарына... əсіресе қыздарға тəртіпсіз... тəрбиесіз... қалай десем екен?..
Сен ренжіп қала ма деп, зəрең қалмай тұрған сын-ды жоқ, мына қыз
бұндайдың талайын керіп, еті өліп кеткен бе қалай? Су-су қолының
сыртымен көзіне түскен шашты кейін қайырып жатып:
– Бетімен кеткен десең де, тəрбиесіз десең де бəрібір. Іздеген
қыздарың мен болам,– деді.
– Сіз... Сіз ата-ананы тыңдамай, үйден кетіп қала беретін көрінесіз
ғой. Сонда... Айтыңызшы, қайда жүресіз?
– Бетімен кеткен қыз қайда жүруші еді. Оны сен білмей-ақ қой.
– Ал, милиция?..
– Үйге қонбай кеткесін, шешем милицияға айтыпты.
– Қазір қалай... Үйге қонасыз ба?
– Əрине... Күйеуім бар ғой.
– Демек... түзелген болдыңыз ғой?
– Түзелдік қой,– деп қыз бұлтиған қарнын сыртынан қағып-қағып
қойды. Шыны ма, əлде өзін ығыр қылған сөзден мезі болғасын бұларды
əншейін алдарқатып шығарып салғаны ма? Сен екі ұдай ойда кеттің.
Бəкизат тізім басында тұрған қыздың тұсына "түзеліпті" деп белгі
қойды. Күзгі қара суықта қала шетіндегі тастай қараңғы көшелерде əр
үйдің есігін қағып, қағынғыр қыздарды іздеп жүруге сенің тіпті құлқың
жоқ. Қайтайық деп қанша қыңқылдасаң да, Бəкизат құлақ аспай қойды.
Тас қып ұстап алған қолыңды да босатпады. Бетімен кеткен
бейбақтарды коммунистік рухта тəрбиелемек боп қала шетіндегі
қиқы-жиқы қараңғы көшелерде салпылдап жүріп алған еді. Бұған салса,
қағынғыр қыздардың бəрінің тұсына "түзеліпті" деп белгі қояр еді де,
тізімді комсомол комитетіне апарып берер еді. Сол күні де Бəкизат
əдеттегідей жол бастап, əлде бірдеңелерді айтып, аузы тыным таппай
сөйлеп келе жатқан-ды. Соқыр терезеден сығыр сəуле жылтыраған
үйге жақындай бергенде қыздың дəл аяғы астынан мысық баж етіп ата
жөнелді. Бəкизат шошып қап шыңғырып жіберді. Жалт беріп, қос
қолын ілгері соза ұмтылған сенің құшағыңа құлай кеткен-ді. Сен қанша
жұбатсаң да, Бəкизат жуық арада өзіне-өзі келе алмай, талдырмаш нəпнəзік денесі дір-дір етіп бауырыңа жабыса түсіп еді-ау. Осыдан кейін
Бəкизат сені қасынан бір аттам жібермей, қос қолдап жабысып ұстап
алды.
– Қыздар өздері де түзеліп қалыпты ғой. Осы шаруаны енді қояйық,–
деп сен күлген едің де, сол күні Бəкизатты жатақханасына жеткізіп
салғансың-ды.
Сонан бері қанша заман. Оқу бітірді. Үйленді. Он үш жыл бірге өмір
кешті. Енді, міне, жас ортасына келгенде дəм-тұз жараспай, Тəңірінің
басқа түскен бұл тауқыметін де көтеріп алғалы тəуекел етіп тұр. Бір
кезде өлердей жақсы көрген сол əйелді осы қазір өз қолымен өлтіруге
пейіл боп қаның қарайып тұрып та, баяғыда құшағында дір-дір еткен
сол талдырмаш жас дене есіне түссе, əлі де жаны үзіле жаздайды. Бұл
не? Жігерсіздік пе? Намыссыздық па? Əлде, кім білсін, жуық арада өліп
болмайтын əлгі бір жаны сірі сезімнің əлі де болса үзілмей жатқан
əлдебір тамыры ма?
***
Қалайда,
сол
жылдар
көңілді
еді!
Əзім
астанада
тұратын
құрылысшы ағасының үйінде жатқаны болмаса, көбіне жатақханада
жүреді. Ағасы астана тұрғындары "дворяндар ұясы" деп атайтын
бастықтарға мекен болған тыныш көшеде тұрады екен. Табыскер,
күйлі ағасы Əзімді мұздай қып киіндірді. Бұрын да ақсары əдемі жігіт
бас-аяғы сықиып киініп алғанда қыздар тұрсын, көшеде көзі түскен
көлденең жұрт бұрылып бір қарамай өтпейтін.
Астанаға келгелі Əзім қатты өзгерді. Ауылда əкесі ұрысса
ұрысқандай көті қоныс таппай, ұшып-қонып жүретін жеңілтек Əзім
астанаға келген күннен бастап біреу өзіне тиым салғандай көрер көзге
өзгеріп, салауатты бола қалды.
Аузын ашса тек ағасын мақтады: ағасы атақты құрылысшы: Үлкен
Кісімен дос. Өзге түгіл, құрылыс министрінің өзі ағасының алдында
құрдай жорғалайды, бұлар Əзімнен құрылысшы ағасының қанша
ордені барын да біліп алған-ды. Бір күні сəті түсіп, бұл Əзімге еріп
ағасының үйіне барып еді. Ағасы үйде екен. Жұрттың бəріне солай ма,
əлде бұларды баласынды ма, əйтеуір Əзімнің соңын ала кірген бұған
бұрылып та қараған жоқ, тек көз қиығын тастады да, лəм деместен
сыздана басып аржағында тұрған креслоға барып отырды. Сонан кейін
де бұл Əзімге еріп талай барды. Бірақ соның бəрінде де ағасы үйде
болмады.
Ал, Əзім "жеңгем" деп таныстырған шінжау, арық əйелді сен
шынымен аяушы едің. Анада, өзің көретін мейлінше маңғаз, нағыз
еркектің жұбайы дегенге сен сенер-сенбесіңді білмей, жалтақтап қарай
бергенсің-ді. Қараған сайын мына бишара əйел анадағы еркектің
жарынан гөрі есіктегі малай қатынға көбірек ұқсаған еді де, қашан
кетер-кеткенше əлдебір аяныш сезімнен айыға алмай қоятын.
Астанаға келген күннен бастап Бəкизат сені қызбен таныстырам
деп əлекке қалды. Əзім екеуі ертіп киноға апарады, театрға апарады.
Кейде жастар кешіне бірге бара қалғанда, Бəкизат бұған үнемі бір
қызды сыртынан көрсетіп: "Қалай?.. Ұнай ма?" деп мазасын алып
болатын. Былайғы кезде де сенің бірдеңең болмаса, бірдеңеңді күлкіге
айналдырып жүретін Əзімнің құдайы берді. Тұла бойыңнан түк
таппағанда əрі-берідесін аузыңды, мұрныңды қылжақтайтын жігіт. Бір
күні бұның жанына қатты бататын осал жерін ұстап: "Бəкизат қазір
кітап бетін ашуды қойды. Оқу жөніне қалды. Жатса-тұрса ойлайтыны –
Жəдігерді қызбен таныстыру", – деп жастарды қыран-топан күлдіріп
еді, құшағына кіріп жабысып тұрған Бəкизат қолын Əзімнің
қолтығынан босатып ала бере, "ну, ты!" деп оны итеріп қалды да, сырт
айналып кетті. Сонан кейін Əзімнің көзінше ештеңе айтпайтын болды.
Құпиясы болса, бұны оңашалап шетке алып шығады. Айтпас бұрын
əуелі жан-жағына қарап алады. Сосын өзінен қол созым биік жігітке
бойы жетпей бара жатқасын өкшесін көтеріп, құлағына құпиялап "бір
қыз бар..." дей бастағанда, сен қайда кетеріңді білмей, құлағың дуылдап
ала жөнелетінсің. Жазғы каникулда да бұлардың жұбы жазылған жоқ.
Бел-Аранның ығында отырған балықшы ауылдан қырық шақырым
жерде, Орынбор жағалауы деп аталатын теңіз жағасында кен іздеген
геологтар тұратын. Басқа жерге қарағанда сол араның суы ала-беле
терең; түбі де аппақ ақ қайраң; ешқашан лай шалмай көз жасындай
мөлдіреп тұратын тұнық судың жағасына геологтар үш қабат үй салып,
асхана, дүкен ашып, жазда үй іштерімен демалатын.
Бірінші курсты бітірген жылы Əзім балықшы ауылдың жастарын
Орынбор жағалауына апарып, теңіздің су шайып жатқан жағасына екі
шатыр тікті. Бірінде – ер балалар, екіншісінде – қыздар. Ер балаларды
– Əзім, қыздарды Бəкизат басқарды. Қыздарын қатал ұстайтын кəрі
қақсал "ə" дегенде Бəкизатты жібермей, əлек шығарып еді; епті Əзім
тілін тауып көндірді; соның өзінде кəрі қақсал қызын оңашалап, жеке
алып отырып құлағына көп нəрсені құйып, "ер балалар зұлым, қу
болады" депті; "жіліктің майын жұтқызғандай жылы сөз, жаудыраған
көзбен-ақ жас қыздардың жүйкесін құртады" – депті; "есіңде болсын,
аңғал қызым" депті кəрі қақсал кеткісі кеп қипақтай бастаған
Бəкизаттың бір қолына қағаз, екінші қолына қалам ұстатып: "жаз!"
депті: "ер балалармен екеуден-екеу кездеспе, бұл бір", – депті; "шарап
ішпе, əсіресе, шампан деген пəле бұрын-соң ішкілікпен əуестенбеген
жас адамның бірден басына шабады"– депті. "Шампанды татып алма,
бұл екі",– депті; сонан кейін де кəрі қақсал қызына тесірейе қарап
отырып, он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздар ата-ана көзінен
аулақта жүргенде өзінің абыройына кір келтірмейтін бұнан да басқа
тағы талай "үйтпе-бүйтпелерді" оқушы дəптерінің екі беті толғанша
жаздырыпты да, төрт бүктеп сыртынан су өтпейтін жып-жылтыр
бірдеңемен қаптап, мойнына тағып жіберіпті. Ақ жарқын ашық қыз
сырын сыртқа шығарғанша шыдамы қалмайтын. Осы жолы да ол Əзім
мен бұны шетке оңашалап алып шықты. Өзі көңілді, сықылықтап күле
береді. Қара көзі жайнаңдап, Əзім мен бұған кезек қарап:
– Мынау не? – деп мойнындағы жіп бауы бар жылтыр бірдеңені
көрсетіп еді.
– Бойтұмар ма? – деді Əзім.
Бəкизат басын шайқады.
– Ал... білсең, өзің айтшы!
– Бұл...Қалай десем екен?.. Бұнда менің... мамама берген антым бар.
– Не-е?.. Ант?..
– Күлме. Шын айтам.
– Түсінсем не дейсің...
– Түсінбейтін түгі жоқ. Ана жаққа барғасын қыздарға тиіспей,
тыныш жүріңдер. Əсіресе, се-н... Енді білдің бе?
– Бəтішжан... бұл қолдан келмейтін, қиын шаруа екен. Жарайды, оны
бара көрерміз,– деді Əзім күліп.
Көріп тұрсың – досыңның миына түк кірген жоқ; оның "бара
көрерміз" дегені де, барғасын "өзім білем" дегені еді; оның "өзім
білемінің" аржағында шынында да, өзге ешкім емес, тек оның өзі біліп,
өзі шешіп, өзінің білгенімен ғана жүретін жігіттің осы жолы да тек
өзінің қалауы болатынына нығыз сенім жатты; шынын айтқанда, қыз
сөзіне сен де мəн берген жоқсың; өйткені өзгені білмесең де, осы қызды
жақсы білетінсің: бұл өзінің апа, сіңлілеріне мүлде ұқсамайтын; ал
балықшы ауылдың жұрт алдында "ішімдегіні біл" деп жұмған аузын
ашпай, төмен қарап тымырайып алатын бұйығы қыздарына, болсаболмаса да, ұқсамаушы еді; еркек алдында өзінің нəсілі əйел екенін ол,
сірə, бір сəт есінен шығарып көрген емес. Қашанда болса назданатын
жерде назданып, қылымситын жерде қылымсып, жанары шоқтанып
тұратын қара көзін жанындағы жұртқа жалт-жұлт тастап, жайраңдап
You have read 1 text from Khakas literature.
Next - Соңғы парыз - 11
  • Parts
  • Соңғы парыз - 01
    Total number of words is 4337
    Total number of unique words is 2303
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 02
    Total number of words is 4181
    Total number of unique words is 2285
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 03
    Total number of words is 4268
    Total number of unique words is 2199
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 04
    Total number of words is 4316
    Total number of unique words is 2204
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 05
    Total number of words is 4229
    Total number of unique words is 2162
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 06
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2255
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 07
    Total number of words is 4270
    Total number of unique words is 2343
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 08
    Total number of words is 4274
    Total number of unique words is 2293
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 09
    Total number of words is 4313
    Total number of unique words is 2394
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 10
    Total number of words is 4258
    Total number of unique words is 2240
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 11
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2055
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 12
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2210
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 13
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2290
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 14
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2254
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 15
    Total number of words is 4295
    Total number of unique words is 2263
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 16
    Total number of words is 4239
    Total number of unique words is 2251
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 17
    Total number of words is 4211
    Total number of unique words is 2270
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 18
    Total number of words is 4359
    Total number of unique words is 2272
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 19
    Total number of words is 4339
    Total number of unique words is 2274
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 20
    Total number of words is 4257
    Total number of unique words is 2332
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 21
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2226
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 22
    Total number of words is 4219
    Total number of unique words is 2335
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 23
    Total number of words is 4271
    Total number of unique words is 2316
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 24
    Total number of words is 4199
    Total number of unique words is 2294
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 25
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2389
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 26
    Total number of words is 4187
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 27
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2238
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 28
    Total number of words is 4221
    Total number of unique words is 2099
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 29
    Total number of words is 4304
    Total number of unique words is 2209
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 30
    Total number of words is 4331
    Total number of unique words is 2344
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 31
    Total number of words is 4361
    Total number of unique words is 2087
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 32
    Total number of words is 4305
    Total number of unique words is 2261
    0.0 of words are in the 2000 most common words
    0.0 of words are in the 5000 most common words
    0.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Соңғы парыз - 33
    Total number of words is 977
    Total number of unique words is 654